Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2000 жылғы 28 сәуір N 5 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22 N 13 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ҚР" деген сөздер алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 13 Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша «некені», «некенің», «неке», «некелерін», «некесін» деген сөздерден кейін «(ерлі-зайыптылықты)», «(ерлі-зайыптылықтың)», «(ерлі-зайыптылық)», «(ерлі-зайыптылықты)» деген сөздермен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен;
      «АХАЖ органдарында», «АХАЖ органдарына», «АХАЖ», «АХАЖ органына», «АХАЖ органдары» деген сөздер тиісінше «тіркеуші органдарда», «тіркеуші органдарға», «тіркеуші органның», «тіркеуші органға», «тіркеуші органдар» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының ҚР Жоғарғы Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Кодекс) некенi (ерлі-зайыптылықты) тоқтатуды, оны заңсыз деп тануды және ерлi-зайыптылар (бұрынғы ерлi-зайыптылар) арасындағы мүлiктiк қатынасты реттейтiн нормаларын қолданумен байланысты мәселелер туындайтынын ескере отырып, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы етедi:
       Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22 N 13, 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      1. Кодекстің 16-бабының 1-тармағына сәйкес некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iс сотта ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң де талап арызы бойынша жүргiзiлетiнi түсiндiрiлсiн.
      Егер ерлі-зайыптылардың бiрiнiң әрекет қабiлетсiздiгi байқалса, онда оның мүддесiн қамқоршысы немесе прокурор некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қою арқылы қорғауы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) K990411_ 57-бабына сәйкес, сот мұндай жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдарын iске қатыстырып, олардың тиiстi қорытындысын алуына болады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      2. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап арыз АIЖК-нiң 150-бабының талаптарына сай келуге тиiс. Атап айтқанда, онда: некенiң (ерлі-зайыптылықтың) қашан, қайда тiркелгенi, ортақ балалары бар ма, олардың жасы, ерлi-зайыптылар кәмелетке толмаған балаларының қайсысы кiммен бiрге тұратыны туралы келiсiмге келдi ме, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға арналған қаржыны төлеу тәртiбi туралы, оған жұмсалатын қаражат мөлшерi туралы немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезiнде оны бұзуға өзара келiсiм болмаған жағдайда оны бұзудың себептерi, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талаппен бiрге басқа да талаптардың қойылған-қойылмағаны көрсетiледi. Арызға неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлiктiң түпнұсқасы, балалардың туу туралы куәліктердiң көшiрмелерi, сонымен қатар талап арызды қабылдау кезiндегi судья растаған еңбекақы және ерлi-зайыптылардың кiрiс әкелетiн басқа да табыс көздерi туралы құжаттар, басқа да қажеттi құжаттар қоса тiркеледi.

      3. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстi соттың қарауына бергенде оларды тиянақты тексерiп дайындау мiндетiне соттардың назары аударылсын. Судья арызды қабылдағаннан кейiн, әдетте, ерлі-зайыптының екiншiсiн шақырып алып, бұл арызға оның көзқарасын, ерлi-зайыптылардың сот арқылы шешiлетiн басқа да даулы мәселелерiн анықтап, олардың талаптарының қайсысы некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талаппен бiрге қаралуы мүмкiн екенiн түсіндiруi тиiс.

      4. Кодекстің 16-бабының 2-тармағына сәйкес әйелдiң жүктiлiгi кезінде және бала туғаннан кейiн бiр жыл өткен уақытқа дейiн әйелiнiң келiсiмiнсiз некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы күйеудiң талабын қанағаттандыруға болмайды. Бiрақ, аталған шектеу бала өлі туған немесе бiр жылға жетпей шетiнеп кеткен жағдайларға жатпайды. Осы аталған екi жағдайда да судьяның талап арызды қабылдамауға құқысы жоқ.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      5. Некенi (ерлі-зайыптылықты) сот тәртiбiмен бұзған кезде ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiне қоятын жеке мүлiктiк талаптары осындайда туындайтын жағдай ретiнде Кодексте көзделген. Мүлiктiк талаптар деп олардың ортақ меншiгiндегi мүлiктi бөлу туралы және еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын күтуге арналған төлемдер туралы дауларды түсiнген жөн.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      6. Ортақ кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келісiмдерi бойынша некелерiн (ерлі-зайыптылықты) бұзу, араларында мүліктiк және өзге талаптар болмаған жағдайда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органдарында (бұдан әрі – тіркеуші орган) жүргiзiледi. Бiрақ, егер жұбайлардың бiреуi, қарсылықтары болмағанына қарамастан, некенi (ерлі-зайыптылықты) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органдарында (бұдан әрі – тіркеуші орган) бұзуға жалтарса (ортақ арыз беру үшiн өз басы келе алмаған жағдайда немесе арызды бергеннен кейiн ажырасуды тiркеу үшiн келгiсi келмеген және т.б. жағдайда ортақ арыз беруден немесе жеке арыз беруден бас тартса), некенi (ерлі-зайыптылықты) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органдарында (бұдан әрі – тіркеуші орган) бұзуға болады деген негiзбен судьяның некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлi-зайыптының арызын қабылдаудан бас тартуға, ал соттың талап арызды қараусыз қалдыруға құқы жоқ. Соттар арызданушыдан тіркеуші органдарға некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арыз бергенiн және ерлi-зайыптылардың бiрiнiң оған келуден бас тартқанын растайтын анықтаманы талап етуге тиiстi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      7. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының  2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      8. Кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамдармен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу, ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болғанына қарамастан, ерлi-зайыптылардың бiрiнiң тіркеуші органға берген арызы бойынша жүргiзiледi. Сондықтан бiр жылдан берi тұрып жатқан жерi туралы мәлiметтер жоқ адаммен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арыз берiлген кезде судья талап арыз берген жұбайға азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану тәртiбiн түсiндiредi.
      Алайда, егер жұбайы (зайыбы) аталған тұлғаның хабар-ошарсыз кеткенiн тану туралы арыз беруден бас тартқан жағдайда судья бұл тұлғаның талап арызын қабылдамауға құқы жоқ. Сот некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талапты жалпы негіздер бойынша қарауға мiндетті.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      9. Тұрып жатқан жерi белгiсiз немесе Қазақстан Республикасында тұратын жерi жоқ адаммен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап арыз оның мүлкiнiң тұрған жерi немесе соңғы кездегi белгiлi мекен-жайы бойынша (АIЖК-нің 32-бабының 1-тармағы) берiледi және мәнiсi бойынша қаралуы тиiс.
      Талапкердiң қолында кәмелетке толмаған баласы болса немесе денсаулығына байланысты жауапкердiң тұратын жерiне бару оған қиындыққа соқса, онда талап арыз талапкердiң тұратын жерi бойынша (АIЖК-нiң 32-бабы 7-тармағы) берiлуi мүмкiн.
      Соттар бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстi қарағанда, оларға белгiленген жаза мөлшерiне қарамастан, бұл iстер сот қарастылығына жататын жағдайда (мысалы, мүлiктiк талап қойылған кезде), сотқа қарастылығы туралы жалпы ережелердi сақтай отырып, қарайтынын ескеруi керек. Егерде бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап арыз  АIЖК-нiң 31-бабына сәйкес өндiрiске қабылданса, онда көрсетiлген тұлғаның сотталғанға дейiн соңғы тұрған мекен жайын ескеру қажет.

      10. Соттар тек заңда көрсетiлген жағдайда ғана, егер некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзуға ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң келiсiмi болмаған жағдайда, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iс бойынша ерлi-зайыптыларды татуластыру шараларын қолданады. Сот бұл мақсатта тараптардың өтiнiшi бойынша немесе олардың бiрiнiң немесе өзiнiң жеке бастамасы бойынша iстi шешудi кейiнге қалдырады және оларға татуласуы үшiн заңда белгiленген алты ай мерзiмдi тағайындайды. Iстi қарауды кейiнге қалдыру бiрнеше рет қайталануы мүмкiн, бiрақ ерлi-зайыптылардың татуласуы үшiн берiлген жалпы мерзiм алты айдан аспауы тиiс.
      Сот нақты мән-жайларды және орынды себептердi ескере отырып, ерлi-зайыптылардың немесе олардың бiрiнiң арызы бойынша татуласуға берген мерзiмiн өзгертуге және iстi сол мерзiм өткенге дейiн қарауға құқылы.
      Ерлі-зайыптылардың татулыққа келуi үшiн сот талқылауын кейiнге қалдыру жөнiндегi сот ұйғаруы кеңесу бөлмесiнде шығарылады. Бұл ұйғару iстiң бұдан кейiнгi қозғалысына бөгет жасамайтын болғандықтан,  АIЖК-нiң 344-бабының талабына сай оған шағым немесе наразылық келтiрiлмейдi.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      11. Соттар некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстi, әдетте, ерлі-зайыптылардың екеуiнiң қатысуымен қарауға тиiстi. Тараптардың өзара қатынастарын, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мәселенiң себептерiн, ерлі-зайыптылардың арасындағы алауыздықтың нағыз себептерiн жан-жақты анықтау қажет.
      Алайда ортақ кәмелетке толмаған балалары бар ерлi-зайыптылардың арасында некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнінде өзара келiсiм болса, ерлі-зайыптылардың бiр-бiрiне мүліктiк және өзге де талаптары болмаған кезде, сондай-ақ, егер ерлi-зайыптылардың бiреуі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға арыз берсе, ал екіншісі қарсылығының жоқтығына қарамастан өзiнiң әрекеттерiмен не әрекетсiздiгімен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот ажырасудың себептерiн анықтамай-ақ некенi бұзады. Көрсетiлген жағдайларда некенi бұзу екi айға дейiнгі мерзімде жүргізіледі (АIЖК-нiң 174-бабы).
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      12. Егер сот тағайындаған мерзiмнен кейiн ерлi-зайыптылар татулыққа келмесе және олардың ең болмаса бiрi некенi (ерлі-зайыптылықты) тоқтатуды талап етсе, сот некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзады. Сонымен бiрге, аталған жағдайларда ерлi-зайыптылардың уақытша алауыздықтары және араларындағы кездейсоқ себептермен туындаған жанжалдары, сондай-ақ салмақты дәлелдермен расталмаған олардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң де некенi (ерлі-зайыптылықты) жалғастыруға ниеттерiнiң болмауы некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзуға жеткiлiктi негiз болып саналмайды. Сот тек қана ерлi-зайыптылардың бұдан әрi бiрге өмiр сүрiп, отбасын сақтау мүмкiн болмаған жағдайда ғана, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi талапты қанағаттандыруға құқылы.

      13. Соттар Кодекстің 22-бабының 2-тармағына сәйкес ажырасатын ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған балаларының мүддесi мен құқығын қорғау үшiн шара қолдануы қажет. Сот iстi қарау барысында ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған балаларының неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейiн кiммен тұратындығы туралы, балаларды асырауға арналған қаражаттардың төленуi тәртiбi және оның мөлшерi туралы келiсiмге келген-келмегенiн анықтауға тиiстi. Бұл орайда, алимент төлеу жөнiндегi келiсiм Кодекстің 22-тарауындағы талаптарды сақтай отырып жасалуы тиiс.
      Ерлi-зайыптылар арасында жоғарыдағы мәселелер бойынша келiсiм болмаған жағдайда, сондай-ақ сотқа ұсынылған келiсiм балалардың мүддесiне қайшы келген жағдайда, сот неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейiн кәмелетке толмаған балалар ата анасының қайсымен тұратынын, балаларды асырау үшiн ата-ананың қайсысынан және қандай мөлшерде алимент өндiрiлетiнiн анықтауға мiндеттi. Сондай-ақ, сот балалардан бөлек тұратын ата-ана балаларды тәрбиелеуге қатысуға мiндеттi және олармен араласуға құқықты екенiн, ал екiншi ата-анасы бұған кедергi жасауға құқығы жоқ екенiн түсiндiруi тиiс. Бұл туралы сот мәжiлiсi хаттамасында жазылады.
      Iстi кейiнге қалдыру және ерлi-зайыптылардың татуласуы үшiн берiлген мерзiм iшiнде алимент өндiру туралы арыз берiлген болса, сот жауапкердiң балаларды асырауға қатысуы жөнiндегi мәселенi талқылауға құқылы. Егер жауапкер бұл мiндеттi орындамағаны анықталса, судья АIЖК-нiң 140-бабына сәйкес талапкердiң арызы бойынша iс қаралғанша, балаларға уақытша алимент өндiру туралы сот бұйрығын шығарады.
      Егер балаларға алимент өндiру туралы талапты талқылаған кезде, екiншi тарап туу туралы актiдегi баланың әкесi немесе анасы жөнiндегi жазбаға дауласса, онда бұл екi талап, оларды жеке өндiрiсте қарау үшiн, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстен бөлек шығарылады.
      Сот, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талаптан бас тартылған жағдайда, алиментті өндiру жөнiндегі талап арызды, егер талапкер оны қарауды талап еткен жағдайда, жеке өндiрiске бөліп шығарады. Бұл туралы шешiмнiң қорытынды бөлiгінде көрсетiледi.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      14. Сот некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзған кезде жұбайлардың бiрiнің асырауында болу құқығы бар жұбайдың талабы бойынша осы асырау қаражатының мөлшерiн анықтауға мiндеттi. Ерлi-зайыптылардың немесе олардың бiреуiнiң талабы бойынша сот, олардың ортақ меншiгiндегі мүлiктерiн бөлiп беруге мiндеттi (Кодекстің 22-бабының 2-тармағы).
      Кодекстің 39-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн анықтайтын өзге тәртiп белгiленбесе (неке шарты), азаматтардың меншiктiк құқықтарының объектiсi болып табылатын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 115, 116 және 191-баптың 2-тармағына сәйкес ерлi-зайыптылардың қайсысының атына сатып алғанына немесе ерлi-зайыптылардың қайсысының ақша салғанына қарамастан, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 223-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған кезде жинаған кез келген жылжитын және жылжымайтын мүлiктерi, бөлуге жататын бiрiккен ортақ меншiк болып табылады (Кодекстің 33-бабының 1 және 2-тармақтары).
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      15. КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1944 жылы 8 шілдедегі Жарлығы жарияланған кезге дейiн қолданылған заңдарға сәйкес тiркелмеген неке (ерлі-зайыптылық) мен тiркелген некенiң (ерлі-зайыптылықтың) құқықтық салдары бiрдей болғандықтан, Жарғы күшiне енгенге дейiн некелерi (ерлі-зайыптылық) тiркелмеген отбасылық қатынастағы адамдардың бiрiгіп жинаған мүлiкке ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi тәртiбi тарайды. Мұндай мүлiктi бөлу жөнiндегi дауды шешу кезiнде соттар Кодекстің 33-37-баптарында белгiленген ережелердi басшылыққа алуы қажет.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      16. Iстi қараған мезгілде ерлi-зайыптылардың иелiгiнде болған немесе үшiншi тұлғада болған ортақ мүлiктерi бөлуге жататын мүлiктердiң құрамына кiредi. Егер сот ерлi-зайыптылардың бiрi ортақ мүлiктi иелiктен шығарғанын немесе өз қалауы бойынша, жұбайының қарсылығына және отбасының мүддесiне қарамастан сатып жiбергенiн немесе мүлiктi жасырғанын анықтаса, онда бөлу кезiнде бұл мүлiк немесе оның құны есепке алынады. Сол сияқты ерлi-зайыптылардың ортақ қарызы (Кодекстің 38-бабының 3-тармағы) және отбасы мүддесiнен туындаған мiндеттемелер жөнiндегi талаптар құқығы ескеріледi.
      Сонымен қатар, некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыру кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрiне, бiрақ некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырғанға дейiн тиесiлi болған, жеке қаражатына сатып алынған, сыйға тартылған, мұраға немесе өзге ақысыз мәмілелер бойынша алынған мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен бiрiнiң жеке басына пайдалануға сатып алынған заттар, қымбат бағалы және басқа асыл заттардан басқалары Кодекстің 35-бабына сәйкес ортақ меншiк болып саналмайды және бөлуге жатпайды.
      Егер отбасылық қарым-қатынас және ортақ шаруашылықты жүргiзу нақты тоқтатылғаннан кейiн жұбайлар бiрлесiп мүлiк сатып алмаған болса, сот Заңның 34-бабының 2-тармағына сәйкес олардың ортақ шаруашылықты жүргiзу уақытына дейiнгi ортақ меншiгi болып келген мүлiктердi ғана бөле алады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      17. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi Кодекстің 37, 38-баптарында және АК-нiң 218-бабында белгiленген ережелер бойынша бөлiнедi, мұндайда, тараптар өзара келiспесе, сот бөлiнетiн мүлiктiң құнын сарапшылардың, оның iшiнде мүлiктi бағалау жөнiндегi мемлекеттiк органның қорытындысы негiзiнде анықтайды.
      Егер заңмен белгiленген ортақ меншiктiң тәртiбi неке (ерлі-зайыптылық) шартымен өзгертiлсе, онда сот ерлi-зайыптылардың мүлкiн бөлу туралы дауларды шешкен кезде осындай шарт талаптарын басшылыққа алуы тиiс. Мұндайда ерлi-зайыптылар арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) шарты Кодекстің 43-бабының екінші тармағына сәйкес тап осы өндiрiсте жұбайлардың бiрiнiң талабы бойынша, егер шарт талаптары жұбайлардың бiрiн өте қолайсыз жағдайда қалдыратын немесе осы некеде (ерлі-зайыптылықта) туылған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұзатын болса, толық немесе iшiнара заңсыз болып танылуы мүмкiн.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      18. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлiктерiн бөлген кезде үшiншi тұлғаның (мәселен, басқа мүшелермен бiрге қатысқан шаруа (фермерлiк) қожалығының немесе ұжымшар ауласының, үлестiк жарнасын толық төлемеген және соған байланысты меншiк құқығын иемденбеген ерлi-зайыптылардың бiреуi (немесе екеуi де) мүшесi болып саналатын тұрғын үйдiң, құрылыс немесе басқа кооперативтердiң, т.б.) мүдделерi қозғалған жағдайда Кодекстің 22-бабының 3-тармағына сәйкес бұл талапты жеке өндiрiске шығаруға құқылы екенiн ескеру қажет.
      Егер некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу және ерлi-зайыптылар мүлiктерiн бөлу туралы iстi қараған кезде (олар кооперативтiң пәтердi, саяжайды, гаражды және құрылыс немесе тұрғын үйлердi пайдалануға бергенi үшiн үлестерiн толық төлемеген жағдайда), тараптардың бiреуi, үлестi бөлудi талап етпей, оның өзi жиналған үлестiң қандай бөлiгiне құқылы екендiгін анықтап берудi сұраса, сот мұндай талапты жиналған үлеске құқы бар басқа адамдар болмаған жағдайда, бұл дау кооператив құқықтарын қозғамағандықтан, оны жеке өндiрiске бөліп шығармай-ақ қарауға құқылы.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      19. Ерлі-зайыптылардың бiреуiнiң атына салынған банктiк салымдар Кодекстің 37-бабындағы ереже бойынша бөлiнедi.
      Ортақ мүлiктер есебiнен жұбайлардың кәмелетке толмаған өз балаларының атына салған салымдары Кодекстің 37-бабының 4-тармағына сәйкес сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi болып табылатын мүлiктердi бөлген кезде есепке алынбайды.
      Егер үшiншi адамдар ерлi-зайыптыларға ақша берiп, соңғылары оны несие ұйымдарындағы өз аттарына салған болса, онда үшiншi тұлға АК-нiң нормалары бойынша тиiстi соманы қайтару жөнiнде талап қоюға құқылы, ол талап жеке өндiрiсте қарауға жатады. Шаруа (фермерлiк) қожалықтар мүшелерiнiң немесе бұрынғы ұжымшар ауласы мүшелерiнiң және басқа тұлғалардың осы шаруа (фермерлiк) қожалығының немесе бұрынғы ұжымшар ауласының мүшелерi болып саналатын ерлi-зайыптыларға қойылатын талаптарын осындай тәртiппен шешуге болады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      20. Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың (Кодекстің 37-бабының 6-тармағы) ортақ меншiгiн бөлу туралы талап қоюдың үш жылдық өту мерзiмiн неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған уақыттан (неке (ерлі-зайыптылық) сотта бұзылған кезде - шешiм заңды күшiне енген күннен, неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда бұзылған кезде - азаматтық хал-актiлерiн тiркеу кiтабында некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу тiркелген күннен) бастап емес, жұбайлар өз құқығының бұзылғаны туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап есептеледi (АК 180-бабының 1-тармағы).
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      21. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талапты қанағаттандырмаған кезде сот ерлi-зайыптылардың осы талаппен бiрге мәлiмделген өзге талаптарын сол өндiрiсте қарауға құқы жоқ, Кодекстің 22-бабына сәйкес олар жеке өндiрiске шығарылады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      22. Соттың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешiмi, сондай-ақ ажырасудан бас тарту жөнiндегi шешiмi де заңды және сот мәжiлiсiнде жан-жақты тексерiлген дәлелдерге негізделген болуы тиiс.
      Ерлi-зайыптылардың бiреуi некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуына қарсылық бiлдiрген жағдайда шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде ерлi-зайыптылардың арасындағы араздықтарының сот анықтаған себептерi, отбасын сақтау мүмкiн еместiгi туралы дәлелдер немесе отбасын сақтап қалу мүмкiн екенi туралы соттың тұжырымдары, кей-бiр дәлелдердi жоққа шығарғанының негiздерi, басшылыққа алған заңдары көрсетiлуi керек.
      Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi талапты қанағаттандыру туралы шешiмнiң қорытынды бөлiгінде тараптардың Кодекстің 22-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарының барлығы бойынша, оның iшiнде тараптардың бiрге қарау үшiн бiрiктiрiлген талаптары бойынша соттың қорытындылары болуы тиiс. Шешiмнiң бұл бөлiгiнде некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғанын мемлекеттiк тiркеуге қажеттi мәлiметтер (некенi (ерлі-зайыптылықты) тiркеу күнi, актiнi жазу нөмiрi, некенi (ерлі-зайыптылықты) тiркеген тіркеуші органның атауы, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзғанда олардың тектерi сақталған ба, немесе бұрынғы некеге (ерлі-зайыптылыққа) дейiнгi тектерiн қайтып алған ба) көрсетiледi. Ерлi-зайыптылардың тектерi шешімде неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлiкке сәйкес жазылады, ал тегi некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырған кезде өзгертiлген болса, шешiмнiң кiрiспе бөлiгінде некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырғанға дейiнгi тегiн де көрсету қажет.
      Шешiмде мемлекеттiк баж салығы ерлi-зайыптылардың қайсысынан және қандай мөлшерде алынатыны және материалдық жағдайына, балалардың кiмнің қолында тәрбиеленетiнiне және басқа да нақтылы жағдайларға байланысты қайсысы төлемнен босатылатыны шешiмде атап көрсетiлуi тиiс. Некенiң (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған кезi - шешiмнiң заңды күшiне енген күнi - көрсетiледi.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      23. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi шешiм шығарылғаннан кейiн ерлi-зайыптылар татуласқан жағдайда және бұл туралы олардың жазбаша арызы болса, сот өз ұйғаруымен шешiмнiң орындалуын, ол заңды күшiне енгенге дейiн, ал кейбiр жағдайларда шешiм көшiрмесi некенiң (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тiркеу үшiн тіркеуші органдарға жiберiлмей тұрып, тоқтатуға құқылы.

      24. Егер iстi қадағалау тәртiбiмен қараған кезде некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi шешiм тіркеуші органға берiлгенi және некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуы тiркеуден өткенi анықталса, онда, аталған мән-жайларды ескере отырып, мұндай шешiмдi бұзу материалдық және iс жүргізу құқығының талаптары елеулi түрде сақталмаса ғана мүмкiн болады.
      Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iс жөнiндегi шешiм кассациялық немесе қадағалау тәртiбiмен бұзылғаннан кейiн, сот бұл iстi жаңадан қараған кезде, ажырасудың тіркеуші органдарда тiркелген-тiркелмегенiн тексеруге мiндеттi. тіркеуші органдарда некенiң (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны жөнiндегi актi болған жағдайда, сот жаңа шешiм қабылдаған кезде, оны жою туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
      Жоғарыда келтiрiлген жағдайларда ерлi-зайыптылардың бiреуi жаңа некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырса, онда бұл некенің (ерлі-зайыптылықтың) заңсыздығы жөнiнде мәселе мүдделi тұлғалардың талабы бойынша, бiрiншi некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту туралы сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн шешiлуге тиiс.

      25. Сот некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi және оны заңсыз деп тану жөнiндегi талап арыздарды (қарсы талапты) өзара байланысты деп, бiр өндiрiсте қарауға құқылы.
      Сот некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тану жөнiндегi талап арызды қабылдаған кезде, некенің (ерлі-зайыптылықтың) заңдылығы қандай негiздер бойынша көтерiлгенiн (Кодекстің 25-бабы) және Кодекстің 26-бабына сәйкес талапкер дәл осы аталған негiздермен некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тануға құқылы тұлғаларға жататынын анықтауы қажет. Егер арызданушы мұндай тұлғаға жатпаса, онда сот оның талабын қанағаттандырмайды.
      Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетiлген некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тану негiздерiнің тiзбесi түпкiлiктi болып табылады және ол кеңейтiлiп түсiндiруге жатпайды. Мұндай негiздерге: некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырудың белгiленген шарттарының бұзылуы, оның iшiнде, неке (ерлі-зайыптылық) жасын сақтамау (Кодекстің 9-10-баптарында), некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыруға жол берiлмейтiн тұлғалардың арасындағы некелесу (ерлі-зайыптылық) (Кодекстің 11-бабы), сондай-ақ тараптар не олардың бiреуi отбасын құруды ниет етпеген жасанды некелесу (ерлі-зайыптылық) жатады.
      Мәжбүрлеп қиылған неке (ерлі-зайыптылық), сондай-ақ, егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырған тұлғалардың бiреуi екіншiсiнен өзiнiң құрған отбасы мүшелерiне жекелей және қоғамдық қауiпсiздiгiне нақтылы қатер туғызатын аурудың бар екенiн жасырып қалса, бұндай неке (ерлі-зайыптылық) заңсыз деп танылуы мүмкін.
      Осыларды ескере отырып, неке (ерлі-зайыптылық) қию тәртiбiнiң белгiленген талаптарын (Кодекстің 13-бабы) бұзушылық некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тану үшiн негiз болып табылмайтынын ескеру керек.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      26. Кодекстің 27-бабының 4-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылар некелерiн (ерлі-зайыптылықты) сот немесе тіркеуші органдар арқылы бұзғаннан кейiн, бұл некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тану туралы мәселенi қоюға құқықтары жоқ.
      Ерлi-зайыптылар арасында заңмен тыйым салынған туыстық дәрежесi немесе олардың бiреуi некенi (ерлі-зайыптылықты) тiркеу сәтiнде басқа бұзылмаған некеде (ерлі-зайыптылықта) болса, егер неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртiбiмен бұзылса, онда сот некенi (ерлі-зайыптылықты) заңсыз деп тану жөнiндегі талапты, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешiм бұзылған соң қарай алады, себебi сот мұндай шешiмдi заңды қиылған некеге (ерлі-зайыптылыққа) қатысты шығарған. АIЖК-нiң 71-бабына сәйкес ондай шешiммен анықталған жағдайларды сол тараптардың басқа сот мәжiлiсiнде даулауға құқы жоқ.
      Егер неке (ерлі-зайыптылық) соттан тыс тәртiппен бұзылып, соңынан некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны туралы жазуды (тiркеудi) жою және оны заңсыз деп тану туралы талап қойылатын болса, сот аталған екi талаптарды бiр өндiрiсте шешедi.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      27. Кодекстің 23-бабының 1-тармағына сәйкес сот тәртiбi арқылы бұзылған неке (ерлі-зайыптылық) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап, яғни сот шешiмi түпкiлiктi түрде шығарылғаннан кейiн 15 күн өткен соң (АIЖК 334-бабы) немесе кассациялық ұйғару шыққаннан кейiн тоқтатылған болып есептеледi. Неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртiбi арқылы 1998 жылғы 24 желтоқсан - "Неке және отбасы туралы" Заңының ресми түрде жарияланған күнге дейiн бұзылған болса, бұл ереже қолданылмайды, өйткенi бұл жағдайларда ажырасу тiркелген кезден бастап неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған болып есептеледi (Қазақ КСР НжОТК-тi 40-бабы).
      Тіркеуші органдар арқылы бұзылған неке (ерлі-зайыптылық), оның 1998 жылғы 24 желтоқсанға дейiн не одан кейiн бұзылғанына қарамастан, некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуы мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап тоқтатылған деп есептеледi.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы
Сотының 2012.05.31 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      28. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстер бойынша сот мәжiлiсi хаттамасының мазмұны АIЖК-нің 256-бабына сәйкес болуы тиiс, атап айтқанда, онда сот талқылауының барлық маңызды сәттерi: талапкер мен жауапкер туралы, балалары және олардың жасы туралы мәлiметтер, талаптың мәнiсi туралы жан-жақты түсiнiктер, куәлардың жауаптары, сот тексерген өзге дәлелдемелер, сондай-ақ соттың ерлi-зайыптыларды татуластыру жөнiндегi әрекеттерi көрсетiлуi тиiстi.

      29. Осы қаулы қабылданған кезден бастап:
      - Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың некенi бұзу жөнiндегi iстердi қарау кезiнде заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы" КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1980 жылғы 28 қарашадағы N 9 қаулысын республика соттарының орындауы туралы" 1987 жылғы 27 маусымдағы P87004S_ қаулысының күшi жойылды деп танылсын;
      - КСРО Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың некенi бұзу жөнiндегi iстердi қарау кезiнде заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы" 1980 жылғы 28 қарашадағы N 9 қаулысы Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының
      Төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сот судьясы,
      Пленум хатшысы