2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 Қаулысы (үзінді)

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
      198, 199, 200 (құпия), 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігінің;

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына          
198-ҚОСЫМША            

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Стратегиялық, орта мерзiмдi экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны :   597547 мың теңге (бес жүз тоқсан жетi миллион бес жүз қырық жетi мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1426  Жарлығы ; "Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663  қаулысы ; "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1128  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының басымды әлеуметтiк-экономикалық дамуын тиімді іске асыруға ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :   Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ақша-кредит саясатының басымдықтармен өзара әрекет етуi үшiн фискалдық, кедендiк және бюджеттiк инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру, экономиканың секторларындағы мемлекеттік активтердi басқару саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру, өзiнің лауазымдық мiндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін біліктілік талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмді, шеберлікті және дағдыны жаңарту.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
ламалардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Стратегия-
лық, орта
мерзiмдi
экономика-
лық және
бюджеттік
жоспарлау
саласын-
дағы
уәкiлетті
органның
қызметiн
қамтамасыз
ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Бекітiлген штат
санының лимитiне
сәйкес Қазақстан
Республикасы
Экономика және
бюджеттік жоспар-
лау министрлігінің
орталық аппаратын
ұстау; Қазақстан
Республикасының
әлеуметтік-эконо-
микалық дамуының
орта мерзiмдi
жоспарын әзiрлеу.
Орта мерзiмдi
фискалдық саясат
жобасын әзiрлеу.
Республикалық
бюджетті
қалыптастыру.
Стратегиялық,
экономикалық және
бюджеттiк жоспар-
лау саласындағы
нормативтiк
құқықтық кесiмдер-
дi жетілдiру.
Республикалық
бюджет комиссиясы-
ның отырыстарын
ұйымдастыру жөнiндегі
қызметтер;
автокөлiкті
жалдау; бекiтілген
лимит шеңберiнде
жеңіл автокөлiкті
ұстау;
спорт-сауықтыру
iс-шараларын
өткiзу.

жыл бойы

Қазақстан Республика-
сының
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министрлігі

3

  

007

Мемлекет-
тік
қызметшi-
лердiң
бiлiктiлі-
гін
арттыру

Екi бағыт:
1) экономика және
қаржы;
2) басқару бойынша
мемлекеттік
қызметшiлердің
біліктілігін
арттыру жөнiндегi
қызметтердi сатып
алу.
Мемлекеттiк және
ағылшын тiлдерiн
оқыту.

2006 жылғы
2-3
тоқ-
сан
 
 
 
 
 
2-3
тоқ-
сан

Қазақстан Республикасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министрлігі

4

  

009

Мемлекет-
тiк
органдарды
материал-
дық-техни-
калық
жарақтан-
дыру

Кабинеттердi
жарақтандыру үшiн
жиһаз, жабдықтар
және активтер мен
тауарлар сатып алу.

жыл бойы

Қазақстан Республикасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министрлігі

5

  

017

Ақпараттық
жүйелердің
жұмыс
істеуін
қамтамасыз
ету және 
мемлекет-
тік орган-
дарды
ақпараттық
-техника-
лық қамта-
масыз ету
 
 

Ақпараттық
жүйелердi және 
жергілікті міндеттерді
сүйемелдеу.
Мемлекеттік
тілдегі құжаттар-
мен жұмыс істеу үшін бағдарламалық
өнімдерді сатып
алу және бағдарламалық
қамтамасыз етудi
жаңарту. Министр-
лiктің жабдықтары
мен желiлерiне,
серверлiк үй-жай
жүйелерiне,
телекоммуникация-
лық және басқа
жабдықтарына
техникалық және
жүйелiк қызмет
көрсету.
Ақпараттық
қауiпсiздiк
жөнiндегі бағдар-
ламалық өнiмдерді
сатып алу және
сүйемелдеу.
Есептеу техникасын
және белсендi
желілік жабдықтар
сатып алу.
Жиынтықтаушы
қосалқы бөлшектер
және шығыс
материалдарын
сатып алу.
Жөндеу, жабдықтар-
ды жеткiзу
жөнiндегі iлеспе
қызметтерді,
жабдықтарды
бөлшектеу/монтаж-
дау жөнiндегі
қызметтердi алу.
Интернет желiсiне
және VPDN-ге
қосылу жөнiндегі
қызметтердi алу.

жыл
бойы

Қазақстан Республикасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министрлігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тiкелей нәтиже:
Бюджеттi жоспарлаудың негiзгi қағидаттарына сәйкес және өткен кезеңдегі бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау нәтижелерi бойынша республикалық бюджеттi қалыптастыру, бекiтілген 406 адамдық штат санына сәйкес Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi аппаратының жұмыс істеуiн қамтамасыз ету; кәсіби деңгейін жоғарылату; мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту; министрліктің материалдық-техникалық жарақтандырылуын 100%-қамтамасыз ету; компьютерлiк техника паркiн 15%-ға жаңарту; компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтың және ақпараттық жyйелердің жұмысқа қабiлеттілігін қолдау.
Түпкi нәтиже:
Мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеудi барынша салааралық және өңiраралық үйлестiру; экономикалық қызметтің түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, орта мерзiмдi экономикалық, бюджеттiк жоспарлау және рұқсат ету жүйесiн жетiлдiру; Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатының жобаларын, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдарды, тиiстi қаржы жылындағы республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы әзiрлеу, инвестициялық климатты жақсарту, мемлекеттік бағдарламалар мен басым инвестициялық жобаларды iске асыру үшін шетелдiк инвестицияларды тартуға жәрдемдесу; мемлекеттік қызметшілердің бiлiктiлiк деңгейiн арттыруға қажеттiгiн 5%-ға, мемлекеттiк қызметшiлерге мемлекеттiк тiлдi оқытуға қажеттіліктi 20%-ға, мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тiлiн оқытуға қажеттiлiктi 10%-ға арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігi аппаратының бiр  қызметкердi қамтамасыз етуге арналған шығыны орташа алғанда 1282 мың теңгенi құрайды; бiр мемлекеттiк қызметшінің біліктiлiгiн арттыруға арналған орташа шығындар 24,35 мың теңге; бiр мемлекеттiк қызметшіге мемлекеттiк тiлдi оқытуға арналған орташа шығындар 12,62 мың теңге; бiр мемлекеттiк қызметшіге ағылшын тілді оқытуға арналған орташа шығындар 11,00 мың теңге; Министрлiктiң ақпараттық жүйелерінің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету бойынша шығындардың және ақпараттық-техникалық қамтамасыз етудің орташа көлемi - 5785 мың теңге.
Уақтылығы: кестемен бекiтiлген мерзiмдерге сәйкес жоспарланған iс-шараларды орындау.
Сапасы:
стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын сапалы қалыптастыру; мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қаржы-кредиттiк саясатының, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясаттың басымдықтарымен бiрге өзара әрекет етудің мемлекеттiк фискалдық, кедендік және бюджеттiк инвестициялық саясатын қалыптастыру;
экономика секторларындағы мемлекеттік активтердi басқару саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру; республикалық бюджетке негiзделмеген шығыстар мен тиімсіз инвестициялық жобалардың қосылуына жол бермеу;
кәсiби деңгейiн арттыру жолымен мемлекеттік қызметшiлерге көрсетiлетiн қызметтердi жетілдiру.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына          
199-ҚОСЫМША            

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптау" деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны:  700000 мың теңге (жетi жүз миллион теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнің  150-бабы ; "Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 245  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының тиiстi үш жылдың кезеңге арналған орта мерзiмдi жоспарында белгiленген мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :   республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының тиiстi үш жылдың кезеңге арналған орта мерзiмдi жоспарында белгiленген бюджеттiк инвестициялық басымдықтарға сәйкес инвестициялық жобаларды уақтылы дайындау, атап айтқанда:
республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерiн әзiрлеу;
республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерінің заңнамада көзделген сараптамаларын өткізу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
ламалардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Республи-
калық
бюджеттiк
инвестици-
ялық
жобалардың
(бағдарла-
малардың)
техникалық
-экономика-лық
негiздеме-
лерiн
әзiрлеу
және
сараптау

1. Қазақстан
Республикасы 
Yкіметінің шешімімен бекiтілген бөлуге
сәйкес жоспарлана-
тын кезеңнің екінші немесе үшінші жылы іске асырылатын республикалық бюджеттік
инвестициялық
жобалардың
(бағдарламалардың)
техникалық-эконо-
микалық негіздемелерiн
әзiрлеудi
қаржыландыру.
2. Қазақстан
Республикасы Yкiметiнің шешімімен бекiтілген
бөлуге сәйкес
жоспарланатын
кезеңнің екінші
немесе үшінші
жылы іске асырыла-
тын республикалық
бюджеттік инвестициялық
жобалардың
(бағдарламалардың)
техникалық-
экономикалық
негіздемелерiне
мемлекеттік заңнамада көздел-
ген басқа да
сараптама жүргізуді қаржыландыру.

жыл бойы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
жыл
бойы

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, республикалық бюджеттік бағдарлама-
лардың
әкімшілері

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :
Тікелей нәтиже: республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi, республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерiне сараптама жүргізудi қаржыландыру.
Түпкі нәтиже: республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне 2008 жылы іске асырыла бастайтын республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) енгізу.
Уақтылығы: техникалық-экономикалық негіздемелердi әзiрлеудi және оған сараптама жүргізуді 700 000 мың теңге сомасына қаржыландыру 2006 жыл бойы жүзеге асырылады.
Сапасы: әзiрленген техникалық-экономикалық негiздемелер мен жүргізiлген сараптамалардың 100%-ы белгіленген талаптарға сай келедi.

                                  

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына          
200-ҚОСЫМША (құпия)        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына          
201-ҚОСЫМША            

       Ескерту. 201-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.30. N  470  қаулысымен.

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Қаржылық сiлкіністердi ерте табу, аумақтық дамуды жоспарлау жүйесiн құру және қаржы-экономикалық сектор қызметкерлерiнiң
кәсiби деңгейiн жоғарылату"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 274661 мың теңге (екi жүз жетпiс төрт миллион алты жүз алпыс бiр мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : аумақтық даму процестерiне және теңгерiмдiлiгiне Қазақстанның, оның өңiрлерiнің, халқының мүддесiнде қаржы-бюджет саясатының нақты әсер етуге қабiлеттi экономикалық және ұйымдық-құқықтық тетiгi жүйесiн құру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының өзектi бағыттары бойынша стратегиялық ғылыми-зерттеу және талдамалық зерттеулердi орындау және өңiрлiк ассиметриялықты жеңу және Қазақстан Республикасындағы үлкен саяси және экономикалық интеграция үшiн тиiмдi өңiрлiк саясаттың негізгi ережелерін әзiрлеу; мемлекеттiк қызмет қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау жөнiндегi арнаулы тренингтiк бағдарламалар өткiзу, сондай-ақ ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнің қызметiне өңiрлiк дамуды жоспарлау және қаржы-бюджет саясатындағы теңгерiмсіздiктi болжамдау мәселелерi бойынша мамандандырылған ақпараттық жүйе енгiзу; басымдылықтың, негіздiлiктің, нәтижелiктің және бақылаудың басында өңiрлiк дамуды мемлекеттiк реттеу жүйесiн жаңарту.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
ламалардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

007

  

Қаржылық
сiлкiнiс-
тердi ерте
табу,
аумақтық
дамуды
жоспарлау
жүйесiн
құру және
қаржы-
экономика-
лық сектор
қызметкер-
лерiнiң
кәсiби
деңгейiн
жоғарылату

Базасында консалтингтік
қызметтер көрсету,
тұрақты негiзде мемлекеттік  қызметшілер үшiн
оқыту семинарларын
өткізу жолымен
қаржылық сілкiнiстердi
ерте табу,
аумақтық дамуды
жоспарлау жүйесiн
құру және қаржы-
экономикалық
сектор қызметкер-
лерінің деңгейiн
жоғарылату мәсе-
лелерi бойынша зерттеулер жүр-
гiзу үшiн
Қазақстан
Республикасы
Экономика және
бюджеттiк жоспарлау
министрлiгінiң
"Экономикалық
зерттеулер
институты" РМК
жарғылық капи- талын ұлғайтуға
бағытталған ақша
қаражатын пайдалану. 

жыл бойы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: ғылыми-зерттеу және талдамалық зерттеулер жүргізу және бағдарламаны iске асыру барысы туралы екi жарты жылдық есеп пен ұсынымдар дайындау; әлемдiк тәжiрибенi зерттеу және экономика мен қаржы саласындағы халықаралық сарапшылармен іскерлік байланыс  орнату; орталықтардың жұмысын ұйымдастыру және семинарлар, конференциялар өткізу үшiн шетелдік консультанттарды тарту және т.б.
Түпкi нәтиже: бюджеттік бағдарламаны іске асырудың нәтижелері:
өңiрлiк дамуды жоспарлаудың басым бағыттары бойынша ғылыми-инновациялық және өнеркәсiптiк саясатты жүргізуге негiзделген ұстанымдарды айқындауды; қаржылық сiлкiнiстердi ерте табуды; сандық және сапалық әртүрлi өңiрлiк шаруашылық және әлеуметтік-мәдени кешендердi бiртұтас (рыноктық) экономикалық кеңiстiкке интеграциялауды қамтамасыз ететін Республиканың өңірлік дамуының моделiн жасауды; экономика мен қаржының маңызды секторларындағы мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiм деңгейi мен бiлiктiлiгін өсiрудi, Қазақстан мен Орталық Азия өңiрiнiң мамандарын кәсіптік дамытуға ықпал ететiн озық білімдi және тәжiрибенi қолдануды қамтамасыз етедi.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бағдарламаны іске асыру барысында әзiрленген әдiстеме өңiрлердiң тұтастай елдiң өңiрлiк дамуын жоспарлауды талдау мен болжамдау мiндеттерiн жедел шешудi арттыру және маңызды экономикалық және әлеуметтік көрсеткiштер бойынша өңiрлiк сәйкессiздiкті азайту мiндеттерiн шешу үшiн негiз болады.
Уақтылығы: бағдарламаны iске асыруға бөлiнген қаражатты нысаналы және тиiмдi пайдалану, бағдарламаны iске асыру барысы туралы белгiленген тәртiппен есептер беру.
Сапасы: мемлекеттiк басқарудың (мемлекеттiк реттеудiң, мемлекеттiк қызметтердің) бәсекеге қабiлеттiлiгін арттыруға, экономиканың бiлiктi мамандарға қажеттілiгiн қамтамасыз ететiн жүйе қалыптастыруға арналған бағдарламаны iске асыру.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына          
202-ҚОСЫМША            

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта
қарау мәселелерi бойынша халықаралық рейтинг агенттiктерiмен
өзара iс-қимыл жасау"
деген 010 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 25730 мың теңге (жиырма бес миллион жетi жүз отыз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi :
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысының  11-тармағы.
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының инвестициялық беделiн қалыптастыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасының егемен кредиттiк рейтингiн жыл сайын беру және қайта қарау мәселелерi бойынша халықаралық рейтингтік агенттiктермен өзара iс-қимыл жасау.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
ламалардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

010

  

Қазақстан
Республи-
касының
егемен
кредиттік
рейтингін
қайта
қарау
мәселелері
бойынша
халықара-
лық рейтинг
агенттiк-
терiмен
өзара
iс-қимыл
жасау

Standard and Poor's International Services, Inc, Fitch Ratings Ltd., Moody's Investors Service  халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстан Республикасының  егемен кредиттiк
рейтингiн бекіту
және қайта қарау
жөнiндегі
қызметтерiне ақы
төлеу. 

2006 жылғы ақпан, шілде, қазан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тiкелей нәтиже:
Халықаралық рейтингтiк агенттiктер көрсеткен қызметтерге уақтылы төлем жасау.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын қарыз алушы - компаниялардың (екiншi деңгейдегi банктер, iрi компаниялар) корпоративтiк кредиттiк рейтингіне әсер ететiн Қазақстан Республикасының егемен кредиттiк рейтингiн қайта қарау және бекiту. Қаржы-экономикалық нәтиже:
халықаралық рейтингтік агенттiктердің қызметіне мынадай көлемде төлем жасау: Standard and Poor's International Services, Inc. - 6350,0 мың теңге, Fitch Ratings Ltd. - 13030,0 мың теңге; Moody's Investors Service - 6350,50 мың теңге.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының сұранысын мынадай деңгейде қанағаттандыру; Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiне төмен инвестициялық тәуекелдiлік, Қазақстан Республикасының инвесторлық базасын кеңейту; 
Егемен еврооблигациялар орналастырылған жағдайда қарыз алу бағасын төмендету.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына          
203-ҚОСЫМША            

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Әлеуметтiк-экономикалық дамудың талдамалық зерттеулерi"
деген 011 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1965720 мың теңге (бiр миллиард тоғыз жүз алпыс бес миллион жетi жүз жиырма мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi : 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің  35-бабы ; "Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шартты бекiту туралы" 1999 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Кеден одағы мен Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруды құқықтық қамтамасыз ету туралы келiсiмдi бекіту туралы" 2001 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығы ; "Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 465 Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту туралы" 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 549 Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Қазақстан-2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" Президенттің 1997 жылғы Қазақстан халқына  Жолдауы ; Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 147  қаулысымен  мақұлданған Мемлекеттiк басқа деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жаңару жолында" Қазақстан халқына  Жолдауы ; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210  қаулысымен  бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жаңару жолында" Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөнiндегi Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесiнiң 41, 43, 44-тармақтары, "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасында Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 желтоқсандағы N 1285  қаулысы ; "Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргізу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылы 21 шiлдедегi N 779  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006-2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 824  қаулысы , "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгінiң мәселелері" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысының  11-тармағы; "2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасында Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 1203  қаулысы ; "2006 жылы байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтінімдердiң тізбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1116  қаулысы , "Рейтингтiк агенттіктерге  ақпарат беру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 31 шілдедегi N 116-ө  өкiмі ; "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнің 1991 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысы.
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi :   республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының стратегиялық және орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының жоспарларын iске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттiк қаржыларды басқаруды жетiлдiру, тұрақты әлеуметтiк-экономикалық даму негiзiнде халықтың тұрмыс деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн тиiмдi экономикалық тетiктi қалыптастыру, ел экономикасының теңгерiмдiлiгінің деңгейiн қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк аппарат қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
      Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуiне қол жеткiзу, мемлекеттiк басқару мен өндiрiстiк сектордың деңгейiн арттыру, сондай-ақ мұнай-газ секторына кiрмейтiн салалардың бәсекеге қабiлеттілiгін арттыру.      
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : бағалау күшi мен ықпал ету бағыты бар макроэкономикалық көрсеткiштерге ықпал ететiн факторлардың сандық және сапалық сипаттамаларын пайдалану, шағын орындарды анықтау, болашақтағы кезеңге үрдiстердi анықтау мен болжамды құруда алынған деректер негiзiнде өткен кезеңдермен салыстырма жүргiзу, экономиканың маңызды секторларындағы мемлекеттiк органдардың жұмысында талдамалық әдiстердi пайдалану, орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтары бойынша зерттеулер жүргізу; жалпы экономикалық, салааралық, өңiрлік, сыртқы экономикалық проблемаларды шешу бөлiгiнде елдің "Қазақстан-2030" стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралар мен тетіктердi тұжырымдау; әлемдiк экономиканың, Қазақстанның негiзгi сауда және экономикалық серiктестiктерiнің даму үрдiстерін зерттеу, сыртқы және iшкi факторлардың экономика және әлеуметтiк секторға әсер етуiн бағалау және осының терiс салдарларын жұмсарту жөнiнде кешендi зерттеулер жүргiзу, iс-шараларды орындау барысында мақсаттарға қол жеткізу және олардың талап ететiн сапасының деңгейiн айқындау, iске асыру барысында мiндеттердің (iс-шаралардың) төмен нәтижелiгiнің және тиiмділігiнің төмендiгiнің себептерiн талдау, елдiң әлеуметтік-экономикалық дамуына бағдарламаны iске асырудың ықпалын айқындау, оның тиiмділігiн арттыру жөнiндегi ұсынымдарды тұжырымдау.
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерi негiзiнде
Мемлекеттiк функциялардың тiзiлiмiн құру.
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы
органдарының құрылымы мен штат санын оңтайландыру жөнiнде ұсыныстар қалыптастыру.
Мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк және бюджеттік
бағдарламалардың нормативтік құқықтық базасын, өлшемдер мен көрсеткiштерiн, сондай-ақ iске асырудың тиiмділігiне бағалау жүргiзудің құралдарын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар қалыптастыру.
Мемлекеттiк қызметтер ұсынудың нормативтік құқықтық базасын,
өлшемдер мен көрсеткiштер, сондай-ақ сапасына бағалау жүргiзудің
құралдарын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар қалыптастыру.
Мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық базасын, өлшемдер мен көрсеткіштерiн, сондай-ақ қызметiн ұйымдастырудың тиiмділігiне бағалау жүргiзудің құралдарын әзiрлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.
10 (он) пилоттық республикалық бюджеттiк бағдарламалардың
тиімдiлiгiне тәуелсіз бағалау жүргізу.
Мемлекеттiк басқарудың қазiргi құрылымын талдау және оның оңтайлы құрылымын қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстар тұжырымдау, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларын оларды жеңiлдету және қысқарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлей отырып, жүйелеу, жiктеу және талдау.
"Мемлекеттік активтерді басқару туралы" заң жобасын әзірлеу үшін талдамалық материалдар дайындау; "Мемлекеттік активтердi басқару туралы" заңның жобасын әзiрлеу.
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруінің басымдықтары мен кемшіліктерін экономиканың әртүрлi секторлары үшiн бағалау.
Қазақстанның ДСҰ-ға қатысу шеңберiнде отандық экономика салаларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастыру.
Қазақстанның интеграциялық бiрлестiктер (ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ) бойынша негiзгi әрiптестерiнің ДСҰ-ға кiруiн және қатысуын ескере отырып, Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөніндегi iс-шаралардың өзара iс-қимылы және келiсу тетiктерiн әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар қалыптастыру.
Берiлетiн ақпараттың сапасы мәселесiнде мемлекеттік органдардың рейтингтiк агенттiктермен өзара iс-қимылының ағымдағы жағдайын талдау.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халықаралық рейтингтiк агенттiктердің ақпарат жинауы және беруi.
Алынатын рейтингтерге берілетiн ақпарат сапасының ықпалын және осы рейтингтердің Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткiштерiне әсерiн бағалау.
Экономикаға, салық төлеушілердің мiнез-құлқына әсер ету факторы, мiнез-құлықтың нысаналы үлгiсiне қол жеткiзу деңгейi ретiнде салық салуды бағалау үшiн статистикалық деректердi талдау.
Іске асырылған салықтық ынталандыру шараларының құнын айқындау (мемлекеттiк бюджеттiң шығасылары, салықтық әкімшiлендiрудің қиындауы, "заңға құрметпен қарау" шығындарын арттыру). Нақты қазақстандық жағдайларда алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуде барынша оң әсерге қол жеткiзуге мүмкiндiк берген салық салу объектiлер мен схемаларды анықтау.
Отандық және халықаралық практикада қолданылатын салықтық ынталандыру шараларының тiзбесiне қалыптастыру және әрбiр осындай шара барынша оң әсер беретiн жағдайларды айқындау. Салықтық ынталандырудың үйлесiмдi шаралар кестесiн, оң әсердің жиынтық деңгейiн құру.
Зерттелетiн кезең ақталғаннан кейiн iс-шараларды орындау барысында мақсаттарға қол жеткiзу және олардың талап ететiн сапасының деңгейiн айқындау.
Iске асыру барысында мiндеттердің (iс-шаралардың) аз нәтижелiгінің және тиiмділiгiнің төмендiгiнiң себептерiн талдау.
Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына бағдарламаны iске асырудың
ықпалын айқындау.
Қабылданған бағдарламалық iс-шараларды iске асыру жөнiндегi қажеттi өзгерiстер мен түзетулердi орындау мақсатында тиiстi шешімдер қабылдау үшiн талдамалық материалдар дайындау.
Тұтастай бюджет шығыстарының нәтижелiгін арттыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыруды сыртқы бағалау және бюджет жүйесiн барлық деңгейiнде бюджет қаражатын басқаруды оңтайландыру.
Мынадай бағыттар бойынша талдамалық зерттеулер (экономикалық
аспекттер бойынша) жүргiзудi қамтамасыз ету:
салалық (энергетикалық, көлiк-коммуникациялық, аграрлық-өнеркәсіптiк және т.б.) саясат;
индустриялық-инновациялық даму;
тариф саясаты және реттелетін салалардағы субсидиялау саясаты;
табиғат пайдалану экономикасы және қоршаған ортаны қорғау әлеуметтік-экономикалық сипаттағы бiрлескен талдамалық зерттеулер жүргізу жолымен халықаралық ғылыми техникалық ынтымақтастықты дамыту.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
ламалардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

011

  

Әлеумет-
тік-эконо-
микалық
дамудың
талдамалық
зерттеу-
лері

  

 

 

 

  

 2 

  

100

Халық-
аралық
қаржы
ұйымдары-
мен
бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу

Макроэкономика
саласындағы  зерттеулер.
Мемлекеттік
басқару жүйесiн
жетiлдiру саласындағы
зерттеулер.
Пилоттық
республикалық
бюджеттiк
бағдарламалардың
тиiмдiлігіне
бағалау жүргiзу.
Мемлекеттiк
активтердi басқару
саласында
талдамалық
зерттеулер жүргізу.
ДСҰ-ға кiру саласындағы зерттеулер және халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл.
Салық саясаты саласындағы зерттеулер.
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысына сыртқы бағалау жүргізу.
Салалық саясатының, тариф саясаты мен субсидиялау саясатының экономикалық тетіктерін жетілдіру саласындағы зерттеулер. 
Өңірлік даму стратегиясы шеңберіндегі зерттеулер.

жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

3

  

100

Халық-
аралық
қаржы
ұйымдары-
мен
бірлескен
талдамалық
зерттеулер
жүргізу

1. Техникалық ынтымақтастықтың 2006-2007 жылдарға арналған жыл сайынғы бағдарламаларында көзделген бағыттар
бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Бірлескен
экономикалық зерттеулер бағдарламасын iске асыру шеңберiнде зерттеулер жүргізу.
2. Американдық
халықаралық даму
жөнiндегi агенттiкпен мынадай бағыттар
бойынша экономика-
лық даму бағдарла-
масын iске асыру:
1) қаржы және инвестициялар;
2) адам капиталы;
3) кәсiпкерлiктiң
өсуi және бәсекеге
қабiлеттілік;
4) инвестициялық
климат және ғаламдық
интеграция.

Нау-
рыз-
қараша

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

4

  

100

Халық-
аралық
қаржы ұйымдары-
мен бір-
лескен талдамалық зерттеулер жүргізу

1. Техникалық ынтымақтастықтың 2006-2007 жылдарға
арналған жыл сайынғы бағдарла-
маларында көзделген бағыттар
бойынша Халықаралық
Қайта және Даму Банкімен Бірлескен
экономикалық зерттеулер
бағдарламасын iске асыру 
шеңберінде зерттеулер жүргізу.
2. Американдық халықаралық даму жөніндегі агенттікпен мынадай бағыттар бойынша экономикалық даму бағдарламасын іске асыру:
1) қаржы және инвестициялар;
2) адам капиталы;
3) кәсіпкерліктің
өсуі және бәсекеге
қабілеттілік;
4) инвестициялық
климат және ғаламдық интеграция.
2.1. Американдық
халықаралық даму жөнiндегі агенттіктің экономикалық даму
бағдарламасын
іске асыру туралы
есеп дайындау.

Нау-
рыз-
қараша

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтижесi:
ҚР-дағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалды макроэкономикалық талдау жөнiндегі талдамалық есеп және ҚР экономикасын дамытудың қысқа мерзiмдi болжамы.
Әлемдiк экономиканың даму үрдістерінің және Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай ықпал ететін елдердегі ахуалдың ағымдағы жай-күйін талдау жөніндегі талдамалық есеп.
Кәсіпорындарға конъюнктуралық сұрау жүргізу негiзiнде Қазақстанның iскерлiк климатын бағалай отырып, экономика салаларын талдау және қысқа мерзiмдi болжамдау жөнiндегi талдамалық есеп.
2006 жылғы ҚР-дағы экономикалық жағдай жөнiндегi талдамалық есеп және 2007-2009 жылдарға арналған даму болжамы.
Бәсекеге қабiлеттiлік жөнiндегi жаһандық баяндама бойынша талдамалық есеп.
300 заңнамалық кесiм негiзiнде қалыптастырылған "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер тізiлiмi" электронды дерекқоры.
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымы мен штат санын оңтайландыру жөнiндегi ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобалары, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігiн бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерi жөнiндегi, сондай-ақ оны жүргізу құралдары жөнiндегi ұсыныстар. Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобалары, мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерi жөнiндегі, сондай-ақ оны жүргiзу құралдары жөнiндегi ұсыныстар.
Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобалары, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiн ұйымдастырудың тиiмділігiн бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерi жөнiндегі, сондай-ақ оны жүргізу құралдары жөнiндегi ұсыныстар.
Iрiктелiп алынған 10 (он) пилоттық республикалық бюджеттiк бағдарламаның тиiмділігiн бағалау нәтижелерi жөнiндегi талдамалық есептер.
Мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру және бақылау-қадағалау функцияларын реттеу, қысқарту жөнiндегi ұсыныстарды қамтитын талдамалық жазба.
"Мемлекеттік активтердi басқару туралы" заң жобасын дайындау.
Қазақстанның ДСҰ-га қатысуы жағдайларында отандық салалардың бәсекеге қабiлеттілігiн жоғарылату жөнiндегi ұсынымдар.
Қазақстанның интеграциялық бiрлестiктер (ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ және т.б.) бойынша негізгi әрiптестерiнiң ДСҰ-ға кiруi мен қатысуын ескере отырып, Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi өзара әрекет ету тетiгi мен iс-шараларды келiсу жөнiндегi ұсынымдар.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кiрген кезде Қазақстан Республикасы қабылдайтын мiндеттемелер шеңберiнде отандық өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттілiгін арттыру жөнiндегi бағалау туралы талдамалық баяндама.
Бұл жұмысты орындау Қазақстан Республикасының елдiк рейтингiн айқындау жөнiндегi сапалық ұстанымды жақсарту үшiн зерттеу материалдарын рейтингтік агенттіктерге бере отырып, Қазақстанда болып жатқан қайта құруларды нақты көрсету үшiн елдегi экономикалық және қаржылық ахуалдың жедел мониторингi мәселелерi бойынша нақты талдамалық зерттеулердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасында экономиканы салықтық ынталандыру шараларын қолданудың және мұндай шараларды қолданудың халықаралық тәжiрибесiн нәтижелерi туралы талдамалық есеп. Салықтық ынталандыру шараларының тиiмділiгiне талдау жүргізу әдiстемесi.
Бұл жұмысты орындау мемлекеттік бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың орындалу барысының жедел мониторингi мәселелерi бойынша нақты талдамалық реттеулердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Есептер мен ұсынымдар дайындау, жүргізілген зерттеулер нәтижелерi бойынша мемлекеттiк билiк органдары үшiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi мен Америка халықаралық даму жөнiндегi агенттiгiнiң консультациялар өткізуi.
Түпкі нәтижесі:
Мемлекеттiк билiк өкілеттiктерiнің аражiгiн тiгінен де, көлденеңiнен де ажырату, мемлекеттік функцияларды бәсекелi секторға беру. Мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары қызметiнің тиімділігі мен сапасын бағалаудың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметіне жүйелi бағалау жүргізуге, мемлекеттік аппарат жұмысының әлсiз жақтарын анықтауға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының жұмысын жақсарту жөнiндегi ұсыныстарды қалыптастыруға, мемлекеттiк қызметтер көрсетудi жетiлдiруге, мемлекеттiк қызметшілердің кәсiби деңгейін жоғарылатуға, қаржы ресурстарын тиiмдi басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүйесін құру.
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штат санын оңтайландыру, мемлекеттік органдардың оңтайлы әрi тиiмдi құрылымын қалыптастыру, мемлекеттік органдар құзыретінің көлемiне қарай олардың арасында мемлекеттiк қызметшiлер санын тең бөлу, әкімшілік рәсімдерді оңайлату, мемлекеттiк аппарат жұмысының тиiмділігiн арттыру.
10 (он) пилоттық республикалық бюджеттік бағдарламаның тиiмділігін тәуелсiз бағалау нәтижелерiн ескере отырып, аталған республикалық бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау сапасын жоғарылату.
Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын жоғарылату.
Мемлекеттік басқарудың, соның ішінде орталық басқару органдары мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің оңтайлы құрылым моделін құру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қадағалау және бақылау функцияларын жүйелеу, жiктеу, оларды реттеу және қысқарту.
Тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау.
Мемлекеттiк активтердi басқару мәселелерiн реттейтiн бiрыңғай базалық заңнамалық кесiм жасау.
Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi келiссөз процестерiне қатысуы жағдайларында отандық салалардың бәсекеге қабілеттілiгiн жоғарылату жөнiндегi жұмыста ұсынымдарды пайдалану.
Рейтингтiк агенттіктердің консервативтiк инвесторларға елдің кредитке қабілеттілiгi мен кредиттiк тәуекелдерiн сындарлы әрi объективтi бағалау беруi.
Экономиканы салықтық ынталандырудың неғұрлым тиiмдi құралдарын қолдану мақсатында салықтық саясатты түзету.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың (мемлекеттiк органдардың (мемлекеттік бағдарламалар әкiмшілерiнің) тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн, қабылданған бағдарламалық iс-шараларды iске асыру жөнiнде қажеттi өзгерiстер мен түзетулердi орындау мақсатында тиiстi шешімдер қабылдау үшiн талдамалық зерттеулердің нәтижелерiн пайдалану.
Мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмділiгiн, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының, бағдарламалық құжаттар әзiрлеудің проблемалық мәселелерi бойынша шешiмдер дайындаудың сапасын жоғарылату.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бiр талдамалық зерттеу жүргізуге арналған шығындар;
экономиканың негiзгi секторларындағы мемлекеттiк органдардың жұмысында талдамалық зерттеулердiң нәтижелерiн пайдалану жолымен республикалық бюджет қаражатын жұмсау тиiмділiгiн жоғарылату.
Сапасы:
"РҚ-ның мемлекеттiк функциялар тізілiмі" электронды дерекқорын қалыптастырған кезде барлық мемлекеттік функциялар мен барлық заңнамалық кесiмдердi 100% қамту.
Мемлекеттiк органдардың құрылымы мен штат санына талдау жүргiзген кезде және оларды оңтайландыру жөнiнде ұсынымдар берген кезде 100% қамту.
Мемлекеттік органдар қызметiнің тиiмділiгi мен сапасын бағалау жүйесiнің барлық құрамдауыштары бойынша нормативтiк құқықтық базаны, өлшемдерi мен көрсеткiштерiн, құралдарын әзiрлеу.
Пилоттық республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиiмділiгiне жyргiзілген бағалау нәтижелерiн 100% пайдалану.
Мемлекеттiк басқарудың, соның iшiнде орталық басқару органдары мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнің оңтайлы құрылым моделiн құру, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың қадағалау және бақылау функцияларын реттеу және қысқарту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдай отырып, оларды жүйелеу, жіктеу және талдау кезiнде 100 % қамту. 
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi келiссөз процесiнің салалық  дамуға қатысты проблемалық мәселелерiнің бәрiн қамту.
ДСҰ талаптарын ескере отырып, бәсекеге қабiлеттiлiктi жоғарылату жолдарын талдау кезiнде Қазақстан экономикасының барлық салаларын қамту.
Қазақстан Республикасының егемен рейтингiн айқындаған кезде халықаралық рейтингтік агенттiктер пайдаланатын ақпараттың сапасы мен объективтілігін жоғарылату.
Талдау кезiнде салықтық ынталандырудың негiзгi шараларын толық қамту. Әдiстемеде қол жетімдi деректердi пайдалану. Халықаралық практикаға талдау жүргізген кезде үш санат бойынша кемiнде үш елдi (дамыған, дамушы, басқа) қамту.
Мемлекеттiк экономикалық саясатты жетiлдiру үшін, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу үшiн зерттеу нәтижелерiн пайдалану мүмкiндiгi.
Уақтылығы:
2006-2007 қаржы жылдарына арналған жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламаларында белгiленген мерзiмдерге сәйкес мерзiмдерде талдамалық зерттеулер нәтижелерiн беру.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына          
204-ҚОСЫМША            

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Алматы қаласындағы аймақтық қаржы орталығын реттеу саласындағы уәкiлетті органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 1437202 мың теңге (бiр миллиард төрт жүз отыз жетi миллион екi жүз екi мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Парламентiнiң "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екiншi оқылым 2005 жылғы 9 қарашадағы N 23-III ҚРП қаулысы.
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасында қаржылық қызметтер секторын дамыту үшiн Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс iстеуi үшiн нормативтiк-құқықтық негіздi қамтамасыз ету; қаржы орталығына жаңа қатысушыларды тарту; бiлiктілiгі жоғары кадрларды жұмысқа тарту; Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының ерекше құқықтық режимiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының мүдделерiн қорғау.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
ламалардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

014

  

Алматы
қаласын-
дағы
аймақтық
қаржы
орталығын
реттеу
сала-
сындағы
уәкiлеттi
органның
қызметiн
қамтама-
сыз ету

1. Штат санының
лимитi 78 бiрлік
Алматы қаласының
өңiрлік қаржы
орталығының
қызметін реттеу
жөніндегі
уәкiлеттi органның
орталық аппаратын
ұстау.
5 бiрлік қызметтік
автомашина жалдау.
2. Алматы
қаласының өңiрлік
қаржы орталығын
құру және оның
жұмыс істеуi үшін
нормативтік-
құқықтық актілерді
әзiрлеу.
3. Алматы қаласының өңiрлік
қаржы орталығы
қатысушыларының
мемлекеттік
тізілімін жүргiзу.
4. Рейтингтік
агенттіктердің
тізбесiн, Алматы
қаласының өңiрлік
қаржы орталығының
арнайы сауда
алаңына жiберу
үшін бағалы
қағаздар мен
олардың эмитенттерiн
рейтингтік
бағалауға
қойылатын
талаптарды
қалыптастыру
және бекіту.
5. Өңiрлік қаржы
орталығының
маркетингiн
жүргізу, оның
ішінде бұқаралық
ақпарат құрал-
дарында ақпарат-
тық және жарнама-
лау компаниясын жүргізу (мерзімді
басылымдарда,
телевидениеде,
Интернет
желiсінде).
6. Халықаралық
консультативтік
кеңестiң
қызметтеріне ақы
төлеу.
7. Шетелдерде
халықаралық
семинарлар өткiзу.
8. Шетелдерде өткізілетін
мамандандырылған
конференцияларға
қатысу.
9. Бекітілген
біліктілікті
жоғарылату
жоспарына сәйкес
мемлекеттік
қызметшілердің
біліктiлігін
жоғарылату
жөнiндегi
қызметтерді сатып
алу, оның ішінде
мемлекеттік
тілді оқыту.
10. Қазақстан Республикасы
Алматы қаласының
өңірлік қаржы
орталығының
қызметiн реттеу
агенттігi
қызметкерлерiнің
қызметін
қамтамасыз ету
үшін жабдықтар,
жиһаз, автокөлік
және ұйымдастыру
техникасын сатып
алу.
11. Ақпараттық
жүйелердің жұмыс
істеуiн қамтамасыз
ету үшін шығыс
материалдарын
сатып алу.
12. Телекоммуника-
циялық қызметтер.
13. Есептеу
техникасы құралдарына
техникалық қызмет
көрсету.
14. 78 қызметкер-
дің жұмысын қамтамасыз ету үшiн есептеу техникасын сатып
алу.

Ай
сайын
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қаң-
тар-
жел-
тоқ-
сан
 
 
 
 
Ақпан-
жел-
тоқсан
 
 
 
Ақпан-
жел-
тоқсан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақпан-
жел-
тоқсан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қаң-
тар-
жел-
тоқсан
 
Ақпан-
жел-
тоқсан
Қаң-
тар-
жел-
тоқ-
сан
 
Жыл
бойы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жыл
бойы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жыл
бойы
 
 
 
 
Жыл
бойы
 
Жыл
бойы

Алматы
қаласының
өңірлік қаржы
орталығының
қызметін
реттеу
жөніндегі
уәкілетті
орган

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн нормативтiк құқықтық негiзбен 100% қамтамасыз ету;
бiлiктiлiгi жоғары кадрларды жұмысқа тарту;
мемлекеттік қызметшілердің компьютермен және ұйымдастыру техникасымен жалпы қажеттілiктің 100%-мен жарақтандырылуын қамтамасыз ету.
Түпкi нәтиже:
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту, халықаралық капитал рыноктарымен интеграциялану;
Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту;
қазақстандық капиталдың шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
жыл бойы ақпараттық және жарнамалау компаниясын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның iшiнде мерзiмдi басылымдарда, телевидениеде, Интернет желiсінде жүргізудің құны 154 036 мың теңгенi;
Халықаралық консультативтiк кеңестің қызметтерiне ақы төлеу - 95250 мың теңгені;
аудиторлық тексеру қызметтерiне ақы төлеу - 35 091 мың теңгенi;
шетелдерде халықаралық семинарлар өткiзу - 30 105 мың теңгенi;
шетелдерде өткізiлетiн мамандандырылған конференцияларға қатысу - 12 007 мың теңгенi құрайды.
Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес iс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының барынша көп санын тарту мен қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар рыногының интеграциялануын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына          
205-ҚОСЫМША            

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған
соның iшiнде шағын қалаларды дамытуға берiлетiн
нысаналы даму трансферттерi"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 527000 мың теңге (бес жүз жиырма жетi миллион теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "2004-2006 жылдарға арналған Шағын қалаларды дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : шағын қалаларды, соның iшінде экономикасы күйзелiске ұшыраған қалаларды әлеуметтiк-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : 11 шағын қаланың, соның ішінде экономикасы күйзелiске ұшыраған қалалардың инженерлiк инфрақұрылымының тиiстi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, сонымен бiрге Қызылорда облысы Арал қаласындағы шыны-пластикалық қайықтарды өндiру технологиясын дамытуға жергiлiктi бюджеттерге қаржылық қолдау жасау.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
ламалардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

015

  

Облыстық
бюджет-
терге
экономи-
касы
күйзелiске
ұшыраған
соның
iшiнде
шағын
қалаларды
дамытуға
берiлетiн
нысаналы
даму
трансферт-
терi

1. Ақмола облысы
Жарқайың ауданы Державинск қаласының су
аққысы мен сумен жабдықтау желiсiн қайта
жаңарту
2. Ақмола облысы
Еңбекші ауданы Степняк
қаласының су құбыры
желiлерiн қайта жаңарту
3. Ақтөбе облысы Алға
қаласының көп қабатты
тұрғын үйлерiн жылумен
қамтамасыз ету үшін
автономдық қазандық салу
4. Ақтөбе облысы Шалқар
қаласының бюджеттік
ұйымдары мен көп қабатты
тұрғын үйлерiн жылумен
қамтамасыз ету үшін
автономды жылу жүйесiнің
қазандықтарын орнату
5. Шығыс Қазақстан
облысы Курчатов
қаласының су құбыры
желiлерiн қайта жаңарту
және сумен жабдықтау
ғимараттары мен
құрылыстарын қайта жаңарту
6. Қарағанды облысы Абай
қаласының су құбыры
желілерін қайта жаңарту
және оңтайландыру
7. Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының
жылумен жабдықтау
жүйесін қайта жаңарту
8. Қостанай облысы
Арқалық қаласын
оңтайландыруды есепке
алғанда, су құбырының
тарату желілерiн қайта
жаңарту
9. Оңтайландыруды ескере
отырып, Қостанай облысы
Жітіқара қаласының жылу
желілерiн қайта жаңарту
10. Қостанай облысы
Жітіқара қаласының
магистральдық жылу
желілерін қайта жаңарту
11. Қызылорда облысы
Арал қаласының ауыз суды
сақтау үшін арналған бас
резервуарын қайта
жаңарту, ішкі кварталдық
су құбырлар желiсін
қайта жаңарту және
кеңейту, кәріздiң,
жылумен жабдықтаудың
сыртқы желілерін қайта
жаңарту және кеңейту
12. Қызылорда облысының
Арал қаласында шыны
пластикпен жасалған
қайықтарды шығару
технологиясын бiтіру
13. Кетік-Форт-Шевченко
- 5,7 км магистральды
су құбырын қайта жаңарту

2006
жылғы
қыр-
күйек
 
 
2006
жылғы
қазан
 
 
2006
жылғы
тамыз
 
2006
жылғы
тамыз
 
 
 
 
2006
жылғы
қазан
 
 
 
 
 
2006
жылғы
қа-
раша
2006
жылғы
қа-
раша
2006 жылғы шілде
 
 
 
2006
жылғы
тамыз
 
2006
жылғы
қа-
раша
 
2006
жылғы
тамыз
 
 
 
 
 
 
 
2006
жылғы
мау-
сым
 
2006
жылғы
тамыз

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы
Эконо-
мика
және
бюд-
жеттік
жоспар-
лау
минис-
трлігі

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
- Ақмола облысы Державинск қаласында жаңа су жинағышты, 3 насостық құрал жабдықтарды және трансформаторларды салу және ұзындығы 1500 метр негiзгi су аққысын қайта жаңарту;
- Ақмола облысы Степняк қаласында 4 дана мөлшерiнде жер асты типтес насостық станциялармен су жинағыш скважиналарын бұрғылау, ұзындығы 13,9 км. су құбыры желiсiн жаңғырту;
- Ақтөбе облысы Алға қаласындағы 5 тұрғын үйдi орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуден автономдық газ қазандықтарына алмастыру;
- Ақтөбе облысы Шалқар қаласының көп қабатты тұрғын үйлерiндегi және бюджеттiк мекемелерiндегi ескiрген "Универсал" жылу қазандықтарын "Протерм" қазандықтарына алмастыру;
- Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы шеңберлiк су құбыры желiсiнің 7 учаскесiн қайта жаңарту, тозған су құбыры желiлерiн және насос станциялардағы насостық құрал жабдықтарды толығымен жаңарту, су құбыры желiлерiн су аққысының электр насос агрегаттарына алмастыру;
- Қарағанды облысы Абай қаласында ұзындығы 5 км су құбыры желiлерiн жаңарту;
- Қарағанды облысы Қарқаралы қаласындағы N 2 жылу қазандығын және жылу трассасын қайта жаңарту;
- Қостанай облысы Арқалық қаласында оңтайландыруды есепке алғанда ұзындығы 5363 метр су құбыры желiсiн ауыстыру;
- Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы оңтайландыруды есепке алғанда тозған құбырларды толығымен ауыстыру және демонтаж жасау, ұзындығы 1140 метр магистралды және тармақталған жылу желілерiн қайта жаңарту;
- Қызылорда облысы Арал қаласының 25 көшесiнде қосымша 6500 қума метр су құбыры желiсiн төсеу, 2 бас резервуарын тазарту, 5 км су аққысын жаңғырту, 3 су аққысы насос станцияларын салу;
- Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында ұзындығы 5,7 км тозған су құбыры жүйелерiн және ескiрген насостарды жаңғырту, су құбыры құбырларын жөндеу;
- Қызылорда облысы Арал қаласында шыны-пластиктен жасалған қайықтарды шығару.
Түпкi нәтиже:
Күзгi-қысқы кезеңде су құбырының, су аққысының және жылу желiлерiнің авариялығы төмендейдi. Жылу, жылы және салқын судың тұрақты және үзiлiссiз берiлуiн қамтамасыз ету. Шағын қалалардың жылу мен суаққысы жүйелерiн тиiмдi пайдалану, энергия ресурстарын тиiмдi пайдалану. Халықтың жұқпалы аурулармен ауруы төмендейдi. Халықтың сапасыз коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегi шағымдарының көлемi қысқарады. Балық аулау саласында әрекет ететiн балықшылардың құрал жабдықтарын жаңарту, балық шаруашылығындағы балық аулау мөлшерiн көбейту мүмкiндiгi пайда болады.
Сапа: Шағын қалалардың тұрғындары сапалы ауыз сумен, ыстық және салқын судың үзілiссiз берiлуiмен, тұрақты жылумен қамтамасыз етiледi. Халықтың тұрмыс жағдайлары, санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық және демографиялық ахуал жақсарады. Арал, Зайсан, Балқаш және балық шаруашылығымен айналысатын басқа да көл маңындағы аудандардың отандық шыны-пластиктен жасалған қайықтарды пайдалану мүмкiндiгi пайда болады. Жалпы алғанда, шағын қалалардың дамыған тыныс-тiршілiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымы халықтың iскерлiк қабiлетiне әсер етедi, шағын және орта бизнестi дамыту мүмкiндiгi пайда болады. Жаңадан ұйымдасқан және бұрыннан жұмыс iстейтiн шағын және орта бизнес субъектiлерiнің дамуы халықтың өмiр сүру деңгейiн жоғарылауын, жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, жұмыссыздық деңгейiн төмендеуiн көздейдi.
Уақтылығы: Жұмыс кестесiне сәйкес iс-шараларды уақытылы аяқтау.
*Ескерту: Облыстық бюджеттерге көрсетiлген қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады. Iске асыру жөнiндегi iс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен алынатын трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиістi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаның паспортында көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына          
206-ҚОСЫМША            

       Ескерту. 206-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.30. N  470  қаулысымен.

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Экономика саласындағы басшы қызметкерлердiң біліктілiгiн арттыру"
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 123772 мың теңге (бiр жүз жиырма үш миллион жетi жүз жетпiс екi мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : экономиканың түрлi салалары үшiн кадрлар даярлау мен олардың білiктiлiгiн арттырудың қазiргi заманғы тиiмдi жүйесiн құру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi:  экономиканың әр түрлi секторларында кадрлар даярлау саласындағы отандық және шетелдiк тәжiрибенi зерттеу; жас басшы қызметкерлердiң жаңа буынын және елдiң нарықтық экономикасының елеулi негiзiн құруға қабiлеттi қызметкерлердi тарту; басқарудың қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу есебiнен елдiң экономика саласындағы ұйымдарының құрылымын жетiлдiру; кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және Қазақстан мен Германияның тиiстi фирмаларының өзара iс-әрекетi бөлiгiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау; Германия Федеративтiк Республикасының кәсiпорындарына тағылымдамаға жiберу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
ламалардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

042

  

Экономика
саласын-
дағы басшы
қызмет-
керлердiң
бiлiк-
тілігін
арттыру

I. Шетелдiк оқытушыларды
тарта отырып, экономика саласындағы басшы қыз-
меткерлер мен менеджер-
лердiң бiлiктiлiгiн арттыру. Оқу мерзiмi алты айдан аспайды.
II. Қазақстан Респуб-
ликасы мен Германия Федеративтiк Респуб-
ликасының Бiрлескен өтiнiшiнiң шарттарына сәйкес Германия Федера-
тивтiк Республикасының кәсiпорындарына үздiк басшы қызметкерлер мен менеджерлердi тағылымдамаға жiберу. 2005 жылдан бастап саны ең көбi - 100 адам.
III. Германия Федера-
тивтiк Республикасын-
дағы үздiк басшы қыз-
меткерлер мен менед-
жерлердiң тағылымдамасы жөнiндегi iс-шараларды үйлестiру.

жыл
бойы

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы
Эконо-
мика
және
бюд-
жеттік
жоспар-
лау
минис-
трлігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
      Тiкелей нәтижесi:
      Экономика және өндiрiстi басқару саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердiң білiктiлiгiн арттыру.
      Yздік басшы қызметкерлер мен менеджерлер Германия Федеративтік Республикасының кәсiпорындарына тағылымдамаға жiберіледi.
      Түпкi нәтижесi:
      Қазiргi экономикалық жағдайларға сәйкес экономика саласындағы  басшы қызметкерлер мен менеджерлердiң кәсiптiк деңгейiн арттыру.
      Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
      Сапасы: қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін дамыту; ел экономикасының нақты секторы ұйымдарында жұмыс iстеу үшiн кадрлық резерв құру; Германия Федеративтік Республикасының компанияларымен әрiптестiк қатынастар орнату.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына          
207-ҚОСЫМША            

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
""Электрондық үкiмет" құру"
деген 112 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 20000 мың теңге (жиырма миллион теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1286  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : ел басшылығына өзектi, сенiмдi әрi кешендi ақпарат ұсыну және елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуын жан-жақты зерттеудің бағалау мен болжамдаудың сапасын арттыру, сондай-ақ тиiмдi және негiзделген басқарушылық шешiмдер қабылдауды жылдамдату.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : мемлекеттік  басқарудың ахуалдық жүйесiн құру мен дамыту және мемлекеттiк органдардың басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялануы.

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
ламалардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

112

  

"Электрон-
дық
Үкiмет" құру

  

  

  

2

  

100

Мемле-
кеттiк
басқарудың
жағдайлық
жүйесiн
құру

Мемлекеттік басқарудың
ахуалдық жүйесiн дамыту
және оны мемлекеттiк
органдардың басқа
ақпараттық жүйелерiмен
интеграциялау жөнiндегі
қызметтердi сатып алу.
Ілеспе қызметтердi
сатып алу.

жыл
бойы

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы
Эконо-
мика
және
бюд-
жеттік
жоспар-
лау
минис-
трлігі, Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы
Ақпарат-
тандыру
және
байланыс
агент-
тігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тiкелей нәтижесi:
басқарушылық шешiмдердi қабылдауды қолдауға арналған жүйелердi пайдалану.
Түпкi нәтижесi:
елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуының көрсеткiштерiн талдау және болжамдау әдiстерiн жетiлдiру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
басқарушылық шешiмдердің қабылдану мерзімiн қысқарту және сапасын арттыру.
Уақтылығы:
Жасалатын шарттарда белгiленген мерзiмдерге сәйкес.
Сапасы:
сапалы басқарушылық шешімдердi 100% қабылдау.