Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарын санациялау мен тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының жаңа құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қыркүйектегi N 1087 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:

     Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды санациялау мен тарату
жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының құрамына - Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г.Штойк төраға болып
енгiзiлсiн;
     В.В.Соболев аталған құрамнан шығарылсын;
     2-тармақтағы "1-тармақ" сөзi "2-тармақтан басқа" сөздерiмен
ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi