Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік-мәдени мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 22 қараша N 484-І

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1. "Қазақ ССР-інде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсіптік кешенді басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., N 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 327-құжат; 1995 ж ., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат):
      44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "44-бап. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер
      1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында қызметтің осы түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде 25 процент жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленуі мүмкін.
      2. Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен беріледі.
      3. Жеке меншігінде малы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары жемшөппен, малын жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметкерлерімен бірдей қамтамасыз етіледі.".
      2. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Z970111_ Қазақстан Республикасының заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 109-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; 1998 ж., N 24, 434-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат):
      69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "69-бап. Денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
      1. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің мынадай құқықтары бар:
      ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен отын сатып алуға әлеуметтік көмек беріледі;
      жұмысының сипаты жүріп-тұрумен байланысты денсаулық сақтау қызметкерлерінің жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоғамдық көлікте тегін жүруі. Мұндай қызметкерлердің тізбесін тиісті жергілікті атқарушы орган белгілейді;
      жеке меншігінде малы бар денсаулық сақтау қызметкерлері жемшөппен, малын жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлерімен бірдей қамтамасыз етіледі.
      2. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандарына жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында қызметтің осы түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде 25 процент жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленуі мүмкін.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілей алады.".
      3. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Z990389_ Қазақстан Республикасының Заңына (1999 жылғы 11 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):
      1) 31-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы шешім қабылдайды;";
      2) 41-бапта:
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жеке меншігінде малы барлардың жемшөппен, малын жаюға және шөп

шабуға арналған жер учаскелерімен ауыл шаруашылық ұйымдарының 
қызметкерлерімен бірдей қамтамасыз етілуге құқығы бар.";
     мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
     "4-1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру мамандарына 
жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында қызметтердің 
осы түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде 
25 процент жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленуі мүмкін.".
     
     2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
          Президенті
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Багарова Ж.А. 
     
     
     
     
 "