Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 225-IV Заңы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа алып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 2 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кентінде қарасты "Айналайын" бала - бақшасының батыс бетіндегі атауы жоқ көшеге, облыстық және аудандық білім беру жүйесіне зор үлесін қосқан, елеулі еңбек сіңірген, еңбек ардагері болған Сағынтай Есеновтің есімі берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010.12.28 N 1104 шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің
орынбасары Түменов Ермаханға жүктелсін.

      КЕНТ ӘКІМІ                                        М. МОЛДАБАЕВ