ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне және 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі сақтауға міндетті пруденциалық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелері (бұдан әрі – Банктерге арналған нормативтер);
2) Ислам банкі сақтауға міндетті пруденциалық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағының 7) және 8) тармақшаларын, 104-тармағының 6) және 7) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мына:
Банктерге арналған нормативтердің 99-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
"99. Уәкілетті орган Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген лимиттердің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген деңгейлерден жоғары асып кеткенін не Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеуін анықтаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері, банктік холдинг және (немесе) оның ірі қатысушылары банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу және банк қызметіне байланысты тәуекелдерді ұлғайту тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны уәкілетті органға мақұлдау үшін ұсынады.
Іс-шаралар жоспары, мыналармен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:
Лимиттің егжей-тегжейлі талдауы;
Лимиттің болжамы, осы болжамның негіздемесі және Лимиттің банк қызметіне теріс әсері;
Лимитті жақсарту жөніндегі шаралар, оның ішінде оны банк қызметіне қауіп төндірмейтін және қосымша тәуекелдер туғызбайтын деңгейге дейін жеткізуді көздейтін шаралар;
Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген лимит анықталған жағдайда, әрбір есепті кезеңде іске асырылуы жоспарланған іс-шаралар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалар бөлінісінде;
іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері;
іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлердің тізбесі (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
Іс-шаралар жоспары ұсынылған жағдайда, Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген лимиттердің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген деңгейлерден жоғары асып кетуі не Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеуі осы лимиттердің бұзылуы ретінде қаралмайды.";
Банктерге арналған нормативтердің 102-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын:
"102. Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген лимиттердің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген деңгейлерден жоғары асып кетуі не Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеуі банк тарапынан дербес анықталған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері, банктік холдинг және (немесе) оның ірі қатысушылары анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын ұсынады.".
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысымен бекітілді |
Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндері және есеп айырысу әдістемелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндері және есеп айырысу әдістемелері (бұдан әрі – Банктерге арналған нормативтер) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 72-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне және 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді есептеудің нормативтік мәндері мен әдістемелерін белгілейді.
Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
Әмбебап банк лицензиясы бар банктердің сақтауы міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттер құрамына мыналар кіреді:
банктің ең төменгі жарғылық және меншікті капиталы;
меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
бір қарыз алушыға шаққандағы ең жоғары тәуекел;
өтімділік коэффициенттері;
өтімділікті өтеу коэффициенттері және таза тұрақты қорландыру коэффициенттері;
банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдануы;
банк қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті;
левередж коэффициенті;
исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға бөлінген активтердің ең төменгі сомасы;
ашық валюталық позиция лимиттері.
Базалық банк лицензиясы бар банктердің сақтауы міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттердің құрамына:
банктің ең төменгі жарғылық және меншікті капиталы;
меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
бір қарыз алушыға шаққандағы ең жоғары тәуекел;
өтімділік коэффициенттері;
өтімділікті өтеу және таза орнықты қорландыру коэффициенттері;
банк қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті;
левередж коэффициенті;
ашық валюталық позиция лимиттері.
2. Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) сондай-ақ, Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) агенттіктерінің және Банктерге арналған нормативтердің 3-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда, Банктерге арналған нормативтердің 4-тармағында белгіленген өлшемшартарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) бағалауларын таниды.
3. Банктерге арналған нормативтердің есептеу кезінде Банктерге арналған нормативтердің 4-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктер берген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер халықаралық рейтингтік шкала бойынша тек рейтингтің шетелдік нысандарына қатысты пайдаланылады.
4. Банктерге арналған нормативтердің мақсаттары үшін уәкілетті орган мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағаларын таниды:
1) рейтингтік агенттік шығу елінде реттелуге жатады және рейтингтік агенттіктің бағалауы пруденциялық реттеу шеңберінде танылады;
2) рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең аз мөлшері кемінде 600 000 000 (алты жүз миллион) теңгеге баламалы соманы құрайды;
3) объективтілік, тәуелсіздік және жауапкершілік:
рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама сенімді болып табылады және тарихи және (немесе) дефолт туралы күтілетін деректер негізінде тексеруге жатады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның өзіне қабылдаған қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетін айқындайтын барлық негізгі сандық және сапалық факторлардың толық сипаттамасын, сондай-ақ олардың кредиттік рейтингтерге және кредиттік рейтингтер бойынша болжамдарға әсерін сипаттауды қамтиды;
рейтингтік агенттікті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және рейтингтік агенттіктің қызметіне араласпайтын және рейтингтерді беру процестеріне ықпалы жоқ саяси партиялар бақыламайды;
рейтингтік агенттіктің акцияларының кемінде 10 (он) пайызын тікелей иеленетін және рейтингтік агенттіктің рейтингтік қызметіне ықпалы жоқ тұлғаларды қоспағанда, рейтингтік агенттік рейтинг беретін, растайтын немесе қайта қарайтын заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылмайды;
рейтингтік агенттіктің рейтингтік әрекеттерге қатысатын рейтингтік талдаушылары рейтингтік әрекеттерді жүзеге асыру күніне дейін соңғы 3 (үш) жыл ішінде рейтинг берілетін тұлғамен еңбек немесе іскерлік қатынастарда тұрмайды және тұрмаған, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның немесе рейтинг берілетін тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын немесе осындай тұлғаға елеулі ықпал ететін тұлғалардың бағалы қағаздарын, өзге де қаржы құралдарын немесе өзге де мүлкін тікелей немесе жанама, оның ішінде жақын туыстары арқылы иеленбейді;
рейтингтік агенттіктің ішкі аудит немесе ішкі бақылау, оның ішінде рейтингтік агенттіктің директорлар кеңесіне есеп беретін ішкі аудит функцияларын жүзеге асыратын қызметі бар;
рейтингтік агенттікте директорлар кеңесінің кемінде үштен бірі, бірақ кемінде екі мүшесі рейтингтік әрекеттерді, рейтингтік агенттіктің қызметтерін жарнамалауды және клиенттерді тарту жөніндегі өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырмайтын тәуелсіз мүшелер болып табылады;
рейтингтік агенттіктің әрбір акционерінің акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену үлесі осы рейтингтік агенттіктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызынан аспайды, егер акционер қаржы ұйымы болып табылған жағдайда, тікелей иелену үлесі 10 (он) пайыздан аспайды;
рейтингтік агенттіктің ішкі рәсімдері ақпаратты заңсыз пайдаланудың және жария етудің алдын алу шараларын көздейді және ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;
4) ақпараттың ашықтығы және оны жария ету:
рейтингтік агенттік рейтингтік агенттіктің интернет-ресурсында мына:
рейтингтік агенттік рейтингті айқындау кезінде қолданатын әдіснама;
соңғы жыл ішінде берілген кредиттік рейтингтердің, сондай-ақ соңғы аяқталған күнтізбелік жылдың соңындағы жағдай бойынша олардан түскен ақшалай түсімдердің үлесі рейтингтік агенттік түсімінің жылдық көлемінде 5 (бес) және одан да көп пайызды құраған рейтинг берілетін тұлғалардың және өзге де тұлғалардың тізімі туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз етеді;
5) рейтингтердің сенімділігі:
рейтингтік агенттік рейтингтік қызметті кемінде соңғы 5 (бес) жыл тұрақты негізде жүзеге асырады;
рейтингтік агенттік кредиттік рейтингті берген және қайта қараған ұйымдар саны кемінде отыз, оның ішінде соңғы 3 (үш) жылда кемінде жиырма, оның ішінде кемінде бесеуі қаржы ұйымдары болды;
рейтингтік агенттіктің рейтинг тағайындаумен тікелей айналысатын қызметкерлерінің тиісті білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар;
рейтингтік шешім қабылдайтын органның (бұдан әрі – рейтингтік комитет) қатысушысы болып табылатын, рейтингтік шешімдер қабылдау процесіне қатысатын кемінде бір қызметкердің рейтингтік агенттікте не талдамалық агенттікте не зерттеу орталығында не қаржы нарығында қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымында не аудиторлық ұйымда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар;
рейтингтік комитеттің құрамында рейтинг берілетін тұлға және (немесе) оның қаржылық міндеттемелері немесе қаржы құралдары (бұдан әрі – рейтинг объектісі) үшін жетекші рейтингтік талдаушыны, рейтингтік комитеттің төрағасын және қаралып отырған рейтинг объектісі жатпайтын, рейтинг объектілері түрінде маманданған бір рейтингтік талдаушыны қоса алғанда, кемінде бес рейтингтік талдаушы болады (егер рейтингтік агенттік рейтинг объектілерінің әр түріне қатысты рейтингтер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда);
рейтингтік агенттік берілген рейтингтерді мониторингтеуді тұрақты негізде жүзеге асырады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның қаржылық жағдайындағы, корпоративтік басқаруындағы немесе қызметінің өзге де аспектілеріндегі өзгерістерге, макроэкономикалық жағдайлардың немесе қаржы нарығы жағдайларының өзгеруіне байланысты өзгеретін факторларға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етеді, бұл рейтинг берілген немесе ол соңғы қайта қаралған күннен немесе рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама соңғы қайта қаралған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан кешіктірілмей рейтингтердің нақты жаңартуларымен расталады.
Рейтингтік агенттік уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, пруденциялық реттеу мақсаттары үшін рейтингтік агенттіктің рейтингтік бағаларын қабылдау туралы сұрау салу жібереді.
Рейтингтік агенттік осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган ресми интернет-ресурста рейтингтік агенттіктің оның рейтингтік бағаларын қабылдау туралы сұрау салуын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде рейтингтік агенттік және рейтингтік агенттіктердің рейтингтік шкалаларының салыстырмалылығы туралы мәліметтерді жариялайды.
Рейтингтік агенттік қолданатын әдіснамаларды уәкілетті орган рейтингтік агенттік уәкілетті органға алғаш рет жүгінген кезде және жылына кемінде 1 (бір) рет валидациялайды.
Рейтингтік агенттік қолданатын әдіснамаларға өзгерістер енгізген кезде рейтингтік агенттік 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай өзгерістердің себептері мен салдарын көрсете отырып, уәкілетті органға ақпарат жібереді.
5. Банктерге арналған нормативтерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баланстық құн – бухгалтерлік баланста қарыз бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін танылатын қарыз сомасы;
2) инвестициялық қарыз (кредит) – мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз (кредит):
қарыз (кредит) мерзімі 3 (үш) және одан көп жылды құрайды;
қарыз (кредит) шартының талаптарымен толық мерзімінен бұрын өтеуге тыйым белгіленген. Қарызды ішінара өтеу қарыз алушының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады;
қарыз (кредит) заңды тұлғаға материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды көздейтін оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі;
3) кепілдің тұрақсыз түрлері – болашақта түсетін мүлік және ақша (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты бойынша, жағдайлары Банктерге арналған нормативтердің 6-тармағында көзделген банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа аударылатын ақша түсімі бойынша мемлекеттік серіктестікке қойылатын талап құқықтарын, сондай-ақ Банктерге арналған нормативтердің 7-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келгенде банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын офтейк-келісімшарты бойынша болашақта түсетін ақшаны қоспағанда), оның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша (мемлекеттің қатысуы бар компаниялармен (квазимемлекеттік сектор субъектілерімен) жасалған шарттар бойынша келіп түсетін ақшаны қоспағанда), сақтандыру шарттары (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарымен, экспортты қолдауға мемлекеттік кепілдік берілген Қазақстанның Экспорттық несие агенттігімен, (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтинг агенттігінің кемінде "А" рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру ұйымдарымен жасалған, міндеттемелерді шартсыз және кері қайтарусыз орындау туралы тармақтары бар сақтандыру шарттарын қоспағанда), жеке немесе заңды тұлғалардың кепілдіктері (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВ+"-тен төмен емес кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерін, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингіне сәйкес басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің "В-"-тен төмен емес кредиттік рейтингі бар Екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктерін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер және олардың еншілес ұйымдары берген кепілдіктерді қоспағанда), материалдық емес активтер, жарғылық капиталға қатысу үлестері немесе Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының және (немесе) халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлмеген бағалы қағаздар (айналым қаражатын қаржыландырумен байланысты емес мақсаттарға берілген қарыздар бойынша берешегінің есептелген сыйақыларды, салықтық есептеулерді және есептелген амортизацияны (EBITDA) (ЕБИТДА) төлеу жөніндегі шығыстарды шегергенге дейінгі пайдасына қатынасы 4-тен аспайтын заңды тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуге қабылданған жарғылық капиталына қатысу үлестерін және (немесе) бағалы қағаздарын қоспағанда), қағазға басып шығарылған астық қолхаттары (Банктерге арналған нормативтердің 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін астық қолхаттары бойынша талап ету құқықтарын қоспағанда), Қазақстан Республикасынан тыс жердегі кепілмен қамтамасыз ету (көрсетілген елдердің кепілмен қамтамасыз етудің тиісінше ресімделуін растайтын құқығына сәйкес банктің заң консультанттарының немесе еншілес ұйымдары мамандарының қорытындысы болған кезде Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріндегі кепілмен қамтамасыз етуін қоспағанда);
4) кепілсіз тұтынушылық қарыз – мыналарды:
берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін жылжымайтын мүлікке құқықтар кепілімен, міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс жылжымалы мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды;
тіркелуге тиіс, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды;
берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды;
берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз ету болатын қарыздарды;
білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды;
тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, тұтынушылық банктік қарыз;
5) қарыз – банктің банктік қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асыруы, вексельдерді есепке алу және бұрын берілген банктік қарыздар бойынша дебиторлық берешек;
6) қарыз алушы – қарыз (кредит) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
7) провизиялар (резервтер) – қарыздың құнсыздануына құрылған резервтер;
8) қоса қарыз алушы – қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) шартына қол қоятын және қарыз (кредит) шарты бойынша алған ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауап беруші ретіндегі жеке немесе заңды тұлға;
9) тұрақты Asset Quality Review (Обзор качества активов) (далее - AQR) – тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер активтерінің және шартты (ықтимал) міндеттемелерінің сапасын жыл сайын бағалау;
10) офтейк-келісімшарты – өндіруші (жеткізуші) мен тапсырыс берушінің арасындағы жеткізудің құны, саны (көлемі) және мерзімдері бойынша алдын ала келісілген талаптармен болашақта жеткізілетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сату туралы келісім;
11) Supervisory Review and Evaluation Process (Қадағалап талдау және бағалау процесі) (бұдан әрі – SREP) – банктің бизнес моделін, капитал тәуекелдерін, өтімділік тәуекелін, корпоративтік басқару жүйесін бағалауды сандық және сапалық талдау жолымен тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді бағалаудың жыл сайынғы қадағалау процесі;
12) стейблкоин – базалық активі ақша болып табылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіппен және шарттарда шығарылатын, орналастырылатын, айналысқа енгізілетін және өтелетін цифрлық қаржы активі;
13) цифрлық қаржы активтері – ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық активтер;
14) цифрлық қаржы құралдары – цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары.
6. Банк мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде заңды тұлғамен банктік қарыз шартын жасайды және ол мынадай талаптарға сәйкес келеді:
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың инвестициялық кезеңі 36 (отыз алты) айдан аспайды. Инвестициялық кезең банктік қарыз шартын (кредит желісін беру (ашу) туралы келісім) жасасқан күннен бастап инвестициялық шығындардың өтемақысы төлемінің басталған күні аралығы болып табылады;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қарыз (кредит желісінің шеңберінде берілген қарыз) сомасы шеңберінде кезең-кезеңмен қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
кезең-кезеңмен қаржыландыру сомасы инвестициялық кезеңнің төрттен бірінде жалпы қарыз (кредит желісінің шеңберінде берілген қарыз) мөлшерінің 30 (отыз) пайызынан аспайды;
кезең-кезеңмен қаржыландыру сомасы инвестициялық кезеңнің жартысында жалпы қарыз (кредит желісінің шеңберінде берілген қарыз) мөлшерінің 50 (елу) пайызынан аспайды;
құрылыс нысанына техникалық қадағалауды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде банк таңдаған заңды тұлға жүзеге асырады.
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "ВВ+"-тен төмен емес рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шарты сақтандырушының пайда алушыға (банкке) сақтандыру төлемінен (сақтандыру төлемін) бас тартуға (жүзеге асырмауға) мүмкіндік беретін мынадай:
сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) шығындардың орнын толтыру туралы талаптары сақтандыру сомасының мөлшерінен асатын;
залал немесе шығындар ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, түрлі сипаттағы халық толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер нәтижесінде пайда болған;
банктік қарыз шарты жарамсыз болып танылған;
сақтандырушының жазбаша келісімінсіз банктік қарыз шартына, кепіл шартына, кепілдік шартына немесе кепілдемеге айтарлықтай өзгерістер енгізген;
пайда алушының (банктің) сақтандырушыға сақтандыру нысаны, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы жалған мәліметтер хабарлаған;
пайда алушы (банк) залал үшін жауапты тұлғадан немесе үшінші тараптан өтеу шығынын толық алған;
пайда алушы (банк) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуының мән-жайын тексеруге және келтірілген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі жасаған;
пайда алушы (банк) сақтанушыға, оның ішінде сот немесе соттан тыс тәртіпте қарыз шарты бойынша өзінің талап ету құқықтарынан бас тартқан жағдайлардан ғана тұрады.
Сақтандыру шартында сот жарамсыз деп таныған кепіл шартын есепке алмай (шегеріп) сақтандыру төлемін жүзеге асыру талаптарын көрсетуге жол беріледі. Бұл жағдайда сақтандыру шарты сот жарамсыз деп таныған кепіл шартын шегере отырып қамтамасыз ету ретінде ескеріледі.
Банк қамтамасыз ету ретінде қабылдаған кезде сақтандыру шарты сөзсіз франшизаны шегере отырып қабылданады.
7. Офтейк-келісімшарты бойынша болашақта түсетін ақша мынадай талаптар сақталған жағдайларда кепілдің тұрақты емес түрлерінен алып тасталады:
1) мыналар тапсырыс беруші болғанда:
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 (елу) пайызынан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлға, не;
мемлекеттік мекеме, не;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы;
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "ВВ-"-тен төмен емес рейтингі бар заңды тұлға немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, не;
ірі жүйе құраушы кәсіпорын, не;
осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген тұлғалар соңғы 2 (екі) жыл ішінде кірісінің кем дегенде 70 (жетпіс) пайызын қалыптастыратын заңды тұлға;
2) келісімшарттың талаптарында әлеуетті өнім беруші келісімшарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушінің алдындағы өзінің міндеттемелерін міндетті орындауы көзделгенде;
3) әлеуетті өнім беруші - қарыз алушының кредиттік бюроның деректері бойынша соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 60 (алпыс) күннен асатын мерзімді мерзімі өткен берешегінің болмауымен көрінетін оң кредиттік тарихы болғанда.
Банктерге арналған нормативтердің мақсаты үшін ірі жүйе құраушы кәсіпорындарға мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін кәсіпорындар жатады:
өнімді сатудан (қызмет көрсетуден) түскен түсім – соңғы 2 (екі) жылда жыл сайын кемінде 50 (елу) миллиард теңге;
салық аударымдары – соңғы 2 (екі) жылда жыл сайын кемінде 3 (үш) миллиард теңге.
8. Астық қолхаттары бойынша талап ету құқықтары мынадай талаптар сақталған жағдайда кепілдің тұрақты емес түрлерінен алып тасталады:
1) астық қолхаттары бойынша дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 100 (жүз) пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаның не;
астық қолхаты бойынша кепіл болып табылатын мүлік (астық) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "В+"-тен төмен емес рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру ұйымдарымен жасалған міндеттемелердің сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындалуы туралы тармақтары бар сақтандыру шартымен немесе талаптары Банктерге арналған нормативтердің 6-тармағында көзделген сақтандыру шартымен қамтамасыз етілген, бұл ретте сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарты бойынша жауапкершілігінің бір бөлігі Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен төмен емес рейтингі немесе рейтингтердің немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар қайта сақтандыру ұйымдарында қайта сақтандыруға берілген;
2) астық қолхатының мерзімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11839 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/573 бұйрығымен бекітілген Астықты сақтау қағидаларында белгіленген астық қолхатын ұстаушыға тиесілі астықты сақтаудың шекті жол берілген мерзімінен аспайды;
3) астық қолхатын шығарған астық қабылдау кәсіпорны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11595 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығымен бекітілген Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келеді.
2-тарау. Банктің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшері
9. Әмбебап банк лицензиясы бар жаңадан құрылған банк үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері 20 000 000 000 (жиырма миллиард) теңге, ал базалық банк лицензиясы бар банк үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге болып белгіленеді.
10. Банктің меншікті капиталының ең төмен мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерде;
әмбебап банк лицензиясы бар банк үшін 20 000 000 000 (жиырма миллиард) теңге мөлшерде;
базалық банк лицензиясы бар банк үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерде.
11. Банк мұндай сатып алу уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтер мен лимиттердің кез келгенінің бұзылуына алып келмейтін жағдайда акционерлерден өз акцияларын сатып алады.
3-тарау. Меншiктi капитал жеткiлiктiлiгі коэффициенті
12. Банктің меншікті капитал жеткіліктілігі мынадай коэффициенттермен:
1) k1 негізгі капитал жеткіліктілігі коэффициенті:
негізгі капиталдың:
кредит тәуекелі дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел сомасына қатынасымен;
2) k1-2 бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігі коэффициенті:
бірінші деңгейдегі капиталдың:
кредит тәуекелі дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел сомасына қатынасымен;
3) k2 меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті:
меншікті капиталдың:
кредит тәуекелі дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелі ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел сомасына қатынасымен сипатталады.
k1, k1-2 және k2 коэффициенттерінің есебіне қабылданатын тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес қалыптастырылған резервтер шегеріле отырып қосылады.
Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері Банктерге арналған нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес белгіленген мәндердің сомасы ретінде айқындалады.
k1, k1-2 және k2 меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндері Банктерге арналған нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес белгіленген мәндер мен SREP нәтижелері немесе SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысының сомасы ретінде айқындалады.
SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тұрақты AQR аясына кірмеген банктерге қатысты қолданылады.
SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы мөлшерінің диапазоны кредит тәуекелі дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер, нарықтық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, операциялық тәуекел сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейінгі аралықты құрайды.
SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тұрақты AQR аясына кірген банктерге қатысты қолданылады.
SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы мөлшерінің диапазоны кредит тәуекелі дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер, нарықтық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, операциялық тәуекел сомасының 0 (нөл) пайызынан 6 (алты) пайызына дейін аралықты құрайды.
SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы, SREP пен тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы жыл сайын белгіленеді. SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы, SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тиісті үстемеақының жаңа мөлшері белгіленгенге дейін қолданылады.
Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне қосымша меншікті капитал буферлерінің мынадай мәндері белгіленеді:
консервациялық буферге қойылатын талап тұрақты негізде орындалады және мыналарды құрайды:
барлық банк үшін: – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;
жүйелік маңызы бар банктер үшін: – 3 (үш) пайыз;
енгізу мөлшері мен мерзімдері "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-2-бабы төртінші бөлігінің 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциалдық нормативтермен және лимиттермен, олардың нормативтік мәндерімен және есеп айырысу әдістемесімен айқындалатын контрциклдік буфер және секторлық контрциклдік буфер.
жүйелік буфер, жүйелік маңызы бар деп танылған банктерге есептелуіне қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген, "Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы№ 240 қаулысына сәйкес осындай деп танылған жүйелік маңызы бар банктерге қолданылатын жүйелік буфер. Жүйелік буферге қойылатын талап тұрақты негізде орындалады және тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 1 (бір) пайызын құрайды;
қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган айқындаған, банктердің оқиғалардың дамуының болжамды (стрестік) сценарийлеріне қаржылық орнықтылығы тәуекелдерін қамтитын қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер. Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер мөлшерінің диапазоны кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің, нарықтық тәуекелді, операциялық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейін құрайды.
Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер жыл сайын белгіленеді және буфердің жаңа мөлшері белгіленгенге дейін қолданылады.
Егер k1, k1-2 және k2 банк капиталы жеткіліктілігі коэффициенттерінің нақты мәндері осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндерінен төмен болмаса, бірақ бұл ретте көрсетілген коэффициенттердің кез келгені меншікті капиталдың буферлерін есепке ала отырып, капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің белгіленген мәндерінен төмен болса, онда банктің бөлінбеген таза кірісін пайдалануға "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дивидендтер төлеуді және акцияларды кері сатып алуды тоқтату бөлігінде Банктерге арналған нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес бөлінбеген таза кірісті шектеудің ең төмен мөлшеріне сәйкес шектеу қойылады.
Меншікті капиталдың буферлерін есепке ала отырып, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің мәндеріне тізбесі Нормативтердің 15-тармағында белгіленген негізгі капитал құрауыштарының есебінен қол жеткізіледі.
SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы және SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы меншікті капиталға белгіленеді және (k1) негізгі капитал есебінен кемінде 56,25 (елу алты бүтін жүзден жиырма бес) пайызға, (k1-2) бірінші деңгейдегі капитал есебінен кемінде 75 (жетпіс бес) пайызға өтеледі, оның тізбесі Банктерге арналған нормативтердің 15-тармағында белгіленген.
Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер негізгі капиталға белгіленеді.
Банктерге арналған нормативтердің талаптарына сәйкес есептелген меншікті капитал буферлерінің мөлшері бухгалтерлік есепте көрсетілмейді.
SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын және стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буферді, капиталдың контрциклдік буферін және капиталдың секторлық контрциклдік буферін қоспағанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін уәкілетті орган 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) реттен жиі емес қайта қарайды.
13. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.
14. Банктерге арналған нормативтердің мақсаттары үшін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларынан басқа уәкілетті орган басқа да рейтингтік агенттіктердің ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларын да таниды.
Банктерге арналған нормативтердің мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
Азия даму банкі (Asian Development Bank);
Африка даму банкі (African Development Bank);
Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (Council of Europe Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропа инвестициялық банкі (European Investment Bank);
Ислам даму банкі (Islamic Development Bank);
Жеке секторды дамыту жөнiндегі ислам корпорациясы (ICD Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);
Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);
Халықаралық даму қауымдастығы (International Development Association);
Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық валюта қоры (International Monetary Fund);
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (International Centre for Settlement of Investment Disputes);
Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі (Multilateral Investment Guarantee Agency);
Скандинавия инвестициялық банкі (Nordic Investment Bank).
15. Бiрiншi деңгейдегi капитал негізгі капитал мен қосымша капитал сомасы ретінде есептеледi:
1) негізгі капитал:
Банктерге арналған нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін төленген жай акциялардың;
қосымша төленген капиталдың;
өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының;
ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының;
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) 3510 "Резервтік капитал" баланстық шотындағы қалдықтар сомасы ретінде айқындалатын жинақталған ашып көрсетілген резервтің;
негізгі құралдарды қайта бағалау резервтері және басқа да жиынтық табыс арқылы әділ құн бойынша ескерілетін бағалы қағаздар құнын қайта бағалау резервтері;
басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қарыздар құнын қайта бағалау резервтері;
келесі реттеуші түзетулерді алып тасталады:
меншікті сатып алынған жай акцияларды;
гудвиллді қоса алғанда, материалдық емес активтерді;
өткен жылдардың шығындарын және ағымдағы жылдың шығындарын;
алынатын уақыт айырмаларына қатысты танылған, кейінге қалдырылған салық активтері бөлігін қоспағанда, кейінге қалдырылған салық активін;
басқа да қайта бағалау бойынша резервтерді;
активтерді секъюритилендіру бойынша транзакциялармен байланысты сатулардан түскен кірістерді реттеуіш түзетулер шегеріледі. Осындай кірістерге секъюритилендіру талаптарына қарай алынған болашақта толық немесе ішінара кірісті күтумен байланысты болашақтағы кезеңдердің кірісі жатады;
қаржы міндеттемесі бойынша кредиттік тәуекелдің өзгеруіне байланысты осындай міндеттеменің әділ құнының өзгеруінен түсетін кірістерді немесе болатын шығындарды;
үстеме капиталдан шегерілетін, бірақ оның деңгейінің жеткіліксіз болуына байланысты негізгі капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулер шегеріледі;
Банктерге арналған нормативтердің 11-тармағында көрсетілген инвестициялар шегеріледі.
2) Қосымша капиталға Банктерге арналған нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген, сәйкес келетін мерзiмсiз шарттар қосылады, соның нәтижесінде бірмезгілде бір тұлғада қаржы активі және қаржылық міндеттеме немесе заңды тұлғаның барлық міндеттемелерін басқа тұлғадан шегергеннен кейін қалған активтер үлесіне оның құқығын растайтын өзге қаржы құралы (бұдан әрі - мерзiмсiз қаржы құралдары), сондай-ақ Банктерге арналған нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген, сәйкес келетін, ақысы төленген артықшылықты акциялар қосылады.
Қосымша капитал мөлшері мынадай реттеуіш түзетулер сомасына азаяды:
банктің меншікті мерзiмсiз қаржы құралдарына тікелей не жанама тәсілмен салынған инвестициялары;
банктің меншікті сатып алынған артықшылықты акциялары;
Банктерге арналған нормативтердің 16-тармағында көрсетілген инвестициялар;
екінші деңгейдегі капиталдан шегерілуі тиіс, бірақ оның деңгейінің жеткіліксіз болуына байланысты қосымша капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулер.
Банктің қосымша капитал сомасы шегеруді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болса, қалған бөлік банктің негізгі капиталынан шегеріледі.
16. Капиталдан банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғалардың акцияларына,пайлар не үлестік қатысудың басқа да нысандарына банк инвестицияларын, мерзiмсiз қаржы құралдарын, субординарлық борышты (бұдан әрі – қаржы құралдары) шегеру, сондай-ақ кейінге қалдырылған салық активтерін шегеру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
егер банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде 10 (он) пайызына ие қаржы ұйымдарының қаржы құралдарына банктің инвестициялары жиынтығында Банктерге арналған нормативтердің 15-тармағында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан асатын болса, инвестициялардың жалпы сомасындағы жай акцияларға инвестициялар үлесіне көбейтілген артылған сома негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;
егер банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестициялары жиынтығында Банктерге арналған нормативтердің 15-тармағында және осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан асатын болса, артылған сома негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;
егер шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі Банктерге арналған нормативтердің 15-тармағында және осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан асатын болса, артылған сома негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;
егер банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестициялары және шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі және осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуі тиіс сома жиынтығында Банктерге арналған нормативтердің 15-тармағында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталы айырмасының 17, 65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан асатын болса, артылған сома негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;
осы тармақтың бесінші абзацына сәйкес есептелген артылған сома осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуге тиіс сомаға азаяды;
осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген қаржы құралдарына инвестицияларды шегеру қаржы құралдарына инвестициялардың жалпы сомасына шаққандағы инвестициялардың үлесіне қарай меншікті капиталдың тиісті деңгейінен жүзеге асырылады;
15-тармаққа және осы тармақтың төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарына сәйкес шегеруді есептеу мақсатында кейінге қалдырылған салық активтері шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің және өзге де кейінге қалдырылған салық активтерінің арасында тепе-тең негізде гудвилді қоса алғанда материалдық емес активтерді есептемегенде, кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің сомасына азаяды;
банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымдарының мерзімсіз қаржы құралдарына банктің инвестициясы қосымша капиталдан шегерілуге тиіс.
егер қосымша капитал сомасы шегеруге жеткіліксіз болса, сома банктің негізгі капиталынан шегеріледі;
заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымдарының реттелген борышына банктің инвестициялары екінші деңгейдегі капиталдан шегерілуге тиіс;
егер екінші деңгейдегі капитал сомасы шегеруге жеткіліксіз болса, сома банктің бірінші деңгейдегі капиталынан шегеріледі;
меншікті капитал есебінен шегерілмейтін инвестициялар Банктерге арналған нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
17. Меншiктi капиталдың есебiне мерзімсіз қаржы құралдарының төленген сомасы банктiң нақты алған ақшасы мөлшерiнде қосылады.
18. Меншiктi капиталдың есебiне төленген артықшылықты акциялар сомасы банктiң нақты алған ақшасы мөлшерiнде қосылады.
19. Банк уәкілетті органға банктің уәкілетті органы бекіткен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару шартының немесе талаптарының көшірмелерін береді. Мерзімсіз қаржы құралдары банктің меншікті капиталының есебіне банктің мерзімсіз қаржы құралдарын шығару шарты немесе талаптары Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі туралы уәкілетті органның жазбаша растауымен қосылады.
20. Екiншi деңгейдегi капитал:
банктің сатып алынған меншікті субординарлық борышы шегерілген субординарлық борыштың;
Банктерге арналған нормативтердің 16-тармағында көрсетілген инвестициялар шегерілген сомасы ретінде есептеледі.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайта құрылымдауға жататын банк үшін екінші деңгейдегі капиталға субординарлық борыш сот шешімімен айқындалған қайта құрылымдау жүргізу мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде банктің сатып алынған меншікті субординарлық борышы шегеріле отырып, бірінші деңгейдегі капитал сомасының 75 (жетпіс бес) пайызынан аспайтын сомада қосылады.
21. Банктiң субординарлық борышы - бұл Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда бегіленген өлшемшарттарға сәйкес келетiн банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі.
22. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктер меншікті капитал есебіне банктің меншікті сатып алынған акцияларын шегергенде төленген жарғылық капиталы сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайтын көлемде, қайта құрылымдау шегінде шығарылған (сатып алынған) қаржы құралдарының есептелген амортизациясын ескергендегі әділ құндарының арасындағы теріс айырманы өз қалауына қарай қосады.
23. Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді есептеу Банктерге арналған нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесiне, Банктерге арналған нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Борыш жүктемесі коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндеріне және Банктерге арналған нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Борыш жүктемесі коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндерін есептеу 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша жүзеге асырылады.
Активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер ХҚЕС-ке сәйкес құрылған резервтер сомасына азайтылады.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін шартты және ықтимал міндеттемелер Банктерге арналған нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының банк кредиттік тәуекелдер көтеретін тәуекелдің Банктерге арналған нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiнде көрсетілген қарсы агенттің санатына сәйкес келетін дәрежесіне көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құнының және олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын Банктерге арналған нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiнде көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту жолымен кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне қосылады.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық құнының Банктерге арналған нормативтерге 7-қосымшасына сәйкес Туынды қаржы құралдарына арналған кредиттік тәуекел коэффициенттерiнiң кестесiнде көрсетілген және көрсетілген қаржы құралдарын өтеу мерзімімен айқындалатын кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.
Орталық контрагенттің қатысуымен олар бойынша есептеу "төлемге қарсы жеткізілім" қағидаты бойынша жүзеге асырылатын бағалы қағаздар бойынша спот мәмілелер, және (немесе) олар бойынша есептеу "төлемге қарсы төлем" қағидаты бойынша жүзеге асырылатын валюта нарығындағы шетел валютасымен спот мәмілелер Банктерге арналған нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес спот мәмілелер бойынша Кредиттік тәуекел коэффициенттерінің кестесінде көрсетілген талаптар мен міндеттемелер арасындағы оң айырманы кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейту арқылы, егер төлемдер есептеу күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде жүргізілмеген жағдайда, кредиттік тәуекел дәрежесі ескеріле отырып сараланған шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізіледі.
Орталық контрагенттің қатысуымен олар бойынша есептеу "төлемге қарсы жеткізілім" қағидаты бойынша емес жүзеге асырылатын бағалы қағаздар бойынша спот мәмілелер, және (немесе) олар бойынша есептеу "төлемге қарсы төлем" қағидаты бойынша емес жүзеге асырылатын валюта нарығындағы шетел валютасымен спот мәмілелер, егер банк мәміленің бірінші бөлігін жасаған, бірақ мәміленің екінші бөлігі Банктерге арналған нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтерінің кестесінде көрсетілген контрагенттің тиісті санатының тәуекел дәрежесі бойынша сараланған неттингті ескере отырып (неттинг туралы контрагентпен келісім болған кезде) талап мөлшерінде ол жасалған жұмыс күнінің соңына дейін аяқталмаған жағдайда, кредиттік тәуекел дәрежесі ескеріле отырып сараланған шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізіледі.
Есептеу күнінің мерзімдері бойынша талаптар бұзылмаған жоғарыда көрсетілген спот мәмілелерге қатысты кредиттік тәуекел дәрежесі 0 (нөлге) тең.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны (ауыстыру құны):
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - қаржы құралының номиналды келісімшарттық құнынан осы қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнының асу шамасын білдіреді. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның номиналды келісімшарттық құнынан аз немесе оған тең болса, ауыстыру құны 0 (нөлге) тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша - қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан осы қаржы құралының номиналды келісімшарттық құнының асу шамасын білдіреді. Егер қаржы құралының номиналды келісімшарттық құны оның ағымдағы нарықтық құнынан аз немесе оған тең болса, ауыстыру құны 0 (нөлге) тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары (талабы мен міндеттемесі түрлі шетел валюталарында көрсетілген қаржы құралдары) бойынша ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгемен баламасынан талаптардың теңгемен баламасының асу шамасы ретінде айқындалады. Егер талаптардың теңгемен баламасының шамасы міндеттемелердің теңгемен баламасынан аз немесе оған тең болса, ауыстыру құны 0 (нөлге) тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық келісімшарттық құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелер жасалған күні көрсетілген қаржы құралдарының құнын білдіреді. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналдық келісімшарттық құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.
Активтердің, шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің нарықтық тәуекелді есептегендегі есебі Банктерге арналған нормативтердің 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38 және 39-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
Операциялық тәуекелдің есебі Банктерге арналған нормативтердің 41-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Меншiктi капитал жеткiлiктiлiгінің k1, k1-2 және k2 коэффициенттерiн есептеу кезiнде салымдардың тәуекел дәрежесi бойынша сараланатын активтердiң мөлшерiнен банк кастодиан шарты негiзiнде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражат қалдығы алып тасталады.
Меншікті капитал буферлерін қоса алғанда, k1, k1-2 және k2 меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерін сақтау бойынша нормативтердің талаптары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған), ірі акционері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы болып табылатын банктерге, сондай-ақ, егер уәкілетті орган мақұлдаған банктің қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарында k1, k1-2 және k2 меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері және меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері қолданыста болатын мерзім айқындалса, жүйелік маңызы бар банктің өлшемшарттарына сәйкес келетін банктерге қолданылмайды.
24. Шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне орындалуы банктің үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауына байланысты және банктің қосымша кредиттік тәуекелдері туындамайтын банктің шартты және ықтимал міндеттемелері кірмейді.
25. Нарықтық тәуекелдi (валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекелді қоспағанда) есептегендегі активтердiң, шарттың және ықтимал талаптар және мiндеттемелердiң есебiне банктер нарықтық немесе әдiл құн бойынша есепке алатын және мына талаптардың кез-келгенiне сәйкес келетін активтерi, шартты және ықтимал талаптары мен мiндеттемелерi (бұдан әрi – нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары) қосылады:
1) көрсетілген кезеңдегi сатып алу құны мен сату құны арасындағы айырмадан кiрiс алу үшiн сатып алынған жылдан кейiнгi 3 (үш) жыл iшiнде сату мақсатында сатып алынған;
2) нарықтық тәуекелi бар басқа қаржы құралдары бойынша нарықтық тәуекелдердi хеджирлеу мақсатында сатып алынған.
26. Нарықтық тәуекел ескерілген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер 12,5-ке тең келтіру коэффициентінің:
сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел;
нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел;
валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел сомасының көбейтіндісі ретінде есептеледі.
27. Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша тәуекел есебі ерекше пайыздық тәуекел мен жалпы пайыз тәуекелінің сомасын білдіреді.
28. Ерекше пайыздық тәуекел Банктерге арналған нормативтердің 30-тармағына сәйкес ерекше пайыздық тәуекел коэффициенттерi бойынша мөлшерленген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар бiрыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар сомасын білдіреді.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар бiрыңғай қаржы құралдары мынадай талаптарға сәйкес келетiн қаржы құралдары болып табылады:
бiр эмитент шығарған;
тең кiрiстiлiк мөлшерi бар;
нарықтық құн сол бiр ғана валютамен көрсетiлген;
өтелгенге дейiн тең мерзiмi бар.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар бiрыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзақ немесе қысқа) мыналардың:
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар, оның iшiнде сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдарын сатуға арналған талап етулердi бiлдiретін қаржы құралдарының сомасы;
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар, сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының сатуға арналған мiндеттемелердi бiлдiретін қаржы құралдарының сомасы арасындағы айырманы білдіредi.
Опциондар есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiндегі жағдай бойынша қалыптасқан опциондардың нарықтық құны мөлшерiндегi ашық позицияның (ұзақ немесе қысқа) есебiне қосылады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар бiрыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзақ немесе қысқа) көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны айқындалған валюталар бойынша есептеледi.
29. Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар бiрыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар ерекше пайыздық тәуекел коэффициенттерi бойынша мынадай тәртiппен мөлшерленеді:
1) 0 (нөл) пайыздық коэффициент бойынша – Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кепілдігі бар бағалы қағаздар, тәуелсiз рейтингi Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "АА-"-тен төмен емес немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi және орталық банктерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар түрiндегi, сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары;
2) 0,25 (нөл бүтін жүзден жиырма бес) пайыз коэффициенті бойынша - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары, тәуелсiз рейтингi Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "А+"-тен және "ВВВ-" аралығындағы немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi және орталық банктерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының және Банктерге арналған нормативтерге 9-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнде көрсетiлген халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар түріндегі өтеу мерзiмi 6 (алты) айдан кем сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары;
3) 1 (бір) пайыздық коэффициент бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар, өтеу мерзiмi 6 (алты) айдан 24 (жиырма төрт) айға дейiнгi қаржы құралдары;
4) 1,6 (бір бүтін оннан алты) пайыздық коэффициент бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар, өтеу мерзiмi 24 (жиырма төрт) айдан асатын қаржы құралдары;
5) 8 (сегіз) пайыздық коэффициент бойынша - осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлгенді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары.
Туынды қаржы құралдары ерекше пайыздық тәуекел есебiне қосылмайды.
30. Жалпы пайыздық тәуекел:
әр уақыт аралығындағы мөлшерленген жабық позициялар сомасының 10 (он) пайызының;
1-аймақтың мөлшерленген жабық позициясы мөлшерiнiң 40 (қырық) пайызының;
2-аймақтың мөлшерленген жабық позициясы мөлшерiнiң 30 (отыз) пайызының;
3-аймақтың мөлшерленген жабық позициясы мөлшерiнiң 30 (отыз) пайызының;
1 және 2-аймақтар аралығындағы мөлшерленген жабық позиция мөлшерiнiң 40 (қырық) пайызының;
2 және 3-аймақтар аралығындағы мөлшерленген жабық позиция мөлшерiнiң 40 (қырық) пайызының;
1 және 3-аймақтар аралығындағы мөлшерленген жабық позиция мөлшерiнiң 100 (жүз) пайызының;
қалған мөлшерленген ашық позиция мөлшерiнiң 100 (жүз) пайызының сомасын білдіреді.
31. Мөлшерленген позициялар мынадай тәртiппен есептеледi:
1) сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық позиция мөлшерiн айқындау.
Ашық позицияның мөлшерiн айқындау кезiнде сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдары (фьючерстiк келiсiмшарттар, форвардтық келiсiмшарттар, пайыздық мөлшерлемедегi форвардтық келiсiмшарт) (бұдан әрi – сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдары) мөлшері тиiстi базистiк активтердiң нарықтық құнымен көрсетiлетiн ұзақ және қысқа позициялардың комбинациясы ретiнде қарастырылады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдарын өтеу мерзiмi туынды қаржы құралдарын жеткiзуге немесе орындауға дейінгі мерзім мен олардың базистік активінің айналыста болу мерзімінің сомасы ретiнде есептеледi (базистiк активтi жеткiзу талабы бар туынды қаржы құралының жағдайында - ұзақ позицияға қосылатын туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады, ал базистiк активтi жеткiзу мiндеттемесi бар туынды қаржы құралының жағдайында - қысқа позицияға қосылатын туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады).
Своп ашық позициясының мөлшерiн айқындау кезiнде келiсiмшарттар базистiк активтер айқындайтын өтеу мерзiмдері бар тиiстi базистiк активтермен көрсетiлген ұзын және қысқа позициялардың комбинациясы ретiнде қаралады.
Ашық позицияны есептеу кезiнде мынадай талаптарға сәйкес келетiн борыштық бағалы қағаздарды сатып алуға арналған талапты немесе сатуға мiндеттеменi білдіретін, сыйақы мөлшерлемесiнің өзгеруіне байланысты мерзiмдi туынды қаржы құралдары арасындағы өзара қарама-қарсы позициялар есепке алынуы мүмкін:
борыштық бағалы қағаздарды бiр эмитенттің шығаруы;
борыштық бағалы қағаздардың белгiлi бiр шетел валютасындағы немесе теңгедегі нарықтық құнының тең болуы;
борыштық бағалы қағаздардың құбылмалы сыйақы мөлшерлемесінің тең болуы;
борыштық бағалы қағаздардың өтегенге дейiнгi мерзiмiнің тең болуы;
2) ашық позицияларды уақыт аралықтары бойынша бөлу Банктерге арналған нормативтерге 10-қосымшаға сәйкес Ашық позицияларды уақыт аралықтары бойынша бөлуге және мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:
сыйақы мөлшерлемесiнің өзгеруіне, белгiленген сыйақы мөлшерлемесiне байланысты қаржы құралдары кезектi төлем жасау күнiне дейiн қалған мерзiмге қарай уақыт аралықтары бойынша бөлiнедi;
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне, өзгермелi сыйақы мөлшерлемесiне байланысты қаржы құралдары сыйақы мөлшерлемесiн қайта қарау күнiне дейiн қалған мерзiмге қарай уақыт аралықтары бойынша бөлiнедi;
орындалу мерзiмi 2 (екi) уақыт аралығының шегінде тұрған қаржы құралдары неғұрлым ерте уақыт аралығына бөлiнедi;
конвертацияланбайтын артықшылықты акциялар уақыт аралықтары бойынша дивидендтерді төлеу мерзiмiне қарай бөлiнедi, ал дивидендтер төлеу туралы ақпарат болмаған жағдайда, уақыт аралығы есептілік жасалған күннен бастап жылдық дивидендтердi төлеудің заңды тұлға белгiлеген күнiне дейiн айқындалады;
3) әр уақыт аралығы iшiнде барлық ұзақ және қысқа ашық позициялар қосылады;
4) әр уақыт аралығы бойынша жиынтықты ұзақ және жиынтықты қысқа позициялар уақыт аралығына сәйкес келетiн коэффициент бойынша мөлшерленеді;
5) мөлшерленген ашық және мөлшерленген жабық позициялар әр уақыт аралығы бойынша айқындалады.
Әр уақыт аралығының мөлшерленген ұзақ және қысқа позициялары өзара есепке алынады.
Толық өзара есепке алынуға тиiс әр уақыт аралығы бойынша мөлшерленген ұзақ немесе қысқа позициялар бөліктерінің сомасы уақыт аралығының мөлшерленген жабық позициясын бiлдiредi. Өзара есепке алынуға тиiс емес немесе өзара есепке алынбай қалған мөлшерленген ұзақ немесе қысқа позициялардың бөлiгi уақыт аралығының мөлшерленген ұзақ немесе қысқа позицияларын жасай отырып жиынтықталады.
Уақыт аралығына мына аймақтар бойынша топталады:
1-аймақ кемінде 1 (бір) жылдық 4 (төрт) уақыт аралығынан тұрады, оның iшiнде кемінде 1 (бір) ай, 1(бір) айдан 3 (үш) айға дейiн, 3 (үш) айдан 6 (алты) айға дейiн, 6 (алты) айдан 12 (он екі) айға дейiн;
2-аймақ 1 (бiр) жыл мен 4 (төрт) жыл аралығындағы 3 (үш) уақыт аралығынан тұрады, оның iшiнде 1 (бір) жылдан 2 (екі) жылға дейiн, 2 (екі) жылдан 3 (үш) жылға дейiн, 3 (үш) жылдан 4 (төрт) жылға дейiн;
3-аймақ 4 (төрт) жылдан асатын 6 (алты) уақыт аралығынан тұрады, оның iшiнде 4 (төрт) жылдан 5 (бес) жылға дейiн, 5 (бес) жылдан 7 (жеті) жылға дейiн, 7 (жеті) жылдан 10 (он) жылға дейiн, 10 (он) жылдан 15 (он бес) жылға дейiн, 15 (он бес) жылдан 20 (жиырма) жылға дейін, 20 (жиырма) жылдан астам.
Әрбiр аймақтың уақыт аралықтары бойынша мөлшерленген ұзақ немесе қысқа позициялар өзара есепке алынуға жатады. Толық өзара есепке алынуға жататын әрбiр аймақтағы уақыт аралықтарының ұзақ немесе қысқа позициялары бөлiктерiнiң сомасы аймақтың мөлшерленген жабық позициясын бiлдiредi.
Өзара есепке алынуға жатпайтын немесе өзара есепке алынбай қалған әрбiр аймақтағы түрлi уақыт аралықтарының мөлшерленген ұзақ немесе қысқа позицияларының бөлiгi әрбiр аймақтың мөлшерленген ұзақ немесе қысқа позицияларын құрай отырып жинақталады;
6) аймақтар арасындағы мөлшерленген ашық және жабық позициялар айқындалады.
1-аймақтың мөлшерленген ұзақ (қысқа) позициясы 2-аймақтың мөлшерленген қысқа (ұзақ) позициясымен есепке алынады.
Толық өзара есепке алынуға жатқан 1-аймақтың және 2-аймақтың мөлшерленген ұзақ немесе қысқа позициялары мөлшерлерi бөлiктерiнiң сомасы 1 және 2-аймақтардың арасындағы мөлшерленген жабық позицияны бiлдiредi.
2-аймақтың мөлшерленген ұзақ (қысқа) позициясы 3-аймақтың мөлшерленген қысқа (ұзақ) позициясымен өзара есепке алынады.
Толық өзара есепке алынуға жататын 2-аймақтың және 3-аймақтың мөлшерленген ұзақ немесе қысқа позициялары мөлшерлерi бөлiктерiнiң сомасы 2 және 3-аймақтардың арасындағы мөлшерленген жабық позицияны бiлдiредi.
1-аймақтың мөлшерленген ашық ұзақ (қысқа) позициясы 3-аймақтың мөлшерленген қысқа (ұзақ) позицияларымен өзара есепке алынады.
Толық өзара есепке алынуға жататын 1-аймақтың және 3-аймақтың мөлшерленген ұзақ немесе қысқа позициялары мөлшерлерi бөлiктерiнiң сомасы 1 және 3-аймақтар арасындағы мөлшерленген жабық позицияны бiлдiредi.
Аймақтар арасындағы өзара есепке алынғаннан кейiн қалған мөлшерленген ашық позициялар қалған мөлшерленген ашық позицияны құрай отырып жиынтықталады.
Жалпы пайыздық тәуекелді есептеу Банктерге арналған нормативтерге 10-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
32. Базалық активi акциялар немесе акциялардың индекстерi болып табылатын акциялардың нарықтық құнының және туынды қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша тәуекелдi есептеу акциялардың ерекше тәуекелiнің және акциялардың жалпы тәуекелiнің сомасын бiлдiредi.
Акциялардың ерекше тәуекелiнің және акциялардың жалпы тәуекелiнің есебiне базистiк активтерi акциялар немесе акциялар индексi болып табылатын акциялардың нарықтық құнының және туынды қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар мынадай қаржы құралдары қосылады:
акциялар (сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша тәуекелді есептеуге қосылатын конвертацияланбайтын артықшылықты акцияларды қоспағанда);
конвертацияланатын бағалы қағаздар (конвертацияланатын облигациялар және конвертацияланатын артықшылықты акциялар);
осы тармақтың екінші бөлігінің екiншi және үшiншi абзацтарында көрсетiлген, базистiк активi бағалы қағаздар болып табылатын туынды қаржы құралдары немесе көрсетiлген бағалы қағаздардың индексi.
33. Ерекше тәуекелді және жалпы тәуекелді есептеу үшін Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушысының немесе халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйесiнде саудаланатын акциялардың нарықтық құнының немесе акциялар индексiнің өзгеруiне байланысты әрбір қаржы құралы бойынша ашық (ұзақ немесе қысқа) позициялар айқындалады.
Акциялардың нарықтық құнының немесе акциялар индексiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық (ұзақ немесе қысқа) позицияны есептеу кезiнде базистiк активi белгiлi бiр акциялар немесе акциялардың белгiлi бiр индекстері болып табылатын қаржы құралдары базистiк активтердiң нарықтық құнына қайта есептеледі, оның iшiнде:
базистiк активi акциялар болып табылатын фьючерстiк және форвардтық келiсiмшарттар көрсетілген фьючерстiк және форвардтық келiсiмшарттардың нарықтық құны бойынша көрсетiледi;
базистiк активi акциялар индексi болып табылатын фьючерстiк келiсiмшарттар индекс құрамына кiретiн акциялардың нарықтық құны бойынша қайта есептеледі;
базистiк активi акциялар индекстерi болып табылатын своптық келiсiмшарттар индекс құрамына кiретiн акциялардың нарықтық құны сомасына қайта есептелген позицияны бiлдiретiнi ескеріле отырып, базистiк активтердiң көрсетілген позицияларға сәйкес келетін нарықтық құны бойынша қайта есептелген ұзақ және қысқа позициялар комбинациясы ретiнде қаралады;
базалық активi акциялар немесе акциялар индекстерi болып табылатын опциондық келiсiмшарттар олардың есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiндегі нарықтық құны мөлшерiндегi акциялардың жалпы тәуекелiн есептеуге қосылады.
Белгiлi бір акциялардың немесе акциялардың белгiлi бір индексiнiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық (ұзақ немесе қысқа) позиция белгiлi бір акциялардың немесе акциялардың белгiлi бір индексiнiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары, оның iшiнде белгiлi бір акцияларды сатуға талаптарды немесе акциялардың белгiлi бiр индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыруға талапты білдіретіндер сомасы мен белгiлi бір акциялардың немесе акциялардың белгiлi бір индексiнiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары, оның iшiнде белгiлi бір акцияларды сатуға міндеттемелерді немесе акциялардың белгiлi бір индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыру мiндеттемесін білдіретіндер сомасының арасындағы айырманы бiлдiредi.
34. Акциялардың нарықтық құнының немесе акциялар индексінің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша ерекше тәуекел 0,08-ке тең ерекше тәуекел коэффициенті бойынша мөлшерленген көрсетілген қаржы құралдары бойынша ашық позициялардың (ұзақ және қысқа) сомасын білдіреді.
35. Жалпы тәуекел 0,08-ке тең жалпы тәуекел коэффициентінің белгілі бір акциялардың немесе акциялардың белгілі бір индексінің нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша ұзақ позициялар сомасы мен қысқа позициялар сомасының арасындағы айырмасына көбейтіндісін білдіреді.
36. Шетел валюталарының айырбастау бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер бойынша тәуекелдің есебі 0,08-ке тең валюталық тәуекел коэффициентінің мына:
әрбір шетел валютасы бойынша ашық қысқа позициялар (абсолюттік мәні бойынша) және бағалы металдар бойынша ашық (ұзақ немесе қысқа) позициялар (абсолюттік мәні бойынша);
әрбір шетел валютасы бойынша ашық ұзақ позициялар (абсолюттік мәні бойынша) және бағалы металдар бойынша ашық (ұзақ немесе қысқа) позициялар (абсолюттік мәні бойынша) сомаларының біреуінің ең жоғарғы мәніне көбейтіндісін білдіреді.
Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция Банктерге арналған нормативтерге 20-қосымшаға сәйкес Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерінің 2-тармағына сәйкес есептеледі. Валюталық тәуекел коэффициентінің мәні 0,08-ге тең.
37. Әрбiр шетел валютасы бойынша ашық (ұзақ немесе қысқа) позицияны есептеуге шетел валютасымен (бағалы металдармен) көрсетiлген немесе белгiленген активтер, міндеттемелер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер қосылады, оның iшiнде:
шетел валютасымен есептелген сыйақыны қоса алғанда, шетел валютасымен (бағалы металмен) көрсетiлген (белгiленген) активтер мен мiндеттемелердiң нарықтық (әдiл) құны арасындағы айырма;
форвард немесе фьючерс және опцион операциялары бойынша алынатын және төленетін шетел валютасының (бағалы металдың) мөлшерлерi арасындағы айырма;
шетел валютасымен көрсетiлген (белгiленген) алынған және берiлген кепiлдiктер арасындағы айырма.
Көрсетілген айырмалардың оң мәндерi шетел валютасы (бағалы металл) бойынша ашық ұзақ позицияларды, ашық терiс мәндер - шетел валютасы (бағалы металл) бойынша қысқа позицияларды білдіреді.
Шетел валютасын, бағалы металды сатуға арналған форвард операциялары форвард операциясының базалық активi көлемiнiң есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнде қалыптасқан базалық активтiң нарықтық бағасына көбейтіндісі ретінде есептелетін конвертацияланатын мөлшердегi ашық валюталық позиция есебiне қосылады.
38. Шетел валюталарының айырбастау бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер ХҚЕС сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегергендегі ашық валюталық позицияның есебіне қосылады.
39. Исламдық қаржыландыру шеңберінде инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат банк тарапынан кепілдендірілмейді, және инвестициялардан туындайтын кез келген залалды, мұндай залалдар банктің кінәсінен туындаған жағдайларды қоспағанда, инвестициялық депозиттерді ұстаушылар көтереді. Мұндай активтер бойынша коммерциялық тәуекел банк үшін капитал қалыптастыруды талап етпейді. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылған активтер тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебінен алып тасталады.
40. Операциялық тәуекел соңғы өткен 3 (үш) жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа шамасының 0,08-кe тең операциялық тәуекел коэффициентіне көбейтіндісінің 12,5, тең келтіру коэффициентінің көбейтіндісі ретінде есептеледі.
Соңғы өткен 3 (үш) жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа шамасы әр жыл сайын банк таза кіріс алған соңғы өткен 3 (үш) жыл ішіндегі жылдық жалпы кіріс сомасының банк таза кіріс алған жылдар санына қатынасы ретінде есептеледі.
Жаңадан құрылған банктер үшін операциялық тәуекел қаржы жылы аяқталғаннан кейін есептеледі және жылдық жалпы кірістің орташа шамасы өткен жылдар санына қарай есептеледі.
Жылдық жалпы кіріс:
жиынтық шығыстарды, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден түскен кірістерді (резервтерді) шегергенде;
жиынтық кірістің, корпоративтік табыс салығының, қамтамасыз етуге арналған қаржының сомасы ретінде айқындалады.
Операциялық тәуекелді есептеуге банк шығын алған, бірақ провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді шегергендегі қамтамасыз етуге арналған қаржыны есепке алғанда жалпы оң кіріс алынған жыл кіргізіледі.
41. Оригинатор-банк (бұдан әрі - оригинатор) Капиталды өлшеудің және капитал стандарттарының халықаралық конвергенциясы: жаңа тәсілдер (2006 жылғы маусым) Базель II негіздемелік тәсіліне сәйкес меншікті капиталды есептеуге секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданады, ол кезде егер секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру нәтижесінде елеулі кредиттік тәуекел үшінші тараптарға берілетін болса, секьюритилендірілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген оригинатор активтерінің есебінен (бұдан әрі - секьюритилендірудің негіздемелік тәсілі) шығарылуы мүмкін.
Секьюритилендіру мәмілелеріне қатысатын және оригинаторлар болып табылмайтын банктер осындай мәміледе өздері ұстап тұратын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген секьюритилендіру позицияларын есептеу кезінде Банктерге арналған нормативтерге сәйкес секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолданады.
42. Банктер меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолдану үшін оригинатор уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Банктерге арналған нормативтерге 12-қосымшаға сәйкес сауалнама;
2) банк басқармасының құрамынан секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолданудың мақсатқа сай екендігін анықтауға жауапты тұлғаларды айқындайтын құжат;
3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын шетелдік арнайы қаржы компанияларымен секьюритилендірудің трансшекаралық мәмілелерін жасау үшін бағалы қағаздар шығарылымы (не облигациялық бағдарлама) проспектісінің көшірмесі не "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын секьюритилендіру мәмілелері үшін облигациялық бағдарламаны (не облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) Банктерге арналған нормативтерге 13-қосымшаға сәйкес Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттерін есептеу туралы мәліметтерге сәйкес секьюритилендіру ескерілген және секьюритилендіру ескерілмеген k2 меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті туралы мәліметтер.
43. Егер құжаттар шет тілінде дайындалса, онда олардың мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.
44. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган оларды алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарайды.
45. Банктерге арналған нормативтердің 42-тармағында көзделген құжаттарды қарағаннан кейін уәкілетті орган меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін банктердің қолдануына растау беру не бас тарту туралы шешімді қабылдайды және жазбаша нысанда бұл туралы оригинаторға хабарлайды.
Банктердің меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолдануына растау мынадай жағдайда:
Банктерге арналған нормативтердің 42-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаса;
Банктерге арналған нормативтердің 47, 49-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе, берілмейді.
46. Оригинатор тәуекелді беру маңыздылығын айқындау мақсатында:
1) секьюритилендіру ескерілмеген k2 меншікті капитал жеткiлiктiлiгінің коэффицентін есептеуді;
2) секьюритилендіру ескерілген k2 меншікті капитал жеткiлiктiлiгінің коэффицентін есептеуді жүзеге асырады.
47. Егер:
1) секьюритилендіруді есептегендегі k2 меншікті капитал жеткiлiктiлiгі коэффициентінің мәні секьюритилендіруді есептемегендегі k2 меншікті капитал жеткiлiктiлiгі коэффициентінің мәнінен артық болса;
2) оригинатор тиесілі банк конгломератының мүшелері болып табылмайтын үшінші тараптар секьюритилендірілген активтермен қамтамасыз етілген транштардың кемінде 10 (он) пайызын ұстап қалса, тәуекелді беру маңызды болып табылады.
48. Егер секьюритилендіру ескерілген k2 меншікті капитал жеткiлiктiлiгі коэффициентінің мәні секьюритилендіру ескерілмеген k2 меншікті капитал жеткiлiктiлiгі коэффициентінің мәнінен аз болса, тәуекел берілмейді. Бұл жағдайда, оригинатор меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолданбайды және секьюритилендіру ескерілмеген тиісті тәуекелдердің мөлшерленген шамасын есептейді. Бұл ретте оригинатор өзі ұстап қалатын секьюритилендіру позицияларын меншікті капиталдан шегермейді және (немесе) меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін есептеу кезінде активтердің кредиттік тәуекелі дәрежесі бойынша осындай позицияларды мөлшерлемейді.
49. Оригинатор мынадай талаптарды орындау кезінде кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің есебінен секьюритилендірілген активтерді алып тастайды:
1) секьюритилендірілген активтермен байланысты елеулі кредиттік тәуекел үшінші тараптарға ауыстырылады;
2) секьюритилендіру мәмілесі бойынша құжаттар мәміленің экономикалық мәнін көрсетеді;
3) арнайы қаржы компаниясы секьюритирлендірілген активтер бойынша төлемдерді борышкерлердің ықтимал төлемеуімен байланысты, оның ішінде оригинатордың банкроттығы (төлем қабілетсіздігі) жағдайында барлық тәуекелдерді көтереді;
4) Банктерге арналған нормативтерде көзделген жағдайларды қоспағанда, оригинатор:
жарғылық капиталға қатысу үлестерін не арнайы қаржы компаниясында дауыс беру құқығымен акцияларды тура немесе жанама иеленбейді;
арнайы қаржы компаниясындағы директорлар кеңесі немесе басқарма мүшелерінің басым көпшілігін тағайындамайды немесе сайламайды;
шарт күшімен немесе өзге тәсілмен арнайы қаржы компаниясының шешімдерін айқындамайды;
тиісті шарттарда немесе секьюритилендіру мәмілесіне қатысты құжаттарда көзделгендерден басқа, арнайы қаржы компаниясынан секьюритилендірілген активтерді сатып алу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдамайды;
тиісінше шарттарда немесе секьюритилендіру мәмілесіне қатысты құжаттарда көзделгендерден басқа, секьюритилендірілген активтерге қатысты қандай да бір тәуекелдерді ұстап қалу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдамайды;
арнайы қаржы компаниясына секьюритилендірілген активтер берілгеннен кейін секьюритирлендірумен және арнайы қаржы компаниясының қызметімен байланысты шығыстарды көтермейді;
арнайы қаржы компаниясына қандай да бір нысанда жанама қолдау көрсетпейді. Сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалардың жанама қолдау көрсетуіне жол берілмейді.
Оригинатор, сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар арнайы қаржы компаниясына ақшалай сипаттағы талаптар (бұдан әрі - кредиттік қамтамасыз ету) бойынша көмек көрсеткен не осындай қолдау тиісінше шарттарда немесе секьюритилендіру мәмілесіне қатысты құжаттарда көзделмеген жағдайларда өзге қолдауды көрсеткен жағдайда жанама қолдау көрсету туындайды.
Оригинатордың немесе оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалардың кейінгі секьюритилендіру мәмілелерін жасау кезінде арнайы қаржы компаниясына жанама қолдау көрсету фактілері анықталған жағдайда, оригинатор секьюритилендірілген активтер бойынша капиталға қойылатын талаптарды төмендету мүмкіндігінен айырылады;
5) арнайы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар оригинатордың төлем міндеттемелерін білдірмейді;
6) тәуекелдер берілетін тарап секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы болып табылады;
7) егер секьюритирлендіру мәмілесінде кері сатып алу опционы көзделсе, онда мына талаптардың барлығы орындалады:
кері сатып алу опционы оригинатордың қалауымен ғана іске асырылады;
кері сатып алу опционы секьюритилендірілген активтер бойынша өтелмеген негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері не шығарылған бағалы қағаздар бойынша негізгі міндеттеменің жалпы мөлшері 10 (он) пайыз мәнге жеткен және олардың бастапқы мөлшерінен төмен болған жағдайда ғана іске асырылады;
кері сатып алу опционы секьюритирлендіру позицияларының кредиттік сапасын жақсарту мақсатында құрылымдала алмайды;
8) оригинатор мынадай талаптарды сақтағанда секьюритилендірілген активтерді сатып ала алады не оларды пулда басқа активтерге ауыстыра алады:
секьюритилендірілген активтер олардың әділ нарықтық құнынан аспайтын құны бойынша сатып алынады;
әділ нарықтық құны бойынша сатып алынатын активтерді қоспағанда, сатып алынатын секьюритилендірілген активтер тиісті міндетті тараптың дефолты орын алған міндеттемелерді білдірмейді;
ауыстырылатын секьюритилендірілген активтердің тиісті (ұқсас) жіктеу санаты болады.
Оригинатор бұл құралдар Банктерге арналған нормативтердің 55-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда, секьюритирлендірілетін активтерге қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетеді, сондай-ақ секьюритирлендірілген активтерге қатысты өтімділік құралдарын ұсынады.
50. Оригинатор тәуекелді беру маңызды болған жағдайда банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценттерін есептеу кезінде кредиттік тәуекелдер дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің есебінен секьюритилендірілген активтерді алып тастайды.
51. Банктерге арналған нормативтердің 53-тармағында аталған талаптарға сәйкес келетін позицияларды қоспағанда, меншікті капиталдан банк ұстап қалатын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі не Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-"-тен төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар не тиісті рейтингтік бағасы жоқ секьюритирлендіру позициялары шегерілуге жатады.
Шегерім бірінші деңгейдегі капиталдан 50 (елу) пайыз және екінші деңгейдегі капиталдан 50 (елу) пайыз мөлшерінде бөлінеді. Шегерілетін позициялар ХҚЕС сәйкес құрылған резервтер сомасына азаяды.
52. Секьюритилендіру позициялары - бұл секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер және ол секьюритилендіру мәмілесімен байланысты банкте туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді. Секьюритилендіру позицияларына позицияның кредиттік сапасы негізінде тәуекелдің (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) тиісті деңгейі берілуі тиіс, ол Банктерге арналған нормативтерге сәйкес кредиттік рейтинг негізінде айқындалады. Мұндай позицияларға:
оригинатордың арнайы қаржы компаниясына беретін қарыздары;
оригинатордың арнайы қаржы компаниясына қатысты шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелері;
банктің арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздарын сатып алуы;
ұсынылатын кредиттік қамтамасыз ету (credit enhancements);
өтімділік құралдары;
пайыздық немесе валюталық своптар;
кредиттік деривативтер;
резервтік шоттар (ақшамен қамтамасыз ету шоты) үшін қаражат беру және басқалары жатады.
Секьюритилендіру позициясына көрсетілген компанияның банк шоттарын ашу сияқты банктің арнайы қаржы компаниясына банктік қызмет көрсетуіне байланысты туындайтын, банктің арнайы қаржы компаниясына қатысты активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері кірмейді. Бұл ретте:
секьюритилендіру мәмілесінде түрлі транштар бойынша тәуекелдер болғанда, әрбір транш бойынша тәуекел секьюритилендірудің жеке позициясы сияқты мөлшерленеді;
секьюритилендіру позициялары бойынша кредиттік қамтамасыз етуді білдіретін тұлғалар секьюритилендіру позицияларын ұстап қалатын тараптар ретінде қарастырылады;
сыйақы мөлшерлемесінің және валюта бағамдарының өзгеру тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары бойынша позициялармен байланысты тәуекелдер секьюритилендіру мәмілесіндегі жекелеген позициялар сияқты мөлшерленеді;
баланста ұсталынатын секьюритилендіру мәмілесіндегі позиция тәуекелінің шамасы өзінің баланстық құнына тең;
егер Банктерге арналған нормативтерде өзгеше белгіленбесе, секьюритилендіру мәмілесіндегі баланстан тыс позиция тәуекелінің шамасы 100 (жүз) пайызға тең конверсиялық факторға көбейтілген өзінің номиналдық құнына тең.
53. Кредиттік рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясы тәуекелінің мөлшерленген шамасын есептеу үшін банк осындай позицияға болжанатын рейтингті қолдана алады.
Болжанатын рейтинг мынадай тәртіппен қолданылады:
кредиттік рейтингі бар секьюритилендіру позициясының ағымдағы кредиттік рейтингі қолданылады, ол рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясының реттелу дәрежесі бойынша тең болып табылады, немесе;
егер, рейтингі бар позициялардың ешқайсысы рейтингі жоқ позициямен реттелу дәрежесі бойынша тең келмесе, онда секьюритилендіру позициясының (осындай бар болса) реттелу дәрежесі бойынша ағымдағы ең жоғары кредиттік рейтингі қолданылады, ол рейтингі жоқ осындай позицияға реттелу дәрежесі бойынша төмен болып табылады.
Болжанатын рейтингті қолдану барысында кредиттік рейтингі бар секьюритилендірудің барлық позициясы ескеріледі.
54. Егер секьюритилендіру кезінде банк секьюритилендірілген активтер бойынша қаражат алу мерзімдері мен арнайы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар (бұдан әрі - өтімділік құралдары) бойынша инвесторларға берілетін төлемдер мерзімдері арасындағы ықтимал сәйкессіздіктерді өтеу үшін қаржыландыруды ұсыну мақсатында арнайы қаржы компаниясымен шарттық қатынастарға түсетін болса, қоса алғанда 1 (бір) жылға дейін бастапқы өтеу мерзімі бар өтімділік құралдарының мөлшеріне 20 (жиырма) пайызға тең конверсиялық фактор немесе, егер құралдың 1 (бір) жылдан астам бастапқы өтеу мерзімі болса, 50 (елу) пайызға тең конверсиялық фактор қолданылады.
55. Өтімділік құралдары - секьюритилендірілген активтердің өтімділігін көтеруге мүмкіндік беретін шаралар. Өтімділік құралдары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) өтімділік құралының талаптары оны пайдалануға болатын жағдайларды нақты айқындауға және шектеуге тиіс. Өтімділік құралы шеңберінде қаражат алу мүмкіндігі секьюритилендірілген активтерді иеліктен алу және төлемдері өтімділік құралы бойынша төлемдерге қатысты реттелген кез келген қосымша кредиттік қамтамасыз ету нәтижесінде толығымен өтелуі мүмкін сомамен шектеледі;
2) өтімділік құралы құралды пайдалану кезінде дефолт болып қойған тәуекелдерге қатысты өтімділікті ұсыну арқылы немесе олардың әділ құнынан жоғары баға бойынша активтерді сатып алу арқылы құралды пайдалану кезінде келтіріліп қойған шығындарды өтеу арқылы кредиттік сапаны қамтамасыз ету үшін пайдаланылмайды;
3) өтімділік құралы секьюритилендіруді тұрақты немесе кезеңдік қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін пайдаланылмайды;
4) сыйақы мөлшерлемесінің және валюта бағамдарының, сыйақылардың, комиссиялардың және секьюритилендіру мәмілесінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаларға тиесілі басқа да ұқсас төлемдердің өзгеру тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары негізінде туындайтын талаптарды қоспағанда, өтімділік құралын пайдалану кезінде алынған қаражатты өтеу инвесторлардың талаптарына қатысты реттелген болып табылмайды. Сонымен қатар қаражатты өтеудің күші жойылмайды немесе кейінірек мерзімге қалдырылмайды;
5) өтімділік құралы осындай құралға қатысты реттелген болып табылатын қосымша кредиттік қамтамасыз ету қолданылғаннан кейін пайдаланылмайды;
6) өтімділік құралында құралды пайдалану кезінде алынуы мүмкін қаражат сомасының дефолт болған тәуекелдердің шамасына автоматты түрде азайтылуы туралы талап немесе секьюритилендірілген тәуекелдер рейтингі бар құралдардан тұрған жағдайда, егер пулдың орташа сапасы инвестициялық деңгейден төмен түсетін болса, құралды пайдалануды тоқтату туралы талап болуға тиіс.
56. Секьюритилендірілген активтерге қызмет көрсететін және өтімділік құралын ұсынған банк мынадай барлық талаптар сақталған:
1) қаражат беру туралы келісімге сәйкес банктің қаражатты толық өтеуге сөзсіз құқығы болған;
2) банктің талап ету құқығы секьюритилендірілген активтерден алынатын қаражатқа қатысты қойылатын барлық талаптарға қатысты реттелу дәрежесі бойынша жоғары болып табылған;
3) банктің алдын ала хабарламастан келісімді бұзуға сөзсіз құқығы болған;
4) бұл келісім Банктерге арналған нормативтердің 55-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда 0 (нөл) пайызға тең конверсиялық факторды қолданады.
4-тарау. Бiр қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерi
57. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банктің міндеттемелері бойынша бiр қарыз алушыға келетін тәуекелі мөлшерінің банктің меншікті капиталына қатынасы:
банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар болып табылатын қарыз алушылар үшін k3-1 - 0,10 аспайды. Банкпен ерекше қатынастармен байланысты қарыз алушылар бойынша тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспайды;
басқа қарыз алушылар үшін k3 - 0,25 (оның ішінде бланкілік қарыздар бойынша 0,10 аспайтын, қарыз алушы алдындағы не банктің ағымдағы және содан кейінгі 2 (екі) ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, Банктерге арналған нормативтердің 59-тармағында көрсетілген тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің 1 (бір) тармағынан төмен болмайтын Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А" рейтингінен төмен емес рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезиденттерге талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының офшорлық аймақтарда тіркелген немесе азаматтары болып табылатын бейрезиденттердің міндеттемелері бойынша 0,10) аспайды.
Банктің бланкілік қарыздар бойынша бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекел мөлшерінің Банктің меншікті капиталына қатынасы төменде аталған барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденті- заңды тұлғаға қолданылмайды:
заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 (елу) және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық әл-ауқат қорына немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісінен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғаға тиесілі;
заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 5 (бес) пайызынан астамын тікелей немесе жанама иеленетін акционерлер (қатысушылар) туралы ақпарат жария болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасының интернет-ресурсында не электрондық жүйелерде (REUTERS (РЕЙТЕРС), Bloomberg (Блумберг) немесе заңды тұлғаның ресми интернет-ресурсында орналастырылады;
заңды тұлғаның соңғы 3 (үш) жылдағы қаржылық есептілігін халықаралық аудиторлық ұйым растады.
Банктің "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының мiндеттемелері бойынша тәуекелі мөлшерінің банктің меншікті капиталына қатынасы 0,5 аспайды.
Әрқайсысының тәуекелінің мөлшері банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын банктің бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекелдерінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен 5 (бес) еседен аспайды.
58. Банктерге арналған нормативтердің 57-тармағының мақсаттары үшін тиісті қарыз алушылар деп барлық заңды тұлғалар - қарыз алушылар түсініледі.
59. "Бір қарыз алушы" деген терминді оған банктің талаптары бар немесе Банктерге арналған нормативтердің 62-тармағында көрсетілген талаптар туындауы мүмкін әрбір жеке немесе заңды тұлға деп түсіну керек. 2 (екi) немесе одан да көп қарыз алушылардан тұратын топ үшін тәуекел мөлшерi егер қарыз алушылардың әрқайсысының тәуекел мөлшерi банктiң меншiктi капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан асатын болса, сондай-ақ мынадай жағдайлардың бiрi болғанда 1 (бiр) қарыз алушыға сияқты жиынтықты түрде есептеледi:
1) қарыз алушылардың бiрi басқа қарыз алушының iрi қатысушысы (акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға, коммандиттік серіктестікте толық серіктестік, толық серіктестікке қатысушы), үлестес тұлғасы, жақын туысы (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан бауыры немесе қарындасы (апасы, қарындасы), атасы, әжесi, немересi), жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы, бiрiншi басшысы не басқа қарыз алушымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады;
2) бiр қарыз алушының iрi қатысушысы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе бiрiншi басшысы басқа қарыз алушының iрi қатысушысы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе бiрiншi басшысы болып табылады;
3) бiр қарыз алушының iрi қатысушысы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе бiрiншi басшысы басқа қарыз алушының iрi қатысушысының, жақын туысының, жұбайының (зайыбының), жұбайы (зайыбы) жақын туысының немесе бiрiншi басшысының iрi қатысушысы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе бiрiншi басшысы болып табылады;
4) қарыз алушылардың бiрi өзі банктен қарызға алған ақшасын беретін қарыз алушының меншiктi капиталынан асатын мөлшерде басқаға пайдалануға бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негіздер бар;
5) қарыз алушылар банктен қарызға алған қаражатын банктiң қарыз алушысы болып табылмайтын сол бiр үшiншi тұлғаға осы қарыз алушылардың жиынтық меншiктi капиталынан асатын мөлшерде бiрлесiп немесе жекелей бергенiн растайтын жеткiлiктi негіздер бар;
6) қарыз алушылар қарыз алушылардың бiрi (Қазақстан Республикасының банктерiнен басқа) басқа қарыз алушының мiндеттемелерi бойынша өз активтерiнiң 10 (он) пайызынан асатын сомада ортақ не субсидиарлық жауапкершілік атқаратындай болып байланысты болған;
7) бiр қарыз алушының лауазымды тұлғасы банктiң басқа қарыз алушыларының қызметiне қаржылық жағынан мүдделiлігі болған;
8) консорциумның мүшелері болып табылатын қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушылар бiр-бiрiмен бiрлескен қызмет туралы шартпен не бiрлескен қызмет туралы шарттың белгiлерi бар өзге құжатпен байланысты болған;
9) қарыз алушылар сақтандыру полистері, резервтік аккредитивтер, кепілгерліктер, сондай-ақ "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және олардың еншілес ұйымдарының, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "B"-дан төмен емес рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері түрінде берілген жалпы қамтамасыз етудің болуы жағдайларын қоспағанда, олардың міндеттемелері үшінші тұлғаға тиесілі ортақ кепіл мүлкімен қамтамасыз етілетіндей не ортақ қамтамасыз етудің болуы жағдайларын қоспағанда, олардың міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету түрінде олардың жиынтық сомасы қарыздың баланстық құнының 35 (отыз бес) пайызынан артық өтейтін сол бір тұлғаның кепілдігі және (немесе) кепілгерлігі ұсынылатындай етіп байланысты болса;
10) қарыз алушылар сақтандыру полистері, резервтік аккредитивтер, кепілгерліктер, сондай-ақ "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және олардың еншілес ұйымдарының, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "B"-дан төмен емес рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің кепілдіктері түрінде берілген қамтамасыз етудің болу жағдайларын қоспағанда, қарыз алушылардың бірі басқа қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін кепіл мүлкін, кепілдік, кепілгерлік беретіндей байланысты болса;
11) қарыз алушылар:
мына мемлекеттердің: Андорра князьдігі, Лихтенштейн князьдігі, Либерия Республикасы, Монако князьдігі, Маршалл аралдары (Маршалл аралдары Республикасы) аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылса, не;
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған офшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылса, не;
ірі қатысушылары, үлестес тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген мемлекеттерде тіркелген немесе азаматтары болып табылатын осы қарыз алушылармен мәмілелер жасасуға мүдделі тұлғалары бар болса;
12) қарыз алушылар өзара Банктер туралы заңда көзделген басқа негiздер бойынша байланысты болса;
13) қарыз алушылар жылжымайтын мүлiк құрылысы жөнiндегi жобаның тапсырыс берушiсін, салынып жатқан объект құрылысы бойынша үлескер қатысушыларды және үлескер қатысушылардың кепілгерлерін қоса алғанда, жылжымайтын мүлiк құрылысы жөнiндегi жобаның қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аталған қарыз алушылар тобы құрған бiр қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшерi салынып жатқан объектiнiң құрылысы бойынша үлескер қатысушылар - жеке тұлғалардың және (немесе) үлескер қатысушылар кепілгерлерінің қатысуымен құрылған топ үшiн осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларына сәйкес бiр қарыз алушыға сияқты келетін тәуекел мөлшерiнiң жиынтық есебiне қабылданбайды.
60. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арқылы) немесе шетелдік мемлекет 2 (екi) және одан да көп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болса, осындай топқа қатысты тәуекел мөлшерi, егер басқа iрi қатысушылар, сондай-ақ қарыз алушылардың осы тобына қатысты тәуекелдiң мөлшерiн бiр қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшерi ретiнде жиынтықты түрде есептеу жөн болатын Банктерге арналған нормативтердің 59-тармағында белгiленген өзге де жағдайлар болмаса, бiр қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшерi ретiнде есептелмейдi.
61. Банктерге арналған нормативтердің 59-тармағының қарыз алушылар тобын тану жөніндегі талаптары мемлекеттік акциялар пакеттері (қатысу үлестері) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілген заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Бір қарыз алушы және (немесе) банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға ретінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының 25 (жиырма бес) және одан астам пайызына тікелей иелік ету (банктер бойынша - жанама) нәтижесінде үлестес болып табылатын 2 (екі) және одан көп ұйым (оның ішінде банктер) танылмайды.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың бірімен үлестес немесе көрсетілген банктердің бірімен ерекше қатынастармен байланысты заңды және (немесе) жеке тұлғалар да басқа ұйымның немесе көрсетілген банктердің ішінен басқаларымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаның үлестес тұлғаларымен бір қарыз алушы ретінде танылмайды.
62. Бір қарыз алушыға келетін, оның ішінде банктің тәуекел мөлшері:
1) қарыздар, салымдар, дебиторлық берешек, бағалы қағаздар (Банктерге арналған нормативтердің 16-тармағында көрсетілген инвестицияларды қоспағанда), цифрлық қаржы құралдары және цифрлық қаржы активтері;
2) Банктерге арналған нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;
3) банкте олар бойынша секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ қарыз алушыларға қатысты секьюритилендірілген активтер;
4) секьюритилендіру позициялары;
5) көрсетілген қаржы құралдары мен олар бойынша кредиттік тәуекелдің нарықтық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар түріндегі талаптар сомасы ретінде есептеледі.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық құнының Банктерге арналған нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Туынды қаржы құралдарына арналған кредиттік тәуекел коэффициенттерінің кестесінде көрсетілген және көрсетілген қаржы құралдарын өтеу мерзімімен айқындалатын кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны (ауыстыру құны) мынаны:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша – қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнының осы қаржы құралының номиналдық келісімшарттық құнынан асу шамасын білдіреді. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның номиналдық келісімшарттық құнынан аз немесе оған тең болса, ауыстыру құны 0 (нөлге) тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша – қаржы құралының номиналдық келісімшарттық құнының осы қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан асу шамасын білдіреді. Егер қаржы құралының номиналдық келісімшарттық құны оның ағымдағы нарықтық құнынан аз немесе оған тең болса, ауыстыру құны 0 (нөлге) тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары (талабы мен міндеттемесі түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары) бойынша ауыстыру құны талаптардың теңгемен баламасының есептілікті жасау күні белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгемен баламасынан асу шамасы ретінде айқындалады. Егер талаптардың теңгемен баламасының шамасы міндеттемелердің теңгемен баламасынан аз немесе оған тең болса, ауыстыру құны 0 (нөлге) тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық келісімшарттық құны қаржы құралдарының бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелер жасау күні көрсетілген құнын білдіреді. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналдық келісімшарттық құны ретінде банкте талаптар қалыптастырылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшеріне қосылмайды.
Есеп айырысу "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша жүзеге асырылатын бағалы қағаздар бойынша мәміленің споты және (немесе) есеп айырысу "төлемге қарсы төлем" қағидаты бойынша, оның ішінде орталық контрагенттің қатысуымен жүзеге асырылатын шетел валютасымен валюта нарығындағы мәміленің споты, егер төлемдер есеп айырысу күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде жүргізілмеген жағдайда, бір қарыз алушыға келетін тәуекел есебіне қосылады.
Есеп айырысу "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша жүзеге асырылмайтын бағалы қағаздар бойынша мәміле споты және (немесе) есеп айырысу "төлемге қарсы төлем" қағидаты бойынша жүзеге асырылмайтын шетел валютасымен валюта нарығындағы мәміле споты, егер банк мәміленің бірінші бөлігін жасаған, бірақ мәміленің екінші бөлігі ол жасалған контрагенттің жұмыс күнінің соңына қарай неттингті ескере отырып талап мөлшерінде аяқталмаған жағдайда (неттинг туралы контрагентпен келісім болған кезде) бір қарыз алушыға келетін тәуекел есебіне қосылады;
6) Банктерге арналған нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтерінің кестесіне сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған Қазақстан Республикасының резидент-банктеріне және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріне корреспонденттік шоттар бойынша талаптар;
7) металл шоттар бойынша талаптар;
мыналар түрінде қарыз алушыға қойылатын талаптарды алып тастағанда:
исламдық қаржыландыру шеңберінде инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер, банктің балансында тұрған немесе қаржыландыруы Банктер туралы заңның 56-бабының 2-тармағына сәйкес қайтаруға кепілдік берілген активтерді қоспағанда;
мыналар:
ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомалары, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары:
исламдық банк депозиттерін қоспағанда, осы міндеттеме бойынша қамтамасыз ету ретінде банктің иелігіне берілген салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банкі шығарған, оның ішінде цифрлық қаржы құралдары не осындай базалық активі бар цифрлық қаржы активтері түріндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары не осындай базалық активі бар цифрлық қаржы активтері;
тазартылған бағалы металдар;
тауардың шығу тегі туралы сертификаты және құрамында кемінде 10 (он) пайыз таза алтынның бар екендігі туралы химиялық талдауы бар өңделмеген бағалы металдар (құйма түріндегі Доре қорытпасы);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдіктері;
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің кепілдіктері немесе Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby Practices, ISP98) немесе Талап ету бойынша кепілдіктер үшін біріздендірілген қағидаларға (Uniform Rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған резервтік аккредитивтері;
Standard & Poor's агенттігінің (Стандард энд Пурс) "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын, шет мемлекеттердің қатысуымен құрылған сақтандыру ұйымдарымен және экспорттық-кредиттік агенттіктерімен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді шартсыз және қайтарымсыз орындау туралы тармақтарды қамтитын кепілдіктері мен сақтандыру шарттары;
эмитенті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы не олардың еншілес ұйымдары болып табылатын және банктің осындай қамтамасыз етуді шартсыз өндіріп алуға құқығы бар, банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша банк шығарған және қамтамасыз ету ретінде берілген бағалы қағаздар;
экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігімен жасалған сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді шартсыз және қайтарымсыз орындау туралы тармақтарды қамтитын бар сақтандыру шарттары түріндегі қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасы шегеріле отырып есептеледі.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекел есебіне мыналар кірмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаға, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар, банктің балансынан есептен шығарылған банктің қарыз алушыға қоятын талаптары, ХҚЕС-ке сәйкес резервтердің 100 (жүз) пайызы қалыптастырылған банктің қарыз алушыға қоятын талаптары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар бағалы қағаздар бойынша талаптар;
банктің еншілес ұйымға қоятын талаптары;
банктің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұрын еншілес банк болған, қайта құрылымдауды және бір мезгілде активтер мен міндеттемелерді бас банкке беру операциясын жүзеге асырған заңды тұлғаға қоятын талаптары.
63. Банктің қарыз алушыға қоятын талаптарының жалпы көлемі олар туындаған күні Банктерге арналған нормативтерде белгіленген шектеулер шегінде болған, бірақ кейіннен соңғы 3 (үш) ай ішінде банктің меншікті капитал деңгейінің 5 (бес) пайыздан аспайтындай төмендеуіне байланысты не соңғы 3 (үш) ай ішінде қарыз алушыға қойылатын талаптар 10 (он) пайыздан астам болып көрсетілген, теңгенің шетел валюталарына орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюына байланысты банктің қарыз алушыға қоятын талаптарының ұлғаюына байланысты көрсетілген шектеулерден асып түскен жағдайларда, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі орындалған болып есептеледі.
Көрсетілген жағдайларда банк шектеулердің асып кету фактісі туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді және есепті күнге және келесі 3 (үш) ай ішінде асып кетуді жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер бұл асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастыралады.
Банк осындай асып кету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативін көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде белгіленген ең жоғары мәндерден аспайтын деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
Егер бұл асып кету іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі, көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.
64. Егер банктің қарыз алушысы банктің алдында міндеттемелер туындаған кезде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға болмаған, бірақ кейіннен сондай болса, онда Банктерге арналған нормативтердің 57-тармағының екінші абзацында белгіленген осындай қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері асып кеткен жағдайда, көрсетілген асып кету мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
банк Банктерге арналған нормативтердің 62-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейінгі банк талаптарының бөлігін орындау жөніндегі қабілеттілігін растай отырып және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде осы бұзушылықты жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып осындай асып кету туралы уәкілетті органға дереу хабарласа, бұзушылық ретінде қаралмайды.
65. Банктерге арналған нормативтердің 64-тармағының талаптары, егер қарыз алушылар мiндеттемелер туындаған сәтте бiр қарыз алушы ретiнде қаралмай, бірақ кейіннен сондай болған жағдайда да қолданылады.
5-тарау. Өтiмдiлiк коэффициенттерi
66. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті k4;
k4-1, k4-2 және k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттері;
k4-4, k4-5 және k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері.
исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктің исламдық банк операцияларына жатқызылған активтер мен міндеттемелер бойынша өтімділігі:
банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті k4-и;
k4-1и, k4-2и және k4-3и мерзімді өтімділік коэффициенттері;
k4-4и, k4-5и және k4-6и мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері.
Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банк өтімділік коэффициенттерін исламдық банк операциялары шеңберінде қалыптастырылатын (есепке алынатын) активтер мен міндеттемелер бойынша бөлек есептейді.
Мерзімді өтімділік және мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің ең төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
k4, k4-и - 0,3;
k4-1, k4-1и - 1;
k4-2, k4-2и - 0,9;
k4-3, k4-3и - 0,8;
k4-4, k4-4и - 1;
k4-5, k4-5и - 0,9;
k4-6, k4-6и - 0,8.
67. Банктің k4 ағымдағы өтімділік коэффициенті банктің орташа айлық өтімділігі жоғары активтерінің есептелген сыйақыны ескергендегі талап етуге дейінгі міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі.
Ағымдағы өтімділік коэффициентін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшеріне барлық талап етуге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен үлестес заңды тұлғалардың сыртқы қарыздарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері шеңберінде берілген кредитордың осы қарыздар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері, оның ішінде:
өтеуге дейін 3 (үш) жылдан аз қалған мерзімі бар, 50 (елу) пайызға тең конверсия коэффициентіне көбейтілген банктің k2 меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің ең төмен мәні;
k4 нормативінің есебіне енгізілетін қарыздарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерін қоспағанда, өтеуге дейін 3 (үш) жыл және одан көп қалған мерзімі бар, 100 (жүз) пайызға тең конверсия коэффициентіне және банктің k2 меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің ең төмен мәніне көбейтілгендер, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" қарыздары мен банк бір түнге тартқан салымдар және кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін, тазартылған бағалы металдарды қоспағанда, банктердің мерзімді және шартты депозиттері қосылады.
Банктің k4-и ағымдағы өтімділік коэффициенті банктің орташа айлық өтімділігі жоғары активтерінің талап етуге дейінгі міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі.
k4-1 және k4-1и мерзімді өтiмдiлiк коэффициенттерi өтеуге дейін қоса алғанда 7 (жеті) күнге дейін қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне өтiмдiлігі жоғары активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-2 және k4-2и мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi өтеуге дейін қоса алғанда 1 (бір) айға дейін қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қоса алғанда, өтеуге дейін қоса алғанда 1 (бір) айға дейін қалған мерзімі бар өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-3 және k4-3и мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi өтеуге дейін қоса алғанда 3 (үш) айға дейін қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қоса алғанда, өтеуге дейінгі қоса алғанда 3 (үш) айға дейін қалған мерзімі бар өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
k4, k4-1, k4-2, k4-3 өтімділік коэффициенттерін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшерінен және өтімділігі жоғары активтердің мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтары алып тасталады.
68. k4-4 және k4-4и мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті шетел валютасындағы өтiмдiлігі жоғары активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтеуге дейін қоса алғанда 7 (жеті) күнге дейін қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-4 және k4-4и мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтеуге дейін 7 (жеті) күнге дейін қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшеріне банктің шетел валютасындағы, өтеуге дейін 7 (жеті) күнге дейін қалған мерзімі бар, 100 (бір жүз) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері қосылады.
k4-5 және k4-5и мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтеуге дейін қоса алғанда 1 (бір) айға дейін қалған мерзімі бар мерзімді өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнің осы шетел валютасындағы, өтеуге дейін қоса алғанда 1 (бір) айға дейін қалған мерзімі бар міндеттемелердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-5 және k4-5и мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтеуге дейін қоса алғанда 1 (бір) айға дейін қалған мерзімі бар міндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтеуге дейін 1 (бір) айға дейін қалған мерзімі бар 90 (тоқсан) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімі бар мiндеттемелер қосылады.
k4-6 және k4-6и мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтеуге дейін қоса алғанда 3 (үш) айға дейін қалған мерзімі бар өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтеуге дейін қоса алғанда 3 (үш) айға дейін қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-6 және k4-6и мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтеуге дейін қоса алғанда 3 (үш) айға дейін қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтеуге дейін 3 (үш) айға дейін қалған мерзімі бар, 80 (сексен) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімі бар мiндеттемелер қосылады.
69. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтығында шетел валюталары және "еуро" валютасы бойынша есептеледі, оларда алдыңғы есепті айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдыңғы есепті айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінің 1 (бір) пайызынан кем болмайды.
Standard & Рооr's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А"-дан төмен тәуелсіз рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есепті айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдыңғы есепті айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінің 1 (бір) пайызынан кем болмайды.
70. Мыналар:
1) қолма-қол ақша;
2) орталық депозитарийдің шоттарындағы ақша;
3) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларындағы жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақша;
4) тазартылған бағалы металдар;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы және Еуразиялық даму банкі шығарған бағалы қағаздар, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының бір жүз пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар бағалы қағаздар;
7) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі, сондай-ақ Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі талап етуге дейінгі салымдар;
8) Қазақстан Республикасының банктерінде, сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
9) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген "Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысында белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
10) "ВВВ-"-дан төмен емес Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің сыныптауы бойынша) төмен емес рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің облигациялары;
11) Ұлттық Банктегі өтеу мерзімі күнтізбелік 7 (жеті) күнге дейінгі мерзімді депозиттер;
12) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент банктеріне берілген "овернайт" қарыздары өтімділігі жоғары активтердің есебіне қосылады;
13) оригинатор болып табылатын ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 100 (жүз) пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар құрған исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық бағалы қағаздар;
14) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингі "BBB-"-дан төмен емес немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің исламдық бағалы қағаздары;
15) Standard & Poor’s агенттігінің "BBB-"-дан төмен емес рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің исламдық бағалы қағаздары.
71. Банк кері сатып алу талабымен сатқан немесе кепілге берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды қоспағанда, Банктерге арналған нормативтердің 70-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар өтімділігі жоғары активтердің есебіне қосылады.
72. Банктің баланстық шоттарында есепке алынатын валюталық своп операциялары бойынша талаптардың сомасы, егер осы мәмілелер бойынша міндеттемелер банктің баланстық шоттарында есепке алынған және мерзімді өтімділік коэффициенттерінің есебіне алынған жағдайда, өтiмдiлігі жоғары активтердiң есебіне қосылады.
73. Өтiмдi активтер есебiне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөнiндегi ұйыммен ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тiзбесiне енгiзiлген мемлекеттердiң аумағында тiркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тiркелген заңды тұлғаларға қатысты еншiлес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарға қалыптасқан резервтер шегеріле отырып, өтімділігі жоғары активтердi қоса алғанда барлық қаржылық активтер қосылады. Қарыздар қарыз шартына сәйкес өтеу кестелерi бойынша қосылады.
Банктерге арналған нормативтердің 70-тармағының 5), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, өтімділігі жоғары активтердің есебіне қосылмайтын бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге қосылатын міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылады деген талаппен өтімді активтердің есебіне қосылады.
Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне қосқан кезде, бағалы қағаздар бойынша өтегенге дейін қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі осы бағалы қағаздар болатын міндеттемелерді өтеуге дейінгі мерзім алынады.
74. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есеп айырысуларды жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер қосылады. Бұл ретте k4-1 мерзімді өтімділік коэффициентін және k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффциентін есептеу кезінде 7 (жеті) күнге дейін өтеуге мерзімі қалған мерзімді міндеттемелердің мөлшеріне есептеу кезінде банк есеп айырысуларды жүзеге асырудың қоса алғанда 7 (жеті) күнге дейін мерзімі бар, оларды кері сатып алу талаптарымен сатқан бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген міндеттемелер қосылмайды.
Талап етілгенге дейін міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" қарыздары және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне қосылмайды.
75. Өтімділік коэффициенттерін есептеу кезінде өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, әділ құнды оң (теріс) түзету шоттары қосылады.
76. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған кезде өтiмдiлiк нормативтерi өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң орташа айлық негiзде анықталатын есептiк мәндерiне қатыссыз орындалмаған деп есептеледi.
6-тарау. Өтімділікті өтеу және нетто тұрақты қорландыру коэффициенттері
77. Өтімділікті өтеу коэффициенті сапасы жоғары өтімді активтердің өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде банктің операциялары бойынша ақша қаражаттың нетто әкетілуіне қатысты есептеу күніндегі жағдай бойынша қатынасы ретінде есептеледі.
Өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу мақсатында сапасы жоғары өтімді активтер деп мынадай талаптарға сай келетін активтер танылады:
банктің иелігіндегі және активтермен операциялар жүргізу арқылы ақша қаражатын дереу алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді (репо, своп операциялары бойынша және тартылатын қаражат бойынша қамтамасыз етуге сату, беру);
банктің міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылмайды және репо, своп операциялары және қайтарымдылық негізде жасалатын өзге де операциялар бойынша берілген бағалы қағаздар қосылмайды;
кассадағы қолма-қол ақшаны сақтаудың ең аз қалдығын қамтамасыз етуге немесе банктің қызметін қамтамасыз ету шығыстарын жүзеге асыруға арналмаған;
банктің меншігінде болады, оның ішінде банктің бағалы қағаздарды репо, своп операциялары шеңберінде, оларды қайтару міндеттемелерін орындау мерзімі басталғанға дейін тартылатын қаражат бойынша қамтамасыз етумен сату, беру құқықтарына шектеулер болмаған жағдайда қайтарымды негізде жасалатын операциялар (кері репо, своп операциялары және басқа да операциялар) шеңберінде алынған не орналастырылған қаражат және туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде алынған бағалы қағаздар. Банк бағалы қағаздарды орналастырылған қаражат, кері репо операциялары немесе туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша қамтамасыз етуге басқа қарсы агентке берген жағдайда, бағалы қағаздар бастапқы меншік иесі өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде оларды қайтаруы мүмкін болмаған кезде сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.
78. Сапасы жоғары өтімді активтер бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің Банктерге арналған нормативтерге 13-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген коэффициенттерге көбейтілген және екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің Банктерге арналған нормативтерге 13-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген коэффициенттерге көбейтілген сомасы ретінде есептеледі. Бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер әділ (нарықтық) құны бойынша сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне қабылданады.
79. Бірінші деңгейдегі жоғары сапалы өтімді активтер деп Банктерге арналған нормативтердің 77-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандыратын және:
1) қолма-қол ақша;
2) Ұлттық Банктегі депозиттер;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Ұлттық Банкке қойылатын талаптар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкiметi, Ұлттық Банк кепілдік берген бағалы қағаздар, сондай-ақ жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар;
4) талаптары Банктерге арналған нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтерінің кестесіне сәйкес 0 (нөл) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі талаптар;
5) шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, оның ішінде шет мемлекеттердің үкіметтері және шет мемлекеттердің орталық банктері, халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген, Банктерге арналған нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тiзiмiнде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы және мынадай талаптардың әрқайсысын қанағаттандыратын бағалы қағаздар:
Банктерге арналған нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 0 (нөл) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің бірінші тобына жатады;
қаржы ұйымдарының немесе олармен үлестес ұйымдардың міндеттемелері болып табылмайды;
6) егер шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне қойылатын талаптар Банктерге арналған нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 0 (нөл) пайыздан жоғары кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін жағдайда, шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне эмитент-елдің валютасында номинирленген бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар болып табылатын активтер танылады.
80. Екінші деңгейдегі жоғары сапалы өтімді активтер А санатындағы активтерден және Б санатындағы активтерден тұрады.
Екінші деңгейдегі жоғары сапалы өтімді активтердің үлесі жоғары сапалы өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан аспайды. Егер екінші деңгейдегі жоғары сапалы өтімді активтердің үлесі жоғары сапалы өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан асатын болса, онда екінші деңгейдегі жоғары сапалы өтімді активтер жоғары сапалы өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан аспайтын мөлшерде жоғары сапалы өтімді активтердің құрамына енгізіледі.
А санатындағы екінші деңгейдегі жоғары сапалы өтімді активтер деп Банктерге арналған нормативтердің 77-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандыратын және:
1) талаптары Банктерге арналған нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар (Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқару органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда) түріндегі талаптар;
2) шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне, шет мемлекеттердің орталық банктеріне, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, оның ішінде шет мемлекеттердің орталық үкіметтері, шет мемлекеттердің орталық банктері, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары, халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген, Банктерге арналған нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы және мынадай талаптардың әрқайсысын қанағаттандыратын бағалы қағаздар:
Банктерге арналған нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес, Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің екінші тобына жатады;
соңғы 10 (он) жылда кез келген күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нарықтық құны 10 (он) және одан көп пайызға төмендеумен көрінген құнсыздану фактілері толығымен жоқ;
қаржы ұйымдарының немесе олармен үлестес ұйымдардың міндеттемелері болып табылмайды;
3) қаржы ұйымдары немесе олармен үлестес ұйымдар эмитенттері болып табылмайтын бағалы қағаздар түріндегі талаптар;
4) банктің немесе онымен үлестес ұйымдардың міндеттемесі болып табылмайтын туынды қаржы құралдарын және реттелген борышты қоспағанда, ипотекалық бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар болып табылатын активтер танылады.
Банктерге арналған нормативтердің осы тармағы үшінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген талаптар мынадай талаптардың әрқайсысын қанағаттандырады:
Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттiгiнiң "AA-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар не Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттiгiнiң тиісті қысқамерзімді рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
Банктерге арналған нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес, Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы;
соңғы 10 (он) жылда кез келген күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нарықтық құны 10 (он) және одан көп пайызға төмендеумен көрінген құнсыздану фактілері толығымен жоқ.
Б санатындағы екінші деңгейдегі жоғары сапалы өтімді активтер деп Банктерге арналған нормативтердің 77-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандыратын және:
1) банктің өзі немесе оның үлестес ұйымы эмитенттері болып табылмайтын, ипотекалық тұрғын үй қарыздарымен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар түріндегі талаптар және осындай бағалы қағаздардың базалық активтерін банк немесе онымен үлестес ұйымдар шығармаған, келесі шарттардың әрқайсысын қанағаттандыратын:
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "АА"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері немесе немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар не Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің тиісті қысқа мерзімді рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
мұндай бағалы қағаздардың базалық активтері ипотекалық тұрғын үй қарыздарынан ғана қалыптастырылған және құрылымдық өнімдердің өзге де түрлерін қамти алмайды;
ипотекалық тұрғын үй қарызы түріндегі базалық актив толық талап ету құқығы бар қарыз болып табылады (өндіріп алынған жағдайда кепіл иесі мүлікті сатудан түскен кірістің кез келген жетпеген сомасы үшін жауапты болып қалады) және кредиттің кепілмен қамтамасыз ету құнына ең жоғары қатынасы ипотекалық тұрғын үй қарызы берілген кезде орташа есеппен 80%-ды құрайды;
мұндай секьюритилендіру эмитенттерден секьюритилендірілген активтердегі үлесін сақтауды талап етеді;
2) эмитенттері қаржы ұйымдары немесе олармен үлестес ұйымдар болып табылмайтын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері немесе немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар туынды қаржы құралдарын және реттелген борышты қоспағанда, бағалы қағаздар түріндегі талаптар;
3) эмитенттері қаржы ұйымдары немесе олармен үлестес ұйымдар болып табылмайтын, мынадай шарттардың әрқайсысын қанағаттандыратын жай акциялар түріндегі талаптар:
қор биржасында айналыста болады, орталық контрагенттің қатысуымен мәмілелер жасалатын;
ұлттық валютада немесе банк өзіне өтімділік тәуекелін алатын шетел валютасында көрсетілген;
Банктерге арналған нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста жүрген;
соңғы 10 (он) жыл ішінде кез келген күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нарықтық құнның 40 (қырық) және одан да көп пайызға төмендеуімен көрсетілген құнсыздану фактілері мүлдем жоқ.
Банктерге арналған нормативтердің осы тармағы бесінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген талаптар мынадай шарттардың әрқайсысын қанағаттандырады:
Банктерге арналған нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста жүрген;
соңғы 10 (он) жыл ішінде кез келген күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нарықтық құнның 20 (жиырма) және одан да көп пайызға төмендеуімен көрсетілген құнсыздану фактілері мүлдем жоқ.
Б санатындағы екінші деңгейдегі жоғары сапалы өтімді активтердің үлесі жоғары сапалы өтімді активтердің жалпы көлемінің 15 (он бес) пайызынан аспайды және жоғары сапалы өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан аспайтын екінші деңгейдегі жоғары сапалы өтімді активтердің жалпы лимитіне енгізіледі.
Егер жоғары сапалы өтімді активтердің есебіне енгізілген активтер Банктерге арналған нормативтердің 79 және (немесе) 80-тармақтарында белгіленген шарттарға сәйкес келмейтін болғанда көрсетілген активтер көрсетілген шарттарға сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзім ішінде жоғары сапалы өтімді активтердің есебіне қосыла береді.
81. Ақша қаражатының нетто әкетілуі мынадай формула бойынша есептеледі:
егер АК>0,75хАӘ болған жағдайда, АҚНӘ=АӘ-0,75хАӘ;
егер АК<0,75хАӘ болған жағдайда, АҚНӘ =АӘ-АК, мұндағы:
АҚНӘ – ақша қаражатының нетто әкетілуі;
АӘ – ақшаның әкетілуі;
АК – ақшаның келуі.
Ақшаның әкетілуі Банктерге арналған нормативтердің 82-тармағына сәйкес есептеледі, ақшаның келуі Банктерге арналған нормативтердің 83-тармағына сәйкес есептеледі.
82. Ақшаның әкетілуі банктің мынадай міндеттемелері бойынша Банктерге арналған нормативтерге 14-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуінің кестесінде белгіленген әкетілу коэффициенттері қолданыла отырып, өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішіндегі ақшаның әкетілу сомасы ретінде есептеледі:
жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша (ағымдағы шоттар, талап еткенге дейінгі салымдар, мерзімді және шартты салымдар бойынша, өтеу мерзімі белгіленбеген міндеттемелер бойынша) ақшаның әкетілуі. Жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі болған жағдайда, мұндай міндеттемелер олардың орындалу мерзіміне қарамастан коэффициент есебіне толық көлемде қосылады. Банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету түріндегі салымдар тиісті қарыздың өтеу мерзіміне сәйкес есепке қосылады;
банк активтерімен қамтамасыз етілмеген, белгіленген орындалу мерзімі жоқ не толық орындалу мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын немесе өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері алдындағы міндеттемелер бойынша (өзге де кредиторлық берешекті қоспағанда, депозиттер, кредиттер, бағалы қағаздар, цифрлық қаржы активтері, цифрлық қаржы құралдары бойынша), оның ішінде заңды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілердің бастамасы бойынша ақшаның әкетілуі;
банк активтерімен қамтамасыз етілген, орындалу мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын немесе өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша (өзге де кредиторлық берешекті қоспағанда, депозиттер, кредиттер, бағалы қағаздар, цифрлық қаржы активтеры, цифрлық қаржы құралдары, қарыз операциялары бойынша) ақшаның әкетілуі;
егер міндеттемелерді орындау өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде көзделетін болса, толық орындалу мерзімі өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде не олардың толық орындалу мерзіміне қарамастан шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі.
Тұрақты депозиттер "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заң) 18-бабында белгіленген мөлшерде жеке тұлғалардың кепілдік берілетін депозиттерін қамтиды.
Тұрақтылығы төмен депозиттер Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңның 18-бабында белгіленген мөлшерден асатын сомада жеке тұлғалардың кепілдік берілмеген не кепілдік берілген болып табылатын депозиттерін қамтиды.
Жеке тұлғалардың депозиттерін жіктеу кезінде депозиттер әрбір клиент бойынша ұлттық және шетел валюталарындағы депозиттер бойынша жеке есепке алынады.
Заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемелерін және клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару жөніндегі қызметімен байланысты салымдарды және қаржылық емес ұйымдардың мерзімді салымдарын қамтиды.
Егер клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салым шартында кем дегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын шарттың бұзылуы туралы алдын ала хабардар ету талабы көзделетін болса не осы талап болмаған жағдайда, шартты бұзу салым мөлшерінің 2 (екі) пайызынан асатын мөлшерде айыппұл төлеуге әкеп соқтыратын болса, клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ақша әкетілуінің есебіне қосылады.
Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар бойынша міндеттемелер банк шотындағы клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті ақшаның ең аз қалдығына тең мөлшерде айқындалады.
Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ретінде, сондай-ақ бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін ағымдағы шоттардағы және (немесе) талап етуге дейінгі салымдардағы қаражаттың бір бөлігі танылады:
шот ашылған және клиент төлемдер және (немесе) аударымдар үшін кемінде 24 (жиырма төрт) ай немесе 24 (жиырма төрт) айдан аз қолданады;
тартылған қаражат бойынша сыйақы мөлшерлемесі:
ағымдағы шоттар бойынша – 0 (нөл) пайыздан;
талап етуге дейінгі салымдар бойынша – 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыздан аспайды.
Егер шот ашылған және төлемдер мен аударымдар үшін 24 (жиырма төрт) айдан аз қолданылатын болса, онда клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ретінде тану мақсатында, мынадай талаптарды қосымша қанағаттандыруы қажет:
ағымдағы шот немесе талап етуге дейінгі салым ретінде қолданылады;
банк алдында айналымдарды және (немесе) шоттағы ақшаның ең төменгі қалдығын қолдау жөніндегі міндеттемесі бар.
Шот ашылған және төлемдер мен аударымдар үшін 24 (жиырма төрт) айдан аз қолданылған жағдайда клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдардың мөлшері ағымдағы шоттағы немесе міндеттеменің туындаған күнінен бастап талап етуге дейінгі салымдағы қалдықтардың орташа шамасы ретінде есептеледі.
Банк шоттағы қалдықтардың орташа шамаларын есептеуге негізделген клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жеткілікті банктік шоттағы ақшаның ең аз қалдығын айқындау әдістемесін әзірлейді.
Қаржылық емес ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша міндеттемелер бойынша банктік шоттағы ақшаның ең төменгі тұрақты қалдығы айқындалады, егер мерзімді салым шартында:
салымды белгілі бір мерзімге ашу;
шартты бұзу туралы кемінде күнтізбелік 7 (жеті) күн бұрын алдын ала хабарлау талабы не осы талап болмаған жағдайда шартты бұзу салым мөлшерінің 2 (екі) пайызынан асатын мөлшерде айыппұл төлеуге әкеп соғады;
шоттағы ең аз ақша қалдығын сақтау бойынша банк алдында міндеттеме бар.
Банк тарихи деректерді және клиенттің шотындағы ақша қалдығы бойынша ақша қаражатының қозғалысының болмау статистикасын пайдалана отырып, мерзімді салымдардағы қалдықтардың орташа шамаларын есептеуге, сондай-ақ стрестік жағдайларда ақшаны алу тәуекелін ескере отырып, уәкілетті органмен келісуге жататын банктік шоттағы ақшаның ең төменгі қалдығын айқындау әдістемесін әзірлейді.
Банктік шоттағы ақшаның ең төменгі тұрақты қалдығын айқындау әдістемесі әзірленбеген қаржылық емес ұйымдардың мерзімді салымдары Банктерге арналған нормативтерге 15 және 16-қосымшаларда заңды тұлғалардың салымдары ретінде ескеріледі.
Заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар қарызының шарттары бойынша ақшаның әкетілуі бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген банктің міндеттемелерін, Банктерге арналған нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтерінің кестесіне сәйкес 20 (жиырма) пайыздан аспайтын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының және халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелерді және қамтамасыз етілуі және бірінші немесе екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылмайтын өзге де міндеттемелерді қамтиды.
Шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі Банктерге арналған нормативтерге 15-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуінің кестесінде көзделген шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша әкетілу сомасын қамтиды. Шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша қосымша ақшаның әкетілуі мыналарды қамтиды:
шарт талаптарына сәйкес банктің ағымдағы рейтингісінен 1 (бір), 2 (екі) не 3 (үш) сатыға дейін банктің ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді кредиттік рейтингінің төмендеуі қосымша қамтамасыз ету үшін өтімділікті тарту, ақша төлемі, шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау түрінде қосымша қажеттілікке әкеп соғатын болса, шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік толық көлемде;
нарықтық құны өзгерген кезде ақша аударымы болжанатын туынды қаржы құралдары мен өзге де операциялар бойынша позицияларды нарықтық бағалаудың өзгеруіне байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік. Ақшаның әкетілуі есебінде алдыңғы 24 (жиырма төрт) айдағы көрсетілген кезеңде ақшаның келуін шегергендегі ақшаның әкетілуіне тең ең көп 30 (отыз) күндік ақшаның нетто әкетілуі есепке алынады;
бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылмайтын, Банктерге арналған нормативтерге 14-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген есептеу коэффициенті қолданыла отыра және алынған қамтамасыз ету шегеріле отырып есептелген актив құнынан 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде банк ұсынған қамтамасыз етуді не туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша ұсынылуға жататын қамтамасыз етуді бағалаудың (әлеуетті құнының) өзгеруіне байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік. Егер қамтамасыз ету бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылса, өтімділіктегі қосымша қажеттілік талап етілмейді;
клиенттің туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша банкке берілген қамтамасыз ету бөлігін дереу қайтаруды талап ету құқығымен байланысты, берілген қамтамасыз ету көлемінің қажетті көлемінен толық асып кету көлемінде асуымен негізделген ақшаның әкетілуі;
банктің қамтамасыз етуді ұсынуы көзделетін операциялар бойынша өтімділікке деген қосымша қажеттілік және егер қамтамасыз ету ұсынылмаған жағдайда, шарттың талаптарына сәйкес қарсы агенттің қамтамасыз етуді талап ету құқығы;
қамтамасыз етуді банкпен келісусіз сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтерге ауыстыру көзделетін операциялар бойынша өтімділікке деген қосымша қажеттілік;
банк шығарған, активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген және өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар (оның ішінде ипотекалық бағалы қағаздар бойынша) бағалы қағаздар немесе цифрлық қаржы активтері бойынша ақшаның әкетілуі;
банктің еншілес арнайы ұйымдары шығарған, күнтізбелік өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі (ұстаушының толық немесе ішінара мөлшерде мерзімінен бұрын сатып алуға талап қою құқығы көзделетін туынды қаржы құралдарын есептегенде).
Банктің еншілес арнайы ұйымдары деп банктің кепілдігімен бағалы қағаздарды шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-еншілес арнайы ұйымдар және секьюритилендіру мәмілелері үшін құрылған арнайы қаржы компаниялары түсініледі.
Қосымша ақшаның әкетілуін есептеу мақсатында шартты міндеттемелер, көрсетілген міндеттемелер қайтарусыз болып табылған жағдайда, пайдаланылмаған кредиттік желілер мен өтімділік желілерін қамтиды.
Өтімділік желісі деп банктің мынадай:
клиенттің бұдан бұрын шығарған бағалы қағаздарын өтеу үшін клиентке ақша ұсыну;
бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру және (немесе) қайталама нарықта клиенттің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша міндеттемелер шеңберінде клиенттің бағалы қағаздарын сатып алу міндеттемелері түсініледі.
Қосымша ақшаның әкетілуін есептеу мақсатында шартты міндеттемелер өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде орындалуға жататын шығарылған бағалы қағаздар бойынша клиент міндеттемесінің мөлшерінен аспайтын мөлшердегі өтімділік желілері ретінде қосылады. Пайдаланылмаған шартты міндеттеменің қалған бөлігі, сондай-ақ қаржылық емес ұйымдарға айналым қаражатын толықтыруға берілген міндеттемелер кредиттік желілер ретінде шартты міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілу есебіне қосылады.
Пайдаланылмаған кредиттік желілер мен өтімділік желілері қамтамасыз етуге берілген не қамтамасыз етуге берілуге жататын және мынадай талаптардың әрқайсысын қанағаттандыратын активтерді шегеру ескеріле отырып, қосымша ақшаның әкетілу есебіне қосылады:
бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылады;
банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің құрамына енгізілмеген;
қайтарымдылық негізінде жасалатын операцияларды жүргізу үшін қолжетімді;
мерзімінен бұрын қайтару туралы талап қою құқығы жоқ.
Банктерге арналған нормативтерге 15-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуі кестесінің 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-жолдарында ескерілмеген өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғалар және қаржылық емес ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілулері өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғалар және қаржылық емес ұйымдардан ақшаның келуінің 50 (елу) пайызынан асатын болса, асып кету сомасы Банктерге арналған нормативтерге 15-қосымшаның Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуі кестесінің 30-жолына сәйкес 100 (бір жүз) пайыз ақшаның әкетілу коэффициенті қолданыла отырып ақшаның әкетілуінде есепке алынады.
83. Ақшаның әкелінуі банктің мынадай активтері бойынша Банктерге арналған нормативтерге 14-қосымшаға сәйкес Банк ақшасының әкетілуі мен әкелінуінің кестесінде белгіленген ақшаның әкеліну коэффициенттері қолданыла отырып өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішіндегі әкеліну сомасы ретінде есептеледі:
қайтарымдылық негізінде жасалатын операцияларды (кері репо, своп операциялары және өзге де операциялар) қоса алғанда, қамтамасыз етілген қарыз операциялары;
негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттер;
туынды қаржы құралдары;
өзге ақшаның әкелінуі.
Сапасы жоғары өтімді активтер бойынша ақшаның әкелінуі ақшаның әкелінуін есептеу кезінде есепке алынбайды.
Қамтамасыз етілген қарыз операциялары бойынша ақшаның әкелінуі өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар, бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтермен және бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын өзге де активтермен қамтамасыз етілген қарыз операцияларын, сондай-ақ қамтамасыз етуге бағалы қағаздарды сатып алу-сатуды жасау үшін (маржалық мәмілелер) берілген қарыздарды қамтиды.
84. Бөлінген активтер, сондай-ақ әмбебап банк лицензиясы бар банктің исламдық банк операциялары шеңберінде туындайтын ақшаның әкелінуі мен әкетілуі банктің өтімділігін жабу коэффициентінің есебіне қабылданбайды.
85. Банктер өтімділік тәуекелін бағалау мақсатында өтімділікті өтеу коэффициентін есептейді. Өтімділікті өтеу коэффициенті есептеу нәтижелері уәкілетті органға ай сайынғы негізде ұсыныла отырып, айдың соңғы жұмыс күнінде есептеледі. Әмбебап банктік лицензиясы бар банк үшін өтімділікті өтеу коэффициентінің ең төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
2026 жылғы 1 қаңтар мен 2027 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,9;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1.
Базалық банк лицензиясы бар банк үшін өтімділікті өтеу коэффициентінің ең төменгі мәні 0,9 болып белгіленеді.
Өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төмен мәнінен төмендеген, бірақ мынадай мөлшерден төмен емес жағдайда:
Әмбебап банк лицензиясы бар банк үшін:
2026 жылғы 1 қаңтар мен 2027 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,77;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0,85;
Базалық банк лицензиясы бар банк үшін – 0,77;
банк осындай төмендету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өтімділікті өтеу коэффициентінің мәнін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жібереді және өтімділікті өтеу коэффициенті төмендеген күннен кейінгі айдың әр жұмыс күні үшін өтімділікті өтеу коэффициентінің мәнін және жетіспеушілікті белгіленген ең төменгі мәндерге дейін есептеп шығарады.
Іс-шаралар жоспары өтімділікті өтеу коэффициенті мәнінің белгіленген ең төменгі мәндерден төмендеген бірінші күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде өтімділікті өтеу коэффициентін белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру бойынша шараларды қамтиды.
Белгіленген ең төменгі мәндерге дейін жетіспеушілік белгіленген ең төменгі мәннің және өтімділікті өтеу коэффициентінің нақты мәні арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Белгіленген ең төменгі мәндерге дейінгі жетіспеушіліктер сомасы өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төменгі мәндерден төмендеген күннен кейінгі айда 0,25-тен артық емес болса норматив орындалған болып саналады.
Коэффициент:
өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні осы тармақтың үшінші бөлігінің үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген деңгейден төмендеген;
өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төменгі мәндерден, бірақ осы тармақтың үшінші бөлігінің үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында белгіленген шекте, соңғы 6 (алты) ай ішінде үш және одан да көп рет төмендеген;
өтімділікті өтеу коэффициентін белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырмаған;
жетіспеушіліктер сомасы өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төменгі мәндерден төмен болған күннен кейінгі айда белгіленген ең төменгі мәндерден 0,25-тен асып кеткен жағдайларда бұзылған болып есептеледі.
86. Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті қолжетімді тұрақты қорландырудың талап етілетін тұрақты қорландыруға қатынасы ретінде есептеледі.
Қолжетімді тұрақты қорландырудың мөлшері бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес міндеттемелер және Банктерге арналған нормативтердің 16-тармағында көрсетілген инвестицияларды шегергенге дейінгі меншікті капиталдың Банктерге арналған нормативтерге 16-қосымшаға сәйкес Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесінде белгіленген қолжетімді тұрақты қорландыру коэффициенттеріне көбейтілген сома ретінде есептеледі.
Жеке тұлғалардың депозиттері Банктерге арналған нормативтердің 82-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес тұрақты және тұрақсыздығы аз қолжетімді тұрақты қорландырудың есебіне кіргізіледі.
Қаржылық емес ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша міндеттемелері бойынша қолжетімді тұрақты қорландырудың көлемі Банктерге арналған нормативтердің 82-тармағының он үшінші бөлігінде көрсетілген банк шотында ақшаның ең төменгі тұрақты қалдығын айқындау әдістемесіне сәйкес банктік шоттағы ақшаның ең төменгі тұрақты қалдығынан аспайды.
Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ретінде Банктерге арналған нормативтердің 82-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктеріне сәйкес келетін ағымдағы шоттар мен талап етілгенге дейінгі салымдар танылады.
Талап етілетін тұрақты қорландырудың мөлшері жиынтығында Банктерге арналған нормативтерге 17-қосымшаға сәйкес Талап етілетін тұрақты қорландыру активтерінің кестесінде белгіленген, талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициенттеріне көбейтілген бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес активтер және Банктерге арналған нормативтерге 18-қосымшаға сәйкес Талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесінде белгіленген, талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициентіне көбейтілген талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелері ретінде есептеледі.
Әмбебап банк лицензиясы бар банктің исламдық банк операциялары бойынша қолжетімді және талап етілетін тұрақты қорландыру нетто тұрақты қорландыру коэффициентін есептеу кезінде ескерілмейді.
87. Өтімділік тәуекелін бағалау мақсатында есептеу нәтижелерін уәкілетті органға ай сайынғы негізде ұсына отырып, нетто тұрақты қорландыру коэффициентін есептейді.
Әмбебап банк лицензиясы бар банк үшін нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің ең төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
2026 жылғы 1 қаңтар мен 2027 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,9;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1.
7-тарау. Банктерді Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру
88. Банктерді Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру k7 коэффициентімен сипатталады. Коэффициенттің ең жоғары мәні 3 мөлшерінде белгіленеді.
89. k7 коэффициенті Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы бастапқы өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейін қоса алғанда, мерзімді міндеттемелер;
кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді шарт қоймай талап ету құқығымен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімді және шартты депозиттері.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының ағымдағы шоттары;
Қазақстан Республикасының бейрезидент бас банкі және оның тобы алдындағы кредиттер түріндегі міндеттемелер;
өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау қағидаларына сәйкес экономиканың "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. және EuroclearBankSA/NV) болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
банктің кастодиандық шарт негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының бейрезидент бас банкінің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
8-тарау. Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті
90. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын есепті ай ішінде ішкі активтерге мынадай формула бойынша орналастырады.

ІАК – банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті;
![]()
![]()
![]()
![]()
91. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, әмбебап банк лицензиясы бар банктер есепті ай ішінде меншікті және тартылған қаражатын күн сайын ішкі активтерге мынадай формулаға сәйкес орналастырады:
![]()
ІА – ХҚЕС сәйкес қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) ескере отырып, ағымдағы күннің соңындағы ішкі активтер шамасы;
![]()
![]()
![]()
92. Банктің ішкі активтері Қазақстан Республикасының резиденттеріне активтерді (ақшаны) және талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, осындай бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтері, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (орналасқан) материалдық емес активтер мен тазартылған бағалы металдарды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігімен жасалған сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарттарымен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасынан өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын қаржыландыру үшін берілген қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ теңгемен шығарылған және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының сауда жүйесінде саудаланатын халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын, сондай-ақ теңгемен, сондай-ақ шетел валютасымен (АҚШ доллары, Еуро) шығарылған, шығару проспектісінде Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденттеріне кредит беруге тартылған қаражатты міндетті түрде жіберу талабы көзделген, және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының сауда жүйесінде, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы қор биржасында саудаланатын халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын білдіреді.
Банктің ішкі міндеттемелері реттелген борышты, мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған борыштық бағалы қағаздар мен кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын, сондай-ақ банктердің, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының, "KASE клирингтік орталығы" акционерлік қоғамының, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.
Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін Банктерге арналған нормативтердің 90 және 91-тармақтарына сәйкес мыналардың:
жарғылық капиталдың, не;
Қазақстан Республикасының бейрезидент еншілес ұйымдарының реттелген борышына инвестициялар, Қазақстан Республикасының бейрезидент еншілес ұйымдарының акциялары шегерілген, бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес меншікті капиталдың 0,75-ке көбейтілген ең аз шамасы пайдаланылады.
Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай төмендеу анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуді оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентінің төмендеуі көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.
93. Банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борыштың, банк шығарған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, банк шығарған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі борыштық бағалы қағаздардың жалпы сомасының тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Жарғылық капиталдың (меншікті капиталдың) орташа айлық шамасы жарғылық капиталдың (меншікті капиталдың) жалпы сомасының тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
9-тарау. Леверидж коэффициенті
94. Банктің леверидж коэффициенті бірінші деңгейдегі капиталдың:
100 пайыз кредиттік тәуекел деңгейі бойынша сараланған баланстық активтердің;
кредиттік тәуекел деңгейі бойынша сараланған шартты және ықтимал міндеттемелердің;
осы Банктерге арналған нормативтерге 19-қосымшаға сәйкес есептелген туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелдің;
бағалы қағаздарды кері сату (сатып алу) міндеттемесімен және бағалы қағаздармен кредиттеу операциялары бойынша тануды тоқтатпай бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері бойынша кредиттік тәуекелдің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

Ба – 100 пайыз кредиттік тәуекел деңгейі бойынша сараланған баланстық құны бойынша көрсетілген банк активтері (бірінші деңгейдегі капиталды, сондай-ақ ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтерді төмендететін реттеушілік түзетулер ретінде қабылданатын активтерді шегергенде);
ШЫм – Банктерге арналған нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес және ең төменгі шегі 10% болатын Банктерге арналған нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес кредиттік конверсия коэффициентін қолдана отырып, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты және ықтимал міндеттемелер. Егер кредиттік конверсия коэффициентінің мәні 10%-дан асқан жағдайда, нормативтерге 5-қосымшада көрсетілген коэффициенттер қолданылады;
ТҚҚКТ – туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекел;
БКТ – Банктерге арналған нормативтерге 19-қосымшаға сәйкес есептелетін бағалы қағаздармен кредиттеу мәмілелері бойынша кредиттік тәуекел.
95. Әмбебап банк лицензиясы бар банк үшін леверидж коэффициентінің ең төменгі мәні 3 (үш) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Базалық банк лицензиясы бар банк үшін леверидж коэффициентінің ең төменгі мәні 2,5 (екі жарым) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
96. БҚК мынадай түрде есептеледі:
Бағалы қағаздармен кредит беру мәмілелері бойынша талаптардың сомасы (ХҚЕС-ға сәйкес қалыптастырылған провизияларды шегере отырып);
Мынадай түрде қалыптасқан резервтердің көлемін ескермей айқындалған бағалы қағаздармен кредит беру мәмілелері бойынша контрагентке кредит тәуекелінің көлемі (Е*+Ei*):
бағалы қағаздармен кредит беру операциялары бойынша неттинг туралы келісім шеңберінде жасалған мәмілелер бойынша, формула бойынша әрбір келісім бойынша:
![]()
мұндағы:
∑Ei – контрагентке ақша қаражатын қайтару жөніндегі талаптардың және контрагентке берілген бағалы қағаздардың құнының сомасы (бағалы қағаздарды қайтару жөніндегі талаптар);
∑Ci – контрагентке ақша қаражатын қайтару бойынша міндеттемелердің сомасы және контрагенттен алынған бағалы қағаздардың құны;
бағалы қағаздармен кредит беру операциялары бойынша неттинг туралы келісімнен тыс жасалған мәмілелер бойынша, формула бойынша әрбір i мәмілесі бойынша:
Ei*=max{0,[Ei-Сi]}, мұндағы:
Ei – контрагентке ақша қаражатын қайтару жөніндегі талап немесе контрагентке берілген бағалы қағаздардың құны (бағалы қағаздарды қайтару жөніндегі талап);
Ci – контрагентке ақша қаражатын қайтару жөніндегі міндеттеме немесе контрагенттен алынған бағалы қағаздардың құны.
10-тарау. Әмбебап банк лицензиясы бар банктің исламдық банк операцияларын жүзеге асыруы үшін бөлінген активтердің ең төменгі мөлшері
97. Әмбебап банк лицензиясы бар банктің исламдық банк операцияларын жүзеге асыруы үшін бөлінген активтердің ең төменгі мөлшері 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгені құрайды. Банкке осы нормативті міндетті түрде сақтау үшін исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға қосымша лицензия алған сәттен бастап бір (1) жыл беріледі.
11-тарау. Банктердің тәуекелдерін барынша азайту үшін лимиттер
98. Банктер туралы заңның 72-бабының 3-тармағына сәйкес банктердің тәуекелдерін барынша азайту мақсатында мынадай Лимиттер (бұдан әрі – Лимиттер) белгіленеді:
1) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ұлғаюы;
2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ұлғаюы;
3) банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатысты жұмыс істемейтін қарыздардың артуы;
4) жиынтық дебиторлық берешектегі жұмыс істемейтін дебиторлық берешек үлесінің ұлғаюы;
5) активтердің рентабельділігі коэффициентінің төмендеуі;
6) бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатысты артуы;
7) банктің тұтынушылық қарыздарының жалпы сомасындағы негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылық қарыздардың үлесінің ұлғаюы;
8) банкте тұтынушылық қарыздары бар қарыз алушылардың жалпы санындағы негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылық қарыздары бар қарыз алушылар санының ұлғаюы.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
қарыздар деп банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар, дара кәсіпкерлерге берілген қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға берілген қарыздар және "кері РЕПО" операциялары түсініледі;
қарыздар, несие портфелі және дебиторлық берешек дисконттар мен сыйлықақы шоттарын, түзетулерді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есепке алмағанда есептеледі;
жұмыс істемейтін қарздар деп бастапқы тану кезінде құнсыздану белгілері болған қарыздар түріндегі сатып алынған немесе құрылған қаржы активтері, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36994 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 61 қаулысымен бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларында (бұдан әрі – № 61 қағидалар) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін, құнсыздану белгілері анықталған қарыздар түсініледі;
жұмыс істемейтін дебиторлық берешек деп бастапқы тану кезінде құнсыздану туралы растау болған дебиторлық берешек түрінде сатып алынған немесе құрылған қаржы активтері, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және № 61 қағидаларында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін, құнсыздану белгілері анықталған дебиторлық берешек түсініледі.
99. Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген лимиттерден Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген деңгейден жоғары асып кеткені не Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағының бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмен азайғаны анықталған жағдайда Банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары мақұлдау үшін банктің қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу және банк қызметіне байланысты тәуекелдерді ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейп, уәкілетті органға ұсынады.
Іс-шаралар жоспарында, мыналармен шектелмей, мынадай ақпарат қамтылады:
Лимиттің егжей-тегжейлі талдауы;
Лимит болжамы, осы болжамның негіздемесі және Лимиттің банктің қызметіне теріс әсері;
Лимитті жақсарту бойынша банктің қызметіне қауіп төндірмейтін және қосымша тәуекелдер тудырмайтын деңгейге жетуді көздейтін шаралары;
Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген Лимит анықталған кезде әрбір есепті кезеңде, соның ішінде жеке және заңды тұлғалар бойынша өткізуге жоспарланған іс-шаралар;
іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша оны іске асыру мерзімдері;
іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлердің тізбесі (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша оны орындауға жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).
Егер іс-шаралар жоспарында белгіленген шаралар іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаса, Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген лимиттерден Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген деңгейден жоғары асып кеткені не Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағының бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмен азайғаны анықталған күннен бастап осы лимиттердің бұзылуы ретінде қаралады.
100. Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары ұсынған іс-шаралар жоспарын қарайды.
Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары қарауға ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспесе, уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне, банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына іс-шаралар жоспары бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау үшін бірлескен талқылаулар жүргізеді.
Банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары уәкілетті органның ескертулерін уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде жою үшін іс-шаралар жоспарын түзетеді немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда, өз негіздемелерін уәкілетті органға жазбаша нысанда ұсынады.
101. Уәкілетті орган осы Банктерге арналған нормативтердің 99-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес іс-шаралар жоспары ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
102. Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген лимиттердің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген деңгейден асып кетуі немесе Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеп кетуі дербес анықталған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы екінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын ұсынады.
103. Іс-шаралар жоспары мына жағдайларда ұсынылмайды:
1) Банктерге арналған нормативтердің 99-тармағы бірінші бөлігінің 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көзделген Лимиттер бойынша:
есептеу Банктерге арналған нормативтердің 105-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер етпеген жағдайда және Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген Лимиттен асып кету (бұзу) болмаған жағдайда, немесе;
Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген Лимиттен асып кету (бұзу) анықталса;
2) Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшаларында көзделген Лимиттерден асып кету (бұзу) уәкілетті органның стрестік сценарийлері бойынша жыл сайын жүргізілетін стресс-тестілеу нәтижелері бойынша анықталса;
104. Іс-шаралар жоспарында көзделген факторды жақсарту шаралары мыналарға бағытталған:
1) Банктерге арналған нормативтердің 99-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген Лимиттер бойынша, Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген Лимиттен асып кету (бұзу) болмаған жағдайда – банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесін банктің несие портфелінің 10 (он) пайызынан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;
2) Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген Лимит бойынша – банктің несие портфелінің жалпы көлеміне жұмыс істемейтін қарыздардың қатынасын несие портфелінің 10 (он) пайызынан төмен деңгейге дейін төмендету;
3) Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген Лимит бойынша – жиынтық дебиторлық берешектегі жұмыс істемейтін дебиторлық берешектің үлесін 50 (елу) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;
4) Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген Лимит бойынша – активтердің рентабельділігі коэффициентін кемінде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз деңгейіне дейін жеткізу;
5) Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген Лимит бойынша – бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасын мынадай деңгейге дейін төмендету:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық міндеттемелердің 35 (отыз бес) пайызынан аз;
2026 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 25 (жиырма бес) пайызынан аз;
6) Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген Лимит бойынша – банктің тұтынушылық қарыздарының жалпы сомасындағы негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылық қарыздардың үлесін банктің тұтынушылық қарыздарының жалпы сомасының 10 (он) пайызынан төмен деңгейге дейін төмендетуге;
7) Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген Лимит бойынша – банкте тұтынушылық қарыздары бар қарыз алушылардың жалпы санындағы негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылық қарыздары бар қарыз алушылар санының үлесін қарыз алушылардың жалпы санының 10 (он) пайызынан төмен деңгейге дейін төмендетуге.
105. Банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер ету банктің несие портфеліне жұмыс істемейтін қарыздардың Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген Лимиттердің алдағы күнтізбелік 12 (он екі) айға өзгеру серпіні соңғы күнтізбелік 6 (алты) ай қатарынан жалғасқан кезде қалыптасатын 10 (он) пайыз деңгейіндегі арақатынасының асып кетуі болып табылады.
Банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер етуі төмендегідей есептеледі:
Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай формула бойынша:
![]()
![]()
![]()
МҚ90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар;
ЖІС (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы жұмыс істемейтін қарыздар;
НП (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы несие портфелі;
Банктерге арналған нормативтердің 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай формула бойынша:
![]()
![]()

![]()
![]()
МҚ90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар;
НП (ай) – қаралатын кезеңнің соңындағы несие портфелі.
106. Уәкілетті орган Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінде көзделген банктің Лимиттерін анықтау мақсатында есептік деректер негізінде банктің қызметіне ай сайын талдау жүргізеді.
107. Лимиттерді айқындау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың қатарынан 6 (алты) ай ішінде ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
МҚ90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар.
Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа ұлғаюы да Лимиттің болуы болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейінгі қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде қатарынан 6 (алты) ай ішінде 5 (бес) және одан көп пайызға ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
МҚ61-90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар.
Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа ұлғаюы да банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

3) жұмыс істемейтін қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі мынадай формула бойынша есептеледі:

ЖІС – қарастырылып отырған кезеңнің соңындағы жұмыс істемейтін қарыздар;
НП – қарастырылып отырған кезеңнің соңындағы несие портфелі;
4) қатарынан 6 (алты) ай ішінде жиынтық дебиторлық берешектегі жұмыс істемейтін дебиторлық берешек үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

мынадай талап орындалған жағдайда

ЖДБ (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы жұмыс істемейтін дебиторлық берешек;
ДБ (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы жиынтық дебиторлық берешек;
А (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы жиынтық активтер.
Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

Жиынтық дебиторлық берешектің төмендеуі нәтижесінде жиынтық дебиторлық берешектегі жұмыс істемейтін дебиторлық берешектің үлесі ұлғайған жағдайда, осы тармақшада көзделген Лимит банкке қолданылмайды;
5) қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтер рентабельділігі коэффициентін 2 (екі) және одан көп рет 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан төмен түсуі.
Активтер рентабельділігінің коэффициенті жылдық көрсетудегі бөлінбеген таза пайданың (өтелмеген шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

БТК (ТШ) (n) – табыс салығы төленгеннен кейін ағымдағы кірістердің (шығыстардың) ағымдағы шығыстардан (кірістерден) асуы;
Аорт(n) – белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
Тк – мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:
![]()
А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
Аорт(n) – белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
А (0, 1....n) – белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;
n – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
6) бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасы мына формула бойынша есептеледі:

ПР – тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін "РЕПО" операцияларының баланстық құнының сомасы ретінде есептелетін бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәні;
МІН – тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін жиынтық міндеттемелердің баланстық құнының сомасы ретінде есептелетін жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәні.
Бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәнінің осы тармақшада көрсетілген жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасының мәні мынаны құрайды:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық міндеттемелердің 35 (отыз бес) пайызынан аспайды;
2026 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 25 (жиырма бес) пайызынан аспайды.
Осы тармақтың 5) тармақшасының талаптары негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициентіне 0,10 тең немесе одан төмен немесе меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) осы Банктерге арналған нормативтерде белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентіне 0,13 (нөл бүтін жүзден он үш) тең немесе одан төмен банкке қолданылады.
7) банктің тұтынушылық қарыздарының жалпы сомасындағы негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылық қарыздардың үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
Ккпз = НПЛпз / Спз × 100%, мұнда:
НПЛпз – негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылық қарыздардың сомасы;
Спз – тұтынушылық қарыздардың жиынтық сомасы.
Қарыздар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған дисконттар мен сыйлықақылар шоттарын, түзетулерді және провизияларды (резервтерді) есепке алмай есептеледі.
Банктің тұтынушылық қарыздарының жалпы сомасындағы негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылық қарыздардың үлесінің шекті мәні банктің тұтынушылық қарыздарының жалпы сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;
8) банкте тұтынушылық қарыздары бар қарыз алушылардың жалпы санындағы негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылық қарыздары бар қарыз алушылар санының ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
Ккзнбпз = КЗнпз / КЗобщ × 100%, мұнда:
КЗнпз – негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылық қарыздары бар қарыз алушылар саны;
КЗобщ – банкте тұтынушылық қарыздары бар қарыз алушылардың жалпы саны.
Банкте тұтынушылық қарыздары бар қарыз алушылардың жалпы санындағы негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар тұтынушылық қарыздары бар қарыз алушылар санының шекті мәні қарыз алушылардың жалпы санының 10 (он) пайызынан аспайды.
108. Банктерге арналған нормативтердің 98-бабы бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшаларында көзделген факторлардың есебіне енгізілген көрсеткіштер уәкілетті орган жыл сайын 1 ақпанға дейін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген "Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізіміне, жүйелік маңызы бар болып танылуы мүмкін әлеуетті банктер тізіміне енгізілген банктерге есепті жылдың 1 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде стресс-тестілеу жүргізу және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсыну үшін беретін уәкілетті органның сценарийлерімен толықтырылады.
12-тарау. Ашық валюталық позицияның лимиттері
109. Ашық валюталық позиция лимиттері, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесі Банктерге арналған нормативтердің 20-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 1-қосымша |
Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері
Талаптар | Мәндер |
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 5,5% |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 6,5% |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 8% |
Ескертпе: SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын есептемегенде капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері.
Консервациялық буферді және жүйелік буферді есептегенде капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері
Талаптар | |
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 8% |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 9% |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 10,5% |
Жүйелік маңызы бар банктер үшін негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 9,5% |
Жүйелік маңызы бар банктер үшін бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 10,5% |
Жүйелік маңызы бар банктер үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 12% |
Ескертпе: SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын және қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буферді қоспағанда, меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін уәкілетті орган 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет қайта қарайды.
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 2-қосымша |
Бөлінбеген таза кірісті шектеудің ең төмен мөлшері
Буфердің қажетті мөлшерінен k1, k1-2 және/немесе k2 ең төмен мәндерінің асып кету сомасы пайызбен |
Шектелуге тиіс бөлінбеген |
[< 25%] | [100%] |
[25% - 50%] | [80%] |
[50% - 75%] | [60%] |
[75% - 100%] | [40%] |
[> 100%] | [0%] |
Ескертпе:
шектелуге тиіс бөлінбеген таза кірістің ең төмен деңгейі (пайызбен) ең үлкен мән бойынша пайдаланылады.
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 3-қосымша |
Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттар
№ | Негізгі капитал | Қосымша капитал | Екінші деңгейдегі капитал |
1 | банкті тарату кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылатын талаптарды білдіреді | шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда) | шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда) |
2 | таратылу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, басым талаптарды қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікке өздеріне тиесілі акциялар санына теңбе-тең талап ету құқығына ие | банк таратылған кезде мерзімсіз қаржы құралдары жай акциялардың меншік иелері акционерлердің талаптарына дейін, қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандырғанға дейін он екінші кезекте қанағаттандырылады | банк таратылған кезде қамтамасыз етілмеген міндеттеме жай акциялардың меншік иелері акционерлердің талаптарына дейін он бірінші кезекте қанағаттандырылады |
3 | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда банкті тарату жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жай акцияларды сатып алу кезінде номинал мерзімсіз болып табылады және төленуге жатпайды | қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді | қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді |
4 | банк құралдарды шығару кезінде талаптарында (шығарылым талаптарында) банктің орналастырылған акцияларын сатып алу немесе күшін жою құқығы немесе міндеті көзделетін шарттарды жасамайды (туынды бағалы қағаздарды сатып алмайды) | мерзімсіз болып табылады, төлемдер (сыйақы) деңгейін арттыру талаптары және сатып алуға деген ниетін тудыратын өзге талаптар болмайды | қамтамасыз етілмеген міндет шығарылған не алынған мерзім кемінде 5 (бес) жылды құрайды |
5 | дивидендтерді төлеу банктің таза кірісі есебінен (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын қосқанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте дивиденд мөлшері акцияларды орналастыру кезінде алынған ақша сомасына байланысты емес. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда дивидендтерді есептеу мен төлеуге жол берілмейді | банктің бастамасы бойынша кем дегенде бес жыл өткен соң ғана мерзімінен бұрын кері қайтарылды (орындалды), егер аталған іс-әрекет Банктерге арналған нормативтерге 2-қосымшада белгіленген мәндерден төмен капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің ең төмен мәндерінің төмендеуіне алып келмесе, мынадай талаптарды орындаған кезде: уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталды ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру; банкті капиталдандыруды мерзімсіз қаржы құралдарын қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төмен талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту | реттеушілік капиталдың құрамында айналыс мерзімінің соңғы 5 (бес) жылында тану түзу сызықты әдіспен амортизацияланады |
6 | дивидендтерді төлеу міндетті болып табылатын және дивидендтерді төлемеу дефолт жағдайы болып табылмайтын талаптар жоқ | кез келген номинал төлемі (сатып алу немесе өтеу арқылы) уәкілетті органның алдын ала рұқсатымен жүзеге асырылады | төлем (сыйақы) деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ |
7 | дивидендтерді төлеу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тек қана артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу бойынша барлық міндеттемелерді орындаған соң жүзеге асырылады | дивидендтерді (сыйақыны) есептеу Банктерге арналған нормативтерге 2-қосымшада белгіленген мәндерден төмен капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің ең төмен мәндерінің төмендеуіне алып келген жағдайда, мерзімсіз қаржы құралдары шығарылымының талаптарында банктің атқарушы органының мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерді (сыйақыны) есептемеу құқығы көзделген | банктің бастамасы бойынша кем дегенде 5 (бес жыл) өткен соң ғана мерзімінен бұрын кері қайтарылды (орындалды), егер аталған әрекет капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінің Банктерге арналған нормативтерге 2-қосымшада белгіленген Капитал жеткіліктілігі коэффициенттері мәндеріндегі мәндерден төмендеуіне алып келмесе, мынадай талаптарды орындаған кезде: уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталды ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру (бұл талап 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап банктің қаржылық орнықтылығын және (немесе) оны қалыпқа келтіруді қамтамасыз ету мақсатында банк мемлекеттік қолдау алған кезде банк шығарған қаржы құралдарын ауыстыруға қолданылмайды); банкті капиталдандыруды мерзімсіз қаржы құралдарын қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төмен талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту |
8 | шығындар туындаған кезде бірінші және соған теңбе-тең ең көп үлесті иеленетін капитал құралы болып табылады және банкке өзінің жұмыс істеуін тоқтатпастан және таратылуға немесе банкроттыққа ұшырамастан үздіксіз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді | осы құрал бойынша дискрециялық төлемдер төлеуді жою дефолт жағдайы болып табылмайды | кредитордың қамтамасыз етілмеген міндеттеме туындаған сәттен бастап 5 (бес) жыл бұрын оны қайтарып алу (орындау) туралы талапты қоюға құқығы жоқ |
9 | төленген сома төлем қабілетсіздігін анықтау үшін меншікті капитал ретінде танылады (міндеттеме ретінде танылмайды) | банктердің міндеттемелерді орындау мерзімі басталуына қарай оларды орындау мақсатында жойылған төлемдерге толық рұқсаты бар | банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыра алатын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын ерекше қатынастармен байланысты тұлға тура банк ретінде осы құралды сатып алу үшін қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асыра алмайтыны сияқты құралды сатып алуға құқылы емес |
10 | төленген сома Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес капитал ретінде жіктеледі | төлемдерді жою негізгі акционерлерге дивидендтер төлемін жүзеге асыруды қоспағанда, банктің қызметіндегі шектеулерге әкеп соқтырмайды | |
11 | толық шығарылған және акционерлер төлеген. Бұл ретте банктерге меншікті акцияларын сатып алуға қарыздар беруге тыйым салынады | бухгалтерлік есеп мақсатында міндеттемелер ретінде жіктелген құралдардың берілген және алдын-ала анықталған талаптарда (триггерде) және (немесе) алдын-ала анықталған талапқа (триггерге) сәйкес құралдағы шығынды анықтайтын есептен шығару тетігінің жай акцияларға конвертациялануы арқылы шығындарды жою мүмкіндігіне ие. Есептен шығарудың мынадай тиімділігі бар: тарату кезінде құралдың талап ету құқығын кемітеді; құралды қайтарып алған кезде төлем сомасын кемітеді; құрал бойынша дивидендтердің (сыйақының) төлемдерін ішінара не толық кемітеді | |
12 | жай акциялар қамтамасыз етілмеген, эмитент-банктің немесе эмитент-банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және заңдық немесе экономикалық жағынан осындай жай акциялар бойынша эмитент-банк міндеттемелерінің эмитент-банктің басқа кредиторларына қатысты басымдығын арттыратын қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттар болған жоқ | банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыратын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын кез келген байланысты тұлға банктің аталған құралдарының меншік иесі болып табылмайды немесе банк осы құралды сатып алуды қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асырмайды | |
13 | жай акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы шешімді тек қана акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, бұл ретте жай акцияларды олардың жарияланған саны шеңберінде орналастыру банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады | құралдың белгілі бір уақыт кезеңі аралығында мейлінше төмен бағамен жаңа құрал шығарылған жағдайда эмитенттің инвесторларға өтемақы төлеуі үшін қойылатын талап сияқты қайта капиталдандыруға кедергі жасайтын ерекшеліктері жоқ | |
14 | банктің қаржылық есептілігінде нақты және жеке ашып көрсетілген |
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 4-қосымша |
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесі
| Салымдардың кредиттiк | |
| тәуекел дәрежесi бойынша | |
| сараланған банк активтерiнiң | |
| кестесіне қосымша |
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралануға тиіс банк активтерінің есебіне түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын құрайтын қамтамасыз етуі бар қарыздар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтері кестесінің (бұдан әрі – Кесте) 1, 2, 3, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер есебіне қосылады.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі):
салымдар, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылған салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сәйкес сараланады.
2. Банктің "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамдарының кері қайтарылмайтын және шартсыз кепілдігі, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігімен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді шартсыз және кері қайтарылмайтын орындау туралы тармақтар қамтылған сақтандыру шарты, Standard & Poor's (Cтандард энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby practices, ISP98) немесе Талап бойынша кепілдіктер үшін бірыңғай ережелерге (Uniform rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері түрінде қамтамасыз ету түріндегі қарыздар сомасы көрсетілген қарыздар көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын жабатын қарыздар қамтамасыз етудің түзетілген құны шегеріле отырып тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің есебіне қосылады.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамдарының кепілдігі, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігімен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтар қамтылған сақтандыру шарты, Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby practices, ISP98) немесе Талап бойынша кепілдіктер үшін бірыңғай ережелерге (Uniform rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Cтандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері шығарған кепілдіктер немесе резервтік аккредитивтер түріндегі қамтамасыз етудің түзетілген құны кепілдік, сақтандыру шарты сомасының 95 (тоқсан бес) пайызына тең болады.
3. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырған) банктің инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша сараланған (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша қосылады.
Банктің инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
4. Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралануға тиіс банк активтерінің есебіне осы Түсіндірменің (бұдан әрі – Түсіндірме) 1-тармағында көрсетілген:
1) офшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;
2) офшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленетін заңды тұлғаға байланысты немесе офшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын;
3) офшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
5. Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген:
1) офшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар;
2) офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған офшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді немесе офшорлық аймақтың аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша сараланады.
6. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банктің активтерін есептеу мақсатында:
ипотекалық тұрғын үй қарызы деп тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық банктік қарыз түсініледі;
тұтынушылық банктік қарыз деп жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес өзге мақсаттарға берілген, ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) болып табылмайтын банктік қарыз түсініледі.
7. Егер бағалы қағазда шығарылымның арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін саралау кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
8. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша сараланады.
9. Борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Кестеге немесе Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесін саралау коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес қарыз бойынша кредит тәуекелінің дәрежесі Банктерге арналған нормативтерге 5-1-қосымшаға (бұдан әрі – Мәндер) сәйкес егер осындай қарызға қатысты қарыз алушы – жеке тұлға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларының 19-тармағына сәйкес жасалған оңалту жоспарын орындауды жүзеге асырса, екі есе азайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оңалту жоспарын қарыз алушы – жеке тұлға орындамаған жағдайда, қарыз Кестеге немесе Мәндерге сәйкес кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша сараланады.
10. Банктерге арналған нормативтердің 26-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелі ескерілген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне қосылған активтер валюталарды айырбастау бағамдарының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.
11. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, олар бойынша банкте "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының қайтарып алынбайтын және шартсыз кепілдігі түрінде қамтамасыз етуі бар қарыздар тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің есебіне мынадай түрде қосылады: "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының қамтамасыз етілген қайтарып алынбайтын және шартсыз кепілдігінің қарызы бөлігіне қатысты тәуекел дәрежесінің 25 пайыз коэффициенті қолданылады, ал қарыздың қамтамасыз етілмеген бөлігі банктің контрагентіне сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сәйкес сараланады.
12. Цифрлық қаржы активтеріне қатысты тәуекел дәрежесі осындай цифрлық қаржы активі үшін базалық активтің тәуекел дәрежесіне сәйкес қолданылады.
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 5-қосымша |
Борыш жүктемесі коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралау коэффициенттерінің мәндері
1-кесте. Ресми растауы бар кірістің негізінде борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралау коэффициенттерінің мәндері
Берешек сомасы бойынша санат, теңгемен | Артық төлеу деңгейі (ЖТСМ) | |
0-30% | 30%-дан көп | |
120 АЕК-тен аз | 100% | 110% |
120 - 200 АЕК | 110% | 120% |
200 - 400 АЕК | 120% | 130% |
400 - 700 АЕК | 130% | 140% |
700 – 2 000 АЕК | 160% | 170% |
2 000 АЕК-тен астам | 200% | 250% |
2-кесте. Ресми растауы жоқ кірістің негізінде борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралау коэффициенттерінің мәндері
Берешек сомасы бойынша санат, теңгемен | Артық төлеу деңгейі (ЖТСМ) | |
0-30 % | 30%-дан көп | |
120 АЕК-тен аз | 100% | 110% |
120 - 200 АЕК | 110% | 120% |
200 - 400 АЕК | 120% | 130% |
400 - 700 АЕК | 140% | 150% |
700 – 2 000 АЕК | 170% | 220% |
2 000 АЕК-тен астам | 300% | 350% |
| Борыш жүктемесі коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралау коэффициенттерінің мәндеріне қосымша |
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралануға тиіс кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралау коэффициенттерінің мәндерін есептеуге түсіндірме
1. Берешек сомасы бойынша санат банктер, микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаға берген кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша бүкіл берешекті, оның ішінде өтелмеген қарыз бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомасын, қарыз алушыға ашылған, талаптарымен қарыз алушыны кредиттеу көзделген кредиттік желі және (немесе) төлем картасы шеңберіндегі кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігінің сомасын қамтиды және жеке тұлғаға кепілсіз тұтынушылық қарыз беру туралы шешім қабылдау сәтінде айқындалады.
2. Қарыз алушының өтелмеген қарызы бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомасы мерзімі өткен негізгі борыштың, мерзімі өткен сыйақының сомасын және банктің, микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылған берешектің сомасын қамтиды.
3. Қарыз алушыға бұрын жасалған банктік қарыз шартын қайта қаржыландыру мақсатында қарыз берілген жағдайда, өтелмеген қарыз бойынша берешектің қайта қаржыландырылуға тиіс сомасы берешектің жалпы сомасының есебіне қосылмайды.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқоры және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерекқоры, және (немесе) орталық атқарушы органдардың және оларға тиесілі не қарасты заңды тұлғалардың дерекқоры, және (немесе) жалақы сомасы және жұмыс берушіден өзге кірістер түсетін банктік шот бойынша үзінді көшірме, және (немесе) зейнетақы төлемдерi, және (немесе) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерi, және (немесе) "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi, және (немесе) жеке тұлға - дара кәсіпкердің мынадай салық аударымдары негізінде есептелген кірісі түсетін банктік шоттан үзінді көшірме ресми кірісті растау көздері болып табылады:
1) патент негізінде арнайы салық режимі қолданылған кезде салық салынатын кірістің 5 (бес) пайызы;
2) жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі қолданылған кезде салық салынатын кірістің 15 (он бес) пайызы;
3) белгіленген шегерім пайдаланыла отырып арнайы салық режимі қолданылған кезде салық салынатын кірістің 20 (жиырма) пайызы.
5. Ресми растауы бар кірістің негізінде борыш жүктемесі коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралау коэффициенттері мәндерінің мақсатында Түсіндірменің 4-тармағында көрсетілген ресми расталған кіріс пайдаланылады.
Басқа жағдайларда ресми растауы жоқ кірістің негізінде борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралау коэффициенттерінің мәндері пайдаланылады.
6. Артық төлеу деңгейі жылдық көрсеткіш бойынша мына формуламен есептеледі:

мұндағы:
VTM - негізгі борыш пен сыйақы бойынша қарыз алушының барлық төлемдерін, сондай-ақ банктік қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңіндегі қарызды беруге (оған қызмет көрсетуге) тікелей немесе жанама байланысты комиссиялар мен өзге төлемдерді, оның ішінде қарыз алушының үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдерін қамтитын банктік қарыз шарты бойынша өтелуге тиіс жалпы сома;
V - банктік қарыз шартын жасасу күніндегі қарыздың бастапқы сомасы;
t - қарыз мерзімі (күндермен).
7. Нормативтердің мақсаттары үшін қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) есептеуде негізгі борыш пен сыйақы бойынша қарыз алушының барлық төлемдері, сондай-ақ банктік қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңіндегі қарызды беруге (оған қызмет көрсетуге) тікелей немесе жанама байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер, оның ішінде қарыз алушының үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдері қамтылады.
8. Банк артық төлеу деңгейі мен ЖТСМ-ді оны беру туралы шешімді қабылдау сәтінде берілетін кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша есептейді.
9. Банк берешек сомасы бойынша санатқа және артық төлеу деңгейіне байланысты тәуекелдің пайызбен тиісті дәрежесін қолданады.
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 6-қосымша |
Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесі
№ | Баптардың атауы | Конверсия коэффициенті, пайызбен |
I топ | ||
1. | Міндеттемелері толығымен: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); банктің иелігіне берілген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының, Standard& Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк кепілдіктері мен кепілдемелері. | 0 |
2. |
Банктің сомасы көрсетілген кепілдіктер көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын жабатын Standard &Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің қайтарып алынбайтын және сөзсіз кепілдігі түрінде қамтамасыз етілуі бар кепілдіктер активтер есебіне енгізіледі, қамтамасыз етудің түзетілген құнын шегергендегі 100 (жүз) пайызды айырбастау коэффициентін ескере отырып, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін шартты және ықтимал міндеттемелер. | |
3. | Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі тәуелсiз рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi және орталық банктері шығарған бағалы қағаздарды, Банктерге арналған нормативтердің 26-тармағында көзделген өтiмдiлiгi жоғары басқа да бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) мiндеттемелер | 0 |
4. | Банк аккредитивтерi: банктiң қаржы мiндеттемелерiнсiз; мыналармен: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; банктің иелігіне берiлген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер | 0 |
5. | Банктің талабы бойынша кез келген сәтте жойылуға жататын қарыздар мен салымдарды банктiң болашақта орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 0 |
6. | Банктiң еншiлес компанияларының пайдасына олар арқылы сыртқы қарыздарды тартқан және банктiң борыштық мiндеттемелерiн орналастырған кезде берiлген банктiң кепілдіктері мен кепiлдемелерi | 0 |
7. | Банк берілген қарызды қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктер | 0 |
II топ | ||
8. | Өтеу мерзiмi 1 (бір) жылдан аз қарыздар мен салымдарды банктiң болашақта орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 20 |
9. | Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк кепiлдiктерi мен кепiлдемелерi | 20 |
10. | Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А-"-тен "AA-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard&Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердiң бағалы қағаздарымен қамтамасыз етiлген банк аккредитивтерi | 20 |
11. | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА"-дан "АА-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан "kzAA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
III топ | ||
12. | Өтеу мерзiмi 1 (бір) жылдан көп қарыздар мен салымдарды банктiң болашақта орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 50 |
13. | Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "BBB-"-тен "А-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерiмен; Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "ВВВ-"-тен "А-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А-"-тен "AA-"-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк кепiлдiктерi мен кепiлдемелерi | 50 |
14. | Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілердің пайдасына, олардың үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз етуге берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелері | қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 50 |
15. | Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "ВВВ-"-тен "A-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі барбанктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі барзаңды тұлғалардың кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерiмен; Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "BBB-"-тен "А-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі барзаңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк аккредитивтерi | 50 |
16. | "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамынан ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын керi сатып алу бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 50 |
17. | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің ұлттық шкаласы бойынша "kzA+"-тен "kzA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 50 |
IV топ | ||
18. | Қаржы құралдарын банкке және банктің керi сатып алу мiндеттемесiмен сату туралы келісім | 100 |
19. | Банктiң өзге кепiлдiктерi (кепiлдемелерi) | 100 |
20. | Банктiң өзге аккредитивтерi | 100 |
21. | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 100 |
22. | Банктiң өзге шартты (ықтимал) мiндеттемелерi | 100 |
23. | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |
| Банктің кредиттік тәуекел | |
| дәрежесі бойынша сараланған | |
| шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне қосымша |
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банктің ықтимал және шартты міндеттемелерінің есебіне түсіндірме
Нормативтердің 26-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелі ескерілген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелер валюталарды айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.
Банктің сомасы көрсетілген кепілдіктер көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын жабатын Standard &Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің қайтарып алынбайтын және сөзсіз кепілдігі түрінде қамтамасыз етілуі бар кепілдіктер активтер есебіне енгізіледі, қамтамасыз етудің түзетілген құнын шегергендегі 100 %-ды айырбастау коэффициентін ескере отырып, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін шартты және ықтимал міндеттемелер.
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі (Стандард энд Пурс) немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас рейтинг бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің кепілдігі түріндегі қамтамасыз етудің түзетілген құны кепілдік сомасының 95 (тоқсан бес) пайызына тең.
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 7-қосымша |
Туынды қаржы құралдарына арналған кредиттік тәуекел коэффициенттерiнiң кестесі
(пайызбен)
Өтеуге дейiн қалған мерзiм | Сыйақы мөлшерлемелерімен байланысты операциялар | Валюта және алтын бағамдарының өзгеруiне байланысты операциялар | Акциялармен байланысты операциялар | Алтыннан басқа бағалы металдармен байланысты операциялар | Бағалы металдардан басқа құндылықтармен байланысты операциялар |
1 (бір) жыл және одан аз | 0 | 1 | 6 | 7 | 10 |
1 (бір) жылдан 5 (бес) жылға дейiн | 0,5 | 5 | 8 | 7 | 12 |
5 (бес) жылдан көп | 1,5 | 7,5 | 10 | 8 | 15 |
Ескертпе:
Осы кестеде көрсетiлген санаттардың ешбiріне жатпайтын туынды қаржы құралдарымен операциялар "Бағалы металдардан басқа құндылықтармен байланысты операциялар" санатында көрсетiлген кредиттік тәуекел коэффициенттерi бойынша мөлшерленуге тиіс.
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 8-қосымша |
Спот мәмілелер бойынша кредиттік тәуекел коэффициенттерінің кестесі
Есептеу күнінен кейінгі жұмыс күндерінің саны | Тәуекел коэффициенті пайызбен |
5-тен 15-ке дейін | 8 |
16-дан 30-ға дейін | 50 |
31-ден 45-ке дейін | 75 |
46 және одан артық | 100 |
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндері мен есеп айырысу әдістемелеріне 9-қосымша |
Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмi
1. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange)
2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)
3. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ)
4. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)
5. "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасы (Astana International Exchange, AIX)
6. Амстердамдағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)
7. Афина қор биржасы (Athens Exchange)
8. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, BSE)
9. Сан-Паулу қор биржасы (Bovespa)
10. Брюссельдегi "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)
11. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange)
12. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)
13. Джакарт қор биржасы (Jakarta Stock Exchange)
14. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange)
15. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange)
16. Испания бірікккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges)
17. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)
18. Йоханнесбург қор биржасы (Оңтүстiк Африка) (JSE Securities Exchange South Africa)
19. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange)
20. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)
21. Лиссабондағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon).
22. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)
23. Лондон халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (London International Financial Futures and Options Exchange)
24. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)
25. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia)
26. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange)
27. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)
28. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal)
29. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
30. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)
31. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)
32. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange)
33. Осло қор биржасы (Oslo bourse)
34. Париждегi "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)
35. Москва қор биржасы (ОАО ММВБ-РТС)
36. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)
37. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange)
38. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange)
39. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)
40. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange)
41. Үндiстан қор биржасы (Delhi Stock Exchange)
42. Үндiстан ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited)
43. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange)
44. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)
45. Француз халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (French International Financial Futures Exchange MATIF)
46. Чикаго мерзiмдi тауар биржасы (The Chicago Board of Trade)
47. Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board Options Exchange)
48. Чикаго тауар биржасы (Chicago Mercantile Exchange)
49. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)
50. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange)
51. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange)
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 10-қосымша |
Ашық позицияларды уақыт аралықтары бойынша бөлу
Аймақтар | Уақыт аралықтары | Ашық позициялар | Мөлшерлеу коэффициенті | Мөлшерленген ашық позициялар | Мөлшерленген жабық позициялар | Жиынтық мөлшерленген ашық позициялар | ||||||
ұзақ | қысқа | ұзақ | қысқа | ұзақ | қысқа | |||||||
1 | 1 айдан аз | 0,00 | ||||||||||
1-3 ай | 0,002 | |||||||||||
3-6 ай | 0,004 | |||||||||||
6-12 ай | 0,007 | |||||||||||
1-аймақ жиынтығы | ||||||||||||
2 | 1-2 жыл | 0,0125 | ||||||||||
2-3 жыл | 0,0175 | |||||||||||
3-4 жыл | 0,0225 | |||||||||||
2-аймақ жиынтығы | ||||||||||||
3 | 4-5 жыл | 0,0275 | ||||||||||
5-7 жыл | 0,0325 | |||||||||||
7-10 жыл | 0,0375 | |||||||||||
10-15 жыл | 0,0450 | |||||||||||
15-20 жыл | 0,0525 | |||||||||||
20 жылдан астам | 0,06 | |||||||||||
3-аймақ жиынтығы | ||||||||||||
Аймақтар бойынша жиынтығы | ||||||||||||
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 11-қосымша |
Жалпы пайыздық тәуекелдi есептеу
Позициялардың атауы | Сомасы |
Аймақтар бойынша өтемақы берiлген, сараланған позицияларды есептеу | |
1-аймақ | |
Уақыт аралықтары бойынша сараланған жабық позиция бойынша жиынтығы | |
Сараланған ашық позиция (ұзақ) | |
Сараланған ашық позиция (қысқа) | |
Жиынтық ашық позициялар бойынша сараланған жабық позиция | |
Сараланған ашық позиция | |
2-аймақ | |
Уақыт аралықтары бойынша сараланған жабық позиция бойынша жиынтығы | |
Сараланған ашық позиция (ұзақ) | |
Сараланған ашық позиция (қысқа) | |
Жиынтық ашық позициялар бойынша сараланған жабық позиция | |
Сараланған ашық позиция | |
3-аймақ | |
Уақыт аралықтары бойынша сараланған жабық позиция бойынша жиынтығы | |
Сараланған ашық позиция (ұзақ) | |
Сараланған ашық позиция (қысқа) | |
Жиынтық ашық позициялар бойынша сараланған жабық позиция | |
Сараланған ашық позиция | |
1 және 2-аймақтар арасындағы жабық позиция | |
2-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
1-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
2 және 3-аймақтар бойынша жабық позиция | |
3-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
2-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
1 және 3-аймақтар бойынша жабық позиция | |
1-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
3-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
Қалған сараланған ашық позиция | |
Аймақтар бойынша сараланған жабық позициялар сомасының 10 пайызы | |
1-аймақтың сараланған жабық позициясының 40 пайызы | |
2-аймақтың сараланған жабық позициясының 30 пайызы | |
3-аймақтың сараланған жабық позициясының 30 пайызы | |
1 және 2-аймақтар арасындағы сараланған жабық позицияның 40 пайызы | |
2 және 3-аймақтар арасындағы сараланған жабық позицияның 40 пайызы | |
1 және 3-аймақтар арасындағы сараланған жабық позицияның 100 пайызы | |
Қалған сараланған ашық позицияның 100 пайызы | |
Жалпы пайыздық тәуекел жиынтығы |
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 12-қосымша |
Сауалнама Оригинатор банктің атауы ________________________________
Банк сауалнамаға қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ уәкілетті органға сауалнаманың қаралуына байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уақтылы ұсынылуына толық растайды.
Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың ат-атымен тізбесі және әрбір құжат бойынша парақтары көрсетілсін).
Басқарма Төрағасы _____________________________________________
(қолы)
Директорлар кеңесінің Төрағасы ________________________________
(қолы)
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 13-қосымша |
Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттерін есептеу туралы мәліметтер
(мың теңгемен)
№ | Компонент атауы | Секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асырудың алдындағы соңғы есепті күнгі мән | Секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асырғаннан кейінгі мән |
1 | Бірінші деңгейдегі капитал | ||
1.1 | Негізгі капитал | ||
1.2 | Үстеме капитал | ||
2 | Екінші деңгейдегі капитал | ||
3 | Негізгі капиталдан шегерілетін инвестициялар | ||
3.1 | Үстеме капиталдан шегерілетін инвестициялар | ||
3.2 | Екінші деңгейдегі капиталдан шегерілетін инвестициялар | ||
4 | Меншікті капитал | ||
5 | Банктің секьюритилендіру мәмілесі бойынша ұстап қалатын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В+"-тен бастап және төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"- тен бастап және төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас рейтингі не рейтингтік бағасы жоқ позициялар сомасы | Х | |
6 | Негізгі капиталдың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал талаптар, нарықтық тәуекелді, операциялық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар сомасына қатынасы (k1) | ||
7 | Бірінші деңгейдегі капиталдың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал талаптар, нарықтық тәуекелді, операциялық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар сомасына қатынасы (k1-2) | ||
8 | Кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтер | ||
8.1 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА" бастап "АА-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA" бастап "kzAА-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
8.2 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+" бастап "А-" дейінгі халықаралық рейтингттік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA+" бастап "kzA-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
8.3 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+" бастап "ВВВ-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+" бастап "kzBBB-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
8.4 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+" бастап "ВВ-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ+" бастап "kzВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
9 | Кредиттік тәуекел ескеріле отырып, мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер, оның ішінде: | ||
9.1 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА" бастап "АА-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA" бастап "kzAА-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
9.2 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+" бастап "А-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA+" бастап "kzA-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
9.3 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс)агенттігінің "ВВВ+" бастап "ВВВ-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+" бастап "kzВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
9.4 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+" бастап "ВВ-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ+" бастап "kzВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
10 | Кредиттік тәуекел ескеріле отырып, мөлшерленген туынды қаржы құралдары, оның ішінде: | ||
10.1 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА" бастап "АА-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA" бастап "kzAА-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
10.2 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+" бастап "А-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA+" бастап "kzA-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
10.3 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+" бастап "ВВВ-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+" бастап "kzBBB-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
10.4 | Банк ұстап қалатын, кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленетін және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+" бастап "ВВ-" дейінгі халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас рейтинг бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ+" бастап "kzВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас рейтинг бар секьюритилендіру мәмілесі бойынша позициялар сомасы | Х | |
11 | Екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтер (провизиялар) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер жиынтығы | ||
12 | Ерекше пайыздық тәуекел сомасы | ||
13 | Жалпы пайыздық тәуекел сомасы | ||
14 | Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел жиынтығы | ||
15 | Нарықтық құнның өзгеруіне байланысты жалпы тәуекел сомасы | ||
16 | Нарықтық құнның өзгеруіне байланысты ерекше тәуекел сомасы | ||
17 | Нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел жиынтығы | ||
18 | Айырбастау бағамының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел сомасы | ||
19 | Нарықтық тәуекел ескеріле отырып, есептелген активтердің және шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің жиынтығы | ||
20 | Операциялық тәуекел сомасы | ||
21 | Меншікті капиталдың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал талаптар, нарықтық тәуекелді, операциялық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар сомасына қатынасы (k2) |
Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам
______________________________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)(қолы)
Бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адам
_______________________________________________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)(қолы)
Орындаушы
_______________________________________________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)(қолы)
Телефоны: ______________
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "_____" ___________________
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 14-қосымша |
Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесі
№ | Баптар атауы | Есеп коэффициенті пайызбен | |
Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер | |||
1 | Қолма-қол ақша | 100 | |
2 | Ұлттық Банктегі депозиттер | 100 | |
3 | Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаға шет мемлекеттердің орталық үкiметтерiне, шет мемлекеттердің орталық банктерiне және халықаралық қаржы ұйымдарына 0 (нөл) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін талаптар | 100 | |
4 | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған, кредитік тәуекел деңгейінің 0 (нөл) пайызы бойынша мөлшерленген мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі талаптар | 100 | |
5 | Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша 0 (нөл) пайыздан жоғары мөлшерленген жағдайда, шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiне және шет мемлекеттердiң орталық банктерiне тиісті елдердің валютасында номинирленген талаптар | 100 | |
Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер | |||
А санаты | |||
6 | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі талаптар | 85 | |
7 | Шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiне, шет мемлекеттердiң орталық банктерiне, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін талаптар | 85 | |
8 | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас рейтинг бар қаржылық емес ұйымдардың бағалы қағаздары | 85 | |
9 | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас рейтинг бар банктің міндеттемелері болып табылмайтын ипотекалық бағалы қағаздар | 85 | |
Б санаты | |||
10 | Ипотекалық тұрғын үй қарыздарымен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар | 75 | |
11 | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+" - тен "ВВВ -" - ке дейінгі борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас рейтинг бар ұйымдар шығарған борыштық бағалы қағаздар | 50 | |
12 | Жай акциялар | 50 | |
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 15-қосымша |
Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуінің кестесі
№ | Баптар атауы | Ақша әкетілуі (келуі) коэффициенті пайызбен |
Жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі | ||
1 | Тұрақты депозиттер | 5 |
2 | Тұрақтылығы төмен депозиттер | 10 |
3 | Жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша осы кестенің 1 және 2-жолдарына енгізілмеген өзге де ақшаның әкетілуі | 100 |
Заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі | ||
4 | Толық көлемі баламасында Америка Құрама Штаттарының 1 (бір) миллион долларынан аспайтын, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын қаржылық емес ұйымдар орналастырған салымдар | 10 |
5 | Клирингтік, кастодиандық қызметпен, өтімділікті басқару қызметімен байланысты салымдар | 25 |
6 | Қаржылық емес ұйымдардың мерзімді салымдары | 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 |
7 | Қаржылық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің, шет мемлекеттердің орталық банктерінің, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарының депозиттері |
2024 жылғы 1 маусымнан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін – 20 |
8 | Қаржылық емес ұйымдардың (бір заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылған, бұл ретте әрбір заңды тұлғаның міндеттемелерінің мөлшері банктің негізгі капиталының 0,5 (нөл бүтін оннан бес пайызынан асатын жағдайларда қаржылық емес ұйымдар топтарының) депозиттері банк міндеттемелері сомасының 5 (бес) пайызынан асатын сомада | 60 |
9 | Өзге заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелер, оның ішінде шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер | 100 |
Заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі | ||
10 | Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер | 0 |
11 | Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банктің алдындағы міндеттемелер | 0 |
12 | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік бағдарламалары және ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде тартылған міндеттемелер | 0 |
13 | Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер | 15 |
14 | Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша 20 (жиырма) пайыздан жоғары емес мөлшерленетін, бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтермен қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелер | 25 |
15 | Өзге қамтамасыз етілген міндеттемелер | 100 |
Шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі | ||
16 | Банктің ағымдағы рейтингінен 1 (бір), 2 (екі) не 3 (үш) сатыға дейін төмендеген кезде шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік толық көлемде | 100 |
17 | Туынды қаржы құралдары немесе өзге де операциялар бойынша позицияларды нарықтық бағалаудың өзгеру кезінде қосымша өтімділікке қажеттілік | Алдыңғы 24 (жиырма төрт) айдағы ең көп 30 (отыз) күндік ақшаның нетто әкетілуі |
18 | Туынды қаржы құралдары мен өзге де операциялар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалау кезінде қосымша өтімділікке қажеттілік (бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтерді қоспағанда) | 20 |
19 | Кез келген уақытта қайтарып алу көзделген туынды қаржы құралдары бойынша позицияны қолдауға байланысты банк ұстап қалатын қамтамасыз етудің асып кету мөлшері | 100 |
20 | Егер қамтамасыз ету ұсынылмаған жағдайда шарттың талаптарына сәйкес қарсы агенттің талап етуі бойынша банктің қамтамасыз етуді ұсынуы көзделетін операциялар бойынша қосымша өтімділікке қажеттілік | 100 |
21 | Қамтамасыз етуді сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтерге ауыстыру мүмкіндігімен байланысты қосымша өтімділікке қажеттілік | 100 |
22 | Активтер бойынша, оның ішінде банк шығарған және өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар бойынша (оның ішінде ипотекалық бағалы қағаздар бойынша) ақшаның әкетілуі | 100 |
23 | Активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген және банктің еншілес арнайы ұйымдары шығарған, өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі (ұстаушының толық немесе бөлшек мөлшерінде мерзімінен бұрын сатып алуын талап ету құқығын көздейтін туынды қаржы құралдарын ескере отырып) | 100 |
24 | Жеке тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі | 5 |
25 | Қаржылық емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына және халықаралық қаржы ұйымдарына берілген кредиттік желілердің пайдаланылмаған бөлігі | 10 |
26 | Қаржылық емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына және халықаралық қаржы ұйымдарына берілген өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі | 30 |
27 | Басқа банктерге берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі | 40 |
28 | Банктер болып табылмайтын қаржы ұйымдарына берілген кредиттік желілердің пайдаланылмаған бөлігі | 40 |
29 | Банктер болып табылмайтын өзге қаржы ұйымдарына берілген өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі | 100 |
30 | Өзге заңды тұлғаларға (оның ішінде банктің еншілес арнайы ұйымдарына) берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі | 100 |
31 | Тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты міндеттемелер (факторинг және форфейтинг операцияларын жүргізуге байланысты кепілдіктер мен кепілдімелер, аккредитивтер бойынша) | 5 |
32 | Тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты емес кепілдіктер мен кепілдімелер, аккредитивтер бойынша міндеттемелер | 10 |
33 | Осы кестенің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-жолдарға енгізілмеген міндеттемелер бойынша өзге де ақшаның әкетілуі | 100 |
Ақшаның әкелінуі | ||
34 | Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары | 0 |
35 | Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары | 15 |
36 | Сапасы жоғары өтімді активтерге жатпайтын активтерді қамтамасыз етуге бағалы қағаздарды сатып алу-сатуды жасау үшін (маржалық мәмілелер) ұсынылған қарыздар | 50 |
37 | Өзге активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары | 100 |
38 | Басқа банктер берген кредиттік желілер, өтімділік желілері | 0 |
39 | Басқа қаржы ұйымдарындағы клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар | 0 |
40 | Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды қоспағанда, оның ішінде мыналарға берілген кредиттер бойынша ақшаның келуі: | |
жеке тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне | 50 | |
қаржылық емес ұйымдарға | 50 | |
қаржы ұйымдарына | 100 | |
41 | Туынды қаржы құралдары бойынша ақшаның келуі | 100 |
42 | Өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде ақшаның келуі күтілетін шарттар бойынша операциялардан түсетін өзге де ақшаның келуі | 100 |
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндері мен есеп айырысу әдістемелеріне 16-қосымша |
Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесі
№ | Баптар атауы | Қолжетімді тұрақты қорландыру коэффициенті, пайызбен |
1. | Меншікті капитал Нормативтердің 11-тармағында белгіленген шегерімдерге дейін қосылады (1 (бір) жылдан аз өтеу мерзімі бар екінші деңгейдегі капитал құралдарын қоспағанда) | 100 |
2. | Капиталдың өзге құралдары және 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер | 100 |
3. | Тұрақты депозиттер | 95 |
4. | Аздап тұрақсыз депозиттер | 90 |
5. | Қаржылық емес ұйымдар берген 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер | 50 |
6. | Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар | 50 |
7. | Қаржылық емес ұйымдардың мерзімді салымдары | 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 |
8. | Шет мемлекеттердің орталық үкіметтері, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары және халықаралық қаржы ұйымдары ұсынған 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер | 50 |
9. | Заңды тұлғалардың салымдарын қоса алғанда 6 (алты) айдан көп және 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелердің өзге түрлері | 50 |
10. | Заңды тұлғалардың 6 (алты) айдан аз қалған өтеу мерзімі бар салымдары | 0 |
11. | Заңды тұлғалардың шартсыз мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі бар салымдары |
2024 жылғы 1 маусымнан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін – 50 |
12. | Өзге мiндеттемелер, оның ішінде мерзімсіз мiндеттемелер (мерзімі кейінге қалдырылған салық мiндеттемелері үшін ерекше режим белгілеумен) | 0 |
13. | Егер мiндеттемелер мөлшері туынды қаржы құралдары бойынша активтердің мөлшерінен асқан жағдайда, туынды қаржы құралдары бойынша активтерді шегергенде туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелер бойынша нетто тұрақты қорландыру коэффициенті | 0 |
14. | Сатып алу күнінде қаржы құралдарын, шетел валютасын сатып алудан туындайтын төлемдер | 0 |
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 17-қосымша |
Талап етілетін тұрақты қорландыру активтерінің кестесі
№ | Баптар атауы | Талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициенті, пайызбен |
1 | Қолма-қол ақша | 0 |
2 | Ұлттық Банкке қойылатын талаптар | 0 |
3 | 6 (алты) айдан аз қалған өтеу мерзімі бар шет мемлекеттердің орталық банктеріне қойылатын талаптар | 0 |
4 | Сату күнінде қаржы құралдарын, шетел валютасын сатудан туындайтын ақшаның келуі | 0 |
5 | Ұлттық Банктегі ақша қаражат пен резервтерді қоспағанда, банктің күндізгі өтімділігін басқару шеңберінде жасалған ауыртпалықсыз және 6 (алты) айдан кем мерзімге ауыртпалықсыз және ауыртпалықтар бірінші деңгейдегі жоғары сапалы өтімді активтер | 5 |
6 | Қаржы ұйымдарына берілген 6 (алты) айдан аз қалған өтеу мерзімі бар, банк кепілге қайта беруі мүмкін бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген, ауыртпалық салынбаған қарыздар | 10 |
7 | Қаржы ұйымдарына берілген 6 (алты) айдан аз қалған өтеу мерзімі бар, ауыртпалық салынбаған өзге қарыздар | 15 |
8 | Ауыртпалық салынбаған екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер | 15 |
9 | Өтеуге дейін 1 (бір) жылдан аз қалған мерзімі бар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына және "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамына берілген қарыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыздар | 25 |
10 | Өтеуге дейін 1 (бір) жыл және одан көп қалған мерзімі бар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына және "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамына берілген қарыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыздар | 30 |
11 | 6 (алты) айдан көп және 1 (бір) жылдан аз кезеңге ауыртпалық салынған сапасы жоғары өтімді активтер | 50 |
12 | 6 (алты) айдан көп және 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар қаржы ұйымдарына, шет мемлекеттердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 50 |
13 | Басқа банктердегі клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар | 50 |
14 | Қаржылық емес ұйымдарға қарыздарды, тұтынушылық банктік қарыздарды, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын, 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар өзге активтер | 50 |
15 | 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар, 35 (отыз бес) пайыздан көп емес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін ауыртпалық салынбаған ипотекалық кредиттер | 65 |
16 | 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар, 35 (отыз бес) пайыздан көп емес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін, қаржы ұйымдарына берілген қарыздарды қоспағанда, ауыртпалық салынбаған өзге қарыздар | 65 |
17 | Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша бастапқы маржа ретінде қамтамасыз ету болып табылатын ақша, бағалы қағаздар мен өзге активтер, орталық қарсы агентке міндетті төлем ретінде берілген ақша немесе өзге активтер | 85 |
18 | Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күннен артық мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды қоспағанда, қаржы ұйымдарына берілген қарыздарды қоспағанда, 35 (отыз бес) пайыздан көп кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін және 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар ауыртпалық салынбаған кредиттер | 85 |
19 | 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар, сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын және қор биржаларында айналыстағы ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар (акциялар) | 85 |
20 | Тазартылған алтынды қоса алғанда, қор биржаларында айналыстағы тауарлар | 85 |
21 | 1 (бір) жыл және одан көп кезеңге ауыртпалық салынған активтер | 100 |
22 | Егер активтердің мөлшері туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің мөлшерінен асқан жағдайда, туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелерді шегергенде, туынды қаржы құралдары бойынша активтер бойынша нетто тұрақты қорландыру коэффициенті | 100 |
23 | 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзiмi бар қаржы ұйымдарына берілген жұмыс істемейтін кредиттерді, қарыздарды қоса алғанда, өзге активтер | 100 |
24 | Қор биржаларында айналыста жоқ акциялар, материалдық активтер, банктің меншікті капиталынан шегерілген баптар, жинақталған сыйақы, сақтандыру активтері, еншілес ұйымдардағы үлес, мерзімі өткен борыш бойынша пайыздық мөлшерлеме | 100 |
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 18-қосымша |
Талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесі
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкі үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндері мен есеп | |
| айырысу әдістемелеріне 19-қосымша |
Леверидж коэффициентін есептеу мақсатында туынды қаржы құралдары бойынша кредиттік тәуекелді есептеу әдістемесі
ТҚҚ бойынша кредиттік тәуекел (ТҚҚКТ) мынадай формула бойынша есептеледі:
ТҚҚКТ = (АКТ + ӘКТ + КТб)* a,
мұндағы:
АКТ – контрагент өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда есепті күні шығындардың шамасын көрсететін ағымдағы кредиттік тәуекел (қаржы құралын ауыстыру құны);
ӘКТ – әлеуетті кредиттік тәуекел (базистік актив құнының қолайсыз өзгеруіне байланысты контрагенттің есепті күннен бастап валюталау күніне дейінгі мерзім ішінде өз міндеттемелерін орындамау тәуекелі);
КТб - шығарылған кредиттік ТҚҚ бойынша базистік активке қатысты кредиттік тәуекел;
a – ТҚҚ кредиттік тәуекелін қарызға баламалы және 1,4 мөлшерінде белгіленген кредиттік тәуекел айналдыратын тұрақты мән.
ТҚҚ бойынша неттинг туралы келісімнің талаптарын қанағаттандыратын ТҚҚ бойынша ағымдағы кредиттік тәуекел актив болып табылатын барлық ТҚҚ-ның әділ құны сомасының міндеттеме болып табылатын барлық ТҚҚ әділ құнының сомасынан асып түсуіне тең.
ТҚҚ бойынша неттинг туралы келісімне енгізілмеген ТҚҚ бойынша ағымдағы кредиттік тәуекел актив болып табылатын ТҚҚ-ның әділ құнының шамасыне тең. Неттинг туралы келісімге енгізілмеген сатылған опциондар бойынша ағымдағы кредиттік тәуекел есептелмейді.
ТҚҚ бойынша ағымдағы кредиттік тәуекелді есептеу кезінде ТҚҚ бойынша қамтамасыз ету сомалары, сондай-ақ ТҚҚ-мен байланысты басқа да қайтарымсыз төлемдердің сомалары есепке алынбайды.
Алынған вариациялық маржа, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалса, ТҚҚ бойынша неттинг туралы келісімге енгізілген ТҚҚ бойынша ағымдағы кредиттік тәуекелді төмендету үшін қабылданады:
клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның, сондай-ақ шетелдік юрисдикция нормаларына сәйкес орталық контрагент деп танылған тұлғаның клирингке жатпайтын мәмілелер бойынша алынған вариациялық маржаны пайдалануға шектеулер жоқ;
тараптар арасындағы келісімге (шартқа) сәйкес вариациялық маржа күн сайын толық көлемде есептеледі және төленеді;
банк төлейтін және жоғарыда аталған талаптарға сай келетін вариациялық маржа ТҚҚ бойынша неттинг туралы келісімге қосылған ТҚҚ бойынша ағымдағы кредиттік тәуекелді арттыру кезінде қабылданады.
ТҚҚ бойынша неттинг туралы келісімге қосылмаған ТҚҚ бойынша әлеуетті кредиттік тәуекелдің шамасы Нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Туынды қаржы құралдарына арналған кредиттік тәуекел коэффициенттерiнiң кестесінде көрсетілген және базистік активтің түрімен және көрсетілген қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын қаржы құралдарының номиналды құнының кредиттік тәуекел коэффициентіне туындысы ретінде есептеледі. Валюталық-пайыздық своптарға алтын-валюта мәмілелерге арналған коэффициенттер қолданылады.
Базистік активтерді бірнеше рет айырбастауды көздейтін мәмілелер үшін әлеуетті шығындар көлемі базистік активтерді қалған айырбастау санының еселенген мөлшеріне ұлғаяды.
Әлеуетті тәуекелдің шамасы базистік актив сомасына есептелетін екі түрлі өзгермелі пайыздық мөлшерлеме негізінде есептелген, Тараптардың әрқайсысының екінші Тарапқа бірыңғай валютада ақша қаражатының сомасын төлеу міндетін көздейтін сатылған опциондар, сондай-ақ пайыздық своптар (валюталық-пайыздық своптарды қоспағанда) үшін есептелмейді.
Талаптары алдын ала белгіленген күндері қайта қаралатын мәмілелер бойынша валюталау күніне дейінгі мерзімде қайта қараудың келесі күніне дейін қалған кезең қабылданады.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ТҚҚ ретінде түсінілетін кредиттік ТҚҚ-ға немесе бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың, мемлекеттердің немесе муниципалитеттердің өз міндеттерін орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын куәландыратын мән-жайдың туындауына байланысты (кепілгерлік шарты мен сақтандыру шартын қоспағанда) шарт тараптарының немесе тарапының ақшалай сомаларды кезең-кезеңмен немесе біржолғы төлеу міндетін көздейтін шетел мемлекетінің заңнамасына немесе халықаралық шарт нормаларына сәйкес осындай деп танылатын ТҚҚ-ға, базистік актив мына өлшемшарттардың (бұдан әрі – біліктілік өлшемшарттары) біреуін қанағаттандыратын жағдайда 5 пайыздық коэффициент қолданылады:
халықаралық даму банкі немесе кез келген деңгейдегі атқарушы билік органы шығарған борыштық бағалы қағаз болып табылса;
мынадай рейтингтердің біріне ие борыштық бағалы қағаз болып табылса:
"Эс-энд-Пи Глобал Рейтингс" (S&P Global Ratings) немесе "Фитч Рейтингс" (Fitch Ratings) халықаралық рейтингтік шкаласы бойынша "ВВВ" - дан төмен емес деңгейден немесе "Мудис Инвесторс Сервис" (Moody 's Investors Service) халықаралық рейтингтік шкаласы бойынша "Ваа" - дан төмен емес деңгейде шетелдік кредиттік рейтингтік агенттіктердің кемінде екеуі тағайындаған теңгедегі немесе шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша ұзақ мерзімді кредитке қабілеттілігінің ағымдағы рейтингтері;
осы тармақта белгіленген деңгейде бір шетелдік кредиттік рейтингтік агенттік тағайындаған ұзақ мерзімді кредитке қабілеттілігінің ағымдағы рейтингі.
Базистік активі біліктілік өлшемшарттарын қанағаттандырмайтын кредиттік ТҚҚ-ға 10 пайыз коэффициенті қолданылады.
Бірнеше базистік активтері бар кредиттік ТҚҚ-ға барлық базистік активтер біліктілік өлшемшарттарын қанағаттандырған жағдайда ғана 5 пайыз өлшемшарты қолданылады. Кері жағдайда, 10 пайыз өлшемшарты қолданылады.
Жоғарыда көрсетілмеген базистік активтермен жасалған мәмілелерге өзге тауар мәмілелеріне арналған коэффициенттер қолданылады.
ТҚҚ-ның номиналды келісімшарттық құны деп нормативті есептеу күніндегі сәйкес баланстан тыс шоттарда көрсетілетін ТҚҚ-ның құны түсініледі. Бұл ретте бивалюталық мәмілелердің номиналды келісімшарттық құны ретінде банкте талаптар қалыптастырылатын валюта қабылданады.
Мәміле тараптарының талаптары мен міндеттемелерінің сомалары ақша ағындарының сомасына баламалы болатын есеп айырысу валюталық форвардтары мен есеп айырысу ТҚҚ-ның номиналды келісімшарттық құны ретінде валютаның әрбір күнінде алуға жататын әрбір валютадағы ақша ағындарының нетто-шамасы түсініледі.
Өзге есеп айырысу ТҚҚ номиналды келісімшарттық құны базистік активті жеткізуді көздейтін шартқа (мәмілеге) ұқсастық бойынша айқындалады.
ТҚҚ бойынша неттинг туралы келісімге енгізілген ТҚҚ бойынша әлеуетті шамалар мына формула бойынша анықталады:
ӘКТ = 0,4 х ӘТе + 0,6 х k х ӘТе,
мұндағы:
ӘТе – ТҚҚ бойынша неттинг туралы келісімді есепке алмай есептелген сол құралдар бойынша әлеуетті тәуекел шамасы;
k – ТҚҚ бойынша неттинг туралы келісімге енгізілген ТҚҚ бойынша алмастыру құнының осы келісімді есепке алмағанда, ТҚҚ бойынша неттинг туралы келісімге енгізілген ТҚҚ бойынша алмастыру құнына қатынасы ретінде айқындалатын коэффициент:
Алынған вариациялық маржа әлеуетті тәуекелді азайтуға қабылданбайды және "k" коэффициентін есептеу үшін қолданылатын шамаларды есептеуге енгізілмейді.
Егер алымдағы мән нөлден аз болса, "k" коэффициенті нөлге тең деп танылады.
КТб – шығарылған кредиттік ТҚҚ бойынша базистік активке қатысты кредиттік тәуекел негізгі капитал есебіне қабылданатын кредиттік ТҚҚ деректерінің теріс әділ құнын шегергендегі кредиттік ТҚҚ деректерінің базистік активтеріне (бұдан әрі - сатылған кредиттік қорғау) қатысты кредиттік ТҚҚ шығарған банктің ақшалай міндеттемелерінің жиынтық сомасы ретінде есептеледі.
Сатылған кредиттік қорғау сомасы мына талаптар бір мезгілде орындалған жағдайда, шығарылған кредиттік ТҚҚ-ның базистік активтері сияқты бір тұлғаның борыштық міндеттемелеріне қатысты банк сатып алған кредиттік қорғау сомасына азаяды:
банк сатып алған кредиттік ТҚҚ-ның базистік активі болып табылатын міндеттемені орындау кезектілігі банк сатқан кредиттік ТҚҚ-ның базистік активі болып табылатын міндеттемені орындау кезектілігінен төмен немесе оған тең;
сатып алынған кредиттік қорғауды өтеуге дейінгі қалған мерзім сатылған кредиттік қорғауды өтеуге дейінгі қалған мерзімге тең немесе одан да көп.
| Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтерге, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелеріне 20-қосымша |
Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары және лимиттерi
1. Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары және лимиттері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 72-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық валюталық позицияларды есептеу тәртібі мен лимиттерін айқындайды.
2. Ашық валюталық позиция – банктің талаптарының (міндеттемелерінің) жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасында немесе осы валютамен қамтамасыз етілген стейблкойнде немесе тазартылған бағалы металда сол шетел валютасында, стейблкойнде немесе тазартылған бағалы металда банктің міндеттемелерінен (талаптарынан) асып кетуі.
Ұзақ валюталық позиция – талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасында немесе осы валютамен қамтамасыз етілген стейблкойнде, немесе осы валютамен қамтамасыз етілген стейблкойнде, немесе тазартылған бағалы металда міндеттемелерінен (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасынан) асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы, стейблкойнде немесе тазартылған бағалы металдағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция – міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасында немесе осы валютамен қамтамасыз етілген стейблкойнде, немесе тазартылған бағалы металда талаптарынан (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасынан) асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы, стейблкойнде немесе тазартылған бағалы металдағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбастау бағамының (тазартылған бағалы металдар құнының) өзгеруімен анықталатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер, соның ішінде сандық түрде мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) енгізіледі.
Валюталық позицияларды есептеу кезінде ұлттық валютаның бағамы бойынша кейіннен қайта бағалаусыз есепке алынатын, шетел валютасында номинирленген және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес капитал құралы ретінде танылатын мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) ескеріледі.
Осы қаулы күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2026 жылғы 31 мамыр аралығында 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мерзімсіз қаржы құралдары шығарылған банктің жекелеген шетел валютасы (тазартылған бағалы металл) және (немесе) нетто-позициясы бойынша асып кетуі болған жағдайда ашық валюталық позиция лимиттері бұзылған болып есептелмейді.
Мөлшері бір шетел валютасынан артық айырбастау бағамының өзгеруімен анықталатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің жиынтық сомасы) Қағидалардың 3-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның ең төмен лимитін иеленетін шетел валютасындағы валюталық позициялар есебіне енгізіледі.
Әрбір шетел валютасы немесе стейблкойн бойынша және әрбір тазартылған бағалы металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледі.
Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) валюталары немесе стейблкойн (тазартылған бағалы металдар) бойынша ашық валюталық позицияларын есептеу кезінде бірінші кезекте активтер шоттарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде және банктің міндеттемелері шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы (стейблкойн, тазартылған бағалы металы) бойынша шоттардың сальдосы есептеледі.
Одан кейін ХҚЕС сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде, шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетел валютасы (стейблкойн, тазартылған бағалы металл) бойынша шоттар сальдосы анықталады.
Міндеттемелерден (талаптардан) шетел валютасындағы (стейблкойн, тазартылған бағалы металдағы) талаптардың (міндеттемелердің) асып кетуін көрсететін сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған нәтиже банктің шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.
Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзақ және (немесе) қысқа позициясы банктің меншікті капиталы мөлшерінің 50 (елу) пайызынан аспауға тиіс.
Банктің ашық ұзақ және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін туынды қаржы құралдарының тізбесіне банктер жасаған мәміле споты енгізілмейді.
Туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзақ және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарсы агенті болып табылатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, 2 (екі) күн және одан аз валюталау күнімен валюталық құралдармен айырбастау операциялары, 2 (екі) күн және одан аз валюталау күнімен валюталық своп операциялары, базалық активтері ұлттық валютадан тұрмайтын валюталық жұп болып табылатын туынды қаржы құралдары енгізілмейді.
Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетел валюталары (стейблкойн, тазартылған бағалы металдары) бойынша ұзақ позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетел валюталары (стейблкойн, тазартылған бағалы металдары) және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлігіндегі валюталық позициясы есебіне енгізіледі.
Мәмілені жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күні бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмілені жасаған күннен бастап валюталық позиция есебіне енгізіледі.
3. Банктер форвардтық келісімшарттарды банктің валюталық тәуекелін басқару мақсатында жасаған кезде және форвардтық келісімшарт бойынша контрагент мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде олармен операциялар жасайды:
өз қызметін уәкілетті орган берген лицензияға сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті-қаржы ұйымы болып табылатын болса;
өзінің орналасқан жерінің елінде банк, сақтандыру ұйымы, инвестициялық компания, инвестициялық холдинг, инвестициялық банк, брокерлік компания, басқарушы компания, сенімгерлік басқару компаниясы, биржада қаржы құралдарымен немесе туынды қаржы құралдарымен сауда бойынша мүшелігі бар компания мәртебесі бар және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы болып табылатын болса;
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВ"-ден төмен емес кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас рейтинг бар және тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген, "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен белгіленген оффшорлық аймақтарда тіркелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы болып табылатын болса;
өзінің қаржы-шаруашылық қызметі үшін форвардтық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғасы болып табылатын болса (контрагенттің төлем қабілеттілігіне, форвардтық келісімшарттың нысаналы мақсатына банк жүргізген талдаумен, контрагенттің шоттары бойынша айналымдармен және (немесе) форвардтық келісімшарт жасасу мақсатын растайтын өзге де құжаттармен расталады);
дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің 50 (елу) пайызынан астамы мемлекетке тиесілі Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы болып табылатын болса;
банктің орналастырылған (артықшылық берілген және банк сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының 50 (елу) пайызынан астамын тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлға болып табылатын болса.
Қағидалардың мақсаттары үшін форвардтық келісімшарт мынадай факторлар (бірақ олармен шектелмей) негізінде валюталық тәуекелі басқару мақсатында жасалған деп танылады:
мәміле банктің активтерін немесе міндеттемелерін валюта бағамдарының қолайсыз қозғалысынан қорғауға бағытталған құрал болып табылады;
мәміле бойынша оны орындау үшін негіздер бар;
мәміле оның мазмұнына, экономикалық тұрғыдан орынды болуына немесе ресімделуіне объективті мәселелер тудырмайды.
4. Қағидаларда ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерi белгiленедi:
1) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А"-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас рейтинг бар елдердiң шетел валютасы және "еуро" валютасы, сондай-ақ тазартылған қымбат металдар бойынша банктiң меншiктi капиталы шамасының 12,5 (он екі бүтін оннан бес) пайызынан аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзақ және қысқа) лимитi;
2) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А" төмен тәуелсiз рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас рейтинг бар елдердiң шетел валютасы және стейблкоиндер бойынша банктiң меншiктi капиталы шамасының 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзақ және қысқа) лимитi;
3) банктiң меншiктi капиталы шамасының 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
Қағидалардың ашық валюталық позиция лимиттерін сақтау жөніндегі талаптар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) банктерге, сондай-ақ егер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мақұлдаған банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, банк қызметіне байланысты оның қаржылық жағдайының нашарлауын және тәуекелдердің ұлғаюын болдырмау бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарында ашық валюталық позиция лимиттерінің мәні және ашық валюталық позиция лимиттерінің мәні қолданылатын мерзімі анықталса, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 тіркелген Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес жүйелік маңызы бар банк өлшемшарттарына сәйкес келетін банктерге қолданылмайды.
5. Ашық валюталық позицияның лимиттерi есепті апта ішінде кез келген шетел валютасы (тазартылған бағалы металл) бойынша асып түскен жағдайда кейiнгi 3 (үш) апта iшiнде бұзушылық жіберген банк үшін бұзылған валюталар (тазартылған бағалы металдар) бойынша ашық валюталық позициялардың лимиттерi осы Қағидалардың 4-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнен 5 (бес) пайыздық тармаққа азаюымен айқындалады.
Жеке алынған шетел валютасы (тазартылған бағалы металл) ашық валюталық позициясының лимиттерін бұзылуы болып мыналар есептелмейді:
0,09 (нөл бүтін жүзден тоғыз) пайыз шегінде;
банкке байланыссыз себептермен, сот шешімі бойынша банк берген қарыз валютасының өзгеру бөлігінде банк белгіленген лимиттерді асыруы.
Егер банкке қатыссыз, сот шешімі бойынша банк берген қарыз валютасының өзгеру бөлігінде банк ашық валюталық позицияларының лимиттерін асырған болса, банк ол туралы тез арада уәкілетті органға хабарлап, көрсетілген шектен асып кету айқындаған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзiмде жойылмаған жағдайда онда валюталар бойынша ашық валюталық позиция лимиттерiнiң асып кетуі көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап мұндай қалыптың бұзылуы ретінде қарастырылады.
Банк осындай асып кету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде ашық валюталық позиция лимиттерін белгіленген ең жоғары мәндерден аспайтын деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
Егер осы асып кету іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, ашық валюталық позиция лимиттерi мәндерінің асып кетуі осы асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысына 2-қосымша |
Ислам банкі сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемесі
1. Осы ислам банкі сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемесі (бұдан әрі – Ислам банктеріне арналған нормативтер) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 72-бабының 1-тармағына және 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және ислам банктері (бұдан әрі – банктер) үшін пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің шекті мәндерін және оларды есептеу әдістемесін белгілейді.
Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
Ислам банктері үшін міндетті түрде сақталуға тиіс пруденциялық нормативтер мен лимиттердің құрамына:
1) банктің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төменгі мөлшері;
2) өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенті;
3) бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері;
4) өтімділік коэффициенттері;
5) ашық валюталық позиция лимиттері;
6) банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелеріне арналған капиталдандыру;
7) банк қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент кіреді.
Осы Ислам банктеріне арналған нормативтердің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баланстық құн – қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) шегергеннен кейін заем бухгалтерлік баланста танылатын сома;
2) қарыз алушы – заем (кредит) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
3) провизиялар (резервтер) – заемның құнсыздануына қарсы құрылған резервтер;
4) стейблкоин – базалық активі ақша болып табылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіппен және шарттарда шығарылатын, орналастырылатын, айналысқа енгізілетін және өтелетін цифрлық қаржы активі;
5) цифрлық қаржы активтері – ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық активтер;
6) цифрлық қаржы құралдары – цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары.
Ислам банкі осы тармақтың екінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген цифрлық қаржы активтері мен цифрлық қаржы құралдарын, Банктер туралы заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға қайшы келмейтін бөлігінде сатып алуға құқылы.
2. Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) "ВВ+"-тен төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас рейтинг бар сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шарты сақтандырушыға пайда алушыға (банкке) сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға (жүзеге асырмауға) мүмкіндік беретін мынадай талаптарды ғана қамтиды:
сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) шығындардың орнын толтыру туралы талаптары сақтандыру сомасының мөлшерінен асатын;
залал немесе шығыстар ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, түрлі сипаттағы халық толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер нәтижесінде пайда болған;
банктік қарыз шарты жарамсыз болып танылған;
сақтандырушымен мұндай өзгерістерді жазбаша келіспей банктік қарыз шартына, кепіл шартына, кепілдік шартына немесе кепілгерлік шартына өзгерістер енгізу;
пайда алушының (банктің) сақтандырушыға сақтандыру нысаны, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы жалған мәліметтер хабарлаған;
пайда алушының (банктің) зиян үшін жауапты адамнан немесе үшінші тараптан залалдардың толық өтемін алуы;
пайда алушының (банктің) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге және келтірілген зиянның мөлшерін белгілеуге кедергі келтіруі;
пайда алушы (банк) сақтанушыға, оның ішінде сот немесе соттан тыс тәртіпте қарыз шарты бойынша өзінің талап ету құқықтарынан бас тартуы.
Сақтандыру шартында сот жарамсыз деп таныған кепіл шартын есепке алмай (шегеріп) сақтандыру төлемін жүзеге асыру талаптарын көрсетуге жол беріледі. Бұл жағдайда сақтандыру шарты сот жарамсыз деп таныған кепіл шартын шегере отырып қамтамасыз ету ретінде ескеріледі.
Банк сақтандыру шартын қамтамасыз ету ретінде қабылдаған кезде бұл шарт шартсыз франшизаны шегере отырып қабылданады.
3. Нормативтерді есептеу кезінде Нормативтердің 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктер берген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер халықаралық рейтингтік шкала бойынша рейтингтің шетелдік объектілеріне қатысты ғана пайдаланылады.
4. Ислам банктеріне арналған нормативтердің мақсаты үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) агенттіктерінің және Ислам банктеріне арналған нормативтердің 3-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда, Ислам банктеріне арналған нормативтердің 5-тармағында белгіленген өлшемшартарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын таниды.
5. Ислам банктеріне арналған нормативтердің мақсаттары үшін уәкілетті орган мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағаларын таниды:
1) рейтингтік агенттік шығу елінде реттелуге жатады және рейтингтік агенттіктің бағалауы пруденциялық реттеу шеңберінде танылады;
2) рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең аз мөлшері кемінде 600 000 000 (алты жүз миллион) теңгеге баламалы соманы құрайды;
3) объективтілік, тәуелсіздік және жауапкершілік:
рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама сенімді болып табылады және тарихи және (немесе) дефолт туралы күтілетін деректер негізінде тексеруге жатады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның өзіне қабылдаған қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетін айқындайтын барлық негізгі сандық және сапалық факторлардың толық сипаттамасын, сондай-ақ олардың кредиттік рейтингтерге және кредиттік рейтингтер бойынша болжамдарға әсерін сипаттауды қамтиды;
рейтингтік агенттікті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және рейтингтік агенттіктің қызметіне араласпайтын және рейтингтерді беру процестеріне ықпалы жоқ саяси партиялар бақыламайды;
рейтингтік агенттіктің акцияларының кемінде 10 (он) пайызын тікелей иеленетін және рейтингтік агенттіктің рейтингтік қызметіне ықпалы жоқ тұлғаларды қоспағанда, рейтингтік агенттік рейтинг беретін, растайтын немесе қайта қарайтын заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылмайды;
рейтингтік агенттіктің рейтингтік әрекеттерге қатысатын рейтингтік талдаушылары рейтингтік әрекеттерді жүзеге асыру күніне дейін соңғы 3 (үш) жыл ішінде рейтинг берілетін тұлғамен еңбек немесе іскерлік қатынастарда тұрмайды және тұрмаған, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның немесе рейтинг берілетін тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын немесе осындай тұлғаға елеулі ықпал ететін тұлғалардың бағалы қағаздарын, өзге де қаржы құралдарын немесе өзге де мүлкін тікелей немесе жанама, оның ішінде жақын туыстары арқылы иеленбейді;
рейтингтік агенттіктің ішкі аудит немесе ішкі бақылау, оның ішінде рейтингтік агенттіктің директорлар кеңесіне есеп беретін ішкі аудит функцияларын жүзеге асыратын қызметі бар;
рейтингтік агенттікте директорлар кеңесінің кемінде үштен бірі, бірақ кемінде екі мүшесі рейтингтік әрекеттерді, рейтингтік агенттіктің қызметтерін жарнамалауды және клиенттерді тарту жөніндегі өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырмайтын тәуелсіз мүшелер болып табылады;
рейтингтік агенттіктің әрбір акционерінің акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі осы рейтингтік агенттіктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызынан аспайды, егер акционер қаржы ұйымы болып табылған жағдайда, тікелей иелену үлесі 10 (он) пайыздан аспайды;
рейтингтік агенттіктің ішкі рәсімдері ақпаратты заңсыз пайдаланудың және ашудың алдын алу шараларын көздейді және ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;
4) ақпараттың ашықтығы және оны ашу:
рейтингтік агенттік рейтингтік агенттіктің интернет-ресурсында мына:
рейтингтік агенттік рейтингті айқындау кезінде қолданатын әдіснама;
соңғы жылда берілген кредиттік рейтингтердің, сондай-ақ соңғы аяқталған күнтізбелік жылдың соңындағы жағдай бойынша олардан түскен ақшалай түсімдердің үлесі рейтингтік агенттік түсімінің жылдық көлемінде 5 (бес) және одан да көп пайызды құраған рейтинг берілетін тұлғалардың және өзге де тұлғалардың тізімі туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз етеді;
5) рейтингтердің сенімділігі:
рейтингтік агенттік рейтингтік қызметті кемінде соңғы 5 (бес) жыл тұрақты негізде жүзеге асырады;
рейтингтік агенттік кредиттік рейтингті берген және қайта қараған ұйымдар саны кемінде отыз, оның ішінде соңғы 3 (үш) жылда кемінде жиырма, оның ішінде кемінде бесеуі қаржы ұйымдары болды;
рейтингтік агенттіктің рейтинг тағайындаумен тікелей айналысатын қызметкерлерінің тиісті білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар;
рейтингтік шешім қабылдайтын органның (бұдан әрі – рейтингтік комитет) қатысушысы болып табылатын, рейтингтік шешімдер қабылдау процесіне қатысатын кемінде бір қызметкердің рейтингтік агенттікте не талдамалық агенттікте не зерттеу орталығында не қаржы нарығында қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымында не аудиторлық ұйымда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар;
рейтингтік комитеттің құрамында рейтинг берілетін тұлға және (немесе) оның қаржылық міндеттемелері немесе қаржы құралдары (бұдан әрі – рейтинг объектісі) үшін жетекші рейтингтік талдаушыны, рейтингтік комитеттің төрағасын және қаралып отырған рейтинг объектісі жатпайтын, рейтинг объектілері түрінде маманданған бір рейтингтік талдаушыны қоса алғанда, кемінде бес рейтингтік талдаушы болады (егер рейтингтік агенттік рейтинг объектілерінің әр түріне қатысты рейтингтер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда);
рейтингтік агенттік берілген рейтингтерді мониторингтеуді тұрақты негізде жүзеге асырады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның қаржылық жағдайындағы, корпоративтік басқаруындағы немесе қызметінің өзге де аспектілеріндегі өзгерістерге, макроэкономикалық жағдайлардың немесе қаржы нарығы жағдайларының өзгеруіне байланысты өзгеретін факторларға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етеді, бұл рейтинг берілген немесе ол соңғы қайта қаралған күннен немесе рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама соңғы қайта қаралған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан кешіктірілмей рейтингтердің нақты жаңартуларымен расталады.
Рейтингтік агенттік уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, пруденциялық реттеу мақсаттары үшін рейтингтік агенттіктің рейтингтік бағаларын қабылдау туралы сұрау салу жібереді.
Рейтингтік агенттік осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган ресми интернет-ресурста рейтингтік агенттіктің оның рейтингтік бағаларын қабылдау туралы сұрау салуын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде рейтингтік агенттік және халықаралық рейтингтік агенттіктердің рейтингтік шкалаларының салыстырмалылығы туралы мәліметтерді жариялайды.
Рейтингтік агенттік қолданатын әдіснамаларды уәкілетті орган рейтингтік агенттік уәкілетті органға алғаш рет жүгінген кезде және жылына кемінде 1 (бір) рет валидациялайды.
Рейтингтік агенттік қолданатын әдіснамаға өзгерістер енгізген кезде рейтингтік агенттік 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде осындай өзгерістердің себептері мен салдарын көрсете отырып, уәкілетті органға ақпарат жібереді.
6. Шекті мәндер үтірден кейін үш таңбамен көрсетіледі.
1-тарау. Банктің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшері
7. Жаңадан құрылатын банк үшін жарғылық және меншікті капиталдардың ең төмен мөлшері осы Ислам банктеріне арналған нормативтердің осы тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің еншілес ұйымы болып табылатын, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шкаласы бойынша "А"-дан төмен емес ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі баржаңадан құрылатын банк үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең төмен мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
8. Басқа банктер үшін меншікті капиталының ең төмен мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
9. Банк акционерлерден осындай сатып алу уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттердің кез келгенін бұзуға әкеп соқпаған жағдайда, өз акцияларын сатып алады.
2-тарау. Меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенті
10. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі капиталдың және екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.
Ислам банктеріне арналған Нормативтердің мақсаттары үшін уәкілетті орган Standard & Poor's агенттігінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағаларымен қатар басқа рейтингтік агенттіктердің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағаларын да мойындайды.
Ислам банктеріне арналған Нормативтердің мақсаттары үшін халықаралық қаржы ұйымдарына мынадай ұйымдар жатады:
Азия Даму Банкі (the Asian Development Bank);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Африка Даму Банкі (the African Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);
Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (ICD);
Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі;
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);
Халықаралық валюта қоры;
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation).
11. Бірінші деңгейдегі капитал негізгі капитал мен қосымша капиталдың сомасы ретінде есептеледі:
1) негізгі капитал:
Ислам банктеріне арналған Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес банк капиталының құрамындағы құралдарды сыныптауға арналған Өлшемшарттарда көзделген негізгі капиталдың қаржы құралдарының өлшемшарттарына сәйкес келетін, төленген жай акциялардың;
қосымша төленген капиталдың;
өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының;
ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының;
Ислам банктеріне арналған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының 3510 "Резервтік капитал" баланстық шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде айқындалатын жинақталған ашылған резервтің;
негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау резервтерінің және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтерінің;
басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздардың құнын қайта бағалау резервтерінің;
мынадай реттеуіш түзетулерді шегергенде:
меншікті сатып алынған жай акцияларды;
гудвиллді қоса алғанда, материалдық емес активтерді;
өткен жылдардың және ағымдағы жылдың шығындарын;
шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бір бөлігін қоспағанда, кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін шегергендегі кейінге қалдырылған салық активінің;
басқа да қайта бағалау бойынша резервтердің;
активтерді секьюритилендіру транзакцияларымен байланысты сатудан түскен кірістердің сомасы ретінде есептеледі. Мұндай кірістерге болашақта толық немесе ішінара кірісті күтуге байланысты секьюритилендіру шарттарынан алынған болашақ кезеңдердің кірісі жатады;
осындай міндеттеме бойынша кредиттік тәуекелдің өзгеруіне байланысты қаржылық міндеттеменің әділ құнының өзгеруінен түскен кірістердің немесе болған шығындардың;
қосылған капиталдан шегерілуге тиіс, бірақ оның жеткіліксіз деңгейіне байланысты негізгі капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулердің;
Ислам банктеріне арналған Нормативтердің 12-тармағында көрсетілген инвестициялардың сомасы ретінде есептеледі;
2) қосымша капиталға Ислам банктеріне арналған Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін мерзімсіз шарттар қосылады, олардың нәтижесінде бірмезгілде бір тұлғада қаржы активі және екінші тұлғада қаржылық міндеттеме немесе заңды тұлғаның барлық міндеттемелерін басқа тұлғадан шегергеннен кейін қалған оның активтерінің үлесіне құқығын растайтын өзге қаржы құралы (бұдан әрі – мерзімсіз қаржы құралдары) туындайды, сондай-ақ Ислам банктеріне арналған Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін, ақысы төленген артықшылықты акциялар қосылады.
Қосымша капитал мөлшері мынадай реттеушілік түзетулердің:
банктің меншікті мерзімсіз қаржы құралдарына тікелей не жанама тәсілмен жасалатын инвестициялардың;
банктің сатып алынған меншікті артықшылықты акцияларының;
Ислам банктеріне арналған Нормативтердің 12-тармағында көрсетілген инвестициялардың;
екінші деңгейдегі капиталдан шегерілуге тиіс, бірақ оның деңгейінің жеткіліксіз болуына байланысты қосымша капиталдан шегерілетін реттеушілік түзетулердің сомасына азаяды.
Егер банктің қосымша капиталының сомасы шегеруді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болса, онда қалған бөлігі банктің негізгі капиталынан шегеріледі.
2022 жылғы 1 наурыздан кейін туындаған теріс қайта бағалау түріндегі, өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының, сондай-ақ Ресей Федерациясы эмитенттерінің бағалы қағаздарының құнын қайта бағалау резерві негізгі капитал сомасын есептеуге 12 (он екі) ай ішінде кезең-кезеңмен теріс қайта бағалау сомасының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде қосылады.
12. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХЕҚС) сәйкес банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне), мерзімсіз қаржы құралдарына, субординарлық борышына (бұдан әрі – қаржы құралдары) банк инвестицияларының капиталынан шегеру, сондай-ақ кейінге қалдырылған салық активтерін шегеру, мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
егер банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде 10 (он) пайызына ие қаржы ұйымдарының қаржы құралдарына банктің инвестициялары жиынтығында Ислам банктеріне арналған Нормативтердің 11-тармағында көрсетілген реттеушілік түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан асатын болса, асып кету сомасы меншікті капиталдан шегерілуге тиіс;
егер банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестициялары жиынтығында Ислам банктеріне арналған Нормативтердің 11-тармағында және осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген реттеушілік түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан асатын болса, асып кету сомасы негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;
егер шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бір бөлігі Ислам банктеріне арналған Нормативтердің 11-тармағында және осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген реттеушілік түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан асатын болса, асып кету сомасы негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;
егер банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестициялары және шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бір бөлігі жиынтығында Ислам банктеріне арналған Нормативтердің 11-тармағында көрсетілген реттеушілік түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталы айырмасының 17, 65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан және осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуі тиіс сомадан асатын болса, асып кету сома негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;
осы тармақтың бесінші абзацына сәйкес есептелген асып кету сомасы осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуге тиіс сомаға азайтылады;
осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген қаржы құралдарына инвестицияларды шегеру қаржы құралдарына инвестициялардың жалпы сомасындағы инвестициялардың үлесіне қарай меншікті капиталдың тиісті деңгейінен жүзеге асырылады;
11-тармаққа және осы тармақтың төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарына сәйкес шегеруді есептеу мақсатында кейінге қалдырылған салық активтері шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің және өзге де кейінге қалдырылған салық активтерінің арасында тепе-тең негізде гудвиллді қоса алғанда, материалдық емес активтерді есептемегенде, кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің сомасына азаяды;
банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымдарының мерзімсіз қаржы құралдарына банктің инвестициясы қосымша капиталдан шегерілуге тиіс;
егер қосымша капитал сомасы шегеруді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болса, сома банктің негізгі капиталынан шегеріледі;
заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымдарының субординарлық борышына банктің инвестициялары екінші деңгейдегі капиталдан шегерілуге тиіс;
егер екінші деңгейдегі капитал сомасы шегеруді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болса, сома банктің бірінші деңгейдегі капиталынан шегеріледі.
Меншікті капитал есебінен шегерілмейтін инвестициялар Ислам банктеріне арналған Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесiне сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
13. Екінші деңгейдегі капитал мынадай сомалардың жиынтығы ретінде есептеледі:
банктің сатып алынған меншікті субординарлық борышын шегергендегі субординарлық борыш;
Ислам банктеріне арналған нормативтердің 12-тармағында көрсетілген инвестицияларды шегергенде.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтеу мерзімі 5 (бес) жылдан кем субординарлық борыш мөлшері 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша енгізілген мөлшерде екінші деңгейдегі капитал есебіне қосылуын жалғастырады және жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша субординарлық борыш сомасының 20 (жиырма) пайызына азайтылады.
14. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай коэффициенттермен:
1) негізгі капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті (k1):
негізгі капиталдың:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;
операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен;
2) бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k1-2):
бірінші деңгейдегі капиталдың:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;
операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен;
3) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k2):
меншікті капиталдың:
кредит тәуекелі дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелі ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел сомасына қатынасымен сипатталады.
k1, k1-2 және k2 коэффициенттерінің есебіне қабылданатын тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер ХҚЕС-қа сәйкес қалыптастырылған резервтер шегеріле отырып қосылады.
Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері және консервациялық буфер мен жүйелік буферді есептегендегі Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген.
Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төмен мәндері Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес белгіленген мәндер мен SREP нәтижелері немесе SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысының сомасы ретінде айқындалады.
SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тұрақты AQR аясына кірмеген банктерге қатысты қолданылады.
SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы мөлшерінің диапазоны кредит тәуекелі дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер, нарықтық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, операциялық тәуекел сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейінгі аралықты құрайды.
SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тұрақты AQR аясына кірген банктерге қатысты қолданылады.
SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы мөлшерінің диапазоны кредит тәуекелі дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер, нарықтық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, операциялық тәуекел сомасының 0 (нөл) пайызынан 6 (алты) пайызына дейін аралықты құрайды.
SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы, SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы жыл сайын белгіленеді. SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы, SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы тиісті үстемеақының жаңа мөлшері белгіленгенге дейін қолданылады.
Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне қосымша меншікті капитал буферлерінің мынадай мәндері белгіленеді:
консервациялық буферге қойылатын талап тұрақты негізде орындалады және мынаны құрайды:
банктер үшін – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;
жүйелік маңызы бар банктер үшін – 3 (үш) пайыз;
енгізу мөлшері мен мерзімдері "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-2-бабы төртінші бөлігінің 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтермен және лимиттермен, олардың нормативтік мәндерімен және есептеу әдістемесімен айқындалатын контрциклдік буфер және секторлық контрциклдік буфер;
жүйелік буфер, оны есептеуге қойылатын талаптар жүйелік маңызы бар, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген "Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес жүйелік маңызы бар деп танылған банктерге қолданылады. Жүйелік буферге қойылатын талап 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрақты негізде орындалады және тәуекелдер ескеріле отырып сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 1 (бір) пайызын құрайды;
қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган айқындаған оқиғалардың дамуының болжамды (стрестік) сценарийлеріне банктердің қаржылық орнықтылығы тәуекелдерін қамтитын қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер. Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер мөлшері кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер, нарықтық тәуекел, операциялық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейін аралықты құрайды.
Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер жыл сайын белгіленеді және буфердің жаңа мөлшері белгіленгенге дейін қолданылады.
Егер банк капиталы жеткіліктілігінің k1, k1-2 және k2 коэффициенттерінің нақты мәндері осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндерінен төмен емес, бірақ бұл ретте көрсетілген коэффициенттердің кез келгені меншікті капитал буферлерін есептегендегі коэффициенттердің белгіленген мәндерінен төмен болса, онда банктің бөлінбеген таза кірісін пайдалануға "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дивидендтер төлеуді тоқтату және акцияларды кері сатып алу бөлігінде Ислам банктеріне арналған Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Бөлінбеген таза кірісті шектеудің ең төмен мөлшеріне сәйкес шектеу қойылады.
Меншікті капитал буферлерін есептегендегі меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне Ислам банктеріне арналған Нормативтердің 11-тармағына сәйкес негізгі капитал құрауыштарының есебінен қол жеткізіледі.
SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы және SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы меншікті капиталға белгіленеді және негізгі капитал (k1) есебінен кемінде 56,25 (елу алты бүтін жүзден жиырма бес) пайызға, бірінші деңгейдегі капитал (k1-2) есебінен кемінде 75 (жетпіс бес) пайызға өтеледі, оның тізбесі Нормативтердің 11-тармағында белгіленген.
Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер негізгі капиталға белгіленеді.
Ислам банктеріне арналған нормативтердің осы тармағының талаптарына сәйкес есептелген меншікті капитал буферлерінің мөлшері бухгалтерлік есепте көрсетілмейді.
SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша және қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы мен буферді қоспағанда, меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін уәкілетті орган кемінде 3 (үш) жылда бір рет қайта қарайды.
Осы Ислам банктеріне арналған нормативтердің мақсаттары үшiн SREP деп банктің бизнес моделін, капитал тәуекелдерін, өтімділік тәуекелін, корпоративтік басқару жүйесін бағалауды сандық және сапалық талдау арқылы тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді бағалаудың жыл сайынғы қадағалау процесі түсініледі, тұрақты AQR деп тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктердің активтері мен шартты (ықтимал) міндеттемелерінің сапасын жыл сайынғы бағалау түсініледі.
15. Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді есептеу Ислам банктеріне арналған нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерінің кестесіне сәйкес және Ислам банктеріне арналған нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді тәуекел дәрежесі бойынша саралау мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер ХҚЕС-ке сәйкес олар бойынша құрылған резервтер сомасына азайтылады.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын шартты және ықтимал міндеттемелер Ислам банктеріне арналған нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының банк кредиттік тәуекелдерді көтеретін қарсы агенттің Ислам банктеріне арналған нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерінің кестесінде көрсетілген санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Нарықтық тәуекелді есептегенде активтерді, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелерді есептеу Ислам банктеріне арналған нормативтердің 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
Операциялық тәуекелді есептеу Ислам банктеріне арналған нормативтердің 33-тармағына сәйкес жүргізіледі.
16. Нарықтық тәуекелді есептегендегі активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне (валюталардың айырбастау бағамдарының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекелді қоспағанда) банктер нарықтық құны бойынша есепке алатын, оларды сатып алу жылынан кейін 3 (үш) жыл ішінде көрсетілген кезеңде сатып алу құны мен сату құнының арасындағы айырмасынан кіріс алу үшін сату мақсатында сатып алынған активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер (бұдан әрі – нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары) кіреді.
17. Нарықтық тәуекелді есептегендегі активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер 12,5-ке тең сәйкес келтіру коэффициентінің және мыналардың:
нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекелдің;
валюталардың айырбастау бағамдарының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекелдің;
нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тауар-материалдық қорлар бойынша тәуекел сомасына көбейтіндісі ретінде есептеледі.
18. Сату мақсатында сатып алынған акциялардың, исламдық бағалы қағаздардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекелдің есебі акцияларға айрықша тәуекел мен акцияларға жалпы тәуекел сомасын білдіреді.
Акцияға айрықша тәуекел мен акцияға жалпы тәуекелдің есебіне нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар мынадай қаржы құралдары:
акциялар (артықшылық берілген акцияларды қоспағанда);
исламдық бағалы қағаздар;
осы тармақтың үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарға индекс қосылады.
19. Айрықша тәуекел мен жалпы тәуекелді есептеу үшін Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушысының немесе халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде сатылатын акциялардың немесе акциялар индексiнің нарықтық құнының өзгеруiне байланысты әрбір қаржы құралы бойынша ашық (ұзақ немесе қысқа) позициялар айқындалады.
Белгiлi бір акциялардың немесе акцияларға белгiлi бір индекстің нарықтық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық (ұзақ немесе қысқа) позиция белгiлi бір акциялардың немесе акцияларға белгілі бір индекстiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты, оның ішінде белгілі бір акцияларды сатуға талаптарды немесе акцияларға белгілі бір индекс бойынша төлемдерді жүзеге асыруға талаптарды білдіретін қаржы құралдарының сомасы мен белгілі бір акциялардың немесе акцияларға белгілі бір индекстің нарықтық бағасының өзгеруіне байланысты, оның ішінде белгілі бір акцияларды сатуға міндеттемелерді немесе акцияларға белгілі бір индекс бойынша төлемдерді жүзеге асыру міндеттемелерді білдіретін қаржы құралдары сомасының арасындағы айырманы білдіреді.
20. Акциялардың немесе акцияларға индекстің нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша айрықша тәуекел көрсетілген қаржы құралдары бойынша ашық позициялардың (ұзақ және қысқа) 0,08-ке тең ерекше тәуекел коэффициенті бойынша сараланған сомасын білдіреді.
21. Жалпы тәуекел 0,08-ке тең жалпы тәуекел коэффициентінің және белгiлi акциялардың немесе акцияларға белгiлi индекстің нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша ұзын позициялар сомасы мен қысқа позициялар сомасы арасындағы айырмасының туындысын білдіреді.
22. Банктің сауда портфелінде исламдық бағалы қағаздар болған кезде нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекелдің есебі айрықша тәуекел мен жалпы тәуекелдің сомасын білдіреді.
23. Исламдық бағалы қағаздар бойынша айрықша тәуекел Ислам банктеріне арналған нормативтердің 24-тармағына сәйкес айрықша тәуекел коэффициенттері бойынша сараланған, нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар ашық позициялардың сомасын білдіреді.
24. Нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар исламдық бағалы қағаздар бойынша ашық позициялар айрықша тәуекел коэффициенттері бойынша мынадай тәртіппен мөлшерленеді:
1) 0 (нөл) пайыз коэффициенті бойынша – нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары, оның ішінде оригинатор – ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг құрған исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық бағалы қағаздар, сондай-ақ мемлекеттік мәртебесі бар, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктері шығарған исламдық бағалы қағаздар;
0,25 (нөл бүтін жүзден жиырма бес) пайыз коэффициенті бойынша – өтеу мерзімі 6 (алты) айдан кем, нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары, оның ішінде оригинатор – дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 100 (бір жүз) пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға құрған исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық бағалы қағаздар, сондай-ақ мемлекеттік мәртебесі бар, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "А+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктері шығарған исламдық бағалы қағаздар, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының ресми тізіміне енгізілген және Ислам банктеріне арналған нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес халықаралық қор биржалары ретінде танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тізіміне енгізілген исламдық бағалы қағаздар;
3) 1 (бір) пайыз коэффициенті бойынша – Ислам банктеріне арналған нормативтердің осы тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, өтеу мерзімі 6 (алты) айдан 24 (жиырма төрт) айға дейінгі, нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары;
4) 1,6 (бір бүтін оннан алты) пайыз коэффициенті бойынша – Ислам банктеріне арналған нормативтердің осы тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, өтеу мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан асатын, нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары;
5) 8 (сегіз) пайыз коэффициенті бойынша – Ислам банктеріне арналған нормативтердің осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары.
25. Исламдық бағалы қағаздар бойынша жалпы нарықтық тәуекел мына сомаларды білдіреді:
әрбір уақыт аралығында жабық сараланған позициялар сомасының 10 (он) пайызы;
1-аймақтың жабық сараланған позициясы мөлшерінің 40 (қырық) пайызы;
2-аймақтың жабық сараланған позициясы мөлшерінің 30 (отыз) пайызы;
3-аймақтың жабық сараланған позициясы мөлшерінің 30 (отыз) пайызы;
1 және 2-аймақтары арасындағы жабық сараланған позиция мөлшерінің 40 (қырық) пайызы;
2 және 3-аймақтары арасындағы жабық сараланған позиция мөлшерінің 40 (қырық) пайызы;
1 және 3-аймақтары арасындағы жабық сараланған позиция мөлшерінің 100 (бір жүз) пайызы;
қалған ашық сараланған позиция мөлшерінің 100 (бір жүз) пайызы.
26. Сараланған позициялар мынадай тәртіппен есептеледі:
1) нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты исламдық бағалы қағаздар бойынша ашық позицияның мөлшерін айқындау;
2) уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу Нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады:
нарықтық құнның өзгеруіне байланысты исламдық бағалы қағаздар уақыт аралықтары бойынша кезекті төлем күніне дейін қалған мерзімге қарай бөлінеді;
нарықтық құнның өзгеруіне байланысты исламдық бағалы қағаздар уақыт аралықтары бойынша кірістілік мөлшерлемесін қайта қарау күніне дейін қалған мерзімге қарай бөлінеді;
орындау мерзімі екі уақыт аралықтың шегінде тұрған исламдық бағалы қағаздар ертерек келетін уақыт аралығына бөлінеді;
3) әрбір уақыт аралығының ішінде барлық ұзақ және қысқа ашық позициялар қосылады;
4) әрбір уақыт аралығы бойынша жиынтық ұзақ және жиынтық қысқа позициялар уақыт аралығына сәйкес келетін коэффициентке мөлшерленеді;
5) әрбір уақыт аралығы бойынша ашық сараланған және жабық сараланған позициялар анықталады.
Әрбір уақыт аралығының сараланған ұзақ және қысқа позициялары өзара есепке алынады.
Әрбір уақыт аралығы бойынша сараланған ұзақ және қысқа позициялардың толық өзара есепке алынуға жататын бөліктерінің сомасы уақыт аралығының жабық сараланған позициясын білдіреді. Ұзақ және қысқа позициялардың өзара есепке алуға жатпаған немесе өзара есепке алынбай қалған бөлігі қосылып, уақыт аралығының сараланған ұзақ немесе қысқа позициясын құрайды.
Уақыт аралықтары мынадай аймақтар бойынша топтастырылады:
1-аймаққа 1 (бір) жылдан аз 4 (төрт) уақыт аралығы кіреді, оның ішінде 1 (бір) айдан аз, 1 (бір) айдан 3 (үш) айға дейін, 3 (үш) айдан 6 (алты) айға дейін, 6 (алты) айдан 12 (он екі) айға дейін;
2-аймаққа 1 (бір) жылдан 4 (төрт) жылға дейінгі 3 (үш) уақыт аралығы кіреді, оның ішінде 1 (бір) жылдан 2 (екі) жылға дейін, 2 (екі) жылдан 3 (үш) жылға дейін, 3 (үш) жылдан 4 (төрт) жылға дейін;
3-аймаққа 4 (төрт) жылдан асатын (6) алты уақыт аралығы кіреді, оның ішінде 4 (төрт) жылдан 5 (бес) жылға дейін, 5 (бес) жылдан 7 (жеті) жылға дейін, 7 (жеті) жылдан 10 (он) жылға дейін, 10 (он) жылдан 15 (он бес) жылға дейін, 15 (он бес) жылдан 20 (жиырма) жылға дейін, 20 (жиырма) жылдан астам.
Әрбір аймақтың уақыт аралықтары бойынша ұзақ немесе қысқа сараланған позициялар өзара есепке алынуға жатады. Әрбір аймақтағы әртүрлі уақыт аралықтарының ұзақ немесе қысқа позицияларының өзара есепке алынуға жататын бөліктерінің сомасы аймақтың жабық сараланған позициясын білдіреді.
Әрбір аймақтағы әртүрлі уақыт аралықтарының сараланған ұзақ немесе қысқа позицияларының өзара есепке алынуға жатпаған немесе өзара есепке алынбай қалған бөлігі қосылады және әрбір аймақтың сараланған ұзақ немесе қысқа позициясын құрайды;
6) аймақтардың арасында ашық және жабық сараланған позициялары анықталады.
1-аймақтың ашық сараланған ұзақ (қысқа) позициясы 2-аймақтың ашық сараланған ұзақ (қысқа) позициясымен өзара есепке алынады.
1-аймақтың және 2-аймақтың сараланған ұзақ немесе қысқа позициялары мөлшерлерінің толық өзара есепке алынуға жататын бөліктерінің сомасы 1 және 2-аймақтар арасындағы жабық сараланған позицияны білдіреді.
2-аймақтың ашық сараланған ұзақ (қысқа) позициясы 3-аймақтың ашық сараланған ұзақ (қысқа) позициясымен өзара есепке алынады.
2-аймақтың және 3-аймақтың сараланған ұзақ немесе қысқа позициялары мөлшерлерінің толық өзара есепке алынуға жататын бөліктерінің сомасы 2 және 3-аймақтар арасындағы жабық сараланған позицияны білдіреді.
1-аймақтың ашық сараланған ұзақ (қысқа) позициясы 3-аймақтың ашық сараланған ұзақ (қысқа) позицияларымен өзара есепке алынады.
1-аймақтың және 3-аймақтың сараланған ұзақ немесе қысқа позициялары мөлшерлерінің толық өзара есепке алынуға жататын бөліктерінің сомасы 1 және 3-аймақтар арасындағы жабық сараланған позицияны білдіреді.
Аймақтар арасындағы өзара есептесуден кейiн қалған ашық сараланған позициялар қалған ашық сараланған позицияны жасай отырып, жиынтықталады.
Исламдық бағалы қағаздардың жалпы нарықтық тәуекелін есептеу Нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
27. Шетел валюталарының айырбастау бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер бойынша тәуекелдің есебі 0,08 тең валюталық тәуекел коэффициентінің және мына:
әрбір шетел валютасы бойынша ашық қысқа позициялардың (абсолюттік мәні бойынша) және бағалы металдар бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позициялардың (абсолюттік мәні бойынша);
әрбір шетел валютасы бойынша ашық ұзақ позициялардың (абсолюттік мәні бойынша) және бағалы металдар бойынша ашық (ұзақ немесе қысқа) позициялар (абсолюттік мәні бойынша) сомаларының бірінің ең жоғары мәнінің туындысын білдіреді.
Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция Ислам банктеріне арналған нормативтердің 54-тармағына сәйкес есептеледі.
28. Әрбiр шетелдiк валюта (қымбат металл) бойынша ашық (ұзақ немесе қысқа) позиция есебiне активтердiң, шартты және мүмкiн талап етулер мен шетел валютасы (қымбат металл) бойынша көрсетiлген немесе белгiленген мiндеттемелер енгiзiледi, оның iшiнде:
шетел валютасымен (қымбат металл) көрсетiлген (белгiленген) активтер мен мiндеттемелердiң нарықтық (әдiл) құны арасындағы айырма;
форвард немесе фьючерс және опцион операциялары бойынша алынған және төленген шетел валютасының (қымбат металл) мөлшерлерi арасындағы айырма;
шетел валютасымен көрсетiлiп (белгiленiп) алынған және берiлген кепiлдiктер арасындағы айырма.
Аталған айырмалардың оң мәндерi шетел валютасы (қымбат металл) бойынша ашық ұзақ позицияларды, ашық терiс мәндер - шетел валютасы (қымбат металл) бойынша қысқа позицияларды көрсетедi).
29. Шетел валютасының айырбастау бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер ашық валюталық позицияның есебіне ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегере отырып енгізіледі.
30. Тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тауар-материалдық қорлар бойынша тәуекел банктер сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит беру арқылы сауда қызметін қаржыландыру мақсатында коммерциялық кредит беру туралы шартқа немесе лизинг (жалға беру) талаптарымен инвестициялық қызметті жүзеге асыру мақсатында мүліктің лизингі (жалға беру) туралы шартқа сәйкес қайта сатуға арналған бағалы металдарды (шетел валюталарының айырбастау бағамының өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер бойынша тәуекелдің есебіне алынатын алтын мен күмісті қоспағанда) қоса алғанда, активтерді тауар-материалдық қорлар түрінде ұстаған кезде туындайды.
31. Тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тауар-материалдық тәуекелдің шамасы әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша былай есептеледі:
1) әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша ұзақ және қысқа позициялар барлық ұзақ және қысқа позицияларды жинақтау арқылы есептеледі;
2) әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша таза позиция тиісінше тауар (тауарлық топ) бойынша ұзақ және қысқа позициялар арасындағы айырма ретінде есептеледі;
3) әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша брутто-позиция тиісінше тауар (тауарлық топ) бойынша ұзақ және қысқа позициялар сомасы ретінде позиция белгісін ескерместен есептеледі.
Тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тауар-материалдық тәуекелдің шамасы әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша тауар-материалдық тәуекел шамасының сомасына тең. Әрбір тауар бойынша тауар-материалдық тәуекелдің шамасы мынадай мәндер сомасына:
әрбір тауар бойынша таза позиция шамасының 15 (он бес) пайызына;
әрбір тауар бойынша брутто-позиция шамасының 3 (үш) пайызына тең.
32. Банк үшін валюта тәуекелі болатын тауар позициясын қаржыландыру, сондай-ақ капиталды есептеу мәні болып табылады және капиталға қойылатын талап валюта тәуекеліне сәйкес анықталады.
33. Операциялық тәуекел соңғы өткен 3 (үш) жылдағы жылдық жалпы кiрiстiң орташа шамасы көбейтіндісіне 12,5-ке тең сәйкес келтіру коэффициентiнің 0,08-кe тең операциялық тәуекел коэффициентiне көбейтіндісі ретінде есептеледi.
Соңғы өткен 3 (үш) жыл iшiндегi жылдық жалпы кірістің орташа шамасы осы жылдардың әр жылы сайын банктiң таза кіріс алған соңғы өткен 3 (үш) жылдағы жылдық жалпы кіріс сомасының банктiң таза кіріс алған жылдарының санына қатынасы ретiнде есептеледi.
Жаңадан құрылған банктер үшiн операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледi және жылдық жалпы кiрiстiң орташа мәні өткен жылдар санын ескере отырып есептеледi.
Жылдық жалпы кіріс жиынтық кірістің, корпоративтік табыс салығының, қамтамасыз етуге арналған қаржының жиынтық шығыстарды, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі сомасы ретінде айқындалады.
Операциялық тәуекел есебіне банк шығын шеккен, бірақ провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді шегергенде қамтамасыз етуге арналған қаржыны ескере отырып, оң жалпы кіріс алынған жыл енгізіледі.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкес келтіру коэффициентінің мәні 13,3-ке тең, операциялық тәуекел коэффициентінің мәні - 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкес келтіру коэффициентінің мәні 12,5-ке тең, операциялық тәуекел коэффициентінің мәні - 0,08-ге тең.
34. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражатқа банк кепілдік бермейді және мұндай зияндар банктің кінәсі бойынша туындаған жағдайды қоспағанда, инвестициялардан келтірілген кез келген зиянды инвестициялық депозиттерді ұстаушылар көтереді. Мұндай активтер бойынша коммерциялық тәуекел банк үшін нормативтік капиталды құруды талап етпейді. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер тәуекел деңгейі бойынша сараланатын активтер есебінен алып тасталынады.
3-тарау. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері
35. "Бір қарыз алушы" терминін Ислам банктеріне арналған нормативтердің 38-тармағында көрсетілген, банкте талаптары бар немесе талаптары туындауы мүмкін әрбір жеке және заңды тұлға деп түсіну керек.
Екі немесе одан да көп қарыз алушылардан құралған топтың тәуекел мөлшері, егер қарыз алушылардың әрқайсысының тәуекел мөлшері банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан асатын болса, бір қарыз алушы үшін жиынтығында, сондай-ақ мынадай жағдайлардың бірі болған кезде есептеледі:
қарыз алушылардың бірі ірі қатысушы (акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесінің немесе дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға, коммандиттік серіктестікте толық серіктестік, толық серіктестікке қатысушы), үлестес тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағасы-інісі немесе апасы-сіңлісі, атасы, әжесі, немересі), жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы, басқа қарыз алушының бірінші басшысы, не басқа қарыз алушымен мәміле жасауға мүдделі тұлға;
ірі қатысушы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе қарыз алушының бірінің бірінші басшысы не бір қарыз алушымен мәміле жасауға мүдделі тұлға - ірі қатысушы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе басқа қарыз алушының бірінші басшысы не басқа қарыз алушымен мәміле жасауға мүдделі тұлға болып табылады;
ірі қатысушы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе қарыз алушының бірінің бірінші басшысы не бір қарыз алушымен мәміле жасауға мүдделі, ірі қатысушы болып табылатын тұлға, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе бірінші басшысы болып табылады не ірі қатысушының, жақын туысының, жұбайының (зайыбының), жұбайының (зайыбының) жақын туысының немесе басқа қарыз алушының бірінші басшысының не басқа қарыз алушымен мәміле жасауға мүдделі тұлғаның мәміле жасауға мүдделі тұлғасы болып табылады;
қарыз алушылардың бірінің банктен қарызға алған ақшасын басқаға пайдалануға беретін қарыз берушінің меншікті капиталынан асатын мөлшерде бергендігін растайтын жеткілікті негіздер бар болса;
қарыз алушылардың банктің қарыз алушылары болып табылмайтын сол бір үшінші тұлғаға пайдалануға осы қарыз алушылардың жиынтық меншікті капиталынан асатын мөлшердегі банктен алынған қарызды бірлесіп немесе жекелей бергенін растайтын жеткілікті негіздер бар болса;
қарыз алушылар бір-бірімен қарыз алушылардың бірінің (Қазақстан Республикасының банктерін қоспағанда) ортақ не басқа қарыз алушының міндеттемелері бойынша оның активтерінің 10 (он) пайызынан асатын сомада субсидиарлық жауапкершілігі бар болатындай байланысты болса;
бір қарыз алушының лауазымды тұлғасы банктің басқа қарыз алушыларының қызметіне қаржылық жағынан мүдделі болса;
консорциумның мүшелері болып табылатын қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушылар өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгілері бар өзге құжат арқылы байланысты болса;
қарыз алушылар бір-бірімен мынадай түрде байланысты болып танылады: олардың біреуі басқа қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде кепіл мүлкін, кепілдікті, кепілгерлікті ұсынған жағдайда, сақтандыру полистері, резервтік аккредитивтер, кепілгерліктер, сондай-ақ "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және олардың еншілес ұйымдарының, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының, экспортты қолдау функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компанияның, халықаралық қаржы ұйымдарының, қаржы ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің кепілдіктері түрінде берілген қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, егер олардың рейтингі Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "B"-дан төмен емес немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне сәйкес келсе;
қарыз алушылар сақтандыру полистері, резервтік аккредитивтер, кепілгерліктер, сондай-ақ "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және олардың еншілес ұйымдарының, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның, Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) "B"- дан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері түрінде берілген қамтамасыз етудің болу жағдайларын қоспағанда, қарыз алушылардың бірі басқа қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз етуге кепіл мүлкін, кепілдік, кепілгерлік бергендей байланысты болса;
төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін қарыз алушылар:
мынадай мемлекеттердің аумағында: Андорра князьдігінде, Лихтенштейн князьдігінде, Либерия Республикасында, Монако князьдігінде, Маршалл аралдарында (Маршалл аралдары республикасында) тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады;
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған офшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады;
осы тармақтың екінші бөлігінің он үшінші және он төртінші абзацтарында көрсетілген мемлекеттердің тіркелген немесе азаматтары болып табылатын ірі қатысушылары, үлестес тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы қарыз алушылармен мәміле жасауға мүдделі тұлғалары бар;
қарыз алушылар бір-бірімен Банктер туралы заңда көзделген басқа негіздер бойынша байланысты болса;
қарыз алушылар жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі жобаның тапсырыс берушісін, салынып жатқан объектінің құрылысына үлестік қатысушыларды және үлестік қатысушылардың кепілгерлерін қоса алғанда, жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі жобаның қатысушылары болып табылады. Осы абзацта аталған қарыз алушылар тобы құрған бір қарыз алушының тәуекел мөлшері салынып жатқан объектінің құрылысына үлестік қатысушылардың және (немесе) үлестік қатысушылардың кепілгерлерінің қатысуымен жасалған топ үшін Ислам банктеріне арналған Нормативтің осы тармағының екінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарына сәйкес бір қарыз алушының тәуекел мөлшерінің жиынтық есебіне қабылданбайды.
36. Егер мемлекет екі немесе одан да көп заңды тұлғалардың ірі қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшері, егер басқа ірі қатысушылар, сондай-ақ қарыз алушылардың осы тобына қатысты тәуекел мөлшерін жиынтықта бір қарыз алушының тәуекел мөлшері ретінде есептеу қажет Ислам банктеріне арналған Нормативтердің 35-тармағында белгіленген өзге жағдайлар болмаса, бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері ретінде есептелмейді.
37. Ислам банктеріне арналған Нормативтердің 35-тармағының қарыз алушылар тобын тану жөніндегі талаптары мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілген заңды тұлғаларға қолданылмайды.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының 25 (жиырма бес) және одан көп пайызына тікелей (банктер бойынша – жанама) иелік етуі нәтижесінде үлестес болып табылатын 2 (екі) және одан көп ұйым (оның ішінде банктер) бір қарыз алушы және (немесе) банкпен ерекше қатынастағы тұлға ретінде танылмайды.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың бірімен үлестес немесе көрсетілген банктердің бірімен ерекше қатынастағы заңды және (немесе) жеке тұлғалар, сондай-ақ басқа ұйымның үлестес тұлғаларымен бір қарыз алушы немесе көрсетілген банктердің бірімен ерекше қатынастағы тұлғалар болып танылмайды.
Банктің екі және одан көп еншілес ұйымдарынан тұратын тобы, егер:
олар олардың жарғылық капиталындағы банктің ірі қатысуы арқылы байланысты болса;
банктің лауазымды тұлғалары осындай еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып табылса қарыз алушылар тобы деп танылмайды.
38. Бір қарыз алушыға келетін, оның ішінде банктің тәуекел мөлшері (Р):
1) қарыздар, салымдар, дебиторлық берешек, бағалы қағаздар (Ислам банктеріне арналған нормативтердің 12-тармағында көрсетілген инвестицияларды қоспағанда), цифрлық қаржы құралдары мен цифрлық қаржы активтері;
2) Ислам банктеріне арналған Нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша алынған шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;
3) банкте секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ қарыз алушыларға қатысты секьюритирлендірілген активтер;
4) секьюритилендіру позициялары;
5) Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының резидент банктеріне және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріне Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтерінің кестесіне сәйкес кредиттік тәуекел ескере отырылып сараланған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар;
6) металл шоттар бойынша талаптар;
мыналар түрінде қарыз алушыға қойылатын талаптарды алып тастағанда:
исламдық қаржыландыру шеңберінде инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер, банктің балансында тұрған немесе қаржыландыруы Банктер туралы заңның 56-бабының 2-тармағына сәйкес қайтаруға кепілдік берілген активтерді қоспағанда;
мыналар:
ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомалары, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары:
исламдық банк депозиттерін қоспағанда, осы міндеттеме бойынша қамтамасыз ету ретінде банктің иелігіне берілген салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде цифрлық қаржы құралдары немесе осындай базалық активі бар цифрлық қаржы активтері түрінде;
шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "AA"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар, не осындай базалық активі бар цифрлық қаржы активтері;
тазартылған қымбат металдар;
тауардың шығу тегі туралы сертификаты және таза алтынның құрамы туралы кемінде 10 (он) пайыз химиялық талдауы бар өңделмеген бағалы металдар (құйма түріндегі Доре қорытпасы);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдіктері;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері шығарған, Халықаралық резервтік аккредитивтер практикасына (International Standby Practices, ISP98) немесе Талап бойынша кепілдіктерге арналған бірыңғай ережелерге (Uniform Rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес берілген кепілдіктер немесе резервтік аккредитивтер, олар бойынша Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "A-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингтері;
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "A-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын, шет мемлекеттердің қатысуымен құрылған экспорттық-кредиттік агенттіктері мен сақтандыру ұйымдарымен жасалған төлем (сақтандыру төлемі) бойынша міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарттары мен кепілдіктері;
эмитенті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы не олардың еншілес ұйымдары болып табылатын және банктің осындай қамтамасыз етуді даусыз өндіріп алуға құқығы бар, банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша банк шығарған және қамтамасыз ету ретінде берілген бағалы қағаздар;
экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді даусыз және кері қайтарусыз орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарттары түріндегі қарыз алушының талаптарын шегере отырып, талаптардың сомасы ретінде есептеледі.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекел есебіне мыналар кірмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына, банктің қарыз алушыға қоятын, банктің балансынан есептен шығарылған талаптары, банктің қарыз алушыға қоятын, олар бойынша ХҚЕС-ке сәйкес резервтердің 100 (бір жүз) пайызы қалыптастырылған талаптары;
банктің еншілес ұйымға қоятын талаптары;
2021 жылғы 1 шілдеден бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде клиринг ұйымының (орталық контрагенттің) кепілді немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақша түрінде қойылатын талаптары;
банктің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұрын еншілес банк болып табылған, қайта құрылымдауды және бір мезгілде активтер мен міндеттемелерді бас банкке беру операциясын жүзеге асырған заңды тұлғаға қоятын талаптары.
39. Банктің бір қарыз алушыға оның міндеттемелері бойынша тәуекелі мөлшерінің банктің меншікті капиталына қатынасы мынадан аспауға тиіс:
банкпен ерекше қатынастағы тұлғалар болып табылатын қарыз алушылар үшін k3-1 - 0,10. Банкпен ерекше қатынастағы қарыз алушылар бойынша тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауға тиіс;
басқа қарыз алушылар үшін k3 – 0,25 (оның ішінде, бланктік қарыздар, қарыз алушы алдындағы қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер немесе үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін берілген, банк тарапынан ағымдағы және кейінгі 2 (екі) ай ішінде қарыз алушыға талап қою ықтималдығы бар шартты міндеттемелер бойынша, сондай-ақ Ислам банктеріне арналған нормативтердің 36-тармағында көрсетілген тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері және Қазақстан Республикасының офшорлық аймақтарында тіркелген немесе сол аймақтардың азаматтары болып табылатын бейрезиденттердің міндеттемелері бойынша – 0,10-нан аспайды, бұл ретте Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің рейтингі Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен 1 (бір) тармақтан артық төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне, сондай-ақ Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "A"-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезиденттерге қойылатын талаптар қолданылмайды).
Банктің бланкілік қарыздар бойынша бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекел мөлшерінің банктің меншікті капиталына қатынасы төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаға қолданылмайды:
заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 (елу) және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық әл-ауқат қорына немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасына тиесілі;
заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 5 (бес) пайызынан астамын тікелей немесе жанама иеленетін акционерлер (қатысушылар) туралы ақпарат жария болып табылады және Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының интернет-ресурсында не электрондық жүйелерде (REUTERS, Bloomberg) немесе заңды тұлғаның ресми интернет-ресурсында орналастырылады;
заңды тұлғаның соңғы 3 (үш) жылдағы қаржылық есептілігін халықаралық аудиторлық ұйым растады.
Әрқайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын бір қарыз алушыға банк тәуекелдерінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен 5 (бес) еседен көп аспауға тиіс.
40. Ислам банктеріне арналған нормативтердің 39-тармағының мақсаттары үшін Банктер туралы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келетін қарыз алушы - заңды тұлғаларды қоспағанда, барлық қарыз алушы - заңды тұлғалар тиісті қарыз алушылар ретінде түсініледі.
Банктің "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелері бойынша тәуекелі мөлшерінің банктің меншікті капиталына қатынасы 0,5-тен аспайды.
41. Банктің қарыз алушыға қоятын талаптарының жалпы көлемі олардың туындаған күні Ислам банктеріне арналған нормативтерде белгіленген шектеулер шегінде болған, бірақ кейіннен соңғы 3 (үш) ай ішінде банктің меншікті капиталы деңгейінің 5 (бес) пайыздан аспайтын мөлшерде төмендеуіне байланысты не қарыз алушыға қойылатын талаптар көрсетілген шетел валюталарына теңгенің орташа өлшенген биржалық бағамының соңғы 3 (үш) ай ішінде 10 (он) пайыздан астам ұлғаюына байланысты өсуі нәтижесінде аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда, бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі орындалды деп есептеледі.
Көрсетілген жағдайларда банк уәкілетті органды дереу хабардар етеді және есепті күндегі және одан кейінгі 3 (үш) ай ішінде асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер бұл асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі осындай асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.
Банк осындай асып кету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативін белгіленген ең жоғары мәндерден аспайтын деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді, бұл ретте көрсетілген мерзім асып кету анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айдан аспауға тиіс.
Уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар жоспарын оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
Егер бұл асып кету іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі осындай асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.
42. Егер банктің қарыз алушысы банк алдындағы міндеттемелер пайда болған сәтте банкпен ерекше қатынастағы тұлға болып табылмаса, бірақ соңынан сондай тұлға болса, онда Ислам банктеріне арналған нормативтердің 39-тармағының екінші абзацында белгіленген осындай қарыз алушыға арналған тәуекел мөлшері асып кеткен жағдайда, егер банк қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе банк талаптарының бір бөлігін норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін орындау мүмкіндігін растай және осы бұзушылықты уәкілетті орган белгілеген мерзімде жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып, осы асып кету туралы уәкілетті органға дереу хабарласа, көрсетілген асып кету бұзушылық ретінде қарастырылмайды.
43. Ислам банктеріне арналған нормативтердің 42-тармағының шарттары сондай-ақ, егер қарыз алушылар міндеттемелер пайда болған сәтте бір қарыз алушы ретінде қаралмай, бірақ соңынан сондай болған жағдайларда қолданылады.
4-тарау. Өтімділік коэффициенттері
44. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
k4 банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті;
k4-1, k4-2 және k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттері;
k4-4, k4-5 және k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері.
Ағымдағы өтімділік, мерзімді өтімділік және мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
k4 – 0,3;
k4-1 - 1;
k4-2 - 0,9;
k4-3 - 0,8;
k4-4 - 1;
k4-5 - 0,9;
k4-6 - 0,8.
45. Банктің k4 ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi банктің талап етілгенге дейінгі міндеттемелерінің орташа айлық мөлшеріне орташа айлық өтімділігі жоғары активтердің қатынасы ретінде есептеледi.
k4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi қоса алғанда 7 (жеті) күнге дейін өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне өтімділігі жоғары активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, қоса алғанда 1 (бір) айға дейін өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнің, қоса алғанда 1 (бір) айға дейін өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, қоса алғанда 3 (үш) айға дейін өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнің, қоса алғанда 3 (үш) айға дейін өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
46. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті шетел валютасындағы өтiмдiлігі жоғары активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда 7 (жеті) күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін 7 (жеті) күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшеріне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін 7 (жеті) күнге дейінгі қалған мерзімі бар, 100 (бір жүз) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
k4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда 1 (бір) айға дейінгі қалған мерзімі бар өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнің осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда 1 (бір) айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда 1 (бір) айға дейінгі қалған мерзімі бар міндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін 1 (бір) айға дейінгі қалған мерзімі бар 90 (тоқсан) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда 3 (үш) айға дейінгі қалған мерзімі бар өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда 3 (үш) айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін 3 (үш) айға дейінгі қалған мерзімі бар мiндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін 3 (үш) айға дейінгі қалған мерзімі бар, 80 (сексен) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
47. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "А"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валюталары және "еуро" валютасы бойынша жиынтық түрде есептеледі, олар бойынша алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдыңғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінің кемінде 1 (бір) пайызын құрайды.
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "А"-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар не тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, олар бойынша алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдыңғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінің кемінде 1 (бір) пайызын құрайды.
48. Өтiмдiлігі жоғары активтердің есебіне мыналар кіреді:
1) қолма-қол ақша;
2) орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;
3) клирингтік ұйымның шоттарындағы кепілдік берілген, банктің маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;
4) тазартылған қымбат металдар;
5) ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг, дауыс беруші акцияларының 100 (бір жүз) пайызы (қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар – оригинаторлар құрған исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық бағалы қағаздар;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі, сондай-ақ Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі талап етуге дейінгі салымдар;
7) Қазақстан Республикасының банктерінде, сондай-ақ Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
8) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің шетел валютасындағы "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің исламдық бағалы қағаздары;
9) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің исламдық бағалы қағаздары;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі өтеу мерзімі 7 (жеті) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімді депозиттер.
Ислам банктеріне арналған нормативтердің осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу шарттарымен сатқан немесе кепілге берген не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түрде ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды қоспағанда, жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.
49. Банктің баланстық шоттарында есепке алынған валюталық своп операциялары бойынша талаптардың сомасы, егер осы мәмілелер бойынша міндеттемелер банктің баланстық шоттарында есепке алынған және мерзімді өтімділік коэффициенттерінің есебіне енгізілген жағдайда, өтiмдiлігі жоғары активтердiң есебіне кіреді.
50. Өтiмдi активтер есебiне өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, барлық қаржылық активтер ХҚЕС-на сәйкес қалыптасқан резервтер, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген заңды тұлғалар немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөнiндегi ұйым ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тiзбесiне енгiзген мемлекеттердiң аумағында тiркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншiлес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптар шегеріле отырып енгiзiледi. Қарыздар қарыз шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша енгiзiледi.
Ислам банктеріне арналған нормативтердің 48-тармағының 5), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, өтімділігі жоғары активтердің есебіне енгізілмейтін бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылады деген талаппен өтімді активтер есебіне кіреді.
Осы бағалы қағаздарды өтiмдi активтердің есебiне енгiзгенде, өтегенге дейiнгi мерзiмде бағалы қағаздар бойынша қалған мерзiм ретiнде қамтамасыз етуi осы бағалы қағаздар болып табылатын мiндеттемелердi өтеуге дейiнгi мерзiм алынады.
51. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есеп айырысуларды жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер қосылады. Бұл ретте k4-1 мерзімді өтімділік коэффициентін және k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффциентін есептеу кезінде 7 (жеті) күнге дейін өтеуге мерзімі қалған мерзімді міндеттемелердің мөлшеріне банк есеп айырысуларды жүзеге асырудың қоса алғанда 7 (жеті) күнге дейін мерзімі бар, оларды кері сатып алу талаптарымен сатқан бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген міндеттемелер қосылмайды.
Талап етуге дейінгі міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" қарыздары және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
52. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде өтімділігі жоғары активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, әділ құнды оң (теріс) түзетудің шоттары енгізіледі.
53. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған кезде өтiмдiлiк нормативтерi өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң орташа айлық негiзде анықталатын есептiк мәндерiне қатыссыз орындалмаған деп есептеледi.
5-тарау. Ашық валюталық позиция лимиттері
54. Ашық валюталық позиция – банктің жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе осындай валютамен қамтамасыз етілген стейблкойндағы не аффинирленген бағалы металдағы талаптарының (міндеттемелерінің) банктің сол шетел валютасындағы, стейблкойндағы немесе аффинирленген бағалы металдағы міндеттемелерінен (талаптарынан) асып кетуі.
Ұзақ валюталық позиция – бұл талаптары (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы, стейблкойндағы немесе аффинирленген бағалы металдағы міндеттемелерінен (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасынан) асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе осындай валютамен қамтамасыз етілген стейблкойндағы не аффинирленген бағалы металдағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция – бұл міндеттемелері (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы, стейблкойндағы немесе аффинирленген бағалы металдағы талаптарынан (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасынан) асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе осындай валютамен қамтамасыз етілген стейблкойндағы не аффинирленген бағалы металдағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбастау бағамының (тазартылған қымбат металдар құнының) өзгеруімен анықталатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) енгізіледі.
Мөлшері бір шетел валютасынан артық айырбастау бағамының өзгеруімен анықталатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтердің, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің жиынтық сомасы) Ислам банктеріне арналған нормативтердің 55-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның мейлінше төмен лимитін иеленетін шетел валютасындағы валюталық позициялар есебіне енгізіледі.
Әрбір шетел валютасы немесе стейблкойн бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледі.
Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюта позицияларын есептеу кезінде бірінші кезекте ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегергенде активтер шоттарында және банктің міндеттемелері шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шоттар сальдосы есептеледі.
Одан кейін ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегергенде, шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шоттар сальдосы анықталады.
Міндеттемелерден (талаптардан) шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдағы) талаптардың (міндеттемелердің) асып кетуін көрсететін сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған нәтиже банктің шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.
Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзақ және (немесе) қысқа позициясы банктің меншікті капиталы мөлшерінің 50 (елу) пайызынан аспайды.
Банктің ашық ұзақ және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін туынды қаржы құралдарының тізбесіне банктер жасаған споты мәмілелері енгізілмейді.
Туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзақ және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарсы агенті болып табылатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, 2 (екі) күн және одан аз валюталау күнімен валюталық құралдармен айырбастау операциялары, 2 (екі) күн және одан аз валюталау күнімен валюталық своп операциялары, базалық активтері ұлттық валютадан тұрмайтын валюталық жұп болып табылатын туынды қаржы құралдары енгізілмейді.
Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетел валюталары (стейблкойн, тазартылған қымбат металдар) бойынша ұзақ позицияларының жиынтық сомасы мен барлық шетел валюталары (стейблкойн, тазартылған қымбат металдар) бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлігіндегі валюта позициясы есебіне енгізіледі.
Мәмілені жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күні бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмілені жасаған күннен бастап валюталық позиция есебіне енгізіледі.
Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру Ислам банктеріне арналған нормативтерге 9-қосымшаға сәйкес Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Шетел және ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру тиісінше Ислам банктеріне арналған нормативтерге 10-қосымшаға сәйкес Шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер мерзімін салыстыру кестесіне және 11-қосымшаға сәйкес Ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесіне сәйкес жүргізіледі.
55. Ислам банктеріне арналған нормативтерде ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерi белгiленедi:
1) Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердiң шетел валютасы және "еуро" шетел валютасы, сондай-ақ тазартылған қымбат металдар бойынша банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 (он екі бүтін оннан бес) пайызынан аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзақ және қысқа) лимитi;
2) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "А"-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валюталары, сондай-ақ стейблкойндар бойынша банктің меншікті капиталының 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшердегі ашық валюталық позиция (ұзақ және қысқа) лимиті;
3) банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
56. Есепті аптаның ішінде ашық валюталық позицияның лимиттерi кез келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша шектен асып кеткен кезде, содан кейiнгi 3 (үш) апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позиция лимиттерi Ислам банктеріне арналған нормативтердің 55-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 (бес) пайыздық тармаққа азаюымен айқындалады.
Жеке алынған шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша банк белгiлеген лимиттердiң 0,09 (нөл бүтін жүзден тоғыз) пайыздық шектен асып кетуi ашық валюталық позицияның лимиттерiнiң бұзылуы болып есептелмейдi.
Ашық валюталық позицияның лимиттерi:
клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;
шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;
банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты әрбiр шетел валютасы немесе тазартылған қымбат металл бойынша банкке байланыссыз жағдайларда ашық валюталық позицияның лимиттерiнен асып кетуі жағдайында 2022 жылғы 21 ақпаннан 2023 жылғы 28 ақпан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған деп есептелмейді.
Банк осындай асып кету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде ашық валюталық позиция лимиттерін белгіленген ең жоғары мәндерден аспайтын деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
Егер осы асып кету іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, ашық валюталық позиция лимиттерi мәндерінің асып кетуі осы асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.
6-тарау. Банктердiң Қазақстан Республикасының бейрезиденттерi алдындағы міндеттемелеріне арналған капиталдандыру
57. Банктерді Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру k7 коэффициентімен сипатталады. Коэффициенттің ең жоғары мәні 3 мөлшерінде белгіленеді.
k7 коэффициенті Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы бастапқы өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейін қоса алғанда, мерзімді міндеттемелер;
кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді шарт қоймай талап ету құқығымен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімді және шартты депозиттері.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:
Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының ағымдағы шоттары;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банкі және оның тобы алдындағы кредиттер түріндегі міндеттемелер;
өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау қағидаларына сәйкес экономиканың "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. (Клирстрим Банкинг) және EuroclearBankSA/NV (Еуроклир Банк) болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
2022 жылғы 1 наурыздан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 қаңтар аралығындағы кезеңде қоса алғанда 1 (бір) жылға дейінгі бастапқы өтеу мерзімімен Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банкі алдындағы депозиттер мен кредиттер түріндегі өзге де міндеттемелер, сондай-ақ корреспонденттік шоттағы қалдықтар.
7-тарау. Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент
58. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер есепті айдың ішінде меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге мынадай формулаға сәйкес орналастырады.

мұндағы:
ІАК – банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент;
![]()
![]()
![]()
![]()
59. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер есепті айдың ішінде меншікті және тартылған қаражатын күн сайын ішкі активтерге мынадай формулаға сәйкес орналастырады:
![]()
ІА – ХҚЕС сәйкес қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) ескере отырып, ағымдағы күннің соңындағы ішкі активтер шамасы;
![]()
![]()
айдың алдындағы айда қалыптасқан орташа айлық шамасы;
![]()
айдың алдындағы айда қалыптасқан орташа айлық шамасы.
60. Банктің ішкі активтері Қазақстан Республикасының резиденттеріне активтерді (ақшаны) және талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, цифрлық қаржы активтері, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (орналасқан) материалдық емес активтер мен тазартылған қымбат металдарды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған, сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарттарымен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасынан өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын қаржыландыру үшін берілген қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ теңгемен шығарылған және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының сауда жүйесінде саудаланатын халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын, сондай-ақ теңгемен, сондай-ақ шетел валютасымен (АҚШ доллары, ЕУРО) шығарылған, шығару проспектісінде Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденттеріне кредит беруге тартылған қаражатты міндетті түрде жіберу талабы көзделген, және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының сауда жүйесінде, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы қор биржасында саудаланатын халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын білдіреді.
Банктің ішкі міндеттемелері субординарлық борышты, мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған борыштық бағалы қағаздар мен кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын, сондай-ақ банктердің, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының, "KASE клирингтік орталығы" акционерлік қоғамының, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.
Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін Ислам банктеріне арналған нормативтердің 58 және 59-тармақтарына сәйкес мыналардың:
жарғылық капиталдың, не;
Қазақстан Республикасының бейрезидент еншілес ұйымдарының субординарлық борышына инвестициялар, Қазақстан Республикасының бейрезидент еншілес ұйымдарының акциялары шегерілген, бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес меншікті капиталдың 0,75-ке көбейтілген ең аз шамасы пайдаланылады.
Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент:
клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;
теңгенің шетел валюталарына қатысты биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;
банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты банкке байланыссыз мән-жайлар бойынша белгіленген ең төмен мәндерден төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді.
Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай төмендеу анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті белгіленген ең төмен мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуді оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентінің төмендеуі көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.
61. Банк шетел валютасымен шығарған борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, субординарлық борыштың, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары банк шетел валютасымен шығарған борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, шамалары мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің жалпы сомасының, субординарлық борыштың, банк шетел валютасымен шығарған борыштық бағалы қағаздардың тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Жарғылық капиталдың (меншікті капиталдың) орташа айлық шамасы жарғылық капиталдың (меншікті капиталдың) жалпы сомасының тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
8-тарау. Ислам банкінің тәуекелдерін азайту мақсатындағы лимиттер
62. Банктер туралы заңның 72-бабының 3-тармағына сәйкес банктердің тәуекелдерін азайту мақсатында мынадай лимиттер (бұдан әрі – Лимит) белгіленеді:
1) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ұлғаюы;
2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 61 (алпыс бір) күнтізбелік күннен 90 (тоқсан) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ұлғаюы;
3) ислам банкінің жұмыс істемейтін қарыздарының несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының артуы;
4) жиынтық дебиторлық берешектегі жұмыс істемейтін дебиторлық берешектің үлесінің ұлғаюы;
5) активтердің кірістілік коэффициентінің төмендеуі.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
қарыздар деп банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар, жеке тұлғаларға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге берілген қарыздар, заңды тұлғаларға, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздар түсініледі;
қарыздар, несие портфелі және дебиторлық берешек халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған дисконттар мен сыйлықақылар шоттарын, түзетулерді және провизияларды (резервтерді) есепке алмай есептеледі;
жұмыс істемейтін қарыздар деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 61 қаулысымен бекітілген және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36994 болып тіркелген халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) қалыптастыру қағидаларында (бұдан әрі – № 61 қағидалар) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес құнсыздану белгілері анықталған қарыздар, сондай-ақ бастапқы тану кезінде құнсыздану белгілері болған қарыздар түріндегі сатып алынған немесе құрылған қаржы активтері түсініледі;
жұмыс істемейтін дебиторлық берешек деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және № 61 қағидаларға сәйкес белгіленген өлшемшарттарға сәйкес құнсыздану белгілері анықталған дебиторлық берешек, сондай-ақ бастапқы тану кезінде құнсыздану белгілері болған дебиторлық берешек түріндегі сатып алынған немесе құрылған қаржы активтері түсініледі.
63. Уәкілетті орган Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген лимиттердің Ислам банктеріне арналған нормативтердің 68-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген деңгейлерден жоғары асып кетуін не Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Ислам банктеріне арналған нормативтердің 68-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеуін анықтаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері, банктік холдинг және (немесе) оның ірі қатысушылары банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және банктік қызметке байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны уәкілетті органға келісуге ұсынады.
Іс-шаралар жоспары төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:
лимитке егжей-тегжейлі талдау;
лимиттің болжамы, осы болжамның негіздемесі және лимиттің банк қызметіне теріс әсері;
лимитті жақсарту жөніндегі шаралар, оның ішінде оны банк қызметіне қауіп төндірмейтін және қосымша тәуекелдер туғызбайтын деңгейге дейін жеткізуді көздейтін шаралар;
есепті кезеңдердің әрқайсысында іске асырылуы жоспарланған іс-шаралар, оның ішінде Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген лимит анықталған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар бөлінісінде;
іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері;
іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлердің тізбесі (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
Егер іс-шаралар жоспарында көзделген шаралар белгіленген мерзімде орындалмаса, Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген лимиттердің Ислам банктеріне арналған нормативтердің 68-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген деңгейлерден асып кетуі не Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Ислам банктеріне арналған нормативтердің 68-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеуі осындай асып кету немесе төмендеу анықталған күннен бастап осы лимиттердің бұзылуы ретінде қарастырылады.
64. Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері, банктік холдинг және (немесе) оның ірі қатысушылары ұсынған іс-шаралар жоспарын қарайды.
Уәкілетті орган ұсынылған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, банкке және (немесе) оның акционерлеріне, банктік холдингке және (немесе) оның ірі қатысушыларына іс-шаралар жоспары бойынша жазбаша ескертулер жолдайды және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді.
Банк және (немесе) оның акционерлері, банктік холдинг және (немесе) оның ірі қатысушылары уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде ескертулерді жою үшін іс-шаралар жоспарын түзетеді немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда уәкілетті органға жазбаша негіздемелер ұсынады.
65. Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері, банктік холдинг және (немесе) оның ірі қатысушылары ұсынған іс-шаралар жоспарын Ислам банктеріне арналған нормативтердің 63-тармағы бірінші бөлігіне сәйкес ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
66. Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген лимиттердің Ислам банктеріне арналған нормативтердің 68-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген деңгейлерден жоғары асып кетуі не Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Ислам банктеріне арналған нормативтердің 68-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеуі банк тарапынан дербес анықталған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері, банктік холдинг және (немесе) оның ірі қатысушылары анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Ислам банктеріне арналған нормативтердің 63-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын ұсынады.
67. Іс-шаралар жоспары ұсынылмайды:
1) Ислам банктеріне арналған нормативтердің 99-тармағы бірінші бөлігінің 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көзделген Лимиттер бойынша:
банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер болмаған жағдайда, оны есептеу Ислам банктеріне арналған нормативтердің 69-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген Лимиттің асып кетуі (бұзылуы) анықталмаған жағдайда;
немесе Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген Лимиттің асып кетуі (бұзылуы) анықталған жағдайда;
2) Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшаларында көзделген Лимиттердің асып кетуі (бұзылуы) уәкілетті органның стресс-сценарийлері бойынша жыл сайын жүргізілетін стресс-тестілеу нәтижелері бойынша анықталған жағдайда.
68. Іс-шаралар жоспарында көзделген көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі шаралар:
1) Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген Лимиттер бойынша, Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген Лимиттің асып кетуі (бұзылуы) болмаған жағдайда – банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесін банктің несие портфелінің 10 (он) пайызынан аспайтын деңгейге дейін жеткізуге;
2) Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген Лимит бойынша – жұмыс істемейтін қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасын несие портфелінің 10 (он) пайызынан төмен деңгейге дейін төмендетуге;
3) Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген Лимит бойынша – жиынтық дебиторлық берешектегі жұмыс істемейтін дебиторлық берешектің үлесін 50 (елу) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізуге;
4) Ислам банктеріне арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген Лимит бойынша – активтердің кірістілік коэффициентін кемінде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз деңгейіне дейін жеткізуге.
69. Банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер ету банктің несие портфеліне жұмыс істемейтін қарыздардың Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген Лимиттердің алдағы күнтізбелік 12 (он екі) айға өзгеру серпіні соңғы күнтізбелік 6 (алты) ай қатарынан жалғасқан кезде қалыптасатын 10 (он) пайыз деңгейіндегі арақатынасының асып кетуі болып табылады.
Банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер етуі төмендегідей есептеледі:
Банктерге арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай формула бойынша:
![]()
![]()
![]()
мұндағы:
МҚ90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар;
ЖІС (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы жұмыс істемейтін қарыздар;
НП (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы несие портфелі;
Банктерге арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай формула бойынша:
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
МҚ90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар;
НП (ай) – қаралатын кезеңнің соңындағы несие портфелі.
70. Уәкілетті орган Банктерге арналған нормативтердің 62-тармағы бірінші бөлігінде көзделген банктің Лимиттерін анықтау мақсатында есептік деректер негізінде банктің қызметіне ай сайын талдау жүргізеді.
71. Лимиттерді айқындау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың қатарынан 6 (алты) ай ішінде ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
мұндағы:
МҚ90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар.
Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа ұлғаюы да Лимиттің болуы болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейінгі қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде қатарынан 6 (алты) ай ішінде 5 (бес) және одан көп пайызға ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
МҚ61-90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар.
Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа ұлғаюы да банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

3) жұмыс істемейтін қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі мынадай формула бойынша есептеледі:

ЖІС – қарастырылып отырған кезеңнің соңындағы жұмыс істемейтін қарыздар;
НП – қарастырылып отырған кезеңнің соңындағы несие портфелі;
4) қатарынан 6 (алты) ай ішінде жиынтық дебиторлық берешектегі жұмыс істемейтін дебиторлық берешек үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

мынадай талап орындалған жағдайда

ЖДБ (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы жұмыс істемейтін дебиторлық берешек;
ДБ (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы жиынтық дебиторлық берешек;
А (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы жиынтық активтер.
Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

Жиынтық дебиторлық берешектің төмендеуі нәтижесінде жиынтық дебиторлық берешектегі жұмыс істемейтін дебиторлық берешектің үлесі ұлғайған жағдайда, осы тармақшада көзделген Лимит банкке қолданылмайды;
5) қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтер рентабельділігі коэффициентін 2 (екі) және одан көп рет 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан төмен түсуі.
Активтер рентабельділігінің коэффициенті жылдық көрсетудегі бөлінбеген таза пайданың (өтелмеген шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

БТК (ТШ) (n) – табыс салығы төленгеннен кейін ағымдағы кірістердің (шығыстардың) ағымдағы шығыстардан (кірістерден) асуы;
Аорт(n) – белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
Тк – мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:

А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

Аорт(n) – белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
А (0, 1....n) – белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;
n – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
6) бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасы мына формула бойынша есептеледі:

ПР – тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін "РЕПО" операцияларының баланстық құнының сомасы ретінде есептелетін бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәні;
МІН – тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін жиынтық міндеттемелердің баланстық құнының сомасы ретінде есептелетін жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәні.
Бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәнінің осы тармақшада көрсетілген жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасының мәні мынаны құрайды:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық міндеттемелердің 35 (отыз бес) пайызынан аспайды;
2026 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 25 (жиырма бес) пайызынан аспайды.
Осы тармақтың 5) тармақшасының талаптары негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициентіне 0,10 тең немесе одан төмен немесе меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) осы Банктерге арналған нормативтерде белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентіне 0,13 (нөл бүтін жүзден он үш) тең немесе одан төмен банкке қолданылады.
72. Банктерге арналған нормативтердің 62-бабы бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшаларында көзделген факторлардың есебіне енгізілген көрсеткіштер уәкілетті орган жыл сайын 1 ақпанға дейін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген "Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізіміне, жүйелік маңызы бар болып танылуы мүмкін әлеуетті банктер тізіміне енгізілген банктерге есепті жылдың 1 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде стресс-тестілеу жүргізу және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсыну үшін беретін уәкілетті органның сценарийлерімен толықтырылады.
| Ислам банктері үшін | |
| пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де | |
| нормалар мен лимиттердің | |
| шекті мәндеріне және оларды есептеу әдістемесіне | |
| 1-қосымша |
Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттар
| Ислам банктері үшін пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің шекті мәндеріне және оларды есептеу әдістемесіне 2-қосымша |
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесi
| Салымдардың кредиттік | |
| тәуекел дәрежесі бойынша | |
| сараланған банк активтерінің | |
| кестесіне қосымша |
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиіс банк активтерінің есебіне түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем болмайтын қамтамасыз етуі бар (Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтері кестесінің (бұдан әрі – Кесте) 1, 2, 3, 11, 12 және 13-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі), сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырған кездегі коммерциялық кредиттер осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер есебіне енгізіледі.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 11, 12 және 13-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:
салымдардың, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылған салымдардың 100 (бір жүз) пайыз сомасына;
қамтамасыз етуге берілген исламдық бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған қымбат металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сәйкес мөлшерленеді.
2. Банкте "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарының сөзсіз және қайтарып алынбайтын кепілдігі, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған, сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарты, Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby Practices, ISP98) немесе Талап ету бойынша кепілдіктер үшін біріздендірілген қағидаларға (Uniform Rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Cтандарт энд Пурс) агенттігінің "А-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, сомасы көрсетілген қарыздар көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері түрінде қамтамасыз етуі бар қарыздар қамтамасыз етудің түзетілген құнын шегере отырып, тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің есебіне кіреді.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарының кепілдігі, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған, сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарты, Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby Practices, ISP98) немесе Талап ету бойынша кепілдіктер үшін біріздендірілген қағидаларға (Uniform Rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Cтандарт энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері түріндегі қамтамасыз етудің түзетілген құны кепілдік, сақтандыру шарты сомасының 95 (тоқсан бес) пайызына тең болады.
3. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттер, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша сараланған (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.
Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттердің, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
4. Қазақстан Республикасының мынадай бейрезиденттеріне ұсынылған, осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттер:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелгендерге;
2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға;
3) оффшорлық аймақ азаматтары болып табылатындарға;
осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
5. Қазақстан Республикасының мынадай:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етілуіне аталған деңгейден төмен емес рейтингі бар бас ұйымның тиісті кепілдігі бар;
2) оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғалардан тәуелсіз, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген, бірақ оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аумақтардың тізбесіне жатқызылған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қойылатын, ақпараттық алмасу бойынша міндеттемелер қабылдамаған талаптарды қоспағанда, рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес немесе рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігіне ие болған немесе рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес заңды тұлғаға қатысты еншілес немесе олардың азаматтарына немесе жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын жеке иеленетін заңды тұлғаларға тәуелді болып табылатын ұйымдарға не көрсетілген оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын бейрезиденттеріне ұсынылған, осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттер;
тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
6. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банктің активтерін есептеу мақсатында:
тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық банктік қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы деп түсініледі;
жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін, ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) болып табылмайтын банктік қарыз тұтынушылық банктік қарыз деп түсініледі.
7. Егер исламдық бағалы қағаздың арнайы шығарылым рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
8. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша өлшенеді.
9. Ислам банктеріне арналған нормативтердің 11-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелді ескере отырып, активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер валюталардың айырбастау бағамдарының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
10. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтерін есептеу мақсаттары үшін қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар деп жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтарын, қамтамасыз етуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес банкте орналастырылған, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, тұтынушылық банктік қарыз түсініледі.
11. Цифрлық қаржы активтеріне қатысты осындай цифрлық қаржы активі бойынша базалық активтің тәуекел дәрежесіне сәйкес келетін тәуекел дәрежесі қолданылады.
| Ислам банктері үшін | |
| пруденциялық нормативтердің | |
| және сақталуы міндетті өзге де | |
| нормалар мен лимиттердің шекті | |
| мәндеріне және оларды есептеу | |
| әдістемесіне | |
| 3-қосымша |
Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері
Кезең | 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап | 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап |
Талаптар | ||
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 5 % | 5,5 % |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 6 % | 6,5 % |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 7,5 % | 8 % |
Ескертпе: SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын есептемегенде капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері.
Консервациялық буферді және жүйелік буферді есептегенде капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері
Кезең | 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап | 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап | 2020 жылғы 1 маусымнан бастап | 2021 жылғы 1 шілдеден бастап | 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап |
Талаптар | |||||
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 6 % | 7,5 % | 6,5 % | 7,5 % | 8 % |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 7 % | 8,5 % | 7,5 % | 8,5 % | 9 % |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 8,5 % | 10 % | 9 % | 10 % | 10,5 % |
Жүйелік маңызы бар банктер үшін негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 7,5 % | 9,5 % | 8,5 % | 9,5 % | 9,5 % |
Жүйелік маңызы бар банктер үшін бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 8,5 % | 10,5 % | 9,5 % | 10,5 % | 10,5 % |
Жүйелік маңызы бар банктер үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 10 % | 12 % | 11 % | 12 % | 12 % |
Ескертпе: SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, сондай-ақ SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын және қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буферді қоспағанда, меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін уәкілетті орган 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет қайта қарайды.
| Ислам банктері үшін пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің шекті мәндеріне және оларды есептеу әдістемесіне 4-қосымша |
Бөлінбеген таза кірісті шектеудің ең төмен мөлшері
Буфердің қажетті мөлшерінен k1, k1-2 және/немесе k2 ең төмен мәндерінің асып кету сомасы пайызбен | Шектелуге тиіс бөлінбеген таза кірістің ең төмен деңгейі (пайызбен) |
[< 25 %] | [100 % |
[25 % - 50 %] | [80 %] |
[50 % - 75 %] | [60 %] |
[75 % - 100 %] | [40 %] |
[> 100 %] | [0 %] |
Шектелуге тиіс бөлінбеген таза кірістің ең төмен деңгейі (пайызбен) ең үлкен мән бойынша пайдаланылады.
| Ислам банктері үшін пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің шекті | |
| мәндеріне және оларды есептеу әдістемесіне 5-қосымша |
Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесі
№ | Баптардың атауы | Конверсия коэффициенті, пайызбен |
I топ | ||
1. | Міндеттемелері толығымен: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейіндегі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық банктері мен орталық үкіметтерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); банктің басқаруына берілген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк кепілдіктері мен кепілдемелері | 0 |
2. | Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздарды немесе Standard & Poor's агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері және орталық банктері шығарған бағалы қағаздарды, Нормативтердің 48-тармағында көзделген басқа өтімділігі жоғары бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) міндеттемелер | 0 |
3. | Банктің қаржы міндеттемелерінсіз; міндеттемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің "АА-"және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; банкке берілген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен қамтамасыз етілген банк аккредитивтері | 0 |
4. | Болашақта банктің талабы бойынша кез келген кезде жойылуға жататын қарыздар мен салымдарды банктің орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер | 0 |
5. | Банктің еншілес ұйымдары арқылы сыртқы қарыздар тартылған және банк міндеттемелерін орналастырған кезде олардың пайдасына берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелері | 0 |
6. | Банк берілген қарызды қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктер | 0 |
II топ | ||
7. | Банктің болашақта өтеу мерзімі 1 (бір) жылдан кем қарыздар мен салымдарды орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер | 20 |
8. | Міндеттемелері толығымен: Standard & Poor's агенттігінің "А-"-тен "АА-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor's агенттігінің "А-"-тен "АА-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк кепілдіктері мен кепілдемелері | 20 |
9. | Міндеттемелері Standard & Poor's агенттігінің "А-"-тен "АА-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor's агенттігінің "АА-"және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен), Standard & Poor's агенттігінің "А-"-тен "АА-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен, Standard & Poor's агенттігінің "АА-"және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк аккредитивтері | 20 |
III топ | ||
10. | Банктің келешекте 1 (бір) жылдан астам өтеу мерзімі бар қарыздар мен салымдарды орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер | 50 |
11. | Міндеттемелері толығымен: Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor's агенттігінің "А-"-тен "АА-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor`s агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерімен (кепілдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерімен; Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттігінің "А-"-тен "АА-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің бағалы қағаздарымен; Standard & Poor`s агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк кепілдіктері мен кепілдемелері | 50 |
12. | Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілердің пайдасына, олардың үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз етуге берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелері | қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығы – 50 |
13. | Міндеттемелері толығымен: Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor's агенттігінің "А-"-тен "АА-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Standard & Poor`s агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерімен (кепілдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерімен; Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттігінің "А-"-тен "АА-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің бағалы қағаздарымен; Standard & Poor`s агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк аккредитивтері | 50 |
IV топ | ||
14. | Банкке қаржы құралдарын сату туралы және банктің оларды кері сатып алу міндеттемесі туралы келісім | 100 |
15. | Банктің өзге де кепілдіктері (кепілдемелері) | 100 |
16. | Банктің өзге де аккредитивтері | 100 |
17. | Банктің өзге де шартты (ықтимал) міндеттемелері | 100 |
| Банктің кредиттік тәуекел | |
| дәрежесі бойынша сараланған | |
| шартты және ықтимал | |
| міндеттемелерінің кестесіне | |
| қосымша |
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша банктің шартты және ықтимал міндеттемелерінің есебіне түсіндірме
Ислам банктеріне арналған нормативтердің 15-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелді ескере отырып активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелер валюталардың айырбастау бағамдары және қымбат металдардың айырбастау бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.
| Ислам банктері үшін | |
| пруденциялық нормативтердің | |
| және сақталуы міндетті өзге де | |
| нормалар мен лимиттердің | |
| шекті мәндеріне және оларды | |
| есептеу әдістемесіне | |
| 6-қосымша |
Халықаралық қор биржалары болып танылған сауда-саттық ұйымдастырушыларының тізімі
1. Чикаго тауар биржасы (Chicago Mercantile Exchange)
2. Чикаго мерзімді тауар биржасы (The Chicago Board of Trade)
3. Лондон халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (London International Financial Futures and Options Exchange)
4. Француз халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (French International Financial Futures Exchange MATIF)
5. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)
6. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange)
7. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange)
8. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)
9. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange)
10. Америка қор биржасы (American Stock Exchange)
11. Афина қор биржасы (Athens Exchange)
12. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange)
13. Испания бірлескен қор биржасы (BME Spanish Exchanges)
14. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)
15. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)
16. Монреал қор биржасы (Bourse de Montreal)
17. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia)
18. Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board Options Exchange)
19. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange)
20. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
21. Амстердамдағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)
22. Брюссельдегі "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)
23. Лиссабондағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon)
24. Париждегі "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)
25. Құрамына Стокгольм, Хельсинка, Таллин және Рига биржалары кіретін бірлескен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)
26. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)
27. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange)
28. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange)
29. Йоханнесбург қор биржасы (Оңтүстік Африка) (JSE Securities Exchange South Africa)
30. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)
31. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)
32. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange)
33. Үндістан ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited)
34. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)
35. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange)
36. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange)
37. Осло қор биржасы (Oslo bourse)
38. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange)
39. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)
40. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange)
41. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)
42. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)
43. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange).
44. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, BSE).
45. Бразилия қор биржасы (Bovespa).
46. Индия қор биржасы (Delhi Stock Exchange).
47. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV).
48. Ресей Федерациясының қор биржасы (ОАО ММВБ-РТС).
49. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange).
50. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ).
| Ислам банктері үшін | |
| пруденциялық нормативтердің | |
| және сақталуы міндетті өзге де | |
| нормалар мен лимиттердің | |
| шекті мәндеріне және оларды | |
| есептеу әдістемесіне | |
| 7-қосымша |
Уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу
Аймақтар | Уақыт аралықтары | Ашық позициялар | Саралау коэффициенттері | Ашық сараланған позициялар | Жабық сараланған позициялар | Жиынтық ашық сараланған позициялар | |||
ұзақ | қысқа | ұзақ | қысқа | ұзақ | қысқа | ||||
1 |
1 | 0,00 | |||||||
1-3 ай | 0,002 | ||||||||
3-6 ай | 0,004 | ||||||||
6-12 ай | 0,007 | ||||||||
1-аймақ жиынтығы | |||||||||
2 | 1-2 жыл | 0,0125 | |||||||
2-3 жыл | 0,0175 | ||||||||
3-4 жыл | 0,0225 | ||||||||
2-аймақ жиынтығы | |||||||||
3 | 4-5 жыл | 0,0275 | |||||||
5-7 жыл | 0,0325 | ||||||||
7-10 жыл | 0,0375 | ||||||||
10-15 жыл | 0,0450 | ||||||||
15-20 жыл | 0,0525 | ||||||||
20 жылдан астам | 0,06 | ||||||||
3-аймақ жиынтығы | |||||||||
Аймақтар бойынша жиынтығы | |||||||||
| Ислам банктері үшін | |
| пруденциялық нормативтердің | |
| және сақталуы міндетті өзге де | |
| нормалар мен лимиттердің шекті | |
| мәндеріне және оларды | |
| есептеу әдістемесіне | |
| 8-қосымша |
Исламдық бағалы қағаздардың жалпы нарықтық тәуекелінің есебі
Позициялардың атауы | Сомасы |
Аймақтар бойынша өтемақы берілген, сараланған позициялардың есебі | |
1-аймақ | |
Уақыт аралықтары бойынша сараланған жабық позиция бойынша жиынтығы | |
Сараланған ашық позиция (ұзақ) | |
Сараланған ашық позиция (қысқа) | |
Жиынтық ашық позициялар бойынша сараланған жабық позиция | |
Сараланған ашық позиция | |
2-аймақ | |
Уақыт аралықтары бойынша сараланған жабық позиция бойынша жиынтығы | |
Сараланған ашық позиция (ұзақ) | |
Сараланған ашық позиция (қысқа) | |
Жиынтық ашық позициялар бойынша сараланған жабық позиция | |
Сараланған ашық позиция | |
3-аймақ | |
Уақыт аралықтары бойынша сараланған жабық позиция бойынша жиынтығы | |
Сараланған ашық позиция (ұзақ) | |
Сараланған ашық позиция (қысқа) | |
Жиынтық ашық позициялар бойынша сараланған жабық позиция | |
Сараланған ашық позиция | |
1 және 2-аймақтар арасындағы жабық позиция | |
2-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
1-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
2 және 3-аймақтар бойынша жабық позиция | |
3-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
2-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
1 және 3-аймақтар бойынша жабық позиция | |
1-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
3-аймақ бойынша қалдық ашық позиция | |
Қалған сараланған ашық позиция | |
Аймақтар бойынша сараланған жабық позициялар сомасының 10 пайызы | |
1-аймақ бойынша сараланған жабық позицияның 40 пайызы | |
2-аймақ бойынша сараланған жабық позицияның 30 пайызы | |
3-аймақ бойынша сараланған жабық позицияның 30 пайызы | |
1 және 2-аймақтар аралығында сараланған жабық позицияның 40 пайызы | |
2 және 3-аймақтар аралығында сараланған жабық позицияның 40 пайызы | |
1 және 3-аймақтар аралығында сараланған жабық позицияның 100 пайызы | |
Қалған сараланған ашық позицияның 100 пайызы | |
Жалпы нарықтық тәуекел жиынтығы |
| Ислам банктері үшін | |
| пруденциялық нормативтердің | |
| және сақталуы міндетті өзге де | |
| нормалар мен лимиттердің шекті | |
| мәндеріне және оларды | |
| есептеу әдістемесіне | |
| 9-қосымша |
20___жылғы "___"_______ активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесі ________________________________________________________ (банктің қысқаша атауы)
№ | Баптар | Активтер | Міндеттемелер | Активтерден міндеттемелерді шегергенде (3-баған – 4-баған) | Шартты міндеттемелер | Міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің сомасына активтердің қатынасы (3-баған/[4-баған+6- баған]) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Талап еткенге дейін | |||||
2 | 30 күнге дейін | |||||
3 | 3 айға дейін | |||||
4 | 6 айға дейін | |||||
5 | 1 жылға дейін | |||||
6 | 1 жылдан астам | |||||
7 | Жиынтығы: |
Басшы: _______________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер: _______________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Орындаушы: ___________________________________________ ________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
(телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "____"______________.
| Активтер мен міндеттемелер | |
| мерзімдерін салыстыру | |
| кестесіне қосымша |
Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме
Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтырған кезде әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерінің орындалуын талап етуге (клиенттердің талаптарын орындайды) құқығы бар. 1-жолға банктің осы пруденциялық нормативтерге сәйкес өтімділігі жоғары активтерінің және талап еткенге дейінгі міндеттемелердің, оның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелердің шамасы есепке алынатын активтер мен міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" қарыздар және банктерден бір түнге тартылған салымдар, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің сөзсіз құқығы бар мерзімді міндеттемелер, оның ішінде оның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері енгізіледі. Активтер мен шартты міндеттемелер ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегеріп енгізіледі. Активтер, міндеттемелер және шартты міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу қорытындысы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы "Жиынтығы" деген бағанда жазылып, банк балансының деректерімен салыстырылады. "Активтер" бағанындағы "Жиынтығы" жолы бойынша туындаған алшақтықтар активтердің баланс бойынша жиынтық жолымен банктің қаржылық емес активтерінің сомасына сәйкес келетін болады. "Міндеттемелер" бағанындағы "Жиынтығы" жолы бойынша туындаған алшақтықтар міндеттемелердің баланс бойынша жиынтық жолымен қалыптастырылған арнайы провизиялардың және қаржылық емес міндеттемелердің сомасына сәйкес келетін болады.
| Ислам банктері үшін | |
| пруденциялық нормативтердің | |
| және сақталуы міндетті өзге де | |
| нормалар мен лимиттердің | |
| шекті мәндеріне және оларды | |
| есептеу әдістемесіне | |
| 10-қосымша |
20__жылғы "__" _________ шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер мерзімін салыстыру кестесі _________________________________________________ (банктің қысқаша атауы)
№ | Баптар | Шетел валютасымен активтер | Шетел валютасымен міндеттемелер | Активтерден міндеттемелерді шегергенде (3-баған - 4-баған) | Шетел валютасындағы шартты міндеттемелер | Міндеттемелер және шартты міндеттемелер со масына активтердің қатынасы (3-баған/[4-баған + 6-баған]) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
5 | ||||||
6 | ||||||
7 | Жиынтығы: |
Басшы: _______________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер: _______________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Орындаушы: ___________________________________________ ________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
(телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "____"______________.
| Шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер мерзімін салыстыру кестесіне қосымша |
Шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер мерзімін салыстыру кестесін толтыру бойынша түсіндірме
Шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімін салыстыру кестесін толтыру кезінде шетел валютасындағы әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерін орындауын талап етуге құқылы (клиенттердің талаптарын орындайды). 1-жолға осы пруденциялық нормативтерге сәйкес жоғары тиімді активтер мен талап еткенге дейінгі міндеттемелердің, оның ішінде есептеуді жүзеге асырудың мерзімі белгіленбеген міндеттемелердің мөлшерін есептеуге алынатын банктің шетел валютасындағы активтері мен міндеттемелері, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" қарыздары және бір түнге банктерден тартылған салымдар, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен мерзімді міндеттемелер, оның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері жазылады. Активтер мен шартты міндеттемелер, шетел валютасында жіктелген активтер мен жіктелген шартты міндеттемелерге құрылған, қалыптастырылған арнайы провизияларды шегеріп, алынады.
1-7-жолдар толтырылады, оның ішінде жеке шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) мынадай валюталары бөлігінде:
"Standard & Рооr's" агенттігінің "А"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасында, және "Еуро" валютасында;
"Standard & Рооr's" агенттігінің "В"-дан "А"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасында;
"Standard & Рооr's" агенттігінің "В"-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валютасында.
Активтер, міндеттемелер және шартты міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу жиынтығы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы 7-жолдағы "Жиынтыққа" жазылады. Баланс бойынша активтердің жиынтық жолымен "Шетел валютасындағы активтер" бағанындағы "Жиынтығы" жолы бойынша пайда болған алшақтық банктің ұлттық валютадағы активтері мен шетел валютасындағы қаржылық емес активтерінің сомасына сәйкес келеді. Баланс бойынша міндеттемелердің жиынтық жолымен "Шетел валютасындағы міндеттемелер" бағанындағы "Жиынтығы" жолы бойынша пайда болған алшақтық қалыптастырылған арнайы провизиялардың, ұлттық валютадағы міндеттемелердің және шетел валютасындағы қаржылық емес міндеттемелердің сомасына сәйкес келеді.
| Ислам банктері үшін | |
| пруденциялық нормативтердің | |
| және сақталуы міндетті өзге де | |
| нормалар мен лимиттердің шекті | |
| мәндеріне және оларды | |
| есептеу әдістемесіне | |
| 11-қосымша |
20___ жылғы "__" _________ ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелер мерзімін салыстыру кестесі _________________________________________________________
(банктің қысқаша атауы)
№ | Баптар | Ұлттық валютамен активтер | Ұлттық валютамен міндеттемелер | Активтерден міндеттемелерді шегергенде (3-баған - 4-баған) | Ұлттық валютадағы шартты міндеттемелер | Міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің сомасына активтердің қатынасы (3-баған/[4-баған + 6-баған]) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Талап еткенге дейін | |||||
2 | 30 күнге дейін | |||||
3 | 3 айға дейін | |||||
4 | 6 айға дейін | |||||
5 | 1 жылға дейін | |||||
6 | 1 жылдан астам | |||||
7 | Жиынтығы: |
Басшы: _______________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер: _______________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Орындаушы: ___________________________________________ ________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
(телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "____"______________.
| Ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелер мерзімін салыстыру кестесіне қосымша |
Ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелер мерзімін салыстыру кестесін толтыру бойынша түсіндірме
Ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелердің мерзімін салыстыру кестесін толтыру кезінде ұлттық валютадағы әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерін орындауын талап етуге құқылы (клиенттердің талаптарын орындайды). 1-жолға осы пруденциялық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтер мен талап еткенге дейінгі міндеттемелердің, оның ішінде есептеуді жүзеге асырудың мерзімі белгіленбеген міндеттемелердің мөлшерін есептеуге алынатын банктің ұлттық валютадағы активтері мен міндеттемелері, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" қарыздары және бір түнге банктерден тартылған салымдар, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен мерзімді міндеттемелер, оның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері жазылады. Активтер мен шартты міндеттемелер, ұлттық валютада жіктелген активтер мен жіктелген шартты міндеттемелерге құрылған, қалыптастырылған арнайы провизияларды шегеріп, алынады.
Активтер, міндеттемелер және ықтимал (шартты) міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу қорытындысы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы "Қорытынды" 7-жолына жазылады, ол банк балансының деректерімен салыстырылады. Баланс бойынша активтердің қорытынды жолымен "Ұлттық валютамен активтер" бағанындағы "Қорытынды" жолы бойынша пайда болған алшақтық банктің шетел валютасындағы активтері мен ұлттық валютадағы қаржылық емес активтерінің сомасына сәйкес келеді. Баланс бойынша міндеттемелердің жиынтық жолымен "Ұлттық валютамен міндеттемелер" бағанындағы "Қорытынды" жолы бойынша пайда болған алшақтыққа сәйкес қалыптастырылған арнайы провизиялардың, шетел валютасындағы міндеттемелердің және ұлттық валютадағы қаржылық емес міндеттемелердің сомасына сәйкес келеді.
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулылары құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу әдістемесін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген);
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 169 "Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қазанда № 15875 болып тіркелген);
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, белгілі бір күндегі банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген);
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулылары тізбесінің 9-тармағы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 16446 болып тіркелген);
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 256 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу әдістемесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16255 болып тіркелген).
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 77 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, белгілі бір күндегі банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17006 болып тіркелген);
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 142 "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17244 болып тіркелген);
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 196 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, белгілі бір күндегі банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17422 болып тіркелген);
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 19 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, белгілі бір күндегі банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18284 болып тіркелген);
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 36 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, белгілі бір күндегі банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18402 болып тіркелген).
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 82 "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18823 болып тіркелген);
12. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 8 және 13-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19369 болып тіркелген);
13. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 191 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, белгілі бір күндегі банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19613 болып тіркелген);
14. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 66 "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2 және 3-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20880 болып тіркелген);
15. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 82 "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21237 болып тіркелген).
16. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қазандағы № 106 "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2 және 4-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21554 болып тіркелген);
17. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 31 "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22229 болып тіркелген);
18. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 сәуірдеғы № 56 "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2 және 4-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22620 болып тіркелген);
19. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 68 "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1 және 2-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22919 болып тіркелген);
20. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 89 "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1 және 2-тармақтары (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қыркүйекте № 24484 болып тіркелген).
21. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 110 "Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1 және 2-тармақтары (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қаңтарда № 26402 болып тіркелген);
22. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 7 "Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар, банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар, банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 ақпанда № 26922 болып тіркелген);
23. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 28 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27486 болып тіркелген);
24. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 44 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 маусымда № 28637 болып тіркелген);
25. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 48 "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2 және 3-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28688 болып тіркелген).
26. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 78 "Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1 және 2-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30341 болып тіркелген);
27. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 31 шілдедегі № 67 "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33241 болып тіркелген);
28. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 95 "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33804 болып тіркелген);
29. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 97 "Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысының 1 және 2-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33865 болып тіркелген);
30. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 30 желтоқсандағы № 100 "Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1 және 2-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33882 болып тіркелген).
31. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 30 желтоқсандағы № 101 "Қазақстан Республикасының банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 қаңтарда № 33880 болып тіркелген);
32. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 16 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34218 болып тіркелген);
33. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 12 маусымдағы № 27 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына және "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесі коэффициентінің есептеу қағидалары мен шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 маусымда № 34486 болып тіркелген);
34. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 30 "Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34582 болып тіркелген);
35. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 45 "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34859 болып тіркелген);
36. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 63 "Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің, банктің капитал мөлшерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына және "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де міндетті нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34945 болып тіркелген);
37. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 90 "Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35597 болып тіркелген);
38. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 6 "Қазақстан Республикасының банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35732 болып тіркелген);
39. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 14 "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36128 болып тіркелген);
40. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 15 "Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1 және 2-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36127 болып тіркелген);
41. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 24 шілдедегі № 28 "Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36527 болып тіркелген);
42. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 22 тамыздағы № 41 "Қазақстан Республикасының банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 тамызда № 36690 болып тіркелген);
43. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 52 "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1 және 2-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36728 болып тіркелген).