Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6793 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 108 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1), 3-2) және 3-4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 122 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 108 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, ипотекалық ұйымдарға және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына жіберсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 3 қаулысымен бекітілген

Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары

      Ескерту. Жоспардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 108 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шот жоспары) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 6-тармағының 1), 3-2), 3-4) тармақшаларына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, ипотекалық ұйымдардың, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, бұдан бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғалардың қаржылық есептілік элементтерін топтастыруы және құндық көрсеткішпен ағымдағы көрсетуі және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік элементтерін ағымдағы көрсетуі үшін арналған.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Шот жоспарында "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Шот жоспары банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының (бұдан әрі – банктер), ипотекалық ұйымдардың және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есепке алуда мынадай кластар бойынша жіктеу схемасын білдіреді:

      бірінші класс - "Активтер";

      екінші класс - "Міндеттемелер";

      үшінші класс - "Меншікті капитал";

      төртінші класс - "Кірістер";

      бесінші класс - "Шығыстар";

      алтыншы класс - "Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер";

      жетінші класс - "Балансқа меморандумның шоттары".

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 108 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Талдамалық есеп мынадай белгілер бойынша жүргізіледі:

      1) валюта түрі;

      2) резидент-резидент емес;

      3) меншік нысаны;

      4) экономика салалары;

      5) заемдар түрлері;

      6) клиенттер, бағалы қағаздар эмитенттері, корреспондент банктер;

      7) өзге де қажетті белгілер.

      5. Бастапқы үш кластың шоттары банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік балансында көрсетіледі.

      Төртінші және бесінші кластардың шоттары банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының пайдалар мен залалдар туралы есебінде көрсетіледі.

      Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі үшінші кластың шоттары бойынша көрсетіледі.

      6. Шоттың бірінші цифры класқа тиесілігін, екінші, үшінші цифрлары шоттардың тобына тиесілігін көрсетеді, төртінші цифры шоттардың одан әрі нақтылануын және талдамасын айқындайды.

      6-1. Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының шетел валютасымен және тазартылған бағалы металдарымен операцияларын 1858, 1859, 1873, 1874, 2858, 2859, 2872 және 2873-шоттарын пайдаланбастан бухгалтерлік есепте көрсетуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған қосалқы есеп болған кезде, шетел валютасындағы операциялардың сомаларын жоғарыда көрсетілген шоттарды пайдаланбастан көрсетуге жол беріледі.

      Ескерту. Үлгі шот жоспар 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. "Активтер" бірінші класына мынадай шоттар тобы кіреді:

1000

Ақша

1010

Тазартылған қымбат металдар

1050

Корреспонденттік шоттар

1100

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар

1150

Айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноттары

1200

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар

1250

Басқа банктерде орналастырылған салымдар

1300

Басқа банктерге берілген заемдар

1350

Филиалдармен есеп айырысулар

1400

Клиенттерге қойылатын талаптар

1450

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар

1460

Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары

1470

Капиталға инвестициялар және реттелген борыш

1480

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар

1490

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері

1550

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

1600

Қорлар

1610

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

1650, 1690

Негізгі құралдар және материалдық емес активтер

1700

Сыйақы алуға байланысты есептелген кірістер

1790

Сыйақыны және шығыстарды алдын ала төлеу

1810

Есептелген комиссиялық кірістер

1830

Мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1850

Басқа да дебиторлар

1880

Секьюритилендірілген активтер

1890

Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар және дилинг операциялары бойынша талаптар.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. "Міндеттемелер" екінші класына мынадай шоттар тобы кіреді:

2010

Корреспонденттік шоттар

2020

Басқа банктердің талап етілмелі салымдары

2030

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар

2040

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар

2050

Басқа банктерден алынған заемдар және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан заемдар

2110

Овернайт заемдары

2120

Мерзімді салымдар

2150

Филиалдармен есеп айырысулар

2200

Клиенттер және басқа да кредиторлар алдындағы міндеттемелер

2255

Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары

2300

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар

2400

Реттелген борыштар

2550

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

2700

Сыйақы төлеуге байланысты есептелген кірістер

2770

Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар

2790

Сыйақыны және шығыстарды алдын ала төлеу

2810

Есептелген комиссиялық шығыстар

2830

Мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

2850

Басқа да дебиторлар

2880

Секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелер

2890

Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар және дилинг операциялары бойынша міндеттемелер.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      9. "Меншікті капитал" үшінші класына мынадай шоттар тобы кіреді:

3000

Жарғылық капитал

3100

Қосымша капитал

3200

Жалпы банктік тәуекелдерге арналған резервтер (провизиялар)

3400

Динамикалық резервтер

3500

Резервтік капитал және қайта бағалау резервтері.";


      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. "Кірістер" төртінші класына мынадай шоттар тобы кіреді:

4050

Корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4090

Сыйақы алуға байланысты басқа кірістер

4100

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4200

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4250

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4300

Басқа банктермен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен, ұлттық басқарушы холдингпен, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорымен, халықаралық қаржы ұйымдарымен қарыздармен операциялар бойынша кірістер

4350

Филиалдармен есеп айырысулар бойынша кірістер

4400

Клиенттермен операциялар бойынша кірістер

4450

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4465

Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша кірістер

4470

Капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4480

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4490

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы құралдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4500

Дилинг операциялары бойынша кірістер

4600

Комиссиялық кірістер

4700

Қайта бағалаудан болатын кірістер

4730

Қайта бағалаудан болатын іске асырылған кірістер

4850

Сатудан болатын кірістер

4870

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты кірістер

4890

Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша кірістер

4900

Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)

4920

Басқа да кірістер

4950

Резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4999

Салыққа дейінгі кіріс.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      11. "Шығыстар" бесінші класына мынадай шоттар тобы кіреді:

5020

Корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5030

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) қарыздар құнын түзетуге байланысты шығыстар

5040

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша шығыстар

5050

Банктерден алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5060

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) басқа банктерден алынған немесе басқа банктерге берілген қарыздар құнын түзетуге байланысты шығыстар

5090

Сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар

5110

Овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5120

Басқа банктердің салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5150

Филиалдармен есеп айырысулар бойынша шығыстар

5200

Клиенттермен операциялар бойынша шығыстар

5250

Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша шығыстар

5300

Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5400

Реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5450

Резервтер (провизиялар) қалыптастыруға арналған шығыстар

5500

Дилинг операциялары бойынша шығыстар

5600

Комиссиялық шығыстар

5700

Қайта бағалау шығыстары

5720

Еңбекақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар

5730

Қайта бағалаудан болатын іске асырылған шығыстар

5740

Жалпы шаруашылық шығыстары

5760

Корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

5780

Амортизациялық аударымдар

5850

Сатудан болатын шығыстар

5870

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты шығыстар

5890

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша шығыстар

5900

Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)

5920

Басқа да шығыстар

5999

Корпоративтік табыс салығы.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. "Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер" алтыншы класына мынадай шоттар тобы кіреді:

6000-6500

Аккредитивтер бойынша шоттар

6050-6550

Кепілдік беру бойынша шоттар

6080-6580

Форфейтинг операциялары бойынша борышкерге қойылатын талаптар (міндеттемелер)

6100-6600

Болашақта салымдар мен заемдар орналастыру бойынша шоттар

6130-6630

Клиенттердің жылжымайтын салымдары бойынша шоттар

6150-6650

Болашақта салымдар мен заемдар алу бойынша шоттар

6180-6680

Вексельдер бойынша ықтимал талаптар (міндеттемелер)

6200-6700

Бағалы қағаздар сатып алу бойынша және өзге туынды қаржы құралдары бойынша шоттар

6300-6800

Бағалы қағаздар сату бойынша және өзге туынды қаржы құралдары бойынша шоттар

6400-6900

Валюталық құндылықтарды сатып алу-сату бойынша шоттар.


      13. "Балансқа меморандумның шоттары" жетінші класына мынадай шоттар тобы кіреді:

7100

Мемориалдық шоттар – активтер

7200

Мемориалдық шоттар – пассивтер

7300

Мемориалдық шоттар – басқалары

7400

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының сақтауға қабылдаған зейнетақы активтері

7500

Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар

7600

Клиенттердің сенімгерлік (инвестициялық) басқарудағы активтері

7630

Сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар бойынша міндеттемелер

7650

Капитал

7660

Сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар бойынша кірістер

7680

Сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар бойынша шығыстар

7700

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қоспағанда, кастодиандық сақтауға қабылдаған активтері

7800

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша активтер

7830

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша міндеттемелер

7850

Капитал

7860

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша кірістер

7880

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша шығыстар.


      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Шоттар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-параграф. Активтер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 109 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2017 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1000

Ақша

1001

Кассадағы қолма-қол ақша

1002

Жолдағы банкноттар және монеталар

1003

Айырбастау пункттеріндегі қолма-қол ақша

1004

Кешкі кассадағы қолма-қол ақша

1005

Банкоматтардағы және электрондық терминалдардағы қолма-қол ақша

1006

Жолдағы жол чектеріндегі ақша

1007

Қымбат металдардан жасалған, кассадағы монеталар

1008

Жол чектеріндегі ақша

1009

Қымбат емес металдардан жасалған, кассадағы коллекциялық монеталар

1010

Тазартылған қымбат металдар

1011

Тазартылған қымбат металдар

1012

Жолдағы тазартылған қымбат металдар

1013

Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар

1050

Корреспонденттік шоттар

1051

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот

1052

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар

1053

Ипотекалық ұйымдардың банктердегі ағымдағы шоттары

1054

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтер (провизиялар)

1055

Банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шоттары

1100

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талап

1101

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар (бір түнге)

1102

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі талап етілмелі салымдар

1103

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі мерзімді салымдар

1104

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтер

1105

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналасатырылған салымдар бойынша дисконт

1106

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы

1150

Айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноттары

1200

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар

1201

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар

1202

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек

1205

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт

1206

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы

1208

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты

1209

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету шоты

1250

Басқа банктерде орналастырылған салымдар

1251

Басқа банктерде орналастырылған (бір түнге) салымдар

1252

Басқа банктерде орналастырылған талап етілмелі салымдар

1253

Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдар

1254

Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдар

1255

Басқа банктерде орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар

1256

Басқа банктерде орналастырылған шартты салымдар

1257

Басқа банктердің салымдар бойынша мерзімі өткен берешегі

1258

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір айдан аспайтын)

1259

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтер (провизиялар)

1260

Басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын оң түзету шоты

1261

Басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын теріс түзету шоты

1262

Басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын оң түзету шоты

1263

Басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын теріс түзету шоты

1264

Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

1265

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша дисконт

1266

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы

1267

Банктің және ипотекалық ұйымның міндеттемелерін қамтамасыз ету(кепілзат, кепілпұл) ретінде берілген ақшаны сақтау шоты

1268

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан аспайтын)

1269

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан астам)

1300

Басқа банктерге берілген заемдар

1301

Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша овердрафт заемдары

1302

Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар

1303

Басқа банктерге берілген овернайт заемдары

1304

Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар

1305

Басқа банктерге берілетін қаржы лизингі

1306

Басқа банктердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі

1309

Басқа банктердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі

1310

Басқа банктерге берілген заемның құнын оң түзету шоты

1311

Басқа банктерге берілген заемның құнын теріс түзету шоты

1312

Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт

1313

Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы

1319

Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)

1332

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдардың әділ құнын оң түзету шоты

1333

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдардың әділ құнын теріс түзету шоты

1350

Филиалдармен есеп айырысулар

1351

Бас офиспен есеп айырысулар

1352

Жергілікті филиалдармен есеп айырысулар

1353

Шетелдік филиалдармен есеп айырысулар

1400

Клиенттерге қойылатын талаптар

1401

Клиенттерге берілген овердрафт заемдары

1403

Клиенттердің кредит карточкалары бойынша шоттар

1405

Клиенттердің есепке алынған вексельдері

1406

Клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша бұрынғы вексель ұстаушылар есептеген сыйақы

1407

Клиенттерге факторинг

1409

Клиенттердің факторинг бойынша мерзімі өткен берешегі

1411

Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар

1417

Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар

1420

Клиенттерге берілетін қаржы лизингі

1421

Клиенттердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі

1422

Клиенттерге форфейтинг

1423

Клиенттердің форфейтинг бойынша мерзімі өткен берешегі

1424

Клиенттердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі

1425

Клиенттердің наразылық білдірілген вексельдері

1426

Клиентке сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша қойылатын талаптар

1427

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек

1428

Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)

1429

Клиенттерге берілген басқа да заемдар

1430

Клиенттерге берілген қарыздың әділ құнын оң түзету шоты

1431

Клиенттерге берілген қарыздың әділ құнын теріс түзету шоты

1432

Есепке алынған вексельдер бойынша дисконт

1433

Есепке алынған вексельдер бойынша сыйлықақы

1434

Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт

1435

Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы

1445

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер

1450

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар

1452

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар

1453

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт

1454

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы

1456

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты

1457

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету шоты

1459

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек

1460

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары

1461

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары

1462

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша мерзімі өткен берешек

1463

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтер (провизиялар)

1470

Капиталға және реттелген борышқа инвестициялар

1471

Еншілес ұйымдарға инвестициялар

1472

Қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар

1473

Ислам банкінің өндірістік және сауда қызметіне инвестициялары

1475

Реттелген борышқа инвестициялар

1476

Басқа да инвестициялар

1477

Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтер (провизиялар)

1480

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар

1481

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар

1482

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконт

1483

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы

1485

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек

1486

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша резервтер (провизиялар)

1490

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері

1491

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері

1492

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша дисконт

1493

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйлықақы

1494

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша мерзімі өткен берешек

1495

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтер (провизиялар)

1550

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

1551

Басқа банктермен есеп айырысулар

1552
1553

Клиенттермен есеп айырысулар
Клиенттер мен инвестициялық депозиттер бойынша есеп айырысулар

1600

Қорлар

1601

Тазартылмаған қымбат металдар

1602

Басқа да қорлар

1603

Қымбат металдардан жасалған, қоймадағы монеталар

1604

Қымбат емес металдардан жасалған, қоймадағы коллекциялық монеталар

1610

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

1650, 1690

Негізгі құралдар және материалдық емес активтер

1651

Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құралдар

1652

Жер, үйлер және ғимараттар

1653

Компьютерлік жабдық

1654

Басқа да негізгі құралдар

1655

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер

1656

Жалға беруге арналған негізгі құралдар

1657

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар

1658

Көлік құралдары

1659

Материалдық емес активтер

1660

Құрылатын (әзірленетін) материалдық емес активтер

1661

Гудвилл

1662

Инвестициялық мүлік

1691

Инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизация

1692

Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген амортизация

1693

Компьютерлік жабдық бойынша есептелген амортизация

1694

Басқа да негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация

1695

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизация

1696

Жалға беруге арналған негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация

1697

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизация

1698

Көлік құралдары бойынша есептелген амортизация

1699

Материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизация

1700

Сыйақы алуға байланысты есептелген кірістер бойынша есептелген кірістер

1705

Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген кірістер

1710

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістер

1725

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістер

1726

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

1727

Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша есептелген кірістер

1728

Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген кірістер

1729

Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша есептелген кірістер

1730

Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер

1731

Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы

1735

Бас офис пен оның филиалдары арасындағы есеп айырысулар бойынша есептелген кірістер

1740

Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер

1741

Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы

1744

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер

1745

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер

1746

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер

1747

Капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша есептелген кірістер

1748

Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша есептелген кірістер

1749

Басқа да мерзімі өткен сыйақы

1750

Бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы

1752

Есепке алынған вексельдер бойынша есептелген кірістер

1753

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістер

1755

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша есептелген кірістер

1756

Басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер

1757

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша есептелген кірістер

1771

Ислам банкінің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістері

1772

Жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек

1790

Сыйақыны және шығыстарды алдын ала төлеу

1792

Алынған заемдар мен салымдар бойынша сыйақыны алдын ала төлеу

1793

Болашақ кезеңдер шығыстары

1799

Басқа да алдын ала төлемдер

1810

Есептелген комиссиялық кірістер

1811

Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1812

Агенттік қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1813

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1814

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1815

Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1816

Кепілдіктермен операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1817

Салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1818

Есептелген басқа да комиссиялық кірістер

1819

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша есептелген комиссиялық кірістер

1820

Төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістер

1821

Кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1822

Құжаттық есеп айырысулар бойынша есептелген комиссиялық кірістер

1823

Форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1824

Факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1825

Инкассациялау бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1826

Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1827

Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер

1830

Мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1831

Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1832

Агенттік қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1833

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1834

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1835

Сенімгерлік операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1836

Берілген кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1837

Салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1838

Мерзімі өткен басқа да комиссиялық кірістер

1839

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1840

Төлем құжаттарының акцепті үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1841

Кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1842

Құжаттық есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1843

Форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1844

Факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер

1845

Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтер (провизиялар)

1850

Басқа да дебиторлар

1851

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар

1852

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен есеп айырысулар

1853

Акционерлермен есеп айырысулар (дивидендтер бойынша)

1854

Қызметкерлерімен есеп айырысулар

1855

Құжаттық есеп айырысулар бойынша дебиторлар

1856

Күрделі салымдар бойынша дебиторлар

1857

Кейінге қалдырылған салық активтері

1858

Шетел валютасы бойынша қысқа валюталық позиция

1859

Шетел валютасының теңгедегі (ұзақ валюталық позицияның) қарсы құны

1860

Банк қызметі бойынша басқа да дебиторлар

1861

Кепілдіктер бойынша дебиторлар

1864

Акцептелген вексельдер үшін клиентке қойылатын талаптар

1867

Негізгі емес қызмет бойынша басқа да дебиторлар

1870

Басқа да транзиттік шоттар

1871

Шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдарына арналған транзиттік шоттар

1873

Тазартылған қымбат металдар бойынша қысқа позиция

1874

Тазартылған қымбат металдардың теңгедегі (тазартылған қымбат металдар бойынша ұзақ позицияның) қарсы құны

1876

Басқа да банк қызметі бойынша резервтер (провизиялар)

1877

Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар)

1878

Негізгі емес қызметпен байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар)

1879

Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)

1880

Секьюритилендірілетін активтер

1890

Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар мен дилинг операциялары бойынша талаптар

1891

Фьючерс операциялары бойынша талаптар

1892

Форвард операциялары бойынша талаптар

1893

Опцион операциялары бойынша талаптар

1894

Спот операциялары бойынша талаптар

1895

Своп операциялары бойынша талаптар

1899

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша талаптар.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-параграфқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.08.2023 № 63 (01.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Міндеттемелер

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 2-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 109 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2010

Корреспонденттік шоттар

2011

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттары

2012

Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары

2013

Басқа банктердің корреспонденттік шоттары

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары

2016

Басқа банктердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары

2020

Басқа банктердің талап етілмелі салымдары

2021

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етілмелі салымдары

2022

Шетелдік орталық банктердің талап етілмелі салымдары

2023

Басқа банктердің талап етілмелі салымдары

2024

Басқа банктердің талап етілмелі салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2030

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар

2031

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша сыйлықақы

2032

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша дисконт

2034

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2035

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың құнын оң түзету шоты

2036

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған ұзақ мерзімді қарыздар

2037

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың құнын теріс түзету шоты

2038

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

2040

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар

2041

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша дисконт

2042

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша сыйлықақы

2044

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді заемдар

2045

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемның құнын оң түзету шоты

2046

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдар

2047

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемның құнын теріс түзету шоты

2048

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек

2050

Басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар

2051

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар

2052

Шетелдік орталық банктерден алынған заемдар

2054

Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді заемдар

2055

Басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның құнын оң түзету шоты

2056

Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді заемдар

2057

Басқа банктерден алынған қаржы лизингі

2058

Басқа банктерден алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2059

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар

2065

Басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның құнын теріс түзету шоты

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар

2067

Алынған қаржы лизингі

2068

Заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2069

Алынған заемдар бойынша сыйлықақы

2070

Алынған заемдар бойынша дисконт

2110

Овернайт заемдары

2111

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған овернайт заемдары

2112

Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт заемдары

2113

Басқа банктерден алынған овернайт заемдары

2120

Мерзімді салымдар

2121

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімді салымдары

2122

Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары

2123

Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары

2124

Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары

2125

Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар

2126

Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары

2127

Басқа банктердің ұзақ мерзімді салымдары

2128

Басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын оң түзету шоты

2129

Басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету шоты

2130

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2131

Басқа банктер мен қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2132

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір айдан аспайтын)

2133

Басқа банктердің шартты салымдары

2134

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)

2135

Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2136

Басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын оң түзету шоты

2137

Басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын теріс түзету шоты

2138

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2139

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша сыйлықақы

2140

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша дисконт

2141

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан астам)

2143

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2144

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары

2145

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салым құнын оң түзету шоты

2146

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салым құнын теріс түзету шоты

2147

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2150

Филиалдармен есеп айырысулар

2151

Бас офиспен есеп айырысулар

2152

Жергілікті филиалдарымен есеп айырысулар

2153

Шетелдік филиалдарымен есеп айырысулар

2200

Клиенттер және басқа да кредиторлар алдындағы міндеттемелер

2201

Мемлекеттік бюджеттің ақшасы

2202

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға кастодиан банктер ашқан ағымдағы шоттардағы инвестицияланбаған қалдықтар

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Жеке тұлғалардың талап етілмелі салымдары

2206

Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2207

Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2208

Жеке тұлғалардың шартты салымдары

2210

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер

2211

Заңды тұлғалардың талап етілмелі салымдары

2212

Клиенттердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары

2213

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын қысқа мерзімді салым

2214

Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2216

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2218

Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам)

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары

2220

Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)

2222

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердің талап етілмелі салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2225

Клиенттермен жасалған басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек

2226

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2227

Жалдау бойынша міндеттемелер

2228

Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар

2229

Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам)

2230

Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек

2231

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2232

Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2233

Клиенттердің мерзімді салымының құнын оң түзету шоты

2234

Клиенттердің мерзімді салымының құнын теріс түзету шоты

2235

Клиенттердің мерзімді шартты салымының құнын оң түзету шоты

2236

Клиенттердің мерзімді шартты салымының құнын теріс түзету шоты

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты

2238

Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы

2239

Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт

2240

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2241

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын ұзақ мерзімді салым

2243

Клинеттердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2245

Инвестициялық депозиттер

2255

Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары

2256

"Кері РЕПО" операциялары бойынша қабылданған бағалы қағаздар бойынша алынған сыйақы түріндегі міндеттеме

2257

"Кері РЕПО" операциялары бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттеме

2300

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар

2301

Айналысқа шығарылған облигациялар

2303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар

2304

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы

2305

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша дисконт

2306

Сатып алынған облигациялар

2400

Реттелген борыштар

2401

Өтеу мерзімі бес жылдан аз, реттелген борыштар

2402

Өтеу мерзімі бес жылдан астам, реттелген борыштар

2403

Айналысқа шығарылған, реттелген облигациялар бойынша сыйлықақы

2404

Айналысқа шығарылған, реттелген облигациялар бойынша дисконт

2405

Сатып алынған реттелген облигациялар

2406

Реттелген облигациялар

2407

Реттелген борыш бойынша сыйлықақы

2408

Реттелген борыш бойынша дисконт

2451

Мерзімсіз қаржы құралдары

2550

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

2551

Басқа банктермен есеп айырысулар

2552

Клиенттермен есеп айырысулар

2700

Сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар

2701

Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар

2702

Басқа банктердің талап етілмелі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2703

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар

2704

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар

2705

Басқа банктерден алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2706

Заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар

2708

Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2709

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар

2711

Басқа банктердің овернайт заемдары бойынша есептелген шығыстар

2712

Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2713

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2714

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2715

Бас офис пен оның филиалдарының арасындағы есеп айырысулар бойынша есептелген шығыстар

2717

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердің талап етілмелі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2722

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2724

Клиенттердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар

2725

Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша есептелген шығыстар

2727

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар

2728

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2730

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар

2740

Реттелген борыш бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы

2742

Талап етілмелі салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2743

Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2744

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2745

Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар

2746

Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2747

Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2749

Басқа да мерзімі өткен сыйақы

2755

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша есептелген шығыстар

2756

Реттелген облигациялар бойынша есептелген шығыстар

2757

Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстар

2770

Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар

2790

Сыйақыны және кірістерді алдын ала төлеу

2792

Берілген заемдар бойынша сыйақыны алдын ала төлеу

2793

Орналастырылған салымдар бойынша сыйақыны алдын ала төлеу

2794

Болашақ кезеңдер кірістері

2799

Басқа да алдын ала төлемдер

2810

Есептелген комиссиялық шығыстар

2811

Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар

2812

Агенттік қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар

2813

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар

2814

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар

2815

Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар

2816

Алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар

2817

Клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық шығыстар

2818

Басқа да есептелген комиссиялық шығыстар

2819

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар

2820

Аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар

2830

Мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

2831

Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

2832

Агенттік қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

2833

Бағалы қағаздар сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

2834

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

2835

Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

2836

Алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

2838

Басқа да мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

2839

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

2850

Басқа да кредиторлар

2851

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар

2852

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен есеп айырысулар

2853

Акционерлермен есеп айырысулар (дивидендтер бойынша)

2854

Қызметкерлермен есеп айырысулар

2855

Құжаттамалық есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2856

Күрделі салымдар бойынша кредиторлар

2857

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері

2858

Шетел валютасы бойынша ұзақ валюталық позиция

2859

Шетел валютасының теңгедегі (қысқа валюталық позицияның) қарсы құны

2860

Банктік қызмет бойынша басқа да кредиторлар

2861

Демалыс төлемақыларына арналған резерв

2862

Кастодиандық қызметке байланысты міндеттемелер

2863

Артықшылықты акциялар бойынша міндеттемелер

2864

Акцептер бойынша міндеттемелер

2865

Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер

2867

Негізгі емес қызмет бойынша басқа да кредиторлар

2868

Бағалау міндеттемелері

2869

Берілген кепілдіктер

2870

Басқа да транзиттік шоттар

2871

Қайырымдылық төлемдерінің шоты

2872

Тазартылған қымбат металдар бойынша ұзақ позиция

2873

Тазартылған қымбат металдардың теңгедегі (тазартылған қымбат металдар бойынша қысқа позицияның) қарсы құны

2874

Шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдарына арналған транзиттік шоттар

2875

Шартты міндеттемелер бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)

2880

Секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелер

2890

Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар мен дилинг операциялары бойынша міндеттемелер

2891

Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша міндеттемелер

2893

Опцион операциялары бойынша міндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша міндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша міндеттемелер

2899

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер.

3-параграф. Меншікті капитал

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 3-параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3000

Жарғылық капитал

3001

Жарғылық капитал – жай акциялар

3003

Сатып алған жай акциялар

3025

Жарғылық капитал – артықшылықты акциялар

3027

Сатып алған артықшылықты акциялар

3100

Қосымша капитал

3101

Қосымша төленген капитал

3200

Жалпы банктік тәуекелдерге арналған резервтер (провизиялар)

3400

Динамикалық резервтер

3500

Резервтік капитал және қайта бағалау резервтері

3510

Резервтік капитал

3540

Негізгі құралдарды және пайдалану құқығы нысанындағы активтерді қайта бағалау резервтері

3561

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарының құнын қайта бағалау резервтері

3562

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтер (провизиялар)

3563

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын қарыздардың құнын қайта бағалау резервтері

3564

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтер (провизиялар)

3580

Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (жабылмаған зияны)

3589

Басқа да қайта бағалау бойынша резервтер

3599

Бөлінбеген таза пайда (жабылмаған зиян).

4-параграф. Кірістер

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

4050

Корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4051

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4052

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4090

Сыйақы алуға байланысты басқа кірістер

4091

Басқа банктермен жүргізілетін операциялар бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістер

4100

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4101

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған (бір түнге) салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4102

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған талап етілмелі салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4103

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4104

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4105

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер

4200

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4201

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4202

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер

4250

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4251

Басқа банктерде орналастырылған (бір түнге) салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4252

Басқа банктерде орналастырылған талап етілмелі салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4253

Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4254

Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4255

Басқа банктерде орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4256

Басқа банктерде орналастырылған шартты салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4257

Басқа банктердің салымдар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4258

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (бір айдан аспайтын)

4259

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (бір жылдан аспайтын)

4260

Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4261

Басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын оң түзету түріндегі кірістер

4262

Басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын оң түзету түріндегі кірістер

4263

Басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістер

4264

Басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістер

4265

Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4266

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер

4267

Міндеттемелерді қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде берілетін ақша сомасына сыйақы алуға байланысты кірістер

4268

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістер

4270

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша кірістер

4300

Басқа банктермен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен, ұлттық басқарушы холдингпен, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорымен, халықаралық қаржы ұйымдарымен қарыздармен операциялар бойынша кірістер

4301

Басқа банктерге берілген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4302

Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4303

Басқа банктерге берілген овернайт заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4304

Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4305

Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4306

Заемдар бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4309

Басқа банктерге берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақы

4310

Басқа банктерге берілген заемның құнын оң түзету түріндегі кірістер

4311

Басқа банктерден алынған заемның құнын теріс түзету түріндегі кірістер

4312

Басқа банктерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісімен танылатын пайыздық кірістерді түзетуден түскен кірістер

4313

Басқа банктерге берілген қарыздарды модификациялауға баланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі кірістер

4314

Басқа банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарды модификациялауға баланысты олардың баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша түзету түріндегі кірістер

4315

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздарды модификациялауға баланысты олардың баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша түзету түріндегі кірістер

4316

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздарды модификациялауға баланысты олардың баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша алынған қарыздарды түзету түріндегі кірістер

4325

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның құнын теріс түзету түріндегі кірістер

4331

Алынған заемдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер

4350

Филиалдармен есеп айырысулар бойынша кірістер

4351

Бас офиспен есеп айырысулар бойынша кірістер

4352

Жергілікті филиалдармен есеп айырысулар бойынша кірістер

4353

Шетелдік филиалдармен есеп айырысулар бойынша кірістер

4400

Клиенттермен операциялар бойынша кірістер

4401

Клиенттерге берілген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4403

Клиенттердің кредиттік карточкалары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4405

Клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4407

Клиенттерге факторинг бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4411

Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4417

Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4420

Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4422

Клиенттерге форфейтинг бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4424

Клиенттердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4426

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4427

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4428

Клиенттерге берілген басқа да заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4429

Клиенттерге берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақы

4430

Клиенттерге берілген заемның құнын оң түзету түріндегі кірістер

4431

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың құнын теріс түзету түріндегі кірістер

4432

Клиенттерден тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістер

4433

Клиенттерден тартылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістер

4434

Клиенттерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісімен танылатын пайыздық кірістерді түзету түріндегі кірістер

4435

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша кірістер

4436

Клиенттерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі кірістер

4440

Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер

4445

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4450

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4452

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4453

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер

4454

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер

4455

Айналысқа шығарылған, реттелген облигациялар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер

4456

Реттелген борыш бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер

4465

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4466

"Кері РЕПО" операциялары бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттемені қайта бағалаудан түскен кірістер

4470

Капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4471

Еншілес ұйымдардың акциялары бойынша алынған дивидендтер

4472

Қауымдасқан ұйымдардың акциялары бойынша алынған дивидендтер

4475

Реттелген борышқа инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4476

Басқа да инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4477

Ислам банкінің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алуға байланысты кірістері

4480

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4481

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4482

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер

4490

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4491

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4492

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер

4500

Дилинг операциялары бойынша кірістер

4510

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша кірістер

4530

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер

4540

Тазартылған бағалы металдарды сатудан түскен кірістер

4560

Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер

4570

Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер

4580

Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер

4590

Қаржы фьючерстерін қайта бағалаудан болатын кірістер

4591

Опцион операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер

4593

Своп операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер

4594

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан болатын кірістер

4600

Комиссиялық кірістер

4601

Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4602

Агенттік қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық кірістер

4603

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4604

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4605

Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4606

Кепілдіктермен операциялар қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4607

Салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4608

Басқа да комиссиялық кірістер

4609

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша комиссиялық кірістер

4610

Төлем құжаттарының акцепті үшін алынған комиссиялық кірістер

4611

Кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4612

Құжаттық есеп айырысулар бойынша комиссиялық кірістер

4613

Форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4614

Факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4615

Инкассациялау бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4616

Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4617

Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер

4618

Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін кірістер

4619

Төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін комиссиялық кірістер

4700

Қайта бағалаудан болатын кірістер

4703

Шетел валютасын қайта бағалаудан болатын кірістер

4704

Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болатын кірістер

4705

Заемдардың валюталық баламасын белгілей отырып, теңгедегі заемдарды қайта бағалаудан болатын кіріс

4707

Салымдардың валюталық баламасын белгілей отырып, теңгедегі салымдарды қайта бағалаудан болатын кіріс

4709

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнының өзгеруінен болатын кірістер

4711

Негізгі құралдардың және пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болатын зиянды қалпына келтіруден болатын кірістер

4712

Материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын зиянды қалпына келтіруден болатын кірістер

4713

Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздануынан болатын зиянды қалпына келтіруден болатын кірістер

4714

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын зиянды қалпына келтіруден түсетін кірістер

4730

Қайта бағалаудан болатын кірістер

4733

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болатын кірістер

4734

Басқа да қайта бағалаудан болатын кірістер

4850

Сатудан болатын кірістер

4851

Еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларын сатудан болатын кірістер

4852

Негізгі құралдарды да және материалдық емес активтерді сатудан болатын кірістер

4853

Қорларды сатудан түсетін кірістер

4854

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді сатудан түсетін кірістер

4856

Басқа да инвестицияларды сатудан болатын кірістер

4870

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты кірістер

4871

Еншілес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты кірістер

4872

Қауымдасқан ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты кірістер

4880

Ислам банкінің өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан болатын кірістері

4890

Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша кірістер

4891

Фьючерс операциялары бойынша кірістер

4892

Форвард операциялары бойынша кірістер

4893

Опцион операциялары бойынша кірістер

4895

Своп операциялары бойынша кірістер

4896

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістер

4897

Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

4900

Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)

4920

Басқа да кірістер

4921

Банк қызметінен болатын басқа да кірістер

4922

Негізгі емес қызметтен болатын басқа да кірістер

4923

Акциялар бойынша дивидендтер алуға байланысты кірістер

4950

Резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4951

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4952

Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4953

Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4954

Бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4955

Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4956

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4957

Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша зияндарды жабу үшін жасалған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер

4958

Шартты міндеттемелер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4959

Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4960

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша жасалған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер

4961

Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4962

Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4963

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4999

Салықтарға дейінгі кіріс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-параграфқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.08.2023 № 63 (01.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-параграф. Шығыстар

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 5-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 109 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі); 19.12.2022 № 122 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

5020

Корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5021

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5022

Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5023

Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5024

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5026

Басқа банктердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5030

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) қарыздар құнын түзетуге байланысты шығыстар

5034

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қысқа мерзімді қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5036

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5037

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыз құнын оң түзету түріндегі шығыстар

5038

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5039

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар

5040

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша шығыстар

5044

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5046

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5047

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемның құнын оң түзету түріндегі шығыстар

5048

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5049

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар

5050

Басқа банктерден алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5051

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5052

Шетелдік орталық банктерден алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5053

Басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5054

Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5055

Басқа банктерден алынған заемның құнын оң түзету түріндегі шығыстар

5056

Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5057

Басқа банктерге берілген заемның құнын теріс түзету түріндегі шығыстар

5058

Басқа банктерден алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5059

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5060

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) басқа банктерден алынған немесе басқа банктерге берілген қарыздар құнын түзетуге байланысты шығыстар

5063

Қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5064

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5065

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның құнын оң түзету түріндегі шығыстар

5066

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5068

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5069

Алынған заемдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар

5070

Басқа банктерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісімен танылатын пайыздық кірісті түзету түріндегі шығыстар

5071

Берілген қарыздарды модификациялауға байланысты олардың жалпы баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша түзету түріндегі шығыстар

5072

Басқа банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарды модификациялауға баланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар

5090

Сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар

5091

Басқа банктермен жүргізілетін операциялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар

5095

Басқа банктерден алынған заемдар бойынша комиссиялық сыйақы

5110

Овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5111

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5112

Шетелдік орталық банктердің овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5113

Басқа банктердің овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5120

Басқа банктердің салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5121

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5122

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5123

Шетелдік орталық банктердің талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5124

Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5125

Басқа банктердің талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5126

Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5127

Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5128

Басқа банктердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5129

Басқа банктерден тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5130

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5131

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (бір айдан аспайтын)

5132

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (бір жылдан аспайтын)

5133

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5134

Басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі шығыстар

5135

Басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі шығыстар

5136

Басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстар

5137

Басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстар

5138

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар

5139

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (бір жылдан астам)

5140

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар

5141

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар

5142

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған мерзімді салым құнын оң түзету түріндегі шығыстар

5143

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5144

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5150

Филиалдармен есеп айырысулар бойынша шығыстар

5151

Бас офиспен есеп айырысулар бойынша шығыстар

5152

Жергілікті филиалдармен есеп айырысулар бойынша шығыстар

5153

Шетелдік филиалдармен есеп айырысулар бойынша шығыстар

5200

Клиенттермен операциялар бойынша шығыстар

5201

Мемлекеттік бюджеттің ақшасы бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5203

Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5204

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5211

Клиенттердің талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5212

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5215

Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5216

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5217

Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5218

Клиенттердің жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (бір жылдан аспайтын)

5219

Клиенттердің шартты салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5220

Клиенттердің жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (бір жылдан астам)

5222

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5223

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5224

Клиенттердің талап етілмелі салымдары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5225

Клиенттермен жүргізілетін басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5226

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5227

Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша пайыздық шығыстар

5228

Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5229

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5230

Қабылданған салымдар бойынша комиссиялық сыйақы

5232

Клиенттерге берілген заемның құнын теріс түзету түріндегі шығыстар

5233

Клиенттерден тартылған мерзімді салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстар

5234

Клиенттерден тартылған шартты салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстар

5235

Есепке алынған вексельдер бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар

5236

Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар

5237

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша шығыстар

5240

Клиенттерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылған пайыздық кірісті түзету түріндегі шығыстар

5241

Клиенттерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша берілген қарыздарды түзету түріндегі шығыстар

5250

Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша шығыстар

5260

"Кері РЕПО" операциялары бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттемені қайта бағалаудан болған шығыстар

5300

Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5301

Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5305

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар

5306

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар

5307

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар

5308

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар

5309

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар

5400

Реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5401

Өтеу мерзімі бес жылдан аз, реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5402

Өтеу мерзімі бес жылдан астам, реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5403

Реттелген борыш бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар

5404

Айналысқа шығарылған, реттелген облигациялар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар

5406

Реттелген облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5407

Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5450

Резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5451

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5452

Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5453

Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5455

Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5456

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5457

Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5458

Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5459

Негізгі емес қызметпен байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5461

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5462

Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5464

Бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5465

Шартты міндеттемелер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5468

Бағалау міндеттемелерін қалыптастыруға арналған шығыстар

5469

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстары

5500

Дилинг операциялары бойынша шығыстар

5510

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша шығыстар

5530

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар

5540

Тазартылған бағалы металдардың баланстық құнын есептен шығару бойынша шығыстар

5560

Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5570

Шетел валютасындағы форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5580

Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5590

Қаржы фьючерстерін қайта бағалаудан болатын шығыстар

5591

Опцион операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5593

Своп операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5594

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан болатын шығыстар

5600

Комиссиялық шығыстар

5601

Аударым операциялары бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар

5602

Алынған агенттік қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар

5603

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар

5604

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар

5605

Сенімгерлік операциялар бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар

5606

Кепілдіктер бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар

5607

Клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстар

5608

Басқа да комиссиялық шығыстар

5609

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша комиссиялық шығыстар

5610

Құжаттық есеп айырысулар бойынша комиссиялық кірістер

5611

Кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстар

5700

Қайта бағалау шығыстары

5703

Шетел валютасын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5704

Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болатын шығыстар

5705

Заемдардың валюталық баламасын белгілей отырып, теңгедегі заемдарды қайта бағалаудан болатын шығыс

5708

Салымдардың валюталық баламасын белгілей отырып, теңгедегі салымдарды қайта бағалаудан болатын шығыс

5709

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын өзгертуден болатын шығыстар

5711

Негізгі құралдардың және пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар

5712

Материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар

5713

Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздануынан болатын шығыстар

5714

Гудвилдің құнсыздануынан болатын шығыстар

5715

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар

5720

Еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар

5721

Еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар

5722

Әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдар және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

5729

Басқа да төлемдер

5730

Активтерді қайта бағалаудан болатын шығыстар

5733

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болатын шығыстар

5734

Басқа да қайта бағалаудан болатын шығыстар

5740

Жалпы шаруашылық шығыстары

5741

Көлік шығыстары

5742

Әкімшілік шығыстар

5743

Инкассациялауға шығыстар

5744

Жөндеуге шығыстар

5745

Жарнамаға шығыстар

5746

Күзетке және дабылға шығыстар

5747

Өкілдік шығыстар

5748

Басқа да жалпышаруашылық шығыстары

5749

Қызметтік іссапарларға шығыстар

5750

Аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша шығыстар

5752

Сақтандыру бойынша шығыстар

5753

Байланыс қызметі бойынша шығыстар

5754

"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына жарналар түріндегі шығыстар

5760

Корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер

5761

Қосылған құн салығы

5763

Әлеуметтік салық

5764

Жер салығы

5765

Заңды тұлғалардың мүлік салығы

5766

Көлік құралдары салығы

5767

Аукциондардан алынатын алым

5768

Басқа да салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер

5780

Амортизация бойынша шығыстар

5781

Үйлерді және ғимараттарды амортизациялау бойынша шығыстар

5782

Компьютер жабдығын амортизациялау бойынша шығыстар

5783

Басқа да негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар

5784

Пайдалану құқығы нысанындағы активтерді амортизациялау бойынша шығыстар

5785

Жалға беруге арналған негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар

5786

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындарды амортизациялау бойынша шығыстар

5787

Көлік құралдарын амортизациялау бойынша шығыстар

5788

Материалдық емес активтерді амортизациялау бойынша шығыстар

5850

Сатудан болатын шығыстар

5851

Еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларын сатудан болатын шығыстар

5852

Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатудан болатын шығыстар

5853

Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және қорларды өтеусіз беруден болатын шығыстар

5854

Қорларды сатудан болатын шығыстар

5856

Басқа да инвестицияларды іске асырудан болатын шығыстар

5857

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді сатудан болатын шығыстар

5870

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты шығыстар

5871

Еншілес ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты шығыстар

5872

Қауымдасқан ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты шығыстар

5890

Туынды қаржы құралдарымен жүргізілген операциялар бойынша шығыстар

5891

Фьючерс операциялары бойынша шығыстар

5892

Форвард операциялары бойынша шығыстар

5893

Опцион операциялары бойынша шығыстар

5895

Своп операциялары бойынша шығыстар

5896

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша шығыстар

5897

Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар

5900

Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)

5920

Басқа да шығыстар

5921

Банктік қызметтен болатын басқа да шығыстар

5922

Негізгі емес қызметтен болатын басқа да шығыстар

5923

Жалдау бойынша шығыстар

5924

Акцептерден болатын шығыстар

5925

Алынған кепілдіктер бойынша шығыстар

5926

Артықшылықты акциялар бойынша шығыстар

5999

Корпоративтік табыс салығы.

6-параграф. Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6000

Аккредитивтер бойынша шоттар

6005

Шығарылған жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар

6010

Расталған жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар

6020

Шығарылған жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар

6025

Расталған жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар

6030

Бенефициар банктің жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптары

6040

Рамбурстаушы банктің эмитент банкке қойылатын ықтимал талаптары

6050

Кепілдіктер бойынша шоттар

6055

Берілген немесе расталған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптар

6075

Қабылданған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптар

6080

Форфейтинг операциялары бойынша борышкерге қойылатын талаптар

6100

Болашақта салымдар және заемдар орналастыру бойынша шоттар

6105

Орналастырылатын салымдар бойынша болашақта қойылатын талаптар

6125

Болашақта берілетін, қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты талаптар

6126

Болашақта берілетін, қайтарып алынатын заемдар бойынша шартты талаптар

6130

Клиенттердің жылжымайтын салымдары

6150

Болашақта салымдар және заемдар алу бойынша шоттар

6155

Болашақта салымдар алу бойынша шартты талаптар

6175

Болашақта заемдар алу бойынша шартты талаптар

6177

Берілген заемдар бойынша шартты талаптар

6180

Вексельдер бойынша ықтимал талаптар

6200

Бағалы қағаздар сатып алу бойынша және өзге туынды қаржы құралдары бойынша шоттар

6205

Бағалы қағаздар сатып алу бойынша шартты талаптар

6210

Фьючерс операциялары бойынша шартты талаптар

6225

Сатып алынған опцион операциялары – "колл/пут" бойынша шартты талаптар

6230

Болашақ сыйақы туралы сатып алынған келісім – қарсы шот

6240

Пайыздық своп

6300

Бағалы қағаздар сату бойынша және өзге туынды қаржы құралдары бойынша шоттар

6305

Бағалы қағаздар сату бойынша шартты талаптар

6325

Сатылған опцион операциялары – "колл-пут" бойынша шартты талаптар – қарсы шот

6330

Болашақ сыйақы туралы іске асырылған келісім

6350

Басқа да туынды қаржы құралдары бойынша шартты талаптар

6400

Валюталық құндылықтарды сатып алу-сату бойынша шоттар

6405

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптар

6415

Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша шартты талаптар

6500

Аккредитивтер бойынша шоттар

6505

Шығарылған жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелер

6510

Расталған жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелер

6520

Шығарылған жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелер

6525

Расталған жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелер

6530

Бенефициар банктің жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелері

6540

Рамбурстау бойынша ықтимал міндеттемелер

6550

Кепілдіктер бойынша шоттар

6555

Берілген немесе расталған кепілдіктер бойынша ықтимал міндеттемелер

6575

Қабылданған кепілдіктер бойынша талаптардың ықтимал азаюы

6580

Форфейтинг операциялары бойынша міндеттемелер

6600

Болашақта салымдар және заемдар орналастыру бойынша шоттар

6605

Болашақта салымдар орналастыру бойынша шартты міндеттемелер

6625

Болашақта берілетін, қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты міндеттемелер

6626

Болашақта берілетін, қайтарып алынатын заемдар бойынша шартты міндеттемелер

6630

Клиенттердің жылжымайтын салымдары бойынша міндеттемелер

6650

Болашақта салымдар және заемдар алу бойынша шоттар

6655

Алынатын салымдар бойынша болашақ міндеттемелер

6675

Алынатын заемдар бойынша болашақ міндеттемелер

6677

Берілген заемдар бойынша шартты міндеттемелер

6680

Вексельдер бойынша ықтимал міндеттемелер

6700

Бағалы қағаздар сатып алу бойынша және өзге туынды қаржы құралдары бойынша шоттар

6705

Бағалы қағаздар сатып алу бойынша шартты міндеттемелер

6710

Фьючерс операциялары бойынша шартты міндеттемелер

6725

Сатып алынған опцион операциялары – "колл-пут" бойынша шартты міндеттемелер – қарсы шот

6730

Болашақ сыйақы туралы сатып алынған келісім

6740

Пайыздық своп

6800

Бағалы қағаздар сату бойынша және өзге туынды қаржы құралдары бойынша шоттар

6805

Бағалы қағаздар сату бойынша шартты міндеттемелер

6825

Сатылған опцион операциялары – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелер

6830

Болашақ сыйақы туралы іске асырылған келісім – қарсы шот

6850

Басқа да туынды қаржы құралдары бойынша шартты міндеттемелер

6900

Валюталық құндылықтарды сатып алу-сату бойынша шоттар

6905

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер

6915

Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер

6996

Басқа да активтермен мәмілелер бойынша позиция

6997

Бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша позиция

6998

Тазартылған қымбат металдармен мәмілелер бойынша позиция

6999

Шетел валютасымен мәмілелер бойынша позиция.

7-параграф. Балансқа меморандумның шоттары

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 7-тарауға өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 27.03.2017 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 №267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

7100

Мемориалдық шоттар – активтер

7110

Жалға берілген үйлер, машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдар

7115

Төлемді бөліп-бөліп төлеу арқылы өткізілетін негізгі құралдар

7150

Шетелдік операциялар бойынша инкассоға жіберілген құжаттар және құндылықтар

7160

Міндеттемелерді қамтамасыз етуге (кепілге) берілген мүлік

7200

Мемориалдық шоттар – пассивтер

7220

Жалға алынған активтер

7240

Инкассоға қабылданған құжаттар және құндылықтар

7250

Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүлік

7300

Мемориалдық шоттар – басқалары

7303

Мерзімінде төленбеген төлем құжаттары

7320

Секьюритилендірілетін активтер

7321

Қазақстан Республикасының ұйымдарына шет мемлекеттер мен шетелдік банктер ашқан кредит желілері

7330

Агенттік келісімдер негізінде қызмет көрсетілетін заемдар

7331

Агенттік заемдар бойынша есептелген сыйақы

7339

Әртүрлі құндылықтар мен құжаттар

7342

Есебіне жіберілген және берілген әртүрлі құндылықтар мен құжаттар

7345

Сақтаудағы қымбат металдар

7360

Клиенттердің акциялары және басқа бағалы қағаздары

7363

Клиенттердің кастодиандық қызмет көрсетудегі активтері

7400

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының сақтауға қабылдаған зейнетақы активтері

7401

Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары

7403

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары

7404

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар

7405

Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары

7406

Басқа банктердегі салымдар

7407

Басқа да зейнетақы активтері

7408

Зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)

7409

Зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)

7410

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)

7411

Зейнетақы активтері орналастырылған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)

7412

Зейнетақы активтері орналастырылған басқа банктердегі салымдар бойынша есептелген сыйақы

7413

Зейнетақы активтері орналастырылған басқа да қаржылық активтер бойынша есептелген сыйақы

7414

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен операциялар бойынша міндеттемелері

7416

Зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары

7500

Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар

7535

Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар

7536

Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдар

7542

Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша есептелген сыйақы

7543

Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)

7544

Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

7600

Клиенттердің сенімгерлік (инвестициялық) басқарудағы активтері

7601

Ақша

7602

Тазартылған қымбат металдар

7604

Орналастырылған салымдар

7610

Сыйақы

7611

Басқа да талаптар

7630

Сенімгерлік (инвестициялық) басқару операциялары бойынша міндеттемелер

7631

Төленетін шоттар

7632

Басқа да міндеттемелер

7650

Капитал

7651

Капитал

7660

Сенімгерлік (инвестициялық) басқару операциялары бойынша кірістер

7661

Клиенттен активтердің түсуі

7662

Сыйақы түріндегі кірістер

7663

Активтерді сатып алу-сатудан болатын кірістер

7664

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын кірістер

7665

Бағамдық айырма бойынша кірістер

7668

Басқа да кірістер

7680

Сенімгерлік (инвестициялық) басқару операциялары бойынша шығыстар

7681

Клиенттің активтерін алу

7682

Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар

7683

Активтерді сатып алу-сатудан болатын шығыстар

7684

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын шығыстар

7685

Бағамдық айырма бойынша шығыстар

7688

Басқа да шығыстар

7700

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қоспағанда, кастодиандық сақтауға қабылдаған активтері

7701

Бағалы қағаздар

7702

Басқа банктердегі салымдар

7703

Тазартылған қымбат металдар

7704

"Кері РЕПО" операциялары

7705

"РЕПО" операциялары

7706

Туынды қаржы құралдары

7707

Капиталға инвестициялар

7708

Үйлерге, машиналарға, жабдыққа, көлік және басқа негізгі құралдарға инвестициялар

7709

Басқа да активтер

7710

Дивидендтер

7711

Сыйақы

7712

Бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы

7713

Басқа да талаптар

7800

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша активтер

7801

Банктің клиенттердің ақшасын есепке алу шоты

7802

Тазартылған қымбат металдар

7803

Басқа банктердегі салымдар

7804

Ислам бағалы қағаздары

7805

Қатысу үлестері

7806

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптар

7807

Сыйақы

7808

Қорлар

7809

Үйлер, машиналар, жабдық, көлік және басқа да құралдар

7810

Салынып (орнатылып) жатқан негізгі құралдар

7811

Лизингке (жалға) берілген активтер бойынша талаптар

7812

Жалдау бойынша есептелген кірістер

7813

Зиянды өтеуге арналған резервтер (провизиялар)

7820

Басқа да талаптар

7830

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша міндеттемелер

7831

Инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер

7832

Болашақ кезеңдер кірістері

7833

Инвестициялық депозиттер бойынша есептелген шығыстар

7834

Инвестициялық депозитті басқару үшін сыйақы

7835

Басқа да міндеттемелер

7850

Капитал

7851

Капитал

7860

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша кірістер

7862

Сыйақы түріндегі кірістер

7863

Активтерді сатып алу-сатудан болатын кірістер

7864

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысудан түскен кіріс

7865

Дисконт амортизациясынан түскен кірістер

7866

Резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістер

7867

Бағамдық айырма бойынша кірістер

7868

Активтерді әділ құн бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер

7869

Лизинг (жалдау) төлемдері түріндегі кірістер

7870

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша кірістер

7871

Басқа да кірістер

7880

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша шығыстар

7881

Инвестициялық депозит бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар

7882

Комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар

7883

Активтерді сатып алу-сатудан болатын шығыстар

7884

Сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар

7886

Бағамдық айырма бойынша шығыстар

7887

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын шығыстар

7888

Негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар

7889

Активтердің құнсыздануынан болатын зиян

7890

Басқа да шығыстар.

3-тарау. Шоттардың сипаттамасы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-параграфқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.08.2023 № 63 (01.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-параграф. Балансқа меморандумның шоттары

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 109 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 25.02.2013 № 63(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2016 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2017 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);31.12.2020 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі); 19.12.2022 № 122 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1001. Кассадағы қолма-қол ақша (актив).

      Шоттың мақсаты: Кассадағы қолма-қол ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша кассаға түскен қолма-қол ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша кассадан берілген қолма-қол ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1002. Жолдағы банкноттар және монеталар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге немесе банктің бір бөлімшесінен және ипотекалық ұйымнан басқасына жіберілген банкноттар мен монеталар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке немесе банктің бір бөлімшесінен және ипотекалық ұйымнан басқасына жіберілген банкноттар мен монеталар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жіберілген банкноттар мен монеталар сомаларын алушыдан қолма-қол ақшаның алынғаны туралы растау келіп түскеннен кейін есептен шығару жазылады.

      1003. Айырбастау пункттеріндегі қолма-қол ақша (актив).

      Шоттың мақсаты: Өзінің айырбастау пункттері қызметкерлерінің есебіне банк берген қолма-қол ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша өзінің айырбастау пунктінің қызметкерінің есебіне банк берген қолма-қол ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша банктің айырбастау пункті қызметкерінің есебіне сәйкес ол бұрын берілген қолма-қол ақша сомаларын сатқан немесе оларды банктің кассасына қайтарған кезде оның сомаларын есептен шығару жазылады.

      1004. Кешкі кассадағы қолма-қол ақша (актив).

      Шоттың мақсаты: Банктің және ипотекалық ұйымның кешкі кассалары қызметкерлерінің есебіне берген қолма-қол ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банктің және ипотекалық ұйымның кешкі касса қызметкерінің есебіне берген қолма-қол ақша сомалары, сондай-ақ кешкі касса жүргізген операциялар бойынша болатын қолма-қол ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бұрын берілген қолма-қол ақшаның сомаларын кешкі касса жүргізген операциялар бойынша берген кезде кешкі касса қызметкерінің есебіне сәйкес немесе олар банктің және ипотекалық ұйымның кассасына қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1005. Банкоматтардағы және электрондық терминалдардағы қолма-қол ақша (актив).

      Шоттың мақсаты: Банкоматтардағы және электрондық терминалдардағы қолма-қол ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банкоматтарға және электрондық терминалдарға салынған қолма-қол ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша банкоматтардан берілген және электрондық терминалдардан алынған қолма-қол ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1006. Жолдағы жол чектеріндегі ақша (актив).

      Шоттың мақсаты: Банктің және ипотекалық ұйымның бір бөлімшесінен екінші бөлімшесіне не чектерде көрсетілген құнды алу үшін жол чектерінің эмитентіне жіберілген жол чектеріндегі ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банктің және ипотекалық ұйымның бір бөлімшесінен екінші бөлімшесіне не чектерде көрсетілген құнды алу үшін жол чектерінің эмитентіне жіберілген жол чектеріндегі ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша алушыдан жол чектерін алғандығы туралы растау алынғаннан кейін жол чектеріндегі жіберілген ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1007. Қымбат металдардан жасалған, кассадағы монеталар (актив).

      Шоттың мақсаты: Қымбат металдардан жасалған, кассадағы монеталар сомаларын есепке алу. Бұл монеталар кейіннен әділ құны бойынша есепке алына отырып, бастапқыда сатып алу құны бойынша есепке алынады.

      Шоттың дебеті бойынша кассаға келіп түскен, қымбат металдардан жасалған монеталар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша кассадан берілген, қымбат металдардан жасалған монеталар сомалары олар үшінші тұлғаларға сатылған немесе сыйға тартылған кезде жазылады.

      1008. Жол чектеріндегі ақша (актив).

      Шоттың мақсаты: Жол чектеріндегі ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жол чектеріндегі ақша сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жол чектерін чек ұстаушыға берілген (сатылған) кезде жол чектеріндегі ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1009. Қымбат емес металдардан жасалған, кассадағы коллекциялық монеталар (актив).

      Шоттың мақсаты: Қымбат емес металдардан жасалған, кассадағы коллекциялық монеталардың сомаларын есепке алу. Бұл монеталар сатып алу құны бойынша есептеледі.

      Шоттың дебеті бойынша қымбат емес металдардан жасалған, кассаға келіп түскен коллекциялық монеталардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша кассадан берілген, қымбат емес металдардан жасалған коллекциялық монеталардың сомалары олар үшінші тұлғаларға сатылған және сыйға тартылған кезде есептен шығару жазылады.

      1011. Тазартылған қымбат металдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдар баланстан шығарылған кезде олардың құнының есептен шығарылуы жазылады.

      1012. Жолдағы тазартылған қымбат металдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Жолдағы тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жолдағы тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдардың құнын алушыдан тазартылған қымбат металдарды алғандығы туралы растау немесе аванстық есеп келіп түскеннен кейін есептен шығару жазылады.

      1013. Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдардың құнын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1051. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот (актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шотқа түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1052. Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар (актив).

      Шоттың мақсаты: Корреспондент банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған корреспонденттік шоттардағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша корреспондент банкте және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған корреспонденттік шотқа түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша корреспондент банкте және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған корреспонденттік шоттан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1053. Ипотекалық ұйымдардың банктердегі ағымдағы шоттары (актив).

      Шоттың мақсаты: Ипотекалық ұйымдардың банктерде ашылған ағымдағы шоттарындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ипотекалық ұйымның банкте ашылған ағымдағы шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ипотекалық ұйымның банкте ашылған ағымдағы шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1054. Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде ашылған корреспонденттік шоттар, ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерде ашылған корреспонденттік шоттар, ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде ашылған корреспонденттік шоттар, ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      1055. Банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шоттары (актив).

      Шоттың мақсаты: банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шоттарындағы ақша сомаларын есепке алу

      Шоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1101. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар (бір түнге) (актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жұмыс күнінен кейінгі бір түнге орналастырылған салымдар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жұмыс күнінен кейінгі бір түнге орналастырылған салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1102. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі талап етілмелі салымдар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған талап етілмелі салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған талап етілмелі салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған талап етілмелі салымдардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1103. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі мерзімді салымдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған мерзімді салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған мерзімді салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған мерзімді салымдардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1104. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтер (актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде резервтелген ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде резервтелген ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша резервтелген ақша сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1105. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконт (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнды түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, нарықтық емес пайыздың мөлшерлемесі бойынша салым беруге қатысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомалары, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнды түзету сомалары, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомалары, нарықтық емес пайыздың мөлшерлемесі бойынша салым беруге қатысты түзету сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау сомасы және (немесе) тану тоқтатылған кезде амортизацияланбаған сыйлықақы сомасын есептен шығару жазылады.

      1106. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салым бойынша нақты орналастырылған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) салым бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау сомасы және (немесе) тану тоқтатылған кезде амортизацияланбаған сыйлықақы сомасын есептен шығару жазылады.

      1150. Айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноттары (актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сатып алынған (алынған), айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноттарының номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сатып алынған (алынған), айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноттарының номиналдық құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның банкноттарын айналысқа шығарғаннан кейін оларды 1000 шоттар тобының тиісті шоттарына есептеген кезде ұлттық валюта банкноттарының номиналдық құнын есептен шығару жазылады.

      1201. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар (актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған бағалы қағаздардың сатылған кездегі құнын есептен шығару, сондай-ақ олардың құнын № 1202 баланстық шотқа жатқызу немесе бағалы қағаздарды басқа санатқа аудару жазылады.

      1202. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек (актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылыесепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзім өткен берешектің сомаларын олар сатылған, өтелген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1205. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының олардың сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, бағалы қағаздарды пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша сатып алуға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған бағалы қағазды сатып алумен немесе құрумен байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомасы, кредиттік-құнсызданған бағалы қағазды сатып алумен немесе құрумен байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1206. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1208. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты (актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету сомаларын олар өтелген, сатылған немесе баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1209. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету шоты (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын теріс түзету сомасын есептен шығару жазылады.

      1251. Басқа банктерде орналастырылған (бір түнге) салымдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде салымды орналастыру күнінен кейінгі жұмыс күні басталғанға дейін орналастырылған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде салымды орналастыру күнінен кейінгі жұмыс күні басталғанға дейін орналастырылған салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдардың сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1253 немесе № 1257 баланстық шоттарға жатқызылған кезде есептен шығару жазылады.

      1252. Басқа банктерде орналастырылған талап етілмелі салымдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған талап етілмелі салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде орналастырылған талап етілмелі бойынша салымдарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған талап етілмелі салымдардың сомаларын олар қайтарылған немесе олар № 1257 баланстық шотқа жатқызылған кезде есептен шығару жазылады.

      1253. Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде бір айды қоса алғандағы мерзімге орналастырылған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған қысқа мерзімді салымдардың сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1257 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1254. Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде бір жылды қоса алғандағы мерзімге орналастырылған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша қысқа мерзімі салымдардың сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1257 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1255. Басқа банктерде орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде бір жылдан астам мерзімге орналастырылған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған ұзақ мерзімді салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған ұзақ мерзімді салымдардың сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1257 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1256. Басқа банктерде орналастырылған шартты салымдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған шартты салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған шартты салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған шартты салымдардың сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1257 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1257. Басқа банктердің салымдар бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).

      Шоттың мақсаты: Орналастырылған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша орналастырылған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын оларды басқалар өтеген немесе оларды баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1258. Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір айдан аспайтын) (актив).

      Шоттың мақсаты: Бір айдан аспайтын мерзімге басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған жинақ салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған жинақ салымдардың сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1257 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1259. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтер (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған салымдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған салымдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1260. Басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын оң түзету шоты (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған, өтеу мерзімі бір жылдан асатын мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын ұлғайту нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған, өтеу мерзімі бір жылдан асатын мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын ұлғайту нәтижесінде туындаған оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын ол соманы № 1261 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде есептен шығару жазылады.

      1261. Басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын теріс түзету шоты (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған, өтеу мерзімі бір жылдан асатын мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын азайту нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған, өтеу мерзімі бір жылдан асатын мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын азайту нәтижесінде туындаған теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын теріс түзету сомаларын ол соманы № 1260 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде есептен шығару жазылады.

      1262. Басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын оң түзету шоты (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған, өтеу мерзімі бір жылдан асатын шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын ұлғайту нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған, өтеу мерзімі бір жылдан асатын шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын ұлғайту нәтижесінде туындаған оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын ол соманы № 1263 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде есептен шығару жазылады.

      1263. Басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын теріс түзету шоты (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған, өтеу мерзімі бір жылдан асатын шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын азайту нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған, өтеу мерзімі бір жылдан асатын шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын азайту нәтижесінде туындаған теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын теріс түзету сомаларын ол соманы № 1262 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде есептен шығару жазылады.

      1264. Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым (актив).

      Шоттың мақсаты: Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының банктік салым шарты бойынша және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде кепіл туралы шарт бойынша берілген, иеленуді және пайдалануды кепіл беруші жүзеге асыратын ақша (салым) сомаларын есепке алу. Бұл шот банк шоты болып табылады.

      Шоттың дебеті бойынша банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде берілген ақша (салым) сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша банктік салым және кепіл туралы шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде берілген ақша (салым) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1265. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша дисконт (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша салым бойынша қайтарылатын ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша дисконтты амортизациялау сомасы және (немесе) тану тоқтатылған кезде амортизацияланбаған дисконт сомасын есептен шығару жазылады.

      1266. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) нақты орналастырылған ақша сомасының салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салым бойынша (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) нақты орналастырылған ақша сомасының салым бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомасын жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сыйлықақыны амортизациялау сомасы және (немесе) тану тоқтатылған кезде амортизацияланбаған сыйлықақы сомасын есептен шығару жазылады.

      1267. Банктің және ипотекалық компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде берілген ақшаны сақтау шоты (актив).

      Шоттың мақсаты: Банктің және ипотекалық ұйымның кепіл туралы шарт немесе олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде кепілзат беру туралы келісім бойынша берілген, иеленуді және пайдалануды кепіл беруші жүзеге асыратын ақша сомаларын есепке алу. Бұл шот банк шоты болып табылмайды.

      Шоттың дебеті бойынша банктің және ипотекалық ұйымның міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде берілген ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша банктің және ипотекалық ұйымның кепіл туралы шарттың немесе кепілзат беру туралы келісімнің талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде берілген ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1268. Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан аспайтын) (актив).

      Бір жылдан аспайтын мерзімге басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған жинақ салымдарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған жинақ салымдарының сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1257 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1269. Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан астам) (актив).

      Бір жылдан астам мерзімге басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған жинақ салымдарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған жинақ салымдарының сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1257 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1301. Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша овердрафт заемдары (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша берілген овердрафт заемдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктің корреспонденттік шоты бойынша берілген овердрафт заемдарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген овердрафт заемдарының сомаларын оларды басқа банк өтеген немесе оларды № 1306 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1302. Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге қоса алғанда бір жылға дейінгі мерзімге берілген заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген қысқа мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген қысқа мерзімді заемдардың сомаларын оларды басқа банк өтеген немесе оларды № 1306 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1303. Басқа банктерге берілген овернайт заемдары (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген овернайт заемдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген овернайт заемдарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген овернайт заемдарының сомаларын олар өтелген немесе № 1302 баланстық шотқа жатқызылған кезде есептен шығару жазылады.

      1304. Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге бір жылдан астам мерзімге берілген заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген ұзақ мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген ұзақ мерзімді заемдардың сомаларын оларды басқа банк өтеген немесе оларды № 1306 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1305. Басқа банктерге берілетін қаржы лизингі (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын оларды басқа банк өтеген немесе оларды № 1309 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1306. Басқа банктердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердің берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктің берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын оларды басқа банк өтеген немесе оларды баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1309. Басқа банктердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердің берілген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктің берілген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктің берілген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегінің сомаларын оларды басқа банк өтеген немесе оларды баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1310. Басқа банктерге берілген заемның құнын оң түзету шоты (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген, өтеу мерзімі бір жылдан асатын заемның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын ұлғайту нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген, өтеу мерзімі бір жылдан асатын заемның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын ұлғайту нәтижесінде туындаған оң түзету сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша заемның есепке алу (баланстық) құнын оң түзетудің сомаларын осы соманы № 1311 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде есептен шығару жазылады.

      1311. Басқа банктерге берілген заемның құнын теріс түзету шоты (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген, өтеу мерзімі бір жылдан асатын заемның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын азайту нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке берілген, өтеу мерзімі бір жылдан асатын заемның есепке алу (баланстық) құнын осы активтің әділ құнын азайту нәтижесінде туындаған теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша заемның есепке алу (баланстық) құнын теріс түзету сомаларын ол соманы № 1310 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде есептен шығару жазылады.

      1312. Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Заемның өтелетін сомасының нақты берілген заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған заемды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем беруге байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заемның өтелетін сомасының нақты берілген заем сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомасы, кредиттік-құнсызданған заемды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем беруге байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1313. Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Нақты берілген заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша нақты берілген заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1319. Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржылық лизинг бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке берілген заемдар мен қаржылық лизинг бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген заемдар мен қаржылық лизингі бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1332. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдардың әділ құнын оң түзету шоты (актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының оң түзету сомалары есептен шығарылады.";

      1333-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының теріс түзету сомаларын есептен шығару жазылады.

      1333. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдардың әділ құнын теріс түзету шоты (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдардың құнын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдардың әділ құнының төмендеуінен болған іске асырылмаған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдардың әділ құнын теріс түзету сомаларын есептен шығару осы соманы № 1332 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде, әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын осы заемдарды сату кезінде жазылады.

      1351. Бас офиспен есеп айырысулар (актив).

      Шоттың мақсаты: Филиалдың бас офисте ашылған корреспонденттік шотындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша филиалдың бас офисте ашылған корреспонденттік шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша филиалдың корреспонденттік шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1352. Жергілікті филиалдармен есеп айырысулар (актив).

      Шоттың мақсаты: Бас офистің жергілікті филиалда ашылған корреспонденттік шотындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бас офистің жергілікті филиалда ашылған корреспонденттік шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бас офистің жергілікті филиалда ашылған корреспонденттік шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1353. Шетелдік филиалдармен есеп айырысулар (актив).

      Шоттың мақсаты: Бас офистің шетелдік филиалда ашылған корреспонденттік шотындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бас офистің шетелдік филиалда ашылған корреспонденттік шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бас офистің шетелдік филиалда ашылған корреспонденттік шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1401. Клиенттерге берілген овердрафт заемдары (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің банк шоттары бойынша берілген овердрафт заемдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің банк шоты бойынша берілген овердрафт заемдарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген овердрафт заемдарының сомаларын оларды клиент өтеген немесе оларды № 1424 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1403. Клиенттердің кредит карточкалары бойынша шоттар (актив).

      Шоттың мақсаты: Кредит карточкасын ұстаушыларға берілген заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша кредит карточкасын ұстаушыға берілген заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген заемдардың сомаларын оларды кредит карточкасын ұстаушы өтеген немесе оларды № 1424 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1405. Клиенттердің есепке алынған вексельдері (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің есепке алынған вексельдерінің номиналдық құнының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің есепке алынған вексельдерінің номиналдық құнының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есепке алынған вексельдердің номиналдық құнының сомаларын оларды клиент өтеген немесе қайта сатқан не оларды № 1424 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1406. Клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша алдыңғы вексель ұстаушылар есептеген сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша алдыңғы вексель ұстаушылар есептеген сыйақы сомаларын оларды сатып алғанға дейін есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша алдыңғы ұстаушылар есептеген сыйақы сомасы оларды сатып алғанға дейін жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша сыйақы сомаларын оларды алған кезде есептен шығарады.

      1407. Клиенттерге факторинг (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің үшінші тұлғалар иелігінен шығарған борыштары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің үшінші тұлға иелігінен шығарған борыштары бойынша талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша иеліктен шығарылған талаптардың сомаларын оларды клиент өтеген немесе оларды № 1409 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1409. Клиенттердің факторинг бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің берілген факторинг бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің берілген факторинг бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің берілген факторинг бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын оларды клиент өтеген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1411. Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге қоса алғанда бір жылға дейінгі мерзімге берілген заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке берілген қысқа мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген қысқа мерзімді заемдардың сомаларын оларды клиент өтеген немесе оларды № 1424 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1417. Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге бір жылдан астам мерзімге берілген заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке берілген ұзақ мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген ұзақ мерзімді заемдардың сомаларын оларды клиент өтеген немесе оларды № 1424 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1420. Клиенттерге берілетін қаржы лизингі (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке берілген қаржы лизингінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген қаржы лизингінің сомаларын оларды клиент өтеген немесе оларды № 1421 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1421. Клиенттердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің берілген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің берілген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша клиенттің мерзімі өткен берешегінің сомаларын оларды клиент өтеген немесе баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1422. Клиенттерге форфейтинг (актив).

      Шоттың мақсаты: Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушының сатушыға айналымсыз вексельдер сатып алу арқылы алынған борыштық міндеттемелері бойынша банк талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушының сатушыға айналымсыз вексельдер сатып алу арқылы алынған борыштық міндеттемелері бойынша талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша талаптардың сомаларын оларды тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушы өтеген немесе оларды № 1423 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1423. Клиенттердің форфейтинг бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің берілген форфейтинг бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің берілген форфейтинг бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің берілген форфейтинг бойынша борыштың негізгі бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын оларды клиент өтеген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1424. Клиенттердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің банк берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын оларды клиент өтеген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1425. Клиенттердің наразылық білдірілген вексельдері (актив).

      Шоттың мақсаты: Наразылық білдірілген вексельдердің, яғни акцептеуге немесе төлем жасауға наразылық білдірілген вексельдердің номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша наразылық білдірілген вексельдердің номиналдық құны оларды төлем жасаушы акцептеуден не төлем жасаудан бас тартқан кезде жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша наразылық білдірген вексельдердің номиналдық құнын оларды төлем жасаушы төлеген не оларды құрылған провизиялар (резервтер) есебінен баланстан шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1426. Клиентке сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша қойылатын талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Ислам банкінің сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттерге талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттерге талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттерге талаптарының сомаларын клиент оларды өтеген немесе олар № 1427 баланстық шотқа жатқызылған кезде есептен шығару жазылады.

      1427. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек (актив).

      Шоттың мақсаты: Сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегінің сомаларын клиент оларды өтеген немесе баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1428. Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген заемдар мен қаржылық лизинг бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген заемдар мен қаржылық лизинг бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша берілген заемдар мен қаржылық лизинг бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1429. Клиенттерге берілген басқа да заемдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген басқа да заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке берілген басқа да заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген басқа да заемдардың сомаларын оларды клиент өтеген немесе оларды № 1424 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1430. Клиенттерге берілген қарыздың әділ құнын оң түзету шоты (активті).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген қарыздың осы активтің әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған есептік (баланстық) құнын оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке берілген қарыздың осы активтің әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған есептік (баланстық) құнын оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша қарыздың есептік (баланстық) құнын түзету сомаларын осы соманың № 1431 баланстық шотпен сальдосы кезінде есептен шығару жазылады.

      1431. Клиенттерге берілген қарыздың әділ құнын теріс түзету шоты (контрактивті).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген қарыздың осы активтің әділ құнының азаюы нәтижесінде туындаған есептік (баланстық) құнын теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиентке берілген қарыздың осы активтің әділ құнының азаюы нәтижесінде туындаған есептік (баланстық) құнын теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қарыздың есептік (баланстық) құнын теріс түзету сомаларын осы соманың № 1430 баланстық шотпен сальдосы кезінде есептен шығару жазылады.

      1432. Есепке алынған вексельдер бойынша дисконт (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Есепке алынған вексельдер бойынша дисконт сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша есепке алынған вексельдер бойынша дисконт сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша есептеу әдістемесіне сәйкес есепке алынған вексельдер бойынша дисконт сомаларын кірістердің тиісті баланстық шоттарына есептен шығару және тану тоқтатылған кезде амортизацияланбаған дисконт сомасын есептен шығару жазылады.

      1433. Есепке алынған вексельдер бойынша сыйлықақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Вексельдің сатып алу құнының оның номиналдық құнынан асып түскен сомаларын есепке алу (сыйлықақы).

      Шоттың дебеті бойынша вексельдің сатып алу құнының оның номиналдық құнынан асып түскен сомасы жазылады (сыйлықақы).

      Шоттың кредиті бойынша есепке алынған вексельдер бойынша

      № 5235 баланстық шотпен байланыстыра отырып сыйлықақыны амортизациялау сомасы және тану тоқтатылған кезде амортизацияланбаған сыйлықақы сомасын есептен шығару жазылады.

      1434. Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Заемды өтеу сомасының нақты берілген заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған заемды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем беруге байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заемның өтелетін сомасының нақты берілген заем сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомасы, кредиттік-құнсызданған заемды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем беруге байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1435. Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Нақты берілген заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша нақты берілген заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1445. Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер (актив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік басқаруға берілген ақшаның, тазартылған қымбат металдар және бағалы қағаздар құнының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік басқаруға берілген ақшаның, тазартылған қымбат металдар және бағалы қағаздар құнының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік басқаруға берілген ақшаның, тазартылған қымбат металдар және бағалы қағаздар құнының сомаларын олар сенімгерлік басқарушы қайтарылған немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1452. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар (актив).

      Шоттың мақсаты: Нарықтағы сыйақы мөлшерлемелері, бағалы қағаздар бойынша кірістілік, өтімділікті ұстап тұру қажеттілігі өзгерген жағдайда сатылуы мүмкін бағалы қағаздардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған бағалы қағаздардың сатылған кездегі құнын есептен шығару, сондай-ақ олардың құнын № 1459 баланстық шотқа жатқызу немесе бағалы қағаздарды басқа санатқа аудару жазылады.

      1453. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша түзету сомаларын, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған бағалы қағаздарды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың жалпы баланстық құнын түзету сомасы, кредиттік-құнсызданған бағалы қағаздарды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1454. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомалары, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомалары, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияның сомасы және (немесе)әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы есептен шығарылады.

      1456. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты (актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының оң түзету сомалары есептен шығарылады.

      1457. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету шоты (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының теріс түзету сомалары есептен шығарылады.

      1459. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек (актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын оларды сатқан, өтеген немесе оларды баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1461. Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары (актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақта сатушыға бағалы қағаздарды келісілген баға бойынша қайтару міндеттемесімен операция ашылған күні кепілге алынған бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциясы бойынша талаптардың операция ашылған күнгі сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша "кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын операция жабылған немесе күші жойылған кезде есептен шығару жазылады.

      1462. Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша мерзімі өткен берешек (актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын оларды сатқан, өтеген немесе оларды баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1463. Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1471. Еншілес ұйымдарға инвестициялар (актив).

      Шоттың мақсаты: Еншілес ұйымдарға салынған (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялардың сатып алу құны бойынша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша еншілес ұйымға салынған инвестициялардың сатып алу құны бойынша сомалары, сондай-ақ қатысу үлесінің өзгеруі жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша салынған инвестициялардың сомаларын оларды еншілес ұйым сатып алған немесе олар сатылған кезде есептен шығару жазылады.

      1472. Қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар (актив).

      Шоттың мақсаты: Қауымдасқан ұйымдарға салынған (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялардың сатып алу құны бойынша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қауымдасқан ұйымға салынған инвестициялардың сатып алу құны бойынша сомалары, сондай-ақ қатысу үлесінің өзгеруі жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша салынған инвестициялардың сомаларын оларды қауымдасқан ұйым сатып алған немесе олар сатылған кезде есептен шығару жазылады.

      1473. Ислам банкінің өндірістік және сауда қызметіне инвестициялары (актив).

      Шоттың мақсаты: Өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік талаптарымен қаржыландырған кездегі ислам банкі инвестицияларының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      1475. Реттелген борышқа инвестициялар (актив).

      Шоттың мақсаты: Реттелген борышқа салынған инвестициялардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борышқа салынған инвестициялардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борышқа салынған инвестициялардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      1476. Басқа да инвестициялар (актив).

      Шоттың мақсаты: Еншілес немесе қауымдасқан ұйымдар болып табылмайтын ұйымдарға салынған (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша еншілес немесе қауымдасқан ұйым болып табылмайтын ұйымға салынған басқа инвестициялардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша салынған басқа инвестициялардың сомаларын олар сатылған кезде есептен шығару жазылады.

      1477. Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Реттелген борышқа инвестициялар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борышқа инвестициялар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борышқа инвестициялар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1481. Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар (актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнын оларды өтеген, № 1485 баланстық шотқа жатқызған не бағалы қағаздардың басқа санатына ауыстырған кезде есептен шығару жазылады.

      1482. Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконт (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған бағалы қағаздарды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомалары, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомалары, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты түзету сомалары, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомалары, кредиттік-құнсызданған бағалы қағаздарды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1483. Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының олардың номиналдық құнынан сыйлықақылар сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық кірістерді тануға байланысты түзетулер сомаларын, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздарды сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып пайыздық кірістерді тануға байланысты түзетулер сомасы, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1485. Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек (актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын олар өтелген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1486. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1491. Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері (актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерінің номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизациялық құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерінің номиналдық құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизациялық құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерінің номиналдық құнын олар өтелген, олардың құны № 1494 баланстық шотқа жатқызылған не қаржылық активтердің басқа санатына ауыстырылған кезде есептен шығару жазылады.

      1492. Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша дисконт (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерінің номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кету түріндегі дисконт сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, қаржы активтерін пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша сатып алуға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған бағалы қағазды сатып алуға немесе жасауға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерінің номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кету түріндегі дисконт сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, нарықтық емес пайыздық мөлшерлеме бойынша қаржы активтерін сатып алуға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомасы, кредиттік-құнсызданған бағалы қағазды сатып алуға немесе жасауға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1493. Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйлықақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерінің сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерін сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнды түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      1494. Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша мерзімі өткен берешек (актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизациялық құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы басқа да қаржы активтері мерзімі өткен берешек сомаларын олар өтелген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1495. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1551. Басқа банктермен есеп айырысулар (актив).

      Шоттың мақсаты: Банк және корреспондент банк арасындағы клиринг жасалған кездегі қарама қарсы сомаларды есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша корреспондент банк төлеу үшін ұсынған төлем құжаттарының сомалары, сондай-ақ банктің пайдасына түсетін ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сомалар оларды № 2551 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде және ақша сомаларының қалдықтарын банктің корреспонденттік шотына есептелуі жазылады.

      1552. Клиенттермен есеп айырысулар (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттер арасында клиринг жасаған кездегі қарама-қарсы сомаларды есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің акцептеуі үшін түсетін төлем құжаттарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиент акцептемеген төлем құжаттарының сомалары жазылады немесе клиент акцептеген төлем құжаттарының сомаларын оларды № 2552 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде клиенттің банк шотынан есептен шығару жазылады.

      1553 Клиенттер мен инвестициялық депозиттер бойынша есеп айырысулар (актив).

      Шоттың мақсаты: Ислам банкінің клиенттерге инвестициялық депозиттерді мерзімінен бұрын қайтаруға байланыстағы байланысты туындаған талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке оның талап етуі бойынша инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтаруға байланысты туындаған талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкі талаптарының сомаларын оларды алған кезде есептен шығару жазылады.

      1601. Тазартылмаған қымбат металдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Қоймаларда сақтаудағы тазартылмаған қымбат металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша кіріске алынған тазартылмаған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша кіріске алынған тазартылмаған қымбат металдардың құнын олар баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1602. Басқа да қорлар (актив).

      Шоттың мақсаты: Әкімшілік-шаруашылық қызметті, үйлерді (меншікті, жалданған) жөндеуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ өзге де мақсаттар үшін қажетті басқа да қорлардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қоймадағы, сатып алынған басқа да қорлардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған басқа да қорлардың құнын олар қоймадан мақсаты бойынша шығынға жазылған кезде есептен шығару жазылады.

      1603. Қымбат металдардан жасалған, қоймадағы монеталар (актив).

      Шоттың мақсаты: Қымбат металдардан жасалған, қоймадағы монеталардың құнын сатып алу құны бойынша есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қымбат металдардан жасалған, қоймаға келіп түскен монеталардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша қымбат металдан жасалған, қоймадан берілген монеталардың құны оларды кассаға берген, үшінші тұлғаларға сатқан немесе сыйға тартқан кезде жазылады.

      1604. Қымбат емес металдардан жасалған, қоймадағы коллекциялық монеталар (актив).

      Шоттың мақсаты: Кассадағы, қымбат емес металдардан жасалған коллекциялық монеталардың сомаларын есепке алу. Бұл монеталар сатып алу құны бойынша есепке алынады.

      Шоттың дебеті бойынша қоймаға түскен, қымбат емес металдардан жасалған коллекциялық монеталардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша қоймадан берілген, қымбат емес металдардан жасалған коллекциялық монеталардың сомаларын оларды кассаға берген, үшінші тұлғаларға сатқан немесе сыйға тартқан кезде есептен шығару жазылады.

      1610. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер (актив).

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сатуға арналған, ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктелген активтердің құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құны және оң қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құнын оларды сатқан немесе сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеуді тоқтату кезіндегі құнын, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.

      1651. Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құралдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Жылжымайтын мүлік объектілерін салуға, қайта құруға, күрделі жөндеуге арналған шығындардың құнын есепке алу, басқа негізгі құралдарды пайдалануға енгізу жөніндегі жұмыстардың құнын (көлік шығыстары, жабдықтарды құрастыру шығыстары және басқа үстеме шығыстар) есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жылжымайтын мүлік объектілерін салуға, қайта құруға, күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың құны жазылады, басқа негізгі құралдарды пайдалануға енгізу жөніндегі жұмыстардың құнын (көлік шығыстары, жабдықтарды құрастыру шығыстары және басқа үстеме шығыстар) есепке алу жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша аяқталған жұмыстарды қабылдау актісі негізінде болған шығындардың құнын есептен шығару жазылады.

      1652. Жер, үйлер және ғимараттар (актив).

      Шоттың мақсаты: Сатып алу-сату туралы шарт немесе жерді пайдалану актісі негізінде сатып алынған жердің, үйлердің және ғимараттардың, сондай-ақ оларды мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты шығыстардың (ресімдеу, заңгерлердің қызмет көрсетулері және басқалары) құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алу-сату туралы шарт немесе жерді пайдалану актісі негізінде сатып алынған жердің, үйлердің және ғимараттардың, сондай-ақ оларды мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты шығыстар (ресімдеу, заңгерлердің қызмет көрсетулері және басқалары) құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есептен шығару туралы акті, сатып алу-сату шарты негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде жердің, үйлердің және ғимараттардың құнын есептен шығару жазылады.

      1653. Компьютерлік жабдық (актив).

      Шоттың мақсаты: Компьютерлік жабдықтың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалануға қабылдау туралы акті немесе басқа жүк құжаттары негізінде түскен компьютерлік жабдықтың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша түскен компьютерлік жабдықтың құнын ол есептен шығару туралы акті немесе сатып алу-сату шарты негізінде баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1654. Басқа да негізгі құралдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Материалдық емес активтерге, үйлерге, ғимараттарға және банктің балансына қабылданып салынған мүлікке қатысты емес басқа да негізгі құралдардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалануға қабылдау туралы акті немесе басқа да жүк құжаттары негізінде түскен басқа да негізгі құралдардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша түскен басқа да негізгі құралдардың құнын оларды есептен шығару туралы актінің немесе сатып алу-сату шартының негізінде баланстан шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1655. Пайдалану құқығы нысанындағы активтер (актив).

      Шоттың мақсаты: Жалға алынған негізгі құралдар бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалға алынған негізгі құралдар бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құны, жалдау бойынша міндеттемені қайта бағалау жағдайында активтердің құнын түзету сомасы, жалдау шартының талаптары өзгерген кезде құнын түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жалдаудың қолданылу мерзімі өткен кезде, құнсыздану кезінде, жалдау бойынша міндеттемені қайта бағалау жағдайында құнын түзету кезінде, жалдау шарты талаптарының өзгеруіне байланысты құнын түзету кезінде жалға алынған негізгі құралдар бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнын есептен шығару жазылады.

      1656. Жалға беруге арналған негізгі құралдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Жалға тапсыруға арналған негізгі құралдардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалға тапсыруға арналған негізгі құралдардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша негізгі құралдардың құнын мүліктік жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде есептен шығару жазылады.

      1657. Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар (актив).

      Шоттың мақсаты: Жалға алынған негізгі құралдар бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтерді салып бітіруге, кеңейтуге, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын күрделі шығындардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалға алынған негізгі құралдар бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша салып бітіруге, кеңейтуге, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын күрделі шығындардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде жүргізілген күрделі шығындардың құнын есептен шығару жазылады.

      1658. Көлік құралдары (актив).

      Шоттың мақсаты: Көлік құралдарының құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалануға қабылдау туралы актінің немесе басқа да жүк құжаттарының негізінде түскен көлік құралдарының құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша түскен көлік құралдарының құнын олар есептен шығару туралы акті немесе сатып алу-сату шарты негізінде баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1659. Материалдық емес активтер (актив).

      Шоттың мақсаты: Материалдық емес активтердің құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалануға қабылдау туралы актінің немесе басқа құжаттардың негізінде түскен материалдық емес активтердің құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша материалдық емес активтердің құнын олар есептен шығару туралы актінің немесе сатып алу-сату шартының негізінде баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1660. Құрылатын (әзірленетін) материалдық емес активтер.

      Шоттың мақсаты: Материалдық емес активтерді құруға (әзірлеуге) жұмсалған шығындардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша материалдық емес активтерді құруға (әзірлеуге) жұмсалған шығындардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша аяқталған жұмыстарды қабылдау туралы тиісті құжаттар негізінде жұмсалған шығындардың құнын есептен шығару жазылады.

      1661. Гудвилл (актив).

      Шоттың мақсаты: Ұйымның сатып алу құнының оның сатып алу күні айқындалған барлық активтерінің әділ құнынан асып кету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша гудвилдің құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша гудвилдің құнын ол құнсызданған кезде есептен шығару жазылады.

      1662. Инвестициялық мүлік (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық мүліктің, сондай-ақ оларды мақсаты бойынша пайдалануы үшін жұмыс күйіне келтірумен тікелей байланысты шығыстардың құнын ипотекалық ұйымдардың есепке алуы.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық мүліктің, сондай-ақ оларды мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс күйіне келтірумен тікелей байланысты шығыстардың құны, сондай-ақ қайта бағалаудың оң сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық мүліктің, ол істен шыққан немесе пайдаланудан біржолата алынған кездегі құнын есептен шығару, сондай-ақ қайта бағалаудың теріс сомасы жазылады.

      1691. Инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизацияның сомалары есептен шығарылады.

      1692. Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Үйлер мен ғимараттар бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша үйлер мен ғимараттар бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша үйлер мен ғимараттар бойынша есептелген амортизацияның сомаларын олар баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1693. Компьютерлік жабдық бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Компьютерлік жабдық бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша компьютерлік жабдық бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша компьютерлік жабдық бойынша есептелген амортизацияның сомаларын олар баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1694. Басқа да негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да негізгі құралдар (қаржы-шаруашылық қызметіне қатыспайтын мүліктен басқа) бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да негізгі құралдар (қаржы-шаруашылық қызметіне қатыспайтын мүліктен басқа) бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да негізгі құралдар (қаржы-шаруашылық қызметіне қатыспайтын мүліктен басқа) бойынша есептелген амортизацияның сомаларын олар баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1695. Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизацияның сомалары есептен шығарылады.

      1696. Жалға тапсыруға арналған негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Жалға тапсыруға арналған негізгі құралдар бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жалға тапсыруға арналған негізгі құралдар бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша жалға тапсыруға арналған негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация сомаларын олар баланстан шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1697. Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша келтірілген күрделі шығындар бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша келтірілген күрделі шығындар бойынша есептелген амортизацияның сомалары есептен шығарылады.

      1698. Көлік құралдары бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Көлік құралдары бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша көлік құралдары бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша көлік құралдары бойынша есептелген амортизацияның сомаларын олар баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1699. Материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизацияның сомаларын олар баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1705. Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Корреспонденттік шоттар бойынша осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша корреспонденттік шот бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша банктің корреспонденттік шот бойынша есептелген кірістердің сомаларын оларды корреспондент банк төлеген немесе төлеу мерзімін өткізген кезде есептен шығару жазылады.

      1710. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістердің сомаларын оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлеген кезде есептен шығару жазылады.

      1725. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша есептелген кірістердің сомаларын оларды басқа банк төлеген немесе төлеу мерзімін өткізген кезде есептен шығару жазылады.

      1726. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктте орналастырылған салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын оларды басқа банк төлеген немесе оларды баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1727. Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша есептелген кірістердің сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      1728. Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банкте орналастырылған және банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) болып табылатын есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған және банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) болып табылатын есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған және банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) болып табылатын есептелген кірістердің сомалары оларды басқа банк қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      1729. Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Ислам банкінің инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан алынған кірістің бөлігі түрінде есептелген сыйақысының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозиттен есептелген сыйақысының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген сыйақының сомаларын ол алынған жағдайда есептен шығару жазылады.

      1730. Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген кірістердің сомаларын оларды басқа банк төлеген немесе төлеу мерзімі өткізген кезде есептен шығару жазылады.

      1731. Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын оларды басқа банк төлеген немесе оларды баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1735. Бас офис пен оның филиалдары арасындағы есеп айырысулар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Бас офис пен филиалдар арасындағы есеп айырысулар бойынша осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бас офис пен филиал арасындағы есеп айырысулар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бас офис пен филиал арасындағы есеп айырысулар бойынша есептелген кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өткен кезде есептен шығару жазылады.

      1740. Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берген заемдар мен қаржы лизингі бойынша осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген кірістердің сомаларын оларды клиент төлеген немесе төлеу мерзімін өткізген кезде есептен шығару жазылады.

      1741. Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының, сондай-ақ мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының, сондай-ақ мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын, сондай-ақ мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақының оларды клиент төлеген немесе олар баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1744. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістердің сомаларын олар алынған кезде есептен шығару жазылады.

      1745. Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есепке алынған, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизациялық құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістердің сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      1746. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      1747. Капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша есептелген кірістердің сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      1748. Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша есептелген кірістер (активті).

      Шоттың мақсаты: Болашақта сатушыға бағалы қағаздарды келісілген баға бойынша қайтару міндеттемесімен операцияны ашу күніне кепілге алынған бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша есептелген кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен "РЕПО" операциясы бойынша есептелген кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша есептелген кірістердің сомаларын олар төленген немесе операцияның күші жойылған кезде есептен шығару жазылады.

      1749. Басқа да мерзімі өткен сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да мерзімі өткен сыйақының сомаларын олар төленген немесе баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1750. Бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы сомаларын оларды эмитент төлеген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1752. Есепке алынған вексельдер бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Есепке алынған вексельдер бойынша есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша есепке алынған вексельдер бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есепке алынған вексельдер бойынша есептелген кірістердің сомаларын олар алынған немесе баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1753. Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістердің сомаларын оларды алған кезде есептен шығару жазылады.

      1755. Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша есептелген кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша есептелген кірістер сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша есептелген кірістер сомаларын олар алынған немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1756. Басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер сомаларын оларды алынған және баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1757. "Заемдар және дебиторлық берешек" санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер.

      Шоттың мақсаты: "Заемдар және дебиторлық берешек" санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша "заемдар және дебиторлық берешек" санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша "заемдар және дебиторлық берешек" санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер сомаларын олар алынған кезде есептен шығару жазылады.

      1771. Ислам банкінің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістері (актив).

      Шоттың мақсаты: Ислам банкінің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ислам банкінің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістерінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкінің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістерінің сомаларын есептен шығару жазылады.

      1772. Жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жалдау талаптарымен инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалдау талаптарымен инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жалдау талаптарымен инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын клиент оларды өтеген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1792. Алынған заемдар мен салымдар бойынша сыйақыны алдын ала төлеу (актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақ кезеңге жататын, алынған заемдар мен салымдар бойынша сыйақының алдын ала төленген сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар мен салымдар бойынша сыйақының алдын ала төленген сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша алынған заемдар мен салымдар бойынша сыйақының алдын ала төленген сомаларын есептеу әдісіне сәйкес есептен шығару жазылады.

      1793. Болашақ кезеңдер шығыстары (актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақ кезеңдер шығыстарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша болашақ кезеңдер шығыстарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша нақты шығыстарға болашақ кезеңдер шығыстарының сомаларын есептеу әдісі бойынша есептен шығару жазылады.

      1799. Басқа да алдын ала төлемдер (актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақ кезеңге жататын, басқа да алдын ала төленген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да алдын ала төленген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да алдын ала төленген шығыстардың сомаларын есептеу әдісіне сәйкес есептен шығару жазылады.

      1811. Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша аударым операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1812. Агенттік қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан көрсетілген агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1813. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1814. Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1815. Сенімгерлік операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1816. Кепілдіктермен операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Кепілдіктермен операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша кепілдіктермен операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша кепілдіктермен операциялар бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық сыйақылардың сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1817. Салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық сыйақылардың сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1818. Есептелген басқа да комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1819. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1820. Төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1821. Кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша кассалық операциялар бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1822. Құжаттық есеп айырысулар бойынша есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Құжаттық есеп айырысулар бойынша, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша құжаттық есеп айырысулар бойынша есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша құжаттық есеп айырысулар бойынша есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1823. Форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша форфейтинг операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1824. Факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша факторинг операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1825. Инкассациялау бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Инкассациялау бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инкассациялау бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша инкассациялау бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1826. Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1827. Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін, осы кезеңге жататын, түсуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сейф операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сейф операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      1831. Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша аударым операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1832. Агенттік қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан агенттік қызмет көрсетулер үшін, оның ішінде сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан көрсетілген агенттік қызмет көрсетулер үшін, сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1833. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1834. Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1835. Сенімгерлік операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олары баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1836. Берілген кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Берілген кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша берілген кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген кепілдіктер бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1837. Салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсетілген үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1838. Мерзімі өткен басқа да комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да көрсетілген қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1839. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1840. Төлем құжаттарының акцепті үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Төлем құжаттарының акцепті үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша төлем құжаттарының акцепті үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша төлем құжаттарының акцепті үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1841. Кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша кассалық операциялар бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1842. Құжаттық есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Құжаттық есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша құжаттық есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша құжаттық есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1843. Форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша форфейтинг операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1844. Факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша факторинг операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер үшін мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын олар төленген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1845. Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1851. Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар (актив).

      Шоттың мақсаты: Аванспен төленген салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің төленген аванстық төлемдерінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ретінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің аванспен төленген сомаларын олар № 2851 баланстық шотпен сальдо жасалған кезде есептен шығару жазылады.

      1852. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен есеп айырысулар (актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына олардың көрсеткен қызмет көрсетулері үшін аванспен төленген ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына олардың көрсеткен қызмет көрсетулері үшін аванспен төленген ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бұрын төленген ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1853. Акционерлермен есеп айырысулар (дивидендтер бойынша) (актив).

      Шоттың мақсаты: Акциялар бойынша алдын ала төленген дивидендтердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша акциялар бойынша алдын ала төленген дивидендтердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша акциялар бойынша алдын ала төленген дивидендтердің сомаларын № 2853 баланстық шотпен сальдо жасау арқылы жыл жабылған немесе ағымдағы жылдың зияндарына жатқызылған кезде есептен шығару жазылады.

      1854. Қызметкерлерімен есеп айырысулар (актив).

      Шоттың мақсаты: Өз қызметкерлеріне іссапар және басқа шығыстар бойынша төленген аванс төлемдерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша өз қызметкеріне іссапар және басқа шығыстар бойынша төленген аванс төлемдерінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша іссапарға және басқа шығыстарға арналған төленген аванс төлемдерінің сомаларын аванстық есеп алынған немесе қызметкер алынған авансты қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      1855. Құжаттық есеп айырысулар бойынша дебиторлар (актив).

      Шоттың мақсаты: Құжаттық есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша құжаттық есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша құжаттық есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешектің сомаларын клиенттен ақша түскен кезде немесеесеп айырысулардың мерзімі өткен және несиелік берешекке қайта ресімделген немесе оларды баланстан есептен шығарған кезде құрылған провизиялардың (резервтердің) есебінен есептен шығару жазылады.

      1856. Күрделі салымдар бойынша дебиторлар (актив).

      Шоттың мақсаты: Күрделі салымдары бойынша дебиторлық берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша күрделі салымдары бойынша дебиторлық берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша күрделі салымдары бойынша дебиторлық берешектің сомаларын негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді кіріске алған немесе пайдаланылмаған сомаларды қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      1857. Кейінге қалдырылған салық активтері (актив).

      Шоттың мақсаты: Кейінге қалдырылған салық активтерінің сомаларын есепке алу (салық салынатын кіріс пен бухгалтерлік кіріс арасындағы уақытша айырманың салық әсері).

      Шоттың дебеті бойынша кейінге қалдырылған салық активтерінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша кейінге қалдырылған салық активтерінің сомаларын кірістер алған және декларация жасаған кезде, сондай-ақ салық органдары артық аударылған салық сомаларын қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      1858. Шетел валютасы бойынша қысқа валюталық позиция (актив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасындағы міндеттемелердің оның осы шетел валютасындағы активтерінен асып кету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатылған немесе жұмсалған шетел валютасының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған немесе алынған шетел валютасының сомаларын есептен шығару жазылады.

      1859. Шетел валютасының теңгедегі (ұзақ валюталық позицияның) қарсы құны (актив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасының теңгемен қарсы құнының № 2858 баланстық шотта есепке алынатын сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасының теңгемен қарсы құнының сомалары оны сатып алған немесе алған кезде жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасының теңгемен қарсы құнының сомаларын оны сатқан немесе жұмсаған кезде есептен шығару жазылады.

      1860. Банк қызметі бойынша басқа да дебиторлар (актив).

      Шоттың мақсаты: Банк қызметі бойынша басқа да дебиторлық берешектің түскен сәтте басқа баланстық шоттар бойынша жазылмайтын сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банк қызметі бойынша басқа да дебиторлық берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша банк қызметі бойынша басқа да дебиторлық берешектің сомаларын оларды өтеген немесе шығындарды тиісті баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1861. Кепілдіктер бойынша дебиторлар (актив).

      Шоттың мақсаты: Берілген кепілдіктер бойынша дебиторлық берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша берілген кепілдіктер бойынша дебиторлық берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша берілген кепілдіктер бойынша дебиторлық берешектің сомаларын оларды өтеген, несиелік берешекке қайта ресімдеген немесе оларды баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1864. Акцептелген вексельдер үшін клиентке қойылатын талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Акцептелген вексельдер үшін клиентке қойылатын талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша акцептелген вексельдер үшін клиентке қойылатын талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша акцептелген вексельдер үшін клиентке қойылатын талаптардың сомаларын олар өтелген немесе олар баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      1867. Негізгі емес қызмет бойынша басқа да дебиторлар (актив).

      Шоттың мақсаты: Шаруашылық қызмет бойынша, сондай-ақ уақытша және кездейсоқ сипаттағы дебиторлық берешектің сомаларын, анықталмаған мақсаттағы, түскен сәтте басқа баланстық шоттар бойынша жазылуы мүмкін дебиторлық берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шаруашылық қызмет бойынша, сондай-ақ уақытша және кездейсоқ сипаттағы дебиторлық берешектің сомалары, анықталмаған мақсаттағы, түскен сәтте басқа баланстық шоттар бойынша жазылуы мүмкін дебиторлық берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша дебиторлық берешектің сомаларын олар өтелген немесе шығындар тиісті баланстық шоттарға жатқызылған кезде есептен шығару жазылады.

      1870. Басқа да транзиттік шоттар (актив).

      Шоттың мақсаты: Анықталғаннан кейін есептен шығарылуы тиіс транзиттік шоттардағы басқа да ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша транзиттік шотқа түскен басқа да ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша транзиттік шоттан басқа да ақша сомаларын оларды тиісті баланстық шоттарға бөлген кезде есептен шығару жазылады.

      1871. Шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдарына арналған транзиттік шоттар (актив).

      Шоттың мақсаты: Шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдар бойынша транзиттік шоттардағы төлем сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдар бойынша транзиттік шоттарда төлем сомасы немесе қайтаруға тиіс сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдарына арналған транзиттік шоттардағы ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      1873. Тазартылған қымбат металдар бойынша қысқа позиция (актив).

      Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдар түріндегі міндеттемелердің осы тазартылған қымбат металдар түріндегі активтерден асып кеткен сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша іске асырылатын немесе жұмсалған тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдар бойынша қысқа позицияның тазартылған қымбат металдарды сатып алу есебінен жабылуы жазылады.

      1874. Тазартылған қымбат металдардың теңгедегі (тазартылған қымбат металдар бойынша ұзақ позицияның) қарсы құны (актив).

      Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдардың қарсы құнының № 2872 баланстық шотта есепке алынатын сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған тазартылған қымбат металдардың қарсы құнының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдардың қарсы құнының сомаларын тазартылған қымбат металдарды сату есебінен олар бойынша ұзақ позицияны жабу кезінде есептен шығару жазылады.

      1876. Басқа да банк қызметі бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да банк қызметі бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да банк қызметі бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да банк қызметі бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1877. Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1878. Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) құрылған сомаларын есептен шығару жазылады.

      1879. Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) (актив).

      Шоттың мақсаты: Есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомаларын оны алған немесе баланстан есептен шығарған кезде есептен шығару жазылады.

      1880. Секьюритилендірілетін активтер (актив).

      Шоттың мақсаты: Баланста танылуы тиіс, секьюритилендірілетін активтердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша баланста танылуы тиіс, секьюритилендірілетін активтердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша секьюритилендірілетін активтердің сомаларын олар өтелген, резервтер (провизиялар) есебінен баланстан есептен шығарылған немесе кері сатып алынған кезде есептен шығару жазылады.

      1891. Фьючерс операциялары бойынша талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Фьючерс операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша фьючерс операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомаларын оларды клиент төлеген немесе баланстан есептен шығарылған кезде, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.

      1892. Форвард операциялары бойынша талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Форвард операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша форвард операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомаларын оларды клиент төлеген немесе баланстан есептен шығарылған кезде, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.

      1893. Опцион операциялары бойынша талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Опцион операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша опцион операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомаларын оларды клиент төлеген немесе баланстан есептен шығарылған кезде, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.

      1894. Спот операциялары бойынша талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Спот операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша спот операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомаларын оларды қарсы әріптес төлеген немесе спот операцияларының күші жойылған кезде, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.

      1895. Своп операциялары бойынша талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Своп операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша своп операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша қарсы әріптес ақы төлеген немесе своп операцияларының күші жойылған кезде своп операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомаларын, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.

      1899. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу нәтижесінде туындаған талаптар сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша қарсы әріптес ақы төлеген немесе басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялардың күші жойылған кезде туындаған талаптар сомаларын, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.

      2011. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкте ашылған корреспонденттік шоттарындағы ақшасының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкте ашылған корреспонденттік шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкте ашылған корреспонденттік шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      2012. Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шетелдік орталық банктердің банкте ашылған корреспонденттік шоттарындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетелдік орталық банктің банкте ашылған корреспонденттік шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шетелдік орталық банктің банкте ашылған корреспонденттік шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      2013. Басқа банктердің корреспонденттік шоттары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша корреспондент банктің корреспонденттік шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша корреспондент банктің корреспонденттік шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      2014. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      2016. Басқа банктердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге тиесілі тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктің шотына түскен тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктің тапсырмасы бойынша түскен тазартылған қымбат металдарды есептен шығару жазылады.

      2021. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етілмелі салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап етілмелі салымдар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап етілмелі салымдар сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған талап етілмелі салымдардың сомаларын банк оларды қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      2022. Шетелдік орталық банктердің талап етілмелі салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап етілмелі бойынша салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап етілмелі салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған талап етілмелі бойынша салымдардың сомаларын банк оларды қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      2023. Басқа банктердің талап етілмелі салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап етілмелі салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап етілмелі салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған талап етілмелі салымдардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2024. Басқа банктердің талап етілмелі салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылданған талап етілмелі салымдары бойынша борыштың негізгі сомасының мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерден қабылданған талап етілмелі салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша талап етілмелі салымдары бойынша борыштың негізгі сомасының мерзімі өткен берешек сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2031. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша сыйлықақы (пассивті).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) нақты алынған қарыз сомасының қарыздың өтелетін сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, модификациялау кезінде қарыздың баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) нақты алынған қарыз сомасының қарыздың өтелетін сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде қарыздың баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша сыйлықақы амортизация сомасы және (немесе) есептен шығару сомасы жазылады.

      2032. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша дисконт (контрпассивті).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан нақты алынған қарыз сомасынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) қарыздың өтелетін сомасының асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде қарыздың баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша қарыз алуға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан нақты алынған қарыз сомасынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) қарыздың өтелетін сомасының асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде қарыздың баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша қарыз алуға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2034. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қысқа мерзімді қарыздар (пассивті).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан бір жылдан аспайтын мерзімге алынған қарыздардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қысқа мерзімді қарыздардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған қысқа мерзімді қарыздардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      2035. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың құнын оң түзету шоты (пассивті).

      Шоттың мақсаты: Өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың есептік (баланстық) құнын осы қарыздың әділ құны ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың есептік (баланстық) құнын осы қарыздың әділ құны ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған қарыздың есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын есептен шығару жазылады.

      2036. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған ұзақ мерзімді қарыздар (пассивті).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан бір жылдан астам мерзімге алынған қарыздардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған ұзақ мерзімді қарыздардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған ұзақ мерзімді қарыздардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2037. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың құнын теріс түзету шоты (контрпассивті).

      Шоттың мақсаты: Өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың есептік (баланстық) құнын осы қарыздың әділ құны төмендеуі нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың есептік (баланстық) құнын осы қарыздың әділ құны төмендеуі нәтижесінде туындаған теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша алынған қарыздың есепке алу (баланстық) құнын теріс түзету сомалары есептен шығарылады.

      2038. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек (пассивті).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған қарыздар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есептен шығару жазылады.

      2041. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша дисконт (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған нақты заем сомасынан заемның өтелетін сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем алуға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған нақты заем сомасынан заемның өтелетін сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем алуға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2042. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойыншасыйлықақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымынан нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымынан нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясы және (немесе) есептен шығару сомасы жазылады.

      2044. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді заемдар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан бір жылды қоса алғандағы мерзімге алынған қысқа мерзімді заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған қысқа мерзімді заемдардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2045. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемның құнын оң түзету шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған өтеу мерзімі бір жылдан астам заемның есепке алу (баланстық) құнын осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған өтеу мерзімі бір жылдан астам заемның есепке алу (баланстық) құнын осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомасын осы соманы № 2047 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде есептен шығару жазылады.

      2046. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан бір жылдан астам мерзімге алынған заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2047. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемның құнын теріс түзету шоты (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған өтеу мерзімі бір жылдан астам заемның есепке алу (баланстық) құнын осы заемның әділ құнының азаюы нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған өтеу мерзімі бір жылдан астам заемның есепке алу (баланстық) құнын осы заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша алынған заемның есепке алу (баланстық) құнын осы соманы № 2045 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде оң түзету сомасын есептен шығару жазылады.

      2048. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі (пассив).

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2051. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2052. Шетелдік орталық банктерден алынған заемдар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шетелдік орталық банктерден алынған заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетелдік орталық банктерден алынған заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдардың сомаларын олар өтеген кезде есептен шығару жазылады.

      2054. Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді заемдар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір жылды қоса алғанға дейінгі мерзімге алынған заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен алынған қысқа мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған қысқа мерзімді заемдардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2055. Басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның құнын оң түзету шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған өтеу мерзімі бір жылдан астам заемның есепке алу (баланстық) құнын осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған өтеу мерзімі бір жылдан астам заемның есепке алу (баланстық) құнын осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемның есепке алу (баланстық) құнын осы соманы № 2065 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде оң түзету сомасын есептен шығару жазылады.

      2056. Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді заемдар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір жылдан астам мерзімге алынған заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2057. Басқа банктерден алынған қаржы лизингі (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен алынған қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2058. Басқа банктерден алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша қарыздың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2059. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2064. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан қоса алғанда бір жылға дейінгі мерзімге алынған заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған қысқа мерзімді заемдардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2065. Басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның құнын теріс түзету шоты (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған өтеу мерзімі бір жылдан астам заемның есепке алу (баланстық) құнын осы заемның әділ құнын азайту нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған өтеу мерзімі бір жылдан астам заемның есепке алу (баланстық) құнын осы заемның әділ құнының азайту нәтижесінде туындаған теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша заемның есепке алу (баланстық) құнын теріс түзету сомасы осы соманы № 2055 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде есептен шығару жазылады.

      2066. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан бір жылдан астам мерзімге алынған заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2067. Алынған қаржы лизингі (пассив).

      Шоттың мақсаты: Лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2068. Заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заем мен лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заемдар мен қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2069. Алынған заемдар бойынша сыйлықақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығарылады.

      2070. Алынған заемдар бойынша дисконт (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Заемның өтелетін сомасының нақты алынған заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заемды алуға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша заемның өтелетін сомасының нақты алынған заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомалары, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомалары, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заемды алуға байланысты түзету сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті алынған заем бойынша дисконт амортизациясы және (немесе) есептен шығарылу жазылады.

      2111. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған овернайт заемдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған овернайт заемдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған овернайт заемдарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған овернайт заемдарының сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2112. Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт заемдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт заемдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетелдік орталық банктен алынған овернайт заемдарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған овернайт заемдарының сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2113. Басқа банктерден алынған овернайт заемдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден алынған овернайт заемдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен алынған овернайт заемдарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған овернайт заемдарының сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2121. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімді салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен банктік салым шарты бойынша банк қабылдаған мерзімді салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен қабылдаған мерзімді салымдарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдардың сомаларын банк оларды қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      2122. Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктің шетелдік орталық банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банктің шетелдік орталық банктен қабылдаған мерзімді салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдардың сомаларын оларды банк қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      2123. Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден банктік салым шарты бойынша бір айды қоса алғандағы мерзімге қабылданған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған қысқа мерзімді салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған қысқа мерзімді салымдардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2124. Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден банктік салым шарты бойынша бір жылды қоса алғандағы мерзімге қабылданған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған қысқа мерзімді салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған қысқа мерзімді салымдардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2125. Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Салымды тарту күнінен кейінгі жұмыс күні басталғанға дейін басқа банктерден тартылған салымдар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша салымды тарту күнінен кейінгі жұмыс күні басталғанға дейін басқа банктен тартылған салымдар сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бір түнге тартылған салымдар сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2126. Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құнын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2127. Басқа банктердің ұзақ мерзімді салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір жылдан астам мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылдаған ұзақ мерзімді салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған ұзақ мерзімді салымдардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2128. Басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын оң түзету шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын осы соманы № 2129 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде есептен шығару жазылады.

      2129. Басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету шоты (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: басқа банктерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнын азайту нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған теріс түзету сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын осы сома № 2128 баланстық шотпен сальдо жасалған кезде есептен шығару жазылады.

      2130. Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердің олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде банктік салым шарты бойынша және кепіл шарты бойынша қабылданған, иеленуді және пайдалануды кепіл беруші жүзеге асыратын ақша (салым) сомаларын есепке алу. Осы шот банк шоты болып табылады.

      Шоттың кредиті бойынша міндеттемелері қамтамасыз ету (кепіл, ипотека) ретінде қабылданған басқа банктердің ақша сомалары (салымдары) жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша банктік салым және кепіл туралы шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде қабылданған басқа банктің ақша сомаларын (салымын) есептен шығару жазылады.

      2131. Басқа банктер мен қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты (пассивті).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердің және қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде кепіл шарты немесе кепілзат беру туралы шарт бойынша қабылданған, иеленуді кепіл ұстаушы жүзеге асыратын басқа банктердің ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктің және қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кепіл шартының немесе кепілзат беру туралы келісімнің талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған басқа банктің және қаржы ұйымдарының ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      2132 Басқа банктердің жинақ салымдары (бір айдан аспайтын) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша бір айдан аспайтын мерзімге басқа банктерден қабылданған жинақ салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      2133. Басқа банктердің шартты салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған шартты салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған шартты салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған шартты салымдардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2134. Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге басқа банктерден қабылданған жинақ салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      2135. Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылдаған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2136. Басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын оң түзету шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: басқа банктерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын осы сома № 2137 баланстық шотпен сальдо жасалған кезде есептен шығару жазылады.

      2137. Басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын теріс түзету шоты (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: басқа банктерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының азаюы нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған теріс түзету сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын осы сома № 2136 баланстық шотпен сальдо жасалған кезде есептен шығару жазылады.

      2138. Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша басқа банктерден қабылданған шартты салымдар бойынша негізгі борыш сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған шартты салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын, олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2139. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша сыйлықақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша нақты алынған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салым бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша салым бойынша нақты алынған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салым бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салым бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2140. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша дисконт (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша нақты алынған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомаларын, салымды нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша тартуға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының салымдар бойынша нақты алынған ақша сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын, салымды нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша тартуға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салым бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2141. Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан астам) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша мерзімі бір жылдан астам басқа банктерден қабылданған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдар сомаларын есептен шығару жазылады.

      2143. Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша басқа банктерден қабылданған жинақ салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есептен шығару жазылады.

      2144. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша банк қабылданған мерзімді салымдарды қайтарған кезде олардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      2145 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салым құнын оң түзету шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын осы соманы № 2146 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде есептен шығару жазылады.

      2146. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салым құнын теріс түзету шоты (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнын азайту нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған теріс түзету сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын осы сома № 2145 баланстық шотпен сальдо жасалған кезде есептен шығару жазылады.

      2147. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан банктік салым шарты бойынша қабылдаған салым бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан қабылдаған салым бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған салым бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2151. Бас офиспен есеп айырысулар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бас офис өзінің филиалы үшін ашқан корреспонденттік шотындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бас офис өзінің филиалы үшін ашқан филиалдың корреспонденттік шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша филиалдың корреспонденттік шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      2152. Жергілікті филиалдармен есеп айырысулар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бас офис үшін жергілікті филиалда ашылған бас офистің корреспонденттік шотындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бас офис үшін жергілікті филиал ашқан бас офистің корреспонденттік шотына келіп түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бас офистің корреспонденттік шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      2153. Шетелдік филиалдармен есеп айырысулар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бас офис үшін шетелдік филиалда ашылған корреспонденттік шотындағы бас офистің ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бас офис үшін шетелдік филиалда ашылған корреспонденттік шотына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бас офистің корреспонденттік шотынан ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      2201. Мемлекеттік бюджеттің ақшасы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Мемлекеттік бюджет ақшасының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша мемлекеттік бюджеттен түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша мемлекеттік бюджеттің мақсаты бойынша жұмсалған ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      2202. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға кастодиан банктер ашқан ағымдағы шоттардағы инвестицияланбаған қалдықтар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен жасалған кастодиандық шарттардың талаптарымен банктер қабылдаған ақша қаражатының инвестицияланбаған қалдықтарын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ағымдағы шотына келіп түскен, кастодиандық шарт талаптарымен банктер қабылдаған ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ағымдағы шотынан келіп түскен ақша сомаларын шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсат бойынша есептен шығару жазылады.

      2203. Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Заңды тұлғалардың банк шоты шарты бойынша ашылған ағымдағы шоттарындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсаты бойынша заңды тұлғалардың ағымдағы шотынан түскен ақша сомасын есептен шығару жазылады.

      2204. Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарындағы ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғаның ағымдағы шоттарына түскен ақша сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша жеке тұлғаның ағымдағы шотынан шарт талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсаты бойынша түскен ақша сомасын есептен шығару жазылады.

      2205. Жеке тұлғалардың талап етілмелі салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жеке тұлғалардың талап етілмелі салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғадан қабылданған талап етілмелі салымдар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шарт талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсат бойынша жеке тұлғаның талап етілмелі салымдарынан қабылданған сомаларды есептен шығару жазылады.

      2206. Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: жеке тұлғалардың өтеу мерзімі қоса алғанда бір жылға дейін салым сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғадан қабылданған қысқа мерзімді салымдар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шарт талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсат бойынша жеке тұлғаның қабылданған қысқа мерзімді салымдарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      2207. Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: жеке тұлғалардың өтеу мерзімі бір жылдан астам салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғадан қабылданған ұзақ мерзімді салым сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шарт талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсат бойынша жеке тұлғаның ұзақ мерзімді салымдарынан қабылданған сомаларды есептен шығару жазылады.

      2208. Жеке тұлғалардың шартты салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жеке тұлғалардың шартты салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғадан қабылданған шартты салымдар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шарт талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсат бойынша жеке тұлғаның шартты салымдарынан қабылданған сомаларды есептен шығару жазылады.

      2210. Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден сенімгерлік басқаруға қабылданған ақша сомасын және тазартылған қымбат металдар құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден сенімгерлік басқаруға қабылданған ақша сомасы және тазартылған қымбат металдар құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік басқаруға қабылданған ақша сомасы және тазартылған қымбат металдар құнын оларды клиентке қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      2211. Заңды тұлғалардың талап етілмелі салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Заңды тұлғалардан банктік салым шарты бойынша қабылданған талап етілмелі салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардан қабылдаған талап етілмелі салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған талап етілмелі салымдардың сомалары шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсаты бойынша есептен шығару жазылады.

      2212. Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге тиесілі тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің шотына түскен тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің тапсырмасы бойынша түскен тазартылған қымбат металдардың құнын есептен шығару жазылады.

      2213. Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын қысқа мерзімді салым (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жеке тұлғалардың банктік салым шарты бойынша және кепіл туралы шарт бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған, иеленуі мен пайдаланылуын кепіл беруші (банк клиенті) жүзеге асыратын ақша (қысқа мерзімді салым) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғалардың банк алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған, иеленуі мен пайдаланылуын кепіл беруші (банк клиенті) жүзеге асыратын ақша (қысқа мерзімді салым) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған, иеленуі мен пайдаланылуын кепіл беруші (банк клиенті) банктік салым, кепіл туралы шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке тұлғалардың ақша (қысқа мерзімді салым) сомаларын есептен шығару жазылады.

      2214. Жеке тұлғалардың жинақтық салымдары (бір жылдан аспайтын) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Мерзімі бір жылдан аспайтын жеке тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдар сомаларын есептен шығару жазылады.

      2215. Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Заңды тұлғалардан банктік салым шарты бойынша бір жылды қоса алғандағы мерзімге қабылданған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардан қабылдаған салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған қысқа мерзімді салымдардың сомаларын шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсат бойынша есептен шығару жазылады.

      2216. Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары (пассив).

      Шоттың аты: Клиенттерден мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерден мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құнын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2217. Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Заңды тұлғалардан бір жылдан астам мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардан қабылданған ұзақ мерзімді салымдарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған ұзақ мерзімді салымдардың сомаларын шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсат бойынша есептен шығару жазылады.

      2218. Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Мерзімі бір жылдан астам заңды тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдар сомаларын есептен шығару жазылады.

      2219. Заңды тұлғалардың шартты салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Заңды тұлғалардың банктік салым шарты бойынша қабылдаған шартты салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардан қабылданған шартты салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған шартты салымдардың сомаларын шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсат бойынша есептен шығару жазылады.

      2220. Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Мерзімі бір жылдан аспайтын заңды тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардан қабылданған жинақ салымдар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдар сомаларын есептен шығару жазылады.

      2222. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың банктік салым шартында көзделген тәртіппен пайдаланылатын салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың банктік салым шартында көзделген тәртіппен пайдаланылатын салымдарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша банктік салым шартының шарттарына сәйкес мақсатқа сай қабылданған салымдардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      2223. Шоттың мақсаты: Заңды тұлғалардың банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде банктік салым шарты бойынша және кепіл шарты бойынша қабылданған, иеленуді және пайдалануды кепіл беруші (банктің клиенті) жүзеге асыратын ақша (салым) сомаларын есепке алу. Осы шот банктік шот болып табылады.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардың банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған ақша (салым) сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғалардың банктік салым және кепіл туралы шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған ақша (салым) сомасын есептен шығару жазылады.

      2224. Клиенттердің талап етілмелі салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылданған талап етілмелі салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен қабылданған талап етілмелі салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған талап етілмелі салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2225. Клиенттермен жасалған басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттермен жасалған басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттермен жасалған басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттермен жасалған басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2226. Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден қабылданған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2227. Жалдау бойынша міндеттеме (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жалдау бойынша міндеттеменің құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жалдау төлемінің келтірілген құны, жалдау бойынша міндеттеме құнының түзету сомасы, жалдау бойынша міндеттемені қайта бағалау, жалдау шартының талаптарын модификациялауға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша өтелген жағдайда жалдау бойынша міндеттеме сомасын, жалдау бойынша міндеттеме құнының түзету сомасын, жалдау бойынша міндеттемені қайта бағалау, жалдау шартының талаптарын модификациялауға байланысты түзету сомасын есептен шығару жазылады.

      2228. Мерзімінде орындалмаған нұсқау (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің нұсқауларына сәйкес олардың банктік шоттарынан есептен шығарылған, бірақ корреспонденттік шотта ақшаның болмауынан немесе жетіспеуінен мерзімінде орындалмаған ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің нұсқауына сәйкес клиенттік банк шотынан есептен шығарылған, бірақ корреспонденттік шотта ақшаның болмауынан немесе жетіспеуінен орындалмаған ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша корреспонденттік шотқа ақша түскен жағдайда немесе клиент өзінің нұсқауын қайтарып алған жағдайда немесе оларды клиенттің банк шотына қайтарған кезде клиенттің нұсқауына сәйкес мақсат бойынша ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      2229. Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Мерзімі бір жылдан астам жеке тұлғалардың жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      2230. Жалдау бойынша міндеттеме бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жалдау бойынша міндеттеменің негізгі борыш сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жалдау бойынша міндеттеменің негізгі борыш сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша жалдау бойынша міндеттеменің негізгі борыш сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомалары өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2231. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есептен шығару жазылады.

      2232. Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: банктік салым шарты бойынша клиенттерден қабылданған шартты салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен қабылданған шартты салымдар бойынша борыштың негізгі сомасының мерзімі өткен берешек сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасының мерзімі өткен берешек сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2233. Клиенттердің мерзімді салымының құнын оң түзету шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: клиенттерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен тартылған, өтеу мерзімі бір жылдан астам мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын осы соманы № 2234 баланстық шотпен сальдо жасаған кезде оң түзету сомаларын есептен шығару жазылады.

      2234. Клиенттердің мерзімді салымының құнын теріс түзету шоты (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: клиенттерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының азаюы нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының азаюы нәтижесінде туындаған теріс түзету сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын теріс түзету сомаларын осы сома № 2233 баланстық шотпен сальдо жасалған кезде есептен шығару жазылады.

      2235. Клиенттердің шартты салымының құнын оң түзету шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған оң түзету сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын осы сома № 2236 баланстық шотпен сальдо жасалған кезде есептен шығару жазылады.

      2236. Клиенттердің шартты салымының құнын теріс түзету шоты (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: клиенттерден тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының азаюы нәтижесінде туындаған теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен тартылған өтеу мерзімі бір жылдан астам шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын осы салымның әділ құнының азаюы нәтижесінде туындаған теріс түзету сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тартылған салымның есепке алу (баланстық) құнын теріс түзету сомаларын осы сома № 2235 баланстық шотпен сальдо жасалған кезде есептен шығару жазылады.

      2237. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: бенефициар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну бойынша іс-әрекеттерді жасамаған кезде алынған жөнелтушінің нұсқаулар сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бенефициар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну бойынша іс-әрекеттерді жасамаған кезде алынған жөнелтушінің нұсқаулар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бенефициардың банк шотына ақша есептелген кезде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жөнелтушіге оның нұсқаулары орындалмай қайтарылған кезде жөнелтушінің нұсқауларының сомаларын есептен шығару жазылады.

      2238. Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған салымдар бойынша нақты алынған ақша сомаларының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасын, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша салымдар бойынша нақты алынған ақша сомаларының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификация кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерден тартылған салымдар бойынша амортизациялау сомасын жүргізу және (немесе) сыйлықақы сомасын есептен шығару жазылады.

      2239. Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша нақты алынған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасын, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын, нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша салымды тартуға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салым бойынша қайтарылатын ақша сомасының салым бойынша нақты алынған ақша сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы, нарықтық емес пайыз мөлщерлемесі бойынша салымды тартуға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2240. Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде кепіл туралы шарт немесе кепілзат беру туралы келісім бойынша қабылданған, иелік етуді кепіл ұстаушы жүзеге асыратын клиенттердің ақша сомаларын, сондай-ақ берілген кепілдіктер бойынша өтеу ретінде қабылданған клиенттердің ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған оның ақша сомасы, сондай-ақ берілген кепілдіктер бойынша өтеу ретінде қабылданған клиенттер ақшасының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кепіл туралы шарттың немесе кепілзат беру туралы келісімнің талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған оның ақша сомаларын, сондай-ақ берілген кепілдіктер бойынша өтеу ретінде қабылданған клиенттер ақшасының сомаларын есептен шығару жазылады.

      2241. Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын ұзақ мерзімді салым (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жеке тұлғалардың банктік салым шарты бойынша және кепіл туралы шарт бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған, иеленуі мен пайдаланылуын кепіл беруші (банк клиенті) жүзеге асыратын ақша (ұзақ мерзімді салым) сомаларын есепке алу. Осы шот банктік шот болып табылады.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғалардың банк алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған, иеленуі мен пайдаланылуын кепіл беруші (банк клиенті) жүзеге асыратын ақша (ұзақ мерзімді салым) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған, иеленуі мен пайдаланылуын кепіл беруші (банк клиенті) банктік салым, кепіл туралы шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке тұлғалардың ақша (ұзақ мерзімді салым) сомаларын есептен шығару жазылады.

      2243. 2243. Клиенттердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша клиенттерден қабылданған жинақ салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен қабылданған жинақ салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есептен шығару жазылады.

      2245. Инвестициялық депозиттер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің инвестициялық депозиттерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған сомалар, сондай-ақ инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны пайдаланудан түскен кірістердің клиенттің пайдасына есептелетін сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша клиенттен қабылданған сомаларды олар инвестицияланған немесе клиентке қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2255. Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қарсы әріптестен бағалы қағаздарды келісілген баға бойынша болашақта сатып алу міндеттемесімен операцияны ашу күніне кепілге берілген бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша міндеттемелер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша операцияның ашылу күніне бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша міндеттемелер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша операция жабылған немесе күші жойылған кезде "РЕПО" операциялары бойынша міндеттемелер сомаларын есептен шығару жазылады.

      2256. "Кері РЕПО" операциялары бойынша қабылданған, бағалы қағаздар бойынша алынған сыйақы түріндегі міндеттеме (пассивті).

      Мақсаты: Ұйымның "кері РЕПО" операциясы бойынша қабылданған, бағалы қағаздар бойынша алынған сыйақы түріндегі міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша "кері РЕПО" операциясы бойынша қабылданған, бағалы қағаздар бойынша алынған сыйақы түріндегі міндеттеме сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша "кері РЕПО" операциясы бойынша қабылданған, бағалы қағаздар бойынша алынған сыйақы түріндегі міндеттемелер сомасын есептен шығару жазылады.

      2257. "Кері РЕПО" операциялары бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару жөніндегі міндеттеме (пассивті).

      Мақсаты: "Кері РЕПО" операциясы бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданған, сатылған бағалы қағаздарды қайтару бойынша әділ құны бойынша бағаланатын міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша "кері РЕПО" операциясы бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданған, сатылған бағалы қағаздарды қайтару бойынша әділ құны бойынша бағаланатын міндеттеменің сомасы, міндеттеменің әділ құнын теріс қайта бағалау жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша "кері РЕПО" операциясы бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданған, сатылған бағалы қағаздарды қайтару бойынша әділ құны бойынша бағаланатын міндеттемені есептен шығару, міндеттеменің әділ құнын оң қайта бағалау жазылады.

      2301. Айналысқа шығарылған облигациялар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарған облигациялардың номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған облигациялардың номиналдық құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған облигациялардың номиналдық құнын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2303. Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздардың номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздардың номиналдық құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздардың номиналдық құнын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2304. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасын, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2305. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша дисконт (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды орналастыру құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасын, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың баланстық құнын түзету сомасын, нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды тартуға байланысты түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды орналастыру құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың баланстық құнын түзету сомасы, нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды тартуға байланысты түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2306. Сатып алынған облигациялар (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Ұстаушылардан сатып алынған айналысқа шығарылған облигациялардың номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ұстаушылардан сатып алынған айналысқа шығарылған облигациялардың номиналдық құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа ұстаушыларға оларды сатқан не олардың күші жойылған кезде сатып алынған облигациялардың номиналдық құнын есептен шығару жазылады.

      2401. Өтеу мерзімі бес жылдан аз, реттелген борыш (пассив).

      Шоттың мақсаты: Өтеу мерзімі бес жылдан аз, реттелген борыштың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борыштың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борыштың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2402. Өтеу мерзімі бес жылдан астам, реттелген борыш (пассив).

      Шоттың мақсаты: Өтеу мерзімі бес жылдан астам реттелген борыштың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борыш сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борыштың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2403. Айналысқа шығарылған, реттелген облигациялар бойынша сыйлықақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигацияларды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасын, модификациялау кезінде реттелген облигациялардың баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигацияларды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде реттелген облигациялардың баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2404. Айналысқа шығарылған, реттелген облигациялар бойынша дисконт (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құнының оларды орналастыру құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасын, модификациялау кезінде реттелген облигациялардың баланстық құнын түзету сомасын, нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша реттелген облигацияларды тартуға байланысты түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құнының оларды орналастыру құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде реттелген облигациялардың баланстық құнын түзету сомасы, реттелген облигацияларды нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша тартуға байланысты түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2405. Сатып алынған реттелген облигациялар (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Оларды ұстаушылардан сатып алынған айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша оларды ұстаушылардан сатып алынған айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша олар басқа ұстаушыларға сатқан не олардың күші жойылған кезде сатып алынған реттелген облигациялардың номиналдық құнын есептен шығару жазылады.

      2406. Реттелген облигациялар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құнын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2407. Реттелген борыш бойынша сыйлықақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Нақты алынған реттелген борыш сомаcының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) борышты өтеу сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасын, модификациялау кезінде реттелген борыштың баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша нақты алынған реттелген борыш сомаcының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) борышты өтеу сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде реттелген борыштың баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борыш бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2408. Реттелген борыш бойынша дисконт (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Нақты алынған реттелген борыш сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) борышты өтеу сомаcының асып кетуі түріндегі дисконт сомасын, модификациялау кезінде реттелген борыштың баланстық құнын түзету сомасын, реттелген борышты нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша тартуға байланысты түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша нақты алынған реттелген борыш сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) борышты өтеу сомаcының асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде реттелген борыштың баланстық құнын түзету сомасы, реттелген борышты нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша тартуға байланысты түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борыш бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.

      2451. Мерзімсіз қаржы құралдары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Орналастырылған және (немесе) сатып алынған мерзімсіз қаржы құралдарының құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша мерзімсіз қаржы құралдарының құны, сондай-ақ сатып алынған мерзімсіз қаржы құралдарын оларды сату кезінде есептен шығару жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша мерзімсіз қаржы құралдарының оларға ақы төленген кездегі құны, сондай-ақ мерзімсіз қаржы құралдарын ұстаушылардан сатып алынған немесе жойылған құны жазылады.

      2551. Басқа банктермен есеп айырысулар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк және корреспондент банктер арасындағы клиринг кезінде қарсы сомаларды есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша корреспондент банк ақы төлеу үшін қабылдаған төлем құжаттарының сомалары № 1552 баланстық шотпен байланыстыра отырып, сондай-ақ корреспондент банктің пайдасына түскен ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сомалар оларды № 1551 баланстық шотпен сальдолау кезінде және ақша қалдығы банктің корреспонденттік шотынан есептен шығару жазылады.

      2552. Клиенттермен есеп айырысулар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттер арасындағы клиринг кезіндегі қарсы сомаларды есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клирингті жүзеге асыру үшін клиенттің банктік шотынан есептен шығарылған сомалар, сондай-ақ басқа клиенттермен акцепт үшін клиенттен түскен төлем құжаттарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің төлеуге қабылданбаған төлем құжаттарының сомалары, оларды № 1552 баланстық шотпен сальдолау кезінде жазылады.

      2701. Корреспондентік шоттар бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Корреспондентік шоттар бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша ақы төлеу кезінде корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар сомаларын есептен шығару жазылады.

      2702. Басқа банктердің талап етілмелі салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылданған талап етілмелі салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған талап етілмелі салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған талап етілмелі салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      2703. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2704. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2705. Басқа банктерден алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2706. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заем мен лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2707. Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар сомаларын есептен шығару жазылады.

      2708. Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар металл қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2709. Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есептен шығару жазылады.

      2711. Басқа банктердің овернайт заемдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден қабылдаған овернайт заемдары бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерден қабылдаған овернайт заемдары бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2712. Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылдаған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2713. Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктен қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2714. Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылдаған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2715. Бас офис пен оның филиалдары арасындағы есеп айырысулар бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бас офис және оның филиалдары арасындағы есеп айырысулар бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бас офис және оның филиалы арасындағы есеп айырысулар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бас офис және оның филиалы арасындағы есеп айырысулар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2717. Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар сомаларын металды қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      2718. Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден банктік шот шарты бойынша қабылдаған ағымдағы шоттар бойынша осы кезеңге жататын, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен қабылдаған ағымдағы шоттар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған ақша бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2719. Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден қабылданған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2720. Клиенттердің талап етілмелі салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылданған талап етілмелі салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен қабылданған талап етілмелі салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2721. Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден қабылдаған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2722. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардан қабылданған салымдар бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардан қабылданған салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2723. Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2724. Клиенттердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден қабылдаған жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден қабылдаған жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерден қабылдаған жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есептен шығару жазылады.

      2725. Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қарсы әріптестен бағалы қағаздарды келісілген баға бойынша болашақта сатып алу міндеттемесімен операцияны ашу күніне кепілге берілген бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар қайтарылған немесе операцияның күші жойылған кезде есептен шығару жазылады.

      2727.Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2728 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан қабылдаған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2730. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2731. Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2740. Реттелген борыш бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Реттелген борыш бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борыш бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борыш бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2741. Алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын, олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2742. Талап етілмелі салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша талап етілмелі қабылданған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша талап етілмелі қабылданған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша талап етілмелі қабылданған салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын, олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2743. Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша қабылдаған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын, олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2744. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын, олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2745. Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар сомаларын есептен шығару жазылады.

      2746. Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2747. Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден, клиенттерден қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен, клиенттен қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен, клиенттен қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы сомаларын олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2748. Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік шот шарты бойынша қабылдаған ағымдағы шоттар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ағымдағы шоттар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2749. Басқа да мерзімі өткен сыйақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша мерзімі өткен басқа да сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша мерзімі өткен басқа да сыйақының сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2755. Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік басқаруға қабылданғанқаржылық активтер бойынша есептелген шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша есептелген шығыстар сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2756. Реттелген облигациялар бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша болашақ кезеңге жататын, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстарды есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген облигациялар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2757. Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2770. Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша осы кезеңге жатқызылған, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар сомаларын ақы төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2792. Берілген заемдар бойынша сыйақыны алдын ала төлеу (пассив).

      Шоттың мақсаты: Берілген заемдар бойынша болашақ кезеңге қатысты алдын ала төленген сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша берілген заемдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша берілген заемдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомаларын есептеу әдісіне сәйкес есептен шығару жазылады.

      2793. Орналастырылған заемдар бойынша сыйақыны алдын ала төлеу (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша орналастырылған салымдар бойынша болашақ кезеңге қатысты алдын ала төленген сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша орналастырылған салымдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомаларын есептеу әдісіне сәйкес есептен шығару жазылады.

      2794. Болашақ кезеңдер кірістері (пассив).

      Шоттың мақсаты: Болашақ кезеңдер кірістерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақ кезеңдер кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша болашақ кезеңдер кірістерінің сомасын нақты кірістерге есептеу әдісі бойынша есептен шығару жазылады.

      2799. Басқа да алдын ала төлемдер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Алдын-ала болашақ кезеңге қатысты төленген басқа да кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша алдын ала төленген басқа да кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алдын ала төленген басқа да кірістерінің сомаларын есептеу әдісіне сәйкес есептен шығару жазылады.

      2811. Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша аударым операциялары бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      2812. Агенттік қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдары атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдары атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдары атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      2813. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын, олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      2814. Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстары (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын, олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      2815. Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік операциялар бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын, олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      2816. Алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған кепілдіктер бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомаларын, олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      2817. Клиенттердің банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық шығыстардың сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша клиенттердің банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық шығыстардың сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша клиенттердің банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық шығыстардың сомасын есептен шығару жазылады.

      2818. Басқа да есептелген комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған басқа да қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстард сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      2819. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін, есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығару жазылады.

      2820. Аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты, ақысын төлеу болашақта күтілетін, есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2831. Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша аударым операциялары бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2832. Агенттік қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын, олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2833. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2834. Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2835. Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік операциялар бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2836. Алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомасын оны төлеу кезінде есептен шығару жазылады.

      2838. Басқа да мерзімі өткен комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: басқа да қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған басқа да қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2839. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2851. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Есептелген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша есептелген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын оларды мақсатқа сәйкес аудару кезінде және (немесе) жылдың аяғында № 1852 баланстық шотты реттеу кезінде есептен шығару жазылады.

      2852. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен есеп айырысулар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша оларға есептелген ақша сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша есептелген ақша сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына төлеу және (немесе) жылдың аяғында № 1852 баланстық шотты реттеу кезінде есептелген ақша сомасын есептен шығару жазылады.

      2853. Акционерлермен есеп айырысулар (дивидендтер бойынша) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Есептелген акциялар бойынша дивидендтердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша акциялар бойынша есептелген дивидендтердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша акциялар бойынша дивидендтерді төлеу және (немесе) жылдың аяғында № 1853 баланстық шотты реттеу кезіндегі бұрын есептелген сомасын есептен шығару жазылады.

      2854. Қызметкерлермен есеп айырысулар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Өзінің қызметкерлеріне іссапар және басқа шығыстар бойынша есептеген аванстық төлемдерінің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша өзінің қызметкерлеріне іссапар және басқа шығыстар бойынша есептеген аванстық төлемдердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша іссапар және басқа шығыстар бойынша есептелген аванстық төлемдердің сомасын есептен шығару жазылады.

      2855. Құжаттамалық есеп айырысулар бойынша кредиторлар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Құжаттамалық есеп айырысулар бойынша кредиторлық берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша: құжаттамалық есеп айырысулар бойынша кредиторлық берешек сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша: құжаттамалық есеп айырысулар бойынша олар аяқталған кездегі кредиторлық берешек сомаларын есептен шығару жазылады.

      2856. Күрделі салымдар бойынша кредиторлар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Күрделі салымдар бойынша кредиторлық берешетің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша күрделі салымдар бойынша кредиторлық берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша күрделі салымдар бойынша кредиторлық берешектің сомаларын есептен шығару жазылады.

      2857. Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері (пассив).

      Шоттың мақсаты: болашақ кезеңде төленуге тиісті кейінге қалдырылған салық міндеттемелері сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақ кезеңде төленуге тиісті кейінге қалдырылған есептелген салық міндеттемелері сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша өткен есепті кезеңде есептелген кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің сомасын есептен шығару жазылады.

      2858. Шетел валютасы бойынша ұзақ валюталық позиция (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасымен активтердің осы шетел валютасымен міндеттемелерден асып түсететін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған немесе алынған шетел валютасының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сатылған немесе жұмсалған шетел валютасының сомаларын есептен шығару жазылады.

      2859. Шетел валютасының теңгедегі (валюталық қысқа позицияның) қарсы құны (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құнының № 1858 баланстық шотта ескерілетін сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құнының оны сату немесе жұмсау кезіндегі сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құнының оны сату немесе жұмсау кезіндегі сомасын есептен шығару жазылады.

      2860. Банктік қызмет бойынша басқа да кредиторлар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк қызметі бойынша түскен кезде басқа баланстық шоттар бойынша жазылмайтын кредиторлық берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк қызметі бойынша түскен кезде басқа баланстық шоттар бойынша жазылмайтын кредиторлық берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кредиторлық берешектің өтелу кезіндегі сомаларын есептен шығару жазылады.

      2861. Демалыс төлемақыларына арналған резерв (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қызметкерлерге төленетін демалыс төлемақыларына арналған резервтердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша қызметкерлерге төленетін демалыс төлемақыларына арналған резервтердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қызметкерлерге төленетін демалыс төлемақыларына арналған резервтерді есептен шығару жазылады.

      2862. Кастодиандық қызметке байланысты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жасалған кастодиандық шарттың талаптарына сәйкес өзінің міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау нәтижесінде туындаған міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жасалған кастодиандық шарттың талаптарына сәйкес өзінің міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кастодиандық қызметке байланысты туындаған міндеттемелерінің сомаларын олар орындалған кезде есептен шығару жазылады.

      2863. Артықшылықты акциялар бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Эмитенттің белгіленген немесе болашақта айқындалатын күні белгіленген немесе айқындалатын сома бойынша міндетті өтеуі көзделетін артықшылықты акциялардың немесе артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивидендтердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша артықшылықты акциялардың немесе артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивидендтердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша артықшылықты акциялардың немесе артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивидендтердің сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      2864. Акцептер бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Акцептелген вексельдер бойынша міндеттемелердің сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша өтелген вексельдердің оларды төлеуге ұсынғаннан кейінгі сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша акцептелген вексельдердің сомасы жазылады.

      2865. Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Эмитент банктің шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғалардан немесе эмитент банктің агенттерінен алынған ақша сомалары шегінде банк шығарған электрондық ақша сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша электрондық ақшаның сомаларын оларды өтеген кезде есептен шығару жазылады.

      2867. Негізгі емес қызмет бойынша басқа да кредиторлар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шаруашылық қызмет бойынша, сондай-ақ уақытша немесе кездейсоқ сипаттағы кредиторлық берешектің сомасын, түскен кезде басқа баланстық шоттар бойынша жазылмайтын, мақсаты анықталмаған кредиторлық берешек сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шаруашылық қызмет бойынша, сондай-ақ уақытша немесе кездейсоқ сипаттағы кредиторлық берешегінің сомасы, түсу кезінде басқа баланстық шоттар бойынша жазылмайтын, мақсаты анықталмаған кредиторлық берешек сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кредиторлық берешектің сомаларын олар өтелген немесе тиісті баланстық шоттарға жатқызылған кезде есептен шығару жазылады.

      2868 Бағалау міндеттемелері (пассив).

      Шоттың мақсаты: халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте көрсетілетін бағалау міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалау міндеттемелерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалау міндеттемелерінің сомаларын олар орындалған немесе күшін жойған кезде есептен шығару жазылады.

      2869. Берілген кепілдіктер (пассив).

      Шоттың мақсаты: 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (IFRS) сәйкес берілген кепілдіктің құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша берілген кепілдіктің құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша берілген кепілдіктің құны берілген кепілдік бойынша міндеттемелерді банк орындаған немесе күші жойылған жағдайда № 4958 баланстық шотпен байланыстыра отырып есептен шығару жазылады.

      2870. Басқа да транзиттік шоттар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттің транзиттік шоттағы анықталғанға дейін есептелген басқа да ақшасының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің транзиттік шотқа анықталғанға дейін түскен басқа да ақшасының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің транзиттік шоттан басқа да ақша сомасын олар анықталған және оларды клиенттің тиісті баланстық шоттарына бөлген кезде басқа да сомасын есептен шығару жазылады.

      2871. Қайырымдылық төлемдерінің шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: Исламдық банк қайырымдылық төлемдерін жүзеге асыруға арнаған сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық банктің қайырымдылық төлемдерін жүзеге асыруға арнаған сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық банктің қайырымдылық төлемдерін жүзеге асыруға арнаған сомаларын есептен шығару жазылады.

      2872. Тазартылған қымбат металдар бойынша ұзақ позиция (пассив).

      Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдар түріндегі активтерін осы тазартылған қымбат металдар түріндегі міндеттемелерінен асып түскен сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған қымбат металдарды сату есебінен тазартылған қымбат металдар бойынша ұзақ позицияның жабылуы жазылады.

      2873. Тазартылған қымбат металдардың теңгедегі (тазартылған қымбат металдар бойынша қысқа позицияның) қарсы құны (пассив).

      Шоттың мақсаты: № 1873 баланстық шотта есепке алынатын аффинирленген бағалы металдардың контрқұнының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша іске асырылған немесе жұмсалған аффинирленген бағалы металдардың контрқұнының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша аффинирленген бағалы металдарды сатып алу есебінен олар бойынша қысқа позицияны өтеу кезінде аффинирленген бағалы металдардың контрқұнының сомасын есептен шығару жазылады.

      2874. Шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдарына арналған транзиттік шоттар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдарын іске асыру арналған транзиттік шоттардағы клиенттің ақша сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдарын іске асыру арналған транзиттік шоттарға келіп түскен клиенттің ақша сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдарына арналған транзиттік шоттардан клиенттің ақша сомасын есептен шығару жазылады.

      2875. Шартты міндеттемелер бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шартты міндеттемелер бойынша зиянды жабуға арналған резервтер (провизиялар) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шартты міндеттемелер бойынша зиянды жабуға арналған құрылатын резервтер (провизиялар) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтер (провизиялар) сомаларын олардың күші жойылған немесе баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      2880. Секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Арнайы қаржы компаниясы алдындағы секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясы алдындағы секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясы алдындағы секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелердің сомаларын оларды өтеу, төлеу және кері сатып алу кезінде есептен шығару жазылады.

      2891. Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Фьючерс операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша фьючерс операциясын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша міндеттемелердің оларды төлеу кезінде туындаған сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.

      2892. Форвард операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Форвард операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша форвард операциясын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша міндеттемелердің оларды төлеу кезінде туындаған сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.

      2893. Опцион операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Опцион операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша опцион операциясын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша міндеттемелердің оларды төлеу кезінде туындаған сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жүргізіледі.

      2894. Спот операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Спот операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша спот операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша спот операцияларын төлеу немесе күшін жою кезінде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.

      2895. Своп операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Своп операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша своп операциясын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша міндеттемелердің оларды қарсы әріптеске төлеу немесе күшін жою кезінде туындаған сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.

      2899. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша банк төлеген немесе басқа да туынды қаржы құралдармен операциялардың күші жойылған кезде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      3001. Жарғылық капитал – жай акциялар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жай акциялар бойынша жарғылық капиталдың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды номиналдық құны бойынша төлеу және акцияларды инвесторларға (инвесторға) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күші жойылған акциялардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      3003. Сатып алынған жай акциялар (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Орналастырылған жай акцияларды сатып алу сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес орналастырылған акцияларды сатып алу сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған орналастырылған акциялардың сомасын олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кейіннен сатылған немесе күші жойылған кездегі сомасын есептен шығару жазылады.

      3025. Жарғылық капитал - артықшылықты акциялар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Артықшылықты акциялар бойынша жарғылық капиталдың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың номиналдық құны бойынша төлеу және акцияларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында белгіленген орналастыру бағасы бойынша инвесторларға (инвесторға) сату сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күші жойылған акциялардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      3027. Сатып алынған артықшылық берілген акциялар (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Орналастырылған артықшылықты акцияларды сатып алу құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес орналастырылған акцияларды сатып алу сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған орналастырылған акциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кейіннен сатылған немесе күші жойылған кездегі сомасын есептен шығару жазылады.

      3101. Қосымша төленген капитал.

      Шоттың мақсаты: 2003 жылғы 16 мамырға дейін шығарылған акциялар бойынша қосымша төленген капиталдың (акцияларды орналастыру бағасымен және олардың номиналдық құны арасындағы айырма) немесе орналастырылған акцияларды сатып алу бағасы мен кейінгі сату бағасы арасындағы айырмасы түрінде, енгізілген салымдардың (мүліктік жарналардың) құрылтай құжаттарында айқындалған салымның (мүліктік жарналардың) құнынан асып түсу сомасы түрінде, сондай-ақ негізгі ұйыммен операцияларды және заңнамада көзделген басқа операцияларды жасаған кезде туындайтын сомаларды есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша қосымша төленген капиталдың сомаларын ұлғайту жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қосымша төленген капиталдың сомаларын азайту жазылады.

      3200. Жалпы банктік тәуекелдерге арналған резервтер (провизиялар) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктің активтері және шартты міндеттемелері бойынша шығындарды жабуға арналған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банктің активтері және шартты міндеттемелері бойынша шығындарды жабу үшін құрылатын резервтердің (провизиялардың) сомалары № 3580 баланстық шотпен байланыстырыла отырып жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды жою немесе № 3580 баланстық шотпен байланыстырыла отырып пайдалану кезінде есептен шығару жазылады.

      3400. Динамикалық резервтер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қалыптастырылған динамикалық резервтердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша құрылатын резервтер сомасы № 3599 баланстық шотпен байланыстырыла отырып жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтердің азаюы № 3599 баланстық шотпен байланыстырыла отырып жазылады.

      3510. Резервтік капитал (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қалыптастырылған резервтік капиталдың сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банктің резервтік капиталына таза пайдадан аударымдар есебінен түскен сома жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша банктің резервтік капиталының сомаларын мақсатқа сай пайдалану кезінде есептен шығару жазылады.

      3540. Негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активті қайта бағалау резервтері (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қайта бағалау нәтижесінде пайда болған негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтерді қайта бағалау резервтерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша баланстық құны ұлғайған кезде негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтерді қайта бағалаудан болған оң айырма сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша баланстық құны азайған кезде негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтерді қайта бағалаудан болған теріс айырманың сомалары жазылады, сондай-ақ пайдалану шамасына қарай немесе негізгі құралдардың істен шығу сәтінде № 3580 баланстық шотқа негізгі құралдарды оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару.

      3561. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын қаржы активтерінің құнын қайта бағалау резервтері.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын қаржы активтерінің құнын қайта бағалау резервтерінің сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын қаржы активтерінің құнын қайта бағалау сомасы, сондай-ақ тиісті баланстық шоттармен байланыстыра отырып қаржы активтерінің басқа санатына шығарылған немесе аударылған олар бойынша жинақталған қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шот дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын қаржы активтерінің құнын теріс қайта бағалау сомасы, сондай-ақ тиісті баланстық шоттармен байланыстыра отырып қаржы активтерінің басқа санатына шығарылған немесе аударылған олар бойынша жинақталған қайта бағалау сомалары жазылады.

      3562 Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтер (провизиялар) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын олар жойылған кезде, баланстан басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша талаптарды есептен шығару немесе қайта жіктеу кезінде есептен шығару жазылады.

      3563. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын қарыздардың құнын қайта бағалау резервтері.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын қарыздардың құнын қайта бағалау резервтерінің сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдардың құнын оң қайта бағалау сомасы, сондай-ақ тиісті баланстық шоттармен байланыстыра отырып қаржы активтерінің басқа санатына шығарылған немесе аударылған олар бойынша жинақталған қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын қарыздардың құнын теріс қайта бағалау сомасы, сондай-ақ тиісті баланстық шоттармен байланыстыра отырып қаржы активтерінің басқа санатына шығарылған немесе аударылған олар бойынша жинақталған қайта бағалау сомасы жазылады.

      3564. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтері (провизиялар) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын олар жойылған кезде, басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын заемдар бойынша талаптарды қайта есептен шығару немесе жіктеу кезінде есептен шығару жазылады.

      3580. Өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (жабылмаған шығын).

      Шоттың мақсаты: Өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайданың (жабылмаған зиянның) сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайданың (өтелмеген зиянның) сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша өткен жылдардағы мақсат бойынша бөлінбеген таза пайданың (жабылмаған зиянның) сомасын есептен шығару жазылады.

      3589. Басқа да қайта бағалау бойынша резервтер.

      Шоттың мақсаты: Басқа да активтердің құнын қайта бағалау резервтерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да активтердің құнын оң қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да активтердің құнын қайта бағалау сомасын олар баланстан шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      3599. Бөлінбеген таза кірісі (жабылмаған шығын).

      Шоттың мақсаты: Есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижесінің сомаларын белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын түзетулерді ескере отырып есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша есепті кезеңдегі бөлінбеген таза пайда (жабылмаған зиян) сомалары белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын түзетулер ескеріле отырып жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бөлінбеген таза пайда сомаларын оларды белгіленген тәртіппен бөлу және белгіленген тәртіппен түзету немесе оны № 3580 баланстық шотқа жатқызу кезіндегі, сондай-ақ есепті кезеңдегі зиянның пассивте теріс белгімен көрсетілген сомаларын есептен шығару жазылады.

      4051. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4052. Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Корреспондент-банктерде ашылған корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша корреспондент-банкте ашылған корреспонденттік шот бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4091. Басқа банктермен жүргізілетін операциялар бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктермен жүргізілетін операциялар бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктермен жүргізілетін операциялар бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша түскен кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4101. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған (бір түнге) салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бір жұмыс түніне орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бір жұмыс түніне орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4102. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған талап етілмелі салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік салым шарты бойынша орналастырылған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4103. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік салым шарты бойынша орналастырылған мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4104. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4105. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялаудың бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4201. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4202. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойыншадисконтты амортизациялау бойынша кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4251. Басқа банктерде орналастырылған (бір түнге) салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде жұмыс күнінен кейінгі бір түнге орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте жұмыс күнінен кейінгі бір түнге орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4252. Басқа банктерде орналастырылған талап етілмелі салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде банктік салым шарты бойынша орналастырылған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4253. Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде бір айға дейінгі мерзімге банктік салым шарты бойынша орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4254. Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде бір жылға дейінгі мерзімге банктік салым шарты бойынша орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке орналастырылған қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4255. Басқа банктерде орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде бір жылдан артық мерзімге банктік салым шарты бойынша орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4256. Басқа банктерде орналастырылған шартты салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде банктік салым шарты бойынша орналастырылған шартты салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған шартты салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4257. Басқа банктердің салымдар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: банктік салым шарты бойынша орналастырылған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша басқа банктің мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару немесе баланстан есептен шығару жазылады.

      4258. Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір айдан аспайтын) бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша басқа банктерде бір айдан аспайтын мерзімге орналастырылған жинақ салымдар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған жинақ салымдар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4259. Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан аспайтын) бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша басқа банктерде бір жылдан аспайтын мерзімге орналастырылған жинақ салымдар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған жинақ салымдар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4260. Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша металл шоттарында орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4261. Басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын оң түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету түріндегі кіріс сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банкте орналастырылған мерзімді салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету түріндегі кіріс сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4262. Басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын оң түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерде орналастырылған шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету түріндегі кіріс сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерде орналастырылған шартты салымның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету түріндегі кіріс сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4263. Басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерден тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кіріс сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерден тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кіріс сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4264. Басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерден тартылған шартты салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кіріс сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктен тартылған шартты салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кіріс сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4265. Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банкке орналастырылған және банктiң, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын (кепілдік, ипотека) салым бойынша есептелген кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке орналастырылған және банктiң, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын (кепілдік, ипотека) салым бойынша есептелген кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4266. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4267. Міндеттемелерді қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде берілетін ақша сомасына сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде берілген ақша сомасына сыйақы алуға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде берілген ақша сомасына сыйақы алуға байланысты кірістер сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4268 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістер

      Шоттың мақсаты: осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кіріс сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кіріс сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4270. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша кірістер

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4301. Басқа банктерге берілген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге корреспонденттік шоттары бойынша берілген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге корреспонденттік шоты бойынша берілген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4302. Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге бір жылға дейінгі мерзімге берілген заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке берілген қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4303. Басқа банктерге берілген овернайт заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген овернайт заемдары бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке берілген овернайт заемдары бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4304. Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге бір жылдан артық мерзімге берілген заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке берілген ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4305. Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша негізгі борыш бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4306. Заемдар бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердің берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктің берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады немесе баланстан шығарылады.

      4309. Басқа банктерге берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақы.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақы сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4310. Басқа банктерге берілген заемның құнын оң түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерге берілген заемның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі кіріс сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерге берілген заемның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі кіріс сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4311. Басқа банктерден алынған заемның құнын теріс түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Осы заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерден алынған заемның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кіріс сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4312. Басқа банктерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылатын пайыздық кірістерді түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылатын пайыздық кірістерді түзету түріндегі кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылатын пайыздық кірістерді түзету түріндегі кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4313. Басқа банктерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі кірістер

      "Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі кірістер сомасы берілген қарыздар бойынша тиісті дисконттар (сыйлықақылар) шоттарымен байланыстыра отырып жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4314. Басқа банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бастапқы тану кезінде түзету түріндегі кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бастапқы тану кезінде түзету түріндегі кірістер сомасы алынған қарыздар бойынша тиісті дисконттар (сыйлықақылар) шоттарымен байланыстыра отырып жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4315. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) алынған қарыздарды пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бастапқы тану кезінде түзету түріндегі кірістер сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бастапқы тану кезінде түзету түріндегі кірістер сомасы алынған қарыздар бойынша тиісті дисконттар шоттарымен байланыстыра отырып жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4316. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздарды оларды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша алынған қарыздарды түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) алынған қарыздарды пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бастапқы тану кезінде туындайтын кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша алынған қарыздарды бастапқы тану кезінде туындайтын кірістер сомасы алынған қарыздар бойынша тиісті дисконттар шоттарымен байланыстыра отырып жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4325. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның құнын теріс түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Осы заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кіріс сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша осы заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған өтеу мерзімі бір жылдан астам банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кіріс сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4331. Алынған заемдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Алынған заемдар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша алынған заемдар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4351. Бас офиспен есеп айырысулар бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Филиалдардың бас офиспен есеп айырысулар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша филиалдың бас офиспен есеп айырысулар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4352. Жергілікті филиалдармен есеп айырысулар бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бас офистің жергілікті филиалдармен есеп айырысулар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бас офистің жергілікті филиалмен есеп айырысулар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4353. Шетелдік филиалдармен есеп айырысулар бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бас офистің шетелдік филиалдармен есеп айырысулары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бас офистің шетелдік филиалмен есеп айырысулары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4401. Клиенттерге берілген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің банк шоттары бойынша берілген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің банк шоты бойынша берілген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4403. Клиенттердің кредиттік карточкалары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің кредиттік карточкалары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша кредиттік карточка ұстаушыға берілген заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4405. Клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4407. Клиенттерге факторинг бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге факторинг бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиентке факторинг бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4411. Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге бір жылға дейінгі мерзімге берілген заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиентке берілген қысқа мерзімді заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4417. Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге бір жылдан артық мерзімге берілген заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиентке берілген ұзақ мерзімді заемдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4420. Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша негізгі борышы бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиентке берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4422. Клиенттерге форфейтинг бойынша сыйақы алуға байланысты кірістері.

      Шоттың мақсаты: Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушының вексельдерді сатушыға айналымсыз сатып алуы арқылы алынған борыштық міндеттемелерінің талаптары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушының вексельдерді сатушыға айналымсыз сатып алуы арқылы алынған борыштық міндеттемелерінің талаптары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4424. Клиенттердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің берілген заемдар бойынша борыштың және сыйақының негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің берілген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4426. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4427. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4428. Клиенттерге берілген басқа да заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген өзге де заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиентке берілген өзге де заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4429. Клиенттерге берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақы.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақының сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиентке берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4430. Клиенттерге берілген заемның құнын оң түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам клиенттерге берілген заемның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі кіріс сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам клиентке берілген заемның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі кіріс сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4431. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның құнын теріс түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4432. Клиенттерден тартылған мерзімді салым құнын теріс түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам клиенттерден тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам клиенттен тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4433. Клиенттерден тартылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам клиенттерден тартылған шартты салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған өтеу мерзімі бір жылдан астам клиенттен тартылған шартты салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4434. Клиенттерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылатын пайыздық кірісті түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылатын пайыздық кірісті түзету түріндегі кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылатын пайыздық кірістерді түзету түріндегі кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4435. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдарды шығару және (немесе) қайта жіктеу кезінде кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдарды шығару және (немесе) қайта жіктеу кезінде кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4436. Клиенттерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі кірістер сомасы берілген қарыздар бойынша тиісті дисконттар (сыйлықақылар) шоттарымен байланыстыра отырып жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4440. Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған салымдар бойыншасыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден тартылған салымдар бойыншасыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4445. Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4452. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4453. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4454. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойыншасыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4455. Айналысқа шығарылған, реттелген облигациялар бойыншасыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4456. Реттелген борыш бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Реттелген борыш бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша реттелген борыш бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4465. Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздармен "РЕПО", "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздармен "РЕПО", "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4466. "Кері РЕПО" операциялары бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттемелерді қайта бағалаудан түскен кірістер.

      Мақсаты: "Кері РЕПО" операциясы бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттемені оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша "Кері РЕПО" операциясы бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттемені оң қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4471. Еншілес ұйымдардың акциялары бойынша алынған дивидендтер.

      Шоттың мақсаты: Өз еншілес ұйымдарының акциялары бойынша есептеген дивидендтер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша өз еншілес ұйымының акциялары бойынша есептеген дивидендтерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша дивидендтердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4472. Қауымдасқан ұйымдардың акциялары бойынша алынған дивидендтер.

      Шоттың мақсаты: Өздерінің қауымдасқан ұйымдарының акциялары бойынша есептелген дивидендтердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша өздерінің қауымдасқан ұйымының акциялары бойынша есептелген дивидендтердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша дивидендтердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4475. Реттелген борышқа инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Реттелген борышқа салынған инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борышқа салынған инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4476. Басқа да инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Өзге инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша өзге инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4477. Ислам банкінің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алуға байланысты кірістері.

      Шоттың мақсаты: Ислам банкінің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкінің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4481. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4482. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістері.

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4491. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шот кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4492. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4510. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша кірістерінің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4530. Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістерінің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4540. Қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша кірістер.

      Мақсаты: Аффинирленген бағалы металдарды сатудан түскен кірістер және (немесе) қаржы құралдары ретінде сыныпталған аффинирленген бағалы металдарды сатып алудан-сатудан түскен кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша аффинирленген бағалы металдарды сатудан түскен ұйымның кірістері және (немесе) қаржы құралдары ретінде сыныпталған аффинирленген бағалы металдарды сатып алудан-сатудан түскен кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4560. Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4570. Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасы бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4580. Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4590. Қаржы фьючерстерін қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қаржы фьючерстерін оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша қаржы фьючерстерін оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4591. Опцион операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Опцион операциялары бойынша оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша опцион операциялары бойынша оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4593. Своп операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Своп операциялары бойынша оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша своп операциялары бойынша оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4594. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4601. Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4602. Агенттік қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Агенттік қызмет көрсетулер үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша есептелген комиссиялық кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша агенттік қызмет көрсетулер үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша есептелген комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4603. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды сатып алу-сату қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4604. Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4605. Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4606. Кепілдіктермен операциялар бойынша комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Кепілдіктермен операциялар бойынша есептелген комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Кепілдіктермен операциялар бойынша есептелген комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4607. Салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша салымдарды қабылдау, клиенттердің банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4608. Басқа да комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Көрсетілген өзге қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша көрсетілген өзге қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4609. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4610. Төлем құжаттарының акцепті үшін алынған комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша төлем құжаттарының акцепті үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4611. Касса операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Касса операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша касса операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4612. Құжаттық есеп айырысулар бойынша комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Құжаттық есеп айырысулар бойынша комиссиялық кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша құжаттық есеп айырысулар бойынша комиссиялық кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4613. Форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша форфейтинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4614. Факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша факторинг операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4615. Инкассациялау бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Инкассациялау бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инкассациялау бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4616. Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4617. Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Сейф операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сейф операциялары бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4618. Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін кірістер.

      Шоттың мақсаты: Ислам банкінің инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша кірістерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкінің инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша кірістерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4619. Төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін есептелінген комиссиялық кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін есептелінген комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4703. "Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасын оң қайта бағалаудан (бағамдық айырмасынан) кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4704. Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Тазартылған бағалы металдардың әділ құнын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған бағалы металдардың әділ құнын оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сомаларды № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4705. Заемдардың валюталық баламасын белгілей отырып, теңгедегі заемдарды қайта бағалаудан болатын кіріс.

      Шоттың мақсаты: Заемдардың валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерге берілген заемдарды оң қайта бағалау (бағамдық айырма) сомаларын есепке алу және (немесе) басқа банктерден тартылған заемдарды теріс қайта бағалау.

      Шоттың кредиті бойынша заемдардың валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерге берілген заемдарды оң қайта бағалау (бағамдық айырма) және (немесе) басқа банктерден тартылған заемдарды теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4707. Салымдардың валюталық баламасын белгілей отырып теңгемен салымдарын қайта бағалаудан болатын кіріс.

      Шоттың мақсаты: Валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерде орналастырылған салымдарды оң қайта бағалау (бағамдық айырма) сомаларын есепке алу және (немесе) басқа банктерден тартылған салымдарды теріс қайта бағалау.

      Шоттың кредиті бойынша валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерде орналастырылған салымдарды оң қайта бағалау (бағамдық айырма) сомалары жазылады және (немесе) басқа банктерден тартылған салымдарды теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4709. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнының өзгеруінен болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сомаларды № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4710. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4711. Негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болған зиянды қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болған зиянды қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша № 5711 баланстық шотта есепке алынған негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болған зиянды қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4712. Материалдық емес активтердің құнсызданудан болатын зиянды қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: № 5712 баланстық шотта есепке алынған материалдық емес активтердің құнсызданудан болатын зияндарды қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша № 5712 баланстық шотта есепке алынған материалдық емес активтердің құнсызданудан болатын зияндарды қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4713. Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсызданудан болатын зиянды қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған, № 5713 баланстық шотта есепке алынған инвестициялардың құнсызданудан болатын зиянды қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған, № 5713 баланстық шотта есепке алынған инвестициялардың құнсызданудан болатын зиянды қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4714. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын зиянды қалпына келтіруден түсетін кірістер.

      Шоттың мақсаты: № 5715 баланстық шотта есепке алынатын, сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын зиянды қалпына келтіруден түсетін кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша № 5715 баланстық шотта есепке алынатын, сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын зиянды қалпына келтіруден түсетін кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4732. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4733. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болатын кірістер.

      Мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын борыштық бағалы қағаздарды қайта жіктеу және (немесе) есептен шығару кезінде оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын борыштық бағалы қағаздарды қайта жіктеу және (немесе) есептен шығару кезінде оң қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша оң қайта бағалау сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4734. Басқа қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес активтерді оң қайта бағалау сомаларын есепке алу және (немесе) кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес міндеттемелерді теріс қайта бағалау.

      Шоттың кредиті бойынша кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес активтерді оң қайта бағалау сомалары және (немесе) кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес міндеттемелерді теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4851. Еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларын сатудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларын сатудан болатын кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша еншілес және қауымдасқан ұйымының акцияларын сатудан болатын кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4852. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатудан болатын кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатудан болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4853. Қорларды сатудан түсетін кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қорларды сатудан түсетін кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша қорларды сатудан түсетін кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4854. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді сатудан түсетін кірістер.

      Шоттың мақсаты: Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді сатудан түсетін кірістер сомасын есепке алу .

      Шоттың кредиті бойынша сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді сатудан түсетін кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4856. Басқа да инвестицияларды сатудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Еншілес немесе қауымдасқан ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға салған өзге инвестициялардан болатын кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша еншілес немесе қауымдасқан ұйымы болып табылмайтын ұйымдарға салған өзге инвестициялардан болатын кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4871. Еншілес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Еншілес ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша еншілес ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4872. Қауымдасқан ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қауымдасқан ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша қауымдасқан ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4880. Ислам банкінің өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан болатын кірістері.

      Шоттың мақсаты: Ислам банкінің өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкінің өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4891. Фьючерс операциялары бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Фьючерс операциялары бойынша есептелген кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша фьючерс операциясы бойынша есептелген кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4892. Форфард операциялары бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Форфард операциялары бойынша есептелген кірістерінің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша форфард операциясы бойынша есептелген кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4893. Опцион операциялары бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Опцион операциялары бойынша есептелген кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша опцион операциясы бойынша есептелген кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4895. Своп операциялары бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Своп операциялары бойынша есептелген кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша своп операциясы бойынша есептелген кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша іске асырылған кіріс сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4896. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4897. Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістер сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4900. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл).

      Шоттың мақсаты: Алынған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша алынған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4921. Банк қызметінен болатын басқа да кірістер.

      Шоттың мақсаты: Кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жүргізілмейтін банк қызметінен болатын өзге де кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк қызметінен болатын өзге де кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4922. Негізгі емес қызметтен болатын басқа да кірістер.

      Шоттың мақсаты: Кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жүргізілмейтін негізгі емес қызметтен болатын өзге де кірістерінің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша негізгі емес қызметтен болатын өзге де кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4923. Акциялар бойынша дивидендтер алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Акциялар бойынша дивидендтер алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша акциялар бойынша дивидендтер алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4951. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруденболатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банк міндеттемелерін орындау, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда басқа банкте орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4952. Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруденболатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары басқа банк міндеттемелерін орындау, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4953. Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары міндеттемелерді орындау, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4954. Бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары эмитент оларды өтеу, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4955. Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары есепке алынады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары клиент міндеттемелерін орындаған, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4956. Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден, қайта жіктеуден және басқа жағдайларда кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4957. Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша зияндарды жабу үшін жасалған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер.

      Шоттың мақсаты: Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша зияндарды жабу үшін жасалған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша борышкер міндеттемелерін орындаған кезде, қайта сыныптау және басқа жағдайларда есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша зияндарды жабу үшін жасалған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4958. Шартты міндеттемелер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Шартты міндеттемелер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шартты міндеттемелер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4959. Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары дебитор міндеттемелерін орындаған, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      4960. Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша жасалған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша жасалған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша борышкер міндеттемелерін орындаған кезде, қайта сыныптау және басқа жағдайларда бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша жасалған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер сомасы жазылады.

      Шот дебеті бойынша кірістің сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4961. Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден, қайта жіктеуден және басқа жағдайларда кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4962. Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4963. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4999. Салықтарға дейінгі кіріс.

      Шоттың мақсаты: Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегенге дейінгі кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша кірістердің тиісті баланстық шоттарын жабу кезінде салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегенге дейінгі кіріс сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстар сомасы кіріс сомасын № 5999 баланстық шотпен байланыстырылған корпоративтік табыс салығына азайту, сондай-ақ алынған нәтижені № 3599 баланстық шотқа жатқызу кезінде шығыстардың тиісті баланстық шоттары жабылған кезде жазылады.

      5021. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоты бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5022. Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетелдік орталық банктің корреспонденттік шоты бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5023. Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Корреспондент банктердің корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша корреспондент банктің корреспонденттік шоты бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5024. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның корреспонденттік шоты бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5026. Басқа банктердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болатын шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5034. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қысқа мерзімді қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан бір жылға дейінгі мерзімге қоса алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қысқа мерзімді қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5036. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан бір жылдан астам мерзімге алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5037. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың құнын оң түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы қарыздың әділ құны ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы қарыздың әділ құны ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздың есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5038. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5039. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, Ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар сомасы алынған қарыздар бойынша тиісті дисконттар (сыйлықақылар) шоттарымен байланыстыра отырып жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5044. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан бір жылға дейінгі мерзімге алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша халықаралық қаржы ұйымынан алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5046. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан бір жылдан астам мерзімге алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша халықаралық қаржы ұйымынан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5047. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемның құнын оң түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған өтеу мерзімі бір жылдан астам халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам халықаралық қаржы ұйымынан алынған заемның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5048. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша халықаралық қаржы ұйымынан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5049. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар сомасы алынған қарыздар бойынша тиісті дисконттар (сыйлықақылар) шоттарымен байланыстыра отырып жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5051. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5052. Шетелдік орталық банктерден алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетелдік орталық банктерден алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетелдік орталық банктен алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5053. Басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5054. Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5055. Басқа банктерден алынған заемның құнын оң түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерден алынған заемның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктен алынған заемның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5056. Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір жылдан артық мерзімге алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5057. Басқа банктерге берілген заемның құнын теріс түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерге берілген заемның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банкке берілген заемның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5058. Басқа банктерден алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен алған заемдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5059. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5063. Қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5064. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан бір жылға дейінгі мерзімге алған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5065. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның құнын оң түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алынған заемның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5066. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан бір жылдан артық мерзімге алған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5068. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5069. Алынған заемдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Алынған заемдар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5070. Басқа банктерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылатын пайыздық кірісті түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылған пайыздық кірісті түзету түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылған пайыздық кірістерді түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5071. Берілген қарыздарды модификациялауға байланысты олардың жалпы баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар және (немесе) берілген қарыздарды пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бастапқы тану кезінде туындайтын шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар және (немесе) берілген қарыздарды пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бастапқы тану кезінде туындайтын шығыстар сомасы алынған қарыздар бойынша тиісті дисконттар (сыйлықақылар) шоттарымен байланыстыра отырып жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5072. Басқа банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздарды модификациялауға байланысты баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар сомасы алынған қарыздар бойынша тиісті дисконттар (сыйлықақылар) шоттарымен байланыстыра отырып жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5091. Басқа банктермен жүргізілетін операциялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктермен жүргізетін операциялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкпен жүргізетін операциялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5095. Басқа банктерден алынған заемдар бойынша комиссиялық сыйақы.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден алынған заемдар бойынша комиссиялық сыйақы сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден алынған заемдар бойынша комиссиялық сыйақы сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5111. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5112. Шетелдік орталық банктердің овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетелдік орталық банктен алынған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5113. Басқа банктердің овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден алынған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен алынған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5121. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен банктік салым шарты бойынша қабылданған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қабылданған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5122. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен банктік салым шарты бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қабылданған мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5123. Шетелдік орталық банктердің талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетелдік орталық банктерден банктік салым шарты бойынша қабылданған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетелдік орталық банктен қабылданған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5124. Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетелдік орталық банктерден банктік салым шарты бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетелдік орталық банктен қабылдаған мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5125. Басқа банктердің талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылданған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5126. Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір айға дейінгі мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5127. Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір жылға дейінгі мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5128. Басқа банктердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір жылдан артық мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған ұзақ мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5129. Басқа банктерден тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5130. Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған және олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5131. Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша (бір айдан аспайтын) сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір айдан аспайтын мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы №4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5132. Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша (бір жылдан аспайтын) сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір жылдан аспайтын мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5133. Басқа банктердің шартты салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған шартты салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5134. Басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерге орналастырылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банкке орналастырылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5135. Басқа банктерге орналастырылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерге орналастырылған шартты салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы салымның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банкке орналастырылған шартты салымның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5136. Басқа банктерден тартылған мерзімді салым құнын оң түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерден тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктен тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5137. Басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктерден тартылған шартты салымның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам басқа банктен тартылған шартты салымның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5138. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5139. Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша (бір жылдан астам) сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір жылдан астам мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5140. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5141. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойыншасыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5142. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған мерзімді салым құнын оң түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5143. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қабылдаған салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қабылдаған салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5144. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5151. Бас офиспен есеп айырысулар бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Филиалдардың бас офиспен есеп айырысулары бойынша шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша филиалдардың бас офиспен есеп айырысулары бойынша шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5152. Жергілікті филиалдармен есеп айырысулар бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Бас офистің жергілікті филиалдарымен есеп айырысулары бойынша шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бас офистің жергілікті филиалмен есеп айырысулары бойынша шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5153. Шетелдік филиалдармен есеп айырысулар бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Бас офистің шетелдік филиалдармен есеп айырысулары бойынша шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бас офистің шетелдік филиалмен есеп айырысулары бойынша шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5201. Мемлекеттік бюджеттің ақшасы бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің ақшасы бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша мемлекеттік бюджеттің ақшасы бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5203. Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің банктік салым шарты бойынша ашылған ағымдағы шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің ағымдағы шоты бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5204. Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша сыйақыны төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5211. Клиенттердің талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылданған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылднаған талап етілмелі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5212. Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5215. Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден қоса алғанда бір жылға дейінгі мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылданған қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5216. Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден қабылданған, тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерден қабылданған, тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5217. Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден бір жылдан артық мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылданған ұзақ мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5218. Клиенттердің жинақ салымдары бойынша (бір жылдан аспайтын) сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден бір жылдан аспайтын мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5219. Клиенттердің шартты салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылданған шартты салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5220. Клиенттердің жинақ салымдары бойынша (бір жылдан астам) сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден бір жылдан астам мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5222. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардан қабылданған салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша арнайы мақсаттағы еншілес ұйымнан қабылданған салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5223. Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден қабылданған және олардың міндеттемелерін (кепілдік, ипотека) қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылданған және олардың міндеттемелерін (кепілдік, ипотека) қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5224. Клиенттердің талап етілмелі салымдары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылданған талап етілмелі салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша талап етілмелі салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5225. Клиенттермен жүргізілетін басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттермен жүргізілетін басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттермен жүргізілетін басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5226. Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылданған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5227. Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша пайыздық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Жалдау бойынша міндеттемелеріне байланысты пайыздық шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалдау бойынша міндеттемелеріне байланысты пайыздық шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жалдау міндеттемелері бойынша келтірілген пайыздық шығыстар № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5228. Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Корреспонденттік шотта ақшаның болмауынан немесе жеткіліксіз болуынан мерзімінде орындалмаған клиенттердің нұсқаулары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша корреспонденттік шотта ақшаның болмауынан немесе жеткіліксіз болуынан мерзімінде орындалмаған клиенттердің нұсқаулары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5229. Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5230. Қабылданған салымдар бойынша комиссиялық сыйақы.

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдар бойынша комиссиялық сыйақы сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған салымдар бойынша комиссиялық сыйақы сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5232. Клиенттерге берілген заемның құнын теріс түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам клиенттерге берілген заемның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған өтеу мерзімі бір жылдан астам клиентке берілген заемның есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5233. Клиенттерден тартылған мерзімді салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған өтеу мерзімі бір жылдан астам клиенттерден тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған өтеу мерзімі бір жылдан астам клиенттен тартылған мерзімді салымның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5234. Клиенттерден тартылған шартты салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам клиенттерден тартылған шартты салымның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша осы салымның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған, өтеу мерзімі бір жылдан астам клиенттен тартылған шартты салымның есепті (баланстық) құнын оң түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5235. Есепке алынған вексельдер бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Есепке алынған вексельдер бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша есепке алынған вексельдер бойыншасыйлықақыны амортизациялауға байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5236. Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған салымдар бойыншадисконтты амортизациялауға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерден тартылған салымдар бойыншадисконтты амортизациялауға байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5237. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдарды шығару және (немесе) қайта жіктеу кезінде теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын заемдарды есептен шығару және (немесе) қайта жіктеу кезінде теріс қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5240. Клиенттерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылатын пайыздық кірістерді түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылатын пайыздық кірістерді түзету түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерге берілген қарыздар бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі деп танылатын пайыздық кірістерді түзету түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5241. Клиенттерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша берілген қарыздарды түзету түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар және (немесе) клиенттерге пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша берілген қарыздарды бастапқы тану кезінде туындайтын шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерге берілген қарыздарды модификациялауға байланысты жалпы баланстық құнын түзету түріндегі шығыстар және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша клиенттерге берілген қарыздарды бастапқы тану кезінде туындайтын шығыстар сомасы алынған қарыздар бойынша тиісті дисконттар (сыйлықақылар) шоттарымен байланыстыра отырып жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5250. Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: бағалы қағаздармен "РЕПО", "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен "РЕПО", "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5260. "кері РЕПО" операциялары бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару жөніндегі міндеттемені қайта бағалаудан болған шығыстар.

      Мақсаты: "кері РЕПО" операциясы бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару жөніндегі міндеттемені теріс қайта бағалаудан болған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша "кері РЕПО" операциясы бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару жөніндегі міндеттемені теріс қайта бағалаудан болған шығыстардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5301. Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5303. Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарған басқа да бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5305. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян ақылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян ақылы есепке алынатын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян ақылы есепке алынатын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5306. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ұшыраған шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5307. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойыншадисконтты амортизациялауға байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5308. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шот дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ұшыраған шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5309. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ұшыраған шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5401. Өтеу мерзімі бес жылдан аз, реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Өтеу мерзімі бес жылдан аз, реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5402. Өтеу мерзімі бес жылдан астам, реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Өтеу мерзімі бес жылдан астам, реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты келтірілген шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5403. Реттелген борыш бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Реттелген борыш бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша реттелген борыш бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ұшыраған шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5404. Айналысқа шығарылған, реттелген облигациялар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5406. Реттелген облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5407. Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5451. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5452. Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5453. Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5455. Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5456. Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5457. Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5458. Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5459. Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5461. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5462. Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5464. Бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша сатып алынған бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5465. Шартты міндеттемелер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шартты міндеттемелер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арнғалған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шартты міндеттемелер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5468. Бағалау міндеттемелерін қалыптастыру шығыстары.

      Шоттың мақсаты: Бағалау міндеттемелерін қалыптастыруға жұмсалған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалау міндеттемелерін қалыптастыруға жұмсалған шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5469. Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5510. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5530. Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5540. Қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша шығыстар.

      Мақсаты: Аффинирленген қымбат металдардың баланстық құнын есептен шығарудан болатын шығыстардың және (немесе) қаржы құралдары ретінде жіктелген аффинирленген қымбат металдарды сатып алу-сатудан болатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған аффинирленген қымбат металдардың баланстық құнын есептен шығарудан болатын шығыстардың және (немесе) қаржы құралдары ретінде жіктелген аффинирленген қымбат металдарды сатып алу-сатудан болатын шығыстардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстарды № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5560. Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалаудың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5570. Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасы бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5580. Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5590. Қаржы фьючерстерін қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қаржы фьючерстерін теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қаржы фьючерстерін теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5591. Опцион операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Опцион операцияларын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша опцион операцияларын теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5593. Своп операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Своп операцияларын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша своп операцияларын теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5594. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5601. Аударым операциялары бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Аударым операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша аударым операциялары бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5602. Алынған агенттік қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының сақтандыру резидент-ұйымдарының атынан агенттік қызмет көрсетулер бойынша, оның ішінде сақтандыру полистерін (сақтандыру шарттарын жасау) сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру резидент-ұйымдарының атынан агенттік қызмет көрсетулер бойынша, оның ішінде сақтандыру полистерін (сақтандыру шарттарын жасау) сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5603. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5604. Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5605. Сенімгерлік операциялар бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік операциялар бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік операциялар бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5606. Кепілдіктер бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Кепілдіктер бойынша комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша кепілдіктер бойынша комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5607. Клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ұшыраған шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5608. Басқа да комиссиялық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Көрсетілген басқа да қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша көрсетілген басқа да қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5609. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша комиссиялық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша көрсетілген қызмет көрсетулер бойынша комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5610. Құжаттық есеп айырысулар бойынша комиссиялық кірістер.

      Шоттың мақсаты: Құжаттық есеп айырысулар бойынша комиссиялық кірістер сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша құжаттық есеп айырысулар бойынша комиссиялық кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ұшыраған шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5611. Кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша кассалық операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ұшыраған шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5703. Шетел валютасын қайта бағалаудан болған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын теріс қайта бағалаудан (бағамдық айырмасынан) шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5704. Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Тазартылған бағалы металдардың әділ құнын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған бағалы металдардың әділ құнын теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сомаларды № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5705. Заемдардың валюталық баламасын белгілей отырып, теңгедегі заемдарды қайта бағалаудан болатын шығыс.

      Шоттың мақсаты: Заемдардың валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерге берілген заемдарды теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) сомаларын және (немесе) басқа банктерден тартылған заемдарды оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша заемдардың валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерге берілген заемдарды теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) және (немесе) басқа банктерден тартылған заемдарды оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыс сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5708. Салымдардың валюталық баламасын белгілей отырып, теңгедегі салымдарды қайта бағалаудан болатын шығыс.

      Шоттың мақсаты: Валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерде орналастырылған салымдарды теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) және (немесе) басқа банктерден тартылған салымдарды оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерде орналастырылған салымдарды теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) және (немесе) басқа банктерден тартылған салымдарды оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыс сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5709. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын өзгертуден болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сомаларды № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5710. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5711. Негізгі құралдардың және пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: № 3540 баланстық шотындағы негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану құқығы нысанындағы активтерді қайта бағалаудың жинақталған резерві жоқ немесе жеткіліксіз негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздануынан болатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша № 3540 баланстық шотындағы негізгі құралдарды қайта бағалаудың жинақталған резерві жоқ немесе жеткіліксіз негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5712. Материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Материалдық емес активтердің құнсыздануынанболатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5713. Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздануынан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздануынан болатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздануынан болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5714. Гудвилдің құнсыздануынан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Гудвилдің құнсыздануынан болатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша гудвилдің құнсыздануынан болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5715. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ұшыраған шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5721. Еңбек ақы төлеу бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5722. Әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдар және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары.

      Шоттың мақсаты: Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдардың, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасын есепке алу

      Шоттың дебеті бойынша әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдарды және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуға байланысты шығыс сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша № 4999 баланстық шотқа келтірілген шығыс сомасын есептен шығару жазылады.

      5729. Басқа да төлемдер.

      Шоттың мақсаты: Басқа да төлемдердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да төлемдердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5732. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5733. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын борыштық бағалы қағаздарды қайта жіктеу және (немесе) есептен шыққан кезде теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын борыштық бағалы қағаздарды қайта жіктеу және (немесе) есептен шыққан кезде теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5734. Басқа да қайта бағалаудан шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шығыстардың басқа баланс шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес активтерді теріс қайта бағалау және (немесе) шығыстардың басқа баланс шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес міндеттемелерді оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстардың басқа баланс шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес активтерді теріс қайта бағалау және (немесе) шығыстардың басқа баланс шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес міндеттемелерді оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5741. Көлік шығыстары.

      Шоттың мақсаты: Көлік шығыстарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша көлік шығыстарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5742. Әкімшілік шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Әкімшілік шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әкімшілік шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5743. Инкассациялауға шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Инкассациялауға шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инкассациялауға шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5744. Жөндеуге шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Жөндеуге шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жөндеуге шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5745. Жарнамаға шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Жарнамаға шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жарнамаға шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5746. Күзетке және дабылға шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Күзет және дабылға шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша күзет және дабылға шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5747. Өкілдік шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Өкілдік шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша өкілдік шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5748. Басқа да жалпышаруашылық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа да жалпышаруашылық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша өзге жалпышаруашылық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5749. Қызметтік іссапарларға шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қызметкерлердің қызметтік іссапарларына шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қызметкерлердің қызметтік іссапарларына шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5750. Аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша сомалар жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5752. Сақтандыру бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Сақтандыру бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сақтандыру қызметін сатып алу бойынша шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5753. Байланыс қызметі бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Байланыс қызметі бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша байланыс қызметін сатып алу бойынша шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5754. "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына жарналар түріндегі шығыстар.

      Шоттың мақсаты: "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды жүзеге асыру бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше

      жарналарды жүзеге асыру бойынша шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5761. Қосылған құн салығы.

      Шоттың мақсаты: Шығыстарға жататын қосылған құн салығы сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстарға жататын қосылған құн салығы сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5763. Әлеуметтік салық.

      Шоттың мақсаты: Шығыстарға жататын әлеуметтік салық сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстарға жататын әлеуметтік салық сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5764. Жер салығы.

      Шоттың мақсаты: Шығыстарға жататын жер салығының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстарға жататын жер салығының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5765. Заңды тұлғалардың мүлік салығы.

      Шоттың мақсаты: Шығыстарға жататын заңды тұлғалардың мүлік салығының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстарға жататын заңды тұлғалардың мүлік салығының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5766. Көлік құралдары салығы.

      Шоттың мақсаты: Шығыстарға жататын көлік құралдары салығының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстарға жататын көлік құралдары салығының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5767. Аукциондардан алынатын алым.

      Шоттың мақсаты: Шығыстарға жататын аукциондардан алынатын алым сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстарға жататын аукциондардан алынатын алым сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5768. Басқа да салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер.

      Шоттың мақсаты: Шығыстарға жататын басқа да салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстарға жататын басқа да салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5781. Үйлер мен ғимараттарды амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Үйлер мен ғимараттарды амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша үйлер мен ғимараттарды амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5782. Компьютер жабдығын амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Компьютер жабдығын амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша компьютер жабдығын амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5783. Басқа да негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа да негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5784. Пайдалану құқығы нысанындағы активтерді амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Пайдалану құқығы нысанындағы активтерді амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтерді амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5785. Жалға беруге арналған негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Жалға беруге арналған негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалға беруге арналған негізгі құралдарды амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5786. Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындарды амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындарды амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындарды амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5787. Көлік құралдарын амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Көлік құралдарын амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша көлік құралдарын амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5788. Материалдық емес активтерді амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Материалдық емес активтерді амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша материалдық емес активтерді амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5851. Еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларын сатуданболатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларын сатудан болатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша еншілес немесе қауымдасқан ұйымдардың акцияларын сатудан болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5852. Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатудан болатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатудан болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5853. Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және қорларды өтеусіз беруден болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және қорларды өтеусіз беруден шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және қорларды өтеусіз беруден шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5854. Қорларды сатудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қорларды сатудан болатын шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша қорларды сатудан болатын шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ұшыраған шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5856. Басқа да инвестицияларды сатудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Еншілес және қауымдасқан ұйымдар болып табылмайтын ұйымдарға салынған басқа да инвестицияларды сатуданболатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша еншілес және қауымдасқан ұйымдар болып табылмайтын ұйымдарға салған басқа да инвестицияларды сатудан болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5857. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді сатудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді сатудан болатын шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5871. Еншілес ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Еншілес ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша еншілес ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5872. Қауымдасқан ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қауымдасқан ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қауымдасқан ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің өзгеруіне байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5891. Фьючерс операциялары бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Фьючерс операциялары бойынша келтірген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша фьючерс операциялары бойынша келтірген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5892. Форфард операциялары бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Форфард операциялары бойынша келтірген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша форфард операциялары бойынша келтірген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5893. Опцион операциялары бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Опцион операциялары бойынша келтірген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша опцион операциялары бойынша келтірген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5895. Своп операциялары бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Своп операциялары бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша своп операциялары бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5896. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша шығыстар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5897. Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5900. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл).

      Шоттың мақсаты: Тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5921. Банктік қызметтен болатын басқа да шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шығыстардың баланстық шоттар бойынша жүргізілуі мүмкін емес банк қызметінен өзге шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстардың баланстық шоттар бойынша жүргізілуі мүмкін емес Банктік қызметтен болатын басқа да шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5922. Негізгі емес қызметтен болатын басқа да шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шығыстардың басқа баланстық шоттар бойынша жүргізілуі мүмкін емес негізгі емес қызметтен болатын басқа да шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстардың басқа баланстық шоттар бойынша жүргізілуі мүмкін емес негізгі емес қызметтен болатын басқа да шығыстардың сомалары көрсетіледі.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5923. Жалдау бойынша шығыстар.

      Шоттың шоттары: Жалдау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалдау бойынша шығыстар сомалары жүргізіледі.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5924. Акцепттерден болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Вексельдердің акцепті бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша вексельдердің акцепті бойынша шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5925. Алынған кепілдіктер бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер шығыстарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер шығыстарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5926. Артықшылықты акциялар бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Эмитенттің белгіленген немесе болашақта айқындалатын күні белгіленген немесе айқындалатын сома бойынша міндетті өтеуі көзделетін артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5999. Корпоративтік табыс салығы (актив-пассив).

      Шоттың мақсаты: Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бюджетке төленуге тиісті корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар сомасы, кейінге қалдырылған салық міндеттемесінің сомасын тану, кейінге қалдырылған салық активінің сомаларын тануды тоқтату жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотпен сальдолау кезінде оларды есептен шығару, кейінге қалдырылған салық активінің сомаларын тану, кейінге қалдырылған салық міндеттемесінің сомаларын тануды тоқтату жазылады.

2-параграф. Баланстан тыс шоттар

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 2-параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 63 (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2017 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 81 (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6005. Шығарылған жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттер өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамаған жағдайда оларға шығарылған, жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерге шығарылған, жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге шығарылған, жабылмаған аккредитивтер бойынша аккредитивті орындау немесе оның күшін жою кезіндегі ықтимал талаптарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      6010. Расталған жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге расталған, жабылмаған аккредитивтер бойынша басқа банктердің шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайдағы ықтимал талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге расталған жабылмаған аккредитивтер бойынша аккредитивті орындау немесе банктің оның күшін жою кезіндегі ықтимал талаптарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      6020. Шығарылған жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге шығарылған, жабылған аккредитивтер бойынша басқа банктердің өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамаған жағдайда ықтимал талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке жабылған, аккредитивтер бойынша ықтимал талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке шығарылған, жабылған аккредитивтер бойынша аккредитивті орындау немесе оның күшін жою кезінде ықтимал талаптарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      6025. Расталған жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиент өзінің шарттық міндеттемелерін орындамаған жағдайда аккредитивпен жабылған расталғандар бойынша клиентке ықтимал талаптар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша аккредитивпен жабылған расталғандар бойынша клиентке ықтимал талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша аккредитив орындалған немесе жойылған кезде аккредитивпен жабылған расталғандар бойынша клиентке ықтимал талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6030. Бенефициар банктің орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптары (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктер өздерінің шарттық қатынастарын орындамаған жағдайда бенефициар банктің басқа банктерге орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бенефициар банктің басқа банктерге орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша аккредитивті орындау немесе жою кезінде бенефициар банктің басқа банктерге орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      6040. Рамбурстаушы банктің эмитент банкке қойылатын ықтимал талаптары (актив).

      Шоттың мақсаты: Рамбурстаушы банктің эмитент банкке қойылатын ықтимал талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша рамбурстаушы банктің эмитент банкке қойылатын ықтимал талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша рамбурстаушы банктің эмитент банкке қоятын ықтимал талаптарының сомалары ақшаны өтеу жөніндегі міндеттемелерді рамбурстаушы банк орындаған жағдайда есептен шығару жазылады.

      6055. Берілген немесе расталған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге немесе клиенттерге банк берген немесе растаған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке немесе клиентке банк шығарған немесе растаған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке немесе клиентке шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша оларды жою кезінде ықтимал талаптарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      6075. Қабылданған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: қабылданған кепілдіктер бойынша басқа банктерге немесе клиенттерге қойылуы мүмкін талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған кепілдіктер бойынша басқа банктерге немесе клиенттерге қойылуы мүмкін талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша қабылданған кепілдіктер бойынша басқа банктерге немесе клиенттерге қойылуы мүмкін талаптардың сомаларын жүргізілген қайта бағалау нәтижелері бойынша олар жойылған және (немесе) құны азайтылған кезде есептен шығару жазылады.

      6080. Форфейтинг операциялары бойынша борышкерге қойылатын талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Форфейтинг операциялары бойынша борышкерге қойылатын шартты талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша форфейтинг операциялары бойынша борышкерге қойылатын шартты талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша форфейтинг операциялары бойынша борышкерге қойылатын шартты талаптарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      6105. Орналастырылатын салымдар бойынша болашақ талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге болашақта орналастырылуы тиіс салымдар бойынша болашақ талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерге болашақта орналастырылуы тиіс салымдар бойынша болашақ талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге салымдар бойынша оларды салу кезіндегі болашақ талаптарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      6125. Болашақта берілетін, қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақта берілетін және қайтарып алынбайтын болып табылатын заемдар бойынша (банктің өз қалауы бойынша айтарлықтай айыппұл санкцияларының немесе шығыстардың туындау тәуекелінсіз қайтарылып алынбайды) басқа банктерге немесе клиенттерге қойылатын шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша болашақта берілетін қайтарып алынбайтын заемдар бойынша басқа банкке немесе клиентке қойылатын шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша қайтарып алынбайтын заемдар бойынша оларды беру кезінде басқа банкке немесе клиентке қойылатын шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6126. Болашақта берілетін, қайтарып алынатын заемдар бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақта берілетін және қайтарып алынатын болып табылатын заемдар бойынша (банктің өз қалауы бойынша заемшының қаржылық жағдайына байланысты емес немесе заем қаражатын мақсатқа сай емес пайдалану себептері бойынша қайтарылып алынады) басқа банктерге немесе клиенттерге қойылатын шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша болашақта берілетін заемдар бойынша басқа банкке немесе клиентке қойылатын шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша қайтарып алынатын заемдар бойынша оларды беру кезінде басқа банкке немесе клиентке қойылатын шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6130. Клиенттердің жылжымайтын салымдары (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің "жылжымайтын салымдары" бойынша ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің "жылжымайтын салымдары" бойынша ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттің "жылжымайтын салымдары" бойынша ақша сомалары олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      6155. Болашақта салымдар алу бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге немесе заңды тұлғаларға болашақта алуға тиісті салымдар бойынша шартты талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке немесе заңды тұлғаларға болашақта алуға тиісті салымдар бойынша шартты талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке салымдарды алу кезіндегі олар бойынша шартты талаптарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      6175. Болашақта заемдар алу бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге немесе клиенттерге болашақта алуға тиісті заемдар бойынша шартты талаптарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке немесе клиентке болашақта алуға тиісті заемдар бойынша шартты талаптарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке немесе клиентке заемдарды алу кезінде олар бойынша шартты талаптарының сомаларын есептен шығару жазылады.

      6177. Берілген заемдар бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Талап ету құқығы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген клиенттерге ұсынылған заемдар бойынша оларға қойылатын шартты талаптардың сомасын есепке алу

      Шот дебеті бойынша талап ету құқығы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген клиенттерге ұсынылған заемдар бойынша оларға қойылатын шартты талаптардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша банктер берілген қарыздарды кері сатып алған не клиент заемдарды өтеген жағдайда, ұсынылған заемдар бойынша клиенттерге қойылған шартты талаптардың сомасын есептен шығару жазылады.

      6180. Вексельдер бойынша ықтимал талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиентке немесе акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельмен міндетті басқа тұлғаларға ықтимал талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке немесе акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельмен міндетті басқа тұлғаларға ықтимал талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиентке немесе акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельмен міндетті басқа тұлғаларға оларды жою немесе өтеу кезіндегі ықтимал талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6205. Бағалы қағаздар сатып алу бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды болашақта сатып алу бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздарды болашақта сатып алу бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу кезінде олар бойынша шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6210. Фьючерс операциялары бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Фьючерс операциялары бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша фьючерс операциясы бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша фьючерс операциясы бойынша шартты талаптардың сомаларын осы операция бойынша ашық позицияны жабу кезінде есептен шығару жазылады.

      6225. Сатып алынған опцион операциялары - "колл/пут" бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Сатып алынған опцион операциялары - "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған опцион операциясы – "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған опцион операциясы - "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомаларын ашық позицияны жабу және (немесе) сатып алынған опционды орындау кезінде есептен шығару жазылады.

      6230. Болашақ сыйақы туралы сатып алынған келісім - қарсы шот (актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақ сыйақы туралы сатып алынған келісім бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша болашақ сыйақы туралы сатып алынған келісім бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болашақ сыйақы туралы сатып алынған келісім бойынша шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6240. Пайыздық своп (актив).

      Шоттың мақсаты: Пайыздық своп операциялары бойынша номиналдың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша пайыздық своп операциясы бойынша номиналдың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша пайыздық своп операциясы бойынша номиналдың сомалары операцияның мерзімі өткен немесе жабылған кезінде есептен шығару жазылады.

      6305. Бағалы қағаздарды сату бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды болашақта сату бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздарды болашақта сату бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сату кезінде олар бойынша шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6325. Сатылған опцион операциялары - "колл/пут" - бойынша шартты талаптар - қарсы шот (актив).

      Шоттың мақсаты: Сатылған опцион операциялары - "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатылған опцион операциясы – "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатылған опцион операциясы - "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомаларын ашық позицияны жабу және/немесе сатылған опционды орындау кезінде есептен шығару жазылады.

      6330. Болашақ сыйақы туралы іске асырылған келісім (актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақ сыйақы туралы іске асырылған келісім бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақ сыйақы туралы іске асырылған келісім бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша болашақ сыйақы туралы іске асырылған келісім бойынша шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6350. Басқа туынды қаржы құралдары бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа туынды қаржы құралдары бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа туынды қаржы құралдары бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша осы мәмілелерді орындау немесе күшін жою кезінде басқа туынды қаржы құралдары бойынша шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6405. Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын болашақта сатып алу-сату бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын болашақта сатып алу-сату бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасын алу кезінде ол бойынша шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6415. Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша шартты талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдарды болашақта сатып алу-сату бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған қымбат металдарды болашақта сатып алу-сату бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдарды алу кезінде олар бойынша шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6505. Шығарылған жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттер өздерінің шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда басқа банктер алдындағы расталған, жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банк алдындағы жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша аккредитивті орындау немесе оның күшін жою кезінде басқа банк алдындағы жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6510. Расталған жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттер өздерінің шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда басқа банктер алдындағы расталған, жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиент алдындағы расталған, жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша аккредитивті орындау немесе оның күшін жою кезінде клиент алдындағы жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6520. Шығарылған жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктің басқа банктер шарттық міндеттемелерін орындамаған жағдайда олардың алдындағы шығарылған, жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиент алдындағы шығарылған, жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша аккредитивті орындау немесе оның күшін жою кезінде клиент алдындағы шығарылған, жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6525. Расталған жабылған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттер өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамаған жағдайда жабылған, расталған аккредитивтер бойынша басқа банктер алдындағы ықтимал міндеттемелер сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жабылған, расталған аккредитивтер бойынша басқа банктер алдындағы ықтимал міндеттемелер сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша аккредитив орындалған немесе жойылған кезде жабылған, расталған аккредитивтер бойынша басқа банктер алдындағы ықтимал міндеттемелер сомаларын есептен шығару жазылады.

      6530. Бенефициар банктің жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелері (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктер өздерінің шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда бенефициар банктің клиенттер алдындағы орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бенефициар банктің клиенттер алдындағы орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша аккредитивті орындау немесе күшін жою кезінде бенефициар банктің клиенттер алдындағы орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6540. Рамбурстау бойынша ықтимал міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Рамбурстаушы банктің орындаушы банк алдындағы ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ақшалай өтеу жөніндегі міндеттемелер қабылданған кезде рамбурстаушы банктің орындаушы банк алдындағы ықтимал міндеттемелерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша ақшалай өтеу жөніндегі міндеттемені орындау кезінде рамбурстаушы банктің орындаушы банк алдындағы ықтимал міндеттемелерінің сомалары есептен шығару жазылады.

      6555. Берілген немесе расталған кепілдіктер бойынша ықтимал міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктер немесе клиенттер алдындағы берілген немесе расталған кепілдіктер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банк немесе клиент алдындағы берілген немесе расталған кепілдіктер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кепілдіктерді орындау немесе оның күшін жою кезінде басқа банк немесе клиент алдындағы берілген немесе расталған кепілдіктер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6575. Қабылданған кепілдіктер бойынша талаптардың ықтимал азаюы (пассив).

      Шоттың мақсаты: қабылданған кепілдіктер бойынша басқа банктерге немесе клиенттерге қойылатын талаптарды ықтимал азайту сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған кепілдіктер бойынша басқа банктерге немесе клиенттерге қойылатын талаптарды ықтимал азайту сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша қабылданған кепілдіктер бойынша басқа банктерге немесе клиенттерге қойылатын талаптарды ықтимал азайту сомаларын жүргізілген қайта бағалау нәтижелері бойынша олар жойылған және (немесе) құны азайтылған кезде есептен шығару жазылады.

      6580. Форфейтинг операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Форфейтинг операциялары бойынша шартты міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша форфейтинг операциялары бойынша шартты міндеттемелерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша форфейтинг операциялары бойынша шартты міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6605. Болашақта салымдар орналастыру бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктер алдындағы орналасуға тиісті салымдар бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банк алдындағы орналасуға тиісті салымдар бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша салымдарды орналастыру кезінде салымдар бойынша басқа банк алдындағы шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6625. Болашақта берілетін, қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Болашақта берілетін және қайтарып алынбайтын болып табылатын заемдар бойынша басқа банктердің (банктің қалауы бойынша айтарлықтай айыппұл санкцияларының немесе шығыстардың туындау тәуекелінсіз қайтарылып алынбайды) немесе клиенттердің алдындағы шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақта берілетін, қайтарып алынбайтын заемдар бойынша басқа банктің немесе клиенттің алдындағы шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қайтарып алынбайтын заемдар бойынша оларды беру кезінде басқа банктің немесе клиенттің алдындағы шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6626. Болашақта берілетін, қайтарып алынатын заемдар бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Болашақта берілетін және қайтарып алынатын болып табылатын заемдар бойынша басқа банктердің (банктің қалауы бойынша заемшының қаржылық жағдайына байланысты емес немесе заем қаражатын мақсатқа сай емес пайдалану себептері бойынша қайтарылып алынбайды) немесе клиенттердің алдындағы шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақта берілетін, қайтарылып алынатын заемдар бойынша басқа банктің немесе клиенттің алдындағы шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қайтарып алынатын заемдар бойынша оларды беру кезінде басқа банктің немесе клиенттің алдындағы шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6630. Клиенттердің жылжымайтын салымдары бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: "жылжымайтын салымдар" бойынша ақша төлемдері бойынша клиенттердің алдындағы міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша "жылжымайтын салымдар" бойынша ақша төлемдері бойынша клиенттердің алдындағы міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиент ақша төлеген кезде "жылжымайтын салымдар" бойынша міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6655. Алынатын салымдар бойынша болашақ міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктер немесе заңды тұлғалар алдындағы болашақта алуға тиісті салымдар бойынша болашақ міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банк немесе заңды тұлғалар алдындағы болашақта алуға тиісті салымдар бойынша болашақ міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банк алдындағы салымдар бойынша оларды алу кезіндегі болашақ міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6675. Алынатын заемдар бойынша болашақ міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Болашақта алуға тиісті заемдар бойынша басқа банктер немесе клиенттер алдындағы болашақ міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақта алуға тиісті заемдар бойынша басқа банк немесе клиент алдындағы болашақ міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банк немесе клиент алдындағы заемдар бойынша оларды алу кезінде болашақ міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6677. Берілген заемдар бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген, талап ету құқықтары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарына берілген заемдар бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының алдындағы шартты талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген, талап ету құқықтары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарына берілген заемдар бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының алдындағы шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерге берілген заемдар бойынша, оларды банк кері сатып алған не заемдарды клиент өтеген жағдайда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының алдындағы шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6680. Вексельдер бойынша ықтимал міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Вексель ұстаушылар алдындағы акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельдер бойынша ықтимал міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша вексель ұстаушылар алдындағы акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельдер бойынша ықтимал міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша вексель ұстаушылар алдындағы акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельдер бойынша оларды жою немесе өтеу кезіндегі ықтимал міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6705. Бағалы қағаздарды сатып алу бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды болашақта сатып алу бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды болашақта сатып алу бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар бойынша оларды алу кезінде шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6710. Фьючерс операциялары бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Фьючерс операциялары бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша фьючерс операциясы бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша фьючерс операциясы бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын осы операция бойынша ашық позицияны жабу кезінде есептен шығару жазылады.

      6725. Сатып алынған опцион операциялары - "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелер – қарсы шот (пассив).

      Шоттың мақсаты: Сатып алынған опцион операциялары - "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған опцион операциясы - "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған опцион операциясы - "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын ашық позицияны жабу және (немесе) сатып алынған опционды орындау кезінде есептен шығару жазылады.

      6730. Болашақ сыйақы туралы сатып алынған келісім (пассив).

      Шоттың мақсаты: Болашақ сыйақы туралы сатып алынған келісім бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақ сыйақы туралы сатып алынған келісім бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша болашақ сыйақы туралы сатып алынған келісім бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6740. Пайыздық своп (пассив).

      Шоттың мақсаты: пайыздық своп операциялары бойынша номиналдың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша пайыздық своп операциясы бойынша номиналдың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша пайыздық своп операциясы бойынша номиналдың сомалары операцияның мерзімі өткен немесе операция жабылған кезде есептен шығару жазылады.

      6805. Бағалы қағаздарды сату бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздарды болашақта сату бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды болашақта сату бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздарды сату кезінде олар бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6825. Сатылған опцион операциялары - "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Сатылған опцион операциялары - "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сатылған опцион операциясы – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сатылған опцион операциясы – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомалары ашық позицияны жабу және (немесе) сатылған опционды орындау кезінде есептен шығару жазылады.

      6830. Болашақ сыйақы туралы іске асырылған келісім - қарсы шот (пассив).

      Шоттың мақсаты: Болашақ сыйақы туралы іске асырылған келісім бойынша шартты міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақ сыйақы туралы іске асырылған келісім бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша болашақ сыйақы туралы іске асырылған келісім бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6850. Басқа да туынды қаржы құралдары бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды құралдар бойынша шартты міндеттемелер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды құралдар бойынша шартты міндеттемелер сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды құралдар бойынша шартты міндеттемелер сомалары осы мәмілелер орындалған немесе күші жойылған кезде есептен шығару жазылады.

      6905. Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасын болашақта сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасын беру кезіндегі ол бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын болашақта сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6915. Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдарды болашақта сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдарды болашақта сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған қымбат металдарды беру кезінде олар бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      6996. Басқа да активтермен мәмілелер бойынша позиция (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақта алынатын немесе берілетін басқа да активтері бар туынды қаржы құралдары бойынша шартты талаптар мен шартты міндеттемелер позицияларының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақта алынатын басқа да активтердің құны, сондай-ақ басқа да активтердің құны оларды беру кезінде жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да активтердің құнын оларды беру кезінде, сондай-ақ болашақта берілетін басқа да активтердің құнын есептен шығару жазылады.

      6997. Бағалы қағаздарымен мәмілелер бойынша позиция (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақта алынатын немесе берілетін бағалы қағаздармен туынды қаржы құралдары бойынша шартты талаптар және шартты міндеттемелер позициясының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақта алынатын қаржылық активтердің құны, сондай-ақ қаржылық активтерді беру кезінде олардың құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қаржылық активтерді алу кезінде оларды құнын, сондай-ақ болашақта берілетін қаржылық активтердің құнын есептен шығару жазылады.

      6998. Тазартылған қымбат металдармен мәмілелер бойынша позиция (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Болашақта алынуға тиісті тазартылған қымбат металдармен мәмілелер бойынша позицияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақта алынуға тиісті тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған қымбат металдарды алу кезінде олардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      6999. Шетел валютасымен мәмілелер бойынша позиция (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасымен мәмілелер бойынша позицияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақта шетел валютасымен алынуға тиісті ақшаның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасындағы ақшаны алу кезінде сомаларын есептен шығару жазылады.

      7110. Жалға берілген үйлер, машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдар.

      Шоттың мақсаты: Жалға берілген үйлердің, машиналардың, жабдықтың, көлік және басқа құралдардың құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша үйлердің машиналардың, жабдықтың, көлік және басқа құралдардың жасалған шарттың негізінде жалға беру кезіндегі құны жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша үйлердің машиналардың, жабдықтың, көлік және басқа құралдарды жасалған шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына, тозуына байланысты істен шығуына немесе тозуына, пайдалану мүмкіндігінің бағасына қарай сатылуына және олардың құнының баланстан уақытынан бұрын есептен шығарылуына байланысты қайтару кезіндегі құны есептен шығару жазылады.

      7115. Төлемді бөліп-бөліп төлеу арқылы өткізілетін негізгі құралдар.

      Шоттың мақсаты: Төлемді бөліп-бөліп төлеу арқылы өткізілетін негізгі құралдар құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша төлемді бөліп-бөліп төлеу арқылы өткізілетін негізгі құралдар құны жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша клиенттен төлемді бөліп-бөліп төлеу арқылы өткізілетін негізгі құралдар бойынша оның берешегін өтеу есебінен түскен төлем сомалары жазылады немесе төлемді бөліп-бөліп төлеу арқылы өткізілетін негізгі құралдар құнын осы сатудың күші жойылған кезде есептен шығару жазылады.

      7150. Шетелдік операциялар бойынша инкассоға жіберілген құжаттар мен құндылықтар.

      Шоттың мақсаты: Шетелдік операциялар бойынша инкассоға жіберілген құжаттар мен құндылықтардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша шетелдік операциялар бойынша инкассоға жіберілген құжаттар мен құндылықтардың сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша шетелдік операциялар бойынша инкассоға жіберілген құжаттар мен құндылықтардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      7160. Міндеттемелерді қамтамасыз етуге (кепілге) берілген мүлік.

      Шоттың мақсаты: Міндеттемелерді қамтамасыз етуге (кепілге) берілген мүліктің (ақшаны қоспағанда) құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге (кепілге) берілген мүлік (ақшаны қоспағанда) құны жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша қамтамасыз етудің (кепілдің) құны оларды қайтарған немесе міндеттемелер орындалмаған жағдайда кепілге салынған мүлікті сату кезде есептен шығару жазылады.

      7220. Жалға алынған активтер.

      Шоттың мақсаты: Құны төмен активтерді жалдауға және қысқа мерзімді жалдауға байланысты болашақ шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша құны төмен активтерді жалдауға және қысқа мерзімді жалдауға байланысты болашақ шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша құны төмен активтерді жалдауға және қысқа мерзімді жалдауға байланысты болашақ шығыстардың жалпы сомасын оларды жасалған шарттың қолданыс мерзімі аяқталуына байланысты қайтарған немесе оларды кейіннен балансқа есепке алумен сатып алу кезінде есептен шығару жазылады.

      7240. Инкассоға қабылданған құжаттар мен құндылықтар.

      Шоттың мақсаты: Инкассоға қабылдаған құжаттар мен құндылықтардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша инкассоға қабылдаған құжаттар мен құндылықтардың сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша инкассоға қабылданған құжаттар мен құндылықтардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      7250. Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүлік.

      Шоттың мақсаты: Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүліктің (ақшаны қоспағанда) құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша кепіл туралы шарт жасау кезінде болған және (немесе) банктің ішкі құжаттарында белгіленген кезеңділікпен қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүліктің (ақшаны қоспағанда) құны жазылады, шоттың кірісі бойынша қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүліктің құнына оң қайта бағалау жүргізіледі.

      Шоттың шығысы бойынша ішкі құжаттарда белгіленген кезеңділікпен қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүліктің құнына теріс қайта бағалау немесе қамтамасыз етуге (кепілге) қабылданған мүлікті есептен шығару, сондай-ақ клиент міндеттемелерді орындамаған жағдайда оларды клиентке қайтару немесе кепілге салынған мүлікті сату кезінде жүргізіледі.

      7303. Мерзімінде төленбеген төлем құжаттары.

      Шоттың мақсаты: Ақша жіберушінің төлем құжаттарын орындауға қажетті ақшасының болмауынан немесе жеткіліксіз болуынан оларды картотекаға салумен байланысты мерзімінде орындамаған төлем құжаттарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша ақша жіберушінің төлем құжаттарын орындауға қажетті ақшасының болмауынан немесе жеткіліксіз болуынан оларды картотекаға салумен байланысты мерзімінде орындамаған төлем құжаттарының сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша төлем құжаттарын қайтару немесе орындау кезінде картотекаға салынған олардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      7320 Секьюритилендірілетін активтер.

      Шоттың мақсаты: Танудың тоқтатылуына байланысты баланстан есептен шығарылған секьюритилендірілетін активтердің құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша арнайы қаржы компаниясына өткізілген секьюритилендірілетін активтерді баланстан есептен шығару кезінде олардың құны жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша арнайы қаржы компаниясына өткізілген секьюритилендірілетін активтердің сомалары өтеу немесе кері сатып алу кезінде есептен шығару жазылады.

      7321. Қазақстан Республикасының ұйымдарына шет мемлекеттер мен шетелдік банктер ашқан кредиттік жолдар.

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының ұйымдарына шет мемлекеттер мен шетелдік банктер ашқан кредиттік жолдар лимитінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша Қазақстан Республикасының ұйымына шет мемлекет пен шетелдік банк ашқан кредиттік жолдар лимитінің сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша ашылған кредиттік жолдарды пайдалану немесе күшін жою кезінде олардың лимит сомаларын есептен шығару жазылады.

      7330. Агенттік келісімдер негізінде қызмет көрсетілетін заемдар.

      Шоттың мақсаты: Агент банктің мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген, агенттік келісімдер негізінде қызмет көрсетілетін заемдардың сомаларын есепке алуы.

      Шоттың кірісі бойынша мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген заемдарды заемшы өтеген кезде олардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      7331. Агенттік заемдар бойынша есептелген сыйақы.

      Шоттың мақсаты: Мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген заемдар есебінен қаржыландырылатын, агенттік келісімдер негізінде қызмет көрсетілетін инвестициялық жобалар шеңберінде берілген заемдар бойынша сыйақы сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген заемдар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде берілген заемдар бойынша сыйақы сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген заемдар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде берілген заемдар бойынша сыйақы сомаларын оларды заемшы өтеген кезде есептен шығару жазылады.

      7339. Әртүрлі құндылықтар мен құжаттар.

      Шоттың мақсаты: Келіп түскен кезде басқа баланстық шоттарда көрсетуге болмайтын әр түрлі құндылықтар мен құжаттарды есепке алу, сондай-ақ басқа шоттардан есептен шығарылған, бірақ мақсатқа сай берілмеген әртүрлі құндылықтар мен құжаттарды есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша әртүрлі құндылықтар мен құжаттар жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша мақсатқа сай жіберілу кезіндегі әр түрлі құндылықтар мен құжаттар есептен шығару жазылады.

      7342. Есебіне жіберілген және берілген әртүрлі құндылықтар мен құжаттар.

      Шоттың мақсаты: Есеппен жіберген және берген әртүрлі құндылықтар мен құжаттарды есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша құндылықтар мен құжаттар есепте тұрған шоттар бойынша шығысқа есептен шығара отырып жіберген немесе берген есептегі әртүрлі құндылықтар мен құжаттар жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша алынған растау негізінде мақсатқа сай түсу кезінде әртүрлі құндылықтар мен құжаттарды есептен шығару жазылады.

      7345. Сақтаудағы қымбат металдар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден сақтауға қабылдаған қымбат металдардың нақты санын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша клиенттен сақтауға қабылдаған қымбат металдардың нақты саны жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша қымбат металдарды иесінің тапсырмасымен сату немесе оларды қайтару кезінде нақты санын есептен шығару жазылады.

      7360. Клиенттердің акциялары және басқа бағалы қағаздары.

      Шоттың мақсаты: Клиенттің акцияларының және басқа бағалы қағаздарының номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша клиенттің акцияларының және басқа бағалы қағаздарының номиналдық құны жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша клиенттің акцияларының және басқа бағалы қағаздарының номиналдық құны оларды қайтару кезінде есептен шығару жазылады.

      7363. Клиенттердің кастодиандық қызмет көрсетудегі активтері.

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің кастодиандық қызмет көрсетудегі активтерінің құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша клиенттің кастодиандық қызмет көрсетудегі активтерінің құны жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша клиенттердің кастодиандық қызмет көрсетудегі активтерінің құнын оларды эмитенттің өтеуі, клиенттің өткізуі немесе алуы кезінде есептен шығару жазылады.

      7401. Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары.

      Шоттың мақсаты: Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомаларын оларды эмитент өтеген немесе оларды сатқан кезде есептен шығару жазылады.

      7403. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары.

      Шоттың мақсаты: Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомаларын оларды эмитент өтеген немесе оларды сатқан кезде есептен шығару жазылады.

      7404. Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар.

      Шоттың мақсаты: Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомаларын оларды эмитент өтеген немесе оларды сатқан кезде есептен шығару жазылады.

      7405. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары.

      Шоттың мақсаты: Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына орналастырылған ақшасының сомаларын оларды эмитент өтеген немесе оларды сатқан кезде есептен шығару жазылады.

      7406. Басқа банктердегі салымдар.

      Шоттың мақсаты: Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа банктердің салымдарына орналастырылған ақшасының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа банктің салымдарына орналастырылған ақшасының сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша басқа банктің салымдарына орналастырылған ақша сомаларын оларды өтеген кезде есептен шығару жазылады.

      7407. Басқа да зейнетақы активтері.

      Шоттың мақсаты: Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа да зейнетақы активтеріне орналастырылған ақшасының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа да зейнетақы активтеріне орналастырылған ақшасының сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша басқа да зейнетақы активтеріне орналастырылған ақша сомаларын оларды өтеген немесе сатқан кезде есептен шығару жазылады.

      7408. Зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы).

      Шоттың мақсаты: Зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      7409. Зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы).

      Шоттың мақсаты: Зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      7410. Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомалары олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      7411. Зейнетақы активтері орналастырылған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы).

      Шоттың мақсаты: Зейнетақы активтері орналастырылған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша зейнетақы активтері орналастырылған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша зейнетақы активтері орналастырылған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы) сомалары олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      7412. Зейнетақы активтері орналастырылған басқа банктердегі салымдар бойынша есептелген сыйақы.

      Шоттың мақсаты: Зейнетақы активтері орналастырылған басқа банктердегі салымдар бойынша есептелген сыйақы сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша зейнетақы активтері орналастырылған басқа банктердегі салымдар бойынша есептелген сыйақы сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша зейнетақы активтері орналастырылған басқа банктердегі салымдар бойынша есептелген сыйақы сомалары олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      7413. Зейнетақы активтері орналастырылған басқа да қаржылық активтер бойынша есептелген сыйақы.

      Шоттың мақсаты: Зейнетақы активтері орналастырылған басқа дақаржылық активтер бойынша есептелген сыйақы сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша зейнетақы активтері орналастырылған басқа да қаржылық активтер бойынша есептелген сыйақы сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша зейнетақы активтері орналастырылған басқа да қаржылық активтер бойынша есептелген сыйақы сомалары олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      7414. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен операциялар бойынша міндеттемелері.

      Шоттың мақсаты: Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен операциялар бойынша міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен операциялар бойынша міндеттемелерінің сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен операциялар бойынша міндеттемелерінің сомаларын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.

      7416. Зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары.

      Шоттың мақсаты: Операция ашылған күні кепіл ретінде алынған, болашақта бағалы қағаздарды сатушыға келісілген бағамен қайтару міндеттемесімен зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша операция ашылған күні зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша операцияны жабу немесе жою кезінде бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      7535. Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдардың сомалары олар өтелген немесе ипотекалық заемдарды кері сатып алу жағдайлары туындаған кезде есептен шығару жазылады.

      7536. Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдардың сомаларын оларды өтеу немесе кері сатып алу жағдайлары туындаған кезде есептен шығару жазылады.

      7542. Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша есептелген сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша сыйақы сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша сыйақы сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ипотекалық заемдарды өтеу кезінде немесе ипотекалық заемдарды кері сатып алу жағдайы туындаған кезде ипотекалық заемдар бойынша сыйақыны есептен шығару жазылады.

      7543. Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) (актив).

      Шоттың мақсаты: Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша төлеген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша төлеген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша төлеген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      7544. Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақы оларды өтеу немесе ипотекалық заемдарды кері сатып алу жағдайлары туындаған кезде есептен шығару жазылады.

      7601. Ақша (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттің сенімгерлік (инвестициялық) басқарудағы және(немесе) басқарушы ұйымның ұлттық және(немесе) шетел валютасындағы ағымдағы шоттарына келіп түскен және сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыруға арналған ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ұлттық және(немесе) шетел валютасында ашылған ағымдағы шотқа келіп түскен ақшасының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ұлттық және(немесе) шетел валютасында ашылған ағымдағы шоттағы ақшасының сомалары өзге активтерді сатып алу немесе оларды клиентке қайтару кезінде есептен шығару жазылады.

      7602. Тазартылған қымбат металдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында шарт бойынша түскен немесе басқарушы ұйым сатып алған тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында шарт бойынша түскен немесе басқарушы ұйым сатып алған тазартылған қымбат металдардың құны немесе оның тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау кезінде ұлғаюы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдардың құны оларды клиентке қайтару, оларды сату немесе оның тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау кезіндегі азаюы кезінде есептен шығару жазылады.

      7604. Орналастырылған салымдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда сенімгерлік (инвестициялық) басқаруға түскен ақша есебінен орналастырылған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдардың сомалары оларды қайтару кезінде есептен шығару жазылады.

      7610. Сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар, салымдар және өзге операциялар бойынша сыйақы (купон) түрінде есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша есептелген сыйақының (купонның) сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген сыйақының (купонның) сомалары оларды төлеу кезінде есептен шығару жазылады.

      7611. Басқа да талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын басқа да талаптардың (дебиторлық берешек) сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын басқа да талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да талаптардың сомаларын оларды өтеу немесе есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      7631. Төленетін шоттар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын, заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелердің сомаларын оларды өтеу немесе өзгеше есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      7632. Басқа да міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын заңды және жеке тұлғалардың алдындағы басқа да міндеттемелердің (кредиторлық берешек) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы басқа да міндеттемелердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелердің сомаларын оларды өтеу немесе өзгеше есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      7651. Капитал (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің есептік кезеңдегі таза активтерінің сомаларын есепке алу (түпкілікті қаржылық нәтиже).

      Шоттың кредиті бойынша есептік кезеңде сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын кірістердің сомалары № 7660 топтың тиісті баланстан тыс шоттарын жабу кезінде жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша есептік кезеңде сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындаған шығыстардың сомалары № 7680 топтың тиісті баланстан тыс шоттарын жабу кезінде жазылады.

      7661. Клиенттен активтердің түсуі.

      Шоттың мақсаты: Клиенттен сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында түскен активтердің құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында түскен активтердің құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің активтерінің құнын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7662. Сыйақы түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар, салымдар және өзге активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7663. Активтерді сатып алу-сату болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында түскен активтерді сатып алу-сату болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша активтерді сатып алу-сату болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7664. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Активтер құнының оң өзгеруі нәтижесінде алынған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша активтер құнының оң өзгеруінен оларды есептен шығару кезінде алынған кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7665. Бағамдық айырма бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасы бағамының оң өзгеруі нәтижесінде алынған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасының оларды шығынға жазу кезінде алынған құнының оң өзгеруінен кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7666. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7667. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7668. Басқа да кірістер.

      Шоттың мақсаты: Клиенттің активтерін сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында алынған, басқа № 7661-7667 баланстан тыс шоттар бойынша жүргізілмейтін басқа да кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7681. Клиенттің активтерін алу.

      Шоттың мақсаты: Клиенттер активтерінің құнын оларды сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында басқарушы ұйым алған және(немесе) орналастырған кезде есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттер активтерінің құны олар алынған және(немесе) орналастырылған кезде жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиент активтерінің құнын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7682. Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқарушы ұйымның бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары көрсеткен қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқарушы ұйымның бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының қызмет көрсетулері үшін комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7683. Активтерді сатып алу-сатудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Активтерді сатып алу-сату бойынша сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында түскен шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша активтерді сатып алу-сату бойынша шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7684. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Активтер құнының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша активтер құнының олар есептен шығарылған кезде теріс өзгеруінен болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7685. Бағамдық айырма бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетел валюта бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасы бағамы құнының ол есептен шығарылған кезде теріс өзгеруінен болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7686. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7687. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 267 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7688.

      7701. Бағалы қағаздар.

      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет көрсетуге қабылданған бағалы қағаздардың құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша бағалы қағаздардың құны олар кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған немесе бағалы қағаздарды қайта бағалаған кезде құны ұлғайған кезде жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған бағалы қағаздардың құны оларды клиентке қайтарған, оларды сатқан немесе бағалы қағаздарды қайта бағалау кезінде құны азайған кезде есептен шығару жазылады.

      7702. Басқа банктердегі салымдар.

      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, басқа банктердегі салымдарда орналастырылған ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, басқа банктердегі салымдарға орналастырылған ақша сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет бойынша орналастырылған салымдардың сомалары олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.

      7703. Тазартылған қымбат металдар.

      Шоттың мақсаты: Кастодиандық сақтауға қабылданған тазартылған қымбат металдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық сақтауға қабылданған тазартылған қымбат металдардың сомалары немесе оларды қайта бағалаған кездегі сомаларының ұлғаюы жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша тазартылған қымбат металдардың сомалары оларды клиентке қайтарған, оларды сатқан немесе қайта бағалау кезінде құны азайған кезде есептен шығару жазылады.

      7704. "Кері РЕПО" операциялары.

      Шоттың мақсаты: "Кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша "Кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың операцияны ашу күнгі сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша "Кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомалары "Кері РЕПО" операцияларын жабу немесе жою кезінде есептен шығару жазылады.

      7705. "РЕПО" операциялары.

      Шоттың мақсаты: "РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша "РЕПО" операциялары бойынша талаптардың операцияларды ашу күнгі сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша "РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын "РЕПО" операцияларын жабу немесе жою кезінде есептен шығару жазылады.

      7706. Туынды қаржы құралдары.

      Шоттың мақсаты: Кастодиандық сақтауға қабылданған туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау нәтижесінде туындаған сомаларды, сондай-ақ кері қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық сақтауға қабылданған туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау нәтижесінде туындаған сомалар, сондай-ақ кері қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша туындаған талаптардың сомаларын оларды қарсы әріптес төлеген немесе кастодиандық сақтауға қабылданған туынды қаржы құралдарымен операциялар жойылған кезде, сондай-ақ кері қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.

      7707. Капиталға инвестициялар.

      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, заңды тұлғалардың капиталына салынған ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, заңды тұлғаның капиталына салынған ақша сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, заңды тұлғаның капиталына салынған ақша сомаларын есептен шығару жазылады.

      7708. Үйлерге, машиналарға, жабдыққа, көлік және басқа негізгі құралдарға инвестициялар.

      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, заңды тұлғалардың үйлеріне, машиналарына, жабдығына, көлік және басқа негізгі құралдарға салынған ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, заңды тұлғалардың үйлеріне, машиналарына, жабдығына, көлік және басқа негізгі құралдарға немесе оларды қайта бағалау кезінде құнының ұлғаю сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, ақша сомалары, оларды заңды тұлға сатып алған, оларды сатқан немесе қайта бағалау кезінде олардың құны азайған кезде есептен шығару жазылады.

      7709. Басқа да активтер.

      Шоттың мақсаты: кастодиандық қызмет көрсетудегі ақшаны орналастыру кезінде сатып алынған, басқа да активтердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша басқа да активтердің немесе олардың құнының қайта бағалау кезіндегі ұлғаю сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша басқа да активтердің сомалары оларды клиентке қайтару, сату немесе олардың құны қайта бағалау кезінде азайған кезде есептен шығару жазылады.

      7710. Дивидендтер.

      Шоттың мақсаты: Кастодиандық сақтауға қабылданған бағалы қағаздар бойынша есептелген дивидендтердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық сақтауға қабылданған бағалы қағаздар бойынша есептелген дивидендтердің сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық сақтауға қабылданған бағалы қағаздар бойынша бұрын есептелген дивидендтердің сомаларын есептен шығару жазылады.

      7711. Сыйақы.

      Шоттың мақсаты: кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары олар үшін ақы төлеу кезінде есептен шығару жазылады.

      7712. Бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алғанға дейін алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы сомаларын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алғанға дейін алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша бағалы қағаздар бойынша сыйақы сомалары оларды алған кезде есептен шығару жазылады.

      7713. Басқа да талаптар.

      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет бойынша басқа да талаптар бойынша сомаларды есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық қызмет бойынша басқа да талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет бойынша басқа да талаптардың сомалары оларды өтеу немесе есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      7801. Банктің клиенттердің ақшасын есепке алу шоты (актив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің ислам банкі инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің ислам банкі инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ақша сомаларын оларды инвестициялау, клиентке қайтару және клиентке және (немесе) ислам банкіне сыйақы төлеу кезінде есептен шығару жазылады.

      7802. Тазартылған қымбат металдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен ислам банкі сатып алған тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен ислам банкі сатып алған тазартылған қымбат металдардың құны немесе тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау кезіндегі оның артуы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдарды сату кезінде олардың құнын немесе тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау кезінде олардың құнының кемуі есептен шығару жазылады.

      7803. Басқа банктердегі салымдар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкі қабылдаған ақша есебінен басқа банктерде орналастырылған салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкі қабылдаған ақша есебінен басқа банктерде орналастырылған салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдардың сомалары оларды қайтару кезінде есептен шығару жазылады.

      7804. Ислам бағалы қағаздары (актив).

      Шоттың мақсаты: Ислам банкі инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздарының құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ислам банкі инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздарының құны, дисконт амортизациясының және ислам бағалы қағаздарының әділ құнының артуынан алынған кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ислам бағалы қағаздарының құнын оларды сату немесе құнсызданған кезде есептен шығару, дисконт амортизациясының және ислам бағалы қағаздарының әділ құнының төмендеуінен шығыстардың сомасы жазылады.

      7805. Қатысу үлестері (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен ислам банкінің өндірістік және сауда қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомаларын оларды сату немесе құнсыздануы кезінде есептен шығару жазылады.

      7806. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптардың сомалары оларды өтеу немесе құнсыздану кезінде есептен шығару жазылады.

      7807. Сыйақы (актив).

      Шоттың мақсаты: Ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге де операциялар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге де операциялар бойынша есептелген сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген сыйақының сомалары оларды төлеу немесе құнсыздануы кезінде есептен шығару жазылады.

      7808. Қорлар.

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған қорлардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған қорлардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған қорлардың құны оларды сату кезінде есептен шығару жазылады.

      7809. Үйлер, машиналар, жабдық, көлік және басқа да құралдар.

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған үйлердің, машиналардың, жабдықтың, көлік және басқа да құралдардың құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша үйлердің, машиналардың, жабдықтың, көлік және басқа да құралдардың құны оларды инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алған кезде жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша үйлердің, машиналардың, жабдықтың, көлік және басқа да құралдардың құнын жасалынған лизинг (жалдау) шарты негізінде оларды жалға беру немесе тозумен немесе сатумен байланысты шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      7810. Салынып (орнатылып) жатқан негізгі құралдар.

      Шоттың мақсаты: Сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде тауарды шығаруға (дайындауға) шығындардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде тауарды шығаруға (дайындауға) шығындардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығындардың құны аяқталған жұмыстардың қабылдау актілері негізінде № 7808 немесе № 7809 баланстан тыс шоттарға есептен шығару жазылады.

      7811. Лизингке (жалға) берілген активтер бойынша талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаның есебінен сатып алынған негізгі құралдарды лизингке (жалға) беруге байланысты туындаған талаптың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша негізгі құралдарды лизингке (жалға) беруге байланысты туындаған талаптың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруге байланысты туындаған талаптың құнын лизинг (жалдау) шарты бойынша жалдау төлемдерін алған кезде есептен шығару жазылады.

      7812. Жалдау бойынша есептелген кірістер (актив).

      Шоттың мақсаты: Есептелген жалдау төлемдерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша лизинг (жалдау) шартының талаптарына сәйкес есептелген жалдау төлемдерінің сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген жалдау төлемдерінің сомаларын оларды алған немесе құнсызданған кезде есептен шығару жазылады.

      7813. Зиянды өтеуге арналған резервтер (провизиялар).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаның есебінен сатып алынған активтердің құнсыздануынан болған зиянды өтеуге арналған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есеп алу.

      Шоттың кредиті бойынша зиянды өтеуге арналған резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды құру кезінде жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша зиянды өтеуге арналған резервтердің (провизиялардың) сомаларын активтердің кредиттік сапасы жақсарған немесе құнсызданған активтердің құны есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.

      7820. Басқа да талаптар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны пайдалану нәтижесінде туындайтын басқа да талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны пайдалану нәтижесінде туындайтын басқа да талаптардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да талаптардың сомалары оларды өтеу немесе есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      7831. Инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша клиенттен түскен ақша жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиент ақшаны алған кезде оны есептен шығару жазылады.

      7832. Болашақ кезеңдер кірістері (пассив).

      Шоттың мақсаты: Болашақ кезеңдер кірістерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша болашақ кезеңдер кірістерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша болашақ кезеңдер кірістерінің сомалары есептеу әдісі бойынша кірістердің шотына есептен шығару жазылады.

      7833. Инвестициялық депозиттер бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шартқа сәйкес инвестициялық депозиттер бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозиттер бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозиттер бойынша есептелген шығыстардың сомаларын оларды төлеу кезінде есептен шығару жазылады.

      7834. Инвестициялық депозитті басқару үшін сыйақы (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шартқа сәйкес инвестициялық депозитті басқару үшін ислам банкіне есептелген сыйақының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозитті басқару үшін есептелген сыйақының сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозитті басқару үшін есептелген сыйақының сомаларын оларды төлеу кезінде есептен шығару жазылады.

      7835. Басқа да міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқаруды жүзеге асыру процесінде туындайтын заңды және жеке тұлғалар алдындағы басқа да міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды және жеке тұлғалар алдындағы басқа да міндеттемелердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша заңды және жеке тұлғалар алдындағы басқа да міндеттемелер өтелген кезде олардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      7851. Капитал (пассив).

      Шоттың мақсаты: Есепті кезеңдегі нәтижені есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша № 7860 баланстан тыс шоттар тобын жабу кезінде есепті кезең үшін инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша № 7880 баланстан тыс шоттар тобын жабу кезінде есепті кезең үшін инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын шығыстардың сомалары жазылады.

      7861. Клиенттен ақшаның түсуі.

      Шоттың мақсаты: Клиенттердің инвестициялық депозит туралы шарттар бойынша түскен ақшасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен инвестициялық депозит туралы шарт бойынша түскен ақша жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің ақшасы № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7862. Сыйақы түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар, салымдар және өзге де активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар, салымдар және өзге де активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7863. Активтерді сатып алу-сатудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны басқару барысында келіп түскен және (немесе) сатып алынған активтерді сатып алу-сатудан болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша активтерді сатып алу-сатудан болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7864. Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысудан түскен кіріс (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысудан түскен кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысудан есептелген кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысудан есептелген кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7865. Дисконт амортизациясынан түскен кірістер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге активтер бойынша дисконтты амортизациялаумен байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша дисконтты амортизациялаумен байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7866. Резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге активтер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге активтер өтелген немесе кредиттік сапасы жақсарған кезде резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7867. Бағамдық айырма бойынша кірістер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың нарықтық айырбастау бағамының оң өзгеруі нәтижесінде туындаған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының оң өзгеруі нәтижесінде туындаған кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7868. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының оң өзгеруі нәтижесінде алынған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының оң өзгеруінен түскен кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7869. Лизинг (жалдау) төлемдері түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған мүліктің лизингі (жалдауы) бойынша төлемдерді алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған мүліктің лизингі (жалдауы) бойынша төлемдерді алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7870. Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7871. Басқа да кірістер.

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны пайдалану нәтижесінде алынған, № 7862-7870 баланстан тыс шоттарда есептелінбейтін басқа да кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшаны пайдалану нәтижесінде алынған басқа да кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7881. Инвестициялық депозит бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шартқа сәйкес инвестициялық депозит бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7882. Комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары көрсеткен қызмет көрсетулер үшін және басқа да қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызмет көрсетулері үшін және басқа да қызмет көрсетулер үшін комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7883. Активтерді сатып алу-сатудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтерді сатып алу-сатудан болатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтерді сатып алу-сатудан болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7884. Сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздары, салымдар және өзге активтер бойынша сыйлықақыны амортизациялаумен байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сыйлықақыны амортизациялаумен байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстар сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7886. Бағамдық айырма бойынша шығыстар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде болған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтер бойынша валюталардың айырбастау бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде болған шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7887. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын шығыстар (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының теріс өзгеруі нәтижесінде болған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің әділ құнының теріс өзгеруі нәтижесінде болған шығыстардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7888. Негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдар.

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7889. Активтердің құнсыздануынан болатын зияндар.

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің құнсыздануынан болатын зиянның сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған активтердің құнсыздануынан болатын зиянның сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша зиянның сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      7890. Басқа да шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттің инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған, № 7882 – 7889 баланстан тыс шоттарда есептелінбейтін ақшасын пайдалану барысында келтірілген басқа да шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақшасын пайдалану барысында келтірілген басқа да шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 3 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші
жойылды деп танылатын қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1973 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі № 326 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 3 ақпандағы № 23 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3485 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы № 50 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4286 тіркелген).

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4952 тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 24 қазандағы № 86 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5376 тіркелген).

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5686 тіркелген).

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6208 тіркелген).