Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерінде, капиталының мөлшерінде:
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Банк:
ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру;
қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);
қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;
қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.
Банктің қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің осындай нысанына арналған банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларында және шартта айқындалған сомасы және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі кредиттік желі деп түсініледі.
Кредиттік желінің шекті сомасы кредиттік лимит (оның ішінде кредит/төлем карталары бойынша) деп түсініледі.
Банктің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниеттенетін немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғасы қарыз алушы деп түсініледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген қарыздарға қолданылады.
Борыш жүктемесі коэффициентін есептеу 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін, осы автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген қарыз берілген кезде жүргізілмейді.";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда, барлық өтелмеген қарыздары бойынша ай сайынғы төлем мен Нормативтердің 90-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы 6 (алты) айдағы орташа ай сайынғы кірісіне қатынасы ретінде төмендегідей есептеледі:

мұндағы:
БЖК – борыш жүктемесінің коэффициенті;
ӨҚТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (қарыздары) бойынша Нормативтердің 95-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;
МТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;
БТ – қарыз алушының жаңа берешегі бойынша Нормативтердің 96-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;
n – қарыз алушының өтелмеген қарыздарының саны;
К – қарыз алушының Нормативтердің 97-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа кірісі.
Қарыз алушының автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының қарыз бойынша ай сайынғы төлемінің мөлшері автокөлік құралы түріндегі кепіл құнына азайтылған, өтімділік коэффициентіне түзетілген өтелуге тиіс берешек сомасының (негізгі борыш сомасынан және қарыздың бүкіл кезеңі үшін есептелетін сыйақыдан тұратын) берілетін қарыздың айлармен көрсетілген мерзіміне 0,7-ге тең қамтамасыз ету құнына қатынасы ретінде айқындалады.
Автокөлік құралының орташа нарықтық құны Халықаралық қаржылық есептіліктің № 13 "Әділ құнды бағалау" стандартына және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәуелсіз бағалау немесе банктің бағалауы негізінде айқындалады.".
2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы