Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2025 жылғы 24 шілдедегі № 28 Қаулыға қосымша |
Өзгерістер енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Банктің және банк конгломератының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктің (банк конгломератының) қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауын банк қызметімен (банк конгломератының қызметімен) байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болдырмау жөніндегі ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) мақұлдау тәртібін белгілейді.";
7-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) осы қаулының 1 - тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көзделген фактор бойынша, - бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасын мынадай:
2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жиынтық міндеттемелердің 45 (қырық бес) пайызынан кем;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 40 (қырық) пайызынан кем;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық міндеттемелердің 35 (отыз бес) пайызынан кем;
2026 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 25 (жиырма бес) пайызынан кем деңгейге дейін төмендету.";
Банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы үшін қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде көрсетілген қаулымен бекітілген:
3-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасы мына формула бойынша есептеледі:
![]()
ПР – тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін "РЕПО" операцияларының баланстық құнының сомасы ретінде есептелетін бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәні;
МІН – тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін жиынтық міндеттемелердің баланстық құнының сомасы ретінде есептелетін жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәні.
Бағалы қағаздармен "РЕПО" операцияларының орташа айлық мәнінің осы тармақшада көрсетілген жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасының мәні мынаны құрайды:
2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жиынтық міндеттемелердің 45 (қырық бес) пайызынан аспайды;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 40 (қырық) пайызынан аспайды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық міндеттемелердің 35 (отыз бес) пайызынан аспайды;
2026 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 25 (жиырма бес) пайызынан аспайды.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына осы тармақтың 7) тармақшасы № 23 нормативтерінде көзделген (k1) резерв ретінде қабылданатын активтер жеткіліктілігі коэффициенті 0,13 (нөл бүтін жүзден он үш) коэффициентіне тең немесе төмен болған жағдайда қолданылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бөлінбеген таза пайда (өтелмеген шығын) деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қызметінің нәтижесі (таза кірістер немесе таза шығыстар) түсініледі.".
3. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.| Өзгерістер енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.