Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 82 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 маусымда № 18823 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерін, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерінде, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қалыптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баланстық құн - бухгалтерлік баланста қарыз бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін танылатын қарыз сомасы;

      2) бірыңғай қарыздар - кредиттік тәуекелге ұқсас сипаттамалары бар қарыздар тобы;

      3) жеке қарыздар - әрбір осындай қарыз бойынша провизиялар (резервтер) есептелетін қарыздар;

      4) инвестициялық қарыз (кредит) - мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз (кредит):

      қарыз (кредит) мерзімі 5 (бес) және одан астам жылды құрайды;

      қарыз (кредит) шартының талаптарымен толық мерзімінен бұрын өтеуге тыйым белгіленген. Қарызды ішінара өтеу қарыз алушының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады;

      қарыз (кредит) заңды тұлғаға материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды көздейтін оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі;

      5) кепілдің тұрақсыз түрлері – болашақта түсетін мүлік және ақша (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты бойынша, жағдайлары Қалыптардың 2-1-тармағында көзделген банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа аударылатын ақша түсімі бойынша мемлекеттік серіктестікке қойылатын талап құқықтарын, сондай-ақ Қалыптардың 2-2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келгенде банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын off-take келісімшарты бойынша болашақта түсетін ақшаны қоспағанда), оның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша (мемлекеттің қатысуы бар компаниялармен (квазимемлекеттік сектор субъектілерімен) жасалған шарттар бойынша келіп түсетін ақшаны қоспағанда), сақтандыру шарттары (Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес рейтингі немесе Moody's Іnvestors Servіce және Fіtch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингі бар сақтандыру компанияларымен жасалған, міндеттемелерді шартсыз және кері қайтарусыз орындау туралы тармақтары бар сақтандыру шарттарын, жағдайлары Қалыптардың 2-1-тармағында көзделген сақтандыру шарттарын қоспағанда), жеке немесе заңды тұлғалардың кепілдіктері (Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерін, Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" төмен емес кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктерін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер және олардың еншілес ұйымдары берген кепілдіктерді қоспағанда), материалдық емес активтер, жарғылық капиталға қатысу үлестері немесе Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының және (немесе) халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілмеген бағалы қағаздар (айналым қаражатын қаржыландырумен байланысты емес мақсаттарға берілген қарыздар бойынша берешегінің есептелген сыйақыларды, салықтық есептеулерді және есептелген амортизацияны (EBІTDA) төлеу жөніндегі шығыстарды шегергенге дейінгі пайдасына қатынасы 4-тен аспайтын заңды тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуге қабылданған жарғылық капиталына қатысу үлестерін және (немесе) бағалы қағаздарын қоспағанда), қағазға басып шығарылған астық қолхаттары, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі кепілмен қамтамасыз ету (көрсетілген елдердің кепілмен қамтамасыз етудің тиісінше ресімделуін растайтын құқығына сәйкес банктің заң консультанттарының немесе еншілес ұйымдары мамандарының қорытындысы болған кезде Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріндегі кепілмен қамтамасыз етуін қоспағанда);

      6) қарыз - банктің банктік қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асыруы, вексельдерді есепке алу және бұрын берілген банктік қарыздар бойынша дебиторлық берешек;

      7) қарыз алушы - қарыз (кредит) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

      8) провизиялар (резервтер) - қарыздың құнсыздануына құрылған резервтер;

      9) тең қарыз алушы - қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) шартына қол қоятын және қарыз (кредит) шарты бойынша алған ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауап беруші ретіндегі жеке немесе заңды тұлға;

      10) off-take келісімшарты - өндіруші (жеткізуші) мен тапсырыс берушінің арасында жеткізудің құны, саны (көлемі) және мерзімдері бойынша алдын ала келісілген талаптармен болашақта жеткізумен тауарларды және (немесе) қызметтерді сату туралы жасалған келісім.";

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Off-take келісімшарты бойынша болашақта түсетін ақша мынадай талаптар сақталған жағдайларда:

      1) мыналар тапсырыс беруші болғанда:

      дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 (елу) пайызынан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлға, не;

      мемлекеттік мекеме, не;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы;

      Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "ВВ+" төмен емес рейтингі бар заңды тұлға, не;

      ірі жүйе құраушы кәсіпорын, не;

      осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген тұлғалар соңғы 2 (екі) жыл ішінде кірісінің кем дегенде 70 (жетпіс) пайызын қалыптастыратын заңды тұлға;

      2) келісімшарттың талаптарында өндіруші (жеткізуші) келісімшарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде тапсырыс берушінің өндірушінің (жеткізушінің) алдындағы өзінің міндеттемелерін міндетті орындауы көзделгенде;

      3) өндіруші (жеткізуші) - қарыз алушының кредиттік бюроның деректері бойынша соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 30 (отыз) күннен асатын мерзімді мерзімі өткен берешегінің болмауымен көрінетін оң кредиттік тарихы болғанда.

      Қалыптардың мақсаты үшін ірі жүйе құраушы кәсіпорындарға мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін кәсіпорындар жатады:

      өнімді сатудан (қызмет көрсетуден) түскен түсім – соңғы 2 (екі) жылда жыл сайын кемінде 50 (елу) миллиард теңге;

      салық аударымдары – соңғы 2 (екі) жылда жыл сайын кемінде 3 (үш) миллиард теңге.".

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.11.2019 № 189 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      2019 жылғы "___" _________