"Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерін, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерін белг

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 191 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қарашада № 19613 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерін, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, капиталының мөлшері;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттері белгіленсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерi, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiнде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, капиталының мөлшері";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, капиталының мөлшері (бұдан әрі – Нормативтер) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін белгілейді.

      Банктерге және олардың еншілес ұйымдарына арналған, шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде есептелетін нормативтік мәндер Банктер туралы заңның 42-бабына сәйкес белгіленеді.

      Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.

      Банктердің міндетті сақтауы үшін банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің, капиталының мөлшері құрамына:

      банктің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшері;

      меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициенті;

      бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

      өтімділік коэффициенттері;

      тұрақты қорландырудың өтімділік және нетто жабылуы коэффициенттері;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелеріне банктердің капиталдандыруы;

      банк қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті кіреді.

      2. Нормативтерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баланстық құн - бухгалтерлік баланста қарыз бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін танылатын қарыз сомасы;

      2) бірыңғай қарыздар - кредиттік тәуекелге ұқсас сипаттамалары бар қарыздар тобы;

      3) жеке қарыздар - әрбір осындай қарыз бойынша провизиялар (резервтер) есептелетін қарыздар;

      4) инвестициялық қарыз (кредит) - мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз (кредит):

      қарыз (кредит) мерзімі 5 (бес) және одан астам жылды құрайды;

      қарыз (кредит) шартының талаптарымен толық мерзімінен бұрын өтеуге тыйым белгіленген. Қарызды ішінара өтеу қарыз алушының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады;

      қарыз (кредит) заңды тұлғаға материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды көздейтін оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі;

      5) кепілдің тұрақсыз түрлері – болашақта түсетін мүлік және ақша (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты бойынша, жағдайлары Нормативтердің 2-1-тармағында көзделген банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа аударылатын ақша түсімі бойынша мемлекеттік серіктестікке қойылатын талап құқықтарын, сондай-ақ Нормативтердің 2-2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келгенде банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын off-take келісімшарты бойынша болашақта түсетін ақшаны қоспағанда), оның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша (мемлекеттің қатысуы бар компаниялармен (квазимемлекеттік сектор субъектілерімен) жасалған шарттар бойынша келіп түсетін ақшаны қоспағанда), сақтандыру шарттары (Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингі бар сақтандыру компанияларымен жасалған, міндеттемелерді шартсыз және кері қайтарусыз орындау туралы тармақтары бар сақтандыру шарттарын, жағдайлары Нормативтердің 2-1-тармағында көзделген сақтандыру шарттарын қоспағанда), жеке немесе заңды тұлғалардың кепілдіктері (Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерін, Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" төмен емес кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктерін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер және олардың еншілес ұйымдары берген кепілдіктерді қоспағанда), материалдық емес активтер, жарғылық капиталға қатысу үлестері немесе Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының және (немесе) халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлмеген бағалы қағаздар (айналым қаражатын қаржыландырумен байланысты емес мақсаттарға берілген қарыздар бойынша берешегінің есептелген сыйақыларды, салықтық есептеулерді және есептелген амортизацияны (EBITDA) төлеу жөніндегі шығыстарды шегергенге дейінгі пайдасына қатынасы 4-тен аспайтын заңды тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуге қабылданған жарғылық капиталына қатысу үлестерін және (немесе) бағалы қағаздарын қоспағанда), қағазға басып шығарылған астық қолхаттары, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі кепілмен қамтамасыз ету (көрсетілген елдердің кепілмен қамтамасыз етудің тиісінше ресімделуін растайтын құқығына сәйкес банктің заң консультанттарының немесе еншілес ұйымдары мамандарының қорытындысы болған кезде Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріндегі кепілмен қамтамасыз етуін қоспағанда);

      6) кепілсіз тұтынушылық қарыз – мыналарды қоспағандағы тұтынушылық қарыз:

      берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін жылжымайтын мүлікке құқықтар кепілімен, міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс жылжымалы мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар;

      тіркелуге тиіс, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар;

      берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар;

      берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болатын қарыздар;

      білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздар;

      тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздар;

      7) қарыз – банктің банктік қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асыруы, вексельдерді есепке алу және бұрын берілген банктік қарыздар бойынша дебиторлық берешек;

      8) қарыз алушы - қарыз (кредит) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

      9) провизиялар (резервтер) - қарыздың құнсыздануына құрылған резервтер;

      10) тең қарыз алушы - қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) шартына қол қоятын және қарыз (кредит) шарты бойынша алған ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауап беруші ретіндегі жеке немесе заңды тұлға;

      11) off-take келісімшарты - өндіруші (жеткізуші) мен тапсырыс берушінің арасында жеткізудің құны, саны (көлемі) және мерзімдері бойынша алдын ала келісілген талаптармен болашақта жеткізумен тауарларды және (немесе) қызметтерді сату туралы жасалған келісім.";

      2-2-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Нормативтердің мақсаты үшін ірі жүйе құраушы кәсіпорындарға мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін кәсіпорындар жатады:";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "5. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай құнын төлеп сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген кез келген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен банк капиталының мөлшері лимиттерінің бұзылуына алып келмейтін жағдайда сатып алады.";

      6-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне сай белгіленген мәндердің сомасы ретінде айқындалады.";

      төртінші бөліктің он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "мөлшері мен енгізу мерзімдері Нормативтерде қарсыциклдық буферді есептеуді бастау күніне дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын белгіленетін қарсыциклдық буфер. Қарсыциклдық буфер мөлшерінің диапазоны тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейін құрайды;";

      бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Егер банк капиталының k1, k1-2 және k2 коэффициенттерінің нақты мәндері Нормативтерге 2-қосымшаға Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне сай белгіленгеннен төмен болмаса, бірақ бұл ретте көрсетілген коэффициенттерінің кез келгені меншікті капитал буферлері есептелгендегі капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің белгіленген мәндерінен төмен болса, онда "Акционерлік қоғамдар туралы" 2013 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дивидендтер төлеуді және акцияларды кері сатып алуды тоқтату бөлігінде Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Бөлінбеген таза кірісті шектеудің ең төмен мөлшеріне сәйкес банктің бөлінбеген таза кірісін пайдалануға шектеу қойылады.

      Меншікті капитал буферлерін ескере отырып, меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне тізбесі Нормативтердің 10-тармағында белгіленген негізгі капитал құрауыштарының есебінен қол жеткізіледі.

      Нормативтердің талаптарына сәйкес есептелген меншікті капитал буферлерінің мөлшері бухгалтерлік есепте көрсетілмейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "7. Меншікті капитал Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес есептелген провизиялар (резервтер) мен ХҚЕС және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырылған және банктің бухгалтерлік есебінде көрсетілген провизиялар (резервтер) арасындағы оң айырманы (бұдан әрі - оң айырма) шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.

      Меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін оң айырманы банктер мынадай мөлшерде есептейді және енгізеді:

      2017 жылғы 25 қыркүйектен бастап - 5 (бес) пайыз;

      2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - 16,67 (он алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайыз;

      2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 33,33 (отыз үш бүтін жүзден отыз үш) пайыз;

      2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 49,99 (қырық тоғыз бүтін жүзден тоқсан тоғыз) пайыз;

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 66,67 (алпыс алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайыз;

      2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 83,33 (сексен үш бүтін жүзден отыз үш) пайыз;

      2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 0 (нөл) пайыз.

      Оң айырманы есептеу үшін Нормативтердің 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес есептелген провизиялар (резервтер) ай сайын Нормативтердің 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес соңғы есептелген күннен кейінгі мерзімдегі провизиялар (резервтер) толығымен өтелген және (немесе) есептен шығарылған қарыздар және дебиторлық берешектер бойынша провизиялардың (резервтердің) сомасына азайтылады.

      Оң айырма Нормативтердің 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес олар бойынша провизиялар (резервтер) олардың есебінің соңғы күніне есептелген қарыздар және дебиторлық берешектер бойынша есептеледі.

      Оң айырманы есептеген кезде Нормативтердің 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес есептелген провизиялар сомасы провизияларды (резервтерді) есепке алусыз қарыз және (немесе) дебиторлық берешек бойынша берешектің сомасынан аспайтын мөлшерде қосылады.

      Уәкілетті органның тексеру нәтижелері бойынша түзетілген оң айырма есепті айдан кейінгі есепті күннен бастап меншікті капиталдың есебіне қосылады.";

      8-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "8. Нормативтердің мақсаттары үшін Standard & Poor's агенттігінің ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларынан басқа уәкілетті орган басқа да рейтингтік агенттіктердің ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларын да таниды.";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Нормативтердің мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:";

      10-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақшада:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін төленген жай акциялардың;";

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Нормативтердің 11-тармағында көрсетілген инвестициялар шегеріледі.";

      2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "2) қосымша капиталға Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген, сәйкес келетін мерзiмсiз шарттар қосылады, соның нәтижесінде бірмезгілде бір тұлғада қаржы активі және қаржылық міндеттеме немесе заңды тұлғаның барлық міндеттемелерін басқа тұлғадан шегергеннен кейін қалған активтер үлесіне оның құқығын растайтын өзге қаржы құралы (бұдан әрі - мерзiмсiз қаржы құралдары), сондай-ақ Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген, сәйкес келетін, ақысы төленген артықшылықты акциялар қосылады.";

      екінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Нормативтердің 11-тармағында көрсетілген инвестициялар;";

      11-тармақта:

      екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "егер банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде 10 (он) пайызына ие қаржы ұйымдарының қаржы құралдарына банктің инвестициялары жиынтығында Нормативтердің 10-тармағында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан асатын болса, инвестициялардың жалпы сомасындағы жай акцияларға инвестициялар үлесіне көбейтілген артылған сома негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;

      егер банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестициялары жиынтығында Нормативтердің 10-тармағында және осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан асатын болса, артылған сома негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;

      егер шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі Нормативтердің 10-тармағында және осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан асатын болса, артылған сома негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;

      егер банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестициялары және шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі және осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуі тиіс сома жиынтығында Нормативтердің 10-тармағында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталы айырмасының 17, 65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан асатын болса, артылған сома негізгі капиталдан шегерілуге тиіс;";

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "меншікті капитал есебінен шегерілмейтін инвестициялар Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.";

      12-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "12. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тартылған, Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін мерзімсіз қаржы құралдары қосымша капиталға мынадай талаптарға сәйкес:";

      13-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "13. Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін банктің төленген артықшылықты акциялары қосымша капиталға мынадай талаптарға сәйкес:";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "14. Банк уәкілетті органға банктің уәкілетті органы бекіткен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару шартының немесе талаптарының көшірмелерін береді. Мерзімсіз қаржы құралдары банктің меншікті капиталының есебіне банктің мерзімсіз қаржы құралдарын шығару шарты немесе талаптары Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі туралы уәкілетті органның жазбаша растауымен қосылады.";

      15-тармақта:

      бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Нормативтердің 11-тармағында көрсетілген инвестициялар шегерілген сомасы ретінде есептеледі.";

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тартылған, Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін реттелген борыш мөлшері екiншi деңгейдегi капитал есебіне мынадай талаптарға сәйкес:";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Нормативтердің мақсаттары үшін "Резервтерді (провизияларды) түзету шоты" 3300-шотындағы дебет қалдығы деп 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құрылған резервтер (провизиялар) мен ХҚЕС-ке сәйкес 2012 жылғы 31 желтоқсанда қалыптасқан резервтер арасындағы теріс айырманың сомасы түсініледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "17. Банктiң реттелген борышы - бұл Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда бегіленген өлшемшарттарға сәйкес келетiн банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді есептеу Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне, Нормативтерге 5-1-қосымшаға сәйкес Борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндеріне және Нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндерін есептеу 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша жүзеге асырылады.

      Активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер ХҚЕС-ке сәйкес құрылған резервтер сомасына азайтылады.

      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін шартты және ықтимал міндеттемелер Нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының банк кредиттік тәуекелдер көтеретін тәуекелдің Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiнде көрсетілген қарсы агенттің санатына сәйкес келетін дәрежесіне көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      Своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құнының және олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiнде көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту жолымен кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне қосылады.

      Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық құнының Нормативтердің 7-қосымшасына сәйкес Туынды қаржы құралдарына арналған кредиттік тәуекел коэффициенттерiнiң кестесiнде көрсетілген және көрсетілген қаржы құралдарын өтеу мерзімімен айқындалатын кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.

      Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны (ауыстыру құны):

      сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - қаржы құралының номиналды келісімшарттық құнынан осы қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнының асу шамасын білдіреді. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның номиналды келісімшарттық құнынан аз немесе оған тең болса, ауыстыру құны 0 (нөлге) тең болады;

      сатуға арналған мәмілелер бойынша - қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан осы қаржы құралының номиналды келісімшарттық құнының асу шамасын білдіреді. Егер қаржы құралының номиналды келісімшарттық құны оның ағымдағы нарықтық құнынан аз немесе оған тең болса, ауыстыру құны 0 (нөлге) тең болады.

      Бивалюталық қаржы құралдары (талабы мен міндеттемесі түрлі шетел валюталарында көрсетілген қаржы құралдары) бойынша ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгемен баламасынан талаптардың теңгемен баламасының асу шамасы ретінде айқындалады. Егер талаптардың теңгемен баламасының шамасы міндеттемелердің теңгемен баламасынан аз немесе оған тең болса, ауыстыру құны 0 (нөлге) тең болады.

      Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық келісімшарттық құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелер жасалған күні көрсетілген қаржы құралдарының құнын білдіреді. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналдық келісімшарттық құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.

      Сатылған опциондар кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.

      Активтердің, шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің есебі нарықтық тәуекелді ескеріле отырып, Нормативтердің 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 және 34-тармақтарына сәйкес жасалады.

      Операциялық тәуекелдің есебі Нормативтердің 35-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      Меншiктi капитал жеткiлiктiлiгінің kl-1, kl-2 және k2 коэффициенттерiн есептеу кезiнде салымдардың тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленетін активтердiң мөлшерiнен банк кастодиан шарты негiзiнде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алып тасталады.

      Осы меншікті капитал жеткіліктілігінің kl-1, kl-2 және k2 коэффициенттерінің ең төмен мәнін сақтау бойынша Нормативтердің талаптары Банктер туралы заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған), ірі акционері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы болып табылатын банктерге, сондай-ақ, егер уәкілетті орган мақұлдаған банктің қаржылық орнықтылығын арттыру, банк қызметіне байланысты оның қаржылық жағдайының нашарлауына және тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарында меншікті капитал жеткіліктілігінің kl-1, kl-2 және k2 коэффициенттерінің мәндері мен меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері қолданылатын мерзім айқындалса, жүйе құраушы банк өлшемшарттарына сәйкес келетін банктерге қолданылмайды.";

      24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "24. Ерекше пайыздық тәуекел Нормативтердің 25-тармағына сәйкес ерекше пайыздық тәуекел коэффициенттерi бойынша мөлшерленген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар бiрыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар сомасын білдіреді.";

      25-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "2) 0,25 (нөл бүтін жүзден жиырма бес) пайыз коэффициенті бойынша - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары, тәуелсiз рейтингi Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің "А+" пен "ВВВ-" аралығындағы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi және орталық банктерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының және Нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнде көрсетiлген халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар түріндегі өтеу мерзiмi 6 (алты) айдан кем сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары;";

      27-тармақта:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "2) ашық позицияларды уақыт аралықтары бойынша бөлу Нормативтерге 9-қосымшаға сәйкес Ашық позицияларды уақыт аралықтары бойынша бөлуге және мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Жалпы пайыздық тәуекелді есептеу Нормативтерге 10-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";

      36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Секьюритилендіру мәмілелеріне қатысатын және оригинаторлар болып табылмайтын банктер осындай мәміледе өздері ұстап тұратын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген секьюритилендіру позицияларын есептеу кезінде Нормативтерге сәйкес секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолданады.";

      37-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1) Нормативтерге 11-қосымшаға сәйкес сауалнама;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "4) Нормативтерге 12-қосымшаға сәйкес Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттерін есептеу туралы мәліметтерге сәйкес секьюритилендіру ескерілген және секьюритилендіру ескерілмеген k2 меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті туралы мәліметтер.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "40. Нормативтердің 37-тармағында көзделген құжаттарды қарағаннан кейін уәкілетті орган меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін банктердің қолдануына растау беру не бас тарту туралы шешімді қабылдайды және жазбаша нысанда бұл туралы оригинаторға хабарлайды.

      Банктердің меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолдануына растау мынадай жағдайда:

      Нормативтердің 37-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаса;

      Нормативтердің 42, 44-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе, берілмейді.";

      44-тармақта:

      бірінші бөліктің 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "4) Нормативтерде көзделген жағдайларды қоспағанда, оригинатор:";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Оригинатор бұл құралдар Нормативтердің 50-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда, секьюритирлендірілетін активтерге қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетеді, сондай-ақ секьюритирлендірілген активтерге қатысты өтімділік құралдарын ұсынады.";

      46-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "46. Нормативтердің 48-тармағында аталған талаптарға сәйкес келетін позицияларды қоспағанда, меншікті капиталдан банк ұстап қалатын және Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі не Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-" төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар не тиісті рейтингтік бағасы жоқ секьюритирлендіру позициялары шегерілуге жатады.";

      47-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "47. Секьюритилендіру позициялары - бұл секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер және ол секьюритилендіру мәмілесімен байланысты банкте туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді. Секьюритилендіру позицияларына позицияның кредиттік сапасы негізінде тәуекелдің (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) тиісті деңгейі берілуі тиіс, ол Нормативтерге сәйкес кредиттік рейтинг негізінде айқындалады. Мұндай позицияларға:";

      екінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "егер Нормативтерде өзгеше белгіленбесе, секьюритилендіру мәмілесіндегі баланстан тыс позиция тәуекелінің шамасы 100 (жүз) пайызға тең конверсиялық факторға көбейтілген өзінің номиналдық құнына тең.";

      51-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "4) бұл келісім Нормативтердің 50-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда 0 (нөл) пайызға тең конверсиялық факторды қолданады.";

      52-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "басқа қарыз алушылар үшін k3 - 0,25 (оның ішінде бланкілік қарыздар, қарыз алушы алдындағы не банктің ағымдағы және содан кейінгі 2 (екі) ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, Нормативтердің 53-тармағында көрсетілген тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің 1 (бір) тармағынан төмен болмайтын Standard & Poor's агенттігінің рейтингі немесе одан басқа рейтингік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard & Poor's агенттігінің "А" рейтингінен төмен емес рейтингі немесе одан басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезиденттерге талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе азаматтары болып табылатын бейрезиденттердің міндеттемелері бойынша 0,10) аспайды.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "53. Нормативтердің 52-тармағының мақсаттары үшін тиісті қарыз алушылар деп Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келетін заңды тұлғалар - қарыз алушыларды қоспағанда, барлық заңды тұлғалар - қарыз алушылар түсініледі.";

      54-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "54. "Бір қарыз алушы" деген терминді оған банктің талаптары бар немесе Нормативтердің 57-тармағында көрсетілген талаптар туындауы мүмкін әрбір жеке немесе заңды тұлға деп түсінген жөн. 2 (екi) немесе одан да көп қарыз алушылардан тұратын топ үшін тәуекел мөлшерi егер қарыз алушылардың әрқайсысының тәуекел мөлшерi банктiң меншiктi капиталының 0,05 (нөл бүтін жүзден бес) пайызынан асатын болса, сондай-ақ мынадай жағдайлардың бiрi болғанда 1 (бiр) қарыз алушыға сияқты жиынтықты түрде есептеледi:";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "55. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арқылы) 2 (екi) және одан да көп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болса, осындай топқа қатысты тәуекел мөлшерi, егер басқа iрi қатысушылар, сондай-ақ қарыз алушылардың осы тобына қатысты тәуекелдiң мөлшерiн бiр қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшерi ретiнде жиынтықты түрде есептеу жөн болатын Нормативтердің 54-тармағында белгiленген өзге де жағдайлар болмаса, бiр қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшерi ретiнде есептелмейдi.";

      56-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "56. Нормативтердің 54-тармағының қарыз алушылар тобын тану жөніндегі талаптары мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілген заңды тұлғаларға қолданылмайды.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Нормативтердің мақсаттары үшін "Стресстік активтер қоры" акционерлік қоғамы құратын ұйым "Стресстік активтер қоры" акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы деп танылады.";

      57-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1) қарыздар, салымдар, дебиторлық берешек, бағалы қағаздар (Нормативтердің 11-тармағында көрсетілген инвестицияларды қоспағанда);

      2) Нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;";

      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық құнының Нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Туынды қаржы құралдарына арналған кредиттік тәуекел коэффициенттерiнiң (пайыздармен) кестесінде көрсетілген және көрсетілген қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.";

      7) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "7) Нормативтерге 5-қосымшаға сай Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес корреспонденттік шоттар бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері-банктерге және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-банктерге қойылатын талаптар;";

      58-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "58. Банктiң қарыз алушыға қоятын талаптарының олар туындаған күнгi жалпы көлемi Нормативтерде белгiленген шектеулер шегiнде болса, бiрақ соңынан соңғы 3 (үш) ай iшiнде банктiң меншiктi капиталының деңгейi 5 (бес) пайыздан артық төмендеуiне байланысты көрсетілген шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы 3 (үш) ай iшiнде қарыз алушыға қойылатын талаптар 10 (он) пайыз деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктiң қарыз алушыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бiр қарыз алушыға келетін тәуекел нормативiнiң ең жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.";

      59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "59. Егер банктің қарыз алушысы банктің алдында міндеттемелер туындаған кезде банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлға болмаған, бірақ кейіннен сондай болса, онда Нормативтердің 52-тармағының екінші абзацында белгіленген осындай қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері асып кеткен жағдайда, көрсетілген асып кету мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:

      банк Нормативтердің 57-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейінгі банк талаптарының бөлігін орындау жөніндегі қабілеттілігін растай отырып және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде осы бұзушылықты жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып осындай асып кету туралы уәкілетті органға дереу хабарласа, бұзушылық ретінде қаралмайды.

      60. Нормативтердің 59-тармағының талаптары, егер қарыз алушылар мiндеттемелер туындаған кезде бiр қарыз алушы ретiнде қаралмай, бірақ кейіннен сондай болған жағдайда да қолданылады.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "66. Банк кері сатып алу талабымен сатқан немесе кепілге берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды қоспағанда, Нормативтердің 65-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар өтімділігі жоғары активтердің есебіне қосылады.";

      68-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Нормативтердің 65-тармағының 5), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, өтімділігі жоғары активтердің есебіне қосылмайтын бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге қосылатын міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылады деген талаппен өтімді активтердің есебіне қосылады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "71. Өтімділік нормативтері орташа айлық негізде айқындалатын өтімділік коэффициенттерінің есептік мәндеріне қарамастан, өтімділік нормативтері есепті кезеңде банк кредиторлар мен салымшыларға мерзімі өткен міндеттемелер болған жағдайда орындалмаған деп есептеледі.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "73. Сапасы жоғары өтімді активтер бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің Нормативтерге 13-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген коэффициенттерге көбейтілген және екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің Нормативтерге 13-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген коэффициенттерге көбейтілген сомасы ретінде есептеледі. Бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер әділ (нарықтық) құны бойынша сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне қабылданады.";

      74-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "74. Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер деп Нормативтердің 72-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандыратын және:";

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "4) шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, оның ішінде шет мемлекеттердің үкіметтері және шет мемлекеттердің орталық банктері, халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген, Нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiнде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы және мынадай талаптардың әрқайсысына сай келетін бағалы қағаздар:

      Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 0 (нөл) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің бірінші тобына жатады;

      қаржы ұйымдарының немесе олармен үлестес ұйымдардың міндеттемелері болып табылмайды;

      5) егер шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне қойылатын талаптар Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 0 (нөл) пайыздан жоғары кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін жағдайда, шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне эмитент-елдің валютасымен номинирленген бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар болып табылатын активтер танылады.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "75. Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер деп Нормативтердің 72-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандыратын және:

      1) Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарына қойылатын талаптар, оның ішінде талаптары Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдары шығарған бағалы қағаздар (Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқару органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда);

      2) шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне, шет мемлекеттердің орталық банктеріне, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, оның ішінде шет мемлекеттердің орталық үкіметтері, шет мемлекеттердің орталық банктері, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары, халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген, Нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы және мынадай талаптардың әрқайсысын қанағаттандыратын бағалы қағаздар:

      Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес, Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің екінші тобына жатады;

      соңғы 10 (он) жылда кез келген күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нарықтық құны 10 (он) және одан көп пайызға төмендеумен көрінген құнсыздану фактілері толығымен жоқ;

      қаржы ұйымдарының немесе олармен үлестес ұйымдардың міндеттемелері болып табылмайды;

      3) қаржы ұйымдары немесе олармен үлестес ұйымдар эмитенттері болып табылмайтын бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар;

      4) банктің немесе онымен үлестес ұйымдардың міндеттемесі болып табылмайтын туынды қаржы құралдарын және реттелген борышты қоспағанда, ипотекалық бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар болып табылатын активтер танылады.

      Нормативтердің осы тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген талаптар мынадай талаптардың әрқайсысын қанағаттандырады:

      Standard & Poor's рейтингтік агенттiгiнiң "AA-" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингтері немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi не Standard & Poor's агенттiгiнiң тиісті қысқамерзімді рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар;

      Нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес, Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста;

      соңғы 10 (он) жылда кез келген күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нарықтық құны 10 (он) және одан көп пайызға төмендеумен көрінген құнсыздану фактілері толығымен жоқ.

      Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің үлесі сапасы жоғары өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан аспайды. Егер екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің үлесі сапасы жоғары өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан асатын болса, онда екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер сапасы жоғары өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан аспайтын мөлшердегі сапасы жоғары өтімді активтердің құрамына қосылады.

      Егер сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне қосылған активтер Нормативтердің 74 және (немесе) 75-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келмейтін болғанда көрсетілген активтер көрсетілген талаптарға сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзім ішінде сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне қосыла береді.";

      76-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Ақшаның әкетілуі Нормативтердің 77-тармағына сәйкес есептеледі, ақшаның келуі Нормативтердің 78-тармағына сәйкес есептеледі.";

      77-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "77. Ақшаның әкетілуі банктің мынадай міндеттемелері бойынша Нормативтерге 14-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуінің кестесінде белгіленген әкетілу коэффициенттері қолданыла отырып, өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішіндегі ақшаның әкетілу сомасы ретінде есептеледі:";

      он екінші бөлік мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар қарызының шарттары бойынша ақшаның әкетілуі бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген банктің міндеттемелерін, Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерінің кестесіне сәйкес 20 (жиырма) пайыздан аспайтын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының және халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелерді және қамтамасыз етілуі және бірінші немесе екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылмайтын өзге де міндеттемелерді қамтиды.";

      он үшінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі Нормативтерге 14-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуінің кестесінде көзделген шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша әкетілу сомасын қамтиды. Шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша қосымша ақшаның әкетілуі мыналарды қамтиды:";

      төртінші абзац мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылмайтын, Нормативтерге 13-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген есептеу коэффициенті қолданыла отыра және алынған қамтамасыз ету шегеріле отырып есептелген актив құнынан 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде банк ұсынған қамтамасыз етуді не туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша ұсынылуға жататын қамтамасыз етуді бағалаудың (әлеуетті құнының) өзгеруіне байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік. Егер қамтамасыз ету бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылса, өтімділіктегі қосымша қажеттілік талап етілмейді;";

      он тоғызыншы бөлік мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Нормативтерге 14-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуі кестесінің 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-жолдарында ескерілмеген өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғалар және қаржылық емес ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілулері өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғалар және қаржылық емес ұйымдардан ақшаның келуінің 50 (елу) пайызынан асатын болса, асып кету сомасы Нормативтерге 14-қосымшаның Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуі кестесінің 29-жолына сәйкес 100 (бір жүз) пайыз ақшаның әкетілу коэффициенті қолданыла отырып ақшаның әкетілуінде есепке алынады.";

      78-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "78. Ақшаның әкелінуі банктің мынадай активтері бойынша Нормативтерге 14-қосымшаға сәйкес Банк ақшасының әкетілуі мен әкелінуінің кестесінде белгіленген ақшаның әкеліну коэффициенттері қолданыла отырып өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішіндегі әкеліну сомасы ретінде есептеледі:";

      80-тармақ мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "80. Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті қолжетімді тұрақты қорландырудың талап етілетін тұрақты қорландыруға қатынасы ретінде есептеледі.

      Қолжетімді тұрақты қорландырудың мөлшері бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес міндеттемелер мен Нормативтердің 7-тармағында көрсетілген оң айырмаларды және Нормативтердің 11-тармағында көрсетілген инвестицияларды шегергенге дейінгі меншікті капиталдың Нормативтерге 15-қосымшаға сәйкес Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесінде белгіленген қолжетімді тұрақты қорландыру коэффициенттеріне көбейтілген сома ретінде есептеледі.

      Жеке тұлғалардың депозиттері Нормативтердің 77-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес тұрақты және аздап тұрақсыз сияқты қолжетімді тұрақты қорландырудың есебіне кіргізіледі.

      Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ретінде ағымдағы шоттар және Нормативтердің 77-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктеріне сәйкес келетін талап еткенге дейінгі салымдар танылады.

      Талап етілетін тұрақты қорландырудың мөлшері жиынтығында Нормативтерге 16-қосымшаға сәйкес Талап етілетін тұрақты қорландыру активтерінің кестесінде белгіленген талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициенттеріне көбейтілген бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес активтер және Нормативтерге 17-қосымшаға сәйкес Талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесінде белгіленген талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициентіне көбейтілген талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелері ретінде есептеледі.";

      86-тармақта:

      екінші бөліктің бесінші абзацы мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "

- реттелген борыштың орташа айлық шамаларының, банк шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың, Нормативтердің 88-тармағының екінші бөлігінде айқындалған ішкі міндеттемелердің есепті айда қалыптасқан сомасы;";

      үшінші бөліктің бесінші абзацы мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "

- реттелген борыштың орташа айлық шамаларының, банк шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың, Нормативтердің 88-тармағының екінші абзацында айқындалған ішкі міндеттемелердің есепті айда қалыптасқан сомасы;";

      87-тармақтың төртінші абзацы мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "

- реттелген борыштың орташа айлық шамаларының, банк шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың, Нормативтердің 88-тармағының екінші бөлігінде айқындалған ішкі міндеттемелердің есепті айдың алдындағы айда қалыптасқан сомасы;";

      88-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай реакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін Нормативтердің 86 және 87-тармақтарына сәйкес төмендегілердің:";

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
1-қосымша";

      2-қосымшаға сәйкес Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
3-қосымша";

      4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда 5-1-қосымшамен толықтырылсын;

      6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесі осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
7-қосымша";

      8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
  нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
8-қосымша";

      9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
9-қосымша";

      10-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
10-қосымша";

      11-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
11-қосымша";

      12-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
12-қосымша";

      13-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
13-қосымша";

      14-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
14-қосымша";

      15-қосымшаға сәйкес Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесі осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      16-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
16-қосымша";

      17-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
17-қосымша".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 6-қосымшаның 10-жолын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакция – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.05.2021 № 68 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      2019 жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 191 қаулысына
1-қосымша
  Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
2-қосымша

Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері

Кезең

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап

Талаптар

Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1)

5%

5,5%

Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2)

6%

6,5%

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2)

7,5%

8%

Консервациялық буферді және жүйелі буферді ескергендегі, капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері

Кезең

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап

Талаптар

Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1)

6%

7,5%

Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2)

7%

8,5%

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2)

8,5%

10%

Жүйе құраушы банктер үшін негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1)

7,5%

9,5%

Жүйе құраушы банктер үшін бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2)

8,5%

10,5%

Жүйе құраушы банктер үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2)

10%

12%

      Ескерту:

      уәкілетті орган меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін кемінде 3 (үш) жылда 1 (бір) рет қайта қарайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 191 қаулысына
2-қосымша
  Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
4-қосымша

Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттар

Негізгі капитал

Қосымша капитал

Екінші деңгейдегі капитал

1

банкті тарату кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылатын талаптарды білдіреді

шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда)

шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда)

2

таратылу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, басым талаптарды қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікке өздеріне тиесілі акциялар санына теңбе-тең талап ету құқығына ие

банк таратылған кезде мерзімсіз қаржы құралдары жай акциялардың меншік иелері акционерлердің талаптарына дейін, қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандырғанға дейін сегізінші кезекте қанағаттандырылады

банк таратылған кезде қамтамасыз етілмеген міндеттеме жай акциялардың меншік иелері акционерлердің талаптарына дейін сегізінші кезекте қанағаттандырылады

3

банкті тарату жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жай акцияларды сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда номинал мерзімсіз болып табылады және төленуге жатпайды

қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты адамның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді

қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты адамның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді

4

банк құралдарды шығару кезінде талаптарында (шығарылым талаптарында) банктің орналастырылған акцияларын сатып алу немесе күшін жою құқығы немесе міндеті көзделетін шарттарды жасамайды (туынды бағалы қағаздарды сатып алмайды)

мерзімсіз болып табылады, төлемдер (сыйақы) деңгейін арттыру талаптары және сатып алуға деген ниетін тудыратын өзге талаптар болмайды

қамтамасыз етілмеген міндет шығарылған не алынған мерзім кемінде 5 (бес) жылды құрайды

5

дивидендтерді төлеу банктің таза кірісі есебінен (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын қосқанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте дивиденд мөлшері акцияларды орналастыру кезінде алынған ақша сомасына байланысты емес. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда дивидендтерді есептеу мен төлеуге жол берілмейді

банктің бастамасы бойынша кем дегенде бес жыл өткен соң ғана мерзімінен бұрын кері қайтарылды (орындалды), егер аталған іс-әрекет Нормативтерге 2-қосымшада белгіленген мәндерден төмен капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің ең төмен мәндерінің төмендеуіне алып келмесе, мынадай талаптарды орындаған кезде:
уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
капиталды ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру;
банкті капиталдандыруды мерзімсіз қаржы құралдарын қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төмен талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту

реттеуіш капиталдың құрамында айналыс мерзімінің соңғы 5 (бес) жылында тану тура сызықты әдіспен амортизацияланады

6

дивидендтерді төлеу міндетті болып табылатын және дивидендтерді төлемеу дефолт жағдайы болып табылмайтын талаптар жоқ

кез келген номинал төлемі (сатып алу немесе өтеу арқылы) уәкілетті органның алдын ала рұқсатымен жүзеге асырылады

төлем (сыйақы) деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ

7

дивидендтерді төлеу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тек қана артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу бойынша барлық міндеттемелерді орындаған соң жүзеге асырылады

дивидендтерді (сыйақыны) есептеу Нормативтерге 2-қосымшада белгіленген мәндерден төмен капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің ең төмен мәндерінің төмендеуіне алып келген жағдайда, мерзімсіз қаржы құралдары шығарылымының талаптарында банктің атқарушы органының мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерді (сыйақыны) есептемеу құқығы көзделген

банктің бастамасы бойынша кем дегенде 5 (бес жыл) өткен соң ғана мерзімінен бұрын кері қайтарылды (орындалды), егер аталған іс-әрекет Нормативтерге 2-қосымшада белгіленген мәндерден төмен капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің ең төмен мәндерінің төмендеуіне алып келмесе, мынадай талаптарды орындаған кезде:
уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
капиталды ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру;
банкті капиталдандыруды мерзімсіз қаржы құралдарын қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төмен талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту

8

шығындар туындаған кезде бірінші және соған теңбе-тең ең көп үлесті иеленетін капитал құралы болып табылады және банкке өзінің жұмыс істеуін тоқтатпастан және таратылуға немесе банкроттыққа ұшырамастан үздіксіз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді

осы құрал бойынша дискрециялық төлемдер төлеуді жою дефолт жағдайы болып табылмайды

кредитордың қамтамасыз етілмеген міндеттеме туындаған сәттен бастап 5 (бес) жыл бұрын оны қайтарып алу (орындау) туралы талапты қоюға құқығы жоқ

9

төленген сома төлем қабілетсіздігін анықтау үшін меншікті капитал ретінде танылады (міндеттеме ретінде танылмайды)

банктердің міндеттемелерді орындау мерзімі басталуына қарай оларды орындау мақсатында жойылған төлемдерге толық рұқсаты бар

банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыра алатын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын ерекше қатынастармен байланысты тұлға тура банк ретінде осы құралды сатып алу үшін қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асыра алмайтыны сияқты құралды сатып алуға құқылы емес

10

төленген сома Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес капитал ретінде жіктеледі

төлемдерді жою негізгі акционерлерге дивидендтер төлемін жүзеге асыруды қоспағанда, банктің қызметіндегі шектеулерге әкеп соқтырмайды


11

толық шығарылған және акционерлер төлеген. Бұл ретте банктерге меншікті акцияларын сатып алуға қарыздар беруге тыйым салынады

бухгалтерлік есеп мақсатында міндеттемелер ретінде жіктелген құралдардың берілген және алдын-ала анықталған талаптарда (триггерде) және (немесе) алдын-ала анықталған талапқа (триггерге) сәйкес құралдағы шығынды анықтайтын есептен шығару тетігінің жай акцияларға конвертациялануы арқылы шығындарды жою мүмкіндігіне ие.
Есептен шығарудың мынадай тиімділігі бар:
тарату кезінде құралдың талап ету құқығын кемітеді;
құралды қайтарып алған кезде төлем сомасын кемітеді;
құрал бойынша дивидендтердің (сыйақының) төлемдерін ішінара не толық кемітеді


12

жай акциялар қамтамасыз етілмеген, эмитент-банктің немесе эмитент-банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және заңдық немесе экономикалық жағынан осындай жай акциялар бойынша эмитент-банк міндеттемелерінің эмитент-банктің басқа кредиторларына қатысты басымдығын арттыратын қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттар болған жоқ

банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыратын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын кез келген байланысты тұлға банктің аталған құралдарының меншік иесі болып табылмайды немесе банк осы құралды сатып алуды қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асырмайды


13

жай акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы шешімді тек қана акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, бұл ретте жай акцияларды олардың жарияланған саны шеңберінде орналастыру банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады

құралдың белгілі бір уақыт кезеңі аралығында мейлінше төмен бағамен жаңа құрал шығарылған жағдайда эмитенттің инвесторларға өтемақы төлеуі үшін қойылатын талап сияқты қайта капиталдандыруға кедергі жасайтын ерекшеліктері жоқ


14

банктің қаржылық есептілігінде нақты және жеке ашып көрсетілген



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 191 қаулысына
3-қосымша
  Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
5-қосымша

Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi

Баптар атауы

Тәуекел дәрежесi пайызбен

I топ

1

Қолма-қол теңге

0

2

Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң қолма-қол шетел валютасы

0

3

Тазартылған бағалы металдар

0

4

Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiлген қарыздар

0

5

Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар

0

6

Ұлттық Банкке берiлген қарыздар

0

7

Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар

0

8

Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар

0

9

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына берілген қарыздар

0

10

Ұлттық Банктегi салымдар және Ұлттық Банкке өзге де талаптар

0

11

Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар

0

12

Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

0

13

Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі

0

14

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша дебиторлық берешегi

0

15

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары

0

16

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары

0

17

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен номинирленген Еуразиялық даму банкі шығарған бағалы қағаздар

0

18

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар

0

19

Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар

0

20

Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

0

21

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар

0

22

Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

0

II топ

23

Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-"төмен тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң қолма-қол шетел валютасы

20

24

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерiне берiлген қарыздар

20

25

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар

20

26

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар

20

27

Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарына берiлген қарыздар

20

28

Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердің жергiлiктi билiк органдарына берiлген қарыздар

20

29

Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдарға берiлген қарыздар

20

30

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiндегі салымдар

20

31

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

20

32

Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардағы салымдар

20

33

Тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының дебиторлық берешегi

20

34

Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардың дебиторлық берешегі

20

35

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар

20

36

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

20

37

Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарын қоспағанда

20

38

Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар

20

39

Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

20

40

Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттiгiнің "ААА"-тан "АА-"-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzAAA"-тан "kzAA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар секьюритилендіру позициялары

20

41

Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

20

III топ

42

Тазартылмаған бағалы металдар

50

43

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВВ-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар

50

44

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВВ-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар

50

45

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВВ-"-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар

50

46

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiн төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар

50

47

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан" "А-"-қа дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдарға берілген қарыздар

50

48

Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 75, 77 және 78-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 50 (елу) пайызынан аспайды

35

49

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаның сатып алу үшін белгіленген талаптарына сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары, сондай-ақ олар бойынша сыйақылар

35

50

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаға берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талаптар

35

51

Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 75, 77 және 78-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 51 (елу бір) пайызынан 85 (сексен бес) пайызына дейін қоса алғандағы шекте болады

50

52

Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 75, 77 және 78-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда)

100

53

Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 74, 75, 76, 77, 78 және 104-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

100

54

Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан көп және 50 (елу) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 74, 75, 76, 77, 78 және 104-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

75

55

Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 50 (елу) пайыздан көп провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 74, 75, 76, 77, 78 және 104-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

50

56

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, мынадай критерийлерге сәйкес келетін қарыздар:
1) қарыз сомасы меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды;
2) қарыз валютасы - теңге

75

57

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВВ-"-қа дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiндегі салымдар

50

58

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВВ-"-қа дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

50

59

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-қа дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардағы салымдар

50

60

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-қа дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардың дебиторлық берешегі

50

61

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВВ-"-қа дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар

50

62

Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-тан "ВВВ-"-қа дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

50

63

Standard & Poor's агенттігінің "А+"-тан бастап "А-"-тан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

50

64

Standard & Poor's агенттігінің "А+"-тан "А-"-қа дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

50

65

Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor's агенттiгiнің "А+"-тан "А-"-қа дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzA+"-тан "kzA-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар секьюритилендіру позициялары

50

66

Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тан "ВВ-"-қа дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тан "ВВ+"-қа дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар

50

67

"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамына талаптар

50

68

Тәуекелдің III тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы (осы кестенің 49 және 50-жолдарында көрсетілген активтер бойынша есептелген сыйақыны қоспағанда)

50

IV топ

69

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-тан "В-"-қа дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

100

70

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-тан "В-"-қа дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

100

71

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-тан "В-"-қа дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар

100

72

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВ-"-қа дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар

100

73

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-тан төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВ-"-қа дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдарға берiлген қарыздар

100

74

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-тан төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВ-"-қа дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен жабылмаған бейрезидент ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге берілген қарыздар

200

75

Тәуекелдің III тобына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар

100

76

Тәуекелдің III тобына жатқызылғандарды қоспағанда, тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен жабылмаған жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар

200

77

Банк есептейтін төмендегі критерийлердің біріне сәйкес келетін жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар:
2017 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында ай сайын қарыздарды мониторингтеу кезінде:
1) қарыз алушы - жеке тұлғаның бір айлық орташа кірісін есептеу үшін соңғы 6 (алты) айдағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені немесе қарыз алушының банктің төлем карточкалары арқылы қарыз алушы өтініш берген күн алдындағы қатарынан 6 (алты) ай ішінде жалақыны алу туралы ақпаратты пайдалана отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9125 болып тіркелген "Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына (бұдан әрі – № 292 қаулы) сәйкес есептелген қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің деңгейі 0,35 асады;
2) берілген күн алдындағы соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде кез келген қолданыстағы немесе жабық қарыз берешегі және (немесе) ол бойынша сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер күнтізбелік 60 (алпыс) күннен асады не мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен асатын мерзімі өткен төлемдерге 3 (үш) реттен артық жол берілген;
3) қарыздарды ай сайынғы мониторингтеу кезінде осы жолдың 1) немесе 2) тармақшасында көрсетілген есептеуге арналған ақпарат жоқ.
Банктің осы жолдың жоғарыда көрсетілген тармақшаларының бірінде көзделген ақпараты болмаған жағдайда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар қамтамасыз етілмеген деп танылады және осы жолға сәйкес кредитік тәуекелдің дәрежесі бойынша мөлшерленеді

150

78

2016 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында жеке тұлғаларға берілген басқа да қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар (осы кестенің 77-жолында көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары мен жеке тұлғаларға қарыздарды қоспағанда)

100

79

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-тан "В-"-қа дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктерiндегі салымдар

100

80

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-тан "В-"-қа дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

100

81

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-тан төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдардағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдардағы және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВ-"-қа дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдардағы салымдар

100

82

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-тан төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдардың, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдардың және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВ-"-қа дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі

100

83

Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі

100

84

Standard & Poor's агенттігінің "ВВ+"-тан "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

100

85

Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-тан "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

100

86

Standard & Poor's агенттігінің "ВВ+"-тан "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

87

Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-" төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдар, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдар және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-тан "ВВ-" -ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

100

88

Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттiгiнің "ВВВ+"-тан "ВВВ-"-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzBBB+"-тан "kzBBB-"-ға дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар секьюритилендіру позициялары

100

89

"Стресстік активтер қоры" акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар

100

90

Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's агенттігінің "ВВ+"-тан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар

100

91

IV тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

100

92

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

100

93

Негізгі қаражат

100

94

Материалдық қорлар

100

95

Сыйақы және шығыстар сомасын алдын ала төлеу

100

V топ

96

Қаржы есептілігі ХҚЕС-ға сәйкес шоғырландырылған заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне), мерзімсіз қаржы құралдарына, реттелген борышына банктің инвестициялары

100

97

Әрқайсысы банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) 10 (оннан) кем пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы

100

98

банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызына ие қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестициялары және шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі және Нормативтердің 11-тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуі тиіс сома жиынтығында Нормативтердің 10-тармағында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталы айырмасының 17, 65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан аспайтын банктің инвестициялары

250

99

Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-" төмен тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар

150

100

Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-" төмен тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар

150

101

Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар

150

102

Standard & Poor's агенттiгiнiң"ВВ-"төмен тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар

150

103

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар резидент емес ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдарға берiлген қарыздар

150

104

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар бейрезидент ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) қарыз алушы тарапынан валюталық тәуекелдері хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген бейрезидент ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасымен 1 (бір) жылдан астам емес мерзімге ұсынылған қарыздар

200

105

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген қарыздар:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекетi;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекетi;
8) Бруней Даруссалам мемлекетi;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекетi;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кука и Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);
33) Нигерия Федеративтiк Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсiз мемлекетi;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекетi;
42) Тонга Корольдiгi;
43) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

106

Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-" төмен тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтинтік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар

150

107

Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-" төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

150

108

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ-" төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар бейрезидент ұйымдардағы, және тиiстi рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардағы салымдар

150

109

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекетi;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекетi;
8) Бруней Даруссалам мемлекетi;
9) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекетi;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);
33) Нигерия Федеративтiк Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсiз мемлекетi;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекетi;
42) Тонга Корольдiгi;
43) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

110

Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ-" төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар бейрезидент ұйымдардың және тиiстi рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегi

150

111

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекетi;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекетi;
8) Бруней Даруссалам мемлекетi;
9) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекетi;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана;
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);
33) Нигерия Федеративтiк Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсiз мемлекетi;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекетi;
42) Тонга Корольдiгi;
43) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

112

Standard & Poor's агенттігінің "В-" төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар

150

113

Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

150

114

Standard & Poor's агенттігінің "В-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

115

Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдар және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

150

116

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекетi;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекетi;
8) Бруней Даруссалам мемлекетi;
9) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекетi;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);
33) Нигерия Федеративтiк Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсiз мемлекетi;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекетi;
42) Тонга Корольдiгi;
43) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

117

Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor's агенттігінің "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

350

118

V тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

150

  Салымдардың кредиттiк тәуекел
дәрежесi бойынша
мөлшерленген банк активтерiнiң
кестесiне қосымша

Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиіс банк активтерінің есебіне түсіндірме

      1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтері кестесінің (бұдан әрі – Кесте) 1, 2, 3, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) қарыздар банктерде осы тармаққа сәйкес түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.

      Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:

      салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;

      қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;

      қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.

      Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.

      2. Қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.

      Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      3. Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиіс банк активтерінің есебіне түсіндірменің (бұдан әрі – Түсіндірме) 1-тармағында көрсетілген, мынадай:

      1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;

      2) оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын;

      3) оффшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      4. Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген, мынадай:

      1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар;

      2) оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді немесе оффшорлық аймақтың аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      5. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банктің активтерін есептеу мақсатында:

      ипотекалық тұрғын үй қарызы деп жеке тұлғаларға тұрғын үй салу үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық қарыз түсініледі;

      тұтынушылық қарыз деп жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген қарыз түсініледі.

      6. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.

      7. Валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, Нормативтердің 21-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелді ескере отырып, активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 191 қаулысына
4-қосымша
  Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
5-1-қосымша

Борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндері

1-кесте. Ресми растауы бар кірістің негізінде борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндері

Берешек сомасы бойынша санат, теңгемен

Артық төлеу деңгейі (ЖТСМ)

0-30 %

30 %-дан көп

120 АЕК-тен аз

100 %

110 %

120 - 200 АЕК

110 %

120 %

200 - 400 АЕК

120 %

130 %

400 - 800 АЕК

130 %

140 %

800 – 2 000 АЕК

140 %

150 %

2 000 АЕК-тен астам

150 %

200 %

2-кесте. Ресми растауы жоқ кірістің негізінде борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндері

Берешек сомасы бойынша санат, теңгемен

Артық төлеу деңгейі (ЖТСМ)

0-30 %

30 %-дан көп

120 АЕК-тен аз

100 %

110 %

120 - 200 АЕК

110 %

120 %

200 - 400 АЕК

120 %

130 %

400 - 800 АЕК

140 %

150 %

800 – 2 000 АЕК

150 %

200 %

2 000 АЕК-тен астам

250 %

300 %

  Борыштық жүктеме
коэффициентін есептеу кезінде
кепілсіз тұтынушылық қарыздар
бойынша салымдардың
кредиттік тәуекел дәрежесі
бойынша мөлшерлеу
коэффициенттерінің мәндеріне
қосымша

Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиіс борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндерін есептеуге түсіндірме

      1. Берешек сомасы бойынша санат банктер, микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаға берген кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша бүкіл берешекті, оның ішінде өтелмеген қарыз бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомасын, қарыз алушыға ашылған, талаптарымен қарыз алушыны кредиттеу көзделген және жеке тұлғаға кепілсіз тұтынушылық қарыз беру туралы шешім қабылдау сәтінде айқындалатын кредиттік желі және (немесе) төлем картасы шеңберіндегі кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігінің сомасын қамтиды.

      2. Қарыз алушының өтелмеген қарызы бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомасы мерзімі өткен негізгі борыштың, мерзімі өткен сыйақының сомасын және банктің, микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылған берешектің сомасын қамтиды.

      3. Қарыз алушыға бұрын жасалған банктік қарыз шартын қайта қаржыландыру мақсатында қарыз берілген жағдайда, өтелмеген қарыз бойынша берешектің қайта қаржыландырылуға тиіс сомасы берешектің жалпы сомасын есептеуге қосылмайды.

      4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқоры және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерекқоры, және (немесе) орталық атқарушы органдардың және оларға тиесілі не қарасты заңды тұлғалардың дерекқоры, және (немесе) жалақы сомасы және жұмыс берушіден өзге кірістер түсетін банктік шот бойынша үзінді көшірме, және (немесе) зейнетақы төлемдерi, және (немесе) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерi, және (немесе) "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi, және (немесе) жеке тұлға - дара кәсіпкердің мынадай салық аударымдары негізінде есептелген кірісі түсетін банктік шоттан үзінді көшірме ресми кірісті растау көздері болып табылады:

      1) патент негізінде арнайы салық режимі қолданылған кезде салық салынатын кірістің 5 (бес) пайызы;

      2) жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі қолданылған кезде салық салынатын кірістің 15 (он бес) пайызы;

      3) белгіленген шегерім пайдаланыла отырып арнайы салық режимі қолданылған кезде салық салынатын кірістің 20 (жиырма) пайызы.

      5. Ресми растауы бар кірістің негізінде борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндері мақсатында Түсіндірменің 4-тармағында көрсетілген ресми расталған кіріс пайдаланылады.

      Басқа жағдайларда ресми растауы жоқ кірістің негізінде борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндері пайдаланылады.

      6. Артық төлеу деңгейі жылдық көрсетуде мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      VTM - негізгі борыш пен сыйақы бойынша қарыз алушының барлық төлемдерін, сондай-ақ банктік қарыз шартын қолданудың бүкіл кезеңіндегі қарызды беруге (оған қызмет көрсетуге) тікелей немесе жанама байланысты комиссиялар мен өзге төлемдерді, оның ішінде қарыз алушының үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдерін қамтитын банктік қарыз шарты бойынша өтелуге тиіс жалпы сома;

      V – банктік қарыз шартын жасасу күніндегі қарыздың бастапқы сомасы;

      t – қарыз мерзімі (күндермен).

      7. Нормативтердің мақсаттары үшін қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) есептеуде негізгі борыш пен сыйақы бойынша қарыз алушының барлық төлемдері, сондай-ақ банктік қарыз шартын қолданудың бүкіл кезеңіндегі қарызды беруге (оған қызмет көрсетуге) тікелей немесе жанама байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер, оның ішінде қарыз алушының үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдері қамтылады.

      8. Банк артық төлеу деңгейі мен ЖТСМ-ді оны беру туралы шешімді қабылдау сәтінде берілетін кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша есептейді.

      9. Банк берешек сомасы бойынша санатқа және артық төлеу деңгейіне байланысты тәуекелдің пайыздағы тиісті дәрежесін қолданады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 191 қаулысына
5-қосымша
  Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне,
капиталының мөлшеріне
6-қосымша

Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесі

Баптардың атауы

Конверсия коэффициентi пайызбен

I-топ

1

Міндеттемелері толығымен: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); банктің иелігіне берілген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының, Standard& Poor's агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк кепілдіктері мен кепілдемелері.

0

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Standard & Poor's агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi және орталық банктері шығарған бағалы қағаздарды, Нормативтердің 19-тармағында көзделген өтiмдiлiгi жоғары басқа да бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) мiндеттемелер

0

3

Банк аккредитивтерi: банктiң қаржы мiндеттемелерiнсiз; мыналармен: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; банктің иелігіне берiлген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер

0

4

Банктің талабы бойынша кез келген сәтте жойылуға жататын қарыздар мен салымдарды банктiң болашақта орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер

0

5

Банктiң еншiлес компанияларының пайдасына олар арқылы сыртқы қарыздарды тартқан және банктiң борыштық мiндеттемелерiн орналастырған кезде берiлген банктiң кепілдіктері мен кепiлдемелерi

0

6

Банк берілген қарызды қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктер

0

II-топ

7

Өтеу мерзiмi 1 (бір) жылдан аз қарыздар мен салымдарды банктiң болашақта орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер

20

8

Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor's агенттiгiнің "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнiң "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк кепiлдiктерi мен кепiлдемелерi

20

9

Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-тен "AA-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен қамтамасыз етiлген банк аккредитивтерi

20

10

Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor's агенттігінің "ААА"-дан "АА-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzAAA"-дан "kzAA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

20

III-топ

11

Өтеу мерзiмi 1 (бір) жылдан көп қарыздар мен салымдарды банктiң болашақта орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер

50

12

Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor's агенттiгiнiң "BBB-"-тен "А-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерiмен; Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-"-тен "А-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-тен "AA-"-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк кепiлдiктерi мен кепiлдемелерi

50

13

Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-"-тен "A-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерiмен; Standard & Poor's агенттiгiнiң "BBB-"-тен "А-"-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-тен "АА-"-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттiгiнің "АА-" және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк аккредитивтерi

50

14

"Қазақстанның ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамынан ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын керi сатып алу бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер

50

15

Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor's агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzA+"-тен "kzA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

50

IV-топ

16

Қаржы құралдарын банкке және банктің керi сатып алу мiндеттемесiмен сату туралы келісім

100

17

Банктiң өзге кепiлдiктерi (кепiлдемелерi)

100

18

Банктiң өзге аккредитивтерi

100

19

Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzBBB+"-тен "kzBBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

100

20

Банктiң өзге шартты (ықтимал) мiндеттемелерi

100

21

Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor's агенттігінің "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

350

  Банктің кредиттік тәуекел
дәрежесі бойынша
мөлшерленген шартты және
ықтимал міндеттемелерінің
кестесіне қосымша

Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банктің ықтимал және шартты міндеттемелерінің есебіне түсіндірме

      Нормативтердің 21-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелі ескерілген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелер валюталарды айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген шартты және ықтимал міндеттемелерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 191 қаулысына
6-қосымша
  Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
15-қосымша

Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесі

Баптар атауы

Қолжетімді тұрақты қорландыру коэффициенті, пайызбен

1

Меншікті капитал Нормативтердің 7 және 11-тармақтарында белгіленген шегерімдерге дейін қосылады (1 (бір) жылдан аз өтеу мерзімі бар екінші деңгейдегі капитал құралдарын қоспағанда)

100

2

Капиталдың өзге құралдары және 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер

100

3

Тұрақты депозиттер

95

4

Аздап тұрақсыз депозиттер

90

5

Қаржылық емес ұйымдар берген 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер

50

6

Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар

50

7

Шет мемлекеттердің орталық үкіметтері, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары және халықаралық қаржы ұйымдары ұсынған 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер

50

8

Заңды тұлғалардың салымдарын қоса алғанда 6 (алты) айдан көп және 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелердің өзге түрлері

50

9

Заңды тұлғалардың 6 (алты) айдан аз қалған өтеу мерзімі бар салымдары

0

10

Заңды тұлғалардың шартсыз мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі бар салымдары

0

11

Өзге мiндеттемелер, оның ішінде мерзімсіз мiндеттемелер (мерзімі кейінге қалдырылған салық мiндеттемелері үшін ерекше режим белгілеумен)

0

12

Егер мiндеттемелер мөлшері туынды қаржы құралдары бойынша активтердің мөлшерінен асқан жағдайда, туынды қаржы құралдары бойынша активтерді шегергенде туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелер бойынша нетто тұрақты қорландыру коэффициенті

0

13

Сатып алу күнінде қаржы құралдарын, шетел валютасын сатып алудан туындайтын төлемдер

0