Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 № ҚР ДСМ-194/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 45-бабының 4-1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11268 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
Е. Биртанов |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 45-бабының 4-1) тармағына сәйкес әзірленді және халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
2) білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;
3) дәрігерге дейінгі медициналық көмек – аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек;
4) динамикалық байқау – халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
5) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;
6) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
7) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
8) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
10) мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;
11) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
12) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
13) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі;
14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
15) сүзгі – емханада ұйымдастырылатын, міндеті пациенттерді емханаға кіреберісте екі негізгі ағынға: инфекциялық ауруға күдігі бар адамдарға (жоғары температура, этиологиясы белгісіз бөртпе, диспепсиялық бұзылыстар және инфекциялық аурулардың белгілері) және дені сау немесе әртүрлі функционалдық ауытқулары бар адамдарға бөлу болып табылады.
3. МСАК ұйымы медициналық көмек көрсетуді "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 16-бабына сәйкес уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес қамтамасыз етеді.
4. МСАК ұйымы "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) сәйкес медициналық құжаттарды, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді.
2-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тәртібі
5. МСАК-ты учаскелік терапевттер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер мен медициналық мейіргерлер:
1) МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымында немесе оның бөлімшелерінде;
2) шығу орны бойынша, оның ішінде үйдегі стационар жағдайында;
3) медициналық ұйымнан едәуір алыста орналасқан және (немесе) климаттық-географиялық жағдайларды ескере отырып, көлік қолжетімділігі нашар елді мекендердегі жергілікті жерге шыға отырып, жылжымалы медициналық кешендерде, медициналық пойыздарда;
4) білім беру ұйымдарында;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып дистанционды көрсетеді.
6. МСАК ұйымының қызметі халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың тұрғылықты жері және (немесе) бекітілген жері бойынша МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аумақтық қағидат бойынша құрылады.
Аумақтық қағидаттың негізінде учаскеге мамандарды бекіте отырып, МСАК учаскесі құрылады.
7. Бекітілген тұрғындар саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас тұрғындар, учаскелік терапевт 2200 адам, учаскелік педиатр 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан аспайды.
8. МСАК:
1) шұғыл тәртіпте – шұғыл медициналық көмек көрсеткен жағдайда бекіту фактісіне қарамастан;
2) жоспарлы тәртіпте – алдын ала жазылуы немесе жүгінуі бойынша бекіту орны бойынша көрсетіледі.
Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылуды жүзеге асыру үшін МСАК ұйымдары көрсететін "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске асырылған.
МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде телефон байланысы арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы мемлекеттік қызметті ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу" журналына жазба енгізеді және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес ауызша түрде дәрігердің қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты береді.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
МСАК ұйымы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
9. МСАК көмектің мынадай түрлерін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес МСАК-тың медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және (немесе) жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша дәрігердің қатысуын талап етпейтін аурулар немесе жағдайлар кезінде арнайы диагностикалық әдістерді қолдану, емдеу және медициналық оңалту бойынша медицина қызметкерлері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) көрсететін дәрігерге дейінгі медициналық көмекті;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес МСАК дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер, учаскелік педиатр) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша жалпы практика дәрігері көрсететін білікті медициналық көмекті;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымындағы әлеуметтік қызметкер мен психолог қызметінің тізбесі бойынша денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер мен психолог көрсететін медициналық-әлеуметтік көмекті қамтиды.
МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) бекітілген Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілімі бойынша тіркелген халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде аутсорсингке жақын жатқан медициналық ұйымға немесе денсаулық сақтау субъектісіне беру арқылы қамтамасыз етеді.
10. МСАК ұйымы:
халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеру кезіндегі көрсетілетін консультативтік-диагностикалық қызметтерден;
жүкті әйелдерді антенаталдық байқау қызметтерден;
экстрагениталдық патологиясы бар фертилдік жастағы әйелдерді динамикалық байқау қызметтерден;
жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздармен көрсетілетін қызметтерден басқа денсаулық сақтау ұйымдарын аутсорсингке бермей, тіркелген халыққа МСАК қызметтерін көрсетуді жүзеге асырады.
11. МСАК ұйымы диагностика және емдеуді, профилактика және сауықтыруды, динамикалық байқауды, медициналық оңалтуды, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуді жүзеге асырады және паллиативтік көмек қызметтерін көрсетеді.
1-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында диагностика және емдеуді ұйымдастыру тәртібі
12. МСАК ұйымына алғашқы жүгінген кезде тіркеу орнында электрондық форматта ақпараттық жүйелерде № 907 бұйрықпен бекітілген амбулаториялық пациенттің медициналық картасы № 025/е нысан бойынша ресімделеді.
Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда амбулаториялық пациенттің медициналық картасы қағаз түрінде ресімделеді, кейін ақпараттық жүйеге енгізіледі.
МСАК ұйымы бастапқы есепке алу медициналық құжаттың, оның ішінде электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді.
13. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес адамдар МСАК ұйымдарына өтініштердің себептері бойынша жүгінеді.
Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты жүгінген жағдайда МСАК ұйымдарының мамандары клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностика және емдеу әдістерін айқындайды.
Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты МСАК ұйымдарына жүгінген жағдайда регистратура маманы немесе медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі) жібереді.
Дәрігерге дейінгі кабинетте (сүзгі) медицина қызметкері пациентті қарап болған соң қажетті дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді.
Білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайларында медицина қызметкері кезекші дәрігерді немесе учаскелік дәрігерді шақыртады. Көрсетілімі болған жағдайда медицина қызметкері жедел жәрдем бригадасын шақыруды және шұғыл түрде бейін бойынша тәуліктік стационарға жіберуді қамтамасыз етеді.
Шұғыл емдеуге жатқызуды қарастырмайтын жағдайларда пациентті одан әрі байқау амбулаториялық деңгейде жүзеге асырылады.
14. МСАК ұйымдарының мамандары пациентті күндізгі немесе тәуліктік стационарға жоспарлы түрде Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жібереді.
15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық көмек көрсету ережелеріне сәйкес МСАК ұйымдарында да төртінші жеделділік санатындағы жедел медициналық көмек шақыртуларына қызмет көрсету жүзеге асырылады.
16. МСАК ұйымында үйге бару арқылы мынадай қызметтер жүргізіледі:
патронаж;
пациентке белсенді бару;
үйге шақырту;
үй жағдайындағы стационар;
3 деңгейдегі медициналық реабилитация;
отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша қызметтер;
салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар;
медициналық-әлеуметтік қолдау
психологиялық көмек;
созылмалы ауруларды динамикалық байқау;
рецепт жазу;
паллиативтік мобильдік бригаданың шығуы.
17. Патронаж:
1) 5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге;
2) жүкті және босанған әйелдерге;
3) өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қаупі анықталған 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті немесе босанған әйелдері бар отбасыларды байқау кезінде;
4) қозғалысы шектелген кезде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар пациентке;
5) паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге жүргізіледі.
18. 5 жасқа дейінге балалардың, оның ішінде жаңа туған нәрестелердің патронажы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16279 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес әмбебап-прогрессивті модель негізінде жүргізіледі.
19. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16854 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына (бұдан әрі – 173 бұйрық) сәйкес жүкті және босанған әйелдердің патронажы әмбебап-прогрессивті модель негізінде жүргізіледі.
20. Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарлы келулермен (әмбебап тәсіл), баланың өмірі, денсаулығы немесе дамуы үшін медициналық немесе әлеуметтік тәуекелдердің болуына байланысты жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерекше қолдауды қажет ететін балаларға арналған жеке жоспар бойынша (прогрессивті тәсіл) қосымша белсенді бару жүргізіледі.
Әмбебап (міндетті) патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады және жүкті әйелге босанғанға дейінгі 2 патронаждан (12 апта және 32 апта жүктілік мерзімінде) және жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды қадағалаудың жалпы схемасы бойынша дәрігер/фельдшер және орта медицина қызметкері үйде және МСАК ұйымдарында қабылдауда 9 келуден тұрады.
Прогрессивті тәсіл жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажының (орта медицина қызметкерінің үйде патронаждық баруы) әмбебап-прогрессивті моделі схемасы бойынша олардың өміріне, денсаулығына, дамуы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған жүкті әйелдер мен балаларды патронаждық бақылауды көздейді.
21. Прогрессивті тәсілді немесе прогрессивті қызметтер пакетін алушы туралы мәліметтер (пациенттің немесе заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, телефондары) "Бірыңғай төлем жүйесі" электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
22. Учаскелік мейірбикенің жүкті әйелдерді патронаждау нәтижелерін 111/е нысаны бойынша жүкті және босанған әйелдің жеке картасына енгізеді, ал жаңа туған және 5 жасқа дейінгі балаларды 907 бұйрықпен бекітілген 025/е нысаны бойынша пациенттің амбулаториялық картасына енгізеді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес отбасымен жеке жұмыс жоспарын, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы қалыптастырады.
Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда қағаз түрінде ресімделеді, кейін ақпараттық жүйеге енгізіледі.
23. Патронажды жүзеге асыру кезінде МСАК маманы: сантиметр лентасын, дене температурасын және бөлме температурасын өлшеуге арналған термометрлерді, фонендоскоп пен тонометрді, қолды өңдеуге арналған дезинфектант, медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған ең аз жиынтық, ақпараттық материалдарды пайдаланады. Ақпараттық жүйелерді, оның ішінде мобилдік қосымшаларды енгізген жағдайда МСАК маманы ұялы қосымшасы бар планшетті немесе смартфонды пайдалана алады.
24. Патронаж ұйымдастыру мониторингін МСАК ұйымының аға мейірбикесі немесе ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) жүргізеді.
25. МСАК ұйымдары маманының пациенттің үйіне, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы белсенді баруы:
1) стационардан шығару немесе жедел медициналық көмек станциясынан активтерді берген ауыр жағдайдағы пациенттердің қозғалуы шектелген кезде;
2) жүкті әйелдер белгіленген күннен кейін 3 күннің ішінде қабылдауға келмеген кезде;
3) босанған әйел көрсетілген мерзімде қабылдауға келмегенде;
4) босанған әйел бекіту мәртебесіне қарамастан акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп түскен мәліметтер бойынша қызмет көрсету аумағына келген жағдайда жүзеге асырылады.
Пациенттің үйіне белсенді баруды учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер басымдықпен жүзеге асырады.
26. МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері үйге шақыртуға қызмет көрсетуді учаскелік (жалпы медициналық) қызметтің бөлім меңгерушісі, ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика, терапевт (педиатр) дәрігер) үйлестіреді.
Үйге шақыруды қабылдауды МСАК ұйымының тіркеу орны және (немесе) учаскелік мейіргер немесе фельдшер жүзеге асырады.
27. Дәрігерді үйге шақыру үшін МСАК ұйымдары көрсететін "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске асырылған.
МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде телефон байланысы арқылы немесе ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметті ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК көрсететін ұйым ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Пациент МСАК ұйымына өз бетінше немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Шақыруларды тіркеу журналына" жазба жасайды және ауызша түрде дәрігердің келу күні мен уақыты көрсетілген жауапты береді. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
МСАК көрсететін ұйым ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
28. Жеделділіктің төртінші санатындағы жедел медициналық көмекті шақыртуларды қоспағанда, қабылдауға денсаулығының жай-күйі мен аурудың сипаттамасы бойынша МСАК ұйымына келу мүмкіндігі болмаған жағдайда адамдардың МСАК ұйымдарына жүгінуі үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін көрсетілімдер болып табылады.
Учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:
1) шақырту кезінде дене қызуының 380С болуы;
2) жай-күйінің бұзылуынсыз артериялық қысымның артуы;
3) медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйі, ауруы, жарақаттары (есінен айырылмау, қан кету белгілерінсіз, жай-күйінің кенеттен нашарламауы).
Учаскелік дәрігердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:
1) шақыртуға қызмет көрсеткен учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің шақыртуды қабылдауы кезінде МСАК-тың тіркеу бөлімі бағалаған дәрігердің үйде тексеріп-қарауын қажет ететін жай-күйі;
2) вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы.
5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және босанған әйелдерге денсаулық жай-күйінің кез-келген нашарлауы кезінде, жедел медициналық көмек шақыртуларын қоспағанда, үйде қызмет көрсетіледі. 65 жастан асқан, қозғалысы шектелген адамдарға үйде қызмет көрсетіледі.
29. 907 бұйрықпен бекітілген жүкті және босанатын әйелдерге белсенді бару нәтижелері жүкті және босанатын әйелдің жеке картасына № 111/е нысан бойынша енгізіледі, ал 5 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан адамдардың амбулаториялық пациенттің медициналық картасына № 025/е нысан бойынша енгізіледі.
МСАК ұйымында медициналық ақпараттық жүйе болған жағдайда белсенді бару нәтижелері осы ақпараттық жүйелерге енгізіледі.
30. Емдеу емшаралары мен манипуляцияларды жүргізу және ұйымға бару мүмкіндігі болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдері бойынша үйдегі стационар қызметтері жүргізіледі.
31. Пациенттерді үйдегі стационарда қадағалап-қарау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 669 бұйрық) бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына сәйкес медициналық қызметкермен жүзеге асырылады.
32. МСАК ұйымы № 669 бұйрыққа сәйкес күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсетеді.
33. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 630 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5917 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.
34. Амбулаториялық емді анықтаған және емдік шараларды тағайындаған жағдайда пациентке "Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11465 болып тіркелген) дәрілік заттарға рецепт жазып беру жүзеге асырылады және МСАК ұйымының емшара кабинетіне немесе емдік шараларды үйде тағайындауға жолдама береді. Амбулаториялық емнің тиімділігін және оған түзету енгізуді емдеуге жолдама берген МСАК дәрігері жүргізеді.
35. Дәрілік заттарға рецептілерді МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері дәрілік заттар рецептілік бланкілерде, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жазылады.
36. Осы қызмет түріне аттестатталған медициналық білімі бар мамандарды (дәріхана объектілері жоқ елді мекендердегі дәрігерлік амбулаторияларды, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерді) қоспағанда, МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлерінің дәрілік заттар беруіне жол берілмейді.
37. МСАК ұйымдарында бекітілген халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
2-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында профилактика және сауықтыруды ұйымдастыру тәртібі
38. МСАК ұйымында аурулардың аурулардың профилактикасы:
1) профилактикалық медициналық тексеруді, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын;
2) бекітілген халық ауруларының мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау және мониторингілеу және анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына үйрету;
3) иммундау;
4) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
5) ұрпақты болу денсаулығын сақтау іс-шаралары;
6) жүкті және босанған әйелдерді антенаталдық бақылау және босанған әйелдерді кеш босанудан кейінгі кезеңде байқау;
7) инфекциялық аурулардың эпидемиясы туындау қаупі жағдайында халықтың аулаларын аралау, инфекциялық аурулармен ауыратын науқастар анықталған кезде, олармен байланыста болған адамдарға және инфекциялық ауруларға күдікті адамдарға белсенді баруды қамтиды.
39. "Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) сәйкес нысаналы топтарды профилактикалық медициналық қарап-тексеру және мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау диагностикалық қызметтердің кезеңділігімен, жиілігімен және көлемімен жүргізіледі.
40. Мінез-құлық тәуекел факторларымен алдын алу бойынша кеңес беру және жеке тұлғалар тобының мінез-құлқын қалай өзгерту керектігіне қатысты толық ұсыныс беру бойынша МСАК ұйымы анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына оқытуды қамтамасыз етеді. Аталған оқу МСАК ұйымының мамандарымен профилактикалық кабинеттерде немесе арнайы бөлінген аймақта жүргізіледі.
41. Халықтың ақпараттануы мен сауаттылығын арттыру, сондай-ақ МСАК мамандарына салауатты өмір салтын қалыптастыру, тамақтану мәселелері және денсаулықты сақтаудың басқа да өзекті мәселелері бойынша консультация беру жөніндегі іс-шараларды салауатты өмір салтын қалыптастыру құру, тиімді тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы жүргізеді.
42. МСАК ұйымы ұрпақты болу денсаулығын сақтау бойынша қызметтер көрсетеді:
1) жүкті әйелдерді босануға, оның ішінде серіктес босануға дайындау бойынша босанғанға дейінгі оқытуды жүргізу, жүкті әйелдерді мазасыздық белгілері туралы, тиімді перинаталдық технологиялар, ана болу қауіпсіздігі, емшекпен қоректендіру және перинаталдық күтім қағидаттары туралы хабардар ету;
2) отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру және қызметтер көрсету;
3) бейінді мамандарға жіберу үшін жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы және анықтау;
4) қаламаған жүктілік пен қауіпсіз аборттың профилактикасы;
5) репродуктивті ағзалар ісігінің профилактикасы (жатыр мойны мен сүт безі ісігі).
43. МСАК ұйымы №173 бұйрыққа сәйкес жүкті әйелдерді антенаталдық бақылауды, босанған әйелдерді кеш босанғаннан кейінгі байқауды, экстрагениталдық патологиясы бар фертилдік жастағы әйелдерді динамикалық бақылауды қамтамасыз етеді.
44. МСАК ұйымы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың ауыз қуысына профилактикалық тексеру жүргізуді және балаларды тіс және ауыз қуысының сілемейлі қабығын күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқытуды өз бетінше немесе стоматологиялық қызмет көрсететін ұйымдарға аутсорсингке беру жолымен қамтамасыз етеді.
45. МСАК учаскесі деңгейінде инфекциялық аурулардың профилактикасына:
дер кезінде сырқаттанғандарды анықтау;
профилактикалық егулер жүргізу;
инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жатады.
Бекітілген халықтың арасында инфекциялық ауруларды белсенді анықтау МСАК ұйымдарының медицина қызметкері пациентке үйде белсенді бару жолымен аулаларды (пәтер бойынша) аралау жолымен инфекциялық аурудың өршуі туралы ресми хабарлама алған кезде жүзеге асырылады.
46. МСАК ұйымы инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген аурулардың тізбесін және оларды жүргізу ережесі бойынша профилактикалық егулерді жүргізуді қамтамасыз етеді.
47. МСАК ұйымы халыққа профилактикалық егуді Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17206 болып тіркелген) бекітілген "Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізеді.
48. Профилактикалық егулерді есепке алу егу жүргізілетін орын бойынша денсаулық сақтау объектілерінде, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, білім беру объектілерінде, 907 бұйрықпен бекітілген 064/е нысаны бойынша профилактикалық егулерді есепке алу журналы, № 063/е нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, № 025/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы сақталатын есепке алу нысаны бойынша, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.
МСАК ұйымында медициналық ақпараттық жүйе болған жағдайда белсенді бару нәтижелері осы ақпараттық жүйелерге енгізіледі.
49. МСАК ұйымының мамандары бекітілген халықтың арасында иммундық-профилактика мәселелері бойынша, соның ішінде вакцинациядан бас тартқан адамдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
50. МСАК ұйымы инфекциялық аурулардың ошақтарындағы жұмысты ұйымдастырады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16793 болып тіркелген) бекітілген "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – санитариялық қағидалар) сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады.
51. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11317 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ТМККК алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесіне сәйкес қауіп төндіретін аурулар анықталған жағдайда МСАК мамандары санитариялық қағидаларға сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.
52. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 994 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16381 болып тіркелген) (бұдан әрі – 994 бұйрық) бекітілген Туберкулез бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы туберкулездің алдын алу, белсенді ерте анықтау және диагностикалау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүргізеді.
53. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 508 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11803 болып тіркелген) бекітілген Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларына сәйкес МСАК ұйымы АИТВ инфекциясының бар-жоғына эпидемиологиялық айғақтар бойынша тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.
54. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8687 болып тіркелген) (бұдан әрі – 452 бұйрық) бекітілген онкологиялық көмек ұйымының стандартына сәйкес обыр алды және онкологиялық аурулардың профилактикасы және белсенді ерте анықтау жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүргізеді.
55. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 95 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13404 болып тіркелген) бекітілген психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес психикалық және мінез-құлықтық бұзылулармен ауыратын науқастардың профилактикасы және белсенді ерте анықтау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүргізеді.
3-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауды, оңалтуды және паллиативтік көмекті, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуді ұйымдастыру тәртібі
56. МСАК ұйымының мамандары пациентті динамикалық байқауға алуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18474 болып тіркелген) бекітілген Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Пациент үш құжаттың біреуінің негізінде бекітілген жері бойынша МСАК ұйымына динамикалық байқау үшін есепке қойылады:
1) МСАК дәрігерінің қорытындысы;
2) бейінді маманның консультациялық қорытындысы;
3) стационарлық науқастың медициналық картасынан алынған үзінді.
Медициналық ұйымнан анықтама алу үшін "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет іске асырылған.
МСАК көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру мемлекеттік қызмет болып табылады және оны МСАК ұйымдары көрсетеді.
МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде немесе ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Пациент МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК мамандары пациенттің динамикалық бақылауда тұрғаны/тұрмағыны туралы медициналық ақпараттық жүйеде тексеруді жүзеге асырады, содан кейін № 907 бұйрықпен бекітілген № 035-2/е нысаны бойынша анықтама ресімделеді, учаскелік дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің жеке қолымен және мөрімен және МСАК ұйымының мөрімен куәландырылады.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанындағы медициналық ұйымнан анықтама қалыптастырылады, ол "Жеке кабинетке" жіберіледі.
Нәтижесінде МСАК ұйымынан динамикалық бақылаудағы жай- күйі/жай-күйі туралы анықтама беріледі.
МСАК ұйымы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
57. Диспансерлік есепке алғаш рет алынған пациентті ресімдеу кезінде учаскелік мейіргер № 907 бұйрықпен бекітілген 025/е "динамикалық (диспансерлік) бақылау" нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картаға 5-қосымша парақты, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы толтырады.
МСАК ұйымында медициналық ақпараттық жүйе болған жағдайда белсенді бару нәтижелері осы ақпараттық жүйелерге енгізіледі.
58. Созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды МСАК ұйымдарының мамандары (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер/учаскелік педиатр), орта медицина қызметкерлері (учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер) жүзеге асырады.
Көрсетілімі болған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және салауатты өмір салты кабинеттерінің мамандары тартылады.
59. Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымы учаскелік мейіргерлердің, МСАК дәрігерлерінің, бейінді мамандардың қарап-тексеру тізбесі, көлемдері, зертханалық және аспаптық зерттеулер, бақылау мерзімдері, есептен шығару өлшемшарттары МСАК ұйымдарында динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі бойынша айқындалады.
60. Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) өзіндік менеджментке пациенттерді тарту кезінде созылмалы аурулармен ауыратын пациенттерді динамикалық байқау бағдарламасын білдіреді.
61. АББ үш созылмалы ауру бойынша жүргізіледі: артериялық гипертензия, 2 типті қант диабеті, жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі.
62. Динамикалық байқау кезінде МСАК учаскесінің мамандары пациенттерді АББ-ға қатысу үшін іріктейді және мыналарды қамтамасыз етеді:
1) құрамында МСАК мамандары мен бейінді мамандары бар мультитәртіптік топтың болуы;
2) АББ-ға қатысатын пациенттің жеке күнделігінде пациенттің денсаулығының жай-күйін, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде үздіксіз бағалауды қамтамасыз ету;
3) пациенттің жеке күнделігінде тіркей отырып, өзіндік менеджментке/өз-өзіне көмек көрсетуге үйрету;
4) пациентпен әңгімелесуді және науқасты қадағалау жоспарын түзетуді қамтитын пациенттен кері байланыс практикасын енгізу.
63. Пациенттің АББ-ға қатысуға келісімі болған кезде учаскелік мейіргер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес келісім жасайды.
Учаскелік мейіргер АББ-ға қатысу туралы шарттың электрондық нысанын "Бірыңғай төлеу жүйесі" электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
64. Бағдарламаның тиімділігін мониторингілеу нысаналы нысандарға қол жеткізудің негізінде бағаланады.
65. АББ бойынша пациентті байқауды біліктілікті арттыру туралы куәлікке сәйкес келетін МСАК-тың мамандары жүзеге асырады. Учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт (педиатр) дәрігері) МСАК ұйымы учаскесінің шегіндегі АББ үйлестірушісі болып табылады.
66. Туберкулезді бастап өткерген науқастарды динамикалық байқау аурудың жоғарғы қаупі бар 3-топтағы адамдарға 994 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
Онкологиялық науқастарды динамикалық байқау Іа тобындағы қатерлі ісіктерге күдікті аурулармен ауыратын пациенттерге, Іб тобындағы ісікалды аурулармен ауыратын пациенттерге, паллиативтік немесе симптомдық емдеуге жататын IV топтағы қатерлі ісіктердің таралған нысанымен ауыратын пациенттерге 452 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
67. Созылмалы аурулары бар адамдарға көрсетілімдер болған жағдайда МСАК ұйымы қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту, паллиативтік көмек және арнайы әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетумен мейіргерлік күтім қызметтерін көрсетеді.
68. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес медициналық оңалту және қалпына келтіру емі қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.
69. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8956 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 269 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9532 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына мейіргерлік күтім көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.
70. МСАК деңгейінде еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама бойынша қызметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуді қамтиды.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
71. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
72. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Қызмет берушінің атауы | МСАК ұйымы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) МСАК үйымы (тікелей немесе МСАК ұйымының телефоны бойынша өтініш берген кезде); |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
МСАК ұйымдарына өтініш берген кезде (тікелей немесе телефон бойынша): |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) МСАК ұйымына тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – шақыртуларды тіркеу журналында жазу және дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) МСАК ұйымына: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өзге талаптар "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығының "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары" деген 2-тарауында көрсетілген. |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және/немесе жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі
№ р/с | Қызметтердің коды | Қызметтердің атауы |
1. | A01.008.000 | Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Фельдшер |
2. | A01.008.002 | Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Фельдшер |
3. | A01.008.003 | Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Фельдшер |
4. | A01.008.008 | Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Фельдшер |
5. | A01.008.009 | Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Фельдшер |
6. | A01.008.010 | Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Фельдшер |
7. | A01.008.012 | Медициналық реабилитацияның кешенді қызметтері: Фельдшер |
8. | A01.008.013 | Шұғыл медициналық көмек көрсету: Фельдшер |
9. | A01.009.000 | Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер |
10. | A01.009.002 | Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Жоғары білімі бар мейіргер |
11. | A01.009.003 | Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Жоғары білімі бар мейіргер |
12. | A01.009.008 | Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер |
13. | A01.009.009 | Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер |
14. | A01.009.010 | Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Жоғары білімі бар мейіргер |
15. | A01.009.012 | Медициналық реабилитацияның кешенді қызметтері: Жоғары білімі бар мейіргер |
16. | A01.010.000 | Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер |
17. | A01.010.002 | Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Орта білімі бар мейіргер |
18. | A01.010.003 | Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Орта білімі бар мейіргер |
19. | A01.010.008 | Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер |
20. | A01.010.009 | Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер |
21. | A01.010.010 | Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Орта білімі бар мейіргер |
22. | A01.010.012 | Медициналық реабилитацияның кешенді қызметтері: Орта білімі бар мейіргер |
23. | A01.011.000 | Амбулаториялық картасына жаза отырып өз бетінше қабылдау және қарап-тексеру: Акушер |
24. | A01.011.003 | Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Акушер |
25. | A01.011.008 | Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Акушер |
26. | A01.011.013 | Жүкті әйелдерді және отбасы мүшелерін босануға дайындау мектебі: Акушер |
Зертханалық диагностика (дәрігерге дейінгі көмек) | ||
27. | B03.866.003 | Экспресс әдісімен несептің көрсеткіштерін (pH, лейкоциттер, эритроциттер, уробилиноген, нитриттер, ақуыз) анықтау |
28. | B03.401.003 | Экспресс әдісімен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау |
29. | B03.335.003 | Экспресс әдісімен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау |
30. | B03.486.003 | Экспресс әдісімен бойынша қан сарысуындағы триглицеридтерді анықтау |
31. | B03.517.003 | Экспресс әдісімен несептегі адамның хориондық гонадотропинін (ХГА) анықтау (жүктілікке арналған тест) |
32. | B03.860.003 | Экспресс әдісімен АИТВ-1,2-ға және антиген р24-ке сомалық антиденелерді анықтау |
33. | B03.861.003 | Экспресс әдісімен қан сарысуындағы Treponema Pallidum антиденелерді анықтау (мерезге эксперсс тест) |
34. | B03.862.003 | Экспресс әдісімен қан сарысуындағы C вирустық гепатитінің вирусына жиынтық антиденелерді анықтау |
35. | B03.863.003 | Экспресс әдісімен қан сарысуындағы HBsAg анықтау |
36. | B03.870.003 | Экспресс әдісімен ұрықжанындағы судың болуына сүртіндіні зерттеу |
Ем-шаралар мен манипуляциялар | ||
37. | D99.293.012 | Венадан қан алу |
38. | D99.296.013 | Саусақтан қан алу |
39. | D91.496.106 | Қынаптың тазалық дәрежесіне сүртінді алу |
40. | D91.496.105 | Онкоцитологияға сүртінді алу |
41. | D91.911.013 | Микробиологиялық зерттеуге материал алу |
42. | D99.590.020 | Манту сынамасын жүргізу |
43. | D99.590.021 | Диаскинтест жүргізу |
44. | D96.330.014 | Асқазанды шаю |
45. | D96.390.015 | Клизма |
Мейіргер күтімін қажет ететін ем-шаралар мен манипуляциялар | ||
46. | D93.891.018 | Үлкен жастағы пациентке мейіргер күтімін жасау рәсімдері |
47. | D93.891.019 | Пациентті отбасы мүшелерін күтім жасау элементтері мен гигиенаға үйрету |
48. | D93.891.020 | Төсекжараның профилактикасы және тазарту |
49. | D93.891.021 | Таңу |
50. | D93.891.022 | Ауыр пациентті қырындыру, тырнағына және шашына күтім жасау |
51. | D93.891.023 | Ауыр пациенттің ауыз қуысына күтім жасау |
52. | D93.891.024 | Ауыз-жұтқыншақтан сілемейді сору |
53. | D93.891.025 | Оростомалар, эзофагостомаларкезіндегі құрал |
54. | D93.891.026 | Трахеостома кезіндегі құрал |
55. | D93.891.027 | Назогастралдық сүңгіге, мұрын канюнялары мен катетерге күтім жасау |
56. | D93.891.028 | Жоғарғы тыныс алу жолдарынан сілемейді сору |
57. | D93.891.029 | Мұрыннан сілемейді сору |
58. | D93.891.030 | Фарингостома кезіндегі құрал |
59. | D93.891.031 | Интраназалдық дәрілік препараттарды енгізу |
60. | D93.891.032 | Гастростома кезіндегі құрал |
61. | D93.891.033 | Назогастралдық сүңгіге күтім жасау |
62. | D93.891.034 | Ауыр пациентті гастростом арқылы тамақтандыру |
63. | D93.891.035 | Илеостома кезіндегі құрал |
64. | D93.891.036 | Интестиналдық сүңгіге күтім жасау |
65. | D93.891.037 | Ауыр пациентті интестиналдық сүңгі арқылы тамақтандыру |
66. | D93.891.038 | Илеостомаға күтім жасауды үйрету |
67. | D93.891.039 | Жуан ішектің стомалары кезінде құрал |
68. | D93.891.040 | Колостомаға күтім жасауды үйрету |
69. | D93.891.041 | Ауыр пациенттің дефекациясы кезіндегі құрал |
70. | D93.891.043 | Газ шығару түтігін қою |
71. | D93.891.044 | Копролитті алу |
72. | D93.891.045 | Нәжісті ұстамау кезіндегі құрал |
73. | D93.891.046 | Сифондық клизманы қою |
74. | D93.891.047 | Қынаптың (пессария)қолдау сақинасын қою, алып тастау |
75. | D93.891.048 | Сыртқы есту өтісіне күтім жасау |
76. | D93.891.049 | Ауыр пациенттің көздеріне күтім жасау |
77. | D93.891.050 | Конъюнктивті қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау |
78. | D93.891.051 | Ауыр пациент несеп шығарған кездегі құрал |
79. | D93.891.052 | Несеп катетеріне күтім жасау |
80. | D93.891.053 | Цистостомаға және уростомаға күтім жасау |
81. | D93.891.054 | Несепті ұстамаған кездегі құрал |
82. | D93.891.055 | Ауыр пациенттің төсегін ауыстыру және/немесе жатқызу |
83. | D93.891.056 | Ауыр пациентті мекеменің ішінде тасымалдау |
84. | D93.891.057 | Ауыр пациентті ауыз арқылы және/немесе назогастралдық сүңгімен тамақтандыру |
85. | D93.891.058 | Ауыр пациенттің төсек-орнын дайындау және ауыстыру |
86. | D93.891.059 | Ауыр пациенттің ішкиімін және киімін ауыстыру бойынша құрал |
87. | D93.891.060 | Ауыр пациенттің бұтаралық және сыртқы жыныс мүшелеріне күтім жасау |
88. | D93.891.061 | Дренажға күтім жасау |
89. | D93.891.062 | Дәрілік препараттарды парентералдық енгізу кезіндегі құрал |
90. | D93.891.063 | Төсекжараның дамуына қауіп дәрежесін бағалау |
91. | D93.891.064 | Төсекжараның ауырлық дәрежесін бағалау |
92. | D93.891.065 | Ауырсу қарқындылығын бағалау |
93. | D93.891.066 | Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және/немесе ауыстыру техникасына үйрету |
94. | D93.891.067 | Пациенттің төсекте және/немесе креслода ауысуы кезінде өз-өзіне көмектесуіне үйрену |
95. | D93.891.068 | Пациентті балдақпен жүруге үйрету |
96. | D93.891.069 | Пациент қосымша тіректердің көмегімен жүруі кезінде өз-өзіне көмектесуіне үйрету |
97. | D99.590.019 | Препараттың бағасынсыз вакцинациялау |
98. | D97.311.050 | Тігістерді алу, лигатурларды алып тастау |
99. | D02.001.008 | Тыныс алу гимнастикасы |
100. | D02.002.008 | Топтық ЛФК |
101. | D02.003.008 | Жеке ЛФК |
102. | D04.001.000 | Профилактикалық кабинеттерде, сауықтыру мектептерінде оқыту |
103. | D04.002.000 | Науқастар мен олардың отбасыларын созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес өзін-өзі бақылау, өзін-өзі және өзара көмек көрсетуге үйрету |
104. | D04.003.000 | "Қызу желі" телефоны бойынша консультация |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері көрсететін ем-шара кабинеті қызметтердің тізбесі | ||
105. | D99.590.022 | Бұлшықетішілік инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде) |
106. | D99.590.023 | Венаішілік инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде) |
107. | D99.590.024 | Теріасты инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде) |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт / учаскелік педиатр дәрігер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі
№ р/с | Қызметтердің коды | Қызметтердің атауы |
1. | A01.001.000 | Қабылдау: Учаскелік терапевт |
2. | A01.001.002 | Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Учаскелік терапевт |
3. | A01.001.005 | Отбасын жоспарлау және жүктілікті қауіпсіз үзу мәселелері бойынша консультация: Учаскелік терапевт |
4. | A01.001.006 | Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Учаскелік терапевт |
5. | A01.001.007 | Пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Учаскелік терапевт |
6. | A01.002.000 | Қабылдау: Учаскелік педиатр |
7. | A01.002.002 | Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Учаскелік педиатр |
8. | A01.002.007 | Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Учаскелік педиатр |
9. | A01.003.000 | Қабылдау: Жалпы практика дәрігері |
10. | A01.003.002 | Пациентті сауықтыру жоспарын құру: Жалпы практика дәрігері |
11. | A01.003.005 | Отбасын жоспарлау және жүктілікті қауіпсіз үзу мәселелері бойынша консультация: Жалпы практика дәрігері |
12. | A01.003.006 | Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Жалпы практика дәрігері |
13. | A01.003.007 | Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде пациенттің отбасының әлеуметтік статусын бағалауы: Жалпы практика дәрігері |
Зертханалық диагностика (білікті көмек) | ||
14. | B02.061.002 | Қол әдісімен қандағы эротроциттердің шөгу жылдамдығын (ЭШЖ) Вестерген әдісімен өлшеу |
15. | B03.864.003 | Экспресс әдісімен қандағы гемоглобинді анықтау |
16. | B03.865.003 | Экспресс әдісімен қандағы лейкоциттерді анықтау |
17. | B03.867.003 | Экспресс әдісімен тропонинді анықтау |
18. | B03.868.003 | Экспресс әдісімен гликириленген гемоглобинді анықтау |
19. | B03.869.003 | Экспресс әдісімен протромбиндік уақытта портативтік талдауышта МНО-ны анықтау |
20. | B06.672.012 | АВО жүйесінде стандартты сарысулармен қан тобын анықтау |
21. | B06.673.012 | АВО жүйесі бойынша моноклоналдық реагенттермен стандартты сарысумен (цоликлондармен) қан тобын анықтау |
22. | B06.677.012 | Қандағы резус-факторды анықтау |
Функциялық және аспаптық диагностика | ||
23. | C02.001.000 | Электрокардиографикалық зерттеу (12 жалғамдық) |
24. | C02.033.000 | Автоматтандырылған аппараттарда жазу кезіндегі спирография |
25. | C02.048.000 | Динамометрия |
26. | C02.054.000 | Пульсоксиметрия |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымындағы әлеуметтік қызметкер мен психолог қызметтерінің тізбесі
№ р/с | Қызметтердің коды | Қызметтердің атауы |
Психологтың қызметтері | ||
1. | A01.005.000 | Қабылдау: Психолог |
2. | A01.005.001 | Бала суицидінің профилактикасы бойынша сабақтар өткізу: Психолог |
3. | A01.005.002 | Мінез-құлық және психикалық белсенді бұзылуларға күдіктенген кезде қабылдау: Психолог |
4. | A01.005.003 | Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделу мәселелері бойынша консультация беру: Психолог |
5. | A01.005.009 | Созылмалы аурулармен ауыратын пациентті өзіндік менеджментке үйрету: Психолог |
Әлеуметтік қызметкердің қызметтері | ||
6. | A01.006.000 | Қабылдау: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер |
7. | A01.006.001 | Медицаналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыру және өткізу: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер |
8. | A01.006.002 | Пациенттің отбасы мүшелерін үй жағдайында өткізілетін медициналық күтім жасау негіздеріне үйрету: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер |
9. | A01.006.003 | Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделеу бойынша консультация беру: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер |
10. | A01.007.000 | Қабылдау: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
11. | A01.007.001 | Медициналық-әлеуметтік зерттеп-ұйымдастыру және жүргізу: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
12. | A01.007.002 | Пациенттің отбасы мүшелерін үй жағдайында өткізілетін медициналық күтім жасау негіздеріне үйрету: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
13. | A01.007.003 | Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жастық бейімделеу бойынша консультация беру: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына | |
5-қосымша |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына жүгіну себептері
№ р/с | Жүгіну себептерінің тобы | Жүгіну себептерінің атауы |
1 | Ауруы | Жіті аурулар (жай-күйі)/ Созылмалы аурулардың асқынуы |
Әлеуметтік мәні бар ауруға күдіктенгенде | ||
Ауруы бойынша қашықтықтан консультация беру | ||
Актив | ||
Медициналық реабилитация (3 деңгей) | ||
Стоматологиялық көмек | ||
2 | Жарақат | Жіті жарақат (Травмпункт, АЕҰ) |
Жарақаттың салдары (АЕҰ) | ||
3 | Профилактика | Профилактикалау мақсатындағы жүгіну (скринингтен басқа) |
Иммунопрофилактика | ||
Скрининг (профилактикалық қарау) | ||
Патронаж | ||
Отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша қызметтер | ||
Антенатальді байқау кезінде қабылдау | ||
Постнатальді байқау кезінде қабылдау | ||
Білім алушылардың денсаулығын сақтау бойынша қызметтер (мектеп медицинасы) | ||
Салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар | ||
Ақылы медициналық қарау | ||
Стоматологиялық қызметтер | ||
4 | Динамикалық (диспансерлік) байқау | Созылмалы аурулармен ауыратындарды динамикалық байқау (оның ішінде АББ) |
5 | Медициналық әлеуметтік қызметтер | Медициналық әлеуметтік қолдау |
Психологиялық көмек | ||
6 | Әкімшілік | Әкімшілік |
Медициналық әлеуметтік сараптамаға құжаттар ресімдеу | ||
Рецепт жазу |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарындағы отбасы мен жеке жұмыс жоспары
Ұйым: | № У часке ____________________ бала және отбасы туралы ақпаратты жіберген мейіргердің ТАӘ (бар болса) ______________________ | Отбасымен бірге жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлердің ТАӘ (бар болса) _______________________ | ||
Жоспарды іске асыру бойынша басталу күні: | Жоспарды іске асыру бойынша аяқталу күні: | Отбасының тұрғылықты мекенжайы: | ||
БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІ (балалар): | ||||
Баланың есімі | Баланың тегі | Туған күні (немесе күтілетін туған күні) | Жынысы (√) | |
Ә | Е | |||
Ә | Е | |||
Ә | Е | |||
Балаларды қоса алғанда, отбасын дамытуды жоспарлау процесіне тартылған (ата-аналар/қамқоршылар, туыстар, басқа да отбасы мүшелері және т.б.) отбасы мүшелері: | ||||
ТАӘ (бар болса) | Балаға кім болып келеді | Байланыс деректері: | ||
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
Отбасын дамытуды жоспарлау процесіне тартылған мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, жергілікті әлеуметтік қызметтердің және т.б. өкілдері: | ||||
ТАӘ (бар болса) | Ұйым | Байланыс деректері: | ||
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 7-қосымша |
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Қызмет берушінің атауы | МСАК ұйымы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) МСАК ұйымы (тікелей немесе пациенттің телефоны бойынша, сондай-ақ медициналық ақпараттық жүйелер арқылы өтініш берген кезде); |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
МСАК ұйымына өтініш берген кезде (тікелей немесе телефоны бойынша): |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыртуларды тіркеу журналында жазу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін). Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өзге талаптар "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығының "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары" деген 2-тарауында көрсетілген. |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 8-қосымша |
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Қызмет берушінің атауы | МСАК ұйымы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) МСАК ұйымы; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – үйге шақыру кезінде, жұмыс күні ішінде, 30 (отыз) минуттан аспайды; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) көрсетілген қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде - учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері (бұдан әрі – ЖПД) қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша және "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 035-2/е нысаны бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) МСАК ұйымына: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өзге талаптар "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығының "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары" деген 2-тарауында көрсетілген. |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына 9-қосымша |
Тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі
№ | АХЖ кодының нозологиясы | Тексеріп-қарау кезеңділігі | Зертханалық диагностикалық зерттеулердің минимумы | есептен шығару үшін ұзақтығы және өлшемшарттары | ||||||||
ОМҚ тексеріп-қарауы | МСАК дәрігерінің тексеріп-қарауы | Бейінді мамандардың тексеріп-қарауы | зерттеу | жиілігі | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |||||
1. Инфекциялық және паразиттік аурулар | ||||||||||||
1. | В (B18, B18,0, B18,1, B18,2, B18,8 қоса алғанда) және С және Д созылмалы вирустық гепатит, бауырдың циррозынсыз. | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына 1 рет гастроэнтеролог және/немесе инфекционист | тромбоциттермен жалпы қан талдауы | 6 айда 1 рет | созылмалы В, С (F2 фиброзды сатысында) және D вирустық гепатиті кезінде өмір бойы; С созылмалы вирустық гепатиті (F1 кем фиброз сатысында) кезінде вирусты жойғаннан кейін есептен алынады | |||||
Қанның биохимиялық талдауы: | 6 айда 1 рет | |||||||||||
Коагулограмма: халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ) | 6 айда 1 рет | |||||||||||
В вирустық гепатитіне (HBV-ДНК) сандық талдауы оң болған жағдайда сапалы В вирустық гепатитінің (HBV-ДНК) полимеразалық тізбектік реакциясы | 6 айда 1 рет | |||||||||||
бауырдың УДЗ | жылына 1 рет | |||||||||||
бауырдың түзу емес пульстік эластометриясы (фиброскан) | жылына 2 рет | |||||||||||
2. Қанайналым жүйесінің аурулары | ||||||||||||
2 |
Артериялық гипертензия: | орташа және төмен қаупі бар пациенттер үшін 3 айда 1 рет, жоғары және өте жоғары қаупі бар және емдеуге бейімділігі төмен адамдар үшін айына 1 рет | орташа және төмен қаупі бар пациенттер үшін 6 айда 1 рет, жоғары және өте жоғары қаупі бар пациенттер мен емдеуге бейімділігі төмен адамдар үшін - 3 айда 1 рет | жылына 1 рет кардиолог | жалпы несеп талдауы | жылына 1 рет | өмір бойы | |||||
қанның биохимиялық талдауы: төмен тығыздықтағы липопротеидтерді анықтау | жылына 1 рет | |||||||||||
электрокардиограмма | жылына 1 рет | |||||||||||
артериялық қысымды тәуліктік бақылау (24 сағат) | жылына 2 рет | |||||||||||
эхокардиография | жылына 2 рет | |||||||||||
3 |
Жүректің ишемиялық ауруы: | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына 1 рет кардиолог | төменгі тығыздықтағы липопротеидтерді анықтау | 6 айда 1 рет; | өмір бойы | |||||
эхокардиография | 6 айда 1 рет; | |||||||||||
электрокардиограмманың холтерлік мониторингі (24 сағат) | жылына 1 рет | |||||||||||
тредмил тест | жылына 1 рет | |||||||||||
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, I 50; | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына 1 рет кардиолог | креатинин | жылына 1 рет | өмір бойы | ||||||
электрокардиограмма | жылына 1 рет | |||||||||||
эхокардиография | жылына 1 рет | |||||||||||
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, I 50 механикалық қондырғы имплантациядан кейінгі жай-күйі, Z 95.8 | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына 1 рет кардиолог | Халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ) | Нысаналы нәтижеге қол жеткізгізгенге дейін аптасына 1 рет, кейін айына 1 рет | өмір бойы | ||||||
Қанның биохимиялық талдауы: | алғашқы 3 айда – ай сайын, ары қарай 3 айда 1 рет | |||||||||||
тромбоциттермен жалпы қан талдауы, қан ағу, қан ұю, ұзақтығы | 6 айда 1 рет | |||||||||||
Натриуретикалық гормон, Виллебранд факторы | 6 айда 1 рет | |||||||||||
эхокардиография | алғашқы 3 айда – ай сайын, ары қарай 3 айда 1 рет | |||||||||||
электрокардиография | 3 айда 1 рет | |||||||||||
кеуде клеткасы органдарының рентгенографиясы | жылына 1 рет | |||||||||||
эзофагогастродуоденоскопия | жылына 1 рет | |||||||||||
брахиоцефалды тамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы | жылына 1 рет | |||||||||||
4 |
Брахиоцефалдық артерияның экстракраниялдық ауруы: | брахиоцефалдық бағанның ультрадыбыстық доплерографиясы | 6 айда 1 рет | өмір бойы | ||||||||
4.9. Мидың торлы қабығы астына қан құйылу, I60 | тромбоциттер есебімен жалпы қан талдауы | 6 айда 1 рет | өмір бойы | |||||||||
халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ) | 6 айда 1 рет | |||||||||||
қанның биохимиялық талдауы: липидті спектр, қан глюкозасы | 6 айда 1 рет | |||||||||||
Инсульт алған науқастарға брахиоцефалдық артерияның ультрадыбыстық допплерографиясы | 6 айда 1 рет | |||||||||||
электрокардиограмма | көрсетілімдер бойынша түзету мен гипотензиялық терапия үшін | |||||||||||
кардиоэмболиялық инсульт алған науқастарға эхокардиографиясы | көрсетілімдер бойынша түзету мен гипотензиялық терапия үшін | |||||||||||
Миішілік қан құюлары бар науқастардың артериялық қысымды тәуліктік бақылауы (АҚТБ) | көрсетілімдер бойынша түзету мен гипотензиялық терапия үшін | |||||||||||
5 |
Жүрек қақпақшасының зақымдануы: | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына 1 рет кардиолог | электрокардиография | 6 айда 1 рет | өмір бойы | |||||
эхокардиография | жылына 1 рет | |||||||||||
Холтер бойынша электрокардиография | жылына 1 рет | |||||||||||
6 | Көкірек ортасының фибрилляциясы және трепетаниясы, I48 | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет. Көрсетілімдер бойынша жиілігі ұлғаюы мүмкін | жылына 1 рет кардиолог | электрокардиография | 6 айда 1 рет | өмір бойы | |||||
Холтер бойынша электрокардиография | жылына 1 рет | |||||||||||
эхокардиография | жылына 1 рет | |||||||||||
3. Қан және қан шығару ағзаларының аурулары | ||||||||||||
7. |
VIII фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы, (D66); | 6 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | Жылына 2 рет гематолог | Тромбоциттерді есептеумен қанның жалпы толық талдауы, қан кетудің ұзақтығы, қанның ұюы | Жылына 2 рет | Өмір бойы | |||||
4. Тыныс алу жүйесінің ауруы | ||||||||||||
8 |
Төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы: |
6 айда 1 рет (A, B, жеңіл, орташа) |
жылына бір рет (A, B түрі, жеңіл, орташа дәрежедегі); | Жылына бір рет, пульмонолог | спирография | жылына 1 рет | өмір бойы | |||||
пульсоксиметрия | жылына 1 рет | |||||||||||
эхокардиография | жылына 1 рет | |||||||||||
7.2. Бронхиалды астма, J45 |
жылына 1 рет (жеңіл дәреже) |
жылына 1 рет (жеңіл дәреже) | жылына бір рет, пульмонолог | спирография | 6 айда 1 рет | өмір бойы | ||||||
эхокардиография | жылына 1 рет | |||||||||||
5. Ас қорыту жүйесінің ауруы | ||||||||||||
9 |
Жоғарғы асқазан-ішек жолдарының ауруы: | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына бір рет, гастроэнтеролог | эзофагабаструдодиоскопия | жылына 1 рет | клиникалық және аспаптық құралдардың болмауы 3 жыл ішінде ауру белгілері | |||||
гистологиялық зерттеу - 3 комплекстік категориядағы жедел-биопсиялық материалдарды дайындау | жылына 1 рет | |||||||||||
10 |
Инфекциялық емес энтерит және колит: | 6 айда 1 рет | 1 жылда 1 рет |
жылына 1 рет, | күрделіліктің 3 санатындағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеумен эзофагабастродуоденоскопия дайындау, | жылына 1 рет | өмір бойы | |||||
күрделіліктің 3 санатындағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок препаратын гистологиялық зерттеумен фибреэктосигмойдоскопия | жылына 1 рет | |||||||||||
11 |
Бауыр циррозы, K70-K76 | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына 1 рет, гастроэнтеролог | тромбоцитпен жалпы қан талдауы | 3 айда 1 рет | өмір бойы | |||||
қанның биохимиялық талдауы: аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) анықтау, аспартатаминотрансферазаны (АСаТ) анықтау, қан сарысуындағы билирубинді, креатининді, альбуминді анықтау | 3 айда 1 рет | |||||||||||
халықаралық қалыпты қатынас (ХҚҚ) | 6 айда 1 рет | |||||||||||
бауыр мен көкбауырдың УДЗ | 6 айда 1 рет | |||||||||||
2 см дейін өспесі бар жағдайда ГЦК диагнозын қою қиын кезінде: | ||||||||||||
бауырдың УДЗ | 3-4 айда 1 рет | |||||||||||
альфафетопротеинді анықтау (АФА) | 3-4 айда 1 рет | |||||||||||
бауырдың түзу емес пульстік эластометриясы | жылына 1 рет | |||||||||||
эзофагогастродуоденоскопия (көрсетілімдер болмаған жағдайда) | 6 айда 1 рет | |||||||||||
6. Сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің ауруы | ||||||||||||
12 |
Артропатиялар, дорсопатиялар: | 6 айда 1 рет | жылына 1 рет | жылына 1 рет ревматолог, офтальмолог | жалпы қан талдауы | жылына 2 рет | өмір бойы | |||||
қанның биохимиялық талдауы: "С" реактивті ақуызының (CРА), | ||||||||||||
В, С гепатиттерге, АИТВ иммуноферментті (цитостатиктер қабылдайтын және гендік-инженерлік биологиялық терапиядағы пациенттер) талдау | 6 айда 1 рет | |||||||||||
зақымданған сегменттің рентгенографиясы | жылына 1 рет | |||||||||||
жамбас сүйектің рентгенографиясы (жамбас сүйек басының асептикалық некрозы анықталғанда) | жылына 1 рет | |||||||||||
эзофагогастродуоденоскопия (глюкортикостериодтар мен қабынуға қарсы стериодты емес препаратты қабылдайтын пациенттер үшін) | жылына 1 рет | |||||||||||
13 |
Дәнекер тінінің жүйелі түрде зақымдануы: | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына бір рет ревматолог | қан креатинині | 6 айда 1 рет | өмір бойы | |||||
жалпы қан талдауы | 6 айда 1 рет | |||||||||||
жалпы несеп талдауы | 6 айда 1 рет | |||||||||||
қан сарысуында "С" реактивті ақуызды жартылай санды/сапалы анықтау | 6 айда 1 рет | |||||||||||
қан глюкозасы (глюкортикостероидтар қабылдайтын пациенттер үшін) | 6 айда 1 рет | |||||||||||
В, С гепатиттерге, АИТВ иммуноферментті (цитостатиктер қабылдайтын және гендік-инженерлік биологиялық терапиядағы пациенттер) талдау | 6 айда 1 рет | |||||||||||
жылына 2 рет кеуде қуысы органдарын кешенді рентгенографиясы (цитостатиктер қабылдайтын пациенттер үшін) | 6 айда 1 рет | |||||||||||
Эзофагогастродуоденоскопия (глюкортикостериодтар мен қабынуға қарсы стериодты емес препаратты қабылдайтын пациенттер үшін) | 6 айда 1 рет | |||||||||||
7. Эндокриндік жүйенің ауруы, тамақтану бұзылыстары және зат алмасы бұзылулары | ||||||||||||
14 | Балалардағы 1 типті қант диабеті, E 10 | Диабет қойылғаннан кейін бастапқы 3-6 айда - айына 1 рет, бұдан әрі 3 айда 1 рет | Диабет қойылғаннан кейін бастапқы 3-6 айда - айына 1 рет, бұдан әрі 3 айда 1 рет | Диабет қойылғаннан кейін бастапқы 3-6 айда - айына 1 рет, бұдан әрі 3 айда 1 рет эндокринолог | қандағы гликозирленген гемоглобинді анықтау | 3 айда 1 рет | өмір бойы | |||||
Будақ сүзгі жылдамдығының (БСЖ) есебімен қан креатинині | жылына1 рет | |||||||||||
кеңейтілген қарашықпен офтальмоскопия | жылына1 рет | |||||||||||
электромиография | жылына1 рет | |||||||||||
Ересектердегі 1 типті қант диабеті, E 10 | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына бір рет эндокринолог |
қандағы гликозирленген гемоглобинді анықтау | 3 айда 1 рет | өмір бойы | ||||||
кеңейтілген қарашықпен офтальмоскопия | Жылына 1 рет | |||||||||||
электромиография | Жылына 1 рет | |||||||||||
Қант диабеті E11 - E11.9 | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына бір рет эндокринолог |
қандағы гликозирленген гемоглобинді анықтау | 3 айда 1 рет | өмір бойы | ||||||
кеңейтілген қарашықпен офтальмоскопия липидті спектр | Жылына 1 рет | |||||||||||
15 |
Қалқанша безі ауруы: | 6 айда 1 рет | жылына 1 рет | жылына бір рет эндокринолог | иммуногемилюминесценция әдісімен қан сарысуындағы бос тироксинді (Т4), тиреотроптық гормонды (TТГ), жалпы трииодотиронинді (Т3) анықтау | Жылына 1 рет | өмір бойы | |||||
8. Жүйке жүйесінің ауруы | ||||||||||||
16 | Эпилепсия, G 40 | 6 айда 1 рет | Жылына 1 рет. Көрсетілім бойынша жиілік ұлғаюы мүмкін | жылына 1 рет невролог | электроэнцефалография | жылына1 рет | өмір бойы | |||||
17 | Балалардың сал ауруы, G 80 | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына 1 рет невролог | GMFCS шкаласы – балалардың сал ауруы бар балалардың қозғалыс мүмкіндігін анықтау | 6 айда 1 рет | өмір бойы | |||||
Бартел күнделікті өмірдегі белсенділік индексі | 6 айда 1 рет | |||||||||||
9. Жыныс жолдарының ауруы | ||||||||||||
|
Гломерулалық аурулар: | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | жылына 1 рет нефролог | несептегі ақуызды анықтау | 6 айда 1 рет | өмір бойы | |||||
қанның биохимиялық талдауы: креатининді, мочевинаны, жалпы холестеринді, жалпы ақуызды, қан сарысуындағы глюкозаны анықтау | 6 айда 1 рет | |||||||||||
Созылмалы бүйрекжеткіліксіздігі (N18), бүйрек зақымдануының терминалдық сатысы (N18.0) | 6 айда 1 рет | Жылына 1 рет | Нефролог жылына 2 рет, қажет болған жағдайда, басқа мамандар айғақтар бойынша | Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы (несептегі ақуызды анықтау) | 3 айда 1 рет | Өмір бойы | ||||||
Қанның биохимиялық талдауы: креатинин, несепнәр, жалпы ақуыз, калий, натрий, холестерин, глюкоза | 6 айда 1 рет | |||||||||||
Бүйрек УДЗ | айғақтар бойынша | |||||||||||
19 | Бүйректің созылмалы түтік-интерстициалдық қабынуы, N11 | 6 айда 1 рет | Жылына 1 рет | жылына 1 рет нефролог | жалпы клиникалық зәр талдауы (жалпы зәр талдауы) | жылына1 рет | 3 жыл ішінде рецидивтің болмауы | |||||
20 | Қуық асты безінің гиперплазиясы, N40 | 6 айда 1 рет | Жылына 1 рет | жылына 1 рет уролог | иммуногемилюминесценция әдісімен қан сарысуындағы жалпы қуықасты безі ерекше антигенді (PSA) анықтау | жылына1 рет | 3 жыл ішінде рецидивтің болмауы | |||||
21 | Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы, N60 | 6 айда 1 рет | Жылына 1 рет | жылына 1 рет гинеколог, маммолог | маммография (4 сурет), сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуі | жылына1 рет | өмір бойы | |||||
22 |
Əйелдер жыныс ағзаларының қабынба емес ауруы: | 6 айда 1 рет | Жылына 1 рет | жылына 1 рет гинеколог | онкоцитологияға жағынды жинау | жылына1 рет | Процестің шешімінен кейін 6 айдан соң | |||||
Анабездің қатерсіз өспесі, D27 | 6 айда 1 рет | Жылына 1 рет | жылына 1 рет гинеколог | кіші жамбастың ультрадыбыстық зерттеуі | жылына1 рет | 3 жыл ішінде рецидивтің болмауы | ||||||
10. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жеке жағдайлар | ||||||||||||
23 | Бронх-өкпенің перинаталдық кезеңде пайда болған дисплазиясы, P27.1 |
1 жасқа дейін Айына 1 рет, |
Жеңіл дәрежеде 1 жасқа дейін 6 айда 1 рет | Бірінші жылы байқауда 3 айда 1 рет, балалар пульмонологы | Кеуде қуысы мен көкірек қуысы ағзалардың компьютерлік томографиясы | жылына1 рет | өмір бойы | |||||
эхокардиография | жылына1 рет | |||||||||||
11. Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері), деформациялар мен хромосомалық бұзылулар (балалар) | ||||||||||||
24 |
Операциядан кейінгі туа біткен жүрек ақаулары: | 3 айда 1 рет | 6 айда 1 рет | Байқаудың бірінші жылы 3 айда 1 рет құрамында балалар кардиологымен, бұдан әрі көрсетілімдер бойынша | эхокардиография, электрокардиография зерттеулері (12 қашықтық) | Байқаудың бірінші жылы 3 айда 1 рет, содан кейін 6 айда 1 рет | 2 жыл, бірақ өкпенің гипертониясын, қалдық шунды және клапанның жетіспеушілігін сақтауға – өмір бойы | |||||
электрокардиография зерттеулері (12 қашықтық) | Байқаудың бірінші жылы 3 айда 1 рет, содан кейін 6 айда 1 рет | |||||||||||
25 |
Туа біткен ақаулары: |
1-ші 6 ай ішінде |
1 жыл ішінде 3 айда айына 1 рет. | Жылына 1 рет құрамында балалар хирургымен | Q39-мен эзофагагастродуоденоскопия | жылына 1 рет | 3 жасқа дейін байқау | |||||
Q79-де кеуде қуысы ағзалардың рентгенографиясы | ||||||||||||
25.3. Тоқ ішектің туа біткен жоқтығы, атрезиясы мен тарылуы, Q42 | Q42-де диагностикалық калибрленген неоанус бужированиесы неоанус (көрсеткіштер бойынша) |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұлға) медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына (бұдан әрі - МСАК) бекіту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік - ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3) бала (балалар) - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
4) баланың заңды өкiлдерi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) МСАК көрсететін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі (бұдан әрі – жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі) – денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізілген және жаңа немесе қолданыстағы объектіні өзгерту жолымен алғаш рет ашылған МСАК объектісі;
7) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде медициналық сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін асыратын заңды тұлға;
8) МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қадамдық қолжетімділік (бұдан әрі – қадамдық қолжетімділік) - халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, қалалардың карталарын пайдалана отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары есептейтін, МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қала халқының 20 минуттық қадамдық қолжетімділгі.
3. МСАК ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:
1) МСАК аумақтық қолжетімділігі;
2) МСАК ұйымын еркін таңдау;
3) МСАК маманын (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;
4) отбасылық қызмет көрсету;
5) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Адамдарды жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілеріне бекітуді қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге қормен медициналық қызметтерді сатып алу шартын (бұдан әрі – медициналық қызметтерді сатып алу шарты) жасасқан МСАК-тың бір ұйымына жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бойынша жүзеге асырылады және бекіту науқаны кезеңінде пайдалануға бірінші рет қабылданған МСАК объектісі болып табылады.
МСАК ұйымына бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
5. Балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұратын балалар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдар аумақтық қызмет көрсету аймағында көрсетілген ұйымдар орналасқан МСАК ұйымдарына облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі-денсаулық сақтау басқармалары) шешімінің негізінде көрсетілген ұйымдар орналасқан аумақтық қызмет көрсету аймағында МСАК ұйымдарына бекітіледі (бұдан әрі - бөлу туралы бұйрық).
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдарды тіркеу жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында оларға бекітілген қызмет көрсету аймақтары бар МСАК ұйымдарының тізімін қамтитын денсаулық сақтау басқармасының шешімі негізінде жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда тіркеу куәлігінің (ЖСН) көшірмесі қоса беріледі.
6. Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адам бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.
Бұрынғы МСАК ұйымында келесі жылға қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты болмаған жағдайда бекіту денсаулық сақтау субъектілері арасында медициналық қызметтердің көлемін таңдау және орналастыру жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – өңірлік комиссия) шешімі бойынша, жыл сайын қорға 20 қарашадан кешіктірмей ұсынылатын бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылданған МСАК ұйымдарына нақты тұру орны бойынша аумақтық қолжетімділікті ескере отырып жүзеге асырылады.
Өңірлік комиссия Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында көзделген тәртіппен құрылады.
7. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды бекітуді қордан өңірлік комиссияның шешімін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалатын, денсаулық сақтау жүйесінің (электрондық денсаулық сақтаудың) ақпараттық инфрақұрылымы мен медициналық статистиканы жетілдіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын және құқық қатынастарына түсетін ұйым (бұдан әрі - ақпараттандыру ұйымы) қамтамасыз етеді.
2-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту тәртібі
8. МСАК ұйымына бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірліктегі басқа аумақта орналасқан жақын жердегі МСАК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын тұлғаларды қоспағанда, МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін "МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске асырылған.
МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде немесе ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын "МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес келтірілген.
"МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту" тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді ресімдеу мынадай адамдардың санаттарын бере алады:
1) зейнеткерлер;
2) мүгедектер;
3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері);
4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);
5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер;
6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері;
7) шет мемлекеттерде туған балалар;
8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.;
9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер.
МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары "Бекітілген халық тіркелімі" медициналық ақпараттық жүйесіне тіркеуге сұрау салуды ресімдейді. Ақпараттандыру ұйымының маманы тіркеуге сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00- ге дейін).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (не сенімхат бойынша оның өкілі) медициналық ұйымға тіркеу талоны немесе дәлелді бас тарту болып табылады. Тіркеу талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке тіркеу туралы хабарлама (талон) немесе МСАК ұйымының ЭЦҚ қойылған "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту келіп түседі.
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін пациент ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын маңдағы емханаға тіркелетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі орналасқан пациенттің әкімшілік-аумақтық бірліктен (селоның, кенттің, қаланың, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тыс жерде нақты (тұрақты немесе уақытша) тұруын белгілеу;
4) жалпы практиканың бір дәрігеріне тіркелген халық санының артуы 1 700 аралас халық, учаскелік терапевт 2 200 адам, учаскелік педиатр – 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 бала, МСАК ұйымын таңдау кезінде 0- ден 14 жасқа дейінгі 900 бала;
5) балалар мен жоғарыда көрсетілген адамдар тіркелген жағдайда заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы болып табылады.
МСАК ұйымы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "МСАК көрсететін медициналық ұйымға тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
10. Бекіту негіздемелері:
1) тұрақты немесе уақытша тұратын жерін бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге бір айдан асатын мерзімге шыға отырып немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің ішінде өзгерту;
2) МСАК ұйымдарын бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) еркін таңдауын жүзеге асыру;
3) қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында бекіту науқанын (бұдан әрі - бекіту науқанын) жүргізу;
4) сақтандырушы мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша (бұдан әрі - ЕМС шарты), оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді;
5) өңірлік комиссия айқындаған бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) МСАК ұйымына бекітумен келіспеу;
6) МСАК ұйымының азаматтарға МСАК көрсетуден бас тарту, соның ішінде қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғатын оны қайта ұйымдастыру, тарату;
7) медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастырмау;
8) жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуы;
9) жекешелендіру арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын иеліктен шығару.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) - 5) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына бекіту тұлғаның ЭҮП арқылы электрондық өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.
12. Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.
13. Осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген тұлға ЕМС шарты шеңберінде медициналық көмек көрсететін МСАК ұйымынан МСАК алады.
14. МСАК ұйымдары тұратын жері бойынша бекітілген тұлғаларды МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы:
1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзған немесе өзгерткен күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын;
2) МСАК ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде;
3) қордың медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастырмайтындығы туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде жазбаша хабардар етеді.
"Бекітілген халықты тіркеу" ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы халықты МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы хабарлама жолдау арқылы хабардар етеді.
15. Осы Қағидалардың 10-тармағының 6)-9) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына тұлғаларды бекітуді бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылдаған өңірлік комиссияның хаттамасын қордан алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпараттандыру ұйымы жүзеге асырады.
Бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармалары қорға жыл сайын 20 қарашаға дейін жібереді және денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Қадамдық қолжетімділікті ескере отырып, МСАК көрсететін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармалары шығарады және жаңадан пайдалануға берілетін объектінің басшысына тіркелген жазбаша хабарлама берілген күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қорға жібереді.
Адамдарды өңірлік комиссия хаттамасының негізінде МСАК ұйымдарына бекіткеннен кейін МСАК ұйымдары бекітілген тұлғаларды олардың тұрғылықты жері бойынша жазбаша хабардар етеді. "Бекітілген халықты тіркеу" ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы тұлғаларды хабарлама жіберу, сондай-ақ өзге де тыйым салынбаған ақпарат құралдар арқылы хабардар етеді.
Өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымына келіспеген жағдайда, тұлға осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша бекітуді өзгертуге өтініш береді.
16. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК көрсететін жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
18. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына қосымша |
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Қызмет берушінің атауы | МСАК ұйымы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1. МСАК ұйымы арқылы мынадай адамдарға: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) МСАК ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай – ақ портал арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) /қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) медициналық ұйымға бекіту туралы талон; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін). Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1. Документы, необходимые для оказания государственной услуги при обращении определенного контингента в организации ПМСП: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өзге талаптар "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығының "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары" деген 2-тарауында көрсетілген. |