Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымда

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 39 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20238 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 31 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы және "Рұқсаттар және хабарламалар беру туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы ____ __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы ____ ___________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 39 қаулысымен
бекітілді

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 45-бабының 1 және 4-тармақтарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру талаптары мен тәртібін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда және Заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

2-тарау. Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру талаптары

      3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын (бұдан әрі – Қор) қайта ұйымдастыру қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) рұқсат бергеннен кейін қосылу нысанында жүзеге асырылады.

      4. Қорлар әрбір қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) акционерлерінің жалпы жиналысы, қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы және қосылу жүзеге асырылатын Қор акционерлерінің жалпы жиналысы шешімдерінің негізінде уәкілетті органға Қорды қайта ұйымдастыру жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат береді.

      Заңды тұлғаны қосу жүзеге асырылатын Қор қосылу жүзеге асырылатын Қор акционерлерінің жалпы жиналысының, қосылу жүзеге асырылатын Қор акционерлерінің және қосылатын заңды тұлғаның бірлескен жалпы жиналысының, сондай-ақ қосылатын заңды тұлғаның акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдерінің негізінде уәкілетті органға өтінішхат береді.

      5. Қосу жүзеге асырылатын Қорды және қосылатын Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастырудың ұсынылатын талаптарын, тәртібі мен мерзімін белгілейтін қайта ұйымдастыру жоспарына (бұдан әрі – қайта ұйымдастыру жоспары) мыналар кіреді:

      1) қайта ұйымдастыру жүргізудің негіздемелері;

      2) ерікті зейнетақы жарналары және Қорлардың меншікті активтері есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелеріне қатысты іс-қимыл тәртібін сипаттауды қоса алғанда, қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар;

      3) қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды аяқтау мерзімі;

      4) қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) салымшыларының (алушыларының) құрылымын ескере отырып, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін төлеу және аудару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;

      5) қосылу жүзеге асырылатын Қордың пруденциялық нормативтерді орындауын қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы мәліметтер;

      6) қосылу жүзеге асырылатын Қордың бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы мәліметтер;

      7) қайта ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсететін өзге де ақпарат.

      Қағидалардың осы тармағының 5) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар мемлекеттің, Ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысуы бар Қорлар қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылмайды.

      6. Қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы қосылу жүзеге асырылатын Қордың қайта ұйымдастырудан кейінгі мынадай көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді талдауларын қамтиды:

      1) қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейін қаржылық есептер негізінде меншікті активтерге және меншікті капиталға қатысты тиімділік көрсеткіштерінің талдауы;

      2) қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейін ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерінің мөлшері бойынша болжам;

      3) қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейін салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, өтеуге дейінгі мерзімдері бөлігіндегі зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша болжам;

      4) қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейін ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының өзгеру болжамы.

      7. Уәкілетті орган мыналарды:

      1) қосылу жүзеге асырылатын Қордың қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтық, қаржылық заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне ұсынған құжаттарды;

      2) қайта ұйымдастырылатын Қорға басқа Қор (Қорлар) және (немесе) заңды тұлға қосылу нәтижесінде оның ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін тұлғалардан ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берген уәкілетті органның келісімінің болуын;

      3) қайта ұйымдастырылатын Қордың қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі бірінші есепті күнге пруденциялық нормативтерінің сәйкес келуін;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылардың (алушылардың) алдындағы міндеттемелердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету бойынша қайта ұйымдастыру жоспарында көзделген шаралардың жеткіліктілігін;

      5) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылардың (алушылардың) алдындағы міндеттемелердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету бойынша қайта ұйымдастыру жоспарында көзделген шаралардың жеткіліктілігін;

      6) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 201-бабы 5-тармағында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісімінің болуын тексереді.

      Қағидалардың осы тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптар мемлекеттің, Ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысуы бар Қорлар қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылмайды.

3-тарау. Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі

      8. Қор ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған өтінішхатты жіберіледі.

      "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) үшін қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер, көрсету процесі, нысаны, мазмұны және нәтижесі кіретін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін ескере отырып өзге де мәліметтер "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келтірілген (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты).

      Қор өтінішхатты "жеке кабинетке" портал арқылы жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұру салуды қабылдау туралы мәртебе автоматты түрде көрінеді.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: уәкілетті органның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген құжаттарды портал арқылы алуы болып табылады.

      10. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдау және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш хат түскен күні оны қабылдау және тіркеуді және орындау үшін уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Қор жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхатты тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімінің өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және Қорға жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган Қорға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Қор ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады, оны тіркеуді 32 (отыз екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері қол қойылғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Қордың "жеке кабинетіне" жібереді.

      Уәкілетті орган Басқармасының қаулысымен ресімделген Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы шешім оны Қор алған күннен бастап күшіне енеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылып тұрады.

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым уәкілетті органға, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағымды шағым қарайтын органға жібереді.

      Уәкілетті органның атына келіп түскен Қордың шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағым қарайтын органның атына келіп түскен Қордың шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда мыналар:

      1) тегі, аты, еркі бойынша әкесінің аты (ол бар болса), пошталық мекенжайы (жеке тұлға үшін);

      2) атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні (заңды тұлға үшін).

      Уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдауының растауы оны уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның атын-жөнін, берілген шағымға жауаптың мерзімі мен алу орнын көрсетумен тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы бірыңғай байланыс 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды Қорға портал арқылы жолдаған кезде "жеке кабинеттен" уәкілетті орган шағымды өңдеу барысында жаңарып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қаралуы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) шағым туралы ақпаратқа қолжетімді болады.

4-тарау. Қосылатын Қордың (Қорлардың) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру

      14. Қосылатын Қордың (Қорлардың) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қосылу жүзеге асырылатын Қорға ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша қосылатын Қордың (Қорлардың) зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру бойынша іс-шараларды, оларды орындау мерзімдерін және жауапты адамдарды, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын Қорға қосылатын Қор (Қорлар) беретін құжаттар мен ақпараттық тізбені айқындайтын іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Қорға бірнеше Қорлар қосылған жағдайда:

      1) қосылу жүзеге асырылатын Қордың ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қосылу жүзеге асырылатын Қордың бірінші басшысының шешімімен бекітілген кестеге сәйкес жасалады;

      2) қосылу жүзеге асырылатын Қор әрбір қосылатын Қорға қатысты іс-шаралар жоспарын жеке-жеке жасайды.

      16. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қосылу жүзеге асырылатын Қорға беру Қағидалардың 20, 26, 28 және 31-тармақтарына сәйкес жасалған зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.

      17. Іс-шаралар жоспарында:

      1) Қорлардың арасындағы ақпарат алмасу тәртібі;

      2) қосылу жүзеге асырылатын Қордың автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) ерікті зейнетақы жарналарының салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шоттарын ашу және салымшылардың (алушылардың) осы жеке зейнетақы шоттарына зейнетақы жинақтарын есепке алу;

      3) қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) автоматтандырылған ақпарат жүйесінің дерекқорында ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) жабуы;

      4) қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын есепке қоюы;

      5) қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау кезеңінде алынған зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер бойынша қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) міндеттемелерін орындауы;

      6) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу мақсатында Қорлардың бағдарламалық- техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      7) қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) және инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) қосылу жүзеге асырылатын Қорға құжаттар мен ақпараттарды қағаз және электрондық тасымалдағыштарда беруі;

      8) қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау барысында қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосылатын Қормен (қосылатын Қорлармен), қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкімен, қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) кастодиан банкімен, инвестициялық портфельді басқарушымен (осындай бар болса) өзара әрекеттесуін болжайтын басқа да іс-шараларды қоса ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) беруін және қосылу жүзеге асырылатын Қордың қабылдауын қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды өткізу (іске асыру) тәртібі көзделеді.

      18. Қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) және оның инвестициялық портфельді басқарушысы (инвестициялық портфельді басқарушылары) (осындай бар болса) тапсырады, ал қосылу жүзеге асырылатын Қор және оның инвестициялық портфельді басқарушысы (осындай бар болса) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде мынадай құжаттар мен ақпаратты қабылдайды:

      1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қолданыстағы (ашық) шарттары бар ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарынан және оларға қатысты сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарының төлемдері мен зейнетақы жинақтарының төлемдері жүзеге асырылған ерікті зейнетақы жарналарын алушылардың жеке зейнетақы шоттарынан ағымдағы және тарихи деректерді;

      2) барлық қоса берілген құжаттармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың және оларға қосымша келісімдердің түпнұсқаларын;

      3) құжаттардың түпнұсқалары және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) сақтандыру ұйымдарына бұрын жүргізген зейнетақы жинақтарының төлемдері мен зейнетақы жинақтарының аударымдары бойынша ақпаратты;

      4) мыналарды қоса алғанда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қосылатын Қордың инвестициялық қызметі жөніндегі құжаттарын:

      инвестициялық комитеттің отырыстары хаттамаларының түпнұсқалары;

      ұсынымдарды жасауда пайдаланылған құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып, қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға ұсынымдардың түпнұсқалары;

      тәуекелді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қаржы құралдарымен жасалған мәміле бойынша қорытындыларының түпнұсқалары;

      инвестициялық шешімдердің түпнұсқалары;

      қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға клиенттік тапсырыстарының (зейнетақы активтері мен міндеттемелерін есепке алу үшін шот бойынша операцияларды жасауға бұйрықтардың) түпнұсқалары;

      ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған нарықта, халықаралық (шетелдік) нарықта мәмілелер жасауды және тіркеуді растайтын құжаттардың түпнұсқалары (trade ticket, trade сonfirmation, биржа куәлігі, қаржы құралдарын сатып алу-сату шарты, клиенттік тапсырыстарды орындау (орындамау) туралы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептері);

      ол бойынша мәмілелер халықаралық (шетелдік) нарықта жасалған борыштық бағалы қағаздар шығарылымының индикативтік шарттары (бар болса);

      екінші деңгейдегі банктермен банк салымдары шарттарының түпнұсқалары;

      қабылданған инвестициялық шешімдердің, зейнетақы активтері есебінен жасалған және орындалған мәмілелердің журналдары (құжаттарды және ақпаратты қосылу жүзеге асырылатын Қорға беру күнінің алдындағы бес жылға);

      зейнетақы активтері бойынша айналым- сальдо ведомостері (соңғы есепті күнге және құжаттар мен ақпаратты қосылу жүзеге асырылатын Қорға беру күніне);

      зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс (соңғы есепті күнге және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосылу жүзеге асырылатын Қорға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      зейнетақы активтері бойынша пайдалар мен шығындар туралы есеп (соңғы есепті күнге және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосылу жүзеге асырылатын Қорға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      төлемдер бойынша ай сайынғы есептер;

      қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қызметінің барлық кезеңінде инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы ай сайынғы анықтамалар;

      зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есептер (қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қызметінің барлық кезеңінде әрбір есепті айдың бірінші күніне және қосылу жүзеге асырылатын Қорға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      комиссиялық сыйақы, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы, зейнетақы активтері мен міндеттемелері бойынша ақша қозғалысы бойынша салыстырып тексеру актілерін қоса, кастодиан банкпен салыстырып тексеру актілерінің түпнұсқалары;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша эмитенттен берешектерді өндіріп алу жөніндегі құжаттардың түпнұсқалары (сот актілері, атқарушылық іс жүргізу жөніндегі құжаттар);

      5) іс-шаралар жоспарында айқындалған тізбеге сәйкес өзге құжаттар мен ақпарат.

      19. Қағидалардың 18-тармағы 1) тармақшасында және 4) тармақшасының оныншы абзацында көрсетілген ақпарат электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады.

      Қағидалардың 18-тармағы 2), 3) және 4) (оныншы абзацты қоспағанда) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар:

      қағаз тасымалдағышта ұсынылады;

      іс қағазға жылдар бойынша қалыптастырылады, нөмірленеді, тігіледі. Әрбір іс қағаз 180 парақтан аспайды және оған ішкі тізімдеме қосылады, ол қағаз тасымалдағышта екі данада жасалады (қосылу жүзеге асырылатын Қорға электрондық нұсқасын беру арқылы), оған жасаушы оның лауазымын және қол қойған күнін көрсете отырып, қол қояды.

      Уақытша сақтау мерзіміндегі құжаттар Қағидалардың 18-тармағы 4) тармақшасына сәйкес сол тәртіппен, бірақ ішкі тізімдемені көрсетпей қалыптастырылады.

      20. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) және оның инвестициялық портфельді басқарушысының (инвестициялық портфельді басқарушыларының) (осындай бар болса) қосылу жүзеге асырылатын Қорға және оның инвестициялық портфельді басқарушысына (осындай бар болса) Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттар мен ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда беруі Қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған құжаттарды қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.

      Құжаттарды қабылдау-өткізу актілерінде іс қағаздар атауларының тізбесі, іс қағаздардың жылы және олардың әрбіреуі бойынша парақтарының саны көрсетіледі.

      21. Қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қосылу жүзеге асырылатын Қорға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күні мыналарды құрады және оларды қосылу жүзеге асырылатын Қорға электрондық форматта жібереді:

      1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) тізімі;

      2) олардың зейнетақы жинақтарының сомалары "анықтағанға дейінгі басқа да сомалар" шотының есебінде тұрған ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) тізімі;

      3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы және тоқтатылған шарттар бойынша онымен жасалған зейнетақы аннуитетi шартының негізінде зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға байланысты ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының төлемдеріне арналған орындалған өтініштерінің тізімі;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы және тоқтатылған шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының төлемдеріне арналған орындалған өтініштерінің тізімі;

      5) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы тоқтатылған шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) тізімі;

      6) кредиторлық берешегі өтелген зейнетақы жинақтарының сомалары "анықталғанға дейінгі басқа да сомалар" шотының есебінде тұрған салымшылардың (алушылардың) тізімі;

      7) ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары жөніндегі, салымшылар (алушылар) деректемелерінің өзгеруі жөніндегі, қосылатын Қор қызметінің барлық кезеңінде жүзеге асырылған салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының бірігуі жөніндегі операциялар туралы ақпаратты.

      22. Қосылу жүзеге асырылатын Қор қосылатын Қордан (қосылатын Қорлардан) Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күні:

      1) автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында Қағидалардың 21-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шоттарын ашады;

      2) қосылатын Қорға (қосылатын Қорларға) Қағидалардың 21-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шоттары ашылғандығы туралы ақпаратты жібереді.

      23. Егер қосылу жүзеге асырылатын Қорда, салымшыда (алушыда) ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған бұрын ашылған жеке зейнетақы шоты бар болса, онда қосылу жүзеге асырылатын Қор жаңа жеке зейнетақы шотын ашпайды, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын есепке алу үшін қосылу жүзеге асырылатын Қордағы ерікті зейнетақы жарналарын бұрын ашылған жеке зейнетақы шотына жүзеге асырылады.

      24. Қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қосылу жүзеге асырылатын Қордың ұсынған ақпараты негізінде, автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында Қағидалардың 21-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын жабуды жүзеге асырады.

      25. Қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген тізімдерді электрондық тасымалдағышта сақтайды және оны қосылу жүзеге асырылатын Қор тексереді.

      Қосылу жүзеге асырылатын Қордың өкілдері тексерген соң қосылатын Қордың өкілдерін қатыстыра отырып, Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген тізімдердің қосымша көшірмелерін электрондық тасымалдағышта жасайды, олар мөрмен басылады, пломба салынады және қабылдау-өткізу актісі бойынша беріледі.

      Электрондық тасымалдағыштардың мөрмен басылған, пломба салынған екі данасы қосылу жүзеге асырылатын Қорға жіберіледі, мөрмен басылған, пломба салынған электрондық тасымалдағыштардың бір данасы жұмыс үшін қалдырылады, екінші данасы тұрақты негіздегі резервтік көшірме ретінде сақталады.

      26. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосылу жүзеге асырылатын Қорға Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ақпаратты беру қосылу жүзеге асырылатын Қордың және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) бірінші басшыларының немесе олардың орнындағы адамдардың қолы қойылған және олардың мөрлерімен расталған қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      27. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) инвестициялық портфелін құрайтын қаржы құралдары туралы ақпарат қосылу жүзеге асырылатын Қорға және қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкіне қосылу жүзеге асырылатын Қор әзірлеген форматына сәйкес электрондық түрде жіберіледі.

      28. Қағидалардың 27-тармағында көзделген ақпаратты беру қосылу жүзеге асырылатын Қордың, қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың), қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкінің, қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) кастодиан банкінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      29. Қағидалардың 27-тармағында көзделген Ақпаратты қабылдау-өткізу актісінде мынадай мәліметтер бар:

      1) беру күніндегі зейнетақы активтерінің жалпы сомасы, оның ішінде:

      шоттардағы ұлттық және шетел валютасындағы инвестицияланбаған ақша қалдығы;

      ұлттық сәйкестендіру нөмірін, айналыс мерзімін, санын, сатып алу бағасын, акция үшін бір бағалы қағаздың ағымдық құнын және облигациялар үшін номиналдың пайыздармен бағасын, пайыздар мен дивидендтер бойынша есептелген кірісті көрсете отырып, жіберілетін бағалы қағаздардың жиынтық құны;

      банктің атауын, салым сомасын, банктік салым шартын жасау күнін, шарттың қолданылу мерзімін, салым бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесін, салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомасын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар;

      осы қаржы құралдарына тән сомаларды, санды және қосымша сипаттамаларды көрсете отырып, басқа қаржы құралдарының тізбесі;

      2) зейнетақы активтері мен міндеттемелері бойынша талаптар сомасы, оның ішінде қате есептелген сомалар;

      3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін берген күннің алдындағы күннің соңындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебі.

      30. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі кастодиан банктің жеке шоты шеңберінде ашылған қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосалқы шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкінің жеке шоты шеңберінде ашылған қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосалқы шотына есепке алу операцияларын орталық депозитарий Қордың (қосылатын Қорлардың) кастодиан банкінің (кастодиан банктерінің) және қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкінің екі қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.

      Қаржы құралдарын аударуды тіркеуге бұйрық нысаны орталық депозитарий қағидаларының жинағымен белгіленеді.

      31. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі кастодиан банктің жеке шоты шеңберінде ашылған қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосалқы шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкінің жеке шоты шеңберінде ашылған қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосалқы шотына есепке алу операциялары тіркелгеннен кейін орталық депозитарий (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ескерілген қаржы құралдары бойынша), қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) және қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банктері қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосалқы шотындағы бағалы қағаздар қалдықтарын қосылатын Қордың қосалқы шотындағы есептен шығарылған бағалы қағаздар қалдықтарымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Салыстырып тексеру салыстырып тексеруге қатысатын тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған қабылдау-өткізу актімен ресімделеді.

      32. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беруге байланысты шығыстар қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) және қосылу жүзеге асырылатын Қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорын қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру және қосылатын
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорының ерікті зейнетақы
жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен
міндеттемелерін қайта
ұйымдастырылған
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына беру қағидаларына
1 қосымша
  Нысан
  күні ________ № ___________
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу,
бақылау және қадағалау
жөніндегі уәкілетті
органның төрағасына

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхат

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

                                          (Қордың атауы)

      Қор акционерлерінің ___ жылғы "___" ______ жалпы жиналысының № ___ шешіміне сәйкес,

      __________________________________________________________________________

                                    (өткізу орны)

      __________________________________________________________________________

                        (қайта ұйымдастырылатын Қордың атауы)

      __________________________________________________________________________

                  Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды

      Қор өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толық жауап береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек): ________________

      Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өндеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда берілген өкілеттілігін растайтын құжатты қоса берумен қол қоюға уәкілеттілік берілген адам) не Қор акционерінен уәкілетті адам (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме):

       ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________

      (қолы)

      Күні ______ жылғы "____"__________.

  Ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорын қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру және қосылатын
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорының ерікті зейнетақы
жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен
міндеттемелерін қайта
ұйымдастырылған ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорына
беру қағидаларына
2 қосымша

"Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері

Тиісінше ресімделген құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) ай.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) не уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызметі көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді (өтінішхаттарды) қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі (басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры (басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары) қосылу жүзеге асырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынады):
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат;
2) қосылу жүзеге асырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры (қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры (қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары) акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі.
Қосылу жүзеге асырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры (қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға қатысушылардың әрбіреуінің атауы, орналасқан жері туралы, қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының (қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының) акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын орналастыру (сату) бағасы туралы мәліметтерді, қосылудың өзге талаптары мен тәртібін қамтиды;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қайта ұйымдастырудың болжамды талаптарын, тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін құжаттар;
4) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырудан кейінгі есептік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі (заңды тұлға қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынады):
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхат;
2) қосылу жүзеге асырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, және қосылатын жеке тұлғаның акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қайта ұйымдастырудың болжамды талаптарын, тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін құжаттар;
4) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырудан кейінгі есептік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің 2) (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде), 3) және 4) (электрондық құжаттар түрінде) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұратуға қоса беріледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер

Мыналар:
1) болжанып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде салымшылардың (алушылардың) мүдделерінің бұзылуы;
2) болжанып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
3) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруға рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының мемлекеттік қызмет көрсетуң тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Порталда іркілістер не техникалық ақаулар анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 39 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелері қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 217 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8803 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 193 (2568) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 217 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 28 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9316 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 61 (2455) жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 ақпанда жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 13-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының 51) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 258 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14727 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 ақпанда жарияланған) Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 37 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15210 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 маусымда жарияланған) 1-тармағының үш жүз отызыншы, үш жүз отыз бірінші, үш жүз отыз екінші, үш жүз отыз үшінші, үш жүз отыз төртінші, үш жүз отыз бесінші, үш жүз отыз алтыншы, үш жүз отыз жетінші, үш жүз отыз сегізінші, үш жүз отыз тоғызыншы, үш жүз қырықыншы, үш жүз қырық бірінші, үш жүз қырық екінші, үш жүз қырық үшінші, үш жүз қырық төртінші, үш жүз қырық бесінші, үш жүз қырық алтыншы және үш жүз қырық жетінші абзацтары.

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте жарияланған) 1-тармағының 40) тармақшасы.

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18340 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 наурызда жарияланған) 1-тармағының жеті жүз тоғызыншы, жеті жүз оныншы, жеті жүз он бірінші, жеті жүз он екінші, жеті жүз он үшінші, жеті жүз он төртінші, жеті жүз он бесінші, жеті жүз он алтыншы, жеті жүз он жетінші, жеті жүз он сегізінші, жеті жүз он тоғызыншы, жеті жүз жиырмасыншы, жеті жүз жиырма бірінші, жеті жүз жиырма екінші, жеті жүз жиырма үшінші, жеті жүз жиырма төртінші, жеті жүз жиырма бесінші, жеті жүз жиырма алтыншы, жеті жүз жиырма жетінші, жеті жүз жиырма сегізінші, жеті жүз жиырма тоғызыншы, жеті жүз отызыншы, жеті жүз отыз бірінші, жеті жүз отыз екінші, жеті жүз отыз үшінші, жеті жүз отыз төртінші, жеті жүз отыз бесінші, жеті жүз отыз алтыншы, жеті жүз отыз жетінші, жеті жүз отыз сегізінші, жеті жүз отыз тоғызыншы, жеті жүз қырықыншы, жеті жүз қырық бірінші, жеті жүз қырық екінші, жеті жүз қырық үшінші, жеті жүз қырық төртінші, жеті жүз қырық бесінші, жеті жүз қырық алтыншы, жеті жүз қырық жетінші, жеті жүз қырық сегізінші, жеті жүз қырық тоғызыншы, жеті жүз елуінші, жеті жүз елу бірінші, жеті жүз елу екінші және жеті жүз елу үшінші абзацтары.

      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 65 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18589 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 мамырда жарияланған) 1-тармағының екі жүз тоқсан сегізінші, екі жүз тоқсан тоғызыншы, үш жүзінші, үш жүз бірінші, үш жүз екінші, үш жүз үшінші, үш жүз төртінші, үш жүз бесінші, үш жүз алтыншы, үш жүз жетінші, үш жүз сегізінші, үш жүз тоғызыншы, үш жүз оныншы, үш жүз он бірінші және үш жүз он екінші абзацтары.