Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелері қай

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 217 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қазанда № 8803 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 39 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелері қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 56 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7543 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 16 маусымдағы № 324-329 (27403) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 217 қаулысымен
бекітілген

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелері қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелері қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібін және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібін айқындайды.

1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру талаптары мен тәртібі

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын (бұдан әрі - Қор) қайта ұйымдастыру қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) рұқсат бергеннен кейін қосылу нысанында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қорлар әрбір қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) акционерлерінің жалпы жиналысы, қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы және қосылу жүзеге асырылатын Қор акционерлерінің жалпы жиналысы шешімдерінің негізінде уәкілетті органға Қорларды қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат береді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат уәкілетті органға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі, Қорлардың бірінші басшылары не олар болмаған жағдайда олардың орнындағы адамдар оған қол қояды және Қорлардың мөрлерімен расталады.

      4. Қосылу жүзеге асырылатын Қор, қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатпен бірге уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

      1) қосылу жүзеге асырылатын Қор акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;

      2) қосылу жүзеге асырылатын Қордың және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қайта ұйымдастыруы болжанған талаптарын, тәртібін және мерзімдерін белгілейтін құжаттар (бұдан әрі – қайта ұйымдастыру жоспары);

      3) қосылу жүзеге асырылатын Қордың қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі есептік бухгалтерлік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.

      4-1. Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, өтінішхат уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында атап көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың артқы жағында Қор (Қорлар) мөрімен расталған түрде, ішінара жапсырма қағаздың үстінде тігіс түйінінде желімделіп, тігілген парақтар санын көрсете отырып беріледі.

      Құжаттардың көшірмелері Қордың (Қорлардың) осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және Қор мөрімен (Қорлар мөрлерімен) расталады.

      6. Қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы шешімінде қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға қатысатын әрбір Қордың атауы, орналасқан жері, қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын Қордың акцияларын орналастыру (сату) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге талаптары мен тәртібі қамтылады.

      7. Қайта ұйымдастыру жоспарына мыналар кіреді:

      1) қайта ұйымдастыру жүргізудің негіздемелері;

      2) Қорлардың зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша ерікті зейнетақы жарналары және меншікті активтері есебінен Қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелеріне қатысты әрекет ету тәртібін сипаттауды қоса алғанда, қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар;

      3) қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды аяқтау мерзімі;

      4) қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) салымшыларының (алушыларының) құрылымын ескере отырып, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін төлеу және аудару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;

      5) қосылу жүзеге асырылатын Қордың пруденциялық нормативтерді орындауын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;

      6) қосылу жүзеге асырылатын Қордың бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;

      7) қайта ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсететін өзге де ақпарат.

      Қағидалардың осы тармағының 5) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар мемлекеттің, Ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысуы бар Қорлар қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылмайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы қосылу жүзеге асырылатын Қордың қайта ұйымдастырудан кейінгі мынадай көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді талдауларын қамтиды:

      1) қаржылық есептер негізінде меншікті активтерге және меншікті капиталға қатысты тиімділік көрсеткіштерінің қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі талдауы;

      2) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерінің мөлшері жөнінде қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;

      3) салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, өтеуге дейінгі мерзімдері бөлігіндегі зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель құрылымы бойынша қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі өзгеру болжамы.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Заңды тұлғаның қосылуы жүзеге асырылатын Қор қосылу жүзеге асырылатын Қор акционерлерінің жалпы жиналысы, қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын заңды тұлға акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы, сондай-ақ қосылатын заңды тұлға акционерлерінің жалпы жиналысы шешімдерінің негізінде уәкілетті органға Қорды қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат береді.

      Қордың қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат Қағидалардың 3-тармағындағы талаптарға сәйкес ресімделеді.

      10. Заңды тұлғаның қосылуы жүзеге асырылатын Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатпен бірге уәкілетті органға Қағидалардың 5-тармағындағы талаптарға сәйкес ресімделген мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қосылу жүзеге асырылатын Қор акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын заңды тұлға акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын заңды тұлға акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;

      2) қосылу жүзеге асырылатын Қордың және заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру жоспары;

      3) Қордың қайта ұйымдастырудан кейінгі есептік бухгалтерлік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.

      Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттар қосылу жүзеге асырылатын Қорға қойылатын Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес ресімделеді.

      11. Қағидалардың 3, 4 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қарау барысында уәкілетті орган мыналарды:

      1) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруға рұқсатын алу үшін қосылу жүзеге асырылатын Қор Қазақстан Республикасының азаматтық, қаржылық заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне ұсынған құжаттарды;

      2) қайта ұйымдастырылатын Қорға басқа Қор (Қорлар) және (немесе) заңды тұлға қосылу нәтижесінде оның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаларда ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берген уәкілетті органның жазбаша келісімінің болуын;

      3) қайта ұйымдастырылатын Қордың қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі бірінші есепті күнге пруденциялық нормативтерінің сәйкес келуін;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылардың (алушылардың) алдындағы міндеттемелердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету бойынша қайта ұйымдастыру жоспарында көзделген шаралардың жеткіліктілігін;

      5) қосу жүзеге асырылатын Қордың бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша қайта ұйымдастыру жоспарында көзделген шаралардың жеткіліктілігін;

      6) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 201-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органның экономикалық шоғырландыруға келісімінің болуын тексереді.

      Қағидалардың осы тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптар мемлекеттің, Ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысуы бар Қорлар қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылмайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Қордың қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатын және Қағидалардың 3, 4 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган толық құжаттар пакеті берілген күннен бастап үш айдың ішінде қарайды. Уәкілетті орган оларды қарау нәтижесінде Қорды қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      13. Заңның 46-бабында көзделген негіздемелер болған кезде уәкілетті орган Қорларды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тартады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Қорларға Қорларды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім уәкілетті органға Қағидалардың 3, 4 және 10-тармақтарында көрсетілген толық құжаттар пакеті ұсынылған күннен бастап үш ай ішінде жеткізіледі. Қорларды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешімде бас тарту негіздемелері көрсетіледі.

2. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру

      Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қосылу жүзеге асырылатын Қорға қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі іс-шараларды, оларды орындау мерзімін және жауапты адамдарын, сондай-ақ қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосылу жүзеге асырылатын Қорға беретін құжаттар мен ақпараттың тізбесін анықтайтын жоспарға (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Қорға бірнеше Қорлар қосылған жағдайда:

      1) қосылу жүзеге асырылатын Қордың зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қосылу жүзеге асырылатын Қордың бірінші басшысының шешімімен бекітілген кестеге сәйкес жасалады;

      2) қосылу жүзеге асырылатын Қор әрбір қосылатын Қорға қатысты іс-шаралар жоспарын жеке-жеке жасайды.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қосылу жүзеге асырылатын Қорға беру Қағидалардың 21, 27, 29 және 32-тармақтарына сәйкес жасалған зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Іс-шаралар жоспарында:

      1) Қорлардың арасындағы ақпарат алмасу тәртібі;

      2) қосылу жүзеге асырылатын Қордың автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) ерікті зейнетақы жарналарының салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шоттарын ашу және салымшылардың (алушылардың) осы жеке зейнетақы шоттарына зейнетақы жинақтарын есепке алу;

      3) қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) жабуы;

      4) қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын

      есепке қоюы;

      5) қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау кезеңінде алынған зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер бойынша қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) міндеттемелерін орындауы;

      6) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу мақсатында Қорлардың бағдарламалық – техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      7) қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) және инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) қосылу жүзеге асырылатын Қорға құжаттар мен ақпараттарды қағаз және электрондық тасымалдағыштарда беруі;

      8) қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау барысында қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосылатын Қормен (қосылатын Қорлармен), қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкімен, қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) кастодиан банкімен, инвестициялық портфельді басқарушымен (осындай бар болса) өзара әрекеттесуін болжайтын басқа да іс-шараларды қоса зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) беруін және қосылу жүзеге асырылатын Қордың қабылдауын қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды өткізу (іске асыру) тәртібі көзделеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      19. Қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) және оның инвестициялық портфельді басқарушысы (инвестициялық портфельді басқарушылары) (осындай бар болса) тапсырады, ал қосылу жүзеге асырылатын Қор және оның инвестициялық портфельді басқарушысы (осындай бар болса) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде мынадай құжаттар мен ақпаратты қабылдайды:

      1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қолданыстағы (ашық) шарттары бар ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарынан және оларға қатысты сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарының төлемдері мен зейнетақы жинақтарының төлемдері жүзеге асырылған ерікті зейнетақы жарналарын алушылардың жеке зейнетақы шоттарынан ағымдағы және тарихи деректерді;

      2) барлық қоса берілген құжаттармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың және оларға қосымша келісімдердің түпнұсқаларын;

      3) құжаттардың түпнұсқалары және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) сақтандыру ұйымдарына бұрын жүргізген зейнетақы жинақтарының төлемдері мен зейнетақы жинақтарының аударымдары бойынша ақпаратты;

      4) мыналарды қоса алғанда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қосылатын Қордың инвестициялық қызметі жөніндегі құжаттарын:

      инвестициялық комитеттің отырыстары хаттамаларының түпнұсқалары;

      ұсынымдарды жасауда пайдаланылған құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып, қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға ұсынымдардың түпнұсқалары;

      тәуекелді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қаржы құралдарымен жасалған мәміле бойынша қорытындыларының түпнұсқалары;

      инвестициялық шешімдердің түпнұсқалары;

      қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға клиенттік тапсырыстарының (зейнетақы активтері мен міндеттемелерін есепке алу үшін шот бойынша операцияларды жасауға бұйрықтардың) түпнұсқалары;

      ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған нарықта, халықаралық (шетелдік) нарықта мәмілелер жасауды және тіркеуді растайтын құжаттардың түпнұсқалары (trade ticket, trade сonfirmation, биржа куәлігі, қаржы құралдарын сатып алу-сату шарты, клиенттік тапсырыстарды орындау (орындамау) туралы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептері);

      ол бойынша мәмілелер халықаралық (шетелдік) нарықта жасалған борыштық бағалы қағаздар шығарылымының индикативтік шарттары (бар болса);

      екінші деңгейдегі банктермен банк салымдары шарттарының түпнұсқалары;

      қабылданған инвестициялық шешімдердің, зейнетақы активтері есебінен жасалған және орындалған мәмілелердің журналдары (құжаттарды және ақпаратты қосылу жүзеге асырылатын Қорға беру күнінің алдындағы бес жылға);

      зейнетақы активтері бойынша айналым – сальдо ведомостері (соңғы есепті күнге және құжаттар мен ақпаратты қосылу жүзеге асырылатын Қорға беру күніне);

      зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс (соңғы есепті күнге және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосылу жүзеге асырылатын Қорға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      зейнетақы активтері бойынша пайдалар мен шығындар туралы есеп (соңғы есепті күнге және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосылу жүзеге асырылатын Қорға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      төлемдер бойынша ай сайынғы есептер;

      қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қызметінің барлық кезеңінде инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы ай сайынғы анықтамалар;

      зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есептер (қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қызметінің барлық кезеңінде әрбір есепті айдың бірінші күніне және қосылу жүзеге асырылатын Қорға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      комиссиялық сыйақы, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы, зейнетақы активтері мен міндеттемелері бойынша ақша қозғалысы бойынша салыстырып тексеру актілерін қоса, кастодиан банкпен салыстырып тексеру актілерінің түпнұсқалары;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша эмитенттен берешектерді өндіріп алу жөніндегі құжаттардың түпнұсқалары (сот актілері, атқарушылық іс жүргізу жөніндегі құжаттар);

      5) іс-шаралар жоспарында белгіленген тізбеге сәйкес өзге құжаттар мен ақпарат.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Қағидалардың 19-тармағы 1) тармақшасында және 4) тармақшасының оныншы абзацында көрсетілген ақпарат электронды тасымалдағыштарда ұсынылады.

      Қағидалардың 19-тармағы 2), 3) және 4) (оныншы абзацты қоспағанда) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар:

      қағаз тасымалдағышта ұсынылады;

      іс қағазға жылдар бойынша қалыптастырылады, нөмірленеді, тігіледі. Әрбір іс қағаз 180 парақтан аспайды және оған ішкі тізімдеме қосылады, ол қағаз тасымалдағышта екі данада жасалады (қосылу жүзеге асырылатын Қорға электронды нұсқасын беру арқылы), оған жасаушы оның лауазымын және қол қойған күнін көрсете отырып, қол қояды және қосылатын Қордың және инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) мөрімен расталады.

      Уақытша сақтау мерзіміндегі құжаттар Қағидалардың 19-тармағы 4) тармақшасына сәйкес сол тәртіппен, бірақ ішкі тізімдемені көрсетпей қалыптастырылады.

      21. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) және оның инвестициялық портфельді басқарушысының (осындай бар болса) қосылу жүзеге асырылатын Қорға және оның инвестициялық портфельді басқарушысына (осындай бар болса) Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттар мен ақпаратты электронды және қағаз тасымалдағыштарда беруі Қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған және олардың мөрлерімен расталған құжаттарды қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.

      Қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қабылдау-өткізу актілерінде іс қағаздар атауларының тізбесі, іс қағаздардың жылы және олардың әрбірі бойынша парақтарының саны көрсетіледі.

      22. Қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қосылу жүзеге асырылатын Қорға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күні мыналарды құрады және оларды қосылу жүзеге асырылатын Қорға электрондық форматта жібереді:

      1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) тізімі;

      2) олардың зейнетақы жинақтарының сомалары "анықтағанға дейінгі басқа да сомалар" шотының есебінде тұрған ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) тізімі;

      3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы және тоқтатылған шарттар бойынша онымен жасалған зейнетақы аннуитетi шартының негізінде зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға байланысты ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының төлемдеріне арналған орындалған өтініштерінің тізімі;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы және тоқтатылған шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының төлемдеріне арналған орындалған өтініштерінің тізімі;

      5) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы тоқтатылған шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) тізімі;

      6) кредиторлық берешегі өтелген зейнетақы жинақтарының сомалары "анықталғанға дейінгі басқа да сомалар" шотының есебінде тұрған салымшылардың (алушылардың) тізімі;

      7) ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары жөніндегі, салымшылар (алушылар) деректемелерінің өзгеруі жөніндегі, қосылатын Қор қызметінің барлық кезеңінде жүзеге асырылған салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының бірігуі жөніндегі операциялар туралы ақпаратты.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Қосылу жүзеге асырылатын Қор қосылатын Қордан (қосылатын Қорлардан) Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күні:

      1) автоматтандырылған ақпарат жүйенің деректер базасында Қағидалардың 22-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шоттарын ашады;

      2) қосылатын Қорға (қосылатын Қорларға) Қағидалардың 22-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шоттары ашылғандығы туралы ақпаратты жібереді.

      24. Егер қосылу жүзеге асырылатын Қорда, салымшыда (алушыда) ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған бұрын ашылған жеке зейнетақы шоты бар болса, онда қосылу жүзеге асырылатын Қор жаңа жеке зейнетақы шотын ашпайды, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын есепке алу үшін қосылу жүзеге асырылатын Қордағы ерікті зейнетақы жарналарын бұрын ашылған жеке зейнетақы шотына жүзеге асырылады.

      25. Қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қосылу жүзеге асырылатын Қордың ұсынған ақпараты негізінде, автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында Қағидалардың 22-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын жабуды жүзеге асырады.

      26. Қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген тізімдерді электронды тасымалдағышта сақтайды және оны қосылу жүзеге асырылатын Қор тексереді.

      Қосылу жүзеге асырылатын Қордың өкілдері тексерген соң қосылатын Қордың өкілдерін қатыстыра отырып, Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген тізімдердің қосымша көшірмелерін электронды тасымалдағышта жасайды, олар мөрмен басылады, пломба салынады және қабылдау-өткізу актісі бойынша беріледі.

      Электронды тасымалдағыштардың мөрмен басылған, пломба салынған екі данасы қосылу жүзеге асырылатын Қорға жіберіледі, мөрмен басылған, пломба салынған электронды тасымалдағыштардың бір данасы жұмыс үшін қалдырылады, екінші данасы тұрақты негіздегі резервтік көшірме ретінде сақталады.

      27. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосылу жүзеге асырылатын Қорға Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген ақпаратты беру қосылу жүзеге асырылатын Қордың және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) бірінші басшыларының немесе олардың орнындағы адамдардың қолы қойылған және олардың мөрлерімен расталған қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      28. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) инвестициялық портфелін құрайтын қаржы құралдары туралы ақпарат қосылу жүзеге асырылатын Қорға және қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкіне қосылу жүзеге асырылатын Қор әзірлеген форматына сәйкес электрондық түрде жіберіледі.

      29. Қағидалардың 28-тармағында көзделген ақпаратты беру қосылу жүзеге асырылатын Қордың, қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың), қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкінің, қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) кастодиан банкінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған және олардың мөрлерімен расталған қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      30. Қағидалардың 28-тармағында көзделген Ақпаратты қабылдау-өткізу актісінде мынадай мәліметтер бар:

      1) беру күніндегі зейнетақы активтерінің жалпы сомасы, оның ішінде:

      шоттардағы ұлттық және шетел валютасындағы инвестицияланбаған ақша қалдығы;

      ұлттық сәйкестендіру нөмірін, айналыс мерзімін, санын, сатып алу бағасын, акция үшін бір бағалы қағаздың ағымдық құнын және облигациялар үшін номиналдың пайыздармен бағасын, пайыздар мен дивидендтер бойынша есептелген кірісті көрсете отырып, жіберілетін бағалы қағаздардың жиынтық құны;

      банктің атауын, салым сомасын, банктік салым шартын жасау күнін, шарттың қолданылу мерзімін, салым бойынша сыйақының жылдық ставкасын, салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомасын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар;

      осы қаржы құралдарына тән сомаларды, санды және қосымша сипаттамаларды көрсете отырып, басқа қаржы құралдарының тізбесі;

      2) зейнетақы активтері мен міндеттемелері бойынша талаптар сомасы, оның ішінде қате есептелген сомалар;

      3) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін берген күннің алдындағы күннің соңындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      31. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі кастодиан банктің жеке шоты аясында ашылған қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосалқы шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкінің жеке шоты аясында ашылған қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосалқы шотына есепке алу операцияларын орталық депозитарий Қордың (қосылатын Қорлардың) кастодиан банкінің (кастодиан банктерінің) және қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкінің екі қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.

      Қаржы құралдарын аударым жасауды тіркеу бұйрығының нысаны Қағидалардың 2-қосымшасында анықталған.

      32. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі кастодиан банктің жеке шоты аясында ашылған қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосалқы шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкінің жеке шоты аясында ашылған қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосалқы шотына есепке алу операциялары тіркелгеннен кейін орталық депозитарий (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ескерілген қаржы құралдары бойынша), қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) және қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банктері қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосалқы шотындағы бағалы қағаздар қалдықтарын қосылатын Қордың қосалқы шотындағы есептен шығарылған бағалы қағаздар қалдықтарымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Салыстырып тексеру салыстырып тексеруге қатысатын тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және тараптардың мөрімен расталған қабылдау-өткізу актімен ресімделеді.

      33. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беруге байланысты шығыстар қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) және қосылу жүзеге асырылатын Қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта
ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және
қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарттар бойынша ерікті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақы активтері
мен міндеттемелерін қайта
ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорына беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің Төрағасына

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды
жүргізуге рұқсат алу туралы
өтінішхат

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Қордың атауы)

      Қор акционерлерінің ___ жылғы "___" ______ жалпы жиналысының № ___ шешіміне сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (өткізілген орын)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қайта ұйымдастырылатын Қордың атауы)

      Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Қор өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

      Қордың акционерлері атынан ұсынылған уәкілетті тұлға (тегі, аты, (бар болса - әкесінің аты), аталған өкілеттіктерді алуға негіздеме болып табылатын құжатқа сілтеме).

      __________________________ _________

      (қолы) мөр

  Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта
ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және
қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарттар бойынша ерікті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақы активтері
мен міндеттемелерін қайта
ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорына беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қаржы құралдарын
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ға
аударуды тіркеуге бұйрық

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Күні ______________ Шығыс нөмірі ____________

      Депоненттің толық атауы

      _____________________________________________________________________

Есептеу
күні



/



/







      Қатысушылардың қосалқы шоттарының нөмірлері

Жөнелтушінің
қосалқы шотының
нөмірі













Алушының
қосалқы шотының
нөмірі













      Қаржы құралдарының деректемелері

р/с
№№

Сәйкестендіру нөмірі (ҰСН, ISIN немесе өзге де сәйкестендіргіш)

Саны

1



2






      Бірінші қол ____________________

      Екінші қол _____________________

      Мөр орны