Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8803 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 27 желтоқсанда № 193 (2394) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру талаптары мен тәртібін және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібін айқындайды.";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын (бұдан әрі - Қор) қайта ұйымдастыру қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) рұқсат бергеннен кейін қосылу нысанында жүзеге асырылады.
2. Қорлар әрбір қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) акционерлерінің жалпы жиналысы, қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы және қосылу жүзеге асырылатын Қор акционерлерінің жалпы жиналысы шешімдерінің негізінде уәкілетті органға Қорларды қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат береді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қайта ұйымдастыру жоспарына мыналар кіреді:
1) қайта ұйымдастыру жүргізудің негіздемелері;
2) Қорлардың зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша ерікті зейнетақы жарналары және меншікті активтері есебінен Қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелеріне қатысты әрекет ету тәртібін сипаттауды қоса алғанда, қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар;
3) қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды аяқтау мерзімі;
4) қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) салымшыларының (алушыларының) құрылымын ескере отырып, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін төлеу және аудару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
5) қосылу жүзеге асырылатын Қордың пруденциялық нормативтерді орындауын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
6) қосылу жүзеге асырылатын Қордың бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
7) қайта ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсететін өзге де ақпарат.
Қағидалардың осы тармағының 5) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар мемлекеттің, Ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысуы бар Қорлар қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылмайды.";
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерінің мөлшері жөнінде қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;";
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының азаматтық, қаржылық заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын алу үшін қосылу жүзеге асырылатын Қор ұсынған құжаттарды;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Заңның 46-бабында көзделген негіздемелер болған кезде уәкілетті орган Қорларды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тартады.";
екінші тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қосылу жүзеге асырылатын Қорға қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі іс-шараларды, оларды орындау мерзімін және жауапты адамдарын, сондай-ақ қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосылу жүзеге асырылатын Қорға беретін құжаттар мен ақпараттың тізбесін анықтайтын жоспарға (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) сәйкес жүзеге асырылады.";
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қосылу жүзеге асырылатын Қордың зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қосылу жүзеге асырылатын Қордың бірінші басшысының шешімімен бекітілген кестеге сәйкес жасалады;"
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қосылу жүзеге асырылатын Қорға беру Қағидалардың 21, 27, 29 және 32-тармақтарына сәйкес жасалған зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.";
18. Іс-шаралар жоспарында:
1) Қорлардың арасындағы ақпарат алмасу тәртібі;
2) қосылу жүзеге асырылатын Қордың автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) ерікті зейнетақы жарналарының салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шоттарын ашу және салымшылардың (алушылардың) осы жеке зейнетақы шоттарына зейнетақы жинақтарын есепке алу;
3) қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) жабуы;
4) қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын
есепке қоюы;
5) қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау кезеңінде алынған зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер бойынша қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) міндеттемелерін орындауы;
6) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу мақсатында Қорлардың бағдарламалық – техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
7) қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) және инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) қосылу жүзеге асырылатын Қорға құжаттар мен ақпараттарды қағаз және электрондық тасымалдағыштарда беруі;
8) қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау барысында қосылу жүзеге асырылатын Қордың қосылатын Қормен (қосылатын Қорлармен), қосылу жүзеге асырылатын Қордың кастодиан банкімен, қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) кастодиан банкімен, инвестициялық портфельді басқарушымен (осындай бар болса) өзара әрекеттесуін болжайтын басқа да іс-шараларды қоса зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) беруін және қосылу жүзеге асырылатын Қордың қабылдауын қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды өткізу (іске асыру) тәртібі көзделеді.";
19-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
4) мыналарды қоса алғанда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қосылатын Қордың инвестициялық қызметі жөніндегі құжаттарын:
инвестициялық комитеттің отырыстары хаттамаларының түпнұсқалары;
ұсынымдарды жасауда пайдаланылған құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып, қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға ұсынымдардың түпнұсқалары;
тәуекелді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қаржы құралдарымен жасалған мәміле бойынша қорытындыларының түпнұсқалары;
инвестициялық шешімдердің түпнұсқалары;
қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға клиенттік тапсырыстарының (зейнетақы активтері мен міндеттемелерін есепке алу үшін шот бойынша операцияларды жасауға бұйрықтардың) түпнұсқалары;
ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған нарықта, халықаралық (шетелдік) нарықта мәмілелер жасауды және тіркеуді растайтын құжаттардың түпнұсқалары (trade ticket, trade сonfirmation, биржа куәлігі, қаржы құралдарын сатып алу-сату шарты, клиенттік тапсырыстарды орындау (орындамау) туралы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептері);
ол бойынша мәмілелер халықаралық (шетелдік) нарықта жасалған борыштық бағалы қағаздар шығарылымының индикативтік шарттары (бар болса);
екінші деңгейдегі банктермен банк салымдары шарттарының түпнұсқалары;
қабылданған инвестициялық шешімдердің, зейнетақы активтері есебінен жасалған және орындалған мәмілелердің журналдары (құжаттарды және ақпаратты қосылу жүзеге асырылатын Қорға беру күнінің алдындағы бес жылға);
зейнетақы активтері бойынша айналым – сальдо ведомостері (соңғы есепті күнге және құжаттар мен ақпаратты қосылу жүзеге асырылатын Қорға беру күніне);
зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс (соңғы есепті күнге және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосылу жүзеге асырылатын Қорға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);
зейнетақы активтері бойынша пайдалар мен шығындар туралы есеп (соңғы есепті күнге және қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) қосылу жүзеге асырылатын Қорға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);
төлемдер бойынша ай сайынғы есептер;
қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қызметінің барлық кезеңінде инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы ай сайынғы анықтамалар;
зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есептер (қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қызметінің барлық кезеңінде әрбір есепті айдың бірінші күніне және қосылу жүзеге асырылатын Қорға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);
комиссиялық сыйақы, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы, зейнетақы активтері мен міндеттемелері бойынша ақша қозғалысы бойынша салыстырып тексеру актілерін қоса, кастодиан банкпен салыстырып тексеру актілерінің түпнұсқалары;
ерікті зейнетақы жарналары есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша эмитенттен берешектерді өндіріп алу жөніндегі құжаттардың түпнұсқалары (сот актілері, атқарушылық іс жүргізу жөніндегі құжаттар);";
22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қосылатын Қор (қосылатын Қорлар) қосылу жүзеге асырылатын Қорға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күні мыналарды құрады және оларды қосылу жүзеге асырылатын Қорға электрондық форматта жібереді:";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Қағидалардың 28-тармағында көзделген Ақпаратты қабылдау-өткізу актісінде мынадай мәліметтер бар:
1) беру күніндегі зейнетақы активтерінің жалпы сомасы, оның ішінде:
шоттардағы ұлттық және шетел валютасындағы инвестицияланбаған ақша қалдығы;
ұлттық сәйкестендіру нөмірін, айналыс мерзімін, санын, сатып алу бағасын, акция үшін бір бағалы қағаздың ағымдық құнын және облигациялар үшін номиналдың пайыздармен бағасын, пайыздар мен дивидендтер бойынша есептелген кірісті көрсете отырып, жіберілетін бағалы қағаздардың жиынтық құны;
банктің атауын, салым сомасын, банктік салым шартын жасау күнін, шарттың қолданылу мерзімін, салым бойынша сыйақының жылдық ставкасын, салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомасын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар;
осы қаржы құралдарына тән сомаларды, санды және қосымша сипаттамаларды көрсете отырып, басқа қаржы құралдарының тізбесі;
2) зейнетақы активтері мен міндеттемелері бойынша талаптар сомасы, оның ішінде қате есептелген сомалар;
3) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін берген күннің алдындағы күннің соңындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебі.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беруге байланысты шығыстар қосылатын Қордың (қосылатын Қорлардың) және қосылу жүзеге асырылатын Қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта
ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және
қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарттар бойынша ерікті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақы активтері
мен міндеттемелерін қайта
ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорына беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасына";
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов