ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 8, 9 және 17-тармақтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2023 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.
2. "Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7029 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 тамызда "Казахстанская правда" газетінің № 272-274 (26693-26695) санында жарияланған):
Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамға "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша дактилоскопиялық карталар толтырылады және оның екі данасы полиция департаменттерінің жедел-криминалистикалық бөліністері мен аумақтылығы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына жолданады";
Жедел-криминалистикалық бөліністері Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының есептері бойынша жеке басы анықталмаған жағдайда дактилоскопиялық карталар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті арқылы Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің бас ақпараттандыру-талдау орталығының базасында жұмыс істейтін Мемлекетаралық ақпараттың банкі есептері арқылы тексеру үшін жолданады.".
3. "Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7417 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырда "Казахстанская правда" газетінің № 144-145 (26963-26964) санында жарияланған):
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесінде:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамның жеке басын анықтау және есепке қою мақсатында "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша дактилоскопиялық карталар толтырылады және оның екі данасы полиция департаменттерінің жедел-криминалистикалық бөліністері мен аумақтылығы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына жолданады";
Жедел-криминалистикалық бөліністер мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының есептері бойынша жеке басы анықталмаған жағдайда дактилоскопиялық карталар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті арқылы Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің бас ақпараттандыру-талдау орталығының базасы негізінде жұмыс істейтін Мемлекетаралық деректер банкі есептері арқылы тексеру үшін жолданады.
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарды медициналық куәландыру тәртібі, сондай-ақ оларға медициналық-санитарлық қызмет көрсету нормалары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11206 болып тіркелген) бекітілген "Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".
2-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Ішкі істер органдары қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы "Егемен Қазақстан" газетінің № 247-252 (27326) және 2012 жылғы 19 мамырдағы "Казахстанская правда" газетінің № 144-145 (26963-26964) сандарында жарияланған):
Ішкі істер органдары қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамға "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша дактилоскопиялық карта толтырылады және оның бір данасы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлінісіне жолданады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдарды медициналық куәландыру тәртібі, сондай-ақ оларға медициналық-санитарлық қызмет көрсету нормалары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11206 болып тіркелген) бекітілген Бас бостандығы шектеулі, азаматтарды сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдары медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".
5-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 01.10.2025 № 742 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, 2015 жылы 21 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың полиция департаменттерінің (бұдан әрі - ПД), Қазақстан Республикасы ІІМ-нің (бұдан әрі - ІІМ) Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:
1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін, сондай-ақ Қағидаларда көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.";
7. "Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10064 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (27888) санында жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүргізуші куәлігі бланкісінің үлгісі осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газетінің № 143 (28019), 2015 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінің № 143 (28621) санында жарияланған):
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қару мен оның патрондары айналымы ережесінің 7, 9-тармағы | Құжат берілмейді | Өтініш бергеннен кейін ішкі істер органының қызметкері объектіні, үй-жайларды тексеруді жүргізеді. Аяқталу нысаны – нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес объектіні тексеру туралы акт толтырылады (бұдан әрі - № 313 бұйрық) |
";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
18 | Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | № 313 бұйрық |
";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
25 | Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | № 313 бұйрық |
";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
28 | Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | № 313 бұйрық |
";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
31 |
Қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлар. | Құжат берілмейді | № 313 бұйрық |
";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
35 | Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | № 313 бұйрық |
".
9. "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылдың 27 ақпанында № 10353 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газетінің № 143 (28019), 2015 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінің № 143 (28621) санында жарияланған):
Азаматтық пиротехникалық заттар және олардың қолданылуымен бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі | Құжат берілмейді | Өтініш бергеннен кейін ішкі істер органы қызметкері объектіні, жайды тексеруді жүргізеді. Аяқталу нысаны – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласын бақылау жөніндегі бөліністерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес объектіні тексеру туралы акті жасалады (бұдан әрі – №313 бұйрық) |
";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | №313 бұйрық |
";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | №313 бұйрық |
";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | №313 бұйрық |
".
10. "Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 150 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 наурызда № 10565 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 27 ақпанда "Казахстанская правда" газетінің № 39 (28165), 2016 жылғы 27 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 39 (28767) санында жарияланған):
Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Келіп түсетін әкімшілік және азаматтық істер бойынша алынған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды (бұдан әрі- қару-жарақ құралдарын) қабылдауды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ оларды қабылдау, есепке алу, сақтау тәртібіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және көліктегі (бұдан әрі- ПД, КПД) полиция департаменттері, қалалық, аудандық және желілік ішкі істер органдары бөліністерінде (бұдан әрі - қаладағы желілік органдары) ПД, КПД бастықтарының бұйрықтарымен әкімшілік және азаматтық істер бойынша алынған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды қабылдау және бақылау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар (бұдан әрі- комиссия) құрылады";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның құрамына ПД, КПД әкімшілік және криминалдық полиция бөліністерінің, тергеу, өзіндік қауіпсіздік, тылдық қамтамасыз ету, жедел криминалистикалық бөліністерінің (бұдан әрі - ЖКб) және ақпараттандыру және байланыс бөлімшелерінің (бұдан әрі – АББ) қызметкерлері кіреді. Осы комиссияларды ПД, КПД бастықтарының орынбасарларының бірі басқарады.
Көрсетілген комиссиялар қару-жарақ заттарын ПД, КПД арттехқару-жарақ (бұдан әрі – АТҚЖ) қоймаларына қабылдауды, сондай-ақ ПД, КПД, қалалық, аудандық, желілік органдарының осы Қағидалардың талаптарын сақтауы бойынша тексерісті жүзеге асырады.";
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау тәртібі";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) тіркелмеген барлық қарулар атуға жарамдылығын және оның үлгісін және түрін анықтау үшін ЖКб жолданады, егер сәйкестендіру нөмірі, маркасы, моделі немесе оларды анықтау мүмкін болмаған (бейнеленуі анық болмаған) жағдайда қарудың жойылған зауыттық нөмірін, таңбаларын анықтау бойынша криминалистикалық зерттеу жүргізу үшін қару ПД, КПД ЖКБ-ға жолданады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Ерікті түрде тапсырылған қаруды ЖКБ(б)-ның сұрау салуы бойынша анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, алмастыру және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) ПД, КПД мұражайларында экспонаттау үшін беруге жол беріледі.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. ЖКБ анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, алмастыру, Қазақстан Республикасы ІІМ, ПД, КПД мұражайларында экспонаттау үшін беру тек АТҚЖ қоймасынан осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТҚБ-ның бастығы қол қоятын, шығыс хат-хабарлар журналына тіркелетін және ПД, КПД елтаңбалық мөрімен бекітілетін қаруды беруге арналған жолдаманың негізінде ПД ТҚБ қызметкерлері жүргізеді.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Қару-жарақ заттарының қозғалысы (ЖКБ анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, алмастыру Қазақстан Республикасы ІІМ, ПД, КПД мұражайларында экспонаттау үшін беру) туралы ақпаратты қойма меңгерушісі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АТҚЖ қоймасына келіп түскен алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, табылған қаруды және оқ-дәрілерді есепке алу журналына енгізеді, бір тәулік ішінде ІІО-да тіркелмеген қару бойынша ақпараттандыру және байланыс бөлімшелеріне БДБ-ға тиісті түзетулер енгізу үшін қарудың қозғалысы туралы ақпаратты қамтитын баянат жолданады, бір тәулік ішінде ІІО-да тіркелген қару бойынша АҚҚАБ қызметкеріне БДБ-ға тиісті түзетулер енгізу үшін қарудың қозғалысы туралы ақпаратты қамтитын баянат жолданады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған атыс қаруы жедел-криминалистикалық бөліністердің анықтамалық коллекцияларын құру, толықтыру, ауыстыру Қазақстан Республикасы ІІМ, ПД, КПД мұражайларында экспонаттауға қою үшін тек ПД, КПД АТҚ қоймаларынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, ПД, КПД бастығының жазбаша нұсқауымен беріледі.";
50-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ІІМ, ПД, КПД мұражайларына экспонаттау үшін берілетін қаруды қару-жарақ қызметінің қызметкерлері атуға жарамсыз күйге келтіреді:";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Қаруды және оқ-дәрілерді ПД ТҚЕБ(б)-ға тапсыру үшін қару мен оқ-дәрілерді тапсырушы аумақтық ішкі істер бөлінісінің бастығы қол қойған хаты жолданады.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. ПД ТҚЕБ(б)-ға екі жұмыс күні ішінде қару-жарақ заттарын қабылдауға келісу немесе қабылдаудан бас тарту туралы жауап жолдайды (бас тартқан жағдайда дәлелді түсіндірме қоса беріледі).";
62 және 63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Одан әрі пайдалануға жарамсыз қызметтік қару мен оның патрондарын одан әрі жою үшін заңды тұлғалардан қару мен оқ-дәрілерді қабылдау аумақтығы бойынша АҚҚА бөлімшелеріне хабарлағаннан кейін ПД, КПД бастығының немесе оның орынбасарының рұқсатымен осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды беру туралы жазбаша қолдаухат бойынша жүзеге асырылады.
63. Одан әрі пайдалануға жарамды қызметтік қару мен оның патрондарын уақытша сақтау үшін заңды тұлғалардан қабылдау аумақтығы бойынша АҚҚА бөлімшелеріне хабарлағаннан кейін ПД, КПД бастығының немесе оның орынбасарының рұқсатымен осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың жазбаша қолдаухаты бойынша жүзеге асырылады. Қолдаухатта егер қарудың иесі қолдаухатта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін дәлелсіз себептермен (науқастығына, ұзақ іссапар) ІІО-ға қаруды қайтару туралы өтініш жасамаған жағдайда тапсырылған қару өтеусіз мемлекеттің меншігіне өтеді.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. ПД, КПД-нің Қару-жарақ қызметі қабылданған, сақтауда тұрған және кәдеге жаратылған қару-жарақ заттары туралы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Тыл департаментіне ай сайын есеп жолдайды.";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Қару-жарақ заттарын ішкі істер органынан "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемесінің қоймасына дейін кәдеге жарату үшін тасымалдауды ПД, КПД ТҚЕБ, ТҚб бөлімшелерінің қызметкерлері мамандандырылған автокөліктегі қарулы күзеттің және патрульдік автокөліктегі патрульдік полициясы экипажының ілесіп жүруімен жүзеге асырады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қару мен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарында есепке алу тәртібі";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды және оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды сақтау";
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ІІО-да, АТҚЖ қоймаларына қабылдау, сақтау, есепке алу тәртібін тексереді:
1) қалалық, аудандық, желілік полиция бөліністерінің бастықтары өз бөлімшелерінде – айына кемінде бір рет;
2) Қазақстан Республикасы ПД, КПД тұрақты жұмыс істейтін комиссияның мүшелері – тоқсанына кемінде бір емес, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілердің жетпей қалуына, артық шығуына, ұрлануына байланысты төтенше оқиғалар фактілері бойынша;
3) Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлері – ПД, КПД-нің кешенді, инспекторлық, бақылау тексерістері кезінде, сондай-ақ қарудың және оқ-дәрілердің жетпей қалуына, артық шығуына, ұрлануына байланысты төтенше оқиғалар фактілері бойынша жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасы ІІМ, ПД, КПД жоспарларына сәйкес жылына бір рет алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды есепке алу, қабылдау және тапсыру есебінің дұрыстығына құжаттамалық ревизия жүргізіледі, сондай-ақ ішкі істер органдарында, заттай дәлелдемелер сақталатын камераларда, АТҚЖ қоймаларында барлық сақталып тұрған қару мен оқ-дәрілерге түгендеу жүргізіледі.";
99-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қалалық, аудандық, желілік полиция бөліністерінде – АҚҚАБ қызметкерінің тапсырылған атыс қаруының және оқ-дәрілердің, жарылғыш материалдардың түбіртектерін ресімдеу тәртібі, ІІО жедел кезекшісінің қабылданған заттары туралы басшылыққа уақтылы баяндауы, ПД, КПД ТҚЕБ қоймасына қаруды тасымалдау ережесі мен тапсыру мерзімдерінің сақталуы;";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған атыс қарулары, оқ-дәрілер және жарылғыш материалдардың барлық жетіспеген, артық шыққан, жоғалған және бүлінген жағдайлары, сондай-ақ оларды есептен жасыру, ІІО-ның қызметкерлері иемденген фактілер туралы белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы ІІМ, ПД, КПД-ге дереу хабарланады, содан соң бір айдың ішінде қызметтік тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың, кінәлі адамдарды жазалау туралы бұйрықтардың көшірмелері жіберіледі.".
11. "Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10840 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 13 тамызда "Казахстанская правда" газетінің № 155 (28281), 2016 жылғы 13 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінің № 155 (28883) санында жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Антикварлық қару (орталық соққыдағы біртұтас патрондармен атуға арналып жасалған атыс қаруынан басқа, 1899 жылға дейін жасалған атыс қаруы) және мәдени құндылығы бар қару комиссияның шешімі бойынша Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Көліктегі полиция департаменттері жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің заттай коллекцияларына немесе мұражайларына берілуі мүмкін.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсыру және тіркеу тәртібі";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Тапсырылған атыс қаруы, оқ-дәріні және жарылғыш заттар үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құру және оның жұмыс істеу тәртібі";
11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия құрамы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі, тыл және қаржымен қамтамасыз ету, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау, криминалдық полиция, өзіндік қауіпсіздік, жедел-криминалистикалық және ақпараттандыру және байланыс қызметтері бөліністерінің қызметкерлерінен тұрады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Комиссия облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің әрбір ҚАПб-да құрылады.";
15-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорытындының бірінші данасы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттерінің бухгалтериясына жолданады және ол тапсырылған қару үшін азаматқа сыйақы төлеуге негіз болып табылады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. ҚАПб комиссияларының жұмыс материалдарын апта сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттері жинақтайды, есептіліктің бекітілген нысандары бойынша Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының тиісті қызметтеріне (Әкімшілік полиция комитеті, Криминалдық полиция және Қаржымен қамтамасыз ету департаменттеріне) жібереді.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Сыйақы төлеу тәртібі";
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ҚАПб азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөліністерінің қызметкерлері (комиссиялар мүшелері) ақшалай қаражат төлеу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттерінің қаржымен қамтамасыз егу қызметтеріне (бухгалтерияларына) мынадай құжаттарды жолдайды:".
12. "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 мамырдағы № 11193 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 3 қыркүйекте "Казахстанская правда" газетінің № 169 (28295), 2016 жылғы 3 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінің № 169 (28897) санында жарияланған):
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларында:
20-тарамақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қауіптілігі ІV сыныптық пиротехникалық заттар мен бұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі - ПД, КПД) аумақтылығы бойынша берген басқа да заңды тұлғаларға оларды сақтау орны бойынша қоймалардан сатылады".
13. "Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11186 болып тіркелген, 2015 жылы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келген кезде, бұрын пайдалануда болған (оның ішінде бұрын мемлекеттік органдардың пайдалануында болған) МТНБ-ларды бұрынғы иелеріне көлік құралына қайта беруге жол беріледі.
Құқықтық мирасқордың (мұрагердің) ерік білдіруі бойынша мұрагерлік мәні болып табылатын көлік құралына бұрынғы МТНБ-ны олар ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келген және Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік баждарды төлей отырып, бір өңір шегінде көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде қайта беруге жол беріледі.".
14. "Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13004 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 1 қыркүйекте "Казахстанская правда" газетінің № 167 (28293), 2016 жылғы 1 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінің № 167 (28895) санында жарияланған):
14-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) Учаскелік полиция инспекторы өз құзыреті шегінде азаматтық қару иелерінің өзіне тиесілі қару және оның патрондарын сақтау бойынша бекітілген талаптардың сақталуына бақылау жасау мәселесі бойынша азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
Учаскелік полиция инспекторы жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезеңінде полиция органдары жүргізген тексерістерді қоспағанда, жеке пайдаланымында атыс қаруы бар жеке адамдарды тұрғылықты орны бойынша жылына бір рет, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлінісінің қызметкерінің (бұдан әрі- АҚҚАБ) тапсырмасы бойынша қаруды сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсатты алуға үміткер адамдарға тексерісті жүзеге асырады.
Тексеріс нәтижелері бойынша учаскелік полиция инспекторы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13694 болы тіркелген) бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы нұсқаулыққа 18-қосымшаға сәйкес баянат толтырады және 5 жұмыс күн ішінде осы баянатты, сондай-ақ қаруды сақтау ережесін бұзу анықталған жағдайда тексеру материалдарын (әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама көшірмесін, қаруды алу және т.б.) АҚҚАБ қызметкеріне жібереді.".
15. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 24.08.2026 № 593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.16. "Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14161 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген әкімшілік полиция бөлімшелерінің жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласындағы қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кешенді тексеруді жол иелері, жол және жергілікті атқарушы органдар:
1) халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдар мен олардағы жол құрылыстарын – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД әкімшілік полиция бөлімі (бөлімшесі, тобы) қызметкерлерінің;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, автомобиль жолдарын және олардағы жол құрылыстарын – аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөлінісі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізеді;
3) уәкілетті органның аумақтық бөліністері жоғары тұрған уәкілетті органның нұсқауы бойынша қалалар, аудандар және елді мекендер шекараларының шегінде халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды тексереді.".
17. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 16733 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 сәуірде электрондық түрде енгізілген, "Казахстанская правда" газетінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 90 (28719) санында жарияланған):
8-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2023 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.
Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды ұстау туралы ҚАУЛЫ
20__жылғы "__" __________ "__" сағ. "__" мин. қала (кент) __________________
Мен,__________________________________________________________________
(лауазымы, ішкі істер органының атауы, атағы тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________________________________________
азамат (ша) _______________________________ұстау материалдарын қарап,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) туған күні, айы, жылы және жері)
______________________________________________________________________
АНЫҚТАДЫМ:
Азамат (ша)____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (айтуы бойынша)
______________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттары, белгілі бір тұратын жері жоқ.
Өз түсініктемесінде азамат (ша) ______________________мынаны хабарлады:
______________________________________________________________________
Ұсталғанның қолы:_________________________
Баяндалғанның негізінде және "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Азамат (ша) ____________________ ұсталсын, тексеру және жеке басын анықтау үшін
_____________________________ қабылдау-тарату орнына қамауға алынсын.
(ішкі істер органының атауы)
__________________________________________________
(қаулыны толтырған қызметкердің лауазымы, атағы және қолы)
Қаулы маған хабарланды: _________________________________________________
(ұсталғанның қолы)
Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты жүріп-тұру бостандығын бастапқы шектеуді қолдану туралы ҚАУЛЫ
20 __ жылғы " __ " _______ " __ " сағат " __ " мин. қала (кент) _____________
Мен,___________________________________________________________________
(лауазымы, ішкі істер органының атауы,атағы, тегі)
_______________________________________________________________________
Азамат(ша)_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (бар болған жағдайда) туған жылы мен жері)
_________________________________________________ материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
Азамат(ша) _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (айтуы бойынша)
_______________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттары, белгілі бір тұратын жері жоқ)
Өз түсініктемесінде азамат __________мынаны хабарлады _____________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы Заңның 29-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Азамат (ша) ______________________ қатысты 30 (отыз) тәулік мерзімге жүріп-тұру
бостандығын бастапқы шектеу қолдансын және тексеру, жеке басын анықтау үшін
__________________________________ қабылдау-тарату
(ішкі істер органының атауы)
орнына қамауға алынсын.
________________________________________________________________________
(қаулыны толтырған қызметкердің лауазымы, атағы мен қолы)
Қаулы маған жарияланды __________________________________________________
(ұсталғанның қолы)
Арнайы қабылдау орнына орнластырылған адамды жеке тексеру және оның заттарын тексеру ХАТТАМАСЫ
Толтырылған жері мен уақыты
20 __ жылғы " __ " _______ ___ сағат __ мин. Толтырылған орын _______________
Мен ___________________________________________________________________
(хаттама толтырған адамның лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған кезде)
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
791-бабына сәйкес осы хаттаманы мына азаматқа (азаматшаға) қатысты толтырдым
___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., азаматтығы, туған жылы мен жері, тұрғылықты жері)
Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________ ___
Отбасы жағдайы __________________________________________ асырауында
________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты ________________________________________
(сериясы, нөмірі, кім берген)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 755-бабына сәйкес құқықтары мен міндеттері түсіндірілген куәгерлердің қатысумен:
1. ______________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), тұрғылықты жері)
2. ______________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), тұрғылықты жері)
Куәгерлердің қолы: 1. _______ 2. _______ (тексерілген адамның Т.А.Ә.)
___________________ азаматты (шаны) және жеке заттарын тексеру жүргізілді.
Тексерілушінің киімі _____________________________________________________
Сыртқы тексеру кезіндегі дене жарақаттары:_________________________________
(анықталған жоқ, егер анықталса, дене жарақаттарының сипаттамасын көрсету қажет
және медициналық көмек көрсетілді ме)
Тексеру барысында анықталған және алынған заттар:_________________________
________________________________________
Тексеріс кезінде келіп түскен өтініштер_____________________________________
Тексеріс барысында:_____________________________________________________
(фото-кинотүсірілім, бейнежазба, тіркеудің өзге де тәсілдері)
Арнайы қабылдау орнына келіп түскен кезде денсаулық жағдайыма шағымдар
бар (жоқ) __________________________________________________________________
(керегін жазыңыз)
Арнайы қабылдау орнында ұстау шарттарымен таныстым:
_______________________________________________________________________
(қолы)
Қолдары: __________________________ (тексеруді жүргізген лауазымды адам)
______________________________________________ (жеке тексерілген адам)
Куәгерлердің қолдары: 1.__________________2.______________________________
Хаттаманың көшірмесін алдым_____________________________________________
(жеке тексеруге адамның Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)
Жүргізуші куәлігінің үлгісі
Беткі жағы

Сыртқы жағы

Жүргізуші куәлігінің интегралдық микросызбасы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) жүргізуші куәлігі туралы:
сериясы мен нөмірі;
берілген күні;
жүргізуші куәлігін берген органның атауы;
2) жүргізуші туралы:
тегі, аты, әкесінің аты;
туған күні және жері;
тұрғылықты жері;
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және берілген күні;
фотосуреті;
3) көлік құралын басқаруға рұқсаты туралы:
рұқсат етілген санаттар;
жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы;
ерекше белгілер.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарына жүргізуші куәліктері бланкілерінің серияларын белгілеу үшін латын транскрипциясындағы мынадай әріптік белгілеулер бекітіледі.
р/с | Өңірдің атауы | Әріптік белгілеу |
1 | Нұр-Сұлтан қаласы | Z |
2 | Алматы қаласы | A |
3 | Ақмола облысы | C |
4 | Ақтөбе облысы | D |
5 | Алматы облысы | B |
6 | Атырау облысы | E |
7 | Батыс Қазақстан облысы | L |
8 | Жамбыл облысы | H |
9 | Қарағанды облысы | M |
10 | Қостанай облысы | P |
11 | Қызылорда облысы | N |
12 | Маңғыстау облысы | R |
13 | Түркістан облысы | X |
14 | Павлодар облысы | S |
15 | Солтүстік Қазақстан облысы | T |
16 | Шығыс Қазақстан облысы | F |
17 | Шымкент қаласы | Y |
18 | Резерв | G, Q, W |
Осы үлгіге сәйкес жүргізуші куәліктері 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап беріледі.
2020 жылғы 1 қаңтарға дейін дайындалған және берілген жүргізуші куәліктері олардың әрекет ету немесе ауыстыру мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ______________________________________________________________________ (ішкі істер органының атауы) Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға №___ рұқсат
________________________________________________________________ берілді
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы, нөмірі)
________________________________________________________________ тұрады
(мекенжайы)
тасымалдауға ___________________________________________________________
(көліктің түрі)
_______________________________________________________________________
(жөнелту пункті)
_______________________________________________________________________
(келу пункті)
мынадай жүк ___________________________________________________________
(жүктің атауы мен заттың саны санмен және жазумен көрсетіледі)
Қаруды тасымалдауға сенімхаттың нөмірі___________________________________
Қару иесінің сақтауға рұқсаты _____________________________________________
(нөмірі, берілген күні, қару иесінің тегі, аты,
_______________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болса)
Азаматтық қару мен оның патрондарының түрі, типі және саны осы рұқсатқа қосымшада көрсетілген.
20 ___ жылғы " ___ " _________________________ дейін жарамды
Бастық _________________________ (қолы)
М.О. 20 ___ жылғы " ___ " __________________
Ескертпе: Тасымалдауға рұқсаттың жарамдық мерзімі қару мен оның патрондарын межелі орынға жеткізу үшін қажетті нақты уақыт есебімен, бірге тасымалдау, бірақ бір орыннан артық емес есебімен белгіленеді.
| Жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға № __ рұқсатына қосымша |
Қызметтік қару мен оның патрондарының түрі, типі және саны:
р/с № | Қарудың типі (ойық, тегіс ұңғылы, электрлік, пневматикалық, газды, жарақат салатын әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды, ұңғысыз жарақат салатын, лақтырғыш) | Қарудың түрі (ұзын ұңғылы, қысқа ұңғылы, садақтар, арбалеттер) | Қарудың нөмірі | Калибрі | Саны | Қарудың патрондары |
1 | ||||||
2 |
(жүктің атауы мен заттардың саны санмен және жазумен көрсетіледі)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ______________________________
_______________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын
тасымалдауға №___ рұқсат _____________________________________ берілді
(ұйымның, мекеменің атауы)
_____________________________________________________________ орналасқан
(мекенжайы)
_______________________________________________________________________
(көлік түрі)
_______________________________________________________________________
(жөнелту пункті)
_______________________________________________________________________
(келу пункті)
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының түрі, типі және саны осы рұқсатқа қосымшада көрсетілген.
Тасымалдауға жауапты ____________________________ болып табылады
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке куәлігінің немесе
паспортының сериясы, нөмірі)
Жол бойынша жүкті күзететін адамдар (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
лауазымы мен күзет ұйымының атауы көрсетіледі):
1. _____________________________________________________________________
2. _____________________________________________________________________
3. _____________________________________________________________________
20___ жылғы "___" __________________ дейін жарамды
Бастық _________________________
(қолы)
М.О.
2019 жылғы " ___ " __________________
Ескертпе: Тасымалдауға рұқсаттың жарамдық мерзімі қару мен оның патрондарын межелі орынға жеткізу үшін қажетті нақты уақыт есебімен, бірге тасымалдау, бірақ бір орыннан артық емес есебімен белгіленеді.
| Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға № __ рұқсатқа қосымша |
Қызметтік қару мен оның патрондарының түрі, типі және саны:
р/с № | Қарудың типі (ойық, тегіс ұңғылы, электрлік, пневматикалық, газды, жарақат салатын әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды, ұңғысыз жарақат салатын, лақтырғыш) | Қарудың түрі (ұзын ұңғылы, қысқа ұңғылы, садақтар, арбалеттер) | Қарудың нөмірі | Калибрі | Саны | Қарудың патрондары |
1 | ||||||
2 |
(жүктің атауы мен заттардың саны санмен және жазумен көрсетіледі)
_______________