Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 231 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 маусымда № 7029 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 мамырдағы
№ 565 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.08.2019 № 637 қаулысымен.

      2. "Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесінде:

      2-тармақтағы "1995 жылғы 26 желтоқсандағы" деген сөздер "2007 жылғы 28 ақпандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитетімен келісу бойынша осы мүлік жедел басқаруында тұрған тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.";

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 765 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.