Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 26 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы " " _______________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
_____________________ Ж. Қасымбек
2015 жылғы 20 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 25.10.2016 № 1005 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2023 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялауға жинау және экспонаттау жөніндегі қызмет түрі үшін қойылатын жалпы талаптар мен құжаттар | |||
1 | Толық сауалнамалық деректер (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы) қоса берілген, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер | Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы | |
2 | Қаруды иеленуге көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизм немесе нашақорлыққа байланысты қарсы көрсетілімдердің болмауы туралы медициналық қорытындылар | Қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды | |
3 | Соттылығының жоқтығы туралы анықтама | Соттылығының жоқтығы туралы анықтама | Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Қылмыстық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынады |
4 | Қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама | Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылардың азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне даярлау (қайта даярлау) бағдарламалардан өткені туралы анықтама | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 536 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18849 болып тіркелген) бекітілген нысаны бойынша азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылардың азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне даярлау (қайта даярлау) бағдарламалардан өткені туралы анықтама, қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдар береді |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін | |||
5 | Заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі | Жоғары техникалық білімнің болуын растайтын диплом. | |
6 | Қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар түріндегі ғылыми база | Қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар жиынтығы | |
7 |
Қарудың немесе патрондардың тәжірибелік үлгілерін дайындау және сынау үшін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база, қоса алғанда: |
Өндірістік-техникалық базасы, жабдықтар мен аппаратураға меншік немесе жалға алу құқығын растайтын бар болуын көрсететін құжаттары. | |
8 | Қару мен оның патрондарын әзірлеуге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар | Техникалық құжаттама | |
9 | Қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар | Техникалық құжаттама | |
10 | Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдегі № 602 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының 120, 121 және 122-тармақтарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | Өтініш бергеннен кейін ішкі істер органының қызметкері объектіні, үй-жайларды тексеруді жүргізеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 313 бұйрық) ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес аяқталу нысаны – объектіні тексеру туралы акт толтырылады |
11 | Үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты | Шарт | |
11-1 | Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы | Күзет қызметтерін көрсету шарты |
Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін | |||
12 | Заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі | Жоғары техникалық білімі барын растайтын құжат | |
13 | Қару мен оның патрондарын жасау мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түріндегі ғылыми база | Қару мен оның патрондарының түрлерін жасау мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы | |
14 |
Меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база, қоса алғанда: |
Өндірістік-техникалық базасы, меншік немесе жалдау құқығын растайтын бар болуын көрсететін құжаттары. | |
15 | Қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен қару мен оның патрондарын өндіруге ниет білдіру туралы хаттама немесе шарт (келісімшарт) | Хаттама немесе шарт | |
16 | Қару мен оның патрондарын өндіруге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар | Техникалық құжаттама | |
17 |
Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамалар), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау: | Техникалық және есепке алу құжаттамасы | |
18 | Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | № 313 бұйрық |
19 | Үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты | Шарт | |
19-1 | Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы | Күзет қызметтерін көрсету шарты |
Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін | |||
20 | Қаруды жөндеу жөніндегі білікті мамандар | Қаруды жөндеу бойынша арнайы білімінің бар екенін растайтын құжаттар (диплом, сертификат, еңбек кітапшасынан үзінді және т.б.). | |
21 | Техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхана |
Мамандандырылған шеберханаға меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар. | |
22 | Арнайы жабдық пен құрылғылар | Тиісті жабдықтар мен аппаратураның бар болуын көрсететін құжаттар | |
23 | Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар | Техникалық және есепке алу құжаттамасы | |
24 | Қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы | Қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы |
Осы біліктілік талаптарының |
25 | Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | № 313 бұйрық |
25-1 | Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы | Күзет қызметтерін көрсету шарты |
Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін | |||
26 | Техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясымен жабдықталған қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлар |
Қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығын растайтын арнайы жабдықталған үй-жайлардың құжаттары. | |
27 | Келіп түскен, сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу жөніндегі құжаттама | Келіп түскен, сатылған қаруды және оның патрондарын есепке алу журналдары. | 1 нысан |
28 | Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | № 313 бұйрық |
28-1 | Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы | Күзет қызметтерін көрсету шарты |
Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін | |||
29 | Коллекциялық қаруды сақтауға арналған үй-жай | Құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты | |
30 | Қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлардың бар болуы. Мұражай қарулары үшін – күзет сигнализациясымен жабдықталған, жеке, осы мақсаттарға арнайы арналған үй-жайлардағы кілтпен жабылатын витриналар, сейфтер немесе металл шкафтар |
Күзет сигнализациясын орнату актісі. | |
31 |
Қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлар. | Құжат берілмейді | № 313 бұйрық |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін | |||
32 | Кілтпен жабылатын витриналар, сейфтері немесе металл шкафтары бар күзет сигнализациясымен жабдықталған жеке үй-жайлар |
Құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты. | |
33 | Үй-жайды тәулік бойы күзету (күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарт) |
Күзет сигнализациясын орнату актісі. | |
34 | Бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау жөніндегі құжаттамалар | Бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау бойынша журналдар. | 1-нысан |
35 | Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі | Құжат берілмейді | № 313 бұйрық |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі Ескерту. Бөлім алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. |
Ескертпе: Қазақстан Республикасының аумағында қару сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында қаруды беру кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын олардың түрлерін көрсете отырып, сатып алу-сату шарты (келісімшарты) көшірмелері болуы қажет.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау
жөніндегі қызмет лицензиясына мәліметтер нысаны
Жалпы ақпарат
1. Өтініш беруші ____________________________________________________
(заңды және жеке тұлға)
2. Заңды тұлғаның/ жеке тұлғаның/ жеке кәсіпкердің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру,
жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызмет түріне
арналған жалпы талаптар мен құжаттар
Есептік құжаттама
3. Қаруды қабылдау тапсыруды есепке алу жураналын бастаған күн
_____________________________________________________________________
(лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________
5. Кәсіпорындарда, мекемелер мен оқу орындарында қару мен оның
патрондарын есепке алу журналын бастаған күн ________________________
(лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________
Өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның жауапкершілігі
Өтініш берген күн ___________________________________________________
__________________________________________________ __________________
(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.) (қолы)
Қару мен оның патрондарының қолда бары және қажетті саны туралы мәліметтер
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.