Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11186 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 70-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:
      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;
      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол және арнайы полиция бөліністерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдау, есепке алу, сақтау және жұмсау туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 78 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6096 болып тіркелген, "Заң" газетінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 60 (1682) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) және Қаржымен қамтамасыз ету департаментіне (Б.Ш. Исенова) жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 386 бұйрығына қосымша

Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Осы Қағидалар көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді (бұдан әрі – КҚТК) дайындау, сақтау және есепке алу, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі – МТНБ), оның ішінде МТНБ телнұсқаларын беру және дайындау тәртібін айқындайды.
      МТНБ телнұсқасы ұқсас цифрлық және әріптік белгілері бар, жоғалған және (немесе) ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін МТНБ-ның орнына берілетін МТНБ болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1-1. КҚТК, МТНБ дайындауды кәсіпорын (бұдан әрі - Жеткізуші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер мнистрлігімен (бұдан әрі - ІІМ) және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаменттерімен (бұдан әрі - ПД), ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен жасалатын келісімшартқа сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1-2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 қаңтарда № 10056 болып тіркелген) бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында көзделген, жеке немесе заңды тұлғаның КҚТК, МТНБ беру туралы құжаттары КҚТК, МТНБ дайындау үшін негіз болып табылады.
      Ескерту. 1-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО), "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) басшылары дайындалған КҚТК-ны, МТНБ-ны қабылдау және есепке алу үшін уәкілетті адам тағайындайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер балнкілерін жасау, сақтау және есепке алу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуі (бұдан әрі - БҚЕ) МТНБ бере отырып, КҚТК дайындайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралдарын тіркеу тізілімі (бұдан әрі - Тізілім) қалыптастырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Материалдық-жауапты адам Тізілімнің деректері бойынша дайындалған КҚТК-ны есепке алуды жүзеге асырады және әр айдың соңында Жеткізуші мен материалдық-жауапты адамының арасында КҚТК дайындау бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі ресімделеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. ПД әкімшілік полиция басқармалары (бұдан әрі - ПД ӘПБ), ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі есеп беру айынан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей Тізілімді ПД мен ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қаржы қызметтеріне (бұдан әрі - Қаржы қызметі) ұсынады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. КҚТК дайындау процесінде ақау туындаған кезде уәкілетті адам Жеткізушінің өкілімен бірлесіп, ақау шығу себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада ақаулы өнімді есепке алу актісін жасайды. Ай сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-іне актінің бір данасы Қаржы қызметіне, екіншісі Жеткізушінің өкіліне жолданады, үшіншісі материалдық-жауапты адамда сақталады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және жасау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. МТНБ-ны беру көлік құралының иесіне МТНБ-ны, оның ішінде сақтауға тапсырылған МТНБ-ны нақты беруді білдіреді. МТНБ-ны иелікке беру КҚТК-ге және БҚЕ-ге МТНБ-ның жеке әріптік-цифрлық белгіленуін енгізу болып табылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. МТНБ-ны жоғалтқан немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (бір данасы немесе жиынтығы) көлік құралы иесінің Мемлекеттік корпорацияға жүгінуі бойынша КҚТК-ны ауыстырмай, облыстардың және Шымкент қаласының ПД үшін он бес жұмыс күні ішінде, ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының ПД үшін бес жұмыс күні ішінде МТНБ телнұсқасын дайындау жүргізіледі. МТНБ-ның телнұсқасын дайындауға өтініш әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін МТНБ-ны алып қою мәніне тексерілгеннен және автомобиль үшін айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 2,8 мөлшерінде және мотокөлік құралдары мен тіркемелер үшін 1,4 АЕК көлемінде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін қабылданады.
      МТНБ-ның телнұсқасын берген кезде, қолда бар түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға тапсырылады. Көлік құралы иесінің еркі бойынша оның атына жаңадан тіркелетін көлік құралына бұрын оған тіркелген, МТНБ берілген көлік құралын есептен шығарған жағдайда, МТНБ телнұсқаларын дайындауға рұқсат етіледі. МТНБ-ның телнұсқаларын беру үшін негіз болған құжаттар қалыптастырылады және Мемлекеттік корпорацияда сақталады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келген кезде, бұрын пайдалануда болған (оның ішінде бұрын мемлекеттік органдардың пайдалануында болған) МТНБ-ларды бұрынғы иелеріне көлік құралына қайта беруге жол беріледі.
      Құқықтық мирасқордың (мұрагердің) ерік білдіруі бойынша мұрагерлік мәні болып табылатын көлік құралына бұрынғы МТНБ-ны олар ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келген және Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік баждарды төлей отырып, бір өңір шегінде көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде қайта беруге жол беріледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. ПД ӘПБ жаңа МТНБ-лар мен олардың телнұсқаларына нақты қажеттілікті ескере отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ дайындауға және жеткізуге өтінімдерді ресімдейді, алдын ала Қаржы қызметімен келіседі және бекіту үшін ІІМ ӘПК-ге ұсынады.
      Жоғары сұранысқа ие емес жаңа МТНБ-ны дайындауға және жеткізуге арналған өтінімге ПД ӘПБ мемлекеттік органдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың және (немесе) оның өкілдіктерінің, консулдық мекемелердің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің көлік құралдарына берілетін МТНБ-ны қоспағанда, МТНБ-ны алфавиттік тәртіппен енгізеді.
      ІІМ ӘПК бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ дайындауға және жеткізуге арналған өтінімді ресімдейді және бекітеді және Жеткізушіге жолдайды.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Жеткізуші МТНБ-ны Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының ПД үшін бес жұмыс күні ішінде, облыстардың және Шымкент қаласының ПД үшін он бес жұмыс күні ішінде дайындайды және жиынтық өтінімге сәйкес ПД ӘПБ өкіліне МТНБ-ны түсіріп беруді жүзеге асырады. МТНБ орамы мөрленеді және олардың жоғалуын және бүлінуін болдырмайды.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. МТНБ-ны жеткізуді Жеткізуші ПД және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі тиісті бөліністерінің деректемелері бойынша өтінімге сәйкес өңірлерге жүк багажын түсіру арқылы жүзеге асырады. Жеткізілетін МТНБ-ның әрбір партиясына Жеткізуші жүкқұжаттың және МТНБ қабылдау актілерінің үш данасын қоса береді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. МТНБ-ны Жеткізушіден қабылдауды ПД-де және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінде материалдық-жауапты адамдар Жеткізушіден жүкқұжаттың, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны қабылдау актісінің негізінде оларды алған күні жүзеге асырады. Үш жұмыс күні ішінде актінің бір данасы Жеткізушіге жолданады, екіншісі Қаржы қызметіне беріледі, үшіншісі материалдық-жауапты адамының істерінде сақталады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТБН-нің кіріс-шығысын есепке алу кітаптары ПД ӘПБ мен ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кеңселерінде (хатшылықтарында) тіркеуге жатады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келетін, уақытша сақтауға қабылданған МТНБ-ны есепке алуды Мемлекеттік корпорация жүзге асырады. Сақтау мерзімін МТНБ-ны уақытша сақтауға тапсыратын көлік құралының иесі белгілейді, бірақ МТНБ-ны Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. МТНБ-ны сақтауға қабылдау кезінде иесіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны сақтауға қабылдау туралы қолхат беріледі. Тапсырылған МТНБ-ны сақтау және сақтау мерзімі өткеннен кейін оларды жою осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Материалдық-жауапты адамдар Тізілімнің деректері бойынша берілген МТНБ (жаңа және телнұсқалар) есебін жүргізеді. Кітаптың кіріс бөлігіне жазу үшін МТНБ-ның кірісіне арналған құжаттар, ал шығыс бөлігіне – осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны басқа материалдық жауапты адамдарға беруге толтырылған жүкқұжаттар немесе Тізілімдердің және берілген МТНБ телнұсқалары тізілімдерінің қорытынды деректері негіз болып табылады. Жұмсалмаған МТНБ қалдығы Кітапта әр айдың басында, сондай-ақ тексеріс жүргізу сәтіне шығарылады. Дайындалған және берілмеген МТНБ Мемлекеттік корпорация үй-жайларында жанбайтын сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. ПД ӘПБ және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі есеп беру айынан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей, тиісті бөліністің Қаржы қызметіне осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімді және берілген МТНБ телнұсқалары тізілімдерін қоса отырып, МТНБ-ның қозғалысы туралы есеп ұсынады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. МТНБ-ны басқа ПД-ларға немесе Мемлекеттік корпорацияға материалдық-жауапты адамдарға беру кезінде ІІО-ның материалдық-жауапты адамы 3 данада жүкқұжат ресімдейді және оларды сенімхат бойынша береді. Жүкқұжаттың бір данасын істің материалдарында қалдырады, екіншісін – Қаржы қызметіне жолдайды, үшіншісін – материалдық жауапты адамға – МТНБ-ны алушыға береді.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. ТЕБ қоймасындағы МТНБ қалдығының ай сайынғы шекті лимиті алдыңғы өткен үш айдағы нақты берудің орташа айлық бір жарым еселік мөлшерінен аспайды. Белгіленген лимитті бақылауды ІІМ ӘПК-нің, ІІД ӘПБ-нің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің және ПД, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі қаржы қызметтерінің басшылары жүзеге асырады.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Көлік құралдарынан алынып тасталған және одан әрі пайдалануға жарамсыз МТНБ-лар Мемлекеттік корпорацияға тапсырылады. Бұрын пайдалануда болған МТНБ-ны жою осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны жою актісін ресімдей отырып, МТНБ-ны екіге бөліп қию жолымен жүргізіледі. Жойылған МТНБ-лар олардың жиналуына қарай, бірақ жылына кемінде екі рет металл қабылдау пункттеріне тапсырылады.
      Тапсырудан түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне аударылады. Металл сынықтарын тапсыру туралы анықтамалар және республикалық бюджеттің кірісіне аударылған сомалар туралы түбіртектер есеппен бірге Қаржы қызметіне тапсырылады және жеке номенклатуралық іске тігіледі.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      24. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының
бөліністерінде көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктердің
бланкілерін дайындау, сақтау
және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік
тіркеу нөмірі белгілерін беру
және дайындау қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Көлік құралдарын тіркеу тізілімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с Төлемді растайтын құжаттың атауы, №
№ Сомасы теңге
Тиесілігі КҚКТ
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі)
МТНБ
Сатып алу заңдылығын растайтын құжат
Есептен шығару (қайта тіркеу)
Шасси нөмірі
Шанақ нөмірі
Шығарылған жылы
1
2
3
4
5
6
7
8

      кестенің жалғасы:

Көлік құралы
Берілгені
Төленгені
Алғаны туралы қолы
КҚТК-нің сериясы, нөмірі
МТНБ-нің сериясы, нөмірі
Төлемді растайтын құжаттың атауы, №
Сомасы теңге
КҚКТ
МТНБ
Сатып алу заңдылығын растайтын құжат
Есептен шығару (қайта тіркеу)
9
10
11
12
13
14
15
16

      Қызметтік белгілер:__________________________________________________
      Уәкілетті адам: _____________________________________________________
                              (қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) М.О.
      парақ №____ "____" _______ 20__ жыл
      парақ №____ "____" _______ 20__ жыл

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының
бөліністерінде көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктердің
бланкілерін дайындау, сақтау
және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік
тіркеу нөмірі белгілерін беру
және дайындау қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Ақаулы өнімді есепке алу актісі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20__ жылғы ____________ үшін

Құжаттың атауы

Сериясы мен нөмірі

Ақаулы өнімнің орнына берілгені

Ақаудың туындау себептері

Т.А.Ә. (болған жағдайда) және ақауға жол берген адамның лауазымы

Қолы

1

2

3

4

5

6

      Ақауы бар өнімнің орнына берілгені
      Уәкілетті адам: _______________________________________________
                              (қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))
      Жеткізушінің өкілі ____________________________________________
                              (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының
бөліністерінде көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктердің
бланкілерін дайындау, сақтау
және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік
тіркеу нөмірі белгілерін беру
және дайындау қағидаларына
3-қосымша
  нысан

___________________________________________________
20__жылғы________________
Берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері телнұсқаларының тізілімі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с


Иесінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ұйымның атауы

КҚТК сериясы және №

МТНБ сериясы және нөмірі

Типі

Саны дана

Төлемді растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні

Қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Жиыны:

X

X

      Уәкілетті адам: __________________________________________________
                        (қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))
      20 жылғы "__" _________________

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының
бөліністерінде көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктердің
бланкілерін дайындау, сақтау
және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік
тіркеу нөмірі белгілерін беру
және дайындау қағидаларына
4-қосымша
  нысан
  Бекітемін
  ҚАІІО бастығы

      ____________________________________
                        (атағы)
      ____________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда))
      20__ жылғы "__"_____________________
      ____________________________________
      (ҚАІІБ (б) атауы)

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және жеткізуге арналған өтінім 20_____жылғы___________

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с


МТНБ типі

Литер-Сериясы

Бастапқы нөмірі

Соңғы нөмірі

1

2

3

4

5

6

      Уәкілетті адам ____________________________________________
                        (атағы, қолы, (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының
бөліністерінде көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктердің
бланкілерін дайындау, сақтау
және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік
тіркеу нөмірі белгілерін беру
және дайындау қағидаларына
5-қосымша
  нысан

      Келісілді                                           Бекітемін
      ПД ҚҚЕБ бастығы                                     ПД ӘПБ бастығы
      _____________________________                  __________________________
      (атағы, қолы, Т.А.Ә.                                     (атағы, қолы, Т.А.Ә.
      ол болған жағдайда), қолы)                               (ол болған жағдайда), қолы)
      20___ жылғы "__" _____________                         20__ жылғы "__" __________
      _____________________________________________________________________
                                    (ПД ӘПБ-нің атауы)

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және жеткізуге арналған өтінім 20__жылғы_____________________

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с


МТНБ типі

Литер-Сериясы

Бастапқы нөмірі

Соңғы нөмірі

1

2

3

4

5

6

1

      Уәкілетті адам ____________________________________________________________
                        (атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
      20 жылғы "__" _______

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының бөліністерінде
көлік құралдарын тіркеу туралы
куәліктердің бланкілерін дайындау,
сақтау және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерін беру және
дайындау қағидаларына 6-қосымша

      нысан
      Бекітемін
      Қазақстан Республикасы ІІМ
      ӘПК төрағасы
      ____________________________________
      (атағы)
      ____________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және
жеткізуге арналған жиынтық өтінім

      20__жылғы_______________________

Р/с

МТНБ типі
Литер-Сериясы
Бастапқы нөмірі
Соңғы нөмірі
Саны, дана
1
2
3
4
5
6

     
      Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК лауазымды адамы:
      _____________________________________________________________________
      (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
      20__жылғы "__"__________

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының
бөліністерінде көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктердің
бланкілерін дайындау, сақтау
және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік
тіркеу нөмірі белгілерін беру
және дайындау қағидаларына
7-қосымша
  нысан

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қабылдау актісі

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20__ жылғы "__"___________ ___________________________________________
                                          (елді мекен)
      _____________________________________________________________________
      (ІІМ ӘПК, ПД ӘПБ, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі) бастығының
      20__ жылғы "__"________№____ бұйрығының негізінде әрекет ететін
      мынадай құрамдағы комиссия ___________________________________________
                              (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
      Жеткізушінің өкілі _________________________________________ қатысуымен
                              (лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
      _____________________________________________________________________
      (жеткізушінің атауы, заңды мекенжайы, БИН)
      келіп түскен МТНБ-ны 20__жылғы "__" _________ № ______________ жүкқұжат
      бойынша қабылдады.
      Орамды ашу кезінде мыналар анықталды:
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      (сериясының литерлерін көрсете отырып, типі, саны бойынша МТНБ
      санамаланады, оның ішінде жарамсыз, жетіспейтін, артық МТНБ санамаланады)
      Қабылдау актісі үш (төрт) данада жасалды және:
      1-данасы - Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК-нің, ПД ӘПБ ТЕБ-тің,
      ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің материалдық жауапты адамына;
      2-данасы - Жеткізушіге;
      3-данасы - Қазақстан Республикасы ІІМ ҚҚЕД-ге, ПД, ІІМ-нің Байқоңыр
      қаласындағы Өкілдігінің ҚҚЕБ-ге берілді.
      Комиссия мүшелері: Жеткізушінің өкілі:
      ___________________________________ _________________________________
      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
      Осы актіде атаулары жазылған барлық бағалы заттар өзімнің қатысуыммен тексеріліп,
      актіге дұрыс енгізілді және оларды мен қабылдадым.
      Уәкілетті адам _______________________________________________________
                              (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
      20__ жылғы "__" _______________

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының бөліністерінде
көлік құралдарын тіркеу туралы
куәліктердің бланкілерін дайындау,
сақтау және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерін беру және
дайындау қағидаларына 8-қосымша

      нысан

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің
кіріс-шығысын есепке алу кітабы

КІРІС
Келіп түскен күні
Жүкқұжат №
Кімнен алынды
МТНБ сериясы
Нөмірленуі
Саны
Бағасы, теңге
Сомасы, теңге
Нөмірден
Нөмірге дейін
1
2
3
4
5
6
7
8
9

     

Шығыс
Қалдық
Жұмсалған күні
Жүкқұжаттың немесе Тізілімнің №
МТНБ сериясы
Нөмірден нөмірге дейін қоса алғанда
Саны, дана
Бағасы, теңге
Сомасы, теңге
Сериясы
Нөмірден нөмірге дейін қоса алғанда
Саны, дана
Сомасы, теңге
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының
бөліністерінде көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктердің
бланкілерін дайындау, сақтау
және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік
тіркеу нөмірі белгілерін беру
және дайындау қағидаларына
9-қосымша
  нысан

Уақытша сақтауға қабылданған көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қабылдауды және жұмсауды есепке алу кітабы
20____жылғы ________

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с


Көлік құралы иесінің Т.А.Ә.

(ол болған жағдайда), ЖСН және мекенжайы

МТНБ типі

МТНБ-ның цифрлық белгісі

Уақытша сақтауға тапсырылған күні

Уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні

МТНБ-ны беру/ жою күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

      Уәкілетті адам __________________________________________________________
                              (атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
      20 жылғы "__" ______________

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының бөліністерінде
көлік құралдарын тіркеу туралы
куәліктердің бланкілерін дайындау,
сақтау және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерін беру және
дайындау қағидаларына 10-қосымша

      нысан

МТНБ-ны сақтауға қабылдау туралы
ҚОЛХАТ
Көліктің иесінен алынды

      20__жылғы "___"____________________ сериясы ______ № ________________
      (қабылдау күні)
      Тіркеу белгілері _____________________ саны _________________________
      (МТНБ түрі) (дана)
      20__жылғы "___"____________________________
      (сақтау мерзімінің аяқталу күні)
      Көлік иесінің деректері:______________ № ________________ ЖСН _______
      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) (жеке куәлігі) (ЖСН)
      Тұрғылықты жері: ____________________________________________________
      (нақты тұратын жері)
      Көрсетілген сақтау мерзімі өткен соң талап етілмеген МТНБ
      белгіленген тәртіппен жойылатын болады.
      20__жылғы "___"________________________________ __________________
      (иесінің (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) (иесінің қолы)
      ІІО лауазымды адамы _________________________________________________
      (қолы, (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының бөліністерінде
көлік құралдарын тіркеу туралы
куәліктердің бланкілерін дайындау,
сақтау және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерін беру және
дайындау қағидаларына 11-қосымша

      нысан
      Жіберуші ____________________________
      Алушы _______________________________
      Кім арқылы __________________________
      Сенімхат бойынша ____________________
      20 жылғы "__" ___________

№______жүкқұжат

Р/с

МТНБ типі
МТНБ, реттік нөмірі, сериясы
Саны
Бағасы, теңге
Сомасы, теңге
1
2
3
4
5
6
1
 
 
 
 
 
Жиыны
 
 
 
 
 

     
      Жіберді ____________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ____________ /қолы/
      Қабылдады __________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ____________ /қолы/
      М.О. М.О.

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының
бөліністерінде көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктердің
бланкілерін дайындау, сақтау
және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік
тіркеу нөмірі белгілерін беру
және дайындау қағидаларына
12-қосымша
  нысан

      ____________________________________________________________________
                                          (ІІО бөлінісінің атауы)

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қозғалысы туралы есеп

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р\с


МТНБ-ның типі

Бағасы, теңге

Айдың басындағы қалдығы

Бір айдағы кіріс

Бір айдағы шығыс

Саны, дана

Сомасы, теңге

Саны, дана

Сомасы, теңге

Саны, дана

Сомасы, теңге

Саны, дана

Сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Жиыны

      Уәкілетті адам _______________________________________________________
                              (атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
      20 жылғы "__" ______________

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының бөліністерінде
көлік құралдарын тіркеу туралы
куәліктердің бланкілерін дайындау,
сақтау және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерін беру және
дайындау қағидаларына 13-қосымша

      нысан
      Бекітемін
      Орган басшысы
      ___________________________________
      (лауазымы, атағы)
      ___________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
      20__жылғы "__" ____________________

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жою актісі

      20__жылғы_______________

Р/с

МТНБ типі
Сериясы
Нөмірленуі
Саны, дана
Сериясы
Нөмірленуі
Саны, дана
Сериясы
Нөмірленуі
Саны, дана
Барлығы
1
2
3
 
 
 
4
 
5
 
 
6
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жиыны
 
 
Жиыны
 
Жиыны
 
 
 

     
      Барлығы _____________________________________________________________
      (саны жазумен)
      Комиссия мүшелері ___________________________________________________
      (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
      ___________________________________________________
      (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
      ___________________________________________________
      (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))