Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2022 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабы 2-тармағына және 429-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2022 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2022 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 317 Бұйрыққа 1-қосымша |
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2022 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 137-бабы 2-тармағына және 429-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі – ТБЖ) қолдана отырып, қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кеткен сомаларын қайтару тәртібін белгілейді.
2. "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) Комитеттің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетеді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілер Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген), Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын АЖ үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын АЖ-да іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақауларды жоюды қамтамасыз етеді және тиісті уәкілетті тұлғаларға 1 (бір) жұмыс күн ішінде хабардар етеді.
5. Осы Қағидалар:
қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кеткен сомаларының анықтығы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде;
Салық кодексінің 434-бабында көзделген (бұдан әрі – оңайлатылған тәртіп) ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртіпті қолдану кезінде;
халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес оларға қатысты қайтарудың ерекше тәртібі қолданылатын ҚҚС асып кетуін растау кезінде қолданылады.
2-тарау. "Бюджеттен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімдері
1-параграф. Тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі мен мерзімдері
6. Мемлекеттік қызметті алу үшін салық төлеуші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талабын (бұдан әрі – талап) көрсетілетін қызметті берушіге портал және (немесе) Комитеттің АЖ арқылы береді. Бұл ретте талап ҚҚС бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) таратуды декларацияларында көрсетіледі.
Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда талапты көрсетпесе, онда бұл асып кету ҚҚС бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылады немесе Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі (бұдан әрі – талап қою мерзімі) ішінде қайтаруға ұсынылады.
"Бюджеттен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес баяндалған (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі).
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. ҚҚС асып кетуін қайтару:
1) шағым жасау (көрсетілетін қызметті алушы шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, бюджеттен қайтаруға ұсынылған (бұдан әрі – тақырыптық тексеру) ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растайтын тақырыптық тексеру актісінің;
2) Салық кодексінің 152-бабы 13-тармағында көзделген жағдайларда, тақырыптық тексеру актісіне қорытындының негізінде жүргізіледі.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларындағы ережелер Салық кодексінің 434-бабына және осы Қағидалардың 2-тарауының 2-парагрфына сәйкес ҚҚС асып кеткен сомаларын қайтаруды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
8. Көрсетілетін қызметті беруші талапты алғаннан кейін, егер осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында өзгеше белгіленбесе, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тақырыптық тексеруді тағайындайды.
Бұл ретте тақырыптық тексеру Салық кодексінің 152-бабы 2-тармағына сәйкес салық кезеңі үшін тағайындалады.
Тақырыптық тексеру ТБЖ қолдану арқылы жүргізіледі.
9. ҚҚС асып кетуін қайтару мынадай мерзімдерде:
1) ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қойылған салық кезеңі үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 (жетпіс) пайызды құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыратын, көрсетілетін қызметті алушыларға – 55 (елу бес) жұмыс күні ішінде;
2) Қалған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша – 75 (жетпіс бес) жұмыс күні ішінде.
Бұл ретте ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару мерзімі ішінде Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін басталады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Егер көрсетілетін қызметті алушының дербес шотында ҚҚС асып кеткен сомасының болмауы анықталған және (немесе) Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдері бұзылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұзарту кезеңін ескере отырып, Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны талапты қараудан бас тарту туралы хабардар етеді.
11. Қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын, сондай-ақ оған қатысты қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданған көрсетілетін қызметті алушыға бюджеттен қайтарылған ҚҚС сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органы тексерілетін салық кезеңі үшін ақпараттық жүйені қолдана отырып, тексеріліп жатқан көрсетілетін қызметті алушы бойынша осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жеткізушілер бойынша "Пирамида" талдамалық есебін (бұдан әрі – "Пирамида" есебі) қалыптастырады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тыңдауды жүзеге асырмай:
"Пирамида" есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) жіберу бойынша;
Салық кодексінің 143-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өнім берушілерін және (немесе) өнім берушінің жеткізушілерін (бұдан әрі – өнім беруші) қарсы тексерулерді тағайындау бойынша шаралар қабылдайды.
13. Тақырыптық тексеру қорытындылары бойынша тақырыптық тексеру актісі жасалады. Бұл ретте бұзушылықтар анықталған жағдайда ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдау жүзеге асырылады.
14. ҚҚС асып кетуін қайтаруды көрсетілетін қызметті беріші тақырыптық тексеру актісімен не тақырыптық тексеру актісіне қорытындымен расталған ҚҚС сомасы шегінде жүзеге асырады.
Қайтаруға расталған ҚҚС асып кеткен жалпы сомасы талапта көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасынан және (немесе) Салық кодексінің 104-бабы 2-тармағына сәйкес тақырыптық тексеру аяқталған күні не тақырыптық тексеру актісіне қорытынды жасалған күні тексерілген көрсетілетін қызметті алушының дербес шотындағы ҚҚС асып кеткен сомасынан аспайды.
Бұл ретте бюджеттен қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кетуі Салық кодексінің 429-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша алдағы төлемдердің есебіне есептеледі.
15. Тақырыптық тексеру актісіне не тақырыптық тексеру актісіне қорытындыға қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының есептерінің сальдосы бойынша есеп жасалуы қажет салық төлеушілердің тізімі қалыптастырылады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы тақырыптық тексеру актісіне не тақырыптық тексеру актісіне қорытындыға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берішіге салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтінішті (бұдан әрі – есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтініш) ұсынады.
17. Есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға арналған салықтық өтініштің және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған есептер сальдосы бойынша есептің негізінде тақырыптық салықтық тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам 2 (екі) данада қайтаруға өкім жасайды.
Бұл ретте есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп өкім жасалған күнге қалыптастырылады.
18. ҚҚС асып кетуін қайтару есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға ұсынылған салықтық өтініш негізінде Салық кодексінің 102-бабына сәйкес салық берешегі болмаған кезде есепке жатқызуды және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аударуды жүргізу жолымен көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салық берешегі болған кезде көрсетілетін қызметті беруші есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтінішті ұсынбай, бар салық берешегін, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кетуін есепке жатқызуды жүргізеді.
Салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түрлері бойынша алдағы төлемдердің есебіне банктік шотқа қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін ҚҚС асып кеткен сомасының қалдығы жатады.
19. Көрсетілетін қызметті алушы декларацияда бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған талапты көрсеткен ҚҚС асып кеткен сомасы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол келіскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы бюджетке төлеуге тиіс.
Егер ҚҚС асып кеткен сомасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтару бұрын осы көрсетілетін қызметті алушының пайдасына Салық кодексінің 104-бабы 4-тармағына сәйкес өсімпұл есептеумен және аудару арқылы жүргізілсе, бұрын көрсетілетін қызметті алушыға аударылған өсімпұл және салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған, қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламалар негізінде Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол келіскен жағдайда бюджетке төленуі тиіс.
Аталған ереже осы Қағидалардың 83-тармағында көрсетілген сомаға да қатысты.
2-параграф. Қосылған құн салығының асып кетуін оңайлатылған тәртіппен қайтару тәртібі мен мерзімдері
20. Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағына сәйкес ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін, талаптарды көрсете отырып ҚҚС бойынша декларацияны табыс еткен және ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету күніне салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ мынадай:
1) салық мониторингінде кемінде қатарынан 12 (он екі) ай тұратын;
2) тізбесін Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тізбесі "Өз өндiрiсiнiң тауарларын өндірушілер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 381-НҚ бұйрығымен бекітілген өз өндiрiсiнiң тауарларын өндірушілер (бұдан әрі – Өз өндiрiсiнiң тауарларын өндірушілер тізбесі);
3) Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар шикізат экспорттаушылардың тізбесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, салық кезеңі ішінде түскен валюталық түсімнің кемінде 50 (елу) пайызын айырбастау кезінде шикізат экспорттаушы, көрсетілетін қызметті алушылар қолданады (бұдан әрі – шикізат экспорттаушыларының тізбесі).
Бұл ретте:
1) ірі салық төлеушілердің мониторингіне кіретін көрсетілетін қызметті алушылар үшін – есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) деңгейлес мониторингте тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін – есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының 90 (тоқсан) пайызынан аспайтын мөлшерде;
3) өз өндірісінің тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін:
Салық Кодексінің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін есепті салықтық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде;
Салық Кодексінің 429-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының бір бөлігінің 50 (елу) пайызынан аспайтын, бірақ есепті салықтық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде;
4) Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін шикізатты экспорттаушылар тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушылар үшін – есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының 80 (сексен) пайызынан аспайтын мөлшерде ҚҚС асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы параграфтың ережесін, егер әрбір салық кезеңінде жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келсе және егер ҚҚС асып кетуі осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфында белгіленген тәртіппен қаралмаса, бір мезгілде бірнеше салық кезеңі бойынша қолданады.
Бұл ретте қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасының үлес салмағы талапта көрсетілген әрбір салық кезеңі бойынша жеке есептеледі.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. ҚҚС асып кеткен сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару талапта көрсетілген салық кезеңі үшін көрсетілетін қызметті берушіге ҚҚС бойынша декларацияны ұсыну үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күні өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайда, ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі.
22. Оңайлатылған тәртіп кезінде көрсетілетін қызметті беруші ұзарту кезеңін ескере отырып, Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыда талап қою мерзімі шегінде Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесінің болмауын немесе болуын, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомаларын оның дербес шотында көрсетудің дұрыстығын тексереді.
Қайта ұйымдастырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген орындалмаған салық міндеттемесінің болмауын немесе болуын тексеру барлық қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға қатысты жүргізіледі.
Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында аталған салық төлеушілерді біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде, көрсетілетін қызметті беруші қайта ұйымдастырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты тақырыптық тексеру жүргізу фактісін тексереді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы және оның құрылымдық бөлімшесі басқа мемлекеттік кірістер органдарында (бұдан әрі – МКО) тіркеу есебінде тұрған жағдайда, талап келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші ұзарту кезеңін ескере отырып, Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйенің көмегімен тиісті МКО-ға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сұрау салуды жібереді.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Өз өндірісінің тауарларын өндіруші және (немесе) валюталық түсімді айырбастауды жүзеге асыратын шикізатты экспорттаушылар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұзарту кезеңін ескере отырып, Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде талапты ұсынған кезде өз өндірісінің тауарларын өндірушілер және (немесе) шикізатты экспорттаушылар тізбелерінде көрсетілетін қызметті алушының болуын тексереді және Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкестігін тексереді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Осы Қағидалардың 20-тармағының 3) тармақшасына сәйкес талап ұсынған көрсетілетін қызметті алушы, шикізат экспорттаушы бойынша, көрсетілетін қызметті беруші талап ұсынылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық банк) және (немесе) екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі – ЕДБ) валюталық түсімді айырбастау туралы сұрау салу жібереді.
Қайтаруға жататын ҚҚС асып кетуін анықтау кезінде Ұлттық Банкпен және (немесе) ЕДБ ұсынған валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындысы ескеріледі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Осы Қағидалардың 22 сондай-ақ 23 немесе 24-тармақтарындағы шарттарға көрсетілетін қызметті алушы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші, осы Қағидалардың 3-тарауының 4-параграфына сәйкес оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындайды.
Бұл ретте, егер оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жататын ҚҚС асып кету сомасы талапта көрсетілгеннен аз болса, ҚҚС асып кеткен қалған сомасына Салық кодексінің 431-бабының ережелері қолданылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Осы Қағидалардың 22, 23 және 24-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкессіздік анықталған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға ӘРПК 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тыңдауды жүзеге асырмай, осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығының жоқтығы туралы хабарлама жіберіледі.
Осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасы толық расталмаған жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы расталмаған ҚҚС асып кеткен сомасына бір мезгілде Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолдану құқығы туралы хабардар етіледі.
Хабарламаны алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы жазбаша немесе портал және (немесе) Комитеттің АЖ арқылы электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушіге қабылдаған шешімі туралы – Салық кодексінің 431-бабында және осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолданудан бас тарту немесе келісу туралы хабардар етеді.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті жауаптың болмауы Салық кодексінің 431-бабында және осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтарудан, ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабын ұсынған салық кезеңінде, бас тарту фактісі болып табылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша оңайлатылған тәртіппен қайтару расталған ҚҚС асып кеткен сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтінішті ұсынады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Оңайлатылған тәртіппен қайтаруға ҚҚС асып кеткен сомасы айқындалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп қалыптастырады.
Бұл ретте есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп өкім жасалған күнге қалыптастырылады.
29. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген салықтық өтініштің негізінде есеп айырысулар сальдосы бойынша есепте көрсетілген мәліметтерді ескере отырып қайтаруға өкім 2 (екі) данада жасалады.
Қайтару өкіміне есеп айырысулар сальдосы қоса беріледі.
30. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, ҚҚС асып кетуін қайтару салық берешегі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша оның банктік шотына жүргізіледі.
Берешек болған кезде көрсетілетін қызметті беруші есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтінішті ұсынбай, бар берешекті, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кетуін есепке жатқызуды жүргізеді.
Осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін ҚҚС асып кеткен сомасының қалдығы оның банктік шотына қайтаруға жатады.
31. Көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтарған жағдайда не осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес оңайлатылған тәртіпті қолданудан бас тартқан кезде есепті салық кезеңінің соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасы осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес қайтаруға жатады.
32. Өз өндірісінің тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыға осы параграфтың ережелері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастар бойынша қолданылады.
Осы тармақтың ережелері Өз өндірісінің тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қолданылады.
33. Осы Қағидалардың 20-тармағының бірінші бөлігіндегі 3) тармақшасында белгіленген, ҚҚС оңайлатылған тәртіппен қайтаруға талап ұсынған валютаны айырбастауды жүзеге асыратын, шикізатты экспорттаушылар Тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыға, осы параграфтың ережелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастар бойынша қолданылады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Осы Қағидалардың 4-тарауының ережелері көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның талаптарын оңайлатылған тәртіппен қарау кезінде қолданылмайды.
3-тарау. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі
35. ТБЖ тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және оның алдын алу мақсатында көрсетілетін қызметті беруші әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.
Көрсетілетін қызметті алушының салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау арқылы мемлекетке залал келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.
36. ТБЖ көрсетілетін қызметті алушының салық міндеттемесін орындау бойынша әрекеттерді (әрекетсіздікті) адал жүзеге асыруын ынталандыруға, сондай-ақ салық пайдасын алу (салықтық үнемдеу) және салық төлемдерін азайту мақсатында, оның ішінде ҚҚС асып кетуін артық қайтаруды болдырмау мақсатында көрсетілетін қызметті алушы өзінің заңсыз әрекеттерінен пайда алу тәуекелдерін анықтауға бағытталған.
37. ТБЖ Салық кодексінің 152-бабына сәйкес тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде және Салық кодексінің 434-бабына сәйкес оңайлатылған тәртіппен ҚҚС асып кетуін қайтару сомасын айқындау кезінде ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында көрсетілетін қызметті беруші қолданады.
38. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекел дәрежесін "Пирамида" талдамалық есебі қалыптастырылатын тәуекел аймағындағы салық төлеушілер санатына жатқызылған салық төлеушілерді айқындау мақсатындағы тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде және оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау кезінде АЖ пайдалана отырып, қосылған құн салығының асып кетуін растау мақсатында осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бойынша балл беруді автоматтандырылған есептеу негізінде тәуекел дәрежесін айқындайды.
39. Салық төлеушінің салықтық пайда алу (салықтық үнемдеу) және салықтық төлемдерді азайту мақсатындағы заңсыз әрекеттерінен пайда алу тәуекелін айқындау үшін қолданылатын өлшемшарттар жария етуге жатпайтын, сонымен бірге тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау жүргізілген салық төлеушіге де жария етуге жатпайтын, құпия ақпарат болып табылады.
40. Тәуекелдерді икемді және жедел басқару мақсатында Комитет тоқсан сайын есепті кезеңнің екінші айының бірі күнінен кешіктірмей Комитеттің ресми сайтында орналастырылуға тиісті тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын есептеу тәртібін айқындайды.
3-параграф. Тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі
41. Салық төлеушінің Салық кодексінің 432-бабы 2-тармағын қолдануына байланысты Салық кодексінің 145-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растау бойынша талабын және (немесе) салықтық өтінішін (бұдан әрі – салықтық өтініш) ұсынған көрсетілетін қызметті алушы қызметтерінң көрсеткіштері тақырыптық тексеру басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тәуекел дәрежесі өлшемшарттарын пайдалана отырып бағаланады.
42. Көрсетілетін қызметті алушы қызметінің көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бойынша балдар көрсетілетін қызметті алушыны адалдық дәрежесі төмен және тәуекел дәрежесі жоғары (тәуекел аймағы) салық төлеушілер санатына жатқызу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесінің барлық өлшемшарттары бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады.
43. Егер тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын пайдалана отырып бағалау нәтижелері бойынша балдардың жиынтық қорытындысы Комитет белгілегеннен жоғары балды құраған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бойынша "Пирамида" есебі қалыптастырылмайды.
Егер тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын пайдалана отырып бағалау нәтижелері бойынша балдардың жиынтық қорытындысы Комитет белгілегеннен төмен балды құраған жағдайда, онда мұндай салық төлеушілер бойынша "Пирамида" есебі қалыптастырылады.
44. Көрсетілетін қызметті беруші тексеріліп жатқан салықтық кезеңіне "Пирамида" есебін қалыптастыру мақсатында, ҚҚС бойынша ұсынылған салық есептілігін және (немесе) ақпараттық жүйелердің мәліміттерін ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабын ұсынған тоқсанның үшінші айының жиырмасыншы күнгі өзектілігімен қолданады.
Аталған мәліметтерді жинақтау (агрегация) ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабын ұсынған тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың еінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін:
1) 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей – осы Қағидалардың 54-тармағындағы көрсетілетін қызметті алушылар және олардың тікелей жеткізушілері бойынша;
2) 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей – қалған қызметті алушылар және олардың жеткізушілері бойынша "Пирамида" есебін қалыптастырады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін салық төлеуші ұсынған ҚҚС бойынша салық есептілігін және (немесе) АЖ мәліметтерін, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асыратын бақылау нәтижелері "Пирамида" есебі болып табылады.
"Пирамида" есебі қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомаларының дұрыстығын айқындау және мынадай тәуекелдерді:
салық міндеттемелерін орындамау тәуекелін;
жеткізушілердің салықтарды төлеуден жалтару схемаларын қолдану тәуекелін анықтау мақсатында қалыптастырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мен әр салық кезеңі үшін әртүрлі деңгейдегі жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысулардың жиынтық кестесі "Пирамида" есебін қалыптастыру нәтижесі болып табылады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.03.2024 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45-1. "Пирамида" есебі:
1) бұзушылықтар сомасы тексерілетін көрсетілетін қызмет алушыға тікелей немесе делдалдар арқылы (агенттер, комиссионерлер немесе сенім білдірген адамдар) тауарларды жеткізген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтерді көрсеткен өнім берушілер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасынан асып кеткен;
2) осы Қағидалардың 46 және 47-тармақтарында көзделген;
3) салық кезеңі үшін жазып берілген шот-фактуралар бойынша ҚҚС-тың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және "Пирамида" есебін қалыптастыру күніне қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 300 еселенген мөлшерінен аспайтын өнім берушіні анықтау;
4) "Пирамида" есебі қалыптастырыл жатқан, көрсетілетін қызметті алушының өзі анықталған жағдайда.
Деңгейлес маниторингте тұрған көрсетілетін қызметті алушы бойынша "Пирамида" есебі көрсетілетін қызметті алушының тікелей өнім берушілері бойынша ғана қалыптастырылады.
Ескерту. 3-тарау 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.03.2024 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.46. Өнім берушінің салық есептілігінің мәліметтерін және АЖ мәліметтерін салыстырып тексеру нәтижесінде анықталған алшақтықтар, сондай-ақ бюджетке ҚҚС есептеу және төлеу жөніндегі салық міндеттемелерінің орындалмауын (толық орындалмауын) көрсететін басқа да мәліметтер салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі деп танылады.
Көрсетілетін қызметті беруші салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі бойынша "Пирамида" есебін көрсетілетін қызметті алушының тікелей жеткізушілері бойынша ғана қалыптастырады.
Осы Қағидалардың мақсатында:
"Пирамида" есебін қалыптастырылып жатқан көрсетілетін қызметті алушыға тікелей немесе делдалдар (агенттер, комиссионерлер немесе сенім білдірген адамдар) арқылы тауарлар жеткізген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсеткен өнім берушілер;
өзара байланысты тараптар арқылы тікелей немесе делдалдар (агенттер, комиссионерлер немесе сенім білдірілген өкілдер) арқылы тауарлар жеткізген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсеткен өнім берушілер тікелей өнім берушілер болып танылады.
Осы Қағидалардың мақсатында:
1) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын ;
2) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың біреуі басқасының қабылдайтын шешімін айқындауға құқылы болатын;
3) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе лауазымды адамының бақылауында болатын;
4) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды адамы басқа заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды адамы болып табылатын;
5) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болатын;
6) табылатын жеке тұлға осы тармақтың 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның басшысы болып болып табылатын біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.03.2024 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.47. Іс жүзінде тауарларды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей ҚҚС сомаларын есепке жатқызу құқығын алу мақсатында мәмілелер жасасуды көрсететін белгілердің болуы өнім берушілердің салық төлеуден жалтару схемаларын қолдану тәуекелі деп танылады.
Мұндай белгілерге:
Салық кодексінің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураларды жазып беру шектелген;
тіркелуі (қайта тіркеуі) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамсыз деп танылған;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде оларға қатысты қылмыстық істі тіркеу фактісі бар;
мәмілелерін сот жарамсыз деп таныған жеткізушілердің әртүрлі деңгейінде болуы жатады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.03.2024 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген мерзімдер шегінде тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО "Пирамида" есебінің нәтижелерін талдайды.
Бұл ретте хабарламаны жіберу туралы шешім салық заңнамасын бұзушылықтары анықталған салық төлеушілер бойынша ғана қабылданады.
Осы Қағидалардың мақсатында салық заңнамасын бұзушылықтар деп осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген тәуекел дәрежесін ескере отырып, осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша МКО анықтаған бұзушылықтар танылады.
Тақырыптық тексеруді тағайындаған МКО "Пирамида" есебін қалыптастыру мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, оның ішінде автоматтандырылған ақпарат алмасу бойынша жеткізуші орналасқан жері бойынша МКО-ға – осы Қағидалардың 52-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген жеткізушілер бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы сұрау жібереді.
Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдау туралы сұрау салуды алған МКО осындай сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабардама;
қалған бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы қоса берілген хабарлама жібереді.
Егер анықталған бұзушылық осындай салық төлеушіде бұрын жүргізілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша жойылса не дербес жойылса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарлама және (немесе) хабардама салық төлеушінің атына жіберілмейді.
Бұл ретте МКО бұзушылықтарды жоюға арналған сұрау салуға жауапты осындай сұрау салу келіп түскен көрсетілетін қызметті берушінің атына салық төлеуші хабарламаны орындаған немесе бұрын жүргізілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылған не дербес жойылған жағдайда осындай сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
50. Тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО "Пирамида" есебін талдау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген тәуекел операцияларының белгілері бар өнім берушілер анықталған жағдайда, осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, фактілер мен операциялардың мазмұнын растау мақсатында осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес қарсы тексерулер тағайындайды.
51. Егер тақырыптық тексеру жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан және осындай өнім берушіге қатысты таратудың салықтық тексеруі жүргізілген жағдайда, онда осындай өнім беруші жазып берген шот-фактурада көрсетілген ҚҚС сомасы МКО АЖ-да бар мәліметтер, оның ішінде тексеру нәтижелерін ескере отырып, тізілімнің жазып берілген электрондық шот-фактуралары және (немесе) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар бойынша есепке алынады.
52. Есеп нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерде салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растау талапта және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген, салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тиесілі ҚҚС асып кеткен сомасына азайтылған сомалар шегінде мынадай:
1) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) электронды шот-фактуралар (бұдан әрі – ЭШФ) АЖ-да жазылған шот-фактуралар арасындағы салыстыру арқылы анықталған өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасын төмендету;
2) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде көрсетілген мәліметтер және өзі сатып алған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша сатып алушының шот-фактуралар тізіліміндегі мәліметтер арасындағы алшақтық;
3) Салық кодексінің 85-бабына сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлға ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап – осындай тұлғамен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
4) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
5) басшыға (құрылтайшыға) қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 және 245-баптарында көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық істі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу фактісі бар, ақтайтын негіздер бойынша және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының ақтамайтын негіздер қысқартылғандарды қоспағанда, өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
6) оған қатысты осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тәуекелдер анықталған өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
7) есептелген ҚҚС сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалмаған өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу фактілерін ескере отырып, бірақ олармен шектелмей, жүргізіледі.
Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.52-1. ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау кезінде алшақтықтар:
1) көрсетілетін қызметті алушының тақырыптық тексеруі аяқталғанға дейін Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес ҚҚС төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерткен;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар туралы хабарламалар жіберілген;
3) осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес жүргізілген қарсы тексерулердің нәтижелері бойынша салық заңнамасын бұзшылықтар расталмаған;
4) "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған салық заңнамасын бұзушылықтар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің оларды жою жөнінде шаралар қабылдағаны туралы сұрау салуларға алынған жауаптар бойынша расталмаған;
5) "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған салық заңнамасын бұзушылықтар салық монитрингінде тұрған қызметті алушылардың Салық кодексінің 431-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қоймаған салық кезеңдеріне жататын өнім берушілердің салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі ретінде ескерілмейді.
Ескерту. Қағида 52-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.03.2024 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.52-2. ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау кезінде осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес белгіленген белгілер:
1) оларға қатысты әкімшілік іс бойынша алдын ала шешім шығарылған күні, бірақ, ӘРПК 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей ақпараттық жүйелердің мәліметтерімен расталған, Салық кодексінің 120-1-бабының 4-тармағына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеудің күші жойылған;
2) Қылмыстық қудалау органынан қылмыстық істің жай-күйі туралы ақпарат алынған күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша қылмыстық іс оңалту негіздер бойынша тоқтатылған;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу тізбегіндегі бұзушылықтарды жойған, оның ішінде мәмілені заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамды деп таныған;
4) "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған салық заңнамасын бұзушылықтар салық монитрингінде тұрған қызметті алушылардың Салық кодексінің 431-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қоймаған салық кезеңдеріне жататын;
5) оларды одан әрі сатып алушы экспорттайтын электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асыратын;
6) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асыратын;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) негізінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын;
8) салық мониторингінде, оның ішінде ірі салық төлеушілер мониторингінде, деңгейлес мониторингінде тұрған;
9) "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі №376 қаулысымен тізбесі бекітілген ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бола отырып, ұлттық компаниялар болатын;
10) өз өндірісінің тауарларын өндіруші болып табылатын;
Осы тармақтың мақсатында:
Өз өндiрiсiнiң тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген салық төлеуші;
осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес жүргізілетін қарсы тексеру нәтижелері бойынша анықталған, көрсетілетін қызметті алушы сатып алған тауарды (ірі және ұсақ мүйізді малдың терісін өндірушілерді және түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдейтін тұлғаларды қоспағанда) өндіруші өз өндірісінің тауарларын өндіруші болып танылады.
Осы Қағидалар шеңберінде көрсетілетін қызметті алушының барлық тексерілетін кезеңі ішінде өндіруші деп танылған өнім беруші өз өндірісінің тауарларын өндіруші болып табылады.
11) осы тармақтың 5), 6), 7), 8), 9) 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілердің кейінгі деңгейдегі өнім берушілері болып табылатын өнім берушілердің салықтарды төлеуден жалтару схемаларын пайдалану тәуекелі ретінде ескерілмейді.
Бұл ретте тақырыптық тексеруді тағайындаған МКО тақырыптық тексеру аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген өнім берушілер бойынша, осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес анықталған белгілер туралы мәліметтерді, олардың орналасқан жері бойынша МКО-ға салықтық бақылау жүргізу үшін жолдайды.
Ескерту. Қағидалар 52-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 12.03.2024 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.53. Расталуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
1) осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген фактілерді ескере отырып, салық заңнамасын бұзу сомасы шегінде әрбір салық төлеушіден бастап ҚҚС қайтару туралы талапты және (немесе) салықтық өтінішті ұсынған көрсетілетін қызметті алушыға дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер есепке жатқызған ҚҚС сомасының ең азы белгіленеді;
2) жиынтықтағы мынадай сомалардың ең азы белгіленеді:
осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомасынан жиынтық түрде қалыптасқан ҚҚС сомасы;
ҚҚС қайтару туралы талапты немесе салықтық өтінішті ұсынған көрсетілетін қызметті алушының тікелей өнім берушіден есепке жатқызған ҚҚС сомасы;
3) ҚҚС қайтару туралы талапта немесе салықтық өтініште көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасынан осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тәртіппен айқындалған ҚҚС сомасы шегеріледі.
Бұзушылықтар тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді жеткізудің әр кезеңінде қайталанса, ҚҚС шегерілуі осындай бұзушылықтардың сомасы көлемінде айқындалады.
Расталуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау үлгілері осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7, және 8-қосымшаларында келтірілген.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.54. Егер, тексеру жүріп жатқан көрсетілетін қызметті алушының:
оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар (осы құқықты пайдалануға қарамастан);
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын, Салық кодексі 152-бабы 12-тармағының 4) тармақшасына сәйкес құны кемінде 150 000 000 АЕК-ті құрайтын;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын және ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 (бес) жыл ішінде есептелген салық жүктемесінің кемінде 20 (жиырма) пайыз орташа коэффициенті бар;
Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тікелей жеткізушілері "Пирамида" есебінің нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жойған кезде, осы Қағидалардың 52-тармағының ережелері қолданылмайды.
Бұл ретте, өнім берушілердің бұзушылықтарды жою фактісі тақырыптық тексеру аяқталғанға дейін МКО-дан бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы сұрау салуларына алынған жауаптары және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердің мәліметтерімен расталған бұзушылықтарды жою туралы мәліметтері бойынша анықталады.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.03.2024 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-параграф. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жататын қосылған құн салығы асып кеткен сомасын айқындау тәртібі
55. Салық кодексінің 434-бабына сәйкес талапты табыс еткен салық төлеуші қызметінің көрсеткіштері осы Қағидалардың 56 және 57-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, талапта көрсетілген салық кезеңі үшін көрсетілетін қызметті берушіге ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күн өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бағаланады.
Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайда, ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі.
56. Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бойынша балдар барлық өлшемшарттар бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады және мынадай тәртіппен қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы айқындалады:
1) егер өлшемшарттарды пайдалана отырып бағалау нәтижелері бойынша балдардың жиынтық қорытындысы 3 (үш) балдан кем болған жағдайда, оңайлатылған тәртіппен есепті кезеңде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының 1 (бір) пайызы мөлшерінде қайтаруға жатады.
2) егер өлшемшарттарды пайдалана отырып, бағалау нәтижелері бойынша балдардың жиынтық қорытындысы 3 (үш) балдан 300 (үш жүз) балға дейін болған жағдайда, оңайлатылған тәртіппен қайтаруға 3 (үш) балл 1 (бір) пайызға тең есебі негізге алына отырып, есепті кезеңде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының пайыздық көрінісіне сәйкес келетін ҚҚС асып кетуі қайтаруға жатады;
3) егер өлшемшарттарды пайдалана отырып бағалау нәтижелері бойынша балдардың жиынтық қорытындысы 300 (үш жүз) және одан көп балды құраған жағдайда, ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапта көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасы шегінде және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шектерден аспайтын ҚҚС асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады.
57. Өнім берушілердің, осы Қағидалардың 47 тармағында көрсетілген, тәуекелін болдырмау мақсатында көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 52-тармағының ережелерін ескере отырып, талапта көрсетілген кезең үшін өнім берушілер бойынша "Пирамида" есебін қалыптастырады.
Өнім берушілерде "Пирамида" есебінің нәтижелері бойынша салық заңнамасы бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы есепті кезеңде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасынан салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тиесілі бұзушылықтар сомасы шегеріле отырып айқындалады.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.58. Көрсетілетін қызметті беруші ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талапта көрсетілген салық кезеңі үшін айырбасталған валютаның үлес салмағы бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі банктердің Мемлекеттік кірістер органдарына валюталық түсімді айырбастау туралы қорытынды беру қағидалары мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген тәртіппен және нысанда Ұлттық Банк және ЕДБ ұсынған валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындының мәліметтерін негізге ала отырып, валюталық түсімді айырбастаудың үлес салмағын ескереді.
Осы тармақтың ережелері Қағидалардың 20- тармағының бірінші бөлігіндегі 3) тармақшасында белгіленген, ҚҚС оңайлатылған тәртіпте қайтаруға талап ұсынған валюталық түсімдерді айырбастауды жүзеге асыратын, шикізатты экспорттаушылар тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты ғана қолданылады.
Мұндай салық төлеушілер бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару салық кезеңі үшін валюталық түсімнің жалпы сомасындағы айырбасталған валютаның үлес салмағы бойынша есептеледі:
1) егер айырбастаудың үлес салмағы 80 (сексен) және одан көп пайызды құраған жағдайда, онда ҚҚС асып кеткен сомасының 80 (сексен) пайызы мөлшеріндегі ҚҚС асып кеткен сомасы қайтарылуға жатады;
2) егер айырбастаудың үлес салмағы 80 (сексен) пайыздан кем болған жағдайда, онда ҚҚС асып кеткен сомасынан тиісті үлес салмағы мөлшерінде ҚҚС асып кеткен сомасы қайтаруға жатады.
Бұл ретте, ҚҚС асып кетуін оңайлатылған тәртіппен қайтаруға салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған шикізат экспорттаушылары жатады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың шарттарына сәйкес келмесе, ҚҚС асып кетуін қайтару Салық кодексінің 434-бабының 2 тармағында көзделген өзге негіздер бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.59. Оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы осы Қағидалардың 57-тармағында айқындалған ҚҚС асып кеткен сомасы шегінде, бірақ талапта көрсетілген ҚҚС сомасынан аспайтын осы Қағидалардың 56 және 58-тармақтарына сәйкес айқындалған ең үлкен сома бойынша айқындалады.
4-тарау. Тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару
1-параграф. Тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі
60. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы осы Қағидалардың 3-тарауының ережелерін ескере отырып, тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды электрондық түрде ұсынған кезде құжаттарды өңдеу автоматтандырылған түрде жүргізіледі. Бұл ретте, негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасы ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды электрондық түрде ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері келіп түскен күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсетеді.
Қағаз жеткізгіште ұсынылған, хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.
Қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер оларды алған күні құжаттарды одан әрі өңдеу үшін МКО ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61. Осы тараудың ережелері көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның Салық кодексінің 434-бабына сәйкес оңайлатылған тәртіпте ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабын қарау кезінде қолданылмайды.
62. Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау кезінде тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша мынадай:
1) ҚҚС төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде жүзеге асыру;
2) тауарларды өткізу, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде жүзеге асырылған салықтық кезеңде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 (жетпіс) пайызын құрау талаптары ескеріледі.
Осы тармақтың мақсаттарында нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге, әр тоқсанда бір реттен сирек емес, дәйекті 3 (үш) салықтық кезең ішінде жүзеге асырылатын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жатады. Бұл ретте көрсетілген әр салықтық кезеңдегі осындай өткізу тұрақты өткізу деп танылады.
Егер нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымның үлесі дәйекті 3 (үш) салықтық кезеңнің әрқайсысында жалпы айналымның кемінде 70 (жетпіс) пайызын құраған жағдайда, онда ҚҚС бойынша декларацияда қалыптасқан ҚҚС асып кеткен барлық сома қайтаруға жатады. Бұл ретте салық кезеңінің дәйектілігі талапта көрсетілген кезеңге қарамастан айқындалады.
Көрсетілген талаптардың бірі орындалмаған жағдайда, ҚҚС асып кеткен сомасы нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым жасалған кезеңге қарамастан, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының бөлігінде қайтаруға жатады.
Қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау үшін бухгалтерлік және салық есебінің деректері бойынша нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы ҚҚС бойынша есепке жатқызу әдістері және есептік салық саясатында көрсетілген бухгелтерлік есепте запастарды бағалау (өзіндік құнын айқындау) әдістері ескеріле отырып есептеледі.
63. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынбайтын айналымдар бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған және (немесе) пайдалануға жататын, Салық кодексінің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылған және бюджетке төленген ҚҚС сомасы шегінде ғана ҚҚС асып кетуі қайтаруға жатады.
Салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылмаған жағдайда бұрын қайтарылған ҚҚС сомасы Салық кодексінің 431-бабы 5-тармағына сәйкес өтелуге жатады.
64. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағынан тауарлар экспортталған жағдайда, Салық кодексінің 152-бабы 5-тармағына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды экспорт кедендік рәсімімен әкету фактісін растайтын ЕАЭО мүше мемлекеттері кеден органының мәліметтері ескеріледі.
ЕАЭО басқа мемлекетінің аумағына тауарлар экспортталған жағдайда, аумағына тауарлар импортталған ЕАЭО мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы қағаз жеткізгіште (түпнұсқасы немесе көшірмесі) және (немесе) электрондық нысандағы өтініш ескеріледі.
Тауарды әкету фактісі расталмаған жағдайда, тауарлар экспортының расталмауына байланысты қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кеткен сомасын есептеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
мұнда
S = тауарлар экспортының расталмауына байланысты қайтаруы расталмаған ҚҚС сомасы;
D1 = тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің деректері бойынша экспортталған тауар көлемі;
D2 = МКО АЖ-ның және (немесе) жолданған тауарларға сұрау салуларға жауаптардың және (немесе) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің деректері бойынша экспортталған тауар көлемі;
Nо = алдыңғы тексерулердің деректерін есепке ала отырып салық кезеңінің басындағы тауар қалдықтары бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы;
Np = салық кезеңінде сатып алынған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы;
Tо = алдыңғы тексерулердің деректерін есепке ала отырып салық кезеңінің басындағы тауар көлемі;
Tp = салық кезеңінде сатып алынған тауар көлемі, мұнда салық кезеңі – салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілген салық кезеңі.
Осы есептеу тауардың әрбір түрі және әрбір келісімшарт бойынша жүргізіледі. Нәтижелері қосылады және тауар экспортының расталмауына байланысты қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кеткен сомасы айқындалады.
Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.65. Тауарлар экспортталған жағдайда, қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ЕДБ ашылған көрсетілетін қызметті алушының банктік шоттарына валюталық түсім түскен не сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы ҚҚС төлеушіге жеткізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты ескеріледі.
Валюталық түсім толық түспеген жағдайда барлық келісімшарттар бойынша расталмаған ҚҚС жалпы сомасы ескеріледі.
Әрбір нақты келісімшарт бойынша қайтаруы расталмаған ҚҚС сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда
0 және 1 аралығында белгіленеді.
Бұл ретте:
егер мәні тең немесе 1-ден асатын болса, онда есепке 1 мәні алынады,
егер мәні аз немесе 0-ге тең болса, онда 0 мәні алынады.
Көрсетілген есептеуде мән:
S = келісімшарт бойынша қайтаруға расталмаған сома;
P = Салық кодексінің 429-бабына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС сомасы;
Rжалпы = келісімшарттың қолданылуының бүкіл кезеңінде келісімшарт бойынша өткізудің жалпы сомасы;
V = қорытынды берілген сәттегі келісімшарт бойынша ЕДБ деректері бойынша валюталық түсімнің жалпы сомасы;
Rкелісімшарт = тексерілетін кезеңнің келісімшарт бойынша өткізудің жалпы сомасы;
R = тексерілетін кезеңнің барлық келісімшарттар бойынша өткізудің жалпы сомасы.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.66. Тексерілетін көрсетілетін қызметті алушы мен оның салықтық мониторингке жататын тікелей өнім берушісі арасындағы операциялар бойынша ҚҚС сомаларының анықтығын растауды салық есептілігі және (немесе) МКО бар ЭШФ АЖ деректерінің негізінде тақырыптық тексеруді тағайындаған МКО жүргізеді.
67. Салық кодексінің 152-бабы 12-тармағына сәйкес тақырыптық тексеру аяқталған күнге:
1) өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау бойынша қарсы тексерулер жүргiзуге берілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған;
2) тексерілетін көрсетілетін қызметті алушының өнім берушілері бойынша "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған;
3) ҚҚС сомаларының анықтығы расталмаған;
4) қарсы тексеру жүргізудің, оның ішінде:
өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы;
өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебінен мүмкін болмауына байланысты ҚҚС сомаларының анықтығы расталмаған сомалар шегінде ҚҚС асып кетуін қайтару жүргізілмейді.
68. Осы Қағидалардың 67-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері осы Қағидалардың 3-тарауы 3-параграфының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
69. Бұл ретте тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС асып кеткен сомасы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасы бұзушылықтарын жоюына қарай, талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде кейінгі салық кезеңдерінде салық төлеушінің талапқа қосуы арқылы қайтаруға жатады.
Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген сұрау салуды жіберудің орынды екенін айқындау мақсатында осындай өнім берушілер бойынша бұзушылықтарды жоюға бұрын жолданған сұрау салуларға алынған жауаптарды ескере отырып "Пирамида" есебінің нәтижелерін талдайды.
70. Тақырыптық тексеру актісінде жеке алғанда әрбір себеп бойынша расталмаған сомасын көрсете отырып ҚҚС асып кеткен сомаларын қайтармаудың негіздері көрсетіледі.
71. Тақырыптық тексеру аяқталған күнге өнім берушілерде анықталған жойылмаған бұзушылықтар болған кезде МКО салықтық тексеру актісіне осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға аумақтық МКО жолданған сұрау салулардың тізілімін қоса береді.
72. Тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы талапта көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасынан барлық анықталған бұзушылықтарды алып тастау арқылы бұрын қайтарылған сомаларды ескере отырып есептеледі.
73. Тақырыптық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірілмей кемінде 2 (екі) данада жасалады және оған МКО лауазымды адамдары қол қояды. Тақырыптық тексеру актісіне қорытындының бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, ол көрсетілген тақырыптық тексеру актісіне қорытындыны алғаны туралы екінші данада белгі қояды.
Қорытынды бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару Салық кодексінің 104-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде, жеке шоттар жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
2-параграф. Тақырыптық тексеру шеңберінде қарсы тексерулер жүргізу тәртібі
74. Тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО Салық кодексінің 143-бабына сәйкес тексерілетін салық төлеушімен операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларды осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, операциялар мазмұны мен фактісін растау мақсатында қарсы тексерулерді тағайындайды.
75. Қарсы тексеру қарсы тексеруді жүргізу туралы шешім қабылданған тұлғаның орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО орналасқан жері бойынша басқа аумақтық МКО тіркелген тұлғалар бойынша қарсы тексеру жүргізу туралы сұрау салу жібереді.
76. Қарсы тексеру жүргізу туралы сұрау салу алған МКО сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осындай тексеруді жүргізеді.
Қарсы тексеру жүргізілген кезде Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, тексерушілер құрамына тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО қызметкерлері енгізіледі.
77. Осы Қағидалардың 74-тармағына сәйкес тағайындалған қарсы тексеру барысында мынадай мәселелер қарауға жатады:
1) тауарларды жеткізу шарттары:
тауарлардың шығарылған жері – жеткізушілер, тауар бірлігі үшін құн, сатылған тауардың түрі мен көлемі, тауар маркасы немесе тауардың басқа да айрықша белгілері туралы мәліметтер, тауардың шығарылған жері паспортын немесе сертификатын (бар болған кезде) қоса бере отырып өндіруші зауыт туралы мәлімет, тауарлардың импорты туралы мәліметтер;
тауарға меншік құқығының өту шарттары мен күні (сатушының немесе жеткізушінің қоймасынан тиеп жіберген кезде, тауарды жеткізген кезде);
тауарларды сақтау шарттары – шарттарды немесе құқық белгілейтін құжаттарды қоса бере отырып тауар сақталған жеке меншік немесе жалға алынған қойма үй-жайларының болуы, сақтау мерзімдері;
тауарларды жеткізу немесе тасымалдау – жөнелту жерін және жеткізу жерін көрсете отырып көлік кәсіпорны немесе ұсынылған құжаттар (тауар-көлік, теміржол жүкқұжаттары немесе ілеспе жүкқұжаттары, жол жүру парақтары, тасымалдау маршруты) бойынша тауарды жеткізген көлік құралы туралы мәліметтер;
жұмыскерлердің болуы – саны, басшысы және қарсы тексеру шеңберінде өзара іс-қимыл жүргізетін жауапты жұмыскер туралы мәліметтер, жүкқұжаттарға қол қойған адамдар туралы мәліметтер;
2) қызмет көрсету, жұмысты орындау шарттары:
жұмыскерлердің болуы – саны, басшысы және қарсы тексеру шеңберінде өзара іс-қимыл жүргізетін жауапты жұмыскер туралы мәліметтер, орындалған жұмыстар актісіне қол қойған адамдар туралы мәліметтер;
көсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың түрі, сипаты, көлемі мен құны, қызметтердің немесе жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері, жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып орындалған жұмыстар актілеріне қол қойылған күн;
жеке өзінің немесе жалға алынған материалдық-техникалық базаның болуы –жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қажетті қолда бар көлік құралдары, арнайы техника, теңгеріміндегі жабдық және өзге де жабдық туралы мәліметтер;
өзіндік ерекшеліктеріне қарай орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің толықтығы мен анықтығын көрсететін қосымша құжаттардың (жобалау-сметалық құжаттама, маркетингтік есептер, жұмысқа шығу кестесі және басқа да құжаттама) болуы;
қызмет көрсету, жұмыстар орындау жері (мекенжайы);
іс жүзінде қызметтерді көрсеткен, жұмыстарды орындаған қосалқы мердігерлік (аутсорсингтік) ұйымдардың болуы;
3) тауарға, жұмыстарға немесе қызметтерге ақы төлеу шарттары:
ақы төлеу түрі – қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол есеп айырысу;
тауарға, жұмыстарға немесе қызметтерге ақы төленбеген (ішінара төленбеген) кезде талаптарды басқаға беру шарттарының болуы;
бартерлік операциялар туралы мәліметтер;
міндеттемелерді (талаптарды) күмәнді деп тану немесе оларды есептен шығару туралы мәліметтер;
4) мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша сот шешімдерінің болуы;
5) қайта тіркеу, барлық құрылтайшылар мен басшылар туралы мәліметтер;
6) мыналарға:
мәмілелер бойынша алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсімді, мүлікті кіріске алуға;
жазбаша нысанда шарттар жасамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, оның ішінде түзетулерге, өшірулерге жол бере отырып ресімделген, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, ұйымдардың анық емес, бұлыңғыр қойылған қолдары, мөрлері, мөртабандары бар құжаттар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға немесе тауарларды тиеп жіберуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге;
азаматтық-құқықтық мәміле бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша 1000 АЕК-тен асатын қолма-қол есеп айырысу арқылы ақы төлегені үшін әкімшілік өндірістің болуына;
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде басшысына (құрылтайшысына) қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 216, 245 және 246-баптарында көзделген құқық бұзушылық бойынша қылмыстық іс тіркелген, сондай-ақ салық төлеуден жалтару белгілері және фактілері туралы құқық қорғау органдарынан ақпарат алынған жеткізушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚСС сомаларын есепке жатқызуға;
тіркелуі немесе қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған контрагенттермен өзара есеп айырысу бойынша ҚСС сомаларын есепке жатқызуға;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 246-баптарында бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалған жеткізушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚСС сомаларын есепке жатқызуға;
Салық кодексінің 3-параграфында белгіленген тәртіппен жанама әдістер негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға қатысты өзге де мәліметтер.
МКО қарсы тексеру жүргізген кезде уәкілетті органдардан мәмілені жүзеге асыру шарттарын тексеру үшін қажетті қосымша ақпаратты алуға сұрау салулар жібереді.
78. Осы Қағидалардың 74-тармағына сәйкес тағайындалған қарсы тексеру жүргізілген кезде осы Қағидалардың 77-тармағында көрсетілген мәселелермен қатар, міндетті түрде еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақты (бұдан әрі – АЭА) құру мақсаттарына сай келетін, қызметті жүзеге асыру кезінде тауарларды тұтынбау тәуекелдерін анықтау мәселесі бухгалтерлік құжаттар мен МКО бар мәліметтер негізінде қаралады.
79. Тікелей жеткізушімен өзара есеп айырысу бойынша қарсы тексеру, егер жеткізуші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушымен қолма-қол нысанда есеп айырысу кезінде Салық кодексінің 402-бабында белгіленген ең төменгі мөлшерден асып кеткен;
2) Салық кодексінің 400-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚҚС есепке жатқызған ҚҚС төлеуші болып табылған;
3) есепті салық кезеңінде есептен шығарылған және Салық кодексінің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тарату есептілігінде салық салынатын айналымды көрсетпеген ҚҚС төлеуші болып табылған;
4) делдал (агент, комиссионер немесе сенім білдірілген өкіл) болып табылған;
5) экспедитор болып табылған;
6) көрсетілетін қызметті алушы өз өндірісінің тауарларын жеткізуші ретінде ұсынатын тізімге енгізілген жағдайларда да тағайындалады.
Осы тармақтың ережелері тексерілетін салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі – салық мониторингіне жататын салық төлеушісі арасындағы операциялар бойынша қолданылмайды.
Салық мониторингіне жататын салық төлеушімен операциялар бойынша ҚҚС сомаларының анықтығын растауды тақырыптық тексеру тағайындаған МКО салық есептілігінің және (немесе) салық органдарында бар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің деректері негізінде жүргізеді.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.03.2024 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.80. Қарсы тексеру жүргізу кезінде тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО белгілейтін басқа да мәселелер қаралады.
3-параграф. Оңайлатылған тәртіп қолданылатын көрсетілетін қызметті алушыға бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері
81. Осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуі қайтарылған жағдайда есептік салық кезеңінің соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан ҚҚС асып кеткен қалған сомасы қайтарылуға ұсынылған, оның ішінде оңайлатылған тәртіппен қайтарылған, ҚҚС асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға жатады.
82. Салық кодексінің 434-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға бюджеттен қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру, жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізу кезінде, сондай-ақ қайтарылуға ұсынылған ҚҚС асып кеткен сомаларының анықтығын растау мәселесін МКО кешенді тексеруге енгізген кезде Салық кодексінің 152-бабының және осы Қағидалардың 4-тарауы 1-параграфының ережелері қолданылады.
83. Осындай тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы мынадай есептеу бойынша айқындалады:
S = F-V-N,
мұнда
S = қайтарылуға жататын, бірақ талапта көрсетілген ҚҚС сомасынан аспайтын ҚҚС сомасы;
F = есептік салық кезеңінің соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан асып кеткен сома;
V = оңайлатылған тәртіппен және бұрын өткен тақырыптық тексерулер бойынша қайтарылған ҚҚС сомасы;
N = тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС сомасы.
Бұл ретте егер S мәні теріс болса, онда осы сома бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған болып табылады және осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес бюджетке төленуге жатады.
Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-параграф. Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың, сондай-ақ шектері Евразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері
84. Салық кодексінің 389 және 391-баптарының қолданылуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауы 3-параграфының ережелері қолданылады.
85. АЭА аумағында өткізілетін тауарларды жеткізуші болып табылатын көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтару АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.
86. Көрсетілетін қызметті беруші талап негізінде тағайындалған тақырыптық тексеруді жүргізу барысында тақырыптық тексеру басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:
АЭА қатысушысының АЭА құру мақсатына жауап беретін қызметті жүзеге асыру мақсатында АЭА аумағына әкелінген тауарларын тұтыну фактісін растау үшін, сондай-ақ АЭА аумағында тауарлардың іс жүзінде тұтынылуын растау үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінде (бұдан әрі – ЕКА кедендік рәсімі) тауарлар шығаруды жүзеге асыратын МКО-ға әкелінген тауарлар бөлігінде;
осындай операцияларды туралы қосымша ақпарат алу, фактілерді және операциялардың мазмұнын растау үшін осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес қарсы тексеру шеңберінде АЭА-қа қатысушының орналасқан жері бойынша МКО-ға сұрау салулар жібереді.
87. ЕКА кедендік рәсімінде тауарлар шығаруды жүзеге асырған, сұрау салу алған МКО осындай сұрау салу алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жауап қайтарады.
Бұл ретте жауапта АЖ-да бар мәліметтердің деректері және АЭА-қа қатысушы ұсынған деректер негізінде АЭА аумағына әкелінген тауарлардың құны бойынша мәліметтер, АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметте іс жүзінде тұтыну көрсетіледі.
88. Қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде ЕКА кедендік рәсімінде тауарлар шығаруды жүзеге асырған МКО мәліметтері және қарсы салықтық тексерулер нәтижелері ескеріледі.
89. Салықтық бақылау шеңберінде АЭА аумағына әкелінген тауарларды іс жүзінде тұтыну шарттарын көрсетілетін қызметті алушының орындамау фактісі анықталған жағдайда ЕКА кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт болып танылады және ЕАЭО кеден заңнамасында және (немесе) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталған тауарларға ҚҚС төлеу үшін белгіленген күннен бастап өсімпұл есептеле отырып, АЭА аумағына тауарларды әкелген күннен бастап ҚҚС салуға жатады.
90. Салық салынатын айналымды азайту жағына қарай немесе ҚҚС мөлшерлемесін ЭШФ-да және (немесе) салықтық есептілікте түзеген жағдайда бұрын қайтарылған сома осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес бюджетке қайтаруға жатады.
5-параграф. Халықаралық тасымалдарға байланысты көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері
91. Салық кодексінің 387 және 448-баптарының қолданылуына байланысты салық төлеушінің талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауы 5-параграфының ережелері қолданылады.
92. Халықаралық тасымалдар бойынша ҚҚС асып кетeуін қайтару Салық кодексінің 429-бабына сәйкес жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 62-тармағында көзделген шарттар орындалған жағдайда талап ұсынылған салық кезеңі үшін есепке жатқызылған ҚҚС асып кеткен сомасы қайтаруға жатады.
Шарттар орындалмаған жағдайда ҚҚС асып кеткен сомасы нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған халықаралық тасымалдар бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының бөлігінде қайтаруға жатады.
Бұл ретте қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы талап ұсынылған салық кезеңі үшін есепке жатқызылған ҚҚС сомасына тасымалдаудың жалпы көлемінде халықаралық тасымалдардың іс жүзіндегі көлемінің үлес салмағын қолдану арқылы есептеледі.
Іс жүзіндегі көлем:
жолаушыларды тасымалдау үшін – жолаушылардың саны;
жүкті тасымалдау үшін – тауардың салмағы;
құбыржолдар үшін – магистральдық құбыржолдар бойынша өткізілген тауардың көлемі;
қалған санаттар үшін – тиісті салада пайдаланылатын іс жүзіндегі көлем болып табылады.
Көрсетілген халықаралық тасымалдардың бірнеше санаты бір мезгілде жүзеге асырылған жағдайда іс жүзіндегі көлемнің үлес салмағы жеке алғанда әрбір санат бойынша мынадай есеп бойынша есептеледі:
Nm = Pom/ Pov* Psv/Oo*Nz, мұнда
Nm = халықаралық тасымалдың әрбір жеке санаты бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы;
Pom = осы санат бойынша халықаралық тасымалдың іс жүзіндегі көлемі;
Pov = осы санат бойынша барлық тасымалдардың іс жүзіндегі көлемі;
Psv = осы санат бойынша барлық тасымалдардың салық салынатын айналымы;
Oo = тасымалдардың барлық түрлері мен санаттары бойынша салық салынатын айналымы;
Nz = есепке жатқызылған ҚҚС сомасы.
Осы есеп бойынша айқындалған халықаралық тасымалдың әрбір жеке санаты бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомалары қосылады.
Осы тармақ бойынша барлық есептеулер талап ұсынылған салық кезеңі бойынша жүргізіледі.
93. Мыналар:
1) жүктерді тасымалдау кезінде:
халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;
халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тией отырып, халықаралық теміржол-су қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;
әуе көлігімен – жүкке арналған жүкқұжат (әуе жүкқұжаты);
теңіз көлігімен – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты;
көліктің екі немесе одан көп түрімен транзитпен (аралас тасымал) – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);
магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы:
есеп айырысу кезеңi iшiндегі экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі не есеп айырысу кезеңi iшiндегі кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация;
орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
2) жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау кезінде:
автомобиль көлігімен:
тұрақты тасымалдар кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;
тұрақты емес тасымалдар кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметтерін көрсету туралы шарт;
теміржол көлігімен:
Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;
Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;
теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдары үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость пен жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
әуе көлігімен:
бас декларация;
жолаушы манифесі;
карго-манифест;
лоджит (орталық-тиеу кестесі);
жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті және багаж квитанциясы);
халықаралық қатынаста жолаушылар поездарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет кезінде:
жолаушылар поезының заттай парағы халықаралық тасымалдарды растайтын құжаттар болып табылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда жасалады
.94. МКО АЖ-сында ЕАЭО мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды іс жүзіндегі әкету туралы хабарламасы бар, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 387-бабы 4-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының сегізінші абзацында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
6-параграф. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер әуежайлар, жерге қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері
Ескерту. 6-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
95. Салық кодексінің 388-бабының қолданылуына байланысты салық төлеушінің талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауы 1-параграфының ережелері қолданылады.
96. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге, ҚҚС асып кетуін қайтару халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде пайдаланылған жанар-жағармай материалдары бөлігінде жүргізіледі.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.97. Халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде пайдаланылған жанар-жағармай материалдарын өткізу фактісін растау үшін көрсетілетін қызметті беруші тақырыптық тексеру жүргізу барысында тақырыптық тексеру басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға қызметшісінің тақырыптық тексеру жүргізуге қатысуы үшін сұрау салу жібереді.
98. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау кезінде шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлігінде) мөлшерін растау үшін тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің "Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16461 болып тіркелді) бекітілген Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидаларына сәйкес және нысанда ұсынылған қорытындысы ескеріледі.
99. Бұл ретте осы Қағидалардың 98-тармағында көзделген қорытындыны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда ұсынады.
100. Осы Қағидалардың 98-тармағында көзделген қорытындыны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі тақырыптық тексеру аяқталған мерзімге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
7-параграф. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылардың Ұлттық Банкке бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері
101. Салық кодексінің 392-бабының қолданылуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауы 1-параграфының ережелері қолданылады.
102. Бағалы металдар өндіретін көрсетілетін қызметті алушыға және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғаларға Ұлттық Банкке бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізу бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару мынадай растайтын құжаттар:
1) салық төлеуші мен Ұлттық Банк арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Ұлттық Банкке өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) аффинирленген алтынның мөлшерін көрсетіле отырып, Ұлттық Банктің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болған кезде жүргізіледі.
103. Салық төлеуші дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізат өз өндiрiсiнің шикiзаты болып табылады.
8-параграф. Талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге өз өндiрiсiнің тауарларын өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері
104. Салық кодексінің 393-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу бойынша айналым жасалған кезде ҚҚС нөлдік мөлшерлемесінің қолданылуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауы 1-параграфының ережелері қолданылады. Бұл ретте аталған бөлімнің мақсаттарында осы Қағидалардың 65-тармағының ережелері қолданылмайды.
105. Осы параграфтың мақсаттарында нөлдік мөлшерлемемен салық салынатын айналым осы келісімшарттар шеңберінде импорт кезінде ҚҚС-тан босатылатын тауарлар түрлері бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге өз өндiрiсiнің тауарларын өткізу бойынша айналым болып табылады.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) ҚҚС-тан босатылатын импортталатын тауарлардың тізбесі айқындалған жағдайда, осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша ғана айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) барлық импортталатын тауарларды ҚҚС-тан босату көзделген болса, нөлдік мөлшерлеме бойынша өз өндiрiсiнің барлық тауарларын өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер "Талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16752 болып тіркелді) бекітілген Талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар ҚҚС-тан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тізбесіне енгізіледі.
Ескерту. 105-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.106. Осы бөлімнің мақсатында шығарылған жері сертификаты бар салық төлеуші өндірген өнім (тауар) өз өндірісінің тауарлары деп танылады.
Тақырыптық тексеру жүргізу кезінде МКО-да бар бухгалтерлік есеп деректері, бухгалтерлік құжаттар және басқа да мәліметтер бойынша өткізілген тауарды өндіру фактісі, сондай-ақ шығарылған жері сертификатының болуы міндетті түрде белгіленеді.
107. Осы Қағидалардың 105-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша:
1) жеткізілетін тауарлар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасын, өнімді бөлу туралы келісімді (келісімшартты) орындауға арналғанын көрсете отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды жеткізуге арналған шарт;
2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері айналымды растайтын құжаттар болып табылады.
108. Осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, осы Қағидалардың 106-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу жөніндегі фактілер мен операциялардың мазмұнын растау мақсатында осы Қағидалардың 4-тарауының 8-параграфына сәйкес осы Қағидалардың 105-тармағында көрсетілген салық төлеушілермен қарсы тексерулер тағайындалады.
9-параграф. Салық кодексінің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тексеру жүргізу ерекшеліктері
109. Салық кодексінің 393-бабының қолданылуына байланысты көрсетілетін ызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.
110. Салық кодексінің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынады.
Осы бөлімнің ережесі Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тізбесіне енгізілген салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына тұрақсыз конденсатты өткізу бойынша айналымына қатысты "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 126 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16836 болып тіркелген) нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
111. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
2) құбыржолдар жүйесі бойынша өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу актісі;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі осы Қағидалардың 110-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсатты өткізуді растайтын құжаттар болып табылады.
Құбыржолдар жүйесі бойынша өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу "Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16847 болып тіркелген) Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
112. Осы бөлімнің мақсаттары үшін осы Қағидалардың 65-тармағының ережелері қолданылмайды.
10-параграф. Газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағынан осы салық төлеуші бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері
113. Салық кодексінің 393-бабының қолданылуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.
114. Газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағынан осы салық төлеуші бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынады.
Осы параграфтың ережесі газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, Салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан осы салық төлеуші бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымына қатысты "Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16641 болып тіркелген) нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынады.
115. Мыналар:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) олардың негізінде қайта өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
4) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжат көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады.
5) аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің сатып алушысына – салық төлеушіге қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілуін растайтын құжаттар;
6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы ЕДБ-дағы банктік шоттарына өткізілген қайта өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
7) Салық кодексінің 449-бабы 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы осы Қағидалардың 114-тармағында көрсетілген тауарларды өткізуді растайтын құжаттар болып табылады.
116. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау кезінде МКО-ның сұрау салуы бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық қызметі қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексеру нәтижелері ескеріледі.
11-параграф. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты көрсетілетін қызметті алушы сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері
117. Салық кодексінің 432-бабының қолданылуына байланысты көрсетілеген қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.
118. Осы параграф шеңберіндегі талап Салық кодексінің 48-бабының ережелерін ескере отырып, ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру жүргізілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетіледі.
119. Тақырыптық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірілмей, кемінде 2 (екі) данада жасалады және көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдары қол қояды. Тақырыптық тексеру актісіне қорытындының бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, ол көрсетілген тақырыптық тексеру актісіне қорытындыны алғаны туралы екінші данаға белгі қояды.
120. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты салық төлеуші сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша құрылыс кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару Салық кодексінің 432-бабы 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
121. Осы бөлімнің ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) көрсетілетін қызметті алушы АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын немесе жаңадан құрылған, инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылған;
2) құрылыс Салық кодексінің 282-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жүзеге асырылған;
3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар деп танылған;
4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданған кезде қолданылады.
122. Салық кодексінің 432-бабына сәйкес тақырыптық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу басталған салық кезеңінен басталатын уақыт кезеңі енгізіледі.
123. Осы параграфтың ережелері қайтарылуы Салық кодексінің 429-бабына сәйкес жүзеге асырылатын ҚҚС асып кету сомасына, сондай-ақ оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.
12-параграф. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде көрсетілетін қызметті тұтынушы сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері
124. Салық кодексінің 432-бабының қолданылуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады
125. Егер ҚҚС асып кетуі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде салық төлеуші сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан жағдайда, мұндай ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару Салық кодексінің 432-бабы 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. Бұл ретте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңі деп кеңінен таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасалған күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталатын күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
126. Осы параграф шеңберіндегі талап Салық кодексінің 48-бабының ережелері ескеріле отырып, кеңінен таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталатын күн тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетіледі.
127. Салық кодексінің 432-бабының қолданылуына байланысты салық кезеңінің соңында қалыптасқан ҚҚС асып түсуі тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кеткен жинақталған сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап 20 (жиырма) салық кезеңі ішінде тең үлестермен қайтаруға жатады.
128. Тақырыптық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірілмей, кемінде 2 (екі) данада жасалады және көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамдары қол қояды. Тақырыптық тексеру актісіне қорытындының бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, ол көрсетілген тақырыптық тексеру актісіне қорытындыны алғаны туралы екінші данаға белгі қояды.
129. Қорытынды бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) Дербес шоттарды жүргізу қағидаларында көзделген ережелерге сәйкес тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
130. Салықтық өтініш бойынша тақырыптық тексеру жүргізілген жағдайда, осы Қағидалардың 55-тармағын қоспағанда, осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларында көзделген ұқсас ережелер қолданылады.
Бұл ретте салықтық өтініш бойынша тағайындалған тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша расталған ҚҚС асып кеткен жалпы сомасы Салық кодексінің 104-бабы 2-тармағына сәйкес салықтық өтініште көрсетілген ҚҚС сомасынан және тексерілетін көрсетілетін қызметті алушының жеке шотындағы тақырыптық тексеру аяқталған күнгі ҚҚС асып кеткен сомасынан аспауға тиіс.
Осы тармақта көрсетілген тақырыптық тексеру Салық кодексінің 146-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
131. Осы параграфтың ережелері қайтарылуы Салық кодексінің 429-бабына сәйкес жүзеге асырылатын ҚҚС асып кеткен сомасына, сондай-ақ оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.
132. Егер тақырыптық тексеру басталғанға дейін көрсетілетін қызметті алушының дербес шотында салықтық өтініште көрсетілген ҚҚС асып кету сомасының болмауы анықталған және (немесе) көрсетілген салықтық өтініш берілген күнге Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген салықтық есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдері бұзылған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны Салық кодексінің 145-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салықтық өтінішті қараудан бас тарту туралы хабардар етеді.
5-тарау. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдану тәртібі
133. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Салық кодексінің 4-бөліміне сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым береді.
134. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау Салық кодексінің 178-186-баптарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
135. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Салық кодексінің 177-бабының 2-тармағына сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасалады.
136. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызмет берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Салық кодексінің 187-бабына сәйкес жоғары тұрған МКО-ға немесе сотқа шағым жасалады.
137. Көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Салық кодексінің 188-бабына айқындалған тәртіппен шағым жасалады.
138. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағымдар ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 20.03.2023 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Бюджеттен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының (бұдан әрі – АЭА) аумағындағы аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – АЖ) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кетуін қайтару бойынша: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Салық кодексінде көзделген ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару кезінде: |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі |
7 | Ақпарат нысандары және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заңы) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушылардан талап етілетін мәліметтер мен құжаттардың тізбесі |
ҚҚС асып кетуін қайтару үшін - мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге белгіленген нысанда, салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларациясында көрсетілген, ҚҚС асып кетін қайтару туралы талап беріледі. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Егер: |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқықтың болмауы туралы хабарлама
|
Ескертпе: аббревиатуралар ашып жазу
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Оңайлатылған тәртіппен қайтару расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы туралы хабарлама Күні №_______________ Мемлекеттік кірістер департаменті (Басқармасы) _____________________________бойынша (мемлекеттік кірістер органының атауы) ___________________________________________________________ (ҚҚС төлеушінің атауы) ЖСН/БСН __________________________________________________________: Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, оңайлатылған тәртіппен қайтару расталған ҚҚС асып кеткен сомасы туралы хабардар етеді:
Осыған байланысты, Сіз уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге өтініш ұсынуыңыз қажет. Сонымен бірге ҚҚС асып кетуін қайтару және ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес ҚҚС асып кетуі салық төлеушінің таңдауы бойынша Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 431-бабында көзделген тәртіппен және мерзімде _____теңге сомасында қайтарылатыны туралы хабарлаймыз. Сіз қабылданған шешім – Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолданудан бас тартуыңыз не келісуіңіз туралы мемлекеттік кірістер органын бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіссіз. Жауаптың болмауы Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС-ты қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады. Мемлекеттік кірістер органы басшысының қолы _______________ Мөр орны Мемлекеттік кірістер органы ___________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы) Хабарламаны беру күні ________ |
---|
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 4-қосымша |
Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау үлгісі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескертпе: растауға жататын ҚҚС асып кеткен сомасынан, тауарлар, жұмыстар, қызметтер жеткізушілерден есепке жатқызылған ҚҚС ең төменгі сомасы, әр салықтөлеушіден салық заңнамасын бұзу шегінде, жеткізудің әр сатысында қайталану есебімен, ҚҚС қайтаруға талап немесе арыз ұсынған көрсетілген қызметті алушыға дейін – 500 мың теңге (бұзушылықтар шегінде) шегеріледі.
Аббревиатураларды ашып жазу:
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
ҚҚС – қосымша құн салығы.
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 5-қосымша |
Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау үлгісі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескертпе: растауға жататын ҚҚС асып кеткен сомасынан, тауарлар, жұмыстар, қызметтер жеткізушілерден есепке жатқызылған ҚҚС ең төменгі сомасы, әр салықтөлеушіден салық заңнамасын бұзу шегінде, жеткізудің әр сатысында қайталану есебімен, ҚҚС қайтаруға талап немесе арыз ұсынған көрсетілген қызметті алушыға дейін – 120 мың теңге (бұзушылықтар шегінде) шегеріледі.
Аббревиатураларды ашып жазу:
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
ҚҚС – қосымша құн салығы.
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 6-қосымша |
Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау үлгісі
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескертпе: растауға жататын ҚҚС асып кеткен сомасынан, тауарлар, жұмыстар, қызметтер жеткізушілерден есепке жатқызылған ҚҚС ең төменгі сомасы, әр салықтөлеушіден салық заңнамасын бұзу шегінде, жеткізудің әр сатысында қайталану есебімен, ҚҚС қайтаруға талап немесе арыз ұсынған көрсетілген қызметті алушыға дейін – 360 мың тенге (240 мың тенге + 120 мың тенге) шегеріледі.
Аббревиатураларды ашып жазу:
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
ҚҚС – қосымша құн салығы.
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 7-қосымша |
Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау үлгісі
Ескертпе: Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасынан салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған әрбір салық төлеушіден бастап қосылған құн салығын қайтару туралы талапты немесе салықтық өтінішті табыс еткен салық төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер есепке жатқызған қосылған құн салығының ең аз сомасы алып тасталады – 150,0 мың теңге.
Аббревиатураларды ашып жазу: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 8-қосымша |
Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау үлгісі
Ескертпе: Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасынан салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған әрбір салық төлеушіден бастап қосылған құн салығын қайтару туралы талапты немесе салықтық өтінішті табыс еткен салық төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер есепке жатқызған қосылған құн салығының ең аз сомасы алып тасталады – 150,0 мың теңге.
Аббревиатураларды ашып жазу: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жіберілген анықталған бұзушылықтарды жоюға сұрау салулардың тізілімі
№ | Өнім берушінің атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН / БСН) | Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (ол болған кезде) | Қосылған құн салығының сомасы (теңге) | Сұрау салудың нөмірі | Сұрау салу күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Ескертпе: аббревиатуралар ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына 2-қосымша |
Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары
Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2022 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.11.2023 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
№ | Өлшемшартдың атауы | Ең жоғары балл | Ең төменгі балл |
Оң өлшемшарттар | |||
1 | Салықтық мониторингке қатысу | +10 | 0 |
2 | Қызмет түрінің тұрақтылығы | +10 | 0 |
3 | Қосылған құн салығының қайтару тарихы | +30 | 0 |
4 | Еңбекақы төлеу қоры | +25 | 0 |
5 | Қызметкерлер саны | +25 | 0 |
6 | 1 қызметкер қамтамасыз еткен табыс | +20 | 0 |
7 | Тіркелген активтер | +10 | 0 |
8 | Мүлік салығы | +30 | 0 |
9 | Меншікті өнімнің экспорты | +20 | 0 |
10 | Өндірушіден сатып алынған тауарлардың экспорты | +10 | 0 |
11 | Басым секторда қызметті жүзеге асыру | +20 | 0 |
12 | Инвестициялық жобаларға қатысу | +20 | 0 |
Тәуекелдерді бағалау бойынша өлшемшарттар | |||
1 | Салық жүктемесінің коэффициенті | +30 | -10 |
2 | Салықтарды уақтылы төлеу | +30 | -30 |
3 | Трансферттік баға белгілеу бойынша бұзушылықтар | +10 | -30 |
4* | Нөлдік мөлшерлемені қолдану кезеңіндегі залал | +10 | -50 |
5* | Тауарлардың кері импорты | +10 | -30 |
6* | Жалған мәмілелер бойынша өзара есеп айырысу | +20 | -50 |
7 | Сенімсіз кәсіпорындармен өзара есеп айырысу | +5 | -10 |
8 | Электрондық шот-фактура жазып беру шектелген кәсіпорындармен өзара есеп айырысу | +10 | -20 |
9 | Өзара байланысты тараптармен өзара есеп айырысу | +10 | -10 |
10 | Жеткізушілерде бересінің болуы | +10 | -30 |
11 | Талап ету кезеңіндегі камералдық бақылау бойынша алшақтықтар | +5 | -50 |
12 | Камералдық бақылау бойынша расталған бұзушылықтар | +10 | -30 |
Арнайы шарттар | |||
Валюталық түсімді айырбастау | - | - |