БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. "Пирамида" есебі нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерде салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚҚС-тың асып кету сомасының анықтығын растау талапта және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген, салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тиесілі ҚҚС асып кету сомасына азайтылған сомалар шегінде мынадай:
1) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) өнім беруші электрондық шот-фактуралар (бұдан әрі – ЭШФ) АЖ-да жазып берген шот-фактуралар бойынша мәліметтер арасындағы салыстыру кезінде анықталған өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасын төмендету;
2) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде көрсетілген мәліметтер және өзі сатып алған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша сатып алушының шот-фактуралар тізіліміндегі мәліметтер арасындағы алшақтық;
3) Салық кодексінің 85-бабына сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлға ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап – осындай тұлғамен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
4) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
5) басшыға (құрылтайшыға) қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 және 245-бабында көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық істі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу фактісі бар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабы бойынша ақталатын негіздер және ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылғандарды қоспағанда, өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
6) осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тәуекелдер анықталған өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
7) көрсетілетін қызметті алушыны тақырыптық тексеру аяқталған күнге ҚҚС-тың есепке жазылған сомаларын төлеу бойынша өнім берушілердің орындамаған салық міндеттемесінің болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушыны тақырыптық тексеру аяқталғанға дейін Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес ҚҚС төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертудің болуы;
9) көрсетілетін қызметті алушыны тақырыптық тексеру аяқталған күнге қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы салық міндеттемелерін азайту фактілерін ескере отырып, бірақ олармен шектелмей, жүргізіледі.";
52-1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев | 
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі