"Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 наурызда № 34140 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:

      45, 45-1, 46, 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін салық төлеуші ұсынған ҚҚС бойынша салық есептілігін және (немесе) АЖ мәліметтерін, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асыратын бақылау нәтижелері "Пирамида" есебі болып табылады.

      "Пирамида" есебі қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомаларының дұрыстығын айқындау және мынадай тәуекелдерді:

      салық міндеттемелерін орындамау тәуекелін;

      жеткізушілердің салықтарды төлеуден жалтару схемаларын қолдану тәуекелін анықтау мақсатында қалыптастырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мен әр салық кезеңі үшін әртүрлі деңгейдегі жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысулардың жиынтық кестесі "Пирамида" есебін қалыптастыру нәтижесі болып табылады.

      45-1. "Пирамида" есебі:

      1) бұзушылықтар сомасы тексерілетін көрсетілетін қызмет алушыға тікелей немесе делдалдар арқылы (агенттер, комиссионерлер немесе сенім білдірген адамдар) тауарларды жеткізген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтерді көрсеткен өнім берушілер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасынан асып кеткен;

      2) осы Қағидалардың 46 және 47-тармақтарында көзделген;

      3) салық кезеңі үшін жазып берілген шот-фактуралар бойынша ҚҚС-тың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және "Пирамида" есебін қалыптастыру күніне қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 300 еселенген мөлшерінен аспайтын өнім берушіні анықтау;

      4) "Пирамида" есебі қалыптастырыл жатқан, көрсетілетін қызметті алушының өзі анықталған жағдайда.

      Деңгейлес маниторингте тұрған көрсетілетін қызметті алушы бойынша "Пирамида" есебі көрсетілетін қызметті алушының тікелей өнім берушілері бойынша ғана қалыптастырылады.

      46. Өнім берушінің салық есептілігінің мәліметтерін және АЖ мәліметтерін салыстырып тексеру нәтижесінде анықталған алшақтықтар, сондай-ақ бюджетке ҚҚС есептеу және төлеу жөніндегі салық міндеттемелерінің орындалмауын (толық орындалмауын) көрсететін басқа да мәліметтер салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі деп танылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі бойынша "Пирамида" есебін көрсетілетін қызметті алушының тікелей жеткізушілері бойынша ғана қалыптастырады.

      Осы Қағидалардың мақсатында:

      "Пирамида" есебін қалыптастырылып жатқан көрсетілетін қызметті алушыға тікелей немесе делдалдар (агенттер, комиссионерлер немесе сенім білдірген адамдар) арқылы тауарлар жеткізген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсеткен өнім берушілер;

      өзара байланысты тараптар арқылы тікелей немесе делдалдар (агенттер, комиссионерлер немесе сенім білдірілген өкілдер) арқылы тауарлар жеткізген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсеткен өнім берушілер тікелей өнім берушілер болып танылады.

      Осы Қағидалардың мақсатында:

      1) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын ;

      2) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың біреуі басқасының қабылдайтын шешімін айқындауға құқылы болатын;

      3) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе лауазымды адамының бақылауында болатын;

      4) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды адамы басқа заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды адамы болып табылатын;

      5) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болатын;

      6) табылатын жеке тұлға осы тармақтың 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның басшысы болып болып табылатын біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылады.

      47. Іс жүзінде тауарларды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей ҚҚС сомаларын есепке жатқызу құқығын алу мақсатында мәмілелер жасасуды көрсететін белгілердің болуы өнім берушілердің салық төлеуден жалтару схемаларын қолдану тәуекелі деп танылады.

      Мұндай белгілерге:

      Салық кодексінің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураларды жазып беру шектелген;

      тіркелуі (қайта тіркеуі) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамсыз деп танылған;

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде оларға қатысты қылмыстық істі тіркеу фактісі бар;

      мәмілелерін сот жарамсыз деп таныған жеткізушілердің әртүрлі деңгейінде болуы жатады.";

      52-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-1. ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау кезінде алшақтықтар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының тақырыптық тексеруі аяқталғанға дейін Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес ҚҚС төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерткен;

      2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар туралы хабарламалар жіберілген;

      3) осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес жүргізілген қарсы тексерулердің нәтижелері бойынша салық заңнамасын бұзшылықтар расталмаған;

      4) "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған салық заңнамасын бұзушылықтар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің оларды жою жөнінде шаралар қабылдағаны туралы сұрау салуларға алынған жауаптар бойынша расталмаған;

      5) "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған салық заңнамасын бұзушылықтар салық монитрингінде тұрған қызметті алушылардың Салық кодексінің 431-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қоймаған салық кезеңдеріне жататын өнім берушілердің салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі ретінде ескерілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 52-2-тармақпен толықтырылсын:

      "52-2. ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау кезінде осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес белгіленген белгілер:

      1) оларға қатысты әкімшілік іс бойынша алдын ала шешім шығарылған күні, бірақ, ӘРПК 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей ақпараттық жүйелердің мәліметтерімен расталған, Салық кодексінің 120-1-бабының 4-тармағына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеудің күші жойылған;

      2) Қылмыстық қудалау органынан қылмыстық істің жай-күйі туралы ақпарат алынған күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша қылмыстық іс оңалту негіздер бойынша тоқтатылған;

      3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу тізбегіндегі бұзушылықтарды жойған, оның ішінде мәмілені заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамды деп таныған;

      4) "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған салық заңнамасын бұзушылықтар салық монитрингінде тұрған қызметті алушылардың Салық кодексінің 431-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қоймаған салық кезеңдеріне жататын;

      5) оларды одан әрі сатып алушы экспорттайтын электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асыратын;

      6) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асыратын;

      7) Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) негізінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын;

      8) салық мониторингінде, оның ішінде ірі салық төлеушілер мониторингінде, деңгейлес мониторингінде тұрған;

      9) "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі №376 қаулысымен тізбесі бекітілген ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бола отырып, ұлттық компаниялар болатын;

      10) өз өндірісінің тауарларын өндіруші болып табылатын;

      Осы тармақтың мақсатында:

      Өз өндiрiсiнiң тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген салық төлеуші;

      осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес жүргізілетін қарсы тексеру нәтижелері бойынша анықталған, көрсетілетін қызметті алушы сатып алған тауарды (ірі және ұсақ мүйізді малдың терісін өндірушілерді және түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдейтін тұлғаларды қоспағанда) өндіруші өз өндірісінің тауарларын өндіруші болып танылады.

      Осы Қағидалар шеңберінде көрсетілетін қызметті алушының барлық тексерілетін кезеңі ішінде өндіруші деп танылған өнім беруші өз өндірісінің тауарларын өндіруші болып табылады.

      11) осы тармақтың 5), 6), 7), 8), 9) 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілердің кейінгі деңгейдегі өнім берушілері болып табылатын өнім берушілердің салықтарды төлеуден жалтару схемаларын пайдалану тәуекелі ретінде ескерілмейді.

      Бұл ретте тақырыптық тексеруді тағайындаған МКО тақырыптық тексеру аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген өнім берушілер бойынша, осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес анықталған белгілер туралы мәліметтерді, олардың орналасқан жері бойынша МКО-ға салықтық бақылау жүргізу үшін жолдайды.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Егер, тексеру жүріп жатқан көрсетілетін қызметті алушының:

      оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар (осы құқықты пайдалануға қарамастан);

      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын, Салық кодексі 152-бабы 12-тармағының 4) тармақшасына сәйкес құны кемінде 150 000 000 АЕК-ті құрайтын;

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын және ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 (бес) жыл ішінде есептелген салық жүктемесінің кемінде 20 (жиырма) пайыз орташа коэффициенті бар;

      Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тікелей жеткізушілері "Пирамида" есебінің нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жойған кезде, осы Қағидалардың 52-тармағының ережелері қолданылмайды.

      Бұл ретте, өнім берушілердің бұзушылықтарды жою фактісі тақырыптық тексеру аяқталғанға дейін МКО-дан бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы сұрау салуларына алынған жауаптары және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердің мәліметтерімен расталған бұзушылықтарды жою туралы мәліметтері бойынша анықталады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Тікелей жеткізушімен өзара есеп айырысу бойынша қарсы тексеру, егер жеткізуші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушымен қолма-қол нысанда есеп айырысу кезінде Салық кодексінің 402-бабында белгіленген ең төменгі мөлшерден асып кеткен;

      2) Салық кодексінің 400-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚҚС есепке жатқызған ҚҚС төлеуші болып табылған;

      3) есепті салық кезеңінде есептен шығарылған және Салық кодексінің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тарату есептілігінде салық салынатын айналымды көрсетпеген ҚҚС төлеуші болып табылған;

      4) делдал (агент, комиссионер немесе сенім білдірілген өкіл) болып табылған;

      5) экспедитор болып табылған;

      6) көрсетілетін қызметті алушы өз өндірісінің тауарларын жеткізуші ретінде ұсынатын тізімге енгізілген жағдайларда да тағайындалады.

      Осы тармақтың ережелері тексерілетін салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі – салық мониторингіне жататын салық төлеушісі арасындағы операциялар бойынша қолданылмайды.

      Салық мониторингіне жататын салық төлеушімен операциялар бойынша ҚҚС сомаларының анықтығын растауды тақырыптық тексеру тағайындаған МКО салық есептілігінің және (немесе) салық органдарында бар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің деректері негізінде жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі