"Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 наурызда № 27256 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабы 2-тармағына және 429-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 317 Бұйрыққа
1-қосымша

Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 137-бабы 2-тармағына және 429-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі – ТБЖ) қолдана отырып, қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кеткен сомаларын қайтару тәртібін белгілейді.

      2. "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) Комитеттің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетеді.

      3. Көрсетілетін қызметті берушілер Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген), Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын АЖ үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын АЖ-да іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақауларды жоюды қамтамасыз етеді және тиісті уәкілетті тұлғаларға 1 (бір) жұмыс күн ішінде хабардар етеді.

      5. Осы Қағидалар:

      қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кеткен сомаларының анықтығы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде;

      Салық кодексінің 434-бабында көзделген (бұдан әрі – оңайлатылған тәртіп) ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртіпті қолдану кезінде;

      халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес оларға қатысты қайтарудың ерекше тәртібі қолданылатын ҚҚС асып кетуін растау кезінде қолданылады.

2-тарау. "Бюджеттен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімдері

1-параграф. Тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі мен мерзімдері

      6. Мемлекеттік қызметті алу үшін салық төлеуші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талабын (бұдан әрі – талап) көрсетілетін қызметті берушіге портал және (немесе) Комитеттің АЖ арқылы береді. Бұл ретте талап ҚҚС бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) таратуды декларацияларында көрсетіледі.

      Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда талапты көрсетпесе, онда бұл асып кету ҚҚС бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылады немесе Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі (бұдан әрі – талап қою мерзімі) ішінде қайтаруға ұсынылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бюджеттен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нысанында жазылған.

      7. ҚҚС асып кетуін қайтару:

      1) шағым жасау (көрсетілетін қызметті алушы шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, бюджеттен қайтаруға ұсынылған (бұдан әрі – тақырыптық тексеру) ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растайтын тақырыптық тексеру актісінің;

      2) Салық кодексінің 152-бабы 13-тармағында көзделген жағдайларда, тақырыптық тексеру актісіне қорытындының негізінде жүргізіледі.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларындағы ережелер Салық кодексінің 434-бабына және осы Қағидалардың 2-тарауының 2-парагрфына сәйкес ҚҚС асып кеткен сомаларын қайтаруды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші талапты алғаннан кейін, егер осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында өзгеше белгіленбесе, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тақырыптық тексеруді тағайындайды.

      Бұл ретте тақырыптық тексеру Салық кодексінің 152-бабы 2-тармағына сәйкес салық кезеңі үшін тағайындалады.

      Тақырыптық тексеру ТБЖ қолдану арқылы жүргізіледі.

      9. ҚҚС асып кетуін қайтару мынадай мерзімдерде:

      1) ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қойылған салық кезеңі үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 (жетпіс) пайызды құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыратын, көрсетілетін қызметті алушыларға – 55 (елу бес) жұмыс күні ішінде;

      2) қалған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша – күнтізбелік 155 (жүз елу бес) күн ішінде жүргізіледі.

      Бұл ретте ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару мерзімі ішінде Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін басталады.

      10. Егер көрсетілетін қызметті алушының дербес шотында ҚҚС асып кеткен сомасының болмауы анықталған және (немесе) Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдері бұзылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұзарту кезеңін ескере отырып, Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны талапты қараудан бас тарту туралы хабардар етеді.

      11. Қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын, сондай-ақ оған қатысты қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданған көрсетілетін қызметті алушыға бюджеттен қайтарылған ҚҚС сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органы тексерілетін салық кезеңі үшін ақпараттық жүйені қолдана отырып, тексеріліп жатқан көрсетілетін қызметті алушы бойынша осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жеткізушілер бойынша "Пирамида" талдамалық есебін (бұдан әрі – "Пирамида" есебі) қалыптастырады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тыңдауды жүзеге асырмай:

      "Пирамида" есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) жіберу бойынша;

      Салық кодексінің 143-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өнім берушілерін және (немесе) өнім берушінің жеткізушілерін (бұдан әрі – өнім беруші) қарсы тексерулерді тағайындау бойынша шаралар қабылдайды.

      13. Тақырыптық тексеру қорытындылары бойынша тақырыптық тексеру актісі жасалады. Бұл ретте бұзушылықтар анықталған жағдайда ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдау жүзеге асырылады.

      14. ҚҚС асып кетуін қайтаруды көрсетілетін қызметті беріші тақырыптық тексеру актісімен не тақырыптық тексеру актісіне қорытындымен расталған ҚҚС сомасы шегінде жүзеге асырады.

      Қайтаруға расталған ҚҚС асып кеткен жалпы сомасы талапта көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасынан және (немесе) Салық кодексінің 104-бабы 2-тармағына сәйкес тақырыптық тексеру аяқталған күні не тақырыптық тексеру актісіне қорытынды жасалған күні тексерілген көрсетілетін қызметті алушының дербес шотындағы ҚҚС асып кеткен сомасынан аспайды.

      Бұл ретте бюджеттен қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кетуі Салық кодексінің 429-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша алдағы төлемдердің есебіне есептеледі.

      15. Тақырыптық тексеру актісіне не тақырыптық тексеру актісіне қорытындыға қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының есептерінің сальдосы бойынша есеп жасалуы қажет салық төлеушілердің тізімі қалыптастырылады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы тақырыптық тексеру актісіне не тақырыптық тексеру актісіне қорытындыға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берішіге салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтінішті (бұдан әрі – есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтініш) ұсынады.

      17. Есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға арналған салықтық өтініштің және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған есептер сальдосы бойынша есептің негізінде тақырыптық салықтық тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам 2 (екі) данада қайтаруға өкім жасайды.

      Бұл ретте есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп өкім жасалған күнге қалыптастырылады.

      18. ҚҚС асып кетуін қайтару есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға ұсынылған салықтық өтініш негізінде Салық кодексінің 102-бабына сәйкес салық берешегі болмаған кезде есепке жатқызуды және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аударуды жүргізу жолымен көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

      Салық берешегі болған кезде көрсетілетін қызметті беруші есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтінішті ұсынбай, бар салық берешегін, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кетуін есепке жатқызуды жүргізеді.

      Салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түрлері бойынша алдағы төлемдердің есебіне банктік шотқа қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін ҚҚС асып кеткен сомасының қалдығы жатады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушы декларацияда бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған талапты көрсеткен ҚҚС асып кеткен сомасы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол келіскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы бюджетке төлеуге тиіс.

      Егер ҚҚС асып кеткен сомасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтару бұрын осы көрсетілетін қызметті алушының пайдасына Салық кодексінің 104-бабы 4-тармағына сәйкес өсімпұл есептеумен және аудару арқылы жүргізілсе, бұрын көрсетілетін қызметті алушыға аударылған өсімпұл және салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған, қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламалар негізінде Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол келіскен жағдайда бюджетке төленуі тиіс.

      Аталған ереже осы Қағидалардың 83-тармағында көрсетілген сомаға да қатысты.

2-параграф. Қосылған құн салығының асып кетуін оңайлатылған тәртіппен қайтару тәртібі мен мерзімдері

      20. Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағына сәйкес ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін, талаптарды көрсете отырып ҚҚС бойынша декларацияны табыс еткен және ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету күніне салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ мынадай:

      1) салық мониторингінде кемінде қатарынан 12 (он екі) ай тұратын;

      2) тізбесін Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тізбесі "Өз өндiрiсiнiң тауарларын өндірушілер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 381-НҚ бұйрығымен бекітілген өз өндiрiсiнiң тауарларын өндірушілер (бұдан әрі – Өз өндiрiсiнiң тауарларын өндірушілер тізбесі);

      3) Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тізбесі "Салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітіледі, салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 (елу) пайызын айырбастауды жүзеге асырған (бұдан әрі – Айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі) көрсетілетін қызметті алушылар қолданады.

      Бұл ретте:

      1) ірі салық төлеушілердің мониторингіне кіретін көрсетілетін қызметті алушылар үшін – есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде;

      2) деңгейлес мониторингте тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін – есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының 90 (тоқсан) пайызынан аспайтын мөлшерде;

      3) Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін Өз өндiрiсiнiң тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушылар үшін – есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде;

      4) Салық Кодексінің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес Айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушылар үшін – есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының 80 (сексен) пайызынан аспайтын мөлшерде ҚҚС асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы параграфтың ережесін, егер әрбір салық кезеңінде жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келсе және егер ҚҚС асып кетуі осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфында белгіленген тәртіппен қаралмаса, бір мезгілде бірнеше салық кезеңі бойынша қолданады.

      Бұл ретте қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасының үлес салмағы талапта көрсетілген әрбір салық кезеңі бойынша жеке есептеледі.

      21. ҚҚС асып кеткен сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару талапта көрсетілген салық кезеңі үшін көрсетілетін қызметті берушіге ҚҚС бойынша декларацияны ұсыну үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күні өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайда, ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі.

      22. Оңайлатылған тәртіп кезінде көрсетілетін қызметті беруші ұзарту кезеңін ескере отырып, Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыда талап қою мерзімі шегінде Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесінің болмауын немесе болуын, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомаларын оның дербес шотында көрсетудің дұрыстығын тексереді.

      Қайта ұйымдастырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген орындалмаған салық міндеттемесінің болмауын немесе болуын тексеру барлық қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға қатысты жүргізіледі.

      Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші қайта ұйымдастырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты тақырыптық тексеру жүргізу фактісін тексереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы және оның құрылымдық бөлімшесі басқа мемлекеттік кірістер органдарында (бұдан әрі – МКО) тіркеу есебінде тұрған жағдайда, талап келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші ұзарту кезеңін ескере отырып, Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйенің көмегімен тиісті МКО-ға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сұрау салуды жібереді.

      23. Өз өндірісінің тауарларын өндіруші және (немесе) шикізатты экспорттаушылар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұзарту кезеңін ескере отырып, Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде талапты ұсынған кезде Өз өндірісінің тауарларын өндірушілер және (немесе) Айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбелерінде көрсетілетін қызметті алушының болуын тексереді және Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкестігін тексереді.

      24. Шикізат экспортын жүзеге асырған көрсетілетін қызметті алушы бойынша көрсетілетін қызметті беруші талап ұсынылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық банк) және (немесе) екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі – ЕДБ) валюталық түсімді айырбастау туралы сұрау салу жібереді.

      25. Осы Қағидалардың 22, 23 және 24-тармақтарында көзделген шарттар орындалған кезде көрсетілетін қызметті беруші Ұлттық Банк және (немесе) ЕДБ ұсынған валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындыны ескере отырып, осы Қағидалардың 3-тарауының 4-параграфына сәйкес оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындайды.

      Бұл ретте, егер оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жататын ҚҚС асып кету сомасы талапта көрсетілгеннен аз болса, ҚҚС асып кеткен қалған сомасына Салық кодексінің 431-бабының ережелері қолданылады.

      26. Осы Қағидалардың 22, 23 және 24-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкессіздік анықталған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға ӘРПК 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тыңдауды жүзеге асырмай, осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығының жоқтығы туралы хабарлама жіберіледі.

      Осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасы толық расталмаған жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы туралы хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы расталмаған ҚҚС асып кеткен сомасына бір мезгілде Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолдану құқығы туралы хабардар етіледі.

      Хабарламаны алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы жазбаша немесе портал және (немесе) Комитеттің АЖ арқылы электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушіге қабылдаған шешімі туралы – Салық кодексінің 431-бабында және осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолданудан бас тарту немесе келісу туралы хабардар етеді.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті жауаптың болмауы Салық кодексінің 431-бабында және осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.

      27. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша оңайлатылған тәртіппен қайтару расталған ҚҚС асып кеткен сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтінішті ұсынады.

      28. Оңайлатылған тәртіппен қайтаруға ҚҚС асып кеткен сомасы айқындалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп қалыптастырады.

      Бұл ретте есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп өкім жасалған күнге қалыптастырылады.

      29. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген салықтық өтініштің негізінде есеп айырысулар сальдосы бойынша есепте көрсетілген мәліметтерді ескере отырып қайтаруға өкім 2 (екі) данада жасалады.

      Қайтару өкіміне есеп айырысулар сальдосы қоса беріледі.

      30. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, ҚҚС асып кетуін қайтару салық берешегі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша оның банктік шотына жүргізіледі.

      Берешек болған кезде көрсетілетін қызметті беруші есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтінішті ұсынбай, бар берешекті, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кетуін есепке жатқызуды жүргізеді.

      Осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін ҚҚС асып кеткен сомасының қалдығы оның банктік шотына қайтаруға жатады.

      31. Көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтарған жағдайда не осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес оңайлатылған тәртіпті қолданудан бас тартқан кезде есепті салық кезеңінің соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасы осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес қайтаруға жатады.

      32. Өз өндірісінің тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыға осы параграфтың ережелері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастар бойынша қолданылады.

      Осы тармақтың ережелері Өз өндірісінің тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қолданылады.

      33. Айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыға осы параграфтың ережелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастар бойынша қолданылады.

      Осы тармақтың ережелері Айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі енгізілген көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қолданылады.

      34. Осы Қағидалардың 4-тарауының ережелері көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның талаптарын оңайлатылған тәртіппен қарау кезінде қолданылмайды.

3-тарау. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі

      35. ТБЖ тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және оның алдын алу мақсатында көрсетілетін қызметті беруші әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.

      Көрсетілетін қызметті алушының салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау арқылы мемлекетке залал келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.

      36. ТБЖ көрсетілетін қызметті алушының салық міндеттемесін орындау бойынша әрекеттерді (әрекетсіздікті) адал жүзеге асыруын ынталандыруға, сондай-ақ салық пайдасын алу (салықтық үнемдеу) және салық төлемдерін азайту мақсатында, оның ішінде ҚҚС асып кетуін артық қайтаруды болдырмау мақсатында көрсетілетін қызметті алушы өзінің заңсыз әрекеттерінен пайда алу тәуекелдерін анықтауға бағытталған.

      37. ТБЖ Салық кодексінің 152-бабына сәйкес тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде және Салық кодексінің 434-бабына сәйкес оңайлатылған тәртіппен ҚҚС асып кетуін қайтару сомасын айқындау кезінде ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында көрсетілетін қызметті беруші қолданады.

      38. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекел дәрежесін "Пирамида" талдамалық есебі қалыптастырылатын тәуекел аймағындағы салық төлеушілер санатына жатқызылған салық төлеушілерді айқындау мақсатындағы тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде және оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау кезінде АЖ пайдалана отырып, қосылған құн салығының асып кетуін растау мақсатында осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бойынша балл беруді автоматтандырылған есептеу негізінде тәуекел дәрежесін айқындайды.

      39. Салық төлеушінің салықтық пайда алу (салықтық үнемдеу) және салықтық төлемдерді азайту мақсатындағы заңсыз әрекеттерінен пайда алу тәуекелін айқындау үшін қолданылатын өлшемшарттар жария етуге жатпайтын, сонымен бірге тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау жүргізілген салық төлеушіге де жария етуге жатпайтын, құпия ақпарат болып табылады.

      40. Тәуекелдерді икемді және жедел басқару мақсатында Комитет тоқсан сайын есепті кезеңнің екінші айының бірі күнінен кешіктірмей Комитеттің ресми сайтында орналастырылуға тиісті тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын есептеу тәртібін айқындайды.

3-параграф. Тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі

      41. Салық төлеушінің Салық кодексінің 432-бабы 2-тармағын қолдануына байланысты Салық кодексінің 145-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растау бойынша талабын және (немесе) салықтық өтінішін (бұдан әрі – салықтық өтініш) ұсынған көрсетілетін қызметті алушы қызметтерінң көрсеткіштері тақырыптық тексеру басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тәуекел дәрежесі өлшемшарттарын пайдалана отырып бағаланады.

      42. Көрсетілетін қызметті алушы қызметінің көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бойынша балдар көрсетілетін қызметті алушыны адалдық дәрежесі төмен және тәуекел дәрежесі жоғары (тәуекел аймағы) салық төлеушілер санатына жатқызу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесінің барлық өлшемшарттары бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады.

      43. Егер тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын пайдалана отырып бағалау нәтижелері бойынша балдардың жиынтық қорытындысы Комитет белгілегеннен жоғары балды құраған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бойынша "Пирамида" есебі қалыптастырылмайды.

      Егер тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын пайдалана отырып бағалау нәтижелері бойынша балдардың жиынтық қорытындысы Комитет белгілегеннен төмен балды құраған жағдайда, онда мұндай салық төлеушілер бойынша "Пирамида" есебі қалыптастырылады.

      44. Көрсетілетін қызметті беруші тексерілетін салық кезеңі үшін:

      1) осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап күнтізбелік 100 (жүз) күн ішінде – осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы бойынша;

      2) осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын көрсетілетін қызметті алушы бойынша;

      3) осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде – орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын көрсетілетін қызметті алушы бойынша "Пирамида" есебін қалыптастырады.

      45. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін салық төлеуші ұсынған ҚҚС бойынша салық есептілігін және (немесе) АЖ мәліметтерін, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асыратын бақылау нәтижелері "Пирамида" есебі болып табылады.

      "Пирамида" есебі:

      салық міндеттемелерін орындамау тәуекелін және

      осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген, оның ішінде жалған (тауарсыз) операцияларды пайдалану тәуекелдерін ескере отырып қалыптастырылады.

      46. Өнім берішінің салық есептілігінің мәліметтерін және АЖ мәліметтерін салыстырып тексеру нәтижесінде анықталған алшақтықтар, сондай-ақ бюджетке ҚҚС есептеу және төлеу жөніндегі салық міндеттемелерінің орындалмауын көрсететін басқа да мәліметтер салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі деп танылады.

      Егер "Пирамида" есебін қалыптастыру кезінде өнім берушінің:

      1) деңгейлес мониторингте тұрған;

      2) өз өндірісінің тауарларын өндіруші, оның ішінде Өз өндірісінің тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші салық төлеуші (ірі қара және ұсақ мал терісін өндірушілерді және түсті және қара металл сынықтарын қайта өңдейтін тұлғаларды қоспағанда).

      Көрсетілетін қызметті алушының барлық тексерілетін кезеңі ішінде өндіруші деп танылған өнім беруші осы Қағидалар шеңберінде өз өндірісінің тауарларын өндіруші болып табылады.

      3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 (бес) жыл үшін есептелген салық жүктемесінің кемінде 20 (жиырма) пайыз орташа коэффициенті бар;

      4) одан әрі олардың сатып алушыларына экспортталған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асыратын;

      5) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асыратын;

      6) "Пирамида" есебін қалыптастыру күніне, есепке жатқызылған ҚҚС сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 10 еселенген мөлшерінен аспайтын салық төлеуші болып табылатыны анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі бойынша өнім берушілер бойынша "Пирамида" есебін одан әрі қалыптастыруды тоқтатады. Егер тікелей өнім берушілер өзара байланысты тараптар және (немесе) оған қатысты тақырыптық тексеру жүргізілетін көрсетілетін қызметті алушыға қатысты бақылауда тұрған тұлғалар болып табылса, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.

      47. Салық пайдасын (салықтық үнемдеуді) алу және салық төлемдерін азайту мақсатында көрсетілетін қызметті алушы өзінің заңсыз әрекеттерінен пайда алу тәуекелі деп:

      1) салық төлеуден жалтару схемаларын қолдану, оның ішінде тауарларды іс жүзінде жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей ҚҚС сомаларын есепке жатқызуға құқық алу мақсатында мәмілелер жасасу және (немесе) тауардың қосылған құнын ұлғайту, тиісінше ҚҚС асып кетуін ұлғайту мақсатында мәмілелер жасасу;

      2) ақша қаражатын көлеңкелі экономикаға әкетуге және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған іс-әрекеттер;

      3) басқа мәмілені жасыру мақсатында жасалған бүркемелеу мәмілелері (мәмілелердің бағасын елеулі түрде төмендету немесе көтеру) танылады.

      Аталған тәуекелдерді белгілеу бөлігінде "Пирамида" есебі осы Қағидалардың 46-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өнім берушілерді қоспағанда, өнім берушінің санатына және (немесе) мәртебесіне қарамастан қалыптастырылады.

      Осы тәуекелдерді анықтаған кезде тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес өнім берушіні қарсы тексеруді тағайындайды.

      48. Осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген мерзімдер шегінде тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО "Пирамида" есебінің нәтижелерін талдайды.

      Бұл ретте хабарламаны жіберу туралы шешім салық заңнамасын бұзушылықтары анықталған салық төлеушілер бойынша ғана қабылданады.

      Осы Қағидалардың мақсатында салық заңнамасын бұзушылықтар деп осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген тәуекел дәрежесін ескере отырып, осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша МКО анықтаған бұзушылықтар танылады.

      Тақырыптық тексеруді тағайындаған МКО бұзушылықтар анықталған өнім берушінің орналасқан жері бойынша МКО-ға осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдау туралы сұрау салу жібереді.

      49. Бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдау туралы сұрау салуды алған МКО осындай сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабардама;

      қалған бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы қоса берілген хабарлама жібереді.

      Егер анықталған бұзушылық осындай салық төлеушіде бұрын жүргізілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша жойылса не дербес жойылса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарлама және (немесе) хабардама салық төлеушінің атына жіберілмейді.

      Бұл ретте МКО бұзушылықтарды жоюға арналған сұрау салуға жауапты осындай сұрау салу келіп түскен көрсетілетін қызметті берушінің атына салық төлеуші хабарламаны орындаған немесе бұрын жүргізілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылған не дербес жойылған жағдайда осындай сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      50. Тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО "Пирамида" есебін талдау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген тәуекел операцияларының белгілері бар өнім берушілер анықталған жағдайда, осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, фактілер мен операциялардың мазмұнын растау мақсатында осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес қарсы тексерулер тағайындайды.

      51. Егер тақырыптық тексеру жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан және осындай өнім берушіге қатысты таратудың салықтық тексеруі жүргізілген жағдайда, онда осындай өнім беруші жазып берген шот-фактурада көрсетілген ҚҚС сомасы МКО АЖ-да бар мәліметтер, оның ішінде тексеру нәтижелерін ескере отырып, тізілімнің жазып берілген электрондық шот-фактуралары және (немесе) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар бойынша есепке алынады.

      52. Есеп нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерде салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растау талапта және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген, салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тиесілі ҚҚС асып кеткен сомасына азайтылған сомалар шегінде мынадай:

      1) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) электронды шот-фактуралар (бұдан әрі – ЭШФ) АЖ-да және МКО басқа да АЖ мәліметтері арасындағы алшақтық;

      2) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде көрсетілген мәліметтер және өзі сатып алған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша сатып алушының шот-фактуралар тізіліміндегі мәліметтер арасындағы алшақтық;

      3) Салық кодексінің 85-бабына сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлға ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап – осындай тұлғамен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

      4) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

      5) қызметі бойынша басшыға (құрылтайшыға) қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 және 245-баптарында көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық істі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу фактісі бар, ақтайтын негіздер бойынша қысқартылғандарды қоспағанда, өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

      6) оған қатысты осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тәуекелдер анықталған өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

      7) есептелген ҚҚС сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалмаған өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу фактілерін ескере отырып, бірақ олармен шектелмей, жүргізіледі.

      53. Расталуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

      1) осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген фактілерді ескере отырып, салық заңнамасын бұзу сомасы шегінде әрбір салық төлеушіден бастап ҚҚС қайтару туралы талапты және (немесе) салықтық өтінішті ұсынған көрсетілетін қызметті алушыға дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер есепке жатқызған ҚҚС сомасының ең азы белгіленеді;

      2) жиынтықтағы мынадай сомалардың ең азы белгіленеді:

      осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомасынан жиынтық түрде қалыптасқан ҚҚС сомасы;

      ҚҚС қайтару туралы талапты немесе салықтық өтінішті ұсынған көрсетілетін қызметті алушының тікелей өнім берушіден есепке жатқызған ҚҚС сомасы;

      3) ҚҚС қайтару туралы талапта немесе салықтық өтініште көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасынан осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тәртіппен айқындалған ҚҚС сомасы шегеріледі.

      Расталуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау үлгілері осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7, және 8-қосымшаларында келтірілген.

      54. Осы Қағидалардың 52-тармағының ережелері:

      оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар (осы құқықты пайдалануға қарамастан);

      Салық кодексі 152-бабы 12-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын, Салық кодексі 152-бабы 12-тармағының 4-тармақшасына сәйкес құны кемінде 150 000 000 АЕК-ті құрайтын;

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын және ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 (бес) жыл ішінде есептелген салық жүктемесінің кемінде 20 (жиырма) пайыз орташа коэффициенті бар;

      Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын;

      Салық кодексінің 388-бабына сәйкес халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізетін тексерілетін көрсетілетін қызметті алушының тікелей өнім берушілері "Пирамида" есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда қолданылмайды.

      Осы тармақтың мақсатында:

      тексерілетін көрсетілетін қызметті алушыға тауарларды тікелей немесе делдалдар (агенттер, комиссионерлер немесе сенім білдірілген адамдар) арқылы жеткізген, жұмыстарды орындаған немесе қызмет көрсеткен өнім берушілер;

      тауарларды тікелей немесе делдалдар (агенттер, комиссионерлер немесе сенім білдірілген адамдар) арқылы жеткізген, өзара байланысты тараптар және (немесе) тексерілетін көрсетілетін қызметті алушыға қатысты бақылауда тұрған тұлғалар арқылы жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсеткен өнім берушілер тікелей өнім берушілер деп танылады.

      "Пирамида" есебінің нәтижелері бойынша анықталған тексерілетін көрсетілетін қызметті алушының тікелей өнім берушілерінің бұзушылықтары деп:

      осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген, тікелей өнім беруші жол берген бұзушылықтар;

      осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген, тікелей өнім берушімен өзара есеп айырысуы болған өнім берушілер жол берген бұзушылықтар танылады.

4-параграф. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жататын қосылған құн салығы асып кеткен сомасын айқындау тәртібі

      55. Салық кодексінің 434-бабына сәйкес талапты табыс еткен салық төлеуші қызметінің көрсеткіштері осы Қағидалардың 56 және 57-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, талапта көрсетілген салық кезеңі үшін көрсетілетін қызметті берушіге ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күн өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бағаланады.

      Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайда, ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі.

      56. Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бойынша балдар барлық өлшемшарттар бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады және мынадай тәртіппен қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы айқындалады:

      1) егер өлшемшарттарды пайдалана отырып бағалау нәтижелері бойынша балдардың жиынтық қорытындысы 3 (үш) балдан кем болған жағдайда, оңайлатылған тәртіппен есепті кезеңде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының 1 (бір) пайызы мөлшерінде қайтаруға жатады.

      2) егер өлшемшарттарды пайдалана отырып, бағалау нәтижелері бойынша балдардың жиынтық қорытындысы 3 (үш) балдан 300 (үш жүз) балға дейін болған жағдайда, оңайлатылған тәртіппен қайтаруға 3 (үш) балл 1 (бір) пайызға тең есебі негізге алына отырып, есепті кезеңде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының пайыздық көрінісіне сәйкес келетін ҚҚС асып кетуі қайтаруға жатады;

      3) егер өлшемшарттарды пайдалана отырып бағалау нәтижелері бойынша балдардың жиынтық қорытындысы 300 (үш жүз) және одан көп балды құраған жағдайда, ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапта көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасы шегінде және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шектерден аспайтын ҚҚС асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады.

      57. Өнім берушілердің салық міндеттемелерін орындамау тәуекелін болдырмау мақсатында көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 52-тармағының ережелерін ескере отырып, талапта көрсетілген кезең үшін өнім берушілер бойынша "Пирамида" есебін қалыптастырады.

      Өнім берушілерде "Пирамида" есебінің нәтижелері бойынша салық міндеттемелерінің орындалмауын бұзушылықтар анықталған жағдайда, қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы есепті кезеңде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасынан салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тиесілі бұзушылықтар сомасы шегеріле отырып айқындалады.

      58. Көрсетілетін қызметті беруші ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талапта көрсетілген салық кезеңі үшін айырбасталған валютаның үлес салмағы бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі банктердің Мемлекеттік кірістер органдарына валюталық түсімді айырбастау туралы қорытынды беру қағидалары мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген тәртіппен және нысанда Ұлттық Банк және ЕДБ ұсынған валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындының мәліметтерін негізге ала отырып, валюталық түсімді айырбастаудың үлес салмағын ескереді.

      Осы тармақтың ережелері айырбастауды жүзеге асырған Кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты ғана қолданылады.

      Мұндай салық төлеушілер бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару салық кезеңі үшін валюталық түсімнің жалпы сомасындағы айырбасталған валютаның үлес салмағы бойынша есептеледі:

      1) егер айырбастаудың үлес салмағы 80 (сексен) және одан көп пайызды құраған жағдайда, онда ҚҚС асып кеткен сомасының 80 (сексен) пайызы мөлшеріндегі ҚҚС асып кеткен сомасы қайтарылуға жатады;

      2) егер айырбастаудың үлес салмағы 80 (сексен) пайыздан кем болған жағдайда, онда ҚҚС асып кеткен сомасынан тиісті үлес салмағы мөлшерінде ҚҚС асып кеткен сомасы қайтаруға жатады;

      3) егер валюталық түсімді айырбастаудың үлес салмағы 50 (елу) пайыздан аз болса, онда ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару жүргізілмейді.

      Аталған тармақта көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтару осы Қағидалардың 20-тармағының басқа шарттарына сәйкес келген жағдайда жүргізіледі. Бұл ретте қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушылардың әрбір санатттары бойынша есептелген неғұрлым ірі сома бойынша айқындалады.

      59. Оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы осы Қағидалардың 57-тармағында айқындалған ҚҚС асып кеткен сомасы шегінде, бірақ талапта көрсетілген ҚҚС сомасынан аспайтын осы Қағидалардың 56 және 58-тармақтарына сәйкес айқындалған ең үлкен сома бойынша айқындалады.

4-тарау. Тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару

1-параграф. Тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі

      60. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы осы Қағидалардың 3-тарауының ережелерін ескере отырып, тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды электрондық түрде ұсынған кезде құжаттарды өңдеу автоматтандырылған түрде жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасы ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды электрондық түрде ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері келіп түскен күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсетеді.

      Қағаз жеткізгіште ұсынылған, хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.

      Қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер оларды алған күні құжаттарды одан әрі өңдеу үшін МКО ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      61. Осы тараудың ережелері көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның Салық кодексінің 434-бабына сәйкес оңайлатылған тәртіпте ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабын қарау кезінде қолданылмайды.

      62. Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау кезінде тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша мынадай:

      1) ҚҚС төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде жүзеге асыру;

      2) тауарларды өткізу, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде жүзеге асырылған салықтық кезеңде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 (жетпіс) пайызын құрау талаптары ескеріледі.

      Осы тармақтың мақсаттарында нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге, әр тоқсанда бір реттен сирек емес, дәйекті 3 (үш) салықтық кезең ішінде жүзеге асырылатын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жатады. Бұл ретте көрсетілген әр салықтық кезеңдегі осындай өткізу тұрақты өткізу деп танылады.

      Егер нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымның үлесі дәйекті 3 (үш) салықтық кезеңнің әрқайсысында жалпы айналымның кемінде 70 (жетпіс) пайызын құраған жағдайда, онда ҚҚС бойынша декларацияда қалыптасқан ҚҚС асып кеткен барлық сома қайтаруға жатады. Бұл ретте салық кезеңінің дәйектілігі талапта көрсетілген кезеңге қарамастан айқындалады.

      Көрсетілген талаптардың бірі орындалмаған жағдайда, ҚҚС асып кеткен сомасы нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым жасалған кезеңге қарамастан, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының бөлігінде қайтаруға жатады.

      Қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау үшін бухгалтерлік және салық есебінің деректері бойынша нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы ҚҚС бойынша есепке жатқызу әдістері және есептік салық саясатында көрсетілген бухгелтерлік есепте запастарды бағалау (өзіндік құнын айқындау) әдістері ескеріле отырып есептеледі.

      63. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынбайтын айналымдар бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған және (немесе) пайдалануға жататын, Салық кодексінің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылған және бюджетке төленген ҚҚС сомасы шегінде ғана ҚҚС асып кетуі қайтаруға жатады.

      Салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылмаған жағдайда бұрын қайтарылған ҚҚС сомасы Салық кодексінің 431-бабы 5-тармағына сәйкес өтелуге жатады.

      64. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағынан тауарлар экспортталған жағдайда, Салық кодексінің 152-бабы 5-тармағына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды экспорт кедендік рәсімімен әкету фактісін растайтын ЕАЭО мүше мемлекеттері кеден органының мәліметтері ескеріледі.

      ЕАЭО басқа мемлекетінің аумағына тауарлар экспортталған жағдайда, аумағына тауарлар импортталған ЕАЭО мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы қағаз жеткізгіште (түпнұсқасы немесе көшірмесі) және (немесе) электрондық нысандағы өтініш ескеріледі.

      Тауарды әкету фактісі расталмаған жағдайда, тауарлар экспортының расталмауына байланысты қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кеткен сомасын есептеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:


, мұнда

      S = тауарлар экспортының расталмауына байланысты қайтаруы расталмаған ҚҚС сомасы;

      D1 = тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің деректері бойынша экспортталған тауар көлемі;

      D2 = МКО АЖ-ның және (немесе) жолданған тауарларға сұрау салуларға жауаптардың және (немесе) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің деректері бойынша экспортталған тауар көлемі;

      Nо = алдыңғы тексерулердің деректерін есепке ала отырып салық кезеңінің басындағы тауар қалдықтары бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы;

      Np = салық кезеңінде сатып алынған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы;

      Tо = алдыңғы тексерулердің деректерін есепке ала отырып салық кезеңінің басындағы тауар көлемі;

      Tp = салық кезеңінде сатып алынған тауар көлемі, мұнда салық кезеңі – салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілген салық кезеңі.

      Осы есептеу тауардың әрбір түрі және әрбір келісімшарт бойынша жүргізіледі. Нәтижелері қосылады және тауар экспортының расталмауына байланысты қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кеткен сомасы айқындалады.

      65. Тауарлар экспортталған жағдайда, қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ЕДБ ашылған көрсетілетін қызметті алушының банктік шоттарына валюталық түсім түскен не сыртқы саудадағы тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы ҚҚС төлеушіге жеткізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты ескеріледі.

      Валюталық түсім толық түспеген жағдайда барлық келісімшарттар бойынша расталмаған ҚҚС жалпы сомасы ескеріледі.

      Әрбір нақты келісімшарт бойынша қайтаруы расталмаған ҚҚС сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:


, мұнда

0 және 1 аралығында белгіленеді.

      Бұл ретте:

      егер мәні тең немесе 1-ден асатын болса, онда есепке 1 мәні алынады,

      егер мәні аз немесе 0-ге тең болса, онда 0 мәні алынады.

      Көрсетілген есептеуде мән:

      S = келісімшарт бойынша қайтаруға расталмаған сома;

      P = осы Қағидалардың 56-тармағына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС сомасы;

      Rжалпы= келісімшарттың қолданылуының бүкіл кезеңінде келісімшарт бойынша өткізудің жалпы сомасы;

      V= қорытынды берілген сәттегі келісімшарт бойынша ЕДБ деректері бойынша валюталық түсімнің жалпы сомасы;

      Rкелісімшарт = тексерілетін кезеңнің келісімшарт бойынша өткізудің жалпы сомасы;

      R = тексерілетін кезеңнің барлық келісімшарттар бойынша өткізудің жалпы сомасы.

      66. Тексерілетін көрсетілетін қызметті алушы мен оның салықтық мониторингке жататын тікелей өнім берушісі арасындағы операциялар бойынша ҚҚС сомаларының анықтығын растауды салық есептілігі және (немесе) МКО бар ЭШФ АЖ деректерінің негізінде тақырыптық тексеруді тағайындаған МКО жүргізеді.

      67. Салық кодексінің 152-бабы 12-тармағына сәйкес тақырыптық тексеру аяқталған күнге:

      1) өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау бойынша қарсы тексерулер жүргiзуге берілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған;

      2) тексерілетін көрсетілетін қызметті алушының өнім берушілері бойынша "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған;

      3) ҚҚС сомаларының анықтығы расталмаған;

      4) қарсы тексеру жүргізудің, оның ішінде:

      өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы;

      өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебінен мүмкін болмауына байланысты ҚҚС сомаларының анықтығы расталмаған сомалар шегінде ҚҚС асып кетуін қайтару жүргізілмейді.

      68. Осы Қағидалардың 67-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері осы Қағидалардың 3-тарауы 3-параграфының ережелері ескеріле отырып қолданылады.

      69. Бұл ретте тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС асып кеткен сомасы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасы бұзушылықтарын жоюына қарай, талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде кейінгі салық кезеңдерінде салық төлеушінің талапқа қосуы арқылы қайтаруға жатады.

      Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген сұрау салуды жіберудің орынды екенін айқындау мақсатында осындай өнім берушілер бойынша бұзушылықтарды жоюға бұрын жолданған сұрау салуларға алынған жауаптарды ескере отырып "Пирамида" есебінің нәтижелерін талдайды.

      70. Тақырыптық тексеру актісінде жеке алғанда әрбір себеп бойынша расталмаған сомасын көрсете отырып ҚҚС асып кеткен сомаларын қайтармаудың негіздері көрсетіледі.

      71. Тақырыптық тексеру аяқталған күнге өнім берушілерде анықталған жойылмаған бұзушылықтар болған кезде МКО салықтық тексеру актісіне осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға аумақтық МКО жолданған сұрау салулардың тізілімін қоса береді.

      72. Тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы талапта көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасынан барлық анықталған бұзушылықтарды алып тастау арқылы бұрын қайтарылған сомаларды ескере отырып есептеледі.

      73. Тақырыптық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірілмей кемінде 2 (екі) данада жасалады және оған МКО лауазымды адамдары қол қояды. Тақырыптық тексеру актісіне қорытындының бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, ол көрсетілген тақырыптық тексеру актісіне қорытындыны алғаны туралы екінші данада белгі қояды.

      Қорытынды бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару Салық кодексінің 104-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде, жеке шоттар жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

2-параграф. Тақырыптық тексеру шеңберінде қарсы тексерулер жүргізу тәртібі

      74. Тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО Салық кодексінің 143-бабына сәйкес тексерілетін салық төлеушімен операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларды осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, операциялар мазмұны мен фактісін растау мақсатында қарсы тексерулерді тағайындайды.

      75. Қарсы тексеру қарсы тексеруді жүргізу туралы шешім қабылданған тұлғаның орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

      Тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО орналасқан жері бойынша басқа аумақтық МКО тіркелген тұлғалар бойынша қарсы тексеру жүргізу туралы сұрау салу жібереді.

      76. Қарсы тексеру жүргізу туралы сұрау салу алған МКО сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осындай тексеруді жүргізеді.

      Қарсы тексеру жүргізілген кезде Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, тексерушілер құрамына тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО қызметкерлері енгізіледі.

      77. Осы Қағидалардың 74-тармағына сәйкес тағайындалған қарсы тексеру барысында мынадай мәселелер қарауға жатады:

      1) тауарларды жеткізу шарттары:

      тауарлардың шығарылған жері – жеткізушілер, тауар бірлігі үшін құн, сатылған тауардың түрі мен көлемі, тауар маркасы немесе тауардың басқа да айрықша белгілері туралы мәліметтер, тауардың шығарылған жері паспортын немесе сертификатын (бар болған кезде) қоса бере отырып өндіруші зауыт туралы мәлімет, тауарлардың импорты туралы мәліметтер;

      тауарға меншік құқығының өту шарттары мен күні (сатушының немесе жеткізушінің қоймасынан тиеп жіберген кезде, тауарды жеткізген кезде);

      тауарларды сақтау шарттары – шарттарды немесе құқық белгілейтін құжаттарды қоса бере отырып тауар сақталған жеке меншік немесе жалға алынған қойма үй-жайларының болуы, сақтау мерзімдері;

      тауарларды жеткізу немесе тасымалдау – жөнелту жерін және жеткізу жерін көрсете отырып көлік кәсіпорны немесе ұсынылған құжаттар (тауар-көлік, теміржол жүкқұжаттары немесе ілеспе жүкқұжаттары, жол жүру парақтары, тасымалдау маршруты) бойынша тауарды жеткізген көлік құралы туралы мәліметтер;

      жұмыскерлердің болуы – саны, басшысы және қарсы тексеру шеңберінде өзара іс-қимыл жүргізетін жауапты жұмыскер туралы мәліметтер, жүкқұжаттарға қол қойған адамдар туралы мәліметтер;

      2) қызмет көрсету, жұмысты орындау шарттары:

      жұмыскерлердің болуы – саны, басшысы және қарсы тексеру шеңберінде өзара іс-қимыл жүргізетін жауапты жұмыскер туралы мәліметтер, орындалған жұмыстар актісіне қол қойған адамдар туралы мәліметтер;

      көсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың түрі, сипаты, көлемі мен құны, қызметтердің немесе жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері, жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып орындалған жұмыстар актілеріне қол қойылған күн;

      жеке өзінің немесе жалға алынған материалдық-техникалық базаның болуы –жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қажетті қолда бар көлік құралдары, арнайы техника, теңгеріміндегі жабдық және өзге де жабдық туралы мәліметтер;

      өзіндік ерекшеліктеріне қарай орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің толықтығы мен анықтығын көрсететін қосымша құжаттардың (жобалау-сметалық құжаттама, маркетингтік есептер, жұмысқа шығу кестесі және басқа да құжаттама) болуы;

      қызмет көрсету, жұмыстар орындау жері (мекенжайы);

      іс жүзінде қызметтерді көрсеткен, жұмыстарды орындаған қосалқы мердігерлік (аутсорсингтік) ұйымдардың болуы;

      3) тауарға, жұмыстарға немесе қызметтерге ақы төлеу шарттары:

      ақы төлеу түрі – қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол есеп айырысу;

      тауарға, жұмыстарға немесе қызметтерге ақы төленбеген (ішінара төленбеген) кезде талаптарды басқаға беру шарттарының болуы;

      бартерлік операциялар туралы мәліметтер;

      міндеттемелерді (талаптарды) күмәнді деп тану немесе оларды есептен шығару туралы мәліметтер;

      4) мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша сот шешімдерінің болуы;

      5) қайта тіркеу, барлық құрылтайшылар мен басшылар туралы мәліметтер;

      6) мыналарға:

      мәмілелер бойынша алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсімді, мүлікті кіріске алуға;

      жазбаша нысанда шарттар жасамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, оның ішінде түзетулерге, өшірулерге жол бере отырып ресімделген, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, ұйымдардың анық емес, бұлыңғыр қойылған қолдары, мөрлері, мөртабандары бар құжаттар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға немесе тауарларды тиеп жіберуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге;

      азаматтық-құқықтық мәміле бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша 1000 АЕК-тен асатын қолма-қол есеп айырысу арқылы ақы төлегені үшін әкімшілік өндірістің болуына;

      Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде басшысына (құрылтайшысына) қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 216, 245 және 246-баптарында көзделген құқық бұзушылық бойынша қылмыстық іс тіркелген, сондай-ақ салық төлеуден жалтару белгілері және фактілері туралы құқық қорғау органдарынан ақпарат алынған жеткізушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚСС сомаларын есепке жатқызуға;

      тіркелуі немесе қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған контрагенттермен өзара есеп айырысу бойынша ҚСС сомаларын есепке жатқызуға;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 246-баптарында бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалған жеткізушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚСС сомаларын есепке жатқызуға;

      Салық кодексінің 3-параграфында белгіленген тәртіппен жанама әдістер негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға қатысты өзге де мәліметтер.

      МКО қарсы тексеру жүргізген кезде уәкілетті органдардан мәмілені жүзеге асыру шарттарын тексеру үшін қажетті қосымша ақпаратты алуға сұрау салулар жібереді.

      78. Осы Қағидалардың 74-тармағына сәйкес тағайындалған қарсы тексеру жүргізілген кезде осы Қағидалардың 77-тармағында көрсетілген мәселелермен қатар, міндетті түрде еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақты (бұдан әрі – АЭА) құру мақсаттарына сай келетін, қызметті жүзеге асыру кезінде тауарларды тұтынбау тәуекелдерін анықтау мәселесі бухгалтерлік құжаттар мен МКО бар мәліметтер негізінде қаралады.

      79. Қарсы тексеру мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол есеп айырысу сомасы Салық кодексінің 402-бабында белгіленген мөлшерден асса;

      2) Салық кодексінің 400-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚҚС есепке жатқызған ҚҚС төлеушілер бойынша;

      3) есепті салық кезеңінде есептен шығарылған және Салық кодексінің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тарату есептілігінде салық салынатын айналымды көрсетпеген ҚҚС төлеушілер бойынша тағайындалады.

      80. Қарсы тексеру жүргізу кезінде тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын МКО белгілейтін басқа да мәселелер қаралады.

3-параграф. Оңайлатылған тәртіп қолданылатын көрсетілетін қызметті алушыға бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері

      81. Осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуі қайтарылған жағдайда есептік салық кезеңінің соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан ҚҚС асып кеткен қалған сомасы қайтарылуға ұсынылған, оның ішінде оңайлатылған тәртіппен қайтарылған, ҚҚС асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға жатады.

      82. Салық кодексінің 434-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға бюджеттен қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру, жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізу кезінде, сондай-ақ қайтарылуға ұсынылған ҚҚС асып кеткен сомаларының анықтығын растау мәселесін МКО кешенді тексеруге енгізген кезде Салық кодексінің 152-бабының және осы Қағидалардың 4-тарауы 1-параграфының ережелері қолданылады.

      83. Осындай тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы мынадай есептеу бойынша айқындалады:

      S = F-V-N

      мұнда,

      S = қайтарлуға жататын, бірақ талапта көрсетілген ҚҚС сомасынан аспайтын ҚҚС сомасы;

      F = есептік салық кезеңінің соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан асып кеткен сома;

      V = оңайлатылған тәртіппен қайтарылған ҚҚС сомасы;

      N = тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС сомасы.

      Бұл ретте егер S мәні теріс болса, онда осы сома бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған болып табылады және осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес бюджетке төленуге жатады.

4-параграф. Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың, сондай-ақ шектері Евразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері

      84. Салық кодексінің 389 және 391-баптарының қолданылуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауы 3-параграфының ережелері қолданылады.

      85. АЭА аумағында өткізілетін тауарларды жеткізуші болып табылатын көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтару АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.

      86. Көрсетілетін қызметті беруші талап негізінде тағайындалған тақырыптық тексеруді жүргізу барысында тақырыптық тексеру басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      АЭА қатысушысының АЭА құру мақсатына жауап беретін қызметті жүзеге асыру мақсатында АЭА аумағына әкелінген тауарларын тұтыну фактісін растау үшін, сондай-ақ АЭА аумағында тауарлардың іс жүзінде тұтынылуын растау үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінде (бұдан әрі – ЕКА кедендік рәсімі) тауарлар шығаруды жүзеге асыратын МКО-ға әкелінген тауарлар бөлігінде;

      осындай операцияларды туралы қосымша ақпарат алу, фактілерді және операциялардың мазмұнын растау үшін осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес қарсы тексеру шеңберінде АЭА-қа қатысушының орналасқан жері бойынша МКО-ға сұрау салулар жібереді.

      87. ЕКА кедендік рәсімінде тауарлар шығаруды жүзеге асырған, сұрау салу алған МКО осындай сұрау салу алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жауап қайтарады.

      Бұл ретте жауапта АЖ-да бар мәліметтердің деректері және АЭА-қа қатысушы ұсынған деректер негізінде АЭА аумағына әкелінген тауарлардың құны бойынша мәліметтер, АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметте іс жүзінде тұтыну көрсетіледі.

      88. Қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде ЕКА кедендік рәсімінде тауарлар шығаруды жүзеге асырған МКО мәліметтері және қарсы салықтық тексерулер нәтижелері ескеріледі.

      89. Салықтық бақылау шеңберінде АЭА аумағына әкелінген тауарларды іс жүзінде тұтыну шарттарын көрсетілетін қызметті алушының орындамау фактісі анықталған жағдайда ЕКА кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт болып танылады және ЕАЭО кеден заңнамасында және (немесе) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталған тауарларға ҚҚС төлеу үшін белгіленген күннен бастап өсімпұл есептеле отырып, АЭА аумағына тауарларды әкелген күннен бастап ҚҚС салуға жатады.

      90. Салық салынатын айналымды азайту жағына қарай немесе ҚҚС мөлшерлемесін ЭШФ-да және (немесе) салықтық есептілікте түзеген жағдайда бұрын қайтарылған сома осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес бюджетке қайтаруға жатады.

5-параграф. Халықаралық тасымалдарға байланысты көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері

      91. Салық кодексінің 387 және 448-баптарының қолданылуына байланысты салық төлеушінің талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауы 5-параграфының ережелері қолданылады.

      92. Халықаралық тасымалдар бойынша ҚҚС асып кетeуін қайтару Салық кодексінің 429-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 62-тармағында көзделген шарттар орындалған жағдайда талап ұсынылған салық кезеңі үшін есепке жатқызылған ҚҚС асып кеткен сомасы қайтаруға жатады.

      Шарттар орындалмаған жағдайда ҚҚС асып кеткен сомасы нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған халықаралық тасымалдар бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының бөлігінде қайтаруға жатады.

      Бұл ретте қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы талап ұсынылған салық кезеңі үшін есепке жатқызылған ҚҚС сомасына тасымалдаудың жалпы көлемінде халықаралық тасымалдардың іс жүзіндегі көлемінің үлес салмағын қолдану арқылы есептеледі.

      Іс жүзіндегі көлем:

      жолаушыларды тасымалдау үшін – жолаушылардың саны;

      жүкті тасымалдау үшін – тауардың салмағы;

      құбыржолдар үшін – магистральдық құбыржолдар бойынша өткізілген тауардың көлемі;

      қалған санаттар үшін – тиісті салада пайдаланылатын іс жүзіндегі көлем болып табылады.

      Көрсетілген халықаралық тасымалдардың бірнеше санаты бір мезгілде жүзеге асырылған жағдайда іс жүзіндегі көлемнің үлес салмағы жеке алғанда әрбір санат бойынша мынадай есеп бойынша есептеледі:

      Nm = Pom/ Pov* Psv/Oo*Nz, мұнда

      Nm = халықаралық тасымалдың әрбір жеке санаты бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы;

      Pom = осы санат бойынша халықаралық тасымалдың іс жүзіндегі көлемі;

      Pov = осы санат бойынша барлық тасымалдардың іс жүзіндегі көлемі;

      Psv = осы санат бойынша барлық тасымалдардың салық салынатын айналымы;

      Oo = тасымалдардың барлық түрлері мен санаттары бойынша салық салынатын айналымы;

      Nz = есепке жатқызылған ҚҚС сомасы.

      Осы есеп бойынша айқындалған халықаралық тасымалдың әрбір жеке санаты бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомалары қосылады.

      Осы тармақ бойынша барлық есептеулер талап ұсынылған салық кезеңі бойынша жүргізіледі.

      93. Мыналар:

      1) жүктерді тасымалдау кезінде:

      халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;

      халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тией отырып, халықаралық теміржол-су қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;

      әуе көлігімен – жүкке арналған жүкқұжат (әуе жүкқұжаты);

      теңіз көлігімен – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты;

      көліктің екі немесе одан көп түрімен транзитпен (аралас тасымал) – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);

      магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы:

      есеп айырысу кезеңi iшiндегі экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі не есеп айырысу кезеңi iшiндегі кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация;

      орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-тапсыру актiлерi;

      2) жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау кезінде:

      автомобиль көлігімен:

      тұрақты тасымалдар кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;

      тұрақты емес тасымалдар кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметтерін көрсету туралы шарт;

      теміржол көлігімен:

      Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;

      Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;

      теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдары үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость пен жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;

      әуе көлігімен:

      бас декларация;

      жолаушы манифесі;

      карго-манифест;

      лоджит (орталық-тиеу кестесі);

      жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті және багаж квитанциясы);

      халықаралық қатынаста жолаушылар поездарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет кезінде:

      жолаушылар поезының заттай парағы халықаралық тасымалдарды растайтын құжаттар болып табылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда жасалады

      .94. МКО АЖ-сында ЕАЭО мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды іс жүзіндегі әкету туралы хабарламасы бар, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 387-бабы 4-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының сегізінші абзацында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

6-параграф. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері

      95. Салық кодексінің 388-бабының қолданылуына байланысты салық төлеушінің талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауы 1-параграфының ережелері қолданылады.

      96. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға ҚҚС асып кетуін қайтару халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде пайдаланылған жанар-жағармай материалдары бөлігінде жүргізіледі.

      97. Халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде пайдаланылған жанар-жағармай материалдарын өткізу фактісін растау үшін көрсетілетін қызметті беруші тақырыптық тексеру жүргізу барысында тақырыптық тексеру басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға қызметшісінің тақырыптық тексеру жүргізуге қатысуы үшін сұрау салу жібереді.

      98. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау кезінде шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлігінде) мөлшерін растау үшін тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің "Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16461 болып тіркелді) бекітілген Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидаларына сәйкес және нысанда ұсынылған қорытындысы ескеріледі.

      99. Бұл ретте осы Қағидалардың 98-тармағында көзделген қорытындыны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда ұсынады.

      100. Осы Қағидалардың 98-тармағында көзделген қорытындыны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі тақырыптық тексеру аяқталған мерзімге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

7-параграф. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылардың Ұлттық Банкке бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері

      101. Салық кодексінің 392-бабының қолданылуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауы 1-параграфының ережелері қолданылады.

      102. Бағалы металдар өндіретін көрсетілетін қызметті алушыға және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғаларға Ұлттық Банкке бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізу бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару мынадай растайтын құжаттар:

      1) салық төлеуші мен Ұлттық Банк арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

      2) Ұлттық Банкке өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      3) аффинирленген алтынның мөлшерін көрсетіле отырып, Ұлттық Банктің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болған кезде жүргізіледі.

      103. Салық төлеуші дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізат өз өндiрiсiнің шикiзаты болып табылады.

8-параграф. Талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге өз өндiрiсiнің тауарларын өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері

      104. Салық кодексінің 393-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу бойынша айналым жасалған кезде ҚҚС нөлдік мөлшерлемесінің қолданылуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауы 1-параграфының ережелері қолданылады. Бұл ретте аталған бөлімнің мақсаттарында осы Қағидалардың 65-тармағының ережелері қолданылмайды.

      105. Осы бөлімнің мақсаттарында нөлдік мөлшерлемемен салық салынатын айналым осы келісімшарттар шеңберінде импорт кезінде ҚҚС-тан босатылатын тауарлар түрлері бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге өз өндiрiсiнің тауарларын өткізу бойынша айналым болып табылады.

      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) ҚҚС-тан босатылатын импортталатын тауарлардың тізбесі айқындалған жағдайда, осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша ғана айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) барлық импортталатын тауарларды ҚҚС-тан босату көзделген болса, нөлдік мөлшерлеме бойынша өз өндiрiсiнің барлық тауарларын өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер "Талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16752 болып тіркелді) бекітілген Талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар ҚҚС-тан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тізбесіне енгізіледі.

      106. Осы бөлімнің мақсатында шығарылған жері сертификаты бар салық төлеуші өндірген өнім (тауар) өз өндірісінің тауарлары деп танылады.

      Тақырыптық тексеру жүргізу кезінде МКО-да бар бухгалтерлік есеп деректері, бухгалтерлік құжаттар және басқа да мәліметтер бойынша өткізілген тауарды өндіру фактісі, сондай-ақ шығарылған жері сертификатының болуы міндетті түрде белгіленеді.

      107. Осы Қағидалардың 105-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша:

      1) жеткізілетін тауарлар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасын, өнімді бөлу туралы келісімді (келісімшартты) орындауға арналғанын көрсете отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды жеткізуге арналған шарт;

      2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

      3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері айналымды растайтын құжаттар болып табылады.

      108. Осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, осы Қағидалардың 106-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу жөніндегі фактілер мен операциялардың мазмұнын растау мақсатында осы Қағидалардың 4-тарауының 8-параграфына сәйкес осы Қағидалардың 105-тармағында көрсетілген салық төлеушілермен қарсы тексерулер тағайындалады.

9-параграф. Салық кодексінің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тексеру жүргізу ерекшеліктері

      109. Салық кодексінің 393-бабының қолданылуына байланысты көрсетілетін ызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.

      110. Салық кодексінің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынады.

      Осы бөлімнің ережесі Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тізбесіне енгізілген салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына тұрақсыз конденсатты өткізу бойынша айналымына қатысты "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 126 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16836 болып тіркелген) нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

      111. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

      2) құбыржолдар жүйесі бойынша өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу актісі;

      3) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі осы Қағидалардың 110-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсатты өткізуді растайтын құжаттар болып табылады.

      Құбыржолдар жүйесі бойынша өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу "Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16847 болып тіркелген) Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      112. Осы бөлімнің мақсаттары үшін осы Қағидалардың 65-тармағының ережелері қолданылмайды.

10-параграф. Газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағынан осы салық төлеуші бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері

      113. Салық кодексінің 393-бабының қолданылуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.

      114. Газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағынан осы салық төлеуші бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынады.

      Осы параграфтың ережесі газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, Салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан осы салық төлеуші бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымына қатысты "Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16641 болып тіркелген) нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынады.

      115. Мыналар:

      1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);

      2) олардың негізінде қайта өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);

      3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;

      4) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

      Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжат көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады.

      5) аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің сатып алушысына – салық төлеушіге қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілуін растайтын құжаттар;

      6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы ЕДБ-дағы банктік шоттарына өткізілген қайта өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;

      7) Салық кодексінің 449-бабы 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы осы Қағидалардың 114-тармағында көрсетілген тауарларды өткізуді растайтын құжаттар болып табылады.

      116. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау кезінде МКО-ның сұрау салуы бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық қызметі қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексеру нәтижелері ескеріледі.

11-параграф. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты көрсетілетін қызметті алушы сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері

      117. Салық кодексінің 432-бабының қолданылуына байланысты көрсетілеген қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.

      118. Осы параграф шеңберіндегі талап Салық кодексінің 48-бабының ережелерін ескере отырып, ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру жүргізілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетіледі.

      119. Тақырыптық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірілмей, кемінде 2 (екі) данада жасалады және көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдары қол қояды. Тақырыптық тексеру актісіне қорытындының бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, ол көрсетілген тақырыптық тексеру актісіне қорытындыны алғаны туралы екінші данаға белгі қояды.

      120. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты салық төлеуші сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша құрылыс кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару Салық кодексінің 432-бабы 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      121. Осы бөлімнің ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

      1) көрсетілетін қызметті алушы АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын немесе жаңадан құрылған, инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылған;

      2) құрылыс Салық кодексінің 282-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жүзеге асырылған;

      3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар деп танылған;

      4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданған кезде қолданылады.

      122. Салық кодексінің 432-бабына сәйкес тақырыптық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу басталған салық кезеңінен басталатын уақыт кезеңі енгізіледі.

      123. Осы параграфтың ережелері қайтарылуы Салық кодексінің 429-бабына сәйкес жүзеге асырылатын ҚҚС асып кету сомасына, сондай-ақ оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.

12-параграф. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде көрсетілетін қызметті тұтынушы сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері

      124. Салық кодексінің 432-бабының қолданылуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауының және 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады

      125. Егер ҚҚС асып кетуі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде салық төлеуші сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан жағдайда, мұндай ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару Салық кодексінің 432-бабы 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. Бұл ретте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңі деп кеңінен таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасалған күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталатын күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.

      126. Осы параграф шеңберіндегі талап Салық кодексінің 48-бабының ережелері ескеріле отырып, кеңінен таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталатын күн тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетіледі.

      127. Салық кодексінің 432-бабының қолданылуына байланысты салық кезеңінің соңында қалыптасқан ҚҚС асып түсуі тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кеткен жинақталған сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап 20 (жиырма) салық кезеңі ішінде тең үлестермен қайтаруға жатады.

      128. Тақырыптық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірілмей, кемінде 2 (екі) данада жасалады және көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамдары қол қояды. Тақырыптық тексеру актісіне қорытындының бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, ол көрсетілген тақырыптық тексеру актісіне қорытындыны алғаны туралы екінші данаға белгі қояды.

      129. Қорытынды бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) Дербес шоттарды жүргізу қағидаларында көзделген ережелерге сәйкес тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.

      130. Салықтық өтініш бойынша тақырыптық тексеру жүргізілген жағдайда, осы Қағидалардың 55-тармағын қоспағанда, осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларында көзделген ұқсас ережелер қолданылады.

      Бұл ретте салықтық өтініш бойынша тағайындалған тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша расталған ҚҚС асып кеткен жалпы сомасы Салық кодексінің 104-бабы 2-тармағына сәйкес салықтық өтініште көрсетілген ҚҚС сомасынан және тексерілетін көрсетілетін қызметті алушының жеке шотындағы тақырыптық тексеру аяқталған күнгі ҚҚС асып кеткен сомасынан аспауға тиіс.

      Осы тармақта көрсетілген тақырыптық тексеру Салық кодексінің 146-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      131. Осы параграфтың ережелері қайтарылуы Салық кодексінің 429-бабына сәйкес жүзеге асырылатын ҚҚС асып кеткен сомасына, сондай-ақ оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.

      132. Егер тақырыптық тексеру басталғанға дейін көрсетілетін қызметті алушының дербес шотында салықтық өтініште көрсетілген ҚҚС асып кету сомасының болмауы анықталған және (немесе) көрсетілген салықтық өтініш берілген күнге Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген салықтық есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдері бұзылған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны Салық кодексінің 145-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салықтық өтінішті қараудан бас тарту туралы хабардар етеді.

5-тарау. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдану тәртібі

      133. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Салық кодексінің 4-бөліміне сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым береді.

      134. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау Салық кодексінің 178-186-баптарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      135. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Салық кодексінің 177-бабының 2-тармағына сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасалады.

      136. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызмет берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Салық кодексінің 187-бабына сәйкес жоғары тұрған МКО-ға немесе сотқа шағым жасалады.

      137. Көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Салық кодексінің 188-бабына айқындалған тәртіппен шағым жасалады.

      138. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағымдар ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару және
қосылған құн салығының
асып кеткен сомасының
анықтығын растау мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану қағидаларына
1-қосымша

"Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының (бұдан әрі – АЭА) аумағындағы аумақтық органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – АЖ) арқылы жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кетуін қайтару бойынша:
1) ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қойылған салық кезеңі үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 (жетпіс) пайызды құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыратын, көрсетілетін қызметті алушыларға – 55 (елу бес) жұмыс күні ішінде;
2) қалған жағдайларда – күнтізбелік 155 (жүз елу бес) күн ішінде жүргізіледі.
Бұл ретте ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару мерзімі ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 424-бабының 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін басталады.
3) Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін, ҚҚС төлеушілер-көрсетілетін қызметті алушыларға оңайлатылған тәртіппен – ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талабында көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияны көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күн өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қайтару.
Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚҚС бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі;
4) ҚҚС асып кетуі Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде пайдалы қазбалар экспорты басталғаннан бастап сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан көрсетілетін қызметті алушыға – қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кетуінің жинақталған сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап тең үлестермен 20 (жиырма) салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, тақырыптық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырма бесінші күнінен кешіктірілмей жасалады.


Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Салық кодексінде көзделген ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару кезінде:
1) мыналар:
ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын бейрезиденттен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;
салық төлеушінің салық және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша;
салық төлеушіде ҚҚС бойынша салық берешегі болмаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері, салықтардың және төлемдердің өзге де түрлері;
2) салық берешегі болмаған жағдайда, салықтардың және төлемдердің өзге түрлері бойынша (талап ету бойынша) алдағы төлемдердің есебіне ҚҚС асып кеткен сомасын есепке жатқызу;
3) салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің банк шотына ҚҚС асып кеткен қалған сомасын қайтару бойынша салықтық берешекті өтеу есебіне ҚҚС асып кеткен сомасын есепке жатқызу.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) порталда және (немесе) АЖ – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

ҚҚС асып кетуін қайтару үшін - мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге белгіленген нысанда, салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларациясында көрсетілген, ҚҚС асып кетін қайтару туралы талап беріледі.
Мынадай жағдайда қосымша:
1) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін тауарлардың экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізген (осы айналымдар болған кезде) жағдайда:
а) экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
ә) осы тармақтың төртінші бөлігінің в) және е) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып, тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше басқа мемлекеттің мемлекеттік кірістер органының немесе кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
б) экспорт кедендік рәсіміне орналастырумен тауарларды әкету кезінде кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның көшірмесі:
магистральдық құбыржолдары жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша;
мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып;
уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып;
в) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
Тауарларды экспорт кедендік рәсіміне орналастыра отырып әкеткен жағдайда магистральдық құбыржолдары жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
г) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісі экспортталған жағдайда – оның құнын растауы;
ғ) экспорт кедендік рәсімінде тауарларды шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының белгілері бар, сондай-ақ "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АЭА бақылау-өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
2) бұрын ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыра отырып, ЕАЭО кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге әкетілген тауарлардың немесе оларды қайта өңдеу өнімдерінің одан әрі экспорты жүзеге асырылған жағдайда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін тауарлардың экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу (осы айналымдар болған кезде) жағдайында:
а) оған сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізілетін тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
ә) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыра отырып ресімделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
б) осындай ресімдеуді жүзеге асырған шет мемлекеттің кеден органы куәландырған, кедендік аумақта қайта өңдеудің (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің) кедендік рәсімімен орналастыра отырып, тауарларды шет мемлекеттің аумағына әкелу кезінде ресімделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
в) оған сәйкес шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне немесе экспорттың кедендік рәсіміне өзгерту жүргізілетін тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 386-бабы 2-тармағының 2), 3) және 6) тармақшаларында және 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
3) нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатын айналымдарды растау үшін Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
а) өзгерістерді, толықтыруларды және оларға қосымшаларды ескере отырып жасалған шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – олардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе зат түрінде қарыз берілген жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);
ә) аумағына тауарлар импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы, жанама салықтардың төленгені және (немесе) босатылғаны және (немесе) төлеудің өзге де тәсілі туралы өтініш (түпнұсқада немесе көшірмеде қағаз жеткізгіште) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда);
б) тауарлардың ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше екінші мемлекеттің аумағына өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
Тауарларды магистральдық құбыржолдары жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорттаған жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
в) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісі экспортталған жағдайда – оның құнын растауы;
4) Салық кодексінің 393-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына қайта өңдеу үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін өткізген жағдайда салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
а) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
ә) олардың негізінде қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
б) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
в) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдары жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады.
г) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу (аумағына қайта өңдеу өнімдері импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар қағаз жеткізгіште, жанама салықтардың төлеу (босату немесе салық міндеттемелерін орындаудың өзге де тәртібі) туралы өтініш;
ғ) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
Егер қайта өңдеу өнімдері аумағында алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісіне – осындай қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілуін растайтын құжаттардың негізінде өткізілген болса;
Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдары жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
д) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар қоса береді.
Қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін одан әрі экспорттаған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
а) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
ә) олардың негізінде қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
б) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
в) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдары жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
г) қайта өңдеу өнімдерінің ЕАЭО-дан тысқары жерлерге әкетілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдары жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
ғ) осы тармақтың ж) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, экспорт кедендік рәсімінде тауарларды шығаруды жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгілері бар, сондай-ақ ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларация;
д) кедендік декларациялауды жүргізген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларация мынадай:
тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдары жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша әкету;
мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету;
уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету жағдайларында;
е) мемлекеттік кірістер органдарының АЖ-да тауарларды іс жүзінде әкету туралы мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасы бар, сондай-ақ тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылатын, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияның негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы тармақтың е) және ж) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
ж) Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде көрсетілетін қызметті алушының банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
5) нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатын айналымдарды растау үшін ЕАЭО-да халықаралық тасымалдарға салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
а) экспорт жағдайында – экспорттаушы тауарларды импорттаушыдан алған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төлегені туралы өтініштің көшірмесі;
ә) импорт жағдайында – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі;
б) орындалған жұмыстардың актілері, сатушыдан не көрсетілген жүктерді сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан жүктерді қабылдау-тапсыру актілері;
в) шот-фактуралар;
6) ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан осы немесе ЕАЭО-ға мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы магистральдық құбыржолдары жүйесі арқылы жүктерді тасымалдау бойынша салықтық тексеру жүргізу кезінде, қосымша:
а) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, сатушыдан не көрсетілген жүктерді сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан жүктерді қабылдау-тапсыру актілерін;
ә) шот-фактуралар;
7) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға салықтық тексеру жүргізу, кейіннен қайта өңдеу өнімдерін сол ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына әкету Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау болып табылады:
а) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
ә) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
б) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
в) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерін әкетуді (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындауды) растайтын құжаттар;
г) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан ҚҚС төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (түпнұсқада немесе көшірмеде қағаз жеткізгіште) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда).
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда, осы тармақшада көрсетілген өтініш не өтініштер тізбесі ұсынылмайды;
ғ) Салық кодексінің 152-бабы 7-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
д) тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, кейіннен ЕАЭО-ға мүше екінші мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдерін өткізе отырып, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мыналарды ұсынады:
а) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге, дайын өнімді жеткізуге арналған шарттар (келісімшарттар);
ә) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
б) алыс-беріс шикізаты мен дайын өнімді қабылдау-тапсыру актілері;
в) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
г) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
ғ) алыс-беріс шикізатының меншік иесінен алынған алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан ҚҚС төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
д) тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы;
е) Салық кодексінің 152-бабы 7-тармағында көзделген, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, кейіннен қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағына өткізе отырып, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мыналарды ұсынады:
а) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
ә) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
б) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
в) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерін әкетуді (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындауды) растайтын құжаттар;
г) кедендік декларациялауды жүзеге асырған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органы куәландырған, экспорт кедендік рәсімінде ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағына тауарларды әкету кезінде ресімделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
ғ) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды іс жүзінде әкету туралы хабарламасы бар, сондай-ақ тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация. Бұл ретте осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде Салық кодексінің 449-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген құжатты ұсыну талап етілмейді;
д) Салық кодексінің 152-бабының 7-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
е) тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы;
Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеу өнімдерін өткізе отырып, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар Салық кодексінің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша ҚҚС салуға жатады.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16589 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша және мерзімдерде қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ оның орындалуы табыс етіледі.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу уәкілетті орган белгілеген тауарларды қайта өңдеу шарттарына сәйкес келуге тиіс.
Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
а) ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің атауын, сыныптамасын, олардың мөлшері мен құнын;
ә) қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күні мен нөмірі, қайта өңдеу мерзімі;
б) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары;
в) өңдеу сипаты;
г) қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер;
8) бағалы металдарды өндіру субъектілері болып табылатын салық төлеушілердің және оны қайта өңдеу нәтижесінде тазартылған алтынның меншік иесі болған тұлғалардың нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған тазартылған алтынды өткізу бойынша айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу (осы айналымдар болған кезде) жағдайында:
а) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
ә) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
б) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынның санын көрсете отырып, тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін халықаралық тасымалдар бойынша қызметтерді өткізу бойынша айналым бойынша салықтық тексеру жүргізу (осы айналымдар болған кезде) жағдайында:
жүктерді тасымалдау кезінде:
халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;
халықаралық темір жол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық темір жол-паром қатынасында және жүкті темір жол көлігінен су көлігіне ауыстырып тиейтін халықаралық темір жол-су қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;
әуе көлігімен-жүк жүкқұжаты (авианакладная);
теңіз көлігі-коносамент немесе теңіз жүкқұжаты;
көліктің екі немесе одан да көп түрлерімен транзитпен тасымалдау (аралас тасымалдау) – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);
магистральдық құбыржолдары жүйесі бойынша:
есеп айырысу кезеңі үшін экспорт пен ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі не есеп айырысу кезеңі үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация;
орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;
жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау кезінде:
автомобиль көлігімен:
тұрақты тасымалдар кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жүру жолы бойынша автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;
тұрақты емес тасымалдар кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметтерін көрсету туралы шарт;
темір жол көлігімен:
Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;
Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;
теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалы үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
әуе көлігімен:
бас декларация;
жолаушылар манифесті;
жүк-манифест;
лоджит (орталық жүктеу кестесі);
жиынтық-тиеу тізімдемесі (жол жүру билеті және багаж түбіртегі);
халықаралық қатынаста жолаушылар поездарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет кезінде:
жолаушылар поезының натуралық парағы;
осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде Салық кодексінің 387-бабы 4-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының сегізінші абзацында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
10) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналым бойынша салықтық тексеру жүргізу (осы айналымдар болған кезде) жағдайында:
а) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде – әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;
тұрақты емес рейстерді жүзеге асырған кезде – шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі);
ә) шетелдік әуе кемесіне жанармай құюға шығыс ордері немесе әуе кемесіне жанар-жағармай құюды растайтын кеден органының белгісі бар талап;
б) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат;
в) қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының шетелдік авиакомпанияның әуе кемесімен рейсті жүзеге асыру фактісін растайтын қорытындысы және азаматтық авиация саласындағы "Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16461 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша және тәртіппен өткізілген жанар-жағармай материалдарының саны (авиакомпаниялар бөлінісінде);
11) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін айналым бойынша АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде салықтық тексеру жүргізу (осы айналымдар болған кезде) жағдайында:
а) АЭА аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
ә) еркін кедендік аймақтың (бұдан әрі – ЕКА) кедендік рәсімі бойынша тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесін қоса бере отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
б) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарлардың тиеп-жөнелтілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
в) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 389-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді;
12) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізілетін тауарларды өткізу кезінде салықтық тексеру жүргізу (осы айналымдар болған кезде) жағдайында:
а) шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін АЭА аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен және (немесе) тұлғалармен (бұдан әрі – субъектілер) тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
ә) ЕКА кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесін қоса бере отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
б) субъектілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
в) субъектілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
Салық кодексінің 391-бабына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың өткізілуін немесе нақты тұтынылуын растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі, олар АЭА қатысушысы ұсынған деректер негізінде қалыптастырылады;
13) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін (осы айналымдар болған кезде) Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар ҚҚС-тан босатылатын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге өзі өндіретін тауарларды өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
а) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге жеткізілетін тауарлар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасын, өнімді бөлу туралы келісімді (келісімшартты) орындауға арналғанын көрсете отырып, олардың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар ҚҚС-тан босатылатын тауарларды жеткізуге арналған шарт;
ә) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
б) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Салық кодексінің 393-бабы 2-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсатты өткізуді растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
а) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
ә) құбырлар жүйесі бойынша өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу актісі;
б) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбырлар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі.
Салық кодексінің 393-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарларды өткізуді растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
а) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
ә) олардың негізінде қайта өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
б) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
в) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
г) аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің сатып алушысына – салық төлеушіге қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілуін растайтын құжаттар;
ғ) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ашылған, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына өткізілген қайта өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
д) Салық кодексінің 449-бабының 8-тармағында көзделген тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
Осы тармақта көрсетілген, мемлекеттік кірістер органы жүргізетін салықтық тексеру барысында көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларация ұсынылған салық кезеңі, сондай-ақ ҚҚС бойынша салықтық тексерулер жүргізілмеген, бірақ талап қою мерзімінен аспайтын алдыңғы салық кезеңдері үшін қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының анықтығын растау бойынша ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгісі бар, құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген талон алады.
Пошта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші пошта хабарламасына белгі қояды;
Портал және (немесе) АЖ арқылы:
салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетін қайтару туралы талап – ҚҚС асып кетуін қайтару үшін электрондық құжат нысанында.
Көрсетілетін қызметті алушы портал және (немесе) АЖ арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Мемлекеттік АЖ-да қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік АЖ-дан алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды электрондық түрде ұсынған кезде құжаттарды өңдеу автоматтандырылған түрде жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасы ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды электрондық түрде ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері келіп түскен күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсетеді.
Қағаз жеткізгіште ұсынылған, хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Егер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін шағын бизнес субъектілері, шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және ауылдық тұтыну кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушы жүгінген;
2) Салық кодексінің 411-бабының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін көрсетілетін қызметті алушыға:
шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер – ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу бойынша айналымдар бойынша;
заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімін, балық шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу бойынша айналымдар бойынша;
мыналар:
ауыл шаруашылығы өнімін, өз өндірісінің акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін, сондай-ақ осындай кооператив мүшелері өндірген өнімді өткізу;
ауыл шаруашылығы өнімін, осындай өнімді отандық өндірушіден сатып алынған және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген өз өндірісінің акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;
Салық кодексінің 411-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес осы тармақшада көрсетілген айналымдарды жүзеге асыру мақсатында "Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 90 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №119654 болып тіркелген) бекітілген тізбе бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша айналымдар бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері;
3) салықтық тексеру аяқталған күнге:
өнім берушімен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салуларға жауаптар алынбаса;
тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілері бойынша "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталса;
ҚҚС сомаларының анықтығы расталмаса;
қарсы тексеру жүргізудің мүмкін болмауына байланысты, оның ішінде:
орналасқан жері бойынша өнім берушінің болмауы;
өнім берушінің есепке алу құжаттамасын жоғалту себебі бойынша ҚҚС сомаларының анықтығы расталмаса көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Бұл ретте осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші бөлігінің ережелері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды мынадай:
ҚҚС асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;
құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және Салық кодексінің 152-бабы 12-тармағына сәйкес тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық Индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 жыл ішінде есептелген салық жүктемесінің кемінде 20 пайыз орташа коэффициенті бар тексерілетін салық төлеушілердің тікелей жеткізушілері жойған жағдайда қолданылмайды.
Салықтық тексеру актісінде ҚҚС қайтармау негізі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынған көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін хабардар етеді.
Құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынған көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Қағаз жеткізгіштегі құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау нәтижелері бойынша хаттама жасалады және көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Бұл ретте құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынған көрсетілетін қызметті алушы өтінішхат берген жағдайда, тыңдау рәсімі жүргізілмейді.
Қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер оларды алған күні АЖ-ға одан әрі өңдеу үшін құжаттарды енгізеді.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

 
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал және (немесе) АЖ арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

  Қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару және
қосылған құн салығының
асып кеткен сомасының
анықтығын растау мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқықтың болмауы туралы хабарлама
Күні
№_______________
Мемлекеттік кірістер департаменті (Басқармасы) ________________________ бойынша (мемлекеттік кірістер органының атауы) ________________________________________ (ҚҚС төлеушінің атауы) ЖСН/БСН____________________________:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабы 2-тармағында көзделген мыналарға (керегінің астын сызыңыз):



Салық кодексінің 434-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне
Салық кодексінің 429-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне
соңғы салықтық тексер немесе соңғы ҚҚС асып кетуін қайтару кезінен салықтық есептілікті ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттеменің болуына

Header 1

Header 2




 

Құрылымдық бөлімшенің БСН/ЖСН

Анықталған бұзушылықтың сипаттамасы




дербес шотта салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомаларын дұрыс көрсетпеу

Құрылымдық бөлімшенің БСН/ЖСН

Анықталған бұзушылықтың сипаттамасы




Сонымен бірге ҚҚС асып кетуін қайтару және ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес ҚҚС асып кетуі салық төлеушінің таңдауы бойынша Салық кодексінің 431-бабында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылатыны туралы хабарлайды.
Сіз қабылданған шешім – Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС қайтару тәртібін қолданудан бас тартуыңыз не келісуіңіз туралы мемлекеттік кірістер органын бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіссіз. Жауаптың болмауы Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС-ты қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органы басшысының қолы _______________
Мөр орны
Мемлекеттік кірістер органы __________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)
Хабарламаны беру күні ___________ __________
 


 

      Ескертпе: аббревиатуралар ашып жазу

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы

  Қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару және
қосылған құн салығының асып
кеткен сомасының анықтығын
растау мақсатында тәуекелдерді
басқару жүйесін қолдану
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Оңайлатылған тәртіппен қайтару расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы туралы хабарлама
Күні
№_______________ Мемлекеттік кірістер департаменті (Басқармасы) ________________________________ бойынша (мемлекеттік кірістер органының атауы) _________________________________________________________________________
(ҚҚС төлеушінің атауы) ЖСН/БСН __________________________________________________________:
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, оңайлатылған тәртіппен қайтару расталған ҚҚС асып кеткен сомасы туралы хабардар етеді:

Жолдар бойынша

Талап ету сомасы

Талап ету кезеңі

Оңайлатылған тәртіппен қайтару расталған ҚҚС сомасы

300.00.032 II




300.00.032 III




300.00.032 IV





Осыған байланысты, Сіз уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге өтініш ұсынуыңыз қажет.
Сонымен бірге ҚҚС асып кетуін қайтару және ҚҚС асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес ҚҚС асып кетуі салық төлеушінің таңдауы бойынша Салық кодексінің 431-бабында көзделген тәртіппен және мерзімде _____теңге сомасында қайтарылатыны туралы хабарлаймыз.
Сіз қабылданған шешім – Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолданудан бас тартуыңыз не келісуіңіз туралы мемлекеттік кірістер органын бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіссіз. Жауаптың болмауы Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС-ты қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органы басшысының қолы _______________ Мөр орны Мемлекеттік кірістер органы __________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы) Хабарламаны беру күні ___________ __________

      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы

  Қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару және
қосылған құн салығының
асып кеткен сомасының
анықтығын растау мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану қағидаларына
4-қосымша

Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау үлгісі


  Қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару және
қосылған құн салығының
асып кеткен сомасының
анықтығын растау мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану қағидаларына
5-қосымша

Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау үлгісі



  Қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару және
қосылған құн салығының
асып кеткен сомасының
анықтығын растау мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану қағидаларына
6-қосымша

Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау үлгісі



  Қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару және
қосылған құн салығының
асып кеткен сомасының
анықтығын растау мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану қағидаларына
7-қосымша

Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау үлгісі



      Ескертпе: Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасынан салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған әрбір салық төлеушіден бастап қосылған құн салығын қайтару туралы талапты немесе салықтық өтінішті табыс еткен салық төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер есепке жатқызған қосылған құн салығының ең аз сомасы алып тасталады – 150,0 мың теңге.

      Аббревиатураларды ашып жазу: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

  Қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару және
қосылған құн салығының
асып кеткен сомасының
анықтығын растау мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану қағидаларына
8-қосымша

Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау үлгісі



      Ескертпе: Растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасынан салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған әрбір салық төлеушіден бастап қосылған құн салығын қайтару туралы талапты немесе салықтық өтінішті табыс еткен салық төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер есепке жатқызған қосылған құн салығының ең аз сомасы алып тасталады – 150,0 мың теңге.

      Аббревиатураларды ашып жазу: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

  Қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару және
қосылған құн салығының
асып кеткен сомасының
анықтығын растау мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жіберілген анықталған бұзушылықтарды жоюға сұрау салулардың тізілімі

Өнім берушінің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН / БСН)

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (ол болған кезде)

Қосылған құн салығының сомасы (теңге)

Сұрау салудың нөмірі

Сұрау салу күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескертпе: аббревиатуралар ашып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 317 Бұйрыққа
2-қосымша

Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары

Өлшемшартдың атауы

Ең жоғары балл

Ең төменгі балл

Оң өлшемшарттар


1

Салықтық мониторингке қатысу

+10

0

2

Қызмет түрінің тұрақтылығы

+10

0

3

Қосылған құн салығының қайтару тарихы

+30

0

4

Еңбекақы төлеу қоры

+25

0

5

Қызметкерлер саны

+25

0

6

1 қызметкер қамтамасыз еткен табыс

+20

0

7

Тіркелген активтер

+10

0

8

Мүлік салығы

+30

0

9

Меншікті өнімнің экспорты

+20

0

10

Өндірушіден сатып алынған тауарлардың экспорты

+10

0

11

Басым секторда қызметті жүзеге асыру

+20

0

12

Инвестициялық жобаларға қатысу

+20

0

Тәуекелдерді бағалау бойынша өлшемшарттар


1

Салық жүктемесінің коэффициенті

+30

-10

2

Салықтарды уақтылы төлеу

+30

-30

3

Трансферттік баға белгілеу бойынша бұзушылықтар

+10

-30

4*

Нөлдік мөлшерлемені қолдану кезеңіндегі залал

+10

-50

5*

Тауарлардың кері импорты

+10

-30

6*

Жалған мәмілелер бойынша өзара есеп айырысу

+20

-50

7

Сенімсіз кәсіпорындармен өзара есеп айырысу

+5

-10

8

Электрондық шот-фактура жазып беру шектелген кәсіпорындармен өзара есеп айырысу

+10

-20

9

Өзара байланысты тараптармен өзара есеп айырысу

+10

-10

10

Жеткізушілерде бересінің болуы

+10

-30

11

Талап ету кезеңіндегі камералдық бақылау бойынша алшақтықтар

+5

-50

12

Камералдық бақылау бойынша расталған бұзушылықтар

+10

-30

Арнайы шарттар


Валюталық түсімді айырбастау
Басым бағыттар бойынша қосымша оң өлшемшарттар

-

-

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 317 Бұйрыққа
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16426 болып тіркелген).

      2. "Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1028 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17805 болып тіркелген).

      3. "Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 256 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20125 болып тіркелген).