Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемл

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 28 ақпандағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 наурызда № 16641 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25-желтоқсандағы кодексі (Салық кодексі) 393-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау қорына енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрінің
      міндетін атқарушы М. Досмұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      28 ақпан 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      28 ақпан 2018 жыл

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 72 бұйрығымен бекітілді

Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесі

№ р/т

Салық төлеуші

1.

"КазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі