Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15718 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 11 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 14 шілдедегі
№ 472 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудитін жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Энергия аудиті 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Заңға сәйкес жасалған шарт негізінде жүгінген тұлғаның (тапсырыс берушінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Шартты жасағанға дейін тұлға (тапсырыс беруші) энергия аудитін жүргізуге техникалық тапсырма береді. Жүгінген тұлға (тапсырыс беруші) энергия аудиті бойынша жұмыстарды тиісті актімен қабылдайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.Энергия аудиті тексерілетін объектінің (объектілердің) маусымдық сипаттамалары ескеріліп жүргізіледі. Бұл ретте осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген өлшеу (сынау) кезеңі үйлер, құрылыстар және ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты қыс және жаз кезеңдерінде жүргізіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Дайындық кезеңінде энергия-аудиторлық ұйым энергия аудитін өткізу бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) жұмысты орындау мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып жасайды. Бағдарламаға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 455 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13902 болып тіркелген) бекітілген, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тиісті аспаптық өлшеулердің регламенті, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесі, олардың тексерілуін растайтын құжаттар қоса беріледі. Энергия-аудиторлық ұйым осы кезеңді орындау шеңберінде жүгінген тұлға (тапсырыс беруші) ұсынатын, қажетті мәліметтер мен құжаттардың (бастапқы деректердің) (олар бар болған жағдайда) тізбесін, оның ішінде:

      1) бұрынғы энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және оның орындалу нәтижелерін (энергия аудитін қайта өткізген жағдайда);

      2) энергия аудитінің алдындағы кезекті бес жыл ішінде энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру көлемдерін;

      3) негізгі үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың құрамы және олардың сипаттамаларын (объектінің мақсаты және оның құрамдас бөлігі (қосымша құрылыс), инженерлік жүйелер, энергия тиімділігі сыныбы, салыну күні, үйдің қабаттылығы, қабырғалар және шатырлар материалы, әйнектеу ауданы және әйнектеу түрі, текше метрлігі, жалпы аумағы);

      4) энергиямен жабдықтау көздері және энергия тасығыштардың параметрлері туралы мәліметтерді;

      5) өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне немесе жылынатын көлеміне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығысын;

      6) энергетикалық және технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді;

      7) энергия тұтынатын электр құрылғының энергия тиімділігі сыныбын;

      8) есепке алу және бақылау аспаптары туралы мәліметтерді;

      9) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, желдету, салқындату, сумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау жүйелері туралы мәліметтерді;

      10) жүгінген тұлға (тапсырыс беруші) қызметкерлерінің сандық құрамының ұлғаюын немесе азаюын;

      11) энергия аудиті бойынша алдыңғы қорытындының көшірмесін;

      12) энергия менеджменті жүйесінің жұмысын ұйымдастыру туралы мәліметтерді қалыптастырады.

      Мәліметтер мен құжаттарды ұсыну мерзімдері Бағдарламада көрсетілуі тиіс. Мәліметтер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11728 болып тіркелген) бекітілген, Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратпен бірдей болуы тиіс. Дайындық кезеңінің нәтижесі болып жүгінген тұлғамен (тапсырыс берушімен) келісілген және энергия-аудиторлық ұйым бекіткен Бағдарлама, сондай-ақ тиісті қабылдау-беру актісінде ресімделген мәліметтер мен құжаттардың тізбесі табылады.";

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Энергия аудитінің өлшеу кезеңі "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарды пайдалануды қамтиды. Өлшеу кезеңінде энергия-аудиторлық ұйым мынадай іс-шараларды жүргізеді:";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Талдамалық кезеңде энергия-аудиторлық ұйым мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) өлшеу кезеңінде алынған ақпаратты және өлшеу (сынау) нәтижелерін талдау;

      2) дайындық кезеңінде алынған бастапқы деректерді талдау;

      3) үйлердің, жабдықтардың жекелеген түрлерінің және технологиялық процестердің энергия тиімділігінің нақты көрсеткіштерін есептеу;

      4) нақты көрсеткіштерді нормативтік (нормаланатын) мәндермен (олар бар болған жағдайда) салыстыру;

      5) нақты энергия тиімділігі көрсеткіштері мен нормативтік (нормаланатын) мәндерінің (олар бар болған жағдайда) сәйкес келмеу себептерін анықтау және талдау;

      6) әрбір жекелеген көрсеткіш бойынша, үйлер, энергетикалық ресурстардың түрлері бойынша энергия үнемдеу әлеуетінің мәнін есептеу;

      7) жүгінген тұлғаның (тапсырыс беруші) қызметіне қолданылатын ең үздік әлемдік тәжірибелерді талдау.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды (бұдан әрі – энергия аудитінің қорытындысы) жасалады.

      Энергия аудитінің қорытындысы осы Қағидаларға сәйкес ресімделеді, энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде беріледі, оның басшысы бекітеді, энергия аудиторлық ұйымның қолымен және мөрімен, сондай-ақ аттестатталған энергия аудиторларының қолымен расталады.

      Энергия аудитінің қорытындысына жүгінген тұлғаның (тапсырыс беруші) тарабынан қарсылықтар бар болған жағдайда, энергия аудиторлық ұйым жазбаша түрде толық түсініктеме береді.";

      13-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша, өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлестік шығындарын есебімен анықтау бойынша, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелері бойынша, үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша талдау жүргізілетін негізгі бөлігі;

      3) ұсынымдар мен тұжырымдарды қамтитын қорытынды бөлік. Ұсынымдарда өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың азайғаны және (немесе) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың ауданына шаққандағы жылытуға жұмсалатын энергетикалық ресурстардың азайғаны, жүгінген тұлғаның (тапсырыс беруші) қызметіне қолданылатын халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, және оларды орындау мерзімдері, сондай-ақ ұсынылған іс-шаралардың техника-экономикалық есебі мен негіздемесі көрсетіле отырып объектінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралары, тұжырымдарда – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүгінген тұлғаның (тапсырыс берушінің) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің жалпы бағалануы, объектінің энергия үнемдеуінің заттай және пайыздық көріністегі ықтимал әлеуеті келтіріледі. Бұл ретте ұсынылған іс-шаралар ұсынымдалған (әлеуетті ықтимал) және экономикалық орынды (жобаның бесінші жылында келтірілген құны оң болып табылады, ал ішкі пайдалылық нормасы екі және одан да көп пайызға қолданылатын дисконттау мөлшерлемесінен жоғары) болып бөлінуі тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 13-2-тармақпен толықтырылсын:

      "13-2. Экономикалық мақсатты іс-шараларды әзірлеу кезінде жинақтап қорыту, үлгілік бағалау немесе үнемдеудің шартты пайыздарын қолдануға жол берілмейді. Энергия үнемдеу бойынша іс-шаралардың техникалық негіздемесі сарапшылардың субъективті бағалауларын ең төменгі қолданумен іс жүзіндегі деректерге негіздей отырып өлшем бірліктердің заттай мөлшерімен жасалуы тиіс.

      Инвестициялық есептер үшін барлық бастапқы деректер техникалық есеппен расталуы, анықтамалық құжаттамалар (дереккөзге сілтеме бере отырып) бойынша қабылдануы және тікелей өлшеу жүргізу жолымен алынуы тиіс.

      Энергия үнемдеу және ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар қызметкерлер жұмыстарының қауіпсіздігі мен жайлылығының деңгейін, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін төмендетпеуі тиіс, ол әрбір нақты іс-шараның іске асырылуымен байланысты ықтимал қауіптердің бағалауын жүргізумен расталуы тиіс.

      Негізгі немесе көмекші жабдықты ауыстырумен байланысты энергия үнемдеу бойынша іс-шаралардың техникалық-экономикалық есебі кем дегенде екі әлеуетті берушілер ресми берілген коммерциялық ұсыныстардың және жабдықтың кепілдік техникалық деректерінің негізінде орындалуы тиіс.

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралардың техникалық-экономикалық есебі халықаралық тәжірибеге (келтірілген таза құн, кірістің ішкі нормасы, ақтау мерзімі) сәйкес нақты экономикалық көрсеткіштерін көрсетуі тиіс.";

      1, 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1129 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12542 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. ЭЭҰДИ қажет болған кезде, энергия аудиторлық ұйымнан энергия аудитінің қорытындысына талдау жүргізу үшін жетпейтін және (немесе) қосымша ақпаратты сұрайды.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Энергия-аудиторлық ұйым мен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі энергия аудиті талдауының нәтижелері туралы қорытындымен келіспеген жағдайда, оны алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде келіспеу себебіне негіздеме бере отырып, жауап жібереді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ЭЭҰДИ энергия аудиті қорытындыларының талдау нәтижелері бойынша жыл сайын талдау нәтижелері туралы қорытындыны дайындайды және оны энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға жібереді.".

      3. "Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1139 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12543 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша
Энергия аудитін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпарат

      1. Жалпы мәліметтер

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Базалық жыл*

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

Өнімді (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды) өндіру көлемі

мың теңге



2

Заттай мәнде өнім өндіру
1) Негізгі өнім
2) Қосымша өнім




3

Энергия ресурстарын тұтыну

мың т. ш.т.



мың теңге1)



4

Өнім өндірудің энергия сыйымдылығы2)

мың т. ш.т./мың теңге





5

Өндірілген өнім құнындағы энергия ресурстары үшін төленетін төлем үлесі3)




6

Орташа тізімдегі сан

адам



1) өнеркәсіптік-өндірістік персонал

адам



      -----------------------

      1) Отын-энергетикалық ресурс (ОЭР) құны берілген есеп шоттар бойынша айқындалады.

      2) Мынадай формула бойынша айқындалады 3-т. мәні (алымы)

      1-т. Мәні

      3) Мынадай формула бойынша айқындалады 3-т. мәні (бөлігіне)

      1-т мәні

      *Ағымдағы жыл –Энергия аудиті жөніндегі шартты жасаған жыл;

      *Базалық жыл – ағымдағы жылдың алдындағы күнтізбелік жыл.

      2. Энергия тасымалдағыштардың жалпы тұтынылуы

Р/с

Энергия тасымалдағыштың атауы

Өлшем бірлігі

Бір жылда тұтынылған көлемі

Коммерциялық есепке алу

Ескертпе

Аспаптың типі (маркасы)

Саны

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазандық пеш отыны
1) Газ тәрізді отын
2) Қатты отын
3) Сұйық отын
4) Отынның балама (жергілікті) түрлері

т ш.т.





2

Электр энергиясы

МВт сағ





3

Жылу энергиясы

Гкал





1) Қысымы

МПа





2) Тура және кері су температурасы

0С





3) Будың асқын қызу температурасы

0С





4) Бу құрғақтық дәрежесі

%





4

Сығылған ауа

м3мың





1) Қысым

МПа





5

Мотор отыны:

л, т





1) бензин






2) керосин






3) дизель отыны






      3. Трансформаторлық кіші станциялар туралы мәліметтер (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Өндіріс, цех, кіші станцияның нөмірі

Пайдалануға енгізілген жыл

Трансформатор типі

Трансформаторлар саны

Кіші станцияның жиынтық қуаты кВА

Жоғары/төмен кВ кернеуі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8









      4. Пайдалану бағыттары бойынша электр энергиясын тұтынушылардың белгіленген қуаты

Р/с

Электр энергиясын пайдалану бағыты

Электр қозғалтқыштардың саны мен жиынтық қуаты, кВт (цехтарда, учаскелерде, өндірістерде және т.б.)

Ескертпе

№... цех

№... цех

№... цех

№... цех

Саны

Қуаты

Саны

Қуаты

Саны

Қуаты

Саны

Қуаты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Технологиялық жабдықтар, оның ішінде нақты кәсіпорында қолданылатын электр тұтынатын жабдықтардың тобы көрсетіледі (мысалы, тетіктердің электрлік жетектері, электр термиялық жабдықтар, кептіргіштер және басқалар










2

Сорғылар










3

Желдету жабдығы










4

Көтеру-көлік жабдығы










5

Компрессорлар










6

Пісіру жабдығы










7

Тоңазытқыш жабдық










8

Жарық беру










9

Өзгелері, оның ішінде тұрмыстық техника










Барлығы










      5. Компрессорлық жабдық туралы мәліметтер (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Цех, учаске, өндіріс, компрессор типі

Пайдала нуға енгі зілген жыл

Саны

Өнімділі м3/мин

Қысы мы МПа

Электр жетек тің қуаты кВт

Журнал бойынша бір жыл ішіндегі компрессор жұмысының уақыты сағ, жыл

Электр энергиясының есептік орташа жылдық шығыны МВт сағ.

Электр энергиясының үлесті шығыны нақты/норм.* кВт сағ/1000 м3

Салқындату жүйесі (айна лымды, су құбыры және т.б.)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      __________

      * Нормативтік (паспорттық) деректер болмаған жағдайда мынадай формуламен есептеледі:

      7*1000-бағананың мәні                  (Е.1)

      5х60-бағананың мәні

      6. Тоңазытқыш жабдықтың сипаттамасы (бар болған кезде толтырылады)

      Жылуды бұратын құрылғының типі _____________________

Р/с

Агрегат көзінің типі

Пайдалануға енгізілген жыл

Суық бойынша қуаты Гкал/сағ

Тоңазытқыш камерадағы температура 0С

Белгіленген қуат кВт

Электр энергиясының меншікті шығыны, нақты/норм. кВт сағ/Гкал

Жұмыс режимі, жазда/қыста сағ/тәул.

Конденсатордан жылу беру жүйесі

Ескертпе

Жылу тасымалдағыштыңшығыны жазда/қыста т/сағ

Салқындату жазда/ қыста ... бастап ... дейін 0С

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      7. Жылу электр станциясының (ЖЭС) негізгі жабдығының құрамы мен жұмысы туралы мәліметтер (бар болған кезде толтырылады)

      Отын: негізгі _____________

      резервтік___________

Р/с

ЖЭС пайдалануға берілген жылы

ЖЭС электр қуаты, белгіленген/қолданыстағы МВт

ЖЭС жылу қуаты, белгіленген/қолданыстағы Гкал/сағ

Турбоагрегаттың типі

Турбоагрегаттардың саны

Турбоагрегаттың ПӘК %

Турбоагрегатты жылдық пайдалану, жобалық/нақты сағ

Белгіленген қуатты пайдаланудың тиімділік коэффициенті, Р нақты Р белг.

Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның үлестік шығыны г ш.т./(кВт сағ)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      8. 20__ жылы электр энергиясын тұтыну теңгерімі/Базалық жылы электр энергиясын тұтыну теңгерімі

      МВт сағ (5-баған- пайыздармен).

Р/с

Кіріс/шығыс баптары

Жиынтық тұтыну

Оның ішінде нормативтік шығыстарды есепке алып есептік-нормативтік тұтыну

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

I

Кіріс





1

Басқа тарап көзі (есептегіштер бойынша),





2

Меншік энергия көздері





II

Шығыс*





1

Топты қоса алғанда, технологиялық жабдықтар, (және т.б., мысалы, электр машиналар, электр жабдықтары, кептіргіштер), атап айтқанда, кәсіпорынның пайдаланылатын тоқ қуат жабдықтарын тізімдейді





2

Сорғылар





3

Желдету жабдығы





4

Көтеру-көлік жабдығы





5

Компрессорлар





6

Пісіру жабдығы





7

Тоңазытқыш жабдық





8

Жарық беру





9

Өзгелер, оның ішінде тұрмыстық техника





Барлығы: өндірістік шығын





10

Қосалқы абоненттер





11

Пайдаланудағы шарасыз шығындар:






1) желілерде, жиынтық






2) трансформаторларда





12

Тиімді емес шығындар





Барлығы: жиынтық шығын





      * Электр энергиясын зауыт ішінде есепке алу болған кезде "Шығын" бабында 2-бағанда толтырылады.

      9. Қазандықтың құрамы мен жұмысы туралы мәліметтер (бар болған кезде толтырылады)

      Отын: негізгі - табиғи газ

      резервтік - ______________

Р/с

Қазандық агрегатының типі

Пайдалануға берілген жылы

Саны

Өнімділік, жобалық/нақты т/сағ, Гкал/сағ

Қысым, номиналды/нақтылы, МПа

Отын түрі

Соңғы сынақтардың деректері бойынша "таза салмағының" ПӘК %

Паспорт бойынша ПӘК %

Жылу өндіруге отынның үлес шығысы нақты/қалыпты кг ш.т./Гкал

Коммерциялық есепке алу бойынша отынның жылдық шығыны мың т. ш.т.

Құралмен есепке алу бойынша жылудың жылдық өндірілуі Гкал

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

6-1

7

8

9

10

11

12














      10. Жылу энергиясын (бу, ыстық су) пайдаланатын технологиялық жабдықтың сипаттамасы

Р/с

Агрегатты пайдаланудың мақсаты, бағыты

Агрегаттың атауы, энергия тасымалдаушының енгізілген жылы, типі, маркасы, түрі

Агрегаттың өндірімділігі (паспорттық) өнім бойынша.../сағ

Саны

Енгізудегі/шығарудағы жұмыс параметрлері

Өнімнің бірлігіне есептегендегі жылу энергиясының меншікті шығыны Гкал/...

Паспорт бойынша ПӘК %

Конденсатты бұрғыштар: типі, саны

Жылуықшаулағыш құрылғылардыңболуы конденсаттың температурасы 0С

Ескертпе (конденсаттың ластану сипаты)

Жұмыс қысымы МПа

Жұмыс температурасы 0С

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      11. 20__ жылы жылу энергиясын есептік-нормативтік тұтыну

      Гкал/жыл

Р/с

Объектінің атауы (цех, учаске және басқалар), жылу тасымалдағыш (бу, ыстық су)

Технологиялық жабдық

Орташа жылдық температураның, 0С, және жылыту кезеңінің ұзақтығының, тәул. нақты мәндері кезінде

Ескертпе

Жылыту

Ағынды желдету

Ыстық сумен қамтамасыз ету

1

2

3

4

5

6

7

1

Өндірістік үй-жайлар






1)
2)
Барлығы: өндірістік үй-жайлар бойынша






2

Жалпы өндірістік қызметтер және үй-жайлар
1)
2)
Барлығы: жалпы өндірістік қызметтер бойынша






Барлығы






      12. 20... жылы жылу энергиясын тұтыну теңгерімі

      Гкал (8, 10-бағандары - пайызбен берілген)

Р/с

Кіріс/шығыс баптары

Сипаттамалар, параметрлер

Жиынтық тұтыну

Нормативтік шығындарды есепке ала отырып, есептік-нормативтік тұтыну

Шығындар: пайдалануда шарасыз/нақты

Конденсатты қайтару

Ескертпе

Жылу тасымалдаушы

Р қысым МПа

Температура 0С*


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

I

Кіріс:










1

Меншік дерекөз










2

Басқа тараптың көзі










Жиыны, кіріс










II

Шығыс










1

Технологиялық шығындар










1) оның ішінде будың, олардан байланыс (өткір) тәсілмен










2) ыстық су










2

Жылыту және желдету, оның ішінде ауа калориферлері










3

Ыстық сумен жабдықтау










4

Басқа тараптың тұтынушылары










5

Жиынтық желілік шығындар (нормаланған)










Жиыны: өндірістік шығын










6

Қосалқы абоненттер










7

Жылыту, желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі тиімді емес технологиялық шығындар










Жиыны: жиынтық шығын










      __________

      * Жылу тасымалдағыш болғанда "ыстық су" тік және кері судың температурасын көрсетеді.

      13. Отын пайдаланатын агрегаттардың сипаттамасы (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Пайдаланудың тағайындалуы, бағыты

Агрегаттың атауы, типі, маркасы, тән өлшемі, пайдалануға берілген жылы

Саны

Өнім бойынша агрегаттың өнімділігі (паспорттық) .../сағ

Өнімнің бірлігіне есептегендегі отынның меншікті шығыны кг ш.т./...

Жылуоқшаулағыш жабдыктың атауы және қысқаша сипаттамасы, кететін газдардың температурасы 0С

Ескертпе

20... ж. ішінде нақты

Шығын нормативі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      14. 20... жылы қазандық пеш отынын тұтыну теңгерімі (бар болған кезде толтырылады)

      (мың ш.т.-пен тұтыну)

Р/с

Кіріс/шығыс баптары

Энергияны жиынтық пайдалану

Оның ішінде

Пайдалы қолдану коэффициенті

Ескертпе

Нормативтік шығындар ескерілетін, есептік-нормативтік тұтыну

Энергия шығындары: пайдалануда шарасыз/нақты

1

2

3

4

5

6

7

I

Кіріс






Жиыны: кіріс






II

Шығыс






1

Технологиялық пайдалану, оның ішінде:






1) жылытпай пайдалану (шикізат түрінде)






2) жылыту






3) кептіру






4) күйдіру (балқыту, күйдіру)






2

Жылу энергиясын өндіруге:






1) қазандықта






2) жекеменшік ЖЭС-да (электр энергиясын қоса алғанда)






3

Өзгелері:






….






.....






Барлығы: жиынтық шығын






      15. Көлік құралдарының мотор отындарын пайдалану сипаттамасы (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Көлік құралының атауы, (маркасы), типі, шығарылған жылы

Көлік құралдарының саны

Жүк көтергіштігі, т, жолаушылар сыйымдылығы, адам

Пайдаланылған отынның түрі

Паспорттағы деректер бойынша отынның меншікті шығыны л/км; л/(т км)

Ағымдағы жылдың жылдық көрсеткіштері

Жұмсалған отынның мөлшері,л

Отынның шығынын өлшеу тәсілі

Отынның меншікті шығыны л/(т км)

Алынған отынның мөлшері, л

Отынның кемулері

Ескертпе

Өту жолы, км

Жүк тасымалдау көлемі т км

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















      16. Мотор отындарын тұтыну теңгерімі (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Кіріс/шығыс баптары

Жиынтық тұтыну л

Есептік нормативтік тұтыну л

Кемулер, л

Нақты меншікті шығын л/(т км)

Ескертпе

шарасыз

нақты

1

2

3

4

5

6

7

8

I

Кіріс







1

Бензин







2

Дизель отыны







3

Басқа (отын түрі)







Жиыны: кіріс







II

Шығыс







1

Жүктерді тасымалдау







1.1

Бензин







1.2

Дизель отыны







1.3

Басқа (отын түрі)







2

Адамдарды тасымалдау







2.1

Бензин







2.2

Дизель отыны







2.3

Басқа (отын түрі)







3

Энергияны өндіруге







3.1

Бензин







3.2

Дизель отыны







3.3

Басқа (отын түрі)







4

Басқалар (арнаулы техника)







4.1

Бензин







4.2

Дизель отыны







4.3

Басқа (отын түрі)







5

Өзгелері







5.1

Бензин







5.2

Дизель отыны







5.3

Басқа (отын түрі)







Барлығы: шығыс








Барлығы: Бензин








Барлығы: Дизель отыны








Барлығы: Басқа (отын түрі)







      17. Қайталама энергия ресурстарын, балама(жергілікті) отындарды және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану туралы мәліметтер (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Сипаттама атауы

Өлшем бірлігі

Сипаттаманың мәні

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

Қайталама (жылу) ЕЭР




1) ЕЭР сипаттамасы




Фазалық жай-күйі




Шығыс

м3/сағ



Қысым

МПа



Температура

0С



Ластағыштардың сипаттамалары, олардың концентрациясы

%



2) ЕЭР жылдық шығуы

Гкал



3) Жылдық нақты пайдалану

Гкал



2

Балама(жергілікті) және жаңартылатын ОЭР түрлері




1) Атауы (түрі)




2) Негізгі сипаттамалары




Жылу өндіру жарамдылығы

ккал/кг



Энергия қондырғысының жылдық өндіруі

сағ



3) Энергиялық қондырғының қуаты

Гкал/сағ, кВт



4) Энергиялық қондырғының ПІК

%



5) Энергияның жылдық нақты шығуы

Гкал, МВт сағ



      18. Шығарылатын өнімге ОЭР үлестік шығыны

Р/с

Энергия тасымалдаушылардың түрлері және өнімнің (жұмыстың) атауы

Өлшем бірлігі

Базалық жыл: жалпы зауыттағы/цехтағы нақты үлестік шығысы

Зерттеу ... жылы өндіру көлемі кезінде энергияны үнемдеу бағдарламасын есепке ала отырып, өнімнің түрлері бойынша энергия тасымалдаушылардың есептік үлестік шығындары (нормативтері)

Ескертпе

Ағымдағы жыл

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазандық пеш отыны:









1) өнімге

кг ш.т./өлш. бірл.







2) жылу энергиясын өндіруге

кг ш.т./Гкал







3) электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруге

г ш.т./(кВт сағ), кг ш.т./Гкал







2

Жылу энергиясы:

Гкал/өлш. бірл.







1) өнімге









3

Электр энергиясы:

кВт сағ/өлш. бірл.








1) өнімге









2) сығылған ауа өндірісіне

кВт сағ/(кН м3)







3) суық өндірісіне

кВт сағ/Гкал







4

Мотор отыны:









1) бензин

л/км,








2) керосин

л/(т км)








3) дизель отыны









      19. Энергия үнемдеу іс-шараларының тізбесі

Р/с

Іс-шаралардың атауы, энергия ресурсының түрі

Шығыстар мың теңге

Отын-энергетикалық ресурстардың жылдық үнемдеу

Енгізудің келісілген мерзімі

Өтелу мерзімі

Ескертпе


заттай түрінде

Ақшалай түрінде, мың теңге (тариф бойынша)

тоқсан, жыл



1

2

3

4

5

6

7

8

1

Үнемдеу бойынша іс-шаралар:







1) қазандық пеш отынының, мың ш.т.







2) жылу энергиясы, Гкал







3) электр энергиясы, МВт сағ







4) сығылған ауа, кН м3 және басқа материалдық ресурстар







5) мотор отыны:







6) бензин







7) керосин







8) дизель отыны







2

Үнемдеу, барлығы:







мың ш.т.







Гкал







МВт сағ







л, т







оның ішінде енгізуге қабылданған іс-шаралар бойынша:







мың ш.т.







Гкал







МВт сағ







л, т







  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 2-қосымша
Энергия аудитін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін есептік ақпарат

      1. Есептік шарттар

Р/с

Есептiк параметрлердiң атауы

Параметрдің белгіленуі

Өлшем бірлігі

Есептік мәні

1

2

3

4

5

1

Жылу қорғауды жобалау үшiн сыртқы ауаның есептiк температурасы

tH

0C


2

Жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы

tom

0C


3

Жылыту кезеңіндегі ұзақтығы

zom

тәулік/жыл


4

Жылыту кезеңінің градус - тәулігі

ЖКГТ

0C тәулік/жыл


5

Жылу қорғауды жобалау үшiн iшкi ауаның есептiк температурасы

tв

0C


6

Шатырдың астының есептiк температурасы

tчерд

0C


7

Техникалық жертөленiң есептiк температурасы

tподп

0C


      2. Геометриялық көрсеткіштер

Р/с

Көрсеткіш

Белгі және өлшем бірлігі

Нормативтік мәні

Жобалық есептік мәні

Нақты мәні

1

2

3

4

5

6

1

Ғимарат қабаттары алаңдарының қосындысы

Aom, м2




2

Тұрғын үйлердiң ауданы

Aж, м2




3

Есептiк алаң (қоғамдық ғимараттар)

Aр, м2




4

Жылытылатын көлем

Vоm, м3




5

Ғимарат қасбетінің шынылану коэффициенті






6

Ғимараттың тығыздық көрсеткiшi

Kкомп




7

Сыртқы ғимаратты қоршайтын құрастырылымдардың жалпы ауданы, оның iшiнде:





1) қасбеттер

Aнсум, м2




2) қабырғалар (құрастырылымдардың типі бойынша бөлек)

Aфас




3) терезелер және балкон есiктерi

Aст




4) зерәйнектер

Aок.1




5) шамдар

Aок.2




6) баспалдақты – лифт түйiндерiнiң терезелерi

Aок.3




7) сыртқы өткелдердiң балкон есiктерi

Aок.4




8) кiретiн есiктер және қақпалар (бөлек)

Aдв




9) қаптамалар (үйлестірілген)

Aесік




10) шатырасты аражабындары

Aқапт




11) "жылы" шатырастының аражабындары(балама)

Aша




12) техникалық жасырын немесе жылытылмайтын (баламалы) жер төлелердiң үстiндегі аражабындар

Aша.m




13) жүрiп өтулер үстiндегі немесе эркерлердiң астындағы аражабындар

Aжерт1




14) топырақтағы жердегі және едендегі
қабырғалар (бөлек)

Aжерт2




      3. Жылу техникалық көрсеткіштер




      4. Қосалқы көрсеткіштер



      5. Үлестік сипаттамалары

Р/с

Көрсеткіш

Көрсеткіштің белгіленуі және өлшем бірлігі

Көрсеткіштің нормаланатын мәні

Көрсеткіштің есептік жобалық мәні

1

2

3

4

5

1

Ғимараттың жылу қорғайтын үлестік сипаттамасы

kоб, Вт/(м3 0С)



2

Ғимараттың үлестік желдету сипаттамасы

kвент, Вт/(м3 0С)



3

Ғимараттың тұрмыстық жылу шығаруының үлестік сипаттамасы

kбыт, Вт/(м3 0С)



4

Ғимаратқа күн радиациясынан жылу берілуінің үлестік сипаттамасы

kрад, Вт/(м3 0С)



      6. Коэффициенттері



      7. Энергия тиiмдiлiгінiң кешендi көрсеткiштерi



      8. Ғимараттың энергия тиімділігі сыныбының көрсеткіші

Ғимараттың энергия тиімділігі сыныбы

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ


ОБЪЕКТІ


ОБЪЕКТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ


САЛЫНҒАН ЖЫЛЫ


ТИПІ, ҚАБАТТЫЛЫҒЫ


ЖАЛПЫ АУДАНЫ, м2


ЖЫЛЫТЫЛАТЫН АУДАНЫ, м2


ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ СЫНЫПТАРЫ

БЕРІЛГЕН ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ СЫНЫБЫ

Өте жоғары А++
А+
А


Жоғары В+
В


Қалыпты С+
С
С-


ТөмендетілгенD


Төмен E


Объектінің нормативтік жылу тұтынуы*, Гкал


Объектінің нақты жылу тұтынуы, Гкал


* ҚР СН 2.04-04-2011 сәйкес, ғимараттың аталған типі үшін белгіленген жылуды тұтыну жөніндегі нормативтік талаптар


      9. Ғимараттың энергетикалық жүктемелерi



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 3-қосымша
Энергия аудитін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Үйлер, құрылыстар, ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпарат

      Жылыту маусымының ұзақтығы, z__________тәулік;

      Базалық жылдың жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы, tн.ср. _______°С


р/с

Ғимараттың атауы / міндеті

Пайдалануға енгізілген жыл / тозу %

Жалпы сипаттамасы

Үлестік жылыту сипаттамасы, Вт/м3°С

Жылу энергиясын тұтыну есебі жүйесінің деректеріне сәйкес жылу энергиясының жылдық жиынтық шығыны, Гкал/жыл

Үлестік жылыту сипаттамасының нормативті сипаттамадан нақты (есепті) мәнінің ауытқушылығы, % 4

Жылытыла-тын алаң, м2

Периметрі, м

Биіктігі, м

Ішкі температура, °С

Жылу беріліміне келтірілген кедергілер, м2°С/Вт 1

Нақты (Есепті) 2

Нормативті 3

Жылытуға және желдетуге

Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесіне

Қабырғалар

Еден

Жабын

Терезелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1
















2
















      __________

      Ескертпе:

      1 - Қоршаған конструкциялар материаларындың қалыңдығынан және оның жылу өткізгіштігінен айқындалады.

      2 - Нақты үлестік сипаттама мына формулаға сәйкес айқындалады:



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 4-қосымша
Энергия аудитін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

Жүгінген тұлғаның (тапсырыс берушінің) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің жалпы бағалануы


п/п

Бағалау өлшемшарттары

Қазіргі жағдайдың сипаттамасы

Іс-әрекетті бағалау, (өте жақсы/жақсы, қанағаттанарлық, жоқ)

1.

ISO 50001 – 2012 халықаралық стандарты бойынша энергия менеджменті жүйесін енгізу

.


2.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бекітілген іс-шаралар жоспарының немесе энергия аудитін жүргізгенге дейін ерікті негізінде кәсіпорынмен әзірленген энергия үнемдеу бағдарламасының бар болуы



3.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жоспарының орындалуын бағалау



4.

энергетикалық ресурстарды есепке алу және бақылау аспаптарымен жарақтандырылуы, энергия тұтынуды есепке алу автоматтандырылған жүйесінің бар болуы



5.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды іске асыру мәселелері бойынша материалдық және материалдық емес көтермелеудің жүйесінің және бар болуы



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы
№ 1139 бұйрығымен
бекітілген

Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) орындаушы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін орындайтын заңды тұлға;

      2) өтініш беруші – энергия тиімділігі картасына енгізу үшін жоба ұсынған жеке немесе заңды тұлға;

      3) сараптама – Өтініш беруші ұсынған құжаттарды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі мәніне бағалау және талдау процесі;

      4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жоба (бұдан әрі - жоба) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені.

2-тарау. Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ЭЭҰДИ) энергия тиімділігі картасын қалыптастырады және жүргізеді, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізуді жүзеге асырады.

      4. Энергия тиімділігі картасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және жүргізіледі.

      5. Энергия тиімділігі картасына жобаларды қарау, іріктеу және енгізуді ЭЭҰДИ тұрақты негізде жүзеге асырады.

      6. ЭЭҰДИ энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу үшін қажетті ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім (бұдан әрі – МЭТ) субъектілерінен және өзге де заңды тұлғалардан сұратады және алады.

      7. Энергия тиімділігі картасын ЭЭҰДИ-дың интернет-ресурсына орналастырады.

3-тарау. Энергия тиімділігі картасына жобаларды қарау, іріктеу және енгізу тәртібі

      8. ЭЭҰДИ МЭТ қалыптастыру және жүргізу бойынша ақпараттың және өзге де ақпараттың талдауы негізінде МЭТ субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға жобаларды энергия тиімділігі картасына енгізу үшін құжаттар тапсыруды ұсынады.

      9. Өтініш беруші жобаны энергия тиімділігі картасына енгізу үшін ЭЭҰДИ-ға электрондық және қағаз тасығышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұйым басшысы, не оны алмастыратын адам бекіткен жобаның паспорты;

      3) жобаның қаржыландырылуын пысықтауды растайтын құжаттардың көшірмелері (ниеттер туралы меморандумдар және келісімдер және (немесе) жобаны қаржыландыру туралы шешім) (бар болған жағдайда);

      4) энергия аудиті қорытындысының көшірмесі (бар болған жағдайда);

      5) ұйымның басшысы не оны ауыстыратын адам бекіткен, энергия үнемдеу бойынша іс-шаралар жоспарының көшірмесі (бар болған жағдайда);

      6) ұсынылған іс-шараларға (техника-экономикалық негіздеме, қаржы-экономикалық негіздеме, коммерциялық ұсыныстар) талап етілетін инвестициялар мен үнемдеу есебінің дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).

      10. ЭЭҰДИ ұсынылған құжаттарды, олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ақпараттың толықтығына және растығына қарайды.

      Ақпараттың толық еместігі және (немесе) дұрыс еместігі фактісі белгіленген жағдайда, ЭЭҰДИ көрсетілген мерзімдерде Өтініш берушінің құжаттарын қайтару себебін көрсете отырып, қайтарады.

      Өтініш беруші ЭЭҰДИ-дан құжаттарды алған күннен кейін, қайтару себептерін жояды және ЭЭҰДИ-ға қайта енгізеді.

      11. Құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жоба осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін, энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізуге арналған Тіркеу журналында тіркеледі.

      12. ЭЭҰДИ жобаны тіркеу журналына тіркеген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде инновациялылық, ауқымдылық және құзыреттілік өлшемшарттарына сәйкестігіне мәніне сараптама жүргізеді.

      13. Сараптама мынадай құрылым бойынша жүзеге асырылады:

      1) табиғи және ақшалай мәндегі энергия үнемдеу әсері;

      2) жобаның инновациялық құрамдас бөлігі;

      3) орнын толтыру мерзімі;

      4) іс-шаралардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларына, Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес болу қажеттілігін қарау;

      5) жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар.

      ЭЭҰДИ-дің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған сараптама қорытындысы сараптама нәтижесі болып табылады.

      14. Сараптама қорытындысы екі данада ресімделеді және оны өткізу сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бір данасы Өтініш берушіге жіберіледі, бір данасы ЭЭҰДИ-де қалады.

      15. Сараптама нәтижесі бойынша, ЭЭҰДИ ұсынылған жобалар бойынша энергия тиімділігі картасына енгізу үшін мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) қаржыландыру көзі болған кезде жоба энергия тиімділігі картасына енгізіледі;

      2) қаржыландыру көзі болмаған кезде отандық және халықаралық инвесторларды, қаржы институттарын, энергия сервистік компанияларды және өзге де ұйымдарды іздеу арқылы инвестиция тарту мәселесі пысықталады.

  Энергия тиімділігі
картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және
енгізу қағидаларына
1-қосымша

Энергия тиімділігі картасы

Өтініш берушінің атауы

Байланыс деректері

Жоба атауы

Іс-шаралар тізбесі

Орындаушының атауы

Инвестиция көлемі (мың тенге)

Қаржыландыру көзі

Табиғи қалыптасқан энергетикалық ресурстарын жылдық үнемдеу

Құн тұрғысынан энергия ресурстарын жылдық үнемдеу мың теңге. (тариф бойынша)

Орнын толтыру мерзімі, жыл

Өлшеу бірлігі

мәні

1.




1.












2.









Жобаның жалпы құны











2.




1.












2.









Жобаның жалпы құны











  Энергия тиімділігі
картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және
енгізу қағидаларына
2-қосымша
  ____________________________
(облыс, қала)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш

      Қазақстанның энергия тиімділігі картасына енгізу үшін

      ___________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ___________________________________________________________________

      (жобаның атауы)

      жоба байынша өтінішімді тіркеуіңізді өтінемін:

      Өтінішке мынадай құжаттарды ұсынамын:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3)________________________________________________________________________

      4)________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _____________________________________ _____________________________________

      Ұйымның бірінші басшысы:                        Қолы

      20__ жылғы "___"________

      Мөрдің орны

  Энергия тиімділігі
картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және
енгізу қағидаларына
3-қосымша
  "Бекітемін"
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
20__ жылғы "___" __________

Жоба паспорты

      Жобаның өтініш берушісі туралы мәлімет

      Өтініш берушінің толық атауы

      Заңды мекенжайы

      Тұрғылықты мекенжайы

      Телефон/факс/e-mail

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/Жеке сәйкестендiру нөмiрі

      Заңды тұлғаның тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлік нөмірі және күні

      немесе мемлекеттік тіркелуі туралы (қайта тіркелуі) туралы анықтама

      (бар болғанда)

      Экономикалық қызмет түрлерiнің жалпы жіктегіші (бар болғанда)

      Жоба мақсаты:

      Жобаға енгізілген іс-шаралар тізімі

Іс-шара

Инвестициялар көлемі, жоспарланған шығындар, мың теңге

Заттай түрде энергетикалық ресурстардың жылдық үнемделуі

Құн түрінде энергия ресурстарының жылдық үнемделуі мың теңге (тариф бойынша)

Орнын толтыру мерзімі

Ескертпе

Өлшем бірілігі

Мәні

1.








2.








3.









БАРЛЫҒЫ:






      Жобаны іске асыру орны:

      Жобаны дайындау және іске асырудың ағымдағы жағдайы:

      Жобаның болжамды қаржыландыру құрылымы

Меншікті қаражат

мың теңге


Бюджет қаражаты

мың теңге


Талат етілетін қосымша қаражаттар

мың теңге


  Энергия тиімділігі
картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және
енгізу қағидаларына
4-қосымша

Энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізуге арналған тіркеу журналы

ЭЭҰДИ жобаны қабылдау күні

Тіркеу күні

Өтініш берушінің атауы

Жобаның атауы

1





2





3





4