Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 455 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 шілдеде № 13902 болып тіркелді

      «Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
      344-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «344. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады.
      Заңды немесе жеке тұлғалар автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны электрондық немесе қағаз нысанда «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) сәйкес береді.»;
      366-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «366. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері өз қызметін мынадай жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша тоқтатады:
      олар осы Қағидалардың 350351 және 352-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген кезде;
      осы Қағидалардың 348 және 349-тармақтарында көзделген негізгі функцияларды тиісінше орындамаған кезде;
      олардың қызметтері ҚР СТ 2271-2012 «Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері.» ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмеген кезде.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі
      ________________ Т. Дүйсенова
      2016 жылғы «___» ___________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы «___» ___________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы
      ________________Т. Жақсылықов
      2016 жылғы «___» ___________