Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12542 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 17-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      201_ жылғы 10 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1129 бұйрығымен
бекітілген

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 17-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда жүгінген тұлға деп, энергетикалық аудит жүргізу үшін жүгінген жеке және (немесе) заңды тұлға түсініледі.

2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу тәртібі

      3. Талдау объектісі Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі Заңның 9-бабына сәйкес жыл сайын бірінші сәуірге дейінгі мерзімде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына (бұдан әрі – ЭЭҰДИ) ұсынатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды болып табылады.

      4. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны талдауды ЭЭҰДИ жыл сайын бірінші қыркүйекке дейін жүргізеді.

      5. Тексеру Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының толықтығына (кіріспе бөлігі, негізгі бөлігі, қорытынды бөлігі және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға қосымшалардың саны) жүзеге асырылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 400 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) Энергия аудитін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – энергия аудитін жүргізу қағидалары) сәйкестігі тұрғысынан талданады.

      6. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға талдау жүргізу кезінде:

      1) кіріспе бөлікте:

      жүгінген тұлға, энергия-аудиторлық ұйым, жасалған шарттың нөмірі және энергия аудиті объектісі (өндірістік қызметтің сипаттамасы және технологиялық процестің сипаттауы) туралы деректердің болуын талдайды;

      2) негізгі бөлікте:

      жүгінуші тұлғаның энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша ақпаратты;

      өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлес шығысын айқындау бойынша, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелері бойынша үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша ақпаратты;

      Энергия аудитін жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпаратты;

      Энергия аудитін жүргізу қағидалары 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін есептік ақпаратты;

      Энергия аудитін жүргізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйлер, құрылыстар, ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпаратты талдайды;

      3) қорытынды бөлікте:

      объектінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, оның ішінде өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың төмендеуіне ықпалдасатын және (немесе) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың ауданына шаққанда энергетикалық ресурстардың төмендеуі бойынша ұсынылатын іс-шаралардың тиімділігін және оларды орындау мерзімдері және оларды орындау мерзімдерін талдау және бағалау;

      ұсынылатын іс-шаралардың техникалық-экономикалық есебін және негіздемесін талдау;

      жүгінуші тұлғаның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің жалпы бағалауына талдау;

      объектінің энергия үнемдеуінің заттай және пайыздық көріністе ықтимал әлеуетінің есебіне талдау жүргізеді.

      7. ЭЭҰДИ қажет болған жағдайда энергия аудиторлық ұйымнан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға талдау жүргізу үшін жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпарат сұратады.

      8. Талдау нәтижелері бойынша ЭЭҰДИ энергия аудиті талдауының нәтижелері туралы қорытындыны жазбаша түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия-аудиторлық ұйымға және Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісіне мәлімет үшін жібереді.

      9. Энергия-аудиторлық ұйым мен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі энергия аудиті талдауының нәтижелері туралы қорытындымен келіспеген жағдайда, оны алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде келіспеу себебіне негіздеме бере отырып, жауап жібереді.

      Негіздемесі бар жауап энергия аудиті талдауының нәтижелері туралы қорытындыға қоса беріледі.

      10. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны талдау нәтижелері бойынша ЭЭҰДИ жыл сайын энергия аудитін талдау нәтижелері туралы қорытынды дайындайды және оны энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға жібереді.

  Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру жөніндегі
қорытындыға талдау жүргізу
қағидаларына қосымша
  Нысан

Энергия аудитін талдау нәтижелері туралы қорытынды

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы:

      (Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің деректері)

      Энергия аудиторлық ұйымның атауы:

      (энергоаудиторлық ұйымның деректері)

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 400 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) Энергия аудитін жүргізу қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны талдау:__________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.


Кіріспе бөлім:

Жүгінген тұлға, энергия-аудиторлық ұйымның, жасалған шарттың нөмірі және энергия аудиті объектісі (өндірістік қызметтің сипаттамасы және технологиялық процестің сипаттауы) туралы деректердің болуын талдау

Иә / Жоқ (өндірістік қызметтің сипаттамасы және технологиялық процестің сипаттамасы)

Негізгі бөлім:

1. Жүгінуші тұлғаның энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша ақпаратты талдау.


2. Өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлес шығысын айқындау бойынша, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелері бойынша, үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша ақпаратты талдау


3. Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпаратты талдау.


4 Үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін есептік ақпаратты талдау.


5. Үйлер, құрылыстар, ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпаратты талдау.


Қорытынды бөлім:

1. Объектінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, оның ішінде өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың төмендеуіне ықпалдасатын және (немесе) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың ауданына шаққанда энергетикалық ресурстардың төмендеуі бойынша ұсынылатын іс-шаралардың тиімділігін және оларды орындау мерзімдері және оларды орындау мерзімдерін талдау және бағалау.

Иә / Жоқ

2. Жүгінуші тұлғаның (тапсырыс берушінің) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің жалпы бағалауына талдау.


3. Жүгінуші тұлғаның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің жалпы бағалауына талдау.


4. Объектінің энергия үнемдеуінің заттай және пайыздық көріністе ықтимал әлеуетінің есебіне талдау.

Иә / Жоқ

      Тұжырым: ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Энергия аудитін талдау нәтижелері

      туралы қорытынды жасалған күн: _____________________

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ________________________________________

      ұлттық даму институтының бірінші басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)