Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11729 болып тіркелді.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Энергия аудитін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 13 маусым



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 400 бұйрығымен
бекітілген

Энергия аудитін жүргізу қағидалары

      1. Осы Энергия аудитін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 6-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия аудитін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (энергия менеджменті) деп энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын, іс-шаралар жоспарын, мониторинг рәсімдері мен әдістемелерін, энергия тұтынуды бағалауды әзірлеу мен іске асыруды және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да іс-қимылдарды қамтитын, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге және басқару объектісінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені ұғынылады.

      3. Энергия аудиті 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Заңға сәйкес жасалған шарт негізінде жүгінген тұлғаның (тапсырыс берушінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Шартты жасағанға дейін тұлға (тапсырыс беруші) энергия аудитін жүргізуге техникалық тапсырма береді. Жүгінген тұлға (тапсырыс беруші) энергия аудиті бойынша жұмыстарды тиісті актімен қабылдайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      4. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1132 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      5. Энергия аудитін жүргізудің жалпы мерзімі кемінде екі айды құрайды, бірақ шарт жасалған күннен бастап он екі айдан көп емес.

      6.Энергия аудиті тексерілетін объектінің (объектілердің) маусымдық сипаттамалары ескеріліп жүргізіледі. Бұл ретте осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген өлшеу (сынау) кезеңі үйлер, құрылыстар және ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты қыс және жаз кезеңдерінде жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Энергия аудиті мынадай кезеңдер бойынша жүргізіледі:

      1) дайындық;

      2) өлшеу (сынау);

      3) талдамалық;

      4) қорытынды.

      8. Дайындық кезеңінде энергия-аудиторлық ұйым энергия аудитін өткізу бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) жұмысты орындау мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып жасайды. Бағдарламаға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 455 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13902 болып тіркелген) бекітілген, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тиісті аспаптық өлшеулердің регламенті, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесі, олардың тексерілуін растайтын құжаттар қоса беріледі. Энергия-аудиторлық ұйым осы кезеңді орындау шеңберінде жүгінген тұлға (тапсырыс беруші) ұсынатын, қажетті мәліметтер мен құжаттардың (бастапқы деректердің) (олар бар болған жағдайда) тізбесін, оның ішінде:

      1) бұрынғы энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және оның орындалу нәтижелерін (энергия аудитін қайта өткізген жағдайда);

      2) энергия аудитінің алдындағы кезекті бес жыл ішінде энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру көлемдерін;

      3) негізгі үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың құрамы және олардың сипаттамаларын (объектінің мақсаты және оның құрамдас бөлігі (қосымша құрылыс), инженерлік жүйелер, энергия тиімділігі сыныбы, салыну күні, үйдің қабаттылығы, қабырғалар және шатырлар материалы, әйнектеу ауданы және әйнектеу түрі, текше метрлігі, жалпы аумағы);

      4) энергиямен жабдықтау көздері және энергия тасығыштардың параметрлері туралы мәліметтерді;

      5) өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне немесе жылынатын көлеміне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығысын;

      6) энергетикалық және технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді;

      7) энергия тұтынатын электр құрылғының энергия тиімділігі сыныбын;

      8) есепке алу және бақылау аспаптары туралы мәліметтерді;

      9) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, желдету, салқындату, сумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау жүйелері туралы мәліметтерді;

      10) жүгінген тұлға (тапсырыс беруші) қызметкерлерінің сандық құрамының ұлғаюын немесе азаюын;

      11) энергия аудиті бойынша алдыңғы қорытындының көшірмесін;

      12) энергия менеджменті жүйесінің жұмысын ұйымдастыру туралы мәліметтерді қалыптастырады.

      Мәліметтер мен құжаттарды ұсыну мерзімдері Бағдарламада көрсетілуі тиіс. Мәліметтер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11728 болып тіркелген) бекітілген, Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратпен бірдей болуы тиіс. Дайындық кезеңінің нәтижесі болып жүгінген тұлғамен (тапсырыс берушімен) келісілген және энергия-аудиторлық ұйым бекіткен Бағдарлама, сондай-ақ тиісті қабылдау-беру актісінде ресімделген мәліметтер мен құжаттардың тізбесі табылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9. Энергия аудитінің өлшеу кезеңі "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарды пайдалануды қамтиды. Өлшеу кезеңінде энергия-аудиторлық ұйым мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) бекітілген Бағдарламаға сәйкес жабдықтың жұмыс параметрлерін аспаптық өлшеу;

      2) бекітілген Бағдарламаға сәйкес өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және оның инженерлік жүйелерін құрал-жабдықпен тексеру;

      3) кәсіпорынның штаттық құралдарынан деректерді алу (салыстырылып тексерілген).

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      10. Талдамалық кезеңде энергия-аудиторлық ұйым мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) өлшеу кезеңінде алынған ақпаратты және өлшеу (сынау) нәтижелерін талдау;

      2) дайындық кезеңінде алынған бастапқы деректерді талдау;

      3) үйлердің, жабдықтардың жекелеген түрлерінің және технологиялық процестердің энергия тиімділігінің нақты көрсеткіштерін есептеу;

      4) нақты көрсеткіштерді нормативтік (нормаланатын) мәндермен (олар бар болған жағдайда) салыстыру;

      5) нақты энергия тиімділігі көрсеткіштері мен нормативтік (нормаланатын) мәндерінің (олар бар болған жағдайда) сәйкес келмеу себептерін анықтау және талдау;

      6) әрбір жекелеген көрсеткіш бойынша, үйлер, энергетикалық ресурстардың түрлері бойынша энергия үнемдеу әлеуетінің мәнін есептеу;

      7) жүгінген тұлғаның (тапсырыс беруші) қызметіне қолданылатын ең үздік әлемдік тәжірибелерді талдау.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      11. Қорытынды кезеңде энергия-аудиторлық ұйым жабдықтар тобы мен энергия тасымалдаушылар түрлері бойынша, технологиялық процестердің, үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергетикалық ресурстарды пайдалануын талдау нәтижелерін қорытады.

      12. Энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды (бұдан әрі – энергия аудитінің қорытындысы) жасалады.

      Энергия аудитінің қорытындысы осы Қағидаларға сәйкес ресімделеді, энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде беріледі, оның басшысы бекітеді, энергия аудиторлық ұйымның қолымен және мөрімен, сондай-ақ аттестатталған энергия аудиторларының қолымен расталады.

      Энергия аудитінің қорытындысына жүгінген тұлғаның (тапсырыс беруші) тарабынан қарсылықтар бар болған жағдайда, энергия аудиторлық ұйым жазбаша түрде толық түсініктеме береді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      13. Энергия аудиті қорытындысы негізгі үш бөліктен тұрады:

      1) жүгінген тұлға (тапсырыс беруші), энергия-аудиторлық ұйым деректері, жасалған шарттың нөмірі және энергия аудиті объектісі (өндірістік қызметтің сипаттамасы және технологиялық процестің сипаттауы) көрсетілетін кіріспе бөлік;

      2) энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша, өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлестік шығындарын есебімен анықтау бойынша, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелері бойынша, үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша талдау жүргізілетін негізгі бөлігі;

      3) ұсынымдар мен тұжырымдарды қамтитын қорытынды бөлік. Ұсынымдарда өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың азайғаны және (немесе) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың ауданына шаққандағы жылытуға жұмсалатын энергетикалық ресурстардың азайғаны, жүгінген тұлғаның (тапсырыс беруші) қызметіне қолданылатын халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, және оларды орындау мерзімдері, сондай-ақ ұсынылған іс-шаралардың техника-экономикалық есебі мен негіздемесі көрсетіле отырып объектінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралары, тұжырымдарда – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүгінген тұлғаның (тапсырыс берушінің) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің жалпы бағалануы, объектінің энергия үнемдеуінің заттай және пайыздық көріністегі ықтимал әлеуеті келтіріледі. Бұл ретте ұсынылған іс-шаралар ұсынымдалған (әлеуетті ықтимал) және экономикалық орынды (жобаның бесінші жылында келтірілген құны оң болып табылады, ал ішкі пайдалылық нормасы екі және одан да көп пайызға қолданылатын дисконттау мөлшерлемесінен жоғары) болып бөлінуі тиіс.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1132 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен

      13-1. Энергия аудитінің қорытындысына энергия-аудиторлық ұйым толтыратын:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйлер, құрылыстар, ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпарат қоса беріледі.

      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1132 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      13-2. Экономикалық мақсатты іс-шараларды әзірлеу кезінде жинақтап қорыту, үлгілік бағалау немесе үнемдеудің шартты пайыздарын қолдануға жол берілмейді. Энергия үнемдеу бойынша іс-шаралардың техникалық негіздемесі сарапшылардың субъективті бағалауларын ең төменгі қолданумен іс жүзіндегі деректерге негіздей отырып өлшем бірліктердің заттай мөлшерімен жасалуы тиіс.

      Инвестициялық есептер үшін барлық бастапқы деректер техникалық есеппен расталуы, анықтамалық құжаттамалар (дереккөзге сілтеме бере отырып) бойынша қабылдануы және тікелей өлшеу жүргізу жолымен алынуы тиіс.

      Энергия үнемдеу және ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар қызметкерлер жұмыстарының қауіпсіздігі мен жайлылығының деңгейін, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін төмендетпеуі тиіс, ол әрбір нақты іс-шараның іске асырылуымен байланысты ықтимал қауіптердің бағалауын жүргізумен расталуы тиіс.

      Негізгі немесе көмекші жабдықты ауыстырумен байланысты энергия үнемдеу бойынша іс-шаралардың техникалық-экономикалық есебі кем дегенде екі әлеуетті берушілер ресми берілген коммерциялық ұсыныстардың және жабдықтың кепілдік техникалық деректерінің негізінде орындалуы тиіс.

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралардың техникалық-экономикалық есебі халықаралық тәжірибеге (келтірілген таза құн, кірістің ішкі нормасы, ақтау мерзімі) сәйкес нақты экономикалық көрсеткіштерін көрсетуі тиіс.

      Ескерту. Қағида 13-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      14. Қоғамдық және (немесе) тұрғын үй ғимараты энергия аудитінің қорытындысы бойынша энергия-аудиторлық ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғимараттың энергия тиімділігі сыныбының көрсеткiшiн толтырады.

      Энергия-аудиторлық ұйым әрбір қоғамдық және (немесе) тұрғын үй ғимараты үшін энергия тиімділігі сыныбыынң көрсеткiшiн тортырады.

      14-1. Энергия аудитін жүргізу қорытындылар бойынша Заңның 5-бабы 13-7) тармағына сәйкес бекітілген нысанға сәйкес үйлер, құрылыстар мен ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау белгіленеді және энергия аудитінің қорытындысында көрсетіледі.

      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1132 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      15. Энергия аудитінің қорытындысы екі данада ресімделеді: бір данасы жүгінген тұлғаға (тапсырыс берушіге) беріледі, екіншісі энергия-аудиторлық ұйымда сақталады.

      16. Энергия-аудиторлық ұйым жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 шiлдеден және 15 қаңтардан кешiктiрмей, уәкiлеттi органға есептiк кезең iшiнде энергия аудиті бойынша берiлген барлық қорытындылардың көшiрмелерiн "PDF" форматында электрондық нысанда жiбереді.


  Энергия аудитін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпарат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1. Жалпы мәліметтер

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Базалық жыл*

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

Өнімді (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды) өндіру көлемі

мың теңге



2

Заттай мәнде өнім өндіру
1) Негізгі өнім
2) Қосымша өнім




3

Энергия ресурстарын тұтыну

мың т. ш.т.



мың теңге1)



4

Өнім өндірудің энергия сыйымдылығы2)

мың т. ш.т./мың теңге





5

Өндірілген өнім құнындағы энергия ресурстары үшін төленетін төлем үлесі3)




6

Орташа тізімдегі сан

адам



1) өнеркәсіптік-өндірістік персонал

адам




      -----------------------

      1) Отын-энергетикалық ресурс (ОЭР) құны берілген есеп шоттар бойынша айқындалады.

      2) Мынадай формула бойынша айқындалады 3-т. мәні (алымы)

      1-т. Мәні

      3) Мынадай формула бойынша айқындалады 3-т. мәні (бөлігіне)

      1-т мәні

      *Ағымдағы жыл –Энергия аудиті жөніндегі шартты жасаған жыл;

      *Базалық жыл – ағымдағы жылдың алдындағы күнтізбелік жыл.

2. Энергия тасымалдағыштардың жалпы тұтынылуы

Р/с

Энергия тасымалдағыштың атауы

Өлшем бірлігі

Бір жылда тұтынылған көлемі

Коммерциялық есепке алу

Ескертпе

Аспаптың типі (маркасы)

Саны

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазандық пеш отыны
1) Газ тәрізді отын
2) Қатты отын
3) Сұйық отын
4) Отынның балама (жергілікті) түрлері

т ш.т.





2

Электр энергиясы

МВт сағ





3

Жылу энергиясы

Гкал





1) Қысымы

МПа





2) Тура және кері су температурасы

0С





3) Будың асқын қызу температурасы

0С





4) Бу құрғақтық дәрежесі

%





4

Сығылған ауа

м3мың





1) Қысым

МПа





5

Мотор отыны:

л, т





1) бензин






2) керосин






3) дизель отыны







3. Трансформаторлық кіші станциялар туралы мәліметтер (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Өндіріс, цех, кіші станцияның нөмірі

Пайдалануға енгізілген жыл

Трансформатор типі

Трансформаторлар саны

Кіші станцияның жиынтық қуаты кВА

Жоғары/төмен кВ кернеуі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8









      4. Пайдалану бағыттары бойынша электр энергиясын тұтынушылардың белгіленген қуаты

Р/с

Электр энергиясын пайдалану бағыты

Электр қозғалтқыштардың саны мен жиынтық қуаты, кВт (цехтарда, учаскелерде, өндірістерде және т.б.)

Ескертпе

№... цех

№... цех

№... цех

№... цех

Саны

Қуаты

Саны

Қуаты

Саны

Қуаты

Саны

Қуаты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Технологиялық жабдықтар, оның ішінде нақты кәсіпорында қолданылатын электр тұтынатын жабдықтардың тобы көрсетіледі (мысалы, тетіктердің электрлік жетектері, электр термиялық жабдықтар, кептіргіштер және басқалар










2

Сорғылар










3

Желдету жабдығы










4

Көтеру-көлік жабдығы










5

Компрессорлар










6

Пісіру жабдығы










7

Тоңазытқыш жабдық










8

Жарық беру










9

Өзгелері, оның ішінде тұрмыстық техника










Барлығы










      5. Компрессорлық жабдық туралы мәліметтер (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Цех, учаске, өндіріс, компрессор типі

Пайдала нуға енгі зілген жыл

Саны

Өнімділі м3/мин

Қысы мы МПа

Электр жетек тің қуаты кВт

Журнал бойынша бір жыл ішіндегі компрессор жұмысының уақыты сағ, жыл

Электр энергиясының есептік орташа жылдық шығыны МВт сағ.

Электр энергиясының үлесті шығыны нақты/норм.* кВт сағ/1000 м3

Салқындату жүйесі (айна лымды, су құбыры және т.б.)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      __________

      * Нормативтік (паспорттық) деректер болмаған жағдайда мынадай формуламен есептеледі:

      7*1000-бағананың мәні                  (Е.1)

      5х60-бағананың мәні

      6. Тоңазытқыш жабдықтың сипаттамасы (бар болған кезде толтырылады)

      Жылуды бұратын құрылғының типі _____________________

Р/с

Агрегат көзінің типі

Пайдалануға енгізілген жыл

Суық бойынша қуаты Гкал/сағ

Тоңазытқыш камерадағы температура 0С

Белгіленген қуат кВт

Электр энергиясының меншікті шығыны, нақты/норм. кВт сағ/Гкал

Жұмыс режимі, жазда/қыста сағ/тәул.

Конденсатордан жылу беру жүйесі

Ескертпе

Жылу тасымалдағыштыңшығыны жазда/қыста т/сағ

Салқындату жазда/ қыста ... бастап ... дейін 0С

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      7. Жылу электр станциясының (ЖЭС) негізгі жабдығының құрамы мен жұмысы туралы мәліметтер (бар болған кезде толтырылады)
      Отын: негізгі _____________
      резервтік___________

Р/с

ЖЭС пайдалануға берілген жылы

ЖЭС электр қуаты, белгіленген/қолданыстағы МВт

ЖЭС жылу қуаты, белгіленген/қолданыстағы Гкал/сағ

Турбоагрегаттың типі

Турбоагрегаттардың саны

Турбоагрегаттың ПӘК %

Турбоагрегатты жылдық пайдалану, жобалық/нақты сағ

Белгіленген қуатты пайдаланудың тиімділік коэффициенті, Р нақты Р белг.

Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның үлестік шығыны г ш.т./(кВт сағ)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      8. 20__ жылы электр энергиясын тұтыну теңгерімі/Базалық жылы электр энергиясын тұтыну теңгерімі

      МВт сағ (5-баған- пайыздармен).

Р/с

Кіріс/шығыс баптары

Жиынтық тұтыну

Оның ішінде нормативтік шығыстарды есепке алып есептік-нормативтік тұтыну

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

I

Кіріс





1

Басқа тарап көзі (есептегіштер бойынша),





2

Меншік энергия көздері





II

Шығыс*





1

Топты қоса алғанда, технологиялық жабдықтар, (және т.б., мысалы, электр машиналар, электр жабдықтары, кептіргіштер), атап айтқанда, кәсіпорынның пайдаланылатын тоқ қуат жабдықтарын тізімдейді





2

Сорғылар





3

Желдету жабдығы





4

Көтеру-көлік жабдығы





5

Компрессорлар





6

Пісіру жабдығы





7

Тоңазытқыш жабдық





8

Жарық беру





9

Өзгелер, оның ішінде тұрмыстық техника





Барлығы: өндірістік шығын





10

Қосалқы абоненттер





11

Пайдаланудағы шарасыз шығындар:






1) желілерде, жиынтық






2) трансформаторларда





12

Тиімді емес шығындар





Барлығы: жиынтық шығын





      * Электр энергиясын зауыт ішінде есепке алу болған кезде "Шығын" бабында 2-бағанда толтырылады.
      9. Қазандықтың құрамы мен жұмысы туралы мәліметтер (бар болған кезде толтырылады)
      Отын: негізгі - табиғи газ
      резервтік - ______________

Р/с

Қазандық агрегатының типі

Пайдалануға берілген жылы

Саны

Өнімділік, жобалық/нақты т/сағ, Гкал/сағ

Қысым, номиналды/нақтылы, МПа

Отын түрі

Соңғы сынақтардың деректері бойынша "таза салмағының" ПӘК %

Паспорт бойынша ПӘК %

Жылу өндіруге отынның үлес шығысы нақты/қалыпты кг ш.т./Гкал

Коммерциялық есепке алу бойынша отынның жылдық шығыны мың т. ш.т.

Құралмен есепке алу бойынша жылудың жылдық өндірілуі Гкал

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

6-1

7

8

9

10

11

12














      10. Жылу энергиясын (бу, ыстық су) пайдаланатын технологиялық жабдықтың сипаттамасы

Р/с

Агрегатты пайдаланудың мақсаты, бағыты

Агрегаттың атауы, энергия тасымалдаушының енгізілген жылы, типі, маркасы, түрі

Агрегаттың өндірімділігі (паспорттық) өнім бойынша.../сағ

Саны

Енгізудегі/шығарудағы жұмыс параметрлері

Өнімнің бірлігіне есептегендегі жылу энергиясының меншікті шығыны Гкал/...

Паспорт бойынша ПӘК %

Конденсатты бұрғыштар: типі, саны

Жылуықшаулағыш құрылғылардыңболуы конденсаттың температурасы 0С

Ескертпе (конденсаттың ластану сипаты)

Жұмыс қысымы МПа

Жұмыс температурасы 0С

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      11. 20__ жылы жылу энергиясын есептік-нормативтік тұтыну
      Гкал/жыл

Р/с

Объектінің атауы (цех, учаске және басқалар), жылу тасымалдағыш (бу, ыстық су)

Технологиялық жабдық

Орташа жылдық температураның, 0С, және жылыту кезеңінің ұзақтығының, тәул. нақты мәндері кезінде

Ескертпе

Жылыту

Ағынды желдету

Ыстық сумен қамтамасыз ету

1

2

3

4

5

6

7

1

Өндірістік үй-жайлар






1)
2)
Барлығы: өндірістік үй-жайлар бойынша






2

Жалпы өндірістік қызметтер және үй-жайлар
1)
2)
Барлығы: жалпы өндірістік қызметтер бойынша






Барлығы






      12. 20... жылы жылу энергиясын тұтыну теңгерімі
      Гкал (8, 10-бағандары - пайызбен берілген)

Р/с

Кіріс/шығыс баптары

Сипаттамалар, параметрлер

Жиынтық тұтыну

Нормативтік шығындарды есепке ала отырып, есептік-нормативтік тұтыну

Шығындар: пайдалануда шарасыз/нақты

Конденсатты қайтару

Ескертпе

Жылу тасымалдаушы

Р қысым МПа

Температура 0С*


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

I

Кіріс:










1

Меншік дерекөз










2

Басқа тараптың көзі










Жиыны, кіріс










II

Шығыс










1

Технологиялық шығындар










1) оның ішінде будың, олардан байланыс (өткір) тәсілмен










2) ыстық су










2

Жылыту және желдету, оның ішінде ауа калориферлері










3

Ыстық сумен жабдықтау










4

Басқа тараптың тұтынушылары










5

Жиынтық желілік шығындар (нормаланған)










Жиыны: өндірістік шығын










6

Қосалқы абоненттер










7

Жылыту, желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі тиімді емес технологиялық шығындар










Жиыны: жиынтық шығын










      __________
      * Жылу тасымалдағыш болғанда "ыстық су" тік және кері судың температурасын көрсетеді.
      13. Отын пайдаланатын агрегаттардың сипаттамасы (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Пайдаланудың тағайындалуы, бағыты

Агрегаттың атауы, типі, маркасы, тән өлшемі, пайдалануға берілген жылы

Саны

Өнім бойынша агрегаттың өнімділігі (паспорттық) .../сағ

Өнімнің бірлігіне есептегендегі отынның меншікті шығыны кг ш.т./...

Жылуоқшаулағыш жабдыктың атауы және қысқаша сипаттамасы, кететін газдардың температурасы 0С

Ескертпе

20... ж. ішінде нақты

Шығын нормативі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      14. 20... жылы қазандық пеш отынын тұтыну теңгерімі (бар болған кезде толтырылады)
      (мың ш.т.-пен тұтыну)

Р/с

Кіріс/шығыс баптары

Энергияны жиынтық пайдалану

Оның ішінде

Пайдалы қолдану коэффициенті

Ескертпе

Нормативтік шығындар ескерілетін, есептік-нормативтік тұтыну

Энергия шығындары: пайдалануда шарасыз/нақты

1

2

3

4

5

6

7

I

Кіріс






Жиыны: кіріс






II

Шығыс






1

Технологиялық пайдалану, оның ішінде:






1) жылытпай пайдалану (шикізат түрінде)






2) жылыту






3) кептіру






4) күйдіру (балқыту, күйдіру)






2

Жылу энергиясын өндіруге:






1) қазандықта






2) жекеменшік ЖЭС-да (электр энергиясын қоса алғанда)






3

Өзгелері:






….






.....






Барлығы: жиынтық шығын






      15. Көлік құралдарының мотор отындарын пайдалану сипаттамасы (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Көлік құралының атауы, (маркасы), типі, шығарылған жылы

Көлік құралдарының саны

Жүк көтергіштігі, т, жолаушылар сыйымдылығы, адам

Пайдаланылған отынның түрі

Паспорттағы деректер бойынша отынның меншікті шығыны л/км; л/(т км)

Ағымдағы жылдың жылдық көрсеткіштері

Жұмсалған отынның мөлшері,л

Отынның шығынын өлшеу тәсілі

Отынның меншікті шығыны л/(т км)

Алынған отынның мөлшері, л

Отынның кемулері

Ескертпе

Өту жолы, км

Жүк тасымалдау көлемі т км

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















      16. Мотор отындарын тұтыну теңгерімі (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Кіріс/шығыс баптары

Жиынтық тұтыну л

Есептік нормативтік тұтыну л

Кемулер, л

Нақты меншікті шығын л/(т км)

Ескертпе

шарасыз

нақты

1

2

3

4

5

6

7

8

I

Кіріс







1

Бензин







2

Дизель отыны







3

Басқа (отын түрі)







Жиыны: кіріс







II

Шығыс







1

Жүктерді тасымалдау







1.1

Бензин







1.2

Дизель отыны







1.3

Басқа (отын түрі)







2

Адамдарды тасымалдау







2.1

Бензин







2.2

Дизель отыны







2.3

Басқа (отын түрі)







3

Энергияны өндіруге







3.1

Бензин







3.2

Дизель отыны







3.3

Басқа (отын түрі)







4

Басқалар (арнаулы техника)







4.1

Бензин







4.2

Дизель отыны







4.3

Басқа (отын түрі)







5

Өзгелері







5.1

Бензин







5.2

Дизель отыны







5.3

Басқа (отын түрі)







Барлығы: шығыс








Барлығы: Бензин








Барлығы: Дизель отыны








Барлығы: Басқа (отын түрі)







      17. Қайталама энергия ресурстарын, балама(жергілікті) отындарды және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану туралы мәліметтер (бар болған кезде толтырылады)

Р/с

Сипаттама атауы

Өлшем бірлігі

Сипаттаманың мәні

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

Қайталама (жылу) ЕЭР




1) ЕЭР сипаттамасы




Фазалық жай-күйі




Шығыс

м3/сағ



Қысым

МПа



Температура



Ластағыштардың сипаттамалары, олардың концентрациясы

%



2) ЕЭР жылдық шығуы

Гкал



3) Жылдық нақты пайдалану

Гкал



2

Балама(жергілікті) және жаңартылатын ОЭР түрлері




1) Атауы (түрі)




2) Негізгі сипаттамалары




Жылу өндіру жарамдылығы

ккал/кг



Энергия қондырғысының жылдық өндіруі

сағ



3) Энергиялық қондырғының қуаты

Гкал/сағ, кВт



4) Энергиялық қондырғының ПІК

%



5) Энергияның жылдық нақты шығуы

Гкал, МВт сағ



      18. Шығарылатын өнімге ОЭР үлестік шығыны

Р/с

Энергия тасымалдаушылардың түрлері және өнімнің (жұмыстың) атауы

Өлшем бірлігі

Базалық жыл: жалпы зауыттағы/цехтағы нақты үлестік шығысы

Зерттеу ... жылы өндіру көлемі кезінде энергияны үнемдеу бағдарламасын есепке ала отырып, өнімнің түрлері бойынша энергия тасымалдаушылардың есептік үлестік шығындары (нормативтері)

Ескертпе

Ағымдағы жыл

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазандық пеш отыны:









1) өнімге

кг ш.т./өлш. бірл.







2) жылу энергиясын өндіруге

кг ш.т./Гкал







3) электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруге

г ш.т./(кВт сағ), кг ш.т./Гкал







2

Жылу энергиясы:

Гкал/өлш. бірл.







1) өнімге









3

Электр энергиясы:

кВт сағ/өлш. бірл.








1) өнімге









2) сығылған ауа өндірісіне

кВт сағ/(кН м3)







3) суық өндірісіне

кВт сағ/Гкал







4

Мотор отыны:









1) бензин

л/км,








2) керосин

л/(т км)








3) дизель отыны









      19. Энергия үнемдеу іс-шараларының тізбесі

Р/с

Іс-шаралардың атауы, энергия ресурсының түрі

Шығыстар мың теңге

Отын-энергетикалық ресурстардың жылдық үнемдеу

Енгізудің келісілген мерзімі

Өтелу мерзімі

Ескертпе


заттай түрінде

Ақшалай түрінде, мың теңге (тариф бойынша)

тоқсан, жыл



1

2

3

4

5

6

7

8

1

Үнемдеу бойынша іс-шаралар:







1) қазандық пеш отынының, мың ш.т.







2) жылу энергиясы, Гкал







3) электр энергиясы, МВт сағ







4) сығылған ауа, кН м3 және басқа материалдық ресурстар







5) мотор отыны:







6) бензин







7) керосин







8) дизель отыны







2

Үнемдеу, барлығы:







мың ш.т.







Гкал







МВт сағ







л, т







оның ішінде енгізуге қабылданған іс-шаралар бойынша:







мың ш.т.







Гкал







МВт сағ







л, т








  Энергия аудитін жүргізу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін есептік ақпарат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1. Есептік шарттар

Р/с

Есептiк параметрлердiң атауы

Параметрдің белгіленуі

Өлшем бірлігі

Есептік мәні

1

2

3

4

5

1

Жылу қорғауды жобалау үшiн сыртқы ауаның есептiк температурасы

tH

0C


2

Жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы

tom

0C


3

Жылыту кезеңіндегі ұзақтығы

zom

тәулік/жыл


4

Жылыту кезеңінің градус - тәулігі

ЖКГТ

0C тәулік/жыл


5

Жылу қорғауды жобалау үшiн iшкi ауаның есептiк температурасы

tв

0C


6

Шатырдың астының есептiк температурасы

tчерд

0C


7

Техникалық жертөленiң есептiк температурасы

tподп

0C


2. Геометриялық көрсеткіштер

Р/с

Көрсеткіш

Белгі және өлшем бірлігі

Нормативтік мәні

Жобалық есептік мәні

Нақты мәні

1

2

3

4

5

6

1

Ғимарат қабаттары алаңдарының қосындысы

Aom, м2




2

Тұрғын үйлердiң ауданы

Aж, м2




3

Есептiк алаң (қоғамдық ғимараттар)

Aр, м2




4

Жылытылатын көлем

Vоm, м3




5

Ғимарат қасбетінің шынылану коэффициенті






6

Ғимараттың тығыздық көрсеткiшi

Kкомп




7

Сыртқы ғимаратты қоршайтын құрастырылымдардың жалпы ауданы, оның iшiнде:





1) қасбеттер

Aнсум, м2




2) қабырғалар (құрастырылымдардың типі бойынша бөлек)

Aфас




3) терезелер және балкон есiктерi

Aст




4) зерәйнектер

Aок.1




5) шамдар

Aок.2




6) баспалдақты – лифт түйiндерiнiң терезелерi

Aок.3




7) сыртқы өткелдердiң балкон есiктерi

Aок.4




8) кiретiн есiктер және қақпалар (бөлек)

Aдв




9) қаптамалар (үйлестірілген)

Aесік




10) шатырасты аражабындары

Aқапт




11) "жылы" шатырастының аражабындары(балама)

Aша




12) техникалық жасырын немесе жылытылмайтын (баламалы) жер төлелердiң үстiндегі аражабындар

Aша.m




13) жүрiп өтулер үстiндегі немесе эркерлердiң астындағы аражабындар

Aжерт1




14) топырақтағы жердегі және едендегі
қабырғалар (бөлек)

Aжерт2




3. Жылу техникалық көрсеткіштер



4. Қосалқы көрсеткіштер



5. Үлестік сипаттамалары

Р/с

Көрсеткіш

Көрсеткіштің белгіленуі және өлшем бірлігі

Көрсеткіштің нормаланатын мәні

Көрсеткіштің есептік жобалық мәні

1

2

3

4

5

1

Ғимараттың жылу қорғайтын үлестік сипаттамасы

kоб, Вт/(м3 0С)



2

Ғимараттың үлестік желдету сипаттамасы

kвент, Вт/(м3 0С)



3

Ғимараттың тұрмыстық жылу шығаруының үлестік сипаттамасы

kбыт, Вт/(м3 0С)



4

Ғимаратқа күн радиациясынан жылу берілуінің үлестік сипаттамасы

kрад, Вт/(м3 0С)




6. Коэффициенттері



7. Энергия тиiмдiлiгінiң кешендi көрсеткiштерi



8. Ғимараттың энергия тиімділігі сыныбының көрсеткіші

Ғимараттың энергия тиімділігі сыныбы

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ


ОБЪЕКТІ


ОБЪЕКТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ


САЛЫНҒАН ЖЫЛЫ


ТИПІ, ҚАБАТТЫЛЫҒЫ


ЖАЛПЫ АУДАНЫ, м2


ЖЫЛЫТЫЛАТЫН АУДАНЫ, м2


ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ СЫНЫПТАРЫ

БЕРІЛГЕН ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ СЫНЫБЫ

Өте жоғары А++
А+
А


Жоғары В+
В


Қалыпты С+
С
С-


ТөмендетілгенD


Төмен E


Объектінің нормативтік жылу тұтынуы*, Гкал


Объектінің нақты жылу тұтынуы, Гкал


* ҚР СН 2.04-04-2011 сәйкес, ғимараттың аталған типі үшін белгіленген жылуды тұтыну жөніндегі нормативтік талаптар


9. Ғимараттың энергетикалық жүктемелерi




  Энергия аудитін жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Үйлер, құрылыстар, ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпарат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Жылыту маусымының ұзақтығы, z__________тәулік;

      Базалық жылдың жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы, tн.ср. _______°С


р/с

Ғимараттың атауы / міндеті

Пайдалануға енгізілген жыл / тозу %

Жалпы сипаттамасы

Үлестік жылыту сипаттамасы, Вт/м3°С

Жылу энергиясын тұтыну есебі жүйесінің деректеріне сәйкес жылу энергиясының жылдық жиынтық шығыны, Гкал/жыл

Үлестік жылыту сипаттамасының нормативті сипаттамадан нақты (есепті) мәнінің ауытқушылығы, % 4

Жылытыла-тын алаң, м2

Периметрі, м

Биіктігі, м

Ішкі температура, °С

Жылу беріліміне келтірілген кедергілер, м2°С/Вт 1

Нақты (Есепті) 2

Нормативті 3

Жылытуға және желдетуге

Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесіне

Қабырғалар

Еден

Жабын

Терезелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1
















2
















      __________

      Ескертпе:

      1 - Қоршаған конструкциялар материаларындың қалыңдығынан және оның жылу өткізгіштігінен айқындалады.

      2 - Нақты үлестік сипаттама мына формулаға сәйкес айқындалады:




  Энергия аудитін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

Жүгінген тұлғаның (тапсырыс берушінің) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің жалпы бағалануы

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен


п/п

Бағалау өлшемшарттары

Қазіргі жағдайдың сипаттамасы

Іс-әрекетті бағалау, (өте жақсы/жақсы, қанағаттанарлық, жоқ)

1.

ISO 50001 – 2012 халықаралық стандарты бойынша энергия менеджменті жүйесін енгізу

.


2.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бекітілген іс-шаралар жоспарының немесе энергия аудитін жүргізгенге дейін ерікті негізінде кәсіпорынмен әзірленген энергия үнемдеу бағдарламасының бар болуы



3.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жоспарының орындалуын бағалау



4.

энергетикалық ресурстарды есепке алу және бақылау аспаптарымен жарақтандырылуы, энергия тұтынуды есепке алу автоматтандырылған жүйесінің бар болуы



5.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды іске асыру мәселелері бойынша материалдық және материалдық емес көтермелеудің жүйесінің және бар болуы