Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15180 болып тіркелді

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 27 сәуірдегі
№ 484 бұйрығымен
бекітілген

Сот сараптамалары органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сараптамасы органдарында сот сараптамаларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және сот сараптамалары органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастырудың және жүргізудің шарттарын, сондай-ақ тәртібін айқындайды.

      2. Сот сараптамасы (бұдан әрі – сараптама) шешілуі үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын зерттеу мақсатында жүргізіледі.

      3. Зерттеулер заңды және жеке тұлғалардың жазбаша сұранысы бойынша ғылыми құралдар мен әдістерді пайдалана отырып заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.

      4. Сараптаманы тағайындаудың негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

2-тарау. Сот сараптамаларын жүргізу және ұйымдастыру

      5. Сараптаманы тағайындаған орган (адам) сараптама объектілері мен сараптамалық зерттеулерді жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті өзге де материалдарды аумақтық бөлімшенің басшысына ұсынады, олар дәл сол күні Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидасына (бұдан әрі – № 305 Қағида) (норматитвтік құықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14958 тіркелген) 1, 5-10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Сот сараптамаларын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу журналында тіркеледі.

      Басшы сараптамаға келіп түскен материалдарды олар келіп түскен күні қарастырады және сараптама жүргізу үшін сот сарапшысына (бұдан әрі – сарапшы) береді.

      6. Сараптамалар, келесілерден бөлек жағдайларда арнайы жабдықталған үй-жайларда жүргізіледі:

      сараптамалық зерттеулерді сот талқылауы барысында жүргізу қажет болғанда;

      зерттеуге жататын объектілердің үлкен көлеміне немесе материалдардың ерекшелігіне байланысты оларды ұсыну мүмкін болмағанда.

      Сараптаманы арнайы жабдықталған үй-жайлардан тыс жерде жүргізген кезде сараптаманы тағайындаған орган (адам) сарапшыны объектінің тұрған жеріне жеткізуді, оған кедергісіз қол жеткізуді және сараптамалық зерттеу жүргізуге қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

      7. Күрделі, көпобъектілі, кешенді сараптамаларды жүргізу үшін басшы екі немесе одан көп сарапшылар құрамындағы сарапшылар комиссиясын құрады.

      Комиссиялық сараптама күрделі сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және бір мамандықтың кемінде екі сарапшысы жүргізеді.

      Адам есiнiң дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін кемінде үш сарапшысы бар комиссия тағайындалады.

      Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім салалары негізінде зерттеулер қажет болған жағдайда тағайындалады және оны әртүрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыреті шегінде жүргізеді.

      Кешенді сараптаманы, осы сараптаманы жүргізу үшін қажетті әртүрлі сараптама мамандықтары бойынша біліктілігі бар бір сарапшыға тапсыруға жол беріледі.

      8. Сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмаған немесе оның түйіндері күмән туғызған не сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде процестік нормалар елеулі түрде бұзылған жағдайларда, дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін қайталама сараптама тағайындалады.

      Қайталама сараптама кемінде екі сарапшысы бар және оған алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшы енгізілмеген комиссияға тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшы қайталама сараптаманы жүргізу кезінде оған қатыса алады және комиссияға түсініктер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.

      Қайталама сараптаманы тағайындаудың себептері жеткіліксіз негізделген немесе жалпы ондайсыз болған жағдайда, басшы сараптаманы тағайындаған органға (адамға) сараптама тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеу объектілерін орындаусыз қайтарады.

      Алдыңғы сараптаманың қорытындысынсыз қайталама сараптаманы жүргізуге жол берілмейді.

      Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама, олардың бірі – қосымша сараптамаға, ал басқалары - қайталама сараптамаға жататын бірнеше негіздер бойынша тағайындалса, мұндай сараптама қайталама сараптаманы жүргізу қағидалары бойынша жүргізіледі.

      Қайталама сараптама тағайындалған кезде аумақтық бөлімшенің басшысы үш тәулік ішінде бұл туралы сот сараптамасы органының басшысын хабардар етеді.

      9. Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде анық немесе толық болмаған, сондай-ақ алдыңғы зерттеумен байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттігі туындаған кезде тағайындалады.

      Қосымша сараптаманы жүргізу сол немесе өзге сарапшыға тапсырылуы мүмкін. Қосымша сараптаманы жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға алдыңғы сараптаманың қорытындысы берілуге тиіс.

      10. Сарапшы, басшының өзіне тапсырған сараптамасын өндірісіне қабылдап, ұсынылған материалдар мен зерттеу объектілерін зерделейді және олардың жарамдылығы мен өзінің алдына қойылған сұрақтар бойынша қорытынды беру үшін жеткіліктілігіне көз жеткізеді.

      Сараптама жүргізу үшін ұсынылған материалдар жарамсыз немесе жеткіліксіз болған кезде, сарапшы басшымен келісе отырып сараптама тағайындаған органға (адамға) сараптаманы өз өндірісіне қабылдаған сәттен бастап үш тәулік ішінде, ал көпобъектілі сараптамалар бойынша бес тәулік ішінде қосымша материалдарды ұсынудың қажеттілігі туралы өтінішхат береді.

      Сараптаманы тағайындаған орган (адам) өтініш хатты қанағаттандырғанға дейін сараптама өндірісі Заңда белгіленген мерзімдердің шегінде тоқтатыла тұрады.

      Өтініш хат қанағаттандырылмаған жағдайда сарапшы зерттеуді ұсынылған материалдардың көлемінде жүргізеді, ал олар қорытынды беру үшін жеткіліксіз және жарамсыз болған жағдайда сараптаманы тағайындаған органға (адамға) сараптама тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеу объектілерін орындаусыз қайтарады.

      11. Сараптаманы жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауы тиіс.

      Сараптама күрделілігінің санаттары бойынша мерзімдері Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібімен (норматитвтік құықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14961 тіркелген) айқындалған.

      12. Егер, сараптаманы жүргізу үшін отыз тәуліктен асатын мерзім қажет болса, онда сарапшы іс материалдарымен алдын-ала танысқаннан және сараптама жүргізу үшін қажетті уақыттың тиісті есебін ұсынғаннан кейін, аумақтық бөлімшенің басшысы үш тәуліктің ішінде сараптаманы тағайындаған органға (адамға) сараптама жүргізудің мерзімін ұзарту туралы дәлелді өтінішхат жолдайды.

      Сараптаманы тағайындаған орган (адам) өтінішхатты қанағаттандырмаған жағдайда аумақтық бөлімшенің басшысы басқа аумақтық бөлімшелердің сарапшыларын тарту арқылы сараптаманы жүргізуді ұйымдастырады.

      Бұл ретте сараптаманы жүргізу мерзімі тоқтатылмайды.

      13. Cараптаманы жүргізу мерзімі сараптама жүргізу үшін келіп түскен материалдардың тіркелген күнінен басталады.

      Сараптаманы жүргізу мерзімі оны сот сараптамасы органының кеңсесіне тапсырған күні аяқталады. Егер сараптама жүргізудің белгіленген мерзімі жұмыс емес күніне сәйкес келсе, онда мерзімнің аяқталу күні келесі жұмыс күні болып есептеледі.

      14. Егер аумақтық бөлімшенің басшысы зерттеудің толық еместігін, қате тұжырымдарға, дұрыс рәсімдемеуге әкеліп соғатын сараптама жүргізу кезіндегі әдістемелік және іс жүргізушілік бұзушылықтардың орын алғандығын, не болмаса қорытындының зерттеушілік бөлігі мен тұжырымдары жүргізілген зерттеулердің адалдығына және ғылыми негізділігіне күмән келтіретіндігін байқаған жағдайда, қорытындыны өзгертулер мен нақтылаулар енгізу үшін сарапшыға қайтарады.

      Егер сарапшы өз зерттеулерінің барысы мен ол бойынша жасаған тұжырымдарының дұрыстығынан қайтпаса, онда аумақтық бөлімшенің басшысы аталған кемшіліктерді қорытындыны жолдау хатта көрсетеді.

      15. Зерттеу объектілерін қабылдау, оларды есепке алу және сараптаманы жүргізу кезеңінде оларды сақтау №305 Қағиданың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Сарапшы қорытындысын ресімдеу

      16. Сараптама өндірісінің нәтижелері жазбаша нысанда баяндалады және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделеді.

      Сарапшының қорытындысына, Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға сараптаманы жүргізген сарапшы, не сарапшылар комиссиясы қол қояды, қолтаңбалары сот сараптамасы органының мөрімен куәландырылады.

      Сарапшының қорытындысын безендіретін материалдар (фотокестелер, сұлбалар, кестелер, диаграммалар, слайдтар) қорытындыға тіркеледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Барлық материалдарға сараптама жүргізген сарапшы, не сарапшылар комиссиясы қол қояды, қолтаңбалары сот сараптамасы органының мөрімен куәландырылады.

      Сарапшының қорытындысына сараптама тағайындаған (органға) адамға жіберілетін, сараптаманың шықан күні, процестік шығындары, қорытынды мәтіні мен безендіру материалдары беттерінің саны туралы мәліметтері бар жолдау хат қоса тіркеледі.

      17. Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген бір сұрақтар бойынша сарапшы қорытынды беріп, ал басқалары бойынша қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама жасауға негіз болған жағдайда, бірыңғай құжат – Сарапшының қорытындысы әзірленеді.

      18. Сарапшының қорытындысы өзінің мазмұны мен нысаны бойынша жүргізілген сараптаманың процестік мәртебесін (жеке дара, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді), келіп түскен материалдардың өту тәртібін, зерттеу барысын, алынған нәтижелер мен тұжырымдарды көрсетеді.

      19. Сараптаманың процестік мәртебесіне (жеке дара, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді) қарамастан сарапшы қорытындысы кіріспе, зерттеу, жинақтау бөліктерінен және қорытындыдан тұрады.

      20. Сарапшының қорытындысының кіріспе бөлігі жүргізілген сараптамалық зерттеудің ұйымдастырушылық-басқару тұрғысын көрсетеді. Қорытындының кіріспе бөлігінде:

      келіп түскен күні, сараптаманың жүргізілген жері;

      сараптаманы тағайындаған орган мен лауазымды адам;

      зерттеу объектілерінің тізбесі (заттай дәлелдемелер, сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер, олардың күйі) көрсетіледі.

      Сот-медициналық сараптамасын жүргізу кезінде:

      мәйіттің сараптамасында – қайтыс болған адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) – (бұдан әрі - Т.А.Ә), жасын (егер белгілі болса);

      жәбірленушіге, айыпталушыға және басқа да адамдарға сараптама жүргізгенде - Т.А.Ә, жасын, мекенжайын, жеке басын куәландыратын құжатының мәліметін;

      іс материалдары мен заттай дәлелдемелер бойынша сараптама жүргізген кезде – қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық істің атауы мен нөмірін, томдардың, іс парақтарының санын, сараптамаға келіп түскен объектілер мен үлгілердің тізімін;

      зерттеуге келіп түскен объектілердің жеткізілу тәсілін;

      сараптама жүргізу кезінде оған қатысуға сараптаманы тағайындаған орган рұқсат берген адамдар туралы мәліметтерді (тегі, аты-жөні, процестік мәртебесі);

      сарапшының шешуіне қойылған сұрақтарды көрсету қажет;

      бірнеше сұрақтар болған жағдайда, сарапшы оларды зерттеу жүргізудің ең тиімді ретін қамтамасыз ететін жүйелікке келтіре отырып, бірақ мағыналық мазмұны өзгермейтіндей етіп топтастырады;

      егер қаулыдағы, ұйғарымдағы сұрақ қабылданған ұсынымдарға сәйкес құрылмаған, бірақ оның мағынасы сарапшыға түсінікті болса, онда сұрақты алғашқы тұжырымға келтіргеннен кейін, сарапшы өзінің арнайы ғылыми білімдеріне сәйкес бұл сұрақты қалай түсінетінін түсіндіріп беруі тиіс;

      сарапшы нақты мәліметтер мен жағдайларға құқықтық баға беруді талап ететін немесе оның құзыретіне кірмейтін сұрақтарға жауап берудің мүмкін еместігін көрсететін ескертулерді; ҚПК 79-бабының 3-бөлігінің 5) тармақшасына және ӘҚБК 757-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауабы іс үшін маңызды жағдайларды анықтауға мүмкіндік беретін сұрақты тұжырымдайды (сараптама тағайындаған органмен (адаммен) келісе отырып); оны мәлімдеген және жауабын алған күндерін, оны қарастырудың нәтижесін көрсете отырып қауіпсіздік шараларын қабылдау, сондай-ақ, қосымша материалдарды жеткізіп беру жөніндегі өтінішхаттар туралы мәліметтерді; оны мәлімдеген және жауабын алған күндері, қарастырудың нәтижесі туралы мәліметтерді көрсете отырып, зерттеу объектісінің түрін өзгертуге немесе жоюға рұқсат беру жөніндегі өтінішхат туралы мәліметтерді; сараптама жүргізуді тоқтата тұру туралы мәліметтерді; келіп түскен құжаттарға мекеменің тиісті бұрыштамаларымен белгі қойылғандығын көрсетеді;

      сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер: Т.А.Ә (ол болған кезде), білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы, сарапшылық мамандығы, сарапшылық жұмыс өтілі;

      көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы жөнінде сарапшының ескертілгендігі туралы сілтеме көрсетіледі.

      21. Қосымша сараптаманы жүргізу кезінде сарапшы қорытындысының кіріспе бөлігінде, осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мәліметтерден бөлек, сараптаманың қосымша екендігі атап өтіледі, алдыңғы сараптама туралы мәліметтер беріледі: қорытындының нөмірі мен шыққан күні, сарапшының тегі мен аты-жөні, сараптама мекемесінің атауы хабарланады, шешуге қойылған сұрақтар, олар бойынша берілген тұжырымдар мен қосымша сараптаманы тағайындаудың себептері келтіріледі.

      Қайталама сараптаманы жүргізу кезінде сарапшылар қорытындысының кіріспе бөлігінде, осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мәліметтерден бөлек, қайталама сараптама екендігі ескертіледі, алдыңғы сараптама туралы мәліметтер: қорытындының нөмірі мен шыққан күні, сарапшының тегі мен аты-жөні, сараптама мекемесінің атауы, алдыңғы сараптаманың тұжырымдары мен қайталама сараптаманы тағайындаудың уәждері баяндалады.

      Комиссиялық сараптаманы жүргізу кезінде сарапшылар қорытындысының кіріспе бөлігінде, сараптама комиссиялық екендігі атап өтіледі және оның өткізілген орны (бір немесе бірнеше зертхана, лицензиясы бар сарапшы, шет мемлекеттің сарапшысы туралы мәліметтер) көрсетіледі.

      Кешенді сараптаманы жүргізу кезінде сарапшы қорытындысының кіріспе бөлігінде, осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мәліметтерден бөлек, сараптаманың кешенді екендігі атап өтіледі, оның өткізілген орны (бір немесе бірнеше бөлімшелер, мекемелер, лицензиясы бар сарапшы, шет мемлекеттің сарапшысы туралы мәліметтер) көрсетіледі.

      22. Сарапшы қорытындысының зерттеу бөлігінде зерттеудің бүкіл барысы мен оның нәтижелері баяндалады, анықталған нақты мәліметтер мен жағдаяттарға ғылыми негіздеме беріледі.

      Зерттеу бөлігі, саны мен ерекшелігі сарапшылық мамандықтың ерекшелігімен, нақты объектілерді зерттеу әдістемесімен және тікелей сол объектінің ерекшелігімен айқындалатын бірнеше тараулардан тұрады.

      Зерттеу бөлігінде:

      қорытынды беру үшін елеулі мәні бар және сарапшының бастапқы деректер ретінде қабылдаған істің жағдаяттары;

      сараптама жүргізу кезінде пайдаланылатын нормативтік құқықтық, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттердің тізімі;

      сараптамалық зерттеу объектілері күйінің, олардың орамының сипаттамасы;

      сарапшылық қарап шығудың, эксперименттерді жүргізудің және сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді алудың мақсаты, шарттары мен нәтижелері;

      пайдаланылған сараптамалық зерттеу әдістерін сипаттау, оларды қолданудың техникалық шарттары, алынған нәтижелері;

      нормативтік және анықтамалық материалдарға, компьютерлік мәліметтер базасына, есептік бағдарламаларға сілтемелер, сондай-ақ безендірулерге, қосымшаларға сілтемелер мен оларға қажетті түсіндірмелер;

      тергеу әрекеттерінің нәтижелері, егер олардың тұжырымдарды негіздеу үшін мәні бар болса;

      тұжырымдарды құрастыруға негіздеме ретінде зерттеудің жекелеген кезеңдерін және жалпы барлық алынған нәтижелерді сарапшылық бағалау көрсетіледі.

      Безендіру материалдарын ресімдеу кезінде безендірулерді сарапшы қорытындысы мәтінінің арасында орналастыруға жол беріледі. Бұл ретте, қорытындының зерттеу бөлігінде пайдаланылған құрылғылардың, бағдарлық қамтылымдардың қысқаша сипаттамасы, суреттері бар файлдың атауы мен көлемін көрсете отырып суреттерді алу мен басып шығару тәртібі келтіріледі.

      Қорытындының зерттеу бөлігінде объектілермен және үлгілермен жүргізілген барлық іс-әрекеттерді көрсету қажет. Егер қойылған кейбір сұрақтарға жауап беру мүмкін болмаған жағдайда, оның себептері зерттеу бөлігінде баяндалады.

      Зерттеу бөлігі, сарапшылық білімі жоқ адамдар үшін қосымша түсіндіру мен түсіндірмені қажет етпейтін терминдермен және ұғымдармен баяндалады.

      Зерттеу әдістемесі, сарапшының оны толық қолданғанын бағалауға мүмкін болатындай, ал тұжырымдардың дұрыстығын тексеру қажет болғанда барлық зерттеуді қайталауға болатындай етіп сипатталады.

      Сараптаманы жүргізген кезде, бекітілген әдістемелермен бірге сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға міндетті болып табылатын ақпарат көздері де пайдаланылады, атап айтқанда нормативтік құқықтық және құқықтық актілер.

      Сараптама жүргізу кезінде, қажет болған жағдайларда Интернет жүйесінің ақпараттық мәліметтер базасы, сонымен қатар мамандандырылған бағдарламалық өнімдер де пайдаланылады.

      23. Егерде сарапшы қосымша сараптама жүргізген кезде бұның алдында жүргізілген сараптама кезінде пайдаланылған әдістемелер мен құралдарды пайдаланып, сондай нәтижелерге қол жеткізген болса, онда ол қосымша сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде бұрынырақ жүргізілген зерттеудің барысы мен нәтижесін баяндамай алдыңғы сараптамаға сілтеме жасауына болады.

      Кешенді сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде әр сарапшының зерттеулері бөлек баяндалады. Жеке дара зерттеулерді бағалаудың нәтижелері мен солардың негізінде жасалған жеке тұжырымдар да бөлек баяндалады (аралық жинақтаушы бөлік). Кешенді зерттеудің нәтижелерін бірлесе бағалау қорытындының зерттеу бөлігінің соңында, яғни жинақтаушы бөлігіндегі тұжырымдардың алдында баяндалады. Кешенді сараптаманы жүргізген кезде бір ортақ қорытынды (немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама) жасалады. Сараптаманың қорытындысында әр сарапшының қандай зерттеулер жүргізгені және олардың қандай деректерді анықтағаны көрсетіледі. Әр сарапшы жалпы қорытындыға, не өзі жеке өткізген зерттеулердің барысы мен нәтижелерін көрсететін бөлікке қол қояды. Комиссиялық сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде сарапшылар бір пікірге келе отырып, ортақ қорытынды жасайды. Келіспеушілік болған жағдайда әр сарапшы немесе сарапшылар тобы жеке сараптама қорытындысын (немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама) жасайды. Қайталама сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде сарапшылар бір пікірге келе отырып, ортақ қорытынды жасайды. Келіспеушілік болған жағдайда әр сарапшы өз тұжырымдарына қол қояды.

      24. Қорытындының жинақтау бөлігі барлық жүргізілген зерттеудің жалпы қорытындысын көрсетеді және мына жағдайларда жеке тарауға бөлінеді:

      объектілердің бірталай мөлшерін зерттегенде;

      әдістер кешенін пайдаланғанда, зерттеуі ахуалды шешудің деңгейіне шығатын күрделі объектілер болғанда;

      кешенді, комиссиялық және қайталама сараптамалар болғанда.

      25. Сарапшы қорытындысының тұжырымдарында сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауаптар баяндалады. Қойылған әрбір сұраққа мәнісі бойынша жауап қайтарылады, не оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.

      Тұжырымдарды құрастыру, олардың мағыналық мазмұндары қойылған міндеттерге (сұрақтарға) сәйкес келетіндей және әртүрлі түсініктер беруге жол бермейтіндей етіп жүзеге асырылады.

      Егер тұжырымды, зерттеу бөлігінде баяндалған және қойылған сұрақтарға жан-жақты жауабы бар зерттеу нәтижелерін тыңғылықты сипаттаусыз құрастыру мүмкін болмаса, онда қорытындының осы бөлігіне сілтеме жасауға жол беріледі.

      Егер сарапшылар бір пікірге келсе, комиссиялық, қайталама сараптамалардың тұжырымдарына сарапшылар комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Объектілерді зерттеудің қандай-да бір тармағының алынған нәтижелерін бағалау мәселесі бойынша комиссияда келіспеушілік туындаған жағдайда, тұжырымдардың аталған тармағы бөлініп көрсетіледі және сарапшы оған жеке өзі қол қояды.

      Ауқымында зерттеу жүргізілген сарапшылық мамандықтың ерекшелігіне сәйкес алынған нәтижелерден шығатын кешенді сараптаманың тұжырымдарына әрбір сарапшы жеке өзі қол қояды.

      Егер зерттеу барысы мен әр түрлі сарапшылық мамандықтардың білімдерін пайдалану шеңберінде алынған нәтижелер бір-біріне қарама-қайшы болмайтын және болған оқиғаның механизмін ашатын бірыңғай тұжырымды қалыптастыруға негіз болатын жағдайда, зерттеудің әрбір бағыттары бойынша тұжырымдар баяндалғаннан кейін, осы бірыңғай тұжырымға сарапшылар комиссиясының барлық мүшесі қол қояды.

      26. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама үш бөліктен: кіріспе, дәлелдеу және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлігінде сарапшы қорытындысындағыдай мәліметтер баяндалады. Дәлелдеме бөлігінде әрбір сұрақ бойынша қорытынды берудің мүмкін еместігінің себептері егжей-тегжейлі баяндалады. Қорытынды бөлігінде сарапшының алдына қойылған әрбір сұрақ бойынша жауап берудің мүмкін еместігіне сілтеме жасалады.

      27. Зерттеу аяқталғаннан кейін, объектілерге (құжаттарға, хаттамаларға, сызбаларға), сондай-ақ, заңнамаға сәйкес бөтен белгілер қоюға жол берілмейтін құжаттардан (паспорт, жеке куәлік, бағалы қағаздар, "құпия", "ҚБПҮ" белгілері бар құжаттар) бөлек, бастапқы мәліметтері бар істің басқа да материалдарына аумақтық бөлімшелер бұрыштама таңбасы басылады. Сараптамалық зерттеу үшін үлгі ретінде ұсынылған объектілерге "ҮЛГІ" бұрыштама таңбасы басылады.

      28. Сараптама өндірісі аяқталғаннан кейін сарапшы қорытындысы (қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама), зерттеу объектілері мен үлгілер кеңсеге немесе сақтау камерасына тапсырылуға жатады, ол жөнінде № 305 Қағидаға 1, 5-10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Сот сараптамаларын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу журналына белгі қойылады.

4-тарау. Зерттеулерді жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу

      29. Заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері келіп түскен кезде сот сараптамасы органында ғылыми құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, бұл жағдайда мамандар ретінде сарапшылар орындайтын келісім шарт негізіндегі зерттеулер жүргізіледі.

      30. Зерттеу жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу сот сараптамаларын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеуге ұқсас жүзеге асырылады.

      31. Зерттеулердің нәтижелері жазбаша түрде баяндалады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Маман қорытындысы" нысанында ресімделеді.

      Маман қорытындысы маманның атынан құрастырылады және сот сараптамасы органының мөрімен куәландырылады, оған сарапшы маман ретінде қол қояды.

      32. Маман қорытындысы үш бөліктен: кіріспе, зерттеу бөліктерінен және тұжырымнан тұрады. Кіріспе бөлігінде осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген сарапшы қорытындысындағыдай мәліметтер баяндалады.

      33. Зерттеу бөлігінде зерттеу барысы мен оның нәтижелері баяндалады, анықталған фактілерге негіздеме беріледі. Сарапшы қорытындысындағы баяндаумен салыстырғанда, ондағы зерттеу барысын тым қысқаша баяндауға рұқсат етіледі.

      Маман қорытындысының тұжырымдарында қойылған сұрақтарға жауаптар баяндалады. Қойылған сұрақтардың әрқайсысына мәнісі бойынша жауаптар беріледі, не оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі. Тұжырымдардың мағыналық мазмұны қойылған сұрақтарға сәйкес болуы тиіс.

      34. Маман қорытындысы мәтіндік қосымшалармен, не зерттеу барысы мен алынған нәтижелерді безендіретін фотокестелер, ксерокөшірмелер, сызбалар, кестелер, схемалар, графиктер түріндегі безендіру материалдарымен қоса берілуі мүмкін. Безендірулерге маман қол қояды және мөрмен куәландырылады.

      35. Маман қорытындысы екі данада құрастырылады. Бірінші данасы өтініш берушіге жолданады, екіншісі сот сараптамасы органының бақылау өндірісінде сақталады.

5-тарау. Сот сараптамаларын тағайындаудың ерекшеліктері

      36. Осы тарауда зерттеу мәні, объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейлері, сондай-ақ сараптаманың белгілі бір түрінің шеңберінде шешілетін типтік сұрақтардың тізбесі келтірілген. Сараптамалық зерттеудің әр түрі бойынша сараптама жүргізу үшін ұсынылатын материалдарды дайындау жөніндегі ұйымдастырушылық және әдістемелік ұсынымдар әзірленген. Сараптаманың әр түріне қатысты сарапшының қарауына ұсыну қажет болатын объектілер мен материалдар және ол шешетін сұрақтар көрсетілген.

1-параграф. Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу (1.1)

      37. Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеудің мәні - қолжазбалық құжаттарды, жазбалар мен қолтаңбаларды зерттеу кезінде арнайы ғылыми білімдердің көмегімен белгілі бір фактілерді, жағдайларды анықтау болып табылады.

      38. Сот-жазутану сараптамасының тікелей объектілері - зерттеуге жататын қолжазба мәтіндері немесе олардың бөліктері, жазбалар (әріптік немесе сандық) және құжаттардың түпнұсқасындағы жазуды әдейі өзгертумен байланысты немесе байланысты емес, жазып отырған адамға үйреншікті немесе үйреншікті емес жағдайда орындалған қолтаңба болып табылады.

      39. Сот жазутану сараптамасының шешетін міндеттері сәйкестендірушілік, диагностикалық және жіктеушілік болып үш сыныпқа бөлінеді.

      Сәйкестендірушілік – бұл қолмен жазылған мәтіндерді, мәтіннің жеке үзінділерін, жазбаларды (әріптік немесе сандық) және қолтаңбаларды нақты орындаушыны жеке теңдестірудің болуы немесе болмауы фактісін анықтау, сондай-ақ әртүрлі мәтіндерді, мәтіндердің жекелеген үзінділерін, жазулар мен қолтаңбаларды бір немесе бірнеше адамдардың орындау фактісін анықтау жөніндегі міндеттер.

      Сәйкестендірушілік міндеттер шеңберінде мынадай сұрақтар шешіледі:

      құжаттың қолмен жазылған мәтінін кім орындаған (оның атауы және деректемелері), А. немесе басқа адам ба;

      зерттелетін құжатта (оның атауы және деректемелері, бағаны, қатары, қай сөзден кейін) орналасқан А.-ның атынан орындалған қолтаңбаны кім орындаған, А.-ның өзі ме жоқ Б.,В.-ма;

      (құжаттың атауы және деректемелері, баған, қатар, қай сөзден кейін) орналасқан ойдан шығарылған (анықталмаған) адамның атынан орындалған қолтаңбаны кім орындаған, А.-ма, әлде басқа адам ба;

      белгілі мәтінге қосылып жазылған жеке сөздерді, сандарды кім орындаған, А.-ма, әлде басқа адам ба;

      бірнеше құжаттардағы мәтіндерді, қолтаңбаларды немесе бір құжаттағы мәтіннің жекелеген бөліктерін бір немесе бірнеше адам орындаған ба.

      Диагностикалық – бұл жазудың әдеттен тыс ішкі (толқу, күйзелу жағдайы, ауру, алькогольді мас болу, жасқа байланысты өзгерістер және тағы басқа) және сыртқы (жазған қолдың, жартылай жатқан кездегі қолайсыз жағдайы, көлеңке бөлме, қозғалыстағы транспорт және тағы басқа) жағдайдың орындаушыға әсер ету фактісін анықтау жөніндегі міндеттер.

      Диагностикалық міндеттерді шешу кезінде мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:

      зерттелетін жазбада және құжаттағы (атауы және деректемелері) қолтаңбада жазудың әдеттен тыс орындалуының белгілері бар ма;

      мәтін (қолтаңба) әдеттен тыс күйде немесе әдеттен тыс жағдайларда; егде немесе қарт адам; сол қолмен (әдетте оң қолмен жазу қалыптасқан жағдайда); нақты адамның жазуына (қолтаңбасына) ұқсатып әдейі өзгертілген жазумен орындалған ба;

      зерттелетін құжаттағы (атауы және деректемелері, бағаны, қатары, сөзден кейін) қолжазба мәтіні немесе қолтаңба әдейі өзгерту жолымен орындалған ба.

      Жіктеушілік міндеттер орындаушының жазуын белгілі бір жынысқа, жасқа қатыстылығын анықтаумен байланысты.

      Жіктеушілік міндеттер шеңберінде мынадай сұрақтар шешіледі:

      зерттелетін құжаттың мәтінін қай жынысқа жататын адам орындаған;

      40. Сараптаманың бұл түрін табысты шешу үшін зерттеу объектілері мен үлгілерін ұсынудың бірқатар талаптарын сақтау қажет.

      41. Мәтіндер мен жазбаларды зерттеген кезде сарапшыға мыналар ұсынылады:

      1) әрбір құжаттың барлық деректемелері мен оның басқа да ерекшеліктері көрсетіле отырып зерттелетін құжаттардың түпнұсқалары;

      2) оған қатысты сұрақтар қойылған адамның жазуларының кем дегенде 10-15 құжаттағы еркін үлгілері;

      жазуының шартты-еркін үлгілері;

      жазуының кем дегенде 5-10 парақтағы эксперименттік үлгілері.

      42. Қолтаңбаны зерттеу үшін:

      1) зерттелетін қолтаңбалар орналасқан құжаттардың түпнұсқалары, олардың атаулары мен деректемелері, қолтаңбалардың орналасқан орны, олар кімнің атынан қойылғаны Т.А.Ә. міндетті түрде көрсетіле отырып;

      2) адамның кем дегенде 10-15 құжаттағы қолтаңбаларының еркін үлгілері;

      қолтаңбалардың шартты-еркін үлгілері;

      бір парақта 20-30 қолтаңбадан кем дегенде 10 парақтағы қолтаңбалардың эксперименттік үлгілері;

      3) болжамды орындаушылардың жазуы мен қолтаңбаларының еркін, шартты-еркін және эксперименттік үлгілері.

      Қолтаңбаларды, қысқа және цифрлық жазбаларды сәйкестендірушілік зерттеу еркін үлгілерсіз жүргізілмейді.

      Ойдан шығарылған адамның атынан орындалған қолтаңбаны зерттеген кезде - зерттелетін қолтаңбаны болжамды орындаушының жазуы мен қолтаңбасының еркін және эксперименттік үлгілері, сараптаманы тағайындау туралы қаулыда немесе ұйғарымда зерттелетін қолтаңба ойдан шығарылған адамның атынан орындалғаны міндетті түрде көрсетіліп және зерттелетін қолтаңбаның иесі ойдан шығарылған адам екендігін растайтын құжат ұсыныла отырып ұсынылады.

      43. Жазу мен қолтаңбаның еркін үлгілері болжамды орындаушының, ол бойынша сараптама жүргізіліп жатқан іспен байланысты емес және орындаушы олардың сот-жазутану сараптамасын жүргізу үшін салыстырмалы материалдар ретінде пайдаланылатынын болжамаған, осы іс қозғалғанға дейін орындаған мәтіндері мен қолтаңбалары болып табылады.

      44. Шартты-еркін үлгілер дегеніміз – арнайы сараптама үшін емес, іс басталғаннан кейін және онымен байланысты (әртүрлі түсініктемелер, арыздар, шағымдар және басқа құжаттар) орындалған қолжазбалар мен қолтаңбалар.

      45. Жазу мен қолтаңбаның эксперименттік үлгілері дегеніміз – арнайы сараптама жүргізу үшін анықтауды жүргізіп жатқан адамның, тергеушінің, прокурордың немесе судьяның тапсырмасы бойынша орындалған мәтіндер, цифрлық жазбалар мен қолтаңбалар. Жазу мен қолтаңбаның эксперименттік үлгілерін айтып жаздыру арқылы немесе қандай-да бір мәтінді өз бетінше орындауды ұсыну жолымен алу қажет. Нақты бір жағдайларға байланысты, үлгілерді айтып жазу арқылы алған кезде, анықтауды жүргізіп жатқан адам, тергеуші, прокурор немесе судья зерттелетін құжаттың мәтінін толығымен айтып жаздыру немесе бұл мақсатта арнайы мәтін құрастыруы мүмкін. Қандай-да бір себептер бойынша зерттелетін құжаттың мәтінін қолтаңбасының үлгілері алынатын адамға хабарлау орынсыз болатын жағдайда, мұндай мәтінді құрастырған кезде, оған зерттелетін құжаттың мәтініндегі сөздерді қосу қажет.

      46. Баспа әріптермен немесе арнайы шрифтпен орындалған мәтіндерді зерттеу қажет болған кезде сараптамаға кәдімгі шапшаң жазумен орындалған үлгілерден бөлек, осындай шрифтпен орындалған үлгілер де ұсынылады. Бұл ретте, үлгілер алынатын адамға шрифтіні зерттелетін құжаттың өзінен көшіріп алуды ұсыну қажет емес.

      Мәтіннің сол қолмен орындалғаны туралы мәліметтер бар болғанда, оң қолмен орындалған үлгілерден бөлек, сол қолмен орындалған үлгілерді де алу қажет.

      Егер, сараптаманы тағайындаған адамға зерттелетін құжаттың қандай-да бір әдеттен тыс жағдайларда (мысалы: жазатын қолдың ыңғайсыз орналасуы, жылжып келе жатқан көлік және тағы басқа) орындалғаны туралы мәліметтер белгілі болса, онда үлгілерді соларға ұқсас жағдайларда алу қажет және бұл туралы сарапшыны хабардар ету керек.

      47. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың тілінде орындалған мәтіндерді зерттеген кезде, сараптамаға зерттелетін мәтіндегідей әліпбиді пайдаланып, сол тілде орындалған үлгілерді жолдау қажет. Зерттелетін мәтін неғұрлым қысқа болса, зерттеу үшін соғұрлым көп үлгілер ұсыну қажет.

      48. Қолтаңбаның эксперименттік үлгілері қағаздың жеке парағына, бір параққа 20-30 қолтаңбадан алынуы қажет. Болжамды орындаушылардың қолтаңбаларының эксперименттік үлгілерінде міндетті түрде зерттелетін қолтаңба иесінің Т.А.Ә. болуы тиіс.

      49. Жазудың, цифрлық жазбаның және қолтаңбаның еркін және эксперименттік үлгілері зерттелетін құжаттарға мазмұны мен нысаны бойынша, оларды орындау шарттары бойынша, қағаздың, бояуының сапасы бойынша, жазу аспабының түрі бойынша сәйкес болуы тиіс, ал еркін үлгілер, бұлардан бөлек оларды орындау уақыты бойынша да сәйкес болуы тиіс.

      50. Қолтаңбалары қалыптаспаған адамдардың, сондай-ақ қарт (егде) жастағы және ауыр сырқаттармен ауыратын адамдардың қолтаңбаларының еркін үлгілері орындалу уақыты бойынша зерттелетін құжатқа барынша жақын болуы тиіс.

      Бұдан бөлек, орындаушыға әдеттен тыс жағдайдың (денсаулық жағдайы, көзінің жағдайы, шаршауы, салқындауы, мас болуы, мазасыз жағдайы, стресі, жасы бойынша өзгерістері және тағы басқа) әсер етуі фактісін анықтау жөніндегі диагностикалық міндетті шешкенде, болжамды орындаушының денсаулық жағдайы (құжатқа қол қойғанға дейінгі және қою сәтіндегі), көзінің жағдайы туралы, орындаушының жасы туралы және тағы басқа деректерді ұсыну қажет.

      51. Сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) сараптама жүргізу үшін салыстырмалы материал ретінде ұсынылып отырған еркін үлгілердің дұрыстығын (шығу тегінің күмәнсыздығын) тексеруі қажет. Жазу мен қолтаңбаның еркін үлгілерінің дұрыстығы, оларды соның атынан орындалған адамға ұсыну жолымен анықталады, ерекше жағдайларда (ауыр сырқат, адамның өлімі, хабар-ошарсыз жоқ болу) оларды бұл адамның жазуын, қолтаңбасын жақсы білуі мүмкін адамдарға ұсыну жолымен анықталуы мүмкін.

      Еркін үлгілер, оларды шынымен де белгілі бір адамның орындағандығы фактісін тексергеннен кейін, ал эксперименттік үлгілер – оларды алғаннан кейін сараптаманы тағайындайтын адамның куәландыру жазуымен куәландырылады.

      52. Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) сараптама мәніне қатысы бар белгілі болған жағдаяттар (зерттелетін құжатты, үлгілерді орындау жағдайлары; зерттелетін мәтінді (қолтаңбаны) орындаушының оларды орындау сәтіндегі жасы, күйі (отырып, түрегеп тұрып және тағы басқа) туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

2-параграф. Құжаттарды сот-техникалық зерттеу (1.2)

      53. Құжаттарды сот-техникалық зерттеудің мәні - хат материалдарының қасиеттеріндегі және құжаттар деректемелерінің белгілеріндегі, оларды дайындау жағдаяттары, олардағы өзгертулерді енгізу тәсілдері туралы, сондай-ақ құжаттарды дайындау немесе оларға өзгертулер енгізу үшін пайдаланылған заттар мен материалдар туралы нақты мәліметтерді анықтау болып табылады.

      54. Құжаттардың сот-техникалық сараптамасының объектілері болып келесілер табылады:

      құжаттар (олардың деректемелері мен материалдары);

      құжаттарды (толық немесе жекелеген үзінділерін) дайындауға, не бұрын дайындалған құжаттарға өзгертулер енгізуге арналған құрылғылар;

      құжаттар дайындауға, не бұрын дайындалған құжаттарға өзгертулер енгізуге арналған заттар.

      Құжаттың деректемелері - баспа мәтіндер (баспаханалық, машинкаға басылған, көшіргіш-көбейткіш және компьютерлік техникамен алынған); қолжазба мәтіндер (жазбалар, қолтаңбалар, сандық және өзге белгілер); куәландырғыш баспа нысандарының бедерлері (мөрлердің, бұрыштамалардың); құжаттардағы фотосуреттер (бастапқы фотосуреттің басқа адамның бейнесімен ауыстырылу туралы болжам пайда болған кезде) және тағы басқа.

      Құжаттың материалдары – құжаттың негізі (қағаз, картон, қағаз негізіндегі басқа материалдар); штрихтар мен бедерлердің бояғыш заттары; қосымша заттар (желім, сүргіш); түзету заттары (техникалық қателерді жөндеу үшін құжаттарда қолданылатын); құжаттың жекелеген үзінділерін жауып тұратын заттар (дақ, үстінен сызу сызығы); егер құжаттың сол не басқа үзіндісі өңдеуге ұшыраса, өңдеу заттарының қалдықтары.

      Құжаттарды дайындау үшін (толық немесе жекелеген үзінділерін), не бұрын дайындалған құжаттарға - мөрлерге, мөртабандарға өзгертулер енгізуге арналған құрылғылар; әртүрлі баспа құрылғылары (баспа машинкалары, принтерлер, МФУ және тағы басқа), жазу құралы (қаламұш, шарикті, гельді және капиллярлы қаламдардың жазу тораптары, қарандаштар, фломастерлер); компостерлер, перфораторлар.

      Құжаттарды дайындауға арналған (толық немесе жекелеген үзінділері), не бұрын дайындалған құжаттарға өзгерту енгізуге арналған құралдар – мөрлер, мөртабандар;

      әртүрлі баспа құрылғылары (баспа машиналары, принтерлер, МФУ және тағы басқа), жазу құралдары (құс қауырсыны, шарлы, гельді және капиллярды қаламсаптардың жазушы түйіндері, қаламдар, фломастерлер);

      компостерлер, перфораторлер.

      Құжаттар және бұрын дайындалған құжаттарға өзгерту енгізуге арналған заттар - қағаз, картон және құжат негізінің материалдары;

      құжаттың сол не өзге деректемелерін басқан бояғыш заттар (сия, паста, баспаханалық бояу, тонер, жазу машинкасының лентасы, көшіргіш қағаз);

      құжаттың сол не өзге деректемелерін басқан бояғыш заттар (сия, паста, баспаханалық бояу, тонер, жазу машинкасының лентасы, көшіргіш қағаз);

      түзету заттары ("штрих" пастасы, арнайы қағаздың ақ қабаты);

      құжаттың үзінділерін (жазбаларды, бедерлерді) түссіздендіру, не жою үшін пайдаланылатын реактивтер, еріткіштер.

      55. Құжаттардың сот-техникалық сараптамасының міндеттері:

      құжатты және оның жекелеген бөліктерін дайындау тәсілін анықтау;

      құжаттың мазмұнын өзгерту фактісі мен тәсілін анықтау;

      нашар көрінетін және көрінбейтін жазбаларды қалпына келтіру;

      құжаттың бастапқы түрін анықтау;

      құжаттың ықтимал дайындалу уақытын анықтау;

      құжаттың дайындау, не мазмұнына, сондай-ақ оның орындаушысына өзгерістер енгізу үшін қолданылған құралдарды, жабдықтарды, керек-жарақтар мен материалдарды сәйкестендіру болып табылады.

      56. Сараптаманың осы түрі шешетін сұрақтар:

      1) Қолжазба жазуларының бастапқы мазмұны өзгертілген құжаттардың сараптамасы:

      құжаттағы жазбалар (нақты бөлігі көрсетіледі) кандай да бір өзгеріске – мәтіндегі жеке штрихтар, цифрлар, сөздер тазартуға, өңдеуге, қосып жазуға, сандар, әріптер желімдеуге ұшырамаған ба; егер ұшыраған болса, бастапқы жазбалардың мазмұны қандай.

      2) Қайта желімдеуді анықтау мақсатында құжаттарға сараптама жүргізу:

      Фотосуретті, марканы ауыстыру немесе құжаттардың жеке үзінділерін (парақтарды) желімдеп жапсыру орын алған ба.

      3) Сұйықтық құйылып кеткен, сызылған, жоқ болып кеткен және басқа да оқылмайтын мәтіндердің мазмұнын анықтау жөніндегі сараптама:

      көрінбейтін сиямен жазылған құжаттың, жазбалардың өңі кеткен, жоқ болып кеткен, сызылған, үстінен желімделген, сұйықтық құйылып кеткен мәтіндерінің немесе өзге де деректемелерінің мазмұны қандай;

      сорғыш қағаздағы немесе көшіргіш қағаздағы жазуларда, не басылған іздерде бейнеленген мәтіндерінің мазмұны қандай.

      4) Өртеп жіберілген құжаттардың сараптамасы:

      өртеп жіберілген құжаттардың парақтарындағы жазбалардын мазмұны қандай;

      өртеп жіберілген парақтар қай құжатқа (төлкұжатқа, еңбек кітапшасына, жеке куәлікке) жатады.

      5) Мөрлер мен мөртабандар бедерлерінің сараптамасы:

      құжаттағы мөрлер, бұрыштамалар бедерлері мәтіндерінің мазмұны қандай;

      осы құжаттағы мөрлердің, бұрыштамалардың бедерлері қандай тәсілмен түсірілген;

      зерттелетін құжатқа (бірнеше құжаттардағы) осы мөрмен, бұрыштамамен бедерлер түсірілген бе;

      бедерлер бір клишемен түсірілген бе;

      күдіктіден алынған клише бір түпнұсқа-макеттен дайындалған ба;

      құжаттағы мөр бедерін түсіру уақытының аралығы құжатта ұсынылған, мынандай күнмен (дауланып отырған жылдарды көрсету керек) белгіленген мөр бедерін түсіру уақытының аралығына сәйкес келе ме;

      клише бедерін түсіру үшін айыпталушыдан алынған компьютерлік құрал-жабдықтар пайдаланылған ба.

      6) Машинкаға басылған мәтіндердің сараптамасы:

      құжат басылған жазу машинкасының түрі, жүйесі, моделі қандай;

      машинкамен жазылған мәтін осы жазу машинкасында басылған ба;

      құжаттың немесе бірнеше құжаттардың жеке үзінділері бір немесе әр басқа машинкада басылған ба;

      ұсынылған машинкамен жазылған мәтін қай данасы болып табылады және бір мезгілде басылған даналарының салымдағы саны қанша;

      көшірме қағаз арқылы орындалған құжаттың басылып шыққан даналары бір немесе әр басқа салымдарда басылған ба;

      көшірме қағазда бар мәтін осы жазу машинкасында басылған ба;

      осы машинканың жазу таспасы мәтінді басуға қолданылған ба;

      жекелеген сөздер, әріптер, цифрларды қосып басу жолымен құжаттың мазмұны өзгертілген бе.

      7) Компьютерлік және көшірме-көбейткіш техникасымен дайындалған құжаттардың сараптамасы:

      құжат ДК баспа құрылғысының қандай типінен, түрінен басылып шығарылған;

      құжаттың мәтіні осы принтерде орындалған ба;

      құжат немесе бірнеше құжат мәтінінің жеке үзінділері бір немесе әр басқа принтерлерде орындалған ба;

      айыпталушыдан алынған осы кұжат, көшірмені дайындау үшін сканерленетін түпнұсқа ретінде пайдаланылған ба;

      айыпталушыдан алынған компьютерлік құрал-жабдықтар құжаттың мәтінін алу үшін пайдаланылған ба;

      құжаттардың көшірмесі бір немесе әр түрлі көшірме-көбейткіш аппараттан алынған ба;

      құжаттың ксерокөшірмесінің мазмұнына, оны әр түрлі құжаттардың құрамдас бөліктерінен монтаждау жолымен өзгерту жүргізілген бе;

      құжат мазмұнына мәтіннің жекелеген үзінділерін қосып жазу жолымен өзгерту жүргізілген бе;

      құжаттардың мәтіндік бейнелері осы факсимильдік аппараттардан алынған ба.

      8) Бланкілердің және өзге де баспаханалық өнімдердің сараптамасы:

      құжаттың осы бланкісін (немесе күдіктіден алынған әдебиетті) дайындау кезінде көбейткіш техниканың қандай тәсілі мен түрі пайдаланылған;

      бланкіні (қолмен немесе линотиппен, стереотиппен, цинкографиялық клишемен терілген) дайындау үшін баспа қалыбының қай түрі қолданылған;

      баспа қалыптары (стереотиптер) бір түпнұсқадан дайындалған ба, терілген жолдар нақтылы линотипте құйылған ба, терілім баспахананың нақты қаріптік кассасынан алынған әріптердің көмегімен құрастырылған ба;

      зерттеуге ұсынылған барлық құжаттар, әдебиеттер бір тәсілмен дайындалған ба;

      ұсынылған құжаттар, әдебиеттер бір терілімнен, стереотиптен, клишеден басылған ба;

      зерттеуге ұсынылған кітап қандай тәсілмен қапталған;

      баспаханалық бұйым немесе ұйым (мекеме) жасап жатқан құжаттар топтамасы оның құрамдас үзінділерін (парақтарын, бланкілерін) ауыстыру арқылы қайта капталған ба;

      әдебиет бір түптегіш машинасының көмегімен қапталған ба;

      зерттеуге ұсынылған әдебиетті дайындау кезінде осы түптегіш машинасы қолданылған ба;

      парақтар қандай тәсілмен кесілген;

      барлық ұсынылған әдебиеттің кітап топтамаларын кесу кезінде осы қағазкесу пышағы қолданылған ба;

      кітап түптеуді, парақтарын, өңірбетін дайындау үшін материалдардың қандай түрі (қағаз, желім, дерматин) пайдаланылған;

      айыпталушыдан алынған қағаз, дерматин, ледерин, желім және де басқа материалдар кітап түптеуге, өңірбетін, ішкі парақтарын дайындау үшін пайдаланылған ба.

      9) Компостер таңбаларының, касса чектері мен өзге де құралдардың сараптамасы:

      касса чектерінде, жеделхаттарда, компостер бедерлеріндегі таңбаларда қандай да бір өзгерістер бар ма;

      егер бар болса, онда қандай тәсілмен жасалған және бастапқы таңбалары қандай;

      зерттеуге ұсынылған чектер (жеделхаттар) басылған бақылау-кассалық машинасының (телеграф аппараты) түрі мен моделі қандай;

      зерттеуге ұсынылған чектер (жеделхаттар) осы бақылау-кассалық машинасында (телеграф аппаратында) басылған ба;

      ұсынылған бедерлер осы компостердің көмегімен алынған ба;

      зерттеуге ұсынылған чектер (жеделхаттар) бір бақылау-кассалық машинасында (телеграф аппаратында) басылған ба, ұсынылған бедерлер сол бір ғана компостердің көмегімен алынған ба;

      10) Қиылысатын штрихтарды түсірудің хронологиялық бірізділігін анықтау:

      мәтіндер, қолтаңбалар, мөрлер немесе бұрыштамалардың бедерлері қандай хронологиялық бірізділікпен орындалған (қайсысы бұрын, қайсысы кейін болған).

      11) Құжаттар материалдарының сараптамасы:

      жазба штрихтары бояғыш заттарының жаратылысы (түрі, тегі) қандай (сия, шарикті қаламсап пастасы, қарындаштар, көшірме қағаз, баспа бояуы, штемпель бояуы, тушь, арнайы сиялар, көркемдік бояулар, фломастерлерге арналған сия, шарикті қаламсаптарға арналған гел пастасы, капилляр қаламсаптарға арналған сия; принтер картриджінің сиясы және тағы басқа);

      құжаттағы мәтіндер қандай жазу аспабымен немесе құралымен (қаламұш, шарикті қаламсап, қарындаш, рейсфедер, принтер және басқалар) (бір немесе әр басқа) орындалған;

      құжаттардың мәтіңдері (үзіңділері) бір бояғыш заттармен орындалған ба;

      құжаттағы жазба, қосып жазған жазба немесе қолтаңбалар айыпталушыдан алынған жазу құралының жазу тетігімен орындалған ба (қарындашпен, шарикті қаламсаппен, рейсфедермен, бояу жаққышпен);

      зерттелетін құжаттың мәтіні немесе оның жеке бөліктері айыпталушыдан алынған сиямен жазылған ба (пастамен, қарындашпен, баспа бояуымен);

      құжаттағы мөртабан бедерлемесі айыпталушыдан табылған штемпель бояуы көмегімен түсірілген бе;

      құжаттағы мәтіндер бір ғана көшірме қағаздың (жазу машинкасының лентасымен) көмегімен орындалған ба;

      қолжазба жазулары немесе өзге де деректемелері бар қағаз қиындылары бір бүтінді құраған ба;

      құжаттың негізгі мәтіні орындалғаннан кейін белгілі бір цифрлар, сөздер, әріптер, штрихтер қосылып жазылған ба;

      зерттеуге ұсынылған қағаз қандай түрге, нөмірге және маркаға жатады;

      парақтың осы бөлігі (үзінді) зерттелетін параққа немесе құжатқа жатады ма;

      зерттеуге ұсынылған қағаз қиындыларының (парақтар, парақтың бөліктері, құжат үзінділері) сақталу жағдайы, дайындалу орны мен тәсілі бойынша шығу көзі ортақ па;

      зерттеуге ұсынылған желімнің типі мен қолдану мақсаты қандай;

      айыпталушыдан алынған желім кітап дайындау үшін пайдаланылған ба;

      құжаттағы жазулар қандай затпен кетірілген.

      12) Ақша белгілерінің және өзге де бағалы қағаздар түрлерінің сараптамасы:

      зерттеуге ұсынылған объектіні дайындау тәсілі ақша белгісін (елдің ақша белгісінің үлгісі ретінде ұсынылған) дайындау тәсіліне сәйкес келе ме;

      осы ақша белгісі, лотерея билеті немесе өзге де құнды қағаздар қандай тәсілмен және қандай техникалық құралдарды қолдану арқылы дайындалған;

      ұсынылған қағаз ақшалар бірдей тәсілмен дайындалған ба;

      айыпталушыдан алынған бояу, қағаз, бояу жаққыш және басқа жабдықтар мен аппарат құрылғылары осы қағаз ақшаларды немесе басқа құнды қағаздарды дайындау үшін пайдаланылған ба.

      Сараптаманың осы түрін тағайындаған кезде:

      сарапшыға құжаттар қандай күйде табылса, сол күйде ұсыну;

      оларды жекелеген конверттерде сақтау, тек бүктелген орнымен ғана бүктеу;

      құжаттарды айналдыра сызбау, белгілер қоймау;

      құжаттарды қоршаған ортаның (дымқыл температура) әсерінен сақтау қажет.

      57. Өртенген құжаттармен жұмыс істеген кезде ерекше абай болу керек.

      58. Сәйкестеңдірушілік мәселелерді шешу үшін зерттеу объектілерімен бірге тиісті үлгілер жолданады.

      59. Мөрлер мен бұрыштамаларды олардың бедерлері бойынша сәйкестеңдіру кезінде, төсемесі бар және тқсемесі жоқ штемпель бояуына әртүрлі күшпен басу және сулаумен басылған сәйкестеңдірілетін мөрлер мен бұрыштамалардың эксперименттік бедерлері бар А4 форматындағы қағаздың 3-5 парағы жіберіледі.

      Бедерлердің барлық элементтері анық көрінуі тиіс. Егер зерттелетін құжаттың дайындалған кезінен біраз уақыт (бірнеше жыл) өткен болса, сараптамаға зерттелетін құжаттың дайындалуының болжамды мерзіміне жататын осы мөр бедерлерінің еркін үлгілерін жіберу керек.

      60. Жазу машинкаларын, компьютерлік жабдықтарды, көшірме-көбейткіш техникалар, бақылау-кассалық машиналарды, телеграф аппараты мен өзге де таңба басатын құралдарды сәйкестеңдіру кезінде зерттелетін құжаттармен бірге мазмұны бойынша зерттелетін құжатқа ұқсас мәтіннің эксперименталды үлгілері, сонымен қатар осы машинкадағы (аппараттағы) барлық таңбалардың бедерлері ұсынылады. Бұдан бөлек, зерттелетін құжат басылған кезеңдегі машинкада (аппаратта) орындалған мәтіндерді ұсыну орынды болады. Барлық жағдайларда сараптама тағайындау туралы қаулыда: құжат дайындалғаннан кейін машинка (аппарат) жөнделген бе, әріптері мен жеке таңбалары ауыстырылған ба деген сипаттағы мәліметтер хабарланады;

      Компьютерлік құрал-жабдықтарды сәйкестеңдіру кезінде жүйелік блокты, осы компьютерге орнатылған бағдарлық қамтылым туралы мәліметтерді, бағдарлық қамтылымдағы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынған жөн.

      Компьютерлік құрал-жабдықтарды сәйкестеңдіру компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеумен кешенді түрде жүргізген жөн.

      Машинкаға басылған мәтінді орындаушыны сәйкестендіру үшін еркін үлгілер қажет. Нақты бір машинкада (аппаратта) орындау мерзімін анықтау үшін оны пайдаланған барлық уақыттың ішінде басылған мәтіндерді ұсынған дұрыс.

      Баспа қалыптарын, түптегіш және қағазкесу машиналарын сәйкестендіру кезінде үлгілер зерттелетін құжаттардың дайындалу мерзімінің кезеңіне сәйкес келуі керек.

      Тікелей баспа қалыбын (клише, стереотип, шрифт литерлерінің жиынтығы) ұсыну орынды болады.

      Құжаттардың материалдарын сәйкестендіру кезінде зерттеуге барлық табылған сия, бояу құйылған ыдыстарды, қаламсаптардың, қаламұштардың, қарындаштардың, түптеу материалдарының, қағаз бумалары мен орамдарының өздерін де жолдау керек.

      61. Құжаттың деректемелері мен материалдары бойынша оның дайындалу уақыты туралы мәселені шешу үшін, іс материалдары бойынша зерделенетін уақыт кезеңінің әр түрлі бөліктерінде зерттелетін құжаттағы сияқты құрылғылармен басылған деректемелері (баспа мәтіндер, куәландыратын баспа қалыптарының бедерлері) бар құжаттардың еркін үлгілерін ұсыну қажет.

3-параграф. Сот автортану зерттеуі (1.3)

      62. Сот автортану зерттеуінің мәні - құжаттың авторы мен оның мәтінін жасау жағдайын туралы нақты деректерді анықтау болып табылады.

      63. Сот автортану сараптамасының объектілері ретінде құжаттардың қолмен жазылған және машинкада басылған мәтіндері қызмет етеді.

      64. Автортану зерттеуінің тікелей объектісі жазбаша сөз болып табылады.

      65. Міндеттер сәйкестеңдірушілік (ұқсастықты анықтау немесе теріске шығару), диагностикалық (мәтінді жасау жағдайын және автордың психофизиологиялық күйін анықтау), сондай-ақ автордың әлеуметтік-биографиялық сипаттамасына: білім деңгейіне, ана тіліне, тілдік дағдылардың қалыптасу орнына қатысты біршама міндеттерге бөлінеді.

      66. Сот автортану сараптамасының шешетін сұрақтары:

      нақты бір адам құжаттың (атауы мен деректемелері) авторы болып табыла ма;

      нақ сол бір адам бірнеше құжаттардың (немесе бір құжаттың бірнеше үзінділерінің) авторы болып табыла ма;

      құжат авторының сауаттылық деңгейі мен жазу-сөйлеу сипатындағы дағдыларды меңгеру дәрежесі қандай;

      қолжазба жазу-сөйлеу дағдысын әдейі бұрмалаумен орындалған ба;

      адам құжат мәтін кәідімгі емес психофизиологиялық күйде құрастырған ба;

      даулы мәтіннің авторының жынысы мен шамамен алғандағы жасы қандай;

      67. Қолжазба авторын анықтау үшін сарапшыға мыналарды ұсыну қажет:

      зерттелетін құжатты, оның деректемелері мен басқа да ерекшеліктерін дәлме-дәл көрсете отырып;

      тексерілетін адамның қарастырылып отырған оқиғамен байланысты емес (хаттар, шимай дәптерлер, күнделіктердегі жеке жазбалар, өмірбаяндар, баянхаттар, түсініктемелер, баянаттар) құрастырған 15-20 құжат мөлшеріндегі жазбаша сөзінің (қолжазба, машинамен жазу, полиграфиялық сипаттағы) еркін үлгілері.

      68. Тексерілетін адамның жазбаша сөзінің еркін үлгілері зерттелетін құжаттың функционалдық стилі шеңберінде және жазбаша сөздің дәл сол нысанында орындалуы тиіс.

      69. Жазбаша сөздің эксперименттік үлгілері тексерілетін адамның өзі таңдап алған немесе тергеуші ұсынған тақырыпқа жазған 10-15 парақтағы шығарма (мазмұндама) түрінде ұсынылуы тиіс.

      70. Айтып жаздыру арқылы орындалған эксперименттік үлгілер ақпараттық салыстырмалы материал ретінде пайдалануға болмайды.

      Сараптаманың осы түрі шеңберінде, мазмұны билік өкілінің, лауазымды тұлғалардың және азаматтың ар-намысы мен абыройына тіл тигізуге бағытталған мәтіндердегі жазбаша сөздің ерекшеліктерін зерттеу жүргізілмейді.

4-параграф. Сот портреттік сараптамасы (2.1)

      71. Сот портреттік сараптамасының мәні - арнайы ғылыми білімдердің көмегімен адамды фотосуреттер, бейнекадрлар және оның сыртқы келбетінің объективті кескіндері бойынша ұқсастығы факісін (нақты деректерін) анықтау болып табылады.

      72. Портреттік сараптаманың объектілері болып мыналар табылады:

      тірі адамдардың және мәйіттердің фотосуреттері, өзге де объектілердегі адамдардың бейнелері (портреттер, суреттер), сондай-ақ сараптама мәніне жататын қылмыстық іс материалдары мен сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер.

      73. Адамның бет бейнесін зерттеу кезіндегі міндеттер болып мыналар табылады:

      ұсынылған фото-, кино-, бейнесуреттерге түсіріліп алынған адамдарды саралап жіктеу жөніндегі зерттеу;

      ұсынылған фото-, кино-, бейнесуреттерге (портреттердегі) түсірілген нақты адамның ұқсастығын анықтау жөніндегі сәйкестендірушілік зерттеу.

      74. Сот портреттік сараптамасы шешетін типтік сұрақтар:

      ұсынылған фото-, кино-, бейнесуреттерге (портреттерде) бір немесе әр түрлі адамдар бейнеленген бе;

      белгісіз адамның суретінде азамат П. бейнелеген бе (бейнеленгендердің біреуінің жеке басы туралы сенімді деректер болған кезде);

      салыстыру үшін ұсынылған портретте (субъективті портрет) нақты адамды даралайтын сыртқы түрінің белгілері дәл берілген бе;

      тексерілетін портрет (субъективті портрет) пен нақты адамның арасында типтік ұқсастық бар ма.

      75. Объектілерге және салыстырмалы суреттерге мынадай талаптар қойылады:

      ондағы адам зерттелетін суреттегідей ракурсте бейнеленуі керек;

      суреттер бір уақыт кезеңіне сәйкес келеді;

      суреттер - сапалы, анық, әрлеп түзетілмеген болуы керек.

      76. Анықталатын (тексерілетін) адамды бейнепортрет бойынша шегендеу заттай дәлелдеме ретіндегі бейнежазбаларда байқалатын түсіру жағдайын сақтай отырып жүргізіледі.

      Бейнежазбалармен қатар зерттеу объектілерін шегендей отырып, жекелеген кадрлардан басып шығарылған суреттерді зерттейді.

      Егер негативтері бар болса, сараптама үшін қажетті кадрды таңдау керек.

      77. Танылмаған мәйітті анықтаған кезде сурет әр түрлі ракурстерде түсірілген суреттер зерттеледі. Сол немесе басқа да жарақат зақымдарын алған уақыты, ауырғаннан, не басқа жағдайлардың нәтижесінен болған өзгерістер туралы мәліметтерді анықтау қажет.

      78. Жануарлардың портреттік сараптамасының объектілері фотосуреттердегі жануарлардың бейнелері болып табылады.

      79. Жануарлардың бейнелерін зерттеу кезіндегі міндеттер мыналар болып табылады:

      ұсынылған фото-, кино-, бейнесуреттерге түсіріп алынған жануарларды саралап жіктеу бойынша зерттеу;

      зерттеуге ұсынылған фото-, кино-, бейнесуреттердегі бейнелер бойынша жануарларды сәйкестендірушілік зерттеу.

      80. Типтік сұрақтар:

      ұсынылған фото-, кино-, бейнесуреттерде бір немесе әр басқа жануарлар бейнеленген бе;

      иесіне тиесілігі дауланып отырған жануар суретінде нақты белгіленген жануар бейнеленген бе.

      81. Жануарлардың сыртқы белгілері бойынша зерттеулер жүргізу үшін зерттелетін фотобейнелерден басқа, әртүрлі ракурстерде (бет жағынан, қырынан) суретке түсірілген шегенделген объект эксперименттік үлгі-фотосуреттері ұсынылады, сондай-ақ шегенделген объект өзінің сыртқы келбетінің жасқа байланысты өзгеру уақытының әр түрлі кезеңдеріңде суретке түсірілген еркін үлгі - фотосуреттері де ұсынылады.

5-параграф. Сот бейнефонографиялық сараптамасы (3.1)

      82. Сот бейнефонографиялық сараптамасының мәні – арнайы жазба құралдарының көмегімен әртүрлі тасымалдағыштарда тіркелген дыбыстық ақпаратты зерттеу, жазба материалдарын зерттеу, қылмыстық және азаматтық істерді шешу үшін маңызды, жүргізілген зерттеудің нәтижесінде алынған дәлелдемелерді бағалау және пайдалану негізінде нақты деректерді және іс жағдаяттарын анықтау.

      83. Сот бейнефонографиялық сараптамасының объектілері - магниттік немесе цифрлық тасымалдағышта жазылған сөздік және дыбыстық ақпарат; дыбыс жазу құралдары; сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер; зерттеу мәніне қатысты іс материалдары. Сараптамалық зерттеу мәніне қатысы бар фонограммалар – зерттелетін фонограммалар деп аталады және оған уақыттық және мәтіндік шекаралар кіреді (жазбаның басы мен соңы). Егер объекті ретінде бейнежазба ұсынылған болса, онда зерттеу тек бейнежазбаның дыбыстық сүйемелдеу сигналына қатысты ғана жүргізіледі.

      84. Сарапшының құзыретіне келесі негізгі міндеттерді шешу кіреді:

      фонограмманы диагностикалық зерттеу;

      фонограмманы сәйкестендірушілік зерттеу;

      фонограмманы жіктеушілік зерттеу;

      85. Фонограммаларды диагостикалық зерттеу кезінде шешілетін міндеттер:

      монтаждаудың және жазу барысында немесе одан кейін енгізілген өзгертулердің белгілерін анықтау;

      зерттелетін фонограммадағы сөйлеген сөздің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау;

      зерттелетін фонограмманың сәйкестендірушілік зерттеу жүргізу үшін жарамдылығын анықтау;

      86. Фонограммаларды сәйкестендірушілік зерттеу кезінде шешілетін міндеттер:

      зерттелетін фонограммада тіркелген дауыс пен сөздің, дауысы мен сөзінің салыстырмалы үлгілері сараптамалық зерттеу үшін ұсынылған адамға тиесілігі;

      фонограмманың дыбысжазуы ұсынылған дыбыс жазу құрылғысымен жүргізілгенін анықтау;

      зерттелетін фонограммада тіркелген акустикалық сигналдардың ішінен қандай-да белгілі бір (нақты) дыбыс көзін (бұл жағдайда эксперименттік үлгілер – зерттелетін объектіден шығатын дыбыстың жазбасы қажет) анықтау;

      зерттелетін фонограммадағы негізгі жазбаға ілеспе дыбыстардың шығу көзі мен сипаттамасын анықтау.

      87. Фонограммаларды жіктеушілік зерттеу кезінде шешілетін міндеттер:

      зерттелетін фонограммада жазылған әңгімеге қатысқан адамдардың санын анықтау.

      88. Сот фонографиялық сараптамасын жүргізу кезінде шешілетін үлгілік (типтік) сұрақтар:

      зерттеуге ұсынылған әңгіменің (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен басталып, (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен аяқталатын әңгіменің сөзбе-сөз мазмұны қандай;

      ұсынылған фонограммада жазылып алынған (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен басталып, (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен аяқталатын әңгімеге қанша адам қатысқан;

      (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен басталып, (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен аяқталатын әңгімеге, оны жазу кезінде немесе одан кейін енгізілген монтаж бен өзгерістердің белгілері бар ма;

      жазба ұсынылған дыбыс жазушы аппаратурада орындалған ба;

      (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен басталып, (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен аяқталатын зерттеу фонограммасында жазылған дауыс пен сөз белгілі бір тұлғаға тиісті ме.

      89. Сараптамаға:

      сөз және өзге де дыбыс ақпараттары жазылған тасымалдаушы материалдарды, сондай-ақ дыбыс жазу құралдарын оралған және мөрленген күйінде;

      сараптамалық зерттеу үшін дауыс пен сөз үлгілерін (эксперименттік немесе шартты-еркін, еркін);

      аудио-, бейнежазба құралдарын тапсыру мен қайтару хаттамаларының көшірмелерін немесе зерттеуге ұсынылған объектілердің шығу тегі туралы ақпарат бар өзге де процестік құжаттардың көшірмелерін, қайта жазып алынған фонограммалардың көшірмелерін (егер бір тасымалдағыштан екіншісіне жазып алынған болса, хеш-жиынтығын көрсете отырып);

      қаулылардың немесе сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді алу хаттамаларын, не ұсынылған үлгілердің шығу тегі туралы ақпараты бар өзге де процестік құжаттардың көшірмелерін;

      жасырын жазбаларды (стенограммаларды) немесе зерттелетін фонограмма мәтінінің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау жөніндегі мәселе шешілген маманның/сарапшының қорытындысын қарап шығу және тыңдау хаттамаларының көшірмелерін;

      мәліметтерді құпиясыздандыру туралы процестік құжаттардың көшірмелерін;

      егер монтаждауға (аналогтық жазба бойынша) және техникалық құралдарды диагностикалауға қатысты сұрақ болса, онда оның көмегімен бастапқы және салыстырмалы фонограммалардың жазбалары орындалған дыбыс жазбасының техникалық құралдарын жолдау қажет.

      90. Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда:

      зерттеу үшін қажетті жазбасы бар тасымалдағыш;

      зерттелетін мәтіннің фразалық және уақыттық шекаралары (қандай сөздермен басталып, қандай сөздермен аяқталады);

      қажет болған жағдайда зерттелетін фонограммаларды алу жағдайы туралы қосымша деректер көрсетілсін, диктордың дауысын жазу кезінде оның алкогольдік және есірткімен масаюы, психотроптық препараттар, ауруға шалдығу, айқын эмоциялар, қатты шаршау, ерекше сөйлеу жағдайлары (аузына ауызкергіш салу) сияқты өзгерген физикалық және психикалық күйде болуы туралы деректер бар ма, дыбыс жазу уақытында акустикалық жағдай туралы, диктордың сөйлеу материалын дайындау дәрежесі (ол мәтінді оқыған ба, оны алдын ала жаттап алған ба) туралы ақпарат міндетті түрде көрсетіледі;

      сұрақтарды шешу кезінде: жазу барысында немесе одан кейін монтаждаудың және енгізілген өзгерістердің белгілері бар ма;

      зерттелетін фонограмма ұсынылған дыбысжазу құрылғысында жүргізілді ме, файлдардың хеш-жиынтығы көрсетілуі тиіс;

      91. Үлгілерге келесі талаптар қойылады:

      тасымалдаушыда үлгілерді алуға процестік қосылу көрсетілуі қажет;

      нысаны бойынша ауызша мәтіндер еркін баяндау (әңгіме, өмірбаян фактілерін қысқаша баяндау, іс жағдайы бойынша қойылған сұрақтарға жауап) түрінде болуы керек, "парақтан" оқуға рұқсат етілмейді;

      диктордың ауызекі сөйлеген сөзінің ұзақтығы (фонацияның ұзақтығы) 10 минут шамасында болуы керек, кейбір жағдайларда 10 минуттан кем уақытқа жол беріледі (тиісті сапасы және толық ақпараттылығы болған жағдайда);

      кейбір жағдайларда үлгілер, даусы мен сөздеріне сәйкестендірушілік зерттеу жүргізілетін адам айтты деп болжанған, зерттелетін фонограммадағы жекелеген фразалар мен сөздердің әр түрлі қарқында (орташа, баяу және жылдам) үш рет айтылуы түрінде ұсынылуы мүмкін;

      зерттелетін фонограммалардағы және дауыс пен сөздер үлгілерінің фонограммасындағы тілдердің міндетті түрдегі салыстырмалылығы талап етіледі (егер қатысушылар жедел жазу барысында тек қазақ тілі немесе орыс тілінде сөйлесе, онда үлгілер де тиісті тілде ұсынылады, егер сөздер аралас болса, онда әр тілдегі ұзақтығы 10 минуттан кем емес, барлык талаптарды сақтай отырып үлгілердің әр тілдегі екі нұсқасы ұсынылады);

      техникалық шарттардың міндетті түрдегі салыстырмалылығы талап етіледі (егер зерттелетін фонограмма телефон желісі арқылы жазылса, онда әңгімеге қатысушылардың сөздері мен дауыстарының үлгілері де осындай тәсілмен алынуы керек);

      дауыс пен сөздің шартты-еркін немесе еркін үлгілерін ұсынған кезде дикторлардың белгілері белгіленген фонограмманы қарап шығу және тыңдау хаттамасын ұсыну қажет.

      92. Сарапшы материалдарды сараптама жүргізу үшін қабылдаған кезде келіп түскен материалдарға, мыналарды анықтау үшін алдын ала тексеруді жүзеге асырады:

      процестік құжаттар көшірмелерінің бар болуын;

      ұсынылған тасымалдағышта зерттелетін фонограммалардың бар болуын (мәтіндік және уақыттық шекаралар);

      зерттелетін фонограмманың сапасын (дыбыстық сигналдың келіп түсу деңгейін, ілікпе сөздің айқындығын, сәйкестендірілетін адамның фонациясының ұзақтығын);

      жүргізіліп жатқан әңгіменің тілін (орысша, қазақша, аралас немесе мүмкін шет тілі);

      зерттелетін фонорграмманы жазу жағдайын (телефон желісі, радиоарна және сол сияқты);

      сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер фонограммасының бар болуын:

      салыстырмалы үлгілер фонограммасының зерттелетін фонограммамен салыстырылатынын (сапасы, ұзақтығы, тілі, жазу жағдайы).

      Сарапшы келіп түскен материалдарды қабылдау барысында материалдар мен объектілерді қарап шығу актісін жасайды, онда:

      материалдардың келіп түскен күні мен уақыты,

      сараптаманы тағайындаған орган;

      сараптаманы тағайындаған адамның Т.А.Ә., куәлігінің нөмірі;

      істің фабуласы (ҚР Қылмыстық кодексінің, ҚР Азаматтық кодексінің баптары);

      заттай дәлелдемелер салынған орамалардың саны мен күйі;

      объектілердің саны мен күйі көрсетіледі.

6-параграф. Сот фототехникалық сараптамасы (4.1)

      93. Сот фототехникалық сараптамасының мәні – фотобейнелерді және осы бейнелерді тасымалдағыштарды (негативтер мен позитивтер, компьютерлік тасымалдағыштар) дайындау жағдайлары, сондай-ақ суретке түсіру технологиясы саласындағы арнайы ғылыми білімдер мен осы объектілерді зерттеу әдістерін пайдалана отырып, оларды дайындау үшін қолданылатын техникалық құралдар туралы нақты деректерді анықтау болып табылады.

      94. Фототехникалық сараптамасының объектілері: фотосуреттер, фотокамералар, фотоүлкейткіштер, кадрлайтын рамкалар, фотоқағаз, фотопленка және фотосуреттер дайындау үшін қажет басқа құралдар, материалдар болып табылады.

      Сонымен бірге зерттеудің бұл түрінің объектілері шеңберіне кинопленкалар, кинокамералар мен түсіру үшін қажет құралдар кіреді.

      95. Фототехникалық сараптамасының міндеттері:

      кино-фотоаппаратуралар мен зертханалық құрал-жабдықтарды, жергілікті жер телімдерін, үй-жайларды, заттарды негатив, позитив бойынша теңдестіру;

      фотоматериалдарды суретке түсіру мен өңдеу жағдайын анықтау;

      объектілердің өлшемдерін, олардың арасындағы арақашықтықты анықтау; фотографиялық монтаж бен өңдемені анықтау; ізтаңбалары бойынша негатив пен позитивті тендестіру болып табылады.

      96. Фототехникалық сараптама фотографиялық бейнелерді және фотографиялық материалдарды зерттеу болып бөлінеді.

      97. Фотографиялық бейнелерді зерттеу кезіндегі міндеттер:

      суретте бейнеленген заттардың өлшемдері мен олардың арасындағы арақашықтықты анықтау;

      суретке түсіру (жарықтандыру – табиғи, жасанды; объективтің типі – қалыпты, кеңбұрышты, телеобъектив; репродукция немесе заттың тікелей өзін түсіру) жағдайларына қатысты жағдаяттарды анықтау;

      суретті дайындау тәсілін анықтау (фотографиялық технологиялардың ережесін сақтау, фотомонтажды пайдалану, өңдемені қолдану);

      суретке түсіретін аппаратураларын, техникалық құралдарды (үлкейткішті, рамкаларды, кескіштерді), негативті позитивтер арқылы, сондай-ақ заттарды, үй-жайларды, жергілікті жер телімдерін сәйкестендіру болып табылады.

      98. Типтік сұрақтар:

      суретте бейнеленген сол немесе өзге объектілердің өлшемдері қандай;

      суретте бейнеленген екі объект бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқан;

      сурет қандай жарықтандыруда түсірілді, табиғи ма, әлде жасандыда ма;

      фотосурет қосымша өңдеуге ұшыраған ба: түсін өңдеуге, жалтыратуға;

      жалтырату қандай тәсілмен жүргізілген;

      суретті дайындау кезінде негативтік немесе позитивтік өңдемелер қолданылған ба;

      суретте бейнеленген объектілерді тікелей өздеріне қарап суретке түсірген бе немесе олар баспа басылымының репродукциясы ма;

      осы сурет фотомонтаж қолдану арқылы дайындалған ба;

      осы сурет фотографиялық процестердің технологиясын сақтау арқылы дайындалған ба;

      осы фотоаппараттағы ұсынылған пленкаға (жекелеген негативке) сәуленің әсері тиген бе;

      осы таспадағы негативтерге (пленкалар, фотопластинкалар) сәуленің әсері тиген бе;

      сол бір фотоаппараттағы (сол бір таспадағы) екі (немесе одан көп) пленкаға сәуленің әсері тиген бе;

      фотосуреттер осы репродукциялық қондырғыны пайдалану арқылы дайындалған ба;

      ұсынылған фотосуреттер осы үлкейткішті, осы кадрлайтын рамканы қолдану арқылы басылған ба;

      суретті дайындау кезінде осы кескіш, осы жалтыратқыш пайдаланылған ба;

      фотосуреттер осы (немесе тап сол бір) негативтен әзірленген бе;

      негативте (фотосуретте) күдіктіден алынған заттар, жер телімдері бейнеленген бе.

      99. Фотографиялық материалдарды зерттеу кезіндегі міндеттер:

      оңып кеткен бейнені қайта қалпына келтіру;

      түссіз заттың дағымен басылған бейнені қайта қалпына келтіру;

      фотосуретті дайындау мерзімін (ескілігін) анықтау;

      жарықсезгіш материалдың типін анықтау;

      осы суретті өңдеу үшін қолданылған жарықсезгіш материалдарды (фотоқағаз, пленкалар) сәйкестендіру.

      100. Типтік сұрақтар:

      осы фотосуреттегі (негативтегі) бейнені қалпына келтіруге бола ма;

      бояғыш затпен жабылған фотосуреттің бейнесін қалпына келтіруге бола ма;

      фотосурет қашан (уақыттың қай кезеңінде) дайындалған;

      зерттеуге ұсынылған суреттер дайындаудың бір кезеңіне жата ма;

      осы фотосуретті дайындау үшін фотоқағаздың қандай типі қолданылған;

      екі (немесе одан да көп) фотосурет бір жиынмен шығарылған фотоқағазда әзірленген бе.

      101. Сараптама тағайындау кезінде қаулыда фото-, кинокамераларды жөндеу туралы, олардың кейбір бөлшектерін ауыстыру, негативтерді, суреттерді, фотоқағаздарды, реактивтерді сақтау жағдайлары туралы мәліметтерді келтіру керек.

      Тікелей сол фото-, кинокамераларды, үлкейткіштерді, таспаларды, негативтерді ұсынған жөн.

      Затты суреттердегі бейнесі бойынша сәйкестендіру кезінде, мүмкіндігінше, сол заттың өзін жіберу керек.

      Сәуленің әсері тиген суреттері бар фото-, кинокамераларды, таспаларды алғанда, бұл жайлы сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсету керек.

      Реактивтер, фотоқағаз, пленкалар және де басқа материалдар, оларды алу, сақтау, және тасымалдау ережелеріне сәйкес оралуы керек.

      102. Бейнеқұжаттар бөлімі бойынша мыналар сот фототехникалық сараптамасының объектілері болып табылады:

      киноленталар, бейнетаспалар мыналарды түсіру құралдары ретінде кино-, бейнешеберханалар базасында немесе әуесқой кино-, бейнетүсірілім шеңберінде кәсіби орындалған, көркем, деректі фильмдері бар заттарды, жағдайларды, іс-әрекеттерді;

      қылмыстық және азаматтық істерді тергеу және сотта талқылау шеңберінде жүргізілетін іс-әрекеттерді (жедел-іздестіру іс-шаралары, әр түрлі тергеу әрекеттерінің бейнежазбалары).

      Түсіріп алу (жазып алу), жаңғырту аппаратурасы, қосалқы сипаттағы аппаратура:

      кинокамералар, кинопроекторлар, бейнемагнитофондар, бейнеплейерлер, монтаждық қондырғылар, тағы басқа.

      зерттеуге ұсынылатын кино-, бейнематериалдарға ілестірме құжаттамалар.

      сараптамалық зерттеуді жүргізу үшін қажетті ақпаратты қамтитын іс материалдары: бейнематериалдарды алу көзі, бейнежазба жүргізудің мақсаты, жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеу әрекеттерін бейнежазбаға түсіру кезіндегі жағдай (уақыты, орны), жазба монтажының болу/болмауы туралы мәліметтер, орындалу реттілігі бойынша қандай жазба ұсынылғаны туралы мәліметтер – алғашқы, түпнұсқа не көшірмесі.

      Әр түрлі анықтамалық ақпараттар:

      жүргізіліп жатқан түсіру жағдайлары туралы (уақыты, орны, жарықтандыру жағдайлары);

      түсірілім үшін пайдаланылатын аппаратуралар туралы (кино-, бейнеаппаратуралар түрі, моделі, олардың техникалық сипаттамалары, жазып алу жағдайлары, жедел қайта көрсету мүмкіндігі);

      түсіріп алу үшін пайдаланылатын материалдар (кинопленканың, бейнетаспаның типі, жіктемесі, техникалық сипаттамалары) туралы;

      кино-, бейнематериалдарды өңдеудің техникалық құралдары (қосалқы аппаратураның жіктемесі, типі, моделі, функционалдық сипаттамалары; шығарылған бейнематериалдарды өңдеуге, құрастыруға арналған монтаждау үстелдері) туралы.

      103. Бейнепленкалардағы бейнелерді зерттеу бойынша бейнеқұжаттардың сот сараптамасы шеңберінде шешілетін міндеттер:

      Түсірілген әрекеттерді бағалау жөніндегі зерттеулер:

      бейнетаспаға түсірілген әрекеттердің мазмұнын анықтау және олардың мағыналық мазмұнын бағалау жөніндегі зерттеулер;

      жүргізілетін әрекеттердің мағынасы мен мазмұнын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында түсірілген бейнематериалдарды зерттеу.

      Бейнематериалдарды дайындау жағдайын анықтау жөніндегі зерттеулер:

      бейнежазбаларды жүргізу жағдаяттарын;

      жыл мезгілін, тәулік уақытын, түсіру ракурсын, кедергінің бар болуын;

      бейнекамераның объективін бүркемелейтін заттарды, жеткіліксіз жарықтандыруды, бейненің жеткіліксіз анықтығын анықтау жөніндегі зерттеулер;

      бейнепленкаға түсірілген заттардың өлшемдерін және олардың арасындағы арақашықтықты анықтау жөніндегі зерттеулер;

      оператордың, түсірілім жүргізіп жатқан тұлғаның кәсіби дағдыларын, біліктілігін анықтау жөніндегі зерттеу;

      бейнепленкаға түсірілген заттардың қай мақсатқа арналғанын анықтау жөніндегі зерттеулер.

      Сәйкестендірушілік деңгейіндегі зерттеулер:

      екі және одан да көп жазбаларға түсірілген заттарды, құрылыстарды, үй-жайларды, жергілікті жер телімдерін тендестіру.

      104. Бейнеқұжаттардың сот сараптамасы шеңберінде шешілетін сұрақтар:

      бейнетаспаға қандай фильмдер жазылған;

      бейнепленкадағы оқиғаларына бейнетүсірілім жылдың, тәуліктің қай мезгілінде жүргізілген;

      бейнепленкадағы бейнежазбаларды түсірудің жағдаяттары қандай: түсіру ракурсы, бейнекамераның объективін бүркемелейтін кедергі заттардың болуы, жеткіліксіз жарықтандыру, бейненің жеткіліксіз анықтығы;

      бейнетаспадағы бейнепленка механикалық монтажға ұшыраған ба;

      бейнетаспадағы жазба аралық кино-, бейнеаппаратуралар көмегімен кино-, бейнемонтажды қолдану арқылы түсірілген бе;

      бейнепленкаға түсірілген заттардың өлшемдері мен олардың арасындағы арақашықтық қандай;

      бейнепленкада түсірілген заттардың мағыналық қолданылуы қандай және қай мақсатта пайдаланылады, олардың өздеріне тән белгілері қандай;

      ұсынылған бейнематериалдарда тап сол бір зат (құрылыс, үй-жай, жергілікті жер телімдері) түсірілген бе;

      бейнетаспаға түсіріп алынған зат (құрылыс, үй-жай, жергілікті жер телімдері) расында да орын алған қылмыстық оқиғаны құрайтындардың бірі болып табыла ма.

      105. Егер сарапшыға, жасалатын әрекеттердің мағынасы мен мазмұнын анықтау мақсатымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жасалған бейнематериалдарды зерттеуге байланысты түсірілген әрекеттердің мазмұны мен мағыналық мәнін бағалауды анықтау бойынша міндеттер шеңберінде шешілетін сұрақтар қойылса, онда сараптама жүргізу үшін тиісті тасымалдаушы-кинопленкалардағы, бейнетаспалардағы бейнематериалдардың тікелей өздері ұсынылады.

      Егер бейнематериалдарды бейнеаппаратура арқылы көру және тиісінше, қарап шығу үшін арнайы аппаратура қажет болса, онда сараптама тағайындаған адам оны міндетті түрде ұсынуы тиіс.

      Бейнематериалдарды дайындаудың шарттары мен жағдаяттарын – жылдың мезгілін, тәуліктің уақытын, түсіру ракурстарын, кедергілердің бар болуын (бейнекамераның объективін бүркемелейтін заттар, жеткіліксіз жарықтандыру, бейненің жеткіліксіз анықтығы);

      түсірілген бейнепленкадағы заттардың өлшемдері мен олардың арасындағы арақашықтықты;

      бейнепленкаға түсірілген заттардың қай мақсатта қолданылатыны;

      Түсіруші тұлғаның - оператордың біліктілігін, кәсіби дағдыларын анықтау үшін, шешілетін міндеттердің ерекшелігіне байланысты сараптама жүргізу үшін:

      істің жағдаяттарына сәйкес - көмегімен түсіріп алу және бөлек операциялар жүргізілген кинокамералар, кинопроекторлар, бейнемагнитофондар, бейнеплейерлер, тағы басқа;

      әртүрлі сипаттағы анықтамалық ақпарат;

      түсірілім жасаудың жағдайлары (уақыты, орны, жарықтандыру жағдайлары) туралы;

      түсіру үшін пайдаланылатын аппаратура (кино-, бейнеаппаратураның типі, моделі, олардың техникалық сипаттамалары, түсіріп алу жағдайлары, жедел көрсету мүмкіндігі) туралы;

      түсіріп алу үшін пайдаланылатын материалдар (киноплеенкалардың, бейнетаспалардың типі, жіктемесі, техникалық сипаттамалары) туралы;

      кино-, бейнематериалдарды өндеудің техникалық құралдары (қосалқы аппаратураның функционалдық сипаттамалары, жіктемесі, типі, моделі; алынған бейне материалды өңдеуге, құрастыруға арналған монтаждау үстелдері) туралы;

      нақты бір іс бойынша ақпаратты қамтитын материалдар:

      бейнематериалдарды алу көзі;

      бейнежазба жүргізудің мақсаты;

      жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерінің бейнежазбасы жүргізілген жағдайы;

      жазу монтажының болу/болмауы туралы мәліметтер (осы міндет сарапшыға бөлек қойылмаған жағдайда) ұсынылады.

      106. Бейнепленкаға түсірілген заттарды, құрылыстарды, үй-жайларды, жергілікті жер телімдерін сәйкестендіру үшін сараптама жүргізуге:

      тікелей бейнеқұжаттардың тасымалдаушылары: кинопленкалар, бейнетаспалар ұсынылады.

      Кино-, бейнематериалдардың сараптамасын жүргізу үшін материалдарды ұсынған кезде келесі шарттарды сақтау қажет:

      сараптама тағайындаған орган (тұлға) қойылған міндетті шешу үшін қажетті ақпарат қамтылған нақты объектілермен барлық мүмкін болатын айлалы әрекет етулерді (бейнешығарушы аппаратураның "Рlау" командасынан басқа, қандай да бір өзге режимде бейнетаспаларды қарау; кинопленканы көріп шығу үшін зерттелетін кинопленка форматына сәйкес келмейтін проекциялық аппаратураны пайдалануды) тоқтату шараларын қабылдауы тиіс;

      кино-, бейнематериалдар бөлек пакеттерге оралып, бұл ақпараттың мазмұны туралы тиісті жазулармен ілестірілуі керек.

      107. Тиісті құжаттарда – қаулыларда (ұйғарымда) не жолдама хаттарда бейнеақпараттарды қайта көрсетудің ерекше тәртібін сақтау қажеттігі мүмкін болатындығы туралы мәліметтер - кинопроекторлар, белгілі бір тип бейнемагнитофондарды және тағы басқа көрсетілуі тиіс;

      объектілерді қандай да бір механикалық әсер етуге – дискінің жұмыс істейтін бетіне қандай да бір белгі қою, жазба жазуға, бейнетаспалардың қорғағыш тақтайшаларын ашуға; оларды бекітетін бұрамаларын бұрап алуға, бейнетаспалардың корпусын және кинолентаның орайтын қораптарын зақымдауға, киноленталарды түйреуішпен түйреуге, степлермен тесуге, қандай да бір амалмен пішінін өзгертуге қатаң тыйым салынады;

      кино-, бейнематериалдарды механикалық және өзге де зақымданудан қорғайтын қатты пішіндес материалға оралған күйінен бөлек, поштамен жіберуге тыйым салынады;

      бейнетаспаларды мүмкін болатын магнитсіздендіруден сақтандыратын және сонымен бірге ондағы ақпараттардың жойылуынан қорғайтын шаралар қолдану (статикалық электр көздерінен, магнит өрісінен алыста сақтау) қажет;

      егер кино-, бейнематериалдар Қазақстан Республикасының азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуінде қабылданбаған тілде орындалған аудиомәтінмен ілестірілсе және әрекетті бағалау үшін осы мәтіннің мағыналық мазмұнын зерттеу қажет болса, онда сараптама тағайындаған тұлға сарапшыға мәтіннің бейімделген аудармасын не тікелей сол аудармашыны ұсынады;

      ұсынылатын құжаттар түсірілім жүргізілген сәттен бастап анықтау, тергеу жүргізетін тұлғаның алуына, сот инстанциясында істі қарауға дейінгі бейнематериалдардың барлық өткен кезендерін бейнелеуі тиіс;

      ескерту: Қазіргі уақытта цифрлық ақпарат тасымалдағыштары болып табылатын компакт-дискілер және флеш-накомительдер кең тарағандықтан, сараптаманың шешуіне бейнетаспадағы ақпараттарды зерделеу үшін қойылатын сол сұрақтар қойылуы мүмкін. Бұл ретте, зерттеудің осы объектілерін пайдалану кезінде қолданылатын сақтық шараларын сақтау қажет.

7-параграф. Сот трасологиялық сараптамасы (5.1)

      108. Сот трасологиялық сараптамасының мәні – әртүрлі іздердің пайда болу механизмдері мен оларды қалдырған объектілерді анықтау мақсатындағы оларды зерделеу кезінде нақты деректерді анықтау болып табылады.

      109. Трасологиялық сараптаманың объектілері: оқиға орнында алынған іздер, іздердің үлгілері мен өзге де заттай дәлелдемелер, тексеріліп жатқан нысандар, үлгілер, оқиға орнындағы заттардың шынайы немесе суреттер мен қарап шығу хаттамасында шегенделген қалпы, іздерді алу орны, уақыты мен тәсілі туралы мәліметтер болып табылады. Трасологиялық сараптама іздердің барлығын емес, тек механикалық із-кескіндерді ғана зерттейді.

      110. Трасологиялық сараптаманың міндеттері әр түрлі объектілерді олардың із-кескіндері бойынша топтық тиістілігін анықтау және сәйкестендіру; бөліктердің бір бүтінге тиесілі екендігін анықтау; із жасаудың механизмі мен жағдайын диагностикалау, іздердің болған оқиғаға қатыстылығын, із қалдырған объектілердің қасиеттері мен белгілерін анықтау; із қалдырылған кездегі жағдаяттарды анықтау; объектілердің суық қару санатына қатыстылығын анықтау болып табылады.

      111. Адам мен жануарлар іздерінің трасологиялық сараптамасы.

      1) Қолдың және жалаң аяқтардың іздерін дактилоскопиялық зерттеу.

      Дактилоскопиялық зерттеу трасологиялық зерттеудің бір түрі болып табылады және адамды қол саусақтары мен алақандарының ішкі бет қабаттарының іздері мен таңбалары, сондай-ақ аяғының саусақтары мен табандарының іздері бойынша сәйкестендіру мақсатында тағайындалады.

      Дактилоскопиялық зерттеуді жүргізу кезінде келесі міндеттер шешіледі:

      диагностикалық – объектіде қол іздерінің бар болуын және олардың адамды сәйкестендіру үшін жарамдылығын анықтау.

      жіктеушілік – іздердің типі мен түрін анықтау.

      сәйкестендірушілік – адамды қолының папилярлық бедерлерінің, тері қабатының, сондай-ақ аяқ саусақтары мен табан іздері бойынша теңдестіру.

      ахуалдық – қылмысты жасаудың жекелелеген жағдаяттарын анықтау.

      Дактилоскопиялық сараптаманы жүргізу кезінде сарапшының алдына қойылатын типтік сұрақтар:

      ұсынылған заттарда қол іздері бар ма; Егер бар болса, олар адамды сәйкестендіру үшін жарамды ма;

      ұсынылған дактопленкалардағы іздер адамды сәйкестендіру үшін жарамды ма;

      зерттелетін затта жалаң аяқтың іздері бар ма және олар адамды сәйкестендіру үшін жарамды ма;

      жалаң аяқтың іздерін осы адам қалдырған ба;

      қол іздерің нақты адам (адамдар) қалдырған ба;

      оқиға орнының бірнеше жерінен алынған жалаң аяқ іздері тап сол бір адамнан пайда болған ба;

      оқиғаның бірнеше жерін қарап шыққан кезде алынған қол іздерін тап сол бір адам қалдырған ба;

      әртүрлі анкеталық деректері бар екі дактилоскопиялық картадағы саусақ іздерін тап сол бір адам қалдырған ба;

      із жасау механизмі қандай;

      іздер қай қолдан және қай саусақтардан қалдырылған;

      іздер алақан бетінің қандай бөлігімен қалдырылған;

      іздің бөлігі немен қалдырылған: қол саусағымен немесе қолдың алақанымен;

      адам қолының іздерінде қандай ерекшеліктері түсіп қалды (тыртықтары, күстері, жараның орны, тері аурулары, саусақтарының жоқтығы және өзгеруі, сақинасы, орауының болуы) түсіп қалды;

      іздерде, теңдестірілушінің "көзге түсетін" белгілерінің (тыртықтарының, табан құрылысының анатомиялық ерекшеліктері және тағы басқа) бар екендігін растайтын белгілер бар ма;

      осы іздерде, адамның жынысы мен жасын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер көрініс тапқан ба;

      Қылмыс оқиғасымен байланысты объектілер дактилоскопиялық зерттеудің объектілері болып табылады:

      қолдың және/немесе жалаң аяқтардың болжамды іздері бар заттар немесе олардың бөлігі;

      қолдың және/немесе жалаң аяқтардың іздері көшіріліп алынған дактилоскопиялық пленкалар немесе өзге де жабысқақ және полимерлік материалдар;

      қолдың және/немесе жалаң аяқтардың көлемді іздерінен алынған көшірме бедерлер;

      қолдың және/немесе жалаң аяқтардың іздері бейнеленген фотосуреттер, бейнепленка және репродукциялар;

      қылмыстық істі алдын ала тергеу материалдары;

      оқиға орнын қарап шығу хаттамасы, фотокестелерімен;

      оқиға орнының жағдайлары және қолдың және/немесе жалаң аяқтардың іздері түсіріліп алынған фотонегативтер мен/немесе бейнепленкалар;

      оқиға орнын қарап шығу хаттамасына тіркелген жоспарлар, сызбалар, суреттер және маман-криминалистердің оқиға орнын қарап шығу барысында жүргізген іздерді алдын ала зерттеудің нәтижелері бар ақпараттық-іздеу картасы (қарап шығу хаттамасына қосымша);

      зерттеу объектілерін және/немесе іздерді табу, шегендеу және алумен байланысты тергеу әрекеттерінің материалдары: жауап алудың, тінтудің (алудың), тергеу эксперименттерінің, салыстырмалы зерттеу үшін үлгілерді алудың хаттамалары;

      алдыңғы сараптамалардың материалдары: сарапшы қорытындысы, фотокесте, фотонегативтер, әртүрлі әзірленімдер мен оларға қосымшалар; сараптама объектілері.

      Зерттеуге келесілердің қолдары мен аяқ іздерінің үлгілері ұсынылуы мүмкін:

      қылмыстық оқиғаға байланысты емес, өз іздерін қалдыруы мүмкін жәбірленушілердің, таныстарының, көршілерінің, материалдық жауапты адамдардың небасқа да азаматтардың;

      күдіктілердің, айыпталушылардың және қылмыс жасауға қатысы барлығы тексерілетін адамдардың;

      танылмаған мәйіттердің;

      өз өмірбаянының деректерін жасыратын адамдардың;

      ерекше қабаттардан алынған эксперименттік ізтаңбалардың.

      Ұсынылатын дактилоскопиялық зерттеу объектілеріне қойылатын талаптар.

      Іздері бар объектілерді іздердің орауыш бетімен және бір-бірімен түйіспейтіндей етіп орау керек. Нысандарды тікелей полиэтилен пакеттерге орауға болмайды. Тасымалдауға болмайтын үлкен және басқа да заттардың беттерінде қол іздері табылған жағдайда осы іздердің көшірмелерін із көшіргіш пленкаға түсіріп, сараптамаға жіберу керек.

      Сараптамалық зерттеу үшін үлгі ретінде сәйкестендірілетін адамдардың саусақтарының тырнақ орналасқан бөліктері және (немесе) қолдарының басқа бөліктерінің (алақан, саусақтың негізгі және ортаңғы бөліктері) эксперименталды ізтаңбаларын ұсыну қажет.

      Саусақтардың тырнақ бөліктерінің іздері қара баспа бояуымен боялған әр саусақты дактилоскопиялық картаға немесе ақ қағазға басу жолымен алынады. Алақанның, саусақтардың негізгі және ортаңғы бөліктерінің іздері олардың ізтаңбалары арқылы алынады.

      Эксперименталды іздердің папилляр өрнектерінің анық және толық берілуін талап етіледі. Іздердің бояумен бітеліп немесе жағылып қалуына жол берілмейді. Дактилокартада эксперименттік ізтаңбалардың қашан, кімнен (Т.А.Ә. және туылған жылы) және кімнің (Т.А.Ә., лауазымы) алғаны көрсетілуі тиіс.

      Сараптамаға жіберілетін барлық материалдарды сараптама тағайындаушы куәландыруы керек. Тергеу қызметкерлері дактилоскопиялық сараптаманы Ішкі істер министрлігі жүйесінің мамандары объектілерді алғашқы зерттегеннен кейін тағайындаған жағдайда, дактилоскопиялық пленкалар, дактилоскопиялық карталардан бөлек міндетті түрде мамандардың қорытындыларын фотокестелерімен ұсыну қажет.

      Дактилоскопиялық сараптамаға ұсынылатын материалдарға, қажет болған жағдайда, оқиға орнын қарап шығу және оқиға орнынан алынған іздерді алу хаттамалары қоса беріледі. Осы хаттамаларда мына мәліметтер:

      іздер табылған объектіні сипаттау, оларды табу мен алу тәсілдері (объекті сыртының түсі және сипаты, қолданылған ұнтақтың, реактивтің түрі);

      алынған іздердің санын және олардың өзара орналасуын, із өрнегі басының бағытын сипаттау;

      алынған іздері бар орауыштың сипаттамасы қамтылуы керек.

      2) Келесі негізгі міндеттерді шешу мақсатындағы адам аяғының (жалаңаяқ, шұлық киген) және аяқкиімінің іздерін зерттеу:

      тасымалдаушы-объектідегі: еден бетінде, ағаш кедергіде, әйнекте, киімде, гипстік көшірме бедерінде, фотосуретте, дактилоскопиялық пленкада адам аяғы мен аяқкиім іздерінің бар екендігін анықтау;

      адам аяғының іздеріндегі сипаттамалық ерекшеліктерді (жалаңаяқ, шұлық кигенін) анықтау;

      аяқ іздерінің бір немесе бірнеше адамға тиесілі екендігін анықтау;

      жалаңаяқ (шұлықтағы аяқ) іздердін қалдырған адамның киюі мүмкін аяқкиімнің өлшемін анықтау;

      объектіде із қалдырған нақты аяқкиімді анықтау;

      адамның із жолдарының пайда болу механизмін (іздер адамның жүгірген, жүрген, едәуір жүк көтерген кезде пайда болған ба) және іздерді қалдырған адамның жүрісінің кейбір ерекшеліктерін анықтау;

      із жолдарын қалдырған нақты адамды анықтау;

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      іздерді қандай аяқкиім (түрі, өлшемі, тозу дәрежесі, ерекшеліктері) қалдырған;

      із қалдырған адамның қозғалыс бағыты мен сипаты қандай;

      іздерді зерттеуге ұсынылған нақты аяқкиім қалдырған ба;

      Сараптамалық зерттеуге келесілерді жіберу қажет:

      көлемді фотосуреттер, көлемді іздердің көшірме бедерлері, іздердің үстіңгі бетін ізкөшіргіш пленкаға көшіру; мүмкін болған жағдайларда заттың өзі немесе аяқтың (аяқкиімнің) іздерімен бірге оның бөліктері ұсынылады. Егер бірнеше іздер табылса (жол), оларды өлшеп, оң және сол аяқтардың нақты көрінетін іздерінен гипстік бедерлер дайындалады. Алдын ала іздің үстіңгі қабатынан оған кездейсоқ түскен заттарды – бұтақшаларды, топырақ қабатынан түскен түйірлерді алып тастайды;

      салыстырмалы материалдар: аяқкиім іздерін зерттеу үшін сараптамада оған қатысты сұрақ қойылған аяқкиімді ұсыну қажет; жалаңаяқтың көлемді іздерін зерттеген кезде із қалдырды деп болжанған тұлға аяғының экспериметалды іздерінің бедерлерін ұсыну қажет, ал жалаңаяқ іздердің үстінгі беттерін зерттеу үшін — ақ қағаз парағына басылған баспа бояуымен боялған аяқ табанының (із жолдары) өкше бөлігінің эксперименталды бедерлері алынады.

      Шұлықтағы аяқ іздерін зерттеу үшін шұлықтағы аяқтың эксперименталды іздерінің бедерін дайындау қажет, сонымен қатар шұлықты да ұсыну керек.

      Келтірілген объектілермен бірге сараптамаға оқиға орнын қарау, дәлелдемелік заттарды алу жөне қарау хаттамаларын да ұсыну қажет.

      3) Келесі негізгі міндеттерді шешу мақсатындағы адамның тістері мен денесінің өзге де бөліктерінің іздерін зерттеу:

      ұсынылған объектілерде тіс іздерінің бар екендігі және нақты бір адамды сәйкестендіру үшін іздердің жарамды екенін анықтау;

      объектіде тіс протезі іздерінің бар екендігін анықтау;

      объектіде адам қолдарының тырнақ іздерінің бар екендігін анықтау;

      нақты бір адамды тіс, тіс протездері, тырнақтар, бастың тері түктерінің іздері бойынша сәйкестендіру;

      іздердің бір адамға немесе бірнеше адамға тиесілі екенінін анықтау.

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      зерттелетін объектілерде тіс (тіс протездері), тырнақ іздері бар ма және олар адамды анықтауға жарамды ма;

      іздерді жоғарғы әлде төменгі жақтың тістері және нақты қайсылары қалдырған;

      із қалдырған адамның тіс аппаратының ерекшеліктері қандай;

      тіс іздерінің пайда болу механизмі қандай;

      тіс (тіс протездері), тырнақ іздерін нақты бір адам қалдырған ба;

      тіс (тіс протездері) іздерін бір немесе әртүрлі адам қалдырған ба.

      Тіс іздерінің сараптамасына із табылған затты жолдау қажет. Егер белгілі бір себептермен көрсетілген затты немесе оның бөліктерін алу немесе ұзақ уақыт сақтау мүмкін болмаса, сараптамаға іздің көлемді фотосуреттері мен олардан дайындалған көшірме бедерлері (гипстен немесе бедерлер көшіретін жұмсақ заттың массасы) жолдануы керек.

      Салыстырмалы материалдар ретінде сараптамаға қойылған сұрақта көрсетілген, адамдардың екі жақтарының тіс үлгілерін, сондай-ақ пластилинде немесе тіс техникалық балауызда қайта жасалған эксперименталды іздерді (тістеу, тістеп алу) ұсыну керек. Тіс үлгілерін дайындауды тіс дәрігеріне немесе протезші-техниктерге тапсырған жөн, олар тіс үлгілерін анықтауды жүргізуші тұлғаның, тергеуші немесе судьяның қатысуымен дайындауы керек.

      Адамның бас терісінің түктері іздерінің трасологиялық сараптамасына материалдарды дайындау мен ұсыну талаптары қол іздерінің сараптамасына ұқсас болады.

      4) Келесі негізгі міндеттерді шешу мақсатындағы жануарлар аяқтарының іздерін зерттеу:

      тасымалдаушы-объектіде жануарлар аяқтарының іздері бар екендігін анықтау;

      жануардың аяқ іздерінің қандай түрге жататынын анықтау;

      іздерінің бір немесе әр түрлі жануарларға тиесілі екендігін анықтау;

      жануарларды сәйкестендіру үшін іздердің жарамды екендігін анықтау;

      іздер бойынша жануардың жүру бағытын анықтау;

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      тасымалдаушы-объектіде жануардың аяқ іздері бар ма, олар жануарды сәйкестендіру үшін жарамды ма;

      бұл аяқ іздер бір немесе әр түрлі жануарға тиесілі ме;

      іздерді белгілі бір жануар қалдырған ба;

      жылқы тағаларының іздерін осы тағалар (аталған жылқы тағалары) қалдырған ба;

      іздерге қарағанда, жануар қай бағытта қозғалған;

      Оқиға орнында алынған (көбінесе көлемді, гипстік бедерлер арқылы шегеленген) объектілермен бірге жануарлардың іздерінің эксперименталды бедерлерін, таңбаларды ұсыну қажет. Тағалардың эксперименталды бедерлерінен басқа, оқиға орнындағы тағалардың іздерін көрсету кезінде тағаларды бекіткен шегелермен бірге тұяқтардан шешіп алынған тағаларды да ұсыну қажет.

      112. Жабу құрылғыларын, сақтандырғыш құрылғыларды, сондай-ақ аспаптар мен құрал-саймандардың іздерін зерттеу, келесі негізгі міндеттерді шешу мақсатында жүргізіледі:

      жабу құрылғысының қай түрге жататынын анықтау;

      жабу құрылғысының ақаусыздығы немесе ақауы бар фактісін анықтау;

      жабу құрылғысын (әр түрлі мақсатта қолданылатын құлыптарды) сол құрылғыға арналған, іріктеп алынған, қолдан жасалған кілттің; кез келген құлыпты ашуға арналған кілттің; бөтен заттың көмегімен ашу фактісін анықтау;

      бірнеше жабу құрылғыларын ашудың (бұзудың) тәсілін анықтау;

      жабу құрылғысын ашқан немесе бұзған нақты затты анықтау;

      пломбаның бүтіндігінің бұзылуы фактісін, бұзу тәсілін және бұл үшін қолданылған құрал-сайманды анықтау;

      нақты пломба қысқыштарымен пломбаларға бедерлемелерді салу фактісін анықтау;

      пломбаға пломба қысқыштарының қайта әсер ету фактісін анықтау;

      жабу-пломбалау құрылғысын (бұдан былай – ЖПҚ) ашу және қайта жабу фактісін, ашу және қайта жабу тәсілін анықтау;

      кедергіні бұзу кезінде аспаптың (құрал-сайманның) әсері іздерінің бар екендігін анықтау;

      бұзу іздерінің пайда болу механизмін анықтау;

      із қалдырған құралдың түрін анықтау (қашау, бұрғы, балта);

      кедергідегі және жабу құрылғысындағы іздер бойынша бұзу бағытын анықтау.

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      жабу құрылғысы қандай түрге (типке) жатады;

      зерттеуге ұсынылған құлып ақаусыз ба;

      жабу механизмі қандай күйде (жабық немесе ашық);

      осы құлып оны ашуға арналған аспаппен немесе тандап алынған қолдан жасалған кілттермен ашылған ба;

      құлып ұсынылған кілтпен ашылған ба;

      құлыптағы іздер осы затпен жасалған ба;

      қағаз ішпектің бүтіндігін бұзбай-ақ бақылау құлпын ашуға бола ма;

      пломбалардағы бедерлер осы пломба қысқыштарымен қалдырылған ба;

      пломбалардағы бедерлер бір пломба қысқышымен қалдырылған ба;

      пломба қысқыштың қайта әсер етуіне ұшыраған ба;

      пломбаның тұтастығы бұзылған ба, егер солай болса қандай тәсілмен бұзылған;

      пломбадағы іздер осы құрал-сайманмен қалдырылған ба;

      ЖПҚ-ны ашу және қайта жабу жүргізілген бе және қандай тәсілмен жүргізілген;

      кедергіні бұзу кезінде құралдың әсер ету ізі бар ма;

      бұзу іздерінің пайда болу механизмі қандай;

      іздер аспаптың қандай түрімен (қашаумен, бұрғымен, балтамен) қалдырылған;

      кедергі қай жақтан (ішкі, сыртқы) бұзылған;

      іздер аспаптың (сайманның) осы данасымен қалдырылған ба.

      Құлыптарды сараптамалық зерттеу үшін сол құлыптарды және ашу немесе бұзу үшін пайдалануға жараған заттарды, сондай-ақ осы құлыптарға арналған кілттерді ұсыну керек. Цилиндрлі құлыптарды сараптамалық зерттеуге жолдағанда, оның қай жағы зерттелуі қажеттігі туралы деректер ұсыну қажет.

      Сараптамаға жолдаудың алдыңда бар іздерді зақымдап алмау және қосымша іздерді жасамас үшін құлыптың саңылауына кілттерді және басқа да заттарды енгізуге қатаң тыйым салынады.

      Сараптамалық зерттеуге оқиға орнынан алынған кілттердің барлық бумасы емес, зерттелуге арналған кілттер ғана ұсынылуы керек.

      Пломбалар сараптамасына оларға қатысты сұрақ қойылған пломбаларды, осы плобаларды пломбылайтын қысқыштарды немесе осы пломба қысқыштарының бедерлері бар бірнеше эксперименттік пломбаларды ұсыну керек.

      ЖПҚ-ның сараптамасына зерттелетін ЖПҚ бөлек, оларға ұқсас ЖПҚ үлгілерін жолдау қажет.

      Бұзу құралдары мен аспаптар іздерінің сараптамасына оларға қатысты сұрақ қойылған аспаптар мен құралдарды, іздері бар заттарды немесе бөліктерді ұсыну керек. Егер белгілі бір себептерге байланысты іздері бар заттың өзін ұсыну мүмкін болмаса, онда сараптама үшін іздердің көшірме бедерлері мен ауқымды фотосуреттерін дайындаған жөн.

      Арамен кесу және бұрғылау іздерін зерттеген кезде сарапшыларға оқиға орнынан алынған үгінділер мен жоңқаларды да жолдау қажет.

      Іздері бар заттардың бөліктерінде олардың оқиға орнындағы жай-күйін бағдарлайтын мынадай жазулар жазылуы қажет, мысалы: "жоғары", "төмен", "сыртқы жағы", "ішкі жағы".

      Бұзу затында немесе көшірмесі алынған кілтте қалуы мүмкін іздер мен қатпарларды сақтау мақсатында (бояулар, ағаш жаңқалары, кілттердегі көшірме бедер массалары) бұзу іздері бар жабу тақтайшаларын, бұзу немесе ашу үшін пайдаланылған кілттер мен заттарды мұқият орау керек.

      Зерттеудің тікелей объектілерінен бөлек, сараптамаға объектілерді табу сәтіндегі олардың күйі, орналасқан жері және өзара орналасу орны, сондай-ақ олар зақымданғанға (болжамды зақымдануына) дейінгі жауапты адамдар пайдаланған жабудың және бақылаудың тәсілдері туралы ақпараттар бар іс материалдары (не олардың көшірмелері) жолдануы мүмкін.

      113. Киімдердің және басқа объектілердің механикалық зақымдануын трасологиялық зерттеу, түйіндер мен ілмектерді зерттеу, бүтінді оның бөліктері арқылы анықтау мыналардан тұрады:

      1) Келесі негізгі міндеттерді шешу мақсатында киімдердің және басқа объектілердің механикалық зақымдануын, түйіндер мен ілмектерді зерттеу:

      зақымдардың бар екендігін және оның орналасқан жерін анықтау;

      зақымдардың (кесу, үзу, шабу) пайда болу сипаты мен механизмін анықтау;

      зақым келтірген аспаптағы қатпарларды және олардың орналасқан жерін анықтау;

      зақым келтірген нақты құралдың (пышақ, біз, қашау) топтық қатыстылығын анықтау;

      зақым келтіру сәтіндегі жәбірленушінің тұрыс-қалпын анықтау;

      түйменің нақты бір бұйымға тиесілі екендігін анықтау;

      түйінді байлау тәсілін анықтау.

      Сараптамға қойылатын типтік сұрақтар:

      зақымның пайда болу механизмі қандай және олардың объектіде орналасу орнын анықтау;

      зақым келтірген затта кедергіден алынған қатпар бар ма;

      кедергідегі зақым осы затпен (пышақпен, балтамен, қайшымен және соған ұқсас) жасалған ба;

      оқиға орнынан алынған түйме нақты бір бұйымға тиесілі ме;

      объектідегі түйін қандай тәсілмен байланған;

      түйінді немесе ілмекті байлаған адам қандай да бір кәсіби дағдыларды меңгерген бе;

      Сараптамаға зақымдары бар киімді (немесе зақымданған кедергіні), сондай-ақ із жасаушы объекті ретінде болжанған (тесетін, кесетін, шабатын, өткір емес) қаруды ұсыну қажет.

      Киімнің немесе басқа заттардың із жасаушы объектілермен түйісуі барысында өте ұсақ бөлшектердің өзара тасымалдануы мүмкін. Осыған байланысты зерттеуге жолданатын нысандардың орауышы нысандар мен зақымдарды, сондай-ақ олардағы болуы мүмкін өте ұсақ бөлшектердің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Бүл кешенді зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

      Адам денесінде тиісті зақымдардың бар болуы кезінде киімнің зақымдары кешенді зерттелуі тиіс, осыған байланысты басқа объектілермен бірге міндетті түрде жәбірленуші мәйітінің сот-медициналық сараптама қорытындысын (немесе жәбірленуші денесін сот-медициналық куәландыруы) ұсыну керек. Қан болған киім ораудан және зерттеуге жіберуден алдын кептірілуі керек.

      Сараптамаға жолданатын объектілердің сипаты бойынша әр түрлі зақымдары (соның ішінде эксплуатациялық та) бар болуы мүмкін, сондықтан қаулыда олардың қайсысы зерттелуі тиіс екендігі дәл нақтылау керек.

      2) Келесі міндеттерді шешу мақсатында бүтінді бөліктері бойынша зерттеу:

      заттардың, бұйымдардың бөлшектенген бөліктерін қай түрге жататынын анықтау;

      заттардың, бұйымдардың бөліктерінің бөлшектену механизмін анықтау;

      бөліктердің ортақ бір бүтінге тиесілі екендігін анықтау (бөлшектенудің ортақ сызығының болуы/болмауы кезінде).

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      Зерттеуге ұсынылған объектілер бұрын бір бүтінді құраған ба?

      Сараптамаға заттардың қолда бар барлық бөлінген, бір бүтінге тиесілі болуы мүмкін бөліктерін, яғни оқиға орнынан алынған бөліктерді де, күдікті адамдардан немесе басқа жерлерден алынған бөліктерді де ұсыну қажет.

      Салыстырмалы зерттеуге жататын заттардың бөліктерін сараптамаға жіберу кезінде олардың араласып кетуін және қосымша зақымдануына жол бермейтін бөлек-бөлек орауышқа орналастыруы керек. Орауышта объектілерді алу орнына қатысты ілеспе жазулар болуы керек.

      114. Заттарды, оларды суық қаруға жатқызу мақсатында зерттеу, оның барысында келесі негізгі міндеттер шешіледі:

      объектінің қай түрге (типке) жататынын анықтау;

      объектіні дайындау тәсілін анықтау;

      объектінің әр түрлі мақсатта пайдаланылатын суық қаруға: тесіп-кесу, ұрып-бөлшектеу, тесіп-кесіп-шабу, құрамдастыру әрекетіне жататындығын анықтау;

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      осы зат суық қаруға жата ма;

      осы зат суық қарудың қандай типіне, түріне, үлгісіне жатады;

      ол қандай тәсілмен жасалған;

      Осы суық қару суық қарудың басқа типінен, түрінен, үлгісінен қайта жасалған ба, атап айтқанда қандай түрінен және қандай тәсілмен;

      Сараптамаға, оларға қатысты сұрақ қойылған объектілердің өзін оралған және сүргі соғылған күйінде ұсыныу қажет. Орауышта объектінің атауы, оның кімнен алынғандығы, куәгердің, ұсталған және нысанды алуды жүргізуші тұлғалардың қолдары көрсетілуі керек.

      115. Мақсатын келесі негізгі міндеттерді шешу болып табылатын автокөлік құралдарының іздерін зерттеу:

      көлік құралдары дөңгелектерінің іздері бар екендігін анықтау;

      дөңгелектердің іздері бойынша оларды автокөлік құралының қандай типі және моделі қалдырғанын анықтау;

      із-кескіндері бойынша шинаның моделін немесе өлшемдік тобын анықтау;

      көлік құралын оның дөңгелектерінің іздері бойынша сәйкестендіру.

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      зерттелетін объектіде автокөлік құралының іздері бар ма және олар сәйкестендіру үшін жарамды ма?

      іздерді автокөлік құралының қаңдай түрі, қандай маркасы қалдырған?

      іздерді шинаның қандай моделі қалдырған?

      іздерді осы көлік құралының шиналары қалдырған ба?

      Сараптамаға әр түрлі материалдық тасымалдаушыларда қалдырылған автокөлік құралдарының (шиналарының) іздерін ұсыну қажет. Шиналардың іздерінен басқа, сараптамалық зерттеудің объектілері оқиға орнынан табылған шиналардың көлемді іздерінің көшірме бедерлерін алу жолымен жасалған көшірмелері болуы мүмкін. Сондай-ақ объектілер, шина іздері бейнеленген фотографиялық суреттер (беткі, көлемді) мен әркелкі техникалық құралдардың көмегімен алынған басқа да көшірмелер болуы мүмкін.

      Шиналардың іздерін зерттеу кезінде салыстыру үшін үлгі ретінде, оларға қатысты сұрақтар қойылған тексеріліп жатқан көлік құралдары дөңгелектерінің шиналары жіберіледі.

      116. Әртүрлі объектілердегі қан іздерін зерттеу.

      Бұл зерттеудің мақсаты келесі негізгі міндеттерді шешу болып табылады:

      қан іздерінің пайда болу механизмін анықтау;

      қылмысты жасау орнын, зақымдарды келтіру сәтіндегі жәбірленуші мен күдіктінің (айыпталушының) орналасқан орны мен тұрған тұрысын анықтау, алысу және өзін-өзі қорғау белгілерін анықтау;

      зақымдарды келтірудің реттілігін, жараланғанның жылжу орнын немесе мәйіттің орнын ауыстыру траекториясын анықтау.

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар.

      объектілердегі қан іздерінің түрі мен оның пайда болу механизмі қандай?

      Жәбірленуші мен кқылмыскердің тұрған тұрысын, зақымды келтірудің реттілігін, жараланғанның жылжу орнын немесе мәйіттің орнын ауыстыру траекториясын анықтау мүмкін бе?

      Зерттеудің бұл түрінің объектілері көбінесе қанның іздері бар әртүрлі заттар болады: киім, жиһаз бұйымдары, оқиға орнының жалпы заттық жағдайы.

      Киімдер, төсек жапқыштар, ақжаймалар және тағы басқа зерттеуге кептірілген күйінде ұсынылуы тиіс. Оның үстіне, оларды буып-түйген кезде қан іздерінің оның былғанбаған жерлеріне түсуін болдырмау қажет; сондай-ақ бұл іздердің қан іздері екендігі туралы биологиялық сараптаманың қорытындысы міндетті түрде ұсынылады. Биологтар қан іздері бар объектілерден кесінді немесе сүртінді алатындығына байланысты алғашқы іздердің өзара орналасуы мен орналасу орнын масштабты сызғышпен міндетті түрде шегендеп (фототүсірілім жасап, қарап шығу хаттамасында егжей-тегжейлі сипаттау керек) алу қажет.

      117. Келесі негізгі міндеттерді шешу мақсатында таңбалау белгілерін жоюдың (өзгертудің) іздерін зерттеу:

      объектіде таңбалау белгілерін жою (өзгерту) іздерінің бар екендігін анықтау;

      таңбалау белгілерін жоюдың (өзгертудің) тәсілін анықтау;

      өзгертілген таңбалау белгілерінің бастапқы мазмұнын анықтау;

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      бұйымдағы таңбалау белгілері жойылған ба немесе өзгеріске ұшыраған ба?

      осы бұйымдағы таңбалау белгілерінің мазмұны қандай тәсілмен жойылған, не өзгертілген;

      осы бұйымдағы өзгертілген таңбалау белгілерінің бастапқы мазмұны қандай.

      Зерттеудің осы түрінің объектілері көбінесе атыс және суық қаруы, автокөлік құралдарының двигательдері, шанақтары, жазу машинкаларының шассиі, зергерлік бұйымдар, сағаттар, ордендер, телевизиялық және радиоаппаратуралар және басқа да жеке қолданыстағы заттар болып табылады.

8-параграф. Сот баллистикалық сараптамасы (6.1)

      118. Сот баллистикалық сараптамасының мәні – қаруды, оқ-дәріні, ату іздерін зерттеу кезінде арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталатын қаруды, оқ-дәріні, ату іздерін зерттеу кезінде тергелетін оқиғаның нақты деректерін, жағдайларын анықтау болып табылады.

      119. Сот баллистикалық сараптамасының объектілері: қару мен оқ-дәрілер; қару мен оқ-дәрілердің тікелей немесе жанама әсерінің нәтижесінде өзгеріске ұшыраған заттар; тергеу мен сотта дәлелдеу барысында алынған ақпаратты қамтыған құжаттамалық деректі іс жүргізу көздері болып табылады.

      120. Сот баллистикалық сараптаманың міндеттері: атыс қаруы мен оқ-дәрілердің түрі, үлгісі мен калибрін анықтау, атылған оқ, гильзалар бойынша қарудың нақты данасын анықтау; қару мен оқ-дәрінің ату жарамдылығының ақаусыз екенін анықтау; патрондардың, оқтардың, гильзалардың, бытыралардың, картечьтердің біртектілігін анықтау; оқтың бағытын, бұрышын, ату қашықтығын анықтау мақсатында кедергілердегі ату іздерін зерттеу.

      121. Сот баллистикалық сараптаманың тікелей объектілері: қарудың жалпы өзі және оның кейбір бөліктері, оқ-дәрілер және оларды жабдықтау компоненттері, жәбірленуші киімінің зақымдары мен оқиға орнындағы заттар (оқ өткен жерлері, оқтың тиген жерінен ауытқып кетуінің іздері), оқ-дәрілерді дайындау үшін пайдаланылатын материалдар, шикізат, аспаптар, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер, сараптама мәніне жататын ақпараты бар іс материалдары (қарап шығу және дәлелдемелік заттарды алу хаттамалары, оқиға орнын қарап шығу хаттамалары, оқиға орнын қарап шығу сызбасы, сот-медициналық сараптамасының қорытындысы).

      122. Сот баллистикалық сараптамасы келесі бағыттарға бөлінеді:

      Атыс қаруын (оның бөліктерін) келесі негізгі міндеттерді шешу мақсатында зерттеу:

      нақты объектінің (механизмнің) атыс қаруы болып табылатындығын анықтау;

      зерттеуге ұсынылған қарудың түрін, моделін анықтау;

      қарудың жасалу тәсілін анықтау (зауыттық, қолдан жасалған, қайта жасалған);

      соңғы тазалау мен майлаудан кейін қарудан ату фактісін анықтау;

      қарудың техникалық жай-күйі мен оның атуға жарамды екенін анықтау;

      шүріппені баспай-ақ атылыс болу мүмкіндігін анықтау;

      қаруды қайта жасау фактісі мен тәсілін анықтау;

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      зерттеуге ұсынылған қару қай түрге, үлгіге, модельге жатады;

      осы қару атыс қаруы санатына жата ма;

      қару қандай тәсілмен дайындалған (қайта жасалған, қолдан жасалған немесе зауыттық);

      қару құрылысында өзгерістер бар ма, олар қандай, қандай мақсатпен, қандай тәсілмен жасалған;

      қару жарамды ма, егер жарамсыз болса, онда себебі неде;

      қару ату үшін жарамды ма;

      соңғы тазалау мен майлаудан кейін ұсынылған қарудан атылған ба;

      белглі бір калибрлі (калибрді көрсету қажет) снарядты осы қарумен ату мүмкін бе.

      Сараптамада өзіне қатысты сұрақ қойылған қаруды; күдіктінің қаруды қайта жасау және қолдан дайындау үшін пайдалануы мүмкін деген бөлшектер мен құрылғыларды сараптамаға ұсыну керек. Зерттеуге жолданатын қарумен бірге міндетті түрде эксперименттік ату үшін оған сәйкес патрондар (үшеуден кем емес) ұсынылады.

      Сараптамаға жіберілетін қару оқталмаған болу керек. Сараптамаға жібермей тұрып, шүріппені ату әзірлігіне қою және ату ілмегін басу жолымен соққы-шаппа механизміне тексеру жүргізуге, сондай-ақ соққы-шаппа механизмін шашып-жинауға болмайды, өйткені мұндай әрекеттер қарудың бөлшектерінің өзара әрекет етуін бұзуға, олардың сынуына әкеп соқтыруы мүмкін.

      Сараптамаға жіберілуі тиіс атыс қаруын, оқ-дәрілерді, снарядтарды, гильзаларды тасымалдау барысында зақымданудан және өзара жанасудан сенімді түрде сақтау үшін оларды бірінен бірін бөлек орау керек.

      Атыс қаруын, оқ-дәрілерді сараптамаға оны тағайындаған адам немесе қолма-қол жеткізіледі. Оларды поштамен жіберуге тыйым салынады.

      Міндетіне келесі негізгі міндеттерді шешу кіретін аңшылық патрондар мен оқ-дәрілерді жабдықтау компоненттерін, сондай-ақ атылған оқтар мен гильзалардың іздерін зерттеу:

      оқ-дәрілердің қай түрге (типке) жататынын анықтау;

      патрондардың дайындалу тәсілін (зауыттық, қолдан жасалған, ауыстырғыш-патрондар) анықтау;

      оқ-дәрілердің техникалық жай-күйін және олардың атысқа жарамды екенін анықтау;

      арнайы қондырғылар мен құрылғыларды пайдалану арқылы ауыстырғыш-патронның дайындалуын анықтау;

      патрондарды жабдықтау компоненттерінің ортақ шығу көзін анықтау;

      гильзалар мен снарядтардағы іздер бойынша нақты бір қаруды анықтау ;

      оқ пен гильзаның бір патронға тиесілі екендігін анықтау;

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      оқ-дәрілер қандай түрге, үлгіге жатады, ату үшін олар қандай қаруда пайдаланылуы мүмкін;

      осы снаряд, гильза, капсюль, тығын патрондардың қандай үлгісіне, мақсатына арналған;

      оқ-дәрілер қандай тәсілмен дайындалған;

      аңшылық патрондарды жабдықтау компонентері (снарядтар, тығындар, төсемдер) қандай тәсілмен жасалған;

      патрондар қандай тәсілмен жабдықталған;

      патрондар жарамды ма, егер жарамсыз болса, себебі неде;

      патрондар атуға жарамды ма;

      патрондарды жабдықтау компоненттерінің (гильзалар, снарядтар, тығындар, төсемдер, дәрілер) шығу көздері ортақ па;

      ұсынылған патрондар ауыстырғыш-патрондарға жата ма және олар қандай қаруда пайдалануы мүмкін;

      осы оқ қарудың қандай түрінен атылған;

      осы оқ, бытыра, картечь ұсынылған қарумен (тап сол бір қарумен) атылған ба;

      осы гильза ұсынылған қарудан атылған патрондікі ме;

      осы оқ пен гильза бір патронның бөліктері болып табыла ма;

      Сараптамаға заттай дәлелдеме ретінде алынған патрондарды, гильзаларды, оқтарды, аңшылық снарядтарды (снарядты құрайтын оқтарды, барлық бытыра немесе картечьті) табылған орнын, қайдан алынғанын көрсете отырып; зерттелетін гильзалармен, қарумен бір топтан шыққан, зерттелетін қарудан экспериментальды ату үшін 5-10 дана патронды, сәйкестендірушілік зертеу үшін салыстырмалы үлгілерді ұсыну қажет. Қаруды сараптамаға жібергенге дейін оның із жасаушы бөліктерінің шағын бедерін өзгертпес үшін одан атуға және оны бөлшектеуге болмайды.

      Патрондардың жабдықтау компоненттерінің ортақ шығу көзін анықтау туралы міндетті ойдағыдай шешу ұсынылған салыстырмалы объектілердің саны мен әр келкі болуына байланысты болады, сондықтан да сараптамалық зерттеуге оқиға орны мен күдіктіден алынған снарядтарды, тығындарды, төсемдерді, дәріні, жабдықталған патрондарды, киіз тығындарды, төсемдерді қолдан жасау үшін пайдаланылуы мүмкін болған қағаздарды, сондай-ақ тығындар мен төсемдерді қолдан жасау кезінде пайдалануы мүмкін аспаптар мен құрылғыларды жіберу керек.

      Сараптаманы тағайындаушы орган (тұлға) жәбірленушінің мәйітін ашып қараушы сот сарапшыларынан жарақаттардан барлық снарядтарды шығаруды талап етуі керек, өйткені снарядтардың бір, не екі бытырасы, картечі ортақ шығу көзін анықтауға байланысты міндеттерді шешуге мүмкіндік бермейді.

      Сараптамаға ұсынылатын әрбір объект табылу, алыну орнын көрсететін жазулары бар бөлек пакеттерге оралуы қажет.

      Жәбірленушінің мәйітінен алынған тығындар мен төсемдер сараптамалық зерттеуге ұсынылар алдында кептірілуі керек.

      Ескерту: патрондарды, атуға жарамдылығы туралы міндеттерді шешу мақсатында зерттеу объектіні өзгертуді талап етеді, сондықтан сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) патрондарды атуға рұқсат ету міндетті түрде көрсетіледі.

      Атыстың іздері мен жағдаяттарын зерттеудің негізгі міндеттері:

      зақымданған объектіде атыс зақымдарының бар екенін анықтау;

      із-кескіндер бойынша зақым келтірген қарудың түрін анықтау;

      атыс қаруын қолданудың әр түрлі жағдаяттарын (арақашықтық, атыс саны, атушының тұрыс-қалпы мен орны) анықтау;

      атушының қолы мен киімінде ату іздерінің бар екенін анықтау;

      күдіктінің қару мен оқ-дәріні өзімен бірге алып жүру фактісін анықтау болып табылады.

      Сараптамаға қойылатын типтік сұрақтар:

      объектідегі зақымдар атыс қаруынан болған ба;

      кіру және шығу тесіктері қай жағында орналасқан;

      атыс қаруының зақымдары қарудың қандай түрінен пайда болған;

      зақымданған объектіде атыс қаруынан тию іздері қанша, объектідегі атыс қаруының зақым келтіру реті қандай;

      зақымданған объектіге атыс қандай арақашықтықтан жасалған;

      атыс қай жерден жасалған;

      зақымданған нысанға ату қай бағытта және қандай бұрыштан жасалған;

      ату сәтінде қару мен зақымданған объектінің өзара орналасуы қандай болған;

      жәбірленуші өзіне-өзі атыс зақымын келтіруі мүмкін бе;

      күдіктінің қолы мен киімінде атыс іздері бар ма.

      Сараптамаға, зерттеу үшін оқ тию әсерінен зақым іздері бар барлық киімдерді, олардың сыртқы қабатынан денеге тиіп тұратын қабатына дейінгі барлық қабаттары, атылған оқтан болған зақымдары бар оқиға орнының заттық жағдайының басқа да заттары, сондай-ақ іске қатысы бар қару мен оқ-дәрілерді (киімнің зақымдаған жерлеріне оқшаулағыш материалдар төселуі қажет, яғни осы зақымдардың аумағындағы микробөлшектер қатпарларының жоғалту мүмкіндігін болдырмау үшін орамның үстіңгі қабатынан оқшауланған болуы керек) ұсыну қажет.

      Қан болған және кірленген киімдер сараптамаға жолданғанға дейін кептірілуі керек. Зерттеуге киімдердің зақымданған жерін ғана кесіп алып тапсыруға рұқсат етілмейді.

      Егер киім, атыстан зақым келтірілгеннен кейін жуылса немесе жөнделсе, сарапшыға жуу тәсілі мен жөндеу тәсілі көрсетіле отырып хабарлану керек.

      Қолдан алынған сүртіндіні ұсынған кезде оларды этил спиртімен өңделген және оралар алдында кептірілген дәке тығынмен алу қажет. Қолдан алынған сүртіндімен бірге тығынның бақылау үлгісін де ұсыну қажет.

      Зерттеуге ұсынылған заттай дәлелдемелердің орауышы табылған және алынған орны көрсетілген тиісті жазулармен жабдықталып, сүргі соғылып, тергеуші мен куәнің қолдарымен расталуы керек.

      Заттай дәлелдемелермен бірге сараптамаға:

      оқиға орнын қарау хаттамасы, сызбалар және оған арналған фотосуреттер;

      жекелеген жағдайларда оқиға мән-жайы туралы айыпталушыдан, жәбірленушіден және куәлардан жауап алу хаттамасын да жіберу керек;

      жәбірленуші мәйітінің (немесе жәбірленушіні куәландыру) сот- медициналық сараптамасының актісі ұсынылу керек.

      Газды, пневматикалық, жарақаттаушы қаруды және оларға арналған патрондарды зерттеу.

      Зерттеудің бұл түрінің міндеті:

      газды (пневматикалық, жарақаттаушы) қарудың ақаусыздығын және атыс жасауға жарамды екенін анықтау;

      газды (пневматикалық, жарақаттаушы) қарудың атыс патрондарымен ату үшін қайта жасау фактісін анықтау;

      патрондарының қандай түрге жататындығын анықтау;

      газды, жарақаттаушы патрондардың арналған мақсаттары бойынша пайдалану үшін ақаусыз және жарамды екенін анықтау;

      патрондарды қайта жасау фактісін анықтау;

      Сот сараптамасының шешуіне қойылатын типтік сұрақтар:

      газды, пневматикалық, жарақаттаушы қару қандай түрге, үлгіге, модельге жатады;

      газды, пневматикалық, жарақаттаушы қаруы ақаусыз ба, егер ақауы бар болса, оның себебі неде;

      газды, пневматикалық, жарақаттаушы қаруы атыс патрондарымен ату үшін қайта жасалған ба;

      газды (жарақаттаушы) патрондары қандай түрге, үлгіге жатады, қарудың қандай түріне арналған;

      патрондар ақаусыз ба және атыс жасау үшін жарамды ма.

      Сараптамаға газды (пневматикалық, жарақаттаушы) қаруды, патрондарды, оларды қайта жасау үшін пайдаланылуы мүмкін аспаптар мен құрылғыларды ұсыну қажет.

      Сараптамаға жолданатын газды (пневматикалық, жарақаттаушы) қару оқталмаған болуы тиіс. Қарумен бірге эксперименттік ату үшін міндетті түрде үш данадан кем емес патрон ұсынылуы тиіс.

9-параграф. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы (7)

      123. Сараптаманың объектілері - нақты бір іс бойынша дәлелдемелік ақпараттың материалдық көздерінің ролін атқаратын әртүрлі заттар, материалдар және бұйымдар, сондай-ақ қорытынды беру үшін қажетті және елеулі ақпараты бар істің тиісті материалдары – бастапқы деректер (тергеу әрекеттерінің хаттамалары, оқиға орнының сызбалары, сот-медициналық сараптамасының қорытындысы) болып табылады.

      Бұдан бөлек, өзіндік ерекше жиынтық (интеграциялық) объект ретінде жалпы қылмыс оқиғасы механизмінің жүйесі туралы дәлелдемелік ақпаратты тасымалдаушы болып табылатын қылмыс оқиғасымен байланысты көрсетілген объектілер кешенінің бірі болуы мүмкін.

      124. Заттар мен материалдардың сот сараптамасын келесі негізгі міндеттерді шешу үшін жүргізеді:

      объектінің табиғатын табу және анықтау;

      сот сараптамасы объектілернің жіктелу тиістілігін, объектінің қай мақсаттқа арналғанын анықтау;

      объектінің тектік, топтық қатыстылығын анықтау;

      басылған іздері немесе бөлінген бөліктері бойынша нақты объектіні теңдестіру;

      түйіспелі өзара әрекеттестіктегі нақты заттарды табу;

      заттардың, материалдардың, бұйымдардың шығу көзін анықтау;

      заттардың, материалдардың, бұйымдардың дайындалу тәсілдерін, пайдалану және қолданылу саласын анықтау.

      Интеграциялық зерттеу арқылы шешілетін міндеттер нақты оқиға механизмінің жиынтық элементін анықтау бойынша дәлелдеу мақсаттарымен айқындалады (және құрастырылады).

10-параграф. Лактыбояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот - сараптамалық зерттеу (7.1)

      125. Лактыбояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын (бұдан әрі – ЛБМ, ЛБЖ, ПМ) сот - сараптамалық зерттеудің мәнін - технология саласындағы арнайы ғылыми білімдерді, ЛБМ, ЛБЖ, ПМ объектілерінің құрамы мен оларды зерттеу әдістерін пайдалана отырып, сот сараптамасының жалпы ережелерінің негіздерінде ЛБМ, ЛБЖ, ПМ сараптамалық зерттеу көмегімен тергелетін оқиғаның нақты деректерін, жағдайларын анықтау құрайды.

      126. ЛБМ, ЛБЖ, ПМ сот-сараптамалық зерттеудің объектілері: оқиға орнындағы заттардың орналасу қалпының әр түрлі элементтері – беті боялған заттар мен полимер материалдардан жасалған бұйымдар, лактыбояу материалдары және оның компоненттері, лактыбояу материалдарымен жұмыс істеуге арналған аспаптар мен құрылғылар, өзара түйіспелі әрекет іздері бар боялған заттардың нақты жиынтықтары, полимер бұйымдар үшін шикізаттың белгілі бір жиынтығы, оларды дайындау үшін қажет механизмдер мен жабдықтар болып табылады.

      127. ЛБМ, ЛБЖ, ПМ сот сараптамалық зерттеудің тікелей объектілері:

      лактыбояу материалдары мен кең көлемде қолданылатын заттардың (қылмыс құралы немесе қылмыстық қол сұғу заттары болып табылған көлік құралдарының, сейфтердің, үй тұрмысына керекті заттардың) лактыбояу жабындары;

      шикізат компоненттері мен әр түрлі мақсатқа арналған полимер бұйымдар (пленкалар, жіптер, фурнитура, кабель өнеркәсібінің бұйымдары, резинадан жасалған бұйымдар — автомобиль шиналары, түтікшелер);

      оқиға орнында немесе тасымалдаушы-заттардағы қатпарлардың іздерінде табылған беті боялған заттардан бөлініп қалған ЛБЖ бөлшектері;

      қылмыс оқиғасына байланысты қирауға, өзгеріске ұшыраған полимер материалдың (бұйымның) бөлшектері;

      іздердің тасымалдаушы-заттары олардың ЛБМ, ПМ-мен немесе боялған затпен өзара түйіспелі әрекеттерінің іздері;

      шамамен ортақ бір шығу көзі бар (пайдалану, сақтау, дайындау орны бойынша) сусымалы немесе сұйық ЛБМ жекелеген көлемдері, сондай-ақ нақты және пайдалануға дайын ЛБМ дайындау үшін пайдаланылған деп болжанған ЛБМ компоненттерінің жекелеген көлемдері (байланыстырғыш, пигменттер, толтырғыштар);

      ЛБМ, ЛБЖ және ПМ құрылғылары (механизмдер) мен дайындау технологиясы.

      ЛБМ, ЛБЖ, ПМ сот-сараптамалық зерттеудің өзге нысандары:

      сараптамалық зерттеу үшін нақты боялған заттың ЛБМ және ЛБЖ немесе полимер материалдың нақты массасының үлгілері;

      зерттеу нысандары туралы анықтамалық және бастапқы ақпараттар (дайындау, бояу технологиясы, сақтау, пайдалану шарттары);

      коллекциялық материал (ақпараттық қорының ЛБМ мен ЛБЖ, ПМ бақылау үлгілері);

      128. Іс материалдары:

      оқиға орнын қарау хаттамасы;

      заттай дәлелдемелерді алу хаттамасы;

      жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) туралы істер бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысы;

      ЖКО болған жағдайда беті боялған нысанда пайдаланудың уақыты, мысалы, көлік құралы (бұдан әрі – КҚ), қайта бояу, бөлшектерді ауыстыру туралы ақпараты бар күдіктіден (жәбірленушіден) жауап алу хаттамалары;

      129. ЛБМ, ЛБЖ, ПМ сот-сараптамалық зерттеудің міндеттері:

      затты ЛБМ, ЛБЖ, ПМ жатқызу мақсатында оның табиғатын, сондай-ақ құрамы мен қандай мақсатқа арналғанын анықтау;

      нақты объектілерге теңдестіру үшін (заттардың лактыбояу жабындарын, лактыбояу материалдарының көлемін, полимер материалдардан жасалған бұйымдарды) ЛБМ, ЛБЖ, ПМ өте ұсақ бөлшектері мен өте ұсақ іздерінің жарамды екенін анықтау;

      салыстырылатын ЛБМ, ЛБЖ, ПМ объектілерінің ортақ тектік, топтық тиістілігін анықтау;

      нақты боялған заттың жеке бөліктері немесе тасымалдаушы-заттардағы із қатпарлары бойынша оларды теңдестіру;

      ЛБМ із қатпарларының, тасымалдаушы-заттардағы ЛБЖ мен ПМ бөлшектерінің пайда болу механизмін анықтау;

      зерттелетін объектілердің (КҚ жаяу жүргіншінің киімімен, екі және одан көп КҚ, бұзу аспабының нақты боялған затпен (аталған міндеттер кешенді сипатта болады және кешенді сараптама щеңберінде жүргізіледі) өзара түйіспелі әрекетінің фактісі мен механизмін анықтау;

      ЛБМ, ЛБЖ, ПМ іздері бойынша олардың шығу көздерін анықтау: беті боялған затты, ЛБМ ыдыстарын, дайындаушы-кәсіпорынын;

      затты қайта бояудың фактісі мен тәсілін анықтау болып табылады.

      130. ЛБМ, ЛБЖ, ПМ сот-сараптамалық зерттеудің сұрақтары:

      зерттеуге ұсынылған зат, оның ішінде тасымалдаушы-заттағы із қатпарларының заты, лактыбояу материалы немесе ЛБЖ, ПМ бөлшектері (белгілі бір тегі, түрі) болып табыла ма;

      салыстырылатын объектілердің құрамы, сақталу мен пайдалану шарттары бойынша ортақ тектік, топтық тиістілігі бар ма (егер болса, қандай);

      ЛБМ, ПМ зертелетін бөліктері бұрын бір көлемді (массаны) құраған ба;

      ЛБЖ, ПМ бөлшектері (тасымалдаушы-заттағы немесе оқиға орнынан алынған) нақты заттың ЛБМ бөлігі немесе полимер материалдан жасалған бұйымның бөлігі болып табыла ма;

      салыстырылатын нысанда объектілердің шығу көздері (технологиясы, ЛБМ мен ПМ дайындау тәсілі, бояу жағу бойынша) бір ме;

      нақты заттар өзара түйіспелі әрекетте болған ба;

      нақты затқа ЛБМ жағу тәсілі қандай;

      ЛБМ, ПМ жасалған бұйымдарды дайындау тәсілі қандай;

      белгілі заттың бетін толық немесе жартылай қайта бояу фактісі болған ба, оның бастапқы бояуы қандай;

      бояу іздерінің немесе ЛБЖ, ПМ бөлшектері іздерінің пайда болу механизмі кандай және ол нақты болған оқиғаға сәйкес келе ме;

      ЛБЖ, ПМ (ЛБМ көлемдері) табылған бөлшектері оқиға болған орынның (автокөліктің ЛБЖ, ПМ жасалған бұйымдар, құралдар) затттық жағдайының нақты элементін теңдестіру үшін жарамды ма.

      131. Зерттеу жүргізген кезде қосымша:

      Істің фабуласы (КҚ қарап шығу деректері: түсі, зақымдарының болуы, олардың орналасу орны, шыққан жылы); сот-медициналық сараптамасының немесе жәбірленушіні алғашқы медициналық куәландырудың нәтижелері – зақымдардың болуы, сипаты мен орналасу орны; жол төсемінің (топырақ жол, асфальтталған жабын, ластанудың болуын) күйі;

      заттың боялған күні мен технологиясы туралы, затты пайдалану және сақтау шарттары, табу жағдайлары, заттың оқиға болған уақыттан бастап алынғанға дейінгі оның мүмкін болған өзгеріске ұшырауы (соның ішінде қайта боялуы) туралы ақпараттар зерделенеді.

      132. ЛБМ, ЛБЖ, ПМ сараптамаларын тағайындау кезінде келесі талаптарды сақтау керек:

      заттай дәлелдемелер – оқиға орнынан табылған бояу, полимер кесектерді, олардың бөлінген шекарасын бұзбай отырып, бір қағаз пакетке жинайды;

      нақты зат бояуының толық жүйесі туралы ақпарат алу үшін (мысалы, КҚ) жабындардың кесектерін, олардың астыңғы жеріне дейін (металл, ағаш) кесіп алу жолымен салыстырмалы үлгілерді тандап алу керек;

      із қатпарлары бар заттарды алғанда, ескі іздері сақталып қалатындай және қылмыс оқиғасына қатысты емес жаңа іздер пайда болмайтындай етіп алу керек;

      боялған заттардың лактыбояулы жабындарының зақымданған жерлеріне, сондай-ақ киімдерді немесе бояу іздері бар басқа да объектілерді қосымша механикалық әсер етулерден, бөтен бір бөлшектердің түсуінен қорғау керек;

      киімде немесе басқа да заттағы бояудың, полимердің шағын бөлшектері білінбеуі мүмкін, сондықтан олармен барлық операциялар (тексеру, өлшеу) ақ қағазда жүргізіледі (егер бөлшектер шашылса, олар қағазда қалады), содан кейін бұл заттарды қағазға орап, сараптамаға жолдайды;

      зерттеу үшін боялған беттерден алынған үлгілерді олардың түйіскен жері деп болжанған жерге жақын жерден алған жөн;

      бояу қатпарлары бар тасымалдаушы-заттарды, лактыбояу жабындарының қырындыларын, жеке боялған заттарды сараптамаға жолдағанда, әрбір затты тығыз ақ қағазға немесе полиэтилен пленканың қиындыларына саңылаусыз орау керек;

      пленкалы полимер материалдарды зерттеу кезінде белгілерді анықтау өндіріс технологиясының ерекшеліктерімен байланысты болады, сондықтан үлгілер ретінде тек белгілі бір (тексерілетін) дайындаушы-зауыттың ғана емес, сонымен бірге белгілі бір механизмнің де өнімінің үлгілерін ұсыну қажет;

      оқиға орнынан полимер түймелерді алу кезінде оның бетіндегі бөтен өте ұсақ бөлшектердің қалдықтарының, оның ішінде жіп қалдықтары мен матаның өте ұсақ бөлшектерінің сақталуын қамтамасыз ету керек, себебі түйменің киімнің нақты бөлігіне тиесілі екенін анықтау бойынша міндеттерді шешу, зерттеуде әр түрлі сараптамалық мамандықтағы сарапшыларды (трасологтарды, полимер және талшық материалдары саласының мамандарын) тарта отырып, сараптаманың кешенді сипатын қарастырады;

      егер іс материалдары бойынша (мысалы, күдіктіден жауап алу кезінде) оқиға орнынан табылған түйме сауда жүйесінен (нақты орыннан) сатып алынған түйменің жинағының бір бөлігі болып табылатыны анықталса, онда сараптамалық зерттеу үшін үлгілер ретінде сол топтағы түйменің жинағын (немесе қалған бөлігін) ұсыну керек;

      материалтану сараптамасын жүргізу кезінде (ортақ бөлу сызығы болмаған жағдайда) кабельді өнеркәсіп бұйымдарының бөлінген бөліктеріне сәйкестендірушілік зеттеу үшін сарапшыға ізделетін бүтіннің шекарасын анықтайтын мәліметтер қажет, яғни оның мөлшері, пайда болу жағдаяттары, пайдалану және бөліктерге бөліну ерекшеліктері көрсетілуі керек;

      көлік құралын қайта бояу фактісін анықтау үшін, негізгісі автомобильдің шанағы болып табылатын әр түрлі бөлшектер жабындарының үлгілерін таңдап алу талап етіледі, ал нөмірді қайта соғып жасау жағдайында үлгілерді тандап алу бөлшектердің ішкі бөліктерінен (нөмірдің орналасқан орны) жүргізіледі.

      133. Қойылған сұрақтарға байланысты сараптаманы тағайындау кезінде:

      қаулының нұсқаулық бөлімінде істің мән-жайын (фабуласын) (КҚ тексеру деректері: түсі, зақымдардың бар екендігі, олардың орналасу орны, шыққан жылы); сот-медициналық сараптаманың немесе жәбірленушіні алғашқы медициналық куәландырудың нәтижелерін - зақымданудың бар болуы, сипаты мен орны; жол төсемінің жағдайын (топырақ жол, асфальтталған төсем, ластанудың болуы) жан-жақты баяндау керек;

      заттың боялу технологиясы мен боялған күні туралы, затты пайдалану мен сақтау шарттары туралы, табылу жағдайлары, заттың оқиға болған уақыттан бастап алынғанға дейінгі оның мүмкін болған өзгеріске ұшырауы (соның ішінде қайта боялуы) туралы ақпарат ұсыну керек;

      жабын бөлшектері қатпарларының іздерін (немесе ЖКО туралы істі тергеу кезінле КҚ-ны тиесілі басқа бөлшектерін) табуға байланысты сұрақты шешу кезінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесінің шұғыл-криминалистік басқармасының маманын тарту, ал сараптамалық зерттеуге КҚ-мен түйісу кезінде пайда болған зақымдардың, қатпарлардың нақты іздеріне қатысты сұрақ қою ұсынылады;

      тасымалдаушы-заттардағы ЛБЖ іздерін сараптамалық зерттеу кезінде қаулыда осы затты ішінара зақымдаудың мүмкіндігін (орынсыздығын) ескертіп өту қажет;

      киімді, жекелеген түймелері бойынша сәйкестендіру, не материалтану сараптамасын (ортақ бөлу сызықтары болмаған жағдайда) жүргізу кезінде кабельді өнеркәсіп бұйымдарының бөлінген бөліктерін сәйкестендірушілік зерттеу мақсатындағы оны криминалистік зерттеу кезіндегі сұрақтарды тұжырымдау кешенді трасологиялық-материалтану зерттеуін қамтамасыз ету керек.

11-параграф. Мұнай өнімдері мен жанар - жағармай материалдарын сот - сараптамалық зерттеу (7.2)

      134. Сараптаманың бұл түрінің мәні - сот сараптамаларының және сараптаманың осы түрінің ғылыми негіздерін құрайтын білімнің арнайы салалары – мұнай химиясы, мұнай өңдеу технологиялары және тағы басқа жалпы ережелерінің негізінде мұнай өнімдері мен жанар-жағар материалдарын (бұдан әрі – МӨ мен ЖЖМ) зерттеу көмегімен тергеліп отырған оқиғаның нақты деректерін, жағдайларын анықтау болып табылады.

      135. Мұнай өнімдері мен жанар-жағар (бұдан әрі – МӨ мен ЖЖМ) материалдарын сот-сараптамалық зерттеудің объектілері:

      тез тұтанғыш мұнай өнімдері (бұдан әрі - ТТМӨ) өрт қою, мәйіттерді өртеу тағы басқа істер бойынша, сондай-ақ МӨ-ні жасыру, ұрлау туралы істер бойынша зерттеледі;

      жағармай материалдары (бұдан әрі — ЖМ) көбінесе жол-көлік оқиғалары туралы істер, сондай-ақ суық және атыс қаруын қолданумен байланысты істер бойынша зерттеледі;

      қатты мұнай өнімдері (бұдан әрі – ҚМ) кісі өлтіру, ұрлық, жол-көлік оқиғаларымен байланысты әр түрлі қылмыстық істер бойынша зерттеледі.

      136. МӨ мен ЖЖМ сот-сараптамалық зерттеудің тікелей нысандары:

      мұнай мен мұнай өнімдерінің (тез тұтанғыш, қатты), ЖЖМ-ның белгілі бір көлемдері, сондай-ақ табиғаты өзге жағармай материалдары (ЖМ);

      тасымалдаушы-заттағы (киімде, құрал-саймандарда, дене мүшелерінде) МӨ мен ЖЖМ-ның іздері;

      сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер;

      коллекциялық үлгілер;

      қылмыстық іс материалдары.

      137. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеудің міндеттері:

      шығу тегі белгісіз затты мұнайды қайта өңдеу өнімдеріне жатқызу мақсатында, оның табиғатын анықтау және табу;

      қолданыстағы ғылыми-техникалық және сауда жіктеуіштеріне сәйкес зерттеуге ұсынылған МӨ мен ЖЖМ түрін, маркісін анықтау;

      зерттеуге ұсынылған МӨ, ЖЖМ мақсаты мен қолдану саласы;

      МӨ, ЖЖМ-ның жалпы топтық тиістілігін анықтау;

      дайындалу орны (нақты мұнайөндеу зауыты, бір шығарылу тобына жататындығы), сақтау, пайдалану жағдайлары бойынша шығу тегі бір екендігін анықтау;

      зерттеліп жатқан оқиғаға байланысты бөліктерге бөлінген МӨ, ЖЖМ массаларын (нысандарын) теңдестіру;

      басқа заттармен бірге қоспадағы нақты МӨ, ЖЖМ-ның сандық құрамын анықтау;

      МӨ мен ЖЖМ түрінің өзгеруінің сипаты мен себептерін анықтау.

      138. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот- сараптамалық зерттеудің сұрақтары:

      зерттеуге ұсынылған зат МӨ мен ЖЖМ-ға жата ма;

      осы зат қандай топқа жатады (түрі, маркасы, сорты, мақсаты мен пайдалану аясы);

      заттардың қоспасындағы МӨ мен ЖЖМ-ның сандық құрамы қандай;

      осы ұсынылған затта МӨ мен ЖЖМ-ның қатпар іздері бар ма және олар қандай түрге жатады;

      осы МӨ мен ЖЖМ пайдаланылған ба және олардың құрамында қандай қоспалар бар;

      МӨ мен ЖЖМ-ға жататын (ыдыстағы, қатпарлардағы, дақтардағы) салыстырылатын заттардың ортақ тектік не топтық тиістілігі бар ма;

      МӨ мен ЖЖМ-ға жататын (ыдыстағы, қатпарлардағы, дақтардағы) салыстырмалы заттардың технологиялық, пайдалану жағдайлары бойынша ортақ шығу көзі бар ма;

      МӨ мен ЖЖМ-ның салыстырмалы объектілері бұрын бір массада, көлемде болған ба (нақты көлемі, массасы немесе іздері көрсетіледі).

      139. МӨ мен ЖЖМ-ны сараптамалық зерттеуге дайындаған кезде мына талаптар сақталуы керек:

      зерттеу объектілері (МӨ мен ЖЖМ-ның белгілі көлемдері немесе тасымалдаушы-заттардағы іздері) саңылаусыз жабылып ұсынылады, өйткені көптеген сұйық МӨ-нің (бензин, керосин, еріткіштер) құрамында тез ұшып кететін компоненттер болады;

      МӨ және ЖЖМ қасиеттерінің өзгеріске ұшырауына жол бермес үшін оларды алу және сараптамалық зерттеуге ұсыну өте қысқа мерзімде жүргізу және үлгілерді зерттеуге жіберуге дейін оларды салқын әрі қараңғы жерде (тоңазытқышта) сақтау керек;

      егер мұнай өнімі (сұйық түрі) табылған ыдысты саңылаусыз ету мүмкін болмаса, оларды саңылаусыздыған қамтамасыз ететін басқа ыдысқа орналастырады; сонымен қатар бұрын ішінде мұнай өнімі бар ыдысты да жолдаған жөн, өйткені сол ыдыстың "ластануына" әкелетін кездейсоқ бөтен қоспаларды табу үшін керек;

      ыдыстың тым үлкен болуына байланысты МӨ-нің нақты көлемдерін ұсынуға мүмкін болмаған жағдайда осы ыдыстағы МӨ-нің сұйық үлгілерін алып, саңылаусыз құрғақ ыдысқа құю жүргізіледі;

      МӨ мен ЖЖМ-ның жабысқақ үлгілерін (майлар, созымды майлар) шыны ыдысқа, МӨ мен ЖЖМ-ның қатты үлгілерін таза полиэтилен пакеттерге орналастыру керек;

      МӨ орау мақсаты үшін қағаз орамалар, сіріңке қорабы, ағаштан жасалған орауыш материалдары, қатырма қағаздар, маталар жарамсыз, өйткені сұйық және жабысқақ МӨ тасымалдаушы-заттар материалының массасына сіңіп, жайылып кететіндіктен, кейіннен оларды саңылауы бар материалдардан алу олардың нәтижелерінің дұрыс болмауына әкеп соқтырады;

      тасымалдаушы-заттардағы МӨ мен ЖЖМ іздерін табу мен зерттеу үшін сол заттарды, ондағы МӨ мен ЖЖМ-ның қатпарларының іздерін, олардың орналасуын сақтауды қамтамасыз етіп, ұсынған жөн;

      МӨ мен ЖЖМ-ның тасымалдаушы-заттарын тасымалдау мүмкін болмаған кезде, олардың іздері мақта немесе дәке анжыларымен алынады немесе осы тасымалдаушы-заттардың қиындылары ұсынылады. Сонымен қатар осы тасымалдаушы-заттардың материалдарының таза үлгілерін ұсыну қажет;

      сапасы күмән келтіретін МӨ мен ЖЖМ-ға қатысты мәселені шешу кезінде тексерілетін уақытқа жақын аралықтағы осы маркінің бақылау үлгілерін тапсыру қажет;

      МӨ мен ЖЖМ-ға жататын объектілер (МӨ және ЖЖМ) сараптамалық зерттеулерін жүргізудің бірінші кезектілігін көздейді, тек содан кейін ғана басқа сараптамалардың (баллистикалық, трасологиялық, сот-медициналық) түрлері жүргізіледі.

      140. Қаулыны дайындау ерекшеліктері.

      Сараптама тағайындау және сарапшыға қойылатын сұрақтарды құрастыру кезінде қаулының нұсқаулық бөлімінде істің мән-жайын баяндау, сондай-ақ келесі алғашқы ақпаратты ұсыну қажет:

      зерттелетін объектілердің шығуы тегі, сақталу, тасымалдану, пайдалану жағдайлары, объектілерді табу мен алып қою тәсілдері туралы мәліметтер;

      алыну орны туралы, іске қатысты тұлғалардың кәсіби қызметтеріне сәйкес МӨ мен ЖЖМ белгілі түрлерін пайдалану мүмкіндіктері туралы мәліметтер;

      қолдан жасалған композицияларды дайындау технологиясы туралы, МӨ мен ЖЖМ іздері табылған заттың сипаты туралы мәліметтер.

      Осы бастапқы ақпараттар іс материалдарында: жауап алу хаттамасында, тексерілетін кәсіпорындардың техникалық құжаттарында болуы мүмкін.

12-параграф. Металдар мен қорытпаларды сот – сараптамалық зерттеу (7.3)

      141. Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеудің мәні – сот сараптамасы, металтану және басқа да техникалық ғылымдардың саласындағы аранайы ғылыми білімдер негізінде тергелетін оқиғаның нақты деректерін, жағдайларын анықтау болып табылады.

      142. Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеудің объектілері металдар мен қорытпалардан жасалған өнімдер, бұйымдардың жекелеген бөліктері, металл алу үшін де, бұйымдар алу үшін де өндірілетін шикізат материалдары, тасымалдаушы-заттағы металл бөлшектері қатпарларының іздері, металдар мен қорытпаларды алудың және белгілі өнімді дайындаудың технологиялық процестері болып табылады.

      143. Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеудің тікелей объектілері:

      темір негізіндегі (болат, шойын) қорытпалардан жасалған бұйымдар (және олардың бөліктері);

      түсті металдар мен қорытпалардан (мыстан, алюмений, қорғасыннан, мырыштан) жасалған бұйымдар (және олардың бөліктері);

      асыл металдардың (күміс, алтын, платина және тағы басқа) шикізаты, металл сынықтары, бұйымдары және олардан жасалған жабындар;

      тасымалдаушы-заттардағы металдану іздері;

      нақты дайындаушы-зауыт өнімі;

      сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер және металдар мен қорытпалардың бақылау өнімдері;

      бұйымдардың ғылыми-техникалық құжаттамасы, технологиялық процесс;

      қылмыстық істің материалдары.

      144. Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеудің міңдеттері:

      металтануда қабылданған жіктеуішке сәйкес металдардың (қорытпалардың) белгілі бір түрге тиесілі екендігін анықтау;

      металдан (қорытпадан) жасалған объектінің қасиеттерін және олардың нормативтік техникалық құжаттамаға (жұмыс сызбасына, технологиялық картаға, Мемстандартқа, ТШ) сәйкестілігін анықтау;

      тасымалдаушы-заттардағы металдардың ұсақ бөлшектері мен іздерінің болу фактісін анықтау;

      ұсақ бөлшектер қапарларының пайда болу механизмін анықтау;

      оқиғаға байланысты өзгертілмеген және өзгертілген металдар мен қорытпалардан жасалған объектілердің нысаналы мақсатын анықтау;

      металдар мен қорытпалардан жасалған объектілердің бұзылу сипаты мен себептерін анықтау;

      металдар мен қорытпалардан жасалған салыстырылатын объектілердің тектік және топтық тиістілігін анықтау;

      металдар мен қорытпалардан жасалған шикізат пен бұйымдардың шығу көзін анықтау (ортақ, бірыңғай);

      металл бөліктерінің (ұсақ бөлшектердің) нақты бірыңғай бұйымға тиесілі екенін анықтау;

      бұйымдарды, агрегаттарды дайындау тәсілін анықтау;

      бұйымдардың нақты дайындаушы-зауыттың өніміне жататындығын анықтау болып табылады.

      145. Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу шеңберіңде шешілетін сұрақтар:

      зерттеуге ұсынылған объектілер (олардың оқиға орнынан алынған үзінділері, ұсақ бөлшектері) қандай металдан (қорытпадан) дайындалған;

      зерттеуге ұсынылған объектілер бағалы металдар, қорытпалардан дайындалған ба және қандайынан;

      зерттеуге ұсынылған объектінің (бұйымның) маркасы қандай, оның пайдалану мақсаты қандай;

      тасымалдаушы-заттарда металдану (бағалы металдардың, темір қорытпасының) іздері бар ма;

      зерттеуге ұсынылған объектінің бұзылу себебі неде;

      тасымалдаушы-заттарда (құралдарда, киімдерде) табылған металдың ұсақ бөлшектерінің (ұнтақтар, кесінділер) бұйымның металымен (құлыптың доғасы) ортақ тектік қатыстылығы бар ма;

      бұйым (пышақ, тіс коронкалары) дайындалуы мүмкін бұйымның қорытпасы мен материал қорытпасының (дайындаманың) ортақ тектік, топтық тиістілігі бар ма;

      металдан (қорытпалардан) жасалғанобъектінің салыстырылып отырған бөліктері бұрын бір бүтінді құраған ба;

      салыстырылып отырған объектілер бұрын бір массада болған ба (мысалы, қоймадан алынған және күдіктіден табылған шегелер);

      салыстырылып отырған бұйымдар тобының өндірістік шығу көзі ортақ па;

      зерттеуге ұсынылған бағалы металдардан жасалған бұйымдардың дайындалу тәсілі қандай;

      белгілі бір объектілер (металл, қорытпалар, олардан жасалған бұйымдар) нақты дайындаушы-зауыттың өнімі болып табыла ма;

      күдіктіден алынған алтын қандай кен орнының шикізатынан алынған.

      146. Металдар мен қорытпалардың сот-сараптамалық зерттеуі бойынша сараптама тағайындаған кезде мына талаптарды сақтау керек:

      заттай дәлелдемелер қандай күйде табылса, зерттеуге сондай күйде ұсынылады;

      заттай дәлелдемелерді сақтауды қамтамасыз ету үшін олар жекелеген пакеттерге оралады;

      металдану іздері не металдың ұсақ бөлшектері (мысалы, бұйымды арамен кескенде) болуы мүмкін заттардың учаскелері төгіліп және басқа жерге, не затқа ауысып кетпес үшін оларды саңылаусыз мұқият орау керек;

      бұйымдарды сертификатталған өнімге немесе нақты дайындаушы-зауыттың өніміне жатқызу мақсатындағы міндеттерді шешу кезінде осы өнімнің сапа сертификаттары мен осы зауыт бұйымдарының салыстырмалы үлгілерін ұсыну қажет;

      белгілі бір дайындаушы-зауыт өнімінің сапасын зерттеу үшін, осы зауыттың үлгілерінен бөлек технологиялық құжаттарды да ұсыну керек және қажет болған кезде осы зауытта зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру қажет.

      147. Қаулыны дайындау ерекшеліктері.

      Қаулыда істің мән-жайын, объектілерді табудың, сақтаудың, тасымалдаудың жай-күйін, сондай-ақ нәтижесінде объектінің (оның құрылымының, сыртқы түрінің) өзгеруі мүмкін болған факторларды толық баяндау қажет.

13-параграф. Топырақты сот - сараптамалық зерттеу (7.4)

      148. Топырақты сот-сараптамалық зерттеудің мәні ретінде криминалистика, топырақтану және басқа да ғылымдар саласындағы арнайы ғылыми білімдер негізінде объектінің жергілікті жердің нақты бір телімінде тұрғандығын дәлелдейтін нақты жағдайларды анықтауды түсіну керек.

      149. Топырақты сот-сараптамалық зерттеудің нысандары:

      тасымалдаушы-заттардағы (КҚ-да, киімде, аяқкиімде, бұзу саймандарында, кісі өлтіру мен жарақаттау құралдарында) топырақ текті заттардың қатпарлары;

      жергілікті жердің нақты бір телімі немесе осы телімнен алынған топырақтың салыстырмалы және бақылау үлгілері (қоса берілген жоспар-сызба бойынша алынған);

      жергілікті жер телімінің сипатталу ерекшелігі, өсімдіктердің, техногендік жаратылыстың сипаттамалары көрініс табатын оқиға орнын қарау хаттамасы;

      топырақ үлгілерін алу уақыты, орны, тәсілі көрсетілген хаттамалары;

      оқиғадан кейінгі кезеңде, сараптамаға ұсынылғанға дейін заттай дәлелдемелер ретінде бөлінген материалдық объектілерге әсер ету факторлары туралы (сәйкестендірушілік кезең); оқиға болған және үлгілерді алған сәттегі ауа-райы жағдайлары туралы анықтамалық ақпараттар.

      150. Топырақ тектес заттарды криминалистикалық зерттеуде үлгілерді алудың ерекше маңызы бар.

      151. Топырақ үлгілері екі түрге бөлінеді: салыстырмалы және бақылау.

      Тексерілетін телімнен (оқиға орнынан немесе күдікті және оқиғаның өзге қатысушылары көрсеткен жерден) алынған топырақ үлгілері сараптамалық зерттеуге арналған салыстырмалы үлгілер болып табылады. Оларды оқиға орнындағы немесе осы орынға тікелей жақын жердегі заттың топырақпен түйіспелі өзара әрекеттесуі мүмкін орнынан алады. Салыстырмалы зерттеуге арналған топырақты жердің, онымен түйіскен заттың аумағына сәйкес келетіндей үстіңгі қабатын алып тастау жолымен күрекшемен немесе күрекпен алу қажет. Егер, өзара әрекеттесіп түйісу алаңы айтарлықтай болса, әр нүктеден бірнеше үлгілер, не бір аралас үлгі алу қажет. Аралас үлгіні әртүрлі нүктелерден алынған бірнеше (екіден беске дейін) үлгілерді араластыру арқылы алады. Осылайша алынған үлгіден алу үшін қажетті масса іріктеліп алынады. Үлгілердің массасы 50-200 гр. құрайды.

      Үлгілерді алудың тереңдігі іс жағдаятына байланысты анықталады. Бұл ретте, ол түйіске заттың кіру тереңдігіне сәйкес болуы тиіс. Мысалы: аяқ киімдегі қатпарлар үшін бұл тереңдік топырақтың жоғарғы қабатының тығыздығына байланысты 1-ден 5 см. дейін құрайды, ал киім үшін - 1-2 см.

      Топырақ үлгілерін алу тергелетін оқиға жағдайларын модельдейтін тәсілдермен жүргізуге болады: мысалы, алдын ала жуылған аяқ киіммен телімде ары-бері жүріп, соңынан ондағы қатпарларды алу жолымен. Бұл жағдайда сынамаларды алу рәсімінің қайталануы – 3-5 рет.

      Бақылау үлгілері – оқиға орны ретінде белгіленген жер телімі шекарасына жақын жерден алынған топырақ үлгілері болып табылады. Қажет болған жағдайда бақылау үлгілері оқиға орнынан ғана емес, сонымен бірге күдіктінің болуы өте ықтимал жер телімдерінен: жұмыс, оқу, тұратын орнынан және тағы басқа алынады. Топырақ үлгілерін алудың мақсаты қатпарлардың массасынан қылмыс оқиғасына қатысы жоқтарды бөліп алу болып табылады.

      Үлгілердің әр қайсысы нөмірленген және алу орны, тереңдігі, тәсілі және күні туралы ілеспе жазулармен жабдықталған болуы тиіс.

      Үлгілерге (салыстырмалы және бақылау) топырақ үлгілерін алу орны мен олардың ара қашықтығы көрсетілген жергілікті жердің сызбасы қоса беріледі.

      Салыстырмалы және бақылау үлгілерінің саны 5-тен кем болмауы тиіс.

      Оқиға орнын қарап шығу хаттамасында үлгілер алынған (орман, айдалған жер, шабындық, жол және тағы басқа) жер телімінің; үлгілерді алу сәтінде топырақ ылғалдылығын; осы учаскедегі топырақ қандай өңдеуге ұшырағанын (тыңайтқыш, улы химикаттар себілген, жол жұмыстары, айдалған және тағы б.); оқиға сәтіндегі ауа-райы туралы мәліметтер, сондай-ақ тасымалдаушы-заттардың толық сипаттамасын көрсету керек.

      Топырақты сот-сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерді алуды қылмыс оқиғасының соңынан барынша тез жүргізу қажет, өйткені топырақ биологиялық объект болып табылады және оның құрамы мен қасиеттері уақыт өте келе сыртқы факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырайды.

      Объектілер, төгілмейтін, тығыз қағаздан жасалған пакеттерге салынады. Ылғалды объектілерді ораудың алдында бөлмелік температурады кептіреді. Объектілерді полиэтилен пакеттерге, шыны ыдыстарға, дәке орамалдарға орауға жол берілмейді.

      152. Топырақты сот-сараптамалық зерттеудің міндеттері:

      тасымалдаушы-объектілерде топырақ қатпарларының бар екенін анықтау;

      тасымалдаушы-заттардағы қатпарлардың нақты бір жер теліміне жататындығын анықтау (сонымен бірге аралық міндеттер салыстырылып отырған объектілердің тектік, топтық тиістілігін анықтау болып табылады);

      тасымалдаушы-заттардағы топырақ қатпарының пайда болу механизмін анықтау;

      тасымалдаушы-заттардағы қатпарларының пайда болуының мезгілдік сипаттарын анықтау.

      153. Топырақты сот-сараптамалық зерттеудің сұрақтары:

      тасымалдаушы-объектілерде (тасымалдаушы-объектілер атап көрсетілсін) топырақ қатпарлары бар ма, егер бар болса, олар сәйкестендіру үшін жарамды ма;

      тасымалдаушы-объектілерде (тасымалдаушы-объектілер атап көрсетілсін) үлгілері зерттеуге ұсынылған жер телімдеріне жататын топырақтың қатпарлары бар ма;

      тасымалдаушы-объектілердегі (тасымалдаушы-объектілер атап көрсетілсін) топырақ қатпарларының пайда болу механизмі қандай;

      тасымалдаушы-объектілердегі топырақ қатпарларының пайда болу мерзімін анықтауға бола ма, егер болса, бұл қандай уақыттық интервалға жатады;

      заттарда табылған заттар топырақтық (топырақты-техногендік, топырақты-өсімдікті) болып табылады ма;

      салыстырылатын заттардың ортақ тектік, топтық қатыстылығы бар ма;

      зерттеуге ұсынылған объектілер өзара әрекеттесе түйісуде болған ба.

14-параграф. Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот - сараптамалық зерттеу (7.5)

      154. Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот - сараптамалық зерттеудің мәні арнайы ғылыми білімдердің негізінде табиғаты талшықты объектілер мен олардың қалдықтарының тергелетін оқиғамен байланысын дәлелдейтін нақты деректерді, іс жағдаяттарын анықтау болып табылады.

      155. Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот - сараптамалық зерттеу объектілері:

      тоқыма талшықтары, жіптер, иірілген жіптер;

      маталар, трикотаж;

      киімнің бөліктері, олардың жиынтығы, комплектілері;

      иірілген бұйымдар (жіптер, арқандар, канаттар, тростар, шпагаттар);

      тоқылған бұйымдар (тоқыма бау, баулар, шілтірлер, шілтір бұйымдары, медициналық бұйымдар);

      тоқылмаған материалдар (флизелин, ватин, фетр, киіз) және олардан жасалған бұйымдар;

      аң терісі материалдары мен бұйымдары;

      кілем бұйымдары;

      көрпелер;

      құрылыс материалдары (стекловата);

      талшықтық материалдардан жасалған нақты көлемдер (мақта бумасы).

      әр түрлі анықтамалық ақпараттар;

      сараптамалық зерттеу үшін талшықтық материалдар мен бұйымдардың үлгілері;

      зерттеу объектілері туралы бастапқы ақпарат;

      коллекциялық материал (талшықтық материалдардың және ақпараттық қордын бояғыштарының бақылау үлгілері);

      сараптама пәніне қатысты жағдаяттар туралы мәліметтері бар іс материалдары:

      сараптамалық зерттеу объектілерін табу, шегендеу, алу туралы деректері бар оқиға орнын қарау хаттамалары, оқиға орнын қарау сызбасы;

      талшықтардан пайда болған шағын іздерді алу уақыты, бар екендігі, оқшаулау және олардың сыртқы белгілері туралы деректер көрсетілген заттай дәлелдемелерді тексеру мен алудың хаттамалары, сондай-ақ сол заттардың (теңдестірілетін және тасымалдаушы-нысандардың) қасиеттері туралы деректер;

      объектілердің бар болу шарттары туралы, пайда болуы, пайдаланылуы, сақталуы, өзара әрекет етуі туралы жауап алу хаттамалары;

      сот-медициналық сараптамасының қорытындысы;

      объектінің шығу тегі мен оның бар болу шарттары туралы мәліметтері бар құжаттар (тауардың жапсырма қағаздары, сертификаттар, сынақ актілері).

      156. Объектінің бар болу нысанына байланысты талшықтық материалдар сараптамасының міндеттері мыналар болып табылады:

      Диагностикалық міндеттер — бұл:

      талшықтық материалдардың дайындалу орнын, уақытын;

      тасымалдаушы-объектілерде тоқыма талшық, жіп, мата, трикотаж бөлшектерінің, фрагменттерінің қатпар-іздерінің бар болу фактісін;

      объектілерді қайта бояу фактісін;

      өнімдерді даярлау үшін объектілердің жарамдылық фактісін;

      объектілердің жасалу тәсілін;

      объектілердің зақымдану сипаты мен тәсілін;

      әр түрлі әсер етудің (термиялық, химиялық, биологиялық) нәтижесінде өзгертілген объектінің түрін;

      өзгеріске ұшыраған объектінің мақсаттық нысанын;

      объектілердің із жасаушы және із қабылдаушы қабілеттерін;

      талшықтардың бөлшектену механизмін және өзара әрекет етуін;

      талшықтық материалдардан жасалған объектілердің бұзылу және өзгеру себептерін анықтау болып табылады.

      Дербес және аралық міндеттер ретіндегі жіктеушілік міндеттер - бұл:

      объектілердегі тоқыма талшықтары, жіптер, маталар, трикотаж бөлшектерінің, фрагменттерінің із-қатпарларының болу және олардың салыстырылатын талшықтық заттармен тектік (топтық) тиістілігінің болу фактісін;

      технологиялық, сауда жіктеуіші бойынша объектінің тобын, шағын тобын, түрін;

      матаның, трикотаждың артикулын;

      объектілердің жеке қасиеттерін, олардың нормативтік деректерге сәйкестілігін;

      дайындаушы кәсіпорынды;

      матадағы, трикотаждағы іздердің түрін;

      полимерлердің жіктемесі мен түрін;

      бояғыш заттардың жіктемесі мен маркісін;

      із-көріністердің орналасқан жері және олардың қылмыстық оқиғаға сәйкестілігін;

      өртенген қалдықтары бойынша талшықтық текті нысандардың бастапқы түрі мен қай мақсатта пайдалануын анықтау бойынша зерттеу болып табылады.

      Дербес және аралық міндеттері ретіндегі сәйкестендірушілік міндеттер - бұл:

      ортақ тектік (топтық) тиістілігін;

      дайындау, сақтау және пайдалану белгілері бойынша пайда болудың ортақ көзін;

      табиғаты талшықтық бүтін бұйымды бөліктері бойынша;

      бет бедерінің бейнелері бойынша жекелеген белгілі объектіні;

      жабысқақ заттардағы іздер бойынша жекелеген белгілі объектіні;

      талшықтық текті объектілердің ортақ шығу көзін;

      киім жиынтықтарының басқа заттармен өзара түйіспелі әрекеттер фактісін аныктау

      157. Табиғаты талшықтық емес тасымалдаушы-объектілер бойынша келесі сұрақтар шешіледі:

      Салыстырылатын объекті болмаған кезде:

      нақты тасымалдаушы-объектіде (болжанған қылмыс құралында, заттық жағдайдың заттарында, қоршаған ортаның элементтерінде, көлік құралдарында) талшықтық материалдар бар ма, олардың сипаттамасы және болжамды пайда болу көзі қандай;

      тасымалдаушы-заттағы табылған талшықтық материалдардың оқшауланған жері қандай;

      тасымалдаушы-заттағы талшықтар қалай орналасқан;

      осы тасымалдаушы-заттағы табиғаты талшықық қатпарлардың пайда болу механизмі қандай;

      іздің оқшауланған жері, табиғаты талшықтық қатпарлардың көрнекілігі тергеліп жатқан қылмыстық оқиғаның айрықша жағдайларымен анықталатын із жасаудың нақты механизміне сәйкес келе ме;

      жәбірленуші мәйітінің қолдарынан алынған тырнақ кесінділерінде оның кәсібін куәландыратын заттардың із-қатпарлары бар ма;

      нақты қылмыстық оқиғамен қатыстылықты көрсететін заттардың қатпалары бар ма;

      Салыстырылатын нысан болған кезде жоғарыда аталғандардан бөлек келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

      нақты тасымалдаушы-объектіде (болжанған қылмыс құралында, заттардың заттық жағдайында, қоршаған ортаның элементтерінде, көлік құралдарында) талшықтық материалдар фрагменттері ұсынылған киім заттарының құрамына кіретін талшықтармен ортақ тектік (топтық) тиістілігі бар ма;

      тасымалдаушы-заттан (болжанған кылмыс кұралынан, заттардың заттық жағдайынан, қоршаған ортаның элементтерінен, көлік кұралдарынан) алынған талшықтық материалдар бұрын киімнің нақты бір затына тиесілі ме:

      олардың пайда болу механизмі қандай;

      нақты тасымалдаушы-зат пен зерттеуге ұсынылған киім заттарының өзара түйіспелі әрекет ету фактісі болған ба;

      Талшық текті тасымалдаушы-объектілер бойынша келесі сұрақтар шешіледі:

      Салыстырылатын нысан болмаған кезде:

      жанған қалдықтарда жанып кеткен талшықтық материалдардың бөліктері бар ма, егер солай болса, осы объектілердің пайдалану мақсаты қандай болған;

      тоқыма бұйымдарының зақымдану себептері қандай;

      мәйіттің киімінде және қолдарынан алынған тырнақтар кесінділерінде оның кәсібін куәландыратын заттардың із-қатпарлар бар ма;

      Салыстырылатын нысан болған кезде:

      сараптамаға ұсынылған жәбірленушінің киімдерінде күдіктінің киімдерінің құрамына кіретін талшықтармен ортақ тектік (топтық) тиістілігі бар талшықтар бар ма;

      сараптамаға ұсынылған күдіктінің киімдерінде жәбірленушінің киімдерінің құрамына кіретін талшықтармен ортақ тектік (топтық) тиістілігі бар талшықтар бар ма;

      нақты бір қылмыстық оқиғаға қатыстылықты көрсететін іздер бар ма;

      жәбірленушінің киімінің күдікті киімімен өзара түйіспелі әрекет ету фактісі болған ба;

      оқиға орнынан (бұдан әрі – ОО) алынған табиғаты талшықты киімдердің бөлшектері мен киімнің нақты заттары бұрын бірыңғай жиынтықты құраған ба;

      жанған қалдығы зерттеуге ұсынылған материал мен салыстырылып отырған материал үлгісінің ортақ тектік тиістілігі бар ма;

      зерттеуге ұсынылған талшықтық материалдардың дайындалу, сақталу, пайдалану, жасалу тәсілі бойынша пайда болу көздері бір ме;

      ОО-дан алынған түйме бұрын жәбірленушінің (күдіктінің) киімінің нақты затына тиесілі ме.

      158. Қаулыда түйіспелі өзара әрекет фактісі (ТӨФ) туралы сұрақты келесі жағдайларда қоймаған жөн:

      оқиға өткеннен кейін ұзақ мерзім киіліп жүрілген, жуылған, химиялық тазалаудан өткен киім жиынтығының;

      қанмен және адамнан шығатын басқа да заттармен, көгерген топырақ объектілерімен едәуір ластанған киім заттарының;

      түсі немесе талшықтық құрамы бойынша бір текті киім комплектілерінің (мысалы, арнайы киімдер, әскри киімдер);

      ақ мақтадан және вискоздан жасалған іш киім заттары мен төсек-орын жасауларының (ақ жайма, жастық тыс, көрпе тыс);

      қылмыс жасалған уақытқа дейін қарым-қатынаста болған тұлғаларға қатысты;

      бастапқыда сот-медициналық, сот-биологиялык, сот трасологиялық және басқа сараптама түрлері жүргізілген киімге қатысты;

      оқиға орнының заттық жағдайымен (үйдің, жұмыстың, КҚ орындығының қаптарымен) өзара түйіспелі әрекетте болған адамдарға (жәбірленуші/күдікті) қатысты;

      киімнің толық емес жиынтықтарына қатысты;

      тырнақ кесінділері (тырнақ астындағылар) мен киім заттарына қатысты;

      қылмыстық оқиғаға катыстылығы анықталмаған киімдер жиынтықтарына қатысты, өйткені көбінде, ӨТӘФ туралы сұрақты шешу үшін сарапшылық зерттеуге киімнің бірнеше бір текті заттары немесе күдіктінің киюі мүмкін киімінің әр текті жиынтықтары ұсынылады.

      159. Қаулының нұсқаулық бөлімінде келесі мәліметтер көрсетілуі керек:

      қылмыстың жасалған уақыты;

      қылмыстың жасалған орны, материалдық ортаның сипаттамасы;

      қозғалыс маршрутын, кедергілерден өтуді, қандай да бір іс-әрекеттер жасауды;

      көрсете отырып қылмыстың жасалуының болжанған тәсілі мен механизмін және басқаларды баяндау;

      әрекеттер жасаған кездегі ауа-райы жағдайы;

      жәбірленушінің, күдіктінің киімін алу уақыты;

      зерттелетін объектілердің қасиеттеріне әсер етуі мүмкін объектілерді табу, алу немесе орау ерекшеліктері;

      егер объекті қандай да бір себептерге байланысты сарапшыға (мата кесіндісі, талшықтар массасы) толығымен жіберілмеген кезде, сынамаларды алудың тәртібі мен тәсілі;

      оқиға орнындағы заттардың өзара әрекет ету ерекшеліктері;

      қылмыс оқиғасы болған сәттен бастап оларды сараптама тағайындаған орган (тұлға) алғанға дейінгі объектілердің пайдаланылуы мен сақталуы;

      объектілерге қандай зерттеулер жүргізілгендігі (сот-медициналық сараптама, алды ала зертеулер жүргізілген бе);

      сәйкестендірушілік кезендегі жәбірленуші мен күдіктінің киімін табу жағдайы (қылмыс жасалған сәттен бастап сараптамаға жолданған сәтке дейінгі); табылған киім киіліп жүрген бе, жуылған ба, тазаланған ба;

      шағын объектілердің өзін (оны алуды тек мамандар ғана жүргізеді) сараптамаға ұсынған жағдайда тасымалдаушы-объектідегі дәл орнын (жалпы топографиясын, оқшауланған жерін) көрсету керек; белгілеу тәсілі; шағын объектілерді алу үшін пайдаланған әдістер;

      сараптаманы тағайындағанда және сарапшыға сұрақтар құрастыру кезінде қаулыда зерттеу объектісін дәл көрсетіп, нақтылау қажет.

      160. Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды алған кезде сараптаманың осы түрінің ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастырылған арнайы ұсыныстарды басшылыққа алған жөн:

      талшықтық материалдар сараптамасы сот-медициналық және сот трасологиялық сараптамалардан бұрын жүргізілуі керек;

      бұл ретте сараптамаға бірінші кезекте: тырнақ кесінділері; мәйіт денесінің ашық жерлерінен, алақандарынан алынған дактолоскопиялық пленкаға түсірілген ұсақ бөлшектері; тасымалдау кезінде қатпарлары жоғалмас үшін пышақтар және кісі өлтірудің басқа да құралдарын, сондай-ақ суық және атыс қаруларын, КҚ-ның бөлініп алынатын бөлшектері сияқты объектілерді ұсыну қажет. Объектілерді, тасымалдау барысында олардағы қатпарлар жоғалмайтындай етіп, қалың қаптырма қағаз қораптарға орау керек;

      талшықтық материалдар мен киімдердің жанған қалдықтарын алу кезінде аса сақтық керек. Осал объектілердің бүтіндігін мейлінше сақтауды қамтамасыз ету мақсатында от немесе пештің ішіңдегілерді қопаруға, күлдің жеке бөліктерін алуға болмайды. Ошақ ішіндегілерді күрекшемен абайлап алып, ұсақ, ірі, жанған және жанбаған бөліктерін, металл фурнитурасын бөлшектеуден сақтай отырып, толығымен қатты жақтауы мен түбі бар ыдысқа аудару керек;

      тергеу органы істі тергеуге кіріскен кезден бастап жәбірленушінің (оның ішінде мәйіттің) киімі бірден алыну керек;

      жәбірленуші мен күдіктінің киімі толық жиынтықта алыну керек;

      алу, тексеру және орау кезінде жәбірленуші мен күдіктінің киімінің заттарын, сондай-ақ алуды, орауды және тексеруді жүргізген адамдардың киімдерінің бір-біріне жанасуына жол бермеу керек. Сондай-ақ бір адамның киім жиынтығының жеке заттарын да өзара жанастырмау қажет.

      киімнің әрбір затын екі қағаз парақтарының арасына орап орналастыру арқылы бөтен шағын бөлшектердің орналасқан жерін сақтай отырып, қолданылмаған қағаз немесе полиэтилен пакеттерге жеке-жеке орау керек;

      заттай дәлелдемелерді тексеру мен оқып-зерттеуді талшықтық материалдардың сараптамасын жүргізгеннен кейін, олай болмайтын болса, тексеруді жүргізуші адамның киімімен түйісуді болдырмас үшін зерттеуді калька төселген үстелде өткізу керек.

15-параграф. Спиртқұрамды сұйықтықтарды сот - сараптамалық зерттеу (7.6)

      161. Спиртқұрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеудің мәні - сот сараптамасы, химия және спиртқұрамды сұйықтықтарды дайындаудың технологиясы мен оларды зерттеу әдістері саласындағы аранайы ғылыми білімдер негізінде қылмыс оқиғалары туралы нақты деректерді анықтау болып табылады.

      162. Спиртқұрамды сұйықтықтарды (бұдан әрі – СҚС) сот-сараптамалық зерттеу объектілері спирт, арақ, коньяктар, ликер, зауытта және қолдан жасалған шарап, үй жағдайында жасалған өнімдер (ашымақ, чача, самогон), тасымалдаушы-заттардағы осы сұйықтықтардың іздері, СҚС-ны өндірудің технологиясы болып табылады.

      163. СҚС сот-сараптамалық зерттеудің тікелей объектілері мыналар болуы мүмкін:

      әр түрлі мақсатта қолданылатын, сонымен бірге тегі өзге сұйықтықтары бар қоспалардағы СҚС-ның жеке белгілі бір көлемі;

      өнеркәсіпте (зауытта) дайындалған спиртқұрамды сұйықтықтар (спирттер, арақ, коньяктар, шараптар), жалған жасалған өнімдер;

      қолдан жасалған (самогон, чача, тұнбалар) спиртқұрамды сұйықтықтар;

      әр түрлі тасымалдаушы-заттардағы спиртқұрамды сұйықтықтардың іздері;

      күшті спирттік ішімдіктерді қолдан жасау үшін пайдаланатын құралдар. құрылымдар, аппараттар;

      өнеркәсіптік технологиялық процестер мен аппараттар.

      белгілі бір кәсіпорындардың, өнім топтарының СҚС бақылау үлгілері;

      мемлекеттік стандарттардың нормативтік техникалық құжаттамасы (бұдан әрі – Мемстандарт);

      СҚС өндірісінің бастапқы мәліметтері (технологиялық сызбалар, регламент);

      қылмыстық істің зерттеу тақырыбына қатысты мәліметтері бар матариалдары.

      164. СҚС сот-сараптамалық зерттеу шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:

      қолданыстағы жіктеуіштерге (ғылыми-техникалық, сауда) сәйкес ыдыстағы немесе іздердегі СҚС белгілі бір түрге тиістілігін анықтау;

      СҚС дайындаудың тәсілін анықтау;

      СҚС өнеркәсіптік өндіріс бұйымының белгілі бір түрі (типі) мен сортына тиесілі екенін анықтау;

      Мемстандарт сипаттамаларына сәйкес келуін анықтау;

      СҚС ортақ тектік, топтық тиістігін анықтау;

      СҚС дайындалу (өндіру) орны мен тәсілі бойынша олардың ортақ шығу көзін анықтау;

      тергеліп жатқан оқиғаға байланысты бөліктерге бөлінген СҚС нақты көлемін ұқсастыру;

      СҚС бірыңғай купажға тиістігін анықтау;

      үй жағдайында күшті спирттік ішімдіктерді алуға арналған әр түрлі құралдар мен құрылымдарды айыру аппараттарына жатқызу.

      165. СҚС сот-сараптамалық зерттеу тағайындау кезінде қойылуы мүмкін сұрақтар:

      зерттеуге берілген сұйықтықтар спиртқұрамды сұйықтық болып табыла ма;

      осы сұйықтықтар қандай тәсілмен дайындалған;

      олар өнім белгілі бір типіне, түріне сәйкес келе ме (өнеркәсіпте өндірілген СҚС сұйықтықтың нақты түрі көрсетіледі);

      олар МемСТ талаптарына сәйкес келе ме;

      сұйықтықтардың (салыстырылатын объектілер көрсетіледі) ортақ тектік, топтық тиістілігі бар ма;

      олар бұрын бір бүтін болған ба;

      зерттеуте берілген құрылым үй жағдайында күшті спирттік ішімдік алу үшін пайдаланатын құрал болып табыла ма;

      осы аппаратта үйде жасалған күшті спирттік ішімдіктің іздері бар ма;

      сауда орнынан (тұтынушыдан) алынған арақ күдіктіден алынған спирттен дайындалған ба;

      ұсынылған СҚС нақты дайындаушы-зауыттың өнімі немесе технологиялық процестің белгілі кезеңіндегі өнімі болып табылмай ма (кешенді сараптама шеңберінде шешілетін міндет, алкогольді өнімнің белгілері жалпы тауар ретінде зерттеледі).

      166. СҚС объектілерін сараптамалық зерттеуге дайындау кезінде келесі талаптар орындалуы тиіс:

      МемСТ нормаларына сәйкестігін анықтау мақсатындағы зауыттық тәсілмен жасалынған зерттеу объектілері, белгілі бір дайындаушы-зауыт өнімінің керек-жарақтары толық көлемде алынуы керек;

      бөтелкенің тығыны мен этикеткасы алған сәтіндегі түрінше сақталуы керек;

      егер сараптамалық зерттеудің объектісі үлкен ыдыстарда болса (цистерна), осы ыдыстың әр түрлі деңгейінен сынамаларды алу жүргізіледі, яғни сынамалар сұйықтықтың барлық көлемінің қасиеттерін көрсетуі керек;

      СҚС аттас өнімі көп болған кезде (бөтелкелі жәшіктер, флягалар) сараптамалық зерттеу үшін үлгілер осы үлгілердің көрнекілігін қамтамасыз ететіндей мөлшерде ұсынылады: бір жәшіктен кем дегенде 3 бөтелке, флягадан (бөшкеден, канистрден) орташаландырылған сынама;

      үлгілер орауыштың саңылаусыз болуын қамтамасыз ететін таза, құрғақ ыдыстарға салынады;

      ашытылу сатысындағы спиртқұрамды сұйықтықтар (шарап, үйде жасалған өнімдер) ауа өтпейтіндей етіп тығындау көзделмейді;

      тасымалдаушы-заттағы СҚС іздері полимер пленкасымен оқшауланады және осы затпен бірге зерттеуге ұсынылады;

      самогон аппараттарына жатқызу мақсатында әр түрлі агрегаттарды зерттеу үшін осы агрегаттың барлық бөліктері саңылаусыз оралып, зерттеуге ұсынылуы қажет;

      СҚС өндірісінің технологиялық процесін зерттеген кезде осы тексерілетін кәсіпорынның тиісті ғылыми-техникалық құжаттарын ұсыну қажет, ал қажет болған жағдайда зерттеуді сол кәсіпорында өткізуді ұйымдастыру қажет.

      167. Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда істің толық мән-жайы; табылған сұйықтықтың түсі, иісі, көлемі; тасымалдаушы-заттағы сұйықтық іздерінің орналасқан жері, түсі, мөлшері мен пішін үйлесімі көрсетіледі.

      Сараптама тағайындау туралы қаулыда СҚС қатпарлары бар тасымалдаушы-затты сараптамалық зерттеу кезінде түрін өзгертудің (толығымен жоюдың немесе ішінара зақымдаудың мүмкіндігі) рұқсаты болуы тиіс.

16-параграф. Арнайы химиялық заттарды сот - сараптамалық зерттеу (7.7)

      168. Арнайы химиялық заттарды (бұдан әрі – АХЗ) сот-сараптамалық зерттеудің мәні – химия, осы объектілердің құрамы және оны зерттеу әдістемесі саласындағы арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып сот сараптамасы теориясының жалпы қағидалары негізінде тергелетін оқиғаның нақты деректерін, жағдаяттарын анықтау болып табылады.

      169. АХЗ сот-сараптамалық зерттеудің объектілері:

      арнайы химиялық заттардың микро іздері бар тасымалдаушы-объектілер;

      құрамында адам денесінің кейбір бөліктерінің бетінде, адам киімінде, оқиға орнындағы заттардың қалпының тасымалдаушы-заттарда табылған арнайы химиялық заттарды қамтыған және қолдан жасалған жайғастыру заттарға көшірілген микро іздер;

      арнайы химиялық заттармен оқшауландырылған объектілер;

      сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер;

      объектілерді оқшаулау, АХЗ шағын іздерін табу, алу және шегендеу туралы мәліметтерді қамтыған іс материалдары;

      170. Зерттеудің тікелей объектілері қылмыстық іс бойынша сараптама жүргізу үшін ұсынылған белгілі бір жекелеген объектілер болып табылады, яғни нақты АХЗ сараптамасының объектілері қылмысқа ерікті немесе еріксіз түрде тартылған тасымалдаушы-объектілер беттерінемикроіздер-қатпарлар және енгізілетін-микроіздер болып табылады. Мұндай тасымалдаушы-объектілер күдікті денесінің әртүрлі бөліктерінен алынған сүртіндісі бар мақта томпондары, күдікті киімдері, оқиға орнының заттық жағдайының элементтері болуы мүмкін.

      171. Осы зерттеу шеңберінде шешілетін міндеттер жіктеушілік, диагностикалық, сәйкестендірушілік және ахуалдық сипаттағы міндеттерге жатады, атап айтқанда:

      тасымалдаушы-заттардағы АХЗ жататын салқын күйде сәуле таратын заттарды (люминифорларды) табу;

      люминифордың із жасау мүмкіншілігі мен тасымалдаушы-заттардың бетіндегі із қабылдау мүмкіншілігін, олармен түйісу кезінде қатпарлар іздерінің пайда болу мүмкіндігі мен шартын зерделеу мақсатында анықтау;

      тасымалдаушы-заттарда табылған люминофордың жіктеушілік тиістілігін анықтау;

      тасымалдаушы-заттардағы люминофорлар және люминифор үлгісін, олардың бір жіктеуішке, түрге, маркаға жатқызу мақсатында салыстырмалы зерттеу, яғни салыстырылып отырған люминофорларды тектік, топтық тиістілігін анықтау;

      тасымалдаушы-заттардағы люминофор із-қатпарлары мен люминофор үлгісінің құрамы бойынша бір (нақты) көлемге, массаға тиістілігін анықтау, яғни сәйкестендірушілік міндеттің шешімі – бүтінді бөлігі бойынша сәйкестендіру;

      люминофорлардың тасымалдаушы-объектіде (негізінде киімде және қол сүртіндісі бар мақта томпонында), аталған іздердің сүртіндіні өндіру механизміне сәйкес келуін анықтау мақсатында із жасау механизмін анықтау;

      күдіктінің қолдарының, оның киім бөліктерінің оқшауланған объектілермен түйіспелі өзара әрекет ету фактісін анықтау.

      172. АХЗ сот-сараптамалық зерттеуін тағайындаған кезде қойылуы мүмкін сұрақтар:

      ұсынылған объектілерде табылған люминесцияланатын заттар бөлшектерінің қатпарлары мен сараптамалық зерттеу үшін үлгі ретінде ұсынылған люминофор бір жіктемеге, маркаға тиісті ме;

      ұсынылған объектілерде табылған люминесцияланатын заттар бөлшектерінің қатпарлары мен сараптамалық зерттеу үшін үлгі ретінде ұсынылған люминофордың ортақ тектік (топтық) тиістілігі бар ма;

      АХЗ іздерінің пайда болу механизмі қандай және қол сүртіндісі бар мақта томпондарында люминофордың із жасау механизмі сүртінді жасау механизміне сәйкес келе ме;

      белгілі бір жағдайларда қол сүртіндісін алу кезінде люминофордың із-қатпарлары мақта томпондарында пайда болуы мүмкін бе;

      173. АХЗ сараптамалық зерттеу бойынша сот сараптамасын тағайындау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:

      Сараптамалық зерттеуге жолданатын барлық алынған объектілерді (сүртіндісі бар мақта тампондары, салыстыруға арналған АХЗ, оқшауланатын объектілер) қағаз пакеттерден бөлек тасымалдаушы-объектілерге бөгде бөлшектердің-ластанулардың абайсызда түсуін, сондай-ақ люминофордың ұнтақтарының тасымалдаушы-заттардан түсіп қалуы мүмкіндігін не конверт қағазының микроқұрылымына енуін болдырмайтын кішігірім көлемдегі полиэтилен пакетттерге немесе пленка кесінділеріне орау қажет;

      люминофордың үлгісі пара нысанасын өңдеген мақта тампонының үстіңгі қабатында ғана емес, сонымен бірге полиэтилен пленканың кесіндісіне (кішігірім пакетке) немесе қағазға салынған салмағы 0,2 гр. кем емес ұнтақ түрінде де ұсынылуы тиіс;

      жедел іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктінің қолынан сүртіндіні алғанда, ақша купюраларын (немесе параның өзге нысандарын) өңдеген кезде мақтаның тап сол бір көлемінен құрастырылатын стерилді емес мақтадан жасалған мақта тампонын пайдалану қажет. Осы көлемдегі таза тампон салыстырмалы үлгі ретінде ұсынылады (мақтаны технологиялық өңдеумен байланысты болатын экстрактивті заттардың әсерін болдырмау үшін);

      пара нысанын (ақша купюрасын) арнай химиялық затпен өңдеу алдында бөтен ластанулардың, соның ішінде люминофордың көрінетін люминесценциясының түріне немесе химиялық өзара әсер ету нәтижесінде оның құрамына әсер ететін алдыңғы өңдеуден қалған люминофорлардың (ақша купюралары пара нысаны ретінде бірнеше рет пайдаланылған жағдайда) да бар-жоғын анықтау мақсатында олардың үстіңгі қабатын қарап шығу қажет. Қарап шығу нәтижесі тиісті хаттамада көрсетіледі;

      сүртіндіні алған кезде бинттерді, стерилденген мақтаны және ақ маталардың кесінділерін қоса алғанда, өңделмеген (стерилденбеген, ағартылмаған) мақтадан бөлек материалдарды пайдалану ұсынылмайды, өйткені бұл зерттеудің нәтижесіне әсер ететін олардың құрамындағы технологиялық сипаттағы әртүрлі заттардың (бояғыштардың, ағартқыштардың, антисептиктердің) болуына байланысты;

      сүртіндіні алған кезде сулайтын реагент ретінде тек қана этил спиртін немесе су-спирттік қоспаны пайдалану қажет;

      сулайтын реагент ретінде иіс суларды, лосьондарды, одеколондарды немесе өзге де спиртқұрамдас заттарды (шөп тұнбаларын, құрамында экстрактивті заттар бар айрықша арақтарды, камфор спиртін) пайлану ұсынылмайды, себебі сараптамалық зерттеу барысында аталған реагенттердің экстрактивті заттары талдау нәтижелерін бұрмалайды;

      шұғыл іс-шаралар барысында күдіктінің қолынан, киімінен немесе заттық жағдайдың өзге де заттарынан люминофорлар қатпарларының іздерін табу мақсатында оқиға орнын қарап шығу кезінде люминесценттік сәуленің түстік сипаттамаларының сараптамалық зерттеулердің нәтижелерімен әртүрлі оқылуын болдырмау мақсатында ультракүлгін сәулелі лампаны (бұдан әрі – УК) барынша мүмкін болатын қараңғылықта пайдалану қажет. Айналадағы заттарды, соның ішінде күдіктіні (қолдарын, киімін) люминоформен ластаудың мүмкіндігін болдырмау мақсатында жедел іс-шараларға қатысушы адамдардың (тергеушінің, жедел қызметкердің) беттерінде, қолдарында, орайтын конверттердің сыртқы қабаттарында люминофорлар қатпарларының бар-жоғын алдын-ала қарап шығады;

      объектілердің орамасы (әдетте, конверттер) саңлаусыз болу керек, пакеттер мөрленген және толық деректемелері: нөмірленген, конверттің ішіндегісін растайтын жазбасы, куәгерлердің, объектілерді алуды және орауды жүргізген адамның аты-жөні мен қолтаңбалары көрсетілуі тиіс;

      сараптамалық зерттеу жүргізу үшін сарапшыға пара нысанын өңдеу хаттамасын; пайдаланылатын АХЗ туралы қолда бар мәліметтерді (түрін, маркасын); сүртіндіні алу кезінде пайдаланылатын материалдар (сулайтын реагент), көрінетін люминесценцияның болуы (жоғы), оның түстік сипаттамалары, сүртіндіні алу шарттары туралы мәліметтер бар оқиға орнын қарап шығу хаттамасын ұсыну ұсынылады; кейбір жағдайларда оқиға орнын қарап шығудың бейнежазбасы ұсынылады.

      174. Сараптаманы тағайындаған және сарапшыға сұрақтарды құрастырған кезде қаулының нұсқаулық бөлімінде істің толық мән-жайын (фабуласын) баяндау қажет, бұл әсіресе тиісті бастапқы ақпаратты ұсыну мүмкін болмаған жағдайда ерекше қажет:

      пара нысанын (ақша купюраларын) люминоформен өңдегенге дейін және өңдегеннен кейін қараған кездегі байқалатын люминесценция түсін;

      объектілерді (күдіктінің киімін, қолын, заттық жағдайдың өзге заттарын) оқиға орнында қараған кездегі байқалатын люминесценция түсін;

      сүртіндіні алған кезде қандай сулайтын реагентті пайдаланғанын.

      Сарапшыға сұрақтарды құрастырған кезде сұрақты салыстырылатын люминофорлардың бір жіктемеге, түрге және маркіге тиістілігін анықтау деңгейінде қою ұсынылады. Салыстырылатын люминофорлардың бір көлемге, бірыңғай массаға (бүтінді бөлігі бойынша сәйкестендіру) тиістілігін анықтау осы көлемді дараландыратын белгілерін табуды көздейді және тергеушінің осы көлемнің шегін анықтауын талап етеді.

      Сараптама тағайындаған органның (адамның) салыстырылатын АХЗ "сәйкестігі" туралы қойған сұрағын сарапшы салыстырылатын люминофорлардың тектік, топтық тиістілігін анықтау деңгейінде шешеді.

17-параграф. Әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу (7.8)

      175. Әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеудің мәні - сот сараптамасы, химия және спиртқұрамды сұйықтықтарды дайындаудың технологиясы мен оларды зерттеу әдістері саласындағы арнайы ғылыми білімдер негізінде қылмыс оқиғалары туралы нақты деректерді анықтау болып табылады.

      176. Сот-сараптамалық зерттеудің объектілері әйнек, керамика, құрылыс материалдары мен олардан жасалған бұйымдар, бұйымдардың жекелеген бөліктері, әйнектен, керамикадан және құрылыс материалдарынан жасалған заттарды алуға арналған шикізат материалдары, тасымалдағыш-заттардағы әйнек, керамика және құрылыс материалдары бөлшектері қатпарларының іздері, белгілі бір өнімді алудың және дайындаудың технологиялық процестері.

      177. Тікелей объектілері болып мыналар табылады:

      әйнектен жасалған бұйымдар: фарлардың шашыратқыштары, жарақаттамайтын әйнектер (сталинит және триплекс), электр лампаларының колбалары, айналар, жәшіктік және ыдыстық әйнектер (бөтелкелер, стақандар, вазалар), сондай-ақ көзілдірік, бижутерия, табақты шынылар (терезелік, витриналық, қараңғыланған), шыны блоктар, шынымақталар мен шыныматалар көлемдері, ампулалар, шприцтер, медициналық ыдыстар, хрусталь мен көркемөнер әйнектерінен жасалған бұйымдар;

      керамикадан жасалған бұйымдар: тұрпайы кеуек керамика (кірпіш, жабынқыш, керамикалық тақталар және тағы басқа), тұрпайы тығыз керамика (қышқылға төзімді кірпіш, еденге арналған тақталар және тағы басқа), жұқа кеуек керамика (фаянс, жартылай фарфор, майолика және тағы басқа), жұқа тығыз керамика (фарфор, көптеген отқа төзімді кірпіштер, радиокерамика, электротехникалық керамика және тағы басқа);

      силикаттық материалдардан жасалған бұйымдар: силикаттық кірпіш, цемент, бетон, құрылыс ерітінділері (цемент, әктас, гипс, қалайтын, әрлеу);

      әйнек, керамика және құрылыс материалдарының шикізаты, фрагменттері, жартылай өнімдері;

      тасымалдағыш-заттардағы қатпарлардың іздері;

      әйнектің, керамиканың және силикаттық құрылыс материалдарының сараптамалық зерттеуге арналған үлгілері мен бақылау-үлгілері;

      бұйымдардың ғылыми-техникалық құжаттамалары, технологиялық процесс;

      қылмыстық іс материалдары.

      178. Әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеудің міндеті – зерттелетін объектінің белгілі бір текке немесе топқа тиістілігін анықтау, нақты бір бұйымды сәйкестендіру, сондай-ақ қирау себептері мен механизмін, бұйымды пайдалану шарттарын анықтау болып табылады.

      179. Сараптаманың осы түрінің шеңберінде сәйкестендірушілікпен қатар диагностикалық міндеттер де шешілуі мүмкін.

      Диагностикалық міндеттерге:

      тасымалдағыш-заттардағы әйнектің, керамиканың және силикаттық құрылыс материалдарының және олардан жасалған бұйымдардың микробөлшектерін табу және олардың табиғатын (органикалық, органикалық емес әйнек, жұқа, тұрпайы керамика, цемент, ақтау және тағы басқа) диагностикалау;

      әйнектің, керамиканың және силикаттық құрылыс материалдарының сынықтары пайда болған бұйымның шығу тегін және оны қолдану саласын анықтау;

      әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдардың қирау жағдайлары мен механизмдерін, қирау себептерін (механикалық, термикалық, өздігінен қирау) анықтау;

      бұйымды пайдалану шарттарының ерекшеліктерін және тағы басқа анықтау.

      Сәйкестендірушілік міндеттерге мыналар жатады:

      әйнектің, керамиканың және силикаттық құрылыс материалдарының және олардан жасалған бұйымдардың салыстырылып отырған фрагменттері әйнектің, цементтің, бетонның, керамикалық қоспаның бір тұтаына (бұйымға) немесе бірыңғай массасына тиістілігін анықтау;

      әйнектің, керамиканың және силикаттық құрылыс материалдарының және олардан жасалған бұйымдардың салыстырылып отырған фрагменттері әйнек, керамика және силикаттық құрылыс материалдарының бір тегіне (типіне, түріне, маркасына), тобына (бұйымдар партиясына, шикізатқа, массаға) тиістілігін анықтау.

      Бұл міндеттерді шешуге арналған сұрақтар былайша құрастырылуы мүмкін:

      бұйымның үстіңгі қабатында (мысалы, киімде және тағы басқа) немесе материалдың көлемінде (топырақ үлгісінде) әйнектің, керамиканың және силикаттық құрылыс материалдарының бөлшектері бар ма;

      ұсынылған заттар әйнек бұйымдарының, керамикадан, силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдардың сынықтары болып табылады ма;

      бұйым қандай әсер етудің (қандай себептен) нәтижесінде қирады (механикалық, термиялық, өздігінен қирау);

      тасымалдағыш-заттарда (аспаптарда, киімнің заттарында) табылған әйнектің (керамиканың, силикаттық құрылыс материалдарының) микробөлшектері (сынықтары) бұйымның материалдарымен (бөтелкенің, керамикалық тақтаның, кірпіштің және тағы басқа фрагментімен) ортақ тектік (топтық) тиістілігі бар ма;

      әйнектен (керамикадан, силикаттық құрылыс материалдарынан) жасалған объектінің салыстырылатын бөлшектері бұрын бір тұтасты құраған ба;

      салыстырылатын объектілер бұрын бір тұтас массада болған ба (мысалы, қоймадан алынған және күдіктіден табылған құрылыс қоспалары, кірпіштер);

      салыстырылатын бұйымдар тобының өндірістік шығу көзі ортақ па;

      зерттеуге ұсынылған бұйымдарды дайындау тәсілі қандай;

      белігілі бір объектілер нақты бір дайындаушы-зауыттың өнімдері болып табылады ма.

      180. Әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеуі бойынша сараптама тағайындаған кезде келесі талаптарды сақтау қажет:

      зерттеу объектілері қандай күйде табылса, сондай күйде ұсынылады;

      заттай дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс жеке пакеттерге буып-түйіледі;

      әйнек, керамика және силикаттық құрылыс материалдары қатпарларының іздері бар деп болжанатын заттардың бөліктері төгілмеу және басқа бөлікке немесе затқа өтіп кетпеуі үшін оқшауланады және тыңғылықты буып-түйіледі;

      бұйымды сертификатталған өнімге не белігілі бір дайындаушы-зауыттың өніміне жатқызу мақсатындағы міндетті шешу кезінде осы өнімнің сапа сертификатын және осы зауыттың салыстырмалы үлгілерін ұсыну қажет;

      белігілі бір дайындаушы-зауыт өнімінің сапасын зерттеу үшін осы зауыттың үлгілерінен бөлек технологиялық құжаттамасын ұсыну және қажет болған жағдайда зерттеуді осы зауытта жүргізуді ұйымдастыру қажет.

      181. Әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған объектілерді оқиға орнында жинаудың ерекшеліктері. Оқиға орнында әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдардың фрагменттерін (оның ішінде микробөлшектерді) табуды, сынықтарды іздеу өте орынды болатын олардың жатқан жерін, бұйымдардың жітемесін және түрін болжамды түрде анықтауға көмектесетін оқиғаның сипатын жәене жағдайларын есепке ала отырып жүргізу қажет.

      182. Табылған фрагменттерді шегендеу келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:

      біріншіден, олардың табылғаны тергеу әрекетінің хаттамасында шегенделеді. Бұл ретте, әйнек, керамика және силикаттық құрылыс материалдарының табылған сынықтары немесе микросынықтар бар тасымалдағыш-заттар жергілікті жердің қай бөлігінде немесе қандай үй-жайда орналасқаны, олар объектінің қай қабатында немесе бөлігінде табылғаны көрсетіледі. Егер сынықтардың немесе микробөлшектердің тобы шектелген аумақта шоғырланған болса, онда хаттамада бөлшектердің топтану аймағының диаметрі немесе өлшемдері мен осы аймақ орталығының координаттары көрсетіледі. Тасымалдағыш-заттарда қызығушылық танытатын әртүрлі сынықтардың (микробөлшектердің) айтарлықтай мөлшерін табылған жағдайда хаттамалық сипаттауды осы сынықтардың (микробөлшектердің) өзара орналасу сызбасымен толықтыру қажет болады;

      екіншіден, табылған объектілерді фотошегендеу жүргізіледі: сынықтардың, микросынықтарды тасымалдағыш-заттардың табылған орнын шегендеу мақсатындағы негізгі фототүсірілім; сынықтардың және тасымалдағыш-заттардың (не микросынықтар табылған олардың үстіңгі қабаттарының фрагменттерін) өздерін шегендеу мақсатындағы егжей-тегжейлі фототүсірілім, соның ішінде кіші көлемдегі табылған сынықтардың макрофототүсірілімі;

      үшіншіден, шегендеудің техникалық әдісіне микроіздердің белгілерін сақтауға ғана емес, сонымен қатар олардың оқшаулануын шегендеуге бағытталған тасымалдағыш-объектілердегі микросынықтарды бекіту жатады. Осы мақсатта микросынықтардың табылған жерін, оның бүкіл аумағы бойынша жабысқақ скотч-таспаның көмегімен тасымалдағыш-объектінің үстіңгі қабатын жабыстыра отырып таза полиэтилен пленкасымен жабады.

      183. Ірі сынықтарды алу аса қиындық тудырмайды. Ал микросынықтарды алу келесі нұсқалардың бірімен жүргізіледі: а) тасымалдағыш-объектімен бірге алу; б) тасымалдағыш-объектіден бөліп алу арқылы алу. Микробөлшектерді тасымалдағыш-объектілермен бірге алу мүмкін және орынды болатын барлық жағдайларда, оларды табылған объектілерімен бірге алу қажет (оларды тиісті түрде бекітіп алғаннан кейін).

      Кішігірім тасымалдауға болатын тасымалдағыш-объектілерді әдетте, тұтастай алады. Сондай-ақ, алғашқы тергеу әрекеттері кезінде микробөлшектердің өзі табылмаған кезде, болжамды микробөлшектерді тасымалдағыш-заттар да тұтастай алынады.

      Сынықтарды буып-түйген кезде, олардың тасымалдау кезінде қирауын болдырмайтын шараларды қарастыру керек.

      Ескерту: қаулыда істің мән-жайын, табу, сақтау, тасымалдау жағдайларын, сондай-ақ олардың нәтижесінде объектілердің (оның құрылымы, сыртқы түрі) өзгеруі мүмкін факторлар егжей-тегжейлі көрсетілуі керек.

18-параграф. Жол - көлік оқиғаларының жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы (8.1)

      184. Жол-көлік оқиғаларының жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасының мәні ЖКО механизмімен, КҚ техникалық күйімен, жол жағдайымен, ЖКО қатысушылардың әрекетімен байланысты болатын жол-көлік оқиғаларының жағдайлары, сонымен қатар сараптаманы тағайындаған органның сарапшыға ұсынған объектілерін (бастапқы деректерді, көлік құралдарын, іс материалдарын) зерттеу жолымен сарапшылар өздерінің арнайы ғылыми білімдерінің негізінде анықтайтын ЖКО туындауына себептескен себептер мен жағдаяттар туралы нақты деректердің кешені (жиынтығы) болып табылады.

      185. Жол-көлік оқиғаларының жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасының міндетіне: ЖКО туындау жағдаяттары мен дамуын зерттеу, ЖКО орнының жағдаяттарын зерттеу, КҚ қауіпсіздік пен пайдаланудың техникалық нормаларына сәйкестігін зерттеу кіреді.

      186. Жол-көлік оқиғаларының жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасының зерттеу объектілері: жол-көлік оқиғасына қатысушы көлік құралдары (автомобильдер, мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер, мотоколяскалар, тракторлар, тіркемелер және жартылай тіркемелер, велосипедтер, қалалық электрокөліктер); жол-көлік оқиғасы болған орын - жол-көлік оқиғасы болған жердің жол телімі; сарапшының қарамағына ұсынылатын материалдар (ЖКО орнын қарап шығу хаттамасы; оқиға сызбасы бар хаттамаға қосымша; ЖКО сызбасы; КҚ техникалық күйін қарау және тексеру хаттамасы; тергеу экспериментінің хаттамасы; фото және бейне материалдар; куәлерден, жүргізушіден және жәбірленушілерден жауап алу хаттамасы) болып табылады.

      187. Жол-көлік оқиғаларының жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы мәніне, міндеттері мен объектілеріне байланысты зерттеудің төрт түріне бөлінеді:

      жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу;

      сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу;

      көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу;

      ЖКО болған жердегі жолдың техникалық жай-күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу.

      188. Сарапшының шешуіне ЖКО жағдайлары мен КҚ сот сараптамасын жүргізу кезінде жүргізуші немесе жүргінші Жол жүру ережелерінің қандай талаптарын бұзғандығы туралы, жүргізуші немесе жүргінші ЖЖЕ сәйкес қалай әрекет етуі керек болғандығы туралы, жол-көлік оқиғасының тікелей (негізгі, басты) себептері туралы, жүргізуші кедергіні немесе қозғалыс үшін қауіпті алдын ала болжауы қажет болған және алдын ала болжай алуы мүмкін сәт туралы сұрақтарды, сондай-ақ дәлелдемелерді бағалауға және қылмысты заңдық тұрғыдан саралауға жататын, кінәнің бары немесе жоқтығы, талап қою талаптарын қанағаттандыру туралы сұрақтарды және анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың құзыретіне жататын басқа да сұрақтар қойылмауы тиіс.

      189. Сараптама тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда ЖКО жағдайлары мен КҚ сараптамасы үшін келесі негізгі бастапқы мәліметтер көрсетілуі қажет:

      жолдың жүретін бөлігінің және жиегінің (егер КҚ жол жиегімен қозғалған болса) жағдайы (оның ені, жабын түрі, көлбеуліктің болуы және шамасы);

      КҚ техникалық жағдайы және типі, оның жүгінің көптігі;

      көлік құралының жылдамдығы және қозғалысының бағыты немесе оның алдыңғы (артқы) дөңгелектеріне дейін өлшенген тежегіш ізінің шамасы;

      ҚҰ қай бөлігімен басып кету (соқтығысу) орын алды;

      соқтығысу орны КҚ габаритінен қандай қашықтықта орналасқан;

      барлық жол жабынының әрқайсысындағы тежегіш ізінің (бүйірлік сүрілуінің) ұзындығы;

      басып кету (соқтығысу) орны көлік құралының тежегіш ізінің бастамасынан қандай қашықтықта орналасқан;

      жәбірленуші қозғалысының жылдамдығы мен бағыты;

      КҚ жүргізушісіне қауіп туындау сәті;

      жәбірленушінің қауіп туындағаннан басып кету орнына дейін жүрген қашықтығы;

      жол бұрылысының радиусы, оқиға болған жердің (басып кету, соқтығысу) координаттары;

      шыны сынықтарының, шашылған батпақтың және соған ұқсастардың орналасу орны;

      жол төсемі мен кедергілердің (жүргіншінің, тұрған көліктің және тағы басқа) көрінуі және жүргізушінің орнынан жолдың көрінуі мен шолынуы және қойылған сұрақтарға байланысты өзге де мәліметтер.

      190. Сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) ЖКО жағдайлары мен КҚ сот сараптамасын тағайынау туралы қаулымен немесе ұйғарыммен бірге мыналарды:

      жол-көлік оқиғасы болған орынды тексеру хаттамасын;

      жол-көлік оқиғасының сызбасын;

      көлік құралының техникалық жағдайын қарау мен тексеру хаттамасын;

      егер жүргізілсе, зерттелетін жол-көлік оқиғасы фактісіне, не оқиға орнын қарауға қатысты фото және бейне материалдар;

      егер жүргізілсе, тергеу экспериментінің хаттамасын;

      куәлардан, жүргізушілерден және жәбірленушілерден жауап алу хаттамасын ұсынады.

      191. ЖКО мен КҚ сот сараптамасын тағайындау туралы қаулымен не ұйғарыммен бірге сот сараптамасы органына міндетті түрде ұсынылатын құжаттарда келесі мәліметтер болу керек:

      ЖКО болған орынды тексеру хаттамасында осы процессуалдық құжаттар үшін жалпы мәліметтерден бөлек, жол төсемінің сипаты мен түрі туралы;

      жолдың жүретін бөлігі мен жол жиегінің ені және жағдайы туралы;

      кюветтердің болуы;

      көтерілу бұрышының немесе тік еңістің шамасы және бұрылыс радиусы;

      жолдың ескерту белгілерінің болуы мен қозғалысты реттеу тәсілі;

      тежелу іздерінің орналасу орны, оның ұзындығы мен сипатына (дөңгелектің сырғанауы немесе оның тежелінген тербелісінің ізі), басып кету нүктесі, соқтығысу орны, олардың жол элементіне мен басқа қозғалмайтын бағдарларға қатысы;

      қан іздерінің, тежегіш сұйықтығының, майлардың, сондай-ақ шыны сынықтары мен КҚ-ның бөлінген бөлшектерінің болуы;

      заттай дәлелдемелер табылған және алынған жағдайлар туралы;

      соқтығысқанға дейінгі, соқтығысқан кездегі және соқтығысқаннан кейінгі КҚ қозғалысының бағыты туралы;

      жол жағдайындағы заттарда пайда болған зақымдардың сипаты;

      нысаны және мөлшері туралы;

      жүргізуші кабинасынан жол төсемінің көрінімі туралы мәліметтер болуы керек;

      ЖКО-ның болған орнын тексеру хаттамасына сот-жедел фотография ережелері (бағдарлық, шолушылық, тораптық, бөлшектік) бойынша оқиға болған жерде түсірілетін фотосуреттер бірге қосылып беріледі;

      Жол-көлік оқиғасының сызбасында мыналар көрсетілуі керек:

      көлік құралдарының жол элементтері мен жол жағдайының заттарына (қозғалмайтын бағыттар) қатысты дәл орналасуы;

      тежеу іздерінің және өзге де іздер мен заттай дәлелдемелердің мөлшері мен орны;

      жәбірленуші мен көлік құралдарының орны;

      жолды сипаттайтын деректер, негізінде, жол жабынының түрі (бетон, асфальт, тас төселген жол) және оның жағдайы (құрғақ, дымқыл, ластанған, көк тайғақ, қар басқан);

      жол ақауларының болуы және орналасқан орны;

      көтерілу немесе еңіс бұрылысының дәл шамасын көрсете отырып жолдың профилі;

      бұрылыс радиусы;

      жүріс бөлігінің, жол жиегінің, кюветтердің ені және жолдың сыртқы айналасының, шолуының, көрінімінің сипаттамасы, оны шектеп тұрған заттардың болуы және олардың дәл орналасқан орны;

      жол белгілерінің орналасуы;

      Көлік құралының техникалық жағдайын қарау мен тексеру хаттамасында мыналар көрсетілуі керек:

      автомобильдің тежеу жүйесінің, рульдік басқарудың, жүріс бөлігінің, жарықтандыру аспаптары мен сигнализациясының, автопоездардың тіркеу мен отырғыш құрылғыларының, сондай-ақ басқа да қосымша жабдықтардың техникалық жағдайының толық сипаттамасы, қатты жабында эксперименталды тежелу кезінде алынған барынша баяулау немесе тежелу жолының шамасы;

      рульдік басқарудың люфт шамасы, тартым топсаларындағы люфтінің болуы;

      шинадағы ауа қысымының шамасы, пневможүйедегі ауа қысымының төмендеуі секілді агрегаттардың (тораптың) күйін сипаттайтын барлық негізгі шамалардың сипатталуы және ақаулық болса. оның себептерін көрсету қажет.

      Жол көлік оқиғасында болатын қирауды, сынуды, жаншылған жерді сипаттау кезінде, олардың мөлшері; жолдың үстіндегі жаншылған жер немесе сызатталған жердің дәл орны мен мөлшері және тағы басқаларды; көлік құралындағы басқа іздерді; оларды анықтаған тәсіл (қарау, талдау кезінде, эксперимент жүргізу арқылы) көрсетілуі керек.

      192. Көлік құралдарының техникалық жағдайын қарау және тексеру хаттамасында көлік құралындағы жүктің сипаты, салмағы.мен көлемі туралы мәліметтер және осы хаттаманың нысанымен көзделген басқа да деректер көрсетілуі керек.

      Егер тергеу немесе сот органы сараптамалық зерттеуді қажет деп тапса, онда олар көлік құралын ЖКО нәтижесінен алған күйінде сақтау жөніндегі шараларды, сондай-ақ КҚ сарапшыға жеткізу не болмаса сарапшыны зерттеу объектілеріне жеткізу, сарапшының объекті орналасқан аумақта болу жағдайларын және оның сараптама мекемесі орналасқан жерге қайтуы жөніндегі шараларды қабылдайды.

19-параграф. Жол - көлік оқиғасы жағдайларын сот - сараптамалық зерттеу (8.1)

      193. ЖКО жағдайларын сот - сараптамалық зерттеуіне жол-көлік ахуалдарын (ЖКА) сараптамалық зерттеу, ЖКО барысындағы КҚ, өзге объектілердің және жүргіншілердің қозғалыс параметрлерін есептеу, сондай-ақ жүргізушінің әрекеттері мен мүмкіндіктерін талдау кіреді.

      194. ЖКО жағдайларын сот - сараптамалық зерттеуінің мәні – ЖКО жағдаяттары, КҚ жүктемесі, техникалық күйі, оның қозғалыс жылдамдығы, жолдың жүру бөлігінің төсеніші, оның күйі, көлденең және ұзына бойғы сұлбасы, КҚ қозғалысының режимі және тағы басқа туралы нақты деректер.

      195. ЖКО жағдайларын сот - сараптамалық зерттеудің шеңберінде келесі міндеттер шешіледі:

      КҚ қозғалысының жылдамдығын анықтау;

      КҚ тежеу және тоқтау жолын, сондай-ақ тоқтау уақытын анықтау;

      тергеудің (соттың) сұраған кезеңіндегі ЖКО орнынан КҚ, жүргіншіні және өзге де объектілерді алып тастауды анықтау;

      тергеудің (соттың) сұраған кезеңіндегі тежеу және айналып өту жолымен ЖКО алдын алудың техникалық мүмкіндігін анықтау;

      ЖКО әртүрлі кезеңіндегі КҚ өзара орналасуын анықтау;

      КҚ жолдың нақты бөліктерін жүріп өту уақытын анықтау;

      ЖКО алдын алу жөніндегі шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін қозғалыс үшін қауіпті жағдайдың (кедергіні соғу, КҚ соқтығысу, аударылып кеті және тағы басқа) туындау сәтін анықтау, егер бұл ретте тиісті есептеулер, модельдеу және эксперименттер жүргізу үшін арнайы танымдар қажет болса;

      жүргізушінің ЖКО алдын алуға әлі техникалық мүмкіндігі болған сәттегі КҚ мен кедергінің өзара орналасуын анықтау;

      қозғалыс үшін қауіп туындаған сәттен бастап жүргізушінің КҚ басқару жөніндегі тап қандай әрекеттері ЖКО алдын алуы мүмкін еді;

      сараптаманы тағайындаған орган көрсеткен сәттегі жүргізушінің оқиғаны болдырмау үшін ЖЖЕ сол немесе өзге тармақтарында белгіленген әрекеттерді жасауға техникалық мүмкіндігін анықтау;

      сараптаманы тағайындаған орган көрсеткен, жүргізуші қозғалыс үшін кедергінің не қауіптің туындауын алдын ала білуге тиіс және білуі мүмкін болған сәттегі жүргізушінің КҚ қозғалысының жылдамдығын азайту немесе айналып өту жолымен ЖКО алдын алуға техникалық мүмкіндігін анықтау;

      объективті заңдылықтардың техникалық деректері мен есепке алуларын пайдалану негізінде жүргізушінің КҚ басқару жөніндегі әрекеттері (әрекетсіздігі) мен техникалық сипаттағы салдары арасындағы себептік байланыстың барын (жоғын) анықтау;

      сараптаманы тағайындаған орган көрсеткен, бастапқы мәліметтер бойынша ғана емес, сонымен қатар сарапшының есептеу жолымен алған нәтижелері, соның ішінде іс материалдарынан көрінетін оқиға жағдаяттарының бірнеше нұсқалары бойынша да ЖКО алдын алудың техникалық мүмкіндігін анықтау. Зерттелген нұсқалардың бір-біріне қарама-қайшылығын сарапшы өз қорытындысында атап өтеді;

      ЖКО жасауға мүмкіндік туғызатын жол қозғалысын ұйымдастырумен байланысты болатын себептер жағдайларды анықтау.

      196. ЖКО жағдаяттарын сот-сараптамалық зерттеу шеңберінде шешілетін типтік сұрақтар:

      КҚ тежеуді бастау сәтінде қандай жылдамдықпен жылжып келе жатқан;

      жол көрінісінің жағдайлары немесе оның бұрылыстағы орнықтылық жағдайлары бойынша КҚ-ның қауіпсіз жылдамдығы қандай болуы керек;

      жол оқиғасы жағдайларындағы КҚ тоқтау жолы қандай;

      осы жол жағдайында КҚ-ның тоқтауы үшін қандай уақыт қажет.

      КҚ басып кету (соқтығысу) орнынан белгілі бір сәттерде:

      жаяу жүргіншінің жүріс жолының бөлігі бойынша қозғалысының басталу сәтінде;

      жаяу жүргіншінің жылжымайтын немесе жылжитын кедергінің тасасынан жүргізушінің көру аумағында пайда болу сәтінде;

      кейін тежелуді қолданғандағы жүргізуші реакциясы сәтінде;

      қиылысу жолының жүріс бөлігіне басқа КҚ-ның шығу сәтінде;

      алдында келе жатқан КҚ-ның тежелуінің басталу сәтінде;

      бағдаршамның белгілі бір сигналының жану сәтінде қандай арақашықтықта болды;

      кедергі (жолай, қарама-қарсы бағытта немесе КҚ қозғалыс жолын қиятын) қозғалысының басталу бағытына байланысты КҚ осы жол жағдайындағы қозғалыс жылдамдығы үшін нақтылы және қауіпсіз кездегі қозғалысы үшін жүргізуші тежеу арқылы белгілі бір сәттерде (қауіптің пайда болу сәтінде;

      жүргіншінің жолдың жүру бөлігімен жүруді бастау сәтінде;

      жүргіншінің жылжымайтын немесе жылжыйтын кедергіден жүргізушінің көру аумағында пайда болу сәтінде;

      одан кейін тежеуді басумен ұштасқан жүргізушінің реакциясы сәтінде;

      қиылысатын жолдың жүру бөлігіне басқа КҚ шығу сәтінде;

      алда келе жатқан КҚ тежелуді бастау сәтінде;

      бағдаршамның белгілі бір белгісінің жана бастаған сәтінде) жүргізушінің басып кетуді (соқтығысуды) болдырмауға техникалық мүмкіндігі болды ма;

      КҚ уақытылы тежелген жағдайда жүргінші (көлік құралы) оның қозғалыс жолағынан қауіпсіз ара қашықтыққа қашып кетуге үлгерер ме еді;

      жүргізушінің жылжитын немесе жылжымайтын кедергіні қауіпсіз айналып өтуді жүзеге асыруға мүмкіндігі болды ма;

      КҚ жолай немесе қарсы бағытта қозғалысы кезінде олардың арасындағы қауіпсіздік арақашықтығының шамасы қандай болу керек;

      оқиға орны жағдайларында КҚ арасындағы қауіпсіздік арақашықтығы қандай болуы керек;

      КҚ өз тұрақтылығын жоғалтпай берілген көлденең ығысуы үшін қандай арақашықтық қажет;

      КҚ өз тұрақтылығын жоғалтпай берілген ара қашықтықта қаншалықты ығысуы мүмкін.

20-параграф. Сот - сараптамалық көлік - трасологиялық зерттеу (8.2)

      197. Сот - сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеуінің мәні КҚ, өзге де материалдық объектілердің, адамдардың, жануарлардың әрекеттесуі нәтижесінде ЖКО орнында туындайтын іздерді зерттеу негізінде сарапшы анықтайтын жағдаяттар (нақты деректер).

      198. Сот - сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеуінің объектілері жол-көлік оқиғасының заттық жағдаяттарының әртүрлі заттары (көлік құралдары мен олардың бөлшектері, КҚ басқа КҚ немесе өзге де объектілермен өзара жанаса түйісу іздері, КҚ дөңгелектерінің (шынжыр табандарының) іздері; жәбірленушілер киімдерінің заттары мен тағы басқа).

      199. Зерттеудің бұл түрінің міндеттері – ЖКО қатысқан көлік құралдарының моделін (жіктеушілік міндет), оларды теңдестіру (сәйкестендірушілік міндет), оқиға орнындағы көлік құралдарының іздерін, көлік құралдарындағы іздерді, көлік құралдарының бөлініп қалған бөліктері мен бөлшектеріндегі іздерді зерделеу негізінде оқиға механизмін жалпылай немесе оның жекелеген сатыларын анықтау (диагностикалық міндет).

      200. Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу шеңберінде келесі типтік сұрақтар шешілуі мүмкін:

      ұсынылған КҚ қарастырылып жатқан оқиға барысында бір-бірімен түйіскен бе;

      соқтығысудың бастапқы сәтінде КҚ қандай бөліктерімен түйісті;

      соқтығысудың бастапқы сәтінде КҚ бір-біріне қатысты қалай орналасқан;

      соқтығысудың бастапқы сәтінде КҚ бойлық осьтерінің арасындағы бұрыш қандай болған;

      соқтығысудың бастапқы сәтінде КҚ бір-біріне және жол элементтеріне қатысты қалай орналасқан;

      соқтығысудың сәтіндегі КҚ соқтығысу бұрышы қандай;

      соқтығысудың сәтіндегі КҚ өзара орналасу бұрышы қандай;

      жол-көлік оқиғасы орнындағы іздерді көлік құралының қайсысы қалдырған;

      соқтығысу орны қай жерде;

      КҚ түйісу басталар сәтінде тұрған ба еді немесе қозғалыста ма еді;

      КҚ солға бұрылу немесе қайта бұрылу маневрін бастағанға дейін жолдың жүріс бөлігінде қалай орналасқан еді;

      көлік құралының қайсысы қозғалыстың бастапқы бағытынана ауытқыған;

      көліктің жүргіншіні басып кетудің өте ықтыимал орны қай жерде.

21-параграф. Көлік құралдарын сот - сараптамалық зерттеу (8.3)

      201. Көлік құралдарын сот - сараптамалық зерттеудің мәні – көлік құралдарының техникалық күйін, техникалық ақаулардың (ЖКО дейін, сәтінде немесе кейін) пайда болу себептері мен уақытын, ақаулардың ЖКО туындау сәтіне дейін табудың мүмкіндігін, сондай-ақ оның ЖКО дамуына әсерін анықтаумен байланысты жағдаяттар болып табылады.

      202. Көлік құралдарын сот - сараптамалық зерттеудің объектілері – жол-көлік оқиғасының орны, көлік құралдары, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін көлік құралдарының бөлшектері, жол-көлік оқиғасының материалдары, жол-көлік оқиғасының орны мен көлік құраларын қарап шығу хаттамалары, жол-көлік оқиғасына қатысушылардың түсіндірмелері мен түсініктері, куәлердің түсіндірмелері, оқиға орны мен көлік құралдарының бейне- және фототүсірілімдері, сарапшылар мен мамандардың қорытындылары, сондай-ақ зерттеу мәніне қатысты басқа да материалдар болып табылады.

      203. Зерттеудің осы түрінің шеңберінде шешілетін міндеттер диагностикалық, жіктеушілік және сәйкестендірушілік міндеттерге жатады:

      анықтау, тергеу органдарының, соттың көлік құралының техникалық ақаулығының себебі мен пайда болу уақытын (оқиға алдында, оқиға кезінде, оқиғадан кейін) анықтауы;

      көлік құралының техникалық күйіне жауап беретін жүргізушінің немесе басқа адамның КҚ техникалық ақаулығын ЖКО болмай тұрған сәтке дейін табуының мүмкіндігін;

      анықтау, тергеу органдарының, сот анықтаған КҚ техникалық ақаулығы мен ЖКО фактісі арасындағы себептік байланыстың техникалық жақтарын анықтау жатады.

      204. Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу шеңберінде қойылатын типтік сұрақтар:

      КҚ тежегіштік жүйесінің, рульдік басқарудың, жүріс бөлігінің ақаулықтарының пайда болу себебі мен уақытын (оқиға алдында, оқиға кезінде, оқиғадан кейін) анықтау;

      жүргізуші немесе КҚ техникалық жағдайына жауапты адам КҚ пайдаланудың алдында оның бөлшектерінің, тораптарының, кейбір жүйелерінің ақаулығын табуы мүмкін бе еді;

      табылған ақаулық жүріс режимінің бұзылуына әкелуі мүмкін бе (тежегіш жүйесі әрекетінің тиімділігінің төмендеуі, КҚ-ның өз бетімен бір жаққа ауытқуы және соңынан аударылуы);

      табылған ақаулық қарастырылып отырған оқиғамен себептік байланыста ма;

      оқиға сәтінде КҚ фарасының сынған электршамы жанып тұрған ба еді;

      электршамы сынған сәтте КҚ қай фарасының қандай жарығы (алысқа не жақынға жағылатын) қосылып тұрған еді.

22-параграф. ЖКО болған жердегі жолдың техникалық жай-күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу (8.4)

      205. ЖКО болған жердегі жолдың техникалық жай-күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеуі ЖКО байланысты автомобиль жолдары мен оның элементтерінің құрылыс және пайдалану сапалары, жол жағдайлары және қоршаған орта, сондай-ақ автомобиль жолдарымен өзара әрекеттестетін көлік құралдары элементтерінің құрылымдары мен жай-күйі туралы нақты деректерді анықтау мақсатындағы тікелей оқиғаға дейін және кейін көлік құралдарының қозғалысы болып жатқан автомобиль жолының бөлігін, оқиға орнының бөлігін, осы бөліктегі жол дағдайларын, жолмен өзара әрекеттесетін көлік құралдарының элементтерін сарапшылық зерттеумен байланысты.

      206. ЖКО болған жердегі жолдың техникалық жай-күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеуінің мәні:

       жолдың көліктік-пайдалану жай-күйінің көрсеткіштерін өлшеу;

      техникалық тұрғыдан нақты жол жағдайын: жол белгілерін, белгілеулерді және жол қозғалысын ұйымдастырудың басқа да техникалық құралдарын зерттеу;

      жол ақаулықтарын (сұлбасының, тегістігінің параметрлерін, ілінісу коэфициентін және тағы басқа) анықтау;

      жол ақаулығы мен ЖКО арасындағы техникалық себеп-салдарлық байланысты анықтау;

      қозғалыс үшін қолайсыз ауа-райы-климаттық факторлардың жол төсемінің үстіңгі қабатына әсерін зерттеу және жолды қысқы (күзгі-көктемгі) кезеңде ұстаудың кемшіліктері мен ЖКО арасындағы техникалық себеп-салдарлық байланысты анықтау;

      қозғалыстың аралас жолақтарындағы көлік легінің сипаттамаларын шегендеу болып табылады.

      207. ЖКО болған жердегі жолдың техникалық жай-күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеуінің шеңберінде келесі міндеттер шешіледі:

      жолдың негізгі біліктілік сипаттамаларын анықтау;

      оның құрылымдық элементтері мен жол жағдайларының техникалық жай-күйін анықтау;

      жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жолдағы ақаулықтардың пайда болу себептері мен уақытын анықтау.

      208. ЖКО болған жердегі жолдың техникалық жай-күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеуінің объектілері – орқиға орнындағы жолдың бөлігі, оған тікелей жалғасып жатқан көлік құралдары қозғалысының бөліктері, жолмен өзара әрекеттесетін көлік құралдарының элементтері.

      209. Сараптамалық зерттеу барысында келесі типтік сұрақтар шешіледі:

      ЖКО болған автомобиль жолы бөлігінің нақты біліктілік сипаттамалары мен техникалық жай-күйі еормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін бе еді;

      жол мен жол жағдайларының біліктілік сипаттамаларының НТҚ талаптарынан ауытқулары мен болған ЖКО арасында себеп-салдарлық байланыс бар ма;

      ЖКО себеп болатын жол қозғалысын ұйымдастырумен байланысты болатын себептер мен жағдайлар бар ма.

23-параграф. Сот экономикалық сараптамасы (9)

      210. Экономикалық сот сараптамасының мәні – қаржы-шаруашылық операциялары болып табылады.

      211. Экономикалық сот сараптамасының объектілері сот экономикалық сараптамасына ұсынылған бастапқы және өзге де есептілік құжаттары болып табылады.

      Экономикалық сот сараптамасы шеңберіндегі сарапшылық зерттеудің әдісі – ұсынылған қаржы-шаруашылық құжаттарын құжаттамалық бақылау әдісі.

      Объекті ретінде экономикалық сот сараптамасына зерттеу мәніне жататын құжаттар ұсынылады.

      Объектілер, тізімі экономикалық сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда немесе ұйғарымда көрсетілген, тігілген және нөмірленген күйінде ұсынылады.

      212. Экономикалық сот сараптамасының шешуіне сұрақтарды қойған кезде келесі талаптарды сақтау қажет: сұрақтар сот-экономикалық сараптамасының мәніне қатысты болуы тиіс, іс үшін маңызды болуы керек және қылмыстық қудалау органы немесе сот шешпеуі тиіс.

      Сұрақтардың мазмұны анықтамалық (мысалы, "кассадан берілетін ақша қандай құжаттармен рәсімделеді?", "еңбек демалысының уақытылы берілуін кім қадағалайды?" және тағы басқа сияқты мазмұндағы сұрақтарды қоюға болмайды) сипатта болмай, сарапшылық зерттеудің қажеттілігін туындатуы тиіс.

      Құқықтық сипаттағы (мысалы, айыпталушының әрекетін саралау туралы, нақты адамдардың жауаптылығы, адамдардың айыптылық дәрежесі туралы және тағы басқа);

      сұрақтарын шешу, сарапшының жалпы ревизиялық тексеруді жүргізуін көздейтін жалпы сипаттағы сұрақтар қоюға болмайды.

24-параграф. Шаруашылық операцияларын сот - сараптамалық зерттеу (9.1)

      213. Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:

      қаржы-шаруашылық қызметі субъектілерінің есептесу қаржылық көрсеткіштерін анықтау;

      кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу және талдау;

      баланс баптарын талдау;

      шаруашылық жүргізуші субъектінің Жарғы қорындағы үлесін анықтау.

      іс үшін маңызы бар өзге де шаруашылық операцияларын зерттеу;

      214. Осы сараптаманың шеберінде мына сұрақтар шешіледі:

      қаржылық-шаруашылық қызметтің есептік көрсеткіштері берілген бухгалтерлік есепке сәйкес келе ме;

      шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында материалдар мен ақша қаражаттары қандай мақсаттарға пайдаланылған;

      берілген баланс баптары осы бухгалтерлік есепке сәйкес келе ме;

      Жарғы қорындағы үлесі қандай (мемлекеттің, акционердің, құрылтайшының);

      белгілі күннің жағдайы бойынша кредиторлық (дебиторлық) берешек сомасы қандай.

25-параграф. Сот - сараптамалық бухгалтерлік зерттеу (9.2)

      215. Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:

      материалдық құндылықтар мен қызмет көрсету үшін есеп айырысу операцияларының есепке алуда көрсетілгенін анықтау;

      ақша қаражатын кіріске алынуын, есептелуін, төленуін және есептен шығарылуын анықтау;

      бухгалтерлік есепті жүргізудің бухгалтерлік заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау;

      кассадағы және банк есепшоттарындағы ақша қаражаттарымен жасалған операцияларды зерттеу;

      материалдық құңдылықтармен жасалған операцияларды зерттеу;

      іс үшін маңызы бар өзге де бухгалтерлік операцияларды зерттеу.

      216. Осы сараптаманың шеңберінде келесі сұрақтар шешіледі:

      тауар-материалдық құндылықтар (бұдан былай-ТМҚ) мен ақша қаражаттарын кіріске алу мен есептен шығару бухгалтерлік есеп құжаттарымен негізделген бе;

      зерттеу кезеңіндегі ТМҚ-ның (ақша қаражатының) кем болу (артық болу) сомасы қанша;

      зерттелетін кезеңдегі ақша қаражаттары берешегінің мөлшері қанша;

      зерттелетін кезеңдегі төлемдер бойынша (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы) берешектердің мөлшері қанша:

      іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де сұрақтар.

26-параграф. Сот - сараптамалық қаржы - несиелік зерттеу (9.3)

      217. Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:

      берілген заемның негізгі қарызы бойынша берешекті анықтау;

      берілген заемның сыйлық ақысы бойынша берешекті анықтау;

      іс үшін маңызы бар өзге де қаржы-кредиттік операцияларды зерттеу.

      218. Осы сараптаманың шеңберінде мынадай сұрақтар шешіледі:

      алынған заем бойынша, соның ішінде негізгі қарыз бен сыйақы бойынша белгілі бір күнге берешек мөлшерін анықтау;

      заемның шарты бойынша заңды тұлғаға (адамға) белгілі бір кезең үшін есептелген сыйақының сомасы қандай;

      заемның шарты бойынша заңды тұлғаның (адамның) белгілі бір кезең үшін негізгі қарызды, сыйақыны өтеу сомасы қандай.;

      іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де сұрақтар.

27-параграф. Сот - сараптамалық қаржы - бюджеттік зерттеу (9.4)

      219. Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу шеңберіңде мынадай міндеттер шешіледі:

      Салықтық және өзге де міндеттемелер шеңберіндегі бюджет алдындағы қарыздардың барын немесе жоғын анықтау;

      бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылғанын анықтау;

      іс үшін маңызы бар өзге де қаржы-бюджеттік операцияларды зерттеу.

      220. Осы сараптаманың шеңберінде мынадай сұрақтар шешіледі:

      бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің (салық пен міндетті төлемнің түрін, зерттеу кезеңін көрсете отырып) мөлшері қаңдай;

      бюджетке төленген/төленбеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің (салық пен міндетті төлемнің түрін, зерттеу кезеңін көрсете отырып) мөлшері қандай;

      бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге (салық пен міндетті төлемнің түрін, зерттеу кезеңін көрсете отырып) қоса есептелуге жататын сомасы қандай;

      бөлінген бюджеттік қаражаттардың нысаналық мақсатын анықтау;

      іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де сұрақтар.

28-параграф. Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі (10.1)

      221. Сараптаманың мәні – азық-түлік емес тауарлардың тұтынушылық және өзге де құнына әсер ететін олардың негіз болатын сипаттамалары мен осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторлар туралы нақты деректер болып табылады.

      222. Сараптаманың объектілері:

      өнеркәсіп тауарлары;

      орамалар;

      таңбалар;

      салыстырмалы үлгілер;

      активтердің сипаттамалары мен осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторлар туралы ақпараттар бар құжат;

      іс үшін маңызы бар өзге де құжаттар мен материалдар.

      223. Осы сараптама шеңберінде келесі тауарлар зерттеледі:

      киім, аяқкиім тауарлары мен тоқыма материалдары: киімге арналған материалдар мен жекелеген тоқыма бұйымдары, киімдер, бас киімдер, аяқ киім, галантереялық тауарлар;

      гигиеналық тауарлар: парфюмериялық, косметикалық тауарлар, санитария және жеке гигиенаға арналған аспаптар мен керек-жарақтар;

      әшекейлік тауарлары: зергерлік тауарлары, көркемөнер-сәндік тауарлары;

      мәдени-тұрмыстық тауарлар: электрондық тауарлар (аудио-бейнетехникалар, кеңсе техникасы және дербес компьютерлер, байланыс құрылғылары, фото-және бейнетүсірілімге арналған техника), белсенді демалыс және спортқа арналған тауарлар, ой өнері мен зияткерлік дамытуға арналған тауарлар;

      жеке пайдалануға арналған көлік құралдары: велокөлік пен оған қосалқы бөлшектер;

      мұнай өнімдері мен жағармай материалдары,

      шаруашылық тауарлары: жиһаз бен интерьерді безендіру бұйымдары, ыдыстар мен ас үй керек-жарақтары, тұрмыстық техника (микроклиматты ұстап тұруға, тамақ дайындауға және сақтауға, үй ішін жинауға, кірді жууға арналған), тұрмыстық химия тауарлары, шаруашылық аспаптары мен саймандары, ауылшаруашылық тауарлары);

      биотауарлар;

      медициналық тауарлар (дәрі-дәрмектерден және тағамдық қоспалардан бөлек);

      сумен жабдықтау және кәріздендіру жүйесінің бөлігі болып табылмайтын, сондай-ақ теміржол және автомобиль көліктерінің жылжымалы құрамының бөлігі болып табылмайтын ыдыстар;

      сусымалы, жекелеген және жәшіктік-жекелеген материалдарға арналған құрылғылар мен ыдыстар (ғимараттар мен имараттардың бөлігі болып табылмайтын тарату жүйесімен байланысты емес жекеше дербес құрылғылар);

      ғимараттар мен имараттардың құрылысына қатысы жоқ, ғимараттар мен имараттардың бөлігі болып табылмайтын, сондай-ақ автомобиль, су және теміржол көліктерінің бөлігі болып табылмайтын өзге де тауарлар болып табылады.

      224. Сараптаманы жүргізу кезінде шешілетін міндеттерге:

      зерттеуге ұсынылған тауарларды диагностикалау: техникалық параметрлерін, ақаулардың бар-жоғын, тозудың деңгейін анықтау;

      зерттеуге ұсынылған тауарларды жіктеу: белгілі және жалпы қабылданған жіктемелер бойынша сыныпқа, топқа және түрге жатқызу;

      зерттеуге ұсынылған тауарларды сәйкестендестіру: үлгіге сәйкес келу тұрғысынан салыстырмалық зерттеу, тауартану шеңберіндегі бөлшектердің тұтасқа тиесілігі тұрғысынан салыстырмалық зерттеу, тауардың сипаттамаларының тиісті стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігін анықтау;

      тауардық құндық сипатын анықтау кезіндегі шығындық, салыстырмалық және табыстық ыңғайларды пайдалану арқылы ахуалдық талдауды жүргізу жатады.

      225. Сараптама шеңберінде мынадай сұрақтар шешіледі:

      тауардың атауы қандай;

      тауардың техникалық сипаттамалары стандарттың талаптарына (стандарттың деректемелерін көрсету керек) сәйкес пе;

      тауардың техникалық сипаттамалары техникалық шарттарға (стандарттың деректемелерін көрсету керек) сәйкес пе;

      тауардың атауы мен сипаттамасы затбелгіде көрсетілген таңбалық белгілерге, таңбаларға сәйкес келе ме;

      тауар қандай тәсілмен (қолдан жасалған немесе зауыт-фабрикада) жасалған;

      осы бұйымдар отандық немесе шетелдік өндіріс тауарлары болып табыла ма;

      тауардың орташа нарықтық құны қандай;

      тозығын есепке алғандағы тауардың орташа нарықтық құны қандай;

      тозығын есепке алмағандағы тауардың орташа нарықтық құны қандай;

      бұйымның ақаулары бар ма;

      ақаулардың сипаты қандай (өндірістік, пайдалушылық);

      ұсынылған тауар өнімінің үлгілері көрсетілген кәсіпорында дайындалған ба;

      ұсынылған бұйымдар бір өндірістік топқа енген бе;

      бұйым ұсынылған үлгіге сәйкес келе ме;

      іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де сұрақтар.

29-параграф. Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі (10.2)

      226. Сараптаманың мәні – азық-түлік тауарларының тұтынушылық және өзге де құнына әсер ететін олардың негіз болатын сипаттамалары мен осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторлар туралы нақты деректер болып табылады.

      227. Сараптаманың объектілері:

      азық-түлік тауарлары;

      орамалар;

      таңбалар;

      салыстырмалы үлгілер;

      активтердің сипаттамалары мен осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторлар туралы ақпараттар бар құжат;

      іс үшін маңызы бар өзге де құжаттар мен материалдар.

      228. Аталған сараптама шеңберінде келесі тауарлар зерттеледі:

      қосалқы тауарлар: тағамдық қоспалар, дәмдеуіштер, дәмқосарлар, қоюлықты табиғи жақсартушылар;

      өсімдік тектес тауарлар: дәнді-ұн (дән, ұн, жарма, ұннан пісірілген және макарон бұйымдары), жеміс-көкөніс (жаңа піскен жемістер, көкөністер, саңырауқұлақтар және олардың қайта өңделген өнімдері), дәмдік (алкогольды, әлсіз алкогольды және алкогольсыз сусындар, шәй, кофе, темекі және темекі бұйымдары), қант және оны алмастырушылар, крахмал және крахмал өнімдері, кондитерлік тауарлар (өсімдік майлары және маргариндік өнімдер;

      жануарлардан алынатын тауарлар: жануарлардан алынатын тағамдық майлар, сүтті (ашытылған сүт өнімдері – сүт, кілегей, сүзбе, қаймақ, май, ірімшік, сыр), ет (әртүрлі жануарлар мен құстардың еттері және олардың қайта өңделген өнімдері (шұжық өнімдері, ысталған еттер, ет консервілері, жартылай фабрикаттар және аспаздық өнімдер), балық (жаңа ұсталған, тұздалған, қақталған, ысталған, кептірілген балық, консервілер, балық уылдырығы), балық емес су шмкізаттары (шаяндар, теңізшаяны, моллюскілер, балдырлар және тағы басқа), жұмыртқалар мен жұмыртқа өнімдері (құстардың жұмыртқасы және олардың қайта өңделген өнімдері (меланж, жұмыртқа ұнтағы);

      құрама тауарлар: балалар тағамдары өнімдері, тағамдық концентраттар;

      дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді қоспалар.

      229. Сараптаманы жүргізу кезінде шешілетін міндеттер:

      тауартану шеңберіндегі зерттелетін объектілерді диагностикалау (ақаулардың бары/жоғы, объектініің күйі, жарамдылық мерзімі, ұсынылған құжаттарға сәйкес сапаға қойылатын талаптар (физикалық-химиялық көрсеткіштері), өлшемдері, массасы, саны, мөлшерлемесі);

      зерттеу объектілерінің жіктемесі (белгілі және жалпы қабылдаған жіктеуіштерге сәйкес сыныпқа, топқа, түрге жатқызу);

      тауартану шеңберіндегі зерттелетін объектілерді сәйкестендестіру (үлгі мен зерттеу объектісінің сәйкестігіне салыстырмалы зерттеу, тауартану щеңберіндегі бөліктердің объектіге тиістілігіне салыстырмалы зерттеу, объектінің сипаттамаларының (құнынан бөлек) тиісті стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігін анықтау).

      Осы сараптама міндетінің шеңберінен: объектінің сипаттамаларының тиісті санитарлық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін, дайындау технологиясын, тауардың функционалдық қасиеттерінің бұзылу себептері туралы зерттеулер, тауар құнының келісім-шарт пен жобалау сметалық құжаттаманың шарттарына сәйкестігін зерттеу;

      тауардың құндық сипаттамаларын анықтау кезінде шығындық, салыстырмалы және табыстық ыңғайларды пайдалану арқылы ахуалдық талдауды жүргізу алынып тасталады.

      230. Сараптама шеңберінде келесі сұрақтар шешіледі:

      тауардың атауы қандай;

      тауар шикізаттың қандай түрінен дайындалған;

      тауардың сапасы МемСТ-ға, техникалық немесе келісім шарттың шарттарына жауап бере ме;

      тауардың атауы мен сипаттамасы затбелгіде көрсетілген таңбалау белгілеріне, таңбаларға сәйкес келе ме;

      тауар қандай тәсілмен (қолдан жасалған немесе фабрика-зауыттық) дайындалған;

      тауар отандық немесе шетелдік өнім болып табыла ма;

      тауарларды сақтау мен тасымалдау шарттары стандарттар талабына сәйкес пе (стандартты көрсету керек);

      тауардың бүлінуінің нәтижесіндегі құнын жоғалтуы қанщалықты;

      тауарды сақтау кезіндегі ысыраптың нормасы қандай;

      тауардың орташа нарықтық құны қандай;

      тауар қасиеттерінің (ысырап болуы, орамасының бүлінуі) өзгеруін есепке алғандағы оның орташа нарықтық құны қандай;

      тауардың ақаулары бар ма;

      белгілі бір жағдайлардағы тауардың табиғи кемуі қандай;

      ұсынылған тауар, өнімінің үлгілері көрсетілген кәсіпорында дайындалған ба;

      ұсынылған тауар бір өндірістік топқа енген бе;

      іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де сұрақтар.

30-параграф. Сот – сараптамалық автотауартану зерттеуі (10.3)

      231. Сот – сараптамалық автотауартану зерттеуінің мәні – автомотокөлік құралдарының (бұдан әрі – АМКҚ) техникалық күйі, АМКҚ шығарылған күні, оның белгілі бір маркіге және модельге жататындығы, техникалық зақымдануларының бар/жоғы және сипаттамасы, АМКҚ мен оның жекелеген элементтерінің құны, қайта қалпына келтіріп жөндеу құны, ЖКО байланысты немесе өзге зақымдаулар мен оқиғалардың нәтижесіндегі КҚ тауарлық құнын жоғалтуы туралы нақты мәліметтерді анықтау болып табылады.

      232. Зерттеудің бұл түрінің объектілері: жалпы күрделі бұйым ретіндегі АМКҚ, оның бөлшектері, тораптары, агрегаттары, сараптама немесе зерттеу жүргізу үшін ұсынылған құжаттар мен материалдар(АМКҚ техникалық құжаттамасы, АМКҚ жүрген жолын есепке алудың мәліметтері, басқа да АМКҚ жататын құжаттар), автоөндірушілердің, автоқызмет көрсету кәсіпорындарының, сауда және тағы басқа өкілдіктерінің ақпараттары, БАҚ, Интернет желісінің мәліметтері, фотоматериалдар, АМКҚ сәйкестендіру және жөндеу құнын анықтау жөніндегі бағдарлық қамтылым, ақпараттық анықтамалықтар және сараптама мәніне жататын басқа да мамандандырылған ақпарат көздері болып табылады.

      233. Шешуі сот-сараптамалық автотауартану зерттеуінің мазмұнын айқындайтын міндеттерге:

      сараптама объектісін сәйкестендіру (жалпы алғанда АМКҚ, оның бөлшектері, тораптары, агрегаттары), егер бұл үшін сараптаманың басқа тегін немесе түрін жүргізуді талап етпесе;

      АМКҚ зақымдануларының сипатын және дәрежесін, ақауларын, жарамсыздықтарын анықтау, егер бұл үшін сараптаманың басқа тегін немесе түрін жүргізуді талап етпесе;

      ЖКО байланысты немесе өзге зақымдаулардың нәтижесіндегі АМКҚ қайта қалпына келтіріп жөндеу технологиясы мен құнын анықтау;

      АМКҚ мен оның бөліктерінің тозуын анықтау;

      АМКҚ жарамды қалдық құнын анықтау;

      АМКҚ тауарлық құнын жоғалту өлшемін анықтау;

      АМКҚ мен оның бөліктерінің құнын анықтау кіреді.

      Зерттеудің осы түрі бойынша сот сараптамасының шешуіне келесі типтік сұрақтар қойылады:

      ұсынылған АМКҚ физикалық тозу өлшемі қандай;

      АМКҚ нарықтық құны қандай;

      АМКҚ физикалық тозуын есепке алғандағы қайта қалпына келтіріп жөндеу құны қандай;

      АМКҚ физикалық тозуын есепке алмағандағы қайта қалпына келтіріп жөндеу құны қандай;

      АМКҚ қайта қалпына келтіріп жөндеу экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай ма;

      АМКҚ тауарлық құнын жоғалту өлшемі қандай;

      ұсынылған АМКҚ сипаттамасын анықтау (моделін, маркасын, шығарған жылын, жинақтамасын және тағы басқа).

      234. Сараптама жүргізу үшін ұсынылатын объектілер мен материалдар:

      сараптаманы тағайындау және жүргізу үшін негіз болатын қаулы немесе ұйғарым;

      зерттеуге жататын АМКҚ (не тораптары мен агрегаттары) таза күйінде (сараптаманы тағайындаған кезде АМКҚ ұсынбаған жағдайда сарапшы оны қарап шығуды ұйымдастыру туралы өтінішхат мәлімдейді;

      қылмыстық не азаматтық істің материалдары, онда міндетті түрде АМКҚ тіркеу құжаттары (АМТС тіркеу туралы куәлік, анықтама-шот, сатып алу-сату шарты немесе жеткізіп беру контрактісі, түпнұсқада, не болмаса сараптама тағайындайтын адам куәландырған көшірмесі) және зерттеу жүргізу үшін қажетті өзге де құжаттар (мысалы: ағымдағы жөндеуді жүргузу туралы тапсырыс-наряды, АМКҚ жол жүру қағазы және тағы басқа). Бұдан бөлек, ЖКО туралы әкімшілік материалы, қарап шығу және АМКҚ техникалық күйін тексерудің хаттамасымен (тікелей оқиғадан кейін жүргізілген), зерттеуге жататын КҚ фотосуреттері, тағайындалатын сараптамаға дейін жүргізілген бағалау актілері немесе мамандардың қорытындылары;

      АМКҚ қосалқы бөлшектерінің бағалары туралы ақпараттар (қажеттілігіне қарай).

31-параграф. Сот - сараптамалық құрылыс - тауартану зерттеуі (10.4)

      235. Зерттеудің бұл түрінің объектілері келесі объектілер болып табылады:

      Жылжымайтын мүлік объектілері:

      жақсартуға тартылған жер учаскелері немесе ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қосқандағы бос жер учаскелері;

      ішкі инженерлік желілер мен жүйелерді қоса алғандағы ғимараттар мен имараттар, сондай-ақ ғимараттар мен имараттардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жабдықтар;

      құрылысы аяқталмаған объектілер - құрылысы аяқталмаған күйде тұрғандықтан мүлдем пайданылмайтын құрылымдар, құрылыстар немесе тарату құрылғылары;

      тарату құрылғылары – шығу тегі және түрі әркелкі энергияны, затты, дабылды, ақпаратты және тағы басқа әр түрлі қашықтықтарға жеткізу жөніндегі арнайы функцияларды (электр жеткізу желілері, құбырлар, су құбырлары, жылу және газ желілері, байланыс тораптары және тағы басқа) орындау үшін жасалған жақсартылған жерлер;

      236. Құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдар.

      Зерттеу үшін сараптама тағайындаған орган ұсынған құжаттар:

      қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары;

      құқық белгілейтін құжаттар;

      түгендеу істері, техникалық паспорттар, паспорттар, жер учаскелеріне меншік құқығына актілер (уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы);

      құрылыс объектілеріне жобалау-сметалық құжаттама;

      зерттеу күніне зерттелетін объектіге ұқсас объектілерді сату туралы мәліметтер;

      зерттеу күніне зерттелетін объектінің техникалық күйі туралы мәліметтер;

      зерттеу жүргізу үшін қажетті ақпаратты қамтитын өзге де құжаттар.

      237. Сараптаманың аталған түрі аясында шешілетін міндеттер – диагностикалық (соның ішінде жіктеушілік) және ахуалдық сипаттағы міндеттерге жатады.

      Сараптаманың аталған түрінің шешуіне көбінесе жылжымайтын объектінің нарықтық құнын анықтау жөніндегі сұрақтар қойылады.

      Нарықтық құн - мәміле жасасушы тараптар бағалау объектісі туралы қолжетімді барлық ақпаратты иелене отырып әрекет ететін, бәсекелестік жағдайындағы мәміленің негізінде сол объектіні иеліктен шығаруға болатын ақшалай есеп айырысу сомасы, ал мәміленің бағасына:

      мәміле жасасушы тараптардың бірі бағалау объектісін иеліктен шығаруға, ал екінші тарап сатып алуға міндетті болмағанда;

      мәміле жасасушы тараптар мәміленің мәні туралы жақсы хабардар болып, өз мүдделеріне әрекет еткенде;

      мәміленің бағасы бағалау объектісі үшін ақшалай сыйақының баламасы болып табылса және мәміле жасасушы тараптарға қатысты қандай да бір тараптан мәміле жасауға мәжбүрлеу болмағанда, қандай да бір төтенше жағдайлар әсер етпейді.

      238. Өзге құн –түрлері бағалау стандарттарымен айқындалатын, бағалау объектісінің нарықтық құнынан басқа өзге құн, соның ішінде:

      Өндіру құны (қалпына келтіру құны) – қазіргі жағдайларда бағалау объектіне ұқсас болып табылатын жаңа объектіні құруға кететін шығыстардың бағалау күніне белгіленген ағымдағы құны.

      Алмастыру құны (алмастыратын құн) – оған тең ауыстырым болуы мүмкін бағалау объектісі тәрізді жаңа объектіні құруға кететін шығындардың бағалау күніне белгіленген ағымдағы құны.

      Қолданыстағы пайдалану кезіндегі құн – жылжымайтын мүлік объектісінің оны пайдаланудың қолданыстағы жағдайлары мен мақсатынан шыға отырып айқындалатын құны.

      Жою құны – егер жылжымайтын мүлік объектісі оған ұқсас объектілер экспозициясының кәдімгі мерзімінен аз мерзімде иеліктен шығарылуға тиіс болған жағдайдағы жылжымайтын мүлік объектісінің құны.

      Кәдеге жарату құны – жылжымайтын мүлік объектісінің оны бөлшектегеннен кейін қайта пайдалану үшін жарамды болып қалуы мүмкін, объектіні кәдеге жаратуға кететін шығындарын ескере отырып, оның өзінде қамтылған материалдардың нарықтық құнына тең құны.

      Есептік (баланстық) құн – жылжымайтын мүлік объектілерінің олар бухгалтерлік баланста (есепте) есептік күнге көрсетілген (жинақталған өтемпұл сомасын шегеруден кейінгі) бастапқы немесе ағымдағы құны.

      239. Сот құрылыс-тауартану сараптамасының шешуіне жиі қойылатын сұрақтар:

      белгілі бір күнге (егер күні сараптама жүргізу күнінің алдындағы кезең болса, күнін көрсетіп) жылжымайтын объектінің (жылжымайтын объектінің атауын, жылжымайтын объектінің орналасқан мекенжайын көрсетіп) нарықтық құны қандай;

      құрылыс материалдарының, бұйымдардың, құрылымдардың (объектілердің атауы мен орналасқан орнын көрсетіп) нарықтық құны қандай;

      ғимараттар мен имараттардың салынып бітпеген құрылысының құны қандай;

      олардың тозуын (немесе нақты жағдайын) есептегендегі құрылыс материалдарының, бұйымдардың, құрылымдардың құны қандай;

      құрылыс материалдарын, бұйымдарын, құрылымдарын сақтау мен тасымалдаудың жағдайлары стандарттар талаптарына, техниалық шарттарға сәйкес келе ме;

      өрттің нәтижесінде зақымданған объектінің (объектінің атауы мен орналасқан орны) құрылымдық элементтерінің қайта қалпына келтіру құны қандай.

32-параграф. Дыбыстау-бейнелеу және бағдарламалық өнімдерін сот-сараптамалық тауартану зерттеуі (10.5)

      240. Дыбыстау-бейнелеу және бағдарламалық өнімдерін зерттеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

      дыбыстау-бейнелеу шығармасы мен бағдарламалық өнім жазбасын тасымалдағыштың дизайнын (қаптаманың, жапсырманың, жапсырмалардың, тауар таңбаларының футляры) рәсімдеуді зерттеу;

      дыбыстау-бейнелеу шығармасы мен бағдарламалық өнім жазбасын тасымалдағышын (видео- аудиокассеталар, компакт-дискілер) зерттеу;

      тасымалдауыштағы аудиовизуальдық шығарма және бағдарламалық өнім жазбасын зерттеу;

      аралық жазу аппаратуралары мен дискілері алмалы-салмалы құрылғыларды зерттеу.

      241. Осы сарапшылық зерттеудің объектілері:

      ақпарат тасымалдағыштар (аудиокассеталар, видеокассеталар, компакт-дискілер, компьютерлік дискеттер, бағдарламалық өнімдер) және оларды құраушылар: корпус және аудио-, бейнекассеталардың магниттік таспалары, компакт-диск пен дискет беті (мөлшері, беттернің профильдері);

      тасымалдағыштардағы туындылардың жазбалары: негізгі параметрлері (формат, түрлі түсті теледидар жүйесі, жазба режимі);

      жазба жағдайлары (жазба түрі: аналогты, сандық);

      түпнұсқа немесе көшірме: көшірме "нөмірі", қайта жазу "нөмірі"; бейнедабылдардың толық параметрлері (стандартты көрсеткіштерге сәйкестік немесе айырмашылық);

      жұмыс параметрлері (бүкіл жазба туындылар мен оның жекелеген бөліктерінің жалпы ұзақтығы; жарнамалық роликтің болуы және оның жазу ұзақтығы жарнамалық роликтердің жарнамалық блокта жазу жүйелілігі, шығармалар мен жарнамалық роликті жазу реттілігі, тайм-кодты жазу (болуы немесе болмауы, оның түрі, көрсеткіштері және орналасқан жері);

      сипаттамаларды шағарудың ортақ құраушылары (титрлар, шығарманың атауы, актерлер мен жасаушылар немесе орындаушылар құрамы);

      туындының құрамы (сериясы, бөлігі) және мазмұны;

      бейнені (түс беру, бейнелердегі шулардың, кедергілер мен олқылықтардың болуы) және дыбысты (ойнату кезінде шулардың, кедергілер мен олқылықтардың болуы, бір уақытта ойнатылмауы, дыбыстау түрі) жазудың сапа стандарттары;

      орама және тауар туралы ақпарат тасымалдағыштар: туынды жазбасын тасымалдағышты немесе бағдарламалық өнімді ресімдеу құралы ретіндегі орама қорабы мен жапсырма: дизайн бейнесі;

      құқық иеленушінің құқықтарын қорғау элементтері (авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар белгілері, фирма логотипі бар голографикалық жапсырмалар, тауар белгісі, жеке штрих-код, шығармалар авторлары туралы мәліметтер және олардың құқықтарының қорғалуы);

      материалдар, қораптар орау және жапсырма құралы оларда суреттерді дайындау және ойнату құралы ретінде (қағаз, картон, желім; голографикалық жапсырмалардың бояғыш және өзге де материалдары, суреттер дизайны және баспа мәтіндеріне жағуға арналған бояу (бояғыштар);

      сараптамалық зерттеу үшін үлгілер – лицензиялық тасушылар виртуалды ақпарат (аудиокассеты, бейнекассеталар, компакт-дискілер, компьютерлік дискеттер, бағдарламалық өнімдер) және олардың құрамдас бөліктері: корпус және магниттік таспа, аудио-, бейнетаспаларды;

      көтерме дистрибьюторлар мен ресми дилерлерден ұсынылған өнімдерге ұқсас компакт-диск пен дискет беттері (өлшемі, бет профильдері);

      анықтамалық ақпарат (өндірілетін аудио-, бейнежазбалардың мақсаты; тираждау үшін пайдаланылған аппаратура тасығыштары (аудио-, бейне аппаратуралар түрі, моделі, олардың техникалық сипаттамалары, жедел ойнату мүмкіндігі); тіркеу үшін пайдаланылатын материалдар туралы (аудио-, бейнекассеталар, компакт-диск, компьютерлік дискеттер және бағдарламалық өнімдердің түрі, жіктемесі, маркасы, моделі, техникалық сипаттамасы,); өндірушілер, оның өнімдерін қорғау құралдарымен ресімдеу стандарттары туралы, оның қызметін Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялау туралы;

      құрамында сараптамалық зерттеуді өндіру үшін қажетті ақпарат бар іс материалдары (жүргізілген жазба шарттары туралы (уақыты, орны, тәсілі), дыбыс-бейнежазу туындысын және бағдарламалық өнім тасымалдағышын алу көзі, лицензиялық тираждалған көшірмелерінің, олардың заңсыз дайындалған көшірмелеренің саны туралы) болып табылады.

      242. Аудиовизуальдық және бағдарламалық өнімді сот – сараптамалық тауартану зерттеуі шеңберінде келесі міндеттер шешіледі:

      тауар үлгісінің қаптамасындағы үлгінің ұсынылған түпнұсқадағы ақпаратқа ұқсастық немесе айырмашылық белгілерін айырғысыз дәрежеге дейін анықтау, оларды сандық және сапалық бағалау;

      белгілерін анықтау айырманы немесе ұқсастық айырғысыз дәрежеге дейін тауардың үлгісін қаптамада ақпарат ұсынылған түпнұсқаға, олардың сандық және сапалық бағалау;

      жазба тасымалдағышты безендіретін бұйымды дайындау жағдайларын (пайдаланылған материалдардың құрылымдық ерекшеліктері мен түрлік қатыстылығын, деректемелерінің мазмұнын, құқық иеленушінің құқығын қорғау белгілері мен қорғаныс құралдарын бөліп шығару), оған дизайнның бейнесін және қорғаныс құралдарын салу тәсілдерін анықтау;

      жазба тасымалдағышты безендіретін бұйымды (құрылымдар мен материалдардың, безендіру дизайны бейнесінің, құқық иеленушінің қорғаныс құралдарының ерекшеліктерін) лицензиялық өнімнің аналог-үлгісі бойынша сәйкестендіру;

      туынды жазбасын тасымалдағыштағы таңбалау белгілерінің барын/жоғын, оны салудың және жоюдың тәсілдерін анықтау;

      туынды жазбасын тасымалдағышты лицензиялық өнімнің аналог-үлгісі бойынша сәйкестендіру;

      туынды жазбасын тасымалдағышты таңбалау немесе ондағы таңбалау белгілерін жою үшін қолданылған техникалық құралдар мен керек-жарақтарды сәйкестендіру;

      тасымалдағыштағы туынды жазбасын дайындау жағдайлары мен оның қасиеттерін (жазу түрін – аналогтық немесе цифрлық; түпнұсқа немесе көшірме; жазу сапасын; компиляциясын – әртүрлі жинақтардағы туындылардан монтаждау; көшірмелерден қайталау; атауын, мазмұнын, форматын, жазу режимін, барлық жазу мен оның бөліктерінің жалпы ұзақтығын, негізгі жазу мен оған қосымша енгізілгендердің орналасу реттілігін) анықтау;

      тасымалдағыштағы туындыны жазуды (техникалық, сапалық және мөлшерлік көрсеткіштерін) лицензиялық өнімнің аналог-үлгісі бойынша сәйкестендіру;

      жазбаның лицензиялық данасын тасымалдағыштан телнұсқаларды тираждау үшін пайдаланылған аралық жазу аппаратураларын сәйкестендіру.

      243. Осы сараптаманың шеңберінде келесі сұрақтар шешіледі:

      атауы (атауы көрсетіледі) аудиовизуальдық туынды жазбасын тасымалдағышты безендіру өнімі дайындалу тәсілі бойынша салыстыру үшін ұсынылған лицензиялық өнімнің аналог-үлгісіне сәйкес келе ме;

      тасымалдағыштағы туындының зерттеліп отырған жазбасының техникалық және сапалық параметрлері (бейнесі, дыбыстық сүйемелдеуі, бейнесигналдары) салыстыру үшін ұсынылған аналог-үлгінің ұқсас параметрлеріне сәйкес келе ме;

      атауы (атауы көрсетіледі) зерттеуге ұсынылған аудиовизуальдық туынды жазбасының көшірмесі, шығуы лицензияланбаған туындының "экрандық, демонстрациялық, жұмыс" көшірмелерінен алынған телнұсқаға сәйкес келе ме;

      атауы (атауы көрсетіледі) аудиовизуальдық туынды жазбасының көшірмесі шығуы лицензияланған туындының осы стандартты бірлігінің көшірмесінен дайындалған ба;

      тасымалдағыштағы фонограмманың жазбасы аралық аппаратураны қолдану арқылы оны әртүрлі жазба тасымалдағыштарынан бір жинаққа монтаждау (компиляция) арқылы жасалған ба;

      тасымалдағыштағы туындының жазбасы түпнұсқа немесе көшірме болып табыла ма, көшірме болса "көшірменің" - "қайта жазудың" қаншасыншы "нөмірі";

      зерттелетін тасымалдағышқа жазылған фонограмманы орындаудың сипаттамалары мен нұсқалары тасымалдағыш-үлгіге жазылған фонограмманы орындаудың сипаттамалары мен нұсқаларына сәйкес келе ме;

      зерттелетін фонограммалардың жазбалары тап сол бір аппараттық кешенде дайындалған ба (яғни, салыстырылатын объектілер тап сол бір өнім болып табылады ма);

      зерттелетін жазба тасымалдағышында (компакт-дискіде) таңбалағыш белгілер бар ма, егер жоқ болса механикалық әсер ету (кесіп алу) жолымен жойылған ба;

      зерттелетін тасымалдағыштар (компакт-дискілер) нақты технологиялық жабдықты пайдалану арқылы дайындалған ба;

      зерттелетін тасымалдағыштағы жазбаның телнұсқалары нақты аралық жазу аппаратурасын пайдалану арқылы тираждалған ба.

33-параграф. Сот құрылыс сараптамасы (11)

      244. Сот құрылыс сараптамасының мәні ғимараттар мен имараттарды жобалау, салу, пайдалану және жөндеу процестерін сипаттайтын деректерді анықтаумен байланысты істің мән-жайы болып табылады.

      1 ескертпе. бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларға сараптама жүргізу, тек қана жобалардың мемлекеттік сараптама органдары сарапшыларының құзырына тиесілі. "Құрылыс жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы" ҚР ҚН 1.02-03-2011 (А қосымшасын қараңыз (міндетті) және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңының 64-4 бабын қараңыз).

      2 ескертпе. залалдың пайда болу мерзімі немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзімі туралы сұрақтар шешілмейді, себебі қолда бар әдістемелер арқылы ғылымның, техниканың және сараптамалық тәжірибенің қазіргі денгейі аталған сұрақтарды шешу үшін зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермейді.

      3 ескертпе. нақты деректер мен мән-жайларды құқықтық бағалауды қажет ететін залалды анықтау бойынша сұрақтар сот сараптамасының құзырына кірмейді.

      245. Сот құрылыс сараптамасын жүргізу кезіндегі зерттеу объектілері:

      өнеркәсіптік, азаматтық және әкімшілік мақсаттағы ғимараттар мен имараттар немесе олардың жеке құрылымдық элементтері;

      жақсартумен айланысып жатқан жер телімдері;

      қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдары;

      техникалық құжаттама: инвентаризациялық істер, техникалық паспорттар, паспорттар; құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамалары, шарттық құжаттамалар; орындаушылық құжаттамалар;

      қабылдау актілері (2в-нысан) және орындалған (3-нысан) құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны туралы анықтамалар;

      зерттеу тақырыбына байланысты өзге де құжаттар болып табылады.

34-параграф. Ғимараттар мен имараттарды сот - сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу (11.1)

      246. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеудің міндеттері:

      нақты орындалған құрылыс-монтаждау немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының және жұмсалған материалдардың құнын анықтау;

      нақты орындалған құрылыс-монтаждау немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны жұмыстарды қабылдау-тапсыру актісіне сәйкестігін анықтау;

      нақты орындалған құрылыс-монтаждау немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны сметалық құжаттарға сәйкестігін анықтау;

      пайда болған ақауларды немесе зақымдарды жою үшін қажетті жүргізілетін жөндеу-құрылыс жұмыстарының құнын анықтау болып табылады.

      247. "Ақау" мен "зақым" ұғымдарын ажырата білу қажет.

      Ақау – құрылыс нысанындағы, оны дайындау, тасымалдау, монтаждау сатысында туындайтын жарамсыздық.

      Зақым – пайдалану процесінде туындайтын, құрылыс нысаны мен элементтерінің нақты көлемінің, нысанының, сапасының нормативтік құжаттардың немесе жобалардың талаптарынан ауытқуы;

      248. Сот құрылыс-экономикалық зерттеу өндірісі кезіндегі зерттеу объектілері:

      ғимараттар мен имараттар;

      ғимараттар мен имараттар жеке құрылымдық элементтері;

      аяқталмаған құрылыс объектілері;

      зерттеу тақырыбына байланысты өзге де объектілер;

      қылымыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары;

      техникалық құжаттама;

      инвентаризациялық істер, техникалық паспорттар, паспорттар (объектілерді пайдалану үшін);

      түсіндірме жазбахаттан, жұмыс сызбаларынан, сметалық құжаттардан, және тағы басқа тұратын құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ). ЖСҚ белгіленген тәртіпте рәсімделген және бекітілген қағаз нұсқада ұсынылу қажет және толық көлемде. Қажетті болған жағдайда ЖСҚ қосымша нұсқасы электронды тасығышта ұсынылуы мүмкін.

      жобалау-сметалық құжаттама бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;

      жобалау-сметалық құжаттаманы өзгертуге техникалық шешім, жұмыстарды алып тастау/қосу сметалық есебінің қосымшасымен;

      келісімшарт құжаттамасы (шартқа қосымша келісіммен қоса);

      атқарушылық құжаттамасы (авторлық және техникалық қадағалау журналдары, өндіріс жұмыстарының журналы, жабық жұмыстарды куәландыру актісі, орындалған жұмыстардың атқарушылық схемалары, жауапты құрылымдарды аралық қабылдау актілері, құрылыс материалдарына, бұйымдарға және құрылымдарға сәйкестік сертификаттары, басқа да құжаттар);

      орындалған жұмыстарды қабылдау актілері (2в-нысан) және құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны туралы анықтамалар (3-нысан). Құжаттар қағаз нұсқада ұсынылу қажет. Қажет болған жағдайда, осы құжаттың қосымша нұсқасы электронды тасымалдағышта ұсынылуы мүмкін;

      нақты орындалған жұмыстар көлемін өлшеу актілері, жобалау-сметалық құжатында орындалмаған жұмыстар мен қосымша орындалған жұмыстардың көлемін көрсете отырып.

      сарапшының өтінішхаты негізінде ұсынылған маман қорытындысы;

      зерттеу тақырыбымен байланысты басқа да құжаттар болып табылады.

      249. Құрылыс-экономикалық зерттеу бойынша сот-құрылыс сараптамасының шешуіне жиі қойылатын сұрақтар:

      орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты құны және салу (жөндеу) кезінде жұмсалған материалдардың құны қанша;

      объектідегі (объекітінің атауы және орналасқан жері) құрылыс-монтаждау жұмыстарын (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын) жүргізу кезінде жұмсалған құрылыс материалдарының құны қандай;

      нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстары) құны орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне сәйкес келе ме;

      нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының) құны сметалық құжаттамаға сәйкес келеме;

      орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріне (немесе сметалық құжаттарға) қандай нақты орындалған жұмыстар және қандай сома сәйкес келмейді;

      су басудың нәтижесінде (объектінің атауы мен орналасқан жері) объектіге келтірілген залалды жою үшін қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен материалдарының құны қандай;

      өрт нәтижесінде (объектінің атауы мен орналасқан жері) объектіге келтірілген залалды жою үшін қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен материалдарының құны қандай;

      құрылыс-монтаждау жұмыстарын (жөндеу-құрылыс жұмыстарын) жүргізу кезінде жол берілген ақауларды жою үшін қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен материалдарының құны қандай;

      нақты түрдегі объектіні (объектінің атауы мен орналасқан жері) екі (үш, төрт және тағы басқа) құны бірдей тұратын (немесе өзге, үлестердің көлемін көрсету керек) бөлшектерге бөлуді жүргізу үшін қажетті құрылыс жұмыстары мен материалдарының құны қандай.

35-параграф. Ғимараттар мен имараттарды сот - сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу (11.2)

      250. Ғимараттар мен имараттарды сот - сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеудің міндеттері:

      нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының) түрлері мен көлемін анықтау;

      орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының) сапасы құрылыс нормаларына сәйкестігін анықтау;

      құрылыс материалдары сапасының МемСТ, техникалық шарттарға сәйкестігін анықтау;

      құрылыс объектісіндегі зақымның пайда болу себебін анықтау;

      иеліктегі үйдің (құрылыстың және жер телімінің) болмысын бөлудің техникалық мүмкіндігін анықтау;

      жер телімі шекарасының құқық белгілеуші құжаттарға сәйкестігін анықтау болып табылады.

      251. Сот құрылыс-техникалық зерттеуін жүргізу кезіндегі зерттеу объектілері:

      ғимараттар мен имараттар;

      ғимараттар мен имараттардың жеке құрылымдық элементтері;

      аяқталмаған құрылыс объектілері;

      жақсартумен айналысып жатқан жер телімдері;

      зерттеу мәніне байланысты өзге де объектілер;

      қылымыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары;

      техникалық құжаттамалар: инвентаризациялық істер, техникалық паспорттар, паспорттар (пайдаланудағы объектілер үшін);

      жер-кадастрлық істері,

      жер телімдеріне меншік құқығы актілері (уақытша өтеулі жерді пайдалану құқығы);

      түсіндірме жазбадан, жұмыс сызбаларынан, сметалық құжаттамалардан тұратын құрылыс объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамалары (ЖСҚ). ЖСҚ белгіленген тәртіпте рәсімделген және бекітілген қағаз нұсқада және толық көлемде ұсынылу қажет. Қажет болған жағдайда ЖСҚ қосымша нұсқасы электронды тасымалдағышта ұсынылуы мүмкін;

      жұмыстарды алып тастау/қосудың сметалық есебінің қосымшасымен бірге жобалау-сметалық құжаттамаларды өзгертуге техникалық шешім;

      келісімшарт құжаттамалары (соның ішінде келісімшартқа қосымша);

      атқарушылық құжаттамалар (авторлық және техникалық қадағалау журналдары, жұмыстарды жүргізу журналы, жасырылған жұмыстарды куәландыру актісі, орындалған жұмыстардың орындау сызбалары, жауапты құрылымдарды аралық қабылдау актілері, құрылыс материалдарына, бұйымдар мен құрылымдарға сәйкестік сертификаттары, басқа да құжаттар);

      орындалған жұмыстарды қабылдау актілері (2в-нысаны) және орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны туралы анықтамалар (3-нысан).

      жобалау-сметалық құжаттамасына байланыстыра отырып орындалмаған жұмыстар мен қосымша орындалған жұмыстардың көлемі көрсетілген нақты орындалған жұмыстар көлемін өлшеу актілері;

      автокөлік жолдарының асфальтбетон қоспасын сынау хаттамалары;

      автокөлік жолдарын жөндеуге арналған зертханалық қорытынды;

      втокөлік жолдары төсемінің жол негізінің қабаттық тығыздығын анықтау жөніндегі зертханалық қорытынды;

      жол негізін қабаттары бойынша жер қазу жұмыстарының көлемін анықтау жөніндегі маман қорытындысы;

      құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын сынау хаттамалары;

      құрылыс-монтаждау және құрылыс- жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған апаттың техникалық себептерін тексеру актісі;

      ПИК өкілдері, куәлар және басқа да адамдар құрамындағы комиссия жасаған, су басу себептері көрсетілген, су басу туралы актілер;

      өрт болған орынды қарап-шығу актісі;

      оқиға орнын қарап-шығу хаттамасы;

      сарапшының өтінішхаты негізінде ұсынылған маман қорытындысы;

      зерттеу тақырыбына байланысты басқа да құжаттар болып табылады.

      252. Құрылыс-техникалық зерттеу бойынша сот құрылыс сараптамасының шешуіне жиі қойылатын сұрақтар:

      объектіні (атауын және орналасқан жерін көрсету керек) салу (жөндеу) кезіндегі нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының) түрлері мен көлемін анықтау;

      объектіні (атауын және орналасқан жерін көрсету керек) салу (жөндеу) кезіндегі нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (немесе жөндеу-құрылыс жұмыстары) сапасы құрылыс нормаларына сәйкес келе ме;

      құрылыс материалдарының сапасы МемСТ, ТШ нормаларына сәйкес келе ме;

      объектідегі (атауын және орналасқан жерін көрсету керек) ақаулар мен зақымдардың пайда болу себебі қандай;

      объектіні (атауын және орналасқан жерін көрсету керек) су басудың себебі қандай;

      иеліктегі үйдің (құрылыстың және жер телімінің) болмысын бірдей (немесе басқа, үлестердің көлемін көрсету керек) тұратын екі (үш, төрт және тағы басқа) бөлшектерге бөлу мүмкін бе;

      кадастр №.ХХ алаңы ХХ шаршы метрді құрайтын жер телімінің шекаралары (телім орналасқан жер) мекенжайда орналасқан жер телімінің құқық белгілеуші құжаттарына (құжаттың атауын көрсету қажет) сәйкес келе ме;

      жер телімінде орналасқан құрылыс қала құрылысы, өртке қарсы және санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес келе ме.

36-параграф. Сот-сараптамалық технологиялық зерттеу (12.1)

      253. Сот технологиялық сараптамасының мәні – қандай-да бір өнімді өндіру барысын, технологиясының ерекшелігін көрсететін нақты деректерді анықтау болып табылады.

      254. Өнімді өндірудің технологиялық барысымен байланысты болатын типтік ахуалдар мыналар болып табылады:

      сапасы нашар өнімді шығару/жеткізу;

      сапасы сәйкес келмейтін өнімді шығару;

      стандартты емес, жинақталмаған өнімді шығару;

      өндірістің технологиялық барысын бұзумен байланысты болатын өнімдердің тұтынушылық қасиеттерінің өзгеруі;

      өндірістің технологиялық барысын бұзумен байланысты болатын өнімдердің функционалдық қасиеттерінің өзгеруі;

      тасымалдаудың, сақтаудың технологиялық барысын бұзумен байланысты болатын шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, өнімдердің сапасының өзгеруі;

      жөндеу, монтаждау, құрылыс жұмыстары сапасының сәйкессіздігі салдары ретіндегі өнімдердің (технологиялық желілер, имараттар, ғимараттар) функционалдық қасиеттерінің қирауы, бұзылуы;

      өндіріс субъектісінің кәсіби-техникалық қызметімен байланысты технологиялық процестерді бұзу;

      жарылыстарға, өртке, қоршаған ортаны ластауға (өнеркәсіптік қалдықтарды шығаруға, улы қалдықтарға) әкеп соқтырған өндірудің, сақтаудың (консервациялаудың), тасымалдаудың технологиялық процестерін бұзу;

      өнімді бұрмалаумен байланысты жағдаяттар;

      заңсыз кәсіпшілікпен байланысты жағдаяттар;

      255. Сот технологиялық сараптамасының объектілері:

      материалдар (шикізаттар); жартылай фабрикаттар; бұйымдар (кең қолданыстағы және өндірістік-техникалық мақсаттағы);

      өндіріс қалдықтары;

      дайын өнімнің (жартылай фабрикаттың) үлгілері;

      механизмдер мен имараттар (ғимараттар, технологиялық желілер);

      технологиялық құжаттамалар (өндірістің технологиялық сызбасы, технологиялық есептер, бағдарлық карталар, кестелер);

      дайын өнімге нормативтік құжаттамалар (мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар);

      сараптамалық зерттеу жүргізуге қажетті ақпараттарды құрайтын (ілеспе құжаттар, сертификаттар, шарттар) іс материалдары;

      256. Сот технологиялық сараптама тағайындау үшін материалдарды ұсынудың тәртібі мен көлемі, сарапшының алдына қойылатын міндеттің мазмұны мен ерекшелігіне байланысты болады.

      Қажетті бастапқы деректер:

      келесі мәліметтерді қамтитын іс материалдары: оқиға болған жерді қарап-шығу хаттамалары; заттай дәлелдемелерді қарап-шығу хаттамалары; жауап алу хаттамалары; объектілерді табу және алу немесе буып-түю ерекшеліктері туралы деректерді қамтитын құжаттар (техникалық құжаттар, тауардың құлақша қағазы, сертификаттар, сынау актілері); егер объекті қандай да бір себептер бойынша толығымен сарапшыға жолданбайтын болса, сынамаларды іріктеу тәртібі мен тәсілі туралы мәліметтер; оқиға орын алған жердегі затардың өзара әрекеттесу ерекшеліктері; қылмыс жасау кезінен бастап, тергеуші оларды алғанға дейінгі объектілерді пайдалану және сақтау);

      алынған заттай дәлелдемелер (заттар, бұйымдар, материалдар, құжаттар, жабдықтар);

      257. Осымен қатар, келесі сұрақтар шешілуі мүмкін.

      1) Шикізатқа (материалдарға), жартылай фабрикаттарға, бұйымдарға қатысты:

      объектілерді дайындау тәсілін, мақсаты мен қолдану аясын анықтау;

      объектінің шығу көзін (зауыт-өндіруші, технологиялық желі, нақты механизм);

      зерттеуге ұсынылған материалдардың (шикізаттың), бұйымдардың табиғаты қандай және олар қандай мақсатқа арналған;

      зерттеуге ұсынылған бұйымдарды өндіру тәсілі (зауыттық, қолдан жасалған);

      өнімнің (бұйымның) сапасы ілеспе құжаттардағы (сертификаттағы) талаптарға, нормативтік талаптарға немесе келісімшарт талаптарына сәйкес келе ме;

      өнім сапасыздығы, оның ақаулары сақтау мен тасымалдау талаптарын бұзу салдары болып табыла ма;

      өнімді (бұйымды) өндірудің технологиялық режимінен ауытқу болды ма, егер болса, олар жарамсыз болған өнімнің (бұйымның) ақауларымен себептік байланыста болды ма;

      2) Механизмдер мен құрылыстарға (ғимараттар, технологиялық желілер және басқаларға) қатысты келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

      объектінің технологиялық ахуалы қандай;

      нормативтік ережелерге сәйкес объекті қалай жұмыс істеуі керек (объект монтаждау және орнату талаптарына сәйкес келе ме);

      объектінің функционалдық қасиеттерінің бұзылу себебі (құрылыс, реттеу, жөндеу, монтаждау жұмыстарының сапасы) қандай.

      3) Объектінің қирауына әкеп соқтырған жағдайларды анықтау үшін, келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

      объектінің қирау себебі неде;

      объектінің тұтынушылық және функционалдық қасиеттерінің өзгеруіне немесе олардың қирауына әкеп соқтырған әрекет/әрекетсіздік пен салдардың арасындағы байланыстың себебі қандай;

      Оның шеңберінде, жүргізілген жұмыстардың мазмұны мен көлемін, технологиялық (еңбек) операцияларды жүзеге асыру мүмкіншілігін бағалау жөніндегі міндеттер шешілетін сұрақтар қойылғанған жағдайда, зерттеу жүргізу үшін мыналар ұсынылады:

      жобалау құжаттамалары: технологиялық сызбалар, есептік деректер; материалдық, энергетикалық теңгерім, жабдықтың қуаттары;

      өнімнің ілеспе құжаттарымен (жасауға (беруге) арналған келісімшарттар) бірге оларға қатысты сұрақ қойылып отырған тікелей объектілер; өнімді тапсыру-қабылдау, бұйымды сату алдындағы дайындық кезеңдері құнының калькуляциясы актілері;.

      258. Шешу үшін келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

      жеткізіп беру туралы келісімшарттардағы, тапсыру-қабылдау актілеріндегі, жеткізу жөніндегі калькуляцияда, өнімді орнату және жұмысқа дайындауда, жұмыстардың ойдан алынған атауы, немесе әр түрлі терминдерді пайдалана отырып оларды қайталау бар ма;

      нақты жағдайларда өндірістік (еңбек) операцияларын жүргізу мүмкін бе.

      259. Сараптама тағайындаудың мән-жайын көрсете отырып, қаулының (ұйғарымның) қарар бөлігінде істің негізгі фабуласының толық сипаттамасы болу қажет.

      260. Сараптаманы тағайындаған орган, қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты қамтитын осы нақты объектімен болатын барлық айла-амалдарды тоқтату үшін шаралар қабылдауы қажет.

      Қаулыда (ұйғарымда), немесе ілеспе хаттарда ақпараттарды жаңғыртудың ерекше режимдерін сақтаудың қажеттілігі мүмкін екендігі туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс (мысалы, белгілі бір типтегі ЭЕМ - құпия сөзінің барына сілтеме, заттардың улы немесе жарылғыш қасиетітеріне сілтеме).

      Объектінің бүлінуін, бұрмалауын және жойылуының алдын алатын шараларды қабылдау қажет.

      Егер объектіні сот сараптамасы органына зерттеуге ұсыну мүмкін болмаса (немесе қолайсыз болса) (физикалық күйі, улылығы, өлшемдері), онда:

      сарапшыны зерттеу орнына жеткізуді;

      зерттеу объектісіне сарапшының кедергісіз қол жеткізуін;

      зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды (мысалы, өнімнің (жартылай фабрикаттардың) үлгілерін алу);

      сарапшылық эксперимент жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

37-параграф. Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу (12.2)

      261. Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеудің мәні - азаматтық, қылмыстық істерде немесе әкімшілік құқық бүзушылық туралы істің материалдарында тіркелген ақпараттық процестерді іске асыруды қамтамасыз ететін компьютерлік құралдарды әзірлеу мен пайдаланудың заңдылығын зерттеу негізінде анықталатын фактілер мен мән-жайлар болып табылады.

      262. Сараптаманың объектілері мыналар болып табылады:

      1) Аппараттық объектілер:

      дербес компьютерлердің әр алуан түрлері (үстел үстілік, портативті, қалта және тағы басқа) негізгі блоктарымен (жүйелік блоктар, мониторлар), ішкі тораптарымен, бөлшектерімен, жиынтықтықтарымен және тағы басқа (бұдан әрі - ЭЕМ);

      әр алуан түрлі және әртүрлі мақсаттағы перифериялық құрылғылар;

      желілік аппараттық құралдар (серверлер, жұмысшы станциялары, белсенді жабдықтар, желілік кабельдер және тағы басқа);

      дискілі мәліметтер жинақтағышы (HDD қатты дискілері, HDD флоппи-дискілері, CD-ROM, CD-RW, DWD-ROM оптикалық компакт-дискілері, USB флэш-карталары).

      2) Бағдарламалық объектілер:

      жүйелік бағдарламалық қамтылым (дербес компьютерлерге және әртүрлі нұсқадағы MS-DOS, UNIX, Windows желілік тораптарға арналған әртүрлі операциялық жүйелер және тағы басқа, қосымша бағдарламалар – утилиттер, бағдарламаны жасау және реттеу құралдары, қызметтік жүйелік ақпараттар және тағы басқа);

      әртүрлі қолданбалы бағдарламалық өнімдер (жалпы мақсаттағы қосымшалар: мәтіндік және графикалық редакторлар, деректер базасын басқару жүйелері, электрондық кестелер, презентация (тұсау кесер) редакторлары; ғылымның, техниканың, экономиканың және тағы басқа белгілі бір саласындағы міндеттерді шешуге арналған арнайы мақсаттағы қосымшалар).

      3) Ақпараттық объектілер:

      жоғарыда көрсетілген және өзге бағдарламалық құраларды қолдану арқылы дайындалған файлдар (txt, .doc мәтіндік форматтардың, bmp, .jpg, .cdr графикалық форматтардың, .dbf, .mdb деректер базасы форматтарының, .xls, .cal электронды кестелердің және тағы басқа кеңейтілулерімен);

      мультимедия форматындағы мәліметтер.

      4) Сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті ақпаратты қамтитын объектілерге:

      әртүрлі құжаттар (ғылыми-техникалық өнімдерді сатып алу, жасау (беру), шарттары; ғылыми-техникалық өнімдерді тапсыру-қабылдау актілері; компьютерлік техника және перефириялық құрылғыларды сатудың алдындағы дайынду құнының калькуляциясы және тағы басқа);

      зерттеуге ұсынылатын компьютерлік, есептеуіш техникаға (перифериялық құрылғыларға, магниттік тасымалдағыштарға) ілестірме құжаттамалары, әртүрі анықтамалық мәліметтер, қолданушы нұсқаулығы, сондай-ақ іс материалдары жатады.

      263. Берілген әдістеме шеңберінде шешілетін міндеттер диагностикалық, жіктеушілік, сәйкестендірушілік және ахуалдық сипаттағы міндеттерге жатады.

      264. Аталған сараптаманы жүргізу кезінде келесі сұрақтар шешіледі:

      1) Аппараттық құралдар бойынша:

      ұсынылған компьютерлік техниканың техникалық сипаттамалары қандай;

      ұсынылған техникалық кешенді сол не өзге функционалдық міндеттерді (мысалы, Интернетке шығу, компакт-дискілерді жазу) жүзеге асыру үшін қолдану мүмкін бе;

      берілген мүмкіндіктері бар есептеу кешенін жасаудың шамамен алғандағы күні мен оның жекелеген блоктарын дайындау күні қандай;

      2) Бағдарламалық өнім бойынша:

      ұсынылған жүйелік блокта қандай операциялық жүйе орнатылған;

      ұсынылған жүйелік блокта орнатылған (атауы көрсетіледі) бағдарламалық қамтылым бар ма;

      осы бағдарламалық қамтылым жұмысқа жарамды жағдайда ма;

      бағдарламалық қамтылымды (атауы көрсетіледі) орнату күні мен уақыты қандай;

      ұсынылған жүйелік блоктарда заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіруге, қолданыстағы бағдарламаға өзгерістер енгізуге әкеп соғатын, рұқсатсыз жоюға, блокадалауға, модификациялауға немесе ақпараттарды көшіруге, ЭЕМ жұмысын бұзуға қасақана әкелетін бағдарламалар бар ма;

      ұсынылған бағдарламалық қамтылымның негізгі қызметі қандай;

      ұсынылған, ЭЕМ арналған бағдарламалардың мақсаты қандай;

      қызметтің берілген түрін ұсынылған техникалық құралдарды және онда орналастырылған ақпараттық және арнайы бағдарламалық қамтылымды (мысалы, компакт-дискілерді жазу, жалған ақша белгілерін дайындау және жасау) қолданумен жүзеге асыру мүмкін бе.

      3) Ақпараттық объектілер бойынша:

      ұсынылған магниттік дискіде немесе есептеуіш техниканың техникалық құралдардың құрамында қандай да бір нақты функционалдық міндетті шешу үшін қажетті ақпараттық қамтылым бар ма;

      ұсынылған магнитті жеткізгіште сол не өзге қызмет аясына қатысты құжаттар бар файлдар (мысалы, ақша белгілерінің бейнелері, заңды тұлғалар мен мөр бедерлерінің бланкісі бар файлдар) бар ма;

      ұсынылған магнитті тасымалдағышта бұрын жойылған (атауы көрсетіледі) файлдар бар ма;

      магнитті тасымалдағышта қандай да бір ақпарат бар ма, егер бар болса, оның ұсынудың түрі қандай;

      файлдарды (атауы көрсетіледі) құрудың күні мен уақыты қандай.

38-параграф. Өрт жағдайларын сот - сараптамалық зерттеу (13.1)

      265. Сот өрт-техникалық сараптамасының мәні - өрттің туындауының, таралуының және ауыр зардаптардың туындауының нақты деректерін, мән-жайларын анықтау болып табылады.

      266. Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеудің объектілеріне:

      өрттің болған орны;

      жоғарғы температураның әсер етуіне ұшыраған ғимараттар мен имараттардың құрылымдық элементтері мен бөліктері;

      өрт болған жерден табылған заттар, материалдар, бұйымдар, жылу жабдықтары;

      өрттің пайда болуымен себептік байланыста болуы мүмкін электр сымдары, электрқорғағыш аппаратура, электр арматурасы мен басқа да электр аспаптары;

      балқудың іздері бар электр сымдары мен кабельдердің үзінділері;

      оларға қатысты, жанудың бастамашысы болған жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтардың іздері болуы мүмкін деп жорамалданған әр түрлі тасымалдағыш-заттар;

      салыстырмалы зерттеулер мен модельдік сараптамалық эксперименттер жүргізуге арналған үлгілер;

      сараптама тақырыбыны қатысты іс материалдары жатады.

      267. Өрт-техникалық сараптаманың міндеттері:

      бастапқы жанудың пайда болған орнын анықтау (өрт ошағы, жанудың таралу бағыты, өрттің ерекшеліктері); жанудың пайда болу мен даму механизмін анықтау; өрттің пайда болуы мен дамуына себепші болған жағдаяттарды табу жатады.

      268. Өрт-техникалық сараптаманың шешуіне бірнеше топқа бөлуге болатын сұрақтарды кіргізуге болады:

      1) Өрт ошағын және оның кеңістіктегі динамикасының диагностикалау (жанудың таралу бағыттарын);

      өрт ошағы қайда орналасқан (басталған);

      жанудың таралу жолы (бағыты) қандай.

      2) Өрттің туындау механизмін диагностикалау.

      бірінші не орын алды, өрт пе немесе жарылыс па;

      өрт ошағында жанудың туындауының ең ықтимал механизмі қандай.

      2а) Тұтандыру көзінің жанғыш затпен, өздігінен тұтанатын заттармен және материалдармен өзара әрекеттесуінің ерекшеліктерін диагностикалау.

      бұл заттардың, материалдардың, бұйымдардың жануы нақты бір жағдайларда (қандай жағдайларда екенін көрсету керек) туындауы мүмкін бе;

      бұл заттар мен материалдар (жылу, химиялық, микробиологиялық) осы жағдайларда (қандай жағдайда екенін көрсету керек) өздігінен тұтануы мүмкін бе;

      өздігінен тұтану салдарынан өрт ошағында жанудың пайда болуын көрсететін белгілері бар ма;

      зерттелетін объектінің заттар, материалдар) өздігінен тұтануы үшін қандай жағдайлар қолайлы болып табылады;

      өрттің жылдам және қарқынды дамуына қандай жағдайлар септігін тигізген;

      көрсетілген жағдайдаларда жанудың пайда болуы үшін, аталған заттардың өзара әрекеттесуі кезінде бөлінетін жылу жеткілікті ме;

      ұсынылған объектілерде тез тұтанатын сұйықтықтардың, жанар-жағар материалдардың іздері бар ма;

      бар болса, қандай;

      өрт ошағында табылған жанғыш сұйықтықтың іздері мен күдіктіден алынған сұйықтықтың ортақ тектік қатыстылығы бар ма (МЗБКС сарапшысын тарта отырып, кешенді сараптама негізінде шешіледі);

      Сараптама жүргізу кезінде, сақтау мен тасымалдаудың жағдайлары мен мерзімдері туралы мәліметтерді, өрт болған аймақтағы өртке дейінгі 2-3 апта бұрынғы және өрт болған күнгі ауа-райы туралы гидрометеоқызметтің анықтамасын немесе деректерін, үй-жайлардың желдетілуі мен ылғалдан қорғалуы туралы мәліметтерді, сақтау мен буып-түюдің тәсілдерін, бірге сақталатын материалдар мен заттардың түрлерін зерделеу қажет.

      2б) Өрттің табиғаты электрлік тұтану көздерінен туындауы мүмкіндігін диагностикалау: қатты қызған тоқ өткізгіш элементтерден, сапасыз түйісе қосылған, қысқа тұйықталған, жанатын оқшаулау орындарынан, қызған металдың шағын өлшемді бөлшектерінен, ұшқын разрядтарынан және тағы басқалардан (электротехникалық зерттеу жөніндегі сарапшыны тарта отырып, кешенді сараптамамен шешіледі).

      ұсынылған объектілерде балқудың, артық ток жүктелудің, қысқа тұйықталудың және басқалардың іздері бар ма;

      объектілердегі материалдар мен ақаулардың (балқудың, күйдірудің, қиылысының өзгеруіне) қасиеттерінің өзгеруі немен байланысты: өрттің термиялық әсер етуімен бе әлде электр тізбектеріндегі жұмыстың апатты режиміммен бе.

      электрқондырғыда апатты жұмыс режимінің пайда болуы мен өрбуінің ең ықтимал механизмі қандай;

      апаттық режим қашан пайда болды: өртке дейін бе әлде өрттің таралуы барысында ма;

      электрқондырғысындағы апаттық жұмыс режимі мен өрттің пайда болуының себеп-салдарлық байланысы бар ма.

      2в) Өрттің технологиялық жабдықтардың, аспаптар мен өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы құралдардың апаттық режимдерінен туындауы мүмкіндігін диагностикалау;

      жабдықтардың, аспаптардың, құрылғылардың көрсетілген ақаулары осы жағдайларда өрттің пайда болуын туғызуы мүмкін бе? (қандай ақаулар мен жағдайлар екенін көрсету керек);

      жұмыс істеп тұрған құралдың бетінде қандай температура туындауы мүмкін;

      осы температура, аталған материалдардың жануы үшін жеткілікті ме;

      жабдықтың осы апаттық жұмыс режимінде қандай өрт қаупі бар көріністер бар;

      2г) Сырттан әкелінген ашық от көздерінен немесе калориясы төмен жылу көздерінен өрттің туындауы мүмкіндігін диагностикалау;

      осы заттың ашық жалынмен (сіріңкемен, алаумен, отпен, газ жанарғысымен және тағы басқалармен) байланысқа түскен кезінде жануы мүмкін бе;

      жану қандай жағдайда (от көзі мен жанғыш материалдың бір кеңістікте өзара орналасуы, олардың бір-бірімен байланысу тәсілі) туындауы мүмкін;

      жанқалар сөнбей қалған темекінің, сигаретің, майшамның қалдықтарынан (үгінді, қағаз, шүберек) тұтануы мүмкін бе;

      заттар мен материалдар (қандай заттар екенін көрсету керек) механикалық ұшқыннан немесе қатты заттар мен материалдардың жануы кезінде пайда болатын ұшқыннан (қандай заттар екенін көрсету керек) жануы мүмкін бе;

      сөндірілмеген темекі қалдығының құрғақ ағаш жаңқаларына түсу сәтінен бастап, оттың тұтанып және жануына дейін қанша уақыт өткен;

      жағу көздінің әсер етуінің қаңдай ұзақтығында осы (нақты) заттардың, материалдардың, бұйымдар мен құрылымдардың тұтануы мүмкін;

      Аталған сұрақтар, өрт болған жерді кешенді оқып-зерттеу, өрт болған жерден алынған объектілерге, қылмыстық іс материалдарына зерттеу жүргізу, жану процесін модельдеу нәтижесінде шешіледі.

      2д) Өрттің басқа да себептерін зерттеу.

      Бұл жағдайда келесі сұрақтар шешілуі мүмкін:

      өрт найзағай разряды әсері нәтижесінде пайда болған ба;

      сол не өзге материал (қайсы екені көрсетіледі) ұшқынның пайда болуынан (дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде, қазандық, тепловоз, пеш, плитамен, су жылытатын құралдармен, самаурындармен жұмыс істеуде, қозғалтқыштармен, технологиялық құралдар мен көлік құралдары бөлшектерінің соқтығысуы және үйкелуі кезінде) жануы мүмкін бе еді;

      өрт статикалық электр қуаттарының пайда болуы мен жиналуы нәтижесінде туындауы мүмкін бе.

      269. Сараптама тағайындау кезінде ұсынылатын материалдар:

      ғимараттың құрылыс-құрылымдық сипаттамасы мен оның өлшемдері көрсетілген оқиға болған жерді тексеру хаттамасы;

      жанып кеткен объектілер мен оның материалдарының сәулеттік ерекшеліктері;

      бөлмелердің, есіктер мен терезелерінің орналасуы;

      не жанып кеткен, қай жер және қалай шала жанған, ғимараттың қандай бөліктері сақталған;

      жылыту құбырлары қайда орналасқан және қандай жағдайда; олардан жанған құрылымдарға дейінгі арақашықтық;

      ғимарат құрылымдарындағы еніп күйген жерлердің мөлшерлері мен көлемдері;

      өрт ошағының белгілерін толық сипаттағандағы өрт ошағы деп болжанған жердің жағдайы, оттың таралу жолдары;

      әр түрлі әлектр қондырғыларының орналасуы, оларды бекіту тәсілдері (қабырғада, төбеде);

      басқару және қорғау аппараттарының қалпы;

      рубильниктер, автоматтар, сақтандырғыштар;

      электр сымдары қалай және қандай сымдармен салынған;

      жануды туғызуы мүмкін сымдардағы, аспаптардағы және объектілердегі балқыған, орналасқан жерлері.

      Өрт инспекциясының төрағалық етуімен құрылған комиссияның өрт туралы актісі, онда өрт байқалған уақыт, өрт туралы хабарланған уақыт, өрт болған жерге келген кезде не жанып жатқан, өрттің сөңдірілген уақыты, өрттің салдарлары, өрттің пайда болуының болжамды себептері, өртті сөндіру кезіндегі негізгі тактикалық әрекеттер көрсетіледі.

      Масштабты сызбалар, сұлбалар, түсіру нүктесін көрсете отырып өрттен кейінгі объектінің фотосуреттері; көрген адамдардан, жәбірленушілерден, куәлардан жауап алу хаттамалары; нысандардың электрлік шаруашылықтарының толық схемалары, электр жабдықтауы жөніндегі жобалық құжаттама.

      270. Өрт болған жерден алынған объектілерді сараптамаға жіберген кезде сақтау мен тасымалдау процесінде белгілерді жойып алмайтындай етіп буып-түю қажет. Әрбір орамада куәландырылған жазбалар болуы керек.

      271. Тасымалдағыш-заттардағы бензиннің іздері ашық күйде 2-3 тәуліктен артық; керосин мен дизель отынының іздері 2-3 аптадан артық сақталмайтынын ескеру қажет, сондықтан осы көрсетілген объектілер оқшауланған ыдыста болуы керек.

      272. Жанармай және тез тұтанатын сұйықтықтардың іздері бар деп болжанған талшық. мақта, топырақ, мата кесінділері, қағаз және басқа объектілерді полиэтилен қақпағы бар шыны ыдысқа орналастыру керек.

      273. Жанармай сұйықтықтарының іздері бар деп болжанған киім, аяқкиім, тақтайлар, топырақ, кірпіш және басқа да нысандар полиэтилен қаптарына, пакеттерге орналастырылады. Әрбір киім заттары немесе әрбір объект жеке-жеке салынады.

      274. Балқу, қызған, оқшаулануы бұзылған іздері бар электр сымдарының кесінділерін мақтаға, дәкеге, жұмсақ матаға салып, қатты қағаздан жасалған пакетке буып-түю керек. Сараптамаға сымның зақымданған жерінен басқа зақымданбаған оқшаулағышын да жіберу керек.

      275. Электр қорғағыш аппаратураның, электр арматураның және қондырғы бұйымдарының, тұрмыстық электр аспаптары мен аппаратураларының, электр тогының өнеркәсіп тұтынатын әрбір заты жеке орамаға орналастырылады. Жеткізетін немесе шығаратын сымдар табылған түрінде сақталуы керек.

      276. Автоматты сөндіргішті алу кезінде өртті сөндірген кездегі олардың қандай жағдайда болғанын – "қосылғанын" немесе "қосылмағанын" көрсету қажет.

      277. Қарап-шығу және өзге тергеу әрекеттерін жүргізу үшін консультациялық-техникалық көмек көрсету үшін мамандарды пайдаланған жөн.

      278. Бұдан бөлек, мамандар арнаулы зерттеу жүргізуді қажет етпейтін бірқатар сұрақтарға жауап бере алады, олар мыналар:

      осы объектіде өрт қауіпсіздігінің ережесі сақталған ба;

      осы объектіде өрт сөндірудің тактикасы сақталған ба;

      электр желілері немесе электр жабдықтарының монтажы Электрқондырғылары құрылғыларының ережелері (бұдан әрі-ЭҚЕ) талаптарына сәйкес пе.

      279. Шешуі өрт-техникалық сараптамасының құзыры шегінен шығатын сұрақтар:

      объектідегі өрт қауіпсіздігін сақтау міндеті қай лауазымды тұлғаға жатқызылған;

      өрттің тікелей себебі қандай;

      өрт қойылған ба және қандай жолмен;

      осы немесе басқа адамдар өртті сөндіру кезінде әрекеттерді дұрыс орындады ма.

39-параграф. Сот - сараптамалық электротехникалық зерттеу (13.2)

      280. Сот - сараптамалық электротехникалық зерттеудің мәні - электр желілері мен электр жабдықтарының жұмысындағы желілерді қорғау аппараттары жұмысындағы апаттық режимдердің туындау себебін анықтаумен байланысты фактілер, істің мән-жайлары болып табылады.

      281. Электротехникалық сот сараптамасының объектілері дәлелдемелік заттар - тұрмыстық және өндірістік мақсатқа арналған электр аспаптары мен электр жабдықтары, электрмен жарықтандыру қондырғылары, жарық техникалық бұйымдар, электр сымдары, кабельдік бұйымдар, электр таратушы желілер, энергиямен қамтамасыз ету объектілері - су-таратушы электрстанциясы (бұдан былай-СТЭС), су электрстанциясы (бұдан былай - СЭС), жылу электрстанциясы (бұдан былай - ЖЭС), трансформаторлық қосалқы станциялар болып табылады.

      282. Сот электротехникалық сараптамасының міндеттеріне:

      тұтынушылардың электр қоңдырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын (бұдан былай - ТПҚ), тұтынушылардың электр қоңдырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (бұдан былай - ҚТҚ), электр энергиясын және жылу энергиясын пайдалану ережелерін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын сақтамау фактілерін анықтау;

      үй-жайлардың электр желілері мен олардың құрылымдық орындалуын талдау;

      электр сымдарының, кабельдердің, баулардың типін, қимасын, төселу тәсілін зерттеу;

      жұмыстағы технологиялық кідірістерге, апаттарға, электр техникалық қондырғылардағы апаттық режимдерге қатыстылығын анықтау;

      электр қондырғылары мен электр аппаратуралардың жарамдылығы туралы мәселелерді шешу;

      апат орнынан алынған электр техникалық қондырғылары мен электр сымдарын зерттеу;

      электр желілеріндегі қысқа тұйықталу мен артық жүктеменің пайда болу сәтін анықтау;

      апаттық жағдайлардың - қысқа тұйықталудың, токтың артық жүктемелерінің, үлкен өтпелі кедергілердің негізгі белгілерін анықтау;

      монтаждаудың дұрыстығы мен қолданылатын электр жабдықтарының электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан былай - ЭОҚ) талаптарына сәйкестігін анықтау;

      электр жабдықтарын техникалық пайдаланудың дұрыстығы және оны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелерін шешу;

      тұрмыстық электр жылытқыш құралдары мен басқа да электр аппаратуралары жұмыстарының апаттық режимінің пайда болу мүмкіндігін зерттеу;

      электр желілеріндегі электр қорғау құралдарының жарамдылығын анықтау;

      түйісу мен жерге қосудың жай-күйін зерттеу;

      коректендіруші желінің жұмыс режимін, электр кабельдерінің рұқсат етілген токтық жүктемелерін және сымдар қимасының дұрыс таңдалуын есептеу;

      электр қондырғыларын қорғаныс құралдарымен жасақтау нормасын анықтау;

      әр түрлі электр техникалық есептеулерін жүргізу;

      жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін ұйымдастыру және кез келген кернеудегі элекгр қондырғыларда оларға бақылау жүргізу;

      электр және жылу энергиясы шығындарын есептеудің есептік аспаптарына қойылатын талаптар жатады.

      283. Сот электротехникалық сараптамасы шешетін сұрақтар:

      электр жабдықтары мен электр құралдарының техникалық жай-күйі қандай;

      электр қондырғысы жұмысының апаттық режимінің пайда болу және даму механизмін анықтау;

      электр жабдығының зерттеліп жатқан объектілерде жұмыстардың апаттық режимінің пайда болуымен немесе ондағы оқиғалармен себептік байланысы бар ма;

      электр сымдары мен электр қондырғылардың монтажы дұрыс жүргізілген бе;

      қорғау түрі мен жерге қосудың жай-күйі ЭОҚ (Электр қондырғыларын орнату қағидалары) талаптарына сәйкес пе;

      ұсынылған зерттеу объектілерінде қысқа тұйықталу мен оның пайда болу сәтінің белгілері бар ма;

      пайдалану талаптарын сақтамау, желідегі кернеудің ауытқуы, қорғаыстың сәйкессіздігі орын алған ба;

      зерттеуге ұсынылған жарық техникалық бұйымдары жарамды ма;

      электр аспаптарының, сымдар мен кабелдердің маркасы (типі), олардың техникалык жағдайы мен қолдану саласы қандай;

      электр қондырғыларының, электр сымдарының зақымдану себептерін анықтау;

      электр қорғаныс құрылғыларының түйіндері мен бөлшектерінде өзгертулердің, қайта жасаудың іздері бар ма, егер бар болса, ол оның сипаттамаларына қалай әсер еткен;

      электр қондырғының апатты режимі кезінде электр қорғаныс құрылғысы іске қосылды ма, егер іске қосылса, бұл неден туындады;

      электр қорғаныс құрылғысының сипаттамасы (балқымалы сақтандырғыш, автоматты сөндіргіш) ЭОҚ талаптарына сәйкес келе ме;

      электр қорғаныс құрылғыларының сипаттамалары қандай;

      сақтандырғыштың балқымалы ендірмесінің бұзылуына не себеп болды; Сақтандырғыштың балқымалы ендірмесі қандай материалдан жасалған; Балқымалы ендірме стандартты немесе стандартты емес (қолдан жасалған) болып табылады ма;

      жүктемені қосудың осы сызбасы есептеу құрылғысын орағыта өтіп электр энергиясын пайдалануға мүмкіндік берді ме;

      электр сымының қимасы тұтынылатын қуатқа сәйкес келе ме;

      электр сымының, оқшаулағыш жабындының сипаттамасы қандай;

      объектідегі электр сымдары электр қондырығыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес (ЭОҚ) келе ме;

      электр желілерін, электр жабдықтарын пайдаланған кезде қауіпсіздік техникасының ережелері сақталған ба.

      284. Сараптама тағайындаған орган (адам):

      оқиға орнын зерттеген кезде сарапшыға объектінің бастапқы жағдайын міндетті түрде сақтай отырып және фотосуреттерге түсіре отырып, статикалық және динамикалық сатыларда тексеру жүргізуге мүмкіндік беруі қажет;

      сарапшыға заттай дәлелдемелер мен құжаттарды қандай күйде табылған және оқиға орнын қарап-шығу кезінде алынған күйінде ұсынуы қажет;

      оқиға орнын қарау хаттамасында міндетті түрде:

      электр сымдарын төсеу тәсілі, сондай-ақ оларды ғимаратқа енгізу тәсілдері;

      сақтандырғыш пен басқа да қорғаныс аппаратураларының типі, олардың жай-күйі, объектіде қолдан жасалған балқыма ендірмелер мен шунтталатын сымдарының барын;

      қарап-шығу кезіндегі рубильниктердің, сөңдіргіштердің, ауыстырып қосқыштардың, тұрмыстық электр және жарықтандыру аспаптарының және басқа да электр жабдықтарының іске қосқыштарының қалпын, сондай-ақ электр аспаптарындағы іске қосу және басқару батырмаларының қалпын;

      қолданылатын сымдар мен кабельдердің типтерін, олардың қимасы мен объектінің электр сұлбаларына сәйкестігін, сымдарды жалғау тәсілдерін;

      электр жабдықтарын, коммутациялық және электр жарықтандыру аппаратураларын орындау тәсілдерін;

      электр сымдары мен электр жабдықтарынан жақын жердегі жанғыш материалдарға дейінгі ара қашықтықты;

      электр жабдықтарының, жарықтандыру, жылыту және басқа да электр аспаптарының құжаттамасы мен техникалық сипаттамаларын, олардың бұзылу сипатын, оларда балқудың барын көрсетуі қажет;

      объектілерді мөрленген және оралған түрде ұсыну, арнайы жабдықталған үй-жайда сақтау қажет;

      қарап-шығу хаттамаларына, жоспарларға, электр сымдарының сұлбаларына және басқа да құжаттарға белгілер салмау керек;

      оқшау балқыған жері бар зерттеуге ұсынылған сымның ұзындығы 20 сантиметрден кем болмауы керек және олардың зерттеуге жататын жерлері механикалық әсерлерге ұшырамайтындай етіп буып-түйілуі қажет.

      Электр желісінің ақаулығы туралы сұрақтарды шешу үшін сарапшыға мына деректер ұсынылуы керек:

      объектідегі жұмыстың аяқталу уақыты;

      қандай электр қондырғылары қосылған;

      жұмыс күні аяқталғаннан кейін қандай электр қондырғылары қосылулы қалған;

      ұшқындау, қатты қызып кету, әлсіз түйісулер, жалаңаштанған сымдар, токтың кемуі, токтың соғуы және сол сияқтылар байқалған ба;

      электр жарығы болды ма және ол жарамды ма;

      қандай жұмыстар жүргізілген;

      қандай жылыту және электр қыздыру құралдары пайдаланылған.

40-параграф. Сот жарылыс техникалық сараптамасы (14.1)

      285. Сот жарылыс техникалық сараптамасының мәні - жарылғыш құрылғылардың (оқ-дәрілердің және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың), жарылғыш заттардың және жару құралдарының топтық қатыстылығын және шығу тегін, сонымен қатар жарылыстың мән-жайын анықтаумен байланысты істің мән-жайы болып табылады.

      286. Жарылыс-техникалық сот сараптамасының міндеттері:

      жарылыс фактісін, апаттық жағдайлар туғызған себептерді;

      жарылыс табиғатын, оның дүмпу ошағы мен механизмін (жарылғыш зат зарядының орантылған жерін) анықтау;

      жарылғыш қондырғылардың құрылымын, оның қызмет ету принципін, қирату қасиеттерін, жарылғыш затта қолданылған зарядтың массаларын анықтау;

      қолдан жасалған жарылғыш қондырғыларды дайындау үшін қажетті біліктілікті анықтау болып табылады.

      287. Жарылыс-техникалық сот сараптамасы зерттеуінің объектілері:

      штаттық артиллериялық, инженерлік және жаяу әскерлік жарылыс әрекеті бар оқ-дәрілер (миналар, гранаталар. бомбалар) және қолдан жасалған жарылыс қондырғылары;

      жару құралдары;

      жарылғыш заттар (әскери, өнеркәсіптік немесе әмбебап мақсаттағы), дәрілер, пиротехникалық құралдар мен пиротехникалық қоспалар;

      жарылыс іздері: (жару өнімдері, жарылған оқ-дәрілердің фрагменттері және/немесе қолдан жасалған жарылыс қондырғылары, жарылысқа ұшырататын заттық объектілер);

      бу, тозаң мен газауа қоспалары пайда болуы мүмкін үй-жай көлемдері;

      барлық жарылыс түрлері туралы істер бойынша оқиға орындары;

      сараптама тақырыбына қатысты қылмыстық іс материалдары;

      салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілері болып табылады.

      288. Жарылыс-техникалық сот сараптамасының шешуіне бірнеше топтарға бөлуге болатын сұрақтар қойылады:

      1) Жарылыс жүйелерін диагностикалық зерттеу.

      зерттеуге ұсынылған зат жарылғыш қондырғы болып табыла ма;

      ол жарылғыш қондырғының қандай түріне, типіне жатады;

      осы жарылғыш қондырғы (бұдан былай-ЖҚ) қайда, (халық шаруашы-лығының қай саласында, әскери істерде) не үшін қолданылады;

      ЖҚ қандай мақсатқа арналған;

      зерттеуге ұсынылған зат ұңғылы артилерияның оқ-дәрісі немесе инженерлік оқ-дәрі болып табыла ма, ол қандай түрге, типке және калибрге жатады;

      ЖҚ әрекетке келтірудің тәсілі мен құрылымы қандай;

      ЖҚ дайындаудың тәсілі қандай, зауытта (өнеркәсіпте) немесе қолдан жасалған ба;

      ЖҚ зақымдау (қирату) әрекеттерінің принципі қандай;

      ЖҚ пайдалану үшін жарамды ма, жарамсыз болса, себебі қандай;

      ЖҚ пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіруге бола ма;

      ЖҚ жабдықтау үшін қандай жарылғыш заттар (бұдан әрі - ЖЗ) және қандай мөлшерде пайдаланылған;

      А мен Б пунктерінде табылған ЖҚ құрылымы, материалдары әрекетке келтіру принципі бойынша бірдей ме;

      осы бөлшек ЖҚ бөлшегі болып табыла ма, атап айтқанда қандай және ол кандай мақсатқа арналған;

      осы сызбалар (сұлбалар) ЖҚ немесе оның жеке бөліктерінің бейнелері болып табыла ма;

      осы ЖҚ сыртқы әсер етулердің (механикалық, термиялық, химиялық) әсерінен өздігінен жарылуы мүмкін бе;

      зерттеуге ұсынылған зат оқ-дәрі болып табыла ма;

      осы жарылғыш қондырғы қандай элементтерден дайындалған (құрастырылған), оны дайындау үшін қандай қабықша пайдаланылған, оны әрекетке келтірудің тәсілі қандай;

      ЖҚ, қолдан жасалған жарылғыш қондырғылардың (бұдан әрі - ҚЖҚ) принциптік схемасы мен әрекет ету принципі қандай;

      2) Жарылғыш заттарды диагностикалық зерттеу.

      осы зат жарылғыш зат па, егер солай болса, атап айтқанда қандай, ол қайда және не үшін қолданылады;

      ұсынылған ЖҚ қандай ЖҚ түріне (бастамашылық ететін, бризантты, лақтыратын) жатады;

      осы ЖЗ-ны дайындаудың тәсілі қандай;

      осы ЖЗ-ны өз мақсаты бойынша пайдалануға жарамды ма;

      осы ЖЗ-ның дәл массасы қандай;

      3) Жару құралдарын диагностикалық зерттеу.

      мына заттар ЖҚ болып табыла ма, атап айтқанда қандай, қайда және не үшін қолданылады;

      осы жару құралдары қандай ЖҚ жару үшін қолданылады;

      осы ЖҚ қолдану үшін жарамды ма, егер жарамсыз болса, неге жарамсыз;

      осы маркідегі, осы ұзындықтағы өртөткізгіш баудың (бұдан әрі-ӨБ) жануы үшін қанша уақыт керек;

      4) Имитациялық құралдарды зерттеу (бұдан былай-ИҚ).

      зерттеуге ұсынылған заттар имитациялық құралдар болып табыла ма, олар қайда және не үшін қолданылады;

      оларды дайындаудың тәсілі қандай;

      ИҚ қандай жарылғыш заттармен жабдықталған, олар жарылғыш заттарға жатады ма;

      осы ИҚ штаттан тыс пайдалану қандай зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін (қандай екенін көрсету);

      оның техникалық сипататамалары мен қолдану аясы қандай;

      5) Пиротехникалық құралдар (бұдан әрі - ПҚ) мен пиротехникалық қоспаларды зерттеу.

      Сараптаманың шешуіне қойылатын сұрақтар:

      зерттеуге ұсынылған зат ПҚ болып табыла ма, егер болса, қандайы;

      оны дайындаудың тәсілі, әрекет ету принципі, қолдану саласы қандай;

      осы ПҚ штаттан тыс пайдалану кезіндегі жаппай жою әрекеті қандай;

      ұсынылған заттар ПҚ іске қосылғаннан кейінгі қалдығы болып табыла ма, егер солай болса, атап айтқанда қандай;

      осы ПҚ қандай пиротехникалық құраммен жабдықталған;

      осы пиротехникалық құрам қандай заттардан тұрады.

      6) Жарылыс орны мен жарылғыш заттың (жарылғыш қондырғының) жарылыс іздерін зерттеу.

      осы жағдайда жарылыс болды ма, егер болса оның табиғаты қандай;

      болған жарылыстың техникалық себебі қандай;

      оқиға орны жағдайының заттарындағы осы зақымдар жарылыс іздері болып табыла ма;

      осы заттарда ЖЗ іздері (жарылғыш заттың) немесе оның жану қалдықтары бар ма, атап айтқанда қандай, оның қасиеттері және қолданылу саласы қандай;

      оқиға болған жердегі іздерге қарағанда, жарылыс үшін қандай ЖҚ (түрі, құрылымы, дайындалу тәсілі, мақсаты, әрекетке келтіру принципі) қолданылған;

      жарылыстың дүмпу ошағы қай жерде болған;

      жарылған қондырғының жару тәсілі және оны жүзеге асыру жүйелілігі қандай;

      жарылған жарылғыш қондырғының жаппай жою қасиеттері қандай;

      егер жарылғыш қондырғы өнеркәсіпте жасалған болса, онда оның түрге қатыстылығы мен маркасы (артиллерия снаряды, миналар, гранаталар, имитациялық патрондар, жару құралдары) қандай;

      жарылған ЖҚ оқ-дәрілердің бір түрі болып табыла ма;

      жарылыс кезінде ЖЗ қандай түрі және қандай мөлшерде пайдаланылған;

      осы бөліктер ЖҚ-ның қалдықтары болып табыла ма және қандай түрінің;

      осы бөліктер белгілі бір ЖҚ жарықшақтары, бөліктері немесе бөлшектері болып табыла ма;

      7) Бу-, тозаң-, газ-ауа қоспаларының пайда болу нәтижесіндегі жарылыс орнын зерттеу:

      бу-, тозаң-, газ-ауа қоспаларының жарылысы бар ма;

      жарылыс дүмпу ошағы қайда болды;

      осы үй-жайда (көлемде) бу-, тозаң-, газ- ауа қоспасының жарылыс қаупінің пайда болуы мүмкін бе, егер солай болса, онда қандай жағдайларда;

      бу-, тозаң-, газ-ауаның жарылыс қаупі бар шоғырлануының пайда болу көзі не болып табылады;

      газдың шығып кетуіне және жарылыс қаупі бар бу-, тозаң-, газ-ауа шоғырлануының пайда болуына себепші болған газ вентилінде, редукторында, баллон қылтасында зақымдар бар ма;

      осы үй-жайда (көлемде) пайда болған бу-, тозаң-, газ-ауа қоспасының жалындауының шығу көзі не болып табылады;

      осы үй-жайдағы (көлемдегі) жарылыстың бағыттылығы қаңдай.

      289. Жарылмаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ЖҚҚ, ИҚ, ПҚ, артиллериялық және инженерлік оқ-дәрілерді жолдағанда:

      тінту (алу) кезінде табылған оларды пайдалану үшін қауіпсіз (бөлшектеу) жағдайға келтірілген объектілердің өзі;

      оларды табу жағдайлары мен қауіпсіз жағдайға келтірілгені туралы деректер көрсетілген тергеу әрекеттері хаттамасының көшірмесі;

      сезіктіден табылған немесе оның өзі немесе маманның жауап алу хаттамасына қосымша ретінде әзірлеген дәлелдемелік заттардың сызбалары, суреттері, есептеулері. техникалық сипаттамалары;

      тергеу эксперименті кезінде сезікті (айыпталушы) дайындаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ИҚ, ПҚ макеттер;

      Істің мән-жайына, сарапшының зертетуіне ұсынылған объектілер мен сұрақтардың сипатына байланысты, сараптамаға жолданады:

      оқиға болған жерді тексеру хаттамасының көшірмесі.

      хаттамаға қосымша (фотосуреттер, сұлба-жоспарлар, сызбалар, бейнефонограммалар, кинотаспалар);

      оқиға орнынан алынған объектілер (ЖҚ-ның зақымдану ізі бар бөліктері, қалдықтары, заттары немесе жарылыс өнімдерінің шөгінділері)

      сот-медициналық сараптама қорытындысы (мәйітке немесе жарылыстан жарақат алған тірі адамға сараптама жүргізу кезінде);

      жарылысты не оның зардаптарын бақылап тұрған адамдардан жауап алу хаттамасы, әсіресе егер тексеру сәтінде жарылыстан шыққан өрттің және оны сөндіруге шаралар қабылдаудың, зардап шеккендерге көмек көрсетудің себептерінен оқиға орнының жағдайы өзгерген болса;

      тірі қалған жәбірленушілерден, сондай-ақ егер анықталған болса сезіктілерден (айыпталушыдан) жауап алу хаттамалары.

      290. Кейбір жағдайларда, оқиға орны жағдайына қатысты және сарапшы үшін қажетті болып табылатын барлық мәліметтерді жазу тәжірибеде мүмкін емес, сондықтан да сарапшы мен тергеуші арасында өзара келісім болғаны жөн, қайталап оқиға болған орынды қарау туралы (соңғысының қатысуымен), қарау барысында сараптама және толығымен іс үшін маңызы бар қосымша дәлелдемелер табуға, тіркеуге және алуға болады.

      291. Барлық заттай дәлелдемелер залалсыздандырылған күйде, яғни жару құралдары жарылғыш заттардың зарядтарынан бөлек қабылданады.

      Ескеру: ұңғының каналы арқылы өткен артиллериялық снарядтар, жарғышы бар жарылмаған оқ-дәрілер және тағы басқа, яғни жоғарғы қаупі бар заттар сараптамаға қабылданбайды.

41-параграф. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу (15.1)

      292. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеудің мәні сот сараптамасы, биология, химия және тағы да басқа ғылымдар саласында аталған зерттеу түрінің объектілерінің қасиетін, ерекшелігін, дайындау технологиясын анықтау мақсатында арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталатын нақты деректер (фактілер мен мән-жайлар) болып табылады.

      293. Осы зерттеу түрінің объектілері:

      есірткі құралдарын қолдан жасау арқылы, сора өсімдігінен (марихуана. гашиш, каннабис смоласы, гашиш майы), көкнәрдан (апиын, көкнәрдің сабағы, сығынды апиын, ацетилденген апиын), эфедрадан (эфедрон) алынған, сондай-ақ бүтіндей өсімдіктер немесе сора, көкнәр, эфедра өсімдіктерінің ұнтақталған бөліктері;

      заңсыз дайындалған жартылай синтетикалық және синтетикалық есірткі құралдары немесе психотроптық заттар (героин, амфетамин және оның туындылары);

      құрамында есірткі құралдары немесе психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, зауытта дайындалған немесе дәріхана желісінде дайындалған дәрі-дәрмектер;

      есірткі құралдары немесе психотроптық заттардың аналогтары;

      дайындау, алдын ала өлшеп орау, қолдану, сақтау, тасымалдау кезінде пайдаланатын түрлі жеткізгіш-заттардағы есірткі құралдары, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының немесе прекурсорлардың микроқатпарлары;

      құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлардың болуы мүмкін деп есептелетін жаратылысы анықталмаған заттар болып табылады.

      Сондай-ақ, осы зерттеу түрінің объектілеріне:

      есірткілерді дайындауға арналған аспаптар мен құрал- жабдықтар;

      есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың шикізат көзі туралы ақпараты бар қылмыстық іс материалдары, олардың сақталу орындары, дайындалу технологиясы, сондай-ақ оқиға болған жерді тексерудің, дәлелдемелік заттарды алудың хаттамалары жатады.

      294. Есірткі құралдарының, психтороптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сараптамасы келесі міндеттерді шешеді:

      белгісіз заттардың жаратылысын анықтау және оларды есірткі кұралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтарын мен прекурсорлардың белгілі бір түріне жатқызу;

      жеткізгіш-заттардағы есірткі құралдарын, психотроптық заттар, олардың аналогтарын мен прекурсорлардын іздерін анықтау;

      шикізат, дайындау технологиясы, сақтау талаптары және тағы басқа бойынша зерттелетін объектінің ортақ топтық қатыстылығын анықтау;

      оларды дайындау немесе өндіру орны мен тәсілі бойынша зерттеу объектілерінің ортақ шығу көзін анықтау;

      Есірткі құралдарын қолдан жасау тәсілін, технологиясын және басқа да сипаттамасын анықтау;

      тексерілетін оқиғаға байланысты нысандарың уақытша және кеңістік байланыстарын анықтау.

      295. Осы сараптаманы жүргізу кезінде келесі сұрақтар шешіледі:

      осы зат есірткі құралы, психотроптық зат, олардың аналогы, прекурсор болып табыла ма;

      осы зат есірткі құралының, психотроптық заттар, прекурсордың қай түріне, тобына жатады;

      зерттеуге ұсынылған есірткі құралы, психотроптық заттың немесе прекурсордың мөлшері қанша;

      жеткізгіш-заттарда есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының іздері бар ма, егер болса, атап айтқанда қандай;

      осы өсімдіктер есірткі құрамдас болып табыла ма және ол қандай түріне (текке) жатады;

      осы есірткі құралы, психотроптық зат зауытта немесе қолдан жасап дайындалған препарат болып табыла ма;

      зерттеуге ұсынылған темекі бұйымдарының (олардың қалдықтарында) құрамында есірткі заттары бар ма, бар болса, қандай;

      осы есірткі құралының немесе психотроптық заттың, олардың аналогы құрамының мөлшері қандай;

      осы есірткі құралының, психотроптық заттың дайындалу технологиясы қандай;

      осы жабдықтар мен оның жеке бөлшектері, химиялық зат қандай есірткі құралы немесе психотроптық заттарды, олардың аналогын дайындағанда қолданылуы мүмкін;

      осы жабдықтар есірткі құралдары, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын дайындау үшін қолданылуы мүмкін бе еді;

      өсіп-өнуінің қай кезеңінде осы есірткіқұрамдас өсімдіктер жиналған;

      осы сора, көкнәр өсімдіктері нақты бір учаскіде өскен бе;

      осы есірткі құралдары бастапқы шикізат бойынша шығу көзі бір ме (сұрыптық тиісілігі, өсіп-өну жері, өсімдікті жинау уақыты);

      дайындалу технологиясы бойынша осы есірткі құралдарының (психотроптық заттардың) шығу көзі бір ме;

      осы есірткі құралдары (психотроптық заттар, прекурсорлар) бірыңғай массада болған ба.

      296. Объектілерді сараптамалық зерттеуге ұсынуды ең қысқа мерзімде жүзеге асыруы керек, өйткені есірткілерді құрайтын көптеген органикалық заттар тұрақсыз болады және олар сақтау нәтижесінде елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

      297. Өсімдік тектес есірткі құралдарының көп мөлшерін (көлемдерін) сараптамаға алған кезде, мөлшері 10-20 г болатын 4-5 үлгісін жіберу ұсынылады. Үлгілерді әр тереңдіктен, әр жерден - әрбір бұрыштан және ортасынан жинап алу керек. Сусымалы түрдегі үлгілер әр орамадан 5-10 грамнан төртке бөлу әдісімен (орталанған сынама) жинап алынады. Объектілердің сұйық түрін алдын ала шайқап араластырып, 20-50 мл мөлшеріндегі орташа сынаманы жеке ыдысқа құяды.

      298. Есірткі заттарының дайындалу тәсілі туралы сұрақты шешу үшін заттармен бірге (пресс-формалар, елеуіш, пышақтар, тырнауыштар таразылар) оларды дайындау кезінде пайдаланылуы мүмкін заттарды да (аспаптар, құралдар) жіберу керек.

      Ұсталған адамдардың есірткілерді қолдан жасау, сақтау немесе тасымалдау кезінде пайдаланған заттары, саймандары, құрал-жабдықтары, сондай-ақ киімдері мен басқа да заттары есірткіқұрамдас өсімдіктердің микробөлшектерінің немесе жұғындылар түріндегі есірткі құралдары қалдықтарының бар/жоқтығына зерттеу жүргізіледі.

      299. Есірткіқұрамдас өсімдіктердің өсетін орны туралы сұрақ қойған кезде сезіктіден заттай дәлелдемелерді алғаннан кейін тез арада жер учаскесінен алынған салыстырмалы үлгілерді ұсыну керек.

      300. Объектілерді тасымалдау кезінде олар өзінің қасиеттері мен нысандарын жоғалтпайтындай етіп буып-түю, сондай-ақ олардың жасандылығын болдырмау қажет.

      Сұйық заттар тығыз тығыны бар немесе аузы сүргіш, балауыз, парафин қақпақпен құйылып жабылатын шыны ыдысқа құйылады. Қатты және сусымалы заттарды буып-түю үшін полиэтилен пакеттері, қатты қағаздан жасалған конверттер, сондай-ақ объектілердің сақталуын қамтамасыз ететін өзге де ыдыстар қолданылады.

      Өсімдік массасы бүлінбес үшін алдын ала кептіріледі. Жаңадан жұлынған өсімдіктер кептіріліп немесе 6-8 сағаттың ішінде қағазға оралған күйінде зерттеуге жеткізіледі.

      Смоласы бар заттар (каннабис смоласы, апиын) қағазбен түйіспеу керек.

      Орамасыз алынған таблеткалар мен капсулалар мақтаға оралып, оқшауланып жабылған контейнерге салынады.

      Полиэтилен пакеттер түріндегі орама жіппен тігілуі қажет, аяқ жақтарына қағаз бирка жабыстырылады;

      Буып-түйілгеннен кейін әрбір объект маркіленіп, контейнердің немесе ораманың бетіне таңба салыну керек.

      Дәрілік заттардың стандартты (эталлондық) үлгілері сараптама тағайындаған органмен (тұлға) арқылы жеткізіледі.

42-параграф. Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу (16.1)

      301. Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеудің мәні ботаника, биология саласында және әртүрлі табиғи-техникалық ғылымдар саласында арнайы ғылыми білімдер негізінде объектінің шығу тегін, оның таксономикалық (топтық) тиесілігін, сондай-ақ диагностикалық, сыныптық және ұқсастық сипатының нақты жағдайын анықтау болып табылады.

      302. Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеудің объектілері:

      нативтік (өзгермеген) бүтіндей өсімдіктер мен олардың бөліктері - сабағы, жапырағы, тамыры, гүлдері, жемісі,тұқымы, тозаңы, ағашы;

      зерттелетін жер телімініндегі табиғи ландшафтыны құрайтын өсімдіктер жиынтығы;

      адамның өндірістік қызметінен туындаған, не болмаса төтенше жағдай (ТЖ) нәтижесінде пайда болған (тасқын, дауыл, құрғақшылық, өрт) зерттелетін жер теліміндегі жасанды ландшафтыларды құрайтын өсімдіктер жиынтығы (саябақ, саяжай учаскелері, демалыс аймағы);

      өсімдік жамылғысы бар жер телімі;

      зерттеу телімінен тыс тәркіленген өсімдіктердің бақылау үлгілері;

      өсімдіктердің тіршілік қызметі бар өнімдері-шайыр, сүттіген шырыны, тозаң, крахмал, жемістер.

      ағаштан, сабаннан жасалған бұйым, тоқылған жиһаз, темекі және темекі бұйымдары;

      өсімдік шикізатын өңдеуден жасалған бұйымдар: құрама жем, сүрлем салатын массалар, астықты қайта өңдеу өнімдері, бидай, қағаз, ағаш үгінділері, пішен және тағы басқа.

      зең және үй саңырауқұлақтарымен зақымданған ағаш конструкциялары;

      сараптама тақырыбына қатысты іс материалдары–оқиға болған жерді қарау мен сараптамалық зерттеу үшін объектілерді және өсімдік тектес үлгілерді алу хаттамалары болып табылады.

      Қажет болған жағдайда қосымша ақпараттың басқа да көздері зерттеледі–коллекциялық материалдар: гербарий, іске қажетті ағаш, тұқымдар коллекциясы; анықтамалық ақпарат көздері–атластар, рецептуралық анықтамалар, Мемстандарттар.

      303. Сараптамалық зерттеудің осы түрінің міндеттері мына төмендегі жағдаяттарды:

      өсімдік тектес зерттелетін объектінің табиғатын және оларды белгілі бір таксономиялық топтарға жатқызуды (отряды, тегі, түрі, тұқымдастығы);

      салыстырылатын объектілердің ортақ тектік, ортақ топтық қатыстылығын;

      салыстырылатын объектілердің ортақ немесе бірыңғай (нақты) шығу көздеріне қатыстылығын;

      объекті бөлігінің нақты өсімдік тектес объектісіне қатыстылығы, яғни объекті бөлігінің нақты зерттеу объектісіне қатыстылығын;

      объекті мен қылмыс оқиғасы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды;

      зерттелетін объектінің тергелетін оқиғамен уақытша байланыстарын анықтаумен байланысты.

      304. Өсімдік тектес объектілерді сот–сараптамалық биологиялық зерттеуде шешілетін сұрақтар үлгілік тізбесі:

      зерттеуге ұсынылған өсімдік қаңдай текке, түрге жатады;

      зерттеуге ұсынылған өсімдік оқиға болған жердің белгілі бір теліміне жатады ма;

      зерттелетін объектілер (пішен, құрама жем, бидай және тағы басқа) мен үлгілердің ортақ тектігі бар ма; Бір тұтас массаға жатады ма; Жонылған ағаштар жасы қандай; Ағаштардың зиянды жәндіктерден, саңырауқұлақтардан, шіруден зақымдану белгілері бар ма;

      ағаш екпелерінің өлу себебі қандай;

      ұсынылған объект биологиялық әсер етуге ұшыраған ба;

      өсімдік тектес объектілерде қоршаған ортаның (сақтау, тасымалдау жағдайларының, биозақымдардың) әсер ету белгілері бар ма;

      олардың объектіге түсу уақыты қылмыс жасалған уақытқа сәйкес келе ме;

      мәйіт көмілген жердің үстіндегі топырақ қабатындағы өсімдіктер кешеніне қарағанда, адамды жерлегеннен бері қанша уақыт өткен.

      305. Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі зерттейтін объектілердің көп түрлілігіне және олардың зерттелетін оқиға аясына түсу/түспеу мүмкіндігіне байланысты, оның шешуіне қойылатын сұрақтардың толық тізбесін келтіру мүмкін емес.

      306. Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі тірі табиғат объектілерінің кең тобын зерттейді. Осы объектілерді табу, белгілеу және сараптамалық зерттеу үшін дайындау кезінде белгілі бір ережелерді сақтау қажет.

      Тіршілік ету жағдайындағы және даму циклінің нәтижесінде немесе қоршаған ортаның әсер етуінен, температураның өзгерісі, инсоляция нәтижесінде белгілерінің іріп-шіруге, өзгеруге ұшырауы мүмкін болатын сараптамалық зерттеуге жататын биологиялық объектілер қысқа уақытта жеткізілуі керек.

      Қатты өсімдік объектілер (жапырақтар, сабақтар, тамырлар, шөп, ағаш, құрама жем) қағаз пакеттерге салынады.

      Бірыңғай ақпараты бар (мысалы, оқиға болған орын туралы) ботаникалық объектілердің кешендерін бөлмей, сапалық құрамын көрсететін салыстырмалы үлгілерді толық көлемде алу керек.

      Суда және ылғалды жерде өмір сүретін өсімдіктерді сараптамаға субстраттарымен бірге суға, топыраққа, тұнбаға салып әкелген жөн.

      Жеткізгіш-заттардағы өсімдіктер мен олардың бөліктерін салыстыруға арналған жергілікті жердің оқшау телімдерінің өсімдіктерін тұтас күйінде алып, әр түрін жеке-жеке қағаз пакеттергенемесе объектіні механикалық зақымданудан алдын ала сақтайтын қағаз төсемелері бар картон қорапқа буып-түю керек.

      307. Үлкен жиынтықтағы немесе көлемдерден (шөп маялары, құрама жем мен бидай сақталатын қойма) алынған биологиялық объектілерді алу және зерттеуге жіберу кезінде үлгілердің құрамында нақты жиынтықты құрайтын немесе массасының бар екендігін көрсететін объектілердің барлық топтары болуы қажет, яғни, үлгілер ұсынуға болатындай болуға тиіс.

      Егер сараптамалық зерттеудің объектісі жылжымайтын объектілер - өсіп тұрған ағаштар, құрылыстар, жергілікті жердің оқшау телімдері болса, оңда объектілерді алу үшін, оларды толық не жартылай оқып-зерттеу үшін сарапшы тартылады.

      Жеткізгіш-заттарда өсімдік тектес микроіздері (микромөлшері) пайда болуы мүмкін болса, (шөп дақтары, балдырлары, өсімдіктер тозаңы) оларды іздеу, белгілеу және зерттеуді биолог-мамандарға тапсырған жөн.

      Жеткізгіш-заттардың бетіндегі биологиялық материалдардың микромөлшері көп сақталмайтын болғандықтан, микроіздер болуы мүмкін деген жерлерді таза қағазбен немесе пленкамен желімдеп немесе ақ матамен тігіп қою керек. Егер сарапшының алдына іздің өзі туралы (пайда болу механизмі, ескілігі) сұрақ қойылса, онда заттай дәлелдемелерді дайындау қажет.

      Ескерту: өзінің тіршілік етуі тоқтаған өсімдік тектес объектілерде (қураған жапырақтар, сабақтар), өзге заттармен байланысу іздері ұзақ уақыт сақталады. Өсімдік тектес объектілерді немесе олардың іздерін белгілеуде ерекше ұқыптылықты сақтауды қажет етеді. Іздерді белгілеу кезінде әсер беретін және көшірмелік құралдар қолданылмайды, өйткені олар қажетті белгілерді қөрсетпейді және кейбір жағдайларда іздердегі микрообъектілерді жойып, осылайша арнайы зерттеулердің мүмкіншілігін шектейді.(өсімдік эпидермияны, спораларды,тозаңды және тағы басқаларды зерттеу).

      Биологиялық тектес объектілерді оқиға орынан алған жерде табылған қалпында, жеткізгіш-затпен бірге сараптамалық зерттеуге жолданады.

      Өсімдік тектес объектілерді бөлек буып-түюдің ережесін сақтау қажет, герметикалық контейнерлерге буып-түюге болмайды- мысалы, олар шірімес және жойылмас үшін полиэтилен пакеттерге.

      Егер объектілер сынғыш (жанып кеткен, көне) болса, онда олар амортизациялық төсемелер арасына салынып, қорапқа буып-түйіледі, болмаса қағаз қаттамасының арасына буып-түйюге немесе бөлек пакеттерге салуға болады.

43-параграф. Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық зерттеу (16.2)

      308. Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеудің мәні тергеудегі оғиға орнымен байланысты, жануар тектес объектілердің қасиетін және ерекшелігін зерттеу мақсатында зоология, биология саласында және әртүрлі табиғи-техникалық ғылымдар саласында арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталатын нақты деректер, істер жағдайы болып табылады.

      309. Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық зерттеудің объектілері болып табылады: әртүрлі деңгейдегі тірі түзілімдер: бір жасушалы организмдер, биологиялық қоғамдастықтар, жануарлар немесе оның бөлшектері, жануарлардың тіршілік әрекетінің өнімдері, жануарлардың шикізатын қайта өңдеу өнімдері, жануарлардың тіршілік ету ортасы.

      310. Сараптамалық зерттеудің тікелей объектілері мыналар бола алады:

      тірі жеке өзі және өлген жануардың тұтас еті;

      бүтіндей жануарлар мен олардың жеке бөліктері (қылы, терісі, мүйізі);

      құстар- олардың бүтіндей және жеке бөліктері (құс жүні, қанаты, аяғы, басы);

      балықтар – жеке өзі және олардың жекелеген бөліктері (қабыршағы, жүзбеқанаты, басы);

      ересек жәндіктер, олардың личинка тәріздес кезеңі, хитиндік қаңқасының бөліктері;

      Тірі организмдердің тіршілік ету өнімдері:

      жануарлардың – экскременттері, ішкі секреция мүшелерінің бөлінділері немесе мүшелерінің өзі, өт қабы мен тастары, жыныстық бездері мен олардың секреттері (бұғылардың шаптырулары);

      жәндіктердің - өрмегі, пілләсі, прополисі, балы;

      өңделген тері мен одан жасалған бұйымдар, жүн, аң терісі, тон жасалынатын шикізат, мүйізден және сүйектен жасалған бұйымдар және тағы басқалар.

      Биологиялық зерттеудің өзге объектілері мыналар болуы мүмкін:

      оқиға орнынан алынған бақылау үлгілері;

      коллекциялық материал (аң терісі, құс жүні, жүні, қылы);

      анықтамалық ақпарат көздері- ілестірме ақпарат, атластар, Мемстандарттар, рецептуралық анықтамалықтар;

      сараптама тақырыбына қатысты қылмыстық іс материалдары: оқиға орнын тексеру, дәлелдемелік заттарды алу туралы хаттамалары.

      311. Сараптамалық зерттеудің осы түрінің міндеттері мына төмендегі жағдаяттарды анықтаумен байланысты:

      зерттелетін жануар тектес объектінің табиғатын және оларды белгілі бір таксономиялық топтарға жатқызу (отряды, тегі, түрі, тұқымдастығы);

      салыстырылатын объектілердің ортақ тектік, ортақ топтық қатыстылығы;

      салыстырылатын объектілердің ортақ немесе бірыңғай (нақты) шығу көздеріне қатыстылығы;

      зерттелетін объектінің (объекті бөлігінің) нақты жануар тектес объектісіне қатыстылығы, яғни объекті бөлігінің нақты бүтін зерттеу объектісіне қатыстылығы;

      объекті мен қылмыс оқиғасы арасындағы себеп-салдарлық байланыстар;

      зерттелетін объектінің тергелетін оқиғамен уақыттық байланыстары.

      312. Осы сараптаманы жүргізу кезінде келесі сұрақтар шешіледі:

      жеткізгіш-заттағы табылған заттардың микробөлшектері жануар тектес объектілерге жата ма;

      зерттеуге ұсынылған объекті қай түрге, текке, тұқымдастыққа, топқа жатады;

      зерттеуге ұсынылған объектінің бір бөлігі болып табылатын жануардың жасы, жынысы қандай;

      оқиға орнынан табылған (немесе жеткізгіш-заттағы) талшық жануар қылы болып табыла ма; ол қандай жануарға тиісті; жануар қылының бөліну механизмі қандай;

      жануар тектілердің бөліктерінің сараптамалық зерттеу үшін ұсынылған үлгілерге ортақ тектік (топтық) қатыстылығы бар ма;

      бөлшектер бөлінгенге дейін (жануар терісі, терілер, жануар денесінің көрінісі, құстар,балықтар) бір бүтінді құраған ба;

      жануардың қылдары нақты бұйымның бөлігі болып табыла ма;

      жануар тектес осы объект қандай да бір әсер етуге ұшыраған ба (механикалық, термиялық, биологиялық, химиялық);

      ұсынылған биологиялық объектілерде қоршаған ортаның (сақтау, тасымалдау жағдайларының, биозақымдардың) әсер ету белгілері бар ма;

      жеткізгіш-затта биологиялық тектес объектілердің болуына қарағанда, олардың жұғындысы қашан пайда болған; олардың нақты субъектіге (жеткізгіш-затқа) түсу уақыты қылмыс жасалған уақытқа сәйкес келе ме;

      жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеудің шешуіне қойылатын сұрақтардың толық тізбесін, оның зерттейтін объектілерінің көп түрлілігіне және олардың зерттелетін оқиға аясына түсу/түспеу мүмкіндігіне байланысты келтіру мүмкін емес.

      313. Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі зерттейтін объектілердің алуан түрлілігіне және олардың тергелетін оқиғаның аясына енуі мүмкіндігіне байланысты оның шешуіне қойылатын сұрақтардың толық тізбесін келтіру мұмкін емес.

      Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу тірі табиғат объектілерінің тобын зерттейді. Осы объектілерді табу, шегендеу және сараптамалық зерттеуге дайындау үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет.

      Тіршілік ету жағдайындағы және даму циклінің нәтижесінде немесе қоршаған ортаның әсер етуінен, температураның өзгерісі, инсоляция нәтижесінде белгілерінің іріп-шіруге, өзгеруге үшырауы мүмкін болатын сараптамалық зерттеуге жататын биологиялық объектілер қысқа уақытта жеткізілуі керек.

      Жануар тектес тірі объектілерді ауа кіріп тұратын шыны немесе полимер ыдысқа орналастыру қажет. Жануар тектес қатайып қалған өлі объектілерді және олардың бөліктері бөлініп қалмас үшін қорапқа салу қажет.

      Жұмсақ денелі объектілерді белгілейтін сұйықтықтарға (формалинге, спиртке) салу керек немесе тұз сеуіп қою керек (терілерді, сүйектерді, асқазанның ішіндегілерін);

      Суда және ылғалды жерде өмір сүретін жануарларды сараптамаға субстраттарымен бірге суға, топыраққа, тұнбаға салып әкелген жөн.

      Үлкен жиынтықтағы немесе көлемдерден (жүн шикізатыжәне тағы басқа) алынған биологиялық объектілерді алу және зерттеуге жіберу кезінде үлгілердің құрамында нақты жиынтықты құрайтын немесе массасының бар екендігін көрсететін объектілердің барлық топтары болуы қажет.

      Егер сараптамалық зерттеудің объектісі жылжытуға болмайтын объектілер болса, оңда объектілерді алу үшін, оларды толық не жартылай оқып-зерттеу үшін сарапшы тартылады.

      Жеткізгіш-заттарда жануар тектестердің микроіздері (микромөлшерлері) (дара қылдары және тағы басқа) болуы мүмкін деп болжанса, оларды іздеуді, шегендеуді және зерттеуді биолог-мамандарға тапсырған жөн.

      Жеткізгіш-заттардың бетіндегі биологиялық материалдардың микромөлшері көп сақталмайтын болғандықтан, микроіздер болуы мүмкін деген жерлерді таза қағазбен немесе пленкамен желімдеп немесе ақ матамен тігіп қою керек. Егер сарапшының алдына іздің өзі туралы (пайда болу механизмі, ескілігі) сұрақ қойылса. Онда заттай дәлелдемелерді дайындау қажет.

      Жануарлардың тіршілік ету өнімдері (жәндіктер, ұлулар, құрттар) табылған және алынған жағдайда, оларды сақтау және тасымалдау үшін аузы тығыз жабылған шыныда немесе метал ыдыстарда (түтіктер, қапшық, қорап) буып-түю және қажет, бұл ретте жануарлар тіршілік етуге қабылетті деп алынғандығы туралы қаулыда белгі қою керек.

      Биокешені бар судың үлгісін тез арада сараптамалық зерттеуге жолдау қажет.

44-параграф. Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу (17.1)

      314. Молекулярлық-генетикалық сараптамасының мәні - билогия және криминалистика саласында адамды нақты ұқсастыру немесе шығу тегінің биологиялық ортақтығын анықтау мақсатында арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталған адамның гендік ДНҚ-ның полиморфты генетикалық белгілерінің нақты деректері болып табылады (биологиялық туыстық).

      315. Сот молекулярлық-генетикалық сараптамасының объектілері:

      сұйық және кептірілген түрдегі қан, оған қоса әр түрлі киімдердегі, заттардағы қан дақтары;

      шәует, соның ішінде құрамында аралас биоқатпарлары бар;

      бұлшық ет ұлпасы және басқа да ішкі органдардың ұлпалары (бауыр, жүрек, өкпе, шеміршек ұлпасы және тағы басқа);

      сүйек ұлпасы;

      шаш, түбінің буылтығымен;

      тырнақтар кесіндісі;

      терімай терлері және тағы басқа.

      қанның салыстырмалы үлгілері, белгілі бір анықталған тұлғалардың буккальді эпителиясы;

      сараптама тақырыбына қатысты қылмыстық іс материалдары: оқиға болған жерді тексеру хаттамасының көшірмесі; мәйітті сот-медициналық зерттеу қорытындысының көшірмесі, тірі адамды куәландыруы; сот-медициналық биологиялық зерттеу қорытындысының көшірмесі, үлгілерді алу хаттамаларының көшірмелері болып табылады.

      316. Сараптамалық зерттеудің тікелей нысаны - адам организмі жасушасынан (қанынан, шәуетінен, сүйектерден, бұлшық ұлпасынан) бөлініп алынған дезоксирибонуклеиндік қышқыл (бұдан былай - ДНҚ) болып табылады.

      317. Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу келесі мәселелерді шешеді:

      1. Диагностикалық:

      а) молекулярлық-генетикалық зерттеу үшін объектілердің жарамдылығын анықтау;

      Жеткізгіш-заттарда биологиялық тектес обьектілердің санын (қан, шәует, түкірік, және тағы басқа), олардың қай түрге (адам немесе жануар) және топқа қатыстылығын анықтау сот-медициналық сарапшылардың құзыретіне кіреді;

      2) Жіктеушілік:

      а) зерттелетін объектілердің жыныстық қатыстылығын анықтау;

      б) зерттелетін гиперварибельдік локус бойынша адамның геномдық пішінін анықтау;

      в) генетикалық паспортын құрастыру.

      3. Сәйкестендірушілік:

      а) адамды (танылмаған қалдықтарды) сәйкестендіру;

      б) заттай дәлелдемелердегі биологиялық іздерді тікелей сәйкестендіру;

      в) балалардың даулы шығу тегі туралы істері бойынша (әкелікті, аналықты не бала ауыстыруды даулау,) баланың шынайы ата-анасын анықтау; бір ата-анасы болған кезде сарапшылық зерттеу жүргізу;

      г) тікелей (ұрпақ арқылы) және тікелей емес (анасының тұқымы бойынша, әкесінің тегінің бұтақтары мен тұқымы бойынша) тұқым жолдары бойынша биологиялық туыстықты анықтау;

      д) егіздердің зиготтығын анықтау;

      е) тірі туыстар бойынша генетикалық пішінді қайта қалыптастыру.

      318. Сот молекулярлық-генетикалық сараптаманың шешуіне мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:

      ұқсастыру зерттеуін жүргізу үшін қатпарларда жарамды генетикалық материалдар бар ма;

      заттай дәлелдемеде табылған биологиялық іздердің генетикалық бейімі қандай (өлген адамның сүйегінде);

      жәбірленуші (Т.А.Ә), күдікті (Т.А.Ә) алынған заттай дәлелдемелерде қан (шәует) дақтары бар ма;

      заттай дәлелдемеде табылған қан (шәует) қатпарлары осы тұлғалардың (Т.А.Ә) қайсысынан пайда болған;

      жәбірленуші (Т.А.Ә) тырнақ асты ішінде күдікті (Т.А.Ә) немесе басқа тұлғаға (адамдарға) (Т.А.Ә) тиесілі генетикалық материал бар ма;

      адам денесінің бөліктері бір мәйіттікі ме әлде бірнеше мәйіттікі ме;

      мәйіттің сүйектері азамат(ша) (Т.А.Ә) тиесілі ма; (сұрақ, тек айтылған адамның биоматериалдарының белгілі үлгілері қандар, эпителий, жеке заттардағы биоқатпарлар және тағы басқа) болған жағдайда ғана шешіледі.

      зерттеуге сүйектері ұсынылған адам, азамат (Т.А.Ә) және азаматша (Т.А.Ә) биологиялық ұлы (қызы) болып табыла ма;

      азамат (Т.А.Ә), азаматша (Т.А.Ә)-мен (туылған жылы) туылған бала (Т.А.Ә) биологиялық әкесі болып табыла ма;

      азаматша (Т.А.Ә) бала (Т.А.Ә) биологиялық анасы болып табыла ма;

      Қаралып жатқан қылмыстық және азаматтық істердің жағдайына байлынысты басқа да сұрақтар қойылуы мүмкін.

      319. Молекулярлық-генетикалық сараптаманы тағайындау тәртібі.

      Молекулярлық-генетикалық сараптама іс бойынша тапсырылған қандардың немесе аралас қатпарлардың топтық сипатының ұқсастығына байланысты, зерттеліп жатқан объектінің нақты қай адамнан (күдіктіден, жәбірленушіден) шыққанын анықтау мүмкін болмаған жағдайда ғана, сот-медициналық биологиялық сараптама жүргізілгеннен кейін тағайындалады.

      Жыныстық қылмыстармен, адам өлтірумен, ауыр дене жарақатын келтірумен байланысты істер бойынша молекулярлық-генетикалық ұқсастыру сараптамасын жүргізуге материалдар, тек сот-медициналық биологиялық сараптама жүргізілгеннен кейін қабылданады. Себебі, сот медициналық сараптамада зерттеуге ұсынылған объектідегі дақтардың (қан, шәует) саны мен биологиялық шығу тегінің табиғаты, олардың түрлері (адамның немесе жануардың) және қай топқа жататыны туралы мәселелер шешіледі.

      Ерекше жағдайларда, егер заттай дәлелдемедегі биологиялық тектес заттардың қатпарларының саны елеусіз аз және ол қатпарлар сот-медициналық биологиялық сараптама жүргізген кезде толығымен пайдаланылатын болса, онда, аталған объектілерге сот-медициналық биологиялық сараптаманың қорытындысыз-ақ молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

      Ұқсастыру сараптамасы кезінде, танылмаған және бөлшектенген (іріп-шіруден өзгерген) мәйіттердің сүйектерінің немесе тістерінің үлгілері сараптамаға салмағы 3 гр. кем емес ұнтақталған түрде жолданады. Сол себептен, эксгумацияға жол бермеу үшін, алдын ала молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізу мүмкіншілігі қарастырылу қажет. Медициналық-криминалистикалық зерттеулерден кейін, сүйек ұлпаларының үлгілері қайнату нәтижесінде деструктивті терең өзгерістерге ұшырауы салдарынан, ДНҚ-талдауы үшін жарамсыз болып табылады.

      320. Зерттеу объектілеріне қойылатын талаптар:

      Зерттеу объектілері, молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындалғанға дейін, яғни ДНҚ-ның деструктивтік өзгеріске ұшырауын болдырмас үшін кептірілген және буып-түйілген түрде тоңазытқышта сақталуы керек. Ерекше жағдайларда, ол болмаған кезде бөлме температурасында құрғақ, салқын үй-жайда, күн сәулесі мен жылу аспаптарының тікелей түсуінен алыс орындарда сақталуы тиіс.

      ДНҚ ферменттердің бұзылу әрекетіне өте шалдыққыш, қоршаған орта факторларына (температура, ылғалдылық), бактерияларға, басқа ДНҚ-мен ластануға сезімтал болып келеді. Сондықтан да молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындалатын заттай дәлелдемелерді пайдаланған кезде өте мұқият болған жөн.

      321. ДНҚ-да болуы мүмкін заттай дәлелдемелердің ластануын және ДНҚ-ның бұзылуын болдырмас үшін оларды алу, тексеру, буып-түю кезінде мына ережелерді сақтау керек:

      ДНҚ-ы болуы мүмкін заттай дәлелдемелерді тексеру, алу, буып-түю жөніндегі барлық процедураларды қолғап киіп және әр объектілерді қарағанда оларды ауыстырып отыру;

      тек таза құрал-саймандарды пайдалану керек немесе жаңа объектілермен жұмыс істер алдында оларды әрдайым мұқият жуып және спиртпен тазартып отыру;

      ылғал күйінде алынған заттай дәлелдемелерді буып-түю алдында бөлме температурасындағы таза орында, күн сәулесінің тура түсуінен және жылу аспаптарынан аулақ бола отырып тезірек кептіру;

      дақтары бар объектілерді толығымен немесе жеткізгіш-заттың бөлігімен алу қажет;

      ДНҚ болуы мүмкін жерлерге қол тигізбеу;

      дәлелдемелік заттармен жұмыс істеу кезінде объектілерге қарап әңгімелесуден, түшкіруден, жөтелуден аулақ болу;

      үлгілерді сұрыптау және буып-түю кезінде өз дене мүшелерін (бет, мұрын, ауыз) ұстамау;

      сұрыпталған дәлелдемелік заттарды таза жаңа (бұрын қолданылмаған) қағаз конвертке буып-түю қажет. Заттай дәлелдемелерді буып-түюге қойылатын талаптарға сәйкес желімдеу және өзіне тиісінше таңбалау деректері қойылады. Полиэтилен пакеттерге объектілерді буып-түюге болмайды.

      322. Әкелікті, аналықты анықтау, балаларды ауыстыру істерімен байланысты қан үлгілерінің немесе буккальдік эпителидің үлгілері Сот сараптамасы институттары филиалдарының білікті медициналық қызметкері болған жағдайда осы филиалдағы арнайы бөлінген үй-жайда қан үлгілерін (буккальдык эпителияны) алу туралы сот анықтамасы негізінде алынады.

      Балалардың даулы шығу тегін (әкелікті/аналықты даулау) шешу жағдайында салыстырмалы үлгі тапсыру үшін зерттелетін тұлғалардың зертханаға келу тәртібі екі жаққа да бір уақытта болуы тиіс. Ата-аналар әртүрлі қалада немесе елде өмір сүріп, олардың бір уақытта келуі мүмкін болған жағдайлар оған қосылмайды. Сондай-ақ, мұндай әдіс ата-ананың біреуі болмаған жайдайға да қолданылады.

      Салыстырмалы үлгілер (қан, буккальдық эпителий) іс бойынша өтетін тұлғалардан алу Сот сараптамасы институттарының филиалдарында тергеу органдарының тапсырысы бойынша сот-сараптамасы органдарының (олардың филиалдарының) сот-биологиялық бөлімшелерінде немесе тұрғылықты орны бойынша кез-келген денсаулық сақтау мекемелерінде әрі қарайғы жеткізумен алынады.

      Салыстырмалы үлгіні арнайы соған бөлінген үй-жайда зерттелетін адамдардың жеке басын куәландыратын суреті бар құжаттарды олар ұсынған кезде сарапшы немесе сарапшының немесе басқа медициналық қызметкердің (зертханашының, дәрігердің) қатысуымен білікті зертханашы алады.

      Егер қан үлгілері басқа медициналық мекемелерде алынған болса, олар зерттеуге сұйық немесе кептірілген түрде ұсынылуы мұмкін және оған талаптар қойылады:

      1) қан алу, арнайы медициналық мекемеде қан алу хаттамасын жасай отырып жүргізіледі.(қашан, кіммен және кімнен қан үлгілері алынды);

      2) қан үлгілері, саусақтан және шынтақ тамырынан 3-5 мл-де арнайы антикоагулянтты (натрий немесе калий тұз ЭДТА) түтікке алынады. Антикоагулянт ретінде гепаринді пайдалануға қатаң тиым салынады, себебі ол, ДНҚ амплефикация процесін баяулатады. Түтіктегі қан үлгілерін 0-ден +5 градуста сақтау және қан алған сәттен бастап 2 тәуліктен кешіктірмей зерттеуге жеткізу қажет (тасымалдау үшін мұзы бар термосты қолдануға болады).

      Ұқсастыру зерттеуі үшін қанның сұйық үлгісін алу мүмкін болмаған кезде, таза стерильді тампонда кептірілген қан ұсынылады. Осы жағдайда, қан үлгілерін 5 қабатты таза дәкеге қандай да бір антикоагулянт қоспай алу керек. Диаметрі 3 см-ден кем емес қан дағы дәкенің барлық қабаттарына сіңуі керек. Қан үлгілерін бөлме температурасындағы құрғақ жерде, күн мен жылу көзінен алыс орында кептіру қажет. Тоңазытқышта сақталғаны жөн.

      3) үлгілер, толық реквизиттері көрсетілген пакеттерге салыну қажет: пакеттердің ішіндегілерін көрсететін анық таңба, қан алуды жүргізген адамның тегі мен қолы және үлгілер орамасы, қан алынған адамның тегі мен қолы, қанды алу күні, медициналық мекеменің мөр бедері көрсетілген толық деректемелер. Жазбалар шарлы қаламмен, не болмаса арнайы маркерлермен жазылуы тиіс. Гель қаламдарын, су немесе мұзбен байланысу кезінде жазбалар шайылып кетпес үшін пайдалануға болмайды.

      4) әкелікті, аналықты тану және баланы ауыстырумен байланысты даулы істер бойынша, болжанған әке, ана және баладан қан алу бір мезгілде мамандандырылған дәрігерлік мекемеде алынып, қанды алу хаттамасы жасалады;

      5) өлген адамдардың тірі кезіндегі қан үлгілері болмағандықтан, танылмаған мәйіттерді немесе адам денесінің көріністерін ұқсастыру кезінде, табылған сүйек генотиптерін оның тікелей биологиялық туыстарының генотиптерімен салыстыру арқылы зерттеу жүргізуге болады. Ең дұрыс ұқсастыру үш ұрпақтың генетикалық байланысын орнатқан кезде қол жеткізіледі: өлген адамның ата-анасы – өлген адамның өзі – өлген адамның балалары (және олардың анасы). Осыған байланысты, барлық қандық туыстарының салыстырмалы қан үлгілері ұсынылады (ата-ана, балалар). Бір ғана ата-ана болған жағдайда, онда туыстарының (әке, ана жағынан) ағайындарының, әпкелерінің қан үлгілері ұсынылады.

      323. Молекулярлы генетикалық зерттеуді орындау кезеңдері:

      Орындалатын сараптаманың көлемін, ұсынылған объектілердің жарамдылық деңгейін анықтау, оларды ұқсастандыратын және ұқсастырушыларға сұрыптау және топтау, нөмірлеу және таңбалау, сондай-ақ бастапқы қасиеттерін сақтау бойынша шаралар қабылдау мақсатында сарапшы оларды алдын-ала қарап шығады.

      Ұсынылған материалдармен алдын ала танысу мәліметтері негізінде сарапшы келесі қағидаларды басшылыққа ала отырып, сараптама жүргізу жоспарын құрады: объектілер

      ұқсастыру процесі кезінде әрқайсысының орнымен, сондай-ақ, олардың бастапқы қасиеттерінің өзгергіштігімен анықталатын нақты тәртіппен зерттеледі.

      Әдетте алдымен зерттелетін оқиға немесе қылмыспен байланысты шығу тегі белгісіз ұқсастандыратын объектілер зерттеледі (мысалы, іздер).

      Одан кейін салыстырмалы ұқсастандыратын материал (ұқсастандыратын тұлғалардан алынған үлгілер) зерттеледі. Мүмкіндігінше алдымен шіру немесе басқа да процесс нәтижесінде ұқсасттандырылатын белгілері басқа объектілеріге қарағанда ертерек жойылуы мүмкін объектілер зерттеледі; зерттеу әдісіні таңдау кезінде сарапшы сарапшылық зерттеудің берілген түрінде қолданылатын барлық әдістердің мүмкіндігін бағалайды; одан кейін объектілердің сипатына және сарапшы құзырындағы ақпараттық-әдістемелік материалдарға сәйкес нақты жағдайда қолдануға тиімді әдісті таңдайды және оларды қолданудің тиімді реттілігін анықтайды.

      Барлық зерттеулер жүргізілгеннен кейін қойылған сұрақтарды шешу мақсатында сарапшының әдістемесіне сәйкес сарапшы анықталған белгілерді бағалап, белгілердің ұқсаттықтарын және ерекшеліктерін салыстырып, бағалап, барлық сарапшылық мәліметтер жиынтығын талдайды. Барлық зерттеулер мен талдаулардың нәтижесінде сарапшылық зерттеу қорытындысы қалыптастырылады.

45-параграф. Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу (18.1)

      324. Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық сараптама- сарапшылық зерттеу жолымен қылмыстық және азаматтық істер бойынша маңызы бар және дәлелдеуге жатқызылатын, мән-жайларды анықтауға қызмет ететін, адамның психикалық қасиетін, ондағы болып жатқан психикалық процестерін бейнелейтін, оның негізінде басталу, қызмет ету, өзгеру белгілерінің заңдылығы жатқан нақты деректерді анықтауға бағытталған тәжірибелік білімдер саласы.

      325. Психолого-криминалистикалық сараптаманың объектілеріне әр түрлі техникалық құралдардың көмегімен:

      тергеу әрекеттерін (жауап алу, көрсетпелерді орнында тексеру, ұстау, тану үшін көрсету) жүргізу сәтіндегі адамның физиологиялық және психологиялық (эмоционалдық, рухани, еріктік) күйін бейнелейтін ақпараттар, сонымен қатар жасырын тергеу әрекеттерінен;

      оның күйінің белгілі бір өзгеруін болдыратын ақпараттар (эротика, порнография, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау) түсіріп алынған заттар жатады.

      326. Сот психологиялық-криминалистік сараптама шеңберінде келесі сұрақтар шешіледі:

      тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде (жауап алу, көрсетпелерді орнында тексеру, ұстау, тану үшін көрсету, тінту) және адамның психо-эмоциялық, зияттық-еріктік күйін өзгерту мақсатымен әр түрлі құралдармен, жедел бейне жазбалармен әсер ету фактілерін анықтау;

      тергеу және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде адамның психо-эмоциялық, зияткерлік-жігерлік күйін анықтау;

      объектілерде - заттай дәлелдемелердегі (бейнефильмдер, баспа жұмыстары, графикалық файлдар, репродукциялар, суреттер) қаталдық пен зорлықты насихаттайтын порнографиялық (эротикалық) объектіге жатқызуға болатын белгілер жиынтығының бар/жоқтығын анықтау.

      327. Сот психологиялық-криминалистік сараптама зерттеуінің тікелей объектілері болып:

      1) адамның күйін өзгертетін мағыналық мазмұны бар объектілер.

      Объектілердің бұл тобына сөз-сөйлеу (вербалды) деңгейінде немесе көзбен (көзбен көру) қабылдау деңгейінде адамның не бір топ адамдардың психологиялық күйін өзгертуге әкелетін ақпарат бейнеленген топтар жатады:

      порнографиялық (эротикалық) мазмұндағы объектілер;

      қаталдық пен зорлықты насихаттайтын объектілер табылады.

      Адамның күйін өзгертуге септігін тигізетін порнографиялық (эротикалық) мазмұндағы объектілер, сондай-ақ қаталдық пен зорлықты насихаттайтын объектілер 2 нысанда ұсынылуы мүмкін:

      сөз-сөйлеу түріндегі объектілер: кітаптар, журналдар, газеттер, жеке статьялар, хаттар;

      бейнелері бар көзбен көру түріндегі объектілер: кино-бейнематериалдар, репродукциялар, суреттер, слайдтар, картиналар, мүсін өнері, компьютерлік программалар.

      2) Мазмұны адамның өзі жасаған немесе оған қатысты жасалатын белгілі бір әрекеттері кезіндегі адамның күйін, оның күйінің өзгеру процесі мен фактілерін бейнелейтін объектілер:

      Бұл топқа көру (көзбен көру) деңгейінде тергеу топтары, катысатын тергеу және жасырын тергеу әрекеттері белгілеген (сөйлесулердің, кездесулердің жедел жазбалары) әуесқой жазбалар; оған қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқан адамның психо-эмоционалдық, зияттық-еріктік күйі, сондай-ақ оның күйінің өзгеру мүмкіндігі (қабылдауы, мінез-қүлқының өзгеруі) объектілері жатады:

      әр түрлі тергеу әрекеттерін жазып белгілейтін бейнематериалдар;

      жасырын тергеу әрекеттерін белгілейтін бейнематериалдар, әуесқой жазбалар.

      3) Қосымша объектілер:

      қылмыстық (азаматтық) іс материалдары;

      жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларының көшірмелері, стенограммалары:

      бұрын физиологиялық және психологиялық күйін анықтау қажет болған адамға қатысты жүргізілген сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-психологиялық, сот-наркологиялық сараптамалардың сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;

      тергеу әрекеттерін жүргізумен байланысты емес жағдайларда нақты адамның мінез-құлқының шартты-еркін үлгілері: әуесқойлық кино-, бейнежазбалар. психологиялық тестілеу жүргізу сәтіндегі әңгімелесудің бейнежазбалары (қажеттілік болған жағдайда ұсынылады);

      зерттеуге ұсынылған кино-бейнематериалдардың ілестірме құжаттамасы;

      жүргізіліп жатқан түсірілімдердің жағдайлары туралы әр текті анықтамалық ақпарат (уақыты, орны, түсіру фактісі туралы шегенделетін адамның хабардарлығы, бұрын жүргізілген түсірілімдердің жүйелілігі мен саны);

      сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті ақпараты бар іс материалдары - бейнематериалдарды алудың көзі; түсірілетін бейнежазбалардың мақсаты; жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерінің (уақыты, орны) бейнежазбаларды жүргізген жағдайлары.

      328. Сот психологиялық-криминалистік сараптама шеңберінде шешілетін сұрақтар:

      1) Күйді өзгертуге әкелетін объектілерді зерттеу:

      ұсынылған материал порнография болып табыла ма?

      ұсынылған материал эротика болып табыла ма?

      ұсынылған өнім қатігездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын объектілерге жата ма?

      2) Адамның күйін, оның күйінің өзгеруін бейнелеген объектілерді зерттеу:

      бейне жазба ұсынылған уақыттағы адамның психологиялық-эмоционалдық күйі қандай;

      бейне жазба жазылған уақытта адамның зияткерлік-жігерлік күйі өзгерді ме;

      оның әңгімесі еркін бе немесе ол жаттап алған, алдын ала дайындалған мәтіннің әсерін көрсете ме;

      бейне жазбаны түсіру кезінде адамның беріп жатқан жауабының/оның әңгімесінің мағынасын өзгерту мақсатында әңгімелесуші тарапынан оған психилогиялық қысым жасалған ба;

      бейне жазбаға түсіру кезінде адамның вербалдық емес сипаттамасы қандай;

      таймер көрсеткіші "" бастап "" дейінгі сәттердегі бейне жазбада бейнеленген бет қимылдарының мағынасы мен мақсаты қандай;

      Жоғарыда келтірілген объектілер, міндеттер, сұрақтар тізімі бағдарлық сипатта болады, әрбір нақты жағдайда жауабы іс бойынша жаңа ақпарат бере алатын сұрақтарды таңдау қажет. Сондай-ақ, одан да басқа сарапшының құзырына кіретін мәселелерді, не болмаса өзге де білім саласынан маманды тартуды талап ететін күрделі сипаттағы мәселерді шешуге мүмкіндік бар.

      329. Психологиялық-криминалистік зерттеулер жүргізуге материалдарды ұсынған жағдайда, мына төмендегі шарттарды сақтау қажет:

      сараптама тағайындайтын адам қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті ақпараттары бар нақты объектілермен барлық мүмкін болатын айлалы әрекеттерді жоюға шаралар қолдануы керек (бейне қайта жазу аппаратурасының "Рlау" командасына басқа, қандай да бір режимде бейнекассеталарды көруді; зерттелетін кинопленка форматына сәйкес келмейтін проекциялық аппаратурадан кинотаспаларды қарауды);

      бейнематериалдар жеке пакеттерге буып-түйіліп, осы ақпараттың мазмұны туралы тиісті жазбаларымен бірге жіберілуі керек.

      Бұдан бөлек, қаулыда, ұйғарымда немесе ілестірме хаттарда бейнеақпаратты - бағдарламаның белгілі бір түрін өндеудің ерекше режимдерін сақтау қажеттілігі туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

      Объектілерді қандай да бір механикалық әсер ету арқылы өзгертуге қатаң тыйым салынады. Бейнематериалдарды поштамен жіберу үшін оларды механикалық және өзге де зақымданудан сақтайтын қатты материалға буып-түю керек;

      Ақпаратты тасығыш материалдардың мүмкін болатын магнитсізденуден, сол арқылы ондағы бар ақпарттардың жойылуынан сақтайтын шаралар қолдану қажет. Оларды электр көздерінен, магнит өрісінен алыс орында сақтау керек;

      Егер бейнематериалдарды қайта көшіру үшін арнаулы аппаратура қажет болса, онда оны сараптама тағайындайтын адам ұсынуы тиіс.

      Жасырын камера арқылы түсірілген бейнематериалдар ұсынылған жағдайда, дыбыстың сапасы нашар болуы мүмкін болатындықтан стенограмманы ұсыну қажет.

      330. Осы зерттеу түрінің ерекшеліктері:

      1) Әрекеті, мінез-құлығы, күйі тұрғысынан бағалау тұрғысынан сот психологиялық-криминалистикалық сараптамасының объектілері болып - жасалып жатқан тергеу әрекетерінің динамикасындағы адамды немесе адамдар тобын бейнелейтін кино-, бейнесуреттер табылады.

      Жеке тұлға ретінде нақты бір адам немесе адамдар тобы психологиялық-криминалистикалық сараптамасының объектілері болып табылмайды.

      2) Сот психологиялық-криминалистикалық сараптамасы шеңберінде адамға немесе адамдар тобына гипноздық әсер жасалғанын анықтаумен байланысты материалдар зерттелмейді.

      3) Адам өлтіру және зорлау істері бойынша сот психологиялық-криминалистикалық сараптамасы, егер адам есі дұрыс деп танылған жағдайда және онда психикалық ауытқушылықтар анықталмаса тек психологиялық-психатриялық сараптаманың қорытындысынан кейін жүргізіледі; ал басқа барлық істер бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерден анықтама ұсыну қажет.

      4) Сот психологиялық-криминалистикалық сараптамасы шеңберінде кәмелетке толмағандардың күйін анықтауға қатысты тиісті зерттеу әдістемесі жоқ болуына байланысты зерттеулер жүргізілмейді.

46-параграф. Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу (18.2)

      331. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы – автордың ауызша және/немесе жазбаша сөздер арқылы әртүрлі хабарламаларды қалыптастыру мен жеткізудегі жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатында әртүрлі мәтіндік материалдардың нысанын және мағыналық мазмұнын, сонымен қатар қарым-қатынасқа қатысушылардың коммуникативтік өзара іс-қимылдарының ерекшеліктерін де зерттеуге бағытталған тәжірибелік қызмет саласы.

      332. Осы аталған сараптама түрінің объектілері мәтіндер, сөздер, дискурс болып табылады.

      Психологиялық-филологиялық сараптаманың тікелей объектілері болып мыналар табылады:

      қазіргі заманғы полиграфия құралдарының көмегімен түсіріліп алынған мәтіндер, сонымен қатар интернет-қатынасы: кітаптар, кітапшалар, бұқаралық ақпарат құралдарында басылатын жарияланымдар, нақты адамға немесе бір топ адамға арналған үнқағаздар, плакаттар түрінде орындалған хабарлар;

      әр түрлі аудио-, бейне дазбалар;

      дербес компьютерлердің жадындағы, компакт-дискілердегі, флеш-карталардағы, басқа да электрондық тасымалдағыштардағы, сондай-ақ "Интернет" жүйесінің беттерінде берілген мәтіндік файлдар және/немесе олардың басып алынған түрлері;

      ауызша немесе жазбаша тіл құралдарымен - хаттар, сөз сөйлеу, аудио- бейнежазбалар арқылы орындалған нақты тұлғаға жеке хабарлама, сондай-ақ әр түрлі техникалық құралдардың көмегімен орындалған (телефонмен сөлесу);

      белгілі бір даулы жағдайларда мағынасыздықты сипаттайтын жеке тіл құрылымдары мен/немесе сөйлемшелері табылады.

      Психологиялық-филологиялық сараптаманың қосымша объектілері:

      мамандандырылған сараптамалық зерттеуді жүргізудің негізгі себебі болып табылатын оқиға сипатталатын сараптаманы тағайындаған органның қаулысының, ұйғарымының нұсқаулық бөлімінің мазмұны;

      қандай да бір нақты адамның жүргізетін әрекеттерінің немесе оған қатысты өзге адамның (өзге адамдардың) жасайтын әрекеттерінің сөзбе-сөз немесе стенографиялык сипаттамасы бар қолжазбалық, баспа материалдары: қандай да бір хаттамалардың, стенограммалардың көшірмелері; әр түрлі түсініктемелер, зерттелетін даулы және жанжалды жағдайларға қатысушы - тараптардың қарсылығы;

      құрамында келесілер болатын:

      зерттеуге ұсынылатын аудио-, кино-, бейнематериалдардың ілестірме құжаттамалары;

      объектілерді алудың көздері туралы мәліметтер;

      түсірілімді жүргізудің жағдайлары туралы әр түрлі анықтамалық ақпарат (уақыты, орны, жағдайы).

      333. Психологиялық-филологиялық сараптаманың міндеттері мыналар болып табылады:

      мәтіннің, жеке сөздердің ортақ бағытын анықтау, олардың сипаттамасы;

      авторлық жеке ұстанымды жеткізудің ұғынымдылығы тұрғысынан алғандағы баяндалудың нысанын анықтау, мәтінде жасырын, жанама мағынаның бар/жоқтығын анықтау;

      зерттелетін объектілердің баяндалу стилін, адамның абыройын кемсітуге немесе адамгершілігін түсіруге бағытталған нормативті емес сөйлемшелерді пайдалануын анықтау;

      лексемалардың, сондай-ақ тілдік құрылымдардың қазақ, орыс тілдерінің нормаларына сәйкестігін/сәйкессіздігін анықтау;

      пайдаланылатын баяндау нысаны мен сөйлеудің сипатын, сөйлеу дағдыларын пайдаланудың дәрежесін: грамматикалық, стилистикалық, синтаксистік және тағы басқа зерттеу;

      ұсынылған материалдардың адамның (адамдар тобының) эмоционалдық, еріктік аясына, жалпы санасына әсер етуінің психологиялық аспектісін анықтау;

      адамның діни ұйымға психологиялық тәуелділігін қалыптастыру мақсатында әр түрлі амал-тәсілмен әсер етудің фактісін анықтау;

      сөйлеушінің коммуникативті ниетін анықтау;

      әңгімеге қатысушылардың арасындағы қарым-қатынастың сипатын анықтау (ресми, бейресми);

      коммуникативті ұстанымын анықтау (белсенді, енжар);

      коммуниканттардың сатылық рөлдерін анықтау (тең және тең емес қарым-қатынастарын);

      ортақ әңгімені анықтау;

      белгілі бір әрекеттерді жасауға итерген белгілердің болуын/болмауын анықтау;

      қоқан-лоққы белгілерінің барын/жоғын анықтау;

      белгілі бір мағыналы компоненттің болуын/болмауын анықтау;

      эксплициттік (ашық) және имплициттік (жабық, жанама) ақпараттарды анықтау.

      334. Сот психологиялық-филологиялық сараптама шеңберінде шешілетін сұрақтар:

      зерттеуге ұсынылған мәтіннің жалпы бағыттылығы қандай;

      жеке тұлғаны теріс бағалайтын мәтін бар ма, егер бар болса, ол әдепсіз нысанда білдірілген бе;

      жеке адамға қатысты айтылған пікір қорлау сипатында ма;

      зерттеліп жатқан объектіде обсцентті немесе өзге инвективті лексикаға жататын сөздер бар ма;

      мәтінде пайдаланылатын сөздер мен сөйлеу үйлесімі қазақ, орыс тілдерінің әдеби нормаларына сәйкес келеді ме;

      мәтінде жасырын немесе жанама мағына бар ма; Егер бар болса, ол қалай білінеді;

      адамның (адамдардың) бұқараның санасына, жай-күйіне, пікіріне, ойына, тәртібіне психолгиялық ықпалы қандай;

      ұсынылған материалда, қайырымдылық арқылы психологиялық тәуелділік қалыптастыруға бағытталған ойлар бар ма;

      материалдарды зерттеу және талдау кезінде, қоғамдастық пен көшбасшының қозғалыс мүшелерінің психилогиялық тәуелділігін қалыптастыруға талпынғандығы туралы айтуға бола ма;

      Т.А.Ә беделіне қатысты мәлімет кері қоғамдық пікірді қалыптастыруға әсер ету мүмкіндігі бар ма;

      зерттелетін басылымда нақты бір адамның абыройын, адамгершілігін және іскерлік атағын даттайтын мәліметтер бар ма; Аталған мәлімет, нақты қай пікірде айтылған;

      мәтінде жағымсыз мәлімет бар ма;

      жағымсыз мәліметтер, пайымдаулар, жорамалдар, пікірлер қандай нысанда айтылған;

      мәтінде нақты адамның моральдық және құқықтық нормалар мен принциптерді бұзғаны туралы пайымдау нысанындағы мәліметтер бар ма;

      жарияланымның мәнмәтініндегі сөзі қандай мағынада қолданылған;

      жарияланым кейіпкерлерін теріс сипаттау үшін автор қандай әдеби тілдердің бейнелі-мәнерлі тәсілдерін қолданған;

      зерттеуге ұсынылған мәтінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен басып алуға немесе күштеп өзгертуге шақыратын үндеулер бар ма;

      жарияланым мәтінінде ұлтаралық, діни, нәсілдік, рулық, әлеуметтік өшпенділік немесе араздықты қоздыратын белгілер бар ма;

      мәтіндегі белгілі бір ұлттың өкілдеріне қатысты тіл тигізу сипатында айтылған пікірлер бар ма;

      мәтінде бір ұлттың, діннің басқалардан ерекшелігі, басымдығы, не толыққанды еместігі туралы айтылған пікірлер бар ма;

      құрамында белгілі бір ұлттың тұлғаларына, бір әлеуметтік, діни, рулық, нәсілдік топтың басқаларына қарсы өшпенділік немесе зорлық әрекеттеріне шақыратын, түрткілеу сипатында айтылған пікірлер бар ма;

      тауар таңбаларының зерттелетін сөздік белгілерінің семантикалық мағынасы қандай;

      тауар таңбаларының сөздік белгілерінің фонетикалық сипаттамасы қандай;

      әңгімелесушілердің коммуникативтік ролі қандай, олардың қайсысы өте белсенді, ал қайсысы өте енжарлық коммуникативтік орын ұстанған;

      әңгімелесу мәтіндері ортақ тақырыпқа жатады ма;

      әңгімелердің мәтінін лексикалық-синтаксистік саралау, әңгімеге қатысушылардың қандай қарым-қатынаста (ресми, бейресми) болып отырғанын анықтауға мүмкіндік бере ме;

      әңгімеге қатысушылардың арасында иерархия (лауазымдық саты) мен ролдерді бөлісу белгісі айқындалған ба;

      әңгімелердің мәтінін лексикалық-синтаксистік саралау, әңгімеге қатысушылардың бір-бірімен түсінікті тақырыпта сөйлесіп отырғандығын анықтауға мүмкіндік бере ме;

      әнгімелердің мәтінінде бір нәрсені, қорқытуды талап ететін мағыналық компонент бар ма;

      әнгімелердің мәтінінде белгілі бір мағыналық компонент бар ма;

      әнгімелердің мәтінінде қандай бір нәрсеге итермелейтін белгілер бар ма.

      335. Аталған объектілердің, міндеттердің, сұрақтардың тізімі бағдарлық сипатта келтірілген, әрбір нақты жағдайда жауабы іс бойынша жаңа ақпарат бере алатын сұрақтарды таңдау қажет. Сондай-ақ, одан да басқа сарапшының құзырына кіретін мәселелерді, не болмаса өзге де білім саласынан маманды тартуды талап ететін күрделі сипаттағы мәселерді шешуге де мүмкіндік бар.

      Объектілерді қандай да бір механикалық әсер ету арқылы өзгертуге қатаң тыйым салынады.

      Ақпаратты тасығыш материалдардың мүмкін болатын магнитсізденуден, сол арқылы ондағы бар ақпарттардың жойылуынан сақтайтын шаралар қолдану қажет. Оларды электр көздерінен, магнит өрісінен алыс орында сақтау керек.

      Егер бейнематериалдарды қайта көшіру үшін арнаулы аппаратура қажет болса, онда оны сараптама тағайындайтын адам ұсынуы тиіс.

      336. Аталған зерттеу түрінің ерекшеліктері:

      Идеология, теология, философия, құқықтану саласындағы мамандандырылған білімді пайдалануды талап ететін міндеттер мен сұрақтарды шешу сот психологиялық-филологиялық сараптама құзыретіне кірмейді.

      Бейне объектілерді өзгерту мүмкіндігін болдырмау мақсатында- электронды ақпаратты таситын материалды жеткізгіштерді, қажетті аудио-, бейнефайлдардың көшірмесін тиісті тәртіпте заңдастырылған күйде зерттеуге ұсыну қажет, сондай-ақ электронды байланыс құралдары объектілерінің скрин-шоты.

      Діни сипаттағы объектілері сот-дінтанушылық сараптама шеңберінде зерттеу орынды болады.

47-параграф. Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу (18.3)

      337. Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу жол-көлік оқиғасы жағдаяттары туралы қылмыстық және әкімшілік істер бойынша жүргізіледі.

      338. Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеумен келесі жағдайлар анықталады:

      ЖКО алдында және ЖКО кезінде жүргізуші қызметінің ерекшеліктері (мақсаты, себебі, әрекеті және жүргізушінің шапшандығы), сондай-ақ олардың жалпы психофизиологиялық жүйелікке сәйкестігі;

      тексеру сәтіндегі жүргізушінің көру қабылдауы мен реакциясының жеке ерекшеліктері;

      ЖКО қатысы бар жүргізушінің кәсіби қызметінің ерекшеліктері;

      ЖКО орын алуына ықпал еткен психологиялық сипаттағы құбылыс;

      339. Сараптаманың объектілері болып:

      жүргізушінің жеке басы, оның көлік құралын жүргізу бойынша психикалық әрекеті, ЖКО себебі болуы мүмкін психикалық жағдайы, процесі, қасиеті, жүргізушінің функциясы;

      ЖКО орын;

      ЖКО жағдайы алдында және кезінде жүргізуші қызметінің талаптары;

      ЖКО жағдайлары туралы психиологиялық ақпаратты қамтитын материалдар, сараптама тақырыбына қатысты істің басқа да материалдары табылады.

      340. Сараптаманың шешуіне қойылатын сұрақтардың шамамен алғандағы шеңбері жүргізуші психикасының үш өрісімен анықталады:

      ақпаратты қабылдау, назар аудару, өндеу, сақтау процестерінің ерекшеліктері мен оған деген реакциясымен;

      жүргізушінің психикалық жағдайының ерекшеліктерімен;

      жүргізушінің жеке басының мінез-құлқымен және төмендегідей:

      1) жүргізушінің қараңғылыққа бейімделу ерекшеліктерін ескере отырып, жарықтылығы бір учаскіден басқаға өту кезінде, түнгі уақытта, төмен және нашар жарықтылық жағдайындағы жол қозғалысы ортасында объектілерді дұрыс қабылдауға мүмкіндігі болды ма;

      2) ЖКО орын алған кездегі нақты жағдайларды және жүргізушінің көру жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қоғалыс қауіпсізідігі үшін маңызы бар, жол-көлік жағдайының өзгеру белгілерін және жол қозғалысы ортасында объектілерді дұрыс қабылдауға мүмкіндігі болды ма;

      3) жүргізушінің түсті көру жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізуші белгілі бір түсті фонда (күннің, қызыл және жасыл қабырғаның және басқа да ) бағдаршамның тыйым салу белгісін көрмей қалуы мүмкін бе;

      4) жүргізушінің көру және көзмөлшерінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, көлденен немесе бойлай бағытта қозғалып келе жатқан автокөліктің түсі, жүргізушінің осы автокөлікке дейінгі қашықтықты қабылдауға қалай әсер еткен;

      5) жүргізушінің көзі шағылысқаннан кейін, көзі қалпына келудің жеке-псхофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізуші көзі шағылысқаннан кейін (әйтеуір бір қарқындылықта) жол қозғалысы ортасында объектілерді дұрыс қабылдауға мүмкіндігі болды ма;

      6) жүргізушінің көру ерекшеліктерін ескере отырып, жарықтылығы аз (жарықтылығы жоқ) орында жаяу өтпе жолдың бөлігінен тыс жүретін жол бөлігін кесіп өткен жаяу жүргіншінің пайда болуы, жүргізушінің қабылдауына қалай әсер ете алды, алда бірақ жарықтылығы айқын объект (театр, кинотеатр, дүкен, алаң және осыған ұқсас) орналасқан;

      7) ЖКО орын алған кездегі нақты жағдайларды және жүргізушінің көру көзмөлшерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін қажетті қашықтықты, аралықты, дистанцияны, айналу бұрышын және тағы басқа жүргізушінің дұрыс бағалауға мүмкіндігі болды ма;

      9) ЖКО орын алған кездегі жағдайларды және жүргізушінің назар аудару жеке ерекшеліктерін (оның көлемі,бөлу,қосу,тұрақтылық) ескере отырып, жүргізушінің жүру үшін дер кезінде қауіпті көруге мүмкіндігі болды ма;

      10) ЖКО орын алған кездегі жағдайларды және жүргізушінің көру есінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жол-көлік жағдайын дұрыс бағалауға және оны есіндегісі бойынша дұрыс көз алдына келтіруге мүмкіндігі болды ма;

      11) ЖКО орын алған кездегі жағдайларды және жүргізушінің әрекет ету жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін (шапшаңдығын, дәлдігін және басқаларын) ескере отырып, жүргізушінің қауіптілік пайда болғанда дер кезінде объектінің қауіпсіз қозғалысы үшін қажетті шаралар қолдануға мүмкіндігі болды ма;

      12) ЖКО орын алған кездегі жағдайларды және жүргізушінің әрекеті мен қызметінің бір түрінен басқаға ауысу жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізушінің қауіптілік пайда болғанда дер кезінде объектінің қауіпсіз қозғалысы үшін қажетті шаралар қолдануға мүмкіндігі болды ма;

      13) ЖКО орын алған кездегі жағдайларды (аландатушылық әрекеттер факторлары) және жүргізушінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізушінің дер кезінде қозғалыс үшін қауіпті объектіні көруге және оған төтеп беруге мүмкіндігі болды ма;

      14) ЖКО орын алған кездегі жағдайларды (ұғыну және шешім қабылдау үшін уақыттың жеткіліксіздігі) және жүргізушінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізушінің дер кезінде қозғалыс үшін қауіпті объектіні көруге және оған төтеп беруге мүмкіндігі болды ма;

      15) Жүргізушінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ЖКО алдындағы оқиғалар (жұмыс орнындағы, отбасындағы жанжал, автокөлікті басқару кезінде және тағы басқа) жүргізушінің жол-көлік жағдайы мен ондағы әрекеттерге баға беруіне айтарлықтай әсер етіп, психикалық жағдайды тудыруы мүмкін бе? Қандай нақты әсер болуы мүмкін;

      16) ЖКО орын алған кездегі жағдайларды және жүргізушінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізуші жол қозғалысы ортасында бағдарын жоғалтып алуы мүмкін бе;

      17) ЖКО алдындағы (немесе ЖКО кезіндегі) жағдайларды және жүргізушінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ЖКО кезінде психикалық күйзеліс жағдайында болуы мүмкін бе; мүмкін болса, осы жағдай, қалай оның кәсіби функцияларын орындауына әсер еткен;

      18) ЖКО орын алған кездегі жағдайларды және жүргізушінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізуші өзін-өзі ұстауды және өз іс-әрекетіне бақылауды жоғалтуы мүмкін бе;

      19) ЖКО орын алған кездегі жағдайларды және жүргізушінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізушінің еңбек ету қабілеті төмендеу жағдайда болуы мүмкін бе; мүмкін болса, бұл жағдай қалай белгіленген және қалай ол, оның кәсіби функцияларын орындауына әсер еткен;

      20) ЖКО орын алған кездегі жағдайларды (біркелкілік қозғалыс) және жүргізушінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізуші "тежелінген жағдайға" түсуі мүмкін бе?; мүмкін болса, қалай ол, оның кәсіби функцияларын орындауына әсер еткен;

      21) ЖКО орын алған кездегі шарттарды (біркелкілік қозғалыс) және жүргізушінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерін (оның мінез-құлқын, қызбалығын және тағы басқа) ескере отырып, ЖЖЕ бұзумен байланысты (айрықша жүріп өтуге құқығын пайдаланған автокөлікті жіберу; жылдамдықты жоғарлатпау және тағы басқа) ЖКО болдырмауға мүмкіндігі болды ма:

      22) жүргізушімен қабылданған шешім (тежеудің және алда келе жатқан автокөлікпен соғысудың орнына оңға қарай тратуарға адамдарға бұрылу және тағы басқа), жеке басының белгілі бір жеке ерекшеліктерінің салдары немесе қандай да бір себептердің (тәжірибесі жоқ) нәтижесі болып табыла ма;

      23) ЖЖЕ жүйелі бұзуға ықпал ететін, жүргізушіде жеке-психофизиологиялық ерекшеліктер бар ма;

      24) жүргізуші қауіп қатерге әуес пе және өзімен қабылданған, ЖКО әкеп соқтырған шешім сонымен байланысты ма;

      25) осы жағдайда, жүргізушінің ЖКО жасауға ықпал еткен, мінез-құлқының ерекшелігі мен басқа адамдарға деген қарым-қатынасының өзгешелігі бар ма;

      Осы жағдайларда, тергеушіге жүргізушінің ЖКО кезіндегі мінез-құлқы ақылға қонымсыз жағдайда ұсынылса, тергеуші күмәнданса, жүргізуші өзінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерімен "орташа" болып табылса, жауаптары істің жағдайын нақтылауға ықпал ететін келесі типтік сұрақтарды қоюға болады.

      26) жол-көлік жағдайын және ондағы алаңдатушылық факторлар, психикалық қиналу жағдайы, күйзеліс факторлары бола тұра әрекеттерді дұрыс бағалауын қиындататын немесе мүмкіндік бермейтін, жүргізушінің назар аудару, қабылдау, есте қалу, төтеп беру, ойлау, көз мөлшері, түсті айыру ерекшеліктері (бір немесе бірнеше ерекшеліктер көрсетіледі) бар ма;

      27) ЖКО жағдайларын ескере отырып, туындаған ЖКО-мен байланыстыруға болатын жүргізушінің жеке-психофизиологиялық ерекшеліктері бар ма.

      341. Сот инженерлік-психофизиологиялық сараптаманы тағайындау үшін материалдарды дайындау ерекшеліктері.

      ЖКО туралы істер бойынша сот инженерлік-психофизиологиялық сараптаманы автотехникалық сараптамадан кейін тағайындау қажет және егер сарапшы осы көлік құралын жүргізушінің ЖКО алдын алуға техникалық мүмкіншілігі болғандығы туралы тұжырымға келген жағдайда ғана.

      Сарапшылар ЖКО кезіндегі жүргізушінің психикалық жағдайының немесе реакциясы уақытының үзілді-кесілді нысанда белгілеуге құқығы жоқ.

      Сот–сараптамалық психофизиологиялық зерттеуге жүргізушінің есінен танып қалуымен, ішімдікке, есірткіге масаю жағдайында жүргізуімен, сырқаттылық жағдайымен байланысты ЖКО туралы қылмыстық істерді жолдау қажет емес, себебі осы жағдайлар басқа сараптама түрлерінің құзырына кіреді.

      Жүргізушінің кәсіби дағдысының қалыптасу денгейі жол-көлік жағдайының талаптарына сәйкестігі туралы сұрақтарды қою қажет емес, себебі мұндай жағдайлар сараптаманың басқа түрлерінің құзыретіне кіреді.

      342. Сарапшының қарауына төменде көрсетілген екі бөлімнен тұратын "Бастапқы дерек" бланкісін ұсыну ұсынылады: 1) автокөлікке және жол қозғалысы ортасына қатысты бастапқы деректер; 2) жүргізушіге қатысты бастапқы деректер.

      Бастапқы деректер, сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу үшін қажетті:

      1) автокөлік және жол қозғалысы ортасы - көлік құралы (маркасы, моделі, нөмір белгісі);

      тасымалдау түрінің ерекшелігі;

      жүктің сипаты, (жүк немесе жолаушылар тасымалы) - жүктің құндылық дәрежесі (қауіпті, жеткізудің жеделдігі, ауқымды өлшемдер);

      жолға шығу сипаты (қалыпты немесе шұғыл);

      жұмыс уақытында жолға шығу саны;

      бір жол жүру немесе үздіксіз рөлде болу ұзақтығы;

      қозғалыс графигінің болуы, тұрақты несес тұрақты емес бағыт;

      жүргізуші тарапынан рөл мен демалған уақыттағы ара қатынасты реттейтін мүмкіндігі;

      жалпы еңбекті ұйымдастырут (жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, ауысым сипаты, іссапарда болу және олардың ұзақтығы) жол төсемінің түрі;

      төсемнің жағдайы, жол бейіні, жергілікті жердің бедері;

      жүргін бөліктің ені, қозғалыстың қатарлығы, бір немесе екі жақты қозғалыс, қозғалыстың қарқындылығы, ЖКО орнына жақын жердегі жол белгілері, сілтемелер, белгілер (нақты қандай);

      жүргін бөлікке жақын бұталар, ағаштар, үйлер (жоқ болуы);

      ЖКО автокөлік қозғалысының бағыты бойынша қозғалыс қатарындағы оң жақ жиегінен, сол жақ жиегінен қашықтықта жасалған;

      ЖКО жақын жердегі реттелетін (реттелмейтін), өтетін жерде, қиылыста, қоғамдық автокөлік аялдамасында, басқа да жерде жасалған;

      ЖКО орны;

      ЖКО түрі;

      жүргізуші үшін жол мен жол жағдайы;

      таныс (таныс емес) жол, дағдылы, күрделілінген, күрделі, үйреншікті емес, басқа да;

      жолдың көрінуі;

      жүргін бөліктің және жанындағы кеңістіктің жарықталуы;

      жасанды жарықтардың бар болуы (нақты қандай);

      алдыңғы, артқы, бүйір терезелерінің жағдайы;

      фарлардың, габаритті оттардың, жарықты шағылыстыратындардың жағдайы;

      жалюзи, перделердің бар болуы, терезенің артқы түрінің болуы, кабинада сәнді құралдардың болуы (нақты қандай, оның орналасуы, көлемі);

      автокөлік ішінен айналаны көруге кедергі келтірген зат;

      автокөліктің боуының түсі;

      ЖКО тежеумен,тежеусіз жасалған;

      автокөліктің қозғалыс жылдамдығы;

      көлік құралымен жаяу жүргіншіні соғу, қозғалмайтын кедергі келтірген (қай бөлігімен);

      ЖКО қарастырылып жатқан автокөлік қозғалысы бағытына қатысты жаяу жүргіншінің, көлік құралының бағыты;

      жаяу жүргінші өтті, жүгіріп өтті, күтпеген жерден шыға қалды (аттады);

      жаяу жүргінші жылдамдығын өзгертті (өзгертпеді);

      қарама-қарсы немесе бағыттас көліктің, тоқтап тұрған көліктің (объектінің), басқа да кесірінен күтпеген жерден, бөлетін газонның жиегінен жаяу жүргінші пайда болды;

      жаяу жүргіншінің жасы;

      жаяу жүргіншінің жынысы;

      кедергі жасаған көлік құралының пайда болу орны: сол, оң, қиылыс, өтпелі жол, қарама - қарсы, бағыттас;

      кедергі жасаған көлік құралының қозғалыс жылдамдығын өзгертуі (азайтуы, көтеруі);

      кедергі жасаған көлік құралы бояуының түсі;

      ЖКО күні;

      ЖКО уақыты (0-4, 5-7, 8-16, 17-19, 20-22, 23-24);

      аптаның күні;

      үзіліссіз қозғалыс қай сағатта.

      2) Жүргізуші: жасы, білімі; тұрғылықты жері;

      жұмыс орны;

      кәсіби, әуесқой;

      жүргізу дағдысын қайда және қашан алды;

      басқара алатын көлік құралының категориясы;

      жүргізудің жалпы өтілімі;

      жүргізушінің сыныбы;

      жүргізуші өтілі басталғаннан бастап ЖКО саны;

      жүргізуші өтілі басталғаннан бастап бұзған ЖЖЕ саны, әкімшілік жаза мен санкциялардың (соңғысы және не үшін) саны;

      алғыстар мен марапттардың саны (соңғысы және не үшін);

      жұмыс орнынан мінездеме (оң, теріс, бейтарап, қарама-қайшы);

      тұрғылықты жері бойынша мінездеме (оң, теріс, бейтарап, қарама-қайшы);

      бұрын сотталған ба (сотталған болса, не үшін);отбасы жағдайы;

      балалар саны;

      жүргізуші ЖКО алдын алу мақсатында дыбыстық және жарықтық белгілер берді, тежеді, маневр жасады, жылдамдықты көбейтті;

      салондағы жолаушылар саны, олармен әңгімелесу;

      ЖКО алдында радио, жанр хабарлары қосулы болы ма;

      жүргізушінің ЖКО алдында әрекеті (темекі шекті, терезені сүртті, жолаушылармен сөйлесті және тағы басқа);

      ЖКО кейін жүргізуші: ЖКО қауіпсіздігі және жараланғандарға көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қолданды;

      ЖКО өзінің қатысқанын жасыру (ЖКО болған жерден кетіп қалу, автокөліктегі ақауларды жойды, алиби дайындаған);

      күйзеліс жағдайында болды;

      басқа да;

      ЖКО болған орында (куәгердің, мемлекеттік көлікинспекцияның, медбикелердің айтуынша) балағаттады, жағдайды көп сөйлеп түсіндірді, тұтықты;

      қозғалмайтын, жаңғалақ болды, ымдады, басқа да;

      жүргізушіні сұрауға алу кезінде ЖКО жағдайы туралы толық баяндады, болған толық, егжей-тегжейлі, майда-шүйдесіне дейін еске түсіруге талпынды;

      жалтарып жауап берді, жауабын өзгертті, әр жолы жаңадан деректерді келтірді, ЖКО суретін басқаша баяндады;

      ақиқат деректерді теріске шығарды, фактілерді даулады, тергеушіні ауыстыру туралы талаптар қойылды, өзінше ештенені есіне түсіре алмады, ЖКО сүретін түсіндіре алмады;

      ЖКО жасаған көлік құралын жүргізу өтілімі;

      үзілістер саны, оның ұзақтығы;

      ЖКО схемасы (жүргізушінің қабылдауы бойынша).

      Бланкінің бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді тергеуші материалдың бастапқы құжаттары бойынша жинайды (ЖКО туралы анықтама, көлікті, ЖКО қарау хаттамалары және оның схемалары). Жүргізуші туралы бастапқы деректер негізінде басқа тергеу әрекеттерімен де анықталады (жауап алу, жұмыс орнына, тұрғылықты жеріне сұраулар ұйымдастыру).

48-параграф. Сот-экологиялық сараптама (19)

      343. Сот-экологиялық сараптамасының (бұдан әрі - СЭС) мәні – қоршаған ортаға негативтік антропогендік әсер етуді айғақтайтын нақты мән-жайларды анықтау.

      344. Сот-экологиялық сараптаманың объектілері экологиялық құқық бұзушылық туралы ақпараты бар материалдық көздер және қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті ақпараты бар материалдық емес көздер болып табылады.

      Сот-экологиялық сараптаманың объектілері:

      негативтік антропогендік әсер ету белгілері табылған оқшауланған жер телімі;

      қоршаған ортаның антропогендік бұзылған объектісі шегінде таңдап алынған атмосфералық ауа, су, топырақ сынамалары;

      негативтік антропогендік әсер етуге ұшыраған флора және фауна үлгілері;

      қарастырылатын оқиға болған орыннан механизмдер, құрал-жабдықтар не деталдар;

      техникалық құжаттамадан және объектілердің экологиялық күйін тексеру актілерден мәліметтер;

      санитариялық-эпидемиологиялық, табиғат қорғау және өзге де арнайы уәкілетті органдардың қоршаған орта объектілерін тексеру нәтижелері;

      сараптама тақырыбына қатысты қылмыстық іс материалдары.

      345. Сараптама жүргізуге қажетті құжаттар шартты түрде 3 топқа бөлінеді:

      қызметкерлері экологиялық ережелерді (санитариялық-эпидемиологиялық және тағы басқа) бұзған кәсіпорын құжаттары (жобалу, техникалық, пайдалану) өкімдер, кезекшілік, профилактикалық қарау, еңбек техника қауіпсіздігі журналдары және тағы басқа);

      қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының және өзге де органдардың құжаттары, соның ішінде актілер, ұйғарымдар, экологиялық сараптама қорытындылары, анықталған бұзушылықты жою туралы қабылданған шаралар туралы құжаттар;

      осы құжаттар сол кәсіпорынның өзінен, сондай-ақ экологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырушы органнан да алынуы мүмкін;

      экологиялық нормалау және стандарттау құжаттары;

      а) қоршаған ортаның сапа нормативтері;

      б) қоршаған ортаның күйіне зиянды әсер етудің шектеулі болатын нормативтері;

      в) табиғат ресурстарын пайдалану (алу) нормативтері (табиғатты пайдалану лимиттері, жерлерді қайтарудың лимиттерімен нормалары, ағаштарды дайындаудың лимиттері);

      г) санитариялық және қорғау аймақтарының нормативтері (қорықтар, ұлттық саябақтар, ірі қалалар жасыл айммақтары, орман бақ қорғаулары, табиғат қорғау аймақтары, экологиялық апат аймақтары және тағы басқа);

      д) экологиялық стандарттар – қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетін жаңа техника, технологиялар, заттар мен өзге де өнімдерге қатысты мемлекеттік стандарттармен белгіленген экологиялық-құқықтық талаптар.

      346. Осы сараптамалық зерттеудің міндеттері:

      негативтік антропогендік әсер ету көзінің түрі және орналасқан жерін;

      қоршаған ортаға уақыттық және кеңістікте келеңсіз антропогендік әсер ету сипаттамаларын;

      негативтік антропогендік әсер ету механизмін;

      негативтік антропогендік әсер ету масштабтарын, сондай-ақ келеңсіз антропогендік әсер етуді күшейтуге септігін тигізетін жағдайлар мен мән-жайларды;

      табиғатты қорғау заңнамасын бұзумен, потенциалдықауіпті объектілерді пайдалану жағдайларын және қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы арнайы уәкілетті адамдардың адам денсаулығына зиян (адам өлімі) немесе өзге де ауыр зардаптар келтіруге себепші болған әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) байланысты мән-жайларды анықтау болып табылады.

      СЭС сәйкестендірушілік міндеттеріне:

      зерттелетін объектілердің (қарастырылатын оқиға болған оқшаулы жермен тығыз байланысты) ортақ (әр түрлі) топтық қатыстылығын анықтау;

      қарастырылатын оқиға болған орын, қоршаған орта объектілерін ластаған заттардың жалпы шығу көзін анықтау жатады.

      СЭС диагностикалық міндеттеріне:

      ластаушы заттарды табу;

      объектінің қасиеттерін және күйін анықтау;

      объктілердің уақытын, орнын, тіршілік етуін анықтау;

      себеп-салдар байланыстарын анықтау (объекті күйінің өзгеру себептерін; оқиға жағдаятының өзгеру себептерін; іздердің пайда болу себептерін және сол сияқты);

      ластану табиғаты мен механизмін анықтау;

      экологиялық құқық бұзушылық орнын оқшаулау;

      негативтік антропогендік әсер ету дәрежесі мен масштабтарын анықтау;

      қоршаған ортаның табылған объектілерінің жарамдылығын анықтау;

      ортақ (әр түрлі) тектік қатыстылықты анықтау жатады.

      Ситуациялық міндеттерге, көбінесе диагностикалық міндеттермен, ал аз дәрежеде сәйкестендірушілік міндеттермен, сондай-ақ өзге де сараптамалар түрлерінің тиісті кластарымен өзара байланыста болатын (ЗМСС, сот-биологиялық, трасологиялық) міндеттер түршелерінің кешені жатады. Мысалы, экологиялық құқық бұзушылық механизмін анықтау (өсімдік және топырақ-геологиялық текті объектілерді зерттеу кезінде).

      Қоршаған ортаның табылған объектілерінің жарамдылығы туралы міндетті шешу салыстырылатын учаскелерден алынған үлгілердің түр тұлғасын анықтау болып табылады (алынған үлгілердің саны кеңістіктік біртексіздіктің дәрежесіне сәйкес болуы, ал ондағы заттың массасы зертханалық зерттеулер жүргізуге жеткілікті болуы тиіс). Осы міндетті шешу үшін сарапшының қарамағына үлгілерді (сынамаларды) алудың сұлбасы ұсынылуы керек, онда олардың нөмірлері, алу орны мен олардың арасындағы қашықтық, соның ішінде спутниктік-навигациялық жүйелерді (GPS) пайдаланумен жергілікті жердің координаттары көрсетілуі, сондай-ақ учаске сипаттамасы бар оқиға орнын қарау хаттамасы болуы тиіс.

      347. Сот-экологиялық сараптама сот сараптамаларының өз бетінше қалыптасып келе жатқан класы болып табылады, ол, өз кезегінде, топырақ-геологиялық текті объектілердің экологиялық күйін зерттеумен, табиғи және жасанды биоценоздарды зерттеумен, су объектілерінің экологиялық күйін зерттеумен ұштасатын сараптамалардың тиісті түрлеріне бөлінеді. Бұл тізбе әр түрлі экологиялық объектілерді сот-сараптамалық зерттеудің методологиялық және практикалық негіздерінің даму шарқына қарай кеңейтілуге жатады.

49-параграф. Топырақ-геологиялық текті объектілерді сот-сараптамалық экологиялық зерттеу

      348. Топырақ-геологиялық текті объектілердің сот-экологиялық сараптамасының мәні – топырақтану, геология, экология және шектес жаратылыс ғылымдары саласындағы арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталатын нақты мән-жайлар, сондай-ақ топырақ-геологиялық объектілерге әсер ету фактілері бойынша іс материалдарын зерттеу.

      349. Топырақ-геологиялық текті объектілердің сот-экологиялық сараптамасын жүргізу кезінде антропогендік әсер етудің нақты мән-жайлары анықталуы мүмкін, оның мақсаты:

      топырақ бетіне негативтік антропогендік әсер ету көзінің тұрған орнын анықтау (мысалы, оның қызметі нәтижесінде болған потенциалдықауіпті объект);

      негативтік антропогендік әсер етудің бірнеше көзін (мысалы, оқиға орнында бірнеше потенциалды қауіпті объектілердің болу жағдайында), сондай-ақ олардың топырақ бетіне негативтік әсер етуінің өзара байланыстылығы мен жүйелігін анықтау;

      топырақ бетіне негативтік антропогендік әсер етудің ұзақтығын және кейінде оның зардаптарының көрініс беру кезеңін анықтау;

      сараптамаға ұсынылған топырақ-геологиялық объектілерден қоршаған ортаның экологиялық күйіне негативтік әсер етуші ластайтын және өзге де заттардың іздері табу, сондай-ақ олардың сапалық және сандық сипаттамаларын зерттеу.

      350. Топырақ-геологиялық текті объектілердің сот-экологиялық сараптамасының объектілеріне негативтік антропогендік әсер етуге ұшыраған оқшаулы жер телімі, оқиға орнынан алынған топырақ-геологиялық объектілердің сынамалары, салыстырмалы үлгілер, ол туралы оқиғалар, фактілер және басқа да ақпарат көздері, ООҚ хаттамалары, үлгілерді алу хаттамалары, сұрақ алу хаттамалары, техникалық құжаттар, технологиялық регламенттер және тағы басқалар жатады.

      Осы объектілерді сот-экологиялық зерттеу, негізінде, кешенді сипатта болады және жалпы тұжырым жасайтын мамандар комиссиясы (топырақтанушылар, экологтар, биологтар және тағы басқа) жүргізеді.

      351. СЭС-ті жүргізу кезінде диагностикалық және сәйкестендірушілік міндеттер шешіледі.

      Диагностикалық міндеттерге:

      топырақ-геологиялық объектілерге антропогендік әсер ету көзінің түрін анықтау;

      топырақ-геологиялық объектілерге уақыттық және кеңістікте антропогендік әсер ету сипаттамалары (қасиеттерін анықтау);

      топырақ-геологиялық объектілерге антропогендік әсер ету механизмін анықтау;

      топырақ-геологиялық объектілерге антропогендік әсер ету масштабтарын, сондай-ақ осындай әсер етуді күшейтуге септігін тигізетін жағдайлар мен мән-жайларды анықтау жатады.

      Сәйкестендірушілік міндеттерге:

      топырақ-геологиялық объектілерге антропогендік әсер етудің көзін анықтау;

      топырақ-геологиялық объектілерге антропогендік әсер етудің пайда болу орны болып табылатын нақты жергілікті жерді (потенциалды қауіпті объектілер) анықтау;

      топырақ-геологиялық объектілерге антропогендік әсер етудің бірнеше көздерін анықтау (мысалы, оқиға орнында бірнеше потенциалды қауіпті объектілердің болу жағдайында).

      352. Сараптаманы жүргізу кезінде топырақ-геологиялық объектілерді ағын сумен, өндірістік және коммуналдық кәсіпорындардың қалдықтарымен ластану зардаптарын анықтаумен, сондай-ақ ластану механизмдерін анықтаумен; қоршаған ортаны қорғау ережелерін бұзумен; ластанудың алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты сұрақтар қойылады. Мысалы:

      жергілікті жердің нақты учаскесіндегі топырақ-геологиялық объектіге негативтік әсер ету болған ба, ол немен көрінеді;

      нақты жер учаскелеріндегі топырақ бетіне адамның шаруашылық қызметінің негативтік әсер етуі бар ма; Бар болса, олар қандай;

      сараптамаға ұсынылған объектілерде ластаушы заттардың және топырақ-геологиялық объектілердің экологиялық күйіне келеңсіз әсер ететін өзге де заттардың іздері бар ма; Бар болса, олар қандай;

      айналадағы заттарда (мысалы, ғимараттарда, көлік құралдарында) ластаушы заттардың және топырақ-геологиялық объектілердің экологиялық күйіне келеңсіз әсер ететін өзге де заттардың іздері бар ма;

      топырақ-геологиялық объектілердің экологиялық күйіне заттар мен материалдар (қандай заттар екендігін көрсету) потенциалды қауіпті топқа жатады ма;

      нақты топырақ-геологиялық объектілерге негативтік антропогендік әсер ету көзі қайда (мысалы, оның қызметі нәтижесінде топырақты ластау болған потенциалды қауіпті объект);

      топырақ-геологиялық объектілерге негативтік антропогендік әсер етудің көзі қанша болды (мысалы, оқиға орнында бірнеше потенциалды қауіпті объектілердің болуы жағдайы), олардың өзара байланысы және нақты топырақ-геологиялық объектілерге негативтік әсер етудің жүйелігі қандай;

      нақты топырақ-геологиялық объектілерге негативтік антропогендік әсер ету масштабтарының ұлғаюына септігін тигізген жағдайлар қандай;

      қоршаған табиғат ортасына қауіпті және (немесе) нақты топырақ-геологиялық объектілердің күйін нашарлататын заттардың таралу жолдары қандай;

      антропогендік әсер ету салдарынан белгіленген құбылыстар (мысалы, топырақтың интенсивтік эрозиясы) немен түсіндіріледі;

      жұмыс істейтін шаруашылық объектінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде топырақ бетінің негативтік өзгеруінің экологиялық тәуекелі қандай;

      топырақ бетіне негативтік антропогендік әсер етудің анықталған белгілерін жоюға табиғат қорғаудың көзделген іс-шараларды жүргізуі жеткілікті болып табылады ма;

      нақты негативтік антропогендік әсер ету нәтижесінде бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтірудің үшін қанша уақыт қажет болады;

      нақты жер учаскелерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде топырақ бетінің мүмкін болатын кейінгі негативтік өзгеруін алдын алуда және болғандарды жоюға қандай іс-шаралар жүргізу керек.

50-параграф. Су объектілерінің сот-экологиялық сараптамасы

      353. Су объектілерінің сот-экологиялық сараптамасының тақырыбы гидрология және суларды қорғау саласындағы арнайы жаратылыс ғылымдары білімдері негізінде анықталатын нақты мән-жайлар болып табылады, сондай-ақ су объектілеріне негативтік антропогендік әсер ету фактілері бойынша іс материалдарын зерттеу.

      354. Сараптама объектілері: жер үсті су объектілері (өзендер, су қоймалары, бұлақта, қайнарлар, арналар, көлдер, батпақтар, тоғандар, теңіздер); жерасты су объектілері (жер қыртысы, қабатты, артезиан, топырақ сулары); қар, анжырлар, мұздар, қар қабаттары, мұздақтар және қар жұрнақтары түріндегі табиғат сулары; сондай-ақ, атмосфераның су булары, салыстырмалы үлгілер, оқиғалар, фактілер және ол жөнінде басқа да ақпарат көздері, ООҚ хаттамалары, үлгілерді алу хаттамалары, сұрақ алу хаттамалары, техникалық құжаттар, технологиялық регламенттер және тағы басқа.

      355. СЭС-ті жүргізу кезінде диагностикалық және сәйкестендірушілік міндеттер шешіледі.

      су объектілеріне негативтік антропогендік әсер ету көзін анықтау;

      су объектілеріне негативтік антропогендік әсер етудің пайда болу орны болып табылатын нақты жергілікті жер учаскесін (потенциалды қауіпті объект) анықтау;

      су объектілеріне антропогендік әсер етудің бірнеше көздерін анықтау (мысалы, оқиға орнында бірнеше потенциалды қауіпті объектілердің болу жағдайында).

      су объектілеріне негативтік антропогендік әсер ету көзінің түрін анықтау;

      су объектілеріне уақыттық және кеңістікте негативтік антропогендік әсер ету сипаттамалары (қасиеттерін анықтау);

      су объектілеріне негативтік антропогендік әсер ету механизмін анықтау;

      су объектілеріне негативтік антропогендік әсер ету масштабтарын, сондай-ақ осындай әсер етуді күшейтуге септігін тигізетін жағдайлар мен мән-жайларды анықтау;

      су объектілеріне бастапқы және (немесе) екінші қайтара негативтік антропогендік әсер ету зардаптарының ұзақтығы мен ықтималды кезеңділігінің сипаттамасы, су объектілеріне, суды қорғау аймақтарына және сужинағыштарға ғана емес, сонымен бірге айналадағы аумақтар мен акваторияларға негативтік антропогендік әсер ету зардаптарының таралу мүмкіндіктерінің дәрежесі мен тәуекел қауіптілігі (мысалы, түпкі жер қыртысындана салу арқылы екінші қайтара ластану, саңылау сулар және сол сияқты);

      су объектілеріне негативтік антропогендік әсер ету тоқтағаннан кейін бұзылған су экожүйелерінің қалпына келу ұзақтығын анықтау.

      356. Су объектілерінің сот-экологиялық сараптамасының шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтар:

      нақты су объектілеріне негативтік антропогендік әсер етудің көзі қайда (мысалы, потенциалды қауіпті объект, оның қызметі нәтижесінде ластанған ағынды сулардың рұқсат етілмеген ластауы болды);

      су объектісінің немесе су қорғау аймағының нақты учаскесі (су объектісіне жақын орналасқан потенциалды қауіпті объект ) су объектілеріне негативтік антропогендік әсер етудің пайда болу орны болып табыла ма;

      су объектілеріне негативтік антропогендік әсер етудің қанша көздері болды (мысалы, оқиға орнында бірнеше потенциалды қауіпті объектілердің болуы жағдайы), олардың өзара байланысы және су объектілеріне негативтік әсер етудің жүйелігі қандай;

      адамдардың денсаулығына қауіпті және (немесе) нақты су объектілерінің күйін нашарлататын заттардың таралу жолдары қандай;

      нақты су объектілеріне негативтік антропогендік әсер ету масштабтарының ұлғаюына септігін тигізген жағдайлар қандай;

      негативтік антропогендік әсер ету салдарынан белгіленген құбылыстар (мысалы, органолептикалық қасиеттердің, температураның өзгеруі және су объектілерінің басқа да сипаттамалары) немен түсіндіріледі;

      нақты негативтік антропогендік әсер ету нәтижесінде бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін қанша уақты керек;

      сараптамаға ұсынылған объектілерде ластаушы заттардың және су объектілерінің экологиялық күйіне келеңсіз әсер ететін өзге де заттардың іздері бар ма; Бар болса, олар қандай;

      су объектілерінің экологиялық күйіне заттар мен материалдар (қандай заттар екендігін көрсету) потенциалды қауіпті топқа жатады ма;

      шектеулі рұқсат етілетін концентрациямен салыстырғанда өндірістік ағынды судың бұзылу жерінде экологиялық қауіпті заттар концентрациясының көбеюі бар ма;

      N ықшамаудан шекарасынан 1000 м жерден табылған өндірістік ағынды суда экологиялық қауіпті заттар бар ма; егер бар болса, онда олардың шығу тегі қандай;

      потенцияалды қауіпті объектінің (нақты көрсетілу керек) тазалағыш құрылымының жұмыс істеуінде бұзушылқтар бар ма; егер бар болса, олар немен көрінеді;

      ағынды су құрамының параметрлері ластаушы заттардың шектеулі рұқсат етілетін концентрациясынан асып кетеді ме;

      заттық жағдайдың элементтері (нақты көрсетілу керек) экологиялық қауіпті заттардың таралу көзі болып табылады ма.

51-параграф. Табиғи және жасанды биоценоздарды сот-сараптамалық экологиялық зерттеу

      357. Табиғи және жасанды биоценоздарды сот-сарапшылық экологиялық зерттеудің тақырыбы табиғатты пайдалану және биологиялық объектілерді қорғау саласындағы арнайы жаратылыс ғылымдары білімдері негізінде анықталатын нақты мән-жайлар болып табылады, сондай-ақ биоценоздарға негативтік антропогендік әсер ету фактілері бойынша іс материалдарын зерттеу.

      358. Биоценоз – тірі ағзалардың қауымдастығы: зооценоз, фитоценоз, микробоценоз.

      Табиғи және жасанды биоценоздардың экологиялық күйін зерттеу өсімдік және жануарлар текті объектілерге негативтік антропогендік әсер етудің табиғаты мен масштабын анықтау мақсатында жүргізіледі. Сараптама барысында өсімдік қауымдастығына, жануарлар әлеміне, балық қорларына және басқа биологиялық объектілерге негативтік антропогендік әсер ету көзі анықталады, сонымен бірге негативтік әсер етудің дәрежесі мен көлемі, ластаушы заттардың келіп түсуі мен экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы арасындағы себеп-салдарлық байланыс, өсімдік және жануарлар текті объектілердегі экологиялық қауіпті заттардың құрамы, сондай-ақ осы заттардың таралу жолдары, өсімдік және жануарлар текті объектілерге негативтік антропогендік әсер етуді жою (азайту) үшін жасалатын шаралар кешені анықталады.

      359. Табиғи және жасанды биоценоздар объектілеріне зерттеу жүргізу кезінде мына сұрақтар шешіледі:

      биологиялық текті нақты объектілерге (мысалы, потенциалды қауіпті объект, оның қызметі нәтижесінде биоценоз күйінің нашарлауы болды) негативтік антропогендік әсер етудің көзі қайда;

      жергілікті жердің нақты учаскесі (потенциалды қауіпті объект) биоценозға негативтік антропогендік әсер етудің пайда болу орны болып табыла ма;

      биоценозға негативтік антропогендік әсер ету масштабтарының ұлғаюына септігін тигізген жағдайлар қандай;

      негативтік антропогендік әсер ету салдарынан белгіленген құбылыстар (мысалы, балық қорының азаюы не ағаштардың қурауы мен өлуі) немен түсіндіріледі;

      биоценозға негативтік антропогендік әсер етудің келеңсіз зардаптары қай кезеңдер ішінде белгіленеді;

      оқшаулы жер учаскесі немесе су объектісі шектерінде биологиялық түрліліктің төмендеу себебі неден;

      шабылған ағаштардың күйі қандай болған (сау/аурулы).

      360. Сот-сараптамалық экологиялық зерттеуді тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері.

      Нақты объектіге негативтік антропогендік әсер ету туралы мәліметті сарапшыға сараптама тағайындаған адам ұсынуы немесе оқиға орнына бару кезінде сарапшыынң өзі анықтауы мүмкін.

      Сарапшының оқиға орнына әрдайым баруы мүмкін емес. Онда сараптама тағайындаған орган ұсынған материалдар мен сынамалар бойынша сот-экологиялық сараптама жүргізіледі.

      СЭС-ті жүргізуге қажетті материалдар тізбесінің ауқымы кең, ол қылмыстық іс мән-жайларына байланысты болады. Осыған байланысты, сот-экологиялық сараптама жүргізуге қажетті сұрақтар тізбесі мен зерттеу объектілері жөнінде сарапшы-экологпен келіскен жөн.

      Қоршаған орта объектілерін сот-сарапшылық зерттеудің өз ерешеліктері болады, ол тек заттай дәлелдемелерді ғана емес, сонымен бірге, оқшаулау мақсатында қарастырылатын оқиға орнының айналасынан алынған оқшауландырылатын (салыстырмалы) және оқшауланатын (бақылау) үлгілерді (сынамаларды) де зерттеуден тұрады.

      Талаптар: үлгілердің шығу тегінің күмәнсіздігі – үлгілерді алу орнын дәл анықтау; үлігілердің репрезентативтілігі – сәйкестендірілетін объектінің ерекше ортақ және жеке белгілердің саны мен сапасы бойынша жеткілікті көрінуі; үлгілерді салыстырмалылығы - сәйкестендірілетін объекті қасиеттерінің шынайы айырмашылығымен себептелмеген салыстырылатын көріністердің (іздер және үлгілер) айырмашылықтарының болмауы. Сараптамаға жолданатын барлық үлгілердің қажетті сапасы, керекті саны және шынайы шығу тегі болуы тиіс.

      СЭС тағайындау туралы қаулы не ұйғарыммен қатар жолданатын негізгі зерттеу объектілерімен бірге, сарапшының қарамағына нөмірлері, алу орындары және олардың арасындағықашықтығы көрсетілген үлгілерді (сынамаларды) алудың сұлбасы ұсынылған жөн. Сондай-ақ, спутниктік-навигациялық жүйелерді (GPS) пайдаланумен жергілікті жердің координаттарын көрсету, зерттелетін учаскенің сипаттамасы мен фотобезендірумен бірге оқиға орнын қарау хаттамасы ұсынылады.

      Сот-экологиялық сараптаманы жүрізуге сарапшыға ұсынылатын ерекше материалдардың қатарына, соның ішінде негативтік антропогендік әсер етудің зардаптарын зерттеу кезінде нақты оқшаулы учаске туралы мәліметтерді жатқызуға болады. Оларға мыналар жатады: жер, су учаскесінің өлшемі, оны айналадағы аумақтан бөліп көрсететін шекаралары, ерекшеліктері, өсімдік және топырақ қабатының сипаты, құқық бұзушылық жасау мезетінде және үлгілерді (сынамаларды) алу кезеңіндегі ауа-райы туралы ақпарат, үлгілердің (сынамалардың) саны, оларды алу тәсілі және алу мерзімі.

      Егер салыстырмалы зерттеу үшін үлгілерді алу сот сараптамасының бөлігі болып табылса, онда оны сарапшы жүргізеді. Бұл жағдайда аталған әрекетті жүргізу туралы мәліметті сарапшы өз қорытындысында көрсетеді.

      Үлгілерді алу кезіндегі маманның (экологтар, санитарлық дәрігерлер, зоологтар, аңшылық жүргізуші адамдар, радиологтар және тағы басқа) көмегі ол кеңес беру (қандай үлгі және оның саны қанша керек, үлгілерді алу үшін қандай техникалық құралдар, қандай жағдайлар қажет, үлгілерді алу кезінде қандай талаптарды сақтауға назар аудару керек, қажетті үлігілер саны мен сапасын алу үшін нені қамтамасыз ету керек), үлгілерді алу бойынша (оларды дайындау, буып-түю бойынша) және үлгілерді алудың нәтижелерін бағалау кезінде практикалық көмек көрсету.

      Дұрысы сарапшының оқиға орнына өзінің баруы, бұл оқиға орнының экологиялық күйін жан-жақты бағалауды қамтамасыз етеді. Оқиға орнында сарапшы табиғат ортасы мен бүтіндей ландшафтың, қосылған экожүйелер күйінің құрамдас бөліктері бойынша сипаттама жүргізуге, барлық топырақ көкжиектерінің күйін сипаттай отырып, бөлінген учаскелерде топырақты жиыстыру не қазбалар жүргізуге, оқиға орнынан негативтік антропогендік әсер етудің потенциалды көздерінің болуын, сиаптын және қашықтығын анықтауға міндетті.

      Әрбір көкжиектен топырақ үлгілерін, су объектілерінің, өсімдік және жануар әлемі объектілерінің сынамаларын алу арнайы құрал-жабдықтары және сынамаларды алу ыдыстары бар, аккредиттелген зертхананың маман экологының қатысуымен жүргізіледі.

      Табиғи және жасанды биоценоздарға сот-сараптамалық зерттеу тағайындау кезінде қарастырылатын оқиға орнын қарау хаттамасы; негативтік әсер етуге ұшыраған флораның (гербарий) үлгілері және (немесе) аталған әсер етуді көрсететін фотоматериалдар; топырақ үлігілері; қарастырылатын оқиғаның тікелей алдында және кейіндегі ауа-райы туралы гидрометеорологиялық мәліметтерден үзінді көшірме; негативтік әсер етуге ұшыраған ауданның шаруашылық қызметі туралы мәліметттер, экологиялық мониторинг нәтижелері, қолданыстағы инженерлік коммуникациялар жоспары және олардың күйі туралы мәліметтерді ұсыну; аумақтағы жаңа құрылыс (ғимаратты бұзу, қазаншұңқырларды қазу, жобаланатын инженерлік коммуникациялармен жолдар) туралы деректер; оқиға орнына жақын орналасқан аумақтағы жасыл желектерді шаду не қайта отырғызу жобасы; учаскенің санитариялық-эпидемиологиялық күйі туралы деректер; оқиға орнында және одан тікелей жақын жердегі гидрологиялық және геологиялық іздестіру материалдар міндетті болып табылады.

      Егер, сот-экологиялық зерттеудің объектісі агроценоз (егін себу, плантация, тәлімбақ және сол сияқты) болса, агротехника, агрохимия қолданатын (пайдаланатын тыңайтқыштар, ухимикаттар және сол сияқты) дән (себілетін) материалы туралы мәліметтер, гидрогеология деректері және жаңбыр мен еріген судың учаске аумағынан қайтару сұлбасы талап етіледі.

52-параграф. Генетикалық өзгерген организмдерді сот-сараптамалық зерттеу (20.1)

      361. Генетикалық өзгерген организмдердің сот сараптамасы полимерлі тізбекті реакция әдісін (ПТР) пайдаланумен, шынайы уақыт режиміндегі (RealTimePCR) (%) детекциямен рекомбинантты ДНҚ сәйкестендіруге негізделген тамақ өнімдеріндегі өсімдік тектес генетикалық өзгерген көздердің (бұдан әрі – ГӨК) мөлшерлік құрамын анықтау, әлемдік және ішкі азық-түлік нарығында ең жиі кездесетін генетикалық өзгерген өсімдіктер үшін генетикалық құрылымын анықтау мақсатында жүргізіледі.

      362. Қарастырылып отырған сараптамада келесі сараптамалық міндеттер шешіледі:

      тамақ өнімінен өзгерген ДНҚ бөліп алу;

      шынайы уақыт режимінде тамақ өнімінен бөлініп алынған өзгерген ДНҚ детекциясын жүргізу;

      ұсынылған тамақ өніміндегі генетикалық өзгерген көздердің проценттік құрамын анықтау;

      ҚР сатуға рұқсат етілген және рұқсат етілмегендерді анықтау мақсатында, өнімге зерттеу жүргізу кезінде пайдаланылған нақты ГӨК анықтау;

      өнімді таңбалау туралы сұрақты шешу мақсатында тамақ өніміндегі ГӨК мөлшерлік құрамын анықтау.

      363. Зерттеу объектілеріне:

      құрамында гендік өзгерген ағзалардың болуы мүмкін тамақ өнімдері;

      ГӨК таңбалау және нақты тамақ өнімдеріндегі ГӨК мөлшерлік құрамы туралы мәліметтер бар техникалық құжаттамалар;

      іріктеп алу немесе бақылау сатып алу кезінде құрамында ГӨК бар тамақ өнімдерінің үлгілері;

      ГӨК жоқ тамақ өнімдерінің салыстырмалы үлгілері, сондай-ақ гендік мутацияға ұшырамаған ағзалардың үлгілері;

      қылмыстық немесе азаматтық іс материалдары: оқиға орнын қарау, құрамында ГӨК бар тамақ өнімдерін алу хаттамалары, сондай-ақ қойылған сұрақтарды шешу үшін мәні бар өзге де іс материалдары жатады.

      364. Сараптаманың шешуіне мына сұрақтар қойылуы мүмкін:

      ұсынылған тамақ өнімінде генетикалық өзгерген организмдер бар ма, егер болса қандай;

      ұсынылған тамақ өнімінде ГӨО құрамы қандай;

      бөлініп алынған ГӨО қандай типке, түрге жатады;

      ұсынылған үлгіде ГӨО проценттік құрамы қандай.

      365. Зерттеу объектілеріне қойылатын талаптар.

      1) құрамында ГӨО болуы мүмкін объектілердің ластануын болдырмас үшін оларды алу, қарау, буып-түю кезінде мына ережелерді сақтау қажет:

      2) құрамында ГӨО бар деп болжанған зерттеу объектілерін қарау, алу, буып-түю кезіндегі барлық рәсімдерді қолғаппен істеген жөн, әр түрлі объектілерді қарау кезінде мүмкіндігінше оларды ауыстырған жөн;

      3) тек таза саймандарды пайдаланған немесе жаңа объектілермен жұмыс істеу алдында әрдайым мұқият жуып, спиртпен зарарсыздандырған жөн;

      4) құрамында ГӨО болуы мүмкін тамақ өнімдерін қолмен ұстамау керек;

      5) объектілермен жұмыс істеу кезінде әңгімелесуден, объектілердің үстіне түшкіруден, жөтелуден сақтану керек;

      6) үлгілерді алу және буып-түю кезінде өз денесінің бөліктерін (бетті, мұрынды, ауызды) ұстамау керек;

      7) ылғалды күйдегі объектілерді буып-түюдің алдында, күннің тікелей сәулесінің тиюінен және жылыту аспаптарының жақындығынан сақтанып, бөлме температурасымен таза үй-жайда тезірек кептірген жөн;

      8) объектілерді таза жаңа (бұрын қолданыста болмаған) қағаз конверттерге буып-түю керек. Желімдеп, тиісті таңбалау деректерін енгізу керек.

      366. Сот сараптамасын тағайындауға дейінгі кезеңде ГӨО деструктивтік өзгерістерін болдырмас үшін, заттай дәлелдемелер кептірілген және буып-түйілген күйде тоңазытқышта сақталуы тиіс. Ол болмаған жағдайда, бөлме температурасында, құрғақ, салқын үй-жайда, күннің тікелей сәулесінің тиюінен және жылыту аспаптарынан алыс жерде сақтау керек.

      367. Үлгілерді алу

      Шикізат немесе сусымалы өнімдер топтарынан жалпы сынама былайша алынады:

      зерттелетін шикізат немесе сусымалы өнімдер топтарынан бір жолғы ота қолғаптарын пайдаланумен сынамалардың кем дегенде 10 үлгісі (5 – 10 г.) мөлшері 20х30 см бір жолғы тығыз полиэтилен пакетке салынып, араластыра отырып жалпы сынама құрайды (50-100 г);

      жалпы сынамадан 10-20 г орташа сынама алынады, мөлшері 10-15 см аспайтын ілгек-сырмасы бар полиэтилен пакетке орналастырылады, ол өз кезегінде мөлшері 20х30 см бір жолғы тығыз полиэтилен пакетке салынады, мөрленеді және талдамаға жолданады.

      Тығыз консистенциялы өнімдер тобынан бір жолғы қолғаптарды және фламбирленген (96% этанолда ұсталған және газ жанарғысы жалынында күйдірілген) аспаптарды пайдалана отырып, салмағы 10-50 г болатын жалпы сынаманы мөлшері 20х30 см аспайтын ілгек-сырмасы бар бір жолғы тығыз полиэтилен пакетке салынады, мөрленеді және талдамаға жолданады.

      Сұйық өнімдер сынамаларын көлемі 50 см3 аспайтын, тығыз жабылатын қақпақтары бар шыны не пластик таза ыдыстарға жинайды, мөрленеді және талдамаға жолданады.

      Сынамаларды алу кезінде сынамаларды алу актісі жасалады, ол алынған сынамамен бірге зертханаға жіберіледі.

      Үлгілерді сақтау және тасымалдау шарттары.

      Шикізат пен өнімдер үлгілерін тамақ өнімін шығарушы көрсеткен шарттарға сәйкес 1 ай ішінде сақтайды (қайталама талдама қажет болғанда). Тез бұзылатын өнімдер үлгілері мұздатылған күйде (минус 20 0С температурада) 1ай ішінде сақталады (қайталама талдама қажет болғанда).

      Үлгілер шикізат не тамақ өнімін сақтау үшін ұсынылған температурада тасымалданады. Тасымалдау ұзақтығы өнімнің жарамдылық мерзімінен асып кетпеуі тиіс.

53-параграф. Сот-сараптамалық дінтану зерттеуі (21.1)

      368. Осы зерттеудің шеңберінде анықталатын мән-жайлар: діни сипаттағы объектілердің мазмұнында діни экстремизм, терроризм белгілерінің болу/болмауын анықтау және оларда төзімсіздік және дәлелдемелік мәні бар ақпарат ретінде үндеу белгілері анықталған сот-сарапшылық бағалау.

      369. Діни экстремизм, терроризм белгілері бар объектілерді зерттеудің мәні қызмет субъектісіне тән менталитет сипаттамалары; қызмет (оның түрі, типі, сипаты, бағыты, масштабтылығы, әлеуметтік мақсаты); іс-әрекет (зерттеу объектісінде көрінген оқиғаларға қатысушы нақты субъектілердің азаматтық және саяси мінез-құлқы).

      370. Сараптама объектілері:

      автордың қандай да белгілі бір объективтік шындық фактісіне субъективтік қарым-қатынасын көрсететін әр түрлі техникалық құралдар көмегімен түсірілген ақпараты бар матералдар;

      сараптамаға ұсынылған шынайы (затталған) объектілер (мәтіндік құжаттар, аудио және бейнежазбалар, бейнелер, символика және тағы басқа) – "тар" түсінік деген атаулар;

      әлеуметтік шындық үзіктері, онда жедел зерттеу (тергеу) үшін проблемалық болған оқиғалар мен әрекеттер белең алады, олардың бір нәрсеге (өмірдің әлеуметтік мағынасына, қызметтің құқықтық нормаларына және тағы басқа) сәйкестігі/сәйкессіздігін анықтау мақсатында – "кеңейтілген" түсінік деген атау;

      мерзімді басылым (кітаптар, мұқабалар, журналдар, топтамалар, үнпарақтар, үндеулер, плакаттар, билбордтар және сол сияқты);

      қолжазба мәтіндері;

      электронды ақпарат тасығыштардағы жазбалар (флешжинағыштар, дискілер, бейне, аудиотаспалар, микрофлешкарталар, ұялы құрылғылардағы жазбалар);

      бейнелер, безендірулер;

      интернет желіде жазылған ақпараттар (жеке жазбалар, келіссөздер, интернеттің әлеуметтік желісіндегі хабарламалар);

      аудитивтік сипаттағы объектілер (аудиожазбалар);

      вербалды, соның ішінде жазбаша-ауызша сипаттағы объектілер;

      визуалды (көзбен көру) сипаттағы объектілер.

      371. Сот дінтану сараптамасы шеңберінде шешілетін міндеттер:

      зерттелетін материалдардағы діни бағыттардың, ағымдардың идеяларды анықтау;

      басқа нәсілдерге, ұлттарға, діндерге қатысты көзқарастарды анықтау;

      ислами мағынадағы теологиялық терминалогия мәнінің дефинициясы, қандай контексте қолданылған және кімге қаратып айтылған;

      зерттелетін мәтінде "жихад" және діни себептермен өзін-өзін құрбан ету идеяларын насихаттайтын сөздерді, үндеулерді анықтау;

      мәтіннің діни сипатын анықтау;

      діни уағыздар қандай контексте айтылған, олар кімге қаратылып айтылған, олардың мазмұны, уағыз түрлері.

      372. Осы сараптама шеңберінде шешілетін сұрақтар:

      зерттелетін мәтін діни мәтін болып табылады ма;

      зерттелетін материалдардың мәтіндеріндегі идеялар қандай діни ағымға жатады;

      зерттелетін мәтін діни ұйымға (атауы) жата ма;

      әңгімелер контекстіндегі, материалдағы діни терминдер (діни термин көрсетіледі) қандай мағынада пайдаланылады;

      материалдарда діни нанымдар бойынша зорлықтың, соғыстың және өзін-өзі құрбан етудің идеялары бар ма;

      сөздер кімге қаратып айтылған (діни терминдер, сөздер);

      мәтінде күштеу әрекеттерін жасауға/кісі өлтіруге, діни себептер бойынша жазалаушы әрекеттер жасауға үгіт-насихат/уағыздау бар ма;

      мәтінде діни себептер бойынша аумақтағы (аумақ атауы) соғысқа (мысалы, жихад) үгіт-насихат бар ма;

      ұсынылған мәтінде бір діни топтың басқа діни топқа қарсы діни дұшпандық идеясы бар ма;

      ұсынылған мәтінде бір діннің артықшылығы және екіншісінің кемістігі туралы идеяны уағыздау бар ма;

      объектілерде діни себептер, нанымдар бойынша күштеу әрекеттерін жасау үшін қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауды оқытуға бағытталған мәліметтер бар ма;

      зерттелетін мәтіндерде ҚР аумағында теократиялық құрылымды орнатуды уағыздайтын идеялар бар ма.

      373. Объектілерге қандай да бір механикалық әсер етуге: бейнетаспалардың қорғау планкаларын ашуға, олардың бекіткіш бұрандаларын бұрап алуға; аудио-бейнетаспалар корпустарын және киноленталардың орама қораптарын қалай да бір зақымдауға; киноленталарды түйреуіштермен, қапсырмалармен бекітуге, олардың пішіндерін қалай да өзгертуге жол берілмейді.

      Аудио-бейнетаспаларды мүмкін болатын магнитсізденуден сақтайтын шаралар қабылдау керек, сөйтіп ондағы ақпаратты жоюдан сақтау. Оларды статикалық электр, магниттік өрістер көздерінен алыс жерде сақтау керек.

      Заңды тұлға ретіндегі нақты адам немесе топ адамдар діни сараптаманың объектілері болып табылмайды.

      Сот дінтану сараптамасының құзыретіне құқықтық сұрақтарды шешу жатпайды.

54-параграф. Теміржол көлігін сот-сараптамалық зерттеу (22.1)

      374. Сот сараптамасының объектілері:

      вагондар, поездардың локомотивтері, вагондардың, локомотивтердің жекелеген тораптары, платформалар және сол сияқты;

      апатқа ұшырағанға дейінгі поездың қозғалысымен байланысты құрылғылар (сигнал беру, бұғаттау, орталықтандыру, стрелкалар құрылғылары);

      тікелей жолмен іргелес аумақ аймақтары;

      апат болу орнымен аумақтық байланыста емес объектілер (өтпе бағдаршамдары, жақын стансалардағы қозғалысты басқару және бақылау құрылғылары, энергиямен жабдықтау құрылғылары);

      поез диспетчерінің поездардың қозғалысына қатысушы басқа қызметкерлермен сөйлесу аудиожазбалары;

      локомотивтің жылдамдық өлшеуіш лентасының шифрін шешу нәтижелері;

      поездың нақты парағы, ВУ-45 нысанды анықтама;

      локомотивтің техникалық күйінің журналы;

      локомотивтің және жеке вагондардың рельстерден шығып кету іздерін және шақырым мен пикеттерге байланыстылығын, құлауының басталуы мен тоқтау орнын көрсете отырып, жолдың бұзылуы мен жылжымалы составтың орналасу сұлбасы;

      қирау не апаттың, зақымданған жолдың, жылжымалы составтың зардаптары түрінің, жолда табылған бөтен заттардың, сынған бөлшектердің, дұрыс тиелмеген вагондардың, жабылған аяққы крандардың, локомотивті басқару органдары жағдайларының актілері және жалпы көріністерінің фотокестелері;

      қираудың не апаттың себептерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін, оқиғаға қатысы бар адамдардың, сондай-ақ басқа да қызметкерлердің жазбаша түсініктемелері, куәгерліктері;

      жол өлшегіш вагондардың ленталарын қоса тіркеумен жол өлшегіш және дефектоскоптық құралдармен жолды соңғы тексеру, сондай-ақ жолдың натуралық тексеру нәтижелері туралы ПУ-28 және ПУ-29 кітаптарындағы жазбалардың нәтижелері туралы анықтамалар;

      жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарының актісі;

      қирау (апат) мезетіндегі ауа-райы туралы ақпарат болып табылады.

      375. Сараптама шеңберінде шешілетін міндеттер:

      қауіпсіз қозғалысты бұзудың мән-жайларын анықтау;

      қауіпсіз қозғалысты бұзудың себептерін анықтау;

      қауіпсіз қозғалысты бұзудың алдын алу бойынша технологиялық, профилактикалық жұмыстар жүргізудегі кемшіліктерді анықтау;

      техникалық қызмет көрсету, жөндеу күйін, нәтижелерін және қауіпсіз қозғалысты бұзудың алдын алуға арналған техникалық құралдарды пайдалануды анықтау;

      техникалық қызмет көрсету мен техникалық құралдарды жөндеуді бұзуды, қауіпсіз қозғалысты бұзуды тудырған немесе соған себепші болған тоқтап қалуды анықтау.

      376. Поездардың соқтығысу мән-жайларын анықтау қажеттілігі жағдайында, сот сараптамасының шешуіне мына төмендегі сұрақтарды қойған мақсатқа лайықты:

      локомотивтер мен вагондардың тораптары мен аспаптарының техникалық күйі қандай;

      поезды жүргізудің және оның қозғалысының өзге де мән-жайларынының дұрыстығы;

      стрелкалық ауыстырғыштардың, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларының техникалық күйі қандай;

      поездар қозғалысының ұйымдастырылуы мен басшылығының тәртібі мен дұрыстығы сақталған ба;

      маневр жасау жұмыстарының ұйымдастырылуы мен басшылығының тәртібі мен дұрыстығы сақталған ба;

      поездар соқтығысуының техникалық себебі неде;

      соқтығысу алдында поездар қозғалысының жылдамдықтары қанша;

      поезды шұғыл тоқтатуға шаралар жасалған ба;

      поездың тежегіштік жүйесі жарамсыз болған ба;

      қирауға дейін поездардың қозғалысы кезінде сигнализация-централизация-блокировка (СЦБ) құрылғысы дұрыс әрекет еткен бе;

      электровоздағы АЛСН аспабының жарамсыздық себебі неде, локомотивке орнатуға дейін ол жарамсыз болған ба;

      қирауға дейін: локомотив, басқару аспаптары және сигнал беру жарамды күйде болған ба; Егер жарамды болмаса, қандай ақаулары болған;

      поездың тежегіштік жүйелері жарамсыз күйде болған ба;

      табылған ақаулардың себептері қандай, олар қашан пайда болған, оларды күні бұрын табуға болар ма еді;

      стрелкалық ауыстырғыштар жарамды күйде болған ба; бағдаршамдар сигналдарының көрсеткіштері стрелкалардың орналасуы жағдайына сәйкес пе;

      стрелкалық ауыстырғыштардың қандай ақаулары қозғалысты басқа дұрыс емес маршрутқа жіберуі мүмкін;

      маневр жұмыстарын жүргізу кезінде қандай бұзушылыққа жол берілген;

      СЦБ құрылғысы мен блок-аппаратура жарамсыз күйде болған ба; Егер жарамсыз болса, онда жарамсыздықтың мәні неде.

      377. Локомотив не вагондардың рельстерден шығып кетуіне әр түрлі себеп болуы мүмкін, негізінде, жол ақаулары (үйме құм, балласт призма, шпал, рельстер), не жылжымалы составтың жарамсыздығы (осьтердің сынуы, жұлынған бөлшектердің дөңгелектердің астына түсуі және сол сияқты), немесе қозғалысты дұрыс басқармаудан болуы мүмкін. Оқиғаның бірнеше әр түрлі себептерден құралу жағдайлары да сирек емес.

      378. Бұл жағдайда мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:

      поездың (лакомотив, вагондардың) рельстерден шығып кетуінің техникалық себебі қандай;

      жолдың (стрелка, рельс, шпалдың) ақауы рельстен шығып кету себебі бола ма немесе бұл ақаулық қирау нәтижесінде пайда болды ма;

      осьтің мойын қылтасының сынуы (локомотив, вагондардың) рельстен шығып кету себебі бола ма немесе ол қирау нәтижесінде пайда болды ма;

      поездың қай вагоны бірінші боп рельстен шығып кетті, жолдың қай учаскесінде құлап түсу болды;

      қирау алдындағы поездың қозғалыс жылдамдығы қандай болды? Шұғыл тежеу шаралары қолданылды ма;

      рельстер, стрелкалық ауыстырғыштар, вагондар осьтері, букса тораптары ақауларының пайда болу мерзімі қандай;

      қирауға себепші болған ақаулар жабық не айқын болды ма; Оларды қандай тәсілмен табуға болар еді;

      жол (жылжымалы составтың) ақаулары: аса жоғары тозу, құрамының жетіспеушілігі нәтижесінен пайда болды ма;

      жолдың апаттық (жөндеу) учаскесі бойынша поездың қозғалыс жылдамдығын шектеуде поез бригадасы, диспетчерлік қызмет, жөнжеу жұмыстарының басшылары шаралар қолданды ма;

      состав дұрыс жасақталған ба;

      жүк тиеу дұрыс жүргізілген бе; жүк тиеудің қандай ақаулары Заттардың рельске құлауына, жүктің құлауына әкелуі тиіс;

      жүк тиеудің нормалары асырылып кеткен бе;

      сондай-ақ, өзге де сұрақтар қойылуы мүмкін.

      379. Теміржол көлігінің сот сараптамасы кешенді сараптама болып табылады. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың себептерін анықтаумен байланысты сарапшылық зерттеу мен сынақ жүргізуді Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар Академиясының, "Қазақстан Темір Жолы" Акционерлік қоғамының, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары; теміржол көлігінің (жол қозғалысы қызметі, сигнализация, бұғаттау және сол сияқты) қызметі жұмыстары мәселелерінде құзырет бар мамандар комиссиясы жүргізеді.

      Оқиға орнын қарауды дер мезгілінде, сот сараптамасын жүргізудің бүкіл кезеңінде қираудың, апаттардың себептері мен мән-жайларын анықтауда мәні болуы мүмкін жолдың жоғарғы құрылымы материалдарын, жылжымалы состав пен басқа объектілердің бөлшектерін барынша сақтауды қамтамасыз ете отырып, сот сараптамасын тағайындаған орган ұйымдастыруы керек.

55-параграф. Сот-медициналық сараптаманы жүргізудің ерекшеліктері (23)

      380. Сот-медициналық сараптаманы жүргізуді сот-медициналық сарапшы жүзеге асырады, оның құзыретіне мыналар кіреді:

      күштеп өлтіру жағдайларындағы мәйіттің сараптамасы;

      күш көрсетуге сезіктену немесе сот-медициналық тәртіпте мәйітті зерттеу қажеттілігі себептелген жағдаяттар кезіндегі мәйіттің сараптамасы;

      денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын, жасын, жыныстық күйлерін анықтау және сот медицина саласындағы танымдарды талап ететін басқа да сұрақтарды шешу үшін жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа адамдардың сараптамасы;

      зертханалық зерттеу әдістерін қолданумен заттай дәлелдемелердің сараптамасы (зерттеуі);

      қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істері материалдары бойынша, сондай-ақ жеке айыптау істері бойынша сараптама.

      381. Сот-медициналық сарапшы мына төмендегі тергеу амалдарын жүргізуге қатысуға сот медицина саласындағы маман ретінде:

      мәйітті табу (оқиға) орнында оны қарауға;

      мәйітті эксгумациялауға;

      тергеу экспериментіне;

      сол орнында тексеру мен нақтылауға тартылады.

      Комиссиялық сараптаманы жүргізу мына кезде міндетті:

      іс бойынша медицина қызметкерлерін кәсіби құқық бұзушылығы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуда;

      жасты анықтау кезінде;

      денсаулық күйін анықтау кезінде;

      жынысты анықтау кезінде;

      жүктілікті тоқтатумен байланысты жағдайларда;

      психикалық бұзылуды анықтау кезінде;

      өзге де күрделі жағдайларда.

      Сараптама жүргізу үрдісінде туындаған зертханалық зерттеудің қажеттілігі жағдайында, сарапшының алдына қойылған және/немесе өзінде жеке пайда болған сұрақтарды шешу үшін, өзіндегі қаулы негізінде сарапшы объектілерді тиісті зертханалық бөлімшеге жолдайды.

      Зертханалық зерттеу нәтижелері алынғаннан кейін, сарапшының қорытындысы ресімделеді.

      382. Сараптама жүргізілетін адамға қатысты тексеру қажеттілігі туындаған кезде, басқа медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер-маманның сараптама тағайындаған органына (адамға) хабарланады, ол осы тексеруді жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Тексеру нәтижелерін сарапшыға сараптама тағайындаған орган (тұлға) ұсынады.

      Сараптама жүргізу үрдісінде заттай дәлелдемелер және жеке сот-медициналық, криминалистік не өзге сараптаманың тақырыбы боп танылған объектілер анықталған кезде, олар сарапшының қорытындысында сипатталуға жатады және кейінде сараптама тағайындаған органға (адамға) беріледі.

56-параграф. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау сараптамасы

      383. Денсаулыққа зиян келтіру, ол ағзалардың (тіндердің) анатомиялық бүтіндігін немесе олардың физиологиялық қызметін (дене зақымдары) бұзу, не сыртқы ортаның әр түрлі факторларының: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік әсер ету нәтижесінде пайда болған аурулық я болмаса патологиялық күй, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуына не өлімге әкеп соқтырған медициналық көмек көрсету ақаулықтары нәтижесінде пайда болған зардаптар деп түсінеміз.

      384. Денсаулықтың бұзылуы дегеніміз, онда анатомиялық бүтіндіктің не ағзаның физиологиялық қызметінің бұзылу болғанда, нақты жарақат не аурулықпен себептелген жергілікті және (немесе) жалпы сипаттағы клиникалық көріністегі аурулық өзгерістер анықталады.

      385. Жалпы еңбекке қабілеттілік дегеніміз, ол – белгілі бір өнім, бұйым не қызмет көрсету түріндегі әлеуметтік-мәнді нәтижелерді алуға бағытталған әрекеткее адамның туа біткен және кейін пайда болған қабілеттерінің жиынтығы.

      386. Кәсіби еңбек жарамдылығы дегеніміз, ол – өзінің кәсібі бойынша еңбекке не оған төлемі және қызмет біліктілігі бойынша тең басқа еңбекке деген еңбек қабілеттігі.

      387. Жалпы еңбекке қабілеттілікті тұрақты жоғалту – ол қызметті қайтпайтындай жоғалту, ол адамды білікті емес жұмысты толықтай немесе жарым-жартылай орындау және өз-өзіне қызмет көрсетуді қамтамасыз ету қабілетінен айырады.

      388. Егер, соңғы нәтиже 120 күн ішінде анықталмаса, онда жалпы еңбекке қабілеттілікті шартты түрде тұрақты (қайтпайтын) жоғалту деп жәбірленушінң аталған уақыт мерзімі өткеннен кейін қалыптасқан жоғалтқан қызметң өлшемі есептеледі.

      389. Жалпы еңбекке қабілеттілікті жоғалту критерийі қолайсыз еңбек және клиникалық болжамдар кезінде не еңбек қабілеттігін шектеу мерзіміне байланысты емес анықталған нәтиже кезінде немесе 120 күннен астам (бұдан әрі – жалпы еңбекке қабілеттілікті тұрақты жоғалту) денсаулықтың бұзылу ұзақтығы кезінде қолданылады.

57-параграф. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын бағалау сараптамасы

      390. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалауды сарапшы медициналық тексеру жолымен жүргізеді.

      391. Сондай-ақ, денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығының сараптамасы зақымдар сипаты, оның клиникалық ағымы туралы жеткілікті деректері бар құжаттардың толық жинағы болған кезде медициналық құжаттар бойынша (стационар науқастың картасы, амбулаториялық пациенттің картасы және басқа да медициналық құжаттар) жүргізілуі мүмкін.

      392. Медициналық көмекті ақаулы көрсетумен байланысты денсаулыққа зияндылықты жіктеу кезінде жіберілген ақаулықтар мен қолайсыз нәтиже арасындағы себеп-салдар байланысты анықтау қажет. Медициналық көмекті тиісінше жасамау салдарынан денсаулыққа зиянды бағалауды тек қолайсыз нәтиже мен медициналық көмекті ақаулы көрсету арасында тікелей себептік байланыс болған кезде ғана жүргізу керек.

      393. Медициналық құжаттар бойынша сараптама жүргізу кезінде зардаптар не жарақаттардың нәтижесін анықтау жағдайларында, сипаты, зардаптары, аурулықтың ұзақтығы туралы медициналық құжаттардың қарама-қайшы деректеріне байланысты денсаулыққа зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалауда қиындықтар туғанда, сарапшының сұрау салуы бойынша қылмыстық қудалау органы немесе сот сараптама, сонымен бірге комиссиялық сараптама жүргізу үшін жәбірленушіні шақыруды қамтамасыз етеді.

      394. Сараптама жүргізу кезінде сарапшы медициналық құжаттардың түпнұсқаларын қолданады, түпнұсқалы құжаттар болмағанда, сарапшы сараптама тағайындаған органмен куәландырылған медициналық құжаттардың көшірмесін және салалас мамандарды тартумен жүргізілген қосымша зерттеулердің мәліметтерін негізге алады. Сарапшы қорытынды аталған зерттеулердің нәтижесін ескере отырып жасайды.

      395. Психикалық бұзылу (психикалық ауру), нашақорлық, токсикомания диагностикасын психиатриялық, наркологиялық сараптама жүзеге асырады, алайда олардың алған жарақатпен байланысын, сондай-ақ жан ауруы, нашақорлық пен таксикомания салдарынан болған денсаулыққа зиянның ауырлығын бағалауды қажеттілігі бойынша мамандардың, психиатрлардың, наркологтардың, токсикологтардың қатысуымен сарапшылар комиссиясы жүргізеді. Психикалық бұзылу, ол психикалық ауыру (психикалық аурулық) деген сөз, психикалық аурулық тобына жүйке жүйелерін зақымдаумен байланысты реактивтік күй (психоздар, невроздар) енгізілмейді.

      396. Денсаулыққа зиян ауырлығының сараптамасы кезінде сарапшының қорытындысында мыналар көрсетіледі:

      Медициналық тұрғыдан денсаулыққа зиянның объективтік белгілері (көгерген жер, қанталау, жара, сүйектің сынуы және басқалары), олардың оқшаулануы мен қасиеттері;

      жарақаттанған заттың (заттардың) із жасаушы бөліктерінің сипаттамасы;

      пайда болу механизмі;

      зиян келтіру ескілігі (мерзімі);

      жіктеушілік белгісін көрсетумен денсаулыққа келтірілген зиян.

      397. Объективтік медициналық деректер бойынша өмір үшін қауіпті белгілерді анықтаған жағдайда, сарапшы жарақат нәтижесін күтпей-ақ, денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтай алады.

      Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы туралы болжамды пайымдаумен алдын ала тұжырымдар жасалмайды.

      398. Сарапшы денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын:

      клиникалық көріністің айқын еместігі не жәбірленушінің клиникалық және зертханалық тексеруінің жеткіліксіздігі;

      өмір үшін денсаулыққа зиянның айқындалмаған қауіпті емес нәтижесі;

      жәбірленушінің қосымша тексеруден бас тартуы немесе қайталама тексеруге келмеуі, егер бұл сарапшыны жарақат сипатын, оның клиникалық ағымы мен нәтижесін дұрыс бағалау мүмкіндігінен айырған;

      медициналық құжаттардың болмауы, соның ішінде денсаулыққа зиянның сипаты мен ауырлығы туралы пайымдау мүмкін болмаған жағдайларда бағаламайды.

      Аталған жағдайларда, сарапшы тұжырымдарында денсаулыққа зиянның ауырлығын анықтауға мүмкіндік бермейтін себептерді баяндайды, осы сұрақты шешу үшін оған қажетті қандай мәлімет (медициналық құжаттар, қосымша зерттеулердің нәтижелері және басқалары) керек екендігін көрсетеді.

      Денсаулыққа зиянның ауырлығын анықтау мүмкін еместігі туралы дәлелді түсініктеме сарапшыны сараптама тағайындаған адамның (органның) қойған басқа да сұрақтарын шешу қажеттілігінен босатпайды.

58-параграф. Мәйітті табу орнында қарауды ұйымдастыру және жүргізу

      399. Мәйіттің сыртқы түрін оның табылу (оқиға) орнында қарау тергеу амалдары болып табылады.

      Мәйіттің сыртқы түрін қарауды тергеуші сот медицина саласындағы дәрігер-маманның, ал ол қатыса алмаған кезде, басқа дәрігердің қатысуымен жүргізеді.

      Мәйіттің сыртқы түрін оның табылу (оқиға) орнында қарау кезінде сот медицина саласындағы дәрігер-маман (оның міндетін атқарушы дәрігер) тергеушіге сарапшының құзыретіне жататын сұрақтары бойынша көмек көрсетеді.

      Мәйітпен бірге мәйітханаға мәйітке сараптама тағайындау туралы қаулы және оның табудың (оқиға) орнындағы мәйітті қарау хаттамасының көшірмесі жолданады.

59-параграф. Мәйітке сараптама ұйымдастырудың негізгі қағидалары

      400. Мәйітке сараптама жүргізбей, тек медициналық құжаттар бойынша өлім себебін анықтауға рұқсат етілмейді.

      401. Мәйітке сараптама жүргізу өлімнің себебін анықтау үшін, қаулыда көрсетілген өзге де сұрақтарды шешу үшін тағайындалады.

      Шіру үрдісінің дамуы немесе сыртқы ортаның әр түрлі факторларының әсерімен байланысты мәйіттегі өзгерістер сараптама тағайындаудан бас тартуға негіз бола алмайды.

      Медициналық ұйымда емдеуде болған адамның өлімі және күштеп өлтіру не сондай деп сезіктену кезінде медициналық ұйымның басшысы сараптама тағайындау туралы сұрақты шешу үшін дер уақытында сот-тергеу органдарын хабардар етеді.

      Сараптама ерте болған мәйіттік өзгерістерден соң да (салқындау, мәйіттегі дақтар, мәйіттің сіресіп қалуы) басталуы мүмкін. Осы аталған өзгерістер пайда болғанға дейін мәйіттің ішін ашу тек өлімді анықтап көрсету және өлімнің болғаны туралы акті рәсімделгеннен соң ғана жүргізіледі.

      Аталған актінің бір данасы сараптама тапсырылған сот-медициналық сарапшыға тапсырылады және сот сараптамасы органында қорытындының көшірмесімен бірге сақталады.

      Сараптама тағайындаған органның (адамның) рұқсатынсыз өлген адамның туыстары мен жақындарына және мәйітке сараптама жүргізуге қатысы жоқ басқа адамдарға сараптама кезінде қатысуға, сондай-ақ мәйітхана бөлмесіне (секция залы, мәйіт сақталатын жер, мәйітті киіндіру бөлмесі) кіруге рұқсат етілмейді.

      Адамдардың жалпы өліміне (2 адамнан артық) әкеп соқтырған стихиялы апат және техногендік апаттар, басқа төтенше оқиғалар жағдайында, сараптама тағайындаған органның (адамның) келісімі бойынша өлім туралы медициналық куәлікті және қорытындыны рәсімдеумен өлімнің себебін мәйіттің сыртқы түрін қарау бойынша анықтауға рұқсат етіледі.

      Күштеп өлтіру белгілері мәйітке патологоанатомиялық зерттеу жүргізу бойынша табылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәйітті ашу тоқтатылады және медициналық ұйымның басшысы жазбаша не жеделхатпен болған жағдайды қылмыстық қудалау органына хабарлайды. Мәйітті зерттеген патологоанатом мәйіт пен органдарды зерттеу тоқтаған мезеттегі күйде сақтауды қамтамасыз етеді және өзі жасаған зерттеу туралы хаттама толтырады, ол сараптама қорытындысына енгізіледі.

      Сараптама сот-медициналық мәйітханаларда немесе медициналық мәйітханаларда жүргізіледі. Мәйітті мәйітханаға жеткізу мүмкін болмаған кезде, сараптама тағайындаған орган (тұлға) сот-медициналық сарапшыға өзге бөлмеде жұмыс істеудің қажетті жағдайын жасауды қамтамасыз етеді.

      Сараптама тағайындаған органның (адамның) келісімі бойынша мәйітке, сонымен бірге эксгумацияланған мәйітке ашық ауада, жылдың жылы мезгілінде, құрғақ ауа-райында мәйітке сараптама жүргізуге және жұмыс істеудің қажетті жағдайын жасауға рұқсат етіледі.

      Мәйітті, оның киімдерін және тікелей мәйітке қатысы бар басқа да заттарды мәйітханаға дер уақтысында жеткізуді сараптама тағайындаған орган (тұлға) қамтамасыз етеді.

      Мәйітті медициналық ұйымнан мәйітханаға жолдаған кезде, сараптама тағайындаған орган (тұлға) бір мезгілде медициналық құжаттардың түпнұсқаларын және өлген адамның киімдерін жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Егер, киімдер анықтау не тергеу органдарымен, не олар өлген адамның туыстарының рұқсатымен алынған болса, қаулыда тиісті жазба жазылады.

      Мәйітханаға келіп түскен мәйіттер, киімдер және мәйітпен бірге әкелінген өзге де заттар журналға тіркеледі. Мәйіттер шіріп өзгеруді дамытуға бөгет болатын жағдайларда сақталады.

      Күштеп өлтіру белгілері анықталған кезде мәйітке бальзамдауға арналған консервілеу заттарын енгізу сараптама тағайындаған органның (адамның) жазбаша рұқсатымен қолданылады.

      Мәйіт киімдері және онымен бірге жеткізілген өзге де заттар сараптама жүргізу басталғанға дейін олардың мәйітханаға келіп түскен күйінде сақталады.

      Шетел азаматы мәйітінің сараптамасын, бұрын зерттелмеген эксгумацияланған мәйіттің алғашқы сараптамасын, мәйіттің қайталама сараптамасын міндетті түрде сот-медициналық сарапшылар комиссиясы жүргізеді.

      Мәйіттің сараптамасын тағайындау туралы қаулыда сараптама тағайындаған орган (тұлға) міндетті түрде өлген адамның азаматтығын көрсетуі керек.

      Қатып қалған мәйіттерді, олар бөлме температурасында толықтай ерігеннен кейін зерттейді, бұл ретте мәйітті жоғары температура жағдайында жылдамдатып ерітуге жол берілмейді.

      Сараптама тағайындаған адам оны жүргізу кезінде қатыса алады. Оның белгіленген уақытта келмеуі сараптама жүргізуді бастауды кешіктіруге негіз бола алмайды. Егер, сараптама тағайындаған адам сараптама жүргізу кезінде қатысса, сарапшының қорытындысында оның тегі, лауазымы және жұмыс орны көрсетілумен тиісті жазба жазылады.

      402. Зерттелгеннен кейін алынбаған мәйіт мәйітханада 10 күнтізбелік күн ішінде сақталады. Қаулы шығарған органның (адамның) жазбаша рұқсатынсыз алынбаған мәйіттерді көмуге рұқсат етілмейді.

      403. Мәйіттердің және тірі адамдардың (сезікті және ұсталған адамдардан, сондай-ақ жыныстық қылмыстар мен кәмелетке жасқа толмағандар мен қабілеттігі жоқ адамдарға қатысты жасалған қылмыстардан басқа) сот-медициналық сараптамасы тек күндізгі уақытта табиғи жарықта жүргізіледі. Осы талаптар табылған зақымдар мен өзгерістерді сипаттау мен әрі қарай бағалауда сарапшылық қателіктерді бодырмау мақсатында негізделеген, бұлар сараптама тұжырымдарына келеңсіз әсер етуі мүмкін.

60-параграф. Өлім туралы медициналық куәлікті, перинаталды өлім туралы медициналық куәлікті ресімдеу

      404. Өлім туралы медициналық куәлік (перинаталды өлім туралы медициналық куәлік) мәйіттің сот-медициналық зерттеуден (союдан) кейін толтырылады және зерттеу жүргізген сот-медициналық сарапшымен қол қойылады.

      Өлім туралы медициналық куәлікті толтыру және беру тәртібі (перинаталды өлім туралы медициналық куәлік) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

      Егер өлім себебін анықтау немесе пысықтау үшін зертханалық зерттеулер жүргізу қажет болса, алдын ала куәлік беріледі.

      Зертханалық зерттеулердің нәтижесі алынғаннан кейін өлім туралы жаңа куәлік жасалып, "Алдын аланың орнына" деген белгімен облыстық (қалалық, республикалық) статистикалық басқармаға беріледі.

      Сот сараптамасы органының басшысы немесе сот сараптамасы органының қалалық, аудандық, ауданаралық бөлімшесінің жетекшісі алдын ала куәліктің орнына жолданатын өлім туралы жаңа куәліктің уақтылы жасалуын және статистикалық басқармаға жолдануын бақылауды қамтамасыз етеді.

61-параграф. Сот-гистологиялық сараптаманы (зерттеулерді) ұйымдастыру және жүргізу (24.1)

      405. Сот-гистологиялық сараптаманың (зерттеудің) мақсаты зорлық әсер етумен не аурулықпен себептелген ағзалардағы (тіндердегі) патологиялық өзгерістерді бағалау және болуын анықтау, зақымдардың тірі кезінде болғанын және ескілігін анықтау, сондай-ақ сот гистология саласындағы арнайы ғылыми танымдарды қажет ететін қаулы мен бағытта баяндалған өзге де сұрақтарды шешу болып табылады.

      406. Сот-гистологиялық зерттеудің объектілері: мәйітті ашу кезінде алу жүргізілген органдар мен тіндердің бөліктері және іс бойынша өтіп жатқан, сот-гистологиялық зерттеуді қажет ететін басқа да объектілер.

      Сараптамаға келіп түскен объектілерді тіркеу кезінде ілеспе құжатта оның келіп түсу күні, зерттеудің реттік нөмірі, өңдеу әдісі, алынған объектілердің ілеспе құжатта көрсетілген тізбемен сәйкестігі және зерттеуге жолданған материалдағы анықталған ақаулар белгіленеді.

      Объектілер сараптаманы (зерттеуді) жүргізудің бүкіл уақытында, олардың сақталуын және әрі қарай пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей жағдайларда болады.

      Сот-гистологиялық зерттеу жүргізу барысында сарапшы зерттеу тақырыбына қатысты іс материалдарын оқып-зерттейді, олардан қажетті мәліметтерді жазып алады, заңнамамен белгіленген тәртіпте сот-гистологиялық диагнозды тұжырымдауға және қорытынды беруге қажетті қосымша объектілер мен медициналық құжаттарды сұратады.

      407. Сот-гистологиялық сараптамаға (зерттеуге):

      препараттарды дайындау (қойылған мақсатты ескере отырып арнайы бояуларды қолданумен);

      микроскоптық зерттеу (қосымша зерттеу әдістерін қолданумен);

      зерттеу нәтижелерін ресімдеу (тұжырым жасау) жатады.

      408. Дайындалған гистологиялық препараттар мына талаптарға сай болуы керек:

      қалыңдығы 10-15 мкм артық емес, бүктесіні және жыртығы жоқ, жақсы тегістелген болуы керек; сапалы кесінді алу мүмкін болмаған кезде, кесінділер мен олардың бөліктерін әр түрлі қалыңдықта дайындауға рұқсат етіледі;

      кесінділердің бояуы, әр түрлі құрылымдарының айқын жіктелуі көрінетіндей біркелкі болуы керек, кесінділер жарқырап тұруы тиіс;

      кесінділердің бөтен бөлшектермен, бояғыш кристаллдарымен ластануына, қабатты шыны астына ауа көпіршіктерінің түсуіне жол берілмейді;

      бір парафин блокқа 1 объект құйылады, тиісінше заттық шыныға бір блоктың 1-3 қиығы орналастырылады (1 объект – 1 блок, 1 блок – 1 шыны препарат);

      бір объектіден бір бояу әдістемесі үшін 1-3 қиық дайындалады; қажет болғанда, кесінділер саны көп болуы мүмкін;

      препараттар дайындалғаннан кейін заттық шыныда дайындалған блоктардың саны, сарапшылық зерттеу нөмірі және гистологиялық препараттардың дайындалу жылы белгіленеді.

      Сот-гистологиялық сараптаманың (зерттеудің) барлық жағдайларында қиықтарды гематоксилинмен және эозинмен бояу жүргізіледі.

      Сондай-ақ, қажетті жағдайларда мына бояуларды қолдану ұсынылады:

      липидалар;

      темір тотығы тұздарын анықтау үшін - Перлс бойынша;

      қосылу тіндеріне - Ван-Гизон бойынша, Зербино бойынша, Маллори бойынша;

      талшықтың иілімділіген – Вейгерт бойынша, Харт бойынша;

      кардиомиоциттердің "зақымдануын" анықтауға – Рего бойынша, Ли бойынша, Зербино бойынша;

      амлоидқа-қызыл конго, генцианды күлгін;

      гликоген - Бест бойынша, Шабадаш бойынша, Шиффа реактивімен;

      жүйке тіндерін бояу – Нисслю бойынша;

      гемоглобинурий пигменттерін анықтау үшін-Лепене бойынша;

      жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының таңба-сүртінділері-Павловский бойынша;

      жаңа туғандардың сараптамасы кезінде өкпенің микроциркуляторлы арнасына қан толуды анықтау үшін-Маллори бойынша;

      Лефлердің көк метиленімен микробтарды анықтау үшін, Грамвейгерт бойынша және басқалары;

      Патологиялық күйдің бірқатарын анықтау үшін бірқатар арнайы зерттеу әдістерін – фазалық-контрастік, люминесценттік, полярланған жарықта және басқалары;

      сондай-ақ, сарапшы манадандырылған көздерде сипатталған әдістемелерді пайдалана алады.

      409. Сараптама (зерттеу) нәтижелерін рәсімдеу кезінде сарапшы-гистолог анықталған микроскоптық өзгерістерді жүйелейді.

      Тұжырымдар зерттеу бөлімінен алынуы керек, ғылыми-негізделген және патогенетикалық принциптер бойынша құрылуы керек.

      Ақпарат жеткіліксіз болған кезде диагноздың фактографикалық рәсімдеуі пайдаланылады, онда жүйеленген ретпен ағзалар мен тіндердегі табылған өзгерістер келтіріледі.

      Жарақат және жарақат емес генездің ағзалары мен тіндеріндегі зақымдардың реактивтік үрдістердің артықшылық оқшаулауын көрсетумен олардың көріну сипаты мен дәрежесі белгіленеді.

      Бір боялу әдістемесін қолданумен бір орган немесе тін (сүртінді) түйірін сот-гистологиялық зерттеу гистологиялық зерттеуді (зерттеу объектісі) есепке алудың бір шартты бірлігі болып табылады. Осы түйірден дайындалған препараттың әрбір қосымша боялуы, микроскопияның (люминесценттік, фазалық-контрастік, полярланған жарықта) әрбір арнайы әдісі, сондай-ақ бір препаратты морфометрлеу және микрофотографиялау гистологиялық зерттеуді есепке алудың қосымша шартты бірлігі болып табылады.

      Сақтауы арнайы талаптарды қажет ететін биологиялық объектілерді сарапшылық зерттеу аяқталған кезде, ол сот сараптамасы органында жүзеге асырылады. Сот сараптамасы объектілерінің қалдықтарын сақтау мерзімі туралы деректер Сарапшының қорытындысында көрсетілуі тиіс.

      Сот-медициналық сарапшылардың жолдамасы бойынша келіп түсетін мәйіт материалы бөлімшеде олардың толықтай сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады.

      Гистологиялық мұрағат шыны препараттарынан, парафин блоктардан (парафин құймасы болғанда) және ішкі органдары мен тіндер қалдықтарының ылғал мұрағатынан жасақталады.

      Гистологиялық шыны препараттар екі жыл сақталады; егер сараптама тағайындаған орган (тұлға) басқа мерзімді белгілемесе, парафинге құйылған объектілер блоктар алынғаннан кейін үш жыл сақталады. Егер сараптама тағайындаған орган (тұлға) басқа мерзімді белгілемесе, ішкі органдары мен тіндер қалдықтарының ылғал мұрағаты 10% формалин ерітіндісінде бір жыл сақталады.

      Целлоидинге құйылған блоктардағы объектілер, сондай-ақ мұздатылғаннан кейін қалған қалдықтар сарапшылық зерттеу аяқталғанға дейін сақталады.

      Гистологиялық мұрағаттың бұзылуы немесе оның әрі қарай сақтауға жарамсыздығы жағдайларында тиісті акт жасалады, оған бөлімше басшысы, сарапшы-гистолог және зертханашы қол қояды.

      Диатомды планктоны бар минерализаттан дайындалған шыны препараттар бір жыл сақталады.

      Сақтау мерзімі аяқталғаннан соң, объектілер санитариялық және басқа да қауіпсіздік нормалары сақтала отырып жойылады. Мұрағаттық гистологиялық материалды, органдар мен тіндерді жоюды комиссиялық түрде жүргізіледі, сонда күні қойылған "Сараптама (зерттеу) объектілерін жою актісі" жасалады, онда сараптама (зерттеу) нөмірі, келіп түсу мен зерттеудің аяқталу күні көрсетіледі, оған сарапшылық бөлімшенің басшысы, сарапшы және зертханашы қол қояды.

62-параграф. Сот-биологиялық және сот-цитологиялық сараптаманы (зерттеу) ұйымдастыру және жүргізу (25.1)

      410. Сот-биологиялық сараптаманың мақсаты адамның қанын, бөліністерін және шашын иммундық реакциялар көмегімен зерттеу болып табылады. Сот-цитологиялық сараптаманың мақсаты органдардың және тіндердің бөлшектерін, оқшауланған жасушаларды микроскопия көмегімен зерттеу болып табылады..

      411. Сараптама жүргізуге мыналар ұсынылады:

      сараптама тағайындау туралы қаулы;

      нақты сараптаманы жүргізуге қажетті салыстырмалы үлгілер (қан, бөліністер, шаштар және басқалары).

      Іс бойынша өтіп жатқан адамдардың қан үлгілері сот-биологиялық бөлімшеде (қан алу кабинеті болған кезде) немесе сараптама тағайындаған адамның тапсырысы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкері кейінде зерттеуге жеткізумен алынады. Мәйіттен сұйық қан үлгісін ашу жүргізген сарапшы алады (жүрек қуысынан қан алған мақсатқа лайықты). Қандай да бір себептерге байланысты қанды алу мүмкін болмаған жағдайларда, үлгілер ретінде шаштар, тырнақтар, сүйектер, бұлшық еттер алынады.

      Іс бойынша өтіп жатқан адамдардың қанының топтық сипаттамасын анықтау кезінде үлгілер құрғақ күйде дәкеде зерттеледі.

      Ерекше жағдайларда, үлгі ретінде мәйіттен алынған киім зерттеледі (бұл әрекет сараптама тағайындау туралы қаулыда келісіледі).

      Салыстырмалы зерттеуге арналған заттай дәлелдемелерді және үлгілерді алу хаттамасы:

      сараптама жүргізуге қажетті материалдар (мәйіттін немесе тірі адамның сараптама қоырытындысы; қайталама не қосымша сараптамалар тағайындалған кездегі жағдайларда сарапшының бастапқы қорытындысы).

      Сезікті (не жәбірленуші) болмаған кезде сараптама үлгілерсіз жүргізіледі.

      412. Сараптама жүргізу кезеңінде зерттеу объектілері мен құжаттардың сақталуын сарапшы қамтамасыз етеді, сараптама аяқталғаннан кейін олар сараптама тағайындаған органға (адамға) тапсырылады.

      Мұрағаттық материал (мәйіт қанының үлгілері, тампондар, шаштар, тырнақтар, сүйектер, цитологиялық шыны препараттар, зерттеу нәтижелеріне байланысты емес), егер сараптама тағайындаған орган (тұлға) басқа мерзімді белгілемесе, 3 жыл сақталады.

      Объектілер мен құжаттарды жоюды құрамында 3 адамы бар комиссия сот сараптамасы органының басшысы бекіткен актіні жасау арқылы жүргізеді.

      Бар болуын, түрін, жынысын анықтау жөніндегі зерттеулерді жүргізу кезінде, өте кіші объектілерді толықтай жоймайынша қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкін еместігін қоспағанда, объектілерді шығындауды зерттеудің толықтығын және олармен қосымша не қайталама әрекеттердің мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп жүргізеді.

      Сұйық қан оның бөлімшеге келіп түскеннен келесі күннен кешіктірілмей зерттелуі керек, немесе дәке салфеткасында кептірілуі тиіс.

      Объектілерді таңбалау айқын және бір сараптаманы орындау кезде барлық реакцияларда өзгеріссіз қалуы керек.

      Әрбір зерттеуді жүргізу кезінде оның түріне байланысты пайдаланылатын реактивтер мен реагенттердің (олардың ерекшелігі мен белсенділігі) және топтық қатыстылықты анықтау үшін стандартты эритроциттердің жарамдылығы тексеріледі.

      Қан мен бөліністердің сараптамасы кезінде сарапшы қолданылатын әдістемелердің кез келгенін, олардың әрбірінің сезімталдығын ескере отырып жұмысында пайдалануы мүмкін. Сезімталдығы аз әдісті пайдалану кезінде расталмаған реакция алу жағдайында, міндетті түрде сезімталдығы көп әдіс қолданылады, тек соны жүргізгеннен кейін ғана қан не бөліністердің табылмағандығы туралы тұжырым жасалады.

      Қан немесе бөліністердің болуы туралы тұжырым жасау үшін оны қолдануда оң нәтиже берген кез келген санамаланған әдістердің бірін пайдалану жеткілікті, ал қан не бөліністердің табылмауы туралы тұжырым жасау үшін әр түрлі әдістерді олардың сезімталдығының өсуі бойынша реттілігімен қолданған міндетті.

      Расталмаған реакция нәтижесі қан не бөліністердің болмауы туралы тұжырым жасаудың негізі болып табылмайды. Бұл жағдайда сарапшы тек олардың табылмау фактісін көрсетеді.

      Жануар қанымен араласқан адам қанының іздеріндегі топтық қасиеттерді анықтамайды.

      Ауызда болған белгілері бар темекі тұқылы мен шайнау сағыздарындағы сілекейдің болуы анықталмайды. Темекі тұқылы мен шайнау сағыздарындағы топтық ерекшелік антигендерді анықтау кезінде анық емес нәтиже алған жағдайларда, сілекейді болуын анықтау бойынша реакцияға жүгінеді.

      Ерекшелігі жоқ нәтижелердің болу мүмкіндігінен, сіріңкедегі, тырнақ астындағы, темек тұқылындағы терді анықтау ұсынылмайды.

      Ұзақ уақыт киілген заттарда (бас киім астарлары, аяқкиім ұлтарақтары, нәскилер мен шұлықтар және басқа заттар) тердің болуы анықталмайды.

63-параграф. Медиктік-криминалистік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу (26.1)

      413. Медиктік-криминалистік зерттеулердің мақсаты фактілерді анықтау және бағалау болып табылады, онда жалпы сот медицина саласындағы білімнен басқа, криминалистік сәйкестендіру саласындағы арнайы ғылыми танымдарды және арнайы зертханалық зерттеу (физикалық, фотографиялық, техникалық, химиялық, математикалық) әдістерін қолдануды қажет етеді.

      414. Сот-медициналық зертханалардың медиктік-криминалистік бөлімшелерінде мына төмендегі сот-медициналық зерттеулер жүргізіледі:

      трасологиялық;

      баллистикалық;

      жеке адамды теңдестіру;

      микрологиялық (микрообъектілер мен заттар іздерінің сараптамалары);

      оқиғаларды қайта қалпына келтіру (ситуациялық сараптамалар).

      415. Трасологиялық зерттеулердің объектілері:

      зақымдар;

      адам денесіне ену іздері және олармен шығу тегі бойынша киіммен адам денесіне өткір және доғал заттардың механикалық өзара әрекет ету нәтижесінде болған киімдегі ұқсас іздер, қан ағу, заттар мен материал бөлшектерін бір өзара әрекет ететін беттен екіншісіне ауысу, сондай-ақ химиялық, термиялық және дене зақымдарына әкеп соқтыратын өзге де факторлардың әсер етуі;

      аталған іздер қасиеттерінің және олардың қылмыстық іс материалдары мен медициналық құжаттарда ауызша-сөйлеу, графикалық, фотографиялық, рентгенографиялық, математикалық және басқа да модельдер түрінде пайда болуы үрдістерінің құжатталған көріністері;

      жобаланған жарақат құралдары (тексерілетін объектілер) және олардың іздерінің әр түрлі модельдер түріндегі көріністері;

      зерттеуге ұсынылған және сараптама барысында эксперименттік түрде алынған сараптама объектілерінің үлгілері.

      416. Трасологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде келесі сұрақтар шешіледі:

      іздердің түрін, пайда болу механизмі мен шарттарын анықтау;

      жарақат құралының қасиеттерін және оны теңдестіруді анықтау.

      417. Баллистикалық зерттеулердің объектілері:

      адам денесіндегі атыс қаруынан болған зақымдар және онымен бірге киімдегі атыс қаруының зақымдарының пайда болуының бірыңғай механизмі, атыс қаруынан болған жарақат үрдісінде денеде және киімде пайда болатын өзге де іздер, сондай-ақ атыс снарядтары, дене мен киімнен алынған олардың бөліктері;

      ауызша-сөйлеу, графикалық, фотографиялық, рентгенографиялық, математикалық түрдегі және қылмыстық іс материалдары мен медициналық құжаттарда басқа да модельдер түріндегі адам денесі мен киіміндегі атыс қаруынан болған зақымдар қасиеттерінің және онымен байланысты іздердің белгіленген көріністері;

      зерттелетін атыс қаруы зақымдарының және зерттеуге ұсынылған және сараптама барысында эксперименттік түрде алынған атыс қаруы жарақаты динамикасының объективті модельдері түріндегі ілеспе іздерінің пайда болу үдерістерінің құжатталған көріністері;

      адам денесінің зақымдары және жарылыс жарақаты нәтижесінде туындаған онымен бірыңғай механизмімен байланысты киімді зақымдау, жарылыспен зақымдау үдерісінде пайда болған дене мен киімдегі өзге іздер, олардың көріністері және жарылғыш құрылғылар немесе олардың құрамдас бөліктерінің үлгілері;

       ұсынылған және /немесе оны орындау барысында эксперименттік түрде алынған басқа да сараптама объектілері.

      418. Баллистикалық зерттеулерді жүргізу кезінде:

      атыс қаруы снарядының зақымдау фактісі, жарылғыш құрылғылардың зақымдау факторлары анықталады;

      зақымдардың саны мен атылыстардың жүйелігі анықталады;

      кіру және шығу зақымдарынының оқшаулауы анықталады;

      жарақат арналарының бағыты, атылыс арақашықтығы, атыс қаруы мен оқ-дәрінің түрі мен ерекшелігі, атыс қаруынан зақымдар келтіру мезетіндегі жәбірленушінің денесінің қалпы, зақымның кедергі арқылы және снарядтың тайқып кетуінен кейінгі белгілері, атылыс бағыты, сондай-ақ жарылыс жарақаты кезінде дененің зақымдануының механизмі мен шарттары, жарылғыш құрылғылардың белгілі бір сипаттамалары анықталады.

      419. Жеке адамды теңдестіру зерттеуінің объектілері мыналар болып табылады:

      дене бөліктері және кез келген мәйіттік өзгерістер кезеңіндегі белгісіз адамдар мәйіттерінің, бөлшектелген мәйіттердің басқа объектілері, дененің бөлшектенген бөліктері, қаңқаланған мәйіттер, қаңқа бөліктері, жеке сүйектер, сүйек қалдықтары, сүйекке ұқсас объектілер, мәйіттерді өртеу орнының күлдері;

      ауызша-сөйлеу, антропометриялық, морфологиялық, графикалық, көлемдік, фотографиялық, рентгенографиялық түрдегі және табу орнын қарау және сот-медициналық сараптамаларды жүргізу барысы кезінде алынған басқа да модельдер түріндегі құжатталған белгісіз мәйіттердің, олардың бөліктерінің, сүйек қалдықтарының ерекшеліктерін сипаттайтын белгілер;

      белгісіз мәйіттердің орны, болу жағдайлары және мән-жайлары туралы құжатпен белгіленген деректер;

      іздестірудегі адамдар туралы құжатпен белгіленген мәліметтер, объективтік модельдер түріндегі көріністер, іздестірудегі адамдардың туыстарынан келіп түскен және сараптамаға ұсынылған белгіленген мәліметтер.

      420. Жеке адамды теңдестіру сараптамасы кезінде адам сүйектерінің түрлік қатыстылығын, олар тиесілі болған мәйіттер санын, олардың нәсілдік, жыныстық қатыстылығын, жасын, өмір сүргендегі бойын және дененің басқа да өлшемдерін, оның құрылымының ерекшеліктерін, болған ауруларының белгілері барын, дене зақымдарын, олардың сипаты мен ескілігін, ауызша портретінің белгілерін және беймәлім сүйектердің жеке басын анықтау үшін қажетті басқа да жеке ерекшеліктерін анықтайды.

      421. Микрологиялық зерттеулердің (микрообъектілер мен заттар іздерінің сараптамалары) объектілері:

      пайда болу механизі бойынша дене зақымдарымен байланысты болатын, адамдардың мәйіттеріндегі зақымданған тіндердегі және киім іздеріндегі микробөлшектер мен микроіздер;

      сот-биологиялық, сот-гистологиялық, химиялық-токсикологиялық бөлімшелердің спектральды зертханасында зерттеу жүргізу үшін микрокөлемде алынған объектілер;

      қылмыстық (іздестіру) істе және медициналық құжаттарда белгіленіп бұрын жүргізілген микрологиялық зерттеулер туралы, мәйітті табу орнында оған сот-медициналық зерттеудің нәтижелері және сараптамаға жолданатын сараптамалар туралы басқа да мәліметтер.

      Ұсынылған материалдар мен жинақталған сұрақтар бойынша сараптамалардың басқа түрлерін жүргізу қажет болмаған жағдайларда, микрологиялық зерттеулер өзіндік жеке зерттеу ретінде жүргізіледі.

      Сот-медициналық микрологиялық зерттеулер кезінде киімде, мәйіт денесінде, зақымдарда және дене тіндерінде бөтен микрообъектілердің болуы, заттар мен микрообъектілердің жарақат құралынан киімге және керісінше өту (ену) фактісі анықталады.

      422. Оқиғаларды қайта құру сараптамаларының (ахуалдық сараптамалар) объектілері:

      аяқталған сот-медициналық және криминалистік сараптамалардың қылмыстық іс материалдары;

      ахуалдық сараптамаларды жүргізу кезеңінде орындалған тергеу және сарапшылық эксперименттердің материалдары;

      бұрын жүргізілген сараптамалардың объектілері (оқиғаға қатысушылар киімдерінің бөліктері, көлік құралдары, зақымдар салу құралдары, атыс қаруы, оқиға орнының заттық жағдайы және басқалары), сондай-ақ үлгілер, көшірмелер мен объективті модельдер;

      тірі адамдар – зерттелетін оқиғаға нақты қатысушылар және ахуалдық талдау үшін маңызы бар мән-жайларды қайта құруға тартылатын статистер;

      оқиғаның шынайы орны, жол, ландшафт немесе оған құжаттамалық түрде белгіленген елеулі параметрлер мен оқиға орнына ұқсастыру шарттары бойынша барынша сәйкес учаске.

      Оқиғаны қайта құру сараптамасы кезінде сарапшының міндеті дене зақымдарын келтіру және алу барысының динамикасы туралы оқиғаға қатысушылардың түсініктерінің тергеу және сарапшылық жолмен алынған объективтік деректерге сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтауға саяды.

      423. Сараптама жүргізу барысында мыналар пайдаланылады:

      әдебиет деректері;

      диссертациялық жұмыстар;

      ресми басылымдарда және басқа да материалдарда жарияланған ғылыми мақалалар;

      пайдалану құқығына сертификаты бар, бөлімшелерде ресми мақұлданған және оң әсер берген компьютерлік бағдарламалар;

      медициналық-криминалистік зерттеулер әдістемелері.

      424. Сараптаманы жүргізу барысына мына кезеңдер кіреді:

      қаулымен, ұсынылған материалдармен (медициналық құжаттарды қоса алғанда) танысу;

      заттай дәлелдемелер мен ұсынылған үлгілерді алдын ала қарау;

      зерттеу;

      тұжырымдарды жасау;

      сараптама қорытындысын ресімдеу.

      Сараптама тағайындау туралы қаулымен танысу кезеңінде сарапшы істің мән-жайын, шешуге жататын сұрақтарды және сараптамаға ұсынылған материалдар тізбесін оқып-зерттейді, келіп түскен материалдардың тізбеге сәйкестігін тексереді.

      Заттай дәлелдемелерді (үлгілерді) алдын ала қарау, алда тұрған жұмыс көлемін, олардың белгілі бір зерттеу түрін жүргізуге жарамдылық дәрежесін анықтау, объектілерді сәйкестендіруші және сәйкестендірілетін нөмірлеу мен таңбалауға сұрыптау және жіктеу мақсатында, сондай-ақ олардың бастапқы қасиеттерін сақтау жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдау үшін жүзеге асырылады.

      425. Сараптама объектілерін келесілермен:

      сәйкестендіру барысындағы әрбір объектінің орнымен (трасологиялық және баллистикалық сараптамаларда ең алдымен, сәйкестендіруші объектілерді, яғни теңдестірілетін құралдан болған іздерді зерттейді, екінші кезекте тексерілетін объектілер – жобаланған жарақат құралы зерттеледі; жеке адамды теңдестіру сараптамаларында және микрологиялық сараптамаларда, алдымен сәйкестендірілетін объектілер, содан соң барлық салыстырмалы материал зерттеледі);

      объектілердің бастапқы қасиеттерінің құбылмалығымен (ең алдымен, шіру және өзге де үрдістердің нәтижесінде сәйкестендіру белгілері басқа объектілерге қарағанда бұрын жоғалатын объектілер зерттеледі);

      механизмімен және пайда болу жағдайларымен (ең алдымен, киім материалдарының сыртқы, содан кейін ішкі қабаттарының зақымдары зерттеледі, бұдан соң қабат-қабатымен жарақат арнасы зерттеледі; егер зақымдардың пайда болу жүйелігі анықталған болса, із-зақымдар бойынша сәйкестендіру зерттеуінде бірінші кезекте келтірілген зақымдар зерттеледі) себептетесетін, белгілі бір жүйелікпен зерттейді.

      Зерттеу әдістерін таңдап алған кезде сарапшы осы сараптама түріне қолданылатын барлық әдістерді анықтайды. Содан кейін, объектілердің сипатына қарап, нақты жағдайда пайдалану үшін ең жарамды және тиімді әдістерді таңдап алады және объектілер қасиеттерін зерттеудің аяғына дейін барынша сақтау қажеттілігінен шыға отырып, оларды қолданудың кезектілігін анықтайды.

      Зерттеу жүргізудің жалпы тәртібін сараптаманың түріне байланысты криминалистік сәйкестендіру теориясының негізгі қағидаларын ескере отырып анықтайды.

      426. Трассологиялық сараптамаларды жүргізу кезінде зерттеу мына төмендегі жүйелікпен өткізіледі:

      шынайы (зерттелетін) іздерді (сәйкестендіруші) жеке-жеке зерттеу, сонда құжаттамалық деректер мен нативтік материалда (тікелей іздер – жәбірленушінің киімі мен денесіндегі зақымдар, олардағы бөтен қосылыстар мен ендірмелер) әрбір іздің қасиеттерін жеке-жеке барлық қол жетімді құралдармен зерделейді, оның пайда болу механизмін анықтайды, жалпы және жеке белгілерін айқындайды және теңдестіру үшін жарамдылық дәрежесін анықтайды;

      шынайы іздерді салыстырмалы зерттеу, оның барысында әр түрлі іздердегі әрбір анықталған белгілердің қайталанушылығын анықтайды; оларда бір немесе бірнеше із жасаушы объектілер бейнеленгенін анықтайды, не із жасау механизмдерінің біркелкілігін немесе әр түрлілігін көрсетеді және зерделеніп жатқан іздер арасындағы байланысты анықтайды;

      болжамды жарақат құралы болған кезде жеке-жеке зерттеу және осы құралдармен эксперименттік іздерді (үлігілерді) алу;

      эксперименттік іздерді жеке-жеке және салыстырмалы зерттеу, оны шынайы іздерді зерттеу кезіндегі сұлба бойынша жүргізеді;

      шынайы, эксперименттік іздерді салыстырмалы зерттеу және алынған нәтижелерді бағалау.

      Салыстырмалы зерттеу барысы жүйелікпен жалпы белгілерден жеке белгілерге қарай жүргізеді. Жалпы белгілері бойынша объектілерді салыстырған кезде ұқсастық пен айырмашылықты анықтап бағалайды. Жеке белгілерді салыстырғанда, сәйкес келу мен айырмашылықты анықтайды.

      427. Баллистикалық зерттеулер жүргізу кезінде трасологиялық сараптамаларға жүргізген жүйелікпен жүргізеді, алайда мына ерекшеліктерді ескереді:

      баллистикалық сараптамалардағы атыс қаруынан болған зақымдардың пайда болу механизмі мен шарттарын айқындайтын белгілер трассологиялық сараптамаларға қарағанда, көбінесе, өздігінше сәйкестендірушілік мәнге ие болады, өйткені, олар атылыс арақашықтығы, кіру және шығу тесіктерінің оқшаулануы, жарақат арнасынының бағыты мен тереңдігі және басқасы туралы ақпаратпен қатар атыс қаруы мен оқ-дәрінің түрі мен ерекшелігін (кейде, жеке даралығын) көрсетеді;

      зақымдардың пайда болу механизмі мен шарттарын және атыс қаруының ерекшеліктерін (жобаланған жарақат құралы болмаған кезде) анықтауға арналған салыстырмалы материал сараптамаға ұсынылған осындай құралдардың үлгілері болуы мүмкін, ал олар болмаған кезде – бұрын жүргізілген сараптамалар кезінде алынған қарудың топтық баллистикалық қасиеттері туралы немесе арнайы әдебиетте жарияланған деректер болуы мүмкін;

      баллистикалық сараптама жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға басты назар аударылады, атап айқанда, атыс қаруының сот-медициналық зерттеуі алдында оның оқталмағандығына көз жеткізу керек, ал эксперименттік атыстарды тек кешенді сараптама ауқымында, арнайы жабдықталған тир үй-жайында, тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып және атыс қаруын криминалистік зерттеу бойынша маманның қатысуымен жүргізу керек.

      428. Жеке адамды теңдестіру бойынша зерттеу жүргізу кезінде орындалу жүйелігі мен зерттеу көлемін ұсынылған объектілердің сипаты мен сапалы таңдауынан шыға отырып анықтайды:

      сәйкестендірілетін объектілерге (белгісіз сүйектер немесе соларға ұқсас объектілерге) жеке-жеке анатомиялық-морфологиялық зерттеу күмәнді жағдайларда, әрбір объектінің биологиялық және тіндік қатыстылығын, анатомиялық және түр қатыстылығын анықтағанда жүргізіледі;

      әрбір объектінің жыныстық, нәсілдік белгілерін, жасын және бойын, аурулығын, жарақаттарын, туа біткен ақауларын және басқа да ерекшеліктерін анықтайды;

      салыстырмалы-анатомиялық зерттеумен бытыраңқы табылған объектілердің шығу тегінің, олардың тегі адамнан шығуы күмән тудырмаған кезде белгілерді жеке-жеке зерттеу кезінде анықталуы бойынша бір индивидтен шығуын анықтайды;

      бір индивидтен шыққан сәйкестендірілетін объектілерді жеке-жеке зерттеудің деректерін жиынтықта бағалауда (синтезбен) барлық объектілерді оқып-зерттеу нәтижелері, патологиялық өзгерістер мен даму аномалиясының белгілері ескеріліп, оның түпкілікті жынысын, жасы және бойын анықтайды, сондай-ақ тірі кезіндегі сыртқы, жалпы және жеке белгілерін, ауызша портретін, тері тыртықтарын және басқа да деректерін анықтайды;

      іздестірілетін адамдарға салыстырмалы материалды жеке-жеке зерттеумен сәйкестендірушілік зерттеуге жарамды құжаттамалық мәліметтерді, фотосуреттерді, рентгенограммаларды және хабар-ошарсыз жоғалып кеткеннің белгілерін көрсететін басқа да объекті-модельдерді (сәйкестендіруші объектілер) анықтайды, сондай-ақ оның белгілерін зерделейді, талдап қорытады;

      сәйкестендірілетін және сәйкестендіруші объектілерді салыстырмалы зерттеу кезінде, алдымен, олардың жынысы, нәсілі, жасы, дене бітімінің ерекшеліктері туралы деректерге салыстыру жүргізеді, содан соң ауызша портреті мен жеке ерекшеліктеріндегі белгілерге салыстыру жүргізеді;

      ендірме (фото құрастыру), сырғанату және репераж әдістерімен салыстыруды санамаланған белгілер бойынша салыстырудағы оң нәтижелерді алғаннан кейін орындайды.

      Микрологиялық зерттеулер кезінде ұсынылған объектілерді зерделеу, антропологиялық зерттеулер сияқты сәйкестендіретін объектілерден бастайды, содан кейін үлгілерге талдау және салыстырмалы зерттеу жүргізіледі. Бөлімшеде пайдаланылатын әдістердің тізбесі мен сезімталдығына байланысты, сараптама микрообъектілерді табу кезеңінде және олардың жалпы қысқаша сиапттамасымен аяқтауы мүмкін, немесе заттардың жіктелу не сәйкестендіру деңгейіне дейін жеткізілуі мүмкін.

      429. Оқиғаларды қайта құру бойынша (ахуалдық зерттеулер) жүргізу әрдайым тергеу және сараптамалар ісі бойынша орындалған материалдарды (сот-медициналық және криминалистік) зерделеуден бастайды, содан кейін қойылған міндеттерге байланысты оларды шешудің тәсілдері мен құралдарын айқындайды. Сараптаманы орындаудың кезеңдері:

      тергеу және сарапшылық іс-әрекеттермен алынған оқиға динамикасы туралы объективтік деректерге талдау;

      оқиға динамикасы туралы тексерілетін нұсқаларға жеке-жеке талдау;

      әрбір тексерілетін нұсқалар бойынша жеке-жеке орындалған эксперименттік зерттеулер;

      объективтік деректерді талдау нәтижелерін ескере отырып орындалған эксперименттік зерттеу;

      эксперименттік деректерді алынған салыстыру нәтижелерін бағалаумен салыстырмалы зерттеу.

      430. Оқиғаларды қайта құру бойынша (ахуалдық зерттеулер) жүргізу кезінде мына ерекшеліктерді ескереді:

      ахуалдық зерттеулерді жүргізу алдын ала тергеу сатысында, айыпталушының әлі қылмыстық іс материалдарымен және ондағы сараптамалардың деректерімен таныспаған кезде жүзеге асырылады;

      зерттеулердің эксперименттік бөлігі тергеу эксперименті (онда алынған эксперименттік деректерге талдауды сарапшы іс материалдары бойынша жүргізеді) не сарапшылық эксперимент ретінде жүзеге асырылады;

      эксперименттік зерттеулерді жеке-жеке әрбір тексерілетін нұсқалар бойынша орындайды;

      тергелетін оқиғаға қатысушылар және статистер зерттеу объектілері болып табылады және эксперимент әдістемесіне сәйкес, олардың антропометриялық белгілері мен физикалық дамуының ұқсастықтарына куәландырылуға жатады;

      тексерілетіндер сарапшыны тарта отырып, оқиғаға қатысушылар мен статистер бойынша нұсқаларды тексеруден өткізеді, ал объективті деректер бойынша эксперименттерді және олардың нәтижелерін салыстыруды статистерді тарта отырып жүргізеді;

      ахуалды модельдеу кезінде, алдын ала жәбірленушіні ауыстыратын (бейнелейтін) статистің денесіне зақымдарға сәйкес ен-таңбалар (бұл ен-таңбалар айыпталушы үшін көрінбейтін болуы керек (киіммен жабылған) салады, шынайы зақымдардың оқшаулануының және эксперименттік түрде алынған шартты түйіспелі іздердің сәйкестігі не сәйкессіздігі анықталады;

      зерттеудің объективтігіне объектілердің статикасы мен динамикасы заңдылықтарын көрсететін механиканың негізгі физикалық заңдарын барабар қолданумен жетеді;

      екі дененің (объектілер мен субъектілер) өзара әрекеті үрдісінің графикалық талдауында айналу мезеті, иық және күш тетігі және басқалары сияқты физикалық шамалардың планиметриялық құрылысын пайдаланады, физикалық шамалардың сандық көрсеткіштері болған кезде, олар динамометрдің, миллисекундомердің, тензометрдің және басқа да аспаптардың көмегімен алынуы мүмкін; зерттелетін нұсқаны (үдерісті) ахуалдық бағалау есептеу шамаларын: күш импульсін, сызықтық үдетуді, соққы қуатын, кедергінің иілімді күштерін және өзге де параметрлерді алумен математикалық талдаумен бекітілуі мүмкін;

      барлық тексеруден өткен нұсқалардың нәтижелерін объективтік деректермен салыстыруды барлық параметрлер: оқшаулау, лунниктер, жарақат бағыттары, олардың сырт және ұш жақтары, жарақат арналарының бағыттары, атыс снарядының ұшу траекториясының, жарақат құралының, көліктің қозғалысын көрсететін басқа морфологиялық белгілері бойынша жүргізеді;

      ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды, оған қоса эксперимент жүргізу шарттарына байланысты айырмашылықтарды елеулі (толықтай сәйкес келмеу) және елеусіз деп бөледі, оның барысында барлық салыстырылатын параметрлердің сөзсіз сәйкес келуіне қол жеткізу мүмкін емес;

      жүргізілген салыстырмалы зерттеудің негізінде зақымдарды келтірудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы тұжырым жасайды және оның егжей-тегжей дәлелдемелерін келтіреді, оны қорытындының түйіндеу бөлімінде баяндайды;

      елеулі айырмашылықтар кезінде осы жағдайда зақымдарды келтірудің мүмкін еместігі туралы тұжырым жасайды; елеулі айырмашылықтар және ұқсастықтар болмаған кезде зерттелген жағдайда жәбірленушіде зақымдардың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды, бұл жағдайда оқиғаның барлық басқа мүмкін болатын нұсқаларының дұрыстығы мен сенімділігі жоққа шығарылған кезде кесімді тұжырым шығарылады;

      эксперименттік зерттеулер статистермен оқиғалар динамикасын көрсетуді қажет етпеген жағдайларда, биоманекендерді немесе жасанды манекендерді пайдаланады, не оқиғалар динамикасын графикалық сұлбаларда, математикалық есептеулерде, компьютерлік модельдеу арқылы фотобейнелерді репераждау жолымен талданады;

      экспериментке қатысушылардың барлық әрекеттерін түйінді кезендер мен фазаларға ерекше назар аударумен фото-, кино-, бейнетүсіру көмегімен белгіленеді (шабуылдаушының қолындағы жарақат құралының орналасуы, жәбірленуші мен шабуылдаушының өзара орналасуы, жарақат құралы қолдың қозғалыс траекториясы, жарақат құралының жәбірленушінің денесімен түйісуі, оқиғаға қатысушылардың, көлік оқиғасының кейінгі орын ауысуы; белгілеуге статикалық кезеңдер ғана емес, сонымен бірге қозғалыс динамикасының фазалары да жатады);

      ахуалдық сараптама эксперименттік зерттеудің барлық кезең барысын көрнекі аша және салыстырмалы талдаудың нәтижелерін растай отырып безендіріледі (реперажы бар фотосуреттер, суреттер, векторлық-графикалық құрылымдары бар сұлбалармен).

64-параграф. Әйел және еркек жынысты адамдардың жыныстық жай-күйлерінің сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу

      431. Жыныстық жай-күйлердің сараптамасын ведомстволық қатыстылыққа байланыссыз, қылмыстық процесті жүргізуші органның (адамның) қаулысы негізінде сот-медициналық сарапшысы жүргізеді.

      Өзге арнайы медициналық танымдардың сараптамасын жүргізу үшін қажет болған жағдайда, сараптаманы тиісті медициналық бейімнің мамандарының қатысуымен комиссиялық түрде жүргізеді.

      Әйел және еркек жынысты адамдардың сараптамасын осы мақсат үшін жабдықталған, жарық, жылы үй-жайда, табиғи күндізгі жарықта немесе жеткілікті жасанды жарықта жүргізеді. Тиісті жағдайлар болмаған кезде сараптаманы денсаулық сақтаудың бейімделген ұйымдарында жүргізу керек.

      Әйел жынысты адамдардың сыртқы және ішкі жыныстық органдарын тексеруді гинекологиялық креслода жүргізеді.

65-параграф. Сексуалды сипаттағы күштеу әрекеттерінің белгілерін анықтау

      432. Жәбірленуші адамдарға, сондай-ақ әйел, еркек жынысты адамдарға қатысты сексуалды сипаттағы күштеу әрекеттері кезінде әр түрлі күштеу және табиғи қарсы сексуалды айла-шарғылар жасалуы мүмкін, олар жыныстық қылмыстар санатына жатады.

      Сексуалды сипаттағы күштеу әрекеттерін жасау нәтижесінде жәбірленушінің денесінде, сонымен бірге жыныстық органдарында әр түрлі зақымдар пайда болуы мүмкін:

      қаламаған жүктілік болуы мүмкін;

      мерез ауруларын, ВИЧ-инфекцияны жұқтыруы мүмкін;

      еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық актілерін жасауы;

      жасөспірім жастағы жәбірленушілерге қатысты азғындық әрекеттер жасау.

      Сондықтан да сарапшының міндетіне осы кезде аталған әрекеттерде объективті белгілердің туындауын анықтау кіреді.

66-параграф. Химиялық-токсикологиялық сараптамаларды (зерттеулерді) жүргізудің тәртібі (27.1)

      433. Химиялық-токсикологиялық сараптамаларды (зерттеулерді) жүргізудің мақсаты токсикологиялық химия саласындағы арнайы ғылыми танымдарды қажет ететін объектілерді (заттай дәлелдемелерді, үлгілерді) химиялық зерттеу болып табылады.

      434. Химиялық-токсикологиялық зерттеудің объектілері: адам мәйіттерінің ішкі органдары, биологиялық сұйықтықтар және адам денесінен шығатын бөліністер, химиялық-тоқсикологиялық зерттеуді қажет ететін іс бойынша өтіп жатқан басқа объектілер.

      Мәйіт материалдарына химиялық-токсикологиялық зерттеу жүргізу кезінде мәйітке сот медициналық сараптама жүргізу шеңберінде зерттеу басталған күні жіберілген объектілердің үштен бірі бөлініп алынады және болуы мүмкін қайталама және қосымша сараптама жүргізу үшін осы Ережелердің қағидаларына сәйкес мерзім мен жағдайда сақталады.

      Объектілер сараптаманың (зерттеудің) барлық мерзімі ішінде олардың сақталуын және әрі қарай пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда болуы керек.

      435. Химиялық-токсикологиялық сараптамалық зерттеудің мақсаты болып табылатын (бастапқы заттар болып табылатын) заттардың (тұрмыста, медицинада, ветеринарияды, ауыл шаруашығында пайдаланылатын кез келген табиғи және синтетикалық заттар және тағы басқалары) көптігін ескере отырып, бұл ретте оларды бір мезетте табуға жарамды әдістер мен тестердің әмбебап және толық қанды жиынтығы жоқ, сарапшы мамандандырылған көздерде келтірілген әдістемелерді пайдалана алады.

      Химиялық-токсикологиялық зерттелуге міндетті заттардың тізілімі шешуге қойылған сұрақтарға сәйкес және тиісті әдістемелермен айқындалады.

      Сарапшы, қойылған сұрақтарға, клиникалық, секциялық көрініске, істің мән-жайына, оқиға орнынан алынған мәліметтерге, ұсынылған объектілердің күйі мен санына, зертхананың жарақтандырылуына байланысты, өте дұрыс нәтижені қамтамасыз ететін бастапқы затты анықтауды ң қажетті әдістерін таңдайды.

      Объектілердің ақталмайтын шығынын болдырмау үшін сарапшы сараптама (зерттеу) объектілері келіп түскен кезде жүргізілетін сараптама (зерттеу) бойынша барлық материалдарды мұқият зерделейді:

      1) қойылған сұрақтың ілестірме құжаттағы мәліметтерге сәйкестігі (іс жағдайлары, медициналық құжаттардың мәліметтері, сот-медициналық диагноз және басқа материалдар);

      2) зерттеу объектісін сырттай қараудың нәтижелерін бағалау (объектінің сипатын, оның санын, бояуын, өзіне тән иісін, бөгде қоспалардың болуын, ортаның әсер етуін, консерванттың болуын);

      Химиялық реакциялар ағымының ерекшеліктеріне байланысты химиялық-токсикологиялық зерттеу басқа да заттарға таратылуы мүмкін.

      Сараптама барысында қаулыда көрсетілмеген затқа талдау жүргізу қажет болғанда сарапшы сараптама тағайындаған тұлғаға хабарлай отырып, зерттеуді кеңейтеді.

      Сарапшы өзінің арнайы танымы шеңберінде іс үшін маңызы болуы мүмкін зерттеулер жүргізеді.

      Әрбір зерттеу кезінде қосымша зерттеулер үшін жеткілікті қалу үшін мүмкіндігінше объектіні ең аз көлемде пайдалану керек.

      436. Сақталуы арнайы шарттарды талап ететін биологиялық объектілерге сарапшылық зерттеу аяқталғаннан кейін, ол сот сараптама органында жүзеге асырылады.

      Сот сараптамасы объектілерінің қалдықтарын сақтау мерзімі туралы деректер Сарапшының қорытындысында көрсетілуі керек.

      Биологиялық объектілердің қалдықтары бөлімше мұрағатында мөрленген күйде сақталады, таңбалауда: сараптама (зерттеу) нөмірі, зерттеудің аяқталу күні, сақтау мерзімі, сарапшының Т.Ә.А көрсетіледі және қолы қойылады.

      437. Сот-медициналық сарапшылардың жолдауы бойынша келіп түсетін мәйіт материалы бастапқы ыдысын сақтамай бөлімшеде сақталуы мүмкін, бірақ олардың толықтай сақталуын және анатомиялық атауын анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады.

      Этил спиртін анықтау мақсатында мәйіттің сот-медициналық сараптамасын жүргізу шеңберінде бағытталған мәйіт материалының қалдықтары (+1 С° - +2 С° температурасы шегінде), сондай-ақ карбоксигемоглинге жолданған қан, егер сараптама тағайындаған орган не адам өзге мерзімді белгілемесе, екі ай мерзімде, +2 С 0 жоғары емес температурада сақталады (сақтау мерзімі туралы жазба сарапшы қорытындысының мәтінінде көрсетілуі тиіс).

      Басқа уытты заттарды анықтау мақсатында мәйіттің сот-медициналық сараптамасын жүргізу шеңберінде бағытталған мәйіт материалының қалдықтары, егер сараптама тағайындаған орган не адам өзге мерзімді белгілемесе, бір жыл мерзімде, -10 С 0 жоғары емес температурада сақталады (сақтау мерзімі туралы жазба сарапшы қорытындысының мәтінінде көрсетілуі тиіс).

      Шарт негізінде бағытталған объектілердің қалдықтары олардың бұзылуын болдырмайтын жағдайларда зерттеу аяқталғаннан кейін бір ай мерзім ішінде сақталады (сақтау мерзімі туралы жазба қорытындысы (Акт) көрсетілуі тиіс).

      Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін объектілер санитариялық және басқа да қауіпсіздік нормаларын сақтаумен жойылады. Объектілерді жоюды комиссия жүргізеді, сонда сараптама нөмірі, келіп түскен және зерттеудің аяқталу күні көрсетілген "Сараптама (зерттеу) объектілерін жою актісі" жасалады, оған сарапшылық бөлімше басшысы, сарапшы және зертханашы қол қояды.

      Жекелеген жағдайда, сақтау үшін жағдайлардың болмауына байланысты білгіленген мерзімнен бұрын объектілерді жою қажеттілігі болған кезде, сараптама (зерттеу) объектілері оларды тек жолдаған органның (адамның) жазбаша рұқсатымен ғана жойылуы мүмкін.

      Химиялық-токсикологиялық сараптама (зерттеу) аяқталғаннан кейін, барлық ілеспе құжаттар қорытындының екінші данасымен бірге сот сараптамасы органының мұрағатында 25 жыл мерзімге сақталады.

      Қойылған сұрақтарға байланысты ізделінетін заттардың, пайдаланылатын әдістемелер тізбелерінің, ұсынылған объектілердің күйі мен санының, істің мән-жайының, зертхананың жарақталуының әр түрлілігін ескергенде, сарапшылық жұмыстың көлемін есептеудің бірыңғайын жасау мақсатында химиялық-токсикологиялық бөлімшелерде осы Қағидаларға қосымшаға сай Химиялық-токсикологиялық зерттеулерді толық талдауға арналған қайта есептеу коэфиценттерінің кестесіне сәйкес химиялық-токсикологиялық зерттеулердің шартты бірліктерге (толық талдау) қайта есептеу коэффициенттері қолданылады.

67-параграф. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізудің ерекшеліктері (28.1)

      438. Қамаудағы адамдарға қатысты сот-наркологиялық сараптама (бұдан әрі - СНС) аталған адамдардың тұратын жерінде (тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы), сондай-ақ зерттеу жүргізуге қажетті жағдайлар болғанда, сот сарапшысының кабинетінде жүргізіледі.

      439. СНС амбулаториялық жағдайларда жүргізеді.

      СНС жүргізу барысында психикалық аурулардың болуы туралы деректер анықталған кезде, сот-наркологиялық сарапшысы қойылған сұрақтарға жауаптармен қатар, қорытындыда сот-психиатриялық сараптама жүргізудің қажеттілігін көрсетеді.

      440. Сарапшының (сарапшылардың) қорытындысы:

      1) клиникалық зерттеу процесінде алынған деректерге;

      2) сот-наркологиялық сараптама жүргізуге (іс беттені көрсетумен) жатқызылатын адам туралы сипаттамалық мәліметтер; қажетті материалдар: бұрыңғы соттылығы туралы анықтама-талап, учаскелік инспекторлардың, туысқандардың берген мінездемелері бар іс материалдарындағы мәліметтерге;

      3) психиатриялық, наркологиялық ұйымдардан алынған медициналық құжаттарға;

      4) аспаптық және зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелеріне негізделу керек.

      441. Анамнестикалық мәліметтерде:

      1) ерте дамудың мәліметтері;

      2) психикалық, наркологиялық бұзушылықтардың тұқым қуалаушылық ауыртпалығы туралы мәліметтер;

      3) алған білімі туралы мәліметтер;

      4) еңбек жолы, әскери қызметі туралы мәліметтер;

      5) ауыруға дейінгі жеке бас ерекшеліктерін және ауыру кезінде болған мінез-құлық өзгерістерін анықтау;

      6) бастан өткізген соматикалық ауруларды, жарақаттарды және оның зардаптарын анықтау;

      7) әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылу туралы мәліметтер;

      8) отбасылық жағдайы туралы мәліметтер;

      9) өзгерген реактивтік синдромының (тұтыну формасының, толеранттылықтың өзгеруін, көп мөлшерде алу кезіндегі қорғану реакциясының жоғалуын және мастану формасының өзгеруін), психикалық тәуелділік синдромының және физикалық тәуелділік синдромының қалыптасуы көрсетілген үлкен наркологиялық синдромның қалыптасуы туралы деректер болуы тиіс аурудың анамнезі. Психобелсенді заттарды соңғы рет қабылдаудың ұзақтығы мен оны тоқтатудың күйі көрсетіледі. Психотикалық бұзушылықтардың, сіңір тартылу талмаларының пайда болу жүйелігі көрсетіледі. Бұрын жүргізілген емдеу мен оның нәтижелері туралы деректер көрсетіледі.

      442. Жалпы қарауға мыналар кіреді:

      1) әр түрлі зақымдардың іздерін, соның ішінде венаішілік, бұлшықет ішілік инъекциялардан болған іздерді, "сүрлеуді" (орналасу орны, түсі, ескілігі, ұзындығы), өздігінен кесіп алуды (олардың ескілігін ескергенде), егер, бар болса, татуир ерекшеліктерін анықтау;

      2) бастан өткен жарақаттардан кейінгі тыртықтарды анықтау үшін бастың шаш бөлігін қарау;

      3) сілекейлі ауыз қуысын қарау (тыртықтар, эпилептикалық ұстамалары салдарынан тістелу іздерінің болуы).

      443. Айтылған арыздар мен соматикалық аурулардың болуын ескергенде, органдар мен жүйелер бойынша соматикалық күйді зерттеуде анамнезге мыналар кіреді:

      1) тыныс алу органдарын перкуссиясы мен аускультативтік зерттеу;

      2) жүрек-қан тамырлары жүйесін зерттеу (аускультация, артериялық қысымды, пульс жиілігін өлшеу);

      3) асқорыту органдарын зерттеу (егер, бар болса, іштің пальпациясы, бауырдың үлкеюін анықтау).

      444. Неврологиялық тексеру кезінде мыналар анықталады:

      1) бас-сүйек жүйкелері қызметінің бұзылуы;

      2) сіңірлер және периосталды рефлекстер, олардың өзгеруі, патологиялық рефлекстердің болуы, еркін қозғалыс көлемі, сал болуы, аяқ-қолды кесіп алу;

      3) экстрапирамидалық бұзушылықтар (гипокинез, гиперкинез көрінісі, бұлшықет тонусының бұзылуы, әр түрлі гиперкинездердің, тремор, миоклонияның болуы);

      4) мишық патологиясы және қозғалыс координацияның бұзылуы, сөздің бұзылуы, жазудың өзгеруі, нистагмалар белгіленеді;

      5) сезімталдық және оның бұзылуы;

      6) вегативтік жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы.

      445. СНС жүргізілетін адамның психикалық күйін баяндаған кезде, сипаттамалық әдіс қолданылады. Онда жалпылама анықтамалар мен стандартты тұжырымдар болмауы керек. Бір не басқа да симптомды не синдромды сипаттағанда, сот-наркологиялық сараптамаға жолданған адамның сыртқы пішіні мен мінез-құлқын сипаттаудан бастаған жөн. Сипаттауға санасының күйі, аффектік, ерік, психомоторлы бұзушылықтары, қабылдаудың, ойлаудың, зияттың, назардың, жадының бұзылуы жатады. Жауап алуды белсенді, жоспарлы және мақсатқа лайықты жүргізген жөн. Психопатологиялық симптомдарды сипаттау бытыраңқы және кездейсоқ емес, олардың онда бір-бірімен өзара байланыстығы бойынша жүргізілуі керек.

      Қабылдаудың бұзылуы мен сандырақ күйзелістерін қысқаша түрде баяндау қажет, онда оның көрінісі неде және зерттелетін адам аурулық күйзеліс шындықтарын қалай түсіндіретіндігін көрсету керек. Пароксизмалды бұзушылықтарды (сіңір тартылу, сіңір тартылмай талма) сипаттау сақталған естеліктер және олардың пайда болуы және психобелсенді заттарды қабылдауды тоқтату арасындағы уақыт байланысын жүйелей отырып, көрген адамдардың куәландыруы бойынша жүргізген жөн. Психикалық статусын зерттеу зерттелетін адамның СНС қатысын және өзінің күйін бағалауда анықтаумен аяқтау керек.

      446. СНС жүргізу барысында зертханалық – (психобелсенді заттардың болуына ағзаның биологиялық орталарын (несеп, қан), сондай-ақ қатаң түрде медициналық көрсеткіштер бойынша (әрі қарайғы жазалану орны бойынша мәжбүрлеп емдету туралы шешім қабылдануы мүмкін адамдарға қатысты) зерттеу - жалпы қанның анализі, жалпы несеп анализі, қан микрореакциясы және басқалары) және аспаптық (қарын қуысы органдарын ультрадыбыстық зерттеу, бас миының компьютерлің томографиясы, көкірек қуысы органдарын рентгенологиялық зерттеу және басқалары) әдістер қолданылады.

      447. Өткізілген СНС нәтижелері бойынша сот сарапшысының (сарапшылардың) тұжырымдарымен негізделіп жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау жүргізіледі.

68-параграф. Сот-психиатриялық сараптамалар жүргізудің ерекшеліктері (29.1)

      448. Қамаудағы адамдарға қатысты сот-психиатриялық сараптамасы аталған адамдардың орналасқан жерінде, сондай-ақ зерттеу жүргізуге қажетті жағдайлар болғанда, сот сарапшысының кабинетінде жүргізіледі.

      449. Сот-психиатриялық сараптамасы амбулаториялық және стационарлық жағдайларда жүргізеді. Егер, сот-психиатриялық сарапшылар амбулаториялық жағдайларда сот-психиатриялық сараптама жүргізудің нәтижесінде барынша ұзақ және егжей-тегжейлі бақылау қажеттілігінен қойылған сұрақтарға жауап бере алмаса, олар сот-психиатриялық сараптаманы стационарлық жағдайларда өткізу туралы ұсыныстар береді.

      450. Сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу кезінде сот сараптамасының объектісі – адамның психикалық күйін өзгертуге душар етуі мүмкін үшінші тұлғалардың қатысуына жол берілмейді.

      451. Сот-психиатриялық сараптамасын комиссиялық түрде, кемі екі сот-психиатриялық сарапшысы жүргізеді, ал адамның есі дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу үшін құрамында кемі үш сот-психиатриялық сарапшысы бар комиссия тағайындалады.

      452.Сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу кезінде, егер сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген бір сұрақтар бойынша сот сарапшылары қорытынды беріп, ал екінші сұрақтар бойынша қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама жасауға негіз бар болса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте уақытша психикалық бұзушылықтан шыққанға дейін емдеу жүргізу және кейіннен сарапшылық сұрақтарды шешу үшін сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу туралы ұсыныстар бере отырып, олар бірыңғай құжат – сот-психиатриялық сарапшысының қорытындысын жасайды.

      453. Сарапшылардың қорытындысында анамнестикалық мәліметтер өткеннен қазіргі уақытқа дейінгі хронологиялық жүйелікпен жиналады. Анамнестикалық мәліметтердің сұлбасы туғаннан бастап сот-психиатриялық сараптаманы жүргізуді бастаған мезетке дейінгі өмірдің оқиғаларын көрсетеді және оған еңбек, отбасылық, сексуалды, неке, әлеуметтік (соның ішінде, криминалды) анамнез кіреді.

      454. Анамнестикалық мәліметтер сипаттамасы мыналарға бағытталады:

      1) туындау уақытын, кейінде қиындауын немесе сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адам өмірінің әр түрлі жақтарына (қай уақыттан бері психикалық бұзушылықтан (аурумен) зардап шегеді, бүкіл өміріндегі динамикада психикалық бұзушылық (ауру) клиникасының өзгеруі, олардың қиындауы, тереңдеуі не жеңілдеуі, уақытша жоғалтқан қызметтің қалпына келуі);

      2) ауырғанға дейінгі жеке бастың ерекшеліктерін және ауру кезінде болған мінез-құлықтық өзгерістерді анықтау;

      3) әр түрлі тұрмыстық жағдайларға, атап айтқанда, психикалық жарақаттарға мән беру ерекшеліктерін анықтау;

      4) тек бастан өткізген соматикалық ауруларды ғана емес, сонымен бірге экзогендік келеңсіз факторларды (бас сүйек-ми жарақаттары, психобелсенді заттарды қолдану), сондай-ақ олардың психикалық күйге қандай әсер еткенін анықтау;

      5) қиын жас кезеңдерінің (пубертаттық, инволюциялық) ерекшеліктерін анықтау ;

      6) бұрын психотроптық препараттармен емделу жағдайында терапевтикалық анамнезді жинау;

      7) Сот-психиатриялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтар ауқымында сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) мүдделі уақыт кезеңіндегі психикалық күй мен мінез-құлықтың ерекшеліктері туралы деректер.

      455. Қорытынды беру үшін мәні бар қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер материалдарынан алынған деректер, том нөмірлері мен іс беттері көрсетіле отырып келтіріледі.

      456. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамға қатысты оның психикалық күйін сипаттау кезінде оның сыртқы түріннің ерекшелігіне, мимикасына, қозғалысына, сөзіне, өзін-өзі ұстауына назар аудару қажет және мыналарды:

      1) сана-сезім күйі – айналадағы жағдайға, уақытқа, жеке өз басының бағыт-бағдар дәрежесі, сот-психиатриялық сараптаманың мақсатын түсінуін;

      2) ойлаудың, жадының, зияткерлік, эмоционалды-ерік аясының, көңіл-күйдің, назар аударудың ерекшеліктерін және олардың бұзылуын;

      3) сот-психиатриялық сараптамасы жүргізіліп жатқан адамның бұрын болған аурулық психикалық бұзушылықтарға қатыстылығын;

      4) психотикалық бұзушылықтарының бары;

      5) сот-психиатриялық сараптамасы жүргізіліп жатқан адамның істі қозғаудың себебі болып табылатын уақыт және іс-әрекеттерге қатыстылығын;

      6) өзінің психикалық күйіне көңіл бөлуін көрсету керек.

      457. Сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатқан адамның психикалық күйін баяндау кезінде сипаттау әдісі қолданылады. Тексеріліп жатқан адам өзінің күйі мен күйзелістерін дәл сипаттайтын сөздер мен сөйлемдерді қолданған жағдайларда, оларды төл сөз ретінде келтіру керек.

      458. Сот-психиатриялық сарапшылар іс материалдарында болған кезде сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатқан адамдарға қатысты олардың хаттарын, күнделіктерін, өзінің аурулық бұзушылықтарын жазуын (өзінің күйін жазбаша түрде сипаттауы), олардың көркем шығармашылық қызметінің әр түрлерін, сондай-ақ медициналық қызметшілердің бақылау күнделіктерінен алынған мәліметтерді қорытынды беру үшін пайдаланады.

      459. Оларға қатысты сот-психиатриялық сараптамасы жүргізіліп жатқан адамдардың пароксизмалды күйі болған кезде, патология сипатын нақтылау үшін олардың ұзақтығы, сыртқы көрінісі (цианоз, қосымша қозғалыстардың болуы) сипатталады.

      460. Оған қатысты сот-психиатриялық сараптамасы жүргізіліп жатқан адамдарды жалпы тексеруге мыналар кіреді:

      1) әр түрлі зақымдар іздері, соның ішінде өзін-өзу кесу (олардың ескілігін ескергенде), егер бар болса, татуирдің орналасуы мен ерекшеліктері;

      2) бастан өткен жарақаттардан кейінгі тыртықтарды анықтау үшін бастың шаш бөлігін қарау;

      3) егер бар болса, әр мезгілдегі инъекциялар іздерін анықтау;

      4) сілекейлі ауыз қуысын қарау (тыртықтар, тырысу ұстамалары салдарынан тістелу іздерінің болуы).

      461. Айтылған арыздар мен анамнездегі соматикалық аурулардың барын ескере отырып, органдар мен жүйелер бойынша соматикалық күйді зерттеуге мыналар кіреді:

      1) тыныс алу органдарының перкуссиясы мен аускультативтік зерттеу;

      2) жүрек-қан тамырлары жүйесін зерттеу (аускультация, артериялық қысымды, пульс жиілігін өлшеу);

      3) асқорыту органдарын зерттеу (егер, бар болса, іштің пальпациясы, бауырдың үлкеюін анықтау).

      462. Неврологиялық тексеру кезінде мыналар анықталады:

      1) бас-сүйек жүйкелері қызметінің бұзылуы;

      2) сіңірлер және периосталды рефлекстер, олардың өзгеруі, патологиялық рефлекстердің болуы, еркін қозғалыс көлемі, сал болуы, аяқ-қолды кесіп алу;

      3) экстрапирамидалық бұзушылықтар (гипокинез, гиперкинез көрінісі, бұлшықет тонусының бұзылуы, әр түрлі гиперкинездердің, тремор, миоклонияның болуы);

      4) мишық патологиясы және қозғалыс координацияның бұзылуы, сөздің бұзылуы, жазудың өзгеруі, нистагмалар белгіленеді;

      5) сезімталдық және оның бұзылуы;

      6) вегативтік жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы.

      463. Неврологиялық диагнозды нақтылау қажет болғанда, тексерудің қосымша әдістері жүргізіледі:

      1) сіңір тартылуға дайындық шамасын, эпилептикалық белсенділікті төмендетуді, сондай-ақ бас миының органикалық зақымдануының және бас сүйек іші гипертензиясының, ми қарыншалары өлшемінің жанама белгілерін тіркеуді баяндауға мүмкіндік беретін эхо- және электроэнцефалографиялық зерттеу;

      2) мидың қан тамырлары жүйесінің күйін көрсететін реоэнцефалографиялық зерттеу (қанмен қамтудың каротидтік және вертебралды бассейндер есебінен);

      3) окулистің консультациясы (көз ішінің күйін анықтау, бас миының қан тамырлары органикалық зақымдану белгілерін анықтау).

      464. Жүргізілген сот-психиатриялық сараптамасының нәтижелері бойынша сот-психиатриялық сарапшылардың тұжырымдарын негіздей отырып, жүргізілген сот-психиатриялық сараптамалық зерттеулердің нәтижелерін бағалау жүргізіледі.

      465. Сот сарапшыларының алдына қойылған сұрақтарға нақты жауаптары бар тұжырымдар бөлек құрастырылады.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
Сот сараптамасы органдарында
сот сараптамалары мен
зерттеулерді ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
қосымша

Химиялық-токсикологиялық зерттеулерді толық талдауға арналған қайта есептеу коэфиценттерінің кестесі


р/р.

Әдіс және зерттеу нысандары

Сапалық анықтау

Мөлшерлік анықтау

Ескертпе

1

2

3

4

5

1. Газды хроматография (ЖӨД)

1.1.

Этил спирті

Тек қана этил спиртіне бір сынаманы толық зерттеу

1.1.1.

Биологиялық және басқа да сұйықтықтар

0,02

0,04

1.1.2.

Биологиялық мүшелер және тіндер

0,03

0,05

1.2.

Бір атомды алифаттық спирттерге зерттеу

Барлық бір атомды алифаттық спирт-терге бір сынама-ны толық зерттеу

1.2.1

Биологиялық және басқа да сұйықтықтар

0,03

0,04

1.2.2.

Биологиялық мүшелер және тіндер

0,04

0,05

2. Газды хроматография (ЖИД, ТИД, ЭҰД)

2.1.

Ұшқыш улар, алкогольдің суррогаттары

0,03

0,05

Бір сынаманы толық зерттеу. Сынаманы енгізудің автоматикалық жүйесін қолданған кезде негізгі мәндеріне әрбір сынамаға қосымша 0,01 бір. қосылады


2.2.

Карбоксигемоглобин

0,05


Бір сынаманы толық зерттеу

2.3.

Сірке қышқылы

0,15

0,2

2.4.

Басқа улы заттар

0,3

0,3

3. Жоғары –тиімді сұйықтықтық хроматография

3.1.

ЖЭСХ

0,3

0,4

Бір сынаманы толық зерттеу

5. Спектральды әдістер

5.1.

Көрінетін аймақ

0,02

0,04

Бір сынаманы толық зерттеу
 

 
5.2.

УК- аймақ

0,05

0,1

5.3.

Жарықтың ИҚ –аймағы

0,1

0,2

5.4.

Атомды-абсорбционды, атомды-эмиссионды

0,4

0,5

5.5

Масс спектрометрия (сондай-ақ аралас зерттеу ГХ МС және ЖЭСХ-МС)

0,4

0,5

5.6.

Ядролы-магнитті резонанстық спектроскопия

0,4

0,5

5.7.

Ионды жылжымалы спектроскопия

0,1

0,2

6. Дистилляция (тазарту)

6.1.

"Ұшқыш улар", алкогольдің суррогаттары

0,1

Бір объектіден айдау

6.2.

Сірке қышқылы

0,15

6.3.

Гликольдер

0,2

6.4.

Фтор

0,6

7. Улы заттарды полярлы еріткіштермен оқшаулау

7.1.

Сумен




7.1.1.

Биологиялық және басқа сұйықтықтардан

0,3

Бір объектіден оқшаулау

7.1.2.

Мүше тіндерінен

0,35

7.2.

Гидролизден кейін сумен оқшаулау


7.2.1.

Биологиялық сұйықтықтар, бөлінділер,

0,35

7.2.2.

Мүше тіндері

0,4

7.3.

Спиртпен

0,45

7.4.

Қатты фазалы экстракция

0,5

8. Органикалық еріткіштермен оқшаулау

8.1.

Кез келген органикалық еріткіштермен

0,3

Бір объектіден оқшаулау

9. Деструкция, минералдау, күлдеу

9.1.

Кез келген объектінің

0,3

Бір объектіден оқшаулау

9.2.

Қос атомды планктонға зерттеу жүргізу үшін бұзу

0,1

10. Диализ

10.1.

Кез келген нысанды

0,3

Бір объектіден оқшаулау

11. Сорбенттің жұқа қабатындағы хроматография

11.1.

элюирлеусіз

0,1

Бір детектірлеуші реагентпен бір хроматографиялық жүйеде зерттеу.
Пластинаны бірнеше реагенттермен бүркіген кезде, қосымша өзі екендігін анықтайтын бір реакция үшін әрбір реагентке қосылады, яғни 0,02

11.2.

Элюирлеу арқылы

0,15

12. Сәйкестендіру реакциялары

12.1.

Қандай да бір қосымша процесстерді (экстракциялау, қыздыру, буландыру және тағы сол сияқты) қолданусыз үш реагентке дейін қолданылатын реакциялар

0,02

Химиялық қасиеттеріне негізделген, сонымен бірге алдын ала сынама үшін бір реакция

12.2.

Қосымша процесстерді (экстракциялау, қыздыру, буландыру және тағы сол сияқты) қолдана отырып үшеуден артық реагенттерді қолданатын реакциялар

0,04

12.3.

Микрокристаллоско-пиялық реакциялар

0,05

12.4

Микродиффузияны қолданатын әдістемелер

0,2

0,3

Бір объектіге зерттеу

13. Алдын ала әдістер

13. 1.

Иммунды-хроматографиялық тест

0,01

химиялы-токсикологиялық бөлімшеде алдын ала тест жүргізу

13.2.

Флуоресценция

0,15

Зерттеудің өзге де түрлері (жұмыс уақытының жұмсалуына байланысты) 1 толық талдау =15,75 сағ.

Химиялық-токсикологиялық бөлімшелерде бір әдіспен зерттелген объектілердің санына байланысты химиялық-токсикологиялық зерттеулердің толық талдауларының қайта есептелуін жоғарылататын коэффициенттер енгізіледі.
ТХТ есептеу кезінде келесі коэффициенттерді қолданады:
Екі объектіні зерттеу кезінде – 3 және 4 бағандағы сәйкес мәндері 1,02 жоғарылататын коэффициентін есепке ала отырып көбейеді;
3-тен 7-ге дейінгі объектілерді зерттеу кезінде 3 және 4 бағандағы сәйкес мәндері 1,6 жоғарылататын коэффициентін есепке ала отырып көбейеді;
7-ден 10-ға дейінгі объектілерді зерттеу кезінде – 3,3 коэффициенті;
10-нан көп объектілерді зерттеу кезінде – 5,0 коэффициенті.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 27 сәуірдегі
№ 484 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6143 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 12);

      2. "Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 368 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6305 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 249 (26310) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған);

      3. "Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 53 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9188 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 2 сәуірде жарияланған);

      4. "Сот сараптамасының әртүрлі органдарына тапсырылған кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 53 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10307 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылы 16 наурызда жарияланған);

      5. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 94 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13525 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 7 сәуірде жарияланған).