Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру Нұсқаулығын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 164 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6143 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 № 484 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес және сот-психиатриялық сараптаманы өндіруді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру нұсқаулығы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.С.Нұргазиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А.Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ж. Досқалиев


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің 2010 жылғы
12 наурыздағы № 164
бұйрығымен бекітілген

Сот-психиатриялық сараптамалар өндіру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуальдық, Азаматтық-процессуальдық кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, "Қазақстан Республикасында сот-сараптамалық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында сот-психиатриялық сараптама өндірудің ұйымдастыру негіздерін айқындайды.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) сот-психиатриялық сараптама органдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми практикалық орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын және денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасының мамандандырылған психиатриялық ұйымдарының жергілікті органы, олардың қызметіне сот-психиатриялық сараптама ісін жүргізу жатқызылады;

      2) сот-психиатриялық сараптама органының жетекшесі - сот-психиатриялық сараптама органы сот-сараптау қызметіне басшылықты жүзеге асыратын тұлға (сот-психиатриялық сараптама органының бірінші басшысы);

      3) сот-психиатриялық сарапшы - қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті орган (лауазымды тұлға) сот-психиатриялық сараптаманы өндіруді тапсырған Заң талаптарына сәйкес тұлға;

      4) Сот-психиатриялық сараптама – сот-психиатриясы саласында, шешім үшін маңызы бар істің мән-жайын анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер материалдарын зерттеу;

      5) Сот-психиатриялық сараптаманы комиссиямен кем дегенде екі сот-психиатриялық сарапшы жүргізуі ал ақыл-есінің дұрыстығы туралы мәселесі бойынша ісін жүргізу үшін кем дегенде үш сот-психиатриялық сарапшы тағайындалады.

      3. Сот-психиатриялық сараптаманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) қылмыстық істер бойынша - қылмыстық істер үшін маңызы бар, арнаулы ғылыми білімдері негізінде, сот-психиатриялық сарапшылар жүргізетін объектілерді зерттеу;

      2) әкімшілік құқық бұзушылық азаматтық істері бойынша - әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша маңызы бар, арнаулы ғылыми білімдері негізінде, сот-психиатриялық сарапшылар жүргізетін объектілерді зерттеу;

      3) азаматтық істер бойынша - азаматтық істер үшін маңызы бар, арнаулы ғылыми білімдері негізінде сот-психиатриялық сарапшылар жүргізетін объектілерді зерттеу.

2-тарау. Сот-психиатриялық сараптама өндіру

      4. Сот-психиатриялық сараптама өндіру негізі қылмыстық, азаматтық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сараптамасын өндіруші органның, соттың, қылмыстық процесті жүргізуші органның сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау туралы қаулы, анықтамасы болып табылады.

      5. Сот-психиатриялық сараптаманы комиссиялық түрде кемінде екі сот-психиатриялық сарапшылары жүргізеді, ал ақылы дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптаманы өндіру үшін кемінде үш сот-психиатриялық сарапшылар тағайындалады.

      6. Сот-психиатриялық сараптама өндіру кезінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер материалдары сигналдаушы дыбыспен жабдықталған, сот-психиатриялық сараптама органдары бөлмесінде орнатылған сейфтерде сақталады.

      Медициналық құжаттар, сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындылары, сот-психиатриялық сараптамаларды тіркеу журналы, сот-психиатриялық сараптама органының сот-сарапшылық қызметі туралы есеп, сот-психиатриялық сараптама органдарындағы сот-психиатриялық сараптаманы өндіру мәселесі бойынша әртүрлі органдармен (тұлғалармен) хат алмасу ерекше іс жүргізуге беріледі

      7. Сот-психиатриялық сараптама өндіру кезінде сот-психиатриялық сараптамасының объектісі болып саналатын адамның психикалық көңіл-күйіне өзгеріс енгізе алатын, үшінші бір адамның қатысуын болғызбау керек.

      8. Сот-психиатриялық сарапшылар қорытындыны беру немесе қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабар сот сараптамасын тағайындаған органға (тұлғаға) ол әзірленгеннен кейін сараптама үш күн ішінде жіберіледі.

      9. Амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама өндіру кезінде қаулыда көрсетілгендей сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарым егер бір мәселе бойынша болса, сот сарапшысы қорытынды береді, ал басқаша жағдайда қорытынды беру мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлама жіберу негіздемесі бар болса, олар бірыңғай құжат – сот-психиатриялық сарапшы қорытындысын жазады.

      10. Стационарлық сот-психиатриялық сараптама өндіру кезінде егер қаулыда көрсетілгендей сот сараптамасының тағайындау ұйғарымы тек бір мәселе бойынша болса, сот сарапшысы қорытынды береді, ал басқаша жағдайда қорытынды беру мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлама жіберу негіздемесі бар болса, ол бірыңғай құжат - сот-психиатриялық сарапшының Қазақстан Республикасы белгілеген Заңы бойынша уақытша психикалық бұзылудан шаққанға дейін емдеу жүргізу туралы ұсыныс және сарапшылар мәселесін шешу үшін одан кейін сот-психиатриялық сараптама тағайындаған қорытындысын жазады.

3-тарау. Сот-психиатриялық сараптама қызметінің субъектілері

      11. Сот-психиатриялық сараптама қызметінің субъектілеріне:

      сот-психиатриялық сараптама органының басшысы,

      комиссиялық сот-психиатриялық сараптаманы өндіру кезінде жетекші сот-психиатриялық сарапшы;

      сот-психиатриялық сарапшы немесе лицензия негізінде сот-психиатриялық сараптаманы өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 53 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Сот-психиатриялық сараптама өндірісін оңтайландыру үшін сот-психиатриялық сараптама органының жетекшісі әрбір комиссиялық сараптама мүшелерінің барлығының арасындағы қызметтік міндеттеріне функциональдық шектеу жүргізеді.

4-тарау. Сот-психиатриялық сараптама өндірудің мерзімдері және оларды есептеу тәртібі

      13. Сот-психиатриялық сараптама өндірудің мерзімі сот сараптамасы органы немесе қаулыны өндіруге сот-психиатриялық сарапшы ретінде тартылған сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын тұлға сот-психиатриялық сараптама және оның объектілерін тағайындау туралы ұйғарымды қабылдаған күннен бастап есептелінеді.

      14. Сот-психиатриялық сараптама өндіру мерзімін ұзарту сот-психиатриялық сараптама басшысының уәждеу қолдаухаты бойынша немесе осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот-психиатриялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшы (сот-психиатриялық сарапшылар) тек мына ерекше жағдайларда жүргізеді:

      1) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның оны жүргізу үдерісі кезінде психикалық жай–күйінің күрт өзгеруі;

      2) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның оны жүргізу үдерісі кезінде тәни жай–күйінің күрт өзгеруі;

      3) сот-психиатриялық сараптаманы өндіру үдерісінде қосымша зерделеуді талап ететін және сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындысына елеулі ықпал ететін жаңа жағдайлардың пайда болуы кезінде.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 53 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру үшін медициналық ұйымдарда адамдардың болу мерзімін ұзарту ерекшелігін Заң белгілейді.

      16. Сот-психиатриялық сараптама күрделілігі санатын анықтау критерийлері:

      1) күрделі сараптама – сараптау мәселелерін амбулаториялық жағдайда 20 тәуліктен аспайтын мерзімде шешу мүмкіндігі бар сот-психиатриялық сараптама;

      2) ерекше күрделі сараптамалар – стационарлық сараптама жүргізу үшін түрлі мамандарды қатыстыру қажет және сот сараптамасы тағайындалған тұлға аса ауыр қылмыс санатына жататын қылмыспен айыпталса, онда сот-психиатриялық сараптаманы өндіру мерзімі 30 тәуліктен аспауы тиіс сот-психиатриялық сараптама.

      17. Сот-психиатриялық сараптама жүргізуді тоқтата тұру сот-психиатриялық сараптаманың мерзімін 10 тәуліктен аспайтын уақытқа тоқтата тұру туралы хабарлама жіберу арқылы, ал жеңілдетілген, сотқа дейінгі өндірістік істер бойынша үш тәуліктен артпауы Заңда қарастырылған тәртіпте, осы нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      18. Сот-психиатриялық сарапшылар қорытындысын беру үшін қажетті қосымша материалдарды зерделеу қажеттігі жағдайында сот-психиатриялық сарапшылар сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған органға (тұлғаға) жеті тәулік ішінде құрастырылған қосымша материалдарды ұсыну туралы жазбаша қолдаухат жібереді, ал жеңілдетілген сотқа дейінгі өндірістік істер бойынша – осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот-психиатриялық сараптаманың өндірісінің басталуынан 2 тәуліктен аспайтын уақытта.

      19. Жеңілдетілген сотқа дейiнгі өндiру шеңберiнде амбулаториялық сот-психиатриялық сараптаманы өндіру мерзімі сот-психиатриялық сараптау және іс материалдары, сондай-ақ сот психиатриялық сарапшылық зерттеу объектісі тағайындалған туралы қаулы алынған кезден бастап үш тәулiктен аспауы керек.

      Сот психиатриялық сарапшылар алдына қойған мәселелерге ғылым және сарапшылық практика жағдайы жауап беру мүмкіндігі болмаса, жеңілдетілген сотқа дейінгі өндірістік істер бойынша бір тәулік ішінде көрсетілген мерзімде қорытынды беру мүмкіндігі жоқ екенін дәлелдейтін хабарлама жіберіледі.

5-тарау. Сарапшы қорытындысының құрылымы және мазмұны

      20. Сот-психиатриялық сарапшылардың зерттеу нәтижелері бойынша "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша сот-психиатриялық сараптама қорытындысын жасалады, оны өздерінің жеке қолымен және жеке мөрлерімен куәландырады.

      Сот-психиатриялық сараптаманы сот-психиатриялық сараптама органы өндірген жағдайда сот-психиатриялық сарапшылардың қолы, көрсетілген органның мөрімен расталады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 53 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Егер сот-психиатриялық сарапшылар өзара келіспеген жағдайда, олардың әрқайсысы немесе сот-психиатриялық сарапшылардың бөлiгі жеке қорытынды беретін болса, комиссия мүшелерінің қалғандарының қорытындысы пікірімен келіспеген сот-психиатриялық сарапшы қорытындыда оны бөлек тұжырымдама береді.

      22. Қорытындыда мыналар көрсетілуі керек: оны рәсімдеу күні; сот-психиатриялық сараптаманы өндіру мерзімі және орны; сот-психиатриялық сараптама өндірудің негіздемесі; сот-психиатриялық сараптама тағайындаған орган (тұлға) туралы мәлімет; сот-психиатриялық сараптама өндірісі тапсырылған сот-психиатриялық сараптама және сот-психиатриялық сарапшылар органы туралы мәлімет (аты-жөні, әкесінің аты, білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атауы, лауазымы); әдейі жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы олар ескертілгені жайлы сот-психиатриялық сарапшылар қолымен куәландырылған белгі; сот-психиатриялық сарапшылар шешуге қойылған мәселелер; пайдаланылған әдістемелерді көрсете отырып, мазмұны мен зерттеу нәтижелерін беру; жүргізілген зерттеулер нәтижесін бағалау; сот-психиатриялық сарапшылардың алдына қойылған мәселелер бойынша негіздемелер мен тұжырымдау қорытындысы.

      23. Сыртартқылық мәліметтер бұрынғыдан бүгінге дейінгі жүйелілікте хронологиялық бірізділікте жинақталуы тиіс. Сыртартқылық сұлба мәліметтері сот-психиатриялық өмір оқиғаларының туғанынан бастап сараптама өндірісінің басталғанына дейінгі сәттерді қамтиды, оған еңбек, отбасылық, сексуалдық, некелік, әлеуметтік (оның ішінде криминалдық) сыртартқы кіреді.

      24. Сыртартқылық мәліметтерді суреттеу мыналарға бағытталуы тиіс:

      1) психикалық бұзылулардың пайда болуы уақыты, сот-психиатриялық сараптама өндірісі тағайындалған тұлға өмірінің одан әрі күрделенуі немесе өмірінің түрлі жақтарына олардың ықпалын бағалау редукциясын ескеріле отырып (қай кезден бастап психикалық бұзылудан (аурудан) зардап шегеді), анықтау, психикалық бұзылулар (аурулар) клиникаларының өмір бойы динамикасында өзгеруі, олардың күрделенуі, тереңдей түсуі немесе босаңсуы, уақытша жоғалған функцияларының қалпына келуі);

      2) ауруға дейінгі тұлғалық ерекшелiктерiнің және ауру уақыты кезінде болған мiнездемелiк өзгерiстерге дейiн анықталуы;

      3) әр түрлi тұрмыстық жағдайларға, жеке алғанда психикалық жарақаттарға жауап қайтаруы ерекшелiктерiнiң анықталуы;

      4) бастан кешірген тәни аурулардың және тағы басқа экзогендi терiс факторлардың анықталуы ғана емес (бас сүйек-ми жарақаты, жүйкеге әсер ететiн заттардың қолдануы), олардың психикалық күйлерге қандай ықпал көрсететiнің анықталуы;

      5) қиын жас кезеңдері ерекшелiктерiнің анықталуы (пубертат, инволюция);

      6) бұрын психотропты препараттармен емдеу оқиғаларындағы терапиялық анамнездiң жиыны;

      7) уақыт мерзiмiндегі психикалық күй және мінез-құлық ерекшелiктерi туралы мәлiметтер, сот-психиатриялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтар шеңберінде сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған мүдделі орган (тұлға).

      25. Қорытынды беру үшін маңызы бар қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк iстерінiң материалдарынан алынған мәлiметтер том нөмiрлерi және iстiң беттерiмен тура келуі тиiстi.

      26. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның психикалық күйiн сипаттау кезінде оның сырт пiшiнiне, қозғалысына, сөзіне, өзiн ұстауына назар аударылуы тиіс және мыналар көрсетілуі тиіс:

      1) сананың күйi – қоршаған ортада, уақытта, өзінің тұлғасында, сот-психиатриялық сараптама мақсатын түсінуде бағдарлау дәрежесi;

      2) ойлау, жад, зерде, әсерленгіштік - ерiк саласының, көңiл-күйі, зейіні және олардың бұзылуларының ерекшелiктерi;

      3) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның бұрынғы өткен психикалық бұзылуларға қатынасы;

      4) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның бойында бар психотриялық бұзылулар;

      5) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның істі (қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк құқықты бұзу бойынша) қозғауға себеп болған әрекеттерге және уақыт кезеңіне қатынасы;

      6) өзінің жеке психикалық күйіне қатынасы.

      27. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның психикалық күйiн баяндау кезінде суреттеу әдісі қолданылады. Тексерілуші өзінің күйін, күйзелісін анық сипаттаушы сөздер мен сөйлемшелер қолданған оқиғаларда, олар төл сөз түрінде келтірілуі тиіс.

      28. Сот-психиатриялық сарапшылар іс материалдарында сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның хаттары, күнделіктері, ауыртатын бұзылуларын өзіндік суреттеуі (өз күйін жазбаша түрде суреттеу), көркем шығармашылық әрекеттерінің түрлері, медициналық қызметкерлер құрамының күнделіктерінен алынған мәліметтер бар болса, қорытынды беру үшін пайдаланады.

      29. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғалардың пароксизмал күйлерiн болған жағдайдаларда патология сипатын анықтау үшін олардың ұзақтығы, сыртқы көрінулері (цианоз, қосымша қозғалыстардың бар болуы) суреттеледi.

      30. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаны жалпы қараудан өткізуге мыналар кіруі тиіс:

      1) әр түрлi зақымданулардың iздерiнiң анықталуы, оның iшiнде өзіндік кесулер (олардың бұрынғылығын ескере отырып), татуировкалардың орналастырылуы және ерекшелiгi, егер бар болса;

      2) бастың шашты бөлiгiн жарақаттардан кейiн алынған тыртықтарды табу үшін қарау;

      3) әр түрлi бұрынғылықтың инъекцияларының iздерiн анықтау, егер бар болса;

      4) ауыздың шырышты қуысын тексеру (қалшылдаған ұстамалар салдарларынан тiстемдердiң iздерiнiң, тыртықтардың бар болуы).

      31. Талап етілген шағымдар және тәни аурулардың болуын ескере отырып органдар және жүйелер бойынша тәни күйді зерттеу анамнезде мыналарды кіргізуі тиіс:

      1) перкуссия және тыныс алу мүшелерiн аускультациялы зерттеу;

      2) жүрек-тамыр жүйесін тексеру (аускультация, артерия қысымын өлшеу, тамыр соғу жиiлiгiн тыңдау);

      3) ас қорыту мүшелерiн зерттеу (iштi қолмен басып қарау, бауырдың үлкеюiн анықтау, егер ондай болса).

      32. Неврологиялық тексерулер кезінде мыналар анықталуы керек:

      1) бас сүйек-ми жүйкелерi функциясының бұзылулары.

      2) сiңiр және периосттық рефлекстер, олардың өзгерiсi патологиялық рефлекстердiң бар болуы, еркін қозғалыстардың көлемі, аяқ-қолдың салдануы және жартылай салдануларының бар болуы;

      3) экстрапирамид бұзылыстары (гипокинез, гиперкинез көрінісі, бұлшық еттiк тонустың бұзылысы, әр түрлi гиперкинездердің, дiрiлдеу, миоклонияның бар болуы);

      4) мишық патологиясы және қозғалыс үйлестiрілуiнің бұзылулары, сөйлеу әрекетінiң бұзылуы, жазуының, нистагмның өзгеруi;

      5) сезгiштiк және оның бұзылуы;

      6) вегетативтiк жүйке жүйесi функциясының бұзылулары.

      33. Неврологиялық диагнозды дәлдеу қажеттігі кезінде тексеруің қосымша әдістері жүргізіледі:

      1) қалшылдау дайындығы шегін төмендетуді, эпилепсиялық белсендiлiктi, сондай-ақ бас миы және бас сүйек іші гипертензиясының, ми қарыншасы көлемінің органикалық зақымдалуының жанама белгілерін тіркеуді констатациялауға мүмкіндік беретін эхо- және электроэнцефалографиялық зерттеулер;

      2) мидың тамыр жүйесiнің күйін көрсетуші реоэнцефалографиялық зерттеулер (қанмен жабдықталудың каротид және вертебрал бассейндерінің арқасында);

      3) окулистiң консультациясы (көз түбiнiң күйiн анықтау, бас миының тамырлық органикалық зақымдалуы белгiлерiн анықтау).

      34. Жүргізілген сот-психиатриялық сараптамалардың нәтижелері бойынша сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындылары негіздемелерімен жүргізілген сот-психиатриялық сараптамалық зерттеулер нәтижелерінің бағалауы жүргізіледі.

      35. Сот-психиатриялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтарға нақты жауаптары бар қорытындылар жеке тұжырымдалады.

6-тарау. Қорытындыны беру мүмкiн еместiгі туралы
Хабардың құрылымы және мазмұны

      36. Қорытындыны берудің мүмкін болмауы туралы хабарлама осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, онда:

      оның ресімделу күні, сот-психиатриялық сараптаманы өндіру мерзімдері және орны;

      сот-психиатриялық сараптаманы өндіру негіздері;

      сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы мәліметтер;

      сот-психиатриялық сараптаманы өндіру тапсырылған сот-психиатриялық сараптама органы және (немесе) сот-психиатриялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі);

      көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертілгені жөнінде сот-психиатриялық сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі;

      сот-психиатриялық сарапшының (сарапшылардың) шешуіне қойылған сұрақтар;

      сараптамалық зерттеу үшін ұсынылған объектілер;

      сот сарапшысының (сарапшыларының) алдына қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкін болмауының негіздемесі көрсетіледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 53 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Сот-психиатриялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

      нысан

      __________________________________________________________________

      (Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру орны)

Сот-психиатриялық сараптама өндiрісінің мерзiмін ұзарту туралы
өтiнiшхат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 53 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      _____________________________________________________________________

      (сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған, хабарлама жіберілетінін

      орган (тұлға)

      20 ___ жылғы "___" ____________

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсінің мерзiмi:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейiн.

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiн ұзарту мерзiмі:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" ________ дейiн.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), туған жылы)

      оған қатысты сұрақ 20 __ жылғы "____" _____________________________________________________________________

      (қаулы, сот-психиатриялық сараптама тағайындаған органның немесе тұлғаның қаулысы, ұйғарымы)

      _______________________________

      сәйкес шешіледі.

      Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсі мерзiмін ұзарту себептері болатын ерекше жағдайлар:

      1) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның өндiрiс процесiндегi психикалық жай-күйiнің күрт өзгеруі: ___________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (психикалық жай-күйінің қысқаша сипаттамасы)

      2) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның өндiрiс процесiндегi психикалық жай-күйiнің күрт өзгеруі: ___________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тәни жай-күйінiң қысқаша сипаттамасы)

      3) Сарапшының сот-сараптамалық өндiрiсiнiң қорытындысына елеулі әсер ете алатын қосымша зерттеуді талап ететін жаңадан ашылған мән-жайлардың (дәрiгерлiк құжаттама, iстiң жағдайы) айғақтардың пайда болуы: ______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (нақты ашылған мән-жайларды көрсету)

      Сот-психиатриялық сараптама органының басшысы / сот-психиатриялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшы (сарапшылар) _____________________________________________________________________

      Басшының тегі/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      мөр орны

  Сот-психиатриялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

      нысан

      __________________________________________________________________

      (Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру орны)

Сот-психиатриялық сараптама өндiрісінің мерзiмін тоқтата тұру
туралы хабарлама

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 53 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ____________________________________________________________________

      (сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған, хабарлама жіберілетінін

      орган (тұлға)

      20 ___ жылғы "___" ___________

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсінің мерзiмi:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейiн.

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiн ұзарту мерзiмі:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" ________ дейiн.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), туған жылы)

      оған қатысты сұрақ 20 __ жылғы "____"

      _____________________________________________________________________

      (қаулы, сот-психиатриялық сараптама тағайындаған органның немесе тұлғаның қаулысы, ұйғарымы)

      __________________________

      сәйкес шешіледі.

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсінің мерзiмiн тоқтата тұру себептерi: __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сот-психиатриялық сараптама органының басшысы / сот-психиатриялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшы (сарапшылар)

      _____________________________________________________________________

      Басшының тегі/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      мөр орны

  Сот-психиатриялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

      нысан

      __________________________________________________________________

      (Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру орны)

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысын
беру үшін қажетті қосымша материалдарды ұсыну туралы
өтінішхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 53 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      _____________________________________________________________________

      (сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған, хабарлама жіберілетін

      орган (тұлға)

      20 ___ жылғы "___" ____________

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсінің мерзiмi:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейiн.

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiн ұзарту мерзiмі:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" ________ дейiн.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), туған жылы)

      оған қатысты сұрақ 20 __ жылғы "____" __ (қаулы, сот-психиатриялық сараптама тағайындаған органның немесе тұлғаның қаулысы, ұйғарымы)

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________

      сәйкес шешіледі.

      Осы сұрау салудың қысқаша негіздемесі бар сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындысын беру үшін қажетті қосымша материалдардың тiзбесі: _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сот-психиатриялық сараптама органының басшысы / сот-психиатриялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшы (сарапшылар)

      _____________________________________________________________________

      Басшының тегі/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      мөр орны

  Сот-психиатриялық сараптамалардың
өндiрiсі бойынша Нұсқаулыққа
4-қосымша

      Нысан

      ОКУД бойынша нысан коды _____________

      ОКПО бойынша ұйым коды ______________

      __________________________________________________________________

      (Сот-психиатриялық сараптама органының атауы)

Сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындысы №________

      Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 53 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Сот-психиатриялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

      нысан

      __________________________________________________

      (Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру орны)

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысын берудің мүмкiн болмауы
туралы хабарлама

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 53 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      _____________________________________________________________________

      (сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған, хабарлама жіберілетін

      орган (тұлға)

      20 ___ жылғы "______" ________

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсінің мерзiмi:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейiн.

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiн ұзарту мерзiмі:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" ________ дейiн.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), туған жылы)

      оған қатысты сұрақ 20 __ жылғы "____" __ (қаулы, сот-психиатриялық

      сараптама тағайындаған органның немесе тұлғаның қаулысы, ұйғарымы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      сәйкес шешіледі.

      Сарапшылар туралы мәліметтер:

      1) __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық

      мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми

      атағы, лауазымы)

      2) __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық

      мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми

      атағы, лауазымы)

      3) __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық

      мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми

      атағы, лауазымы)

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352-бабы бойынша көрнеу жалған қорытынды бергені үшін немесе қорытынды беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшылар ескертілді:

      _________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      _________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      _________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Сот сарапшысының (сарапшыларының) шешуiне қойылған сұрақтар:

      1.___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________;

      2.___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________;

      3.___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________.

      Сарапшылық зерттеулер үшін ұсынылған объектілер:

      1.___________________________________________________________________

      __________________________________________________________;

      2.___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________;

      3.___________________________________________________________________

      __________________________________________________________.

      Сот-психиатриялық сарапшының (сарапшылардың) алдында қойылған

      сұрақтарға жауап берудің мүмкін болмауы жөнінде негіздеме:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сот-психиатриялық сарапшылардың / сот-психиатриялық сараптама

      органының қызметкері болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшының

      (сарапшылардың) қолдары:

      жетекші сарапшы:

      _________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      комиссия мүшелері:

      _________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      _________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Мөр орны