Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.11.2022 № 471/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.11.2022 № 471/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспаларда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде баспа және электрондық түрде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісі эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығымен бекітілген |
"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.11.2022 № 471/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуді автоматтандыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдар қолданады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру объектісін дамыту – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісінің жұмыс істеуін оңтайландыру және (немесе) функционалын кеңейту мақсатында өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген оның қосымша функционалдық талаптарын іске асыру, сондай-ақ оны жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылады;
2) ақпараттандыру объектісін ендіру – автоматтандыру объектісі мен персоналды дайындауды, іске қосуды реттеу жұмыстарын, алдын ала және қабылдап алу сынақтарын жүргізуді қамтитын ақпараттандыру объектісін қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге бағытталған ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту кезеңі;
3) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет – осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру, уақытша пайдалану) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;
4) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру – өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттандыру объектісін оған жаңғырту жүргізбестен және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмастан және оның тұтастығы сақталған жағдайда, бағдарламалық қамтылымға түзету, түрлендіру жүргізу және оның ақауларын жою жөніндегі іс-шараларды қамтитын, мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ету;
5) ақпараттандыру объектісін құру – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін әзірлеуге, тәжірибелік пайдалануға, ендіруге, сондай-ақ оның жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдар кешенін және бағдарламалық қамтылымды иеленуге және (немесе) мүліктік жалдауға (жалға беруге) бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру жүзеге асырылады;
6) ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін техникалық құжаттамада және нормативтік-техникалық құжаттамада жазылған мақсаттарға, міндеттер мен талаптарға сәйкес штаттық режимде пайдалану жүзеге асырылады;
7) ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану – ақпараттандыру объектісін пилоттық аймақта пайдалану, бұл оның жұмыс істеуіндегі кемшіліктерді анықтау мен жою және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі;
8) ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі – ақпараттандыру объектісін құру, өнеркәсіптік пайдалану, дамыту және оның өнеркәсіптік пайдаланылуын тоқтату кезеңдерінің жиынтығы;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;
10) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы – "электрондық үкіметтің" жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
12) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
13) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері;
14) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы – мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға арналған технологиялық платформа;
14-1) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының архитектурасы - "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының құрылымдық және функционалдық ұйымдастырылуын, компоненттері мен элементтерінде іске асырылған іргелі тұжырымдары мен қасиеттерін, олардың бір-бірімен және ортамен, сондай-ақ олардың дамуын анықтайтын принциптерін сипаттау.
15) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы – "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 174/НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №19104 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін архитектуралық порталында орналастыруды жүзеге асырады.
"Электрондық үкіметтің" құрылатын (дамытылатын) немесе сатып алынған ақпараттандыру объектісі туралы мәліметтерді архитектуралық порталына ұсыну және оларды өзектендіру "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің әрбір кезеңінде жүзеге асырылады.
2-тарау. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу тәртібі
1-параграф. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту тәртібі
5. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту мемлекеттік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ ұйымдардың қаражаты есебінен жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мемлекеттік инвестициялық жобалар шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды жоспарлау Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 153-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 144/НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 19015 болып тіркелген) Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында қорытындылар алу қажет.
7. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды есептеу Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18927 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін сәйкес архитектуралық порталында орналастырылған калькуляторда жүзеге асырылады.
8. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18950 болып тіркелген) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
9. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру және дамыту мыналарды қамтиды:
1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалануды жүргізу, оның ішінде:
тәжірибелік пайдалануды жүргізу рәсімдерін құжаттау;
содан соң оларды түзету арқылы анықталған ақаулар мен кемшіліктерді оңтайландыру және жою;
тәжірибелік пайдалануды аяқтау туралы актіні ресімдеу.
3) Заңның 49-бабына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу (бұдан әрі – сынақ).
Сынақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларында айқындалған мерзімдерде және тәртіппен жүзеге асырылады.
4) Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттарға сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін ендіру;
5) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалануға енгізу.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.04.2024 № 257/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дамыту ол өнеркәсіптік пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Сенімгерлік басқару шеңберінде сенімгерлік басқарушының "электрондық үкіметті" ақпараттандыру объектісін дамытуы уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырма негізінде жүзеге асырылады.
Ақпараттандыру объектілерін интеграциялауды жүзеге асыру, негізгі объектінің бастапқы кодына өзгерістер енгізуді, қосымша сыртқы модульдерді әзірлеуді талап етпейтін жұмыстарды іске асыру бөлігінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін пысықтау "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дамыту болып табылмайды.
11. Бюджет қаражаты есебінен "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту кезінде өнім берушілер ақпараттандыру объектісінің бастапқы кодтарын беруді қамтамасыз етеді.
12. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту кезінде оператор уәкілетті органға, ұйымдар мен әлеуетті өнім берушілерге "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына тиісті ортаны ұсыну бойынша жасалған қызмет көрсету шарты (бұдан әрі - шарт) негізінде өтінімді алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын ұсыну жөніндегі қызмет шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін әзірлеу және тестілеу, тәжірибелік пайдалану және сынақтар жүргізу ортасын ұсынады.
Бұл ретте оператор ақпараттандыру объектілерін әзірлеу және тестілеу, тәжірибелік пайдалану және сынақтар жүргізу үшін шарт жасалған сәттен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өтеусіз негізде ортаны ұсынады.
12-1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын құруды, дамытуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді Оператор "электрондық үкіметтің" архитектурасына сәйкес жүзеге асырады.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының архитектурасы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19249 болып тіркелген) бекітілген "электрондық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі Қағидаларына сәйкес сервистік интегратормен және уәкілетті органмен келісім бойынша оператор қалыптастыратын және бекітетін "электрондық үкімет" архитектурасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы әзірлеу, тестілеу, тәжірибелік пайдалану орталарын қамтиды.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының "электрондық үкіметтің" және (немесе) ақпараттық – коммуникациялық қызметтердің ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және орналастыру үшін техникалық және технологиялық талаптары жалпыға қолжетімді болып табылады және архитектура порталында орналастырылады.
Ескерту. Қағида 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін орналастыру үшін оператор өтінімді алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, ұйымдарға "электрондық үкіметтің" технологиялық платформасын және/немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын ұсыну бойынша қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13349 болып тіркелген) бекітілген ақпараттандыру объектілерінің Сыныптауышына сәйкес жатқызылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері:
бірінші сыныпқа жатқызылатын "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында ғана орналастырылады;
екінші және үшінші сыныпқа жатқызылатын, оларды "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұсынатын ұйымда орналастырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту келесі жағдайларды қоспағанда "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында басымдықпен жүзеге асырылады:
1) бұрын "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құрылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін дамыту талап етіледі;
2) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру техникалық не экономикалық тұрғыдан тиімсіз;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16750 болып тіркелген) бекітілген Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылатын сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері Тізілімінде (бұдан әрі - Тізілім) ұқсас функционалы бар ақпараттандыру объектілері қамтылған.
2-параграф. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін пайдалану тәртібі
15. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу Заңның 40-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
16. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезінде:
1) Бірыңғай талаптарды, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 385/НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №30186 болып тіркелген) бекітілген Деректерді басқару жөніндегі талаптарды, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17046 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкімет" архитектурасын дамыту талаптарды сақтау;
2) электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау, сақтау және бұзылған немесе бүлінген жағдайда оларды қалпына келтіру;
3) электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшіру және уақтылы өзектендіруді бақылау;
4) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне өтініштер туралы мәліметтерді автоматтандырылған түрде есепке алу, сақтау және мерзімді мұрағаттау;
5) ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
Сүйемелдеу шеңберінде өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттандыру объектісін оның мақсатына сәйкес пайдалану қамтамасыз етіледі, оған бағдарламалық қамтамасыз етуді түзетуді, модификациялауды және ақауларды жоюды жүргізу жөніндегі іс-шаралар кіреді, қосымша функционалдық талаптарды жаңғыртуды және іске асыруды жүргізбей, оның тұтастығы сақталған жағдайда.
Сүйемелдеу шеңберінде кепілдік қызмет көрсету шеңберінде қателер мен кемшіліктерді жоюды қамтитын жағдайлар анықталады.
6) ақпараттандыру объектісінің пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуін, оның ішінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау;
7) жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
8) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (алып тастау);
9) өнім берушінің "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісіне кепілдік беру мерзімі кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жоюды қамтитын кепілдік қызмет көрсетуі. Кепілдік қызмет көрсету "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген күннен бастап кемінде 12 (он екі) ай мерзімде қамтамасыз етіледі.
17. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісіне кепілдік беру қызметін жеткізуші өтеусіз жүзеге асырады.
Кепілдік мерзімі ішінде өнім беруші келісілген мерзімдерде өзі жіберген қателер мен кемшіліктерді жояды, дегенмен мынадай талаптар сақталу қажет:
ақаулықтың бар екендігі құжатпен расталған куәлік;
өнім беруші жіберген қатеге байланысты ақаулық орын алғанын растау;
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дұрыс пайдалану;
оның тұтастығын бұзуға апарған тапсырыс берушінің бағдарламалық жасақтамаға өздігінен араласуының болмауы;
тапсырыс берушінің "ақпараттандыру объектісін" құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігі.
18. Архитектуралық порталда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісіне техникалық құжаттаманың мәліметтері мен электрондық көшірмелері болмаған жағдайда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезеңі үшін көзделген іс-шараларды жүргізуге арналған шығыстарға қолдау көрсетілмейді.
19. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін одан әрі пайдалану қажеттілігінің болмауы өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатуға әкеп соғады.
3-параграф. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін сатып алу тәртібі
20. Елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар Тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес енгізілген Тізілімнен тауар немесе ақпараттық-коммуникациялық қызмет түрінде бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алуды жүзеге асырады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Бюджет қаражаты есебінен бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін, технологиялық платформаны және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұсыну жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ағымдағы шығындар шеңберінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің бекітілген нысаналы модельдерінің негізінде Тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді Тізілімге алдын ала енгізуді қамтамасыз етеді.
23. Мемлекеттік заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдар мұрагерлік, сыйға тарту нәтижесінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісіне құқықтарды иеленуі уәкілетті органның қорытындысы ескеріле отырып, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Қорытындыны уәкілетті орган мынадай көрсеткіштер бойынша қалыптастырады:
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезеңі үшін көзделген іс-шараларды жүргізуге бюджеттің ықтимал шығындарын бағалау жүзеге асырылатын мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы;
сервистік интегратор оның шеңберінде "электрондық үкімет" архитектурасына, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, деректерді басқару саласындағы техникалық, құқықтық және өзге де талаптарға сәйкестігін бағалауды, оның ішінде ұсынылған техникалық тапсырма негізінде бағалауды жүзеге асыратын мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін тағайындау және пайдалану; сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің Тізіліміндегі ұқсас бағдарламалық қамтамасыз ету.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Сыйға тарту кезінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалануды жүргізу және оны өнеркәсіптік пайдалануға беру қамтамасыз етіледі.
3-тарау. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу тәртібі
25. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұсыну жөніндегі қызмет;
2) бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсыну жөніндегі қызмет;
3) технологиялық платформаны ұсыну жөніндегі қызмет.
26. Бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін ұсыну бойынша ақпараттық-коммуникациялық қызмет Тізілімнен сатып алынады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу арқылы қызметті автоматтандыру ақпараттандырудың сервистік моделі болып танылады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттандырудың сервистік моделіне көшудің басымдығын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерге арналған шығыстарды жоспарлау ағымдағы шығындар шеңберінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10007 болып тіркелген) бекітілген бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес қалыптастырылған бюджеттік өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Тізілімде қажетті ақпараттық-коммуникациялық қызмет болмаған кезде мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттық-коммуникациялық қызметті құруға арналған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады, бұл ретте конкурстық құжаттама техникалық тапсырманы қамтиды.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында бағдарламалық қамтылымды құру, дамыту және орналастыру үшін оператор осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға және ұйымдарға технологиялық платформасын ұсыну жөніндегі қызметтерді және/немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын ұсыну жөніндегі қызметтерді ұсынады.
Осы Қағидалардың 25-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді ұсыну шеңберінде Оператор қажет болған кезде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын толықтыруды және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын дамыту үшін бағдарламалық қамтылымды құруды, дамытуды жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 25-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген оператор ұсынатын ақпараттық-коммуникациялық қызметтер тізбесі архитектура порталында орналастырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Конкурс қорытындысы бойынша айқындалған өнім беруші шарт талаптарына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсыну қызметі түрінде бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Конкурс қорытындысы бойынша айқындалған өнім беруші, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер Тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес Тізілімге "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізуге бастамашылық жасайды.
Тауар немесе ақпараттық-коммуникациялық қызметтер түріндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді кейіннен сатып алу Тізілімнен жүзеге асырылады.
33. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді құруға және дамытуға арналған шығыстарды есептеу Қазақстан Республикасы Ццифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18927 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығыстарды есептеу әдістемесі мен нормативтеріне сәйкес архитектуралық порталда орналастырылған калькуляторда жүзеге асырылады.
34. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу №18950 болып тіркелген) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
35. Ақпараттық-коммуникациялық қызмет шеңберінде құрылатын және дамытылатын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісіне айрықша құқықтар берілмейді.
36. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді пайдалану жаңғырту жүргізбей және қосымша функционалдық талаптарсыз бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, техникалық қолдау және ақауларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
37. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген сервистік бағдарламалық өнімдер тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының нормаларын қолданбай Тізілімге енгізіледі.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.05.2023 № 178/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Осы бұйрық қолданысқа енгізілген сәтте әзірленіп жатқан сервистік бағдарламалық өнімдер тестілеу, сынақ жүргізу және өнеркәсіптік пайдалануға беру кезеңдерінен өткеннен кейін Тізілімге енгізіледі.