Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 144/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 19015 болып тіркелді.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 359/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 122 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13322 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 29 маусымдағы
№ 144/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне (бұдан әрі – ҚЭН) сараптама (бұдан әрі – сараптама) жүргізу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.04.2022 № 132/нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды – бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерінің әкімшілері ұсынған жобаның мақсаттылығына, пайдаланылатын техникалық шешімдердің оңтайлығына, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы және мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының қорытындылары негізінде жүргізілетін ақпараттық қамтамасыз ету нысанына ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның кешендік бағасы;

      2) ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы инвестициялық ұсыныстарға қорытынды – инвестициялық ұсыныстардың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері ұсынған жобаның мақсаттылығына, пайдаланылатын техникалық шешімдердің оңтайлығына, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы және мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының қорытындылары негізінде жүргізілетін ақпараттық қамтамасыз ету нысанына ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның кешендік бағасы;

      3) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныс (бұдан әрі – инвестициялық ұсыныс) – ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныс;

      4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

      5) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;

      6) реинжиниринг – ұйым қызметінің тиімділігін, сапасын және нәтижелілігін арттыру мақсатында ағымдағы жұмыс процесін қайта өзгерту;

      7) "электрондық үкіметтің" архитектурасы – тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;

      8) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы – "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 359/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган):

      бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру мен дамытуға арналған техникалық тапсырма қоса беріле отырып, инвестициялық ұсыныс енгізіледі;

      заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша инвестициялық ұсыныстар, бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-і енгізіледі;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныс немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамаға сәйкес бизнес-жоспар, конкурстық құжаттама енгізіледі.

      4. Инвестициялық ұсыныстың құжаттарын өткізу және сараптамасын жүргізу, бюджеттік инвестицияның ҚЭН электрондық құжаттар нысанындағы "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) арқылы жүзеге асырылады.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2-тармағында көрсетілген түзетілген техникалық-экономикалық негіздемелер бойынша ақпараттандыру саласындағы сараптама бюджеттік инвестицияның ҚЭН үшін көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.04.2022 № 132/нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      5. Әкімшіні құжаттардың қабылданғаны туралы хабардар ету, әкімшімен, сервистік интегратормен, мемлекеттік техникалық қызметпен, уәкілетті органмен құжаттар алмасу архитектуралық портал арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Инвестициялық ұсыныстардың сараптамасын жүргізу тәртібі

      6. Инвестициялық ұсыныстарды әкімші уәкілетті органға ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қорытындыларды алу үшін жібереді.

      7. Инвестициялық ұсынысты әзірлеу немесе түзету Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу, бағалау және бюджеттік инвестициялардың орындылығын айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидалары).

      Егер әкімші инвестициялық ұсыныстарды бюджеттік инвестициялық жобалар арқылы іске асыруды көздесе инвестициялық ұсынысқа "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырма электрондық форматта келісуге бір мезгілде жіберіледі, оларды жасау және қарау Заңның 7-бабы 20) тармақшасында бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманы қарау нәтижесінде пысықтауға жіберіліп жатқан қорытынды инвестициялық ұсынысқа теріс қорытынды беру үшін негіз болып табылмайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 359/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      8. Инвестициялық ұсынысты уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.04.2022 № 132/нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      9. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған инвестициялық ұсынысын толықтығын Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес тексереді.

      Ұсынылған инвестициялық ұсыныс толық болған жағдайда сараптама жүргізуге "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына (бұдан әрі – сервистік интегратор) және мемлекеттік техникалық қызметке жіберіледі.

      Ұсынылған инвестициялық ұсыныс толық болмаған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қайтару себептері көрсетіле отырып, әкімшіге қайтарылады.

      10. Инвестициялық ұсынысты сервистік интегратор және мемлекеттік техникалық қызмет алған күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.04.2022 № 132/нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      11. Сервистік интегратор инвестициялық ұсыныстың сараптамасын:

      1) осы Қағидаларға;

      2) Заңның 7-бабы 10) тармақшасында бекітілген "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту бойынша талаптарға;

      3) Заңның 6-бабы 3) тармақшасында бекітілген ақпараттық – коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға;

      4) "электрондық үкіметтің" архитектурасына;

      5) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігіне;

      6) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін айқындау, шығыстарды есептеулер негіздемесін бағалау, тұрғысынан бағалауға;

      7) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық ұсынысты, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріні бағалау өлшемшарттарына;

      8) инвестициялық ұсыныста белгіленген техникалық-экономикалық параметрлеріне сәйкес жүргізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 359/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      11-1. Сервистік интегратор инвестициялық ұсыныстар сараптамаға қайта келіп түскен кезде сараптаманы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес өтеусіз негізде жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.04.2022 № 132/нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік техникалық қызмет инвестициялық ұсыныстың Заңның 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізеді.

      12-1. Мемлекеттік техникалық қызмет инвестициялық ұсыныстар сараптамаға қайта келіп түскен кезде сараптаманы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес өтеусіз негізде жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.04.2022 № 132/нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      13. Уәкілетті орган сервистік интегратор мен мемлекеттік техникалық қызметтен сараптама қорытындыларын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық ұсынысқа ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қорытындыны дайындайды және оны әкімшіге жібереді.

3-тарау. Бюджеттік инвестициялар қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласында сараптама жүргізу тәртібі

      14. Әкімші бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін уәкілетті органға мынадай құжаттарды қоса жібереді:

      1) әкімшінің салалық қорытындысы;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган берген инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытындысы.

      15. Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-інде ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қорытындылар, құжаттардың толық пакеті келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.04.2022 № 132/нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті орган бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда сараптама жүргізу үшін уәкілетті орган бюджеттік инвестициялар ҚЭН-ін сервистік интеграторға және мемлекеттік техникалық қызметке жібереді.

      Құжаттарының толық пакеті ұсынылмаған жағдайда, бюджеттік инвестициялар ҚЭН-і осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қайтару себептері көрсетіле отырып, әкімшіге қайтарылады.

      17. Сервистік интегратор және мемлекеттік техникалық қызмет бюджеттік инвестициялар ҚЭН-і жобасын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде оған сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.04.2022 № 132/нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      17-1. Сервистік интегратор және мемлекеттік техникалық қызмет бюджеттік инвестициялар ҚЭН-і жобасы сараптамаға қайта келіп түскен кезде сараптаманы осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімде, өтеусіз негізде жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.04.2022 № 132/нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      18. Сервистік интегратор осы Қағидалардың 11-тармағының 1)-7)-тармақшаларына сәйкес бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-іне сараптама жүргізеді.

      19. Мемлекеттік техникалық қызмет осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес бюджеттік инвестициялар ҚЭН жобасына сараптама жүргізеді.

      20. Уәкілетті орган сервистік интегратор мен мемлекеттік техникалық қызметтен сараптама қорытындыларын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-іне ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қорытындыны дайындайды және оны әкімшіге жібереді.

  Инвестициялық ұсыныстарға,
бюджеттік инвестициялардың
қаржылық-экономикалық
негіздемелеріне ақпараттандыру
саласындағы сараптаманы
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Инвестициялық ұсынысты, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріні бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 359/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Бағалау өлшемшарттары

1

Мемлекеттік жоспарлау құжаттарында, нормативтік құқықтық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларында, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында, "электрондық үкіметтің" архитектурасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаны (бұдан әрі – АКТ жобасы) іске асырудың болуы не ол болмаған жағдайда уәкілетті орган келісімінің болуы

2

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шара ақпараттандыру объектілерін құруға немесе дамытуға бағытталуы тиіс.

3

Тікелей және соңғы нәтижелер бір мәнді тұжырымдалуы және сандық түрде анықталуы тиіс.

4

Ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу сәтінде тікелей нәтижелерге қол жеткізілуі тиіс; ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде соңғы нәтижелерге қол жеткізілуі тиіс. Бұл ретте соңғы нәтижелер көрсеткіштері ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану жылдары бойынша ұсынылуы тиіс.

5

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шара мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыруға байланысты ағымдағы проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс. Бұл ретте автоматтандыру жөніндегі іс-шаралардың сабақтастығының сақталуы және АКТ-ның бұрын іске асырылған жобалардың қайталануын болдырмау қажет.

6

Егер АКТ жобасы басқа мемлекеттік органдардың қызмет саласын қозғаса, тиісті салалық қорытындылар ұсынылуы тиіс.

7

АКТ жобасын іске асыру нұсқаларын талдаудың болуы (дайын шешімді әзірлеу, енгізу, әзірлемелер мен дайын шешімдер пайдаланылған аралас шешім).

8

Проприетарлық және open-source шешімдерді немесе өнімдерді пайдалану талдауының болуы.

9

Төменде санамаланған сипаттамалардың әрқайсысы бойынша жобаны іске асыру үшін кемінде 2 техникалық-технологиялық шешім ұсынылуы тиіс:
– проприетарлық және open-source шешімдерді немесе өнімдерді пайдалана отырып;
– есептеу ресурстарын орналастыру схемасы бойынша;
– компоненттер жиынтығы бойынша.

10

Open-source шешімдерін немесе өнімдерін пайдалана отырып, жобаны іске асыру жөніндегі шешімнің бірінің құнын есептеу ұсынылуы тиіс.

11

Мемлекеттік органның қызметін автоматтандыру "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында ақпараттық жүйелерді орналастырудың басымдылығын қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастыру мүмкін болмаған жағдайда оның мақсаттарына, міндеттеріне және қуатына сәйкес акт жобасы шеңберінде сатып алынатын жабдықтардың негіздемелері мен техникалық сипаттамалары келтіріледі.

12

АКТ жобасының архитектурасын іске асырудың, сондай-ақ жабдықты таңдаудың ұсынылатын нұсқалары ұлттық және халықаралық стандарттарға, пайдаланылатын жабдығы бар технологиялық үйлесімділікке сәйкес келуі тиіс.

13

Ақпараттандыру жөніндегі барлық іс-шаралардың құны есептеу әдістемесіне және мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығындар нормативтеріне сәйкес есептелуі тиіс.

14

Баға шешімдері келтірілуі, оның ішінде инвестициялық және пайдалану шығындарының барлық компоненттері бойынша баға-сапа арақатынасының оңтайлылығын бағалау, тиісті нарықтық бағалармен, инвестициялық және пайдалану шығындарының құнын негіздейтін коммерциялық ұсыныстармен тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жоспарланған бағаларды салыстырылуы тиіс.

15

Салыстырмалы талдау жүргізілетін және таңдап алынған нұсқаның негіздемесі ұсынылатын жобаның мақсатына және нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізудің кемінде екі ықтимал нұсқасы ұсынылуы тиіс.

16

Жобаны іске асыру нұсқасын оңтайлы таңдауды негіздеу үшін ең аз шығындар талдауы ұсынылуы тиіс.

  Инвестициялық ұсыныстарға,
бюджеттік инвестициялардың
қаржылық-экономикалық
негіздемелеріне ақпараттандыру
саласындағы сараптаманы
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Инвестициялық ұсынысқа ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қорытынды

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 359/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қарауға ұсынылған құжаттар: ____________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      2. Инвестициялық ұсынысты қарау кезінде назарға алынған құжаттар:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      3. Пайдаланылатын қысқартулар:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      4. Жобаның қысқаша сипаттамасы:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Сипаттамасы

1

2

3

1

Жобаның атауы


2

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы


3

Жобаға өтініш берушінің атауы (республикалық бюджеттен дамытуға нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыру арқылы іске асыру болжамдалатын жоба қаралған жағдайда көрсетіледі)


4

Жобаны іске асыру орны


5

Жобаның міндеттері мен мақсаттары


6

Нәтиже көрсеткіштері (тікелей және соңғы нәтиже көрсеткіштері)


7

Жобаның компоненттері


8

Жобаның ауқымы және жобаның қуаты


9

Нысаналы топтар, оның ішінде негізгі пайда алушылар


10

Нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде оларға сәйкес жобаны іске асыру болжамдалатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, реинжиниргілеу және "электрондық үкіметтің" архитектурасы


11

Жоба бойынша инвестициялық ұсынысты экономикалық бағалау қорытындысының күні және нөмірі


12

Жылдар бойынша қаржыландыруды бөліп жасаған жобаның жалпы құны

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру нысаны

жыл

Қаржыландыру нысаны

жыл

Барлығы

Республикалық бюджет






Жергілікті бюджет






Өзге көздер






Барлығы:






13

Жобаны іске асыру кезеңі


      5. Тұжырымдар.

  Инвестициялық ұсыныстарға,
бюджеттік инвестициялардың
қаржылық-экономикалық
негіздемелеріне ақпараттандыру
саласындағы сараптаманы
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Бюжеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытынды

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 359/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қарауға ұсынылған құжаттар: ____________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      2. Жобаның бюджеттік инвестицияларының ҚЭН-ін қарау кезінде назарға алынған құжаттар:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      3. Қолданылатын қысқартулар: _____________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      4. Жобаның қысқаша сипаттамасы: _________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

Р/c №

Көрсеткіштің атауы

Сипаттамасы

1

Жобаның атауы


2

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы


3

Жобаға өтініш берушінің атауы (республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыру арқылы іске асыру болжанатын жоба қаралған жағдайда көрсетіледі)


4

Жобаны іске асыру орны


5

Жобаның мақсаты мен міндеттері


6

Нәтиже көрсеткіштері (тікелей және соңғы нәтиже көрсеткіштері)


7

Жобаның компоненттері


8

Жобаның ауқымы және жобаның қуаты


9

Мақсатты топтар, оның ішінде негізгі пайда алушылар


10

Нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде оларға сәйкес жобаны іске асыру болжамдалатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, реинжиниргілеу және "электрондық үкіметтің" архитектурасы


11

Жоба бойынша инвестициялық ұсынысты экономикалық бағалау қорытындысының күні және нөмірі


12

Жылдар бойынша қаржыландыру бөлінген жобаның жалпы құны

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру нысаны

Жылды/соманы (мың тенге) көрсету

Барлығы (мың тенге)


20__

20__

20__

жиынтығы

Республикалық бюджет

Инвестициялық шығындар





Жергілікті бюджет






Өзге көздер







Жиынтығы:






13

Бюджеттік инвестициялар ҚЭН-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру көзі мен сомасы

Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру көзі


Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін әзірлеу және сараптау құны


Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін әзірлеушінің атауы


Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін әзірлеу жөніндегі шарттың деректемелері


14

Жобаны іске асыру кезеңі


15

Жобаның қалыпты жұмыс істеу режимін қамтамасыз етуге арналған сапалық және сандық талаптар


16

Жобаның жұмыстарындағы, тауарларындағы және қызметтеріндегі жоспарланған қазақстандық қамту көлемі


      5. Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-інің осы қағидаға сәйкестігін тексеру.

      6. Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-інің құрылымы мен мазмұнын ескере отырып, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесін және ҚЭН-ніне мынадай ескертулер бойынша түзету жүргізу:

Бюджеттік заңнама бойынша талап етілетін бөлімдер мен бөлімшелер

Пункттің/бөлімнің болуы/болмауы

1



      7. Тұжырымдар.