Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 16750 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.07.2019 № 147/НҚ (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.09.2020 № 334/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.07.2019 № 147/НҚ (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Атамқұлов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 53/НҚ бұйрығымен бекітілген

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары

      Ескерту. Өлшемшарттар жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.09.2022 № 354/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу бойынша өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу жөніндегі өлшемшарттар негізінде сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы өтінімдерді қарау үшін, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде және осы Қағидалардың талаптарында қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін мемлекеттік органдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық қауымдастықтардың, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық өнеркәсіп саласындағы ұйымдар мен сарапшылардың өкілдерін тарта отырып, уәкілетті орган құратын алқалы орган;

      2) интернет-ресурс – бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік аты бар және интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрдегі) ақпарат;

      3) өтініш беруші – бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) немесе сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінім берген электрондық өнеркәсіп немесе бағдарламалық қамтылым өнімін өндіретін жеке және/немесе заңды тұлға;

      4) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;

      5) сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

      6) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 05.12.2022 № 483/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тізілім елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13349 болып тіркелген) бекітілген ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына сәйкес тізілімге енгізу түрі және мақсаты бойынша жіктеледі.

      Бағдарламалық өнім болып табылатын және дербес бағдарлама түрінде орындалған бағдарламалық қамтылым тізілімге енгізілуге жатады.

      Бағдарламалық қамтылымның бөліктері болып табылатын бағдарламалық өнімдер олар бір бөлігі болып табылатын бағдарламалық қамтылым құрамында тізілімге енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларында көзделген өтпелі ережелер шеңберінде құрылған сервистік бағдарламалық өнімдер, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер тізілімге енгізілуге жатады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 106/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тізілімде қамтылған мәліметтер мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ашық және қолжетімді болып табылады.

2-тарау. Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      5. Мыналар тізілімді қалыптастыру және жүргізу деп түсініледі:

      1) тізілімге бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімі туралы мәліметтер енгізу;

      2) өтініш берушілер ұсынған мәліметтер өзгерген (толықтырылған) кезде, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімнен шығарылған кезде тізілімді жаңарту;

      3) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында тізілімді орналастыру.

      6. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті орган тізілімге бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу және одан шығару, сондай-ақ тізілімдегі мәліметтерге өтініш берушілердің өтінімдері негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырады.

      7. Тізілімді жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      8. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін өндірушілерден тізілімге енгізу (алып тастау) немесе өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы берілген өтініштер (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

      9. Өтінімдерді уәкілетті органға бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер ұсынады.

      Әрбір бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімі бойынша осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жеке өтініш беріледі.

      10. Бағдарламалық қамтылымның тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымға айрықша құқық немесе Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымның айрықша мүліктік құқықтарын мынадай тұлғалардың біреуіне не бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына/ларына немесе заңды тұлғасына тиесілі айрықша құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне пайдалану құқығы;

      2) ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 "Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау өлшемшарттары. 3-бөлім. Қорғауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар" (бұдан әрі – ҚР СТ ISO/IEC 15408-3) сәйкес бағдарламалық қамтылым үшін 4-інші сенім деңгейінен төмен емес орындау немесе Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларына сәйкес аккредиттелген сынау зертханалары берген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне оң нәтижелері бар сынау хаттамаларының болуы (бұдан әрі – сынау хаттамалары).

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 16.05.2023 № 179/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 106/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Электрондық өнеркәсіптің тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:

      1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық немесе өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын келесі тұлғалардың (құқық иеленушілердің) біреуіне не бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына/тұлғасына немесе заңды тұлғасына тиесілі бүкіл қолданылу мерзіміне беру;

      2) электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымның ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 стандартына сәйкес 4-інші қауіпсіздік деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келуі (ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін еместігі туралы қорытынды алу үшін кемінде екі сәйкестікті растау органына жүгінеді) немесе сынау хаттамасының болуы.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 16.05.2023 № 179/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 106/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Бағдарламалық қамтылымды тізілімге енгізу туралы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымға қолданыстағы айрықша құқықты растайтын құжат немесе бағдарламалық қамтылымның айрықша мүліктік құқықтарын пайдалану құқығын растайтын құжат;

      2) ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 (сертификаттау жүргізу сәтіндегі өзекті нұсқада) сәйкес бағдарламалық қамтылым үшін 4-інші сенім деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесі немесе сынау хаттамасының болуы.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 106/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу туралы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты немесе өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын беру туралы шартты растайтын құжат;

      2) ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылым үшін (сертификаттау жүргізу сәтіндегі өзекті нұсқада) 4-інші сенім деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесі (ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін болмаған жағдайда, өтініш беруші сертификаттаудың мүмкін еместігі туралы қорытынды беру үшін кем дегенде екі сәйкестікті растау органына жүгінеді) немесе сынау хаттамасының болуы.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 106/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Қағаз жеткізгіштердегі немесе құжаттар тізімдемесі қоса берілген электрондық түрдегі ұсынылған құжаттары бар өтінімдерді уәкілетті орган мен Комиссия түсуіне қарай 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттарға сәйкестікті уәкілетті орган осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларының 12 және 13-тармақтарына, сондай-ақ 8, 12, 13-тармақтарына сәйкес Бағдарламалық қамтылымды/электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарды зерделеу арқылы белгілейді.

      Осы Қағидалардың 10, 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес келмейтін өтініштерді уәкілетті орган қабылдамауы тиіс, бұл ретте өтініш берушіге өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама электрондық поштаға жіберіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 05.12.2022 № 483/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламаны алғаннан кейін оларды жояды және қағаз жеткізгіштердегі немесе электрондық түрде қоса берілген құжаттары бар өтінішті уәкілетті органға 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта береді.

      Қайта берілген өтінішті және қағаз жеткізгіштердегі немесе электрондық түрде қоса беріліп отырған құжаттарды уәкілетті орган мен Комиссия осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес қарайды.

      Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу Комиссияның ұсынымы негізінде құрылымдық бөлімше басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тізілімге бағдарламалық қамтылым/электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу туралы хабарламамен ресімделеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 05.12.2022 № 483/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Өтініш беруші осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында, сондай-ақ 2 және 3-қосымшаларының 8, 12 және 13-тармақтарында көзделген құжаттардың қолданылу мерзімдері аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органға құжаттардың өзектендірілген нұсқаларын ұсына отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша cенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш береді.

      Бұл ретте, уәкілетті орган жылына кемінде 1 (бір) рет желтоқсан айында тізілімде қамтылған мәліметтердің өзектілігіне мониторинг жүргізеді.

      17. Уәкілетті орган тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш негізінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарламаны ресімдейді.

      Бағдарламалық қамтылымның немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің атауы өзгерген кезде өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа атаумен тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш жіберуі қажет.

      Өкілдердің (дистрибьюторлардың және (немесе) дилерлердің) тізімі толықтырылған кезде, өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішке қоса электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште өкілдігін растайтын құжатты ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 05.12.2022 № 483/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімнен алып тастау құрылымдық бөлімше басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімнен алып тастау туралы хабарламамен мынадай жағдайларда:

      1) осы Қағидалардың 3 және 14-тармағында көзделген талаптарды сақтамаған жағдайда;

      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тізілімнен бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін алып тастау туралы өтініш негізінде өтініш берушінің бастамасы бойынша;

      3) өтініш берушінің бағдарламалық қамтылымының (электрондық өнеркәсіп өнімінің) тізілімде болуы кезеңінде уәкілетті орган өтініш берушінің дұрыс емес мәліметтерді және (немесе) дұрыс емес құжаттарды ұсыну фактілерін, сондай-ақ осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшасының 10, 11, 12, 13-тармақтарында және 12, 15-тармақтарында көзделген құжаттардың қолданысын жоюы фактілерін анықтаған кезде;

      4) осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптарды сақтамаған жағдайда ресімделеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 05.12.2022 № 483/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тізілім, сондай-ақ тізілімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторларына жіберіледі және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялануға жатады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 05.12.2022 № 483/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Сенім білдірілген
бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ
бағдарламалық
қамтылым және электрондық
өнеркәсіп өнімін сенім
білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
1-қосымша
  Нысан

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі

Тізілімдік жазбаның реттік нөмірі

Тізілімдік жазбаны қалыптастыру күні

Бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің атауы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары) (бар болса)

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдернің коды (кодтары)

Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды

Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері үшін техникалық және функционалдық сипаттамалардың қысқаша сипаттамасы

Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің санаты


1

2

3

4

5

6

7

8

  Сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізілімін қалыптастыру
және жүргізу қағидалары,
сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым және электрондық
өнеркәсіп өнімін сенім
білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық өнеркәсіп өнімінің
тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
2-қосымша
  Нысан

Бағдарламалық қамтылымды сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 05.12.2022 № 483/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 106/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1._______________________________________________________________________

      (тіркелген заңды мекенжайы)

      2. байланыс телефон нөмірі: _________________________________________________

      3.________________________________________________________________________

      (бағдарламалық қамтылымның толық атауы)

      4. қызмет түрі _____________________________________________________________

      5.________________________________________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      6. бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі________________________

      7. электрондық пошта: ______________________________________________________

      8.________________________________________________________________________

      функционалын, ерекшеліктері мен артықшылықтарын, қолданылу саласын,

      тұтынушыларды көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде еркін нысанда

      бағдарламалық қамтылымның сипаттамасы және талап етілетін функционалдық,

      техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, сондай-ақ өнім әзірленген

      платформаның сипаттамасы (бар болса);

      9. _____________________________________________________________

      Еуразиялық экономикалық комиссияның 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына және Бірыңғай кедендік тарифке сәйкес бағдарламалық қамтылымның коды (кодтары) (бар болса);

      10._____________________________________________________________________

      Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес бағдарламалық

      қамтылымның коды (кодтары)

      11. ____________________________________________________________________

      тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық

      анықтамалығына сәйкес бағдарламалық қамтылымның коды

      12. ____________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес аккредиттелген сынау зертханалары берген сынақтар хаттамасының нөмірі (бар болса);

      13. ____________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13349 болып тіркелген) бекітілген Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышы қағидаларына сәйкес бағдарламалық қамтылым санаттары";

      14. ______________________________________________________________________

      (электрондық қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін

      заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (сенімхаттың нөмірі және берілген күні)

      15. __________________________________________________________________

      өкілдің (дистрибьютордің немесе дилердің) (бар болса) бизнес-сәйкестендіру нөмірі /

      жеке сәйкестендіру нөмірі

  Сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ
бағдарламалық қамтылым
және электрондық өнеркәсіп
өнімін сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
3-қосымша
Нысан

Электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 05.12.2022 № 483/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 106/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1._______________________________________________________________________

      (Тіркеудің заңды мекенжайы)

      2. байланыс телефон нөмірі: ________________________________________________

      3. _______________________________________________________________________

      (электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)

      4. қызмет түрі _____________________________________________________________

      5.________________________________________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      6. бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі________________________

      7. электрондық пошта: ______________________________________________________

      8. ________________________________________________________________________

      Электрондық өнеркәсіп өнімінің функционалын, ерекшеліктері мен

      артықшылықтарын, қолданылу саласын, тұтынушыларды көрсете отырып, еркін

      нысандағы мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі сипаттамасы және талап етілетін

      функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, сондай-ақ

      өнімнің фотобейнесі;

      9. _____________________________________________________________

      Еуразиялық экономикалық комиссияның 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына және Бірыңғай кедендік тарифке сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары) (бар болса);

      10. ______________________________________________________________________

      Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес электрондық

      өнеркәсіп өнімінің коды (кодтары)

      11. ______________________________________________________________________

      тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық

      анықтамалығына сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің коды

      12. ____________________________________________________________

      сынақтар хаттамасының нөмірі (бар болса);

      13._______________________________________________________________________

      Электрондық өнеркәсіп өнімдерінің санаты

      14._______________________________________________________________________

      (электрондық қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін

      заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (сенімхаттың нөмірі және берілген күні)

      15. ______________________________________________________________________

      өкілдің (дистрибьютордің немесе дилердің) (бар болса) бизнес-сәйкестендіру нөмірі /

      жеке сәйкестендіру нөмірі

  Сенім білдірілген
бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру
және жүргізу қағидалары,
сондай-ақ
бағдарламалық қамтылым және
электрондық өнеркәсіп өнімін
сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізіліміне
енгізу
өлшемшарттарына 4-қосымша
  Нысан

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш

      ______________________________________________________________

      Енгізілетін тізілімдік жазбаның атауы және мазмұны өзгерістер және (немесе) толықтырулар

      ________________________________________________________________

      Жаңа редакциядағы тізілімдік жазбаның атауы және мазмұны: мәлімделетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың себебі

      ________________________________________________________________

      байланыс телефон нөмірлері

  Сенім білдірілген
бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары,
сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым
және электрондық өнеркәсіп
өнімін
сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізіліміне
енгізу
өлшемшарттарына 5-қосымша
  Нысан

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен алып тастау туралы өтініш

      _______________________________________________________________

      Тізілімнен шығарылатын тізілімдік жазбаның атауы мен мазмұны

      ________________________________________________________________

      Тізілімнен шығару себебі

      ________________________________________________________________

      байланыс телефон нөмірлері

  Сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізілімін қалыптастыру
және жүргізу қағидалары,
сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым және электрондық
өнеркәсіп өнімін сенім
білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 05.12.2022 № 483/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері



 

[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері

 

Уәкілетті органның бланкі
Анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама
[Нөмірі]

Берілген күні: [Берілген күні]

[Өтініш берушінің атауы]

 
[УО атауы], Сіздің [Өтініш беру күні] № [Өтініш нөмірі], қарастырып келесіні хабарлайды.
Тізілімге енгізу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 16750 болып тіркелген) Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарына сәйкес беріледі және қаралады.
[Анықталған сәйкессіздіктер].
Осыған байланысты Сіздің компанияңыз мәлімдеген [өнімнің атауы] [бағдарламалық қамтылымы/электрондық өнеркәсіп өнімі] Тізілімге енгізуге жатпайды.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]



  Сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізілімін қалыптастыру
және жүргізу қағидалары,
сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым және электрондық
өнеркәсіп өнімін сенім
білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық өнеркәсіп өнімінің
тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 05.12.2022 № 483/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері



 

[УО атауы (орыс тілінде] УО орыс тіліндегі деректемелері

Уәкілетті органның бланкі Бағдарламалық қамтылымды /электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама

№ _______________

күні "___" ______20___ж.

Осы хабарлама
___________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)
_____________________________________________________________
(хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы)
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________
Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес бағдарламалық қамтылымның немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің коды
_________________________________
Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес бағдарламалық қамтылымның немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің коды (кодтары)
_________________________________
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағдарламалық қамтылымның немесе электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары)
_________________________________ берілді.
(хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы)

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]

[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]


  Сенім білдірілген
бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ
бағдарламалық қамтылым және
электрондық өнеркәсіп өнімін
сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізіліміне
енгізу өлшемшарттарына
8-қосымша
  Нысан



[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері



 

[УО атауы (орыс тілінде] УО орыс тіліндегі
деректемелері

 
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарлама
№ _______________ күні "___" ___________ 20___ж.
Осы хабарлама
_______________________________________________________
____________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)
____________________________________________________________
(хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы) берілді
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]


 

  Сенім білдірілген
бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ
бағдарламалық қамтылым және
электрондық өнеркәсіп өнімін
сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізіліміне
енгізу өлшемшарттарына
9-қосымша
  Нысан

[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері



 

[УО атауы (орыс тілінде] УО орыс тіліндегі
деректемелері

 
Бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен алып тастау туралы хабарлама
№ _______________ күні "___" ___________ 20___ж.
Осы хабарлама
_______________________________________________________
______________________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)
_______________________________________________________________________
(хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы) берілді
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]