Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 257/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 мамырда № 34335 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 17-бабына, 195-2-бабының 3,5- тармақтарына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 776-6-бабына, "Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-2-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-3-бабының 5-тармағына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 190), 191-1) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тіркелген бағалары бекітілсін.

      2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарышысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1),2),6), 8) тармақшалары алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 6, 8 - қосымшалары алынып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 12 шілдедегі
№ 422/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы

Тауарлардың атауы (жұмыстар, қызметтер)

Өлшем бірлігі

Қызмет бірлігінің ҚҚС-сыз құны, теңгемен

1.

Тағайындауға арналған іс макеттерін қалыптастыру, әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу

1 макет

1 121,40

2.

Тағайындауға арналған іс макеттерін қалыптастыру, тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу

1 макет

3 462,78

3.

Тағайындауға арналған іс макеттерін қалыптастыру, тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау, жәрдемақыларды тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу

1 макет

1964,49

4.

Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманың мөлшерін айқындау

1 макет

714,00

5.

Төлеушілерден әлеуметтік аударымдарды уақытылы және (немесе) толық төлемегені үшін әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды аудару, әлеуметтік төлемдер мен олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есептелген (төленген) сомаларын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына олар Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қайтару

1 төлем тапсырмасы

34,39

6.

Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) агенттерден алынатын өсімпұлдарды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға қосымша белгіленген, бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;

1 төлем тапсырмасы

34,39

7.

Комиссияны есепке алмағанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру

1 төлем

114,69

8.

Комиссияны ескере отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру

1 төлем

265,69

9.

Жеткізуді ескере отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру

1 жеткізу

433,80

10.

Комиссияны есепке алмағанда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру

1 төлем

26,55

11.

Комиссияны ескере отырып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру

1 төлем

177,55

12.

Жеткізуді ескере отырып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру

1 жеткізу

345,66

13.

Комиссияны есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыру және жүзеге асыру

1 төлем

114,69

14.

Комиссияны ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақылар, біржолғы және өзге де төлемдер төлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру

1 төлем

265,69

15.

Жеткізуді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақылар, біржолғы және өзге де төлемдер төлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру

1 жеткізу

433,80

16.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын уақытылы және (немесе) толық төлемегені үшін қайтаруды қамтамасыз ету

1 төлем тапсырмасы

1 757,33

17.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін төленген әлеуметтік аударымдар сомасын төлеушіге қайтару

1 төлем тапсырмасы

242,23

18.

Агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан оның өтініші бойынша міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару

1 төлем тапсырмасы

1 080,59

19.

Деректемелерінде қателіктер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтару

1 төлем тапсырмасы

243,32

20.

Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорация қызметінің түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсыну

1 ақпарат

123,39

21.

Төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемнің сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат беру

1 ақпарат

117,46

22.

Автоматтандырылған орталықтандырылған деректер базасын толықтыру және өзектендіру және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушыларды дербестендірілген есепке алу

1 ақпарат

251,77

23.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы қорға және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке бірыңғай төлем сомасын бөлу және аудару

1 төлем тапсырмасы

51,71

24.

Қате (артық) төленген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруды жүзеге асыру

1 төлем тапсырмасы

786,20

      Ескерту:

      ҚҚС-қосылған құн салығы