Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13068 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 211 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 834-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1197 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 28 қазандағы 
№ 1223 қаулысымен    
бекітілген        

Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң
(құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты
басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны
иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібін айқындайды.
      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
      1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;
      2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк органдары) – Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар;
      3) тиісті саланың уәкілетті органының салалық қорытындысы – Заңның 188-бабының 1 және (немесе) 2-тармақтарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органына ұсынылған стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың құжаттарын стратегиялық объектілердің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын айқындауды ескере отырып жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiленiң саланы дамытудың басымдықтарына сәйкестігі, бiр елден шыққан, осы саладағы өтініш берушінің және оның үлестес тұлғалары құқықтарының шоғырлануын анықтау, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сын-қатерлерлері болуы не болмауы тұрғысынан бағалау;
      4) стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға не оларды иелiктен шығаруға рұқсат беруге өтiнiш (бұдан әрі – өтініш) – стратегиялық объектілер бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, олар иеліктен шығарудың не оларға ауыртпалық салудың негізділігін және орындылығын ашатын құжат;
      5) стратегиялық объектінің меншік иесі – стратегиялық объектінің меншік иесі болып табылатын және осы стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иеліктен шығару бойынша азаматтық-құқықтық мәміле жасауға ниет білдірген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
      6) кепіл ұстаушы – мүддесі кепілге салынған мүлікпен қамтамасыз етілетін тұлға;
      7) оңалтуды басқарушы – «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен оңалту рәсімі кезеңінде дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер берілетін тұлға;
      8) банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған тұлға.

2. Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң
(құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты
басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны
иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібі

      3. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін стратегиялық объектiнің меншiк иесі (құқық иеленушiсі), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы не кепіл ұстаушы тиісті саланың уәкілетті органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тізбесі Заңның 188-бабының 1 және (немесе) 2-тармақтарында көзделген құжаттарды жібереді.
      4. Өтініш:
      1) стратегиялық объектiнiң меншiк иесi туралы ақпаратты;
      2) азаматтық-құқықтық мәмiле жасаcу жоспарланып отырған тұлға туралы деректерді;
      3) стратегиялық объектіні құру туралы ақпаратты;
      4) стратегиялық объектiнiң жалпы сипаттамасы және оның техникалық сипаттамаларын;
      5) иелiктен шығару (үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу) бойынша жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiленiң негiздемесiн қамтиды.
      5. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда тиісті саланың уәкілетті органы құжаттар топтамасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды стратегиялық объектiлердің меншiк иелеріне (құқық иеленушiлеріне), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыларға не кепіл ұстаушыларға қайтарады.
      6. Тиісті саланың уәкілетті органы өтініш пен осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде олар сәйкес болған жағдайда, ұлттық қауiпсiздiк органдарына мәміле жасау бойынша ақпарат беру үшін жібереді.
      7. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өтініш пен құжаттар түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылып отырған мәмілені жасасу бойынша ақпаратты тиісті саланың уәкілетті органына жібереді.
      8. Тиісті саланың уәкілетті органы ұлттық қауiпсiздiк органдарының ақпаратын ескере отырып, өтiнiш пен тізбесі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салалық қорытындыны дайындайды.
      9. Салалық қорытынды:
      1) отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындардың үлесін айқындауды қоса алғанда, саланың қазіргі жай-күйін бағалауды;
      2) иеліктен шығарылатын объекті құнының негізділігін;
      3) стратегиялық объектіге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару бойынша жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiленiң негiздемесiн;
      4) стратегиялық объектіні сатып алушының құрылымын нақ осы саладағы оның үлестес тұлғаларымен өзара байланыста бағалауды;
      5) стратегиялық объектіге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмiленi жасаудан күтілетін болжамды әсерді бағалауды;
      6) стратегиялық объектіге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару жөнiндегi азаматтық-құқықтық мәмiле жасалған жағдайдағы болжамды тәуекелдерді (Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сын-қатерлерді) бағалауды;
      7) тәуекелдер (Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сын-қатерлер) болмаған жағдайда тиісті есептер мен негіздемелерді;
      8) жеке тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға тиесiлi стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын қолданудың орындылығын қамтиды.
      Қажет болған жағдайда салалық қорытындыда жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша шешім қабылдау үшін маңызды өзге де бөлімдерді, бастапқы деректер мен алғышарттарды қамтылуы мүмкін.
      Салалық қорытынды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
      10. Салалық қорытындыға мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келісіледі.
      11. Тиісті саланың уәкілетті органы салалық қорытынды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келісілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулы жобасын әзірлейді және заңнамада белгіленген тәртіппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      12. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды және ол қаулы түрінде ресімделеді.
      13. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға өтініштерді қарау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің олар бойынша шешім қабылдауы тиісті саланың уәкілетті органына құжаттар түскен күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс. Осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған құжаттардың топтамасын тиісті саланың уәкілетті органы алған күн құжаттардың түсу күні болып саналады.
      14. Қазақстан Республикасының Үкіметі стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тартқан және стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалануды қалаған жағдайда, сатып алу Заңның 192-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      15. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған күннен бастап бес күн мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

Стратегиялық объектiлер меншiк 
иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң),
оңалтуды немесе банкроттықты  
басқарушылардың стратегиялық  
объектіге ауыртпалық салу не оны
иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн
қарау қағидаларына      
1-қосымша           

Нысан

   Стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен
ауыртпалық салуға немесе оларды иелiктен шығаруға рұқсат беруге
                             өтiнiш

      1) Стратегиялық объектiнiң меншiк иесi туралы деректер
(стратегиялық объектiнiң меншiк иесiнiң атауы, орналасқан жерi)______
_____________________________________________________________________
            (стратегиялық объектiнiң кадастрлық нөмірі)

      2) Азаматтық-құқықтық мәмiле жасаcу жоспарланып отырған тұлға
туралы деректер (акцияларды қаржы нарығында сатуды, кепiлге салынған
мүлiктi (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруды қоспағанда)_______
_____________________________________________________________________
   (азаматтық-құқықтық мәміле жасасу жоспарланып отырған тұлғаның
                       атауы, орналасқан жерi)
_____________________________________________________________________
   (азаматтығы туралы, ол болмаған кезде тұрақты орналасқан жерi,
      тұратын мекенжайы (жеке тұлғалар үшiн) туралы мәлiметтер)
_____________________________________________________________________
    (заңды тұлға ретiнде тiркелген жерi және нақты орналасқан жерi
                 (заңды тұлғалар үшiн) туралы мәлiмет)
_____________________________________________________________________
(стратегиялық объектiлер түрлерiн көрсете отырып, мүдделi тұлғаның
   меншiгiнде стратегиялық объектiлердiң болуы туралы мәлiметтер)
_____________________________________________________________________
(тұлғада стратегиялық объектiлерге (стратегиялық объектiлердi және
   сатып алушының түпкілікті бенефициарларын көрсете отырып) меншiк
   құқығының (өзге де заттық құқықтарының) болуы туралы мәлiметтер)
_____________________________________________________________________
(стратегиялық объектіні сатып алушының нақ осы саладағы оның үлестес
            тұлғаларымен өзара байланыстағы құрылымы)

      3) Стратегиялық объектіні құру туралы ақпарат__________________
_____________________________________________________________________
              (стратегиялық объектінің қызмет саласы)

      4) Стратегиялық объектiнiң жалпы сипаттамасы және оның
техникалық сипаттамалары_____________________________________________
_____________________________________________________________________
    (стратегиялық объектінің құны (оның нарықтық құнын айқындайтын
                     бағалау туралы есепке сәйкес)

      5) Иелiктен шығару (үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық
салу) бойынша жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiленiң негiздемесi
_____________________________________________________________________
  Иелiктен шығару (үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу)
  жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмiленi жасаудың артықшылықтары мен
                  кемшіліктерін салыстырмалы талдау

      Қосымша: _____________________________________________________________________
      («Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
    188-бабының 1 және (немесе) 2-тармағында көрсетiлген құжаттар).

Стратегиялық объектiлер меншiк 
иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң),
оңалтуды немесе банкроттықты  
басқарушылардың стратегиялық  
объектіге ауыртпалық салу не оны
иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн
қарау қағидаларына      
2-қосымша           

     Тиісті саладағы уәкілетті органның салалық қорытындысы

      1) Отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындардың үлесін
айқындауды қоса алғанда саланың қазіргі жай-күйін бағалау____________

      2) Иеліктен шығарылатын объекті құнының негізділігі ___________
_____________________________________________________________________
    (стратегиялық объектiнің құны (оның нарықтық құнын анықтайтын
                     бағалау туралы есепке сәйкес)

      3) стратегиялық объектіге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен
ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару бойынша жасалатын
азаматтық-құқықтық мәмiленiң негiздемесi_____________________________

      4) стратегиялық объектіні сатып алушының құрылымын нақ осы
саладағы оның үлестес тұлғаларымен өзара байланыста бағалау__________

      5) стратегиялық объектіге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен
ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару жөніндегі азаматтық-құқықтық
мәмiленi жасаудан күтілетін болжамды әсерді бағалау__________________
_____________________________________________________________________
    (үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не иелiктен
  шығару жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмiле жасаудың артықшылықтары
                             мен кемшіліктері)

      6) стратегиялық объектіге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен
ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару жөнiндегi азаматтық-құқықтық
мәмiле жасалған жағдайдағы болжамды тәуекелдерді (Қазақстан
Республикасының ұлттық мүдделеріне сын-қатерлерді) бағалау___________
_____________________________________________________________________
       (болжанатын тәуекелдердің алдын алу жөніндегі шаралар)

      7) тәуекелдер (Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне
сын-қатерлер) болмаған жағдайда тиісті есептер мен негіздемелер______

      8) жеке тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға тиесiлi
стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым
құқығын қолданудың орындылығы________________________________________