Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10563 тіркелді.

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес акционерлiк қоғамның үлгі жарғысы;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің үлгі жарғысы;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктің үлгі жарғысы;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес сенiм серiктестiктің үлгі жарғысы;

      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес толық серiктестiктің үлгі жарғысы;

      6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес өндiрiстiк кооперативтің үлгі жарғысы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 106 бұйрығына
1-қосымша

Акционерлік қоғамның
үлгілік жарғысы
1-тарау. Жалпы ереже

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. ____________________________________________________________

      (атауы - өтініште көрсетіледі)

      акционерлік қоғамның (бұдан әрі - қоғам) осы жарғысы оның атауын, тұрғылықты орнын, оның органдарының құрылу тәртібі мен құзыретін, қайта құрылу және қызметін тоқтату жағдайын және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да ережелерін айқындайды.

      2. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, банкте есеп-шоты болады, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды іске асыруға, міндеттер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

      3. Қоғамның өз атауы бар бланкілері өз қызметін атқару үшін қажетті басқа да реквизиттері болады.

      4. Қоғам өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясының, Азаматтық кодексін, "Акционерлік қоғам туралы" Заңы (бұдан әрi - Заң), басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және де осы Жарғыны басшылыққа алады.

      5. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте қоғам оның тұрғылықты жерінен тыс жерлерде орналасқан, қоғамның атынан және тапсырмасымен олар туралы ереже негізінде әрекет ететін, заңды тұлға болып табылмайтын филиалдар (өкілдіктер) құруға құқылы.

2-тарау. Қоғамның атқарушы органының атауы мен оның тұрғылықты жері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қоғамның толық атауы:

      1) мемлекеттік тілде __________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      2) орыс тілінде _______________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      8. Қоғамның қысқартылған атауы: _______________________________

      1) мемлекеттік тілде___________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      2) орыс тілінде________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      9. Қоғамның атқарушы органының тұрғылықты жері

      _______________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі ______________________

      (өтініште көрсетіледі)

3-тарау. Қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қоғам акционерінің:

      1) Заңда және қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға;

      1-1) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген кезде, Заңға сәйкес директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге;

      2) дивидендтер алуға;

      3) қоғамның қызметi туралы ақпарат алуға, оның iшiнде акционерлердiң жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртiппен қоғамның қаржылық есептiлiгiмен танысуға;

      4) орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;

      5) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесiне сайлау үшiн кандидатуралар ұсынуға;

      6) қоғамның органдары қабылдаған шешiмге сот тәртiбiмен дау айтуға;

      7) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, Заңда көзделген жағдайларда, өз атынан сот органдарына қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтірілген залалдарды қоғамға өтеуі және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешім қабылдау нәтижесінде алған пайданы (табысты) қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгінуге;

      8) қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сұрау салуға және қоғамға сұрау салу келiп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға;

      9) қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Заңда белгiленген тәртiппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға;

      11) акционерлердің жалпы жиналысының Заңда көзделген тәртіппен қоғам акцияларының санын өзгерту туралы немесе олардың түрін өзгерту туралы шешім қабылдауына қатысуға құқылы.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының жекелеген мүшесінің жыл қорытындысы бойынша сыйақысының мөлшері туралы ақпаратты бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:

      қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің өзі (өздері) не оның үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алу мақсатында қоғам акционерлерін қасақана жаңылыстыруға әкелу фактісін сот анықтаған кезде;

      егер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің жосықсыз әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі қоғамда залал туындауына алып келгені дәлелденсе, алуға құқылы.

      Ескерту. Бұйрық 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Ірі акционердің, сондай-ақ:

      1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;

      2) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;

      4) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.

      12-1. 10-тармақтың 1-1) тармақшасында көзделген талаптарды жалпы жиналысты шақыратын орган немесе тұлға орындауға міндетті.

      Ескерту. Бұйрық 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қоғамның акционері:

      1) акцияларды төлеуге;

      2) осы акционерге тиесілі акцияларды орталық депозитарийге және (немесе) нақтылы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға;

      3) қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге;

      4) Заңда және Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде белгіленген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Қоғамның органдары, оларды құру тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мыналар:

      1) жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер);

      2) басқару органы - директорлар кеңесі;

      3) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға қоғам органдары болып табылады.

      15. Акционерлердің бірінші жалпы жиналысында қоғамның директорлар кеңесі сайланады. Қазақстан Республикасының заңнамаларында және қоғамның жарғысында өзгеше көзделмеген жағдайда, директорлар кеңесі құрамына сайланған тұлғалар шектеусіз ретте қайта сайлана алады.

      Директорлар кеңесінің құзыреті мерзімі акционерлердің жалпы жиналысымен белгіленеді. Директорлар кеңесінің құзыреті мерзімі жаңа директорлар кеңесін сайлау туралы жиналыс өткен сәттен бастап аяқталады.

      Акционерлердің жалпы жиналысы директорлар кеңесінің барлық немесе жекеленген мүшелерінің құзыретін уақытынан бұрын тоқтатуға құқылы.

      Директорлар кеңесінің мүшесінің құзыретін оның бастамасымен уақытынан бұрын тоқтату директорлар кеңесіне жазбаша түрде хабарлау негізінде жүзеге асырылады.

      Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің құзыреті аталған хабарламаны директорлар кеңесі атған сәттен бастап тоқтатылады.

      Директорлар кеңесінің мүшесінің құзыреті тоқтатылған жағдайда, директор кеңесінің жаңа мүшесін сайлау, акционерлердің жалпы жиналысына ұсынылған, кумулятивті дауыс берумен жүзеге асырылады, мұндай жағдайда жаңа сайланған дректорлар кеңесінің мүшесінің құзыреті, барлық директорлар кеңесінің құзыретінің тоқтатылуы уақытымен бірге тоқтатылады.

      16. Директорлар кеңесі атқарушы органның сандық құрамы мен құзыретін, оның директоры мен мүшелерін (атқарушы органды жеке дара атқарушы тұлғаны) сайлау, сонымен қатар олардың құзыретін уақытынан бұрын тоқтату тәртібін анықтайды.

5-тарау. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:

      1) қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оның жаңа редакциясында бекіту;

      2) корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ ол қабылданған жағдайда оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту;

      3) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;

      4) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;

      5) қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау;

      6) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау;

      7) орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттарын, мерзімдері мен тәртібін айқындау;

      8) есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;

      9) директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау;

      10) қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;

      11) жылдық қаржы есептілігін бекіту;

      12) қоғамның есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;

      13) заңда көзделген жағдайлар пайда болған кезде қоғамның жай жән артышылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;

      14) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;

      15) қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру (алу) арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;

      16) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу және мұндай ақпаратты бұқаралық ақпарат жариялау туралы шешім қабылдау;

      17) қоғам оларды Заңға сәйкес сатып алған кезде акциялардың құнын белгілеу әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту);

      18) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;

      19) акционерлерге, егер мұндай тәртіп қоғамның жарғысында айқындалмаса, қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін айқындау;

      20) "алтын акцияны" енгізу және оның күшін жою;

      21) шешім қабылдау Заңда және қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер;

      22) нәтижесінде акционерлік қоғам активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызы сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны оның активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) ірі мәмілені қоғамның жасасуы туралы шешім қабылдауы;

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Осы тармақтың 1), 4), және 17) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмдерi қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен, ал инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құру нәтижесiнде құрылған қоғамда – қоғамның жиналыста өкiлдiк еткен дауыс беретiн акцияларының айқын басым көпшілігімен қабылданады.

      19. Егер Заңда және қоғамның жарғысында өзгеше белгiленбесе, акционерлердiң жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешiмдерi қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.

6-тарау. Директорлар кеңесінің құзыреті

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатады:

      1) қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау;

      2) акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау;

      3) жарияланған акциялардың саны шегiнде акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы, оның iшiнде орналастырылатын (өткiзiлетiн) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткiзу) тәсiлi мен бағасы туралы шешiм қабылдау;

      4) қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау;

      5) қоғамның жылдық қаржы есептілігін алдын ала бекіту;

      6) директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелерді бекіту;

      7) қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару талаптарын айқындау, сондай-ақ оларды шығару туралы шешімдер қабылдау;

      8) атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның басшысын және мүшелерін (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

      9) атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның) лауазымдық айлықақыларының мөлшерін және оларға еңбекақы және сыйлықақы төлеу талаптарын айқындау;

      10) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқындау;

      11) корпоративтік хатшыны тағайындау, оның өкілеттік мерзімін айқындау, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысы мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;

      12) аудиторлық ұйымның, сондай-ақ қоғамның акцияларын төлеуге берілген не ірі мәміле нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау;

      13) қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды (бұған қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттар қосылмайды), оның ішінде аукциондар өткізу және қоғамның бағалы қағаздарына қол қою шарттары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжатты бекіту;

      14) қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;

      15) қоғамның басқа заңды тұлғалардың акцияларының он және одан да көп пайызын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн) сатып алу (иелігінен шығару) туралы шешімдерін қабылдау;

      16) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) он және одан пайызы қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

      17) қоғамның міндеттемелерін оның өзіндік капиталы мөлшерінің он және одан да көп пайызы болатын шамаға көбейту;

      18) қоғам немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметі туралы ақпаратты айқындау;

      19) ірі мәмілелер және жасалуына қоғам мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;

      20) Заңда және қоғамның жарғысында көзделген, акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелер.

      Тiзбесi осы жарғының 20-тармақшасында белгiленген мәселелердi атқарушы органның шешуiне беруге болмайды.

7-тарау. Атқарушы органның құзыреті

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Ағымдағы қызметке басшылықты атқарушы орган - басқарма немесе атқарушы органның қызметін атқарушы жеке-дара тұлға жүзеге асырады.

      Атқарушы орган қоғамның Қазақстан Республикасының Заңымен өзге де заң актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы.

      22. Атқарушы органның басшысы:

      1) акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

      2) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан өкілдік ету құқығына сенімхат береді;

      4) қоғам қызметкерлерін (Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады, қоғамның штат кестесіне сәйкес қоғам қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының және жалақыларына дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, атқарушы орган мен қоғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді қоспағанда, қоғам қызметкерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды;

      5) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;

      6) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік саласын және жауапкершілікті бөледі;

      7) қоғам жарғысында және қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

8-тарау. Қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Акционерлердің жалпы жылдық жиналысын директорлар кеңесі шақырады.

      24. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:

      1) директорлар кеңесінің;

      2) ірі акционердің бастамасы бойынша шақырылады.

      Ерікті түрде таратылу процесіндегі қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын қоғамның тарату комиссиясы шақыруы, әзірлеуі және өткізуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасының заң актілерінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы міндетті түрде шақырылатын жағдайлар көзделуі мүмкін.

      25. Акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуді:

      1) атқарушы орган;

      2) онымен жасалған шартқа сәйкес қоғамның тіркеушісі;

      3) директорлар кеңесі;

      4) қоғамның тарату комиссиясы жүзеге асырады.

      Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысын шақыру, әзірлеу және өткізу жөніндегі шығындарды қоғам көтереді.

      26. Қоғамның органдары акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың осы Заңда белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімі негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.

      Егер қоғам органдары акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы қоғамның ірі акционерінің талабын орындамаса, қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы оның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімінің негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.

      27. Акционерлердің жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары

      ____________________________________________________________________,

      (өтініште көрсетіледі)

      үәкілетті органның (бағалы қағаздар нарығында реттеуді және бақылауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган) нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      28. Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, директорлар кеңесі қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      29. Директорлар кеңесі қоғамның жарғысымен атқарушы органның құзыретіне берілген мәселелер бойынша, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқылы емес.

      30. Директорлар кеңесі қабылдайтын шешім вето құқығы белгіленген мәселелер жөніндегі "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс.

      31. Қоғамның директорлар кеңесі әрқайсысы дауыс беру кезінде бір дауысқа ие ____ (өтініште көрсетіледі) директорлар кеңесінің мүшесінен және оның директорынан тұрады. Директорлар кеңесінің________мүшелері тәуелсіз директорлар болып табылады (өтініште көрсетіледі).

      32. Директорлар кеңесін өткізу үшін кворум директорлар кеңесінің жалпы санының жартысынан кем болмауы болуы тиіс.

      Дауыстар тең болған жағдайда, директорлар кеңесінің төрағасының немесе директорлар кеңесінің жиылысына төрағалық етуші тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.

      33. Директорлар кеңесі директорлар кеңесінің мүшелері ғана қатыса алатын өздерінің жабық жиылысын шақыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

      34. Директорлар кеңесінің қарауына шығарылған сұрақтар бойынша директорлар кеңесінің шешімі сырттай қабылдануы мүмкін.

      35. Ағымдағы қызметке басшылықты атқарушы орган - басқарма немесе атқарушы органның функцияларын іске асыратын тұлға жеке-дара жүзеге асырады.

      Атқарушы орган қоғам қызметінің Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы.

      Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.

      36. Атқарушы органның вето құқығы белгіленген мәселелер жөніндегі шешімдері "алтын акция" иесімен келісілуі тиіс.

      37. Қоғамның акционерлері және оның акционерлері болып табылмайтын қызметкерлері басқарма мүшелері бола алады.

      Басқарма _________ мүшеден тұрады (өтініште көрсетіледі).

      38. Басқарма отырысы қажеттігіне байланысты шақырылады, алайда жылына кемінде бір рет болуы тиіс. Шешім басқарма мүшелерінің дауыстарының жай көпшілігімен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға осы отырысқа қатысқан барлық басқарма мүшелері қол қояды.

      39. Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды және директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.

      40. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін. Ол құрылған жағдайда, ішкі аудит қызметі ___ мүшеден тұрады (өтініште көрсетіледі).

      Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері директорлар кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.

      41. Ішкі аудит қызметі тікелей директорлар кеңесіне бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.

9-тарау. Қоғамның акционерлерінің және лауазымды тұлғаларының олардың аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларын туралы есепті осы тұлғалар немесе қоғамның тіркеушісі беретін мәліметтер негізінде (уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ірі акционер болып табылатын тұлғаларға қатысты ғана) жүргізеді.

      43. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар аффилиирлену туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өзінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметті қоғамға табыс етуге міндетті.

      44. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін уәкілетті органға ол белгілеген тәртіппен табыс етуге міндетті.

10-тарау. Қоғамның ақпарат беру тәртібі

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Қоғам Заңға және осы Жарғыға сәйкес өз қызметі туралы, қоғам акционерлерінің мүдделерін қозғайтын ақпаратты өзінің акционерлерінің назарына жеткізеді.

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі – қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсымен қатар қоғамның қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін қосымша пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдары __________ (өтініште көрсетіледі).

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Акционердің талап етуі бойынша қоғам акционерге Заңда көзделген құжаттардың көшірмелерін беруге міндетті.

      47. Акционер ақпарат алу мақсатында қоғамның атқарушы органына жазбаша нысанда өтініш жасайды. Акционердің өтініші қоғамның кіріс құжаттарын есепке алу журналында тіркелуі тиіс. Қоғам акционерге талап етілетін ақпаратты (талап етілген құжаттардың көшірмелерін) өтініш жасаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде беруге міндетті.

      Құжаттардың көшірмелерін бергені үшін төленетін ақының мөлшерін қоғам белгілейді және құжаттардың көшірмелерін дайындау шығыстарының құнынан және құжаттарды акционерге жеткізуге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы тиіс.

11-тарау. Қоғамның мүлкі

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Қоғамның мүлкі:

      1) қоғамның акцияларын төлеуге акционерлер берген мүлік;

      2) оның қызметі нәтижесінде алынған кірістер;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған негіздер бойынша алынған басқа да мүліктер есебінен құралады.

12-тарау. Акциялар, облигациялар. Бағалы қағаздарды орналастыру талаптары

      Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.

      50. Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

      Қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу жүзеге асырылады. (керегінің астын сыз)

      51. Қоғамның артықшылықты акциялары меншік иелеріне - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген ______ (өтініште көрсетіледі) мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқық береді.

      Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу кезеңділігі________ (өтініште көрсетіледі).

      52. Артықшылықты акция акционерге мынадай:

      1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы ол бойынша шешім артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қарайды. Орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі шектеу қоюға дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептелген;

      2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғам артықшылықты акцияларды ұйымдастырылмаған рынокта осы Заңға сәйкес сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесіне (егер құрылтай жиналысы әдістемені бекітпесе, оны бекіту) өзгерістерді бекіту туралы мәселені қараған;

      3) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараған;

      4) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбеген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.

      53. Акцияларды шығару, орналастыру шарттары, сондай-ақ қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеудің кезеңділігі акцияларды шығару проспектісімен белгіленеді.

      54. Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

      55. Қоғам қосымша қаражаттар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес облигациялар шығаруға құқылы

      Облигацияларды шығару, орналастыру шарттары, олармен сыйлық - ақы төлеу, облигацияларды өтеу және оларды таратудан түскен қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және облигацияларды шығару проспектісімен белгіленеді.

13-тарау. Таза табысты бөлу тәртібі. Акциялар бойынша дивидендтер

      Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Қоғамның таза табысы (салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін) қоғамның қарауында қалады және акционерлердің жалпы жиналысының анықталған ретте, оның ішінде дивидендтер төлеуге бөлінеді. Қалған бөлігі қоғамды дамытуға немесе акционерлердің жалпы жиналысымен көзделген басқа да мақсаттарға жұмсалады.

      Акционерлердің жалпы жиналысы жыл қорытындыс бойынша жай акциялар бойынша дивиденд төлеу тиімділігі туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін қоғам органының шешімі талап етілмейді.

      Орналастырылмаған немесе қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi және төленбейдi.

      57. Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша:

      1) өз капиталының теріс мөлшері болған жағдайда немесе егер қоғамның өз капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса;

      2) егер қоғам Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сай келсе не аталған белгiлер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесiнде пайда болса, дивидендтерді есепке жазуға жол берілмейді.

14-тарау. Қоғамды қайта құру және тарату

      Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      59. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамалары және өзгеде нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

15-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Қоғам өз қызметінде осы жарғыны және Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа алады.

      61. Заңды тұлғаның құқықтық қабілеттігі ол құрылған сәттен басталады және оны таратқан сәттен тоқтайды. Қызмет саласы бойынша онымен айналысуға рұқсат алу қажеттігі бар заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттігі ондай рұқсатты алған сәттен басталады, рұқсатты алып қойған, қолданыс мерзімі өткен, оны Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жарамсыз деп танылған сәттен тоқтайды.

      Құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) қолдары

      (жарғыны құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы) бекіткен кезде) немесе уәкілетті тұлғаның қолы

      (жарғыны акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер) бекіткен кезде)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 106 бұйрығына
2-қосымша

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң
үлгілік жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1._____________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - серiктестiк) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады.

      2. Серiктестiк мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығын иеленеді, дербес балансы, банкте шоттары, өз атынан мәмiлелер жасасуға, мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иеленуге, мiндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

      3. Серiктестiктiң өз атауы жазылған бланкiлерi және өз қызметін жүргізуге қажетті өзге де реквизиттері болады.

      4. Серiктестiк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершілігі бар серiктестiктер туралы" Заңы (бұдан әрi - Заң), басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және де осы Жарғыны басшылыққа алады.

      5. Серiктестiк басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кiруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған тәртіпте серiктестiк өзі орналасқан жерден тыс жерлерде заңды тұлға болып табылмайтын, оның атынын іс-әрекет жасайтын және серiктестiктің тапсырмасына сәйкес, олар туралы Ереженің негізінде филиалдар (өкілдіктер) ашуға құқылы.

2-тарау. Серіктестіктің фирмалық атауы, тұрған жері және мекенжайы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Серiктестiктiң фирмалық атауы:

      1) мемлекеттiк тiлде: _________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      2) орыс тiлiнде _______________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      8. Серiктестiктiң орналасқан жерi және мекенжайы: _____________

      _______________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      9. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі:___________________

      (өтініште көрсетіледі)

      10. Негізгі қызмет түрі _______________________________________

      11. Серiктестiк заң актiлерiмен және құрылтай шартымен тыйым салынбаған қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асыра алады.

      Серiктестiк лицензияның негiзiнде тiзбесi заң актiлерiнде айқындалатын қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналыса алады.

3-тарау. Серіктестік қатысушыларының тізбесі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Серіктестікке қатысушылардың (серіктестікке қатысушыларының тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын серіктестіктерді қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жері, мекен-жайы, банк реквизиттері (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген тізбесі:

      ________________________________________________________________________";

      (өтініште көрсетіледі)

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Серiктестiктiң қатысушылары:

      1) серiктестiк iстерiн басқаруға қатысуға;

      2) серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;

      3) серiктестiктiң қызметiнен табыс алуға, таза табысты бөлуге қатысуға; 4) серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға;

      5) өз үлесiн иелiктен шығару жолымен серiктестiкке қатысуды тоқтатуға;

      6) Заңымен немесе серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.

      14. Серiктестiктiң қатысушылары:

      1) құрылтай шартының талаптарын орындауға;

      2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;

      3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;

      4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы жарғының 12-тармағында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ орталық депозитарийге жазбаша хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің құрылтай құжаттарында және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да міндеттерді атқаруға мүмкін.

5-тарау. Серіктестік органдарын қалыптастыру тәртібі және құзыреті

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Серіктестіктің органдары мыналар:

      1) серіктестіктің жоғары органы – оған қатысушылардың жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);

      2) серіктестіктің атқарушы органы (алқалы және (немесе) жеке-дара) болып табылады.

      Серіктестіктің қатысушылары байқаушы (байқаушы кеңесі) және (немесе) бақылаушы (тексеру комиссиясын (тексерушіні) органдар құру туралы шешім қабылдай алады.

      Бір қатысушыдан тұратын серіктестікте қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке - дара қабылдайды және олар жазбаша ресімделеді.

      17. Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне:

      1) серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;

      2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін немесе атқарушы органның жеке мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;

      3) серіктестіктің бақылаушы кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;

      4) қаржылық есептемені бекіту және оның таза табысын бөлу;

      4-1) аудит жүргізу Заңның 59-бабына сәйкес міндетті болып табылатын, серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды айқындау;

      5) оларды бекіту серіктестіктің жарғысында серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа; серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;

      6) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;

      7) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;

      8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;

      9) серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім шығару;

      10) серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару;

      11) серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім шығару;

      12) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту;

      13) жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен оның нәтижесінде серіктестік құны жауапкершілігі шектеулі серіктестік активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің елу бір және одан көп пайызын құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын (иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелер жасасуды мақұлдау туралы шешім шығару жатады.

      Осы тармақтың 1), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, сондай-ақ серіктестік жарғысында белгіленген басқа да мәселелер бойынша шешімдер, серіктестікке қатысушылардың жиналысқа қатысып отырғандары мен оған өкілдік алғандар дауысының төрттен үш басым көпшілік даусымен қабылданады.

      Осы тармақтың 9) тармақшасы бойынша шешім қабылданған кезде үлесі мәжбүрлеу тәртібімен сатып алынатын қатысушы дауыс беруге қатыспайды және оған тиесілі дауыс саны есептеу кезінде ескерілмейді.

      Қалған шешімдер серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысына қатысушылар мен оған өкілдік алғандардың жай көпшілік даусымен қабылданады.

      Жалпы жиналыс серіктестік қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға алуға құқылы.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Атқарушы орган директор және (немесе) қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретің және оның шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыратын дирекция болып табылады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңдарына сәйкес реттеледi.

      Дирекция_________мүшеден тұрады (өтініште көрсетіледі). Дирекцияны директор басқарады.

      19. Дирекцияның құзыретіне жалпы жиналыстың құзыретіне жатпайтын серіктестік қызметін қамтамасыз етудің барлық мәселелері жатады.

      Серіктестіктің атқарушы органының құзыретіне жалпы жиналыстың ерекше құзыретіне жатпайтын, заңға сәйкес атқарушы органға берілген оның өкілеттіктері де жатады.

      20. Серiктестiк директорының өкiлеттiктерi:

      1) серіктестіктің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) серіктестіктің өкілі болу құқығына сенімхаттар, соның ішінде қайта сенім арту құқығымен сенімхаттар береді;

      3) серіктестік қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйелерін белгілейді, лауазымдық жалақы мен дербес үстемақылардың мөлшерін белгілейді, сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу және тәртіптік жазалар шараларын қолданады;

      4) қатысушылардың жалпы жиналысының немесе байқаушы органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ оған серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы берген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      21. Серіктестіктің атқарушы органының қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін байқаушы кеңес құрылуы мүмкін.

      Серіктестіктің байқаушы кеңесі қызметінің және оның шешімдер қабылдауының тәртібі жалпы жиналыс қабылдаған ережелерде және өзге құжаттарда белгіленеді.

      22. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін серіктестікке қатысушылардың ішінен немесе олардың өкілдерінен тексеру комиссиясы құрылуы немесе тексеруші сайлануы мүмкін.

      Серіктестіктің тексеру комиссиясы немесе жеке - дара тексеруші жалпы жиналыспен бес жылдан аспайтын мерзімге сайлайды.

      Серіктестіктің атқарушы органының мүшелері тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды.

      Тексеру комиссиясының (тексерушінің) жұмыс тәртібі ішкі қызметті реттейтін ережелермен және өзге де құжаттармен белгіленеді.

6-тарау. Серіктестіктің таза табысын оның қатысушылары арасында бөлу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Серіктестікке қатысушылар арасында серіктестіктің бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын бөлу серіктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.

      Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар арасында бөлуден алып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы.

      24. Серіктестіктің жалпы жиналысы табысты қатысушылар арасында бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда әрбір қатысушы бөлінетін табыстың серіктестік жарғылық капиталындағы өз үлесіне сәйкес бөлігін алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жасауға тиіс.

7-тарау. Серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Серіктестіктің өзінің қатысушыларының талабы бойынша серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.

      25-1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы серіктестіктің барлық қатысушыларына:

      1) сотта корпоративтік дау жөніндегі істің қозғалғаны туралы;

      2) серіктестікке қатысушының лажсыз жағдайды шешудің кез келген тәртібіне бастамашылық жасағаны туралы ақпарат беруге міндетті.

      Ескерту. Бұйрық 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Атқарушы орган қатысушылардың (қатысушының) жазбаша өтінішінің негізінде серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты қатысушылардың (қатысушының) шешімімен белгіленген мерзімде беруге міндетті.

      27. Үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі мен көлемі қатысушылардың шешімімен және үлесті иелену туралы алдын-ала жасалған келісім шартпен белгіленеді.

      28. Серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдың атауы_____________________.

8-тарау. Серіктестіктің мүлкі және жарғылық капиталының мөлшері

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Серіктестіктің мүлкі оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, серіктестік алған табыстар, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады.

      Серіктестіктің мүлкі оның балансында есептеледі.

      30. Мемлекеттік тіркеу кезінде серiктестiктiң жарғылық

      капиталы__________________________________________ теңгенi құрайды.

      (өтініште көрсетіледі)

9-тарау. Серіктестіктің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Серiктестiктiң жалпы жиналысының шешімімен немесе Қазақстан Республикасының Заңдарымен көзделген басқа да негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы мүмкін.

      32. Серiктестiктiң қайта ұйымдастырылу немесе таратылу тәртібі Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

10-тарау. Қорытынды ереже

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Серiктестiк өз қызметінде осы Жарғыны және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

      34. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын заңды тұлғаның қызмет саласында құқық қабiлеттiлiгi осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болады және ол алып қойылған, қолданыс мерзiмi өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

      Серiктестiктiң құрылтайшылары:

      ___________________________ ____________________

      ___________________________ ____________________

      ___________________________ ____________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 106 бұйрығына
3-қосымша

Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң
үлгілік жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. ____________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiгi (бұдан әрi - серiктестiк) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады.

      2. Серiктестiк мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығын иеленеді, дербес балансы, банкте шоттары, өз атынан мәмiлелер жасасуға, мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иеленуге, мiндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

      3. Серiктестiктiң өз атауы жазылған бланкiлерi және өз қызметін жүргізуге қажетті өзге де реквизиттері болады.

      4. Серiктестiк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершілігі бар серiктестiктер туралы" Заңымен (бұдан әрi - Заң), басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және де осы Жарғына басшылыққа алады.

      5. Серiктестiк басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кiруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған тәртіпте серiктестiк өзі орналасқан жерден тыс жерлерде заңды тұлға болып табылмайтын, оның атынын іс-әрекет жасайтын және серiктестiктің тапсырмасына сәйкес, олар туралы Ереженің негізінде филиалдар (өкілдіктер) ашуға құқылы.

2-тарау. Серіктестіктің фирмалық атауы, тұрған жері және мекенжайы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Серiктестiктiң фирмалық атауы:

      1) мемлекеттiк тiлде:__________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      2) орыс тiлiнде________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      8. Серiктестiктiң орналасқан жерi және мекенжайы:______________

      (өтініште көрсетіледі)

      9. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі:___________________

      (өтініште көрсетіледі)

      10. Негізгі қызмет түрі________________________________________

      11. Серiктестiк заң актiлерiмен және құрылтай шартымен тыйым салынбаған қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асыра алады.

      Серiктестiк лицензияның негiзiнде тiзбесi заң актiлерiнде айқындалатын қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналыса алады.

3-тарау. Серіктестік қатысушыларының тізбесі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Серіктестікке қатысушылардың (серіктестікке қатысушыларының тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын серіктестіктерді қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жері, мекен-жайы, банк реквизиттері (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген тізбесі:

      ________________________________________________________________________";

      (өтініште көрсетіледі)

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Серiктестiктiң қатысушылары:

      1) серiктестiк iстерiн басқаруға қатысуға;

      2) серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;

      3) серiктестiктiң қызметiнен табыс алуға, таза табысты бөлуге қатысуға;

      4) серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға;

      5) өз үлесiн иелiктен шығару жолымен серiктестiкке қатысуды тоқтатуға құқылы;

      6) Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дауласуға құқылы.

      14. Серiктестiк қатысушылары:

      1) құрылтай шартының талаптарын сақтауға;

      2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;

      3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;

      4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы жарғының 12-тармағында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ орталық депозитарийге жазбаша хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің құрылтай құжаттарында және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да міндеттерді атқарады.

5-тарау. Серіктестік органдарын қалыптастыру тәртібі және құзыреті

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Серіктестіктің органдары мыналар:

      1) серіктестіктің жоғары органы – оған қатысушылардың жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);

      2) серіктестіктің атқарушы органы (алқалы және (немесе) жеке-дара) болып табылады.

      Серіктестіктің қатысушылары байқаушы (байқаушы кеңесі) және (немесе) бақылаушы (тексеру комиссиясын (тексерушіні) органдарын құру туралы шешім қабылдай алады.

      Бір қатысушыдан тұратын серіктестікте қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке-дара қабылдайды және олар жазбаша ресімделеді.

      17. Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне:

      1) серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;

      2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін немесе атқарушы органның жеке мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;

      3) серіктестіктің бақылаушы кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;

      4) қаржылық есептемесін бекіту және оның таза табысын бөлу;

      4-1) аудит жүргізу Заңның 59-бабына сәйкес міндетті болып табылатын, серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды айқындау;

      5) оларды бекіту серіктестіктің жарғысында серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа; серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;

      6) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;

      7) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім;

      8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;

      9) серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім;

      10) серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім;

      11) серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім;

      12) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту;

      13) жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен оның нәтижесінде серіктестік құны жауапкершілігі шектеулі серіктестік активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің елу бір және одан көп пайызын құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын (иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелер жасасуды мақұлдау туралы шешім шығару жатады.

      Осы тармақтың 1), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, сондай-ақ серіктестік жарғысында белгіленген басқа да мәселелер бойынша шешімдер, серіктестікке қатысушылардың жиналысқа қатысып отырғандары мен оған өкілдік алғандар дауысының төрттен үш басым көпшілік даусымен қабылданады.

      Осы тармақтың 9) тармақшасы бойынша шешім қабылданған кезде үлесі мәжбүрлеу тәртібімен сатып алынатын қатысушы дауыс беруге қатыспайды және оған тиесілі дауыс саны есептеу кезінде ескерілмейді.

      Қалған шешімдер серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысына қатысушылар мен оған өкілдік алғандардың жай көпшілік даусымен қабылданады.

      Жалпы жиналыс серіктестік қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға алуға құқылы.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Атқарушы орган директор және (немесе) олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретін және оның шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыратын дирекция болып табылады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңдарына сәйкес реттеледi.

      Дирекция___________ мүшеден тұрады (өтініште көрсетіледі). Дирекцияны директор басқарады.

      19. Дирекцияның құзыретіне жалпы жиналыстың құзыретіне жатпайтын серіктестік қызметін қамтамасыз етудің барлық мәселелері жатады.

      Серіктестіктің атқарушы органының құзыретіне жалпы жиналыстың ерекше құзыретіне жатпайтын, атқарушы органға берілген оның өкілеттіктері де жатады.

      20. Серiктестiк директорының өкiлеттiктерi:

      1) серіктестіктің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) серіктестіктің өкілі болу құқығына сенімхаттар, соның ішінде қайта сенім арту құқығымен сенімхаттар береді;

      3) серіктестік қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйелерін белгілейді, лауазымдық жалақы мен дербес үстемақылардың мөлшерін белгілейді, сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу және тәртіптік жаза шараларын қолданады;

      4) қатысушылардың жалпы жиналысының немесе байқаушы органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ оған серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы берген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      21. Серіктестіктің атқарушы органының қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін байқаушы кеңес құрылуы мүмкін.

      Серіктестіктің байқаушы кеңесі қызметінің және оның шешімдер қабылдауының тәртібі жалпы жиналыс қабылдаған ережелерде және өзге құжаттарда белгіленеді.

      22. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін серіктестікке қатысушылардың ішінен немесе олардың өкілдерінен тексеру комиссиясы құрылуы немесе тексеруші сайлануы мүмкін.

      Серіктестіктің тексеру комиссиясы немесе жеке-дара тексеруші жалпы жиналыс бес жылдан аспайтын мерзімге сайлайды.

      Серіктестіктің атқарушы органының мүшелері тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды.

      Тексеру комиссиясының (тексерушінің) жұмыс тәртібі ішкі қызметті реттейтін ережелермен және өзге де құжаттармен белгіленеді.

6-тарау. Серіктестіктің таза табысын оның қатысушылары арасында бөлу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Серіктестікке қатысушылар арасында серіктестіктің бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын бөлу серіктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.

      Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар арасында бөлуден алып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы.

      24. Серіктестіктің жалпы жиналысы табысты қатысушылар арасында бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда әрбір қатысушы бөлінетін табыстың серіктестік жарғылық капиталындағы өз үлесіне сәйкес бөлігін алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жасауға тиіс.

7-тарау. Серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Серіктестіктің өзінің қатысушыларының талабына бойынша серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.

      25-1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы серіктестіктің барлық қатысушыларына:

      1) сотта корпоративтік дау жөніндегі істің қозғалғаны туралы;

      2) серіктестікке қатысушының лажсыз жағдайды шешудің кез келген тәртібіне бастамашылық жасағаны туралы ақпарат беруге міндетті.

      Ескерту. Бұйрық 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Атқарушы орган қатысушылардың (қатысушының) жазбаша өтінішінің негізінде серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты қатысушылардың (қатысушының) шешімімен белгіленген мерзімде береді.

      27. Үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі мен көлемі қатысушылардың (қатысушыың) шешімімен және үлесті иелену туралы алдын-ала жасалған келісім шартпен белгіленеді.

      28. Серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы____________________.

8-тарау. Серіктестіктің мүлкі және жарғылық капиталының мөлшері

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Серіктестіктің мүлкі оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, серіктестік алған табыстар, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады.

      Серіктестіктің мүлкі оның балансында есептеледі.

      30. Мемлекеттік тіркеу кезінде серiктестiктiң жарғылық

      капиталы _________________________________ теңгенi құрайды.

      (өтініште көрсетіледі)

      31. Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап береді.

      32. Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi _____________ (өтініште көрсетіледі) олардың жарғылық капиталға салымымен көзделедi.

9-тарау. Серіктестіктің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Серiктестiк оның қатысушылары жалпы жиналысының шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген басқа да негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы мүмкін.

      34. Серiктестiктiң қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы негіздері Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

10-тарау. Қорытынды ереже

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Серiктестiк өз қызметінде осы Жарғыны және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

      36. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болады және ол алып қойылған, қолданыс мерзiмi өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

      Серiктестiктiң құрылтайшылары:

      ___________________________ ____________________

      ___________________________ ____________________

      ___________________________ ____________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 106 бұйрығына
4-қосымша

Сенім серіктестігінің
үлгілік жарғысы
1. Жалпы ережелер

      1. ____________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      сенім серiктестiгi (бұдан әрi - серiктестiк) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады.

      2. Серiктестiк мемлекеттік тіркелген өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атынан мәмiлелер жасауға, мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иеленуге, мiндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

      3. Серiктестiктiң өз атауы жазылған бланкiлерi және өз қызметін жүргізуге қажетті өзге де деректемелері болады.

      4. Серiктестiк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, "Шаруашылық серiктестiктері туралы" Заңын (бұдан әрi - Заң), басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және де осы Жарғына басшылыққа алады.

      5. Серiктестiк басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кiруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың құрылтайшылары болуға құқылы.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған тәртіпте серiктестiк өзі орналасқан жерден тыс жерлерде заңды тұлға болып табылмайтын, оның атынын іс-әрекет жасайтын және серiктестiктің тапсырмасына сәйкес, олар туралы Ереженің негізінде филиалдар (өкілдіктер) құруға құқылы.

2. Серіктестіктің фирмалық атауы, тұрған жері және мекенжайы

      7. Серiктестiктiң фирмалық атауы:

      1) мемлекеттiк тiлде:__________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      2) орыс тiлiнде________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      8. Серiктестiктiң орналасқан жерi және мекенжайы:______________

      (өтініште көрсетіледі)

      9. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі:___________________

      (өтініште көрсетіледі)

      10. Негізгі қызмет түрі _______________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      11. Серiктестiк заң актiлермен және құрылтай шартында тыйым салынбаған қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асыра алады.

      Серiктестiк лицензияның негiзiнде тiзбесi заң актiлерде айқындалатын қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналыса алады.

3. Серiктестiктiң толық серіктестіктері мен салымшыларының тізімі

      12. Толық серіктестіктерінің тізімі:___________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      13. Салымшыларының тізімі: ____________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

4. Серiктестiктің толық серіктестіктерінің құқықтары мен мiндеттерi

      14. Серiктестiктiң толық серіктестіктерінің:

      1) Заңмен және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктi басқаруға қатысуға, соның iшiнде серiктестiк алған пайданы бөлуге қатысуға;

      2) серiктестiктiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, сонымен қатар бухгалтерлік және серіктестіктің өзге де құжаттамасымен танысуға;

      3) егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серiктестiктiң мүлкiндегi өз үлесiнiң мөлшерiне қарай оның қызметiнен пайда алуға;

      4) белгіленген тәртіп бойынша серіктестіктен шығуға;

      5) серiктестiк таратылған жағдайда серiктестiктiң кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлкiндегi немесе оның құнындағы өзiнiң үлесiне сәйкес толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқығы бар;

      6) Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дауласуға құқығы бар.

      Толық серiктестiктердің Заңда, басқа заң актiлерiнде және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн.

      15. Толық серiктестiктері:

      1) серіктестіктің құрылтай құжаттарын сақтауға;

      2) серiктестiктiң қызметiне құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша қатысуға, соның iшiнде серiктестiктiң атынан iс жүргiзуге немесе қызметiн жүзеге асыруда оған көмек көрсетуге;

      3) серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен, тәсiлмен және мөлшерде салым салуға;

      4) өз атынан және өз мүддесi үшiн серiктестiк қызметiнiң мәнi болып табылатын iстермен бiртектес мәмiлелер жасаудан бас тартуға;

      5) серiктестiк құпия деп жариялаған мәлiметтердi жарияламауға мiндеттi;

      Толық серіктестіктер Заңда және басқа заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттерді атқара алады.

5. Серіктестік салымшыларының құқықтары мен міндеттері

      16. Серіктестіктің салымшылары:

      1) құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша серiктестiк пайдасының мүлiктегi және жарғылық капиталдағы олардың үлесiне бара-бар мөлшерде бiр бөлiгiн алуға;

      2) серiктестiктiң жылдың есебiмен және баланстарымен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;

      3) өзінің мүлiктегi үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн осы Заңда және серiктестiк құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi тұлғаға беруге;

      4) Заңда және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша серiктестiктен шығуға;

      5) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға;

      6) Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдерін сот тәртібімен дауласуға құқығы бар.

      Сенiм серiктестiгi салымшыларының Заңда, басқа да заң актiлерiнде және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген өзге де құқықтары болуы мүмкiн.

      17. Серіктестіктің салымшыларының:

      1) серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға;

      2) серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен тәсiлмен және мөлшерде салымдар салуға;

      3) серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көрсетiлген жағдайларда серiктестiң өз қызметiн жүзеге асыруына жәрдемдесуге, соның iшiнде серiктестiкке қызмет көрсетуге;

      4) серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің, заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

      Серіктестік салымшылары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді ала алады.

6. Серіктестіктің басқару органдары және органдардың құзыреті

      18. Серіктестіктің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады.

      19. Серіктестіктің жоғары органы оның толық серіктерінің жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі, сондай-ақ басқару органдарын құру тәртібі мен оның құзыреті туралы шешімдер оның барлық толық серіктерінің ортақ келісімі бойынша қабылданады.

      20. Салымшылардың серіктестіктің ісін басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхатсыз оны білдіруге құқығы жоқ. Серіктестік салымшыларының толық серіктердің серіктестіктің ісін басқару жөніндегі іс-әрекеттерін даулауға құқығы жоқ.

      21. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық серiктестiк органдары қатысушылардың талап етуi бойынша олардың бәрiне өз қызметi жайында толық ақпарат берiп отыруға мiндеттi.

      22. Толық серіктердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:

      1) серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;

      2) серіктестіктің атқарушы, байқаушы және бақылау органдарын құру және оларды кері шақырту;

      3) серіктестіктің жылдық есептері мен бухгалтерлік теңгерімдерін бекіту;

      4) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім.

      Көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Әрбір қатысушына бір дауысы болады.

      23. Жалпы жиналыс атқарушы органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді өз қарауына қабылдауға құқылы.

      24. Серіктестіктің атқарушы органы директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес келісім-шарт негізінде реттеледі.

      Дирекция _____________ (өтініште көрсетіледі) мүшеден тұрады. Дирекцияның басшысы-директор.

      25. Дирекцияның құзыретіне жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын серіктестіктің қызметін қамтамасыз етудің барлық мәселелері жатады.

      26. Серіктестік директорының өкілеттіктері:

      1) серіктестіктің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) серіктестіктің өкілі болу құқығына сенімат, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді;

      3) серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекақы төлеу жүйесін белгілейді, лауазымдық жалақылар мен дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселесін шешеді, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;

      4) қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне немесе байқаушы органдардың құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ оған серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында берілген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      27. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның айрықша құзыретін белгілейді, оған мынадай мәселелер кіреді:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      28. Байқаушы кеңес ______ мүшеден (өтініште көрсетіледі) тұрады.

      Байқаушы кеңес қарайтын мәселелер бойынша шешімдер байқаушы кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      29. Атқарушылық органның қызметіне бақылау үшін жалпы жиналыс қатысушылары тексеру комиссиясын құруға құқылы.

      Тексеру комиссиясының (тексерушінің) жұмыс тәртібі ішкі қызметті реттейтін ережелермен және өзге де құжаттармен белгіленеді.

7. Серіктестіктің табысы мен шығындарын бөлу

      30. Серіктестіктің пайдасы және залалы, егер құрылтай шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, қатысушылар арасында серіктестіктің жарғылық қорындағы олардың салымдарының мөлшерімен барабар бөлінеді.

      31. Толық серіктестікке қандай да бір қатысушыны пайданы бөлуге және залалды жабуға қатысудан шеттететін келісімдер жарамсыз болып табылады.

8. Серіктестікке қатысушыларға, үлестерді сатып алушыларға
құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпараттарды
ұсыну мерзімі және тәртібі

      32. Серіктестік өз қатысушыларының талап етуі бойынша оған қатысушылардың мүдделерін қозғайтын серіктестік қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.

      33. Атқарушы орган қатысушылардың (қатысушының) жазбаша сұрауына қатысушылардың (қатысушының) белгіленген шешімімен серіктестік қызметі туралы ақпаратты мерзімінде ұсынады.

      34. Үлесті сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты берудің тәртібі және көлемі қатысушылардың (қатысушының) шешімімен және үлесті сатып алу туралы алдын ала жасалған шартта белгіленеді.

      35. Серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы_________________.

9. Серiктестіктiң мүлкi және жарғылық капиталының мөлшері

      36. Серіктестіктің мүлкі оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, серіктестік алған табыстар, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады.

      Серіктестіктің мүлкі оның теңгерімінде есептеледі.

      37. Серiктестiктiң жарғылық капиталы__________ теңгенi құрайды.

      (өтініште көрсетіледі)

      38. Толық серіктестіктер барлық өзінің мүліктеріне серіктестік міндеттері бойынша Заңмен белгіленген тәртіпте ортақ қосымша жауап береді.

      39. Салымшылар серіктестіктің міндеттемелері бойынша серіктестіктің жарғылық капиталына өздері салған салымдар сомасы шегінде жауап береді.

10. Серіктестікті қайта ұйымдастыру мен тарату

      40. Серіктестік қатысушылардың жалпы жиналысының шешімен немесе Қазақстан Республикасының Заңдарымен көзделген басқа да

      негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.

      41. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

11. Қорытынды ереже

      42. Серiктестiк өз қызметінде осы Жарғыны және Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

      43. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi рұқсатты алған кезден бастап туындайды және ол алып қойылған, қолданыс мерзiмi өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

      Серiктестiктiң құрылтайшылары:

      ___________________________ ____________________

      ___________________________ ____________________

      ___________________________ ____________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 106 бұйрығына
5-қосымша

Толық серіктестіктің
үлгілік жарғысы
1. Жалпы ережелер

      1. ____________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      толық серiктестiгi (бұдан әрi - серiктестiк) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады.

      2. Серiктестiк мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады, дербес теңгерімі, банктерде шоттары болады, өз атынан мәмiлелер жасауға, мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды сатып алуға, мiндет алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

      3. Серiктестiктiң өз атауы жазылған бланкiлерi және өз қызметін жүргізуге қажетті өзге де деректемел болады.

      4. Серiктестiк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, "Шаруашылық серiктестiктері туралы" Заңын (бұдан әрi - Заң), басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және де осы Жарғына басшылыққа алады.

      5. Серiктестiк басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кiруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың құрылтайшылары болуға құқылы.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған тәртіпте серiктестiк өзі орналасқан жерден тыс жерлерде заңды тұлға болып табылмайтын, оның атынын іс-әрекет жасайтын және олар туралы Ереженің негізінде серiктестiктің тапсырмасына сәйкес филиалдар (өкілдіктер) ашуға құқылы.

2. Серіктестіктің фирмалық атауы, тұрған жері және мекенжайы

      7. Серiктестiктiң фирмалық атауы:

      1) мемлекеттiк тiлде:__________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      2) орыс тiлiнде________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      8. Серiктестiктiң орналасқан жерi және мекенжайы:______________

      (өтініште көрсетіледі)

      9. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі:___________________

      (өтініште көрсетіледі)

      10. Негізгі қызмет түрі _______________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      11. Серiктестiк заңнамалық актiлерде және құрылтай шартында тыйым салынбаған қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асыра алады.

      Серiктестiк лицензияның негiзiнде тiзбесi заң актiлерде айқындалатын қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналыса алады.

3. Серіктестік қатысушыларының тізбесі

      12. Серіктестік қатысушыларының тізбесі

      _____________________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

4. Серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

      13. Серiктестiктiң қатысушыларының:

      1) Заңда және серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіпте толық серiктестiкті басқаруға қатысуға, оның ішінде толық серіктестік алған пайданы бөлуге қатысуға;

      2) толық серiктестiктiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, оның ішінде серiктестiктiң бухгалтерлік және серіктестіктің өзге де құжаттамасымен танысуға;

      3) егер құрылтай құжаттарында басқа қарастырылмаса, серіктестік мүлкіндегі олардың үлесінің мөлшеріне қатысты серіктестіктің қызметінен пайда алуға;

      4) толық серіктестіктен белгіленген тәртіпте шығуға;

      5) серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе осы мүліктің бір бөлігін алуға;

      6) Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дауласуға құқығы бар.

      14. Толық серiктестiктер қатысушыларының Заңда, басқа заңнамалық актілерде және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген басқа міндеттерге құқығы бар.

      15. Толық серiктестiк қатысушылары:

      1) толық серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға;

      2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте серіктестіктің қызметіне қатысуға, оның ішінде серіктестік атынан істі жүргізуге немесе оған қызметті іске асыруға қолдау көрсетуге;

      3) толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде салымдар салуға;

      4) өз атынан және серіктестік қызметінің мәнін құрайтын бір тектес мәмілелердегі өздерінің мүдделерінен бас тартуға;

      5) толық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;

      6) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жердің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

      16. Толық серіктестіктің қатысушылары Заңда, басқа заңнамалық актілерде және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.

5. Серіктестіктің басқару органдары және органдарының құзіреті

      17. Серіктестіктің органдары:

      1) жоғары органы - оның қатысушыларының жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);

      2) атқарушы органы - (жеке дара немесе алқалы) болып табылады.

      Серіктестіктің құрылтайшылары серіктестіктің қадағалау (қадағалау кеңесі) және (немесе) бақылаушы (тексеру комиссиясы, тексеруші) органдарын құру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      18. Серіктестіктің қызметін жүргізу жүктелген серіктестіктің органдары қатысушыларға олардың талабы бойынша серіктестіктің қызметі туралы толық ақпарат беруге міндетті.

      19. Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:

      1) серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;

      2) серіктестіктің атқарушы, байқаушы және бақылау органдарын құру және оларды кері шақырту;

      3) серіктестіктің жылдық есептері мен бухгалтерлік теңгерімдерін бекіту, оның таза табысын бөлу;

      4) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім.

      Көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Серіктестікке әрбір қатысушының бір дауысы болады. Жалпы жиналыс серіктестістіктің қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы.

      20. Серіктестіктің атқарушы органы директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.

      Дирекция ______________ мүшеден (өтініште көрсетіледі) тұрады. Дирекцияны директор басқарады.

      21. Дирекцияның құзыретіне жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын серіктестіктің қызметін қамтамасыз ететің барлық мәселелер жатады.

      22. Серіктестік директорының өкілеттіктері:

      1) серіктестіктің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) серіктестіктің өкілі болу құқығына, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді;

      3) серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды ауыстыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтар шығарады, еңбекақы төлеу жүйесін белгілейді, лауазымдық жалақылар мен дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, сыйлықақы беру мәселесін шешеді, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;

      4) қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне немесе байқаушы органдардың құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ оған серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында берілген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      23. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның айрықша құзыретін белгілейді, оған мынадай мәселелер кіреді:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      24. Байқаушы кеңес ____________ мүшеден (өтініште көрсетіледі) тұрады.

      Байқаушы кеңес қарайтын мәселелер бойынша шешімдер байқаушы кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      25. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясын құруға құқылы.

      Тексеру комиссиясының (тексерушінің) жұмыс тәртібі ішкі қызметті реттейтін ережелермен және өзге де құжаттармен белгіленеді.

6. Серіктестіктің пайдасы мен залалын бөлу

      26. Серіктестіктің пайдасы және залалы қатысушылар арасында, егер құрылтай шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, серіктестіктің жарғылық қорындағы олардың салымдарының мөлшеріне барабар бөлінеді.

      27. Пайданы бөлуге және залалды жабуға қатысудан толық серіктестікке қандай да бір қатысушыны шеттететін келісімдер жарамсыз болып табылады.

7. Серіктестікке қатысушыларға, үлестерді сатып
алушыларға құжаттарды және серіктестіктің қызметі
туралы ақпарат беру тәртібі

      28. Серіктестік өзінің қатысушыларының талабы бойынша оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын серіктестік қызметі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

      29. Серіктестіктің атқарушы органы қатысушылардың (қатысушының) сұрауы негізінде қатысушылардың (қатысушының) шешімімен белгіленген мерзімде серіктестіктің қызметі туралы ақпарат береді.

      30. Үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі мен көлемі қатысушылардың шешімімен және үлесті иелену туралы алдын-ала жасалған келісім шартпен белгіленеді.

      31. Серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы__________________.

8. Серіктестіктің мүлкі мен жарғылық капиталының мөлшері

      32. Серіктестіктің мүлкі құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары серіктестіктің кірістері және заңнамалық актілерде тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыпытастырады. Серіктестіктің мүлігі оның теңгерімімен есептеледі.

      33. Серіктестіктің мемлекеттік тіркеу кезіндегі жарғылық

      капиталын _________________________теңгені құрайды.

      (өтініште көрсетіледі)

9. Серіктестікті қайта құру және тарату

      34. Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.

      35. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Қазақстан Республикасының Заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

10. Қорытынды ережелері

      36. Серіктестік өз қызметінде осы жарғыны және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

      37. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлғаның айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында құқық қабiлеттiлiгi рұқсатты алған кезден бастап туындайды және ол алып қойылған, қолданыс мерзiмi өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

      Серіктестіктің қатысушылары:_________________________________________

      _____________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 106 бұйрығына
6-қосымша

Өндірістік кооперативтің
үлгілік жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. ____________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      өндірістік кооперативтік (бұдан әрi - кооператив) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады.

      2. Кооператив мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады, дербес теңгерімі, банктерде шоттары болады, өз атауы жазылған бланкілері бар.

      3. Кооператив өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, "Өндірістік кооперативті туралы" Заңын (бұдан әрi - Заң), басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және де осы Жарғыны басшылыққа алады.

      4. Кооператив басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кiруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың құрылтайшылары болуға құқылы.

      5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған тәртіпте серiктестiк өзі орналасқан жерден тыс жерлерде заңды тұлға болып табылмайтын, оның атынын іс-әрекет жасайтын және қоғамның тапсырмасына сәйкес, олар туралы Ереженің негізінде филиалдар (өкілдіктер) ашуға құқылы.

2-тарау. Кооперативтің фирмалық атауы, тұрған жері және мекенжайы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Кооперативтің атауы:________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      7. Кооперативтің орналасқан жерi:______________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      8. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі:___________________

      (өтініште көрсетіледі)

      9. Кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заңнамалық актiлерде тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асырұға құқылы.

      Мемлекеттік лицензия қолданылатын қызметті кооператив лицензиясы болған кезде жүзеге асырады.

3-тарау. Кооператив қатысушыларының тізбесі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Кооператив құрылтайшылары (бұдан әрі - қатысушылар) мыналар болып табылады:

      _____________________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

4-тарау. Кооператив мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Кооператив мүшесінің:

      1) Заңда және кооперативтің құрылтай құжаттары белгіленген тәртібінде кооператив істерін басқаруға, сондай-ақ кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының жұмысына бір дауыс құқығымен қатысуға;

      2) кооперативтің басқару органдарына сайлауға және сайлануға, кооператив қызметін жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;

      3) кооперативтің қызметі туралы толық ақпарат алуға, оның ішінде кооперативтің бухгалтерлік және басқа құжаттамаларымен танысуға;

      4) кооператив алған таза табысты бөлуге қатысуға;

      5) егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, кооператив қызметіне өз еңбегімен қатысуына сәйкес оның мүшелері арасында бөлінуге тиісті таза табыстан үлесін алуға;

      6) кооперативтегі өз еңбегі үшін жалақы нысанында немесе кооператив белгілеген өзге де нысанда ақы алуға;

      7) кооператив өзінің мүшелері үшін көздейтін жеңілдіктер мен артықшылықтарды, оның ішінде өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) бірінші кезекте алуға, кооператив мүлкін тұтынуға, кооперативтен әлеуметтік көмек алуға қатысты бөлігінде пайдалануға;

      8) демалуға, сондай-ақ жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын алуға;

      9) әлеуметтік қамсыздандыруға;

      10) белгіленген тәртіппен кооперативтен шығуға құқығы бар.

      12. Кооператив мүшесінің заңнамада, басқа заңнамалық актілерде және кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.

      12-1. Өндірістік кооператив мүшесі үшін Заңмен және басқа да заң актілерінде көзделген құқықтардан бас тартудың немесе оларды шектеудің, соның ішінде кооператив мүшелерінің келісімі бойынша, маңызсыз.

      Ескерту. Бұйрық 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Кооперативтің мүшесі:

      1) кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;

      2) жалпы жиналыстың, кооперативтің сайланбалы басқару органдарының өз құзыретіне сәйкес қабылдаған шешімдерін орындауға;

      3) кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде кооператив мүлкіне мүліктік жарналар енгізуге;

      4) кооператив қызметіне жеке еңбегімен қатысуды жүзеге асыруға;

      5) кооператив міндеттемелері бойынша Заңда көзделген мөлшерде және тәртіппен қосымша (субсидиялық) жауапты болуға;

      6) өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтауға;

      7) кооператив өзінің коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәліметтерді таратпауға міндетті.

      14. Кооператив мүшесінің заңнамада, басқа заңнамалық актілерде және кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттері болуы мүмкін.

5-тарау. Кооперативке мүшелік

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Кооператив мүшелері кемінде екі адам болуға тиіс.

      16. 16 жасқа толған, кооператив мүшесі болуға ниет білдірген және оның қызметіне өз еңбегімен қатысуға қабілеті бар кез келген жеке адам кооператив мүшесі бола алады.

      Кәмелетке толмағандар кооперативке мүшелікке өткен кезде олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі талап етіледі.

      17. Кооператив мүшесі төрағаға шығуынан кемінде екі апта бұрын бұл туралы жазбаша ескерте отырып, өз қалауынша одан шығуға құқылы.

      18. Кооператив мүшесі жалпы жиналыстың шешімі бойынша одан:

      жарғымен өзіне жүктелген міндеттерді жүйелі түрде орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда;

      осыған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты шығарылуы мүмкін.

      19. Кооперативке мүшелік:

      кооператив мүшесі қайтыс болғанда, оны қайтыс болды деп хабарлағанда, ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған;

      кооператив мүшесі өз пайын белгіленген тәртіппен басқа адамға берген;

      кредит беруші (кредит берушілер) кооператив мүшесінің пайын өндіріп алуды өтінген жағдайларда тоқтатылады.

      кооператив мүшесi өндiрiстiк кооперативтiң қызметiне жеке еңбегiмен қатысудан бас тартқан жағдайда тоқтатылады.

      20. Кооператив мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері кооперативке мүшелікке қабылдана алады. Мұрагерлер кооперативке мүшелікке өтуден бас тартқан жағдайда оларға қайтыс болған кооператив мүшесінің мүліктегі үлесі қайтыс болған мүшенің пайына барабар мөлшерде төленеді.

      21. Кооператив мүшесі өз пайын кооперативтің басқа мүшесіне сатуға немесе өзге де жолмен беруге құқылы. Пайды үшінші тұлғаларға беруге кооперативтің қалған мүшелері келісім бергенде ғана жол беріледі.

6-тарау. Кооператив органдарын қалыптастыру тәртібі және құзыреті

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Кооператив органдары:

      1) жоғары орган - оның мүшелерінің жалпы жиналысы.

      2) кооперативтің атқарушылық органы (басқарма және (немесе) оның төрағасы) болып табылады.

      23. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:

      1) кооперативтің жарғысын өзгерту;

      2) кооператив қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;

      3) атқарушы орган, тексеруші органдар мен байқаушы кеңесін құру және олардың мүшелерін кері шақырып алу;

      4) кооперативтің қорлары мен резервтерінің түрлері мен мөлшерін және оларды пайдалану бағыттарын белгілеу;

      5) кооперативтің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, кооперативтің лауазымды адамдарына, оның мүшелеріне және қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы ережелерді және кооперативтің басқа да актілерін қабылдау мен өзгерту;

      6) кооперативтің филиалдары мен өкілдіктерін құру, шаруашылық серіктестіктерді құру және оларға қатысушы ретінде кіру;

      7) қосымша пай жарналарын енгізу туралы мәселені шешу;

      8) кооперативтің мүшелігіне қабылдау және одан шығару;

      9) кооперативтің жылдық есептері мен бухгалтерлік теңгерімдерін бекіту, оның пайдасы мен залалын бөлу;

      10) кооперативті қайта ұйымдастыру мен тарату туралы мәселені шешу;

      11) ревизиялық комиссияның (ревизордың) есебін бекіту;

      12) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебін тыңдау.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Егер жалпы жиналысқа кооператив мүшелерінің немесе олар сенім артқан адамдардың жартысынан артығы қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      25. Жарғының 23-тармағының 1),7) 8) және 10) тармақтарында қарастырылған мәселелер бойынша шешім, егер оған кооперативтің барлық мүшелерінің кемінде екіден үші дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.

      Кооперативті шаруашылық серіктестік етіп қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру бірауыздан қабылданған шешімнің негізінде жүргізіледі.

      26. Жалпы жиналыс шешім қабылдаған кезде кооперативтің әрбір мүшесінің өз пайының мөлшеріне қарамастан бір дауысы болады.

      27. Жалпы жиналыс кооператив қызметімен байланысты кез келген мәселелерді қарауға қабылдауға құқылы.

      28. Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтің атқарушы органы болып табылады.

      29. Кооператив басқармасын басқарма мүшелерінің арасынан жалпы жиналыс сайлайтын басқарма төрағасы басқарады.

      30. Кооператив басқармасының мүшелері (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында кооператив мүшелерінің арасынан ______________мерзімге (өтініште көрсетіледі) сайланады.

      Кооператив басқармасы (төрағасы) кооперативтің қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады және мұндай қызметке байланысты, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылмаған барлық мәселелерді шешеді.

      Кооператив басқармасы (төрағасы) жалпы жиналыстың алдында есеп береді.

      Басқарма (төраға) өкілеттіктері:

      1) кооперативтің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) заңнамада көзделген шекте кооперативтің мүлкіне билік етеді;

      3) кооперативтің атынан, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді;

      4) банктерде және басқа да кредиттік ұйымдарда кооперативтің шоттарын ашады;

      5) жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;

      6) қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне немесе басқарманың басқа органдардың құзыретіне жатқызылмаған, өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      31. Кооперативтің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін жалпы жиналыс тексеру комиссиясын құруға құқылы.

      Тексеру комиссиясының (тексерушінің) жұмыс тәртібі ішкі қызметті реттейтін ережелермен және өзге де құжаттармен белгіленеді.

7-тарау. Кооперативтің таза табысы мен шығындарын бөлу тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Кооперативтің таза табыстары бір жылғы қорытынды бойынша айқындалады. Салық және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза табыс кооперативтің толық билігінде қалады және оның мүшелерінің жалпы жиналысымен кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарға бөлінеді.

      33. Жалпы жиналыспен белгіленген таза табыс мөлшерінде егер кооператив жарғысымен өзгедей көзделмесе, кооператив мүшелерінің арасында олардың еңбекпен қатысуына сәйкес бөлінеді.

      34. Кооператив мүшелерінің қайсыбірін таза табысты бөлуге қатысудан және шығынды өтеуден шеттететін кооператив мүшелерінің келісімдері немесе оның құрылтай құжаттарының ережелері маңызсыз болып танылады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Оның мүлкімен жабылмайтын кооператив шығындары Заңға сәйкес оның мүшелері арасында бөлінеді.

8-тарау. Кооперативтің мүлкі

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Кооперативтің жарғылық капиталы бар болған жағдайда _______

      __________________________________________________ теңгені құрайды.

      (өтініште көрсетіледі)

      37. Кооперативтің мүлкін қалыптастыру көздері мыналар:

      1) кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары;

      2) кооперативтің қызметінен алынған кірістер;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздер болып табылады.

      38. Кооперативтің меншігіндегі мүлік оның мүшелерінің пайларына бөлінеді. Пай кооператив мүшесінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.

      Кооператив мүшелерінің мүліктегі үлестері пайыз түрінде есептеледі.

      39. Кооператив таратылған немесе одан кооператив мүшесі шыққан жағдайда кооператив мүшесінің кооператив мүлкіндегі өз үлесін өз пайына барабар мөлшерде бөліп алуға құқығы бар.

      40. Мүліктік жарналар кооперативтің бастапқы капиталын қалыптастырады және олар оны құру және оның қызметін ұйымдастыру жөніндегі шығыстарды жабуға арналған.

      41. Кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары __________ _____

      ____________________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      42. Кооперативтің әрбір мүшесі пайының мөлшері туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

      43. Кооператив мүшелерінің мүліктік жарнасының құрамы, оны

      енгізу тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері: ___________________________

      (өтініште кәрсетіледі)

      44. Жалпы жиналыстың шешімі бойынша қосымша мүліктік жарналар енгізу көзделуі мүмкін.

      45. Кооперативтің әрбір мүшесіне оның кіру мүліктік жарнасының түрі мен мөлшерін куәландыратын құжат беріледі.

      46. Мүлікті кооператив мүшесі кооперативке өзінің жарнасы ретінде тек пайдалануға берген жағдайда жарнаның мөлшері кооператив мүшелерінің келісімімен белгіленген кезеңге есептелген осы мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысына сүйене отырып айқындалады.

9-тарау. Өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив міндеттемелері бойынша жауапкершілігі

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Кооператив мүшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша қосымша (субсидиярлық) жауапкершiлiгi болады.

      48. Кооператив құрылғаннан кейiн оған кiрген кооператив мүшесi пайдың берiлуi немесе пайға мұрагерлiк ету тәртiбiмен өзi кооперативке кiргенге дейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша да басқа мүшелермен бiрдей жауап бередi.

      49. Кооператив құрылғаннан кейiн кiрген кооператив мүшесi өзi кооперативке кiргеннен кейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша жауап бередi.

      50. Кооперативтен пайын басқа мүшеге немесе үшiншi бiр тұлғаға беру тәртiбiмен шыққан оның мүшесi, кредит берушi (кредит берушiлер) оның үлесiнен айып өндiрiп алған жағдайда, сондай-ақ қайтыс болған мүшенiң кооператив мүшелiгiне қабылдаудан бас тартылған мұрагерi кооператив мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

      51. Кооператив мүшесiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша қосымша (субсидиярлық) жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi құрылтай құжаттарында белгiленедi, бiрақ ол кооператив мүшесiнiң пайы құнының мөлшерiнен төмен болмауға тиiс. Кооператив мүшелерi арасында жауапкершiлiктi бөлу олардың пайларының мөлшерiне сәйкес жүргiзiледi.

10-тарау. Кооператив мүшелерінің оның қызметіне еңбегімен қатысуы

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Кооперативтің әрбір мүшесі кооператив қызметіне жеке еңбегімен қатысуға тиіс.

      53. Кооператив мүшесінің жеке еңбекпен қатысуының сипаты мен тәртібін жалпы жиналыс белгілейді және жалпы жиналыстың хаттамасымен ресімделеді.

      54. Кооператив мүшесі кооперативтің қызметіне жеке еңбегімен қатысу жөніндегі міндеттерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ жалпы жиналыстың шешімі бойынша кооперативтен шығарылуы мүмкін.

11-тарау. Кооператив пен оның мүшелері, атқарушы органы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55.____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өтініште көрсетіледі)

12-тарау. Кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату

      Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Кооператив оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.

      57. Кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

13-тарау. Қорытынды ережелері

      Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Кооператив өз қызметінде осы жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері басшылыққа алады.

      59. Кооперативтің құқықтық қабілетілігі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап пайда болады және тарату аяқталған сәтте тоқтатылады. Заңды тұлғаның құқықтық қабілетілігі арнайы рұқсат алу арқылы жүзеге асыратын қызметке аталған рұқсатты алған сәттен басталады, аталған рұқсатты алып қойған сәттен бастап немесе мерзімінің өтуіне және заңнамалық тәртіпте жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

      Кооператив директоры:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________