Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1212 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында клирингті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 16 маусымдағы N 273 қаулысына өзгерістер мен толықты

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2796. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен

      "Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 173-ө  өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
      "Орындалу мерзімі" деген бағандағы реттік нөмірі 1-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 жылғы қаңтар";
      "Жауапты мемлекеттік органдар" деген бағандағы реттік нөмірі 1-жолдың 4) тармақшасы "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      "Орындалу мерзімі" деген бағандағы реттік нөмірі 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақпарат және ақпаратты қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін".

       Премьер-Министр