Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.
"Халықтың санитарлық–эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, 17 бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін: "Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малгаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Дерновой
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
Министрі
______________С. Ахметов
2008 жылғы 31 қазан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 22 қазанда
N 556 бұйрығымен бекітілген
"Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары 1. Жалпы ережелер
1. "Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) жүктерді авиациялық көлік құралымен, тағамдық азық-түліктерді, ылғалды және қауіпті жүктерді әуе көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер және оның анықтамасы пайдаланылды:
1) багаж - әуе кемесінің бортында тасымалданатын мүлік, жолаушылардың немесе экипаждың заттары;
2) жүк - әуе кемесінің бортында тасымалданатын кез-келген мүлік;
3) медициналық (санитарлық) тексеріс - медициналық-санитарлық құжаттарды, көліктерді тексеру, сұрау жүргізу және керек болған жағдайда экипажды (бригадаларды) және жолаушыларды медициналық тексерістен өткізу; зертханалық тексеріс жүргізу үшін сынамаларды алу;
4) пошталық жүк - жазбаша корреспонденция, посылкалар, пошталық контейнерлер, сондай-ақ сәйкесті орамдағы баспа басылымдар;
5) қауіпті жүк – тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде қоршаған ортаға зиян тигізуі, әуе кемесінің, құрылғылардың, ғимараттардың және құрылыстардың жарылуына, өртіне немесе бұзылуына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың және құстардың өлуіне, жарақаттануына, улануына, күюіне немесе ауыруына себеп болуы мүмкін өндіріс және өзге де қызметтің заттары, материалдары, өнімдері, қалдықтары;
6) ылғал жүк - құрамында сұйықтық бар жүк, немесе табиғатында өздігінен сұйықтық бөлетін немесе сұйықтық түзетін жүк (ылғал өткізбейтін контейнердегі сұйықтық, орамсыз шикі ет, қатырылған балық, жануарлардың ішек-қарыны, терісі, су өткізбейтін контейнердегі тері және тірі жануарлар);
7) көлікті-экспедициялық ұйым және пошта тасымалдау бөлімшесі – оператордың авиациялық тасымал және пошта қызметін ұсынуға арналған және жабдықталған тасымал процесіне (жүктерді тасымалдау және пошта желісі) қатысушылардың өндірістік бірліктері;
8) орам – азық-түліктердің бүлінуі мен зиян келуін сақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ азық-түліктерді тасымалдауды, сақтауды және сатуды жеңілдететін заттар және заттар жиынтығы.
3. Жүк, багаж (қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген кез-келген сұйықтықтар мен жүктерді тасымалдаудан басқа) жолаушылар және жүк тасымалдайтын әуе көліктерінің багаж-жүк қоятын орнымен тасымалданады.
4. Сертификаттауға жататын тасымалданатын жүктер және тауарлар жүктің қауіпсіздігін куәландыратын сәйкестік сертификатымен бірге болуы тиіс.
5. Халықаралық әуе жайларда ұсталған жүктер санитарлық-карантиндік бақылауға жатады.
6. Өткізу пункттеріндегі санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар әуе көлігінде адам денсаулығы үшін қауіпті болып табылатын, жүк және ауру белгісі бар науқастың бар екендігі туралы ақпарат түскен жағдайда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2798 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық қорғау" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 297 бұйрығына сәйкес әуе кемесі медициналық (санитарлық) тексеруге жіберіледі.
7. Тасымалданатын жүктің қауіпсіздігін анықтау үшін және эпидемиологиялық көрсеткіштер болған кезде "Қазақстан Республикасының аумағын және шекарасын санитарлық қорғауды қамтамасыз ету және санитарлық-карантиндік бақылауды іске асыру Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қарашадағы N 1168 қаулысына сәйкес әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының лауазымды тұлғалары жүкке және багажға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама белгілейді.
8. Адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қауіп тудыратын ұсталған жүктердің одан арғы мәселесі туралы шешім "Өнім мен тауарлар сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда оларды жою немесе одан әрi қайта өңдеу тәртiбiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891 қаулысына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде қабылдануы тиіс.
9. Қашықтығы шектелмеген қолмен тиеу кезінде ауыр жүктің орнын ауыстырумен байланысты үзіліссіз жұмыс жағдайында көтеретін және орнын ауыстыратын жүктің шекті рұқсат етілген массасы ерлер үшін 50 килограммнан (бұдан әрі – кг) аспауы тиіс. Ерлерге 60 метрден (бұдан әрі - м) артық емес қашықтықта немесе 3 м-ден артық емес биіктікте жатқан 50 кг-нан аспайтын жүкті көтеруге рұқсат етіледі. Бір жұмысшыға 80 кг-нан артық жүкті көтеруге рұқсат етілмейді. Әйелдер үшін көтерілетін жүктің салмағы 20 кг-нан, екі әйелге – 50 кг артпауы тиіс.
10. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз ету, жеке қорғаныш құралын, арнайы киімді, арнайы аяқ киімді беру, сақтау және пайдалану N 334 бұйрықтың талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
11. Кезекші бригаданың демалыс үй-жайында жиһаз қарастырылуы тиіс.
12. Тамақтану объектілері (асхана, буфеттер) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2526 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 569 бұйрығымен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережесі талаптарына сәйкес болуы тиіс.
13. Жұмысшыларға әлеуметтік тамақ беру және тамақ ішу бөлмесінің ауданы әрбір келушіге 1 шаршы метрден (бұдан әрі - м 2 ), бірақ кемінде 12 м 2 құрауы тиіс. Ол өндірістік үй-жайлардың сыртына орналасуы және жеткілікті отырғызу орнымен, тоңазытқышпен, шкафпен, қолжуғышпен жабдықталуы тиіс.
14. Тиеу-түсіру жұмыстарымен және жүк әуе кемелеріне қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерлер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2780 болып тіркелген "Алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі мен Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2556 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 766 бұйрығы талаптарына сәйкес міндетті алдын ала және ағымдық медициналық қараулардан өтуі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2531 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 688 бұйрығына сәйкес гигиеналық оқудан өтуі тиіс.
15. Тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлерде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2575 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобы өкілдерінің жеке медициналық кітапшасының нысанын және жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 4 қарашадағы N 816 бұйрығымен бекітілген, белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс.
2. Жүктердің орамына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
16. Жүкті әуе көлігімен тасымалдау мынадай шарттар сақтаған кезде қабылдануы тиіс:
1) жүк қолданыстағы стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес жарамды ыдыста немесе орамда болуы тиіс;
2) жүктердің ыдыстары мен орамдарына стандарттар мен техникалық шарттары белгіленбеген болса, авиациялық тасымалдау кезінде олардың сақталуы мен мықты бекітілуіне мүмкіндік болуы тиіс;
3) ішіндегі жүк үшін орам сай келуі және оны сыртқы орта әсерінен ластанудан сенімді қорғауы тиіс;
4) әуе көлігімен тасымалдауға жататын сұйық және басқа да жүктер оралатын (толтырылатын) металл, шыны, керамикалық, ағаш, пластмассалы сыйымдылықтар ұшу биіктігі мен температурасына байланысты және ішкі артық қысымға шыдамды болуы және ішіндегінің ағып кетпеуіне, төгілмеуіне немесе шашылмауына кепілденуі тиіс.
5) жүктердің көлемі мен салмағы оның еркін тиелуін және түсіруін, әуе көлігінің жүк-багаж бөлігіне орналастыруын және оны бекітуді қамтамасыз етуі тиіс;
6) жүк әуе көлігіндегі адамдар мен багажға қауіп тудырмауы тиіс;
7) әрбір орамның сыртқы бетінде жүк жіберуші мен жүк қабылдаушы көрсетілген анық және жуылып кетпейтін таңба болуы тиіс.
3. Жүк тасымалдауды жүзеге асыратын обьектілер аумағына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
17. Жүк тасымалдауды іске асыратын объектінің аумағы және әуе көлігі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4106 болып тіркелген "Азаматтық авиацияның әуевокзалдарын және әуе кемелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы N 42 бұйрығының (бұдан әрі - 42 бұйрық) талаптарына сәйкес болуы тиіс. P092293
18. Әуежайларда орналасқан объектінің аумағында:
1) желілік цех, багаж бөлімшесі, пошталық учаскелері (үлкен көлемді жүктерді сұрыптау, сақтандыру), тиеу-түсіру алаңшалары;
2) әуе кемесіне арналған тұрақ;
3) багаж, жүк және пошта жүктерін (жөнелту) қосалқы бөлшектер сақтайтын қоймалар;
4) әкімшілік-тұрмыстық корпус, автомобиль гаражы, өту жолы қарастырылуы тиіс.
19. Жүк әуе көлігі тұрағының жолдарына, өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарға кіреберіс және автомобиль көліктері үшін тұрақ қарастырылуы тиіс.
20. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және қоқыстарды жинау және шығару үшін бетондалған алаңшаларда металл контейнерлері орналастырылуы тиіс. Контейнерлерден алаңшаның жиегіне дейінгі қашықтық кемінде 1 м болуы тиіс. Қоқыс жинауға арналған алаңқай үш жақтан қоршалады. Контейнерлер өндірістік және қосалқы үй-жайлардан 25 м-ден жақын емес қашықтықта орналасуы тиіс. Қоқысты шығару контейнер сыйымдылығына 2/3 артық емес жиналған соң арнайы көлікпен жүзеге асырылуы тиіс.
21. Аумақты жинау күніне екі реттен кем емес жүргізілуі, қыс мезгілінде қар мен мұздан тазартылуы, жазда су себілуі тиіс.
4. Өндірістік үй-жайларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
22. Жүк тасымалдауды жүзеге асыратын өндірістік үй-жайлардың объектілері Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3792 болып тіркелген "Өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережесі және нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 334 бұйрығының (бұдан әрі - N 334 бұйрық) талаптарына сәйкес жобаланады.
23. Құрылысқа және қайта жаңартуға арналған жобалық-сметалық құжатты бекіту, жапсарланған және бөлек тұрған объектілерді орналастыру, пайдалануға беру санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде жүзеге асыруы тиіс.
24. Көліктік-экспедициялық ұйымдарда, пошта тасымалдау бөлімшелерінде (багаж қоятын бөлме, жүкті және багажды жеткізу және сақтауға арналған жылжымалы камералар, пошталық сұрыптау пункттері, әуе көлігің техникалық қызмет көрсету цехтар) кіреберіс жолдар, тиеу-түсіру алаңқайлары, жүкті және багажды сұрыптау және сақтауға арналған үй-жайлар, пошталық жүктер, тиеу-түсіру жұмыстарының қауіпсіз орындауға арналаған механикалық құрал және жабдық болуы тиіс.
25. Жүкті, багажды және пошта жүктерін қабылдау, экспедициялау, сұрыптау, жинақтау, сақтау үй-жайлары өндірістік процестің ағымын есепке ала отырып орналастырылуы тиіс.
26. Өндірістік үй жайлардың ішін әрлеу N 334 бұйрық талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан орындалуы тиіс.
5. Сумен жабдықтауға, кәрізге, жылуға, желдеткішке, ауа баптауға және жарыққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
27. Жүк, багаж және пошта авиациялық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын объектілердің өндірістік ғимараттар және тұрмыстық үй-жайлар орталықтанған шаруашылық-ауызсумен жабдықтау және орталықтанған кәріз желісіне қосылуы тиіс.
28. Шаруашылық-тұрмыстық және ауызсу қажеттілігі үшін пайдаланылатын су Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2999 болып тіркелген "Шаруашылық - ауызсумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығы талаптарына жауап беруі тиіс.
29. Жылу жүйесі ауаның біркелкі жылуын және үй-жайды жылыту деңгейін реттеуді қамтамасыз етуі, тазалауға және жөндеуге ыңғайлы болуы тиіс.
30. Тұрақты жұмыс орындары бар өндірістік үй-жайлардағы жылыту құралдары жарық жақтауларының астына орналасуы тиіс.
31. Дарбаза, кіру есіктері және терезелер салқын уақытта жылытылуы тиіс. Дарбаза ауа-жылыту шымылдығын түсіру арқылы блоктануы тиіс.
32. Қоймалардың және көлік экспедицияларының үй-жайлары N 334 бұйрық талаптарына сәйкес табиғи жалпы айналым желдеткішімен, ауа баптағышпен қамтамасыз етіледі.
33. Адам болатын аймақтағы ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 0,3 метрден аспауы тиіс.
34. Ауа шымылдығының құрылғысы оған ластанған ауаның, газдың, судың түсуін болдырмайтын орындарда орналасады.
35. Тыныс алу аймағындағы үй-жай ауасы шаңының концентрациясы 0,5 миллиграмм текше метрден (бұдан әрі - мг/м 3 ), көмірқышқыл газының концентрациясы – 0,1 пайыздан (бұдан әрі - %) артпауы тиіс.
36. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60% шамасында болуы тиіс.
37. Адамдар тұрақты болатын өндірістік үй-жайларда табиғи жарық болуы тиіс.
38. Өндірістік үй-жайлардың жасанды жарығы аралас, біркелкі болуы және жарықтың разрядты көзі бар шамшырақтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Қызу шамдары апаттық жарықтар үшін пайдаланылуы тиіс.
39. Жұмыс жүргізілмейтін өндірістік үй-жайлардың өту жолдарының және учаскелерінің жарығы жалпы жарықтың шамшырағымен болатын нормаланатын жарықтандырудың 25% артық болмауы, бірақ разрядты шамның 75 люксінен (бұдан әрі – лк) кем емес және қызу шамының 30 лк кем емес болуы тиіс.
40. Жұмыс орнының жергілікті жарығы үшін жұмыс істеушілерге тікелей және шағыласатын жарықтың зиянды әсерін болдырмайтын шамшырақтар пайдаланылады.
41. Шамшырақтар және жарық жақтауларының әйнектері ластануына байланысты айына кемінде 1 рет ластан, шаңнан, ыстан тазартылуы тиіс.
42. Істен шыққан шамшырақтар, сынған және бүлінген қорғаныш арматура уақтылы ауыстырылуы тиіс. Сынап толтырылған өңделген шамдарды сақтау үшін жеке үй-жай қарастырылуы тиіс.
6. Тағам азық-түліктерін тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
43. Тағам азық-түліктерін, сондай-ақ тағам азық-түлігімен жанасатын, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Тағам азық-түліктерін тасымалдауға арналған әуе көлігі таза болуы, бөгде иісі болмауы, жарамды жағдайда болуы тиіс.
44. Тез бұзылатын тағам азық-түліктері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1989 болып тіркелген "Тез бұзылатын тағам азық-түліктерін сақтау және сату мерзімінің жағдайларына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 1 тамыздағы N 32 бұйрығы талаптарына сәйкес тасымалданады.
45. Тағам азық-түлігін тасымалдау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, сәйкестік сертификаты, есеп-фактурасы (инвойс), көліктің тіркеме қағазы ұсынылуы тиіс.
46. Әуе көлігіндегі тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдау үшін жүк жөнелтуші берген температуралық режимді қамтамасыз ету мүмкін емес кезде жүк тасымалдануға қабылданбайды.
47. Тағам азық-түліктері радиоактивті, уытты, химиялық және биологиялық заттармен бірге тасымалданбауы тиіс. Тағам азық-түлігін тасымалдау кезінде тауар көршілестігі және температуралық режим сақталуы тиіс:
1) салқындатылған және суыған ет су өткізбейтін материалға оралуы және температурасы минус 8 Цельсий градустан (бұдан әрі - o С) жоғары емес мұздатылған контейнерлермен тасымалдануы тиіс;
2) сүйектен алынған сиыр, қой еттердің температурасы мұздатылған контейнерлерге тиеу кезінде минус 8 о С-тан, сіңірлі еттерден алынған бөлшектері және еттің және құстың сорпалық өнімдері – минус 12 o С-тан, механикалық ұрғылаудан және ет массасынан алынған құс етінің бөлшектері – минус 12 o С-тан жоғары болмауы тиіс;
3) сан, төс, қабырға еттерінің және басқа да ауасыз орамдағы шикілей ысталған ет өнімдерінің жақсы ысталған иісі, құрғақ, таза болуы, еті және майы жұлмаланбаған тегіс, еттер талшықтанбаған, жүн қалдықтары мен көгеруі болмаған біркелкі ысталған болуы тиіс. Ысталған еттер 0 о С-тан минус 8 o С температура кезінде тасымалдануы тиіс;
4) бөшкедегі ерітілген, сондай-ақ монолит түріндегі жәшікке салынған тағамдық жануар (сиыр, қой, жылқы және сүйек) майлары төрт бұрышты ыдысқа салынған, май өткізбейтін қағазға оралған және жәшікке салынған плюс 4 o С-тан жоғары емес температурада тасымалдауға жіберілуі тиіс;
5) мұздатылған балық, балық филесі және теңіз тарақ балығының, мидияның филесі, краб таяқшалары, крабтар, трепанга, мұздатылған және басқа да теңіз өнімдерін тиеу кезінде температура минус 12 o С-тан жоғары болмауы тиіс. Теңіз өнімдері, балықтар су өткізбейтін контейнерлерге салынуы және шикізат жүк ретінде тасымалдануы тиіс. Қатырылмаған краб таяқшаларын, пісірілген крабтар мен креветкаларды тасымалдауға рұқсат етілмейді;
6) балық және тұздалған, дәмдеуіштелген тұздықтағы және маринатталған сельдтер полимерлік материалдардан жасалған ішкі қапшығы бар сыйымдылығы 50 литрден (бұдан әрі – л) артық емес ағаш, құрғақ және полимерлі құю бөшкелеріне, ағаш жәшіктерге, ал полимерлік материалдан жасалған пакеттерге құйылғандар – гофрирлі картоннан жасалған жәшіктерге салынуы тиіс. Құю бөшкелеріне оралған балық пен сельдтің үстіне тұздық құйылуы тиіс. Жәшіктердің табанына мына материалдардың бірі төселуі тиіс: пергамент, пергаментасты, целлофан немесе Қазақсан Республикасында қолдануға рұқсат етілген өзге де қауіпсіз су өткізбейтін материалдар;
7) ыстықпен ысталған, сүрленген балық және балық өнімдері тек ыдыста тасымалдануы тиіс. Ыстықпен ысталған балық және балық өнімдерін мұздатылған контейнерлерде тасымалдау және тиеу кезінде температура минус 18 o С-тан аспауы тиіс. Салқынмен ысталған балық және балық өнімдерін тиеу кезінде 0 o С-тан аспайтын температурада болуы және изотермиялық сыйымдылықта тасымалдануы тиіс. Салқынмен ысталған лосос және тісті жыртқыш балық, сондай-ақ салқынмен ысталған және сүрленген балық өнімдері тек жәшікке оралуы тиіс. Ыстықпен ысталған мұздатылған балығы бар жәшікке "мұздатылған" деп жазылуы тиіс. Балық өнімдерін қоса алғанда салқынмен ысталған және сүрленген балығы бар жәшіктердің сыртқы қабырғаларында 25–тен 30 миллиметрге дейінгі диаметрде екі-үш дөңгелек саңылаулар болуы тиіс;
8) мұздатылған краб таяқшалары бар пакеттер, пісірілген-мұздатылған крабтар және креветкалар үлкен әріптермен "мұздатылған" деп жазылған жәшіктерге оралуы тиіс. Краб таяқшаларын тиеу және түсіруге дейінгі жалпы сақтау мерзімі 20 тәуліктен аспауы тиіс;
9) лосос балығының және ыдысқа салынбаған сойылған тұздалған, ястычты уылдырық сыйымдылығы 50 л артық емес құю бөшкелеріне оралуы тиіс. Лосос балығының түйірлі, металл және шыны банкілерге салынған бекіренің түйірлі және түйірсіз және сойылған тұздалған уылдырықтар жәшікке салынуы тиіс;
10) сүт және сүт өнімдері изотермиялық контейнерлерде тасымалдануы тиіс. Сары май оралған күйде жәшікте тасымалдануы тиіс. Ерітілген майлар полимерлік пленкадан жасалған қосымшасы бар ағаш бөшкелерде оралған күйде тасымалдануы тиіс. Оларды жәшікке орнатылған шыны және қатты банкілерде тасымалдауға рұқсат етіледі;
11) қатты маргарин, ыдысқа салынған кондитерлік, наубайханалық және аспаздық, пергаментке немесе каширленген фольгаға оралған тоң майлар жәшікке салынуы, ал ыдысқа салынбағандар (монолит түріндегі) табанына пергамент немесе полимерлі пленка төселген жәшіктерге салынуы тиіс. Қатты маргарин, тоң майлар изотермиялық контейнерлерде тасымалдануы тиіс;
12) майонез ішкі төсеніштері мен арақабырғалықтары бар жәшіктерде шыны орамға салынып тасымалдануы тиіс. Тиеу кезінде майонездің температурасы плюс 4 о С-тан артпауы және 0 o С-тан төмен болмауы тиіс;
13) қатты мәйек сырлар жәшікке салынуы тиіс. Сырларды тиеу кезінде температура плюс 4 о С-тан, қысқы кезеңде – плюс 8 о С-тан аспауы тиіс;
14) балмұздақтар тиеу температурасы минус 20 о С кезінде металл банкілердегі мұздатылған контейнерлерде, ал ыдысқа салынғандары – қораптарда, контейнерлерде тасымалдануы тиіс;
15) жұмыртқалар жәшікке салынатын арнайы жұмыртқа орамында тасымалдануы тиіс. Құс жұмыртқалары инкубациялық кезеңдегі уақытта криогендік сұйықтардан, радиоактивтік материалдардан бөлек орналасуы тиіс. Жүк қоятын орынның температура деңгейі ұшу бойы 10 o С-пен 15 o С аралықты сақтауы және 27 o С-тан аспауы тиіс;
16) ұзақ сақталуы үшін картофель ыдыста, жеміс-жидектер және көкөністер – ыдыста мұздатылған контейнерлерде тасымалдануы тиіс, кеш пісетін картофельді, асханалық қызылшаны, қарбызды, азық-түліктік асқабақты, орташа пісетін және кеш пісетін сұрыптағы орамжапырақты, спирт өндіруге арналған картофельді, крахмалды және сірнені үйіп тасымалдауға рұқсат етіледі;
17) банандар қатты күйде, қабығымен және көк жеміс сабағымен, нысан түрі және мөлшері үшін типтік жеткілікті піскен жеміс күйінде тасымалдануы тиіс. Қаптың аузы мықтап буылған полимерлік пленкалардан жасалған қаптарға алдын ала салынған банандар картон қораптарға салынуы тиіс. Банандар тасымалдау уақытында сыртқы ауа температурасы жағымды кезінде тәулігіне екі рет, жағымсыз кезде – тәулігіне бір рет желдетілуі тиіс мұздатылған контейнерлерде ғана тасымалдануы тиіс;
18) пакеттерге құйылған шырындар, жеміс және көкөніс некторлары, және стерилденген сүт және кілегей, қаймақ және брынза картон лотоктарына орнатылатын бірдей сыйымдылықтағы орамдардан жасалған бөліктермен жасалуы және жылу сақтайтын пленкалармен қапталуы тиіс. Контейнерлердегі бөліктер мықты полимерлік жылу сақтайтын пленкамен қапталған пакеттермен бірге табанындағы пакеттермен қабысуы тиіс;
19) қатырылған, мұздатылған, үсіген және салқындатылған жүктердің температурасы әуе кемесінің жүк бөлігіне тиеу сәтінде өлшенуі тиіс;
Жүктерді алып жүретін адамдар үшін орналасу және тамақтану жағдайлары қарастырылған болуы тиіс.
7. Ылғал жүктерді тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
48. Ылғал жүк су өткізбейтін контейнерде тасымалдануы тиіс.
49. Ылғал жүкті тасымалдау кезінде әуе кемесінің едені мен қабырғалары сужинағышпен жабдықталуы тиіс.
50. Су өткізбейтін контейнерлер атмосфералық қысым мен температураның тербелісіне төзімді болуы, сондай-ақ ішіндегілердің төгілуі мен жарылуын болдырмауы тиіс.
51. Әуе кемесінің едені мен қабырғаларына сұйықтық шашырған кезде қоса жүретін жолдама құжатқа сәйкес сұйықтықтың сипаты анықталуы тиіс және кеме қонған кезде сұйықтық бетінен алынуы тиіс.
52. Контейнерлердің ішкі бетінде ақау және дат болмауы тиіс.
8. Қауіпті жүктерді тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
53. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде оларды тасымалдауға және олармен жұмыс істеуге қатысты тұлғалар осындай жүктің болуы туралы хабардар болуы тиіс.
54 Қауіпті жүктерге жүк көлік тіркеме қағазы "Жүк жіберушінің қауіпті жүкке арналған декларациясы" ресімделуі тиіс.
55. Қауіпті жүктермен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы шектелгендерге, 18 жасқа дейінгі жеткіншектерге, жүкті және емшектегі баласы бар әйелдерге рұқсат етілмейді.
56. Қауіпті жүктерді тасымалдау ыдыста, сыйымдылықтарда, әмбебап немесе арнайы контейнерлерде жүргізілуі тиіс.
57. Ыдыстардың, сыйымдылықтардың және контейнерлерің құрылымы герметикалық болуы, жүктің жоғалуын, төгілуін болдырмауды қамтамасыз етуі, қауіптілік белгілері болуы тиіс. Ыдыстардың, сыйымдылықтардың және контейнерлердің материалы тазалануы және дезинфекциялануы тиіс.
58. Қауіпті жүктерді түсіргеннен кейін әуе кемелерінің жүк қоятын орындар қаралуы және зарарсыздануы, кейінірек тазалану нәтижесі зертханалық тексерілуі тиіс.
59. Контейнерлер тасымалдау кезінде туындайтын жүктемеге төзімді болуы тиіс.
60. Тиеу-түсіру жұмыстары арнайы тұрақтарда жүргізілуі тиіс.
61. Қауіпті жүктерді тиеу, түсіру және қауіпті жүктерді сұрыптау тиеу-түсіру машиналарын және механизмдерін қолдану арқылы жүргізіледі.
62. Қауіпті жүктермен жұмыс желдің жылдамдығы секундына 3 м артық емес кезде күндізгі уақытта орындалады.
63. Жүктерді тиеу, түсіру кезінде ыдыстың (сыйымдылықтар, контейнерлер) бүтіндігі бұзылмауы тиіс.
64. Тасымалданатын қауіпті жүктер туралы, жүк жіберушіге немесе өңделу үшін жіберілетін қауіпті жүктердің кері қайтарылатын ыдыстарының жағдайы туралы ақпарат қауіпсіздік мақсатында жүк көлік тіркеме қағазында жазылады.
65. Әртүрлі санаттағы қауіпті жүктерді, қауіпті емес жүктермен бірге қауіпті жүктерді бірге тиеуге, таңбаланбаған қауіпті жүктерді тиеуге және түсіруге рұқсат етілмейді.
66. Қауіпті жүктерді тиеу және түсіру алдында ыдыстардың жарамдылығын тексеру жүргізіледі.
67. Шашылған қауіпті жүк сыйымдылыққа жиналады, кәдеге жаратылуы үшін шығарылады, шашыраған орын өңделеді.
68. Көлік апаты немесе ластануы нәтижесінде жарамсыз болған қауіпті жүктердің қалдықтары қайта оралады, арнайы алаңқайларда зарарсызданады, көму полигондарда жүргізіледі.
69. Радиоактивті жүктерді тасымалдау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2198 болып тіркелген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 97 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
70. I, II, III көліктік санаттағы радиациялық орамдарды тиеу кезінде, әуе кемесінде және оларды сақтау орындарының көліктік индекс сомасы 50-ден артпауы тиіс.
71. Әмбебап контейнерлерді жүгімен радиоактивті заттар көлемі 5 текше метрден жоғары болғанда үлкен тоннажды әуе жүк кемесіне тиеу жүргізіледі.
72. Радиоактивті орамдарды тиеу және түсіру, тиеу және түсіру кезінде апаттық жағдайды жою қауіпсіздік ереже талаптарына сәйкес жүргізіледі.
73. Өнім әкелу, өндіру, сату және қолдану кезінде радиациялық жағынан қауіпсіз болуы, халықтың санитарлық–эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сай және тиісті нормативтік-техникалық құжаттары болуы тиіс. Өнімдердің радиациялық қауіпсіздігі санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда расталады.
74. Барлық әуе кемелері радиациялық фактор бойынша нормаланатын жүктерді тасымалдағаннан кейін олардың одан әрі пайдаланылуына қарамастан радиациялық бақылауға жатады.
75. Радиоактивтік жеңіл ластанған әуе кемелері немесе тарату көздері анықталған кезде оларды дезактивация бойынша жұмыстар жүргізіледі.
76. Тірі штамдары бар микроорганизмдерді, оның ішінде бактерияларды, вирустарды, рикетсияларды, паразиттерді, саңырауқұлақтарды, олардың кері комбинацияларын, генетикалық өзгеріске ұшыраған микроорганизмдерді, сондай-ақ шығу тегі биологиялық материалдар, құрамында бар немесе болуы мүмкін ауру жұқтыратын агенттерді, құрамында тірі микроорганизм штамдары бар, жануарлар мен адамдардың жұқпалы аурулар диагностикасы және иммундық алдын алуға арналған биологиялық препараттарды тасымалдау Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2692 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 63 бұйрығымен бекітілген "Микробиологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханаларда жұмыс істеу кезінде құрылысқа, техника қауіпсіздігіне, өндірістік санитарияға, індетке қарсы режимге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары талаптарына сәйкес болуы тиіс.
77. Жұқпалы заттарды жүк орнының ішінде тасымалдау кезінде ішкі сыйымдылық пен сыртқы ыдыс арасында ішіндегі заттардың тізімі орналастырылады. Сұйық жұқпалы заттармен жүк орындарында екі қарама-қарсы жағынан, жүк орнының үстіңгі бетін көрсететін манипуляциялық белгі салынады.
78. Эпизоотикалық қолайсыз аудандар мен елдерден кеміргіштер терілерін тасуға рұқсат етілмейді.
79. Жаңбыр кезінде сумен әрекеттеніп от шашырататын қауіпті жүктерді, сондай-ақ найзағай уақытында, двигательдер жұмыс істеп тұрған кезде, әуе кемесін жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен толтыру кезінде, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету кезеңінде кез-келген өрттен қауіпті, қауіпті жүктерді тиеу және түсіруге рұқсат етілмейді.
80. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде апаттық жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына хабарлайды.
81. Әуе кемесінің экипажы және қауіпті жүктермен жұмыс істейтін адамдар қорғаныш құралымен, индикациямен, (тасымалданатын жүктің түріне байланысты) зарарсызданумен қамтамасыз етіледі. Қорғаныш құралынсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
82. Қауіпті жүктермен жұмыс істеу кезінде тамақ ішуге, су ішуге, темекі тартуға, сондай-ақ арнайы киімсіз жұмыс жүргізу аумағында болуға рұқсат етілмейді. Химиялық уытты және радиоактивтік материалдарды, заттарды тасымалдаумен айналысатын адамдар жеке гигиена ережесін сақтауы тиіс.
9. Жүктерді авиациялық көлік құралымен тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
83. Әуе көлігі жүк тиеуге, бұрын тасымалданған жүк қалдықтарынан тазартылып, жууға және дезинфекцияға беріледі.
84. Жүк әуе кемесінде мынадай үй-жайлар көзделеді: жүкке арналған сөрелері бар жүк қоятын орындар, дәліздер, торлы арақабырғалығы бар тамбур және алып жүретін жүктерге арналған орындар.
85. Жүктерді жинау үшін астына төсеніш пайдаланылады. Қағаз қаптар және басқа да қағаз ыдыстар төсенішсіз сақталуы мүмкін.
86. Барлық жүк әуе кемелерінде желдеткіш және ауа алмасу авиациялық көлік құралының сыртқы және ішкі температурасы сапар ұзақтығынан тұрақты тәуелсіз болуы тиіс.
87. Ықтиярсыз желдеткіш жүйесі үй-жай ішіндегі жүк қоятын орындарда тұрақты артық қысым 30 Паскальдан кем емес болуды қамтамасыз етуі, жүк қоятын орынның ауа температурасы плюс 18 o С-тан кем емес болуы тиіс.
88. Жүк әуе кемелерін жабдықтау пункттері N 42 бұйрық талаптарына сәйкес болуы тиіс.
89. Жүк әуе кемесінің сумен жабдықтау, суды бұрып жіберу, желдеткіш, жылу және жарық жүйелері N 42 бұйрықтың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
90. Жүк әуе кемесінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2840 болып тіркелген "Көлік құралдарына санитарлық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 349 бұйрығы талаптарына сәйкес ресімделген санитарлық паспорт болуы тиіс.
91. Жүк әуе көлігінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3358 болып тіркелген "Халыққа кезек күттірмес медициналық көмек көрсетуге арналған бастапқы жәрдем қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 876 бұйрығы талаптарына сәйкес толықтырылған, дәрі-дәрмектер жиыны бар дәрі қобдишасы болуы тиіс.