Халыққа кезек күттірмес медициналық жәрдем көрсетуге арналған бастапқы жәрдем қобдишасының құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 876 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3358. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi)  250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндірістiк мұқтаждар үшiн әкелiнетін қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269  қаулысына мынадай өзгерiстер енгізілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсімен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің тiзбесiнде:
      реттік нөмірлері 1, 3, 10, 16, 17, 48, 87, 88, 103, 144, 150, 151, 152, 157, 165, 172-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі