Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 349 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2840. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 731 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.18 N 731 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 14) тармақшасына сәйкес және адамдарды, тамақ өнімдерін, тағам шикізатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарын қолданыстағы санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келтіру, сондай-ақ жұқпалы, паразиттік, кәсіби, соматикалық аурулардың және тамақтан уланулардың алдын алу мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесі;
      2) Көлік құралының санитарлық паспортының нысаны бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері көлік құралының санитарлық паспортын енгізу жөніндегі ақпаратты есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне және Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне А.А.Белоногқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін
      атқарушы

"Көлік құралының санитарлық 
паспортын беру, есепке алу 
және толтыру ережесін   
бекіту туралы"       
Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрдің
міндетін атқарушының     
2004 жылғы 20 сәуірдегі   
N 349 бұйрығымен бекітілген

Көлік құралының санитарлық паспортын беру,
есепке алу және толтыру ережесі

      1. Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесі (бұдан әрі - санитарлық паспорт) санитарлық паспортты берудің бір тәртібін, есепке алуды және толтыруды анықтайды.

      2. Санитарлық паспорт жеке нөмірі бар белгіленген үлгідегі құжат болып табылады. Санитарлық паспорт көлік құралдарының санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормаларға (бұдан әрі - санитарлық ережелер), сондай-ақ гигиеналық нормативтерге сай келетінін растайды және адамдарды, тамақ өнімдерін, өндірістік шикізатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын теміржол , автокөлік , теңіз, ішкі су, әуе , қалалық электрмен жүретін, оның ішінде метрополитен көлік құралдарына беріледі.

      3. Санитарлық паспорт арнайы қағаздан полиграфиялық әдіспен ұзақ уақыт қолданылатын құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес технология бойынша дайындалады және форматы 147 миллиметр х 105 миллиметр, тиісті жазулармен екі жағына бірдей толтырылатын тығыз қағазды парақ түрінде болады. Түсі әртүрлі тондағы жасыл.

      4. Санитарлық паспорт "Қазақстан Республикасының санитарлық эпидемиологиялық қызметі" деген жазуы бар голограммамен мемлекеттік және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі.

      5. Санитарлық паспортта төмендегідей қорғану элементтері қарастырылады:
      1) арнайы қағаз;
      2) тиісті жазуларды енгізуге арналған жазу жолдарындағы микромәтін;
      3) рамкасының ішкі жиегін жағалай жазылған микромәтін;
      4) түр-түсінің ауыспалылығы (жасыл-сарғыш);
      5) арнайы кезексіз сызылған тор;
      6) ультракүлгін сәуле түсіргенде нөмірінің цифрлары ашық сары түске боялуы;
      7) ультракүлгін сәуле түсіргенде медициналық нышанның сары-жасыл түске боялуы.

      6. Санитарлық паспорт қызметі адамдарды, тамақ өнімдерін, өндірістік шикізатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдаумен айналысатын заңды тұлғаға басшысының немесе жеке кәсіпкердің аталған қызметпен айналысуға лицензиясы болған жағдайда көлік құралына беріледі.

      7. Санитарлық паспорт төмендегідей:
      1) автокөлік, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электрмен жүретін, оның ішінде метрополитеннің көлік құралдарына - тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен беріледі;
      2) темір жол көлігінің құралдарына - темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен беріледі;
      3) әуе жолы көлігінің құралдарына - әуе жолы көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен беріледі.

      8. Санитарлық паспорт алу үшін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер төмендегідей құжаттар тапсыруы керек: санитарлық паспортты беру туралы өтініш, лицензияның және техникалық паспорттың көшірмесі.

      9. Санитарлық паспорт берер алдында көлік құралдарына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының лауазымды қызметкерлерімен санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп, санитарлық ережелер және гигиеналық нормативтерге сай келетіні туралы акт жасалып, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі. Санитарлық паспорт барлық қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап, 15 күн ішінде беріледі.

      10. Санитарлық паспорттың пайдалану мерзімі - берілген күннен бастап 1 жыл.

      11. Санитарлық паспорттың пайдалану мерзімін созу үшін көлік құралдарына қайталап санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп, санитарлық ережелер және гигиеналық нормативтерге сай келетіні туралы акт жасалып, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.

      12. Көлік құралдары санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен санитарлық ережелер және гигиеналық нормативтерге сай келетіні және санитарлық паспортының болуы туралы 6 айда бір рет, ал азық-түлік тасымалдауға арналған көліктері тоқсан сайын бір рет тексеріліп отырады.

      13. Санитарлық паспорттар төмендегідей жағдайда алынады:
      1) көлікті санитарлық паспортта көрсетілген бағытта қолданбаған (тасымалдау түрі) жағдайда;
      2) көлік құралдарын пайдалану барысында санитарлық ережелер және гигиеналық нормативтер бұзылған жағдайда, ол бұзушылықтарды жойғанға дейін.

      14. Санитарлық паспорт тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарында тіркеледі, оған төмендегідей есептеу құжаттары жүргізіліп немесе электрондық есепке алынып, онда төмендегі мәліметтер болуға тиіс:
      1) қызметі адамдарды, тағамдық азық-түліктерді, азық-түліктік шикізаттарды, шаруашылық-ауыз суды, химиялық, уытты және радиоактивті заттарды тасымалдауға байланысты заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер туралы мәліметтер;
      2) көлік құралдарының түрі, маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі;
      3) тасымалдауға байланысты қызметінің түрлері, тасымалданатын жүктердің аттары (тамақ өнімдері, өндірістік шикізат, шаруашылық-ауыз суы, химиялық, уытты және радиациялық заттар);
      4) санитарлық паспорттың нөмірі және берілген айы-күні;
      5) көлік құралының санитарлық ережелер және гигиеналық нормативтерге сай келетіні туралы берілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының нөмірі және берілген айы-күні;
      6) көлік құралының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылатын мерзімі.

"Көлік құралының санитарлық 
паспортын беру, есепке алу 
және толтыру ережесін   
бекіту туралы"       
Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрдің
міндетін атқарушының     
2004 жылғы 20 сәуірдегі   
N 349 бұйрығымен бекітілген

Көлік құралының санитарлық паспортының нысаны

                            Алдыңғы беті
------------------------------------------------------------------

Медициналық құжаттама
Нысаны N 511/у
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
20___ жылғы "____"__________
N     бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасының
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметi
Көлік құралының санитарлық паспорты

                               ___________________________________
                                                                  |
Көлік құралы (түрі, маркасы)   ___________________________________|

Кімге берілді (заңды тұлғаның  ___________________________________
немесе жеке кәсіпкердің атауы,                                    |
тұлғаның лауазымы, тегі, аты,  ___________________________________|
әкесінің аты)

                               ___________________________________
Көлік құралының мемлекеттік                                       |
тіркеу нөмір белгісі           ___________________________________|

      Мемлекеттік санитарлық-     __________     ________
      эпидемиологиялық қадағалау |__________| N |________| Мөр орны
      басқармасының
      (департаментінің) басшысы

                   _________________________
                  |"__"____________ 20__жыл |
                  |_________________________|

      Берілген күні
-------------------------------------------------------------------

                            Арғы беті
___________________________________________________________________
  Санитарлық-   |Тасымалдау түрлерi, |Санитарлық-|Мемлекеттік
эпидемиологиялық|тасымалданатын жүкт.|эпидемиоло.|санитарлық-
қорытындының   |ердің атауы (тамақ  |гиялық қо. |эпидемиологиялық
жасалған күні  |өнімдері, өндірістік|рытындының |қадағалау басқар.
   мен нөмірі   |шикізат, шаруашылық |қолдану    |масының (депар.
                |ауыз суы, химиялық, |мерзімі    |таментінің) мөрі
                |уытты және радиация.|           |және басшысының
                |     лық заттар)    |           |    қолы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________