Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 288 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5021 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 91 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі "Астана-Қаржы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті акцияларының жалпы санының 26,46 пайызы мөлшерінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) "Астана-Қаржы" акционерлік қоғамының 26,46 пайыз мөлшеріндегі және "ҚазАвиаЛизинг" акционерлік қоғамының 100 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеттерін бағалау жүргізуді заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.27. N 1148   Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 21-28»"ҚазАвиаЛизинг" ЖАҚ деген жол алынып тасталсын;

      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлімдегі реттік нөмірі 160-13-жол алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі