Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3513. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 352 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.07.2013 № 216-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесі бекітілсін.
      2. "Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 4 мамырдағы N 121-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2325 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте 2003 жылғы 14 маусымда N 24 (129)" жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы   
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының    
2005 жылғы 4 наурыздағы   
N 70-НҚ бұйрығымен     
бекітілген         

Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге
қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы
өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      2. Осы Ереженің мақсаты құжаттар мен ақпарат тізбесін, табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) өзге қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу кезінде оларды ұсыну мен қарау тәртібін айқындау болып табылады.

      3. Уәкілетті орган Субъектінің өзге қызметті жүзеге асыруына:
      реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты;
      Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгіленген;
      табиғи монополия саласына жатқызылған, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алынған табыстар бір күнтізбелік жыл ішінде рынок субъектісінің барлық қызметінен алынған табыстардың бір пайызынан аспаған жағдайда;
      өзге қызметтен алынған табыстар бір күнтізбелік жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінен алынған табыстардың бес пайызынан аспаған жағдайда;
      табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайда, келісім береді.

      4. Осы ереженің күші Субъектілерге қолданылады.

      5. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер:
      1) географиялық шекаралар - Субъект қызметтер ұсынатын (тауарлар, жұмыстар өндіретін) шектердегі аумақ;
      2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) байланысты өзге қызметі - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жүзеге асыруы онсыз техникалық мүмкін емес, не Субъект қызметінің технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылатын қызмет;
      3) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      5) өтініш - өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы Субъектінің жазбаша арызы.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ, 2011.12.09 № 392-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2. Субъектінің өзге қызметті жүзеге
асыруына өтініштер беру тәртібі

      6. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект уәкілетті органға өтінішпен бірге мынадай құжаттар мен ақпарат (мәліметтер) ұсынады:
      1) анықтама - қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиісті өтінішке берілген негіздеме;
      2) өткен жылдағы Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін талдау, оның ішінде бухгалтерлік теңгерім оған берілген түсіндірме жазбамен, кірістер мен шығыстар туралы есеп, ақшаның қозғалысы туралы есеп, аудиторлық есептің көшірмесі, ағымдағы жыл ішіндегі Субъектінің қаржылық ахуалы туралы мәліметтер, оның ішінде Субъектінің қызмет түрлері бойынша бөлінісіндегі кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер, жоспарланып отырған өзге қызметтен болжанып отырған кірістер мен шығыстар және Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері (егер өзге қызмет алғаш рет жүзеге асырылған жағдайда) туралы мәліметтер;
      3) Субъект көрсетілетін қызметтерден (өндірілетін тауарлардан), оның ішінде өзге қызметтен алатын табысының көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың) түрлері бойынша алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жылдардағы есебі;
      4) өтініште көрсетілген өзге қызметті жүзеге асыруға арналған негізгі құралдардың болуы туралы;
      5) құзыретті органның өзге қызметті жүзеге асыру салдарлары туралы қорытындысы;
      6) өзінің қызметін бір жылдан кем жүзеге асыратын, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда, соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның көшірмесі;
      7) өтініш келісілген жағдайда шығындар өзге қызметке жатқызылады;
      8) алынып тасталды.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006.03.30 N 89-НҚ , 2009.02.05 N 30-НҚ, 2011.12.09 № 392-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6-1. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін табыстары күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін табыстарының бір процентінен аспағанда, уәкілетті органға мынадай құжаттар мен ақпаратты (мәліметті):
      1) қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиісті өтінішке берілген анықтама-негіздеме;
      2) жоспарланып отырған өзге қызметтен алынатын болжамды табыстар мен шығыстар туралы мәліметтер;
      3) табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін табыстар күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін табыстарының бір процентінен аспайтынын растайтын өткен жыл ішіндегі белгіленген нысандағы бухгалтерлік теңгерімнің және табыстар мен шығыстар туралы есептің көшірмесін;
      4) өзінің қызметін бір жылдан кем жүзеге асыратын, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда, Субъектінің соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның көшірмесін ұсынады.
      Ескерту: 6-1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006.03.30 N 89-НҚ , 2009.02.05 N 30-НҚ, 2011.12.09 № 392-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      7. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект қосымша мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді:
      1) Субъектінің өзге қызметтен алған табыстары оны жүзеге асыруға қажетті шығындарды жабуға тиіс;
      2) өзге қызметті жүзеге асыру тиісті рыноктағы қызмет көрсетуге (тауарларға, жұмыстарға) бәсекелестікті шектеуге алып келмеуге тиіс;
      3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай жүзеге асыруға ол өтініш берген өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу.

      8. Субъект осы Ереженің 2-қосымшасына сай жазбаша нысанда тоқсан сайын осы Ереженің 7-тармағының 1) және 2) тармақшаcында көзделген талаптарды орындау туралы есеп береді, сондай-ақ осы Ереженің 7-тармағының 2) тармақшаcында көзделген талаптарды орындау туралы есеп береді.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

3. Өтініштердің мазмұны, оларды
қараудың тәртібі мен мерзімдері

      9. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект осы Ереженің 1-қосымшасына сай өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.

      10. Уәкілетті органға өтінішпен бірге ұсынылған құжаттар мен ақпарат тігілуге, нөмірленуге және өтініш беруші Субъектінің мөрімен, сондай-ақ оның бірінші басшысының не тиісті растауы болған кезде оны алмастыратын тұлғаның қолымен және бас бухгалтердің қолымен (қаржылық құжаттар болған жағдайда) расталуға тиіс.
      Ұсынылып отырған құжаттар түпнұсқада немесе олардың көшірмелері болуға тиіс, соңғы жағдайда өтінішке қол қойған басшы олардың дұрыстығы мен толықтығын жазбаша растауға тиіс.

      11. Уәкілетті орган, егер:
      1) оның келісімі Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға;
      2) оның келісімі тиісті тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелес рынок жағдайына экономикалық жағынан ақталған өтуді тежеуге алып келуі мүмкін жағдайларда;
      3) Субъект барлық құжаттарды ұсынбаса не ұсынылған құжаттардағы ақпарат дұрыс болып табылмаса өтінішті қабылдамайды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.12.09 № 392-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Уәкілетті орган Субъектіге өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беруден, егер:
      1) өзге қызмет реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметпен технологиялық байланысты болмаған;
      2) өзге қызмет Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгіленген қызметке жатқызылмаған;
      3) табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алынған табыстар бір күнтізбелік күн ішіндегі рынок субъектісінің барлық қызметінен алынған табыстардан бір пайыз артқан;
      4) өзге қызметтен алынған табыс бір күнтізбелік жыл ішіндегі табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінен алынған табыстан бес пайыз артқан;
      5) табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуші құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулану мүмкіндігі болған жағдайларда бас тартады;
      6) осы Ереженің 9 және 10-тармақтарында көзделген талаптарды Субъект сақтамаған жағдайда бас тартады.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      13. <*>
      Ескерту. 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      14. <*>
      Ескерту. 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      15. Уәкілетті органның қажетті құжаттар мен ақпарат немесе Субъектінің жоғарыда көрсетілген құжаттар мен ақпаратты ұсынуының мүмкін еместігін түсіндіретін себептер туралы мәліметтер қоса берілген осы өтінішті алған және (немесе) Субъектінің бұрын ұсынылған материалдарында қамтылған фактілердің өзгеруі туралы жазбаша хабарламасын не Субъектінің пікірі бойынша өтінішті қарау үшін маңызды болып табылатын ақпаратты алған күн өтініш берілген күн деп есептеледі.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      16. Уәкiлеттi орган өтiнішті алған күнінен бастап оны отыз күннен кешiктiрмей қарайды және Субъектіге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.12.09 № 392-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Егер уәкілетті органға қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, соңғысы оны Субъектіден сұрата алады және өтінішті қарау мерзімін осындай сұрату өтінішті қарау мерзімін ұзарту туралы хабарламамен бірге өтінішті алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш берушіге жолдаған кезде күнтізбелік отыз күнге ұзарта алады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.12.09 № 392-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Өтінішті қанағаттандырудан бас тартылса, Субъекті сотқа немесе жоғары тұрған органға шағымдануы мүмкін.

      19. Субъект өтініш берген кезде ұсынылған құжаттар мен ақпаратқа (мәліметтерге) өздігінен қосымша ретінде, уәкілетті органға Субъектінің пікірі бойынша маңызды болып табылатын кез келген ақпаратты жібере алады.

      20. Субъекті коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен ақпаратты "коммерциялық құпия" деген міндетті белгісі бар жеке мұқабада ұсынады. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат Субъектінің уәкілетті органға қарауға ұсынған құжаттары мен ақпаратының тізбесіне енгізіледі.

      21. Құжаттар мен ақпаратта коммерциялық құпияның болуы уәкілетті органға оларды ұсынудан бас тарту үшін негіз бола алмайды. Сонымен бірге, Субъект және өзге де мүдделі тараптар уәкілетті органға құжаттар мен ақпаратты ұсыну кезінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесін айқындайтын ішкі актінің көшірмесін қоса, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің толық тізбесін көрсетуге тиіс.

      22. Құжаттардың және (немесе) ақпараттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болуы оны уәкілетті органға ұсынудан бас тарту үшін негіз бола алмайды.

      23. Шешім қабылдау үшін маңызы бар өтініште, құжаттар мен ақпаратта қамтылған фактілердің өзгерісін Субъект уәкілетті органның назарына жазбаша түрде дереу жеткізуі тиіс.

      24. Субъект уәкілетті органға өтінішті оның Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген орны бойынша береді.
      Егер Субъект бір мезгілде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық та, жергілікті бөлімдеріне де енгізілген жағдайда, онда өтініш Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген жері бойынша беріледі.
       Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

                                    Табиғи монополия субъектілеріне
                                     өзге қызметті жүзеге асыруға
                                    келісім беру туралы өтінімдерді
                                      ұсыну және қарау ережесіне
                                                1-қосымша
                                      __________________________
                                      __________________________

___________________________________________________________________
                         (қызметтің атауы)

________________________________ жүзеге асыруға келісім беру туралы

                            Өтініш

      Негіздеме ___________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Субъект жүзеге асыруға өтініш беретін қызметтің экономикалық
тиімділігінің есебі көрсетілген сипаты және негізгі сипаттамалары).
      Өзге қызметті жүзеге асыру мүмкіндігінің бар екендігін
растайтын негізгі құралдардың, жабдықтардың тізбесі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Субъекті негізгі құралдарының құрамы және мақсаты:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Өзге қызметті жүзеге асыру Субъектінің қызметтері үшін тарифтің
(бағаның, алым ставкасының) көтерілуіне әкелмейтіндігін және оның
қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына әкелмейтіндігін растайтын
есеп.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Субъектінің реттелетін қызметтерден (тауарлардан,
жұмыстардан) түсетін жалпы табысы _________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Өзге қызметтен түсетін жалпы табыс __________________________
___________________________________________________________________
      Субъектінің өзге қызметті жүзеге асыру кезіндегі болжанып
отырған жағрафиялық шекараларының өзгеруі туралы ақпарат __________
___________________________________________________________________

                                    Табиғи монополия субъектілеріне
                                     өзге қызметті жүзеге асыруға
                                    келісім беру туралы өтінімдерді
                                      ұсыну және қарау ережесіне
                                                2-қосымша

Рет
N

Көрсеткіштер

Өлшем
бір-
лігі

Алдыңғы
тоқсан

Есепті
тоқсан

Жыл
басынан
бастап
өспелі

1.

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатудан түскен табыс 





2.

Реттеліп көрсетілетін
қызметтердің (тауарлар-
дың, жұмыстардың)
өзіндік құны





3.

Қызметтің реттеліп көрсетілетін түрі бойынша кезең шығыстары, оның ішінде:





4.

Қызметтердің реттеліп көрсетілетін түрі бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар





5.

Сатылып отырған реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар





6.

Қызметтің реттеліп көрсетілетін түрінен түскен табыс (залал)





7.

Өзге қызмет бойынша қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатудан түскен табыс





8.

Өзге қызмет бойынша сатылатын қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзіндік құны





9.

Өзге қызмет бойынша  кезең шығыстары, оның ішінде:
өзге қызмет бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар





10.

Өзге қызмет бойынша сатылып отырған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар





11.

Өзге қызметтен түскен табыс (залал)