"Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 12 қазандағы N 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 234 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5295 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.03.30 N 91 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бензин және дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 мамырдағы N 471 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 27, 253-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      "2008 жылғы 1 қыркүйекке" деген сөздер "2009 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тұрмыстық пеш отынынан басқа," деген сөздер алынып тасталсын;

      "(СЭҚ ТН 2710 19 310 0 - 2710 19 490 0)" деген сөздер "(СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді және дизель отынын әкетуге тыйым салу мерзімінің ұзартылғаны туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов