Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 122 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4283. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысымен.

      Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы  N 222  (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
_________________________________________

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  41-бабының 4-тармағына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2316 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2479 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2664 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3428 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 385  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3943 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 413  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3992 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 67  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4149 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:
      2-тармақта:
      1) тармақшада: 
      үшінші абзацтағы "екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      ""А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);";

      10-тармақтың 4) тармақшасында:
      "аспауы" деген сөз "кем болмауы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "акцияларының" деген сөздің алдынан "дауыс беруші" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-қосымшада:
      "20__ жылғы "___" ___________  жағдай бойынша _______________ (қордың атауы) К1 және К2 коэффициенттері мәнінің есебі" кестесінде:
      1-жолда "1.2" деген цифрлар "1.3" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1.3-жолмен толықтырылсын:

1.3.

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша

 

100%

 

      мынадай мазмұндағы 3-1-жолмен толықтырылсын:

3-1.

ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)

 

100%

 

      мынадай мазмұндағы 19.1-жолмен толықтырылсын:

19.1.

орташа алынған жалпы кіріс (ОАЖК)

 

 

 

      2-қосымшада:
      "20__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша ______________ (қордың атауы) пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтер" кестесі мынадай мазмұндағы 8015, 8016-жолдармен толықтырылсын:

8015

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоттарындағы ақша 

  

8016

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердің шоттарындағы ақша  

  

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға