Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы Ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылда 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3428. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317   қаулысымен .
________________________________

      Бағалы қағаздар рыногында брокерлердің-дилерлердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
     1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 683 тіркелген, 1999 жылғы сәуір айында "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" N 4 журналында жарияланған, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген), Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 44  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 924 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1746 тіркелген), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2933 тіркелген)) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру ережесінде:
     12, 13, 16, 17-тармақтар алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293  қаулысының  күші жойылды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді.
     3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға