Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2316 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 127 қаулысына

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2479. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Министрлiктер, агенттiктер және өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың, сондай-ақ "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтары мен жарғылық капиталындағы басым үлестерi оларға берiлген акционерлiк қоғамдардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң барлық қаржы институттарының акционерлерi (қатысушылары) құрамынан шығуын қамтамасыз етсiн.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерiне заңнамада белгiленген тәртiппен барлық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакеттерi мен жарғылық капиталындағы басым үлестерi коммуналдық меншiкте болып табылатын ұйымдардың қаржы институттарының акционерлерi (қатысушылары) құрамынан шығуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі