Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2316 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2664. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға  594-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары" 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      032-кіші бағдарламада:
      "10 орындық 2 шатырды" деген сөздер "10 орындық 3 дана шатыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "1 бірлік компрессор үшін гопкалипті кептіргіш" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулыға 595-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 7-бағаны "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі