Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 9 сәуірдегі N 2940 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 1361 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832  қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті ашқан:
      014 "Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің өзге де көріністеріне қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы", 207 "Саперлік бөлімшелерді материалдық-техникалық жарақтандыру", 104 "Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы" бюджеттік бағдарламалары бойынша "Victory LTD" ЖШС-мен жасасқан 2003 жылғы 2 желтоқсандағы NN 623, 624, 625, 626, 627, 628, 629, 635 және "OTC Network" ЖШС-мен жасасқан 2003 жылғы 31 қазандағы N 573, 575, 2003 жылғы 14 қарашадағы N 589 шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне аккредитивтердің қолданылу мерзімдерін 2004 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 15 наурыздан бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі