Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің іске асырылуына бақылауды күшейту, халықаралық іс-шараларды дайындауды жүйелендіру, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау және халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық органдармен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары Қағидаларда белгіленген тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің және қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына бақылауды күшейтсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлердегі халықаралық іс-шараларды, шетелдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) және олардың шағын комиссиялары (шағын комитеттер, жұмыс топтары) отырыстарын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру ережесін бекітсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарын және мемлекеттік мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша өздерінің көпшілік алдындағы сөздері мен мәлімдемелері Қазақстан Республикасының ресми ұстанымына сәйкес келуіне дербес жауапты болатыны деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын Қазақстанның мемлекеттік мүдделерін қозғайтын өзекті халықаралық мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының ресми ұстанымы туралы хабардар етсін.
5. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қазақстан тарапынан келіссөздерге қатысушылардың құрамы жөніндегі ұсыныстарды Сыртқы істер министрлігі енгізеді және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі) бекітеді.
Президенттің келіссөздер жүргізу тәртібін Президент Протоколы айқындайды.»;
42-тармақтың бірінші бөлігінде «, материалдарды және құжаттарды 5-қосымшаға сәйкес қол қоюға дайындайды» деген сөздер алып тасталсын;
65-тармақтың екінші бөлігінде «5-қосымшаға сәйкес ақпараттық-талдау материалдарын, сондай-ақ шетелдік» деген сөздер «Шетелдік» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-қосымша алып тасталсын.
6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкіметаралық деңгейлердегі кездесулер мен келіссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 9 сәуірдегі № 2940 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 14, 109-құжат; 2004 ж., № 21, 264-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 9 сәуірдегі № 2940 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 1361 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 264-құжат).
7. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 12 тамыздағы
№ 1037 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің
жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген
уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара
іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру
қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен ететін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік органдар (бұдан әрі - орталық мемлекеттік органдар) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 20-бабына сәйкес және өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасы және Үкімет атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары (бұдан әрі - халықаралық шарттар) бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етеді, осындай халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын және халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалайды.
2. Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі - СІМ):
1) осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді қамтитын, күшіне енген халықаралық шарттардың өткен жыл ішінде орындалу барысы туралы;
2) осы Қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді қамтитын, қол қойылған және күшіне енбеген халықаралық шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдердің орындалу барысы туралы, оның ішінде олардың орындалмау себептері туралы ақпарат береді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.
3. Күшіне енген халықаралық шарттар туралы ақпарат:
1) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалауды талдауды;
2) халықаралық шарттардың орындалуы барысында анықталған проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды қамтуы тиіс.
4. СІМ орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтап қорытады, талдайды және талдау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша сыртқы саяси бағаны қамтитын жиынтық ақпаратты жылына бір рет 10 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Премьер-Министр Кеңсесі) жібереді. Халықаралық ұйымдардың ұсынымдары болған жағдайда, олардың көшірмелері көрсетілген ақпаратқа қоса беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.
5. Премьер-Министр Кеңсесі жыл сайын 25 ақпаннан кешіктірмей ұсынылған ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі) жібереді.
Жіберілетін ақпарат, қажеттігіне қарай, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі Премьер-Министр Кеңсесінің ұсыныстарымен толықтырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.
6. Президент Әкімшілігі Премьер-Министр Кеңсесінің халықаралық шарттар жөніндегі ақпаратын алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен ақпаратты талдайды және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.
2. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру тәртібі
7. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымның шешімі (бұдан әрі - халықаралық ұйымның шешімі) деп құрылтай құжаттарына немесе халықаралық ұйым шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық (мемлекетаралық немесе үкіметаралық) ұйымның органы қабылдаған, оның атауына қарамастан шешім (қарар, ұсыным) болып табылады.
8. Халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобалары Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілуге тиіс. Бұл жобаларды қабылдауда Қазақстан Республикасы қатысуының сыртқы саяси орындылығының мәніне СІМ-мен міндетті түрде келісіледі. Шешімді қабылдау Қазақстан Республикасының бюджетінен қаржы қаражатын бөлуді талап ететін жағдайда, тиісті жобалар Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізіледі.
Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімдерінің жобалары СІМ-нен басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен (бұдан әрі - Ұлттық экономика министрлігі) және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - Әділет министрлігі) міндетті түрде келісіледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
8-1. Комиссия шешімдерінің жобаларын келісу рәсімі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Комиссиямен өзара іс-қимыл тәртібіне (бұдан әрі - өзара іс-қимыл тәртібі) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
8-2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Комиссия шешімдерінің жобалары 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - ЕАЭО туралы шарт) сәйкес реттеушілік ықпал етуді бағалау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілуге жатады.
Ескерту. Қағидалар 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
9. Еуразиялық экономикалық одақ шешімдерінің жобаларын қоспағанда, халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және келісу нәтижелері туралы СІМ арқылы хабардар ету рәсімін көрсетілген жобаның реттеу нысанасы құзыретіне жататын орталық мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
10. Халықаралық ұйымның шешімін СІМ алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде халықаралық ұйымның шешімін реттеу мәні құзыретіне жататын орталық мемлекеттік органдарға халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру қажеттігі немесе қажеттігінің болмауы туралы ұсыныстарды (бұдан әрі - халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы ұсыныстар) қарау және тұжырымдау үшін жібереді.
11. Халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы тұжырымдалған ұсыныстарды орталық мемлекеттік органдар он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - Әділет министрлігі), ал қаржы қаражатын бөлу кажет болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі және халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы келісілген ұсыныстарды СІМ-ге енгізеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
12. СІМ орталық мемлекеттік органдардан келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы ұсыныстарды қарайды және халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы өз ұсыныстарын Премьер-Министр Кеңсесінің қарауына енгізеді.
13. Премьер-Министр Кеңсесі халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы енгізілген ұсыныстарды он жұмыс күні ішінде қарайды және қарау қорытындылары бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарына тиісті тапсырмалардың жобасымен қоса енгізеді;
2) егер халықаралық ұйымның шешімін іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің қарауын талап ететін жағдайда, халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы өз ұсыныстарын Президент Әкімшілігіне енгізеді.
14. Президент Әкімшілігі Премьер-Министр Кеңсесінің халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы ұсыныстарын оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Қараудың қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің қорытындысы негізінде Президент Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарына тиісті тапсырмалардың жобасымен қоса енгізеді.
14-1. Осы Қағидалардың 10 - 14-тармақтарында көзделген халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру тәртібі оларға қатысты іске асырылу тәртібі өзара іс-қимыл жасау тәртібінде айқындалатын Комиссияның шешімдеріне қолданылмайды.
Ескерту. Қағидалар 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
14-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Комиссиямен өзара іс-қимыл кезінде өз құзыреті шегінде қызметін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) Комиссияның қарауын талап ететін мәселелер бойынша Қазақстан тарапының ұстанымын қалыптастыру үшін ұсыныстар дайындау және келісу;
2) Комиссия жанындағы консультациялық органдардың, жұмыс (сараптамалық) топтарының құрамына енгізу үшін уәкілетті өкілдерді айқындау;
3) ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Комиссия шешімдерінің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар дайындау;
4) СІМ-мен келісу бойынша мүше мемлекеттердің және Комиссияның қатысумен халықаралық іс-шараларды дайындау;
5) Комиссияның құзыретіне кіретін өзге де мәселелер:
Комиссия шешімдерінің жобаларын мемлекетішілік келісуді қоса алғанда, осы шешімдер бойынша Қазақстан тарапының ұстанымын қалыптастыру үшін ұсыныстар дайындау;
Комиссия шешімдерінің жобаларын тиісті үкіметтік және ведомствоаралық үйлестіру және кеңесші органдарының отырыстарында қарау;
6) Ұлттық экономика министрлігімен келісілгеннен кейін Комиссия департаменттерінің және алқа мүшелерінің сұрау салуы бойынша ақпаратты, статистикалық деректерді және өзге де материалдарды дипломатиялық арналар арқылы ұсыну;
7) шешімдер жобаларын келісу;
8) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультациялар жүргізу және Комиссия департаменттерінің кеңестері мен отырыстарына немесе Комиссия мүшелерінің басшылығымен өтетін кеңестерге және отырыстарға қатысу;
9) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың, сондай-ақ Комиссия қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторинг және талдау жүргізу;
10) ЕАЭО туралы шарттың және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың шеңберінде өзара іс-қимылдың өзге де нысандары.
Ескерту. Қағидалар 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
14-3. Орталық мемлекеттік органдардың Комиссиямен өзара іс-қимылын және оны үйлестіруді Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады.
Ескерту. Қағидалар 14-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
14-4. Орталық мемлекеттік органдардың халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелері бойынша Комиссиямен өзара іс-қимылы СІМ арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 14-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын
дайындау тәртібі
15. Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шаралары (бұдан әрі - іс-шаралар):
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен - жоғары деңгейде;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да мүшелерінің, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларының қатысуымен - үкіметаралық деңгейде;
3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының және өзге де лауазымды тұлғаларының қатысуымен - ведомствоаралық деңгейде өткізіледі.
16. Іс-шараларды өткізудің рәсімдік қағидалары «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен реттеледі.
17. Жоғары деңгейдегі іс-шаралардың мазмұндық бөлігі мыналарды:
1) іс-шараларды өткізу мерзімдерін шетел тарапымен келісуді;
2) Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін ақпараттық-талдау материалдарын, оның ішінде іс-шаралар барысында талқылануы жоспарланған мәселелер жөніндегі материалдарды дайындауды;
3) іс-шаралар барысында шетел тарапымен бірге қол жеткізілген уағдаластықтарды тіркеуді қамтиды.
18. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жоғары және үкіметаралық деңгейдегі іс-шаралардың мазмұндық бөлігін пысықтау жөніндегі жұмыстарын үйлестіруді СІМ қамтамасыз етеді.
19. Жоғары деңгейдегі іс-шаралардың мазмұндық бөлігін пысықтау тәртібі осы Қағидалармен реттеледі.
Үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлердегі іс-шаралардың мазмұндық бөлігін пысықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
20. Жоғары деңгейдегі іс-шаралардың мазмұндық бөлігін қамтамасыз ету мақсатында СІМ:
1) Президент Әкімшілігі жасайтын Қазақстан Республикасы Президентінің жұмыс кестесін ескере отырып, іс-шараларды өткізу мерзімін шетел тарапымен келісуді;
2) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың берген ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне ақпараттық-талдау материалдарын дайындауды жүзеге асырады.
21. СІМ жоғары деңгейдегі іс-шараларға:
1) іс-шараның тұжырымдамасын;
2) бағдарламаның жобасын;
3) делегация құрамының жобасын;
4) шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге арналған
тезистерді;
5) ел туралы анықтаманы;
6) елдің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы
анықтаманы;
7) елдің сыртқы саясаты туралы анықтаманы;
8) ел басшылығының өмірбаянын;
9) ел басшылығының саяси портреттерін;
10) екіжақты қарым-қатынастар туралы анықтаманы;
11) екіжақты бірлескен комиссияның жұмысы туралы анықтаманы;
12) келіссөздер процесінде шетелдік тарап көтеруі мүмкін мәселелер бойынша Қазақстан ұстанымы баяндалған ақпаратты;
13) қол қоюға жоспарланған құжаттар тізбесін (ағымдағы кездегі құжаттардың жай-күйі туралы ақпаратты, құжаттардың аңдатпасын);
14) шарттық-құқықтық база туралы анықтаманы (жасалған халықаралық шарттар тізбесін);
15) бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын талдауды;
16) Қазақстан Республикасы Президентінің шетелдерге сапары кезінде - баратын ел басшылығының атына алғысхаттардың жобаларын;
17) мүмкіндігінше баратын ел туралы бейнефильмді;
18) ұлттық мақал-мәтелдер тізімі және осы елдегі белгілі адамдардың нақыл сөздері қоса берілген, жоспарланатын сөздер мен тосттардың жобаларын;
19) электрондық жеткізгіште - алғаш рет кездесетін басшылардың суреттері және мүмкіндігінше Мемлекет басшысының кездесу өткізетін және баратын жерлерінің түрлі-түсті суреттерін қамтитын ақпараттық-талдау материалдары пакетін дайындауды қамтамасыз етеді.
СІМ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-шараларға осы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2), 3), 4), 8), 9), 10), 12), 13), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген ақпараттық-талдау материалдарының пакетін дайындауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
22. СІМ жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуге дейін кемінде екі ай бұрын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қолда бар құжаттарды, ақпараттық-талдау материалдарын, алдағы іс-шараларға және Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобасына ұсыныстарды беру туралы сұрату жібереді.
23. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар сұрату келіп түскен кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде немесе Президент Әкімшілігі белгілеген өзге де мерзімде СІМ-ге қажетті ақпарат пен алдағы іс-шараларға және Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасына ұсыныстар дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
24. СІМ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, Сыртқы істер министрі бекіткен іс-шара тұжырымдамасын Президент Әкімшілігіне іс-шараны өткізуден кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын енгізеді. Бұл ретте тұжырымдаманы дайындау көзіне қарай жобалары Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен, Әділет министрлігімен, СІМ-мен және контрагенттермен келісілген, қол қоюға (жасасуға) жоспарланған халықаралық шарттар тұжырымдамаға енгізіледі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
25. Ақпараттық-талдау материалдарының пакетін түпкілікті пысықтау мақсатында СІМ жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуге дейін он жұмыс күні бұрын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (құрылымдық бөлімшелердің басшылары деңгейінен төмен емес), Премьер-Министр Кеңсесі мен Президент Әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді. Кеңес халықаралық іс-шараны дайындауға жауапты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі орынбасарының басшылығымен өткізіледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
26. СІМ осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ақпараттық-талдау материалдарының пакетін жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуден кемінде он бес жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізеді.
СІМ өзекті сипат берілген деректерді ескере отырып, пысықталған ақпараттық-талдау материалдарының пакетін жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуден кемінде жеті жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізуі мүмкін.
Осы Қағидалардың 21-тармағының 13) тармақшасында көзделген құжаттар тізбесіне осы Қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-шара тұжырымдамасына енгізілмеген халықаралық шарттардың жобаларын енгізуге жол берілмейді.
Президент Әкімшілігі ақпараттық-талдау материалдарының пакетіне сараптама және қажеттігіне қарай пысықтау жүргізіп, оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
27. Егер іс-шараны өткізу мерзімі осы Қағидалардың 24-тармағын орындау мерзімінен кемінде он жұмыс күні бұрын айқындалса, 24 - 26-тармақтарды іске асыру СІМ ұсынысы бойынша Президент Әкімшілігі белгілейтін өзге де мерзімдерде қамтамасыз етіледі.
28. Жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізу барысында СІМ қол жеткізілген уағдаластықтарды тіркеуді қамтамасыз етеді.
29. Жоғары деңгейдегі іс-шараға СІМ қатыспайтын жағдайларда, қол жеткізілген уағдаластықтарды тіркеуді Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саяси қызметті қамтамасыз ететін көмекшісі немесе Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген өзге тұлға жүзеге асырады.
Қол жеткізілген уағдаластықтар туралы тиісті ақпарат жоғары деңгейдегі іс-шарадан кейін төрт жұмыс күні ішінде СІМ-ге жіберіледі.
4. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру тәртібі
30. Қол жеткізілген уағдаластықтар деп осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарына сәйкес тіркелген уағдаластықтар, сондай-ақ:
1) жоғары деңгейдегі іс-шаралар барысында қабылданған бірлескен мәлімдемелерде, декларацияларда, коммюникелер мен басқа да құжаттарда;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қол қойылған немесе қабылданған ведомствоаралық сипаттағы бірлескен құжаттарда;
3) жоғары деңгейдегі іс-шаралар нәтижелері бойынша хаттамаларда, меморандумдарда, ноталар мен хаттарда;
4) шетелдердің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, шетелдік компаниялар мен фирмалардың басшыларына Қазақстан Республикасы Президентінің жеке жолдаулары мен хаттарында белгіленген ұсыныстар мен міндеттемелер (нормативтік құқықтық сипатта емес) болып табылады.
31. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті қажеттігіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар береді.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар іс-шара аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде СІМ-ге тапсырмалар жобасына нақты ұсыныстар береді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
32. СІМ Президент тапсырмаларын дайындауды тіркелген уағдаластықтар негізінде Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Президент тапсырмаларының жобасы түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қарауды және келісуді қамтамасыз етеді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауап ұсынылмаған жағдайда Президент тапсырмаларының жобасы ескертулерсіз келісілген болып есептеледі.
СІМ Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасын Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен, іс-шараны өткізгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне ұсынады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
33. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қол жеткізілген уағдаластықтарды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары негізінде қабылдайды және тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының алдындағы айдың 25-күніне дейін СІМ-ге Президент тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы есеп береді.
34. СІМ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы есепті жинақтап қорытады және талдайды, әрі тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 5-күніне дейін жиынтық есепті Премьер-Министр Кеңсесіне жібереді.
35. Премьер-Министр Кеңсесі жарты жылда бір рет 15 маусымнан және 15 желтоқсаннан кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиынтық есеп ұсынады.
5. Халықаралық сот органдарының сұрау салуларын қарау және
халықаралық сот органдарына жүгіну тәртібі
Ескерту. Қағидалар 5-бөліммен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
36. Халықаралық соттың сұрау салуын алған мемлекеттік орган оны түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде СІМ-ге, Әділет министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасының басқа мүдделі мемлекеттік органдарына қарау үшін жібереді.
Көрсетілген мемлекеттік органдар тиісті ақпаратты, ұсыныстарды және сұрау салу нысанасына жататын өзге де құжаттарды он жұмыс күні ішінде халықаралық сот органының сұрау салуын алған мемлекеттік органға береді.
37. Халықаралық сот органының сұрау салуын алған мемлекеттік орган ұсынылған ұсыныстар, ақпарат және өзге де құжаттар негізінде шоғырландырылған жауап дайындайды және оны СІМ арқылы дипломатиялық арналар бойынша тиісті халықаралық сот органына одан әрі жіберу үшін СІМ-ге ұсынады.
Ратификациялаған халықаралық шарттарда, Президенттің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының тапсырмаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықаралық сот органының сұрау салуына шоғырландырылған жауапты немесе өзге ақпаратты тікелей жіберуге жол берілмейді.
38. Халықаралық сот органынан сот тәжірибесі туралы сұрау салуын алған Жоғарғы Сот сұрау салудың және тиісті жауаптың көшірмелерін СІМ-ге, Әділет министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі органдарына хабардар ету мақсатында жолдайды.
39. Халықаралық сот органдарына жүгіну Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттарына және заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан дипломатиялық арналар бойынша жүзеге асырылады.
40. Халықаралық сот органына жүгінуге бастама жасап отырған уәкілетті мемлекеттік орган 20 жұмыс күні ішінде тиісті өтініш жобасын СІМ-мен, Ұлттық экономика министрлігімен, Әділет министрлігімен келіседі және өтініштің келісілген жобасын тиісті халықаралық сот органына жібергенге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ол туралы белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігін және Премьер-Министр Кеңсесін хабардар етеді.
41. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін халықаралық ұйымдарда білдіруге, қорғауға уәкілетті Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халықаралық сот органдарына жүгіну туралы шешім қабылдаған жағдайда, қабылданған шешім туралы тиісті халықаралық сот органына өтінішті жібергенге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей СІМ-ді, Ұлттық экономика министрлігін және Әділет министрлігін хабардар етеді.
6. Орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін
үйлестіруді жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. Қағидалар 6-бөліммен толықтырылды - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.
42. Орталық мемлекеттік органдардың Комиссиямен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен өзара іс-қимыл мәселелерін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіруді СІМ жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері болу мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдіктерінің (өкілдерінің) және филиалдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
43. Орталық мемлекеттік органдар мен СІМ арасында халықаралық қызмет мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі.
44. Орталық мемлекеттік органдардың Комиссиямен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен ресми хат алмасуын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар мен шетелдік мемлекеттік органдар, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ресми хат алмасу, егер заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде немесе күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, СІМ арқылы жүзеге асырылады.
Мәселелерді шетел тарапымен таяу арадағы бес күн ішінде пысықтау қажет болған жағдайда, жіберілген хаттар мен олардың мазмұны туралы кейіннен СІМ-ді хабардар ете отырып, орталық мемлекеттік органдардың шетелдік мемлекеттік органдарға, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдарға хаттар жіберуіне жол беріледі.
45. Орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бірыңғай бағытын жүргізуі мақсатында СІМ:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын жалпы бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) орталық мемлекеттік органдарға шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жолға қою мен дамытуда, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды дайындау мен өткізуде жәрдем көрсетеді;
3) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелері жөнінде түсініктемелер береді;
4) тақырыбы өздерінің құзыретіне жататын халықаралық іс-шаралар туралы мемлекеттік органдарды күні бұрын хабардар етеді;
5) мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
46. Орталық мемлекеттік органдар:
1) мемлекеттік органның халықаралық қызметі мәселелерін СІМ-мен үйлестіреді;
2) жылына бір рет 20 желтоқсаннан кешіктірмей СІМ-ге мемлекеттік органның өткен кезеңдегі халықаралық қызметі, сондай-ақ келесі жылы жоспарланып отырған, оның ішінде сыртқы экономикалық сипаттағы іс-шаралар туралы ақпарат береді;
3) СІМ-нің сұратуы бойынша мемлекеттік орган өткізген халықаралық іс-шара аяқталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей СІМ-ге қатысушылардың құрамы, талқыланған мәселелер, қол жеткізілген уағдаластықтар көрсетілген есепті, оның ішінде мемлекеттік органның ұстанымын және қажет болған жағдайда, тиісті мәселелерді одан әрі пысықтау жөніндегі ұсыныстарды жібереді;
4) СІМ-мен келісім бойынша Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің органдары өкілдерінің мемлекеттік орган ұйымдастыратын және (немесе) өткізетін халықаралық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді;
5) СІМ-мен халықаралық имидждік жобалардың өткізілуін келіседі.
47. СІМ орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтап қорытады, талдайды және алынған деректерді халықаралық іс-шараларды дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзекті халықаралық мәселелер бойынша ресми ұстанымын әзірлеу кезінде пайдаланады.
48. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде халықаралық іс-шаралар өткізілген кезде орталық мемлекеттік органдар делегацияларының басшылары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткенге дейін Қазақстан Республикасының өзекті сыртқы саяси мәселелері бойынша ұстанымын түсіндіру үшін СІМ-нің лауазымды адамдарымен жазбаша нысанда консультациялар жүргізуі қажет.
Орталық мемлекеттік органдар мен СІМ арасындағы уағдаластық бойынша консультациялар өзге нысандарда жүргізілуі мүмкін.
49. Шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстан Республикасында бірнеше кездесу және (немесе) келіссөз өткізген кезде, кездесулер және (немесе) келіссөздер өткізген лауазымды адам келесі қабылдаушы лауазымды адамды (келесі лауазымды адамдарды) болған әңгімелесудің мазмұны мен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы мынадай нысанда:
1) егер келесі кездесулер және (немесе) келіссөздерден дәл сол күні өтетін болса, ауызша нысанда;
2) егер келесі кездесулер және (немесе) келіссөздер келесі күні немесе кешірек өтетін болса, жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.
СІМ кездесулерге және (немесе) келіссөздерге қатыспаған жағдайда, қатысушылардың құрамы мен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы ақпарат кездесуден және (немесе) келіссөздерден кейін бес жұмыс күні ішінде СІМ-ге жіберіледі.
50. Осы Қағидалардың 6-бөлімінің талаптары Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесіне қолданылмайды.
Осы Қағидалардың 46-тармағының талаптары орталық мемлекеттік органдардың қылмыстық сот ісін жүргізу, қарсы барлау және барлау қызметі салаларындағы халықаралық қызметіне, жедел-іздестіру, тергеу сипатындағы ақпаратқа, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқыту және кадрлық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне, қорғалатын адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға, Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты мен ынтымақтастығы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне қолданылмайды.
Осы Қағидалардың 48 және 49-тармақтарының талаптары арнаулы мемлекеттік органдардың халықаралық қызметіне қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар шешімдерінің
жобаларын келісу және оларды іске
асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен өтетін
Қазақстан Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген
уағдаластықтарды орындау және
халықаралық сот органдарымен
өзара іс-қимыл қағидаларына
1-ҚОСЫМША
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының күшіне енген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
Р/с № |
Мәліметтердің деректемелері |
Мемлекеттік органдардың ақпараты |
1. |
Халықаралық шарттың толық, ресми атауы |
|
2. |
Халықаралық шартты жасасу күні |
|
3. |
Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
4. |
Халықаралық шарттың күшіне ену күні |
|
5. |
Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
6. |
Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні) |
|
7. |
Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) |
|
8. |
Халықаралық шарттың реттеу нысанасы |
|
9. |
Есепті кезең ішіндегі халықаралық шартты іске асыру барысын талдау (статистика, халықаралық шартты орындау шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру, контрагенттің өз міндеттемелерін орындауы) |
|
10. |
Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар |
|
11. |
Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады) |
|
12. |
Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету) |
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар шешімдерінің
жобаларын келісу және оларды іске
асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен өтетін
Қазақстан Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген
уағдаластықтарды орындау және
халықаралық сот органдарымен
өзара іс-қимыл қағидаларына
2-ҚОСЫМША
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының күшіне енген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
Р/с № |
Мәліметтердің деректемелері |
Мемлекеттік органдардың ақпараты |
1. |
Халықаралық шарттың толық, ресми атауы |
|
2. |
Халықаралық шартты жасасу күні |
|
3. |
Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
4. |
Халықаралық шарттың күшіне ену күні |
|
5. |
Қазақстан тарапының халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
6. |
Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні) |
|
7. |
Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) |
|
8. |
Халықаралық шарттың реттеу нысанасы |
|
9. |
Халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер |
|
10. |
Есепті кезең ішіндегі халықаралық шартты іске асыру барысын талдау (статистика, халықаралық шартты орындау шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру, контрагенттің өз міндеттемелерін орындауы) |
|
11. |
Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар |
|
12. |
Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады) |
|
13. |
Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету) |
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар шешімдерінің
жобаларын келісу және оларды іске
асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен өтетін
Қазақстан Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген
уағдаластықтарды орындау және
халықаралық сот органдарымен
өзара іс-қимыл қағидаларына
3-ҚОСЫМША
Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының күшіне енген қарыз туралы халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
Р/с № |
Мәліметтердің деректемелері |
Мемлекеттік органдардың ақпараты |
1. |
Халықаралық шарттың толық, ресми атауы |
|
2. |
Халықаралық шартты жасасу күні |
|
3. |
халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
4. |
Халықаралық шарттың, күшіне ену күні |
|
5. |
Халықаралық шарттың. күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
6. |
Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні) |
|
7. |
Іске асыру мерзімдері (соның ішінде кезеңдері бойынша) |
|
8. |
Қарыз қаражатын алуды жабу күні |
|
9. |
Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік органдар болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) |
|
10. |
Донор |
|
11. |
Қарыз сомасы |
|
12. |
Бірлесіп қаржыландыру сомасы |
|
13. |
Ұсыну шарттары |
|
14. |
Қайта құрылымдау күнін көрсете отырып, қарызды қайта құрылымдау (бар болған кезде) |
|
15. |
Мәмілелер күнін көрсете отырып, хеджиринг бойынша мәмілелер (бар болған кезде) |
|
16. |
Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын инвестициялық жобаның атауы |
|
17. |
Жобаның мақсаттары, есепті кезеңде қойылған мақсаттарға қол жеткізу |
|
18. |
Есепті кезеңде жобаның іске асырылу барысы туралы ақпарат: |
|
19. |
Қарыз қаражатын игеру: |
|
20. |
Қарыз туралы шартты іске асыру тиімділігін талдау: |
|
21. |
Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар |
|
22. |
Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады) |
|
23. |
Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету) |
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар шешімдерінің
жобаларын келісу және оларды іске
асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен өтетін
Қазақстан Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген
уағдаластықтарды орындау және
халықаралық сот органдарымен
өзара іс-қимыл қағидаларына
4-ҚОСЫМША
Ескерту. 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Ескерту. Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
Р/с № |
Мәліметтердің деректемелері |
Мемлекеттік органдардың ақпараты |
1. |
Халықаралық шарттың толық, ресми атауы |
|
2. |
Халықаралық шартты жасасу күні |
|
3. |
Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
4. |
Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы контрагент хабарламасының болуы (атауы, күні мен нөмірі) |
|
5. |
Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп. барлығын көрсету) |
|
6. |
Халықаралық шарттың реттеу нысанасы |
|
7. |
Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға байланысты проблемалық мәселелердің болуы |
|
8. |
Халықаралық шарттың күшіне енбеуінің себептері |
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар шешімдерінің
жобаларын келісу және оларды іске
асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен өтетін
Қазақстан Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген
уағдаластықтарды орындау және
халықаралық сот органдарымен
өзара іс-қимыл қағидаларына
5-ҚОСЫМША
Ескерту. 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
Р/с № |
Мәліметтердің деректемелері |
Мемлекеттік органдардың ақпараты |
1. |
Халықаралық шарттың толық, ресми атауы |
|
2. |
Халықаралық шартты жасасу күні |
|
3. |
Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
4. |
Халықаралық шарттың күшіне ену талаптары |
|
5. |
Контрагенттердің халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы депозитарий хабарламасының болуы (атауы, күні мен нөмірі) |
|
6. |
Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) |
|
7. |
Халықаралық шарттың реттеу нысанасы |
|
8. |
Халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер |
|
9. |
Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға байланысты проблемалық мәселелердің болуы |
|
10. |
Халықаралық шарттың күшіне енбеуінің себептері |
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар шешімдерінің
жобаларын келісу және оларды іске
асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен өтетін
Қазақстан Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген
уағдаластықтарды орындау және
халықаралық сот органдарымен
өзара іс-қимыл қағидаларына
6-ҚОСЫМША
Ескерту. 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ұсынылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпараттың
ҚҰРЫЛЫМЫ
Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ұсынған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыру барысы туралы мәліметтердің негізінде дайындалған талдамалық анықтама:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы жалпы ақпаратты, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жалпы саны;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттары туралы (жасасу күні, контрагент, ынтымақтастық бағыттары);
қол қойылған, бірақ күшіне енбеген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы ақпаратты;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруға байланысты проблемалық мәселелер туралы ақпаратты және оларды шешу бойынша ұсыныстарды;
3) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының (халықаралық шарттың мәртебесін көрсете отырып) тізбесі.