Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдарын және өкілдіктерін қоса алғанда жалпы штат саны 2587 адам болып белгiленсiн.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:
23-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы негізінде Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің атаулары бар тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жалпы штат санын бекітеді;";
24-тармақтың бесінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, оның филиалдары мен өкілдіктерінің құрылымын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жарғыларын бекітеді;";
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 31 Жарлығына ҚОСЫМША |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Орталық аппарат:
1) департаменттер;
2) басқармалар
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары:
1) орталық филиал (Нұр-Сұлтан қаласы);
2) республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы мен Шымкент;
3) Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар қалаларында;
4) Алматы қаласындағы кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдары:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
3) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдіктері